8 билет


1. Грек тіл біліміндегі Александрия мектебі. Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер /искусство/ проблемасы.Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ф.Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді»,- деген сөзін тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі Ү ғасыр шамасынан басталады.Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін туғызған себеп бірдей.Әдетте, Греция тіл білімін екі кезеңге бөліп қараушылық бар. Оның бірі - философиялык кезең, екіншісі - филологиялық кезең деп аталады. Бірінші кезең біздің дәуірге дейінгі Ү-ІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - Грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезеңі. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген және нақтылы тілдік фактілерге сүйенбей, абстрактылы болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірге дейін сақталды.Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Гераклит бастаған бір тобы - атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның "Кратил" деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігіне төрт түрлі дәлел айтады. Олар тілдерде бір затты әр түрлі атаумен білдіретін синоним және атауы біркелкі бола тұра әр түрлі мағынаны білдіретін омоним сөздердің болуы, сондай-ақ, көптеген заттардың тілдік атауларының болмауы немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететіні - осылардың барлығы атаудың зат табиғатына тән еместігін білдіреді деген дұрыс қорытынды жасайды.Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы - тілдің шығу жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуінен шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашқысын дыбысқа еліктеу теориясы десе, соңғысы келісім теориясы деп аталады. Бұл екі тұжырымның екеуінің де ғылыми негізі жоқ.Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон мен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель - грамматика мен логика арасындағы қарым-қатынасты алғаш сөз еткен ғалым. Оның логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген - сөйлемнің элементтері, ал сөйлем - есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірақ Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, біздің қазіргі түсінігіміздей тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Есім мен етістік - пайымдаудың мүшелері, бұлардан басқа сөздер осы екеуінің төңірегінде топталып, жалғауыштық қызметтер атқарады деп түсіндіреді. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.Бұл елдегі тіл ғылымы өз дамуының ең биігіне Греция тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді. (Бұл - жыл санауымызға дейінгі III ғасыр мен біздің дәуірдің ІҮ ғасыры арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердің Александрия мектебі деп аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасқан. Бұл кезең Греция тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Оның басты бір ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы еді. Грамматистердің Александриялық мектебін қалыптастырып, грамматика ілімін дамытушылар: Аристарх Самофракийский (б.д.д. 200-150 ж), оның шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (біздің заманымыздың II ғасыры) болды. Аристарх тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинау, зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жатқан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл дәуірде де болды. Бірақ бұл кездегі талас тілде белгілі бір заңдылық деген бола ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде болды. Оны бар деушілер анологистер, жоқ деушілер аномалистер деп аталады.Аномалистер (Кратес Малос) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, анологистер (Аристарх Самофракийский) тілде анологияның ролі ерекше, тілдік элементтерде анология жолымен бірыңғай, біркелкі, болу тенденциясы күшті болады, тілдегінің барлығы да белгілі бір заңдылыққа бағынады деді.Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі Грек тіл ғылымының әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелері алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қаралғандықтан, тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестіріп қарау, алдыңғысын соңғысының мүддесіне бағынышты ету әрекеті кейінгі заманға дейін арылмай келді. Тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екеніне гректер де жете мән бермеді. Оның үстіне гректер өз тілінен басқа тілдерді тіл деп санамады. Сондықтан олардың зерттеулері бір ғана тіл фактілеріне негізделеді. Бұл - олардың лингвистикалық мәліметтерінің өсуіне, жалпы тілдік теориялық терең тұжырымдар жасауларына мүмкіндік бермеді.Рим тіл білімі. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тіліне сәйкестендіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең көрнектісі - Варрон (жыл санауымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген), кейінірек Донат (ІҮ ғасырда) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазды.
2. А.Шлейхердің лингвистикалық көзқарастары. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер /1821-1869/ есімімен байланысты. А.Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл біліміне тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді-еуропалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялык ұқсастығы мен генеологиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсумен бірге А.Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істермен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі - тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды.
Оның натуралистік көзқарасы "Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу", "Неміс тілі", “Дарвин теориясы және тіл білімі" дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Бұл еңбектерінде А.Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жаратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым, әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғалымдар тобына қосылады.
Философиялық екінші тұжырымы - тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы - ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз - дыбысты ойлау дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол тілдің негізгі және бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі - коммуникативтік. Бұл жөнінде ол ештеме айтпайды.
А.Шлейхер көтерген тағы бір мәселе - тілдегі болатын өзгеріс-құбылыстарға, тіл тарихына байланысты. Ол тілдегі өзгеріс адам еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша іске асады, сондықтан ол биологиялық организмдер тобына жатуы керек, өйткені биологиялық организмдер де басқаларға тәуелсіз өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп, екеуі де өзгерудің бір ғана заңына бағынатындықтан, екеуіндегі өзгерістің сипаты да бірдей, яғни тілдегі өзгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқты, тілдің дамуымен тарихын көрсетпейді, биологиялық организмдегі сияқты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Тілдік өзгерістерді А.Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі де, тілдің тарихқа дейінгі өзгерісі оның дамуы, тарихи болады да, тарих басталғаннан кейінгі өзгерісі оның дамуы емес, тек өсуі ғана дейді.
А.Шлейхер тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысқан. Ол дүние жүзіндегі тілдерді түбір тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл деп үш түрге бөледі. Шлейхердің пікірінше, тілдер типінің бұл үш түрі, оның дамуының үш түрлі басқышы: ең жоғарғы сатыда қопармалы тіл, ең төменгі сатыда түбір тіл тұр, бұл үш түрлі сатының үшеуі де тіл дамуының тарихқа дейінгі дәуірінің жемісі дейді. Бұл пікірлер, әрине, қате.
А.Шлейхер үнді-еуропа тілдері тараған ата тілді мүсіндеу мәселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық тұжырымы ғылым тарихында "Тілдің тегі" /родословное древо/ деп аталады. Бұл теория бойынша баста бір тіл болған да, содан келе-келе әр түрлі тілдер бөлінген. Тіл зерттеушілер арасында бұл теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.
А.Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым-қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, тіл ғылымы жаратылыстану ғылымдары құрамына енетіндіктен, ол тарихи ғылым емес, ал филология - тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз - тарих, онда халықтың рухани өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес, халықтың рухани өмірінің тарихын зерттейді.
А.Шлейхердің тіл табиғатына, мәніне, тарихына байланысты айтқан пікірлерінің қате бағытта болғанына қарамастан, оның концепцияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті көпшілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да мол болды. Шлейхердің талантты жазылған фонетикалық, грамматикалық еңбектері де мол. Ғылымда А.Шлейхер еңбектерімен компаративистиканың I дәуірі аяқталды деп есептейді.
3. Глоссарий. Жалпы морфология.
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) – сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі. Ұғымға алғаш И.А. Бодуэн де Куртене (1881) енгізген. Морфема негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемаға дербес лексикалық мағынасы бар, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы Морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады. 
Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D1%80%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Морфология" Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-аксөз тіркестері мен  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D3%A9%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D0%BC_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Сөйлем компоненттері (мұндай бет жоқ)" сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект пен  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D0%B5%D0%BA%D1%82&action=edit&redlink=1" \o "Семантикалық объект (мұндай бет жоқ)" объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады.
Негізгі морфемалар — лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. 
Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар менқосалқылар болып екіге бөлінеді. Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман). Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б.), көмекші етістіктер ( еді, екен т. б.), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б.), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы т. б.).

Приложенные файлы

  • docx 19325941
    Размер файла: 31 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий