Lekciya 8 Khazakhstan Respublikasining memlekettik organdarining


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
8
-
тақырып

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.


Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы.

1.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ұғымы.

2.

Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері.

3.

Қазақстан Ре
спубликасының саяси негіздері.



Конституциялық құрылыс


бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін
және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру
формасы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы


мемл
екетті
ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция
нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын
қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы
на негіз
болатын барлық принциптер бекітілген. Олар:

-

халықтық билік,

-

мемлекеттік егемендік,

-

біртұтастық,

-

биліктерді бөлу принципі,

-

құқықтың үстемдігі,

-

мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық
жолмен шешу,

-

идеологиялық және саяси әр алуанды
лық және т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін құру концепциясында Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысының негізгі белгісі ретінде халықтық билікті
атап айтуға болады. ҚР Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден
-
бір бастауы


хал
ық» деп бекітілген (3
-
бап). Халық билікті республикалық референдум және еркін
сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай
-
ақ халық өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік
органдарға береді.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде
Ко
нституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз
аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік
-
жігері
негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет қызметтерін
жүзеге а
сыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат
байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық негіздері құрайды.
Егемендіктің бастауы
-

халық, сонымен қатар егемендік Қазақстан Республика
сының әр
бір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады:
Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы
қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы.
Егемендік

идеясы 1995 жылғы ҚР
-
ның Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы


президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады (2
-
бап). Біртұтастық Қазақстан
Республикасы конституциялық құрылысының маңызд
ы бір белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік
және тепе
-
теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс
-
қимыл жасау прин
ципіне сәйкес
жүзеге асырылады (4
-
б. 3
-
т.).

Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негізінде меншік
нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп нарықтық қатынастар конституциялық
түрде бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы бірдей дәре
жеде
мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды (6
-
б.1
-
т.). Қазақстан
Республикасының Конституциясының 6
-
бабының 3
-
тармағы «Жер заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп мойындайды.

Меншіктің барлы
қ нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз
араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін қолайлы
жағдай жасайды. Мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің субъектілері мен
объектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру к
өлемі мен шегін белгілейді.
Сондай
-
ақ мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық қызметін тура және
тікелей реттейді, мемлекеттік меншік объектілерін пайдаланудың құқықтық режимін
айқындайды.

Конституцияға сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері,
өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Меншік
міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс (6
-
б.
2
-
т.). Мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын тікелей басқару мен
реттеуді
жүзеге асырады.

Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін
белгіледі. Оларға қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, идеологиялық және саяси әр
алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік интститтутарды бөлу сияқты принциптерд
і
жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесін билік үшін күресті, оны
ұйымдастыруды және қызмет етуін жүзеге асырушы сан
-
салалы ұйымдар, институттар
және мекемелер құрайды. Конституция ең алдымен мақсаты мен іс
-
әрекеті
конституциялық құрылыст
ы күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, т.б. бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және
олардың қызметіне тиым салады (5
-
б. 3
-
т.). Саяси әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші
түрлі әлеуметтік
-
саяси құрылымда
рдың болуы ұғынылады. Саяси әр алуандылық
негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет нысандарының сан
алуандылығы да жатады.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы
принциптердің бірі қоғамдық келісім мен саяси тұрақт
ылық болып табылады. Саяси
жүйенің кез келген институтының қызметі қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге
бағытталуға тиіс. Қазақстан Республикасының бір ерекшелігі оның көп ұлттылығы,
сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағы
ттарын белгілеген
кезде осы жағдайды есепке алуға және қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс.

ҚР Конституциясына сәйкес (1
-
б.) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

Қазақстан Республика
сы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек
сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден
көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот
тармақтарына бөлінуі; идеологиялық және
саяси әр
-
алуандылық; меншіктің барлық
формасын тану және тең қорғау.


Демократиялық мемлекетте биліктің бірден
-
бір бастауы және қорғаушысы халық
болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық
егемендігі халықтың толық
билігін көрсетеді, яғни қоғам мен мемлекеттің істерін
басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік
-
экономикалық және
саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы
жүзеге асырады. Қазақстан

Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен
мемлекет атынан билік жүргізу құқығы Президентке, сондай
-
ақ оның конституциялық
өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне берілген. Республика Үкіметі мен өзге де
мемлекеттік органдар мемлекет аты
нан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік
жүргізеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Қазақстан
мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің болмайтындығынан


көптеген діни уағыздардың бірде бірінің міндетт
і немесе басым болып
табылмайтындығынан көрінеді. Қазақстандағы діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына,
мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдардың және оның лауазымды адамдарының
қызметіне ықпал етпеуі тиіс. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни

бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет
органдарының діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуға, сондай
-
ақ діни
бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін
білдіреді.

Мемлекетт
ің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды
қаржыландырмауынан да көруге болады.

Одан әрі, Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни
негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді.


Заң алдындағы діни ұйымдардың теңдігі
ешқандай
дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты пайдаланбайтындығынан
және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге тартылмайтындығынан көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық
мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлеке
т мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар,
қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық
нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің
жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы б
олып табылады. Бұл ең алдымен
Конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні


оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі
халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің
міндетті ерекшел
ік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін,
басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды
құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі.


Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты м
ен оның шегінің
сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы.
Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет.


Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар үшін тең болуы
қажет,

сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының алдында оның
барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет есептелінеді.


Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет


бұл
әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен
оның еркін дамуына материалдық қатынастың
еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекет.


Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік
минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады жә
не осыған байланысты әр бір есейген
адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр
түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі
тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет а
раласады.


Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті
қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы
әлеуметтік қамтамасыз ету.


Әлеуметтік мемлекеттің ерекше сипатын, оның адамның еркін
дамуы мен
лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге болады.


Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен,
азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, олардың
материалдық және р
ухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір түрін жоғары
көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның мүшелерінің арасындағы
қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігін көрсетеді.


Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты адам м
ен қоғамның жақсы тұрмысына жету,
тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымын
түсіндіріңіз.

2.

ҚР
-
ның конституциялық құрылысының принциптері
н атаңыз.

3.

Қазақстан Республикасының экономикалық негіздеріне нелер жатады?

4.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы айтыңыз.

5.

Қазақстан Республикасы


демократиялық мемлекет ретінде нені білдіреді?

6.

Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі

сипаттамасын
айтыңыз.

7.

Қазақстан Республикасы


құқықтық мемлекет ретінде нені білдіреді?

8.


Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипаттамасын
айтыңыз.






Приложенные файлы

  • pdf 18813863
    Размер файла: 271 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий