4 практикалық жұмыс


№4 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Нәруыздың ферментативтік ( катализдік) қызметі
Мақсаты: Каталаза ферментінің сутегінің асқын тотығына және оның қызмет ететін жағдайларын көрсету. Каталаза ферментінің әсерін өсімдік ұлпасынан танып, табиғи және қайнаумен зақымданған ұлпалардың ферменттік активтілігін салыстыру.
Болжам: Егер мен сутектің асқын тотығына табиғи және қайнаумен зақымданған ұлпадардың каталаза ферментінің қалай әсер ететінің анықтасам, онда ол қандай жағдайларда қызмет ететінің анықтай аламын.
Құрыл- жабдықтар:
3 %- дық сутегінің асқын тотығы;
Йод ерітіндісі;
Өсімдік жапырағы;
Шикі және пісірілген картоптың тілімі;
Шикі ет тілімі;
Микроскоп;
3 сынауық;
Сынауық ұстағыш;
Маркер;
Заттық шыны;
Жабын әйнек;
Фильтр қағазы;
Тамшуыр;
Пышақ.
Қауіп- деңгейі:
Қауіп көзі Қауіп деңгейі Алдын алу жолы
Сутегінің асқын тотығы Орташа Ерітіндісі бар ыдыстың қақпағын жауып отыру, қолғаппен жұмыс істеу
Заттық шыны, жабын әйнек Орташа Қолмен ұстаған кезде мұқият болу, жұмыс кезінде абай болу
Пышақ Жоғары Пышақ ұшын адамға қаратпау, жұмысты баяу орындау
Теориялық матрица:
Сутек асқын тотығы ағзада тіршілік процессін тудыратын улы зат. Улы заттармен әрекеттесіп, өзін-өзі уландыруы (нәруыздың денатурациясын) мүмкін. Сутек асқын тотығының жиналуына каталаза ферменті кедергі болады. Каталаза ферменті сутек асқын тотығын су және оттекке дейін ыдыратады отырып қорғаныш қызметін атқарады.
каталаза
235648512890500 2 H2O2 2 H2O + O2
Өсімдік пен жануардың өсімді ұлпасына сутек тотығын тамызғанда, ақ көбіктің түзілуі, осының дәлелі бола алады.
Фермент өте жылдам әрекеттеседі, оның 1 молекуласы 1секунд ішінде 200 000 молекулаға дейін ыдырайды.Жұмыс барысы:
Берілген үш сынауықтың біріншісіне піспеген еттің, екіншісіне піспеген картоптың, үшіншісіне піскен картоптың кішкене тіліміндерін саламыз.
Әр пробиркаға 2-3 мл 3% сутек асқын тотығын (Н2О2) құямыз.
Әр пробиркада болып жатқан құбылысты түсіндіру.
Заттық шыныға, бір тамшы суға элодея жапырағының жіңішке кесіндісін салып, микроскоп астында зерделеу.
Жапыраққа 1-2 тамшы сутек асқын тотығын (Н2О2) жағамыз, жабын шынымен жауып қайта шыныны микроскоп астында зерделеу. Өзгерісті түсіндіру.
Жұмыс мақсатына қарай отырып, жұмысқа толық қорытынды жасау.
Жүргізілген эксперимент схемасы
Мағлұматтар мен нәтижелер
Кесте 1. Каталаза ферментінің сутегінің асқын тотығына әсері (Н2О2)
Реакцияның аты Реагент Субстрат Өзгерістер Себебі
Сутегінің асқын тотығымен тәжірбие (H2O2) 3-% Н2О2 ерітіндісі Шикі картоп Оттегі бөлініп, нәруыз бірінші реттік құрылымға дейін ыдырап, көбікке айналады Каталазаның қатысуына байланысты
3-% Н2О2 ерітіндісі Пісірілген картоп Реакция өткен жоқ Термиялық өңдеу нәтижесінде(пісіру) нәруыздың денатурациясы өтті(яғни каталаза ферментінің денатурациясы)
3-% Н2О2 ерітіндісі Шикі ет Оттегі бөлініп, нәруыз бірінші реттік құрылымға дейін ыдырап, көбікке айналады. Ет ағарады да қалқып шығады Каталазаның қатысуына байланысты
3-% Н2О2 ерітіндісі Элодея(немесе басқа өсімдіктің) жапырағының жұқа кесіндісі Оттегі бөлініп, нәруыз бірінші реттік құрылымға дейін ыдырап, көбікке айналады Каталазаның қатысуына байланысты
Қорытынды: Өткізілген зерттеу каталаза ферментінің белсенділігі 1,3 және 4 тәжірбиелерде белгілі болғанын көрсетеді. Ол шикі картоптын, шикі еттің және элодея(немесе басқа өсімдік) жапырағының кесіндісінде нәруыздың бар болуына байланысты болды. Пісірілген картоппен өткізілген тәжірбиенің өтпеу себебі картоптағы нәруыздың термиялық өңдеу кезінде денатурациялануына байланысты. Жұмыстың басындағы гипотеза толықтай дәлелденді. Өлі ұлпаларда ферменттердің белсінділігі байқалмайды, себебі ондағы нәруыз пісіру нәтижесінде бұзылған. Ал тірі ұлпалардың сутегінің асқын тотығымен әрекеттесу нәтижесінде оттегі бөлінеді, ал нәруыз бірінші реттік құрылымға дейін денатурацияланып, көбікке айналады.
Гипотеза, выдвинутая вначале работы, поддержана. В мертвых тканях активность ферментов отсутствует, т.к. белок в них был разрушен при варке. А в живых тканях при взаимодействии с перекисью водорода выделялся кислород, а белок расщепляясь до первичной структуры превращался в пену.

Приложенные файлы

  • docx 19298308
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий