01 tema


01_Жалпы тіл білімі_казт
$$$001
Зат және оның атауы арасындағы сәйкессіздіктер туралы Демокрит тұжырымдары:
A) Көп ұғымдар сөзбен белгіленбеген, көптеген ұғымдардың бірнеше атаулары бар
B) Көптеген сөздердің бірнеше мағыналары бар.
C) Бір сөз басқа сөзді алмастыра алады.
$$$002
М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде көрсетілді – :
A) Түркі тілдерінің классификациясы.
B) Түркі тарихи фонетикасы мен грамматикасы бойынша мәліметтер.
C) Тарих, география, этнография, поэзия, фольклор туралы мәліметтер.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Орта ғасырдағы араб лингвистикасының жетістіктері – :
A) Дыбыс пен әріп арасын аса айқын ажыраттыB) Сөз таптарының есім, етістік және көмекші сөздер деген жіктеуін Аристотельге дейін көрсетті
C) Семит тілдеріне тән 3 дауыссыздан тұратын түбірді көрсетті
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Грамматист Панинидің үнді тіл біліміне қосқан үлесі – ...
A) үнді тілінің алғашқы нормативтік грамматикасын құрастырушы
B) санскрит және Вед әдебиеті тілдерін фонетика, морфология, сөзжасам бойынша салыстырды.
C) салыстырмалы әдістің алғашқы үлгісін көрсеткен ғалым
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Аристотельдің «Поэтика» еңбегіндегі тілмен байланысты мәселелер:
A) сөз таптарының классификациясын
B) есімдер – дербес мағынаға ие, мезгілдік реңктері жоқ сөздер деп.
C) етістіктер - мезгілдік реңктері бар, дербес мағынаға ие сөздер деп
{Правильный ответ} = A, B, C
9ну
$$$006
Көне грек-рим тіл білімінде александриялық грамматикалық ілім жүйесін қалыптастырушылар – :
A) Аристарх Самофракийский
B) Дионисий Фракийский
C) Апполоний Дискол
{Правильный ответ} = A, B, C
2 файл, т.е. 2 тема:
02_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Пор-Рояль грамматикасы авторларының Р. Декарт философиясы негізіндегі тұжырымдары:
A) Парасат операциялары: түсінік (ұғым), пайым, ой түйіні
B) Түсінік – бұл есімдер (зат есім, сын есім), есімдік, артикльдер; пайым – бұл етістіктер, етістіктен жасалған сөз таптары, жалғаулықтар, еліктеуіштер.
C) Ой түйіні – бұл байланысты мәтін.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Юлиус Цезарь Скалигердің «О причинах латинского языка» еңбегіндегі тұжырымдары:
A) грамматиканың міндеттерін ономасиология тұрғысынан анықтауға тырысты
B) барлық сөздерді 2-ге бөлді: негізгі және көмекші.
C) сөздерді қайсы бір сөз табына жатқызуда мағыналық критерийді басшылыққа алуды ұсынды.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
«Пор-Рояль грамматикасының» негізгі теориялық концепцияларын белгілеңіз:
A) Тіл – бұл ойдың білдірілуі, тіл категориялары – бұл логикалық категориялардың көрсеткіші.
B) Логика мен грамматика өзара байланысты.
C) Логика барлық адамдарда біркелкі, ойлау қағидалары да бірдей, сондықтан ортақ бір ғана грамматика болуы тиіс.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
1660 ж. «Рационалды грамматика» авторларының тілдік тұжырымдары:
A) Грамматика – бұл сөз өнері, тіл және сөйлеу өнері.
B) Сөйлеу – таңба арқылы ойды білдіру.
C) Таңба ретінде сөзді түсінді.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
1506 ж. латын тілінде жазылған Рейхлиннің көне еврей грамматикасында алғаш қолданылған морфологиялық ұғымдар:
A) түбір
B) аффикс
C) суффикс
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
«Пор-Рояль грамматикасы» авторлары – А. Арно және К. Ланслоның алға қойған негізгі міндеттері:
A) Жалпы тілдерге ортақ, әмбебап тілдік құбылыстарды анықтау
B) Тіл категориялары мен құбылыстары және логикалық категориялар арасындағы байланыстарды, арақатынасты анықтау
C) Сөз табиғатын, олардың құрылысын, сөздер мен олардың мағыналары арасындағы қатынастарды зерттеу
{Правильный ответ} = A, B, C
3 файл, т.е. 3 тема:
03_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
И. Гердердің тілдің шығуы теориясына байланысты тұжырымдары:
A) Тілдің шығуы және оның даму тарихы ойлаумен тығыз байланысты.
B) Тілді құдай жаратқан жоқ, сондай-ақ ол кездейсоқ та пайда болған жоқ.
C) Тілдің пайда болуы адам ойы мен сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылыс.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
ХҮІІІ ғ. Филогенетикалық концепциялардың авторлары:
A) Ж.Ж. Руссо
B) Д. Дидро
C) И. Гердер
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Ж. Ж. Руссоның концепциялары ....:
A) Әлеуметтік келісім және тілдің эмоционалды шығу тегі немесе еліктеуіш теорияларын ұсынушы.
B) Тілдің шығуын адамдардың ішкі сезімін білдіруімен байланыстырды.
C) Алғашқы адамдардың қауіп-қатерлерден сақтануы барысында бірігіп, инстинткты түрде дауыс беруінен басталады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Қайта өрлеу дәуіріндегі негізгі 3 тілдік философиялық концепция:
A) Ағылшын эмпиризмі (Бэкон, Локк)
B) француз рационализмі (Декарт)
C) Лейбництің ғылыми-философиялық концепциясы{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Ф. Бэконның философиялық грамматикасының ерекшеліктері:
A) Тілді зерттеуде эмпирикалық әдісті дәріптеді.
B) Грамматиканы әріптік және философиялық деп бөлді.
C) Сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды қарастырды.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Д. Локктың тілдік философиялық концепциялары:
A) Сөз – ойдың түйсікті, сезіммен қабылданатын белгісі, ал сөз мағынасы – таным мен түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыратын қабілеті деп көрсетті.
B) Сөз мағынасын субъективті және объективті деп бөлшектеді.
C) Сөз мағынасын идивидуалды / қоғамдық, жалпы / нақты деп бөлшектеді.
{Правильный ответ} = A, B, C
4 файл, т.е. 4 тема:
04_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Ф. Бопп бойынша тілдердің типологиялық классификациясы:
A) Нағыз түбір тән емес, яғни жалғануға бейім түбірлі тілдер, мысалы, қытай тілі.
B) Бір буынды түбірлер тән тілдер, етістік және есімдік түбірлерінің жалғануы арқылы сөз жасалатын үндіеуропа тілдері.
C) Екі буынды үш дауыссыздан тұратын етістік түбірлі тілдер, грамматикалық формалар түбірдің ішкі модификациясы арқылы жасалады, семит тілдері.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
А.Х. Востоковтың салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан тұжырымдары:
A) Өлі тілдер ескерткіштерін тірі тілдер және диалектілер деректерімен салғастыру қажеттілігі.
B) Орыс тілі тарихының 3 кезеңін көрсетті: көне орыс XIV ғ. дейін; 2) орта орыс XIV ғ.-дан XVIII ғ.-ға дейін, яғни М.В. Ломоносовқа дейін (мысалы, Иван Грозный «Судебник»); 3) жаңа орыс тілі XVIII ғ.-дан қазіргі кезеңге дейін.
C) Дыбыстық сәйкестіктерді басшылыққа ала отырып, славян тілдерінің генетикалық туыстығын анықтады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі қағидалары:
A) Түрлі тілдердегі сөздердің сәйкес келуін туыстық негізінде емес, кірме сөздер тұрғысынан түсіндіруге болады.
B) Ата тілді толықтай қалпына келтіру мүмкін емес, алайда оның фонетикалық, грамматикалық басты мәліметтерін түзуге болады.
C) Туыстық бірлік бір негіз тілден шығу тұрғысынан түсіндіріледі.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Ф. Бопптың тіл біліміндегі жетістіктері:
A) Бір тілдің формаларын басқа тілдегі формалар арқылы түсіндіріп, салыстырмалы грамматикаларыдың жазылуна жол ашты.
B) Үндіеуропа тілдерінің грамматикалық құрылысындағы генетикалық ортақ элементтерді іріктеп, жүйеледі.
C) Тілдердің типологиялық классификациясын талдаушы.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
И. Шмидттің салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін маңызды қағидалары:
A) Ата тіл ата тек шежіресі – бұтақ, тармақ түрінде емес, толқын түрінде бөлінген әрі әр тіл екі жағынан да көптеген туыс тілдерге ие болған.
B) Туыстықты анықтаудағы ең сенімді өлшем – жартылай сәйкестілік және жартылай сәйкессіздік – б/ф: брат и frater.
C) Герман тілдері – келть және славян тілдерінің екі арасындағы жалғастырушы буын.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Я. Гриммнің адамзат тілі дамуының 3 кезеңі туралы идеясы бойынша - ...:
A) 2 кезең – флексия ең жетілген даму шегіне жетуі.
B) Алғашқы кезеңде түбірлер мен сөздер пайда болды, тіл әуенді (мелодикалы), бірақ тым шұбалыңқы болған.
C) Тілдер дамуының 3 сатысына ойды жеткізудегі анықтылыққа талпыныс тән: аналитикалық, флексиядан бас тарту, қазіргі жаңа грек, роман, парсы тілдері.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері
A) Ата тілді реконструкциялау арқылы нақты бір тілдің даму тарихын қарастыру.
B) Тілдерді зерттеуде тарихилық идеясы мен салыстыру әдісін енгізуі
C) «Тіл жүйесі», «диахрония», «синхрония» сияқты ұғымдарды лингвистикаға енгізулері.
5 файл, т.е. 5 тема:
05_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
В.фон Гумбольдттың еңбектері – ...:A) О возникновении грамматических форм и их влиянии на
развитие идей.
B) О сравнительном изучении языков применительно к различным эпохам их развития.
C) О различии строения человеческих языков и его влиянии на духовное развитие человечества.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Натуралистік бағыттың өкілі В А. Шлейхер – ... - A) Санскриттің үндіеуропа тілдерінің ата тілі емес екенін, оның шығыс үндіеуропа тілдерінен (иран, үнді) кейін қалыптасқаны туралы алғаш айтқан ғалым.
B) Литва тілі жүйесін зерттеп, көне тілдік құбылыстардың көп сақталуына орай, оның үндіеуропатану үшін маңыздылығын көрсеткен ғалым.
C) Ағылшын, француз тілдерін морфологиясының тым қарапайымданып кетуін негізге алып, «кері кеткен (регресс)» тілдер деп есептеді.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
И. Шмидттің «Толқын теориясына» сәйкес ... -
A) Бір тілдегі белгілі сипаттар басқа жақта тармақтала бастаған, бір тілде қайсы бір жаңа құбылыс пайда болса, ол бірте бірте жан жақтағы бірқатар тілдерге таралған.
B) Балтық-славян тілдері – герман және иран-үнді тілдерінің екі арасындағы жалғастырушы буын.
C) Географиялық жақын орналасқан тілдер арасындағы ұқсастықтар бір бірінен шалғай тілдерге қарағанда көп.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
В. фон Гумбольдттың д.ж. тілдерінің даму бірлігі идеясы бойынша - ...:
A) Тілдер дамуының анықталған шектігіне жеткеннен кейін олар өзгеріске түспейді.
B) Д.ж. тілдерінің барлығы бірдей дамудың анықталған кезеңдерін бастан өткереді және әрқайсысы әр түрлі жылдамдықпен өткереді.
C) Тілдер дамуының екінші кезеңінде олардың құрылымдары, бәрінен бұрын грамматикасы мен фонетикасы қалыптасады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
В. фон Гумбольдттың лингвистикадағы диалектикалық әдісі, тілдік антиномиясы бойынша - ...:
A) Тіл және ойлау ажырамас бірлікте және ішкі қайшылықта табылады.
B) Тіл – әрекеттің өзі және әрекеттің нәтижесі ретінде.
C) Тілдегі еріктілік, еркінділік және уәжділік.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Жас грамматистер тарапынан ұсынылған ғылыми қағидалар:
A) Тілдік құбылыстар тілдік жүйедегі байланысынан бөлініп алынып, жеке қарастырылуы тиіс.
B) Жаңа тілдік формалардың жасалу үдерісінде, фонетика-морфологиялық өзгерістерде аналогия маңызды рөл атқарады.
C) Ең алдымен, қазіргі тірі тілдерді зерттеу керек, олар лингвистикалық және психологиялық заңдылықтарды анықтаудағы база болып табылады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Жас грамматистер бағытына тән сипаттар мен қағидалар:
A) Психологииялық бағыт.
B) лингвистика теориясының негізі – индивидумдар психологиясы.
C) лингвистиканың міндеті – индивидтер-ң тілін зерттеу.
{Правильный ответ} = A, B, C
6 файл, т.е. 6 тема:
06_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Австрия лингвисі Г. Шухардтың басты қағидалары – ...:
A) Сөздер тарихын лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады.
B)Тіл – индивидуумның жемісі, сөздер тарихы – сөздерді қолданушы жеке адамдар тарихы.
C) Зат – алғашқы; ол ештеңеге тәуелсіз өмір сүреді. Сөздің өмірі затқа байланысты.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
ХХ ғ. тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерді белгілеңіз:
A) Сөздер мен заттар мектебі.
B) Женева социологиялық мектебі.
C) Эстетизм.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Эстетеизм мектебінің басты қағидалары – ...:
A) Тіл білімінің негізі – стилистика, стилистика – эстетиканың бір саласы.
B) Тіл – жеке адамның рухани шығармашылығы.
C) Тілді жасайтын да қалыптастыратын да рух. Тілдің дамуы рухқа тәуелді.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Неолингвизм мектебінің негізін салушылар – ...:
A) Дж. Бонфанте
B) Дж. Бартони
C) М. Бартоли
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Социологиялық мектептің өкілдері:
A) Ф.де Соссюр, Ш. Балли
B) А. Сеше, А. Мейе
C) Ж. Вандриес, Э. Бенвенист
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Социологиялық мектепке тән сипаттар:
A)Индивидуалистік бағытқа қарама-қайшы.
B) Тілді дүниеге келтірген де, ілгері дамытқан да – қоғамдасқан адамдар.
C) Тіл мен сөйлеуді ажырату арқылы әлеуметтікті индивидуалдықтан бөледі. Тіл – ұжымдық.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Құрылымдық лингвистика мектептерінің барлығына ортақ қағидалар – ...
A) Тіл жүйесі қатынас, байланыстарға негізделген.
B) Лингвистиканың бірден бір пәні – тіл, тілді бір бүтін, біртұтас жүйе ретінде зерттеу.
C) Тіл – бұл өзіндік ережесі бар жүйе. Тіл субстанция емес, форма.
{Правильный ответ} = A, B, C
7 файл, т.е. 7 тема:
07_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
ХХ ғ. неогумбольдтшылдық бағыттың өкілдері – ...:
A) Л. Вайсгербер
B) Б. Уорф
C) Э. Сепир
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
В.фон Гумбольдттың тіл және таным тұрғысындағы тұжырымдары:
A) Кез келген тіл тұрғысынан оның ұлттық сипаты туралы айтуға болады.
B) Адам өзге бір тілді терең меңгерген болса, оны әлем бейнесін танудың басқа бір позициясын жаулады десе болады.
C) Тіл – адамның саналы әрекетінің жемісі емес, сол уақытта ол – шығармашылық үдеріс.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Тіл және ойлау арақатынасы тұрғысынан ойлауға тән белгілер – ...:
A) Тіл және ойлау арақатынасы тұрғысынан ойлауға тән белгілер.
B) Материалды, адамның сөйлеу жіне әрекет ету актісінде жезеге асырылады.
C) Әлем туралы білім жүйесінің жаңадан білім алу, адамдармен пікір алмасуда қолданылуы.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Тіл және таным арақатынасы тұрғысындағы лингвистикалық ықтимал болжамы (Сепир-Уорф болжамы)– ...:
A) Ойлау тілге тәуелді ғана емес, ол белгілі бір деңгейге дейін әрбір тілге тәуелді.
B) Біз әлемді тану үдерісінде, оны өз ана тіліміз нұқсаған бағытта зерттеп, танимыз.
C) Тіл формасы – бұл ойды білдіру үшін тіл тарапынан таңдалған спецификалық тәсіл. Мысалы, американдық үндістер тілі
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Тіл және ойлау арақатынасы тұрғысынан ойлауға тән белгілер:
A) Вариант – анықталған жағдаяттағы вербалды және бейвербалды әрекет әдеп-қылығы.
B) Түрлі өмірлік жағдаяттағы индивидуалды әдеп-құлық.
C) Пікір алмасу, сондай-ақ бейвербалды әрекет барысындағы индивидуалды ойдың қалыптасу, түзілу үдерісі.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
А.А. Потебняның ойда сөздің жасалу үдерісі тұрғысындағы тұжырымдары:
A) Апперцепция, ассимиляция және ассоциация сияқты психикалық заңдылықтармен басқарылатын түсініктердің түзілу үдерісі.
