КАЗАК ТИЛИНЕ КИРИСПЕ ЕМТИХАН 100


Қазіргі қазақ тіліне кіріспе
1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
Тіл білімінің зерттеу нысаны – адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тіл. Сөйлеу әрекеті адамзаттың ойлау әрекетімен және басқа да психикалық әрекеттермен тығыз байланысты. Сөйлеу екі түрлі формада, яғни ішкі және сыртқы формада іске асады.
Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің негізі мақсаты - қазақ тілінің жеке тіл ретінде қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы, қазіргі қазақ тілінің фонологиялық жүйесі, лексикалық құрамы, номинация теориясы мен семантикалық өрісі, сөз таптарының морфологиясы мен сөзжасамдық жүйесі, құрылымдық грамматика мен функционалдық грамматика қағидаттарының негізігі мәселелері, қазіргі қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, социолингвистикалық, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттар туралы қысқаша мәліметтер беріледі.
Бұл пәнді оқытуда төмендегідей міндеттерді жүктеледі:
тілдің шығуы, тілдің мәні, табиғаты, тілдің қоғамда атқаратын қызметі туралы ақпарат беру;
тілдердің туыстық мәселесі, салыстырмалы-тарихи тіл білімі, дүние жүзі тілдерінің генеологиялық және типолгиялық классификациясы игерту;
жалпы тіл білімінің бір бөлігі жеке тіл білімі бастауын сонау көне түркілік қабаттан алатын қазақ тіл білімінің бірнеше ғасырлық даму тарихына және жазба мұраларына шолу жасау;
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сияқты қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан тілші ғалымдардың лингвистикалық бағыттары мен көзқарастарын бағамдау;
құнарлы да бай сөздік құрамын қамтитын сан алуан көпмағыналық пен синонимдік қатарға бай, орасан мол фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер қорына ие, сөз мағынасының семантикалық шеңбері кең, семантикалық тіркесімділік қабілетке ие, лексикологиялық біртұтастықтан тұратын тіл ретінде жүйелеп көрсету;
фонетиканың дыбыс, әріп, фонема, интонация, буын, графика сияқты өзіне тән фонологиялық жүйесін, сөз бен дыбыстың бірлігін, тіл дыбыстарының классификациясына назар аудара отырып жеке тіл ретінде зерделеу;
сөз тіркесі, сөйлем түрлері сияқты тұрақталған синтаксистік құрылымы мен жаңа көзқарастағы функциональды грамматика мәселерінен ақпарат беру;
семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдері бар жаңа сөз тудыруға қабілетті тіл ретінде тұжырымдау;
жалпы әдеби тіл ретінде өңделген, екшелген, стильдік тармақтары сараланған, заманауи сұраныстарға өзіндік дәрежеде жауап беретін ғылыми терминологиялық
қабаты мен коммуникативтік қызметке ие тілдік ресурстары мол жеке ұлттық тіл ретінде қарастырылады.
2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы : 1) тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп етуі мүмкін емес. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. 2) тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамның өмір сүруі үшін , адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.Тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасы: тіл – қатынас құралы.
Тілдің табиғаты, қоғамдық, әлеуметтік мәні және қызметі деген мәселелер – социолингвистиканың зерттеу мәселелерінің бірі.
Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм жеке бір ағым ретінде ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жарт. Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Тіл ғылымында көріне бастауы да осы кез. Тіл біліміндегі натурализм бағыты Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер есімімен байланысты. А.Шлейхер – салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі, тілдердің типологиялық және генеологиялық ұқсастықтарын талдаушылардың бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазу жолындағы зерттеулері арқылы тіл білімін дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады.
А.Шлейхер тіл біліміне біршама қате концепциялар да ұсынған болатын. Оның теріс көзқарасының бірі – тіл біліміне натуралистік көзқарасты енгізуі. Бұл бағытта жазылған еңбектерінің қатарына «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» жатқызуға болады. Бұл еңбектерінде ол «тілді табиги организм» деп анықтайды. Оның түсіндіруінше, тіл де табиғи организм сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді; ол да туады, өседі, қартаяды; табиғи организм болғандықтан, тіл жаратылыс заңына бағынады; соендықтан тіл білімі жаратылыстану ғылымдар тобына жатады, соның бір саласы, – дейді.
Ол тіл білімі тарихында биологиялық құбылысты қалыптастырумен қатар, тіл ғылымының мәселелері жөнінде өзіндік ғылыми жүйе жасаған адам. А.Шлейхер тұжырымдарының барлығы да тілдің өзіндік мәні жөнінде оның екі түрлі концепциясына: 1) тіл – ойды қалыптастыратын құрал; 2) тіл – жаратылыс организмдері ішіндегі ең жоғары организм дейтін концепцияларына негізделеді. Тілдің ойды қалыптастыратын негізгі құрал екендігі белгілі, алайда ол тілдің тағы бір негізгі қызметі «коммуникативтік қызмет» туралы ештеңе де айтпайды. Сонымен қатар ол тілдік өзгерістерді де теріс түсіндірді, соның нәтижесінде тіл тарихын жоққа шығарды. Тілдік өзгерістерді тарихқа дейінгі және тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі.
Сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы, синтаксистік қатынасы қалай жүзеге асуына байланысты дүние жүзіндегі тілдерді А.Шлейхер түбір тіл, қопармалы тіл және жалғамалы тіл деп үш түрге бөледі де, тіл дамуының үш түрлі сатысы деп көрсетеді.
Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі – ағылшын тілінің маманы Макс Мюлер. Ол да тіл білімін жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгерістер тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана деп қарайды, Бірақ М.Мюлер А.Шлейхердің тілді биологиялық организм дегеніне қосылмайды. Тілдің өмір сүруі тікелей қоғамға байланысты дегенмен, ол тілді зерттейтін ғылым – лингвистиканы табиғаттану ғылымдары қатарына қосады. Ол тілдің даму тарихын жай ғана өсімдіктердің, жануарлардың өсуі сияқты деп түсінді.
Натуралистерге қарсы күрес туын көтере дүниеге келген екінші ағым психологиялық ағым деп аталды.
Психологиялық көзқарас. Соңғы жылдары тілші-ғалымдардың назары адамдардың әлеуметтік, қоғамдық ортадағы тілдік қарым-қатынас орнатуына себеп болатын сөйлеу әрекетін жүзеге асыру процестері, атап айтқанда, айтылған хабарды тез қабылдауда, оны түсініп, оған жауап қайыруда адам жадында сақталған лексикалық бірліктердің (лексикон) ішінен айтылатын ойға сәйкес келетін сөзді дәл табуы сияқты мәселелердің шешімін табуға бағытталып отыр. Сөйлеу, сөйлесу процестерін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологияның қатынасынсыз шешу мүмкін емес. Өйткені тілдік жүйе адам санасында сақталады. Санада сақталатын зат пен оның атауының байланысы, біртектес көп заттарды жинақты бір ғана атаумен атауда басшылыққа алынатын олардың барлығына ортақ ең елеулі, басты белгілерін айқындау әрекеттері – психологиялық әрекеттер болып табылады.
Тіл біліміндегі психологизм бағыты ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушылардың қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды жатқызуға болады. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.А.Потебня, неміс ғалымдары В.Вундт, Г.Пауль т.б. қолдады. Г.Штейнтальдың тіл мәселелерін психологияның заң ережелеріне негіздеп шешетін концепциялары оның «Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің шығуы» (1851) т.б. деген еңбектерінде баяндалған. Бұл еңбектерінде Г.Штейнталь тілдің өзіндік сырларын жеке адамның психикалық күйі, сөйлеу әрекетін зерттеу арқылы ашпақ болады, «барлығының негізі – адам психикасы» дейді. Тіл біліміне натуралистік көзқарасты енгізушілер Дарвин іліміне сүйенсе, психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарға тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне, қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға, солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді. Жалпы алғанда, халық тілі, қоғам тілі деген – жалған сөз. Тіл ‒ жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады. Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп те аталады.
Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады. Индивидуалистік психологизм бағытын ұстанушы Г.Пауль: «Әрбір индивидуумның өзіндік тілі, ол тілдердің әрқайсысының өзіндік тарихы бар дейтін қағида талас туғызбайтыны шындық. Біздер қанша индивидуум болса, сонша тілдің болатындығын ажыратуымыз керек. Ал әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады. Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.
Психологиялық бағыт қазіргі заман тіл білімінде жоқ емес. Оның үлкен бір тармағы осы күнгі Америка лингвистикасынан берік орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың университетаралық семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды. Онда семинарға қатысушылардың бірлесіп қабылдаған теориялық тұжырымдары мен сөйлеу әрекеттерін эксперимент арқылы зерттеудің міндеттері баяндалған. Кітапта психолингвистиканың негізі – информация теориясы, ал оның бірден-бір нысаны сөйлеу әрекеттерінің коммуникативтік сипаты делінген. Америка психолингвистері тіл білімінің негізгі міндеті – тілдік сигналдарды кодқа түсіру, сөйлеу, сөйлесу процестерінің қалай болатындығын, сөйлеу, сөйлесу әрекеттерінің сөйлеушілер психикасымен қатынасын; қабылдау, түсіну процестерін зерттеумен ғана шұғылдану дегенді айтады. Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде, адамның интеллектуалды әрекеттерінің психикалық табиғатын зерттеудегі ғылыми танымның даму қажеттіліктерімен байланыстырады. Интеллектуалды әрекеттің жоғарғы психикалық қызметін атқарушы сөйлеу әрекеті және ойлау процесін жүзеге асырушы құрал ретінде тіл жүйесі ХІХ–ХХ ғғ. психологтар мен лингвистердің айрықша назарына ілінген мәселелер болатын. Осылайша, психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу, сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде өткен ғасырдың 50-жылдары екі ғылыми ілімнің, лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде пайда болған.
Тілдің қоғамда атқаратын негізгі және қосымша қызметтері бар. Тіл адамзат баласының бір-бірімен тілдік қатынас жасау қажеттілігі қоғамдағы атқаратын коммуникативтік қызметін негіздейтін болса, жеке индивидтің өз ойын қалыптастыруы мен сол ойды жарыққа шығаруы тілдің сигнификативті қызметін қалыптастырды.
3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
Жеке тіл білімі – бір немесе туыстас тілдердің құрылымдық-жүйелік сипатын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тіл білімінің міндеті – тілдік фактілер мен тілге тән құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және диахрондық жақтарына көңіл бөлу.
Жалпы тіл білімі – тіл білімінің теориялық-методологиялық негізі. Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең өзекті деген мәселелеріне назар аударады:
- тілдің мәні, табиғаты, тілдің қоғамда атқаратын қызметі;
- тілдердің туыстық мәселесі, салыстырмалы-тарихи әдіс, салыстырмалы-тарихи тіл білімі, дүние жүзі тілдерінің генеологиялық классификациясы;
- тілдердің құрылымдық-жүйелік, таңбалық сипаты, структуралды тіл білімі;
- жазу мәселесі, жазудың шығу тарихы, графика, әліпби;
- тіл мен сана, тіл мен ойлау, тіл мен болмыс, яғни тіл философиясы мәселесі;
- тіл мен мәдениет, тіл және этнос, тіл және социум мәселесі, антропоөзектік әдіс, антрополингвистиканың қалыптасуы.
Жалпы ғылым атаулы үлкен ірі екі топқа бөлінеді: қоғамдық және жаратылыстану. Тіл ғылымы қоғамдық ғылымдар қатарынан саналады. Тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді, өйткені ол қоғамға қызмет етеді.
Тіл қоғамдық ғылым саласы ретінде өз мәселелерін психология, физиология, логика, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдармен байланыса отырып шешеді. Мәселен, психология адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін қарастыруда тіл психологияның көмегіне жүгінеді. Осылайша, тіл білімінде психолингвистика қалыптасты.
4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
Адам баласы тілінің пайда болуы туралы мәселе ерте заманнан бері қарастырылып келеді. Солардың бірі дыбысқа еліктеу теориясы (аномапоэтикалық теория). Бұл теория XVIII-XIXғасырларда кең өріс алды. Дыбысқа еліктеу теориясын латын жазушысы Г. Лейбниц(1646-1716) жақтады. Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардың , мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын, құстың сайрауын ,т.б естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстар шығарады. Бұл теория бойынша, табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауларына айналған. Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, мияу-мияу, гу-гу, тәрізді сөздерден және олардан жасалған қорқылдау, тарсылдау, саңқылдау, қорылдау, сықырлау, мияулау, гуілдеу тәрізді сөздер бар екені рас. Бірақ, бұл теория қате. Өйткені, табиғаттағы басқа дыбыс шығармайтын заттар өте көп және олар атаусыз қала алмайды.
XVIII-XX ғасырларда кең таралған теориялардың бірі – тілдің шығуының эмоционалды теориясы. Бұл теорияны Ж.Ж.Руссо(1712-1778) жақтап, тілдердің шығуы туралы трактатында «құштарлық дауыстың алғашқы дыбыстарын шығарды», «алғашқы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды» деп жазды. Бұл да қате пікір. Ж.Ж.Руссоның «эмоционалды теориясы» XX ғасырларды одағай теориясына келіп алмасты. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар – одағайлармен білдірген. Эмоцияны білдіретін еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған деседі. Одағай теориясын жақтаушылардың бірі - орыс лингвисі Д.Н.Кудрявский (1887-1920) одағайлар адамның «ең алғашқы сөздері» болды; одағайларда дыбыс, леп, мағына алғашында бір-біріне кірігіп, кейін де одағайлардың сөзге айналу барысында дыбыс пен мағына бір-бірінен ажырасты деп тұжырымдайды. Бұл терияның қате екендігі мынада: одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді де, оның негізгі қызметі – коммуникативтік қызметін ескермейді. Тілдің қоғамдық қызметіне мән бермейді. Тілдегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды. Өйткені тіл эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы - қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқарады.
Тілдің шығуы туралы теорияларың бірі – қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы сөздерді өздері өзара келісіп таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасалған. Бұл теория ешбір дәлелсіз. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің шығуында адамдардың саналы қызметі айрықша қызмет атқарады деп ойлап саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді.
XIX ғасырда тұрпайы материалистер тілдің шығуы туралы еңбек айқайы деп аталатын теорияны(теория трудовых выкриков) ұсынды. Бұл теорияны филофоф Людвиг Нуаре жасады, оны Кард Бюхер жақтады. Бұл теория бойынша тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған. Тілдің шығуы туралы «еңбек» теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен қатар шығарған айқайынан, ең алдымен, етістік сөздер жасалған деп пайымдайды. Бұл теорияның қателігі авторлар тіл-қатынас құралы екенін ескермейді, тілді тек көмекші құрал ретінде қарастырады.
5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
Генеалогия термині грек тілінен аударғанда шығу тегі деген мағынаны береді. Генеалогиялық топтастырулың басты мақсаты – дүниежүзі тілдерінің шығу тегіне , туыстығына, ортақ базалық лексиканың болуына негізделеді. Тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға , топтарға бөліп топтастырылады.
Үндіевропа тілдер семьясы. Үндіевропа тілдерінің құрамына туыстас тілдердің төмендегі топтары мен жеке тілдер енеді. Үндіевропа тілдері үлкен 10 топқа бөлінеді: индия тобы, иран тобы, славян тобы, балтық тобы, герман тобы, роман тобы, кельт тобы, грек тобы, албан тобы, армян тобы.
1)Индия тобы. Бұл топта мына тілдер енеді: бенгали тілі (Индия мен Пакистанда), маратхи тілі (Индияда), пенджаби тілі (Индия мен Пакистанда), лахнда тілі (Пакистанда), синдхи тілі(Индия мен Пакистанда), раджастхани тілі (Индияда), гуджарати тілі (Индия мен Пакистанда), сингаль тілі (Цейлонда), непали тілі (Непал мен Индияда), бихари тілі(Непал мен Индияда), т.б.Индия тобына санскрит, пали, пракрит деп аталатын өлі тілдер де енеді. 2)Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: фарсы тілі(Иранның мемлекет тілі), пушту (пашто) тілі (Ауғанстанның мемлекет тілі), балучи (белуджи) тілі (Пакистан, Ауғанстан, Индия мен Иранда және Түркменияның кейбір аудандарында), тәжік тілі(Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда), курд тілі (Түркияда,Иран, Ирак, Сирия, Армения, Әзірбайжан , Грузия), Памир тілдері (шугнан, рушан,бартанг, сарыколь, язгулем, ишкам, вохан тілдері) Бұл тілдерді саны жағына өте шағын этникалық топтар сөйлейді. Иран тобына қолданылудан қалған, тек жазба ескерткіштер арқылы танылатын өлі тілдер: ежелгі фарсы тілі, авести тілі, миди,скиф, алан, пехлевн, парфян , согди, хорезм, бактри тілдері жатады. 3)Славян тобы. Тілдердің славян тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тобына енетін тілдер:орыс тілі (Ресейде, бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларында, Америка елдері) –Кеңес Одағының ұлтаралық тілі, халықаралық тілдердің бірі , украин тілі (Украинада, КСРО-ның басқа республикаларында, Польша, Чехословакия, Румыния, Венгрия, Югословакия, АҚШ , Канада), белорус тілі (Белоруссия және КСРО); ә) оңтүстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі (Болгарияда, Югославия және КСРО), македон тілі(Югославия), сербохарбат тілі( Югославияда,сербтердің жазуы орыс алфавитіне, хорваттардың жазуы латын алфавитіне негізделген); б) батыс славян тобына енетін тілдер: чех тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Чехословакияда, АҚШ-та),поляк тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Чехословакияда, Франция, Канада). 4)Балтық тобы. Литва тілі (Литвада, АҚШ), латыш тілі (Латвияда), прус тілі(өлі тіл). 5)Герман тобы. 3-ке бөлінеді: а) солтүстік герман(скандинав) тобына енетін тілдер: дат тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Данияда, АҚШ-та), швед тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Швеция, Финляндия, және АҚШ), ә) батыс герман тобына енетін тілдер: ағылшын тілі (жазуы латны алфавитіне негізделген; Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка Одағы) – халықаралық тіл, голланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген , Голландия, Канада, АҚШ, Бразилия және КСРО); б) шығыс герман тобына енетін өлі тілдер: вестгот тілі, остгот тілі. 6)Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Франция, Алжир,АҚШ), провансаль тобы (оңт-шығ Франциядағы Прованс аз ұлттардың тілі), итальян тобы (жазуы латын алфавитіне негізделген, Испания, Франция, Швейцария, АҚШ, Арменипя, Аргентина), испан, каталан, португаль, румын, молдаван, аромун , рето-роман тілі, латын(өлі тіл) тілдері жатады. 7)Кельт тобы. Өз ішінде 3 топқа бөлінеді: а) гаэль тобына енетін тілдер: ирланд тілі (жазуы латын, Ирландия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада), шотланд тілі ,ә) бритт тобымен енетін тілдер: бретон тілі(Францияда), уэльс тілі(Ұлыбританияда); б) галль тобына енетін галль деп аталатын өлі тіл енеді. 8) Грек тобына жаңа грек тілі (XII ғасырдан басталады, Греция, Кипр, Түркия, КСРО, АҚШ), көне грек тілі (өлі тіл) мен византи тілі (өлі тіл) енеді. 9) Албан тобына албан тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Албания, Югославияда). 10)Армян тобына армян тілі (Арменияда, Сирия мен Иранда) енеді.
6.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы.Алтай тілдері семьясы. Генеалогия термині грек тілінен аударғанда шығу тегі деген мағынаны береді. Генеалогиялық топтастырулың басты мақсаты – дүниежүзі тілдерінің шығу тегіне , туыстығына, ортақ базалық лексиканың болуына негізделеді. Тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға , топтарға бөліп топтастырылады. Алтай тілдер семьясы үлкен 3топқа бөлінеді: түркі тілдер тобы, тұңғыш-маньчжур тобы, моңғол тілдер тобы. Түркі тілдері. Тюркологияда түркі тілдерінің әр түрлі классификациясы бар. Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хун бұтағы және шығыс хун бұтағы деп бөледі де, әрбір бұтақты бірнеше топқа бөліп, былайша топтастырады: А.Түркі тілдерінің батыс хун бұтағы. Бұған енетін тілдер топтары: 1)Булгар тобына чуваш тілі (Чувашия, Башқұртстан, Татарстан, Ресей) енеді; 2)Оғуз тобына енетін тілдер: түрікмен тілі (Түрікменияда, Өзбекстанда, КСРО, Иран, Ауғанстан), гагауз тіл (Украина мен Болгарияда), балқан түркілерінің тілі, әзірбайжан тілі (Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан, Иран), түрік тілі (Түркия, Кипр, Греция, Ирак, Сирия, Болгария); 3)Қыпшақ тобына енетін тілдер: қараим тілі (Литва мен Украинада), құмық тілі (Дағыстанда, аз бөлігі Шешен республикасы мен Ингушетияда және Солтүстік Осетияда), карачай-балқар, татар тілі (Татар, Башқұрт, Чуваш, Саратов, Астрахань), қарақалпақ тілі, башқұрт тілі, қазақ тілі (Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен Ресейдің кейбір аудандарында, Қытай мен Моңғолияда), ноғай тілі , қарақалпақ тілі (Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облыстарында, Түрікменстанның Ташауз облысында), 4)Қарлұқ тобына енетін тілдер: өзбек тілі(Өзбекстанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қарақалпақстанда; Қытай мен солтүстік Ауғанстанда), ұйғыр (жаңа ұйғыр) тілі (Қытайда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанда). Б.Түркі тілдерінің шығыс хун бұтағы. Бұған енетін тілдер: 1)Ұйғыр-оғуз тобы: тува тілі (Тувада, Моңғолияда), тофа тілі (600 шамасында адамы бар этникалық топтың тілі, Краснояр өлкесінде), якут тілі (Якутияда, Краснояр өлкесінде, Магадан, Сахалин, Амур облыстарында), шор тілі, хакас тілі (Хакас автономиялы облысында), чулым тілдері жатады. 2) Қырғыз-қыпшақ тобы; бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі(Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Моңғолия, Ауғанстанда), алтай тілі (Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында). Түркі тілдерінің жазулары орыс алфавитіне негізделген Түркі тілдеріне жазба ескерткіштерде сақталған мынадай өлі тілдер енеді: орхон, қыпшақ, шағатай, көне ұйғыр,т.б. Түркологияда түркі тілдерінің бұдан басқаша түрде жасалған классификациялары да бар. Бұл ретте: Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородийкий, С.Е.Малов, т.б.ұсынған классификацияларды атауға болады. Моңғол тілдері. Бұлардың құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі(жазуы бұрын моңғол алфавитіне , ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген; Моңғол Халық Республикасында), бурят тілі (Бурят автономиялы республикасында, Иркут облысы мен Чита облысыда, Моңғолия мен Қытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген, Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахань, Ростов, Волгоград облыстары мен Ставрополь өлкесінде, Қытайда). Тунгус-маньчжур тілдері. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді: 1)Тунгус тобы және оған енетін тілдер: эвенк тілі (Краснояр өлкесінің Эвент ұлттық округі, Бурят, Якут, республикаларында, Иркут, Чита, Томск облыстарында), эвен тілі (Камчат, Магадан облыстарында), 2) Маньчжур тобы және оған енетін тілдер: нанай тілі (Хабаровск өлкесінің Ульч ауданындағы этникалық топтың тілі), орок тілі (саны 400адам, Сахалин аралында)
7. Қазақ тілінің генеалогиялық классификациядағы жүйесі мен орнын айқындаңыз. Түркі тілдерінің тілдік құрамын анықтау Махмұд Қашқариден басталады. А.Н.Самойлович қазақ тілін территориялық жағынан Солтүстік-батысқа , этникалық негізі бойынша қыпшақ тобына жататын , фонетикалық белгісі бойынша сөз ортасы мен соңында ғ,г дыбыстарының орнына у жартылай дауыстысын, морфологиялық белгісі бойынша өткен шақ есімшені –ған, яғни ғ дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып табылады. Қыпшақ тобының ішінде қыпшақ-ноғай деп қаралатын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері этногенездік бірлігі олардың құрамына енген рулар арқылы дәлелденеді. Тілдік жағынан қазақ тілі оқшау тұрады да, қарақалпақ, ноғай тілдері бірыңғай болып келеді. Бұл екі топ арасындағы фузияға байланысты: қазақ тілінде фузияда л/д/т варианттары бар (бала-лар, стол-дар, ат-тар), қарақалпақ, ноғай тілдерінде жоқ, қазақ тілінде келер шақ –ады формасы арқылы жасалса, қарақалпақ, ноғай тілдерінде –аджақ(ажақ) тұлғасы арқылы беріледі. Дегенмен, қалыптасуы бойынша қазақ және қарақалпақ тілдері бірге де,этнологиялық географиясы жағынан куман қыпшақтары, яғни «Кодекс Куманикус» , «Игорь полкі туралы сөз» поэмасындағы түркі сөздерінің иесі – половец қыпшақтарымен жақындығы барын ұмытуға болмайды. С.Е.Малов қазақ тілін былайша топтастырды: 1) сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ,г дауыссыздарының дауыстыға жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға ауысуы не ауыспай қалуы; 2)түпкі созылыңқылардың болуы, болмауы; 3)жаңа тілдерде ұяң дауыссыздардың сан жағынан көп болуы, көне тілдерде қатаң дауыссыздардың көп болуы; 4)екі буынды түбірлер құрамында рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркестерінің сақталуы. Осы белгілер бойынша С.Е.Малов түркі тілдерін ең көне, ескі, жаңа, ең жаңа топтарға жіктейді. Өйткені «жаңалықтың» белгілері: сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ,г дауыссыздарының жартылай дауыстыға айналуы, түпкі созылыңқылардың болмауы тәрізді белгілер қазақ тіліне тән. Алайда, бұл келтірілген классификацияларда негізгі мәселе ескерілмеген. Ол – халықтардың тарихы, тілдердің қалыптасу, даму тарихы. Н.А.Баскаков классификациясы қазақ тілінің барлық заңдылықтарын жинақтай келе, олардың даму қалыптасу заңдылықтары бойынша былай дейді: «Қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс Хун тармағының қыпшақ тілдік тайпалық бірлестігінің құрамында қалыптаса бастаған. Қыпшақ бірлестігінің негізінде қалыптасқан қазақ тілі XIV-XV ғасырларда сонау Алтын Орда, Ноғай ордасында, Ақ Орда , Өзбек хандығында, қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі мен солтүстік-щығысында болған Моғолстанда, Ақсақ Темір құрған мемлекеттен де бастау алса керек».
8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
Қазақтың тарихи арнасы мен дереккөздеріне б.з.д. VІІ–ХVІғасрлада әр қилы мазмұнда, әртүрлі сипатта жазылған ескерткіштер жатады: Орхон-Енисей (көне түркі жазбасы), ескі ұйғыр жазбалары, Талас-Мойыншу ескерткіштері,қазақ фольклористика тарихының іргесін ұстап тұрған аңыз-әңгімелер , Орта ғасырдың басында жазылған «Диуани лұғат ат-түрк», «Құтты білік», «Даналық кітабы»,«Кодекс Куманикус», «Таризи Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Махаббатнама», «Хұсрау-Шырын» көне және орта ғасыр поэзиясымен жалғаса келе ата-баба мұрамыз- жыраулар поэзиясына келіп саяды.
Кодекс Куманикус (лат.Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында)жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы«Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. Аударылымдары. Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне, 1880 жылы латын тіліне, 1884 жылы неміс тіліне, 1936 жылы түпнұсқа түрінде бір рет жарық көрді, 1942 жылы қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.Ерекшелігі. Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б
«Кодекс Куманикус» ескерткішінен табиғат атауына қатысты сөздіктер төмендегіше:
Бақам – қарағай ағашының бір түрі
Бақами – пиния ағашына тән
Йаз – жаз
Йамгур – жаңбыр
Күзүн – күзде
Күтов – жайылым
Қайа – жартас
Қам – өрдің қасы
Қом – толқын
Қыслов – қыстау
Орман – орман
Орленс – орленс(жердің аты)
Өкүз – өзен
Тав/у/л – дауыл
Таг – тау
Тарлов – егіс егілетін жер
Боллақ – бұлақ
Бурчақ – бұршақ
Йазы – жазық дала
Бұл сөздіктің арасынан фузиялық ерекшеліктер мен метатезалық өзгешеліктер кездеседі. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілердің көбі сөз ортасында айтылатын ң дыбысын нг (кейде мг) дыбыс тіркесінің жаңа көрінісі, соның фонетикалық ықпалдасуының нәтижесі деп қарайды. Бұл өзгешелікке сөздіктердің арасынан йамгур – жаңбыр сөзі келеді.
9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығы олардың туыстығына байланыссыз зерттейді. Тілдерге типологиялық классификациясында мына бір жайды ескермеске болмайды: белгілі бір тілде тілдердің бір емес, бірнеше типіне тән ерекшеліктер мен белгілер ұшыраса береді. Тілдерге типологиялық немесе морфологиялық классификация жасау XIX ғасырдан басталады. Неміс лингвисі Фридрих Шлегель (1772-1829) санскритті грек тілі, латын тілі және түркі тілдерімен салыстыра келіп, тілдердің екі түрлі типібар деп есептеледі: оның бірі – флективті тілдер, екіншісі – аффикстендірілуші тілдер. Ф.Шлегель ұсынған классификацияны өңдеп және толықтыра келіп, Август Шлегель (1767-1845) тілдерді үш түрлі типке бөліп топтастырады. Тілдердің ол типтері мыналар: 1)флективті тілдер, 2)аффикстендірілуші тілдер, 3)аморфты тілдер. А.Шлегель морфологиялық және синтаксистік қатынас сөздердің орын тәртібі арқылы берілетін қытай және үнді-қытай тілдерін аморфты тілдер қатарына жатқызады. Ағайынды Шлегельдердің флективті тілдер мен агглютинативті тілдердің және даралаушы тілдердің арасындағы айырмашылықтарды көрсетуі белгілі дәрежеде дұрыс болғанымен,ол тілдердің құрылымын түсіндіруі және тілдердің бір типін артық, екінші типін кем деп бағалауы мүлдем қате пікір болып табылады. А.Шлегельдің қытай тілін аморфты тіл деп атауы да дұрыс болмай шықты.
Вильгелм Гумбольдт (1767-1835) «Грамматикалық формалардың шығуы және олардың идеялардың дамуына әсері туралы» (1822) деген еңбегінде және «Ява аралындағы кави тілі туралы» еңбегінің кіріспесінде тілдерді 4 түрлі топтастырады: 1.даралаушы тілдер, 2.агглютинативті тілдер, 3.флективтендіруші, 4. Инкорпоравтинтендіруші тілдер. Гумбольдттың дәлелі дұрыс болмай, көзқарасы дәлелсіз қалды.
Тілдердің типологиялық классификация жайындағы шолуды жинақтай келгенде, тілдерді типологиялық тұрғыдан мынадай типтерге ажыратуға болады.
1.ДАРАЛАУШЫ ТИП. Даралаушы тілдердің қатарына вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя-полинезей тілдері және Батыс Африканың кейбір тілдері енеді.Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді, сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық-айқын емес. Сөздік құрамында бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тәсілдердің ішінде қабысу негізгі тәсіл ретінде қызмет атқарады, қиысу тәсілі ұшырамайды. Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация арқылы беріледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде біріктіру тәсілі қолданылады.
2.ПОЛИСИНТЕТИКАЛЫҚ ТИП. Полисинтетикалық тілдердің қатарына америкалық индеецтердің тілдері, полеозиат тілдері (ительмен тілі, чукот тілі, коряк тілі, нивх тілі, юкагир тілі) жатады. Полисинтетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады. Флективті тілдер мен агглютинативті тілдерде немесе түбір (даралаушы) тілдерде сөйлеммен айтылатындар полисинтетикалық тілдерде бір сөзбен де беріледі. Мысалы, чукот тілінде ты-ата-каа-нмы-ркын деген сөз «мен семіз бұғыларды өлтіремін» дегенді білдіреді.Мұның құрамындағы ты-бірінші жақтың көрсеткіші,ркын-етістіктің жұрнағы, ал басқа сыңарлары есім түбірлер.
3.АГГЛЮТИНАТИВТІ ТИП. Агглютинативті тілдердің қатарына түркі тілдері, моңғол тілдері, угро-фин тілдері жатады. Агглютинативті тілдерде грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі. Мысалы, қазақ тілінде ту деген сөзге бірнеше аффиксті жалғап, ол сөзді туыс, туыстар, туыстарым, туыстарымнан деген түрде айтуға болады. Туыстарымнан деген сөздің құрамындағы ту морфемасы – негізгі морфема да, қалғандары-көмекші морфемалар(аффикстер). Негізгі морфемаға жалғанып тұрған –ыс –зат есім тудыратын жұрнақ, -тар-көптік жалғауы, -ым-тәуелдік жалғауы, -нан-шығыс септік жалғауы.Агглютинативті тілдерде сөздерге аффикстер жалғанып, сөздің түбірінің дыбыстық құрамы күрделенгенмен , сөздің түбірінің дыбыстық құрамы, негізінен алғанда өзгермей сол күйінде қалады.
4.ФЛЕКТИВТІ ТИП. Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі, және т.б. тілдер енеді. Флективті тілдерде грамматикалық мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да (мысалы: окно-окон, избегать-избежать), аффиксация тәсілі арқылы да (мысалы: охотник, охотника, охотнику, охотником) беріледі. Агглютинативті тілдерде сөз құрамында аффикстердің әрқайсысы көбінесе дара мағыналы болып, бір ғана қызмет атқарса, флективті тілдерде бір аффикс бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, охотники деген сөздің құрамындағы и аффиксі әрі атау септікті , әрі көптікті білдіреді. Флективті тілдерде аффикстер префикс,суффикс, инфикс деп бөлінеді, соған орай сөз құрамында әр түрлі орындарға ие болады.
10. Агглютинативті және флективті тілдер туралы мәлімет беріңіз..
АГГЛЮТИНАТИВТІ ТИП. Агглютинативті тілдердің қатарына түркі тілдері, моңғол тілдері, угро-фин тілдері жатады. Агглютинативті тілдерде грамматикалық мағыналар түбірге аффикстердің жалғануы арқылы беріледі. Мысалы, қазақ тілінде ту деген сөзге бірнеше аффиксті жалғап, ол сөзді туыс, туыстар, туыстарым, туыстарымнан деген түрде айтуға болады. Туыстарымнан деген сөздің құрамындағы ту морфемасы – негізгі морфема да, қалғандары-көмекші морфемалар(аффикстер). Негізгі морфемаға жалғанып тұрған –ыс –зат есім тудыратын жұрнақ, -тар-көптік жалғауы, -ым-тәуелдік жалғауы, -нан-шығыс септік жалғауы.Агглютинативті тілдерде сөздерге аффикстер жалғанып, сөздің түбірінің дыбыстық құрамы күрделенгенмен , сөздің түбірінің дыбыстық құрамы, негізінен алғанда өзгермей сол күйінде қалады.
ФЛЕКТИВТІ ТИП. Флективті тілдердің қатарына орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі, және т.б. тілдер енеді. Флективті тілдерде грамматикалық мағыналар ішкі флексия тәсілі арқылы да (мысалы: окно-окон, избегать-избежать), аффиксация тәсілі арқылы да (мысалы: охотник, охотника, охотнику, охотником) беріледі. Агглютинативті тілдерде сөз құрамында аффикстердің әрқайсысы көбінесе дара мағыналы болып, бір ғана қызмет атқарса, флективті тілдерде бір аффикс бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, охотники деген сөздің құрамындағы и аффиксі әрі атау септікті , әрі көптікті білдіреді. Мұнымен бірге, флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, осымен байланысты көптеген сөздер аффикссіз дербес қолданыла алмайды. (мысалы: писать, письмо, писание; дети, детство, детский). Флективті тілдерде аффикстер префикс,суффикс, инфикс деп бөлінеді, соған орай сөз құрамында әр түрлі орындарға ие болады.
11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
ДАРАЛАУШЫ ТИП. (ТҮБІР ТІЛДЕР) Даралаушы тілдердің қатарына вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, таи тілі, тибет тілі, малайя-полинезей тілдері және Батыс Африканың кейбір тілдері енеді.Даралаушы тілдерде сөздер түрлене бермейді, сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық-айқын емес. Сөздік құрамында бір буынды омонимдес сөздер өте мол, олар бір-бірінен музыкальды екпін арқылы ажыратылады. Синтаксистік тәсілдердің ішінде қабысу негізгі тәсіл ретінде қызмет атқарады, қиысу тәсілі ұшырамайды. Синтаксистік қатынастар даралаушы тілдерде сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация арқылы беріледі. Сөз тудырудың ең басты тәсілі ретінде біріктіру тәсілі қолданылады.
ПОЛИСИНТЕТИКАЛЫҚ ТИП. Полисинтетикалық тілдердің қатарына америкалық индеецтердің тілдері, полеозиат тілдері (ительмен тілі, чукот тілі, коряк тілі, нивх тілі, юкагир тілі) жатады. Полисинтетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады. Флективті тілдер мен агглютинативті тілдерде немесе түбір (даралаушы) тілдерде сөйлеммен айтылатындар полисинтетикалық тілдерде бір сөзбен де беріледі. Мысалы, чукот тілінде ты-ата-каа-нмы-ркын деген сөз «мен семіз бұғыларды өлтіремін» дегенді білдіреді.Мұның құрамындағы ты-бірінші жақтың көрсеткіші,ркын-етістіктің жұрнағы, ал басқа сыңарлары есім түбірлер.
12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
Көне дәуір ескерткіштерінің қатарына «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Күлтегін», «Тоныкөк»жырлары, «Қорқыт ата кітабын» жатқызуға болады.
«Алып Ер Тоңға» дастаны-түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі әдебиетінің қаһармандық жыры. Дастанның басты қаһарманы – Алып Ер Тоңға. Аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Есіміндегі «алып» сөзі – күшті, мықты, қайратты деген мағынаны білдірсе, ал «ер» сөзі – қаһарман, батыр, жаужүрек деген мағынада қолданылады. Оны парсылар Афрасиаб деп атаған. Алып Ер Тоңғаның 4 баласы болған: Барсхан, Қарахан, Шиде, Алақ. Елін , жерін қорғаған Алып Ер Тоңғаға өз балалары әрдайым көмектесіп, ел қорғауға ат салысады. Шайқастардың бәрінде Алып жеңіп, өз қайсырлығын көрсетеді. Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі – батыр шешуші шайқасқа келгенде қорқынышты түс көреді. Дастанда жау алдынан шыққан Алып әскері жеңіске жетеді.
«Күлтегін» жазба ескерткішкіші – Моңғолиядағы Қарабаласан қаласының қираған орнынан 40км жерде, Орхон өзенінің бойында орнатылған. VIII ғасырдағы ежелгі жазба ескерткіш. Күлтегін – Ілтеріс қағанның кіші ұлы. Жазбада тарихи оқиға баяндалады. Оны алғаш тауып, ғылым әлеміне мәлімдеуші – орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар ол «Үлкен жазу» деп аталса, сол жақ бетіндегі 13 жол жазу «Кші жазу» деп аталады.
Кіші жазу – 13жолдан тұрады, мұнда Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған жөніде біраз сөз болады. Оның таққа отырғандағы , батыс және шығыс, оңтүстік және солтүстік арасындағы халықтарға, әсіресе тоғыз оғыз бектеріне, өз тумалары мен жақындарына жасаған үндеуі баяндалады.
Үлкен жазу – 40жолдан тұрады. Мұнда түркі қағанатының өткен өмірі, тарихы туралы қыруар мағлұматтар беріледі. Күлтегін 5 жаста, Білге 7жаста еді. Білге де Күлтегін де өте әділетті қолбасшылардың бірі болған.
«Тоныкөк» жазба ескерткіші – Екінші түрік қағағының саяси , қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. «Тоныкөк» жазба ескерткіштеріндегі афоризмдер, мақал-мәтелдері беретін келе қазақ ақын жазушылары поэзиясында көркемдік дәстүр жалғастығын тапты. «Ер қанаты – ат» екені, шайқасқа нағыз тұлпар таңдауы, елән сыртқы жаудан қорғауы, шайқасы, халық құрметіне бөленуі сөз болады.
«Қорқыт ата кітабы» - VIII ғасырдағы Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші, ойшыл философ, халық қамқоршысы, ақын, дарынды данышпан, түрік дәстүрін , салтын, әдетін, сенімдеріне, басқа халықтардан айырмашылығын,қоғамдық мінездемесін еңбектерінде айтқан, оны күні бүгінге дейін жеткізген өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Кейбір зерттеушілер оның әзірет пайғамбар заманында өмір сүргенін айтады. Осы күнге дейін Дрезден қаласында 12жырдан тұратын және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді, қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. XIX ғасырда бұл жазба ескерткіштерді зерттеп, аударған академик Бартольд, Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тіліне тұңғыш рет 1986 жылы аударылды. Дастанда Қорқыт ата мәңгілік өмір іздеуіш мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер ретінде суреттеледі. «Қорқыт Ата кітабы» 12 жырдан тұрады: Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, Салар Қазанның ордасында жау шабу туралы жыр, Хан Бураның баласы Басмы-Бейрек туралы жыр, Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқындалуы жыр, Бұқа Қожаның ұлы Домсауыл туралы жыр,Қаңлы Қожаулы Хан-Тұралы туралы жыр, Қазылық қожа ұлы Йгүнек туралы жыр , Бисаттың Дөпе-Гөзді өлтіргені туралы , Бегіл ұлы туралы Әмірен сияқты т.б. жырлар.
Орта Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын, түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін салушы- Жүсіп Баласағұн. Х-ХІ ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда, арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының шығармашылығынан сусындап, өзі де сол дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан өнерге, білімге деген құштарлығы сол тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатуқ Боғра ханның сарайында білім алып, қызмет етуге деген қызығушылығын туғызған. ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет, ғылым-білім саласында басқа қалаларымен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын. Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б. шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұн да осы қалада білім алып, өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады. Өсе келе әке жолымен «Құсайынның дерті» дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің әйгілі шығармасы Құдатғу білікті 1069-1070 жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық, моральдық-этикалық қағидаларды қамтитын бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады. Құдатғу , құт , бақыт , құтты , ал екіншісі сөз - білім деген мағынаны білдіреді. Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген ортадағы түркі халықтарының 500-ге тарта мақал-мәтелін пайдаланады.
Солардың ішінде қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір түйінді, тұжырымды, нақылға бергісіз қанатты сөздерді қалыптастырған.
"Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Осы ретте автордың жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Дастанның басты мақсаты- бақытты қоғам, құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баяндайды. Кітапта көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, дерексіз атаулар көптеп кездеседі. Соның ішінде дерексіз есімдерге толығырақ тоқталып өтсем.
Жалпы дерексіз атаулар дегеніміз – көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін ұғымдар. Еңбекте жиі кездесетін осындай дерексіз атаулар мыналар: Ақыл, білім, ғылым, ой, сана, ес, әділет, имандылық, адамгершілік, бақ, дәулет, қанағат, береке, атақ, даңқ, намыс, парыз, ерлік, батырлық, адалдық, жамандық, жақсылық, өнер, сабыр, өкініш, бейнет, қайғы, бақыт, ашу, көңіл, мейірім, ажал, өлім, өмір, қайрат, бірлік.
Енді осы дерексіз атаулардың дастандағы үзінділіерінен мысал келтірсек:
1. Кітап атын «Құтадғу біліг» қойдым,
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың.
2. Адалдықтың арты қалды, көзі жоқ,
Қарақшы- арам, әттең тоқтау тезі жоқ.
3.Кім білікті аты даңққа бөленер
Кім өнерсіз, ат- атақсыз көнерер
4. Жұрт алдында аузыңды бақ лепірме,
Кісі үйінде сөз қадірін кетірме
5.Ақыл- шырақ қара түнді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын.
6.Жамандық от ол күйдірір болар
7. Ашуда- сақ, сабырлы бол сасқанда.
8. Жамандық- у, уды жеуге болмайды.
Дастанда сонымен бірге, кез-келген жұмыр басты пендеге қажетті асыл қасиеттер, иманды мінез-құлықтар жиынтығы дидактикалық мәнерде, былайша жырланады:
«Дүние қума, тірлігіңді тәрк етпе,
Баянсыз ол, қор етеді әл кетсе.
Сыннан өткен кісілермен жолдас бол,
Пайдасы-мол, ал араммен оңбас жол.
Жақсы-жаман келсе- қарсы ал, қарама,
Аузыңды бақ, бойыңды бер қазаға!»
Біздің ойымызша, «жақсы-жаман» дегенде, автордың айтпағы өмірдің ащысы мен тұщысы, қайғысы мен қуанышы болса керек.
Кей сөздердің этимологиясы.
Қайғы. Дүние жүзі еңбекшілерін қамықтырған ұлы қазаға бүкіл қазақ баласы да қайғы- қасірет шекті.(Қаратаев). Тува тілінде хай бооп- уайымдау деген сөз, хай- бәлә- бақытсыздық, моңғол тілінде гай- бәле, сор деген сөз. Сонымен тіліміздегі қайғы сөзі моңғол,тува тілдеріндегі осы мағынадағы хай, гай сөзімен түбірлес болуы тиіс. Қайғы сөзікөптеген түркі тілдерінде (Ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрікмен) бар.Қайғы зат есімі- қазақ тіліндегі -ғы жұрнағынсыз(қай емес)
қолданылмайды.
Ес: Ес көру, ес тұту. Қазіргі қазақ тіліндегі ес сөзі өз алдына жеке тұрып айтылмайды. Ол бірліжарым етістік сөздердің шылауында жүріп қана, немесе түрленген күйінде қолданылады..(Көңіл қойма, ол опасыз, ессіз ол). Басқа түркі тілдерінде бұл сөз еш (Түрік лоонар), эш (өзбек), ши (көне түркі, башқұрт), ес (қарақалпақ ) деген формада келіп, мынадай мағыналар беру үшін жеке- дара тұрып айтыла береді. Мысалы: үлкен, ересек адам( есі бар).
Құтты білік:
Түркі тіліндегі сөзөнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірігей бітімді поэзия шығармасы.
Дастанның бүкіл мазмұны ел бірілгін сақтап, елді құтайтуға , қорғауға, өнер ,ғылым, білімді дамытуға шақырады.
Заманның, уақыттың, озмыштығына ойшылдықпен мән берген дүниенің асыл мәнін байсалды түсіндірген ақылман дастан.
13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
«Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі – қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының лингвистикалық мол мұрасы қамтылған. Қашқари алғаш рет дүниежүзі түркі халықтарының диалектологиялық және атлас картасын алғаш рет сызған ғұлама.
«Диуани лұғат ит-түркте» 29 тайпаның аты, 262 мақал-мәтел, 6600 түркі сөзіне араб тілінде түсініктеме берілген. Мәселен, 675 сөз, 60 мақал-мәтел оның ішінде қазіргі қазақ тіліндегі нұсқасымен сәйкес келеді.
Қашқаридің бұл еңбегі туралы А.Н.Кононов : ««Түркі тілдерінің сөздігі» Xiғ. Түркілердің өмірі, материалдық-мәдени тұрмысы, мәдениет бұйымдары, этнонимдері мен топонимдері , түркі адамдарының қызмет дәрежесі, ру-тайпалар туралы туыстық және жекжаттық атаулар, тағам-сусын түрлері , үй жануарлары мен жабайы жануарлар, құстар, мал шаруашылығы терминдері, өсімдік дақылдары, астрономия, халықтық күнтізбелер, ай-апта атаулары, географиялық терминдер, күн аттары, номенклатура, ауру түрлері, дәрі атаулары, анотомиялық терминология , минералдар мен материалдар туралы, әскери спорт термині , әкімшілік құрылысқа байланысты тарихи және мифтік қаһармандар есімдері, діни және этностық , балалар ойындары мен ермектері, т.б. мол қамтылған.
Еңбекте кездесетін мақал-мәтелдер:
1.Құс қанатымен, ер атымен
2.Заман өтер, кісі тоймас
Адам баласы мәңгі қалмас.
3.Адам аман болса , өмірде көп көрер.
4.Алушы – арыстан, беруші – тышқан
5.Аш не жемес, тоқ не демес
6.Аурудың өсиеті ізгілік болар.
7.Адам аласы ішінде,Жылқы аласы сыртында
8.Күліп келген адамның бетіне күл шашпағын,
Жақсылық ет қашан да, қалыбыңнан аспағын.
9.Ізгілік болса, ер өлмес
Іштік болса, ат жауыр болмас
10.Өмірді білмесең – білімің жоғалар,
Талғамды қашан да бос. Деген сияқты мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері дидактикалық, философиялық ойлау жүйесіне құрылған секілді.
М. Қашқари кітабы 8 бөлікке бөлінеді:
1)Хамза кітабы (Әліптен басталатын сөздер);
2)Салим кітабы (құрамында вав, йай, жоқ сөздер);
3)Музағаф кітабы (қосар дыбысты сөздер);
4)Мисаль кітабы (йай әрпінен басталатын сөздер);
5)Үш әріпті кітап;
6)Төрт әріпті кітап;
7)Мұрын жолды дыбыстар кітабы;
8)Қос дауыссыз дыбысты кітап.
М.Қашқаридің «Диуан лұғат әт-түрк» еңбегі аз зерттелген жоқ. Түрік ғалымы К.Рифат 1915-1917 жылдары Диуанды алғаш рет баспаға әзірлеп, жарияланғаннан бастап қазіргі күнге дейін әлемде М.Қашқари мен оның Диуаны туралы мыңнан астам еңбектер мен мақалалар жарияланған екен. Бұл еңбектердің көпшілігі түркі тілдес халықтар өкілдерінің өз тілдері және орыс тілдерінде жариялаған зерттеулері. Соынмен қатар, неміс, ағылшын және араб тілінде жарияланған еңбектер бар.
Диуанды кең көлемде зерттеген ғалымдардың ең алғашқысы түрік ғалымы – Басым Аталай. Ол «Диуан лұғат әт-түрк» кітабын Түркия түріктерінің қазіргі тілінде тәржімалап, 1939-1941 ж. аралығында 3 томы мен индекс сөздігін жарыққа шығарды. Ол Диуанның аудармасының алдына 30-беттен тұратын ғылыми кіріспе жазып, онда Қашқаридің Диуаны және Орта ғасырдағы түркі тіліне арналған басқа да еңбектер туралы құнды мағлұматтар берген.
М.Қашқариді зерттеген атақты ғалымдар қатарында: К.Броккельман, Г.Бергштрессер, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, А.М.Кононов, С.Мутталипов, А.Алиев, Е.Фозелов, Имин Турсун, Құрбан Вали, Осман Мерсултан, Қ.А.Байрамов, Ж.И.Жафаровтарды атауға болады. М.Қашқариді және «Диуан луғат әт-түрк» сөздігін зерттеумен айналысып жүрген әзербайжандық жас ғалым Ж.Казимов М.Қашқаридің сөздігі туралы әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген мыңнан астап еңбектерді атайды. Араб лингвистерінің арасынан мысырлық акдемик Махмуд Фаһми Хижази кең көлемде бірнеше мақалалар жариялады.
М.Қашқаридің еңбегін зерттеген Қазақстан ғалымдары туралы қысқаша тоқталып кетейік. М.Қашқариді алғаш зерттеген қазақ оқымыстысы Халел Досмұхамедұлы еді. Ғалым 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуан луғат ит-турк» атты мақала жариялады. А.Егеубай «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі көркемдік жүйесі» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
Ауызша тіл. Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан бірыңғай нормалары бар. Солар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады. Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп, үйлесе айтылады. Тіл-тілдің әрқайсысында жазылуы мен айтылуында айырмашылықтар болатыны рас. Бірақ әрқашан бұлай бола бермейді. Мысалы, қанқұрт, сөнбеді деген сөздердің жазылуына қарап, орфоэпиялық жақтан дәл осылай оқу дұрыс емес болғандықтан, оларды қанғұрт, сөмбеді деп айтуға тура келеді. Бұлай болатындығы мынадан: қанқұрт деген біріккен сөздің бірінші сыңарының соңғы үнді дыбысы (н) өзінен кейін келген қатаң дауыссызға әсер етеді де, ол дыбыс (қ) ұяң дауыссызға (ғ) айналады. Ал сөнбеді деген сөздің сөмбеді болып айтылуы дауыссыздардың бірыңғай еріндік болып үндесуіне байланысты келеді.
Қазақ тілінің ауызша тілі бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы сөйлеуде түсіп қалады. Мысалы, торы ала ат, бара алмады, келе алмады, бала ісі, бері отыр деген тізбектер торалат, баралмады, келалмады, балісі, беротыр түрінде айтылады. Міне, осылайша біздің ауызекі тіліміз орфоэпия ұғымымен тығыз байланысып келеді.
Жазба тіл. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретің құрал. Жазу өте ерте заманда пайда болып, мыңдаған жылдар бойы дамып келеді. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазуды мынадай 4 түрге бөледі: 1)пиктографиялық жазу, 2)идеографиялық жазу, 3)буын жазуы, 4)әріптік немесе дыбыстық жазу.
Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі, суретке негізделген жазу. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, малдың, қайықтың, тоғайдың суреттері қолданылған. Пиктографиялық жазуды аң аулайтын, балық аулайтын халықтар көп қолданылады. Пиктографиялық жазудың түрін қазір де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, дүкендер мен шеберханалардың жарнамасындағы аяқ-киімнің, бас киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың пиктографиялық сипаты бар.
Идеографиялық жазу – таңбалары идеограммалар. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы – таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді. Жазудың идеографиялық түрін қазіргі тілдегі сандардың таңбаларынан көруге болады. Мысалы: «5» деген цифрді алайық. Бұл цифрдың сандық мағынасынан орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр елде әр түрлі: орысша – пять, қазақша – бес, ағылшынша – five.
Буын жазуы. Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан 3 топқа бөлінеді:
1.Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары
2.Эфиопия, индия (брахма, кхарошти) буын жазулары
3.Жапон буын жазуы мен лигатуралы дыбыстық жүйе.
Әріп жазуы. Әріп жазуының пайда болуы бүкіл дүниежүзілік мәдениеттіңн дамуы үшін үлкен маңызы болды. Әріп жазуы – ең оңай жазу. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, сонымен бірге , олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын дәлме-дәл береді. Ертедегі әріп жазуы (финский, ежелгі еврей, арамей жазулары) консонатты-дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде болып қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда , ол дауыстылар түрлене отырып туынды сөздің әр түрлі грамматикалық формаларын береді.
Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады,біріне кейін бірі орналасып, алфавитті құрайды. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп бар. Латын графикасы арқылы орыс не өзге тілдерден енген кірме сөздерді, неологизмдерді, көптеген сөздер мен терминдерді дұрыс айтуға мүмкіндік береді. Қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті 1940 жылы қабылдады. Орыс графикасында 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тіліндң жоқ дыбыстарды таңбайлайтын 9 әріп алынып , саны 41-ге жетті. Осының нәтижесінде халық дұрыс жазу мен дұрыс оқуға бейімделді. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын нақты белгілегейді.
15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгерлері Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және Шоқан Уәлиханов еді.
Абай Құнанбаев. Абайдың шығармашылық жолына түсуіне себепкер орыс әдебиетінің классик жазушылары – Пушкин, Лермонтов, Крылов , т.б. еді. Тұрмыс қайғысын езілген еліне түсіндіру, олардың көзін ашып, көңілін оятуды басты мақсат тұтты. Абай «соқтықпалы соқпақсыз» жерде өсті, отаршылдар билеген ауыз заманда өмір сүрді. Ел дертіне ем болар, түскен еңсесңне дем болар қуат – оқу, өнер деп, оның жаңа түрін, жетілудің тың жолын ұсынды. Ақын өзінің жастық шағы мен ер жеткен кезін, кездескен қиындықтарын аша түсіп:
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етек басты көп көрдім елден бірақ, - деп түйді.
Абай өлең өнерінің игі мақсаттарын айқын түсініп:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін, - дейді.
Абай қазақ болыстарын, қазақ билерін былайша сынайды:
Қайнайды қаның.
Ашиды жаның,
Мінездерің көргенде, - деп ашына наразылық білдіреді.
Абай ел мұңын, халық тілегін болыс-билеушідерге білдіргісі келіп:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!...
Өзімдікі дей алмай өз малымды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, - дейді.
Абай күздің қураған сұрғылт күз суретіне астастыра кедей тұрмысын, оның жұпыны өмірін, жетім-жесірді бейнелейді:
...Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Абай өлеңдеріндегі негізгі елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі – қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл,-дейді.
Абай дүниенің қызығы, өмірдегі жан тыным табар жұбаныш достық өмірде деп білген:
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда мақтан – бәрі тұл
Доссыз ауыз тұщымас.
Абай дәулеттің ең маңыздысы, асылы – білім деп біледі:
Ғылым таппай мақтанба,
Балалықты қойсаңыз.
Болмаса да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда? – деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз!
Абай еңбексіз адамның азғын екенін айтады:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі – «Желсіз түнде жарық ай».
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, - дейді.
Абай өлең туралы пікірін былайша қорытады:
Туғанда дүние есігің ашады өлең,
Өлеңмен жер бетіне кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Ұлы Абайдың келер ұрпаққа мол мұра қалдырғаны сөзсіз. Оның алуан тақырыптардағы өлеңдерінен басқа, философиялық-дидактикалық тұрғыдан көрініс беретін ғақлиялары, поэмалары, нақыл сөздері мен афоризмдері жетерлік.Абай шығармаларының шалқар көзі дәуірінің қасіреті мол шырайсыз шындығында жатыр. Ақын өмір теңізін кешіп жүріп, оның терең тұңғиығынан көрініс табады.
Ыбырай Алтынсарин.Заманның ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалар үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Ыбырай көрнекті ақын, жазушы. Өз өлеңдерінде оқудың пайдасын, өнер-білімнің маңызын аса қатты түсінді. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінш мақсат етті: Өнер-білім , бәрі де, Оқуменен табылар... Кел , балалар оқылық!, Оқысаңыз , балалар, Шамнан шырақ жағылар! , - дейді. Дүниедегі адам көзі бақ пен дәулетке тоймайлы. Сондықтан адамға қайыр, рақым керек. Онсыз ол адам атағынан айырылады дейді Ыбырай: Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Қартаймақ, қиын сауда тағыңызда. Іске аспай бақ, дәулеттің қалуы оңай, Басыңнан бағың тайған шағыңызда. Ыбырай-жаңашыл жазушы. Ол ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, білім, тәрбие, мәдениет мәселелерін жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Ыбырайдың «Өзенінде» керемет табиғат бейнесі суреттеледі: Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айналай сәуле беріп жарқыраған . Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты, Аралап тау мен тасты арқыраған. Ақын өлеңдерінің көпшілігі – тәлім – тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сонымен қатар, Ыбырай керемет прозашы. Ыбырай әңгімелері өз ішінен 3 топқа бөлінеіді: новелла, ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер. Оның «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», т.б. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршіліктерімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де босқа жүруге тиіс емессің, жұмыс істеуге дағдылану керек деп, балаға түсінікті , әсерлі мысалдармен еңбек туралы ой салады. «Байлық» деген әңгімесінде: ерте кездегі бір дана адам өлер алдында баласына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар. Соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың»,-дейді. Әлгі бала әкесі өлгеннен соң, ертелі кеш үйінің маңын қаза беріпті. Бірақ көмілегн жерден ешнәрсе таба алмапты. Ақыры көпті көрген бір қарт адамға келіп, әкесінің өсиеті туралы айтады. Сонда қария тұрып, «Балам , сен, әкеннің өсиетің түсінбеген екенсің. Оның мәнісі былай. Әкеі саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеңінше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең , уақытыңда өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа душар боласың. Аш та, жаланаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте дегені осы» , - деген екен. Ыбырайдың «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесі кәсіп мәселесі мен отырықшылық тұрмысқа айналу қажеттігін сөз қылады. Бір жерді түпкілікті мекен еткен, көшіп-қонуды қойған ел үшін киіз үйден ағаш үй әлдеқайда артық. Ал киіз үй тек жаз салтанаты үшін ғанакерек. Сөйтсе де, мал баққан шаруаға ол әлі де қажет. Сондықтан, киіз үйіңді де сақта,керек жеріне пайдалан. Өз еліңнің бойындағы жарамды салты мен керекті бұйымдарын жоймай, басқа елдердің жетістіктерімен ұштастыра қолдана біл және оған сені ерінбей еңбек еткен,кәсіп қана жеткізеді деп білдіреді. Ыбырайдың мейірімділік пен жоғары адамгершілікке баулитын әңгімелерінің бірі – «Аурудан аяған күштірек». Әңгімеде баласының анасына деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі сөз болады. Жазушы өзгеге мысал болар бір өмір көрінісін алып, шағын әңгімемен терең ой түйеді. Жазушының кейбір әңгімелері озбырлыққа , өсек-өтірікке, көпірме бос сөзге, қулық-сұмдыққа, қанағатсыздыққа қарсы жазылған. Жазушы сараңдыққа, салақтыққа, тәкаппарлыққа, еріншектікке, арсыздыққа қарсы «Тәкаппарлық», «Сараңдық пен жинақтылық», «Өтіріктің залалы», «Сақып» тағы басқа көптеген әңгімелер жазды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсағаны көрінген азамат Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ! Шоқан Уәлиханов – заманның жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы, қазақтың этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан – қазақтың демократтық сынын бастаушы, кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші , публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс халқына танытушы. Шоқанның көпке мәлім еңбектерінің ішіндегі мәдениетімізге қатысты еңбектері: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ халқы арасындағы қалдығы», «Елдегі мұсылманшылдық туралы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамиғ-ат-тауарихтан», «Алтиы шаһардың хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Көкенай ханның өлімі», «Құлжа күнделітері» және басқалар. Бұл еңбектердің қазақ тарихы , ғылымы үшін маңызы зор. Ал әдебиетке байланысты: «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», «Бұқардың Абылайды жоқтауы», «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» секілді еңбектерінен көрініс табады. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады: а)Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар , олардың шығармалары туралы; б)Қырғыз бен қазақ халықьтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер; в) Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер. Шоқанның ең маңызды сіңірген еңбегі – ауыз әдебиетін жинаушылық. Ол –халық жырларын, аңыз-әңгімелері мен ертегілерін жиып, пікір айтқан талантты фольклорист. «Өлі мен тірі», «Абылай мен оның батырлары», «Феодалдық кезеңнің кейбір батырлары туралы», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары», т.б. Шоқан қазақтың суырып салма ақындарының ішінде Шөже, Жанақ ақындардың дарындылығын олардың шыққан тегін байланыстыра шебер ашады. Жанақтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» жырлап өткен өз кезінің ірі суырыпсалма ақыны болған. «Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сөздер жоқ, бұл таза тіл» , - деп ой түйеді. «Тарихи жағынан , - деді ол, - қазақтың поэтикалық рухы өте тамаша: 1)ақындардың есте сақтағыштығы ғажап болғандықтан, батырлардың жорығын сипаттайтын көне заманның жырлары тіл жағынан заман үшін біраз ескергенімен, Алтын Орда кезіндегі тарихи шындықтың айқын бейнесін көрсетеді. 2) Әр заманда өмір сүрген ақындар өз кезінің оқиғаларын халық ұғымына тамаша дастандармен сіңіреді. 3) Әдет-ғұрыптар мен салт – заңдарын өз бойына түгел сыйғызған мақал-мәтелдер мен поэмалар мұрасы болып табылады.
16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды.
Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8] әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.
Байтұрсынов емле қағидаттары туралы мақаласында ең алдымен қисық көрінетін, қате емлеміз деп мынаны көрсетеді: «лер» орнына «дер», «тар», «лар» деп жазғанымыз. «Үш түрін жазғанша, «лар» деп бір ақ түрін жазса болмай ма?» деген. Бұл дұрыс болар еді, егерде сөздің бәрінің аяғы дауысты дыбыспен не жарты дауысты дыбыспен біте берсе. Сөздің аяғы дауыссыз дыбыспен де бітетін жері болады, һәм сондай жерде қазақта «лар» орнына «дар» я «тар» жазылады. «Аналар», «балалар», «аталар» деген сөздер «лар»мен жазылады деп «маллар», «нанлар», «атлар» деп жазу керек деген сөз дұрыс болмас.
Дұрыстыққа салып тура көзбен қарағанда, тіл турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық дыбыстарды [н] көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстарды [н] ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа түріктер.
Қазақ әліпбиіне шығарылған әріптері
1)Һ. Бұл әріптің дыбысы қазақ тілінде бар. Шаршағанда «уһ», өкінгенде «аһ», жақтырмағанда «түһ» дейміз.
Бұл әріпті қазақ әліпбиінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып еді. Аз болғанмен, тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетін көрінеді.
2)Х. Бұл «қ»-ға жақын жыбыстың әрпі. Қалың қалай? – Халың қалай? Құрметті – Хұрметті. Қажы – хажы.
3)Ф. «П»-ға жақын дыбыстың қарпі. Телепон-телефон, Сапа-сафа, Қаріп-харіф, Апат-афат.
4)Ч. Бұл «ш»-ға жақын дыбыстың қарпі.
17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
Фольклор (халық ауыз әдебиеті) мен жыраулар поэзиясы тілінің мынадай басты ерекшеліктері бар:
1)Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім, ал жыраулар шығармасы авторы бар мұралар және ең маңыздысы, әр автордың шығармалары өзінің композиция, мазмұн, идея, көркемдік тәсілдері тұрғысынан бір-бірімен ажыратылып тұрады, демек, жыраулар поэзиясының даралық шығармашылық сипаты бар.
2)Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларында көптеген дәстүрлі образдар, бір шығармадан екіншілеріне көшіп отыратын дайын қалыптар, жеке сөздер мен фразеологизмдер ортақ болып келеді, олар біріне бірі ауысып та жүреді. Ал жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: біріншіден, жыраулар тілінің негізгі көзі – ауыз әдебиеті тілі, соның қазынасы. Екіншілен, авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр түрлі ұоспалардың болуы әбден мүмкін.Бірақ қайткен күнде де жыраулардың әрқайсысына тән өзіндік сөз қолданыстары бар екені хақ.
3)Жыраулар поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеуші сарын халық ауыз әдебиеті тілінен қарағанда күшейе түседі.
1)Фольклор мен жыраулар поэзиясының ең басты ұқсастығы - екеуі де ауызша лтаралып, ауызша сақталады. Осының салдарынан уақыт өткен сайын олардың текстері біртіндеп өзгеріп, біртіндеп жаңғырып отырады.
2)Қазақ халқының өткен дәуірлердегі негізгі шаруашылық күн көрісі малға, мал өсіретін кеңістік пен табиғатқа қатысты болғандықтан, фольклор мен жыраулар поэзиясындағы образдардың да басымы осы саладан алынады. Оған дәлел ретінде метафора, теңеулердің дені мал, оның ішінде жүйрік ат, нар, бота, қозы атауларымен берілетінін келтіруге болады. Мысалы: «Алпамыс» жырында «жалғыз ұлы бар еді, жалғыз да болса нар еді»-деп бейнелейді. «Жылқы ішінде алады, қылшық жүнді қарады» деген жолдар кездеседі. Жау боп тиген батырды «Отарда жатқан жылқымның отарын бұзған кім едің? Жусап жатқан жылқымның жусауын бұзған кім едің?» деген образдармен бейнелейді.
3)Фольклор мен жыраулар тіліндегі ерекшеліктің бірі – стереотипті формулаларды қолдану. Бұлар жырдан жырға көшіп отыратын әбден тұрақталған композициялар. Мысалы: буырқанды, мұздай темір құрсанды, қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды, т.б. сияқты жыр сайын кездеседі деуге болады.
18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
Функционалды грамматика (лат. Functio − орындау орыс. функциональная грамматика) – грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) және олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды грамматика әр тілдің әртүрлі деңгейлеріне қатысты, лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бәрі де семантикалық қызметінің ортақтығы нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады [24, 389]. Функционалды грамматиканың негізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында қалыптасқан ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды грамматиканың бастауларын әріден іздеген дұрыс. Мәселен, орыс тіл білімінде тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов және А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыда қарастыруда В.В.Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпы алғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегі Л.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады
А.Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде имплицитті түрде (ара-тұралап болса да) функционалдық грамматиканың мәселелерін де қозғайды: кейбір грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта қарастырады. Мысалы етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте оның өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, деңгейлік, ырықсыз етіс деген төрт түрі сөз болса, “Тіл − құралда” бұл сан едәуір көп. “Етістікте он түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс” [1, 42].
Функционалды грамматиканың жүйесін тануда әрі зерттеуде семантикалық категориялар мен оның тілдегі көрінісі мұрындық болады. Бұл грамматиканың концептуалды негізін мына үштіктен көреміз: “семантикалық категория, функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), категориялды жағдаят (КЖ)”. ФСӨ пен КЖ шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірліктері мен категориялар, лексика-грамматикалық әрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі аты аталған грамматиканың функционалдылық табиғатын кеңейте түседі.
19. Түркі тілдерінің классификациясы
Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.
Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.
Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.
Осы заманғы классификация
Ең соңғы деректерге сай (B. Johanson-Csató, The Turkic Languages 1998), Түрік тілдерінің топталуы келесі түрде жасалынады (қолданушылар саны 2006 ж. бойынша берілген):
Түркі тілі
•Оғырша (немесе Бұлғарша)
•Бұлғарша (жоғалған), Шуаш тілі (2,2 млн.)
•Қыпшақ тобы (Солт.-Батыс тобы)
•Батыс: Қырымлы тілі (500.000), Қүмық тілі (280.000), Қарашай-Балқар тілі (250.000), Қарайым тілі (жоғалуға жақын)
•Солт.: Татар тілі (8,0 млн.), Башқұрт тілі (2,2 млн.), Құман тілі (жоғалған)
•Оңт.: Қазақ тілі (12 млн.), Қырғыз тілі (4,5 млн.), Қарақалпақ тілі (400.000), Ноғай тілі (70.000)
•Оғыз тобы (Оңт.-Батыс тобы)
•Батыс: Түрік тілі (70 млн., екінші тіл ретінде 80 млн.), Әзірбайжан тілі (30 млн., екінші тіл ретінде 35 млн.), Гагауыз тілі (330.000)
•Шығыс: Түрікмен тілі (6,8 млн.), Хорасан тілі (400.000 ?)
•Оңт.: Қашқай тілі (1,5 млн.), Афшар тілі (300.000), Айналды тілі (7.000), Соңғор тілі (?)
•Салар: Салар тілі (60.000)
•Ұйғыр тобы (Оңт.-Шығыс тобы)
•Шағатай Шағатай тілі (жоғалған)
•Батыс: Өзбек тілі (24 млн.)
•Шығыс:
•Көнетүркі тілі (Орхон-Көк, Енисей-Көк, Көне Ұйғырша, Қарахан тілі) (жоғалған)
•Ұйғыр тілі (9 млн.)
•Жұғыр тілі (Батыс-Жұғыр) (5.000)
•Айну тілі (Айну) (7.000)
•Іле түркі диалекті (100)
•Сібір тобы (Солт.-Шығыс тобы)
•Солт.:
•Якутша (363.000), Долған тілі (5000)
•Оңт.:
•Енисей Хақас тілі (65.000), Шор тілі (10.000)
•Саян Тува тілі (200.000), Тофа тілі (Қарағас тілі) (жоғалған)
•Алтай Алтай тілі (75.000) (диалекттері: Ойрот тілі; Тыуа тілі, Құманда тілі, Қу тілі; Телеуiт тілі, Төлеңгiт тілі)
•Шұлым Шұлым тілі (500)
20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
Фонология(гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.
«Фонология» термині өз ішінде екі мағынада қолданылады:
1. дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі;
•2. тілдің абстрактілі жүйесінің дыбыстық деңгейі, яғни тілдегі фонемалардың ғылыми моделі.
Фонология зерттеуі
Фонология дистингтивті, делимитативті және кульминативті қызметтерін атқару тұрғысынан маңызды болып табылатын тілдің дыбыстық элементтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттейді:
•Дистингтивті (ажырату) қызметіне сөз, морфема сияқты мағыналық бірліктерді фонетика жағынан ажыратып танып-білу және семасиологиялық жағынан басқалармен теңдестіре отырып айыру жатады.
Осыған байланысты дистингтивті қызмет перцептивті (танып-білу) және сигнификативті (мағына ажыратушы) түрлерге жіктеледі.
•Делимитативті (белгілеу) қызметі бойынша фонемалардың сөздер мен морфемалар аражігін көрсетуі қарастырылады.
Мысалы, қазақ тілінде сөз соңында ң, ғ, ә, о, ұ, ү фонемалары кездеспейді.
Ал сөздің соңғы буындары екпінмен ерекшеленіп, созылыңқы айтылады.
•Кульминативті қызметінде фонемалар сөздің тұтастығы мен ерекшеленуін қамтамасыз етеді. Қазақ тілінде кульминативті қызмет сингармонизм арқылы көрінеді. Яғни, бір сөз не толық жуан, не толық жіңішке дыбыстармен айтылу арқылы тұтас бірлік болып, ондағы дыбыстар бір әуезбен айтылады.
Қазіргі қазақ Фонологиясы қазақ тілі дауысты және дауыссыз фонемалар жүйесінің тілдік парадигмасы мен синагматикалық қатынасын, сонымен қатар басқа да мәселелерді зерттеп келеді.
21. Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.
Мысалы: Үндістанда мемлекеттік тіл ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыстық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің мемлекеттік тілі араб тіліболғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы” мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын мемлекеттік тілге көшіру кезеңін бастан өткеруде.
Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөзбен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. Мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократиялық қоғамды белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебеге (статус) беру оның басқа тілдерге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыздың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) мемлекеттік тіл функцияларын орындады. Орыс тілінің осындай ерекше ролі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздер үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты "көпұлтты" және "көптілді" деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югословия т.б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өздерінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мүндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ. Сол себептен Қазақстанда мемлекеттік қостілділік қабылданбай, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл болып жарияланды.
Билингвизм — қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы. Әсіресе екі тілді қатар пайдаланатын өнер қайраткерлерінің шығармашылығына ерекше назар аударатын ғылыми бағыт. Әуезов те сондай тұлғалардың санатына жатады. Ол «Абай»[2]трагедиясын орыс және қазақ тілінде бір мезгілде жазды. «Қасеннің құбылыстары», «Қынаптан қылыш», «Бекет», «Райхан», «Қалқаман-Мамыр» т. б. шығармаларын өзі орыс тіліне аударды. Әдеби мақалалары мен зерттеулерін, публицистикалық очерктерін екі тілде бірдей жазды. Қостілді жазушыларды құрмет тұтқан: «Бауыржан Момышұлының қазақ тілін өте жақсы білсе де, орыс тілінде одан да тамаша жазады» деп баға берген. Әуезовтің өзі түркі тектес тілдердің барлығында да еркін сөйлейтін болған. Бұл оның әдебиет пен мәдениеттік даму жолы мен өзара байланысын терең біліп, бағалауына ықпал жасаған.
•Жасанды билингвизм - егде жаста екінші тілді бір тілдік ортада немесе екі тілдік ортада ұйрену мәтижесінде қос тілді бірдей жетік меңгеру
22. Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды қ1. Тіл білімі және салалары
Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.
Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:
Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:
Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.
Латыннан крилл жазуына кешу.
Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады.
Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.
Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельн
ұрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
1. Тіл білімі және салалары
Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.
Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:
Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:
Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.
Латыннан крилл жазуына кешу.
Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады.
Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.
Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.
Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді.
Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде алдық.
Отандық түркологиядағы сияқты фонетикалық зертлер қазақ тілі білімінде де аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар барлық. Қазан революциясына дейінгі дәуірдегілерден И.Ильминский, П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырымыздың бас кезінен бастап, 1927 жылға дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, Кеңес дәуіріндегілерден Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А-Қошқаров, т. б. атауға болады.
Ғылыми фонетикамыздың дамуына аз да болса үлестерін қосқан басқа да ғалымдар жоқ емес, біз солардың ішінен фонетика мәселелерімен кебірек айналысқан, арнайы зерттеген және өздерін осы саланың маманымыз дейтін ғалымдар еңбектеріне ғана тоқталдық.
Қазақ лексикологиясының зерттелуі.Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын әлем лингвистикасында орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды басшылыққа алғандары шындық.
Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын айқындау істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді.
Казіргі заман лингвистикасы лексикографияның негізгі объектісі болып есептелетін сөздіктерді, алды энциклопедиялық сөздік, лингвистикалық сөздік, екі кесек топқа бөледі.
Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.
Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып есептелсе де, әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С.Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С.Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”,- деп сипаттай отырып, тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек, тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат неқұбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:[өңдеу]
1.Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;
2.Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
3.Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
4.Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс.Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.
Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат несигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең, ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т.б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін оларды денотаттық(заттық),сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. Фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесініңжасалуында семантикалық негіз бар.
•Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база — белглі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
•Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс — Қосымшалар.
•Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение — сөз тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып табылады.
•Сөзжасамдық мотивация орыс. словообразовательная мотивация, орыс. motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу
•Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа — туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т. б. — бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін сөзінен туып түрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі.
•Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ — осы кунгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан көріктендіруі иілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр. Мэселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін, алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты уйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі уйы- түбірі емес, уйыт- туындысы, ал оның тудырушы негізі — уйы- түбірі.
•Сөзжасамдық тип орыс. словообразовательный тип — белгілі бір сөз ғабына жататын сөздердің құрылымдық желісі. Әр тип өзінің жасалуына арқау болған сөздердің сөз табы жағынан бірынғай болуымен, негіз сөз бен туынды сөздің мағына жағынан бір-біріне қатыстылығымен және ұқсас форманттарының материалдық, сементикалық бірлігімен сипатталады. Сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Мысалы: қуаныш, өкініш, суйініш сөздері бір тип жасайды, тудырушы ненгіздері бірынғай етістіктер, туынды заттық мағыналары нақты қимыл-әрекетті білдіретін мағыналарға негізделген, тудырушьі қосымшалары бірыңғай дерексіз зат есім тудыратын -ыш, -іш жұрнақтары.
•Созжасамдық тізбек орыс. словообразовательная цепочка — бір-бірімен жүйелі дәйектілік қарым-қатынаста болатын, бірінен-бірі туындап отыратын түбірлес сөздердің тізбегі. Бір түбірдің туа отырып, өз ішінде көп тармақты болып келеді. Мысалы: сез — сезік, сезікті, сезіктілік; сез — сезім, сезімді, сезімділік; сезім — сезімтал, сезімталдық; сезім — сезімшіл, сезімшілдік т. б.
•Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация — түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы анықталады (көл — көлшік): Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негіз сөзден сөз тудырушықосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, Сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады.
26. Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамның психологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
27. Лингвомәдениеттану саласы әлемдік тіл білімінде ХХ ғасырдың басында қалыптасып, бірқатар тілші-ғалымдардың қызығушылығының арқасында жеке ғылым саласы ретінде өз мәртебесін алды.
Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua -тіл, Gultura - мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің торысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда атаулы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалаушы ғалым В.Н.Телия: "Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолигвистиканын бір бөлшегі". - деп көрсетеді. Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл білімінде теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Вороьбев оны "металингвистика" ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: "Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)"
Ресейлік ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: "Лигвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке"
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы біршама зерттеліп, оған берілетін анықтамалардың легі де жинақталды. Мәселен, А. Сейілхан мынадай анықтама береді: Лингвомәдениеттану- ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика – жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Сондықтан Э-лық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенін көреміз. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканы тілдегі этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің қосындысы деуге болмайды. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың “Қазақтар ана тілі әлемінде” атты 4 томдық Э-лық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде Этнолингвистика мәселелері проф. І.Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретінде М.Копыленко,Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиет үлгілерінен, лексикограф. еңбектерден, т.б.) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік – оның тілдік объектілер мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай қарастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады.
28. Концепт ұғымға синоним ретінде қолданылады. 2. Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық) және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы. 3.Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология, адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын «әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді.
Өз жұмысымызда когнитивтіктен гөрі мәдени концептілік мәселесін жеке автор тілінен іздейміз. Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығы бейнеленеді. Біздің мақсатымыз — М.Дулатұлын қазақ ұлтының бөлшегі ретінде қарап, оның тіл ерекшелігіндегі мәдени концептілердің жүйелік өзгешелігін ашу. Себебі адам — өз ұлттық мәдениетін бойына жинақтаушы субьект. Мәдени концептке ұлттық мәдениетке жататын барлық ерекшеліктер тән: 1) ұлттық ойлау; 2) ұлттық қабылдау; 3) ұлттық этикет; 4) ұлттық сөйлеу; 5) ұлттық ой қорыту; 6) ұлттық діл; 7) ұлт ұстанатын дін ерекшеліктері. М.Дулатұлының ағартушылық еңбектеріндегі «ұлтсүйгіштік, ұлтқа жаны ашушылық» концептілер ерекше түрде келеді. Бұл концептілердің мәнін айқындауды көкейкесті, қызықты, игілікті, борышты іс деп ұғыну қажет. Сонымен концепт туралы ойларды қорыта айтқанда, концепт жайлы А.Вежбицкаяның анықтамасын келтірген дұрыс деп есептедік: «Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі»
29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
Қазақ фонетикасының өзі зерттеген өзекті мәселелерін де автор кітабында қамтуға тырысқан. Мұны қазақ фонетикасы саласындағы бас-аяғы бар тәмамдалған еңбек десек болады. Кітаптан үндестік заңы, екпіннің сөз ішіндегі орны туралы қысқа да болса нұсқа түсінік алуға болады.
Қазақ тілінің дыбыстық құрылымын талдау барысында сөз дыбыстарының мағына ажыратуға қатысты жағын да назардан тыс қалдырмаған. Мағына жағынан сөздердің бір-бірінен дараланып тұруы үшін оның барлық дыбыстарының өзге сөзден түбегейлі өзгерісі болуы шарт емес, сөз құрамындағы бір ғана фонеманың өзге сөздікінен өзгеше болуы олардың семантикасын ажыратуымызға жетіп жатыр дейді Қ.Жұбанов.
Мәселенің ғылыми жағына еш нұқсан келтірместен, фонеманың осындай қасиетін оқулығында шәкірттерге ұғымды тілмен түсіндіріп береді. Сөйтіп, Қ. Жұбанов жалпы фонологияның өзекті бір түйіні – фонеманың жай-жапсары туралы байыпты қорытынды жасайды.
Ғалымның фонеманың сандық және сапалық құрамы жөнінде де айтқан сындарлы пікірлері бар. Қай тілді алсаңыз да сөз дыбысы атаулы сан жағынан толып жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей фонемалық қасиетке ие емес. Сөздердің мағыналық тұрғыдан бір-бірінен ажырата көрсетуге қабілетті дыбыстар аса көп емес. Қ. Жұбановтың бұл тұжырымдары жалпы фонологияның принциптерімен сабақтасып жатыр.
Оқулықтың авторы қазақ тілі дыбыстарының құрамын дауысты, дауыссыз және үнді (сонор) дыбыстар деп аталатын үш топқа бөледі. Тілдің сөйлеген кезде жоғары көтерілу, төмен түсу ыңғайына қарай а/ә, о/ө, е дауыстыларын толық дауысты, ы/і, ұ/ү дауыстыларын келте дауысты деп атайды. Yнсіз дауыссыздарды екі жікке ажыратып, б, д, ж, з, ғ, г дауыссыздарын ұяңдар тобына, п, т, ж, с, қ, к дауыссыздарын қатаңдар тобына жатқызады. Жасалу жолына қарай п-б, т-д, қ-ғ, к-г дегендерді үздікті дауыссыз, с-з, ш-ж дегендерді үздіксіз дауыссыз деп бөлген.
Yнсіз дауыссыздарды жасалу орнына қарай көмей, тіс, ерін дауыссыздары деп аталатын үш топқа ажыратады. Оқушылардың түсінуіне жеңіл келу үшін дыбыстардың өзара жіктелісін әдейі қарапайым үлгіде жеткізуге тырысқандығы көрінеді.
Yнді дауыссыздарды Қ.Жұбанов алдымен тура жолды сонорлар, айналма жолды сонорлар деп екі топқа бөліп, оның алғашқысына ү, и, кейінгісіне р, л, м, н, ң дауыссыздарын жатқызады.
Соңғы топтағы сонорларды әрмен қарай ауыз жолды, мұрын жолды деп екіге айыра көрсетеді.
Ұзын сөздің қысқасы, Қ.Жұбанов дыбыстардың жасалу жолдарын жан-жақты қарастыра келе, олардың толық топтастыру жүйесін жасап берген. Лингвист ғалым өзінің бір тиянақталған еңбегін қазақ сөзінің буынын зерттеуге арнады. Буын жасауға қатысатын дыбыстарды санына қарай қазақ тіліндегі буынды төртке, ал дыбыстардың буын ішінде орналасу тәртібіне қарай үшке бөледі. Қазақ сөзіндегі буын санының сөз ішіндегі дауыстылардың санымен бірдей болатындығы жөнінде толық мағлұмат береді. Буынның түрлері оның құрамына енетін дыбыстардың бір-бірімен тіркесу ыңғайына тәуелді. Буындардың бірімен-бірінің бірігіп, жымдасып кететіні де, бірімен-бірінің орындарының ауысып қолданылатын кездері де бар. Қазақ тілі буын құрылысының бұл да бір ерекшелігі деуімізге болады.
Профессор Қ. Жұбанов бұл саладағы зерттеулерінде қазақ тіліндегі буындардың бірігуі немесе олардың орын алмастыруы, сондай-ақ екпін, әсіресе сингармонизм заңы секілді құбылыстардың һәммесі сөз элементтері арасында берік байланыстың болуы үшін қызмет ететін категориялар деген ғылыми қорытынды жасайды. Қ. Жұбанов қазақ фонетикасының пәнін анықтап, дыбыстардың жіктеліс жүйесін саралауда қисапсыз мол еңбек етті. Өзінің қазақ әліпбиі (алфавит), емлесі және өзге де қолданбалы салаларына арналған еңбектерінде сол кездегі фонологиялық ілімнің қағидаларына сүйенді.
1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Онда халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы пікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін Қазақстанның Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының төрағасы болды. Бұл салада ол термин жасау ісіне мамандарды жұмылдырып, олардың дайындаған материалдарын ғылыми тұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов – 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақ терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді.Қ. Жұбанов былай деп пікір айтады:« Иә, газеттер сөзжасамның неше түрлі нұсқаларын ұсынып жүр. Олардың принципіне сүйенсек, аударылмайтын бірде бір сөз болмауы керек сияқты. Мысалы, “ро-яль”, “фортепиано”, “процент”, “бизнес” сияқты халықаралық сөздерді ақ тер, көк тер боп аударудың не керегі бархалықаралық терминдерді қазақ тіліне аудармай сол қалпында алу керек деген еді. Мысалы, революция, совет, теория, практика, хирургия, климат, тенденция деген сөздер осы қатарға жатады..» Қ.Жұбанов «Халықаралық терминдер орыс әдебиетінде қалай жазылса, сол түрінде қабылданады» деген бағыт ұста¬ды. Терминнің графикалық пішінін айқын¬дауда кириллица қазақ тілінің икемді¬лігін байқатты.
30. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі – ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады.Тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани, жаңаруына әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды. Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік бағдарламада былай делінген: «ССРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі соңғы ондаған жылдар ішінде қазақ халқының тарихи Отаны болып табылатын республика территориясында іс жүзінде толық праволы тіл болудан қалды. Оның азып-тозуының және бірте-бірте жойылуының, сонымен бірге халықтың ұлттық мәдениетінің жойылуының нақты қатері туды. Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасында қазақтың ана тілін кеңінен таралды, оны өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану жөніндегі қажеттілік төмендеді, оның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың адамгершілік дәстүрінің бұзылуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарының бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып соқтырды. Шынында, қазақ тілінің мәртебеге ие болуы республикада оны білудің қажеттілігінен туатын обьективті жағдайларға барып тірелді. Әлеуметтік тіл білімінің зерттеуі бойынша ондай қажеттілікті туғызып отырған себептер мынадай: 1) қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оны соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 ж. 42 пайызы, 2000 жылдың аяғында жалпы халықтың 54,9 пайызы болып отыр; 2) республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы; 3) көп ұлтты ауыл-село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы; 4) қазақтардың ТМД республикаларында көп екені,ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орында); 5) қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүниежүзінде алғашқы 70 тілдің санатында екені; 6) қазақ тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі; 7) қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы;
Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасын толық орындау үшін, 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.
31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
1930 жылы Алматыда өткен Қазақстанның бірінші Өлкетану съезінде «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Мұның өзі оның түркі текті тілдерді зерттеудегі ізденістерінің жан-жақты екенін аңғартқан еңбек болды. Мал шаруашылығына байланысты қолданылатын қазақ сөздерін өзге тілдердің дерегімен салыстыра отырып, бұл салада қолданылып жүрген сөздердің көпшілігінің құрамы күрделі екендігін, оларды құрайтын элементтердің әу баста дербес ұғымды білдірген сөздер болғандығын айқындап берді. Әсіресе автордың асыл тұқымды еркек малдың атын білдіретін сөздердің төркініне қатысты айтқан пікірлері аса көңіл аударарлық. Мәселен, қошқар (М.Қашқариде ) және айғыр (Орхон азбасында, көнеұйғыр жазбасында, хакас тілінде adsьr//asqьr, кот тілінде asqar, сақа тілінде atь:r, шуваш тілінде айaр. Әуелде бұлар екі сөзден тұрған: қошқар қо+қар, айғыр ай+ғыр. Мұндағы қош қой малына байланысты одағай сөз ретінде қазір де айтылады. Ол қошақан деген сөздің құрамында да бар. Қойдың қозысын білдіретін қозы дегендегі қоз да осы сөз. Бұл жердегі а редукцияға ұшырап ы дыбысына айналған да, қатаң ш ұяң з дауыссызымен алмасқан. Бұл ыңғайда қош, қозы дегендерді түрікпен тіліндегі қой мағынасындағы қош сөзімен салыстыруға болады – дейді Қ. Жұбанов.
Ал айғыр сөзінің бірінші бөлігі ай дегенге келетін болсақ, мұны Жұбанов ат сөзінің бір нұсқасы деп біледі. Қазақтағы ат қыпшақ фонетикасының заңымен жасалған сөз, өзге түркі тілдерде ай бұдан басқашарақ фонетикалық үлгіде орныққан. Мәселен, орхон, көне ұйғыр, тува тілінде оның ад, аз деген де нұсқалары бар, хақас тілінде ат және тағысын-тағыша. Осы екі сөздің екеуінің соңғы бөлігіндегі қар (қошқар), ғыр (айғыр) дегендерді ғалым бір элементтің әр түрлі фонетикалық нұсқалары деп есептейді. Шуваш тілінде жуан айтылатын ар сөзі (еркек) – қазақ тіліндегі ер сөзімен бір сөз. Сонымен, – дейді зерттеуші, – қазақша қошқар деген мен айғыр дегендегі соңғы элементті малдың еркегін білдіретін сөз деп білсек, қошқарыңыз «еркек қой» болады да айғырыңыз «еркек жылқы (ат)» болады.
32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
Екі тең сөз бірге қосақталса теңдес қосар дейміз.
Теңдес қосар 3 түрлі:
1.Мәндес қосар:бала-шаға,қыз-қырқын,бақсы-балгер.
2.Қайшы мәнді:үлкен-кіші,азды- көпті,әке-шеше
3.Көрші мәнді:аға-іні,аяқ-табақ, оқу-жазу
Бір сөздің екі рет қайталап айтылуын сөздес қосар дейміз.Мысалы:ұзын-ұзын,бара-бара.
Сөздес қосардың 2 түрі бар:
Үндес қосар:сатыр-сұтыр,сарт-сұрт.
Өңдес қосар:ұзын-ұзын,бара-бара.
Қосақталған сөздердің өздері ғана бір-бірімен жалғасып тұрмай,арасында матастырып тұрған дінекр болса,матаулы қосар дейміз.Мысалы:қолма-қол,көзбе-көз.
Өздігінен айтылмайтын бір сөз екінші бір сөздің артынан тіркелсе,қосақталса,тіркеулі қосар дейміз.Мысалы:шай-пай,жүн-жұрқа,түйе-мүйе.
Қосарлы қосар:қап-қара,сап-сары
33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
1914 - 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл - құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) дене қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық , өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан тұрақты қолданылытын дәрежеге жетті.
Ғылым Ө.Айтбайұлы А.Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегін саралай келіп, мынадай пікір айтады: «Қазақ тілі білімнің қалыптасуында айрықша роль атқарған бұл еңбектерді саралағанда, жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мәселесін тіпті де аттап өте алмаймыз. Әлгіндей оқулықтар түзу барысында Ахаң әрбір ұғым, түсінік, зат, сөздерге, әсіресе, грамматикалық категориялардың бас - басына қазақша термин береді. Сол кезеңде жасалып, қазір мүлде қалыптасып тұрақтаған зат есім, сын есім, етістік, бастауыш, баяандауыш, пысықтауыш, дыбыс, әріп, қағида, емле т.б толып жатқан терминдер – тіл ғылымындағы зор елес». Тіл білімінде қолданылатын орыс және халықаралық терминдерді басқа ғылымдар саласындағыдай қалай болса солай ала салмай оқырман көпшілікке түсінікті болу үшін оларды жүйелі түрде қазақ тілінің өзіне тән байырғы сөздер негізінде тыңнан жасауға ғылым көп күш салған.
Қазақ тілімен туыстас түркі тілдерінде терминология проблемасы белгілі бір жүйеге түспей, үйлесім таппай жатқан кездерінде А.Байтұрсынұлының жаңашыл әрекеті түркологияда ерекше түскен еді. Оның байырғы да қазақи сөздер негізінде жасаған қарапайым халыққа түсінікті терминдерді о баста жеке мақалаларында кейінірек «Оқу құралы», «Тіл-құрал» деп аталатын (I.Фонетика- «дыбыс жүйесі», II. Морфология- «сөз жүйесі»,III. Синтаксис «сөйлем жүйесі»); «Тіл жұмсар» («Қолданбалы грамматика») аталатын еңбектерінде кеңінен қолданыла бастайды. Мәселен,дыбыс дауыссыз дыбыс,жарты дауысты дыбыс,қатаң дыбыс,ұяң дыбыс ,буын, сөз аяғы,сөз басы,қос сөз,туынды сөз, тұлға, түбір, жалғау, жұрнақ,қосымша, септіктер: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етіс үстеу, шылау, демеу, т.б. жүздеген лингвистикалық терминдердің қазақ тілі білімінде А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты айтылады.
Ғылымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруының қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады. Осы жайында ф.ғ.к. А.С.Мұхтарова былай дейді: «А.Байтұрсынов қазақ тіл білімінің терминін де жасаған адам. Ол грамматикада қолданған терминдердің күні бүгінге шейін қолданылып келе жатқандарын тек атап өтейік: сөз, дыбыс, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, қатаң дыбыс, жіңішке сөз, жуан сөз, буын, тасымал, қосымша, жалғау, жұрнақ, септік жалғау, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктеу, жекеше, сөз тұлғалары, түбір, туынды сөз, атауыш сөз, зат есім, сын есім, жай шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай, сан есім, жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, етістік, баолымды, болымсыз, көсемше/үнемді, үнемсіз/, есімше,тұйық, сабақты, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ашық рай, осы шақ, өткен шақ, одағай, демеу, жалғаулық, сөйлеу, сөйлем, жалаң сөйлем, жайлыма сөйлем, болымды сойлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем, лепті сойлем, бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, қыстырма сөз, қаратпа сөз, құрмалас сөйлем, басыңқы сөйлем, бағаныңқы сөйлем, сызықша, нүкте, үтір, қос нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, жақша т.б.
А.Байтұрсынұлының тұңғыш рет осынша терминдерді жасап, оны қазақ тіл біліміне кіргізу зор еңбек. Ал оларды дәл,нақты, дұрыс тауып, қолданғанын өмір, уақыт сыны дәлелдеп отыр. Оны осы терминдердің күні бүгінге дейін қолданылып жүргенінен, ғылымда әбден қалыптасып, өзіндік орын алғанынан көруге болады». А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің ғана емес әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы екендігі мойындалған шындық. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласына М.Әуезов « Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы санайды»,-деген болса,әдебиетші ғалым Р.Нұрғалиев оның « Әдебиет танытқышы» туралы айта келіп, «...қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен теориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» - деп әділ көрсетті.Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жазған. Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретінжүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын)берген. Ол дегеніміз ғылыми ұғымның,өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген. Мысалы, « Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніиміз-өлеңнің әрбір жолы. Тармақ бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс долқынының соқпа-соқпаның арасы. Бунақ ішінде буын болады». Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым, біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпасын – А.Б.) анықтаған, екіншіден әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын( айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған төртіншіден, терминдердің жүйелік ерекшелігін ескере отырып жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арқасындағы жүйелік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың шумақтан, шумақтың-тармақтан, тармақтың-бунақтан бунақтың-буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымдық микрожүйенің өзіндік табиғатын танытқан
34. "Құдатғу біліг"жазба ескерткішінен мысалдар келтіріңіз.
"Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Осы ретте автордың жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Дастанның басты мақсаты- бақытты қоғам, құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баяндайды. Кітапта көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, дерексіз атаулар көптеп кездеседі. Соның ішінде дерексіз есімдерге толығырақ тоқталып өтсем.
Жалпы дерексіз атаулар дегеніміз – көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін ұғымдар. Еңбекте жиі кездесетін осындай дерексіз атаулар мыналар: Ақыл, білім, ғылым, ой, сана, ес, әділет, имандылық, адамгершілік, бақ, дәулет, қанағат, береке, атақ, даңқ, намыс, парыз, ерлік, батырлық, адалдық, жамандық, жақсылық, өнер, сабыр, өкініш, бейнет, қайғы, бақыт, ашу, көңіл, мейірім, ажал, өлім, өмір, қайрат, бірлік.
Енді осы дерексіз атаулардың дастандағы үзінділіерінен мысал келтірсек:
1. Кітап атын «Құтадғу біліг» қойдым,
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың.
2. Адалдықтың арты қалды, көзі жоқ,
Қарақшы- арам, әттең тоқтау тезі жоқ.
3.Кім білікті аты даңққа бөленер
Кім өнерсіз, ат- атақсыз көнерер
4. Жұрт алдында аузыңды бақ лепірме,
Кісі үйінде сөз қадірін кетірме
5.Ақыл- шырақ қара түнді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын.
6.Жамандық от ол күйдірір болар
7. Ашуда- сақ, сабырлы бол сасқанда.
8. Жамандық- у, уды жеуге болмайды.
Дастанда сонымен бірге, кез-келген жұмыр басты пендеге қажетті асыл қасиеттер, иманды мінез-құлықтар жиынтығы дидактикалық мәнерде, былайша жырланады:
«Дүние қума, тірлігіңді тәрк етпе,
Баянсыз ол, қор етеді әл кетсе.
Сыннан өткен кісілермен жолдас бол,
Пайдасы-мол, ал араммен оңбас жол.
Жақсы-жаман келсе- қарсы ал, қарама,
Аузыңды бақ, бойыңды бер қазаға!»
Біздің ойымызша, «жақсы-жаман» дегенде, автордың айтпағы өмірдің ащысы мен тұщысы, қайғысы мен қуанышы болса керек.
Кей сөздердің этимологиясы.
Қайғы. Дүние жүзі еңбекшілерін қамықтырған ұлы қазаға бүкіл қазақ баласы да қайғы- қасірет шекті.(Қаратаев). Тува тілінде хай бооп- уайымдау деген сөз, хай- бәлә- бақытсыздық, моңғол тілінде гай- бәле, сор деген сөз. Сонымен тіліміздегі қайғы сөзі моңғол,тува тілдеріндегі осы мағынадағы хай, гай сөзімен түбірлес болуы тиіс. Қайғы сөзікөптеген түркі тілдерінде (Ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрікмен) бар.Қайғы зат есімі- қазақ тіліндегі -ғы жұрнағынсыз(қай емес)
қолданылмайды.
Ес: Ес көру, ес тұту. Қазіргі қазақ тіліндегі ес сөзі өз алдына жеке тұрып айтылмайды. Ол бірліжарым етістік сөздердің шылауында жүріп қана, немесе түрленген күйінде қолданылады..(Көңіл қойма, ол опасыз, ессіз ол). Басқа түркі тілдерінде бұл сөз еш (Түрік лоонар), эш (өзбек), ши (көне түркі, башқұрт), ес (қарақалпақ ) деген формада келіп, мынадай мағыналар беру үшін жеке- дара тұрып айтыла береді. Мысалы: үлкен, ересек адам( есі бар).
Құтты білік:
Түркі тіліндегі сөзөнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірігей бітімді поэзия шығармасы.
Дастанның бүкіл мазмұны ел бірілгін сақтап, елді құтайтуға , қорғауға, өнер ,ғылым, білімді дамытуға шақырады.
Заманның, уақыттың, озмыштығына ойшылдықпен мән берген дүниенің асыл мәнін байсалды түсіндірген ақылман дастан.
35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің дамуы да қоғамдық құбылыстармен тығыз байланысты. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қоғамда алатын орны да ерекше. Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Әйтсе де, ана тіліміздің мәселесі әлі күнге өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр.  Қазақ тілін дамытуды кейбіреулер жоғарыдан, билік басындағылардан бастау керек десе, енді біреулер қазақ тілінде оқытатын және қазақы тәрбие беретін балабақшалар мен мектептерден бастау керек дегенді алға тартады. Қайткен күнде де қазір  қолға алмасақ, ертең санымызды соғып қалатын жайымыз бар. Сондықтан ұсақ-түйек деп санайтын жайлардан бастасақ: қоғамдық көліктерде тек қазақша хабарланып, темір жол мен автобекеттерде қазақ музыкасы немесе күйлері ойнап тұрса нұр үстіне, нұр болар еді.    
Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді:- сыртқы жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар)- теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер)- парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштер)- газет жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері) (5.15)  Тіл заңының жүзеге асу-аспауы, нақты айтқанда, оның қоғамдық қызметінің өсу деңгейімен анықталады. Бірақ қазақ тілі жарнама саласында қоғамдық қызметін ұлғайта алмай отыр. Қазіргі таңда жарнамалардың басым көпшілігі орыс тілінде дайындалады да, қазақ тіліне аударылады. Оның басты себептері мынадай:   Біріншіден, жарнама тілі жөнінде басшылыққа алатын, заң құжатының болмауы;   Екіншіден, жарнама ісімен шұғылданатын маман, кадрлардың жетіспеуі;   Үшіншіден, қазақ тілінде берілген жарнамаға сұраныстың жоқ болуы;   Төртіншіден, Тіл заңының орындалуын дұрыс басшылыққа алмау;   Бесіншіден, қазақ тілінің жарнама саласындағы стилінің дұрыс қалыптаспауы.   Айта берсек, қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы жөнінде шешімін таба алмай, қиындық туғызып отырған даулы мәселелер аз емес. Қазақша аударылған кейбір жарнамаларда грамматикалық, стилистикалық қателер жиі кездеседі.
«Жарнама туралы» заңының 3-бабының бірінші тармағында: «Жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; Сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді-мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама» - деген 2 ұғым берілген.
     Ақпараттық ғасырдың басты жаңалығы жарнама дүние жүзін жаулады.  Біздің елде де билік кәсіпкерлікке қатты көңіл бөлгендіктен, жарнаманы ойдан тыс қалдырмады. Шүкіршілік, «Жарнама туралы» заңымыз бар. Дегенмен, мәселе заңда емес, оның талаптарының қалай орындалуында болып тұр. Мәселен, «Жарнама туралы» заңның 1-бабында: «Осы заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады», – делінген. Бірақ, іс жүзінде олай болмай тұр. Мән-мағынасыз, грамматикалық қателіктерге толы жөнсіз жарнамалар елімізде қаптап кетті.    Аталмыш заңымыздың3-бабының екінші тармағында: «Жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу, жалған және жасырын жарнама» - деген нақты анықтама беріліпті. Алайда, сол жөнсіз жарнаманың мазмұны айтылғанымен оның тілі, грамматикалық, пунктуациялық қателіктері туралы мүлде айтылмапты. Көшеде қателіктерге толы жарнамалардың көп болу себебі осында жатыр.    Заңның 6-бабының екінші тармағында: «Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады» - деп жазылыпты. Сонда еліміздегі кез келген кәсіпкер көрінген тілде жарнама жасауына мүмкіндік бар екен. Еліміз 130 ұлттан тұратынын ескерсек, 130 тілде жарнама таратуымызға болады. Бірақ, 130 тілде деп шектеу қойылмаған. Егер, бизнеске пайдасы тиіп жатса мың тілде де жарнама жасауымызға әбден болады. Баптың бұл тармағы осындай еркіндік беріп отыр. Алматы көшелерінде қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр, француз тілдеріндегі жазуы бар атаулардың, жарнамалардың көбейгені сондықтан.      Осы бапта: «Жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ, жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет» екендігі туралы да айтылған. Өкінішке қарай, жарнама беру барысында бұл тармақтың ешбірі орындалмай жатқанын күнделікті жарнамалардан көріп жүрміз. Яғни, тауар немесе тағы басқа қызмет жарнамасының не алдында, не артында лицензия туралы бірде бір мәлімет жоқ.     «Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады» - деп 6-баптың 2.1 тармағында айтылған. Алайда, бұл тармақты не үшін жазғаны түсініксіз. Бізде үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асып жатыр. Сол себепті, бір емес, үш тілде қатар шығатын газеттер, журналдар көбеюде. Осы заңды ескерген әлгі басылымдар сонда қай тілде жарнама таратады? Әрине, заңның бұл тараптары есепке алынбаған болса керек.           
   Телеарна және радиодағы жарнамалар туралы 8-баптың  7-тармағында: «Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады» - деп ашық жазылыпты. Алайда, желтоқсан құрбандарын еске алу кезінде, репрессия құрбандарын, ашаршылық құрбандарын еске алатын кездерде жарнама берілмей қалған телеарналарды мүлде байқамаппын. Бүгінгі телеарна басында отырғандар ақша үшін ұлттық құндылықтарды да сатып жіберуге бар. Сол себепті, бұл тармақты оқуы мүмкін, бірақ бұл заңдар оларды қызықтырмайды. Одан бөлек, еліміздегі телеарналар мен радиолардың 70%-ын орыстар мен шалақазақтар басқарады. Ал оларға қазақтың бұл қасіреттері көк тиынға тұрмайды. Сондықтан, бұл заң да мүлде сақталмайды.         Ал үшінші тармақта: «Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс» -депті. Бірақ, белгілі бір жұмыстармен интернет орталықтарына бара қалсаңыз, небір шетелдік компьютер ойындарын экранда жарнамалап қояды. Ал, ол ойындардың барлығы ақша. Бұдан жастарымыз интернеттегі жұмыстарын қоя салып, шетелдік ойындарға беріліп кеткенін талай көріп жүрміз. Оқушылардан бастап студенттерге дейін небір компьютер жындыларын есітіп жатырмыз. Олар күнінің жартысынан көбін ойын ойнаумен өткізеді. Ал компьютер алдында көп отыру денсаулыққа, психикаға зиян екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі жастарымыздың ашуланшақ болу себебі де осында жатыр.   Жарнама тілінде мемлекеттік тілді былай қойғанда, басқа мыңнан астам тілде жарнама беруші жарнама беруіне болатынын айттық. Мұның салдарынан кей көшелеріміз шетелдің қалаларына ұқсап барады. Қысқасы, шетел атаулары мен өзге тілдегі жазулардан аяқ алып жүре алмайсыз. Шетелден келген қонақтар, сірә, біздің елді Қазақстанға ұқсатпайтын да шығар?! Мәселен, Украина жарнама туралы заңдарын өзгертіп, тек украин тілінде жарнама тарату керектігі туралы заң қабылдады. Олар, көрнекі ақпараттың тілін жарнама берушінің еркіне беріп қоймады. Украинада өзге бір елмен бірлескен кәсіпорын, не нысанның атауы болса ғана, онда да мемлекеттік мүддені, ұлттық мүддені алға қоя отырып мәселелерін шешеді. Ал, бізде ше? Шетелдік кәсіпорындарды былай қойғанда, өз еліміздің ұлттық кәсіпорындары білгенін істеуде. Себебі, заң жүзінде білгенін істеуге рұқсат берілген
36 .Қостілділік,көптілділік ұғымдарына түсініктеме беріңіз.
Билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік) – қазіргі таңда ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні қостілділік өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі факторына айналып отыр. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, билингвизм – жеке адамның екі тілде ұдайы қарым-қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі дегенді білдіреді
Социолингвистикалық тұрғыдан қазақтың үлкен ғалымы Б.Хасанұлы қостілділік мәселесіне көп назар аударып жүр. Б.Хасанұлы мына мәселеге ерекше көзқарас білдірді: «Ана тілінің дамуы жанұядан бастау алады. Алайда кейбір қазақ жанұясында ана тілінің қолданылуы көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қамқорлыққа  алынған орыс тілінің арқасында көптеген өз  тілін білмейтін қала қазағы бақуатты, ана тілін білмегендіктен, ұлттық мәдениеттен мақрұм, сондықтан да ондайлар ұлттық патриотизмнен ада болады. Оның жанұясында балалары мен немерелері басы біріккенде ана тілінде сөйлесе алмаса, оларда отансүйгіштік те болмауы, керек десеңіз, көзқамандық орын алуы мүмкін. Сондықтан да Қазақстанның облыстары мен қала, аудандарында «Мемлекеттік тілдің тұрмыста, үй жағдайында қолданылуы» айрықша зерттец жобасы нысанына айналуы керек. Нәтижесінде бесік жыры, ауыз әдебиеті, қазақ халқының бай мәдениетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен мағлұмат  беретін эпикалық туындылар жалғасын тауып, қазақ төрінен орын алары хақ».
Көптілділік ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңінде қалыптасады. Себебі бала отбасында бір тілде сөйлесе, балабақшада немесе аулада бірнеше тілдерді игеруі мүмкін. Мәселен, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға өз балаларын беру жағдайы көп кездеседі. Көп балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі. Сонда бала мектепке дейінгі жасында-ақ бірнеше тілді қатар үйрене бастайды.
Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.
Қазақстан – көпэтносты ел, сондықтан да бұл елде үштілділік кең тараған құбылыс. «Үш тіл» мен «үштілділік»-екі басқа, - деп Б.Хасанұлы айтқандай:
үш тіл деген:
1)  Әр түрлі этностың үш түрлі төл туындысы;
2)  Үш этносқа тән әлеуметтік тіршілік иесінің қатынас құралдары;
3)  Сөйлермендері әлемді үш түрлі тілдік тұрғыдан бейнелейтін тілдер;
4)  Мәдениетаралық тілдік қатынаста бір-бірін төзбейтін тілдер.
Ал «Үштілділік» жайлы Қазақстанның тұңғыш социолингвист-ғалым Б.Хасанұлы мынадай анықтама берген: «Үштілділік» – үш тілдің тұтастығын құрайтын біріңғай тілдік үдеріс. Бұл – әртүрлі тұлға, әлеуметтік топ не ұжым сөйлейтін үш тіл қолданысы емес, бір тұлға не бір әлеуметтік топ немесе бір ұжым, нақты бір қоғам сөйлейтін үшем сөйленім
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділікгі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда). Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас.
«Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
Біріншіден, "тілді дамыту шаралары" дегенде нені меңзеп тұрғанын нақты түсіне алмай отырмын. Егер сайт арқылы қазақ тілін үйрету курстары, мәнерлі жазу т.с.с. жобаларын меңзесе, онда мұндай жобалар коммерцияланбаса нәтижесі аздау болады деп санаймын. Интернеттегі қазақ тіліндегі жобалар қазір не үкіметтің, не белгілі бір саяси топтың және энтузиастардың жігерімен жұмыс істеп тұр. Алдыңғы екі топтың мақсаты ақша мен саяси процестерге байланысты. Үшінші топқа гранттар есебінен немесе инвестиция құю арқылы интернет нарықты жандандыруға көмектессе, қазақ тіліндегі жобалардың қай-қайсысы болса да тілдің дамуына (жаңа терминдердің қалыптасуы, қазақша онлайн сауданың артуы, қазақша жарнама нарқы, қазақша хат-хабар алмасу т.с.с.) түрткі болады. Екіншіден, Интернетке қазақша бір әріп түскеннің өзі техникалық тұрғыдан алғанда ғаламторда қазақ тілінің дамуына әсер етпек. Қазақша интернет өнімнің барлығы да қазақ тілін түсінетін қауымға бағытталып жұмыс істейтіндіктен олар тілдің дамуына әсер етеді.  Үшіншіден, вебсайтты алсақ та немесе қазіргі кез-келген диджитал құрылғыны (iPod, Tablet, Notebook, iPhone) алып қарасақ та мұның бәрі құрал. Тіл де қарым-қатынас құралы екенін белгілі. Осы екі құралдың басын қосып, ұлт игілігіне жұмыс істекізсек ұтатынымыз сөзсіз. Бұл үшін айғай мен жалған ұран емес, білім және білімге ақша құятын намыс керек болып тұр. Академик Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас жөніндегі баяндауларын сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жолдарынан ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдермен байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни, олардың түрлері туралы мәселелерді талдаудан аяқтайды. Ғалым өз еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырады. Бірақ бұл екеуі – семантикасы жағынан да, құрылыстары жағынан да екі түрлі категория. Мағынасы жағынан тұрлаусыз мүшелер жеке бір ғана ұғымды білдірсе, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз болғанымен бүтін ойды білдіреді. Ал құрылысы жағынан бағыныңқы сөйлемдер предикативтік қатынасқа ие, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай сөйлемдік қасиет жоқ
38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
Сөз тіркесі Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады.1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға.2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз.3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат.4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел.5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары іліксептігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы — Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік.Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады: биыл бітіреді, кеше келді т. б. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлінеді:1. Үстеу мен етістік тіркестері: төмен түсті, тез жүгірді.2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері: жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады.3. Көсемшелік етістік тіркестері: сөйлей кірді, жүре сөйледі.4. Сын есімді етістік тіркестері: жақсы сөйледі, әдемі жазды.5. Сан есімді етістік тіркестері: екі келіп, екі кетті.6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады: екі рет айтты, бес метр өлшеді. Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт және сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөздерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды.Сөз тіркесі кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралатындықтан және олар бір-бірімен сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысатындықтан, онда сөз байланысының матасу, меңгеру, қабысу түрлері болады да, қиысу болмайды. Өйткені қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс түрі, сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, негізгі ойды білдіреді. Сөз тіркесі сөйлем ішіңде болады да, ойды білдіре алмайды.
Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.
Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;
Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.
39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді:
Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі;
Компонентте дербес бастауышпен баяндауыштың болуы;
3) Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы;
Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласа айтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін. Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем деп танудың басты критерийі деп таниды. Бірақ бұл жерде бастауыш пен баяндауыш құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі болғанымен, ғалым бұл екі мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, ғалым «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген сөйлемінің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.
Академик Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас жөніндегі баяндауларын сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жолдарынан ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдермен байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни, олардың түрлері туралы мәселелерді талдаудан аяқтайды. Ғалым өз еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырады. Бірақ бұл екеуі – семантикасы жағынан да, құрылыстары жағынан да екі түрлі категория. Мағынасы жағынан тұрлаусыз мүшелер жеке бір ғана ұғымды білдірсе, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз болғанымен бүтін ойды білдіреді. Ал құрылысы жағынан бағыныңқы сөйлемдер предикативтік қатынасқа ие, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай сөйлемдік қасиет жоқ.Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі грамматикалық сипатын айқындаған-да бағыныңқы сөйлем басшылыққа алынады. Өйткені, бағыныңқы сөйлем – сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастырушы. Н.Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, бағыныңқы сөйлем – басыңқы сөйлемде берілген тұтас ойды, не ондағы бір мүшені сипаттау, толықтыру үшін сол басыңқы мен өзінің дербес бастауышы бар баяндауыш арқылы құрмаласқан жай сөйлем.
Дәстүрлі грамматикада бағыныңқы сөйлемнің басты белгілері ретінде:
Өзіне тән ой дербестігі болу.
Предикативтік қатынас негізінде құралу.
Ұластырушы интонациямен айтылуы беріледі.
Бұнда бағыныңқы сөйлемнің ой дербестігі мен ұластырушы интонациямен айтылуы еш дау тудырмайды. Себебі жеке дербес ойға ие болмаған сөйлем сөйлем болмайды. Бағыныңқы сөйлемде берілетін ой жеке алдында дараланған ой емес, басыңқы сыңарға байланысты айтылған, соны толықтырып, мазмұнын айқындайтын қасиетке ие. Бағыныңқы сөйлемдер ұластырушы интонациямен айтылады. Кез-келген сөйлемде, синтагмалық топтарда интонациялық жік болатыны белгілі. Бірақ бұларда интонация ритмикалық кідіріс ретінде көрінсе, бағыныңқыларда бұл интонация айтылу жағынан басыңқы сөйлеммен ұласқан болып келеді. Интонациялық толқынның басыңқы компоненттің соңында жоғарылауы сөйлемнің аяқталмағандығын, жалғасы бар екендігін, ұласа айтылуындағы паузалық байланыстың барлығын көрсетеді.
40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
Жай сөйлемнің түрлеріЖай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш, кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем. Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған.Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кез… Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлы Көл-шүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар — айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты (С. Сейфуллин) дегенде, алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1—2— сөйлемдер: кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3—4— сөйлемдер: Көкшетау маңы және Айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Сөйтіп, келесі сөйлемге мезгілдік, мекендік жағынан кіріспе ретінде жұмсалып тұр. Осы мысалдан көрінетіндей атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де кұрала береді.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.
ПРАКТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР
1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
Біздің таулар!..
Сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар,
Желкен бұлттар – желкілдеген сақалдар,
Өркеш-өркеш маң-маң басқан атандар,
Біздің таулар – аяқталмас сапарлар.
Көшін тартып, көше-көше сабылып,
Көш бастаушы бағытынан жаңылып,
Біздің таулар – тоқтап қалған керуен,
Сахараның сағымына аңырып
Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынаға ие болу әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Соның бірі – метафоралық тәсіл. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора тәсілі бойынша атаудың ауысуы белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Берілген өлең мәтініндегі Біздің таулар! Сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар деген жолдарындағы сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар деген сөздер бас киім атауын көрсетіп тұрған жоқ, таулардың көрінісінің бас киімге ұқсастығы, ұзақ жылдар бойы орнынан мызғымай тұратын белгісіне қарап, сәлде шалған атамдар деп ата, яғни қарт кісі мағынасында жұмсалып тұр. Желкен бұлттар – желкілдеген сақалдар деген жолдарда сақалдың бұлттар сияқты аппақ болып желкілдеп тұратын белгісіне қарай туынды мағынаға ие болып тұр. Өркеш-өркеш маң-маң басқан атандар таулардың түйе өркешінің формасына ұқсас болып келуі белгісіне қарай келтірінді мағынаға ие болып тұрса, таулар – аяқталмас сапарлар деген таулардың ұшы-қиыры жоқ жол болып бір-біріне жалғасып жатқандығын көрсетеді. Таулар – тоқтап қалған керуен метафоралық қолданысы таулардың орнынан қозғалмай, тас болып қатып тұратын белгісне қарай қолданылған.
Осыдан келіп, біз метафоралық тәсілдің көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде айрықша қызмет атқаратынын көреміз.
2. Көзінің еті өсу – дандайсу – мастану – асқақтау; екі аяғын бір етікке тығу – тықсыру – қуыру; қолды-аяққа тұрмау –тыпыршу – шыдамсыздану – фразалық тіркестерінің мағынасына талдау жасаңыз  қай сөз табына жатқызуға болады?
Көзінің еті өсу – дандайсу – мастану – асқақтау көкірегін керу, менсінбеу; екі аяғын бір етікке тығу – тықсыру – қуыру қысымға алу, жанын шығару; қолды-аяққа тұрмау –тыпыршу – шыдамсыздану ұшқалақтау, сабырсыздану, мазасыздану деген мағыналарды білдіріп тұр. Берілген сөздер өзара синонимдік қатар құрап, бір-бірінің мағынасын ашып тұр. Тұрақты тіркестердің белгілі бір сөз табына қатыстылығын әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады: 1. Етістік мағыналы; 2. Сындық мағыналы; 3. Заттық мағыналы; 4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. Көзінің еті өсу, екі аяғын бір етікке тығу, қолды-аяққа тұрмау фразеологизмдері зат есімге жақын келгенімен дандайсу, тықсыру, сабырсыздану (не істеу?) деген мағынаны білдіріп, етістікке қатысы болып тұр. Сондықтан да бұл фразалық тіркестердің барлығы да етістік мағыналы фразеологизмдерге жатады.
3. Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған жыраулар поэзиясына тән сөз қолданыс үлгісіне талдау жасаңыз
Берілген жолдардағы тайдай, қойдай сөздерінің қолданыс үлгісі – теңеу.
Жыраулар поэзиясы – сан ғасыр соқпағында сынбаған қазақ тарихының айнасы, Сыпыра жыраудан басталып, 18 ғасырдың көмейінен жыр өрген айтулы жырауларына дейін жалғасатын ұлы көш мұрасы. Жыраулар – кейде астарлы, кейде тура мағынасында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген жүйелі де жүйрік логиканың шеберлері. Әдебиетіміздің дамуы жыраулар поэзиясының түрлі тілдік ерекшеліктерін, олардың қолданылу деңгейін зерттеуге мүмкіндіктер туғызды. Жыраулар поэзиясында қолданылатын тілдік ерекшеліктерге метафора, метанимия, эпитет, аллитерация, т.б.-лар жатады. Солардың бірі – теңеу. теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңы қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Теңеу
-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады. Сезім мүшелерімен қарым-қатынасына қарай қазақ теңеулері бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағынасынан, олардың сыртқы дүниемен қарым-қатынасынан келіп туады. Міне осы тұрғыдан келіп, біз қазақ теңеулерін төмендегідей топтарға жіктеп қарастырдық: 1) Көру теңеулері, 2) Есту теңеулері, 3) Дәм сезімі теңеулері, 4) Тері сезімі теңеулері, 5) Иіс сезімі теңеулері, 6) Сезім-күй теңеулері. Тайдай теңеуін тулаған сөзімен тіркесіп тұруына баланысты көру теңеуіне , ал қойдай теңеуін шулаған сөзімен тіркесіп тұруына байланысты есту теңеуіне жатқызамыз.
4. Жабағалы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер мәтініндегі  сөздердің тіркесімділік сипатына талдау жасаңыз
Tіpкeciм, валенттілік - тілдік бірліктің (фонема, морфема, лексема) ең кіші фон - текст құрайтын конструктивтік қасиеті. Тілдік ең кіші фон - текст кем дегенде екі элементтен тұрады және тілдің әр қабатында әр түрлі болады: фонологламма қабат үшін - морфема (фонемалардың қосылысы), морфология қабат үшін - лексема (морфемалардың қосылысы), синтаксистік қабат үшін - синтаксема (лексемалардың қосылысы).
Бұл берілген үзіндідегі сөздер тіркесімділігі сын есім мен зат есім, зат есім мен етістік, сан есім мен зат есім тіркестері.
5. Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарағайдай  Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт  мәтініндегі  тірек сөздер мен қайталауларға талдау жасаңыз
Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Мұнда «жұрт» сөзінің қайталануы.
6. 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
Қазақтар 30%,  орыстар 42,7%,   украиндар 8,2%,   немістер 7,1%,   татарлар 2,1%,   өзбектер  1,5%,  белорустар 1,1%,   корейлер 0,8%,   ұйғырлар  0,6%
1959 жылы Бірінші соғыстан кейнгі халық санағы өткізіледі. Осы санақтың материалдары негізінде сталинизм идеологиясының ұзақ уақыт ықпал етуіне әсер етті. Соғыста негізінен ер адамдар өліп, өсім беретін әйелдер мен балалар аман қалса, ашаршылықта, керісінше, жеткіншек жасөспірімдер көп қырылған. Соғыстан кейін бүлінген, титықтаған қала мен ауылды, халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру шараларын жүргізу кезеңіндегі этнодемографиялық процестерді қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстан халқының экономикалық, әлеуметтік, этно-демографиялық дамуында социолистік, тоталитарлық қатынастар кең етек жайды. 1959 жылы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне осы жылдарда өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру себеп болды. Қазақтардың үлесінің өзі 1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8% - ға түсірді. Сол арқылы, ХХ ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді. Қазақтар саны кемігенімен, жалпы республика тұрғындарының саны тың жерлерді игеруге келгендердің, сондай-ақ 1955-1956 жылдары Қытайдан келген «кеңес азаматтарының» есебінен 310 мыңға өскен. 1939-1959 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуындағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация, шаруашылықты қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты.
7. Өнімдік баға, сұраныс бағасы, нарықтық баға, әлемдік баға, тұтынушы бағасы,  сырғымалы инфляция,  тұқыртылған инфляция, жылжымалы инфляция, әлемдік инфляция,  жергілікті инфляция, баяу
инфляция   сияқты  экономикалық  терминдердің  тілдік  қолданыста тұрақты  сипатқа  ие  болу деңгейі  бірдей  емес екенін нақты  мысалдармен  дәлелдеңіз.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика саласындағы қарым-қатынасын қарқынды дамытуда. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни, банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы терминологиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Ұлт тілінде экономикалық терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөліне басталды. Мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер мен неологизмдерді аударудың ерекшеліктерін қарастырып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтіру қарастырылы, біраз терминдеріміз қазақшаланды. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдағы экономикалық терминдер тілдік қолданыста тұрақты сипатқа ие бола қоймады. Оның себебінің бірі – экономикамыз әлі де орыс тілінің ықпалынан шыға алмауы және еліміздің экономика саласының азаматтарының орыс тілділігі. Көп қолданылмайтын бұл терминдердің жалпы халықтық қолданысқа ие бола алмауы.
8. «Palmolive» иіс сабынының жарнамасында «сіз енді өзіңмен-өзің болудан қорықпайсың» дейді.  Орыс  тілінен  аударылған жарнамадағы  қателікті  түсіндіріңіз
Жарнамада ең біріншіден грамматика заңдылықтары мен нормалары игерілуі керек. Орыс тілінен аударылған бұл жарнамада дәл осы грамматикалық норманың бұзылуы көрініп тұр. «Сіз қорықпайсың» деген тіркес ережеге бағынбайды. Сен қорықпайсың немесе Сіз қорықпайсыз болуы керек. Бұл жарнаманың өзі толықтай дұрыс аударылмаған. Бұлай аударылған нұсқасынан гөрі «Сіз енді өзіңізбен-өзіңіз болудан қорықпайсыз» немесе «Сен өзіңмен-өзің болудан қорықпайсың» грамматикалық нормаға бағынған нұсқасы дұрыс болар еді.
9. «Крыша» газетінен алынған бұл жарнаманың қазақша нұсқасын құрастырып, мемлекеттік тілде жарнама тіліне тән стандарттық үлгіні қалыптастыру қажеттілігі туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.    г.Алматы, Бостандыкский р-н, мкр Орбита-4, Аль-Фараби-Мустафина кирпичный дом, 1982 г.п., этаж 5 из 5, площадь 30(18) 6 м2, среднее состояние, санузел совмещенный, телефон отдельный, интернет ADSL
Аудармасы: «Алматы қ., Бостандық ауд., Орбита-4 ықшам ауданы, Әл-Фараби-Мұстафин көшелерінің қиылысындағы кірпіш үй, 1982 ж. салынған, 5 қабатты үйдің 5 қабаты, ауданы 30(18) 6 м2 , жағдайы орташа, кәріз жүйелері іште орналасқан, телефон жеке, ADSL ғаламтор жүйесіне қосылған».
Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин.
Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенініді білмей қайран қаласың. Бірен-сраны болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.
Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет және олармен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен, аудармашылармен жасақталуы тиіс.
Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындарға тіл нормаларын сақтауды талап ету, оларға жауапкешілікң жіктеу, заңды бұзғандарға айыппұл салғызу керек.
10. ЖОО, ДСҰ, СТН, ӘЖК, КТК сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
ЖОО – Жоғарғы оқу орны
ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
СТН – Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ӘЖК – Әлеуметтік жеке код
КТК – Көңілді тапқырлар клубы
11. Авиа, аэро, авто, анти, радио, экс, нео, теле сияқты терминбөлшектер арқылы  мемлекеттік тілде жаңа терминдер жасаңыз
Авиабилет, аэроплан, автобекет, автокөлік, автоқозғалыс, антикүйзеліс, антитұмау, антиядролық, радиобайланыс, радиоқондырғы, эксәкім, эксбасшы, эксмүше, неокөзқарас, нео, телекөпір, телеарна, телехабар.
12. Мәтіндегі сөйлемдерге сөздің стилистикалық қызметі тұрғысынан  талдау жасаңыз
 Құнанбай Сүйіндікке қадалып тұрып, қамшысын жаңағы сөйлегендер жаққа нұсқап:
- Тоқтат аналарыңды!- деп, ақырып қалды. Сүйіндік өз басын аршып, Құнанбай жағына тайсалақтап, жігіттеріне:
- Әй, өрекпіме демеп пе ем, көп шуылдақ?! Қысқарт енді!- деді.
Жұрт еріксіз басылып қалды.
- Бөкенші, Борсақ! Қыстауыңды алғанмен далаға қаңғытады деп пе ең? Алсам, текке алмаймын, беріп алам. Осы Шыңғыстың өз бойынан қыстау беріп алам. Ана Жігітек пен Көкшенің арасынан барып орнайсын. Төрі - Талшоқы, ылдиы - Қарауыл, Балпаң. Бар да сонда орнай бер. Мына көштеріңді қайырып, солай беттеңдер, байлауым сол!- деді.
Көбінің осындай аңғарын таныған Құнанбай ендігі ақылды өзі айтып:
- Іс ұлықтың тергеуіне кетеді. Ендігі бәле қағазда. Қағаз деген абырой, атақ, бақ, беделге қарай ма? Шамаларың келсе, ана жақтың арызын тый. Барды салып соны тоқтатып көріңдер. Артымнан арыз бармасын!- деді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романынының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері. Абай шығармалары халықтың ауызша және жазба ескерткіштерінде сақталған көне қазақ мәдениетінен, шығыс мәдениетінің ұлы шығармаларынан - тәжіктің, азербайжанның, өзбектің классик, поэзиясынан, орыс сол арқылы Европа мәдениетінен нәр алған. Бұл роман көркем әдебиет стилімен жазылған. Берілген үзндіде ауыз екі сөйлеу тіліне тән диалог кездеседі. Экспрессивті, эмоциональді сөздер көп қолданылған. Ауызекі сөйлеу стиліне сәйкес ықшамдылық үшін сөздер қысқартылып қолданылған.
13. Мәтіннен сөйлем құрылымына қарай таладау жасап, экспрессивті білдірудегі синтаксистік амалдарды түсіндіріп жазыңыз.  
Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды. Ақбілектің жан даусы түнді тіліп жібергендей шыр ете түсті, қасқыр біткен жарық беріп, көздері жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Қасқылар ырылдасып, күрілдесіп, бураша шабынып тұрып алды. Ақбілек қасқырлардың қарсы шабатынын білгендей жалма-жан жан ұшырап, қостан атып шығып «қараңғыда көзім жоқ...»  деген балаша айнала дөңгеленіп, айғайды салып ағашын сермей берді...
Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығады. Қасқырға тиді ме, қосқа тиді ме, әйтеуір ағашы кейде бірдемеге тигендей қолы сүйсініп қалады. Қасқыр одан жаман өршеленеді. Ақбілек жан ұшыра сермейді. Қасқыр қамалайды. Ақбілек сабалайды, қасқыр абалайды, Ақбілек сабалайды, қасқыр қамалайды. Ақбілек « аллалайды», қасқыр долданады, Ақбілек дөңгелейді... Қасқыр күрілдейді... Ақбілек шырылдайды, қасқыр қырқырайды, Ақбілек шырқырайды... Сөйтіп, Ақбілек көп қасқырмен көп соғысты...
Эмоциялық, экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар катар жүреді. Бұл тұлғалар затты, қүбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп коймайды, оған қоса сөйлеушің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция—психикалык кұбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі — болмыстан алған әсерді білдіру, тандаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жақты) бір іске жұмылдыру үшін әсер ету . Тілдің синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше катарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі қызмет атқарады. Мұндағы «Ақбілек» романындағы, жазушы шеберлігі – баяндауыштарды түрлендіріп,эмоциялы түрде жеткізуі.





Приложенные файлы

  • docx 19805031
    Размер файла: 156 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий