3n 1201 s 1179 a Erbol


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Аралық бақылау 4
Пән «Молекулярлық биология және медициналық генетика»
Мамандығы «Жалпы медицина» Курс 1
Нұсқа 3
Блок 1. 20 тестік сұрақтарға жауап беруіңіз қажет, әрбір дұрыс жауапқа 5 % аласыз.
1. Биологиялық субстраттарға тәжірибеде кристаллографиялық әдісті қолданудың мәні неде:
a. әртүрлі патологиялық үрдістерде (ісік, қабыну, аллергиялық) дифференциальды диагностиканың мүмкіндігінде
b. әртүрлі хромосомалық бұзылыстардың диагностикасында
c. генетикалық аурулардың диагностикасында
d. жүрек тамыр жүйесі мен ОЖЖ ауруларының диагностикасында
e. туберкулездың диагностикасында
2. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып диагностикалайды:
a. зат алмасудың тұқымқулайтын ақауларын
b. мультифакториальді ауруларды
c. хромосоманың құрылысы және санының өзгерісінен болатын ауруларды.
d. экологиялық аурулар
e. фармакологиялық аурулар
3. Медико-генетикалық кеңеске бойы биік және аяқ-қолы ұзын, тең емес ер адам келген. Жыныс хроматинінің болуын анықтағанда, Барр денешігі табылды. Науқаста қандай синдром анықталды?
а. Даун
в.Клайнфелтер
с.Шерешевский
д.Патау
е.Эдвардс
4. Қоршаған ортаның әсерінен туындайтын аурулар қалай аталады?
а. тұқым қуалайтын
в. тұқым қуаламайтын
с. генді
д. хромосомды
е. тұқымқуалауға бейімді
5. Төмендегі тағамдарды қолданған кезде лактоза жақпайтын даралардың генетикалық сезімталдығы:
a. сүт;
b. ішімдік;
c. бидай;
d. шоколад;
e. ат бұршақ.
6. Балаларда сіңірудің бұзылысын немесе целиакианы шақыратын тағамды көрсетіңіз:
шоколад;
глютен (бидай ақуызы);
сүт
ірімшік;
ішімдік.
7. Кейбір адамдарда қандай тағамды қолданғанда мигрень пайда болады:
a. бұршақ;
b. ірімшік;
c. нан;
d. балық;
e. сүт қанты.
8. Белсенсіз түрдегі холинэстераза ферменті бар адамдарға қандай препаратты енгізген кезде тыныс алу үрдісінің тоқталуы байқалады:
a. сульфаниламидтер;
b. изониазид;
c. дитилин;
d. витамин; e. аспирин.
9. Асқындалған дәрі-дәрмек терапиясының неше топтары белгілі:
a. 2;
b. 1;
c. 3;
d. 4;
e. 5.
10. Сульфаниламидтерді қолданудан туындайтын, эритроциттердің гемолизі дәрілік терапияның қандай асқынған тобына жатады:
a. дәрі-дәрмекке толеранттылығы;
b. дәрі-дәрмекке парадоксальді реакциясы;
c. ағзада дәрі-дәрмектің жинақталуы;
d. ағзадан дәрі-дәрмектің жылдам шығуы;
e. ағзадан дәрі-дәрмектің баяу шығуы.
11. Кейбір адамдарда эритроцидтердің гемолизі нені қабылдамаушылықтың салдарынан болады:
а. сульфаниламидті препараттар
в. лактозалар
с. майлы тамақ
д. ішімдік
е. шоколад
12. Кейбір аурулардағы туберкулезді емдеу кезінде изониазидтің токсикалық әсері механизмі неге байланысты:
a. ағзадан оның жылдам шығуымен байланысты;
b. ағзадан оның баяу шығуымен байланысты;
c. дәрі-дәрмекке парадоксальді реакциясымен байланысты;
d. препаратқа толеранттылығымен байланысты;
e. барлық факторлардың жиынтығымен байланысты.
13. Тұқым қуалайтын аурулардың көрінісінің негізінде болады:
а. модификациялар
в. мутациялар
с. трансдукция
д. фенотиптік өзгергіштік
е. орта факторлары
14. Емханаға инфекция жұқтырған 35 жастағы жүкті әйел келді. Емделушіге қандай диагностика әдістері белгіленеді?
Плацента биопсиясы
УДЗ
Амниоцентоз
Медико-генетикалық кеңес
Кордоцентоз
15. Хромосомалық ауруларды нақты диагностикалауға арналған әдіс:
a. клиникалық
b. дерматоглификалық
c. цитогенетикалық
d. клинико-генеалогиялық
e. арнайы биохимиялық диагностика
16. Адамдардың қандай популяциясында көптеген кәрі адамдардың бөлігі кездеседі?
a. тез өсетін популяцияда
b. саны азайған популяцияда
c. стационарлы жағдайдағы популяцияда
d. тұрақты емес популяцияда
e. панмикстік популяцияда
17. Тұқымқуалайтын аурулардың екіншілік профилактикасына жатады:
Ауру бала туылудың алдын – алу
Ұрықтың ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғары кезінде жүктілікті тоқтату
Патологиялық генотиптердің айқындалуын коррекциялау
Қандас туыстық некелерде бала туудан бас тарту
Ауруды ерте диагностикалау
18. 3 жастағы баланың кариотипін цитогенетикалық әдіспен зерттегенде, хромосомасының 5 - жұбы бойынша қысқа иығының делециясы табылған. Осы балада қандай клиникалық көріністер байқалады?
жұтқыншағының өзгерісі
өзгеше жылауы
ай тәріздес келбет
ерін мен таңдайының жырығы
мойын қатпарларының қанат тәріздес болуы
микроцефалия
19. Дәрі-дәрмек терапиясының асқыну түрлерін көрсетіңіз?
тұлғаның дәрі - дәрмекке сезімталдығы
сіңіру синдромының бұзылысы
ішектегі ыңғайсыздық
дәрі –дәрмекке парадоксальді реакция
сақинаның (мигрень) пайда болуы
науқастың дәрі-дәрмекке толық түрде толеранттылығы
20. Медико-генетикалық кеңес беруге қандай көрсеткіштер себеп болады?
баланың туа біткен ақауларымен тууы
қайталанған түсіктер
дене шынығуының дамуының кеш болуы
25 жасқа дейінгі әйел адам
35 жасқа дейінгі ер адам
жүктіліктің сәтті өтуі
Кафедра меңгерушісі: Б.Ж. Құлтанов

Приложенные файлы

  • docx 18675355
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 3

Добавить комментарий