B) Сөзде таңбаланатын белгіні қайта тануға болады, ол түсінік деп аталады.
C) Пайымдау – ойдың негізгі формасы.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
А.А. Потебня бойынша адамның ойлау әрекетінің кезеңдері – ...
A) Көзге көрінген зат / ішкі форма – қабылданушы заттың негізгі белгісі.
B) Заттың сезімдік бейнесі (қабылдаудың жиынтығы) / елестету (қабылдауды салыстыру).
C) Апперцепция, пайымдау, түсінік.
{Правильный ответ} = A, B, C
8 файл, т.е. 8 тема:
08_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Құрылымдық лингвистика бағытының басты өкілі Ф.де Соссюр бойынша тілдің жүйе ретіндегі басты қасиеттері:
A) Тіл жабық жүйе ретінде табылады.
B) Жүйе мүшелерінің барлығы тепе-теңдікте табылады.
C) Тілдік жүйе статикалық сипатқа ие.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Дескриптивтік лингвистиканың басқа құрылымдық бағыттардан ерекшелігі:
A) Прагматизм, бихевиоризм және позитивизм теорияларын таратты.
B) Тұрғылықты үндіс халқының тілін зерттеу дәстүрін қалыптастырды.
C) Иммигранттармен байланысты тілдің практикалық мәселелерін қарастырды.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Прага лингвистикалық мектебінің негізгі концепцияларын белгілеңіз:
A) Функционалдылық – сөйленістің мақсатқа бағыттылығы.
B) Құрылымдылық – тілдің құрылымдық сипаты және оның бөліктерінің өзара байланыстылығы.
C) Бастауыш және баяндауышқа мүшелену сөйлемнің грамматикалық құрылымын ғана ашатын формалды мүшелену ретінде коммуникативті мүшеленуге қарсы қойылады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Глоссематика – бұл... :A) ХХ ғ. 30-50 жж. Батыс еуропалық тіл білімі бағыты.
B) Тіл білімін формалды логикамен байланыстыруға тырысады.
C) Тіл құрылымын мағынаға қатысы жоқ тілдік элементтердің, формалардың жиынтығы деп қарады
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Н. Трубецкойдің «Основы фонологии» еңбегіндегі қағидалары:
A) Тіл және сөйлеу бірлігі негізінде фонетика мен фонологияны ажыратты.
B) Морфонология – морфемалардың фонемалар арқылы көріну жолдары, заңдылықтары туралы ғылым.
C) Фонемалардағы дифференциалдық белгілерді анықтады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Генеративтік лингвистика – бұл... :
A) ХХ ғ. АҚШ лингвистикалық бағыты.
B) Тілдік құрылымдарды формалдық тұрғыдан танытады.
C) Сөйленістің тууын формалдық тұрғыдан танытады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
АҚШ құрылымдық мектебі тікелей құрастырушылар бағытының негізгі қағидалары (Л. Блумфилд) :
A) Синтаксистік әрбір конструкция өз құрамы бойынша бинарлы (жұптық).
B) Құрастырушылар сөйлемдегі тікелей байланысты сөздер болып табылады.
C) Сөйлемде тікелей байланыстары жоқ сөздер құрастырушылар емес.
{Правильный ответ} = A, B, C
11 файл, т.е. 11 тема:
11_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Грамматика терминінің кең мағынадағы түсінігі:
A) Тілдің қызмет етуінің жалпы заңдылықтары және осы заңдылықтарды зерттеуші сала.
B) Жеткізу өресіне қарсы қойылатын мазмұн өресі тұрғысындағы ғылым.
C) Сөзге қарағанда кіші я ірі бірліктерге қатысты.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Интерфикске тән белгілерді көрсетіңіз:
A) Екі түбірді біріктіретін қосымша.
B) Сөзжасам үшін қолданылады.
C) Функционалдық жағынан «байланыстырушы» категориясына енеді.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Грамматика термині зерттеу нысаны тұрғысынан алғанда ... білдіреді:
A) Тілдің грамматикалық құрылымы.
B) Тіл бірліктерінің бір бірімен қатынасқа түсу заңдылықтары.
C) Тіл бірліктерінің құрылу ережелері.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Грамматика термині ғылым саласы тұрғысынан алғанда ... білдіреді:
A) Лингвистиканың бір тармағы.
B) Сөз формаларын, сөз тіркестерін зерттейтін сала.
C) Сөйлем және оның түрлерін зерттейтін сала.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Қосарлану тәсілі қандай грамматикалық мағынаны білдіреді ?
A) болжалды мағынаны.
B) жіктеу, даралау мағынасы.
C) жинақтылық я жалпылық мағына.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Граммемаға тән сипаттарды белгілеңіз:
A) Лексемалар арасындағы категориялық байланыстарды білдіреді.
B) Екіжақты бірлік, байланыстырушылық, конгруэнттілік қызметтер атқарады.
C) Грамматикалық мағынаға ие.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Функционалды грамматикаға тән сипаттар:
A) Сөйленіс мәнісін білдіруге қатысқан грамматикалық бірліктердің қызмет ету заңдылықтарын зерттеуге, сипаттауға бағытталады.
B) Мағынадан формаға қарай талдайды.
С) Атқарып тұрған қызметінен оның құралдарына қарай талдайды.
{Правильный ответ} = A, B, C
12 файл, т.е. 12 тема:
12_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Сөйлемге тән белгілерді көрсетіңіз:
A) Мәтіннің негізгі тілдік бірлігі.
B) Сызықты түрде орналасқан тілдік элементтердің тізбегі.
C) Шындық үзіктері туралы ақпаратты (білімді) жеткізеді.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Трансформациялық бағытқа тән синтаксистік қағидалар:
A) Синтаксистік жүйе элементарлы сөйлемдер жиынтығынан тұрады.
B) Сөйлемдердің элементарлы типтері ядро сөйлемдер деп танылады.
C) Элементарлы сөйлемдерден түрлі ұзындықтағы әр түрлі жаңа сөйлемдер алуға болады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
И.И. Мещаниновтың синтаксистік типологиясы бойынша сөйлемдер құрылысының 3 типі:
A) Номинативті конструкция.
B) Актив конструкция.
C) Эргативті конструкция.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
И.И. Мещанинов бойынша синтаксистік дамудың пассив кезеңіне тән белгілер:
A) Логикалық субъект пен объект бір біріне кірігіп кетеді.
B) Етістік іс-әрекеттің сабақты және салт түрлерін көрсете алмайды.
C) Сөзден құралған комплекс бір бүтін тұтастық ретінде танылады, сөз бен сөйлем ажыратылмайды.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
И.И. Мещанинов бойынша синтаксистік дамудың эргативтік кезеңіне тән белгілер:
A) Іс-әрекеттің субъектісі ерекше эргативтік септікте тұрады.
B) Іс-әрекеттің объектісі атау септігінде тұрады.
C) Инкорпорация әлсіреп, кейін мүлдем жойылады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Сөйлемдегі актантқа тән сипаттарды белгілеңіз:
A) Етістік-предикат айналасындағы семантикалық элементтер.
B) Етістік арқылы білдірілген іс-әрекетке тікелей қатысушылар.
C) Оның санына қарай етістіктің валенттілігі анықталады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Прага лингвистикалық мектебі ұсынған сөйлемнің актуалды мүшеленуі теориясының мәнісін көрсетіңіз:
A) Сөйленістің мақсатқа бағыттылығы, яғни функционалдық жағы зерттелуі тиіс.
B) Коммуникативті мүшелену формалды-грамматикалық мүшеленуге сәйкес келмейді.
C) Сөйлемнің коммуникативті мүшеленуіне сәйкес сөйленіс «ескі» білім – тема және «жаңа» хабар – ремаға мүшеленеді.
{Правильный ответ} = A, B, C
14 файл, т.е. 14 тема:
14_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Психолингвистика әдістерінің мақсаты:
A) Адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеуді түсініп қабылдау және оны тудыру үдерісін зерттеу.
B) Ана тілі мен өзге тілдің сәби және ересектер тарапынан меңгерілу үдерістерін зерттеу.
C) Тілдік жүйе бірліктері мен ережелері тұрғысындағы мәліметтердің психикалық шынайылығын тексеру.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Сыртқы реконструкция тәсіліне тән сипаттар:
A) Туыстас тілдер арасындағы тілдік фактілер салыстырылады.
B) Интерлингвистикалық сипатқа ие.
C) Туыстас тілдердің аса көне күйі жаңғыртылады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
Статистикалық әдістеме – бұл ...:
A) Мәтінге авторлықты анықтауда қолданылатын әдістеме.
B) қайсы бір автордың идеостилін анықтауда қолданылады.
C) Бұл әдістеменің нәтижелерінің бірі – жиілік сөздіктер.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
Глоттохронология немесе қатыстық хронология әдістемесі – бұл ...:
A) Тілдегі өзгерістердің қаншалықты тұрақтылығын анықтайды.
B) Тілдегі өзгерістердің қандай жылдамдықпен жүріп жатқанын анықтайды.
C) Тілдегі құбылыстардың мезгілдік ретін, қай құбылыстың бұрын я кейін пайда болғанын анықтауға көмектеседі.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі әдістерінің негізгі қағидалары:
A) Салыстыруға негіз тіл дәуіріне тән көне сөздер тартылуы тиіс, мысалы, туыстық, сан, дене мүшелері, өсімдік, жануарлар атаулары.
B) Туыстықты анықтаудағы ең сенімді өлшем – жартылай сәйкестілік және жартылай сәйкессіздік – б/ф: брат и frater.
C) Туыс тілдерге тән үдерістер типке топтасуы мүмкін.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Антиномия әдісі – бұл ... :
A) Материалды өзара қайшылықты қағидалар түрінде ұсыну тәсілі.
B) Мұнда өзара қайшылықты қағидалардың әрқайсысы логикалық тұрғыда дәлелді болып табылады.
C) Өзара ажырамас бірлікте, сол уақытта өзара қайшылықта табылатын бБір құбылыстың екі жағын қамтиды.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Қолданбалы лингвистика әдістерінің мақсаты:
A) Сөздіктер құрастырудың теориясы мен тәжірибесі.
B) Өзге тілді оқыту әдістемелерін талдау.
C) Аударматану, ақпараттарды автоматты өңдеу.
{Правильный ответ} = A, B, C
15 файл, т.е. 15 тема:
15_Жалпы тіл білімі_қазақ
$$$001
Дистрибутивтік әдістің міндеттері:
A) Кез келген конструкциялар ішіндегі лексика-грамматикалық байланыстарды зерттеу.
B) Сөйлемдегі сөздердің айналасындағы элементті жасанды түрде ауыстыру арқылы семантикалық байланыстарын анықтау.
C) Сөздер мен олардың тіркестерінің сандық (валенттілік) ерекшеліктерін анықтау.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$002
Трансформациялық әдістегі негізгі ұғымдар:
A) Сөйлемдердің элементарлы типтері - синтаксистік жүйенің іргетасы.
B) Трансформация – ядро сөйлемнен жаңа сөйлем алуға байланысты жүргізілетін операция.
C) Трансформа – сөйлем-ядродан алынған жаңа сөйлемдер.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$003
АҚШ құрылымдық лингвистика бағытының бір тармағы трансформациялық талдау мектебінің өкілдері – ...:
A) Н. Хомский
B) Р. Лиз
C) З. Херрис{Правильный ответ} = A, B, C
$$$004
АҚШ құрылымдық лингвистика әдістерін белгілеңіз:
A) Дистрибутивтік талдау.
B) Трансформациялық әдіс.
C) Тікелей құрастырушылар әдісі.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$005
Ішкі реконструкция тәсіліне тән сипаттар:
A) Бір тіл ішіндегі тілдік фактілер салыстырылады.
B) Интралингвистикалық сипатқа ие.
C) Тілдер диахрониялық тұрғыдан қарастырылады.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$006
Құрылымдық талдаудың мақсаттары:
A) Тілдің құрылымдық бірліктері арасындағы шекараны анықтау.
B) Деңгейлер бірліктері арасындағы синтагмалық байланыстарды анықтау.
C) Бір деңгей мүшелері арасындағы парадигмалық байланыстарды анықтау.
{Правильный ответ} = A, B, C
$$$007
Қолданбалы лингвистиканың мәнісі:
A) Тіл құрылымы мен қызметі туралы білімнің лингвистикалық емес пәндердегі әрекеті арқылы анықталады.
B) Тіл теориясының түрлі практикалық салаларда жүзеге асырылуы.
C) Тілдік жүйенің түрлі салалардағы қызметін оңтайландыру.
{Правильный ответ} = A, B, C

Приложенные файлы

  • docx 19192218
    Размер файла: 47 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий