Kazakhskiy Vvedenie v spetsialnost Sposoby poluchenia elektroenergii i ee raspredelenie


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес АҚ
Электрэнергетикалық факультеті
«Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы
«Бекітемін»
ЭЭФ деканы__________В.И.Денисенко
«_____»___________ж.

ЕЕ 2213 Мамандыққа кіріспе:
Электрэнергияны алу тәсілдері және оны тарату
пәнінің Syllabus
5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы

Курс 2
Семестр 3
Кредиттердің барлығы 2
ECTS кредиттерінің барлығы 6
Сағаттардың жалпы саны 90
Оның ішінде:
Лекциялар 30
ОӨЖ 60
Оның ішінде ОСӨЖ 15
ЕГЖ-2
Емтихан
Алматы 2015

05071800 – Электр энергетикасы мамандығының жұмыс оқу бағдарламасының негізінде Syllabus құрастырғандар: т.ғ.к, доцент Матаев Ө.М., аға оқытушы Көрпенов Б.Қ.

Syllabus «Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасының отырысында қарастырылды және мақұлданды № 11 хаттама 10 маусым 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________С.Е. Соколов
Syllabus электрэнергетикалық факультетінің оқу – әдістемелік комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітілді № 4 хаттама 23 маусым 2015 ж.
Оқытушылар:
Матаев Ө.М. - т.ғ.к, доцент, Б – 231.
Байланыс: 8(727) 2606713, [email protected]
Көрпенов Б.Қ. – аға оқытушы, Б – 231, Б – 217.
Байланыс: 8(727) 2606713, [email protected]
2 Курстың дәрісханалық сабақтарын өткізетін мерізімі мен орны сабақтардың кестесінде көрсетілген, СОӨЖ консультациялар кестесі электр энергетикасы факультеті деканатының (С 209) және кафедраның (ЭСТжЖ, Б – 231) хабарландырулар тақтасында орналасқан.

3 Оқу пәнінің сипаттамасы
3.1 Пәннің мақсаты – ҚР энергетикалық ресурстары және БЭЖ, электрэнергияны алудың әртүрлі тәсілдерімен танысу. Электрстанциялардағы электрэнергияны өндірудің тепхнологиялық процесімен, жүктеме графиктерін тұрғызудың негізгі қағидаларымен, электрстанциялары және қосалқы станцияларының жабдығымен танысу. Электрэнергиясын жеткізу және тарату, электр тораптарын жіктеу, электр тораптарының қиыстырмалары, сипаттамалары және параметрлері, электрэнергияны жеткізу тәсілдері және электрмен жабдықтау жүйелері туралы жалпы мәліметтерді зерттеу.
3.2 Пәннің мәселелері – электр энергиясын өндіру, жеткізу және таратумен байланысты негізгі мәселелерді зерттеу.
3.3 Пәнді сипаттау: «Мамандыққа кіріспе: Электрэнергияны алу тәсілдері және оны тарату» пәні екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде техникалық прогрестегі мәні, ҚР энергетикалық ресурстары, ҚР БЭЖ жұмысы, электрэнергияны өндірудің бар тәсілдері, электр станцияларының негізгі жабдығы, электр станциялары және қосалқы станциялардың сұлбалары туралы жалпы мәліметтер беріледі.
Екінші бөлімде электрэнергияны жеткізу және тарату, электр тораптары туралы жалпы мәліметтер беріледі. Электр тораптарының негізгі қиыстырмалық ерекшеліктері, олардың жіктелуі және жасалу ерекшеліктері келтірілген. Электрэнергияны жеткізу және тарату жүйелерін реттеудің негіздері, электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері, электрмен жабдықтау жүйелері қарастырылады.
«Мамандыққа кіріспе: Электрэнергияны алу тәсілдері және оны тарату» пәнін аяқтағанда студенттің
түсінігі болу керек:
энергетиканың техникалық прогрестегі мәні туралы;
энергетикалық ресурстар туралы;
ҚР энергетикалық жүйесі туралы;
электр станциялары және қосалқы станциялары туралы жалпы мәліметтер;
электр энергиясын жеткізу және тарату жүйелері туралы;
электр тораптарын жіктеу туралы;
ауа және кабель ЭБЖ қиыстырмалары туралы;
электрэнергияны қашыққа жеткізу және электр энергияны жеткізудің жаңа әдістері туралы;
ол білу керек:
техникалық прогрестегі энергетиканың орны;
Жердің, ҚР энергетикалық ресурстары және олардың түрлері;
электрқондырғылар жұмысының режимдері, электр жүктемелер графиктерінің жіктелуі;
электр станцияларында электрэнергияны алудың технологиялық процесі. Әртүлі электрстанциялардың жұмыс қағидасы;
электр станциялары және қосалқы станциялардың негізгі жабдығының түрлері және арналымы;
ҚР энергия жүйесі;
электр станциялары және қосалқы станциялардың сұлбалары;
электрэнергияны жеткізу және тарату туралы;
электр тораптарын жіктеу және оларға қойылатын талаптар;
ауа және кабель ЭБЖ;
электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері;
электрмен жабдықтаудың жүйелері;
оның қабілеті болу керек:
жүктеме графиктерін айыруға, тәуліктік негізінде ұзақтық бойынша жылдық графикті құрастыруға, жүктеменің типтік графигін аталған бірліктердегі тұтынушының жүктеме графигіне айналдыруға, жүктеме графигінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштерін есептеуге. Орын ауыстыру сұлбасын құрастырып, итерация әдісімен торап айланын есептеуге.
Пререквизиттер: Математика 1,2, Физика.
Постреквизиттер: Электр станциялары. Электр станциялары және қосалқы станциялардың негізгі және қосалқы жабдығы. Электр станцияларын жобалау. Электр тораптары және жүйелері. Электр энергиясын жеткізу.
4 Пәннің құрылымы және мазмұны
4.1 Теориялық сұрақтар
Лек/
апта Тақырып Көз нөмірі
1 бөлім 1/1 Пәннің жалпы сипаттамасы. Энергетиканың техникалық прогрестегі мәнісі. (2 сағат)
Б.1. Ә. 1,2,3
2/2
Жердің энергетикалық ресурстары. Қайталанатын ресурстар. Дәстүрлі емес энергетикалық ресурстар. ҚР энергетикалық ресурстары. (2 сағат) Ә. 1,3,5
3/3 Электрэнергетикалық жүйенің ұғымы. Электрэнергетикалық жүйенің жұмысы туралы жалпы мәліметтер. ҚР БЭЖ. Электр жүктемелерінің графиктері. (2 сағат) Б.1. Ә.2, 3, 5
4/4
Электрэнергиясын өндірудің технологиялық процесі. Электрэнергияны алудың осы кездегі тәсілдері. Энергияның әр түрлерін электрлікке түрлендіру тәсілдері. (2 сағат) Б.1. Ә.2, 3, 7
5/5
Электрстанцияларын жіктеу. Электрэнергиясын өндірудің технологиялық процесі туралы жалпы мәліметтер. (2 сағат) Б.1. Ә.2,5,7
6/6
Синхронды генераторлар. Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар. Коммутациялық аппараттар. Жалпы мәліметтер. (2 сағат) Б.1. Ә.2,5,7
7/7
Электрстанциялары және қосалқы станцияларының сұлбалары. Құрылымдық сұлбалары. Бірсызықты сұлбалар. Оперативтік сұлбалар. Жалпы мәліметтер. (2 сағат) Б.1.Ә. 2,5,7
2 бөлім 8/8
Электрэнергияны жеткізу және тарату. Жалпы мәліметтер. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
9/9
Электр тораптары. Электр тораптарын жіктеу және оларға қойылатын талаптар. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
10/11
Электрберілістің ауа желілері. АЭБЖ элементтері. АЭБЖ қиыстырмалық ерекшеліктері. Сымдардың қиыстырмасы. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
11/11
Кабель желілері. Қиыстырмалық ерекшеліктері. Элементтері. Конструкция Кабельдердің қиыстырмасы. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
12/12 Электр жүктемелерін нобайлау және санау. Электр жүктемелерінің графиктері және олардың сипаттамалары. Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
13/13 Электрэнергияны жеткізу және тарату жүйелерін реттеу негіздері. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
14/14 Электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,5,8
15/15 Электрмен жабдықтаудың жүйелері. Жалпы мәліметтер. (2 сағат) Б.2
Ә. 1,2,3,6,9
Ескерту: *Сырттай оқу факультетінде берілетін лекциялар
4.2 Есептік – графикалық жұмыстар (ЕГЖ)
Есептік-графикалық жұмыс №1.* Жүктемелердің тәуліктік графигін тұрғызу [1, 2, 3 ]. Тапсырма бірінші аптада беріледі, қорғау оқудың жетінші аптасында жүргізіледі.
Есептік-графикалық жұмыс №2.* Кернеуі 35 кВ тұйықталмаған торапты есептеу, тораптың айландарында қуаттың және жүктеме түйіндерінде кернеудің таралуы. [1, 2, 3]. Тапсырма жетінші аптада беріледі, қорғау оқудың онтөртінші аптасында жүргізіледі.
4.3 ОӨЖ тақырыптары
1 Энергияны үнемдеу
2 Электрэнергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматикасы
3 Қазақстанның таратушы тораптары туралы жалпы мәліметтер
4 Электрстанцияларының электржабдығы
5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
6Дәстүрлі емес энергия көздері.
7 Дәстүрлі емес электр станциялары
8 Электрэнергияны алудың технологиялық процесі
9 Электрэнергияны алудың осы кездегі тәсілдері
10 Электр сұлбаларындағы шартты белгілер.
11 Электр қуатының тепе – теңдігі туралы жалпы мәліметтер.
12 Электр жүктемелерінің графиктерін жіктеу
13 Қысқа тұйықтау. Процес туралы жалпы ұғым.
14 Электрэнергияны жеткізу және тарату
15 Сымдар мен кабельдер
16 Тораптар мен жүйелердің электржабдығы
17 Электрберілістің ауа және кабель желілерінің қиыстырмасы
18 Электрэнергияны жеткізудің жаңа әдістері
19 Электрэнергияны тұрақты токпен жеткізудің ерекшеліктері
5 Аралық және қорытынды бақылау сұрақтарының тізімі
1 Электр тогының түрлері. Айнымалы токтың артықшылықтары.
2 Тұрақты ток. Артықшылықтары және кемшіліктері.
3 Электр энергетикасы. Жалпы баптар.
4 Қазақстанның электр энергетикасы.
5 Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.
6 Энергияның табиғи көздері.
7 Электр станциялардың түрлері.
8 Жылу конденсациялық электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
9 Жылу электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
10 Су электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
11 Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
12 Атом электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
13 Жел электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
14 Күн электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
15 Электр жүктемелерінің графиктері. Жалпы мәліметтер.
16 Тұтынушылар жүктемелерінің тәуліктік графиктері.
17 Аудандық қосалқы станцияларының тәуліктік графиктері.
18 Электр станциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері .
19 Жүктемелердің ұзақтығы бойынша жылдық график.
20 Жүктеме графиктерінен анықталатын техникалық – экономикалық көрсеткіштер.
21 Жылу конденсациялық электр станциясының технологиялық процесі. Жалпы мәліметтер.
22 Генераторлар. Жалпы мәліметтер.
23 Трансформаторлар. Жалпы мәліметтер.
24 Қысқа тұйцықтаулар. Жалпы мәліметтер.
25 Коммутациялық аппараттар. Жалпы мәліметтер.
26 Ажыратқыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
27 Айырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
28 Шиналар және кабельдер. Жалпы мәліметтер.
29 Сақтандырғыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
30 Оқшаулағыштар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
31 Өлшеуіш трансформаторлар. Арналымы. Жалпы мәліметтер.
32 Разрядтауыштар және асқын кернеулерді шектеушілер. Жалпы мәліметтер.
33 Электрэнергияны жеткізу және тарату жүйелерінің жалпы сипаттамасы.
34 Электр тораптарын жіктеу.
35 Электр тораптарына қойылатын талаптар.
36 Сымдар мен найзағайдан қорғайтын тростардың қиыстырмалары.
37 Ауа желілерінің тіректері.
38 Оқшаулағыштар және желілік арматура.
39 Кабель желілерінің қиыстырмалары.
40 Тігілген полиэтиленнен жасалған кабель желілері.
41 Энергияны айнымалы токпен жеткізу.
42 Энергияны тұрақты токпен жеткізу.
43 Электрэнергетикалық жүйелердің сипаттамалық қасиеттері.
44 ЭЭЖ басқарудың осы кездегі жүйелері.
45 Электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері.
46 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары.
47 Электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар.

6 Студенттердің жетістіктерін бағалау туралы ақпарат:
6.1 Бағалау жүйесі
Курстың бағдарламасы бойынша жетістіктердің деңгейі АЭБУ қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесінің негізінде бағаланады (1 кестені қараңыз).
1 кесте
Әріп жүйесі бойынша бағалау Балдар Бал
дар %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалау
А 4,0 9 95- 100 Өте жақсы
А- 3,67 8 90-94 Өте жақсы
В+ 3,33 7 85-89 Жақсы
В 3,0 6 80-84 Жақсы
В- 2,67 5 75-79 Жақсы
С+ 2,33 4 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 3 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1,67 2 60-64 Қанағаттанарлық
Д+ 1,33 1 55-59 Қанағаттанарлық
Д 1.0 0 50-54 Қанағаттанарлық
F 0 - 0-49 Қанағаттанарлықсыз
Рұқсат алу рейтингінің қорытынды бағасын Сіз семестрде келесі сұлбамен жинайсыз (2 кесте):
2 кесте - Рұқсат алу рейтингі. Жұмыстың әр түрінің мәнділігі
Семестр Рұқсат алу рейтингі (15 апта)
1-7 апта 7-15 апта Лекция
лар Лаб. сабақтар ЕГЖ (К.Ж.) ШБ №1(7 апта) Лекциялар Лаб. сабақтар ЕГЖ (К.Ж.) ШБ №2(15 апта) 10% - 30% 10% 10% - 30% 10% 100 %
Курс бойынша қорытынды баға:
3 кесте
Параметр %-дық мазмұны
Рұқсат алу рейтингі 60
Емтихан 40
Қорытынды: 0,6 рұқсат алу+0,4 емт. 100
6.2 Балдарды қою саясаты:
2, 3 кестелердегі барлық көрсетілген бағалайтын балдар максималды. Олар жұмысты уақытылы және жоғары сапалы орындағанда қойылады. Тестілеудің және лекция сабақтарына қатысудың бағаланатын балдары дұрыс жауаптардың және жіберілген лекциялардың сандарынан тәуелді қойылады.
6.3 Университет оқушыларының академиялық мобильдігін ұйымдастырғанда бағаларды аудару
ECTS (Трансферттің (аударудың) және кредиттерді жинаудың еуропалық жүйесі) бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін бағалауды бал-рейтингтік әріптік жүйесіне және кері аудару 4 және 5 кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

4 кесте - ECTS бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін бағалауды бал-рейтингтік әріптік жүйесіне аудару
 ECTS
бойынша бағалау Әріптік жүйесі бойынша бағалау Балдардың санды
эквиваленті
%-дық
мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А А 4,0 100 Өте жақсы
В В+ 3,33 85 Жақсы
С В 3,0 80 D С 2,0 65 Қанағаттанарлық
E D 1,0 50 FX, F F 0 0 Қанағаттанарлықсыз
5 кесте – ҚР бал-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларын ECTS бойынша бағаларға аудару
Әріптік жүйесі бойынша бағалау Балдардың санды
эквиваленті
%-дық
мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау  ECTS
бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы А
А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 Жақсы В
В 3,0 80-84 Жақсы С
В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық D
С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 Қанағаттанарлық E
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз FX, F
7 Курстың саясаты:
- сабаққа кешікпеу және одан қалмау;
- сабаққа белсене қатысып, оның оқытушы ұсынған сценарийін ұқыпты бақылау;
- белгілі себептермен жіберілген (деканаттың рұқсатымен) лабораториялық сабақтарды жасау;
- есептік-графикалық жұмыстарды қорғауға ЕГЖ қабылдау графигіне сәйкес өткізу:
- кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу.

8 Академиялық этиканың нормалары:
- тәртіп сақтау;
- тәрбиелілік;
- мейрімділік;
- адалдық;
- жауапгершілік;
- аудиторияда ағытылған ұялы телефонмен жұмыс істеу.
Шиеленіскен жағдайлар оқу топтарында оқытушымен, эдвайзермен ашық талқылану керек, ал жанжал шешілмесе деканаттың қызметкерлеріне жеткізілу керек.
9 ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ
БӨЛІМ
Оқулықтар негізгі:
1 Балаков Ю.Н. и др. Проектирование схем электроустановок: Учебное пособие.- М.: Издательский дом МЭИ, 2006.
Рожкова Л.Д., и др. Электрооборудование электрических станций и подстанций: учебник для вузов. - М.: 2006.
Дукенбаев К.Энергетика Казахстана. Условия и механизмы ее устойчивого развития. Алматы. 2004.
Кузембаева Р.М. Соколов С. К., Хожин Г.Х. Электрические станции и подстанции: Учебное пособие. – Алматы, 2006.
Михалкова Е.Г., Соколова И.С..Введение в специальность: Производство, передача и распределение электрической энергии. Конспект леуций. Алматы: АУЭС 2013.
Михалкова Е.Г., Соколова И.С..Введение в специальность: Производство, передача и распределение электрической энергии. Методические указания к расчетно-графическим работам. Алматы: АУЭС 2015.
Оқулықтар қосымша
7 Хожин Г,Х. Соколов С.Е., Кузембаева Р.М. Электроэнергетика; Оқу құралы. – Алматы, ҚазККА 2007. – 140 бет.
8 Соколов С.Е, Кузембаеыва Р.М. Хожин Г.Х. Электоэнергетика ( электрические станции и подстанции). Учебное пособие. АИЭС. Алматы, 2008 .
9 Хожин Г.Х Электрические станции и подстанции Учебник на казахском языке. Алматы. «Гылым», 2002.
2 БӨЛІМ
Оқулықтар негізгі:
10 Соколов С.Е. и др. Электрические сети и системы. Учебное пособие.-А.,2010
11 Лыкин А.В. Электрические системы и сети.-М.,2007
12 Электроснабжение промышленных предприятий: Учебник для студентов высших учебных заведений /Кудрин Б.И. - М.: Интермет Инжиниринг, 2005.
13 Герасименко А.А. Передача и распеделение электрической энергии.-Ростов-на/Д. ,2012.
Оқулықтар қосымша:
14 Электрические системы и сети в примерах и иллюстрациях: Учеб. пособие для электроэнергетич. спец./ Под ред. В.А. Строева.- М.: Высш. шк., 1999.
15 Идельчик В.И. Электрические системы и сети: Учебник для вузов.- М.: Энергоатомиздат, 1989.
16 Электрические системы: Электрические сети / Под ред. В.А. Веникова.- М.: Высшая школа, 1997.

Приложенные файлы

  • docx 18491679
    Размер файла: 45 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий