Веб квест 302 ҚТӘ


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Драматургтер: Қабылова Кәмшат Қожықова Айдана Мусаев Азамат Мақшатова Данагүл Тағыбергенқызы Ардақ “Біз соғысты көрген жоқпыз”Кейіпкерлер: Соғыс ардагері Нығмет Ниетович- Умирбаев АЖас жауынгер Нығмет Ниетович- Омаров ТСоғыс даласындағы жауынгер- Құдайберген ААвтобустағы жастар- Сартаева С Садықова І Тәшпенова Қ 1-сахна. Автобустың іші толы жастар. Жанары мұңға толған қария. Жастарға ойлана қарап өзінің сол жастағы кезін, соғыс кезін еске алады...Қария:- Иә...бұл күнді де көрдім-ау. Ай, жеткіншектерім-ай... Мына сендер үшін, сендердің риясыз күлкілерің үшін, бейбіт күнде шат-шадыман күн кешулерің үшін, ешкімге жалтақтамай өмір сүрулеріңіз үшін өр кеудемді оққа тосып едім... Ех, сонау жылдары(ауыр күрсініп соғыс кезін еке елды)... 2-сахна. Соғыс кезі. Бәрі солдат киімін киіп соғыс даласында отырады. Басты кейіпкер өзінің үнемі қалтасында жүретін шағын қойын дәптерін алып өз ойын тізіп жатыр... Қан майдан. Сұм соғыс ешкімді аямайды. Жанымдағы қанша жолдасым қыршын кетті, ауылдағыларды ойласам... Жо-жоқ,біз жеңеміз. Ей, сұм соғыс есіл кеткен боздақтарым үшін, еңіреп жүрген балаларым үшін, есеңгіреген аналарым үшін мен сені жеңемін. Ей сұм соғыс мен сенімен неге сонша жан алысып күресіп жүрмін. Білесің бе, білмейсің себебі сен тек осы сәтті ғана көресің көзіңде тек қан. Кәрі, жас демейсің сен. Біреудің соңғы үміті демейсің сен. Сенің көретінің тек қан. Ал мен болсам... Мен болсам, болашақ үшін күресемін. Келешек жастардың бейбіт өмір сүруі үшін. Келешек ұрпағымның алаңсыз бейбіт өмір сүруі үшін күресемін. Мен сені жеңемін соғыс! Осы сәтте қатардағы жауынгер шұғыл хабар жеткізді:- Жолдас капитан, фашистік Германияның астанасы Берлин біздің Кеңес әскерінің қаһарынан құтыла алмады. Біз жеңдік! (Жеңіс әні) 3-сахна. Автобус іші. Жас бойжеткен автобусқа мінген қарияны байқап атып түргеліп орын берді. Соғыс ардагеріне барлығы әрі мейіріммен, әрі ризашылықпен қарап, әркім іштей рахметын айтқандай. Бойжеткен: Отан дедің отқа орап от денеңді Отан үшін көрдіңдер көрмегендіЗұлматтың зобалаңы, залым жылдарАрпалыспен өткердік көп күндерді.Қан майдан қасіретті қара жылдарҚайғыңнан тамып түскен қанша жыр бар?Қайтсең де өр қазақты жеңе алмадың,Өйткені елім деген ұлдары бар. “Елім” деп етігімен су кешкендер,Тағдырдың тар жолымен белдескендер,Отанның отын үрлеп үміт жағып,Сұм жылды жаныменен жерлескендер.“Отан” деп от пен судың ортасында,Дес бермей дауылы мен бұрқасынғаБейбіт күн, бақытты өмір-бәрі-бәрі Бүгінгі ардагерлер арқасында! Автобустағы бойжеткен:Еркін елде бір зұлым басталды күн.Фашистер бастағанда қастандығын,Жаулаймын деп жерлерін бабамыздың,Жеңе алмаған рухы мен асқарлығын.Отан үшін от кешкен батырлығын,Ұмытылмайды, өшпейді алқындығың.Ерліктерін олардың қалаймын мен,Ғасырдан ғасырларға асқандығын.Сол жылдары қиынның кешті күнін,Ащы дәмін қайғының, ел ішті мыңЕреуіл ерліктердің арқасында,Тойлап жүрміз қазір біз жеңіс күнін.Сұм соғысты бағындырып алған ерлер,Отан үшін отқа жанын салған ерлер,Бәріңіз біздер үшін қымбатсыздар,Құрметке зор лайықты ардагерлер!!! Көрініс соңында автобустағы жолаушылар қарияны ортаға алып шығып “Ардагерлер” әнін хормен орындайды. Актёрлік құрам Соғыс ардагері -Умирбаев Айбат Ардагердің жас кезі - Омаров Теңел Солдаттың монологын оқыған, жеңісті хабарлаған сержант – Құдайбергенова Айдана Автобустағы жастар -Садықова Іңкәр,Ташпенова Құралай Автобус жүргізушісі -Сартаева Самал Жай сөйлем типтері Айтылу мақсатына қарай бөлінетін жай сөйлемдер.Толымды және толымсыз жай сөйлемдер.Жалаң және жайылма жай сөйлем. Жақты және жақсыз жай сөйлем. Атаулы сөйлем. І. Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай: Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы, Сұм соғыс ешкімді аямайды. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері: Баяндауыштары негізінен ашық райлы формалы етістіктен жасалады. Өзіне тән интонациясы болады. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады: 1. -ма, -ме, па, -пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы:-Мөңкенің жағдайы жақсы ма?2. Сұрау мағыналы -ғой, -ау, -ше, шылаулары арқылы: -Қаратаз ше?-Балалары болды деп есіттім ғой?3. Сұрау интонациясы арқылы: -Мұнан жеті жыл бұрын?4. Сұрау есімдіктері арқылы: -Қайғыңнан тамып түскен қанша жыр бар?5. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады: - Көп керек шығар? Белгілі бір ой бұйрық ой мақсатымен айтылса бұйрықты сөйлем болады. -айық, - ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сыңар ретінде жұмсалатын –алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар-алықшы, -елікші бұйрықты өтініш, тиілек ретінде білдіру үшін жұмсалады Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл –күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады. Мысалы, Мен сені жеңемін соғыс! Біз жеңдік! Структура-семантикалық компоненттерінің қатысына қарай жай сөйлем: Толымды сөйлем : Мен болсам, болашақ үшін күресемін. Келешек ұрпағымның алаңсыз бейбіт өмір сүруі үшін күресемін. Толымсыз сөйлем: Иә...бұл күнді де көрдім-ау. Ай, жеткіншектерім-ай... Жалаң сөйлем: Біз келдік. Жайылма сөйлем: Ерліктерін олардың қалаймын мен,Ғасырдан ғасырларға асқандығын.Жақты сөйлем: Сұм соғыс ешкімді аямайды. Жақсыз сөйлем: Бізге көбірек оқу керек. Атаулы сөйлем Автобустың іші толы жастар. Жанары мұңға толған қария.Соғыс кезі.Қан майдан. ЖылнамашыларСинтаксис саласы бойынша еңбектер Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы 1930 ж Сауранбаев Т,. Аманжолов С «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы баспасы 1936 ж Жұбанов Қ. «Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан» Алматы баспасы 1940 ж Аманжолов С. «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» Алматы баспасы 1941 ж Жиенбаев С. «Синтаксис мәселелері» Аматы баспасы 1974 ж Есенов Қ. «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер» Алматы баспасы Еңбектер тізімі Жылы Авторы Кітаптың аты Баспасы 1976 ж Сайрамбаев Т. «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері» Алматы баспасы 1989 ж Төлегенов «Қазақ тіліндегі модаль мәнді жай сөйлемдер» Алматы баспасы 1991 ж Сайрамбаев Т. «Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі» Алматы баспасы 1992 ж Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы» Алматы баспасы 1994 ж Аманжолов С. «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» Алматы басасы 1995 ж Есенов Қ. «Құрмалас сөйлем синтаксисі» Алматы баспасы

Приложенные файлы

  • ppt 20560474
    Размер файла: 7 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий