Билет 1


№1 Билет
1 Топырақтану туралы жалпы түсінік
Технико - технологиялық мәліметтер. Топырақ туралы түсінік. Топырақтану. Күн энергиясының гумус - аккумулятор. Топырақты сипаттау.Топырақ құрамы және оның қасиеттер. Топырақты баптау. Топырақ эрозиясымен күрес. Топырақ эрозиясының түрлері және олардың болу себептері. Топырақтың жазықтық эрозиясымен күресу жолдары. Топырақтың сызықтық эрозиясымен күрес. Топырақ көшкіндерімен күрес.
Топырақ туралы түсінік.
Табиғи себеп – шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет – құнарлыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлық егіз.
Құнарлық – топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп – шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті.
Физикалық мүжілуі – бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі.
Физикалық мүжілуі – үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді, мұндайда алғашқы тау жынысына тән емес жаңа қасиеттерге – кеуектілікке әкеліп соғады, яғни ауа мен су өткізуге ие болған «үгінді» пайда болады.
Топырақтың түзілу үрдісі. Тау жыныстары мен минералдар мүжілгенде оларды құрастыратын өсімдіктердің қоректік элементтері еріген күйге көшеді де, өсімдіктер оларды жеңіл сіңіре алады.
Топырақ - өсімдіктерге өсу мен дамуға қажетті, оларды сумен қамтамасыз ете алатын, жер қыртысының үстіңгі шұрайлы қабаты. Топырақ әр түрлі болады. Біреулер жаңбыр суын жақсы сіңіріп және оны тамырларға жеңіл береді, басқалары тығыз, олардан су төгіліп, өсімдіктер құрғақшылықтан зардап шегеді. Қоректік элементтері көп және аз топырақтар бар.
Топырақта 2 бөлікті айырады: органикалық және минералды. Органикалық–қарашіріктен,бактерийлерден, топырақты саңырауқұлақтардан, өсімдік тамырлардан тұрады. Минералды, көбінесе, құм, саз және шаңнан, сонымен қатар тау жыныстарының қалдықтарынан тұрады. Құм мен саз құрамының тәуелділігінен топырақтар құмды, сазды, балшық топырақты, құмайт болады.
Топырақтың механикалық құрамын білу үшін, жыртылатын қабаттың топырақ уысын алып, суды қосып, қамыр күйіне дейін жақсы араластырады. Пайда болған массадан жіңішке шыйрақ ысу және доғаш формасын беру. Егер майыстырған кезде шыйрақ жарылмаса, онда құм сазды. Егер майысқақта сызат болса – топырақ балшықты. Ал құмды топырақтан «қамыр» иле алмайсың.
Сазды топырақ құрамы жаман, сондықтан шұрайы аз. Олардың шұрайын жоғарлату үшін, күзде топырақ қазған кезде органикалық тыңайтқыштарды қосады (1 м² – 5-10 кг), ағаш күлін (1 м² – 200-300гр) және 4-5 жылға бір рет әктасты (1 м² - 300-400гр).
Құмайт топырақ, әсіресе құмды топырақтар қоректік заттың құрамы бойынша кедей. Олар суды жақсы өткізеді, дегенмен суды әлсіз ұстайды. Топырақтың төменгі қабаттарына сумен бірге қоректік заттар өтеді.Мұндай топырақта құрамын жақсартуға, шұрайлығын жоғарлату қажет. Бұл үшін органикалық тыңайтқыштар және күлді сазды топырақтағыдай сияқты қолданылады. Оларды 2 қабатта да ендіру керек: бірінші жартысын күзгі өңдеуде, екінші жартысын – көктемде.
ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Топырақты өңдеудің жетекші тәсілдері - жырту, сыдыра жырту, культивация, тегістеу, тырмалау болып табылады.
Жырту. Еліміздің көптеген аймақтарында топырақты өңдеудің негізгі құралы плуг болып табылады. Плугтың түрені топырақ қыртысын астыңғы жағынан кеседі. Қыртыс қайырмаға қарай жылжиды, ол топырақ қыртысын аударып, сонымен бір мезгілде майдалайды. Аударыстыру, майдалау және араластыру дәрежесі қайырманың формасына байланысты болады.
Қайырма формалары винтті, жартылай винтті, цилиндрлі және эллипсті (мәдени) болуы мүмкін. Винтті қайырмалар жер қыртысын 135°-қа аударды және оны 45° бұрыш етіп қояды, бірақ қыртыстарды нашар майдалайды. Винтті қайырмасы бар плугтармен жыртуды жер айдау деп атайды (плантажды плугтың жұмысы кезінде байқалады).
Мәдени жырту. Эллипс формалы қайырмалары бар және негізгі корпустардың алдынан шолақ түрендермен жабдықталған плугтар мәдени жыртуды жүзеге асырады. Шолақ түрен негізгі плугтың көшірмесі болып табылады, бірақ біршама енсіздеу болып келеді. Шолақ түрен тіреуден, түрен мен қайырмадан тұрады. Ол жырту қабатының жоғарғы бөлігін 10 см-ге дейінгі тереңдікте тіледі (жатаған бидайықпен күрес кезінде оны жер жыртуға дейін дискілі сыдыра жыртқышпен жүргізілген сыдыра жыртудан 2 см тереңірек орналастырады). Шолақ түрендермен тілінген жер қыртысы борозданың түбінде араласады.
Шолақ түрені бар плугпен топырақты өңдеудің тереңдігі кем дегенде 20-22 см. Мәдени жырту топырақты негізгі өңдеудің көп тараған тәсілі болып табылады. Ол өсірілетін дақылдар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды, мұның нәтижесінде олардың шығымдылығы артады.
Борозданың түбін терең қопсыту үшін шолақ түрендері мен топырақ тереңдеткіштері бар плугтармен жер жырту қолданылады.
Топырақты негізгі (сүдігерлік) өңдеу жүйесі екі тәсілден тұрады: аңызды сыдыра жырту және сүдігер жырту.
Аңызды сыдыра жырту. Дәнді дақылдары ерте жиналған әрі жер эррозиясына ұшырамаған егістіктерді сүдігерлік өңдеу жүйесін аңызды сыдыра жыртудан бастайды. Сыдыра жырту дискілі немесе корпусты сыдыра жыртқыштармен жүргізіледі, олар арамшөптердін, тамырын қырқып, жерге төгілген тұқымдарын қопсыған, әрі дымқыл топыраққа 5-7 см тереңдікте көмеді (арамшөптер көктеп шығады да онан ары сүдігер жырту кезінді құртылады).
Сүдігер жырту. Сыдыра жырту жүргізілгеннен кейін сүдігер жырту мерзімі арамшөп өскіндерінің жаппай шығуына қарай анықталады. Егер ылғалдың жетіспеуінен немесе температураның төмендігінен арамшөп өскіндері шыға қоймаса, жер жыртуды сыдыра жыртудан соң 2-3 апта өткеннен кейін жүргізеді. Жер шолақ түрендері бар плугтармен жыртылады, шолақ түрендер 10-12 см тереңдікке орналастырылады әрі жұмыс кезінде алынбайды. Егер егіс даласы жатаған бидайықпен немесе тамыр атпалы арамшөптермен ластанған болса, шолақ түрендерді жүргізілген сыдыра жыртудан 2 см тереңірек орнатады, әйтпесе аңыздарды арамшөптер басып кетеді.
Сүдігер жыртудан кейін пайда болған жыралар, әдеттегідей, күзде құртылмайды. Олар қар жинап, сақтайды, беткейлерді көлденең жыртқан кезде жаңбыр және еріген қар суларын ұстайды.
Топырақ өңдеу
Топырақты өңдеу - өсімдіктің тамыр жүйесінің қалыптасуы және өсуі үшін өңтайлы жағдай жасау мақсатында, топыраққа машиналар мен құралдардың жұмыс мүшелерімен механикалық әсер ету.
Механикалық әсер ету мынандай технологиялық операцияларымен шешіледі: қопсыту, аударыстыру, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөпті отау, кескіндеу.
Топырақ өңдеу тәсілдері негізгі, жеңіл-желпі, таяз және арнаулы болып бөлінеді.
Негізгі өңдеу топырақты 20 см және одан да терең өңдеп, бүкіл өңделген қабатқа оңтайлы құрылыс және ұсақ кесекті құрылым қалыптастыруға бағытталған. Негізгі өңдеу тәсіліне жырту және терең қопсыту жатады.
Жырту кезінде төрт технологиялық операция атқарылады: аудару, қопсыту, үгіру және арамшөптерді жою. Суландырылатын егіншілікте жел эрозиясы қаупі болмаса топырақты өңдеудің негізгі тәсілі болып аудара жырту саналынады.
Жазық тілгіштермен терең қопсыту да топырақты негізгі өңдеуге жатады. Мұндайда топырақ аударылмайтындықтан, өсімдік қалдықтары оның үстінде қалады да, оны жел мен су эрозиясынан қорғайды және қыста қар ұстауға ықпал жасайды.
Топырақты жеңіл-желпі (үстірітн) және таяз өңдеу. Жеңіл-желпі ол топырақты 10 см дөңесті: ал таяз – 10смден 20 см тереңдікке дейін өңдеу.
Сыдыра жырту. Ол табақты жазық түренді сыдыра жыртқыштармен атқарылады. Дөңесті табақты сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, аудару және арамшөптерді қырқу жүреді, ал жазық табақтымен өңдегенде аудару болмайды. Сыдыра жыртқыштарды ылғал жеткілікті жағдайда болғанда ғана қолданады.
Қопсыту. Бұл – қопсытыру, тегістеу және арамшөптерді жоюды қамтамасыз ететін тәсіл.
Тырмалау қопсыту, араластыру, тегістеу және арамшөптердің тамырлырын, қатаймаған өскіндерін жою жұмыстарын орындайды.
Таптау (тығыздау). Бұл тәсілмен топырақты тым құрғаудан қоғайтын тығыздалған қабат жасалынады. Тұқым егілгеннен кейінгі тығыздау – тұқым мен топырақ бөлшектерінің арасындағы тығыз жанасуды қамтамасыз ету, ірі кесектерді ұнтақтау, қабыршақтарды жою және топырақ бетін тегістеу.
Ылғалды, сортаң және тым құрғаған топырақты тығыздау қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Топырақты өңдеудің арнаулы тәсілдері. Оларға фрезерлеу, плантажды және қат-қабатты жырту, саңылаулау, шұңқұршықтау етеді.
Қат-қабат жырту. Топырақ қабаттарының жартылай немесе толығыменөзара араласуын осылай атайды. Ол екі немесе үш қат-қабатты болуы мүмкін. Екі қат-қабаттары араласадығ ал үш қат-қабатты өңдеуде жыртылған үш қабат араласады. Мұндайда топырақтың аударылыстырылған жоғарғы қабаты орнына қалады, төменгі (үшінші) қабат екінші қабаттың орнына, екіншісі үшіншісіне орнына ауысады. Осылай өңдеуді сортаң жерлерде жүргізу ұсынылады.
Топырақты механикалық өңдеу және оның мақсаттары. Топырақты қорғау, энергия және ылғал қорын жинау, арамшөптен тазалау. Қазақстандағы аймақтық егіншілік жүйесін әрі қарай жеңілдірудің және жерді тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары. Топырақ өңдеуде жүретін технологиялық операциялар (аудару, қопсыту, майдалау (ұсату), араластыру, тығыздау, тегістеу т.б.) және оларды қолданудың ғылыми негіздері. Топырақтың физико-механикалық (технологиялық) қасиеттері, олардың өңдеу сапасына тигізетін әсері. Топырақтың оңтайлы және тепе-теңдік тығыздығы.
Топырақ өңдеу әдістері: тырмалау, тығыздау, сыдыра жырту, культивациялау, шлейфтеу, малалау, түптеу және басқалары. Топырақты негізгі өңдеу әдістері- жырту, аудармай қопсыту, жазықтабан сыдыра тілгіштермен терең қопсыту. Топырақты арнайы өңдеу әдістері- ін-жыра жасап жырту, топырақты терең қопсытқышпен, ойық қайырмалы соқамен өңдеу, саңылаулау, фрезерлеу, плантажды және мелиоративтік жырту. Топырақ өңдеу жүйелері және оларды жіктеу. Жаздық дақылдар үшін бір жылдық жаппай егілетін, отамалы дақылдардан және көп жылдық шөптерден кейін суарылмайтын, тәлімі және суармалы егіншілік жағдайларында қолданылатын топырақты негізгі өңдеу жүйелері.
Судігер жырту және оның теориялық негіздері. Сүдігерді жартылай өңделген пар ретінде дайындау. Қазақстанның әртүрлі егіншілік аймақтарында пар өңдеудің ерекшеліктері. Пар өңдеу технологиясының кемшіліктері және оларды жою.
Егін себу жұмыстары және одан кейін топырақ өңдеу, (тығыздау, егінді көктегенге және көктегеннен кейінгі тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу, шоқ жасау, түптеу және басқалары), оның мақсаты.
Топырақ өңдеуді минималдау және оның теориялық негіздері, оны нақтылы түрде іске асыру жолдары.
Көктемдік жұмыстарда қолданатын техника
Көктемде топырақ өңдейтін машиналарды өңдеу әдістеріне және тракторға тіркелу ретіне қарай бірнеше түрге бөледі. Топырақ өңдеудің механикалық әдістеріне байланысты негізгі машиналар, арнайы машиналар, қыртыс өңдеуші машиналар және эрозияға қарсы қолданылатын машиналар деп төрт топқа бөледі.
Плугтың негізгі жұмысшы бөліктері: негізгі корпус, шолақ түрен және пышақ.
Негізгі корпус жер қыртысын астыңғы жағынан кеседі, кесілген қыртысты көтеріп аударады және ұсақтайды.Бұл жұмыстарды атқарушы негізгі корпус түреннен, қайырмадан, өріс тақтайшадан және тіректен құралған.Олар өзара біріктіріліп бекітіледі.
Түрен жер қыртысын астыңғы жағынан кеседі де аз ғана көтеріп қайырмаға береді.Ол өзінің құрылысына байланысты трапециялық түрен және тұмсықты түрен болып бөлінеді. Трапециялық түрендердің топырақ кесетін дүздері бір түзудің бойында жатады. Дүздерінің арт жағында қалың металл қабаты болады. Оны магазин деп атайды. Түрен дүздері топыраққа үйкеліп тозған кезде қалың металл қабатты созып ұзартады. Бір түренді осындай жолмен үш-төрт рет алғашқы қалпына келтіруге болады. Трапециялық түрендер көбінесе жұмсақ топырақтар үшін қолданылады.
Тұмсықты түрендер да трапециялық түрендер сияқты жасалған, тек топыраққа кіретін ұшы ұзартылып, тұмсық болып шығып тұрады. Бұл түрендердің кесетін дүздері бір түзудің бойында жатпайды. Сондықтан алғаш топырақты түреннің тұмсығы кеседі, дүздің қалған бөлігі кейінрек іске қосылады. Сөйтіп мұндай түрендердің топырақты жырту тереңдігі бірқалыпты болады. Топырақ қаттылығының өзгеруі тұмсықты түрен жұмысына онша әсер етпейді.
Негізгі өңдеуді 20-35см тереңдікте, топырақ қабатын аударып, жерді жырту арқылы плугтар атқарады. Бұл кезде топырақтың бет жағындағы арамшөп тұқымдары мен өсімдік қалдықтары аударылып тереңге түседі де астыңғы қабаты үгітіліп жер бетіне шығады. Кейбір жағдайларда топырақты тайыз жыртады да 35-45см тереңдіктегі төменгі қабатын қопсытады. Мұндай әдіспен өңдегенде топырақтың құнарлы қабаты төменгі құнарсыз қабатпен бірте-бірте араласады, сүйтіп құнарлы қабаттың қалыңдығы жылдан-жылға арта береді. Топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін мынадай тәсіл де қолданылады. Ол үшін топырақты аудармай, 35-40см тереңдікте, қайырмасыз плугтармен қопсытады. Мұндай өңдеуді 5-6 жылда бір рет жүргізеді. Себебі, топырақ жыл сайын 22-25см тереңдікте қайта-қайта жыртылатындықтан, оның төменгі қабаты тапталып тығыздалады, сүйтіп ол қабаттың өсімдік үшін пайдасы шамалы болып қалады.
Сегiз корпусты аспалы плуг ПН-8-35 меншiктi кедергiсi 0,9кгк см болатын топырақтарды жыртуға арналған. Егер топырақ кедергiсi 06 – 07 кгк\см болса онда К-700 тракторымен агрегатталған барлық сегiз корпус жұмыс iстейдi ал кедергiсi 09 кгк\см ауыр топарақтарда бiркорпусын алып тастайды.
Плугта негiзгi сегiз корпус, сегiз шолақ түрен және бiр дискалы пышақ болады. Артқы корпуста алмастырылатын өкшесi бар және ұзартылған өрiс тақтайшасы орнатылған. Жұмыс кезiнде плуг салмағы екi тiрек дөңгелегiiне және корпустарға түседi. Сол тiрек дөңгелектерi арқылы плугты белгiлi жырту тереңдiгiне қояды.
Плуг 9,0км\сағат жылдамдықпен жұмыс iстей алатын қайырмалармен жабдықталған. Жырту тереңдiгi 27см шамасына дейiн жетедi және сегiз корпуспен iстегендегi алым кеңдiгi 2,8 м, ал бiр сағаттағы жұмыс өнiмдiлiгi 2га. Бұл плугтың тетiктерiн реттеу аспралы плугтарды реттеумен бiрдей.
Төрт корпусты аспалы плуг ПЛН-4-35 астық немесе техникалық дақылдар себiлетiн, меншiктi кедергiсi 0,9кгк\см топырақтарды жыртуға арналған. Плуг негiзгi төрт корпуспен, төрт шолақ түренмен және бiр дискалы пышақпен жабдықталған. Бұл бөлiктердiң құрылысының жоғарыда айтылған плугтың жұмысшы мүшелерi құрылысынан айырмашылығы жоқ.
Плуг үш түрлi корпуспен жабдықталады: мәдени қайырмалы, кесiгi бар қайырмалы және қайырмасыз корпустар. Көлбеу жерлердi жыртқан кезде соңғы корпустың қайырмасы ұзын болуы керек. Мұндай қайырмалы корпусты пайдаланғанда көлбеу жер бетiндегi судың ағып кетпеуiне мүмкiндiк жасалады.
Плуг тракторға екi нүктелi схема бойынша жалғасады және тарту күшi 3т. тракторлармен агрегатталады. Ол 27см. жылдамдығы 5км\сағат кезiндегi өнiмдiлiгi 0,7га\сағат. Ең жоғарғы жылдамдықта (7-8см\сағат) өнiмдiлiгi болады.
1,2,3 корпусты аспалы меншiктi кедергiсi 0,9кгк\см шамасындай топырақты өңдеуге арналған. Бұл плугтар астық және техникалық дақылдар өсетiн жерлердi жырту үшiн, жемiс өсiретiн жерлердi жыртуға және бау-бақшаларда қолданылады. 3 корпусты плуг 27см, 1және2 корпусты плуг 25см тереңдiкте жер жыртады. Бұл плугтар мәдени қайырмалармен және тұмсықты лемехтармен жабдықталған. Сол сияқты плуг жартылай винттi қайырмамен де жұмыс iстей алады.Бұл плугтарды тасты жерлерде пайдалануға болмайды.
3 корпусты ПЛН-3-35 плугты жыртатын жерге қарай, алым кеңдiгiн 90 және 105см етiп пайдалануға болады. Жыртатын жер ылғалды және ауыр болса, алым кеңдiгiн 90см етiп, ал жеңiл де құрғақ болса-10005см етiп пайдаланады. Бұл плуг “Беларусь” тракторының барлық түрiмен және ЮМЗ-6Л тракторымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,63га\сағат.
2 корпусты ПН-2-3ОР плугты тасы жоқ, көлемi шағын жердi жыртуға барлық жерде қолдануға болады. Т-40, Т-40А,Т-288 маркалы трактормен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,3га\сағат.
1 корпусты ПН-ЗОР плугты тасы жоқ, ауданы шағын жерлердi жыртуға пайдаланады. Т-25, Т-25А, Т-25К тракторларымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi-0,15га\сағат.
1,2,3 корпусты плугтардың тетiктерiн реттеу аспалы плугтарды реттеумен бiрдей жүргiзiледi.
Тiркемелi 5 корпусты плуг ПЛ-5-35 меншiктi кедергiсi 1,3кгк\см шамасынан аспайтын жеңiл және орташа жерлердi жыртуға арналған. Тереңдiгiн 30см етiп қайырмамен жыртуға және тереңдiгiн 40см етiп қайырмасыз жыртуға пайдаланады.
Плугтың негiзгi бес корпусы, бес шолақ түренi және дискалы бiр пышағы бар, ал күшейтiлген түрiнде дискалы пышағы бесеу болады. Плугтың рамасы құрамалы болғандықтан оны 4 немесе3 корпусты етiп құрауға болады.Тiркемеден үйкелiс негiзiнде iстейтiн қорғағыш қондырғы бар. Егер плуг үлкен кедергiге тiрелiп, сынатындай болса, қорғағыш қондырғы плугты трактордан ажыратып тастайды. Жол жүру жағдайына немесе жұмыс жағдайына плугты храповиктi автоматпен немесе гидроцилиндрдiң көмегiмен ауыстырады. Плугты әртүрлi қайырмамен жабдықтайды.Бұл плуг Т-150, Т-4 тракторларымен агрегатталады. Плугтың өнiмдiлiгi-0,9га\сағат.
Жартылай аспалы плуг ПЛН-6-35 меншiктi кедергiсi 0,9 кгк\см жерлердi тереңдiгiн 30см қайырмамен және қайырмасыз жыртуға арналған. Оны топырақтың сор басқан қабатын жоғары шығармай, айдалатын қабаттың қалыңдығын арттыру үшiн де қолдануға болады. Ол үшiн плугқа топырақ тереңдеткiш пышақ немесе ойығы бар қайырмалы корпустар бекiтiледi. оған қосымша плуг мәдени қайырмалы, жылдам жүретiн қайырмалы, жартылай винттiк қайырмалы және қайырмасыз корпустарды бекiтуге болады.Жыртылатын топырақ кедергiсiне, және трактордың қуатына байланысты плугқа төрт, бес және алты корпус алмалы-салмалы етiлiп бекiтiледi. Плуг төрт немесе бес корпусты күйiнде аспалы түрде жұмыс iстейдi.
ППН-6-35 плугтың тiркемелi және аспалы плугтардың айырмашылығы бар Бұл плугтың артқы бөлiгi тiркемелi плугтың артқы бөлiгi сияқты, ал алдыңғы жағына аспалы плугтiкi сияқты тiрек дөңгелегi мен асатын механизмдер бекiтiлген. Аспалы механизм мен артқы дөңгелек механизмi өзара тартқышпен жалғасқан. Плуг жартылай аспалы күйде жұмыс iстеген кезде жұмыс қалпынан жол жүру қалпына ауыстыру үшiн трактордың гидрожүйесiнiң көмегiмен оның алдын көтередi. Плугтың алды көтерiлген кезде тартқыш арқылы артқы дөңгелектiң осiн бұрады да дөңгелек рама астына қарай тартылып оны көтередi. Ал аспалы қалпында жұмыс iстеген кезде плуг соңғы алтыншы корпусы мен артқы дөңгелек механизмi алынып тасталады. Алғашқы механизмнiң тартқышы рамаға бекiтiледi.
ППН-6-35 плугы жартылай аспалы қалпында (6 корпусты) Т-4 тракторымен, ал аспалы қалпында (4 немесе 5 корпусты) ДТ-75, Т-74 тракторымен агрегатталады. Өнiмдiлiгi 1,14га\сағат шамасына жетедi.
ППН-6-35 плугтың орнына қазiр өндiрiсте ПЛ6-35 жартылай аспалы плуг шығарыла бастады. Оның өзгешелiгi мынадай. Корпус тiректерi штамптау әдiсiмен жасалған. Аспалы механизмнiң жоғары ұшын плуг рамасымен жалғайтын тартқыш кигiзiлмелi етiп жасалады және оған тереңдеткiш қондырғы орнатылады.
Тартқыш түтiк пен штоктан құралған және олар бiр-бiрiне кiрiп, еркiн жылжып тұрады. Штоктың басы плуг рамасына, түтiктiң басы аспалы механизмге жалғасады. Осындай жалғасуға байланысты жұмыс кезiнде плуг жердiң ойлы-қырлы бедерiмен еркiн жүре бередi. Плуг көтерiлсе, шток труба iшiне кiредi де оған кедергi жасамайды. Бiрақ ол көтерiлудiң шегi болады. Оның шегiн терңдеткiш қондырғы арқылы реттейдi. Шток бұранда жасалып, оған цилиндр тәрiздi гайка кигiзiлген. Гайка труба iшiне кiрмейтiндей етiп жасалған. Егер плуг қоылған тереңдiктен көп жоғары көтерiлетiн болса, осы гайка трубаға тiреледi де плугтың одан әрi көтерiлуiне кедергi дасайды. Сөйтiп плуг қатты жерлерде өздiгiнен көтерiлiп кете алмайды.
Айналмалы екi корпусты аспалы плуг ПОН-2-30 меншiктi кедергiсi 0,6кгк\см шамасындай жерлердi 27см тереңдiкте жыртуға арналған тарту күшi 0,9-1,4т тракторымен агрегатталады.
Бұл плугпен топырақты бiртегiс жыртуға болады. Ол үшiн плугтың рамасы бiр оське бекiтiлiп, айналмалы етiп жасалады. Рамаға негiзгi корпус тiрекрерi бекiтiлген. Тiректiң екi ұшына екi корпус орналасады. Олардың бiреуi топырақты оңға қарай, ал екiншiсi солға қарай аударатын корпустар. Плугта төрт корпус бар, оның екеуi топырақты солға қарай, екеуi оңға қарай аударады. Әрбiр корпустың алдына шолақ түрен, ал артқы корпустың алдына дискалы пышақ бекiтiледi.
Агрегат жұмысты шөлмек әдiсiмен iстейдi. Бiр бағытта жылжығанда оңға аударатын корпустар, керi қайтқанда солға аударатын корпустар пайдаланылады. Ол үшiн загонның шетiне жеткен кезде плугтың өзiнiң осi арқылы 180* айналдырады. Плугты айналдыратын механизм гидроцилиндрмен басқарылады.
Арнайы өңдеуге тың және балшықты жерлерде игеруге, плантациялық және ярусты (текшелеп) жыртулар, терең қопсыту, фрезерлеу, ағаш отырғызатын шұңқырларды қазу жатады. Топырақты мұндай өңдеуден өткізу үшін арнаулы машиналар мен құрал-саймандар қолданылады.
Қыртысты өңдеудің мынадай түрлері бар: тырмалау, сыдыра жырту, шлейфтеу (тегістеу), культивациялау, таптау, түптеу, жал жасау, жалды тегістеу жатады. Мұндай өңдеулер топырақтың беткі, тайыз қабатында жүргізіледі. Бұл кезде арамшөптер жойылады, топырақ кесектері уатылады және топырақтың беткі қабаты қопсытылады, оның капилляр түтіктері бұзылып, ылғал буланып ұшпайды. Қыртысты өңдеулер тұқым себу алдында немесе тұқым себілгеннен кейін өсімдік қатар аралығын баптау үшін қолданылады.
Эрозияға қарсы өңдеуді жел немесе су әсерінен эрозияға ұшыраған топырақтарды жақсарту үшін жүргізеді. Топырақ эрозиясы кезінде, оның агрегаттық құрамында шаң-тозаңдар тәрізді, өте ұсақ түйіршіктері көбейіп кетеді. Мұндай шаң тозаңдар желдің әсерімен ұшып немесе сумен шайылып ағып кетеді. Егер топырақ бетінде өсімдік қалдықтары сақталып қалса, онда желдің немесе судың әсерінен шаң тозаңды бөлшектердің ұшып кетуіне кедергі жасайды. Сондықтан да эрозияға қарсы өңдеудің негізгі мақсаты- жер бетінде өсімдік қалдықтарын қалдырып, терең қабатты қопсыту. Мұндай өңдеуді плоскорез культиваторлармен немесе аңызға арналған сеялкалармен жүргізеді.
Ылғалды барынша мол сапқтау; арам шөптерді отау; өсімдіктің бойына қоректік заттар жинақтау; топырақты су, ауа жәнежылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу; дақылдардың зиянкестері мен қарсы күрес жүргізу; микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар туғызу. Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу, культивациялау және тегістеу арқылы жүзеге асырылады.
Культиваторлар топырақтың беткі қыртысын өңдейтін машиналар тобына жатады және олар арамшөптерді отайтын, топырақты қопсытатын пышақтармен жабдықталады. Ол пышақтардың бірнеше түрі бар.
Біржақты жазық кескіш пышақтар арамшөптерді кесуге, мәдени өсімдіктіктердің қатарын сиретуге және топырақты 6см тереңдікке дейін қопсытуға арналған. Олар оң жақты және сол жақты болып бөлінеді.Дүздерінің өткірлігін 0,5мм етіп 8-10 градус бұрыш жасап қайрайды. Алым кеңдігі 85, 120, 150, 165, 250мм.
Екі жақты жазық кескіш пышақтарда арамшөптерді жоюға, тереңдігін 6см етіп топырақты қопсытуға арналған. Дүздерінің топырақ бетімен жасайтын бұрышы 18*, оның қалыңдығын 0,3 мм етіп 8-12 градус бұрыш жасап жоғарыдан төмен қайрайды. Алым кеңдігі 145, 150, 260мм.
Екі жақты универсаль пышақтар арамшөптерді жояды, топырақты 10см тереңдікке қопсытып ұсақтайды. Дүздерінің жер бетімен жасайтын бұрышы 28 градус пышақтарды тұтас өңдейтін культиваторларда қолданады, ал 30 градус болатын пышақтармен 14см тереңдікке дейін қопсытады. Дүздерін 0,3-0,5мм етіп 13-17 градус бұрыш жасап жоғарыдан төмен қайрайды. Алым кеңдіктері 220, 250, 270, 330, 380мм.
Қопсытқыш тістер тығыз, байланысқан топырақтарда 15см тереңдікте өңдеу үшін қолданылады. Бұл тістің ерекшілігі төменгі ылғалды топырақ қабатын үстіне шығармайды. Ол үшін оны иілген тұмсық тәрізді етіп жасаған. Алым кеңдігі 20мм.
Екі жақты қопсытқыш пышақ қатты тіректе бекітілген тереңдігін 22-25см, ал серіппелі тірекке бекітілгенде 10-12см етіп қопсытуға және арамшөп тамырларын сыдырып жұлуға арналған. Оның екі ұшына да дүз жасалған. Бір ұшы тозғанда, екінші ұшын пайдалануға болады. Алым кеңдігі 45-60мм. Қоректендіргіш пышақ қопсытқыш тістердің бір түрі болып саналады. Қопсытқыш пышақ жерді 16см тереңдікке дейін қопсытады да түтік арқылы минералдық тыңайтқыштар келіп түседі.
Тырмалар жыртылған жердегі кесек шымдарды ұсақтауға және жер бетін қопсытуға арналады. Сол сияқты тырмалармен айдалған жердің бетін қопсытып, ондағы ылғалды сақтайды. Жаңа өніп келе жатқан арамшөптерді құртады, егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан тазартады.
Тырмаланған жер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: а) топырақ ұсақ түйіршектеніп, 3-4см тереңдікке дейін қопсытылады; ә) кесек топырақтар 3см шамасынан аспайтындай дәрежеде ұсақталады; б) топырақ бетіндегі қабыршықтар мен арамшөптер жойылады; в) жырту кезінде пайда болған жалдар тегістеледі; г) дүздік дақылдар мен көпжылдық шөптерді тырмалаған кезде мәдени өсімдіктердің зақымдануы 5 проценттен аспайды.
Жоғарыда баяндалғандай, тырмалар тісті, серіппелі және дискалы болып, ал салмағына байланысты жеңіл, орташа және ауыр тырмалар болып бөлінеді. Егер бір тіске түсетін салмақ 1 кгк дейін болса, жеңіл, 1-2 кгк болса-орташа, 1-2 кгк шамасынан көп болса-ауыр тырмаларға жатады.
Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше із қалдырады және әрбір іздің ара қашықтығы бірдей болады: көлденең қимасы дөңгелек, төрт қырлы және сопайтылған. Дөңгелек тістер топырақта дөңес жанымен жанасады да оларды мыжып, кесектерді бір-бірімен үйкелеп араластырады. Сондықтан мұндай тісті тырмаларды бұрыннан пайдаланып жүрген жерлерді өңдеуге және тыңайтқышпен топырақты араластыру үшін қолданады. Төрт қырлы тістер жүріс бағытына бір қырымен бағытталғанда ғана тиімді болады.
Астық тұқымын себетін машиналардың түрлері
Сеялкалар егу әдістеріне, қандай тұқымды егуге арналғандығына және трактормен қалай агрегатталатындығына байланысты үш түрлі болады. Себу тәсілдеріне қарай қатарлап егетін, тар қатарлап егетін, ұялап егетін, шаршы-ұялап егетін, дәнді бір-бірлеп егетін және шашып егетін сеялкалар болады. Бұл сеялкалардың жұмысшы мүшелерінің құрылысы да әр түрлі. Себетін тұқым түріне байланысты астық сеялкасы, шөп сеялкасы, қатарлы дақылдық сеялка, жеміс сеялкасы және арнаулы сеялкалар өздері арналған дақыл тұқымын егеді және соған ұқсас дақылдарды себеді.Тракторға агрегатталуына байланысты сеялкалар тіркемелі және асплы болып бөлінеді.
Сеялкалар өздерінің қандай жұмысқа арналғандығына байланысты бірнеше талаптарға сай келуі керек. Астық сеялкалары астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас дақылдардың әртүрлі тұқымдардын тарының және дән шамасы астық дәндеріне жақын басқа да тұқымдардың барлығын себуге тиіс. Бұл сеялканың себу нормасының өзгеру шегі үлкен болуы керек. Бидайдікі 90-250кгк.га,сұлынікі 100-275кгк.га т.с.с. Қойылған себу нормасынан ауытқу 3 проценттен артық болмауы керек. Сеялканың қоылған себу нормасын дәл себуі және себу аппаратының әркайсысы бірдей тұқым себуі тиіс. Керісінше болса, тұқым жер бетінде біркелкі орналаспайды және жеке өсімдікке тиетін коректену алаңы да әртүрлі болады.
Сеялка сошниктері тұқымды берілген тереңдікке көмуге тиіс, ауытқу 1 см шамасындай ғана болуы керек. Сол сияқты тұқымды жасырмай топырақ бетінде де қалдыруға болмайды. Сошниктер қойылған қатар аралығы да 1 см шамасынан артық ауытқымауы кажет.
Шаршы ұялап егетін сеялкалар бір ұяға саны бірдей тұқым себуі керек және олардың зақымдануы 1,5% шамасынан аспауы тиіс. Барлық сошниктерден түскен тұқым, көлденең және ұзындық бағытымен өлшегенде, бір түзудің бойында болуы керек.
Дәнді бір-бірлеп себетін сеялкалар кем дегенде 80% тұқымды бір-бірлеп себуге тиіс. Себілмей қалғаны 2%, зақымдануы 0,5% шамасынан аспауы керек. Шаршы – ұялап егетін сеялкалар. Аспалы жүгері сеялкасы СКНК-8 жүгері мен бақша дақалдарының тұқымдарын шаршы-ұялап және дәнді бір-бірлеп себуге арналған. Бұл сеялка негізгі тұқыммен бірге түйіршіктелгшен минералдық тыңайтқыш та себеді. Тұқым себетін аппарат, жасырғыш дөңгелек, сошник- бәрі біріктіріліп бір жұмысшы бөлік құрайды. Сеялкада барлығы осындай сегіз бөлік бар. Олардың төртеуі оң жақтағы бөлік, төртеуі сол жақтағы бөлік болып табылады. Оң жақтағы бөліктер тыңайтқыш ұясын тұқым ұясының оң жағына, сол жақтағы бөліктер сол жағына жасайды. Соған байланысты сошниктегі тыңайтқыш түсетін қуыс не оң жағында не сол жағында орналасады.
Себу аппараты – ұялы диск. Ол қозғалысты жасырғыш дөңгелектеншынжырлы беріліс арқылы алады. Дискінің қырында бір ғана сиятын жиырма төрт ұя жасалған. Сеялка осындай дискінің сегіз түрімен жабдықталады. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қалындықтарына байланысты , яғни олар 6,7 және 8 мм болады. Сеялка трактормен аспалы түрде агрегатталады.
Аспалы жүгері сеялкасы СКНК-6 құрылысы мен жұмысы СКНК-8 сеялкасінікі сияқты. Айырмашылығы СКНК-6 сеялкасында алты жұмысшы бөлік және тыңайтқыш себетін үш аппарат бар. Сеялкғаның жүріс дөңгелегі темірден жасалған. Басқа бөлшектерінде оншама айырмашылық жоқ.
СКПН-8 сеялкасы тұқымдық дәнді бір-бірлеп себуге арналған. Оның СКНК-8 сеялкасынан айырмашылығы ұя жасайтын қондырғылары жоқ. Атап айтқанда сошниктердегі бөлгіш пен клапандар болмайды, түйін ұстағыш механизммен жабдықталмаған. Бұл екі сеялканың басқа бөлшектері бірдей болады.
СКПК-6 сеялка – СКНК-6 сеялкасының өзгертілген түрі. Онымен тұқымды бір-бірлеп қана себеді. Сондықтан ұя жвсайтын қондырғылары болмайды және ол тіркемелі етіп жасалған.
Қызылша сеялкасы СТСН-6А да қант қызылшасының шамасы бірдей тұқымын бір-бірлеп себуге арналған. Сеялка алты қатарлы, қатар аралығы 45 см, егу тереңдігі 3-6 см. Бұл сеялканың жұмыс технологиясы жүгері сеялкаларынікі сияқты. Мұндың да дискңілі себу аппараты бар. Оның ұялары дискінің қырына жасалған. Сол диск тік жазықтықта айналады да әрбір ұя бір-бір дәнді ілістіріп, сошник жасаған арықшаға тастап отырады. Ол дәндердің бір-бірінен орналасу қашықтығы дискідегі ұялардың ара қашықтығына байланысты. СТСН – 6А сеялкасының егуін немесе үшеуін біріктіп агрегаттауға болады.
Қызылшаның қатар аралығын 60 см етіп егу үшін СТСП-6 сеялкасынын пайдаланады. Оның көрсетілген қызылша сеялкасынан айрмашылығы теқ қатар аралығында. Екі сеялканың басқа бөлшектері бірдей жасалған.
Тұқымды берілген тереңдікке үшін сошникті оның дөңгелегінен төмен түсіру керек. Тік бағытта есептегенде дөңгелек пен сошник екеуінің ара қашықтығы берілген терендіктен 1-2 см кем болуға тиіс. Қойылған терендікте сошник орнықты жүруі үшін арнаулы серіппе орнатылған. Сол серіппенің көмегімен сошник жерге жанышталып, батып жүреді. Серіппенің игеру күшін жер бетінің қатты жұмсақтығына қарай өзгертеді. Себу кезінде сошник дөңгелегі жерге өте терең батпай бірқалыпты жүрсе, серіппе күшінің дұрыс реттелгені.
Сеялканың себу аппараттары үлкендігі 3,5-4,5 мм және 4,5-5,5 мм тұқымдарды ғана себуге арналған. Сондықтан да тұқымды себер алдында тесік мөлшері 5,5 мм, 4,5 мм және 3,5 мм болатын електен өткізеді. Тесік мөлшерлері 5,5 мм електен өтпеген және 3,5 мм болатын електен етіп кеткен тұқымдар сеялкамен себуге жарамайды.
Електен өткен тұқымдарды себу үшін сеялкада екі түрлі диск қолданылады.Оның беруі үлкендігі 3,5-4,5 мм тұқымдарды, екіншісі 4,5-5,5 мм тұқымдарды себеді.
Кесте 1
Жетектеуші жұлдызша саны Жетектеуші жұлдызша саны Беріліс саны Үлкендігі 3,5-4,5мм тұқымды себу Үлкендігі 4,5-5,5мм тұқымды себу
1 метрдегі тұқым саны Кгк/га 1 метрдегі тұқым саны Кгк/га
24 9 0,385 38 10,6 38 16,2
22 9 0,356 35 9,8 35 14,9
22 16 0,199 20 5,6 20 8,5
13 16 0,118 12 3,4 12 5,1
Себілетін тұқымға қарай діскіні таңдап алғаннан кейін себу аппаратын тиісті нормаға кою керек. Ол үшін себу дискісінің айналыс санын өзгертеді, яғни дөңгелектен дискіге айналыс беретін шынжырлы берілістегі жұлдызшаларды алмастырады. Себу нормасын екі түрге бөлуге болады: біріншісі – 1м ұзындықтағы тұқым санымен, екіншісі- бір гектарға егілетін тұқым малмағымен беріледі. таблицада себілетін тұқым нормасына байланысты жұлдызшыларды алмастыру көрсетілген.
Тұқым себуді нормаға қойғаннан кейін тыңайтқыш шашуды да берілген нормаға қою керек.
СЗ-3,6 сеялкасы астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымын және түйіршіктелген дақылдардың тұқымын және түйіршіктелген минералды тыңайтқыштарды себуге арналған. Сол сияқты тұқым мөлшері және себу нормасы астық тұқымына жуық дақылдардың тұқымын да себуге болады. Сеялка наусы екіге бөлінген, біріне тұқым, екіншісіне тыңайтқыш салынады. Екі науаның арасын бөліп тұратын керегесінде қақпақты тесік бар. Тыңайтқыш бірге себілмейтін болса, екі науаны да тұқым үшін пайдалануға болады. Ол үшін аралықтағы тесікті ашып қояды.
Сеялка қабарлағаш жүйемен жабдықталған. Онымен себу аппаратының білігінің айналып тұрғандығын және сошниктің жұмысын бақылап отыруға болады. Тұқым себуге науалы катушкалар себу аппараты, тыңайтқыш себу үшін шрифті катушкалы себу аппараты арналған. Аппаратың шыққан тұқым дискалы сошник жасаған арықшаға түседі де жасырғышпен жабылады. Сеялканы жол жүру қалпына гидроцилиндрмен келтіреді. Алым кеңдігі 3,6м; тарту күші 0,9-1,4 т трактормен агрегатталады.
СЗ-3,6 сеялкасының бірнеше түрлері шығарылады. Олардың өзара айырмашылықтары оншама көп емес. Мысалы СЗТ – 3,6 сеялкасында шөптесін өсімдіктердің майда тұқымдарын себетін қосымша қондырғы орнатылған. Оның штивті катушкалы себу аппараты мен жалды сошнигі бар. Ол шөптін майда тұқымын астық тұқымдарының қатар аралығына немесе ірі шөп тұқымдары үстіне себе алды. Мұндай қондырғы қойылғандықтан СЗТ-3,6 сеялкасымен астық тұқымын, шөптесін өсімдіктердің майда тұқымдарын немесе ірі тұқымдарын минералдықтыңайтқышпен қосып бірге себуге болады. Ал СРН-3,6 сеялкасында дискалы сошниктердің орнынажер бедеріне икемделген сошниктер орнатылған. Басқа бөлшектерінде айырмашылық жоқ.
Тар қатарлап егетін СЗУ-3,6 сеялкасы астық тұқымдарын тар қатарлы әдіспен себуге арналған. Оның сошнигіндегі тар қатарлы әдіспен себуге арналған. Оның сошнигіндегі дискалары өзара үлкен бұрыш жаса орнатылғандықтан арықша кең сызылады; сол кең арықшаға тұқым екі болініп, қатар аралық 6 және 9 см болып түседі. Бір сошниктің ізіне ара қашықтығы 6 см, ал көрші сошникке 9 см болып орналасады. Арықша кең болғандықтан оны СЗ-3,6 сеялкасының жасырғышы жақсы жаба алмайды. Сондықтан тұқым жасыру үшін серіппелі тісі бар шлейф орнатылған.
Престеуші СЗП-3,6 сеялка ылғалы аз аудандарда және эрозияға шалдыққан топырақтарға астық тұқымын себу үшін қолданылады. Бұл сеялканың ерекшілігі себілген тұқым қатарларының үстін басып, нығыздап отырады. Сеялка салмағы сошник артында жүретің, төрт бөлікке біріктірілген 24 қатоққа түседі. Ол катоктың әрқайсысы бір қатардың үстінен таптап өтеді. Сөйтіп тұқымның тез өніп шығуына жасайды және топырақтың желмен ұшып кетуіне жол бермейді.
СЗЛ-3,6 сеялкасы қатар аралығын 7,5 тереңдігін 2-3 см етіп талшықты зығыр тұқымын себуге арналған. Ол үшін СЗ-3,6 сеялкасындағы дискілі сошниктер жалды сошниктермен армастырылған. Жалды сошниктерде себілген тұқымды екіге бөлетін орнатылған. Сөйтіп бір сошник жасаған арықша, арасы 7,5 см болып, екі қатар тұқым орналасады. Себілген тұқымды жабу қызметін шынжырлы-сақиналы жасырғыш атқарады.
Аспалы сеялкалар СЗН-10, СЗН-16, СЗН-24 астық тұқымдарын және шамасы мен себу нормасы астық тұқымдарына жуық басқа да тұқымдарды себуге арналған. Олардың өзара айырмашылығы тек аым кендігіне және қатар санына байланысты, яғни СЗН-10 он қатарлы, СЗН-16 он алты қатарлы, СЗН-24 жиырма төрт қатарлы. Әр қатардың аралық шамасы 15 см. Басқа бөлшектері СЗ-3,6 сеялкасынікіндей, те тракторға аспалы түрде агрегатталады. Ол үшін гидравликалық жүйесі бар тіркегіштер қолданылады. Қазір бұл сеялкалар өндірісте шығарылмайды.
Тіркемелі аңыздық сеялкалар СЗС-9, СЗС-2,1 эрозияға шалдыққан жерлерді жалпақ кескіші бар культиваторлармен өңдегенне кейін аңызда астық тұқымын себу үшін қолданылады. Бұл сеялкалар, престеуші СЗП-3,6 сеялкасы сияқты, себілген тұқымды топырақпен тығыздап, қатарларды таптап кетеді. Ол үшін бұлар да катоктармен жабдықталған. Аталған сеялкаларға, түтік тәрізді сошниктер орнатылған. Оның ұшына алмастырылатын түзу дүзді тұмсық орнатылса, сеялка СЗС-9 деп маркаланады, ал түтік ұшына екі дүзді жебе тәрізді пышақ бекітілсе, СЗС-2,1 деп аталады. Ол тұқыммен бірге минералды тыңайтқышта себе алады.
Сыдыра жыртқыш дискілі сеялка ЛДС-6 бір мезгілде үш түрлі жұмысты атқарады. Ол бір мезгілде топырақты өңдейді, астық тұқымдарын және тыңайтқышты бірге қосып себеді және майдалайды, тегістеп, нығыздалайды. ЛДС-6 сыдыра жыртқыш сеялкамен жыртылмаған аңызға күздік дақылдарды себуге немесе топырақ кыртысын аудармай, жалпақ кескіші бар культиватормен күзде өнделген зябьке, көктемге жаздық себуге болады. Агрегат дискалары біржақты сыдыра жыртқыштан, сеялкадан және дискілі тырмадан құралған. Сыдырғы жыртқыш дискілерінің щабуыл бұрышы 28-30 С. Әрқайсысы алты дискеден құралған алты батареясы бар. Себу аппаратынан шыққан тұқым сыдыра жыртқыш дискілері сызған арықша түседі. Батареялар бір жақты орналасқандықтан тұқымды келесі диска жауып кетеді. Соңында дискілі тырмалар тіркелген. Олар кесек шымдарды ұсақтайды, тұқым себілген топырақты үстінен тығыздап басады. Сыдыра жыртқыш сеялка артында үш тырма бекітіледі. Тырма екі батареядан құралған. Алдыңғы батареяда 13, артқысында 12 диск бар.
Шаршы – ұялап егетін сеялкалардың түрлері. Аспалы жүгері сеялкасы СКНК-8 жүгері мен бақша дақалдарының тұқымдарын шаршы-ұялап және дәнді бір-бірлеп себуге арналған. Бұл сеялка негізгі тұқыммен бірге түйіршіктелгшен минералдық тыңайтқыш та себеді. Тұқым себетін аппарат, жасырғыш дөңгелек, сошник- бәрі біріктіріліп бір жұмысшы бөлік құрайды. Сеялкада барлығы осындай сегіз бөлік бар. Олардың төртеуі оң жақтағы бөлік, төртеуі сол жақтағы бөлік болып табылады. Оң жақтағы бөліктер тыңайтқыш ұясын тұқым ұясының оң жағына, сол жақтағы бөліктер сол жағына жасайды. Соған байланысты сошниктегі тыңайтқыш түсетін қуыс не оң жағында не сол жағында орналасады.
Себу аппараты – ұялы диск. Ол қозғалысты жасырғыш дөңгелектеншынжырлы беріліс арқылы алады. Дискінің қырында бір ғана сиятын жиырма төрт ұя жасалған. Сеялка осындай дискінің сегіз түрімен жабдықталады. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қалындықтарына байланысты , яғни олар 6,7 және 8 мм болады. Сеялка трактормен аспалы түрде агрегатталады.
Аспалы жүгері сеялкасы СКНК-6 құрылысы мен жұмысы СКНК-8 сеялкасінікі сияқты. Айырмашылығы СКНК-6 сеялкасында алты жұмысшы бөлік және тыңайтқыш себетін үш аппарат бар. Сеялкғаның жүріс дөңгелегі темірден жасалған. Басқа бөлшектерінде оншама айырмашылық жоқ.
СКПН-8 сеялкасы тұқымдық дәнді бір-бірлеп себуге арналған. Оның СКНК-8 сеялкасынан айырмашылығы ұя жасайтын қондырғылары жоқ. Атап айтқанда сошниктердегі бөлгіш пен клапандар болмайды, түйін ұстағыш механизммен жабдықталмаған. Бұл екі сеялканың басқа бөлшектері бірдей болады.
СКПК-6 сеялка – СКНК-6 сеялкасының өзгертілген түрі. Онымен тұқымды бір-бірлеп қана себеді. Сондықтан ұя жвсайтын қондырғылары болмайды және ол тіркемелі етіп жасалған.
Қызылша сеялкасы СТСН-6А да қант қызылшасының шамасы бірдей тұқымын бір-бірлеп себуге арналған. Сеялка алты қатарлы, қатар аралығы 45 см, егу тереңдігі 3-6 см. Бұл сеялканың жұмыс технологиясы жүгері сеялкаларынікі сияқты. Мұндың да дискңілі себу аппараты бар. Оның ұялары дискінің қырына жасалған. Сол диск тік жазықтықта айналады да әрбір ұя бір-бір дәнді ілістіріп, сошник жасаған арықшаға тастап отырады. Ол дәндердің бір-бірінен орналасу қашықтығы дискідегі ұялардың ара қашықтығына байланысты. СТСН – 6А сеялкасының егуін немесе үшеуін біріктіп агрегаттауға болады.
Қызылшаның қатар аралығын 60 см етіп егу үшін СТСП-6 сеялкасынын пайдаланады. Оның көрсетілген қызылша сеялкасынан айрмашылығы теқ қатар аралығында. Екі сеялканың басқа бөлшектері бірдей жасалған.
Тұқымды берілген тереңдікке үшін сошникті оның дөңгелегінен төмен түсіру керек. Тік бағытта есептегенде дөңгелек пен сошник екеуінің ара қашықтығы берілген терендіктен 1-2 см кем болуға тиіс. Қойылған терендікте сошник орнықты жүруі үшін арнаулы серіппе орнатылған. Сол серіппенің көмегімен сошник жерге жанышталып, батып жүреді. Серіппенің игеру күшін жер бетінің қатты жұмсақтығына қарай өзгертеді. Себу кезінде сошник дөңгелегі жерге өте терең батпай бірқалыпты жүрсе, серіппе күшінің дұрыс реттелгені.
2 Арамшөптермен күрес
Ауыспалы егістер: бір көкөніс өсімдіктерін бір жерде өсіре берсе, олардың түсімі азаяды, мұның себебі, топырақта оңай қоректік заттардың қоры таусылады. Оның үстіне, тамыр жайылатын қабатта сол дақылға ілеспелі тамырлар мен микрофлоралардың тіршілігіне зиянды нәрселер жинақталады (топырақтың қажу құбылысы). Сондықтан ауыспалы егісті – бір жерде өсірілетін дақылдарды кезектестіріп ауыстырып отыруды жүргізу қажет. Ауыспалы егісті қошқылдану топырақты арамшөптерден тазартады, ауру тудыратындар мен зиянкестерден сауықтырады, құнарлылығын арттырады. Негізгі тамырлары әр түрлі тереңдікте орналасатын, топырақтағы қоректі элементтерді әр түрлі дәрежеде сіңіре алатын дақылдардың кезектесуі топырақтың айдау қабатындағы және айдау қабатының астындағы, сондай-ақ жоғарғы қабаттағы қоректі заттарды аса толық және біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді: сол қорларды қайта қалпына келтіруге жағдай туғызады. Мәселен, жұртқа мәлім, пияз бен қиярдың тамырлары көбінесе айдау қабатында орналасқан, сондықтан олардың сіңіру қабілеті біршама онша жоғары емес, ал кеш пісетін орамжапырақтың, сәбіздің, қызылшаның, бақша дақылдарының тамыр жүйелері көбісі айдау қабатынан тереңге кетеді. Өсімдіктің осы екі тобын кезекпен өсіру арқылы айдау қабатынан қоректік элементтердің өніммен бірге кетуін азайтады және тамырлары тереңге орналасатын дақылдарды өсіргеннен кейін азайып қалған осы қорларды айдау қабатының астында қайтадан қалпына келтіруге жағдай туғызады.
Дақылдардың жаңа органикалық тыңайтқыштарды қабылдау қабілеті мен оның келесі жылы тигізер әсері әр түрлі. Ете көкөністерді өсірген кезде күзді күні төгілген жас қи жаздың басына таман бұзылып үлгірмейді, сондықтан ол өнімге әсер ете де алмайды деуге болады. Ал асқабақ тұқымдас өсімдіктер (қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсар), сондай-ақ кеш пісетін орамжапырақ жас қи төгіп өсірсе, өнімді көбірек береді. Сәбіз қидың әсерімен қи төгілген жылы және келесі маусымда да өнімді бірдей көп береді. Ал пияз жас қимен тыңайтылса, ұзақ піседі және оның сақталуы да нашарлайды.
Жер бетінде үлкен болып өсетін өсімдіктерді (орамжапырақ, картоп) жер бетінде кішкентай болып өсетін өсімдіктерге (пияз, сәбіз, тапмыржемістілер) қарағанда арамшөптер көбірек басады – топырақты түптеп, қаттырақ көлеңкелеу арқылы арамшөптерді жояды. Сондықтан әлгі дақылдарды кезектестіріп өсіру топырақты арамшөптерден тазартады.
Жерге ерте егілетін көкөніс өсімдіктерін (тамыржемістілер, пияз, көшетсіз орамжапырақ) егістікті ерте босататын алғы дақылдардан (ертерек пісетін картоп пен орамжапырақ, бұршақ, қияр, пияз) кейін егу керек. Кеш пісетін орамжапырақты, алқа тұқымдас және асқабақ тұқымдас өсімдіктерді кеш егеді, кеш себеді. Оларды өнімі кеш жиналатын (тамыржемістілер, кеш пісетін орамжапырақ) дақылдардан кейін орналастыру керек. Бұлай ету, тұқымды еккенге дейін жерді дайындауға мүмкіндік береді [40,41].
Ауыспалы егістегі көкөністерден алғы дақылдар. Мол өнім алу үшін әр түрлі дақылдардың алғы (өткен жылы осы телімде өсірілген) дақылдарға, органикалық және минералдық тыңайтқыштарға, арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге деген қатысын ескеру қажет. Алғы дақылды дұрыс таңдап алу – көкөніс дақылдарынан мол өнім алудың бірден бір кепілі.
Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіріп отыру тәртібі тыңайтқыштар енгізу жүйесімен тығыз байланысты болу керек. Органикалық тыңайтқыштарды (қи, қорда) бақша дақылдарының, қиярдың, орамжапырақтың, қызанақтың, картоптың және топырақта органикалық заттардың мол болуын әсіресе қажет ететін көк дақылдардың астына төгеді. Тамыржемістілер мен пияз әдетте қи төгілгеннен кейін екінші немесе үшінші жылы ғана егіледі, өйткені жас қи тыңайтқышы тамыржемістілердің санасына әсер етеді (жарылады, тұрпайыланады) және пияздың пісу мерзімі ұзарады.
Органикалық тыңайтқыштарды 2-3 жыл аралатып, оларды минералдық тыңайтқыштармен кезектестіріп енгізген жөн.
Қазақстанның әр түрлі облыстары үшін мынадай көкөніс ауыспалы егістігін ұсынуға болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығыс үшін: қияр – 1, кеш пісетін орамжапырақ – 2, қызанақ – 3, пияз не картоп – 4, ерте пісетін қызанақ – 5; ерте пісетін картоп – 1, қияр – 2, қызанақ – 3, кеш пісетін орамжапырақ – 4, қызанақ – 5, пияз немесе тамыржемістілер – 6.
Солтүстік облыстар үшін: қи тыңайтқыштарында өсірілген орамжапырақ – 1, қызанақ не картоп – 2, сәбіз – 3, пияз – 4, қи тыңайтқышымен өсірілген қияр – 5.
Әрбір көкөніс дақылдарының топырақ бетіндегі және топырақ қабатындағы толық тағамдық мүшелерінің қалыптасуына қоректену алаңының көлемі айрықша әсер етеді және ауа кеңістігінің қажетті аумағын, күн көзінің жарығын ескеріп, қоректену алаңының көлемін дұрыс таңдап орналастырғанда, жоғары сапалы өнім береді.
Бір алаңнан мол өнім алу үшін жиілетіп егу және қайталап егу қолданылады.
Жиілетіп егу – бір алаңда екі немесе бірнеше дақыл өсіріледі. Мәселен, сәбіз+шалғам, салат немесе кеш пісетін орамжапырақ+шалғам, аскөк, салат. Кейде өздігінен жиіленуді қолданады. Мәселен, пияз бен сәбізді суыртпақтап үшқатарша әдісімен 7,5+7,5+5,5 см схемасы бойынша егеді де шоғырланып пісу фазасында орта қатарды егіс жинайды. Жиілетіп егуді тікелей немесе негізгі дақылдың қатарларында немесе негізгі дақылдың қатар аралығынан 1-2 қатарда жүргізеді.
Биологиялық пайдалы жиілеткіштерді – қолайлы микроклимат жасау үшін жылыны қажет ететін күнбағыс, жүгері өсімдіктерінен ықтырма егуді қолданады. Жүгері бұршақтұқымдас дақылдармен қосылғанда қосымша азот қорегін алады және соны мен қатар бұршақ пен оралып өскен баданаға тіреу бола алады. Ықтырмада ауаның салыстырмалы ылғалдығы 12-20% жоғары болады, ал температура 4-5 ˚С төмен болады. Көбіне саяжай телімдерінде тар алаңнан дәрілік, көкөніс, жеміс-жидек, және жеміс дақылдарынан мол өнім алу мақсатын көздеп, дақылдардың бір-біріне пайдалы әсер етуін қолданады.
Аллелопатия - өсімдіктердің қоршаған ортаға әр түрлі органикалық заттар болу нәтижесінде олардың бір-біріне әсері. Фитонцидтерді, эфир заттардың бөлетін дақылдарда – пиязда, сарымсақта, ақжелекте, қышада, қызанақта аллелопатиялық әсер болады. Бұл дақылдарды басқа көкөніс, жидек дақылдарымен қатар өсіргенде оларды ауруға шалдығудан, зиянкестердің зақымдануынан қорғайды, соның арқасында олардың түсімі де артады. Мәселен, бүлдіргеннің жанына сарымсақ өсірілсе, онда оны зиянкестер зақымдай алмайды, демек, бүлдіргеннің өнімі де артады, сондай-ақ сарымсақтан да қосымша өнім алынады.
Қайтадан егу - бір вегетациялық кезеңде бір алаңда көкөніс өсімдіктерінің 2 не бірнеше түрлерін өсіру. Мұны әсіресе вегетациялық кезең ұзаққа созылатын оңтүстік аудандарда кеңінен қолданады. Мәселен, бірінші дақыл – шалғам, салат, аскөк көгі, пияз көгі; екінші дақыл – орамжапырақ, қызанақ, қияр, бақша дақылдары, тамыржемістілер. Осыларды керісінше де үйлестіруге болады.
Ықтырмалы егіс - көкөніс өсіргенде микроклиматты жақсарту үшін егіледі. Қазақстанның оңтүстігінде кеш пісетін орамжапырақ отырғызғанда жүгеріден 2-3 қатарлы ықтырма қолданады. Жүгері күндізгі ыстықты жұмсартады, мұның өзі орамжапырақтың жақсы өсуіне ықпал етеді. Жүгеріні орамжапырақты отырғызбастан 15-20 тәуілік бұрын егеді. Жүгерінің қатарлары шығыстан батысқа қарай орналасады, қашықтығы 8-10 м болады.
Солтүстік-шығыс аудандарда және Орталық Қазақстанда биік сабақты өсімдіктердің (жүгері, күнбағыс) ықтырмалары жылысүйгіш көкөністерді (қызанақ, қияр, бақша дақылдары) суық желдер мен аңызақтан қорғау үшін қолданады.
Көкөніс шаруашылығында топырақты өңдеу сапасы мен қайсібір әдістерді жүргізу шараларына деген талаптың өзіндік ерекшеліктері болады. Көптеген көкөніс өсімдіктерінің тұқымдары ұсақ және тез өне алмайды, демек, топырақтың үстіңгі қабатын мұқият өңдеу және өніп-өсе бастаған кезде оны ылғалмен қамтамасыз ету қажет. Тамыржемісті, түйнекжемісті және көгентамырлы өсімдіктер жерде азықтық мүше түзейді, ал оның формасы, сондай-ақ сапасы топырақтың қопсытылуына, өңделуінің тереңдігіне байланысты. Қала берді жүйекшелер, жалдар мен суару бороздаларды да қолданады, олар тамырлардың тіршілік ету жағдайын жақсартады.
Тың жерлердің түрлері
Шым жері көптеген жер орналастырудың құрамына кіреді. Физикалық ерекшеліктер бойынша шым жері тығыз, ауыр барлық қоректік заттар бар, бірақ қоректік заттардың мазмұны бойынша ол шіріктен кедей. Бұл жер ең сау, себебі бақшалы және сәндік – гүлді өсімдіктерді өсіруде қолданған жоқ, сондықтан ауру бактериялары және саңырауқұлақтары жоқ.
Шым жерін дайындауды жаздың ортасында бастайды, өйткені қалың шөп пайда болады. Шым жерін үлкен емес қыртыстарға кеседі, оның ұзындығы мен ені 20 см, қалыңдығы 10 см, содаң соң шөп шөпке қатар етіп салады. Жерді қоректік заттармен байыту үшін шымды қиймен, минералды тыңайтқыштармен, әкпен (1м- 5 кг) қабаттайды. Жаз бойы қатарды бірнеше рет сумен немесе сұйық қиймен суарады. Күзде қайтадан қазады.Жақсылап ылғңалдату үшін қатардың үстіне науашық құрды.
Жапырақшалы жер – ағаш жапырақтарының шіру нәтижесінде пайда болады. Бұл жеңіл, жұмсақ, қоректі жер, ал негізінен тез жәнек жеңіл шіритін қарашіріктен тұрады.Ол ауыр шыр жері үшін жақсы борпылдақ болады. Оны өсімдіктер қийлы қарашгірікті шыдай алмайтын кезде ғана қолданады. Жапырақшалы жерді алу үшін әрбір жапырақты қолдануға болады, бірақ емен және тал ағаштарының жапырақтарынан басқасы, өйткені олардың құрамында емендік заттар бар. Күзде жапырақтарды шөп қалдықтарымен бірге жинайды және кішкентай үймелерге немесе біліктерге құрайды. Көктемде және жазда үймелерді 2 - 3 рет қайта раластырады және қысқыға орында қалдырады. Ыстық жазда жапырақтарды суару қажет. Келесі көктемде және жазда екі рет қайтадан араластырады. Жердің қоректік заттармен байыту үшін сұйық қиймен суару міндетті. Екінші жаздың аяғында жер дайын болуы тиіс.
Шымтезекті жер – қоңыр – қызғылт түсті жұмсақ, борпылдақ. Ол босанған шымтезектен пайда болады. Егер шымтезекті жер жоғарыланған орнынан 15 см қабатты ескі батпақтан немесе жайылмадан алынған болса, онда оны алдаңғы желдетусіз қолдануға болады. Егер жер төменгі батпақтардан алынған болса, онда оны жақсы желдету керек. Ол үшін оны жаз бойы бор немесе әк қосып 3 - 4 рет қайта қазып араластыру керек(1м – 1кг).
3Мал азығын дайындау
Мал азығын дайындау тәсілдері. Қазақстандағы егіншілік пен жемшөп өндірісінің кейбір теориялық мәселелері туралы. Жемшөп өңдеу технологиясы мен оны пайдалану туралы. Мал азықтарын дайындау тәсілдерімен және олардың экономикалық тиімділігімен таныстыру; жем-шөп дайындайтын машина және оның құралдары. Мүйізді ірі қара мал үшін дайындалатын жем-шөп. Жем өндіру технологиясы. Тек дені сау мал ғана өзі өсіп-өніп, жоғары сапалы төл және өнім бере алады. Сондықтан бағып отырған малының денсаулығын сақтап, оның өніп-өсуіне барлық жағдай жасау мал қожасының, фермердің басты міндеті.
Малды қоршаған орта жан-жақты таза, мал өміріне-қолайлы болуы керек. Ең басты қоршаған орта - ауа. Атмосфералық ауада бірнеше табиғи газдардың қосындысы бар екені мәлім. Мысалы, қалыпты ауада 78,09 % азот, 20,9^ % оттегі, 003% көмір қышқылы, тағы аргон, неон, гелий, сутегі, азон сияқты газдар болады. Ал мал қораларында солардың өзінің өмір сүруінің нәтижесіңде әртүрлі жағымсыз газдар пайда болады. Олар мал денсаулығына кері әсер етеді
Көмір қышқыл газы (СО2) түссіз, иіссіз, ауадан ауырлау Мал қорасының ішінде оның мөлшері ауада 0,06 %-дан аспауы керек. Егер оның мөлшері одан көбейіп 0,5 %-ға дейін барса, малдың денсаулығына қатты әсер етіп, демалуы жиілеп, тәбеті жоғалып, былқ-сылқ болып қалады, олардың өнімділігі төмендейді.
Аммиак (NН3) - түссіз улы газ, оның тұншықтыратын иісі бар. Көзге, мұрынға қатты тиіп, демалыс органдарына қатты әсер етеді. Егер оның ауадағы көлемі көбейіп кетсе, мал өліп қалуы да мүмкін. Қорада оның үлесі 0,02%-дан аспауы керек. Аммиактың қорада шығатын көзі мадцың нәжісі. Сондықтан қорада канализация мен вентиляция өте жақсы істеп тұруы керек.
Күкірт-сутегі (Н2 S) - түссіз, шіріген жұмыртқаның иісін береді. Ол негізінен жануарлардың қорытылмаған белоктарынан құралып шығады. Бұл да улы газ. Егер мал қорасының ауасында күкірт сутегі 0,015 % асып кетсе, мал уланады. Малдың ыстық пен суыққа да қалыпты күйде төзе бермейтіні белгілі. Ыстықта мал өзінің ыстығын сыртқа шығару үшін біраз энергия жұмсайды, терлейді. Ауаның температурасының ыстығы да, суығы да малға қолайлы емес. Суықта жылыну үшін де біраз күш жұмсайды. Сондықтан малға қолайлы болу үшін қораға жазда салқындық жасайтын, ал қыста жылылық жасайтын жағдай керек. Сиыр, жылқы, түйе малдары үшін қораның ауасы қыс айларында 8-12° С, ал төл үйлерінде 14-18° С, қой мен ешкі қораларында 3-8° С, қозы бөлмелерінде 12-15° С болуын қамтамасыз ету керек. Қораның ішіндегі ауа ылғалдығы 60-70 % мөлшерінде болуы тиіс. Қораның іші жарық болуы шарт. Мал үшін судың орны бөлек. Сусыз малдың тіршілігі нашарлайды. Мал денесінің 60-70 %-ы судан тұрады. Жемшөпке бір айға дейін шыдай алатын мал сусыз 4-8 күннен артық тіршілік ете алмайды. Сол мал ішетін су таза, ешқандай жат, улы заттары жоқ, мөлдір, жеткілікті болуы керек. Жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етудің өзі малды көп қауіпті жағдайлардан сақтайды. Мал басын аман сақтап, сапалы өнім өндіру үшін оларды қазіргі зоогигиеналық және малдөрігерлік-санитарлық талаптарға сай қора-жайлармен қамтамасыз ету керек. Мал фермалары тек қана мал өсірілетін орын емес, ол жерде сонымен бірге адамзат үшін тамаққа пайдаланылатын өнімдер мен өнеркәсіпке қажетті шикізаттар өндіріледі. Сондықтан мал қорасында, біріншіден, малдың қалыпты тіршілігіне барлық жағдай жасалуы тиіс, екіншіден, ол жерде жұмыс істейтін адамға да жоғары өнімді еңбек етуіне мүмкіндік болуы керек, үшіншіден, өндірілетін мал өнімдері малдәрігерлік-санитарлық талаптарға сай болуы шарт, төртіншіден, сыртқы қоршаған ортадан ешқандай инфекцияның басқа да қауіп-қатердің енуіне жол бермейтін болуы керек. Мал қорасы
Қораны мал түріне, жасына, шаруашылық бағыты мен пайдалану мақсатына байланысты салады. Қораның іші жылы, желдетуге және маддың жатып тұруына ыңғайлы болғаны жөн. Қора салардан бұрын желдің жиі тұратын бағытын анықтап, тұрғын үйдің ық жағанан, биіктеу, жер асты суы жақын емес жерден таңдаған дұрыс. Фермада салынатын тұрғын үй, қора, мал азығының орны, барлығында өрт сөндіруші орындармен келісіп, техникалық қауіпсіздікті толық сақтай отырып орналастыру керек.
Мал қорасының есігі күн түсетін жағында болғаны дүрыс. Күндіз, шуақты, жылы күндері малды сыртта ұстау үшін қоршаған ашық аула, оның ішін азықтық және су астауларымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету керек.
Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының басьм бөлігін азыққа жұмсалған қаржы шығыны құрайды. Малды дұрыс азықтандырмау алынатын өнімнің өзіндік құнын көбейтіп, кірісті азайтады. Азық түрлерін, олардан жұғымды азық мөлшерін жасау мал шаруашылығымен айналысатын адам-дардан біліктілікті қажет етеді.
Малға берілетін азық су мен құрғақ заттардан: көмірсу, май, протеин, минералды зат, дөруменнен тұрады. Құрғақ заттың қоректік құндылығы әр түрлі азық құрамында әрқалай.
Көмірсу. Малға күш-қуат береді. Бұлшық ет жұмысына, дене температурасының бір қалыпты болуына, өнім беруге (мысалы, сүт) аса қажет. Құрамында көміртегі, сутегі, оттегі бар.
Көмірсутегінің қарапайым түрі -қант. Онда глюкоза бар. Табиғатта глюкоза күн сөулесі, су, ауадағы көмірқышқылынан пайда болады. Өсімдік глюкозадан күрделі көмірсу, крахмал, целлюлоза жасап, бойына қор ретінде жинайды. Жас өсімдік целлюлозаны жасушаларын бекітіп, түзуге жұмсайды. Өсіп жеітлу барысында, жасушаларын қатайтатын затты (лигнин) бойына сіңіріп, қатая бастайды. Пісіп кеткен шөптің жасұнығы тым көп болғандықтан, жұғымдылығы кемиді Өйткені жасұнықтың көп бөлігі қорытылмайды.
Сиыр мен қойдың қарны жасұнықты қорытуға жақсы бейімделген. Ал шошқаның ас қорыту мүшесі оны қорыт-пайды. Бірақ ас қорыту жүйесі бір қалыпты жұмыс істеуі үшін, азықта аздаған жасұнық болуы шарт.
Малға, негізінен, өсімдік тектес азық беріледі. Сондықтан мал шаруашылығын қоректік заттармен қамтамасыз ету егін шаруашылығына тікелей байланысты.
Майлар. Көмірсуларға қарағанда, майдың қуаты екі есе көп. Бойдағы артық қуат мал денесінде май қорына айналады. Бұл май керек кезінде жұмсалады.
Кейбір азықтар (мысалы, қуырылған жүгері дәні) малдың денесінде жұмсақ май жиналуына әсер етеді. Құрамында жұмсақ май бар еттерді сақтау өте қиын. Сондықтан малды бордақылағаңда, мұндай азықтарды күнделікті беретін жемшөп құрамынан шығарып, оны қатты май беретін азық-пен (арпа) ауыстыру керек.
Күнделікті берілетін азықтың құрамында майдың шамадан тыс мол болуы малдың асқазан жұмысын бұзуы мүмкін. Сондықтан майдың қуаты молдығына қарамастан, малға, көп ретте, көмірсулы азықтар береді.
Ақуыздар (белоктар). Малдан ет алу үшін, ақуыз керек. Ол -ішкі ағзалардың, жүннің, терінің негізгі тірек көзі. Денедегі жараның жазылуына көмектеседі. Суттің түзілуіне де қажет. Май, көмірсу сияқты ақуыз көміртегі, сутегі жөне оттегіден тұрады. Бұлардан басқа оның құрамында азот, кейде күкірт, фосфор және темір кездеседі.
Ақуыздың бірнеше түрі болғанымен, олардың барлығы қарапайым аминқьшіқылдарының жиынтығынан тұрады. Мал үшін маңызды қызмет атқаратын 20-дан астам аминқышқылы бар. Көпшілігі малдың денесінде аминқышқылының бір түрінің екіншісіне айналуы нәтижесінде немесе азықтағы азоттан пайда болады. Азық қүрамында "ауыстыруға болмайтын" аминқышқылдары қаншалықты көп болса, ол соншалықты жоғары, биологиялық қүнды жемшөп деп есептеледі (мысалы, балық ұны). Аминқышқылдарының құрамын білмей-ақ өнеркәсіптік ақуыз қоспасын беріп, малдың биологиялық қажетін қатағаттандыруға болады.
Малды ақуызбен қамтамасыз етумен қатар, оның барынша жұғымды болуына да көңіл аудару керек. Көп мөлшерде қабылданған ақуыз қанға азоттың көп баруына және қуаттың мол бөлінуіне әсер етеді, ал бұл бүйрек пен бауырдың жұмысын қиындатады.
Минералдық заттар. Мал азығының құрамына ақуыз бен көмірсудан басқа минералдық, заттар кіреді. Олар ағзалардың бірқалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
Минералдық заттар мал денесіңде төмендегідей қызмет атқарады. Кальций мен фосфор — сүйек пен тістің өсіп, қалыптасуына, ағзадағы жұмсақ ұлпалардың жетілуі мен малдың өсіп-өнуіне; магний — жүйке жүйесінің қызметі мен сүйектердің қалыптасуына; темір —қанның пайда болуына; натрий мен калий—денедегі сұйықтардың қышқылды сілтілігін реттеуге және ас қорытуға жәрдемдеседі. Мине-ралдық заттар мал салмағының, 3%-ін құрайды. Ол оның
салмағының 80%-і сүйектен (негізінен, кальций мен фос-фор) тұрады. Сондықтан жас малды минералдық заттармен толық қамтамасыз ету оның сүйегінің тез өсіп-қалыптасуына ықпал етеді. Минералдық заттарды сатып алумен қатар, оны шаруашылықтың өзінде сүйек ұны, тартылған бор және ас тұзының керекті арақатынасынан жасауға болады. Бұлардан басқа малға аздаған йод, марганец, кобальт, мыс, мырыш беріледі.
Дәрумендер (витаминдер). Бұлар — малдың өсуі мен ден-саулығы жақсы болуы үшін керек заттардың (аздаған мөлшер-де) түрлері.
А дәрумені. Жас шөптің сары бояуында көп болады. Сондықтан оны жеген малда бұл дөруменнің аздығынан болатын ауру белгісі сезілмейді. Ол жетіспесе, мал нашар өседі Көзінің көруі нашарлап, кейде соқыр болып қалады. Дене бітімінің қалыптасуы бұзылады. Аяғын шалып басады, кейде сал болып қалуы мүмкін.
А дәрумені майда еритін дәрумен тобына жатады. Ол бауырда жиналады. Негізгі көздері — балық майы мен сары май.
В дәрумені. Тұтас дәрумендер тобынан тұрады. Ауыл шаруашылық малдары бұл дәрумендер тобын өте сирек қажетсінеді. Ірі қара мен қойдың асқазан жүйесінде пайда болады. Ал шошқа өз қажетін жемдегі дәрумендермен қам-тамасыз етеді. В2 дәруменімен немесе рибофлавинмен азық-тандырса, жақсы нөтиже береді.
С дәрумені. Барлық малдың бойында бар. Сондықтан оның жетіспейтін белгілері сирек кездеседі.
Д дәрумені. Сүйектің дұрыс қалыптасып, өсуіне керек. Оның жетіспеуінен сүйек жіңішкеріп, қисаяды. Жас мал мешел ауруына шалдығады. Күннің көзінде көп болатын малдардың денесінде бұл дәрумен өздігінен пайда болады. Оны қыстыгүні қорада көп ұсталатын малдарға азыққа қосып берген дұрыс. Бұл дәрумен балық майында көп.
Е дәрумені. Көк шөпте және дәннің тұқымында кездеседі. Оның жетіспеуінен мал кәп зардап шекпейді Қыстыгүні бұл дәруменге жарымаған сиыр көктемде бұзаулағанда, төлінде осы дәруменнің жетіспейтіндігі байқалады. Е дәрумені жетіспесе, мал жылдам арықтайды. Азығына балық майы көп қосылса, Е дәруменінің жетіспеуі азаяды немесе мүлде жойылады.
Су. Мал денесіндегі сұйықтардың басым бөлігін су құрайды. Денедегі зат алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды шығаруда (мысалы, сұйық дәрет) маңызды қызмет атқарады.
Жаңа дакылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Оның химиялық құрамдары әдеттегі өсіріп жүрген мал азықтық дақылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витаминдер құрамы т. б.) көрсеткіштері олардан артық болады.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның көк балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуыңда. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытынатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген, немесе одан жоғары.
Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 15 ц дейін протеин жиналады.
Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлем мал азығына жетіспейтін белок проблемасын шешудің жолы болмақ. Және де түйіндеп айтатын бір мәселе, белок құрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай, ал оның ішінде өте аз кездесетін түрлерінің болуы.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің көк балаусасында басқа да қоректік заттар, гүл элементтері, витаминдер және микроэлементтер көптеп кездеседі. Вейрих таранында, майтамырда, аю балдырғанында, қатыранда және кейбір баска да өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттар: глюкозидтер, фломониод қосындылары, фитоэстрогендер, кумариндер, эфир майлары, гармондар, биогендік өсіру тездеткіштері кездеседі және оларды мал азықтандырғанда емдік профилактика ретінде пайдалануға болатыны аныкталды.
Жаңа мал азықтық дақылдардан дайындалған сүрлемді мал жақсы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері, күн түйнегі, мақсары ұқсас марал шөбі. Бұлардың құрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр, майтамыр сиякты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сүрлемге салуға болады. Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсімдіктерді жас кезінде басқа жақсы сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жаңа өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі басқа бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.
Жаңа мал азықгық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Көпшілік өсімдіктерді қиыр солтүстікте де және ыстық оңтүстік климатында да өсіруге болады. Қүрғақшылық аймақтарда өсіруге перспектавалыңқөсімдіктер — катыран, сида, таспашөп, біржылдық түйе жоңышқа, күнтүйнегі, забайкал тараны және т.б.
Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сияқты өсімдіктер өздерінің мезофилділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қаркынының, жақсы жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.

Приложенные файлы

  • docx 19231159
    Размер файла: 61 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий