Lekciya 2 Khazakhstan Respublikasining Konstituciyasi-memleket


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
2 - тақырып Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет және қоғамның Негізгі заңы. 1. ҚР - ның конституциялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі. 3. «Нормативтік құқықты қ актілер туралы» 1998 жылғы Қазақстан Республикасы заңының жалпы сипаттамасы. Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормат ивтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияны ң, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай - ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қ азақстан Республикасы Конституциясының 4 - бабының 1 - тармағы). Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзге ртулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Парламентімен қабылданған жай заңдар да жатады. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парлам енттің Регламенттері де конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жатады. ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады: конституциялық заңдық күші бар жарлықтары, әдеттегі заң күші бар жарлықтары, заңға сәйк ес нормативтік жарлықтар. Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің ішінде ерекше орынды 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация алады. Онда егемендік принципі жарияланып, ол кейіннен ҚР Конституциялық Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 1993, 1995 ж.ж. Қазақстан Республикасының Конституцияларында бекітілген. ҚР - сы таныған халықаралық - құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзі болады. Олар адам құқы, қоғамды қ құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне конституциялық – құқықтық нормаларды қамтитын жергілікті өкілетті органдардың, сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару орган дарының нормативтік құқықтық актілері де жатады (шешімдер, қаулылар, ережелер). Олардың заңдық сипаты кеңістікте шектеледі және олар жергілікті сипатта болады. Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайна р көзі болып табылады. Конституцияның құқықтық нормаларының сипаттамасы: 1. ҚР - ның Конституциясында бүкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық қатынаст арды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен дамуының негізі болып табылады. 2. ҚР Конституциялық құқық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды жан - жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормалары нан осынысымен ерекшеленеді. 3. ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың басқа қайнар көздерімен салыстырғанда оның жоғарғы заңдық күші бар және Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік құқтық актілер Конституциядан негіз алуы қажет және оған қайшы келмеуі қажет. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. 4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай - ақ құқықтың басқа да салаларының қайнар көзі болып табылады. Себебі, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымд астыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы көрініс тапқан. 5. Конституция құқықтың басқа қайнар көздерінен, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды. Ал, ҚР - сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді. 6. Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен д е ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады. 7. Қазақстан Республикасы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры – онда оның бас қа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президентттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай - ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі. Қазақстан Республикасының «Нормативт ік құқықтық актілер туралы» заңы 1998 жылы 24 наурызда қабылданған. Нормативтік құқықтық акт – бұл референдумда, не болмаса мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлғасымен қабылданатын, құқық нормасын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе жоятын, қатаң түрде белгіленген нысанда шығарылатын жазбаша ресми құжат («НҚА» ҚР заңының 1 - бабы, 1 - тарау). Нормативтік құқықтық актілер екіге бөлінеді: негізгі және туынды. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жата ды: 1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары; 3) ҚР Парламенті мен он ың палаталарының нормативтік қаулылары; 4) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; 5) ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; 6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік орга ндар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары; 8) Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 9) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімд іктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Нормативтік құүқықтық актлердің туынды түрлеріне мыналар жатады: 1) Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттей тін нормативтік құқықтық акт; 2) Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормативтік құқықтық акт; 3) Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейті н нормативтік құқықтық акт; 4) Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей - тегжейлі көрстетеін нормативтік құқықтық акт. Бақылау сұрақтары 1. Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігін беріңіз. 2. Конституциялық құқықтың қайнар көздерін атаңыз. 3. Конституцияның – конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі ерекшеліктерін атаңыз. 4. «Нормативтік құқықтық акті туралы» ҚР заңына сәйкес нормативтік құқықтық актінің түсінігін беріңіз. 5. Нормативтік құқықтық актілер нешеге б өлінеді? 6. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне қандай актілер жатады? 7. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне қандай актілер жатады?

Приложенные файлы

  • pdf 18813869
    Размер файла: 272 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий