lek1


1-лекция
Тақырыбы: КІРІСПЕ. Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғаудың мақсаты мен объектісі. Қауіпсіздендірудің түрлері мен тәсілдері: мемлекеттік, экономикалық, қоғамдық, әскери, ақпараттық, экологиялық; ақпараттық қауіпсіздендірудің жүйелік қамтамасының қауіпсіздендірудің жүйесіндегі ролі мен орны.
«Ақпарат қауіпсіздік негіздері» пәні ақпаратты қорғаудың теориялық негіздері мен әдістерін оқып үйрену, математикалық құрылымдары, құпия жүйелерді оқып үйрену. Ақпараттың математикалық берілуін, ақпараттық сипаттаммаларды талдау әдістерін және тілдік жүйенің артықтығын, түзету жасаудыңтеориялық негіздерін және еркін мәтіндердің ақпараттық сипаттамаларын қалпына келтіруді, ақпараттық қорғаудың жүйесін құруды қарастыру, онымен қатар ақпаратты қорғаудың негізгі әдістерімен жабдықтарын меңгеру.
Алынған білім ақпаратты қауіпсіздендіру қамтамасының әдістері мен құралдарының теориялық негіздері болып табылады.
Пәннің негізгі сипаттамасы келесі сатыдан тұрады:
Тілдік жүйелердіғң анықтамасы және негізгі ақпараттық сипаттамасынан;
Құпия жүйелердің математикалық берілуінен;
Мәтіндерді талдау әдісін және олардың артықшылығын анықтау;
Мәтіндердің ақпараттық – статистикалық сипаттамаларын трансформациялау жүйелерін құру әдістерінен;
Рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғау жүйелерін құрудың практикалық тәсілдерінен.
Программалық және ақпараттық құралдарының біріккен жұмысын қарастырып және қорғаудың керекті дәрежесін белгіленгеннен кейін қойылатын мақсаттарға жетуге болады.
Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғаудың пәндері мен объектісі Қорғау пәні.
Ресейдің 1995 жылы 25 қаңтарда мемлекеттік думамен қабылданған "Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау" туралыв заңына "Ақпарат - бұл жеке адамдар, фактілер, пәндер, процестер " туралы мәлімет деген анықтама беріледі.
Ақпарат бір қатар ерекшеліктерге ие:
ол материалды емес;
ақпарт материалдық сақтаушылардың көмегімен сақалады және беріледі;
кезкелген материалдық объектілерді өзі туралы немесе басқа объектілер туралы мәлімет ала алады.
Ақпараттың материалдық болмауы оның параметірлерін
физикалық әдіспен және құралдармен өлшеуге болмайтындығымен түсіндіреді. Демек, ақпаратта массалар,
энергиялар болмайды.
Ақпарат материалдық сақтаушыларда сақталады және беріледі. Мұндай сақтаушы болып адамның миы, дыбыстық және электромагниттік толқындар, қағаз, машиналық сақтаушы (магниттік және оптикалық дискілер, магниттік ленталар, барабандар) болып табылады.
Ақпаратқа келесі қасиеттер тән:
Ақпарат материалдық сақтаушылардан тұрса онда ол
ақпараттарды қолдана алады. Сол үшін ақпараттың материалдық әдістердің көмегімен тек қана материалдық объектілерді ғана қорға уға болады.
Ақпарат құндылығы. Ақпарат құндылығы оның иесіне
тигізер маңыздылығы бойынша анықталады. Сенімді ақпаратқа ие болу оны иеленушіге жоғарғы мүмкіншіліктерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сенімді ақпарат болып пайдаланушыға объектілерді немесе қоршаған орта объектілерін нақты бейнелейтін ақпарат емес. Сенімді емес ақпарат пайдаланушыға матери алдық және моральдық зиян тигізуі мүмкін. Егер ақпарат арнайы ұйымдастырылған болса, онда оны дезинформация деп атайды. "Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау" заңы бойынша ақпарат иесінің ақпаратты қолдану және ол ақпаратты басқа адамдардан қорғау құқығы кепілдікке алынады. Егер информацияға кіру мүмкіндігі шектелген болса, онда мұндай информация конфиденциалды деп аталады. Конфиденциалды информация мемлекеттік және коммерциялық құпияларды құрайды. Коммерциялық құпия құрамына жеке адамдар, фирма, корпорация туралы мәліметтер енеді. Мемлекеттік құпиялар бұл мемлекет ісіне қатысты құпиялар. Конфиденциалды коммерциалық ақпараттың құндылығын белгілеу үшін келесі үш категория қолданады.
коммерциялық құпия - қатаң конфиденциалды.
коммерциялық құпия - конфиденциалды.
коммерциялық құпия.
Ақпараттың құндылығы уақыт бойыша өзгереді. әдетте
уақыт өтісімен мәлімет құндылығы төмендейді. Ақпараттың құндылығының уақытқа тәуелділігі шамамен мына теңдеуге сәйкес анықталады.
c(t)=c0e-2.3t/
c0- ақпараттың алынған кездегі құндылығы;
t-ақпараттың алынған кезінен оның құндылығының
анықталуына дейінгі уақыт;
-ақпараттың алынған кезінен оның ескіруіне дейінгі уақыт.
Ақпараттың ескіру уақыты өте кең диапазонда өзгереді. Мысалы, реактивті самолеттің, машинаның кеңістіктегі жағдайы туралыақпарат бірнеше секундтардың ішінде ескіреді.
Ақпарат сатылады және сатып алынады. Ақпаратты анықталған
бағаға ие тауар ретінде қарастырылады. Ақпараттың құны оның құндылығы сияқты нақты адамдар үшін, мемлекет үшін және ұйымдар үшін маңызына байланысты анықталады. Ақпарат иесіне құнды болуы мүмкін, бірақ оның басқалар үшін ешқандай пайдасы жоқ. Бұл жағдайда ақпарат тауар бола алмайды. Демек, оның құны да болмайды. Мысалы, қарапайым адамзаттың денсаулығы туралы мәлімет оның өзіне құнды мәлімет болып табылады. Бірақ бұл мәліметтің басқа адамдар үшін ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан тауар бола алмайды және құны да болмайды. Ақпаратты келесі үш жолмен алуға болады.
ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы;
ақпаратты сатып алу арқылы;
ақпаратты құқықсыз жолмен алу арқылы.
Кез келген тауар секілді ақпараттың өзіндік құны бар.
Ақпарат мөлшерінің объективті бағалануының қиындығы.
Ақпарат мөлшерін өлшеудің бірнеше тәсілдері бар.
а) Энтропиялық тәсіл. Ақпарат теориясында ақпарат мөлшері қабылдаушының таңдауының белгісіз жағдайының азюымен немесе ақпарат алынғаннан кейінгі оқиғаларды күту арқылы бағаланады. Энтропиялық тәсіл байланыс каналы арқылы берілетін ақпараттың мөлшерін анықтауда кеңірек қолданады. Ақпаратты қабылдау кезінде таңдау жасау алфавит символдарының арасында қабылдаған хабарлама бойынша жүзеге асырылады.
Айталық, байланыс каналы арқылы алынған хабарлама ақпарат мөлшері Шеннон формуласы арқылы есептеледі.
I=NPilog2Pi
Pi -хабарламада i символдарының пайда болу ықтималдығы;
k-тіл алфавитіндегі символдар саны.
б) Тезаурустық тәсіл. Бұл тәсілді Ю.А. Шрейдер ұсынған. Ол тәсіл ақпаратты білім ретінде қарастыруға негізделген. Адамдар және кез келген ұжымдық құрылымның тезаурустары олардың капиталы болып табылады. Сондықтан осы тезаурустың иелері оларды сақтауға және арттыруға ұмтылады.
в) Тәжрибелік тәсіл. Тәжірибеде ақпарат мөлшері "Ақпарат көлемі" түсінігін қолдану арқылы өлшенеді. Ақпарат мөлшері бит (байт) мөлшері бойынша, текст бетінің мөлшері бойынша, аудио немесе видео жазбалары бар магниттік лента ұзындығы бойынша өлшенеді. Қорғау пәні ретінде компьютерлік жүйелерде сақталатын, өңделетін және берілетін ақпарат қарастырылады. Бұл ақпараттың ерекшелігіне келесілер жатады:
бастапқы мәлімет сақтаушының физикалық мәнінен тәуелсіз жүйенің ішіндегі ақпараттың екілік көрсетілімі;
ақпаратты өңдеу және беру автоматизациясының жоғарғы дәрежесі;
компьютерлік жүйелер ақпаратының көп мөлшерінің концентрациясы.
Ақпаратты қорғау объектісі.
Ақпаратты қорғау объектісі ретінде компьютерлік жүйе немесе берілгендерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін айтамыз. Автоматтандырылған жүйелерде ақпаратты қорғау жұмыстарын жүргізгенде компьютерлік жүйелер терминімен жиі ауыстырылатын соңғы уақытқа дейін берілгендерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің термині қолданылады.
Компьютерлік жүйелер бұл ақпаратты алуға, жіберуге, өңдеуге, сақтауға және автоматты түрде жинауға арналған аппараттық және программалық жабдықтың комплексі.
Ақпарат терминімен қатар компьютерлік жүйелерге қолданмды берілгендер термині қолданылады. Компьютерлік жүйелер түсінігі өте кең ауқымды және ол келесі тақырыптарды қамтиды.
барлық белгіленудегі және кластардағы ЭЕМ-ді;
есептеуіш комплекстер және жүйелерді;
есептеуіш желілерді локальді, аумақты, глобальды.
Компьютерлік жүйелерде ақпарат қорғау пәні болып табылады. Компьютерлік жүйелерде ақпараттың болуының материалдық негізі ретінде электрондық және электромеханикалық құрылғылар, сондай-ақ материалдық сақтаушылар саналады. Енгізу құрылғылардың немесе берілгендерді беру жүйесінің көмегімен ақпаратты компьютерлік жүйеге келіп түседі. Жүйеде ақпарат әртүрлі дәрежедегі сақтау құрылғыларында сақталады және процессормен өңделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат. Ақпарат қасиеттері.
2. Ақпаратты қорғау объектісі.
3. Ақпараттық қауіпсіздік ұғымы.
4. Ақпарат мөлшерін өлшеу тәсілдері.

Приложенные файлы

  • docx 18814294
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий