Фин анализ теория шпор


Қаржылық талдау экзамен сұрақтары:
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттері.Қаржылық талдау және басқарушылық талдаудың айырмашылықтары.
2.Қаржылық талдау түрлері мен әдістеріне сипаттама.
3.Қаржылық есеп нысандарының қаржылық талдау ақпараттық көзі ретінде маңызын ашып көрсетіңіз.
4.Қаржылық талдаудың ақпараттық қамтамасыз етудің көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашу.
5.Ұйым балансының талдаудың мақсаты мен міндеттері.
6.Бухгалтерлік балансты оқу әдістемесінің ашу. Қаржылық талдаудың аналитикалық балансы.
7.Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қолданылатын коэффициенттеріне сипаттама беріңіз.
8.Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздері.
9.Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысының талдау барысында қолданылатын коэфициенттер
10.Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдау барысында қолданылатын коэфициенттер.
11.Негізгі құралдардың қамтамасыз етілуін және оның пайдалану тиімділігін талдау.
12.Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз және қалыптасу көздеріне сипаттама беріңіз.
13.Өтімділік түсінігіне сипаттама беріңіз.Баланс активтерінің өтімділік,пассивтерінің төлеу жеделдігіне қарай топтастырып, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
14.Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері.
15.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мәнін ашып көрсетіңіз.
16.Ұйым капиталына талдау жасау үшін қолданылатын коэффициенттерге сипаттама.
17.Төлем қабілеттіліктің түсінігін ашып көрсетіңіз.Динамикалық және статикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын көрсету.
18.Ұйым өтімділігін талдау мақсаты, жалпы өтімділік коэффициенттерін есептеу жолы және мәнін ашу.
19.Ұйымның несиелік қабілеттілікті бағалау кезінде қолданынлатын коэффициенттер.
20.Ұйымның банкрот болу ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер. (Таффлер,Альтман,Лисс,Бивер модельдері).
21.Банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
22.Банкроттықты бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз.
23.Ұйымның қаржылық жағдайына сауықтыру шараларына сипаттама беріңіз.
24.Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторларға сипаттама беріңіз.
25.Ұйымның қаржылық нәтижесін талдау міндеттері және ақпараттық көздері.
26.Ұйымның рентабельділік көрсеткішін талдау.
27.Ұйымның қорларын талдау міндеттері,ақпарат көздері,талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
28.Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
29.Ұйымның дебиторлық қарыздарын талдаудың міндеттері,ақпарат көздері,қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
30.Ұйым активтерге сипаттама беріңіз және талдау жүргізу барысында қолданылатын коэффициенттерге сипаттама беріңіз.
1.Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттері.Қаржылық талдау және басқарушылық талдаудың айырмашылықтары.
Экономикалық талдаудың пәні шаруашылық қызметінің нәтижесі бөлу себептерден және өзгерістен құралады. Кәсіпорын шаруашылық қызметінің себеп салдарына байланысты эконимкалық мән –мағынасын анықтау рұқсатымен, оның жеткен нәтижеге дұрыс баға беру, өндірістің резервтік тиімділігін жоғарлату жоспарлау және басқару шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді
Экономикалық талдаудың мазмұны бұл кәсіпорынның өндірістік бағдарламаның мақсатын қабылдауы, оптималды басқару шешімдерін толығымен қабылдауын, ішкі резервтерін және экономикалық ақпаратты шаруашылық субъектінің талдамалық функциясын жан –жақты және тереңдетіп анықтау.
Талдаудың негізгі мақсаты –шаруашылық субъектінің функциясының тиімділігін жоғарлату және сондай –ақ жоғарғы резервтерді іздестіру
Талдаудың негізгі мақсатына жету үрдісі келесі міндеттері шешіледі:
-экономикалық заңдардың орындалу сипатын анықтау, заңдылықты белгілеу және нақты шартты үрдісі мен экономикалық тенденциясының анықталуы.
-Бизнес жоспар мен нормативтердің ғылыми – экономикалық негізділігін жоғарлату.
-Берілген жоспардың нысаны және жан –жақты орындалуын нормативтік мөлшерін бақылау, өнімнің сапасын және құрылымын анықтау.
-Шаруашылық нәтижелерді болжау.
-Коммерциялық тәуекелдікті зерттеу.
-Маркетингтік талдауды салыстыру
Экономикалық әдебиетте талдаудың әр түрлі тән сипатына классификацияланады:
Салаға байланысты талдау сала бойынша және салааралық болып бөлінеді.
Мерзіміне қарай талдау алдын ала және кейінгі (тарихи, ретроспективтік).
Кеңістікке қарай талдау ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық.
Басқару субъектінің классификациялық талдауы негізгі мағынаны білдіреді.Шаруашылық қызметі (басқару жүйесі жеке жүйелерден тұрады: экономикадан, техникадан, технологиядан және т.б.).
Оқу әдістеріне қарай талдау : салыстырмалы, факторлық, диагностикалық, маржиналдық, функцианалдық бағадан. Экономикалық талдау әдісінен жүйелік теоретико категориясын ғылыми инструментария және экономикалық субъектінің функционалдық үдесінің зерттеу принципі түсінуге болады.
Негізгі экономикалық талдаудың әдістік элементі негізінде техникалық қабылдау және талдау әдістері әр түрлі зерттеу деңгейде қолданылады. Олар:
-Алғашқы өнделген жиналған ақпарат (жүйелендіру, тексеру, топтау);
-Зерттелген объектінің заңдылық дамуы және зерделеу жағдайы.
-Кәсіпорын қызметінің анықталған фактордың нәтижеге әсері.
-Өндірістің келешек резервтердің тиімділігі жоғарлау және қолданылмаған есептеу жағдайы.
-Кәсіпорын қызметінің кешенді бағалау және талдау нәтижені қорытындылау;
-Басқару шешімдері, элементтік даму және экономикалық жоспарды негіздеу.
Қаржылық және басқарушылықтың талдаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтары.
Қаржылық талдау
Көптеген субъектінің талдаулары мен кәсіпорынның қызмет ақпаратының қолданушылары.
Субъектінің таладамалық мүдделері мен жан –жақты мақсаттары
Есеп беру мен стандарттық есебі, типтік әдістеменің бар болуы.
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы есеп берудің талдауы.
Алдыңғы фактордың салдарынан талдауын міндеттерін шектеу.
Кәсіпорынның қызметі туралы қолданушыларға максималдық ашық нәтижені көрсету.
Басқарушылық талдау
Кәсіпорын басқарудың мүддесі нәтиженің бағдарлы талдау мақсаты.
Талдау үшін барлық ақпараттық құралдарды қолдану
Мемлекеттік ұйым жағынан регламенттілік талдаудың жоқтылығы.
Кәсіпорынның қызметін жан –жақты зерттеу жиынтылықты талдау.
Интеграция есебі, талдауы, жоспарлануы және шешім қабылдауы.
Коммерциялық құпияны сақтау мақсатында максималды жабық нәтиже талдауы.
2.Қаржылық талдау түрлері мен әдістеріне сипаттама.
Қаржылық талдау жүргізілу мақсатына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
Ұйымда жүргізілуі бойынша:
Ішкі қаржылық талдау - кәсіпорында өндірістік, коммерциялық және қаржылық әрекетті жедел, қысқа- және ұзақмерзімді басқару үшін өткізіледі;
Сыртқы қаржылық талдау - шаруашылық басқару, банктер, қаржы органдары, акционерлер және инвесторлармен қаржылық және статистикалық есеп берушілік негізінде өткізіледі.
Аналитикалық зерттеу жүргізу көлемі бойынша:
Толық қаржылық талдау - кәсіпорын әрекеті жан-жақты зерттеледі.
Тематикалық талдау - белгілі уақытта көп қызығушылық туғызатын кәсіпорын әрекетінің жеке жақтары ғана зерттеледі.
Жүргізілу мерзімі бойынша:
Өткен кезең мәліметтеріне жүргізілетін талдау - басқару шешімдер мен жоспарлық тапсырмаларды негіздеуге, сонымен қатар келешекті болжап, жоспарды орындаудың бағасын беру үшін, қолайсыз нәтижелерді ескеру үшін қолданылады.
Ағымдағы қаржылық талдау - шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін өткізіледі. Ол жоспар орындауын бақылау үшін, пайдаланбаған резервтерді айқындау үшін, кәсіпорын әрекетінің нәтижелерін объективті бағалау үшін қолданылады.
Тәжірибеде қаржылық талдау жүргізу үшін 6 әдіс қолданылады:
Көлденең талдау әдісі;
Тігінен талдау әдісі;
Салыстырмалы талдау әдісі;
Факторлық талдау әдісі;
Қаржылық коэффициенттер әдісі;
Трендтік талдау әдісі.
Көлденең талдау немесе уақыттық талдау дегеніміз, есептіліктің әр бөлігін алдыңғы жылдармен салыстыру. Ол бухгалтерлік талдаудың түрлі статьяларының алдыңғы жылдармен салыстырғанда абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға көмектеседі.
Тік немесе құрылымдық талдау дегеніміз – есептіліктің әр бөлігінің табуымен, қорытынды қаржылық көрсеткіштерінің жалпы нәтижеге ықпалын анықтау. Ол жеке статьялардың баланс немесе оның бөлімшелері бойынша қорытынды көрсеткішке деген үлес салмағын айқындауға көмектеседі.
Салыстырмалы немесе кеңістіктік талдау – бұл кәсіпорын, цех, еншілес компаниялардың жеке көрсеткіштері бойынша есептіліктің жиынтық көрсеткіштерін шаруашылық ішінде талдау және кәсіпорын көрсеткіштерін бәсекелестер, ортасалалық және орта жалпыэкономикалық мәліметтермен шаруашылық аралығында талдау. Бұл әдісті қолданудың қажетті шарты – көрсеткіштердің салыстырмалылығын бұзбау.
Факторлық талдау – бұл зерттеудің түрлі тәсілдерінің көмегімен жеке факторлардың нәтижеге ықпалын талдау.
Түрлі қаржы коэффициенттерін қолдану деген - біреуі бірге, ал басқасы оған қатысумен белгіленген салыстырмалы мөлшерлерді есептеу. Кәсіпорынның қаржы жағдайының негізгі көрсеткіштері тарату және үйлестіру коэффициенттеріне бөлінеді. Біріншілері қаржы жағдайының қандай болса да абсолюттік көрсеткіші өзі ішіне кірген абсолюттік көрсеткіштер тобының қандай бөлігін құрайтының анықтауға керек болғанда қолданылады. Екіншілері түрлі экономикалық маңызы бар мәні басқа қаржы жағдайының абсолюттік көрсеткіштерінің өзара қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Трендтік талдау - бірқатар жылдардың барлық көрсеткіштері 100 % базистік мерзімден бастап көрсеткіштер салыстырмалы ауытқуларын есептеуде негізделеді. Басқа сөзбен айтқанда, трендтік талдау трендті, яғни, барлық кездейсоқ, уақытша нәрселерден босатылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденцияларын анықтауға керек.
3.Қаржылық есеп нысандарының қаржылық талдау ақпараттық көзі ретінде маңызын ашып көрсетіңіз.
Қаржылық талдаудың нәтижелігі негізінен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі – кәсіпорынның қаржылық есебі. Кәсіпорынның қаржылық есебі келесі есеп беру формаларын қамтиды: Бухгалтерлік баланс.
Пайда мен зиян туралы есеп.
Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі.
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме жазба(хат) тіркеледі. Сонымен бірге, ішкі қаржылық талдау өндірістің техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалана алады.Қаржылық есеп берудің мақсаты – ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие беру шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебі коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиіс қаржылық ақпарат көлемін шектейді. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есепті негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдауы тиіс. №1 Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңыны бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады. Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды. Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:-Қысқа мерзімді активтер.
Ұзақ мерзімді активтер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Капитал мен резервтер.Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.Пайда мен зиян туралы есепте кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жинақталып, жалпы пайда, жалғастырылатын қызметтен пайда, салық салғанға дейінгі пайда, қорытынды пайда,1 акцияға пайда түрінде бейнеленеді.Қаржылық есептің №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» формасында белгілі кезең аралығындағы кәсіпорын қаражаттарының көздері мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетіледі.Ол пайдаланушыларды есепті кезеңде кәсіпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.Қаржылық есептің №4 «Капиалдағы өзгерістер туралы есепте» жыл ішінде капитал мен резервтер сомасында болған өзгерістердің себептері келесідей бағыттар бойынша ашып көрсетеді: есеп саясатындағы өзгерістердің әсері, активтерді қайта бағалаудың әсері, жыл ішінде шеккен пайда не зиян, акциялар эмиссиясы, қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар, т.б.
4. Қаржылық талдаудың ақпараттық қамтамасыз етудің көзі ретінде бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашу.
Қаржылық талдаудың нәтижелігі негізінен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі – кәсіпорынның қаржылық есептілік нысандары. Ал оны талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Бухгалтерлік баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады:
баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.
баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептіліктің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептіліктің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.
Жалпылай келгенде, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық шарауашылық жағдайын, суретін немесе өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын көрсететін жинақталған ақпараттар жүйесі. Ол арқылы ұйым туралы жан жақты ақпарат алуға, қаржылық талдаудың негізгі мақсатына жетуге, оның міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
5.Ұйым балансының талдаудың мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:
бухгалтерлік баланс;
табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.
түсіндірме хат
Балансты талдау кәсіпорынның игілігіндегі капиталды орналастыру жөніндегі мәліметтен тұрады. Әрбір орналастырылған капитал түріне баланстың жеке статьясы сәйкес келеді. Осы берілгендер бойынша, кәсіпорынның активтерінде қандай өзгеріс болғанын, қай бөлігі кәсіпорынның жылжымайтын мүлігін түзетінін (құрайтынын), қандай- айналым құралдары, оның ішінде өндіріс және айналым сферасындағыларды белгілеуге болады.

4444365805180Кәсіпорынның маңынан тыс жерде қолданылатын құралдар
00Кәсіпорынның маңынан тыс жерде қолданылатын құралдар
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Материалдық емес активтер
Негізгі құралдар
Қорлар
Дебиторлық берешек
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Нақты ақша
Ұзақ мерзімді капитал (айналымнан тыс активтер)
Айналым капиталы
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Материалдық емес активтер
Негізгі құралдар
Қорлар
Дебиторлық берешек
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Нақты ақша
Ұзақ мерзімді капитал (айналымнан тыс активтер)
Айналым капиталы

Нарықтық қатыныстардың дамуымен және экономикалық потенциалдың өсуі мен кәсіпорынның инвестициалық қызметі кеңейеді. Белгілі жобаға капитал сала отырып, кәсіпорын салынған капитал орнын толтыруды ғана емес сонымен қатар одан пайда алуды да жоспарлайды. Кез-келген инвестициалық шешім бағалауға негізделеді:
Кәсіпорының қаржылық жағдайы және инвестициялық қызметте мақсатқа сәйкес қатысуы;
Инвестиция көлемі және қаржыландыру көздері;
Әртүрлі инвестициялық жобалардың тиімділігі.
Кәсіпорын еншілес қоғамға инвестиция салуы мүмкін, біріккен кәсіпорындар басқа кәсіпорындар мен мемлекеттке зайымдар береді.
Талдау жүргізгенде инвестициялық қаржының құрамын оның құрылымын және есептік кезең үшін өзгерісін зерттейді.
Өндірістік қорлардың көлемі құндық бейнеде сандық фактордан сияқты құн (инфляциялық) факторы есебінен де өзгеруі мүмкін. Әрбір түрі бойынша қорлардың сомасының (З) өзгерісіне сандық (К) және құндылық (Ц) фактордың өзгеруінің есебі абсолютті айырма әдісімен жүзеге асырылады:

Дебиторлық берешектің сапасын сипаттау үшін дебиторлық берешектің жалпы сомасында күмәнді қарыздар бойынша резервтің үлесі сияқты көрсеткіштер анықталады. Берілген коэффициенттің өсу деңгейі дебиторлық берешектің сапасының төмендегенін сипаттайды. Дебиторлық берешектің айналымдылық кезеңі резерв үлесі күмәнді қарыздар бойынша динамикада орта салалық берілгендер, нормативтер мен салыстырады.
Мұның себептері: есептеу жүйесінің тиімсіздігі, сатып алушының қаржылық жағдайының қиындауы, банктерде құжат айналымының ұзақтығы. Дебиторлық берешектің сапасы сонымен қатар үлес салмақпен бағаланады. Вексельдердің оны өтеу мерзімі басталғанға дейін үшінші тұлғаға өткізілуі мүмкін жоғары ликвидті актив болып табылумен байланысты. Вексельдік міндеттеме дебиторлық берешекке қарағанда жоғары мәнге ие. Дебиторлық берешектің жалпы соммасында вексельден алынған үлес салмақтың көбеюі оның сенімділігінің және өтімділігінің жоғарылағанын дәлелдейді. Мәселенің актуалдығы инфляция жағдайында туындайды. Жоғары инфляция жағдайында ақшаны қолда ұстау, тауарды қарызға сату тиімсіз. Дегенмен, ақша нысанында төлеуге несиелік міндеттемені салу тиімді, кредиторлық берешектің әртүрлі түрі бойынша төлемдер ақшамен өндіріледі, төлеу кезеңінде сатып алу қабілеті азаяды. Кәсіпорынның дебиторлар мен өз уақытында есеп айырыспауынан болатын шығындарды есептеу үшін мерзімі өткен дебиторлық берешектен оның соммасын азайту қажет.
Кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын басқару өте маңызды. Ағымдағы активтерді басқарудың шеберлігі есепте минималды қажетті ақша қаражаттарын сақтаудан тұрады. Өзінің мәні бойынша ағымдағы оперативті қызмет үшін қажетті сомма сақтандыру қорын сипаттайды. Оның көлемі ең басты төлемдерді жаба алатындай болуы керек.
Ақша ағымдары жоспарланады. Бұл үшін әр айға, ал оперативті басқару үшін декада немесе бес күндік, табыс және шығындар жоспары құрылады.
Егер ұзақ уақыт бойына ақша қаражаттарының оң қалдығы жоспарланса, онда оның тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Жеке кезеңдерде нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тууы мүмкін. Онда заимды қаражаттардың тартудың көздері жоспарланады.
Талдау жүргізгенде банк шотындағы нақты ақша қалдықтарының динамикасы және берілген актив түрінде капиталды табу кезеңін зерттейді. Нақты ақшада капиталды табу кезеңі келесі үлгіде анықталады:

Мерзімі өткен төлемдердің қатысуы жоспарлы ақша қаражаттарының түсуі шығындалуын, яғни ақша ағымының жақсы балансталуын дәлелдейді.
6.Бухгалтерлік балансты оқу әдістемесінің ашу. Қаржылық талдаудың аналитикалық балансы
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, деп қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екі жақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады. Активте есептің объектілері (шаруашылық құралдар), ал пассивте – олардың сатып алыну немесе пайда болу көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болуы тиіс. Бұл жиынтықтардың мөлшері «валюта балансы» деп аталады. Бұл кесте кәсіпорынның өз қурылтайшылары, салық инспекциясы және 11 тағы басқалардың алдында есеп беру үлгісі болып та саналады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындыланған түрде көрсетеді. Баланс белгіленген мерзімге, әдеттегінше, есепке қойылатын талаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады. Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.
Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.Баланс Бас кітапта не «Бас кітап» машинажазбасында көрсетілген шоттар бойынша толтырылған қалдықтар негізінде жасалады.Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер.
Аналитикалық баланстың үлгілері
№1-аналитикалық баланс
Рет № Баланс баптары Есептік кезең басындағы мәлімет Есептік кезең соңындағы мәлімет Есептік кезеңдегі өзгерістер
сома мың тг үлес салмағы % сома мың тг үлес салмағы % мың тг
% үлес салмағы
ҚМА ҰМА ҚММ ҰММ Капитал Үлес салмағын анықтау үшін есепті кезең басында немесе сонындағы сомманы балансқа бөлеміз.
Есепті кезеңдегі өзгерістерді анықтау үшін есепті кезеңдегі соммадан кезең басындағы сомманы алып тастаймыз,проценттін анықтау үшін осы шыққан соманы есепті кезең басындағы соммаға бөліп жүзге көбейтеміз,үлес салмағын анықтау үшін есепті кезең соңындағы үлес салмағынан есепті кезең басындағы үлес салмағын алып тастаймыз.
№2-аналитикалық баланс
Баланс баптарының атауы Абсолюттік шама Үлес салмағы Көрсеткіштердің өзгеруі
есептік кезең басындағы есептік кезең соңындағы есептік кезең басындағы есептік кезең соңындағы абсолюттік Үлес салмағындағы өзгерістер Кезең басындағы шамаға %-бен Баланса жиынының өзгеруіне %-бен
Актив A0 A1 Жиыны Z0 Z1 Пассив P0 P1 Жиыны Z0 Z1 Нақты мәліметтер бойынша абсолюттік шама деген кестені толтырып аламыз, үлес салмағын анықтау үшін A0/Z0 және A1/Z1,көрсеткіштердің өзгеруін абсолюттікті табу үшін A1-A0,Z1-Z0,үлес салмағын анықтау үшін A1-A0/Z1-Z0=ДЕЛЬТА А, пайызын есептеу үшін дельта А/A0*100,баланс жиынының өзгеруін дельта А/ дельта Z*100 пассивті де тура осылай анықтаймыз.
7.Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын талдау барысында қолданылатын коэффициенттеріне сипаттама беріңіз.
Қаржылық есептілігінің маңызды элементі болып табылатын ұйым активтеріне талдау жүргізу барысында ең алдымен, активтердің құрамы мен құрылымы және оларда болған өзгерістер талданып,оларға баға беріледі.
Активтердің құрылымын талдау арқылы олардың қайда орналасқандығы туралы ақпараттар алуға мүмкіндктер береді.
Ұйым активтерін өткен кезеңдермен салыстырғанда көбеюі ұйым қызметін жақсы жағына сипаттауға негіз болып табылады.Себебі,бұл жағдай ұйымның өткен кезеңмен салыстырғанда дамығандығын куәландырады.Бірақ,ұйым активтерінің көбеюі себептерін талдау кезінде міндетті түрде инфляция деңгейінің әсер етеуін ескеру қажет.
Ұйым активтеріне талдау жүргізу кезінде келесідей коэффициенттер анықтау маңызды болып табылады:
1.Активтердің мобилділік коэффициенті – бұл көрсеткіш ұйым қарыздарын өтеу үшін ақша қаражаттарының үлесін сипаттайды.Бұл коэффициент келесі формула бойынша есептеледі:
Ка.м. = ҚМА/Активтер
Коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болған сайын,соғұрлым ұйымның үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндіктерінің жоғары екенін көрсетеді.Яғни,ұйым мүліктері мобилді болады,ал бұл жағдай активтердің айналымдылығын жоғарлатады.Сол арқылы қажы-шаруашылық қызметінің тиісділігін жоғарлатуға әсер етеді.
2.Активтердің орналасу тиімділігін сипаттайтын коэффициент.Бұл коэффициент мобилді қаражаттардың иммобилді қаржаттарға қатынасы арқылы анықталады.Мобилді қаражаттар – ұйымның қысқа мерзімді активтер.Иммобилді қаражаттар – ұзақ мерзімді активтер.Коэффициент мына формула бойынша анықталады:
Какт.орн.=ҚМА/ҰМА
Бұл коэффициенттердің оптималды мәні 0,5. Егер иммобилді қаржаттардың өсу қарқыны мобилді қаржаттардан жоғары болса, онда бұл жағдай ұйым активтерінің айналымдылығының бәсеңдеу тенденциясын көрсетеді, яғни қаржылық және өндірістік қызмет үшін қолайсыз жағдайлар тудырады.
3.Ұйымның мүліктік жағдайында болған сапалы өзгерістерді көрсететін коэффициент. Осы мақсат үшін ұйымның өндірістік әлеуетінің маңызды элементтерінің бірі және сол ұйымның материалдық-техникалық базасын құрайтын негізгі құралдарға талдау жүргізіледі.Сол арқылы негізгі құралдардың құнының коэффициенті анықталады:
Кн.қ. = Негізгі құралдың қалдық құны/Актив
Бұл коэффициенттің оптималды мәні 0,5 болу керек деп анықталған.
8.Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздері.
НҚ-ға талдау жүргізудегі ммақсат оларды пайдалану тиімділігінің ұйымның дамуына қалай әсер етіп отырғандығын анықтау. НҚ-ға талдау жасау ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жалпы бағалауда маңызды б.т. НҚ-ға талдау жүргізу кезінде мынадай көрсеткіштер зерттеледі:
Ұйымның және басқа да құрылымдық бөлімшенің НҚ-мен қамт/з етілуін анықтау
НҚ-дың құрылымында болған өзгерісті анықтау
НҚ-ды пайд/у тиімділігін зерттеу
НҚ-ды пайд/у резервтерін іздестіру
НҚ-ды пайд/у есебінен өндіріс немесе сату көлемінде болған өзгерістерді анықтау.
НҚ-дың құрылымы мен қозғалысын талдау олардың көлемін, құрылымын,динамикасын бағалаудан басталады.
НҚ-ды бағалау мынадаймынадай нысанда жүрг/і:
Натуралды турде,яғни техникалық құрамын ,өндірістік қуаттылығын және оларды пайд/у деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
ақшалай түрде-НҚ-дың тозу деңгейін және есептелген амортя/я сомасын анықтау мақсатында жүргз/і.
НҚ мындай құндар б/ша бағаланады:
–бастапқы құн
–жойылу
–қалдық
–ағымдық
–сату
–қайта бағаланған.
НҚ қозғалысына талдау жүргізу үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:
жаңару коэф/і=е.к кеп түскен НҚ/е.к.соңы НҚ
НҚ жаңарту мерзімі=кезең басндағы НҚ/кеп түскен НҚ
Есептен шығару коэф/і=есептен шығарылған НҚ/кезең басындағы НҚ
Өсім коэф/і=НҚ өсу құны/кезең басындағы НҚ
НҚ/ға талдау жүргізудің негізгі бағытының бірі-қамтамаыз етілуді талдау .НҚ-мен қамт/з етілуді олардың нақты сандарын жоспар мен салыстыру арқылы анықталады.Осы көрсеткіштерді салыстыру арқылы олардың даму тенденциясын анықтауға болады.
НҚ/дың пайд/у тиімділігін сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер:
1.НҚ қор қайтарымдылығы=е.к.ішінде өндірілген өнім құны/НҚ орташа жылд.құны
2. Қор сыйымдылығы=НҚ орт.жылдық құы/жыл ішіндегі өндірілген өнім құны
3.НҚ рентаб/к көрс/і=пайда/НҚ орт.жылдық құны
4. НҚ қатысты үнемділік=(НҚ0-НҚ1)*өнд-н өнім көлемі индексі
9.Негізгі құралдардың құрылымы мен қозғалысын талдау барысында қолданылатын коэффициенттері.

Негізгі құралдың құрылымы негізгі құралдың жеке түрлерінің олардың жалпы құнына қатынасы арқылы есптеледі. Талдау жүргізу барысында өндіріске жаңа НҚ-ды енгізу, технологиялық процестерді жетілдіру, ескі НҚ-ды есептен шығару нәтижесінде НҚ-дың құрылымының қалай өзгеретіндігі анықталады. Осы бағыт бойынша талдау жүргізу үшін қажетті мәліметтерді синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінен алуға болады.
Негізгі құралдардың қозғалысына талдау жүргізу үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:
1.Жаңару коэффициенті:
Кж =келіп түскен НҚесепті кезең соңында НҚ2.НҚ-ды жаңарту мерзімі:
Тж=кезең басындағы НҚ сомасыкеліп түскен НҚ сомасы3.Есептен шығару коэффициенті:
Кш= есептен шығарған НҚ сомасыкезең басындағы НҚ сомасы4.Өсім коэффициенті:
Көсім =НҚ өсу құныкезең басындағы НҚ сомасы10.Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдау барысында қолданылатын коэфициенттер.
НҚ-дың тех-қ жағдайына талдау жасау арқылы олардың табиғи және моральдік жағынан тозу деңгейі анықталады. Себебі, НҚ-дың өндірістік қуаттылығы көп жағдайда осы көрсеткішке тәуелді болады.
НҚ-дың тозу деңгейін көрсететін көрсеткіш тозу коэффициенті д.а. және ол келесі формула б-ша есептеледі:
Кт =НҚ тозу сомасы/НҚ бастапқы құны
Талдауға қажетті мәліметтер бух.есеп ақпараттарынан алынады. Есептік ақпараттарды пайдалана отырып, НҚ-дың жеке түрлері б-ша да тозу коэф-н есептуге болады. Мұндайталдау ұйымдағы әр түрлі НҚ-дың тех-қ жағдайын неғұрлым толық сиппаттауға мүмкіндік береді. Есепті кезең басындағы және соңындағы тозу коэф-н салыстыру арқылы зерттеліп лтырылған кезең арасындағы НҚ-дың тозу деңгейінің өзгеріп отырыуын қадағалауға болады. Тозу деңгейінің жоғ. Болуы, сол ұйымдағы НҚ-ды жаңарту қарқының төмен екендігін көрсетеді.
НҚ-дың тех-қ жағдайын талдау кезінде жарамдылық коэф-ті қолданылады және келесі формула б-ша есептеледі:
Кжар=НҚ қалдық құны/НҚ бастапқы құны
Талдау жүргізу кезінде өндірістік құрылғылардың көптеген түрлерінің қызмет ету мерзімдерінің 10 жылдан аспау қажеттілігін ескеру керекк. Осы мерзім арасында НҚ моральдік жағынан жаңа деп есептеледі. Ал 10-20 жыл ара-да қызмет еткен НҚ жаңаруға немесе жетілдіруге жататын, ескірген құрылғылар деп саналады. Қызмет ету мерзімі 20 жылдын асқан НҚ ерекше топқа жатқызылады. Себебі, олар қайтарымдылықтың қажетті деңгйін қамт. Ете алмайтын ескірген құрылғылар б.т. Сондықтан оларды ҚМ арасында айырбастау қажеттігі туындайды. НҚ-дың жас б-ша құрамына талдау жүргізу үшін олрады қызмет ету мерзімі б-ша топтастырады және әақайсысының ұйымдағы НҚ-дың жалпы санындағы үлес салмақтары анықталады.
НҚ-дың тех-қ жағдайының өзгеруіне сипаттама беру үшін келесідей көр-ді пайдалануға болады:
Көрсеткіштер Жыл басы Жыл соңы
НҚ 1 3840 3870
НҚ тозу сомасы 2 830 820
НҚ тозу пайызы 2/1*100 21,6 22,99

Есепті кезең ішінде НҚ-дың тозу пайызы ұлғайған. Бұл ұйымның қызметін сипаттайтын жағымсыз көрсеткіш б.т. сондықтан ұйы өзінің материалды тех-қ базасын жетілдіру б-ша жұмыстар істеуі қажет. Кейбір жағдайда НҚ-дың жарамдылық коэф-ті есептеледі.
НҚ-ды пайдалану мерзімі б-ша талдау жасау арқылы ұйымдағы НҚ тех-қ деңгейін сипаттауға болады. Ол үшін пайдалану мерзімі б-ша өндіріске енгізілген НҚ-дың жағдайына талдау жасалынады. Бұл жағдайда талдау жасау үшін келесідей кезеңдер алынады:
0-5 жыл
5-10 жыл
10-20 жыл
20-жоғары жыл
Талдау жасау барысында пайдалану мерзімі әр түрлі құрылғыларды белгілі бір топтарға біріктіру арқылы олардың үлесі анықталады. Сол арқылы НҚ жаңартуға бағытталған шаралар кешені жасалады.
11.Негізгі құралдардың қамтамасыз етілуін және оның пайдалану тиімділігін талдау
Қоғамда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын оқып білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдаланылуы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Нарықтық қатынастың құрылуы түрлі тауар өндірушілер арасында бәсекелестікті туғызды. Мұнда қолда бар ресурсты барынша тиімді пайдаланатындары ғана жеңе алады.
Нарықтық экономикаға көшу шарттары еңбек ұжымдарын өндірістің бүкіл материалдық – заттық факторларын, соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды арттыру резервтерін үнемі іздестіруге итермелейді. Бұл резервтерді дәл экономикалық талдау көмегімен анықтауға және пайдалануға болады.
Негізгі қорлар жағдайы мен пайдалануы талдау жұмысының аса маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, өйткені дәл солар ғылыми –техникалық прогресті материалдық іске асырушылар, ал ғылыми – техникалық прогрес кез-келген өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы.
Қоғамның негізгі қорларын барынша толық және ұтымды пайдалану оның бүкіл техникалық – экономикалық көрсеткішінің жақсаруына, яғни еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымының артуына, өнім өндірудің ұлғаюына, оның өзіндік құнының төмендеуіне, қаржы салымдарының үнемделуіне ықпал етеді.
Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қордың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал етеді. Енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады.
Негізгі қорлар қоғамның негізгі капиталының жалпы сомасының негізгі үлес салмағын алады. Олардың көлеміне, құнына, техникалық деңгейіне, пайдалануына қоғам қызметінің соңғы нәтижелері байланысты болады, яғни өнім шығару, өнімнің өзіндік құны, пайда, рентабельділік, қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты болады.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалануды сипаттау үшін келесі көрсеткіштер анықталады, қор қайтарымы ( тауарлы өнім құнының негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнына қатысады ), қор сыйымдылығы ( қор қайтарымына кері көрсеткіш ), рентабельділік ( табыстың орташа жылдық негізгі өндірістік қордың құнына қатынасы ) және негізгі құралдарда үнемдеу анықталады.
Эопф = ОПФ1 – ОПФ0 х 1 ВП
Мұндағы, ОПФ0 және ОПР – негізгі өндірістік қордың базисті және есепті жылдардағы орташа жылдық құны, ВП - өнім өндірісі көлемінің индексі.
Қордың орташа жылдық құнын есептеу кезінде меншікті негізгі құралдар да есептеледі және оған жалға берілген резервтер, сақтауда тұрған қорлар енгізіледі.
Жеке көрсеткіштер машиналардың, жабдықтардың, өндіріс алаңының және түрлерін пайдалануды сипаттау үшін қолданыладыТалдау барысында келтірілген көрсеткіштердің өзгерісі, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуы қарастырылады және шаруашылықтар арасында салыстырулар жүргізіледі.
Талдау мәліметтерінің көзі болып мыналар саналады, акционерлік қоғамның бизнес жоспары, техникалық даму жоспары, қоғамның бухгалтерлік балансы, балансқа қосымшалар, негізгі құралдардың қозғалысы туралы есеп, өндіріс қуатының балансы, негізгі құралдарды қайта бағалау туралы мәліметтер, негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкалары, жобалы-сметалық, техникалық құжаттар және т.б.
12. Капитал түсінігін ашып көрсетіңіз және қалыптасу көздеріне сипаттама беріңіз.
Кез келген іс-әрекет ету аясында бизнес ақша қаражаттарының нақты бір сомасымен басталады, яғни сол қаражатқа өнімді өндіру және сатуға қажетті ресурстар алынады. Капитал айналым шеңберінің үш сатысынан өтеді: дайындық, өндірістік және өткізу. Бірінші сатысында кәсіпорын өзіне қажетті негізгі қорлар мен өндірістік запастарды сатып алады. Екінші сатыда қаражаттардың бір бөлігі өндіріске запастар түрінде түссе, екінші бөлігі еңбекақыға, салық төлеуге, әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне және басқа да шығындарға жұмсалады. Бұл саты дайын өнім өндірумен аяқталады. Үшінші сатыда дайын өнім сатылып, кәсіпорынға алғашқы сомадан алынатын пайда мөлшеріне артық сома келіп түседі. Бұл неғұрлым капитал тезірек айналса, соғұрлым кәсіпорын көп өнім сатып, белгілі бір кезең ішінде жұмсалған капитал мөлшерінде өнім өндіріп пайда табады дегенді білдіреді. Қаражаттардың кез-келген сатылардың біреуінде кідіріп қалуы капитал айналымын тежеп, қосымша қаржы тартуды талап етеді және кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі.

Сызба – Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамы
Айналымдылықтың жеделдетілуі қосымша қаржылық ресурстарсыз-ақ өнім өндіру көлемін арттырады. Бұдан басқа, пайда сомасы да артады. Егер өнімді өндіру мен сату шығынды болса, қаражаттар айналысының тездетілуі қаржылық нәтижелердің нашарлауын тудырады, яғни капиталды «жеп қояды» (жұтады).
Капитал – бұл пайда табу мақсатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары. Кәсіпорынның капиталы меншікті (ішкі) және тартылған (сыртқы) көздерден қалыптасады.
Қаржыландырудың негізгі көзі меншікті капитал болып табылады. Оның құрамына кіреді:
Жарғылық капитал;
Жинақталған капитал (резервті капитал, косылған капитал, жинақ қоры, бөлінбеген пайда);
Басқа да түсімдер (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналары және т.б.)
Жарғылық капитал деп жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың салған ақша қаражаттарын түсінеміз. Мемлекеттік кәсіпорындарда жарғылық капитал деп мемлекет бекіткен, бірақ толық шаруашылық жүргізуге өкілеттілік берілген мүліктердің құнын айтамыз. Акционерлік кәсіпорындардағы жарғылық капитал – бұл акцияның барлық түрлерінің номиналды құны. Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін – оның қызметкерлері салымдарының сомасы саналады. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай, мүліктік және материалдық емес активтер түрінде де болуы мүмкін.
Тартылған капитал
Ұзақ мерзімді капитал
Қысқа мерзімді капитал
Зайымдар
лизинг
Банк несиелері
Кредиторлық берешек

Сызба – Тартылған капиталдың классификациясы
Қосылған капитал мүлікті қайта бағалау немесе акцияның нарықтық бағасынан артық бағада сатылуы нәтижесінде қалыптасады. Жинақтау қоры кәсіпорынның пайдасы, амортизациялық аударымдар және мүліктің бір бөлігін сату есебінен құрылады. Пайда есебінен жинақтау қоры, тұтыну қоры және резервті қоры құрылады. Мұнда бөлінбеген пайданың қалдығы болуы да мүмкін. Сонымен бірге қосымша акциялары шығарылады.
Капиталды коэффициенттік талдау
Ұйымның қыржылық жағдайына оның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы және олардың өзара қатынастары әсер етеді. Сондықтан ұйымның қаржылық тұрақтылығы капиталды қалыптастыру көздеріне тікелей байланысты ұйым капиталының қалыптасу көздерінің құрылымына талдау жасау арқылы ұйымның қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалауға болады. Осы мақсат келесідей көрсеткіштермен анықталады:
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті
Ктәуесіздік=МК/баланс валютасы
Оптимальді мәні – 0,5, жоғарылаған сайын тиімді
Қаржылық тәуелділік коэф-і:Ктәуелділік=қарыздық капитал/баланс валютасы
К<0,5 болу керек
Ағымдағы қарыздық капитал коэффициенті:
Ка.қ=қм қарыздық міндеттеме/баланс валютасы
К<1 болу керек
Ұм қаржылық тәуелділік коэф-і:
Кұмқт=МК+ұм қарыздық капитал/баланс валютасы
Осы көрсеткіш мәні 1-ге жақындауы қаржылық тұрақтылықтың төмен екенін көрсетеді
Қаржылық тәуекелділік коэф-і:Ктәуекелділік=қарыздық капитал/МК
Қарыздарды меншік капиталмен жабу коэф-і:Кмк жабу=МК/қарыздық капитал
Мәні 1-ге неғұрлым жақын болса, соғұрлым тиімді
13.Өтімділік түсінігіне сипаттама беріңіз. Баланс активтерінің өтімділік,пассивтерінің төлеу жеделдігіне қарай топтастырып, олардың өзара қатынасын көрсетіңіз.
Баланстың өтімділігі дегеніміз – субъектінің шаруашылығы активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра алуы және өзінің өтем міндеттемелерін жаба алуы, нақты айтқанда – бұл  кәсіпорынның өз міндеттемелерін активтерімен жабу, қолма-қол ақшаға айналдыру мерзімі, өтеу мерзімі келген міндеттемесін жабу мерзіміне сай келуі. Ол барлық төлем қаражаттар көлемінің қысқа мерзімді  қарыздық міндеттемеге сай келу деңгейіне тәуелді.Баланстың өтімділігіне қарағанда кәсіпорынның өтімділігі жалпы түсінікті ұғындырады. Баланс өтімділігі  төлем қаражаттарының тек ішкі көздерден ғана (активтерді іске асыру)  жабылуын қарастырады. Бірақ кәсіпорынның сырттан займдық қаражат тартуына болады, егер ол кәсіпкерлік өмірге сай имиджі болса және инвестициялық қызықтырушылық деңгейі жоғары болса.Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алуымен анықталады. Ол сонымен қатар кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады. 
2. Активтер өтімділігін талдауБаланс өтімділігін талдау кезінде активтерді салыстыру пассив бойынша мінездемесінің өтімділік деңгейімен топтастырылған және оларды жабу мерзімімен реттелген активтерді салыстырады. 
Абсолютті өтімділік шарты келесідей:
Абсолютті баланс өтімділігінің міндетті шарты болып,  бірінші үш теңсіздіктің орындалуы табылады. Төртінші теңсіздік теңестіруші сипатқа ие. Оның орындалуы кәсіпорынның жекеменшік айналым қаражатының  бар екенін куәландырады. Капитал және резервтер айналым активтеріне жатпайды.Бірінші топ (А1) абсолютті өтімді активтерді еңгізеді; оларға қолма-қол ақшалар және қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.Екінші топқа (А2) тез іске асатын активтер жатады: дайын өнім, жиелген тауарлар және дебиторлық берешек. Бұл топтың ағымдағы активтердің өтімділігі өнімді уақытылы тиюден, банктік құжаттарды дайындаудан, банктағы төлем құжатайналымдарының жеделдігінен, өнімге деген сұраныстан, оның бәсеке қабілеттілігінен, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінен, төлем нысандарына тікелей тәуелді.Өндіріс запастарын және аяқталмаған өндірісті дайын өнімге, содан кейін оны ақшаға айналдыру үшін көп уақыт кетеді. Сол үшін олар жай іске асушы активтер (А3) үшінші тобына жатады.Төртінші топ (А4) – бұл өткізілуі қиын активтер, бүған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы салымдар, аяқталмаған құрылыс жатады.
Кәсіпорынның міндеттемелері де сәйкесінше төрт топқа бөлінеді:П1 – жедел міндеттемелер (кредиторлық берешек және қайтару ауқыты келген банк несиелері);П2 – орта мерзімді міндеттемелері (банктің қысқа мерзімді несиелері);П3 – займдар және банктің  ұзақ мерзімді несиелері;П4 – меншікті (акционерлік) капитал.Теория жүзінде активтер тобының біріндегі қаражат тапшылығы екінші бір топтағы артықшылықпен толықтырылады. Бірақ тәжірибеде өтімділігі төмен активтер жоғары өтімділікті активтердің орнын баса алмайды.
Баланс өтімділігін анықтауға арналған актив және пассив бойынша топтардың келтірілген қорытындысын салыстырудан шығады. Егер мынадай қатынастағы орынды иемденсе, баланс абсолюттік өтімділік болып саналады:
 А1>=П1, А2>=П2, А3>=П3, А4<=П4
14.Банкроттық және оның негізгі пайда болу себептері.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталы-ның шаруашылық механизімінің балансының бұзылуы-нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясаты-ның тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жагдайын жасауды объективті себептері:
• экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
•инфляцияның аса жоғары деңгейі;
•фирманың қүнды қағаздарының нарықтық қүнының төмендеуі;
•бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
•банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
•жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сүранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
•өндіріс көлемінің төмендеуі;
•үқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
•ақталмаған жоғары шығындар;
•өнімнің төменгі рентабельділігі;
•өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
•үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
•ескі басқарма басшыларының нарықты қүруға бейімделе алмауы, сүранысы жоғары өнімдерді , шығаруда керлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа үшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
•банкроттықты құқықтық реттеу;
•кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
•перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
•қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
• банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
•кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
15.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мәнін ашып көрсетіңіз.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері. Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және  қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет. Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату. Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы [*] мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
 Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады: (а)  тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер;(b)  жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс; (с)  тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер; (d)  қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер; (е)  сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері; (f) егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы; және (g) коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады: (а)  негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;(b)  негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер; (с)  басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);(d)  басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);(е)  басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);(f)  басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен басқалары); (g)  келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және(h) келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай түсімдер. 
Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті. Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады: (а)  акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері;(b) компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер; (c) қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер; (d) кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және (e) қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері. 
16. Ұйым капиталын коэффициенттік талдау жасау үшін қолданылатын көрсеткіштерге сипаттама беріңіз
Ұйымның қаржылық жағдайына оның қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы өзара қатынастары әсер етедә. Сондықтан ұйымның қаржылық тұрақтылығы көбінесе капиталды қаржыландыру көздеріне тікелей байланысты болады. Ұйым капитвлының қалыптасу көздерінің құрылымына талдау жасау арқылы ұйымның қаржылық тұрақтылық деңшейін бағалауға болады. Келесідей кұрсеткіштер ұйым капиталын коэффициенттік талдау жасау үшін қолданылады:
1.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті:
Ктәу=Меншікті капитал/Баланс валютасы
оптималды мәні 0,5
2.Қаржылық тәуелділік коэффициенті:
Кт=Қарыз кеапиталы/Баланс валютасы
3.Ағымдық қарыздық капитал коэффициенті
Кақ=Қысқа мерзімді қаржылық міндеттеме/Баланс валютасы
1-ден төмен болуы керек
4. Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелділік коэффициенті
К=Меншікті капитал+ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме/Баланс валютасы
5. Қаржылық тәуеділік коэффициенті
Кқар тәу=Қарыздық капитал/Меншілікті капитал
6. Қарыздарды меншікті капитал жабу коэффициенті:
К=Меншікті капитал/Қарыздық капитал
17.Төлем қабілеттіліктің түсінігін ашып көрсетіңіз.Динамикалық және статикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын көрсету.
Төлем қабілеттілік-бұл ұйым өзінің барлық міндеттемелерін өз уақытында орындау қабілеттілігі.
Төлем қабілеттілігін анықтаған кезде төлем қабілеттілік коэффициенті есептеледі.
Қт.қ=қолда бар ақша қаражаттар сомасытөленуге тиісті міндеттемелер сомасыЕгер осы коэффициент 1-ге тең немесе одан жоғары болса, онда ұйымның қабілеттілігі бар деп саналады. Ал коэффициент мөлшері 1-ден аз болса онда төленуге тиісті қажаттардың жетіспеу себептерін анықтау талап етіледі.
Ағымдағы төлем қабілеттілік ұйымда жасалатын төлем календарының көмегімен анықталады. Осы құжат негізінде кредиторлармен, банктермен өз уақытында есеп айырысуларды қамтамасыз ететін іс шаралар жасалады. Төлем календарі аналитикалық есеп мәліметтері және банк көшірмелері негізінде жасалады.
Болашақтағы төлем қабілеттілікті бағалау үшін ұйым өтімділіктің динамикалық және статикалық көрсеткіштерін қолданады.
Төлем қабілеттілігіне неғұрлым терең зерттеулер жүргізу үшін динамикалық көрсеткіштерді көрсететін мынандай коэффициенттерге есептеуге болады.
Белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттар ағынын көрсететін көрсеткіш:
Қд1=өнімдерді сатудан алынған түсімҚММ орташа сомасыАқша қаражаттарының жеткіліктік коэффициенті -ұйымдағы шығындарды жабу үшін ақша қаражаттарының қаншалықты мөлшерде жеткілікті екендігін көрсетеді.
Қд2=өнімдерді сатудан алынған түсімКүрделі шығыстар+құрылтайшыларға төленетін төлемдер+айналым қаражаттарының өсіміАқша қаражаттарын капиталдандыру коэффициенті ұйым Активтеріне салынған инвестициялар деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Қд3=сатудан түскен түсім-төленген дивидендтерНегізгі құралдардың бастапқы құны+тартылған инвестиция+Меншікті айналым қаражатыБолашақтағы төлем қабілеттілікті бағалау үшін ұйым активтерінің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығын және соған дайын екенін көрсететін статикалық көрсеткіштер қолданады:
Абсолютті өтімділік коэффициенті
Қа1=Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді инвестицияларҚММБұл коэффициенттің ҚММ қандай бөлігі ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді инвестициялар есебінен өтелетіндігін көрсетеді. Коэффициенттің оптималды мөлшері 0,2;0,5
Аралық жабу коэффициенті
Қа2=Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді инвестиция+Қысқа мерзімді дебиторлық қарызҚысқа мерзімді қаржылық міндеттемеҚысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді өтеу үшін дебиторлық қарыздар есебінен де жабылатын мәліметтерді көрсетеді. Мәні 0,7 мен 1 аралығы
3.Ағымның өтімділік коэффициенті
Қа3=ҚМАҚММБарлық ұйымдар үшін осы коэффициенттердің жалпы мәнін нақты негіздеу мүмкін емес. Себебі ол айналысатын қызмет түріне активтердің құрылымына, сапасына, өндірістік циклдың ұзақтығына және т.б тәуелді болады.
18.Ұйым өтімділігін талдау мақсаты, жалпы өтімділік коэффициенттерін есептеу жолы және мәнін ашу Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және соңдықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабылеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова (18) төлем қабілеттілігі: "кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған", - деп жазады. "Фирманың қызметін қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық қүндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттіді төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оңың негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айьірысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады Ағымдағы оперативтік анықтау үшін кәсіпорынньщ төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді міндеттемелері).Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына алатын жылдамдық және дайындықты сипатайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
1) абсолютті өтімділік коэффициенті;
2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндетімелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Каө > 0,2+0,5.
Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе басқа аталуы: қауіпті өтім коэффиценті,) ақша қаражатының құралдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорының дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.Айналым қаражатының өтімді бөлігінің яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететің көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ә> 1.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарынын басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын отейтінын белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорының өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді. Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық қүндылықтар қорларының құрылымы және басқаларр әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
К ағ.ө>2
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ,ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлev қабілеттілігін сипаттайды.Коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер көлемін анықтау керек. Есептеулер кестеде келтірілген.
19.Ұйымның несиелік қабілеттілікті бағалау кезінде қолданынлатын коэффициенттер.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудағы негізгі мақсат – қарыз алушының өткен кезеңдегі, бүгінгі күндегі және болашақтағы қаржылық жағдайын нақты бағалау үшін қажетті ақпараттарды алу.
Қазіргі кезде банктік тәжірибеде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде "алты Си ережесі" қолданылады:
•Character - қарыз алушының сипаты;
•Capacіty - қарыз алушының қаржылық мүмкіндігі;
•Cash - ақшалай қаражаты;
•Collateral - қамтамасыз етілуі;
•Condіtіons - елдегі жалпы экономикалық жағдай;
•Control - бақылау.
Енді осы "6 Си" ережесіне жеке-жеке тоқталайық.
1. Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалауын білдіреді. Қарыз алушының беделі оның адалдылық, сенімділік қасиеттері арқылы анықталады. Бірақ қарыз алушының беделін анықтау – бұл қарапайым іс емес. Сондықтан да қарыз алушының беделін анықтау кезінде банктер негізінен оның өткен уақыттардағы өзінің міндеттемелерін орындау қатынастарын сипаттайтын деректерге көңіл бөледі.
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру мүмкіндіктерін нақты талдау көмегімен анықталады. Сонымен қатар, банктерді несиені өтеу қабілеттілігі ғана емес, қарыз алушылардың несиені алу құқықтары да қызықтырады.
3. Ақшалай қаражаты, яғни жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш көзі болады:
а) өзіндік табысы есебінен, яғни нақты ақшалар ағымы есебінен;
б) өз меншігіндегі активтерді сату есебінен;
в) сырттан қаржылар тарту есебінен.
банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде қарыз алушының табысын, яғни нақты ақшалар ағымын маңызды деп санайды, себебі өз меншігіндегі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал сырттан қосымша қаражаттар тарту оның кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.
Нақты ақша қаражаттарының жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлылығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Қарыз алушының нақты ақшалар ағымы мынандай түрде анықталады:
Нақты ақшалар ағымы = таза пайда + амортизация + кредиторлық қарыз – тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз
4. Қамтамасыз етілуі. Коммерциялық банктер несие бере отырып, сол несие сомасының қамтамасыз етілуіне, яғни оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыз қайтарылмай қалған жағдайда оның өтімділік дәрежесіне мән береді.
5. Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізетін ықпалын сипаттайтын экономикалық конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және т.б. қарастырады.
6. Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.
Міне, осы аталған факторлардың барлығы банк және қарыз алушылар тұрғысынан толық ескерілген жағдайларда, банктердің өздерінің несиелік ресурстарды орналастыру кездеріндегі пайда болатын тәуекелділіктерінің деңгейлерін неғұрлым төмендетулеріне және сол арқылы пайда мөлшерлерін жоғарытуларына мүмкіндіктері болады.
Ұйымның несиелік қабілеттілігін талдау үшін қолданылатын коэффициенттер:
1)өтімділік коэффициенті;
2)жабу коэффициенті;
3)өзіндік айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіштері.
1)Өтімділік коэффициенті:Кө=Тез іске асатын активтер/Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы
Сонымен өтімділік коэффициенті қарыз алушының өз қарыздарын өтеу үшін ақша қаражаттарын шаруашылық айналымынан жедел түрде босата алу қабілеті. Коэффициент мәні жоғары болған сайын, қарыз алушы сенімді болып саналады.
2)Жабу коэффициенті: Кж=Тез іске асатын активтер+Өтімді активтер/Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы
Жабу коэффициенті қарыз алушының қарыздық міндеттемелерді жабуға арналған барлық қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды.
3) Өзіндік айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші:Көқ = МК – ҰМА / Қорлар + Дебиторлық қарыз
Бұл көрсеткіш қарыз алушының өзіндік қаражаттарының мөлшерін сипаттайды. Өзіндік қаражаттарының үлесі қаншалықты жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты болып келеді. Егер де, Көқ-ң орташа мәні 50% тең немесе жоғары болса, онда ол тиімді деп саналады.
Осы үш көрсеткішті пайдалану банкке қарыз алушының несиелік қабілетін толық бағалауға мүмкіндіктер бермейді. Сол үшін төмендегідей қосымша коэффициенттер жиі пайдаланылады:
Таза пайда нормасы = Баланстық пайда/Барлық өндірістік шығындар
Өзіндік капиталдың рентебелділігі=Баланстық пайда/Өзіндік қаражаттар сомасы
Сонымен, қарыз алушылардың несиелік қабілеттіліктерін талдаудың және бағалаудың банктер тарапынан пайдаланылатын әдістемелік нұсқауларын жылдан-жылға жетілдіре отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізуге және банктік несиелеу процесінде пайда болатын мәселелердің алдын алуға болады.
20.Ұйымның банкрот болу ықтималдығын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер. (Таффлер,Альтман,Лисс,Бивер модельдері).
Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату.
Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетілген:
Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5.
Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:
Меншікті айналым қаражаттары
К1 = ---------------------------------------------- ; Барлық активтер
Бөлінбеген табыс
К2 = ---------------------------- ;
Барлық активтер
Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс
К3 = ----------------------------------------------------- ; Барлық активтер
Меншікті капиталдың нарықтық бағасы
К4 = ------------------------------------------------------ ; Қатыстырылған капитал
Өткізуден түскен табыс
К5 = ---------------------------------- .
Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 – 3 жыл) біреулердің банкроттыққа ұшырап (Z < 2,675 болғанда) және (Z > 2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
1997 жылы Таффлер банкрот ықтималдығын есептеу үшін 4факторлы моделін ұсынған
Z=0,531х1+0,13х2+0,18х3+0,16х4
Х1=салық салынғанға дейінгі пайда\ ҚММ
Х2= ҚМА\ барлық міндеттемелер
Х3=ҚММ\ баланс валютасы
Х4= Түсім\ баланс валютасы
Егер Z<0,2 банкрот болу ықтималдығы жоғары
Z >0,3 банкрот болу ықтималдығы төмен
Лисс моделі бойынша банкрот ықтималдығын есептеу
Z = 0,063*Х1 + 0,092*Х2 + 0,057*Х3 + 0,001*Х4
Х1 —  айналым капитал\ актив
Х2 —  СТТ\ актив
Х3 — бөлінбеген пайда\актив
Х4 — меншікті капитал \қарыздық капитал
Z < 0,037 — банкрот болу ықтималдығы жоғары
Z > 0,037 — банкрот болу ықтималдығы төмен
Бивер моделі бойынша бакроот болу ықттималдығын анықтау
Бивер
коэфицент=Таза Пайда+ амортизация/ ҰММ+ҚММ
К=0,4-0,45 тұрақты
К=0,17 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -,15 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Активтердің рентабельділік коэфиценті
К= Таза Пайда\ актив
К=6-8 тұрақты
К=4 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -22 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Қаржылық рычаг коэфиценті
К=ҰММ+ҚММ/ актив
К=0,37 тұрақты
К=0,5 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= 0,8 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Активтерді таза айналым капиталымен жабу коэфиценті
К=МК- айналымнан тыс капитал/ актив
К=0,4 тұрақты
К=0,3 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -0,06 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Жабу коэфиценті
К= айналымдағы активтер/ ҚММ
К=3,2 тұрақты
К=2 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= 1- 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
21.Банкроттық белгілерін талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесі
Банкроттық - борышқордың-жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың пассивтерi оның активтерiнен асып кетуi салдарынан салықтық және басқа мiндеттi төлемдердi төлеуге тұрақты қабiлетсiздiгi. Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманыңбанкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тексоттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Банкроттық – нарық шаруашылығының категориясы болып табылады. Банкротқа ұшырау — кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері: банкроттықты құқықтық реттеу; қайта құру және жою шараларын қаржыландыру; банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету.
Банкроттық белгілерін 2-ге бөлуге болады:
1.Жақын уақытта мүмкін болатын қаржылық қиындықтар және банкроттық ықтималдығы туралы куәландырылған көрсеткіштер:
Сату көлемінің төмендеуі;
Төлеу мерзімі кешіктірілген деб. Және кред. қарыздардың болуы;
Өтімділіктің төмендеуі;
Қарыз капиталының өсуі;
Ұйым акцияларының нарықтық құнының төмендеуі.
2.Нақты анықталған көрсеткіштер жүйесі:
1.Ағымдағы өтімділік к-ті
К=ҚМА/ҚММ нормативті мәні 2-ден төмен болмау қажет
2.Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мәні 0,3-тен кем болмау тиіс.
К= ҚМА-ҚММ/ҚММ
3.Егер осы көрсеткіштер төмен болып,дегенмен өсу тенденциясы байқалса онда төлем өабілеттілікті қалпына келтіру к-ті қолданылады.
К= (Көт1+6/Т(Көт1 - Көт0) )/Көт.норм (6 айға)
Көт1,Көт0 - ағымдағы және базистік өтімділік к-ті
Т- есепті кезең аймен көрсетілген
Егер к-т 1-ден артық болса төлем қабілеттікті 6 айда қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
К= (Көт1+3/Т(Көт1 - Көт0) )/Көт.норм (3 айға)
Егер к-т 1-ден артық болса төлем қабілеттікті 3 ай сақтау мүмкіндігі бар.
22.Банкроттықты бағалау үшін қолданылатын дискриминанттық факторлық модельдерге сипаттама беріңіз.
Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату.
Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетілген:
Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5.
Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:
Меншікті айналым қаражаттары
К1 = ---------------------------------------------- ; Барлық активтер
Бөлінбеген табыс
К2 = ---------------------------- ;
Барлық активтер
Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс
К3 = ----------------------------------------------------- ; Барлық активтер
Меншікті капиталдың нарықтық бағасы
К4 = ------------------------------------------------------ ; Қатыстырылған капитал
Өткізуден түскен табыс
К5 = ---------------------------------- .
Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 – 3 жыл) біреулердің банкроттыққа ұшырап (Z < 2,675 болғанда) және (Z > 2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
1997 жылы Таффлер банкрот ықтималдығын есептеу үшін 4факторлы моделін ұсынған
Z=0,531х1+0,13х2+0,18х3+0,16х4
Х1=салық салынғанға дейінгі пайда\ ҚММ
Х2= ҚМА\ барлық міндеттемелер
Х3=ҚММ\ баланс валютасы
Х4= Түсім\ баланс валютасы
Егер Z<0,2 банкрот болу ықтималдығы жоғары
Z >0,3 банкрот болу ықтималдығы төмен
Лисс моделі бойынша банкрот ықтималдығын есептеу
Z = 0,063*Х1 + 0,092*Х2 + 0,057*Х3 + 0,001*Х4
Х1 —  айналым капитал\ актив
Х2 —  СТТ\ актив
Х3 — бөлінбеген пайда\актив
Х4 — меншікті капитал \қарыздық капитал
Z < 0,037 — банкрот болу ықтималдығы жоғары
Z > 0,037 — банкрот болу ықтималдығы төмен
Бивер моделі бойынша бакроот болу ықттималдығын анықтау
Бивер
коэфицент=Таза Пайда+ амортизация/ ҰММ+ҚММ
К=0,4-0,45 тұрақты
К=0,17 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -,15 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Активтердің рентабельділік коэфиценті
К= Таза Пайда\ актив
К=6-8 тұрақты
К=4 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -22 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Қаржылық рычаг коэфиценті
К=ҰММ+ҚММ/ актив
К=0,37 тұрақты
К=0,5 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= 0,8 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Активтерді таза айналым капиталымен жабу коэфиценті
К=МК- айналымнан тыс капитал/ актив
К=0,4 тұрақты
К=0,3 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= -0,06 - 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
Жабу коэфиценті
К= айналымдағы активтер/ ҚММ
К=3,2 тұрақты
К=2 - 5 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
К= 1- 1 жыл ішінде банкрот болу ықтималдығы
23.Ұйымның қаржылық жағдайына сауықтыру шараларына сипаттама беріңіз.
Қаржылық сараптау нәтижесі бойынша банкротқа жол берме ақсатында өндірістің қаржылық жағдайын жақсартудың ішкі және сыртқы резервтері толығымен пайдалана отырып. Оны «қызметті зонадан» шығарудың бағдарламасы жасалып. өнімді өнеркәсіптің шиеленіскен қаржылық жағдайдан шығу жолдарыоның қамтамасының төмендігіне байланысты. Өндірістің көпшілігі тиімсіз мемлекеттік саясаттың кесірінен шығынға ұшырағандықтан, қаржылық суықтандырудың бір жолы шаруашылықтың қалтасы төмен субъектілеріне мемлеет тарапынан қолдау көрсету. Мемлекеттік бюджеттің аздығына орай, бұл көмекке өнеркәсіптрдің барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Жеке айналымдағы капиталдың жетіспеушілігін қысқарту мақсатында акционерлік өндіріс оны жаңа акциялармен облигацияларды шығару есебінде толықтыра алады. Бірақ, бұл жолда жаңа акциялардың шығарылуы олардың курсының төмендеуне әкелетінін ескеру қажет, өйткені бұл банкротқа түсіретінін бірден-бір себеп болуы мүмкін. Сондықтан,батыс елдерінде белгіленген пайыздық кірісі бар және өндіріс акциясына ауыстыру мүмкіндігі бар онвертті облигацияларды шығару әуес. Акционерлік өндірістерде банротқа жол брмеудің жолы-акциялар бойынша дивиденттерді төлеуді қысқарту немесе толығымен одан бас тарту, бұл егер акционерлерді қаржылық сауықтандыру бағдарламасының шынайлығына және болашақта дивиденттік төлеулердің көтерілуіне акционерлердің көздерін жеткізе алса ғана іске асады. Өндірісті қаржылық сауықтандырудың маңызды көзі-факторинг, яғни банкке немесе факториег компаниясына дебиторлық қарыздарды талап ету құқығын беру, я, банк дебиторына неиені қайтаруды қамтамассыз ету есебіне өндіріс өз талаптарынан келісім-цессияға отыру. Өндірістің материалды-техникалық базасын жақсартудың тиімді әдістің бірі лизинг, ол жолға алып отырған заттардың ақысын толығымен беру уақытта төлеуді талап етпейді және инвестициялаудың бір трі ретінде қызмет теді. Лизингтік операциялар бойынша жылдам амортизациялауды пайдалану өндіріс құралдарын жедел түрде жаңартуға және техникамен қайта жабдықтауға мүмкіндік береді. Түсімі мол жобалар арқасында неие тарту- өнеркәсіпке үлкен кіріс әкеледі, срндай-ақ ,өнеркәсіпті қаржылық сауықтандврудың резервтерінің бірі болып табылады. Бір бағыттағы шығындары екінші бағыттың кірістері жауып осыратын шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша өндірісті диверсификациалау да осыған жол ашады. Жеке капиталдың жетіспеушілігін құрылыстардың мерзімін қысқарту, запастағы қалдықтармен бітпеген өндірістерді қысқарту арқылы оның айналымын тездету жолымен азайтады. Негізгі жұмысқа капиталдың келуін тұрғын әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілеріне бөлінетін қаражатты қысқарту оларды муниципалды жеке меншікке беру жолымен шешуге болады. Шығынды қысқарту және негізгі өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кей жағдайда қзметтің кейбір негізгі өндіріске қызмет көрсетуші түрлерінен бас тартып (құрылыс, жөндеу, транспорт т.б), арнайы зайым ұйымдардың қызметіне көшкен жөн. Егер өндіріс пайда таба отырып, төлемдер бойынша жұмыс істей алмайтын болса, кірістерді кірстерді падалануды сараптау керек. Төлемдер бойынша жұмс істей алмайтын жағдайда пайдалануфондына қонақты аударулар жасалып отырса, бұл кірісті өндірістің жеке айналымында қаражаттарын толықтыратын потениалды резерві деп қарастыруға болады. Өндрістің қаражаттық жағдайын жақсарту резервін анықтау да сұранымдар мен ұсыныстарды, осы негізде мол ассортимент және транспорттық қызметтер структурасын құру мен өткізу нарығын анқтайтын маркетинктік сараптау үлкен көмек болады. Өндірістің негізгі қаражаттық сауықтандыру бағыттарының бірі болып өндрістің өні шығаратын бөлімін толығымен падалану, көрсетілген қызметтің сапасын арттыру олардың бағасын төмендету, қаражатық, еңбек және материалдық ресурстарды орынды пайдалану, өнім түсірілмейтін шығындарды қысқарту арқылы өндірістің пайдасын арттырудың ішкі резервтерін іздестіру және шғынсыз жұмысқа қол жеткізу табылады. Осы жолда ресурстард ақтау мәселесіне назар аударған жөн. Ол ресурстарды сақтау технологиясына дамушы нормаларын, нормативтерді енгізу, Қайта өндірілген шикізатты падалану,ресурстарды пайдалануды бақылау үйымдастыру, эконоикалық режим орнатуда алдыңы қатардағы тәжіриблерді енгізу, ресурстарды сақтау мен шығындарды қычқарта қызметкерлердге материалдық және моральдық жағдайлар жасау. Енді біздің тексеру объектімізге көшеміз. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштрінің көптігін бағалау деңгейінің әртүрлігінен осы себеі пайда боладын банкроттық қауіпті бағалау қиындықтарын есепке ала отырып, көптеген отандқ және щт елдік экономистер қаржылық тұрақтылықты интегралды балдық бағаын жүргізуін үсынады. Бұл әдісті негізгі өндірісті қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштерінің деңгейі бойыеша қауіп дәрежесін классиикациалау мен әрбір көрсеткіштің бал түріндегі рейтингін жүргізу болып табылады. Атап айтсақ, А.В. Ддонцоваеың және И.А.Никифированың еңбектерінде көреткіштер жүйесі мен олпрдың бал түріндегі рейтингтерін бағасы Ұсынылады.
24.Жиынтық пайда және оған әсер ететін факторларға сипаттама беріңіз.
Қаржылық нәтижеге талдау жасау кезінде пайда мен зиян туралы есепте көрсетілген келесідей көрсеткіштер қолданылады:
Жиынтық пайда
Кезең ішінде жалғасқан қызметтен болған пайда немесе зиян
Жиынтық пайда –өнімдерді сатудан түскен түсім мен сатылған өнімдердің өзіндік құндарының арасындағы айырма. Бұл көрсеткіш мәні- ол аралық пайда көрсеткіші болып табылады.
Жиынтық пайда көлемінің сатудан түскен түсімге және жиынтық пайда маржасына тәуелділігін сандық тұрғыдан бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:
ЖП=СТТ*(Жп/Түсім) , ЖП/Түсім- жиынтық пайда маржасы
Бұл формула арқылы жиынтық пайда көлеміне әсер еткен факторларға талдау жүргізуге болады.
Жиынтық пайда көлемінің сатудан түскен түсім әсерінен өзгеруі келесі формула арқылы анықталады:
∆ ЖП=(Т1-Т0)*ЖП0/Т0
Осы факторлардың әсерін анықтау үшін аналитикалық кесте құрастырамыз.
Жалпы пайдаөзгеруі Жалпы пайда маржасының төмендеуі есебінен болған жағдайда есептеулерді жүргізу үшін келесі формуланы пайдаланамыз:
∆П=((ЖП1/Т1)-(ЖП0/Т0))*Т1
Талдау жүргізудің келесі қадамы жоспардан немесе өткен кезеңнен ауытқуына әсер еткен себептерді анықтау болып табылады. Жалпы пайданың жоспарымен немесе өткен жылмен салыстыру бойынша өзгеруіне келесідей факторлар әсер етеді:
Сатылған өнімнің өзіндік құны
Өнім бірлігінің бағасы
Сатылған өнім көлемі(саны)
Сатылған өнімдердің құрамындағы құрылымдық өзгерістер
Сатылған өнім өзіндік құнының Жалпы пайданың ауытқуына әсер етуін анықтау үшін келесі формула қолданылады:
∑Өк₁*Өзіндік құн₁-∑Өк₁* Өзіндік құн₀
Мұндағы, Ө.к-сатылған өнімдердің нақты көлемі, ал Өз. Құн-өнім бірлігінің ағымдық және өткен кезеңдегі өзіндік құны
Сатылған өнімнің өткен жылдағы өзіндік құнының төмендеуі немесе жоғарылауы Жалпы пайданың азаюы немесе көбеюіне әсерін тигізеді. Өнімнің өзіндік құны Жалпы пайда көлеміне тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылғандықтан осы жұмыстармен көптеген ұйымдарда арнайы мамандар айналысады.
Қазіргі бағалардың өзгеруінің өткен жылмен салыстырғанда Жалпы пайданың нақты көлеміне әсерін анықтау үшін келесі формула қолданылады:
∑Өк₁*Б₁-∑Өк₁*Б₀
Осы факторлардың әсер етуі өнімдерді сатудан түскен нақты түсімнен өткен жылдағы нақты өнім көлемін өнім бірлігінің бағасына көбейту арқылы есептеледі.
Сатылған өнім көлемі Жалпы пайда көлеміне тура пропорционалды әсер етеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда өнімдердің сату көлемі ұлғайған сайын Жалпы пайда сомасы да көбейеді. Өнімдерді сату көлеміне көп жағдайда өнімдерді өндіру көлемі мен олардың сапасы әсер етеді. Сатылған өнімдерге қатысты есептелген соманы өткен жылдың түсіміне бөлу арқылы анықталады.
Сатылған өнім құрамындағы құрылымдық өзгерісін анықтау маңыздылығы, өнімдердің құрылымы пайда сомасына теріс және оң әсер ете алады. Жалпы сату көлеміндегі рентабельді өнім түрлерінің үлесі неғұрлым жоғары болса, онда пайда сомасы ұлғаяды, ал рентабельділігі төмен өнімдер үлесі жоғары болса, онда пайданың жалпы сомасы төмендейді.
Жиынтық пайда көлеміне сатылған өнімдер құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің әсерін есептеу үшін, есептік жылдағы нақты сатылған сату көлемінің өзгеру әсерін шегеру арқылы сатылған өнімдер құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жиынтық пайдаға әсері анықталады.
25.Ұйымның қаржылық нәтижесін талдау міндеттері және ақпараттық көздері.Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеушіі кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсу (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің| құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның| ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Ұйымның есептілігін қаржылық талдаудың ақпараттық көзі ретінде.Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады.Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен сәйкестендірілуге тиіс.Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;
Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
1.ақшалардың түсімі:акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;
2.ақшалардың шығыстары:банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:
Осн + По – Ио = Оск ,
Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);Ио–капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектлерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметнің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлк еепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.Нарықтық экономика жағдайнда бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макроэконмоикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлееттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
26. ұйымның рентабельділік көрсеткішін талдау
Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға экономикалық бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік – бұл кәсіпорынның табыстылық деңгейінің қатынастық көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды.
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік қатынасын көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы немесе нашар жұмыс атқарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезеңдегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін сипаттайды сонымен қатар басқа салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы жәнебаға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік – бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастық көрсеткіші.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) – бұл рентабельділік көрсеткіштері тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалығына бақылау кезінде, ішкі шаруашылық талдаулық есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады. Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
Рө = (Пө/Өө) * 100 %
 Мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
 2. Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі – сату рентабельділігі келесі формуламен есептеледі:
 Рс = По / Т * 100 %
 Мұндағы, Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім.
Берілген коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайдадан келетіні көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
 Рмк = (Пт/Км)
 Мұндағы, Пт – таза пайда
Км – меншік капиталдың орташа көлемі
 Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің өзгеруі мысалы, биржадағы кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялық капитал рентабельділігі – Ри
Ри = Пт/Кик * 100 %
 Мұндағы, Кик – инвестициялық капиталдың орташа көлемі
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды.
 В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі - Рнк
 Рнк = Пк / Б орт * 100 %
 Мұндағы, Пк – кәсіпорын пайдасы
Б орт – барлық кезеңдегі баланстық орташасы
 Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
4. Айналым активтерінің рентабельділігі – Р айн
 Р айн = (Пк / АА орт) * 100%
 Мұндағы, АА орт – айналым активтивтерінің орташа көлемі
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың берілгендері бойынша анықталады.
5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рентабельділігі
 Р айн емес = Пк / А айн емес орт
 Мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
 Қазіргі жағдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе, келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
- Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары пайда табады.
- Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айқындалады.
- Уақытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды кезеңде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, бұны жағымсыз сәт ретінде қарастыруға болмайды.
27.Ұйымның қорларын талдау міндеттері,ақпарат көздері,талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
Қорлар өндіріс процесінде пайдалануға арналған шикізатар мен материалдар немесе сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар және аяқталмаған өндіріс түріндегі активтер.
Ұйымның өндірістік нәтижесіне және қаржылық жағдайына қорлардың сапасы мен саны тікелей әсер етеді. Сондықтан тиімді өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін қорлар мөлшері оптималды болуы қажет. Яғни қоймада қорлардың көп болуы ұйымның белсенділігін төмендетеді, себебі бұл айналымдағы активтер қозғалысының төмендігін оларды сақтау шығындарының жоғарлауын көрсетеді. Соныме бірге қорладың жетіспеуі өндірістің тоқтауына пайданың азаюына әсер етеді. Сондықтан да әрбір ұйым өндірістің дер кезінде және толық көлемде қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлу керек. Қорларға талдау жасауды олардың нақты қалдықтарын текскруден және жоспарлық қажеттіліктерге сәйкестігін анықтаудан бастау қажет.
Өндірістік қорлардың көлемі құндық бейнеде сандық фактордан сияқты құн (инфляциялық) факторы есебінен де өзгеруі мүмкін. Әрбір түрі бойынша қорлардың сомасының (З) өзгерісіне сандық (К) және құндылық (Ц) фактордың өзгеруінің есебі абсолютті айырма әдісімен жүзеге асырылады:

Қорлардың айналымдылық кезеңі олардың қоймада сақтау уақытына сәйкес келеді(келіп түсу уақытынан бастап, өндіріске жіберілгенге дейін). Осы кезең неғұрлым аз болса соғұрлым өндірістік циклде аз болады. Ол келесі түрде анықталады:
Қайналымдылығы=қорлар шоты бойынша орташа қалдық*кезеңдегі күндер санықорлар шоты бойынша кредиттік айналым сомасыБұл көрсеткіш қорлар айналымдылығының жылдамдығы туралы куәландырады, сәйкесінше бұл жағдай ұйымның іскерлік белсенділігін жоғарлатуына әсер етеді.
Қорлар айналымдылығының бәсеңдеуі ұйым қоймасындағы артық қорлардың жинақталуымен болуы мүмкін. Сондықтан да қорлардың құрылымында ұйымға қажетемес қорлардың бар болуы туралы тексерулер жүргізу керек.
28.Ұйымның қаржылық тұрақтылықты талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда маңызды тапсырмалардың бірі оның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу болып табылады. Қаржы тұрақтылығын талдау кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын қаншалықты дұрыс басқарып отырғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы тұрақтылығының мазмұны, қалыпты өндірістік-коммерциялық қызмет үшін қажетті ақша ресурстарының тиімді қалыптасуы мен пайдалануымен меншікті капитал қаржы ресурстарына ең алдымен таза (бөлінбеген) пайда мен амортизациялық аударымдар жатады. Қаржы тұрақтылығының сыртқы белгісі ретінде шаруашылық субъектінің төлем қабілеттілігі көрініс табады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның коммерциялық, несиелік және төлем түріндегі басқа операцияларынан туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігі.
Кәсіпорынның қанағаттанарлық төлем қабілеттілігі келесідей параметрлермен расталады:
Есептік, валюталық және банктің басқа шоттарында бос ақша қаражаттарының болуы;
Жабдықтаушылардың, персоналдың, бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың және басқа кредиторлардың алдында ұзақ мерзімді мерзімі ұзартылған қарыздың болмауы;
Меншікті айналым қаражатының (таза айналым капиталының) болуы.
Төмен төлем қабілеттілік кездейсоқ, уақытша, ұзақ мерзімді немесе созылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді төмен төлем қабілеттілік кәсіпорынды дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы типі кәсіпорынның негізінен қаржыландырудың меншікті қайнар көзі негізінде даму қабілеттілігі. Бұл үшін ол қаржылық ресурстардың икемді құрылымы мен қарыз қаражатын тарту мүмкіндігіне ие болуы, яғни несие қабілетті болуы қажет. Кәсіпорын несие қабілетті болып саналады, егер меншікті қаржы ресурстар негізінде кредиторға алынған ссуданы уақытында қайтару қабілеттігі болса.
Қаржы тұрақтылығын сақтап қалуы үшін кәсіпорынға тек пайда көлемінің өсуі ғана емес сонымен қатар оның деңгейінің салынған капиталға қатысты өсуі де, яғни рентабельділік де қажет.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл кәсіпкерлік тәуекелділіктің ең төменгі деңгейінде төлем қабілеттілік пен несие қабілеттілікті сақтай отырып меншікті қаражат негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның ақша ресурстарының жағдайы.

35286956355715003528695620141000159258063557150055181522059900047859952205990002830830756920007207257569200040684455568315Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
00Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
21672555934075Қор көлемі
00Қор көлемі
-3346455047615Материалды-өндірістік қорларды қалыптастыру үшін қаражаттардың қайнар көзі
00Материалды-өндірістік қорларды қалыптастыру үшін қаражаттардың қайнар көзі
37001452796540Қаржылық тәуелсіздік, қарыздық, қаржыландыру және т.б. коэффициенттер
00Қаржылық тәуелсіздік, қарыздық, қаржыландыру және т.б. коэффициенттер
37001451403985Қатысты көрсеткіштер
00Қатысты көрсеткіштер
-2641601403985Абсолютті көрсеткіштер
00Абсолютті көрсеткіштер
847090-45085Қаржы тұрақтылығын бағалайтын параметрлер
00Қаржы тұрақтылығын бағалайтын параметрлер

Сурет – Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер
29.Ұйымның дебиторлық қарыздарын талдаудың міндеттері,ақпарат көздері,қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
Дебиторлық қарыздардың көбеюі не азаюы ұйымға әсер етеді. Мерзімі өтіп кетекен дебиторлық қарыздар ұйым пайдасының азаюына және қарыздардың қайтарыламу тәуекелінің жоғарылауын білдіреді.
Дебиторлық қарыздарға талдау жасау барысында құрамы, динамикасы және пайда болу себептері анықталуы қажет.
Дебиторлық қарыздарды талдыу үшін баланс мәліметтерінен басқа алғашқы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен басқа алғашқы бухгалтерлік есеп мәліметтері және аналитикалық шоттар бойынша мәліметтер қолданылады.
Дебиторлық қарыздардың құрамын талдау үшін келесідей мәліметтер қажет.
Деб.қарыз түрі Сомасы,тг Оның ішінде
Жыл басы Жыл соңы 1 айға дейін 1-3 ай 3-6 ай 6-12 ай 1 ж-дан жоғары
Сатып алушылардың дебқарыздары А В С Өзге де деб.қар Барлығы: Үлесі,%: Дебиторлық қарыздарды басқарумен айналысатын қызметкер ең алдымен қайтару мерзімі өтіп кеткен және ірі сомаларға көңіл бөлуі керек.
Деб.қарыздардың айналымдылығын есептеу үшін келесідей формула қолданады:

ДҚайн=Деб.Қарыз шоты бойынша орт.қалдық * кезең күндері
Кт айналым сомасы
Деб.қарыздарды басқару шотының тиімділігін көрсету үшін ай сайын есептеу майызды болып табылады. Дебиторлық қарыз сапасына сипаттама беру үшін ДҚ-ның жалпы сомасындағы күмәнді ДҚ бойынша құрылған резерв сомасы арқылы анықтауға болады.
30.Ұйым активтерге сипаттама беріңіз және талдау жүргізу барысында қолданылатын коэффициенттерге сипаттама беріңіз.
Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.
Ұйымдар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:
—   қысқа мерзімді активтер   (бір   жыл   уақыт   аралығында пайдаланатын).
—   ұзақ мерзімді активтер  (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);
Қысқа мерзімді активтер – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Қысқа мерзімді активтерінің мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Қысқа мерзімді активтерінің өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады.Қысқа мерзімді активтерінің құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды.
Кәсіпорындарындағы қысқа мерзімді активтерінің  құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. [1]
Кәсіпорындарда қысқа мерзімді активтерінің құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында қысқа мерзімді активтерінің  шамасы , олардың құрамы мен  құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Қысқа мерзімді активтер құрамына бухгалтерлік есепте:
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттері;
Қаржылық инвестициялар
Дебиторлық берешек;
Қорлар;
Өзге де қысқа мерзімді активтер жатады.
Ұзақ мерзімді активтердін  қатарына «негізгі құралдар» мен «материалдық емес активтер», «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» және «ұзақ мерзімді инвестицияларды» жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды- техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. . [4]
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктік көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Материалды емес активтер деп- табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып -өткізу операцияларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға басқа ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ  пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады.



Приложенные файлы

  • docx 19667599
    Размер файла: 165 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий