Lekciya 5 Khazakhstan Respublikasinda adam


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
5 - тақырып. Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері. 1. Қазақстан Республикасының азаматтығы ұғымы. 2. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері. 3. Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтату негіздері. 4. Қазақстан Республи касының мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелер жөніндегі өкілеттіктері. Азаматтық – бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси – құқықтық байланысы. «Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси - құқықтық сипатта болады; 3) мемлекет пен азамат тың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді. Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, Ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Қазақстан Республикасы аз аматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған «ҚР - ның азаматтығы туралы» Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: - барлық азаматтардың теңдігі туралы; - азаматтардың құқықтары мен бостанды қтарының кепілдігі туралы; - құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы; - азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртіптерін, ата - аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азам аттық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай - ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді. Азаматтық туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар а заматтығы жоқ адамдар деп аталады. Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасының аз аматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған негіздер бойынша алынады. Бала ө мірге келген кезде ата - анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата - анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: 1) Қазақстан Республикасының территориясында туса; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата - анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақста н Республикасының азаматы болып табылады. Ата - анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата - анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылық ты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата - анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады. Бала туған кезде ата - анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ ада м болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территория сында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша ҚР Азаматтық туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының азама ттығына: 1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Жоғарыда аталған шарттардың болуы мынадай тұлғалар үшін талап е тілмейді: - кәмелетке жасы толмағандар; - әрекетке қабілетсіздер; - Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер; - Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтары, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып орлағандар. 2) Қазақстан Республикасы азаматтары ішінде жақын туыстарының бірі – баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата - анасының біреуі (асырап алушысы), апа - қарындасы, аға - інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, ха лықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс - әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) лаңкестік әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес оның Қазақстан Респу бликасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады. Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына берілген өт ініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату. ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бір лестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін. Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп ж үрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасы азаматтығынан: 1) адамдардың , ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Республика азаматтығы те ріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса; 3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консул дық есепке тіркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады. Қазақстан Республикасының заңдылықтары Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы істерді шешу тәртібін және азаматтық туралы істерді жүргізетін мемлекеттік органдар дың шеңберін анықтайды. Қазақстан Республикасыеда азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті: - Қазақстан Республикасының азаматығына қабылдау туралы; - Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы; - Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешімдер қабылдайды. Басқа мемлекеттік органдар дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бұл органдар – Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қ азақстан Республикасы Президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия. Азаматтық мәселелері бойынша арыздар Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады. Арыздарды қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс. Бақылау сұрақтары 1. Азаматтық деге німіз не? 2. Азаматтық мәселелері қандай заңмен реттеледі? 3. Азаматтық алу негіздеріне не жатады? 4. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы мүмкін бе? 5. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін Қазақстан Республикасының аумағын да заңды негізде кемінде қанша жыл тұрақты тұру қажет? 6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды? 7. Азаматтықты тоқтату негіздеріне не жатады? 8. Қазақстан Республикасының азаматтығынан қандай жағдайларда айы рады? 9. Қазақстан Республикасының азаматтық мәселелері жөнінде түпкілікті шешімді кім қабылдайды? 10. Азаматтық мәселелері бойынша жұмыстар жүргізетін органдарды атаңыз.

Приложенные файлы

  • pdf 18813866
    Размер файла: 268 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий