lek10


11-лекция
Тақырыбы: Құпия жазу әдістері. (Стегонография - тайнопись).
Стеганография сөзі грек тілінен аударғанда «құпия жазу» дегенді білдіреді. Steganos –құпия, graphy-жазу. Байланыстың өзін құпия ететін байланыстың түрі. Стегонографияның криптографиядан өзгешелігі құпия мәліметтер мәлімет бар екендігіне күмән туғызбайтындай әдістер қолданылады.
Мақсаты: байланысты білдірпеу бұл әдістер криптогафияда қосымша жүреді. Бұған байланыстың көптеген түрлері жатады: көрінбейтін сиялар, микрофотосуреттер, жылжымалы жиіліктердегі байланыс құралдары және құпия каналдар, белгілердің белгілі бір әдіспен орналасуы және т.б. Мұндай әдістер конфеденциалды ақпаратты. Егер ол шифрленген болса ол қосымша қорғау құралы. Стегонография адамзат тарихы шыққан жері Египет. Ең алғашқы еңбектер Герадотқа тиісті ( Тал қабыршықтарынан алғашқы қабыршықтар түсіріліп хабарламалар жазылған, содан кейін қайта қабыршықтар жабылған).
Тағы бір стегонографиялық әдістерді қолдану – құлдың басын қолдану арқылы хабарламаны жіберу. Құпия хабарламаны жіберу үшін құлдың шашын тықырлап алып басына татуировка ретінде хабарламаны жазып шашы өскен кезде құпия хабарламаны басқа елге жіберген.
Қытайда хатты жібек матасына көлденеңнен жазған сондықтан да хабарламаны жіберу үшін шарикке орап хат тасушыға жұтқызған.
XV-ғасырларда Грителиус (1462-1516 жылдары) криптография мен стегонография саласымен айналысқан хабарламаны құпия жіберудің көптеген нұсқаларын жазды. Кейінірек 1499ж. Бұл жазбалар «Steganographia» кітабына енгізілді. Қазіргі кезде бұл кітапты латын тілін білетін кез келген адам интернеттен оқи алады. Стегонографиялық әдістер Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы азаматтық соғыс жылдары кеңінен қолданылады. 1779 жылы солтүстіктің екі елшісі Семюэль Ветхулли мен Роберт Годенцент арнайы бояуларды қолдана отырып ақпаратты Джордж Вашинктонға жіберіп отырған әртүрлі арнайы бояуларды орыстың ревалюценерлері 20-ғасырдың басында қолданған : Куканов өзінің «У истока грядущего» кітабында құпия хабарламаны жазу үшін сүтті чернила ретінде қолданғаны туралы айтқан (бұл құжат архифте сақталынған, мұнда симпатикалық черниланы қолдану әдістері мен революционерлердің құпия хабарламаларын қалай ашқаны туралы мәтін берілген).
Стегонография тарихындағы маңызды орын алатын ол – фотографиялық микронүктелер. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ қызметкерлерінің есінен тандырған – микронүкте. Бірақ микронүктелер Донердің ойлап тапқан фотографиялық процесінен бұрын дүниеге келді. Бірінші рет Франко- прусс соғысы кезінде (1870ж) военныйлар қолданды.
Электрондық цифрлық қолтаңба
Электрондық цифрлық қолтаңбаның орындалу тәсілін қарапайым мысалды қарастырайық. Мысалы: екі қолданушы бар делік ( i және j). Осылардың біреуі i қолданушысы j қолдануына маңызды ақпарат жіберуді ұйғарды. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып бұл қолданушы үшін келесі әрекеттерді орындау керек. Дайындау сатысында қолданушы i қолданушы электрондық цифрлық қолтаңбаның екі кілтін дайындайды. Құпия кілт және ашық кілт kpi кілті. Ашық кілт kpi соған сәйкесінше құпия кілтпен есептелінеді, кері есептеулер жүргізу мүмкін емес. Бұдан кейін i қолданушысы ашық кілтті kpi –ні қолданушыға жібереді.
Орындау сатысында қолданушы ақпаратты хатты жіберу алдында өзінің құпия қолданушының ksi көмегімен қол қояды. J қолданушысы i қолданушының хатындағы қолтаңбаны kpi ашық кілт арқылы тексере алады. Элекрондық цифрлық қолтаңба хаттың қол қоюшысы нақты сол адам екені немесе басқа біреу қойғанын тексеруге арналған. Әдетте электрондық цифрлық қолтаңбаны анықтайтын бағдарламалар қол қойған адамның растығын дәлелдейтін болса, экранда мынадай мәлімет шығарады «message doc.» файылының қолтаңбасы рас. Электрондық цифрлық қолтаңба көптеген алгоритмдер көмегімен жасалады. Ең негізгілері: RSA,DSA,ГОСТ Р34.10.94
Электрондық қолтаңба
Криптографиялық әдістер келесі мәселелерді шешеді:
Мәліметтерді шифрлеу
Электронды қолтаңбаны іске қосу
Шифрлық кілттерін тарату
Ақпаратты кездейсоқ өзгертуден, түрлендіруден қорғау.
Криптографиялық әдістер программалық жабдықтармен жүзеге асады. Сонымен бірге арнайы ақпараттық құралдар қажет. Кеңінен қолданылатын программа Norton UNILITES (disceet) және PGP программасы (1991 жылы Филипп Цимерман). Арнайы ақпараттық құрылымдар ол арнайы микросхемалар. Цифрлық сигналдық процедураларды каналдық интерактивтік карталар және автономдық модульдер қазіргі заманда электрондық қолтаңба қолданылады.
Электрондық қолтаңба – құпия бір кілтпен генерацияланған хабарламаның дайджесті (модентификация). Электрондық қолтаңба былай құрылады:
Құжаттың дайджест деген нұсқасы жасалады (генерацияланады). Оған қол қоятын адамның аты-жөні және уақыт штампы қойылады. Пайда болған хабарлама құпия кілтпен шифрленеді. Қол қоятын адам белгілі бір алгоритмді қолданады. Шифрленген биттер тізбегі электрондық қолтаңбаны құрайды. Электрондық қолтаңбаға қол қоюшының оның кілті қосылады. Алушы одан алған білімің арқылы кілттің иесіне тиесілі екеніне көз жеткізеді, содан кейін ашық кілт алқылы қолтаңбаны дәлелдейді. Егер кедергісіз хабар шифрден ашылса, оның мазмұны құжатқа сәйкес болса, онда хабарлама дәлелденді деп есептелінеді. Электронды қолтаңба жазудың, тексерудің бірнеше әдістері бар. Оның ішінде кеңінен қолданылатыны RSA-алгоритмі. Ал алғаш электронды алгоритмі DSS 1991 жылы пайда болды.

Приложенные файлы

  • docx 18814290
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий