Lekciya 7 Respublikalikh referendum


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
7 – тақырып . Республикалық референдум. Республикалық референдум: ұғымы мен қағидаттары. Республикалық референдум пәні. Республикалық референдумда қарауға жатпайтан сұрақтар. Республикалық референдум комиссиясы. Республикалық референдумды өткізу тәртібі. Республикалық референдумды тағайындау жөне оған әзірлік. Республикалық референдум шешімдері. Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәсе лелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Референдумның талқысына: 1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу; 2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзг е де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн. 3 - бап. Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер Мыналар: 1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын; 2) мемлекеттiң бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту; 3) Республиканың әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы мен шекараларының; 4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау; 5) бюджет пен салық саясаты; 6) рақымшылық пен кешiрiм ж асау; 7) Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары мен Үкiметiнiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату; 8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi референдум талқыс ына қойылатын мәселелер бола алмайды. Республикалық референдум өткiзудiң принциптерi Референдум өткiзу: 1) азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi; 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы; 3) жариялылық принциптерiне негiзделедi. Республикалық референдумға қатысу құқығы Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, т ұрғылықты жерiне немесе кез - келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс - әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай - ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады. Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсыс ы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады. Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назары на бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құ қығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады. Референдум өткiзу кезiнде Республика қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады, олардың өкiлеттiгi Орталық сайлау комиссиясы белг iлеген тәртiппен куәландырылады. Өкiлдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың референдум комиссиялары жанында т iркелген өкiлдерiнiң республикалық референдум өткiзуге байланысты шараларға баруына кепiлдiк берiледi. Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде болады. Референдум тағайындау бастамашылығы: 1) Қазақстан Республикасының Президент iнде; 2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселені әуелі - Мәжілісте, ал со дан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырады және Парламент Палаталарының тиісті қаулыларымен ресімдейді; 3) Қазақстан Республикасының Үкiметiнде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне т ілек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжiлiсiнде мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi; 4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, олар республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентiне тiлек бiлдiредi. Бiр ғана мәселе (бiр ғана мәс елелер) бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгiзiлуi мүмкiн және оларды Республика Президентi аталған мәселе (аталған мәселелер) жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды.

Приложенные файлы

  • pdf 18813864
    Размер файла: 205 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий