11 Д-ріс. Поршенді ж-не роторлы компрессорлар..


11 Дәріс.
Поршенді және роторлы компрессорлар
11.1 Поршеньді компрессордың құрылысы
Поршеньді компрессор және сораптардың жұмыс істеу принциптері ұқсас. Яғни, поршеннің немесе плунжердің қайталап ілгерлемелі жұмысы кезінде жұмыс қорапшасы толтырылып және порциямен шығады. Бірақ кейбір айырмашылықтары бар.
Ол цилиндрлерді майлау және суыту жүйесіне байланысты. Жұмыс мүшелерінің қозғалуына байланысты поршеньді компрессорлар екі түрге бөлінеді: қозғалыс механизмді, еркін
Қозғалыс механизмді компрессорды айрықша және моноблокты етіп екі топқа бөлуге болады. Айрықша компрессорлар кез-келген жетекке арналған.
Айрықша кривошипті компрессорда тетіктер тобымен әртүрлі жүйелерді былайша бөлеміз:
- машинаның қозғалмайтын тұрақты бөлімдері – рама, станина, картер, фонарлар, крейцкопфты бағыттаушы;
- қозғалатын механизмдер тобы – иінді білік, негізгі подшипниктар, шатундар, крейцкопфтар, маховик;
- цилиндрлер тобы – цилиндрлер, цилиндрдің втулкалары, қақпақтар, штокты тығыздайтын бөлімдер;
- поршендер тобы – поршендер, поршен сақиналары, штоктар;
19-Сурет. Поршенді компрессор
1 – станина; 2 – білік; 3 – біліктің қарсы салмағы; 4 – шатун; 5 – крейцкопф; 6 – крейцкопфтың бағыттаушысы; 7 – бірінші сатының цилиндрді; 8 – екінші сатының цилиндрі; 9 – бірінші сатының поршені; 10 – екінші сатының поршені; 11 – сору клапаны; 12 – айдау клапаны; 13 – сальник; 14 – аралық суытқыш; 15 – қосымша құыс; 16 – қосу клапаны; 17 – маховик.
Электр жетекпен қосылған моноблокты компрессорларда электрлік, роторлы компрессордың махавигі жұмыс атқарады. Кейбір жағдайда цилиндрлерді майламау қажет. Ол үшін үш түрлі машиналарды пайдаланады: 1) арнайы сальникпен нығыздауларды майлайтын; 2) лабиринтті нығыздаулар; 3) мембранды компрессорлар. Бұл компрессор кірер кездегі көлемді шығыны аз, бірақ қысым көтеру дәрежесі жоғары.
Жұмыс мүшелері: айрықша кривошипті компрессорда тетіктер тобымен әртүрлі системаларды былай бөлеміз:
− машиналардың қозғалмайтын тұрақты бөлімдері (рама, станина, картер, фонарьлар, крейцкофты бағыттаушы).
− қозғалатын механизмдер тобы: Иінді білік, негізгі мойынтіректер, шатундар, крейцкофтар, махавик.
− цилиндрлі бөлігі: цилиндрлер, цилиндрлердің төлкесі, қақпақтар, штоктың нығыздаулары.
− поршендік тобы: поршень, поршеньдік сақиналар және штоктар.
− таралу тобы – қақпақтар;
− майлау жүйесі – май айдайтын сораптар, сүзгілер, май жүретін арналар, май салқындатқыштар, майайырушылар;
− салқындату жүйесі – аралық немесе ақырғы сығылғын газды салқындатқыштар, құбырлар;
− реттеу жүйесі – компрессордың беруін реттеу құралдары (қосымша өлі кеңістігі бар цилиндрлер, қосымша қақпақшалар, құбырлар);
− қондырғы машинаның топтары – автоматты аспаптары бар қалқан, газқұбырлары, газ сақтайтын ыдыс, ауа сүзгісі, сақтандырғыш қақпақтар, қоршаулар.
Мембрандық компрессор станциядан, мойынтірегі бар иінді біліктен, шатуннан, крейцкофтан, аралық салқындатқыштан, майлау жүйесінен және т.б. қосымша бөліктерден тұрады. Бірінші сатының цилиндрі тік, ал екінші сатының цилиндрі көлденең орналасқан. Айдау сызығы төмен бағытталып, цилиндр мен қақпағы салқындатқыш жүйесімен жабдықталған. Поршендік штоктың нығыздаулары алынып − салынады.
Кейбір жағдайда, таза газ қажет, сол кезде мембранды компрессорды пайдаланамыз. Мембрандық компрессорда жұмыс камерасы мембранмен бөлініп, клапандары қақпағында орналасқан. Көлемдік компрессорларды газдың кірер кездегі көлемдік шығыны 2 м3/мин, бірақ қысым көтеру дәрежесі ε-25 дейін болады. Роторлы компрессорлар құрылымы және жұмыс жасау принципі бойынша роторлы сораптарға ұқсас. Бұл компрессордың артықшылықтары: ортадан тепкіш компрессорға қарағанда ПӘК жоғары, поршендік компрессорға қарағанда салмағы аз, ыңғайлы, құрылымының қарапайымдылығы, газдың берілуі біртекті. Роторлы компрессорды пайдалану барысында оларды автоматты және дистанционды жүйеге ауыстыру өте оңай. Көп жағдайда роторлы компрессорды жылжымалы компрессорлық станцияларда пайдаланады. Роторлы компрессордың кейбір түрлері таза газды, ал кейбір кезде сұйық газды айдайды. Құрылымы бойынша роторлы компрессор келесі топтарға бөлінеді: 1) бір білікті; оған: пластиналар, сұйықтық сақиналы, жылжымалы роторлы және т.б.; 2) екі білікті; оған: коловратты және бұрандалы. Пластиналық компрессорларда цилиндрден және оның ішінде пластиналары бар ротор айналып тұрады, Пластиналардың саны (2-30 дейін болады), машина көлеміне, компрессордағы ротордың өзгеруіне, пластинаның материалына, майлау және салқындату тәсілдеріне байланысты. Пластинаның саны неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым ротордың өзгеруі бірқалыпты және газдың шығыны аз болады, бірақ цилиндр тез тозады.
11.2 Поршеньді компрессорлардың нығыздағыштары
Пластиналар болаттан, синтетикалық шайыр және углерафиннің қосылысынан жасалынады. Сұйықтық сақинасы компрессордың құрылымы бойынша поршеньді компрессорға ұқсас, бірақ аралық кеңістік сұйықтықпен толтырылған сақинадан тұрады: құрылымының қарапайымдылығы, бөлшектердің үйкелісі аз, тетіктердің сұйықтықпен нығыздалуы, газдың берілісі бірқалыпты, пульсациясыз. Жылжымалы роторлы компрессорды вакуумдық желілерге және мұздатқыштарда қолданылады. Коловратты компрессорлар - қысым аз жағдайларда пайдаланады, ең үлкен артықшылығы құралымының қарапайымдылығы. Бұрандалы компрессорлар − бұрғылау және мұнай кәсіпшілік өндірісінде көп қолданылады. Бір топ құрғақ сығылу бұрандалы компрессорға он компрессор кіреді. Бұл бір сатылы 0,4 МПа және екі сатылы 1,15 МПа-ға дейін, ауаның көлемдік шығыны =0,38-ден 96000 м3/сағ дейін болады. Келесі топқа маймен толтырылған соңғы қысымы 0,8 МПа, көлемдік шығыны 0,24-тен 24000 м3/сағ дейін. Айдайтын компрессордан бөлек мұнайлы газды жинауға және тасымалдауға арналған машиналар бар.
Компрессорлық машиналардың атқаратын негізгі функциялары:
− газды (ауаны), газдың қоспаларын аппараттарға, пештерге, машиналарға технологиялық өңдеуге беру;
− газды тасымалдау: табиғи газды ұңғылардан жинап, оларды бас компрессорлық станцияға жіберу, магистралды құбырөткізгіштері арқылы тасымалдау;
− газды аккумуляторлау: пласттарда жерасты сақтау сақтау үшін, пластты, қысымды қайтадан келтіріп, оны ұстап тұру үшін; ыдыстарда сақтап, оларды сұйық немесе газ түрінде тасу үшін. Іштен жану қозғалтқыштарын іске қосу үшін құбырөткізгіштіктерді және ыдыстарды беріктікке сынау үшін;
− газды жою үшін ыдыстарда вакуум жасау үшін, бөлмелерді желдету үшін;
− газдың ағынын жасау үшін бұрғылау ұңғыларында бұрғыланған жыныстарды шығару үшін;

20- Сурет. Поршенді компрессорлардың сальниктары
а – жазық металл сақиналары бар сальниктар: 1) нығыздаушы сақина; 2) тұйықтаушы сақина; 3) серіппе; 4) дросселді сақина; 5) сальник алды;
б – нығыздаушы элементтегі қысымның таралуы
в – конустық металл нығыздаушы элементтер: 1) сыртқы нығыздаушы сақина; 2) ішкі нығыздаушы сақина; 3) штифт; 4), 5) қыспалы сақиналары;
г – конусты пластмассалы нығыздаушы элементтер: 1) нығыздаушы сақиналар; 2) дросселді сақина; 3) қыспалы сақина; 4) тартпалы муфта; 5) серіппе.
11.3 Компрессорды таңдау
− компрессорға кірер кездегі газдың көлемдік шығыны;
− соңғы қысымды;
− сору шарттары (температура, қысым және газдың ылғалдылығы);
− айдалынатын газдың қасиеттері (мольдік құрамы кірленгені және улану қасиеті);
− жетектің түрі және оған қойылатын талаптар;
− негізгі шарттар: бұл майлау жүйесі, машинаның көлемі мен салмағы, вибрация және дыбысы;
Компрессордың түрі мен маркасын, оның негізгі көрсеткіштері арқылы таңдаймыз. Соңғы қысым және кірер кездегі газдың көлемдік шығыны да байланысты.Компрессордың ең негізгі бір қасиеті бар, ол − дыбысы. Ол үшін металдан немесе пластмассадан жасалған кожухтарды пайдаланады. Бұл кожухтар шыны – волокнолы, шуды басатын антивибрациялық жабдықтармен жабдықталады. Кейбір компрессорларда глушительдер қолданылады.Компрессорлардың құрылымды құрылыстары арқылы және корпусы арқылы вибрацияберіледі. Шуға қарағанда жиілігі аз, бірақ таралуы мен сақталуы ұзақ.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [212-229]
Қосымша әдебиетер: 8 қос. [347-384]
Бақылау сұрақтары:
Цилиндрлерді майламай жұмыс істейтін кезде қандай компрессорларды пайдаланамыз?
Мембрандық компрессорлар.
Поршендік компрессордың сальниктары.
Компрессорлардың негізгі атқаратын функциялары.

Приложенные файлы

  • docx 19242843
    Размер файла: 138 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий