Lekciya 10 Khazakhstan Respublikasining Parlamentining konstituciyalikh


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
10 - тақырып Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық - құқытық мәртебесі. 1. Парламентті құру тәртібі және құрылымы. 2. Парламент депутаттарының өкілеттілігі. 3. Заң шығару процессі. 4. Қазақстан Республикасы Парламентінің актілері. 5. Парламе нтті тарату. Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілі гі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР - сы Конституциясы, 3 - бап).Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады. Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бек ітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Респуб ликасының Конституциясымен және 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен реттеледі. ҚР - сы Конституциясының 50 - ші бабына сәйкес, еліміздің Парламенті тұрақты тү рде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат жанама сайлау арқылы құралады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі адамнан өкіл дік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық - мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жарт ысы қайта сайланады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады . Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы бес ж ылдан кем емес, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты болып сайлана алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Палаталарды мемле кеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған Төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Пр езиденті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар Төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Палаталар Бюроларының құрамы на Палаталар Төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің Төрағалары кіреді. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді. Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілі стің тұрақты комитеттері, сондай - ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын - ала қарап, дайындау үшін құрылады. Тұрақты комитеттер құр ылған кезде Палаталар олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілейді, содан кейін тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлайды. Сенат және Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әр Палатада жетіден аспауға тиіс.

Приложенные файлы

  • pdf 18813861
    Размер файла: 258 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий