Lekciya 1 Khazakhstan Respublikasining konstituciyalikh khukhighi


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
1 - тақырып Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері. 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі мен пәніі. 2. Конституциялық құқықтың әдістемесі. 3. Конституциялық - құқықтық нормалар ұғымы. 4. Констит уциялық - құқықтық қатынастардың түсінігі. 5. Конституциялық - құқықтық институттар ұғымы. Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқықтық нормалар жиынт ығын көрсететін Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады, сондай - ақ құқықтың басқа салалары нормаларынан ерекшеленеді. Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялы қ құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрылыс, оның ұйымдармен қатынасы, сондай - ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқ ықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан - жақты реттемейд і. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды. Осылайша, Конституциялық құқық – бұл Қазақстан Республикас ының конституциялық құрылыс негіздерін іске асырушы қоғамдық қатынастарды, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары және жергілікті басқару және өзін - өзі басқару жүйесін реттеуші және бекітуші құқық нормалар жиынтығынан құралады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі, тыйым салу әдісі, рұқсат ету әдісі, тану әдісі. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға да, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет салаларында қолданылады. Бұған мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 - бабының 3 - тармағын жатқызуға болады. Тиым салу әдісі көбінесе мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Бұл әдіс азаматтарға қатысты шектеулі жағдай ларда ғана қолданылады. Бұған, мысалы, ҚР Конституциясының 39 - бабының 3 - тармағы жатады. Рұқсат ету әдісі көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолд анылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53 - бабының 4 - тармағы жатады. Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі - тану әдісі. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оны ң үстіне бұл әдіс объективті фактордан – адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Бұған, мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 - бабының 2 - тармағы жатады. Конституциялық - құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барл ық белгілері тән. Олар сондай - ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық - құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібі н, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық - құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық - құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болғанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормалар ды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар. Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге қандай да бір жағымды әрекет жасауға құ қық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Тыйым салушы нормалар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапк ершілігін белгілейді. Мысалы, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тиым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар. Конституциялық құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнын оған қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері құрайды. Конституциялық құ қықтық қатынастардың субъектілері – бұл конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар болып табылады. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе, сол субъект бола алады. Олар екіге бөлінеді: ж еке және заңды тұлғалар. Оларға мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік билік органдары, сайлау органдары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар, өзін - өзі басқару органдары және тағы басқалар жатады. Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілеріне материал дық игіліктер және материалдық емес игіліктер жатады. Конституциялық құқықтық институттар дегеніміз - өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары ко нституциялық - құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді. Әр конституциялық - құқықтық инсти тут тек қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар, терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институты мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтық алу», «азаматтықты жоғалту», «азаматтықтан шығу», «аз аматтың құқы, бостандығы және жауапкершілігі» тағы басқа осындай ұғымдардан көрінеді. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделеді. Бақылау сұрақтары 1. Конституциялық құқық саласына түсінік беріңіз. 2. Конституциялық құқықтың пәні дегеніміз не? 3. Конституциялық құқықтың әдістемелерін атаңыз. 4. Конституциялық - құқықтық нормалар дегеніміз не? 5. Конституциялық құқықтық нормалар қандай қызметтерді атқарады? 6. Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз не? 7. Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілерін атаңыз. 8. Конституциялық - құқықтық институттар ұғымына түсінік беріңіз.

Приложенные файлы

  • pdf 18813870
    Размер файла: 210 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий