10 лекция


10 дәріс. Цехтың жүк айналымы және қойманың ауданы. Зауыттың немесе цехтың жүк айналымы – белгілі бір уақыт аралығында (жыл, тоқсан, ай, күн, ауысым) тасымалданған жүк көлемі.
Жүктің ағымы - жүкті тиеу-түсіру пункттері арасында белгілі бір бағытта тасымалданатын жүк көлемі. Зауыттың жүк айналымы жеке жүк ағындарының қосындысына тең. Жүк айналымды анықтау үшін бізге қажет негізгі және көмекші материалдарды, дайындаманы, қалдықты есептеп алу керек. Негізгі материалдар- бұйымды жасауға арналған материалдар б.т. Негізгі материал және дайындаманы жобалаудың мәліметтерімен, цехтың ведомосттарымен, басқа зауытта жасалған балама тетік мәліметімен, МЖ салалары үшін өңделген негізгі материал шығынының нормативімен анықтаймыз.
Көмекші материалдарға майлау майы, сүрту материалдары т.б. Көмекші материалдарды цехтың жүк айналымында емес, жалпы зауыттық қойманы есептегенде есептейміз. Көмекші материалдар қажеттілігі бір станок немесе бір жұмысшы шығыны нормативі бойынша анықталады.
Δзаг-ΔдетΔдет*100Өндіріс қалдығы- дайындама мен дайын тетік массасының айырымымен немесе төменгі формуламен анықталады
Материалдың түріне байланысты, оны өңдегенде оның қанша пайызы қалдық болатыны төменгі кестеде көрсетілген

Жүк айналым мен жүк ағыны бойынша:
Транспорттық және көтергіш транспорттық машиналарының типі мен құрылымын;
Жүкті тиеу-түсіру пункттерін(пост);
Зауыт ішіндегі жүк тасымалдау түрін: бір реттік және маршруттық(маятникті, сақиналы) тағайындаймыз.
Бір реттік жүк тасымалдау алдын ала жоспарланбаған түрде, яғни кездейсоқ орындалады. Маршруттық тасымалдау екі пункт арасында орындалады және ол бір жақты, екі жақты болып бөлінеді.

Сақиналы маршрут- белгілі бір тұйық тізбек ішінде орындалады және төменгі суретте көрсетілген.

Цехтың бір тәуліктегі жүк айналымы келесі формуламен анықталады

мұндағы Qr - жылдық жүк айналым, т/жыл; D - бір жылдағы жұмыс күндері; Кн - тасымалдау теңсіздігінің коэффициенті .
Жоғарыда аталған жүкті тасуға қажетті транспорттық құрылғылардың санын төмендегідей анықтаймыз:

мұндағы Г - белгілі бір уақыттағы жүк ағыны, т; Пч - транспорттық құрылғылардың сағаттық өнімділігі, т/сағ; Фп - белгілі бір уақыттағы транспорттық құрылғылардың пайдалы жұмыс істеу уақыт қоры, сағ.
Төменгі кестеде өндіріс және жүк тасымалдау түріне байланысты қандай жүк тасымалдау транспорттары пайдаланылатыны көрсетілген

Транспорттық құрылғылардың типі мен санын таңдағанда: жүк ағынының мөлшері, тасымалданатын жүк габариті, орын ауыстыру аралығы, жүк салмағын ескереміз.
Жүк айналым мен жүк ағыны төмендегідей ажыратылады:
Сыртқы- көлік, әуе, теңіз жолдары арқылы жүк тасымалдай отыра жүзеге асады(жөнелту, келу).
Ішкі (аралық, цехішілік).
Ішкі жүк айналым өндіріс типінің цехаралық тасымалдау көлемі бойынша анықталады. Есептеудің негізіне цех жоспары, цехқа материалды әкелу жоспары, жартылай фабрикаттар, отын, дайын өніммен қалдық жоспары кіреді.
Жүк айналымы шахматтық ведомость түрінде кестеге толтырылады

Кестеде жазылған шахматтық ведомость арқылы цехтың жүк айналымын диаграмма түрінде құрамыз және сол арқылы жүк ағынының ұтымсыз жағын анықтаймыз.

1-Зауыттық станция, 2- қалдық қоймасы, 3- отын қоймасы, 4- жылу орталығы, 5-шикізат қоймасы, 6,7,8- цехтар, 9- магазин, 10- дайын бұйым қоймасы.
Дайын тетік қоймасы бақылау бөлімінен кейін участоктың соңында орналасады. Қойма ауданын келесі формуламен анықтаймыз:
S=AQqKMмұндағы А - жүктің қоймада сақталуының орташа уақыты (тәулік), Q – жыл бойында өндірілетін (тонна) металл, дайындама, тетік массасы, q - қойманың 1 м2 рұқсат етілген толтырылуы (т/м2), К-өтетін жолмен аралық ауданын есептей келе қолданылатын қойма ауданың коэфициенті, М - жылдағы жұмыс істейтін күндер.

Приложенные файлы

  • docx 19236923
    Размер файла: 448 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий