Темирханов Нурлыбек. 1-007гр. Кредит 1. Тақырып 1. СӨЖ.


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлы биология және генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Аурулар және онтогенез кезіндегі ақуыздар құрамының өзгеруі.

Орындаған: Темирханов Н.К. 1-007 группа
Тексерген: Жоғарғы категориялы
аға оқытушы
Мустафина Ф. Х.
Қарағанды
2016
Жоспары:
Кіріспе
Белоктардың тірі ағза үшін алатын орны.
Белоктардың химиялық құрлысы.
Белоктардың құрылымы және қызметі.
Белоктардың жіктелуі.
Белок құрлысының деңгейлері.
Белоктардың биологиялық қызметті.
Белоктардың ыдырауы және жойылуы.
Онтогенез және ауырулар кезіндегі белоктар құрамының өзгеруі.
Қорытынды
Кіріспе
Тіршілік ету процеестерінде белоктардың жаңарып отыруы, күрделігі, шексіз әртүрлігі, маңыздылығының ерекше. Ф. Энгельс өзінің еңбегінде : « Өмір дегеніміз - белокты денелердің өмір сүруі » ,- деп айтқан. Белок - барліқ тірінің материалдық көзі.

Белоктар- бұл жоғарғы молекулалы азотқұрамды органикалық заттар, олар-құрылымдық компоненті пептидтік байланыстармен қосылған аминоқышқылдардан тұратын сызықты гетерополимер. Белок ыдырауынан түзілген амин қышқылдарын ион алмасу. Белок құрамында 20-ға жуық амин қышқылдары кездеседі.

Белок молекулаларының құрамындағы негізгі ерекшеліктер:
Аминоқышқылдардың сандық мөлшері бойынша
Әртүрлі аминоқышқылдардың мөлшерлік қатынасы бойынша
Аминоқышқылдардың белоктағы кезектесу ретінің әртүрлі болуы бойынша
Простетикалық топ деп аталатын белоксыз компоненттің болуы бойынша
Белоктардын тірі ағзалар үшін алатын орны:
Белок - генетикалық ақпаратты жеткізу және молекулалық құрал.
Белок – күрделі заттарды жай заттарға дейін тотықтырады.
Белок – адам ағзасын микроптардан, ауыру туғызушы агенттерден сақтайтын антидене.
Белок- фермент.
Белок- қорғаныш қызметін атқаратын антидене.
Актин,миозин сияқты ақуыздар бірімен-бірі АТФ-тың қатысуыменәрекеттесіп, бұлшықеттің жиырылуы сияқты қызмет атқарады.
Белоктардың бір тобы – гемоглобин,альбумин, глобулин тасымалдау қызметін атқарады.

Белоктардың химиялық құрлысы
Альбуминдер- қан плазмасының белоктарының көп бөлігін құрайды. Құрамында дикарбондық АҚ-дың көп мөлшерде болуына байланысты альбуминдер катиондарды ұстап қалады және коллоидтық-осмостық қысымның сақтауында үлкен роль атқарады. Альбуминдер кейбір гидрофобтық метаболиттер мен дәрілік заттардың тасымалдаушысы болып табылады.
Глобулиндер – үлкен молекулалық массасы бар белоктық молекулалардың гетерогендік күрделі қоспасы. Тасымалдаушылық, қорғаныш және басқа да қызметтерді атқарады.
Гистондар – құрамында аргинин және лизиннің жоғары мөлшері болатын кіші молекулалы белоктар. Хроматиндердің құрамына кіреді.
Склеропротеиндер (коллагендар) – фибриллалық белоктар. Коллагеннің пептидтік тізбегінің құрамында 1000-ға жуық АҚ қалдықтар болады, олардың әрбір үшінші АҚ – глицин, 20%-ы пролин және гидросипролин, 10%-ы аланин, 40%-ы басқа АҚ. Негізгі қызметі – құрылымдық белок.
Белоктардың құрылысы үшін адам ағза сында көп мөлшердегі АҚ қатысатынына қарамастан тек 20 АҚ ғана белоктардың құрылысы үшін пайдаланылады. Белоктар – бұл полимер, олардың мономері болып амин қышқылдары саналады. Белок құрамындағы А.Қ клетка цитоплазмасында болады. Белок әр түрлі себептердің әсерінен қызып кету, ысып кету, оксидантардың әсерінен өзінің нативті конформатциясын жоғалту мүмкін.
Пептидтік байланыс

Белок құрлысының деңгейлері
Алғашқы
Екінші
Үшінші
Төртінші
Алғашқы құрылымы – бұл бір-бірімен полипептидті байланысқан амин қышқылды қалдықтар байланысқан бір ізділігі. Нақ осы құрылым РНҚ – дағы кодондардың бір ізділігімен тіке кодталады және трансляция кезінде көшірмесін алады.
Екінші құрылым – көптеген пептидті тізбектердің фрагментері. Альфа-спиральді немесе бета құрылымды.
Альфа- спираль пептидті шынжыр негізгі тірегі спиральға бұраліан, амин қышқыл радикалы
Бета- құрылым – бұл пептидті тізбектердің негізгі иректелген конфигурацияны немесе бүктелген жапырақ тәрізді.
Үшінші құрылым – белокты глобулалар яғни спиральдік, бета құрылымды және құрылымсыз пептидті тізбектер байланыстың өзгешелігі радикалдар табиғатына байланысты болады.


Үшінші реттік құрылымның екі жалпы типке бөлінетін формасы кездеседі:
1. Молекуланың созыңқы формада болуы – бұл ұлпалардың талшықты құрылымдарын қалыптастыратын фибриллалық белоктарда (мысалы, коллаген, эластин) үшінші реттік құрылымның үштік альфа-спиральдан
2. Молекулаларының шар немесе эллипс формасында болуы – бұл глобулалық белоктарға – құрамында құрылымдық ықшамдалудың барлық типтері кездесетін белоктарға тән.
Ақуыздардың ыдырауы:
Ақуыздар клеткадағы барльқ биомолекулалар сияқты картаяды , (яғни бос радикалдардың, сәулеленуші, жылудың жене т.б. әсернен модифицерленеді).
Клеткадағы ақуыздар кұрамы тіршік процессінде өзгереді, бipece жоғарылайды,бipece төмендейді, Тіршіктің өзгеру жағдайынабеммделеді, сондыктан олардың ыдырауы шарасыз.
Каталиттік қызмет – барлық биологиялық катализаторлардың қызметі – ферменттер өздерінің химиялық табиғаты бойынша белоктар болып табылады. Кейбір РНҚ-дың да каталиттік активтілігі анықталды. Оларды РНҚ-зималар немесе рибозималар деп атайды.
Тасымалдаушылық қызмет – гемоглобин белогы оттегіні тасымалдайды, басқа белоктар липидтерді, билирубинді, май қышқылдарын тасымалдайды. Трансферрин темірді тасымалдайды.
Рецепторлық қызмет – көптеген белоктар тяаңдап білу процесіне (рецепси) қатысады;
Энергияны трансформациялау қызметі. Көз торшасының родопсині және ретинині жарық энергиясын электрлік энергияға трансформациялайды;
Акуыздар өміp сүру ұзақтығы бойынша ажыратылады:
Құрылымдық - өміp сүру ұзақтығы ұзак болады.
Реттейтін ақуыздар - қысқаша өміp сүретін.
Қолданылған әдебиетттер тізімі
1.Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы, «Мектеп» баспасы, – 352 бет.  О.Д.Дайырбеков,
2.Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. 
3.Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Приложенные файлы

  • docx 19250379
    Размер файла: 133 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий