Lekciya 4 Khazakhstan Respublikasindaghi khoghamdikh birlestikterding uyimdastirilui


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
4 - тақырып Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуыжәне қызмет етуінің конституциялық негіздері. 1. ҚР қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің түсінігі. 2. ҚР қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтар жүйесі. 3. ҚР адам және азаматтың конституциялық міндеттері. 4. ҚР қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайлары. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықта лады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына Конституция арқылы бекітілетін құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар мен бостандықтардың шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды. Негізгі құқықтар мен бостандықтарға тән заңдық ерекшеліктер мыналар: 1. Конституциялық құқықпен бостандық, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады. 2. Негізгі құқықтар мен бостандықтар әрбір азамат пен адамға берілед і. 3. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың өзіне тән бір сипаты – бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі. 4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді . Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР - ның азаматтығына қатыстылығы бола алады. 5. ҚР - ның азаматының негізгі құқықтары мен бостандықтары азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқы қтар азаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды. 6. Негізгі құқұқтар мен бостандықтар оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің ж етістігі болып қалады. 7. Негізгі құқық, бостандық және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың заңды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтық актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңды күші бар ел Конституциясы болып көр ініс табады. Жоғарыда айтылған белгілер, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12 - баптың 2 - тармағ ында «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды» деп жариялады. Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай - ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым - қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар үш топқа бөліп қарастырылады: жеке; әлеуметтік - экономикалық; саяси. Жеке бас құқығы мен бостандықтары іс - жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жат ады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 - бабына сәйкес әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Адамның жеке басытың бостандығы (16 - бап) және еркін ж үріп тұру құқықтары (21 - бап) конституциялық түрде бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адам ға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Конституциялық құқықтарда бекітілгентағы бір жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін ж үріп - тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады.Әрбір адамның Республикадан тыс жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар (21 - бап). Адамның қадір - қасиет іне қол сұғылмаушылық құқығы (17 бап) конституциялық құқық болып табылады. Адамдық қадір - қасиеттерге құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі. Жеке құқықтар мен бостандықтар саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қ ол сұғылмауына, абыройы мен ар - намысының қорғалуына конституциялық құқығы барлығын жатқызуға болады (18 - бап). Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды конституциялық принциптерінің бірі заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдейлігі танылады. Ол тегін е, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы жайындағы конституциялық құқы қтан анық көрінеді (14 - бап). Сондай - ақ жеке құқықтар мен бостандықтарға әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылылығы да жатады (19 - бап). Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен бостанд ығының ерекше тобын әлеуметтік - экономикалық құқықтар құрайды. Конституциялық құқықтардың бұл тобы жеке тұлғаның азаматтық қоғамның мүшесі ретіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Әлеуметтік - экономикалық құқықтардың маңыздылығы оның жеке меншікті иемдену және ұстау құқығы болып табылады. Конституцияның 26 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Бірінші рет 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы жерге жеке меншік құқығ ын бекітті (6 - бап, 3 - тармақ). Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп оның құны те ң бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Еңбек ету бостандығы – азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Әркімнің еңбек ету бостандығ ына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар (24 - бап). Азаматтардың тынығуға құқықтары бар. Тынығу уақыты – қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оны өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты. Қазақстан Республикасы азаматтарына әлеуметтік қамсыздандырылуға конституциялық құқық беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі (28 - бап) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар (29 бап). Республика заматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. С ондай - ақ мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. Денсаулықты сақтау құқығы, сондай - ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұқаралық ақпарат құралдары, өтініш, хат және т.б.) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі – қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсалығы да сондай. С ондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 - бабына сйкес мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Әлеуметтік - экономикалық құқықтар мен бостандықтарға азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуларына кепілдік берілу құқығы жатады (30 - бап). Бұл ретте орта білім алу міндетті. Ата - аналар орта білім алуды қамтамасыз етуге міндетті. Саяси құқықтар мен бостандықтар – бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғ амдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы. Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады. Республика азам аттарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай - ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар (33 - бап, 2 - тармақ). Сайлау құқығына тек сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай - ақ сот үк імі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқықтары жоқ (33 - бап, 3 - тармақ). Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына Республика азаматтарының мемлекеттік істі басқаруға қатысу құқығы жатады (33 - бап, 1 - тармақ). Азаматтар бұл құқықты әр түрлі жүзеге асырады. Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделеріне ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай - ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып таыбалды. Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтарының бірі болып табылады (33 - бап, 4 - тармақ). Қазақстан Республикасының Конс титуциясында мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген. Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының маңызды құқықтарының бірі бірлесі бостандығы құқығы болып табылады (23 - бап). Республика Конституциясы азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығын таниды. Дегенмен бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігі ескертіледі. А дам мен азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Адамдардың конституциялық міндеттері мыналар болып табылады: - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау; - Басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар - қжданы мен қадір қасиетін құ рметтеу; - Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; - Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу. Ал азаматтрадың конституциялық міндеттеріне мыналар жатады: - Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқ ару; - Тариха және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау; - Табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау. Бір қарағанда конституциялық міндеттер соншалықты көп емес сияқты көрінуі мүмкін, дегенмен олар қоғам мен мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажетті негізгі, маңызды салаларды қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика аумағына келген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін белгілейтін негізгі принциптерді бекітті. Сондай - ақ шетелдіктердің және а заматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 1995 жылы 19 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Заңымен реттеледі. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай - ақ міндеттер атқарады. (12 - бап, 4 - тармақ). Бақылау сұрақтары 1. Негізгі құқықтар мен бостандықтарға тән заңдық ерекшелік терді атаңыз. 2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар нешеге бөлінеді? 3. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қандай құқықтар жатады? 4. Әлеуметтік - экономикалық құқықтар мен бостандықтарға қандай құқықтар жатады? 5. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қандай құқықтар ж атады? 6. Адамдардың конституциялық міндеттерін атаңыз. 7. Азаматтардың конституциялық міндеттерін атаңыз. 8. ҚР аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары қандай заңнамалармен реттеледі?

Приложенные файлы

  • pdf 18813867
    Размер файла: 201 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий