Lekciya 3 Khazakhstan Respublikasining konstituciyalikh khurilimining negizderi


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
3
-
тақырып

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.

1.
Конституцияның ұғымы мен мәні.

2.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы.

3.
ҚР
-
да конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері.

Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күш
ке ие және қоғамдық құрлыс
пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік
орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы


демократиялық, өр
кениетті даму
жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Сондықтан оған
басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

1. ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, себебі ол
мемлекетпен тағайындалған

жоқ, 1995 жылы 30 тамызда референдумда халықпен
қабылданған.

2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден
-
бір субьект деп танудан,
елдегі мемлекеттік биліктің бірден
-
бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып
табылатындығынан құрылтайшылық си
пат туындайды. Конституция арқылы Қазақстан
халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік
-
экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық,
ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылы
м негіздеріне өзгерту енгізе
алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері
тұрақтылық, біртұтастық қағидалары нығайтылған. Ол мемлекеттің құрылымның біртұтас
нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

ҚР К
онституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер
енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы
мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот
органдары үшін оның құқықты
қ қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.

3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші
жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың
мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік

базасы ретіндегі
мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен, аумағымен,
жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады.
Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институт
тармен
өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық, экономикалық, ұйымдық,
әлеуметтік, діни құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның
институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды.
Осыған ба
йланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметімен Конституцияға негіздеуі тиіс.

Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш
негізгі қызметті жүзеге асырады:

1)

заңдық (құқықтың басты қайнар көзі ретінде);

2)

саяси (мемлекеттің құрылымын р
еттейді);

3)

идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын адам және азаматтың өмірін,
құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуші қызметін атқарады).

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық
базасы болып табылады, ал оның нормалары
басқалар үшін нормалық принцип болып
есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы елімізде
құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің
Конституциясының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарлауда.


1
995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңдегі
қоғамның жағдай мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол преамбуладан және 9
бөлімнен тұрады.

Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және оны
қабылдаған ерекше субъект


Қазақстан халқына сілтеме жасайды.

«Жалпы ережелер» деп аталатын 1
-
бөлім Қазақстан Республикасы қызметінің
түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер мемлекеттік
құрылымның негіздерін құрайды.

2
-
бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Ба
птарда адамның құқықтық
мәртебесінің, сондай
-
ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері жан
-
жақты
айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде республикада адам және азаматтың құқықтары
жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері мен нормала
ры
құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы
адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті және
ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді (12
-
бап).

3
-
бөлім Қазақстан Республикасы Президентіне арна
лған. Басқарудың президенттік
нысаны конституциялық түрде бекітілді. Осы орайда жаңа Конституция бойынша
Қазақстан мемлекетіндегі басқару жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институтын
барынша нығайту болып табылады.

4
-
бөлім заң шығару қызметін жүзеге
асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретіндегі
Парламенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі
Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сөйтіп, халық атынан заң шығару билігін
өкілетті жүзеге асырушы идея ретінде парламентари
зм одан әрі дамуда.

5
-
бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негіздерін белгілейді.
Үкіметтің және Премьер
-
Министрдің құзыреті конституциялық түрде бекітіледі.
Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады.

6
-
бөлім Конституция
лық Кеңестің құқықтық жағдайын айқындайды.
Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді (72
-
баптың 4
-
тармағы).

7
-
бөлім сот жүйесіне және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің негізгі
принцптеріне арналған. Тұңғыш рет Конституц
ияда соттардың тұрақтылығы принциптері
(79
-
баптың 1
-
тармағы), сондай
-
ақ соттардың нормативтік құқықтық актіні
конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгінуге мүмкіндігі
барлығы бекітілді (78
-
бап).

8
-
бөлім жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін
-
өзі басқарудың негізгі
бастауларына анықтама береді. Конституцияның 85
-
бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік
басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өзін
-
өзі
басқарудың негізгі міндеті жергілікті маңызды мәсел
елерді шешкен кезде тұрғылықты
халықтың дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Соңғы 9
-
бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын
қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды.

Бұл Конституцияға екі рет 1998 жылы 7 қазанд
а және 2007 жылы 21 мамырда
өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.


Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы өзінің
бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ
КСР
-
ның заңымен Қазақ КСР Конституци
ясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл
заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Аталған заң
мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны
республикада жүргізіліп жатқан
терең саяси және экономикалық қайта құруларды
қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.

1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР
-
ның мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып

табылады.
Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы
жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР
-
ның басқа республикалармен бірге КСРО
-
ға ерікті
түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым
-
қатынас құратын егеменді
мемлеке
т болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.

Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР
-
ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау
және нығайту жөнінде шаралар қолданады» деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы
жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұраты
н басқа ұлттардың Қазақ КСР
-
ның мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.

Декларация


Қазақ КСР
-
ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде үзілді
-
кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт.


З
аң шағару билігі Жоғарғы Кеңеске беріледі, ал Президент республика басшысы
болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі Жоғарғы Сотқа беріледі.


Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми
-
техникалық, барлық табиғи ресурста
ры тек Қазақ КСР
-
ның меншігінде болатынын
жариялады.


Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10
желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң

конституциялық деп
аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР Конституциясына және
мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге
мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң
қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, «Қазақ халқының еркін
көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді».


Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуел
сіздік жарияланып, онда тәуелсіз
мемлекеттерге тән элементтер бекітілді
:

ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік
органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.


Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КС
Р Конституциясы
нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекет етті, өйткені олар мемлекеттік
тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.


Сонымен қатар бұл кезеңде
1978
жылы Конституцияға мағыналы өзгерістер
енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды
.
1991 жылы 20

желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң КСРО азаматтығын және қос
азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын
алудың жаңа негізі бекітілді.


Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың

ешқайсысы одақтың республика
Конституциясының егеменді мемлекет Конституциясының талаптарына сай келмейтінін
көрсетті. Осыған байланысты
1991 жылы
маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа
Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды.


ҚР Консти
туциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі
1993 жылы

қаңтарда
Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт
Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция
мемлекеттік егемендік жарияланған кезең
нен бастап қабылданған көптеген құқықтық
нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.
1993
жылғы Конституция
1978
жылы Қазақ КСР
-
ның кейбір жағдайларын сақтап қалды,
мысалы, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару о
рганы болып қалды,
бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде
кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің
1978
жылы

Қазақ КСР
-
нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды

сақтап
қалды.


Мұнымен бірге
1993
жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды.
Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде»
жариялады, сондай
-
ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп
бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде


қазақ ұлтын
айқындауда қиындықтар туындады.


Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі
қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында сая
си,
сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместігі көрсетілді.


Конституция қарама
-
қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік
тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.


1993 ж
ылы

10

желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Пр
езидентке уақытша
заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық Соттың қаулысына сәйкес
Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық күші бар қаулылар қабылдау
құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін Конституцияға енгізілген

өзгерту мен
толықтыру деп бағалауға болады, өйткені
1993 жылы К
онституция мұндай мүмкіндікті
қарастырмаған.



Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі
1995
жылы
Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР
-
ның
Конституц
иясы мен заңдары болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес
келтіру заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос
палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеспен
ауыстырылды және ол енді сот орг
аны болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау
органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару
жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру
аяқталды.


Бақылау сұрақтары

1. Констит
уцияның мәніне түсінік беріңіз.

2. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттарын
атаңыз.

3. Конституция қандай негізгі қызметтерді атқарады?

4. Конституцияның құрылымы қандай?

5. ҚР
-
ның Конституциясына неше рет өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген?

6. ҚР
-
да конституциялық заңдардың дамуы неше кезеңнен тұрады?

7. Қазақ КСР
-
ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қашан қабылданды?

8. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясынан 1995 жылғы
Конституциясының ерекше
ліктерін атаңыз?



Приложенные файлы

  • pdf 18813868
    Размер файла: 274 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий