Lekciya 9 Khazakhstan Respublikasi Prezidentining konstituciyalikh


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
9
-
тақырып.

Қазақстан

Республикасы Президентінің конституциялық
-

құқықтық

мәртебесі.

1.

Президенттің құқықтық мәртебесі.

2.

Президенттің өкілеттілігі.

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері.

4.

Президент Әкімшілігі және басқа органдар.


Қазақстанда президен
т институты алғаш рет 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған
«Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі
заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес құрылды. Бұл заңда
Қазақстанда Президент қызметін тағай
ындаудың негізгі себептері ретінде келесілер
көрсетілді: елімізде жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық
өзгерістердің одар әрі дамытылуын қамтамасыз ету; конституциялық құрылысты
нығайту; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсізді
гін нығайту; ҚазССР
-
ң
мемлекеттік өкімет мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс
-
қимылын жақсарту.
ҚазССР
-
ң тұңғыш Президенті Қазақстанда Президент қызметі енгізілген күні (1990
жылдың 24 сәуірінде) ҚазССР Жоғарғы Советімен алты жыл мерзімге сайланды.

1991
жылғы 1 желтоқсанда бірінші рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп,
Президент Республика халқымен бес жыл мерзімге сайланды.

1995 жылы 29 сәуірде президенттің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін
ұзарту туралы референдум өткізілді. Екін
ші бүкілхалықтық президенттік сайлау 1999
жылы өтті. Бұл президенттік сайлау алғаш рет баламалық негізде өткен сайлау болды.
Онда Республика Конституциясына енгізілген 07.10.1998 жылғы өзгертуге сәйкес
Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланды. Келе
сі кезекті сайлау


2005 жылы
4 желтоқсанда өткізілді. 2007 жылы 21 мамырда қабылданған «ҚР Конституциясына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес ҚР Президентiнің Республика
азаматтарымен бес жыл мерзiмге сайланатындығы және 5 жылдық өкіл
еттік мерзімі 2005
жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық
өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау
қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға
қолданылатындығы бе
лгіленді. Соңғы сайлау (кезектен тыс сайлау) 2015 жылдың 26
сәуірінде өткізілді.

Президент


бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды
тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап
береді.


Қазақстан Рес
публикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заңмен реттеледі.


Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін қ
ұқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция
Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық
тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық
ал
дындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды.


ҚР
-
сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және
кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігіні
ң рәмізі болып табылатынының
себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық жалпыға бірдей, тең және төте
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық а
тынан сөйлеуге
құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында
мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды
белгілеп берді. Мемлекетт
ің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті
деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол
тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан
Республикасының 40 жасқа толған азама
тының сайлана алатындығы белгіленді.


Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде
тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін белгілейді.


Конституцияда Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұру қажеттігі Қаза
қстан
Республикасының Президентіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мұндай
талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді,
халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы
білуі тиіс.


Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін
меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан
мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз
етудің басты шарттарын
ың бірі
-

оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін
қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер
азамат қазақтармен еркін сөйлесу үшін, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада
Қазақстан Республикасын
ың Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық
шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы
Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.



Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сай
лана алмайды.
Бұл шеткеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.


Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші сәрсенбісінде
өткізіледі.


Президенттің қызметке кірісу рәсімі қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.


Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1)

жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;

2)

Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған жағдайда;

3)

қызметінен кетірілген жағдайда;

4)

Президент қайтыс болған жағдайда.


Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі институты Қазақстан
Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан бостау
және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Науқастануына байланысты өз
міндетін жүзеге асы
руға қабілетсіздігі дендеген жағдайда Президент мерзімінен бұрын
босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент депутаттарының тең санынан және
медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен
бұрын босату туралы шешім Парламен
т Палаталарының бірлескен отырысында
комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің
сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының
кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституц
ияда Президентті
лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгіленген. Президент өзінің міндетін
атқару кезіндегі іс
-
әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап
береді. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін. Кінә

тағу және
оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдануы
мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат
депутаттарыны
ң жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының
бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып
тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және Конституциялық Кеңестің
белгіленген конституциялық рәсімдерд
ің сақталғаны туралы қорытындысы болған
жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік
дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Егер кі
нә
тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім қабылдамаса,
Президентке қарсы қойылған кінә қабылданбай тасталған деп танылады. Мұндай
жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс
депутаттар
ының өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылады.


Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика
Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.

Президент өз

міндеттерін атқара алмайтын барлық жағдайларда оны уақытша
Парламент Сенатының Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы не Республиканың Премьер
-
Министрі ауыстырады. Бұл тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашыл
ық жасауға құқығы жоқ.


Президенттің конституциялық
-
құқықтық мәртебесі 2000 жылғы 20 шілдедегі
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңда одан
әрі дамытылды. Бұл заң Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өз қызметін
тоқ
татқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңның қабылдануы
Тұңғыш Президенттің Қазақстан мемлекеттігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша
тарихи рөлімен негізделе
ді.


Қазақстан Республикасы Президентіне Конституцияда және 1995 жылғы 26
желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық Заңда
кең өкілеттіктер берілген:

1)

Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы
саясаты
ның негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;

2)

Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс
сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның
депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;
Парламенттің
кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде
қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын
қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;

3)

Парламент Мәжілісіне өкілдігі бар саяси
партиялар фракцияларымен
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика
Премьер
-
Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің
келісімімен Республиканың Премьер
-
Министрін қызметке тағайындайды; оны
қызметтен босатады;

Премьер
-
Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің
құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық
атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің
мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс,

ішкі істер, әділет
министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;
Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша
Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент
Мәжілісіне енгізуді тапсы
рады; Республика Үкіметі мен Премьер
-
Министрінің,
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің
күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

4)

Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі
нің Төрағасынғ Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

5)

Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың бас
шыларын қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады;

6)

Республика дипломатиялық өкілдерінің басшыларын тағайындайды және
кері шақырып алады;

7)

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін,
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің
Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

8)

Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;

9)

Республика Премьер
-
Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік
бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлер
іне арналған
қаржыландыру мен еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

10)

Республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;

11)

келіссөздар жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол
қояды;

12)

Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбас
шысы болып табылады,
Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып
отырады;

13)

Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды;

14)

Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;

15)

азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыра
ды;

16)

Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен
аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі
және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты
жұмыс істеуі бұзылған ретте, Пре
мьер
-
Министрмен және Республика Парламенті
Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика
Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның
жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы К
үштерін
қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;

17)

Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан
тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген
жерлерінде әскери жағдай

енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап,
бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;

18)

өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және
Республикалық ұланды жақтайды;

19)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын қызметке
т
ағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін
анықтайды; Республика Президентінің әкімшілігін құрады;

20)

Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік
-
кеңесші органдарды,
сондай
-
ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Соты Кеңесін қ
ұрады;

21)

Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да
өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында
заң шығарушылық қызметті жүзеге асырады:

1)

Қазақстан Республикасының Конституциясым
ен заңдары негізінде және
оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар
жарлықтар мен өкімдер шығарады;

2)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 53
-
бабының 3
-
тармағына
сәйкес заңдар шығара алады (Президентке оның бастамасы бойынша әр П
алата
депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігі беріледі);

3)

Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын
белгілеуге, сондай
-
ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар,
бұл
Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті
екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң
күші бар жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген
тәртіппен жаңа заң қабылдаған
ға дейін қолданылады.

Конституцияға сәйкес Президент Әкімшілікті қалыптастырады. Әкімшілік
Президенттің стратегиялық ұсынымдарын қамтамасыз етуі тиіс.



Бақылау сұрақтары

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі дегеніміз не?

2.

Қазақстан Республикасы

Президенті болып кім сайлана алады?

3.

Президент Парламентке қатысты қандай өкілеттіктер атқарады?

4.

Президент Үкіметке қатысты қандай өкілеттіктерді атқарады?

5.

Президенттің өкілеттігі қандай жағдайларда тоқтатылады?

6.

Қазақстан Республикасының Президенті өз өкіл
еттіктерін жүзеге асыру
мақсатында қандай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды?

7.

ҚР Президенті қандай жағдайда заң күші бар жарлық шығара алады?

8.

ҚР
-
сы Президенті әкімшілігі дегеніміз не?




Приложенные файлы

  • pdf 18813862
    Размер файла: 283 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий