Информатиканы ағылшын тілінде оқыту


Информатиканы ағалшын тілінде оқытудың қиыншылықтары
 
Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Елбасының үш тілде білім беруді дамытудың жол картасын дайындау тапсырмасына сәйкес еліміздегі мектептерде білім беру жүйесіне біраз өгертулер енгізілді. Бұдан былай жоғары сынып оқушылары жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Қай кезде де реформаға тосырқай қарайтын қоғамның бұл алаңдаушылығы жылдарға жалғасты. Себебі күрделі компоненттерге құрылған химия, физика, биология, математика, информатика пәндерін ағылшын тілінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етті.
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жылдан бастап жоғары білім берудің оқу бағдарламаларына оқытудың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін оқыту курсын жүргізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар ендіру, 2020-2021 жылдары мектептерде жаратылыстану пәндері қатарында «Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту енгізілетіндігі белгіленген.
Осыған орай, 2017-2018 оқу жылынан бастап информатика пәнін оқыту жұмыстары толығымен ағылшын тілінде ұйымдастырылады.Ал жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтар үшін информатика пәнін ағылшын тілінде жүргізу жұмыстары іске асырылуда. «Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту студенттердің өз беттерімен ізденуіне және идеяларының халықаралық деңгейге шығуына зор мүмкіндік болатыны анық. Сондықтан, болашақ информатика пәні мұғалімдерінің коммуникативтік ортасын ағылшын тілінде қалыптастырудың моделін жасау; педагогикалық шарттарын айқындау; коммуникативтік ортасын ағылшын тіліндегі пәндерді оқытудағы әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру қажет.
Жоғарғы оқу орнының табалдырығын аттағаныма міне екінші жыл. Таңдаған мамандығым информатика пәннің мұғалімі болғандықтан, қазір бізде информатика ағылшын тілінде жүріп жатыр. Бұл сабақ бізге, ауылдан өскен балаларға, қиынға соғуда. Оған басты себеп не? Біріншіден, біз тұрған ауылдық мектептерде компьютерлік сыныптар жетіспейтін, инфрматика пәні бірде болса, бірде болмайды. Осының салдарынан компьютерді жетік меңгердік деп айта алмаймын, тіпті оқытылуға тиісті бағдарламалармен жұмыс істемейтінбіз, бір сөзбен айтқанда, білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз. Екінші жағынан ағылшын тілін жетік меңгермеген бала информатиканы ағылшын тілінде оқыса, онда ол балаға психологиялық миына күш түсіреді деп ойлаймын. Әрине оқу бағдарламасынан қалмау үшін ол сабақтан берілген тапсырмаларды күнделікті орындауға тырысамыз. Түсінбеген жерлеріміздің барлығына аудармашыны пайдаланамыз. Жәрайды оны қойшы, ол тапсырмаларды олай - бұлай орындап түсінесің , бірақ ең қызығы сол орындаған тапсырмаңды мұғалімге жеткізу қиынға соғуда. Өз түсінігімізді ағылшын тілінде жеткізуге барынша тырысап, талпынамыз. Осы талпыныс болашақта өз нәтижесін береді деген үміттеміз. Әрине, бұл реформаның жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан жаңа бастамалары. Алғашқы бастама барлық кезде де қиынға түседі. Болашақта мектеп қабырғасынан жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыған бала үшін бұл жеңіл болатыны анық. Қашан да тәжірибенің білім процесіне енуі екіұдай пікір қалдырады. Межелі міндетке жету жолында түрлі проблемалардың алдын алу қажет . Айталық, жаратылыстану бағытында білім беретін тілдік сауаты жоғары, кәсіби мамандардың аздығы, әдістемелік оқулықтардың жоқтығы, сағат сандарының жеткіліксіздігі тәжірибеге тосқауыл болатыны жасырын емес. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, ағылшын тілін үйренуде, ағылшын тілінде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын өз тәжірибемізде барлығымыз айдан анық көріп отырмыз. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға да әбден болады. Компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдануда үштілді білім беру мәселесін шешуге көмектесері анық.
Қорыта айтатын болсақ, үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеп өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беруіміз қажет.  Тек басшылық тарапынан мұғалімдерге қолдау білдіріп, қажетсіз қағаздардан арылтып, жеке жұмыс жасауына жағдай жасалса, тілдің тетігін табатын мұғалім де, оқушы да табылады. Қарапайым қағида осы.
Дереккөздер
http://group-global.org/ru/publication/66040-informatika-pnin-agylshyn-tilinde-okytu-mselelerihttp://ustaz-martebesi.kz/index.php/2013-11-19-09-01-21/item/658-%D0%B6%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83-%D0%BF%D3%99%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96-%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%88%D1%8B%D0%BD-%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5-%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%82%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D1%8B

Приложенные файлы

  • docx 19704023
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий