Д-ріс 15


ДӘРІС 15. Машина жасаудағы металл емес материалдар
Металл емес материалдар туралы жалпы түсінік. Машина, көлік және кеме жасауда, авиацияда, құрылыста және халық шаруашылығы салаларында металл емес материалдар кеңінен қолданылады. Бұл олардың жоғары физика – механикалық қасиеттеріне: беріктік шегіне, илемділігіне, ылғалға және жемірілуге тұрақтылығына, ыстыққа төзімділігіне, қайта өңдеу кезіндегі жоғары технологиялығымен байланыста болатын изоляциялық қасиеттеріне байланысты.
Металл емес материалдардың негізін жасанды полимерлі материалдар, пластикалық массалар (пластмассалар), жасанды және табиғи полимерлерді қосымша толықтырғыштармен қайта қорыту нәтижесінде алынатын, полимерлі матрицасы бар композициялық материалдар құрайды.
Металл емес материалдарға мұртшаларды, талшықтарды (керамикалық, көміртекті, борлы), каучукты, резеңкені, целлюлозаны, желімді, сырлау материалдарын, графитті, ағаш өнімдерін, шыныны, техникалық керамиканы және металл емес негіздегі әр түрлі композициялық материалдарды жатқызады.
Полимерлер, макромолекулалары бірдей құрылымды көптеген элементарлы ұяшықтардан және мономерлерден тұратын, жоғарымолекулалық заттар болып табылады.
Пластассалар деп, органикалық полимерлі байланыстырғыштар мен арнайы толықтырғыштар негізінде алынатын жасанды материалдарды айтады. Олар белгілі бір температура мен қысымда ,нәтижесінде қажетті қалыпқа ие болатын қалыптану қасиетіне ие.
Пластмассалар қарапайым (жәй) және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым пластмасса таза полимерлер болып табылады, мысалы, полиэтилен, органикалық шыны, т.б. күрделі пластмасса байланыстырғыш заттан, толықтырғыштан, қатайтқыштан, ингибитордан, пластификатордан, бояғыштардан және сырлағыш қосылыстардан тұрады.
Байланыстырғыш зат ретінде жасанды шайырзатты және целлюлозаның эфирлерін қолданады. Байланыстырғыштың түріне қарай пластмассалар термопластикалық (термопластар) және термореактивті (реактопластар) болып бөлінеді. Толықтырғышты, бағасын арзандату үшін және материалға қажетті қасиеттерді беру үшін( бірінші кезекте төзімділік) енгізеді.
Шыны. Органикалық шыны аморфты құрылымыға ие. Шыны маркалары химиялық құраммен және қасиеттермен анықталады. А – шынылары түссіз, тегенелер мен табақшалы шыны жасауда қолданылады. С – шынылары(натрийборсиликатты) химияға төзімді, оларды химия өндірісінде қолданады. Е –шынылары (алюмоборсиликатты) маталы шыныталшықтарын жасауға жұмсалады. S – шынылары (магнийалюмосиликатты) жоғары беріктікке ие, оларды ұшақтар мен ракета құрылысында қолданады. L – шыныларын (қорғасынды) радиациялық қорғаныста қолданады.
Металл емес материалдар. Машина жасауда жекеленген бөлшектерді металдан басқа ағаш, пластмасса, резеңке, шыны сияқты материалдардан жасайды. Мысаля, ағаштан мойынтіректер, автомобиль қорабын және т.б. бөлшектер, ал резеңкеден дөңгелектер, құбыршектер, қайыстар, астармалар, мембраналар, пластмассадан түрлі жұмыс жағдайына бейімделген көптеген бөлшектер жасалады.
Ағаш. Ағаштың меншікті беріктігі, серпімділігі, тербелісті басу қасиеттері жоғары, меншікті салмағы төмен, жеңіл өңделеді. Кейбір қышқылдарға, тұздарға, майларға химиялық төзімділігі жоғары. Кемшіліктеріне отқа төзімді еместігі, суды жақсы сіңіру, тез шіру қасиеттері жатады.
Ағаштан шпон, фанера, ағаш жаңқа плиталары, ағаш талшық плиталары, баспаланған ағаш, картон, қағаз, канифоль, спирт өндіріледі.
Ағаш материалдары түрлеріне бөрене, шпон, тақтай, фанера және баспаланған шикізаттар жатады. Екі жағы өңделген ағаш материалдарын тақтай деп атайды. Арнайы жону арқылы жасалған жұқа ағаш табағын шпон деп атайды. Бірнеше шпон қабатынан құрап желімделген ағаш материалын фанера дейді.
Ағаш жаңқа плиталарын ағаш жаңқасын байланыстырушы материал қосып, ыстық күйінде баспалау арқылы алады.
Ағаш талшық плиталарын ағаш талшықтарынан фенолформальдегид шайырын қосып, ыстық күйінде баспалау арқылы алады.
Пластмассалар. Пластмассалар деп жоғары молекулалық органикалық қосылыстар негізінде жасалған күрделі химиялық құрылымы мен құрамы бар композияларды айтады.
Табиғи полимерлерге канифоль, асфальттар және т.б.жатады Жасанды полимерлердің қасиеттері жоғары болғандықтан олар кеңінен қолданылады.
Барлық жоғары молекулалық қосылыстар мономер деп аталатын бір-бірімен байланысқан көптеп қайталанатын кішігірім бөлшектерден құралады.
Кеңінен қолданылатын термопластарға полиэтилен, полипропилен, полистирол, поливинилхлорид, фторопласт және т.б. жатады.
Пластмассалардан тетік жасау тәсілдері. Пластмассадан тетіктер жасауда экструзиялау, қысыммен құю, баспалау тәсілдері қолданылады.Эксртузиямен (ығыстырып пішіндеу) термопластиктерден құбырлар, шыбықтар, түрлі профильдер жасалады. Пластмасса экструдердің бункеріне салынады. Цилиндрдің ішінде шнек оны араластырып дорн арқылы ығыстырып шығарады. Цилиндр бу немесе су жылуымен қыздырылады. Дайын бұйымды суытып қажетті ұзындықпен бөлшектеп кеседі.
Қысыммен құю арқылы фенолдық, акрилдық, эпоксидтық шайырлардан түрлі пішінді тетіктерді жасайды. Қалыпқа құйылған қоспа суыту, полимерлену, поликонденсаттану немесе еріткіштің қатаюы арқылы қатады. Бұл тәсілмен полиэтиленнен, полиамидтен, полистиролдан, винипластан және термопластардан бұйым жасайды.
Бастапқы материал бункерден дозатор арқылы машинаның қыздыру цилиндріне түседі, тұтқыр аққыш күйге дейін қыздырылған қоспа поршень немесе шнек арқылы баспа-қалыпқа беріледі. 2 минут ұстап тұрғаннан кейін баспа-қалып ашылып дайын бұйым шығарылып алынады.
Тік баспалау пластмассалардан тетік жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Баспалау температурасы мен қажетті қысым мөлшері өңделетін материал түріне және жасалатын тетіктің пішіні мен өлшемдеріне байланысты таңдалып алынады. Тетіктің қалыңдығы мен қатаю жылдамдығы баспаланған бөлшекті ұстап тұру уақытын анықтайды. Термореактивті материалдардың көпшілігінің баспалаудан кейін ұстап тұру уақыты тетік қалыңдығының әр милиметріне 2 мин уақыт шамасында есептеледі.
Баспа-қалыптарды электр қыздырғыштармен қыздырады. Салынатын материал көлемдік немесе массалық өлшеуішпен өлшеп салады.
Тік баспалау арқылы күрделілігі орташа, мөлшерлері шамалы бөлшектер жасалады.Құйып баспалаумен терең, бұрандалы тесіктері бар күрделі пішінді тетіктер жасалады. Баспалау материалы құю тесігі арқылы аққанда біріңғай қызып, құрылымы да біріңғай болады.Баспалауда бір және бірнеше ұялы баспалау қалыптары қолданылады. Көп ұялы баспалау қалыптары қарапайым пішінді және көлемікішігірім тетіктер жасау үшін қолданылады.
Термореактивті материалдардың табақ және плиталы түрлерін пакеттеп баспалайды. Құбыр, шыбық, фасонды профильдерді термореактивті материалдарды баспа-қалыптардың калибрленген тесіктерінен арқылы жасайды.
Резеңке материалдары. Резеңке деп каучукқа вулканизациялаушы заттарды (күкірт, натрий, диазоаминабензол) қосып химиялық өңдеудің өнімін айтады.
Резеңкенің негізгі қасиеттері: иілгіштік, дірілге төзімділік, жоғары химиялық төзімділік, газ және су өткізгіштік және электр тоғын өткізбеуі.
Резеңке өндірудің негізгі процестері: резеңке қоспаларын дайындау, оларды жартылай фабрикатқа қайта өңдеу және вулканизациялау. Резеңке қоспалары каучук және ұнтақ құраушылардан дайындалады.
Каучук пайда болуына байланысты табиғи және жасанды болып ажыратылады.
Резеңке қоспасының негізгі компоненттері: вулканизациялаушы заттар (күкірт, металды натрий, диазоаминабензол), вулканизациялауды жылдамдатқыш (дифенилгуанидин, мырыш тотығы), толтырғыштар немесе күшейткіштер (газ немесе шам күйесі, көмірқышқылды марганец, бор, барит, тальк), ескіруден сақтаушылар (стеарин және олеин қышқылдары, минералдық майлар, парафин), бояғыштар (охра, ультрамарин), регенерат (қолданылған резеңкені арнайы өңдеуден өткізіп алынған пластикалық өнім). Аталған құраушыларды белгілі бір пайыздық қатынас пен қосқанда резеңкенің созылғыштығы жоғарылайды, вулканизациялану уақыты қысқарады, процестің температурасы төмендейді, резенкені арзандатады, жылдам ескіруден сақтайды, суыққа төзімділігі жоғарылайды.
Резеңке қоспасын жасауда каучукті тілімдерге кесіп, оған илемді қасиет беру үшін жанышқыш біліктердің арасынан өткізеді. Сонан соң оны арнайы араластырғыштарға ұнтақ құрайшылармен араластырады. Алынған қоспа иілгіш біртекті масса түрлі өңдеулермен өңделеді.
Резеңке қоспасының жартылай фабрикат пен өнімдерге қайта өңдеудің негізгі түрлеріне каландрлау, үздіксіз сығып шығару, баспалау, қысыммен құю, металдарды резеңкелеу және вулканизациялау жатады.
Жалпы қолданылатын резеңкелер жасанды натрий, бутадиенді каучуктен, бутадиенстиролды каучуктен, бутадиеннитрилдік каучуктен, изопрендік каучуктен және т.б. түрлерінен жасалады. Жалпы қолданылатын резеңкелер ауада, суда, қылқылдар мен сілтілердің осал ерітінділерінде жұмыс істей алады. Олардан шиналар, ремендерь, құбыршектер, тасымалдау таспалары, кабельдердің изоляциясы және т.б. техникалық бұйымдар жасалады.
Арнайы резеңкелер бірнеше түрге бөлінеді: май мен бензинге төзімді, жылуға төзімді, тозуға төзімді, электротехникалық, гидравликалық сұйықтарға төзімді. Май мен бензинге төзімді резеңкелер бензинді, майлы орталарда жұмыс істей алады. Жылуға төзімді резеңкелер 400о С дейін температураға шыдайды. Электротехникалық резеңкелер электр тоғын өткізбейтін және электр тоғын өткізетін болып бөлінеді. Тозуға төзімді резеңкелерден шиналар мен ременьдер жасалады.
Машина жасауда қолданылатын резеңке бұйымдар бірнеше топтарға бөлінеді: қымтаушы (сақиналар, машина терезелерінің таспалары, мембраналар және т.б.); күштемелік (тісті дөңгелектер, муфталар); сырғанау тіректері (резеңке металды мойынтіректер); тозуға қарсы тұратын (протекторлар, катоктар).
Беріктігі, қаттылығы және электр тоғын өткізбейтін қасиеттері бар бұйымдар жасауда эбонит (қатты резеңке) қолданылады. Эбонит құрамында 35% дейін күкірт қосылған резеңке қоспасын ұзақ қыздыру арқылы алынады. Одан аккумулятор банкалары, рульдер және т.б. жасалады.
Негізгі әдебиет 1 [101-112],3 [185-206].
Бақылау сұрақтары:
1. Ағаштан жаслатын шикізаттар.
2. Пластмасса дегеніміз не?
3. Мономер дегеніміз не?
4. Резеңке дегеніміз не?
5. Шыны дегеніміз не?

Приложенные файлы

  • docx 19263701
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий