Lekciya 6 Saylau khukhighi zhane Khazakhstan Respublikasining saylau zhyyesi


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
6 - тақырып Сайлау құқығы және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі. 1. Сайлау жүйесінің түсінігі. 2. Сайлау құқығы түсінігі, түрлері және принциптері. 3. Сайлау органдары. 4. Референдумның конституциялық негіздері. Сайлау жүйесі дегенде мемлекетті ң және жергілікті өзін - өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз. Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері – бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады. Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, при нциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңға сәйкес Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақст ан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған; - қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарғ а қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады. Өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: басқа кандидаттарға қар ағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін - өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете о тырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы екіге бөлінеді: белсенді және бәсең. Белсенді сайлау құқығы деп – Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауа зымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығын айтамыз. Бәсең сайлау құқығы деп – Қазақстан Республик асы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары немесе өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығын айтамыз. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды, оны сайлайды . Сайлауға іс - әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай - ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Тең сайлау құқығы деп – сайлаушылар Республика Президенті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісіні ң депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысатыны, әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болатынын айтамыз. Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы бе лгіленген. Төте сайлау құқығы деп – Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және өзге де мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауын айтамыз. Жанама сайлау құқығы деп – Парламент С енатының депутаттарын сайлауға таңдаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтарының қатысатындығын айтамыз. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлағ ан кезде бір дауысы болады. Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жа сау мүмкіндігіне жол берілмейді. Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін арнайы кабинеттер жабдықталады. Жасырын дауыс беруде сайлау бюллетеньдері нөмірленбейді және ешқандай белгі соғылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке бастарын анықтауға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық Заңының 3 - бабында сайлау құқығының келесі принцптері бекітілген: - Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәс лихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жсырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. - Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құ қығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. - Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай - ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. Қазақстан Р еспубликасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне: 1) Республикалық Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округ тік сайлау комиссиялары; 4) у часкелік сайлау комиссиялары кіреді. Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл. Орталық сайлау комиссиясы Республиканың сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган бол ып табылады. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары бо лып табылады. Олар Президент, Парламент депутаттары және мәслихат депутаттарының, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Аумақтық сайлау комиссиялары құрамы жеті адамнан тұрады. През идент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – он күннен, ал жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық комис сиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Округтік сайлау комиссиялары сайлау округтерінде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиясы жеті адамн ан құралады. Олардың құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Учаскелік сайлау комиссилары жеті адамнан тұратын құрамда құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Презид ентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс. Президентт, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі уча скелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – жеті күннен, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралд арына жарияланады. Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады. Референдум азаматтардың еркін білдіру бо стандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Конституцияға сәйкес референдум өткізу туралы шешімді Республика Президенті қабылдайды. Референдумның конституциялық негіздері 1995 жылы 25 наурызд а қабылданған «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі. Бақылау сұрақтары 1. Сайлау жүйесі дегеніміз не? 2. Сайлау құқығы дегеніміз не? 3. Белсенді және бесең сайлау құқығының мәнін түсіндіріңіз. 4. Тең сайлау құқығы дегеніміз не? 5. Төте және ж анама сайлау құқығының мәнін түсіндіріңіз. 6. Сайлау құқығы принциптерін атаңыз. 7. Сайлау комиссияларының бұртұтас жүйесін қандай сайлау комиссиялары құрайды? 8. Референдум дегеніміз не?

Приложенные файлы

  • pdf 18813865
    Размер файла: 217 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий