16лек


Вагонның массасын анықтау құрылғысы
Таразы – дененің массасын анықтауға арналған құрал, дененің масса осы дененің ауырлық күшіне тең деп есептелінеді. Салмақ өлшегіш немесе таразы – өте көне құралдардың бірі. Олардың пайда болуы мен дамуы сауданың, өнеркәсіптің және ғылымның дамуына байланысты қатар жүріп отырды. Ең жай таразылар тең қанатты иінағаш түрінде Ежелгі Вавилон және Египетте б.з.д. 2 мың жыл бұрын пайдаланыла бастады. Одан кейін тең емес қанатты иінағашты таразылар пайда бола бастады. Олармен жұмыс істеу үшін кірлер пайдаланылды.
Тағайындалуына байланысты таразылар екіге бөлінді: эталондық (кірлерді тексеру үшін) және жалпы қолданыс үшін, бұлар халықтық шаруашылықтың, техниканың және ғылымның әр түрлі саласында қолданылды. Жұмыс істеу принципі бойынша олар: рычагты, серіппелі, электртензометрикалық, гидростатикалық, гидравликалық. Өлшеу дәлдігінің сынынбының шамасы бойынша орташа және қарапайым сенімділік сыныбы болып бөлінеді. Жүккөтергіштік құрылғысының түрі бойынша: бункерлік, монорельстік, ковштық, конвейерлік, ілмелі, платформалық, рельстік болып бөлінеді.
Вагондық таразылар атқара тиелетін, ұсақ, ауыр салмақты, сұйық жүктерге тиелген платформалардың, ашық вагондардың, цистерналардың, жабық вагондардың, думпкарлардың салмағын анықтау үшін қолданылады. Олар жүктелген түрде немесе бос вагондардың таза салмағын өлшеу үшін арналған. Вагондық таразылар әр түрлі қызметпен айналысатын кәсіпкерліктердің кірме жолдарында, магистральді жолдарда орналастырылады.
Вагондық таразылар өлшеу режиміне байланысты: статикалық, қозғалыста және біріккен, яғни өлшеу қозғалыста да, статика да өлшеу жүргізіледі.
Вагондық таразылар вагондарды статикалық күйде және динамикалық күйде өлшеуге жарайды. Вагондық таразының статикалық күйінде өлшеуі вагонның жылжымалы құрамнан бөлінген күйде және жылжымалы құрам толық күйде өлшеуге арналған. Қозғалыстағы вагондардың өлшеуі модификациясына сәйкес, ось бойынша, вагон бойынша, тележка бойынша өлшеу жүргізеді. Теория бойынша өлшеу кезінде ең дәл көрсеткішті вагон бойынша өлшеу көрсетеді. Бірақ вагон бойынша өлшеу жүргізу үшін үлкен көлемді платформаны қажет етеді. Қозғалыста өлшеу кезінде вагонның салмағын ғана емес онымен қоса, оның жылдамдығын анықтауға, тележкаға және осьқа түсетін жүктемені анықтауға болады.
Теміржол көлігінде қолданылатын таразының жүккөтергіштік құрылғысына байланысты екі түрлі типті болады: платформалы және рельстік. Платформалы таразылар өткен он жылдықта үлкен сұраныс пен қолданысқа ие болған. Оның жұмыс істеуі, техникалық қызмет көрсетуі, орналастыруы мен монтаждық жұмыстары рельстік типтегі вагондық таразыдан қарағанда күрделілірек.


Рельстік типтегі вагондық таразылары – инновациялық жаңа технологиямен дайындалған өнім. Өнеркәсіптік жұмыстың тиімділігін жоғарлату мен оңтайландыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу мен қолдану арқасында пайда болған. Оның жұмыс істеу принципінде тензорезисторлық датчик қолданылады. Бұл Ресей елінің таразыны құрастыру жұмысының ең жемісті жобасының бірі. Рельстік типтегі таразылар платформалы типтегі таразыдан бірнеше есе тиімді және жұмыс істеу уақыты, өлшеу қабілетінің диапазоны өте кең.
Алдында айтып кеткендей таразылар теміржолда жұмыс істеу принциптері бойынша рычагты, электрондық, тензометрикалық болып бөлінеді. Осы таразылардың өлшеу құралы ретінде серіппелі рычагтар, тензометрикалық немесе тензорезисторлық датчиктер қолданылады. Таразылардың конструк-циясының әр түрлілігіне қарамастан, олардың конструкциясына бірдей элементтер кіреді: жүкқабылдағыш құрылғы, күшті электрмеханикалық түрлендіргіштері, жолдық басқару құрылғылары, екінші ретті электрондық аппараты.
Рычагты вагондық таразы теміржол станцияларында әр түрлі вагондардың салмағын статикалық жағдайда ауа райының қоңыржай және суық уақыттында өлшеуге арналған құрал. Вагондар таразыда тоқтатумен және жеке бір өзі ғана өлшенеді. Рычагты таразының констукциясына мыналар жатады: жүкқабылдағыш платформа, рычагтық түзетуші механизм, көрсеткішті көрсетуші циферблаттан тұрады. Көрсеткішті көрсететін циферблат жылы температура сақталатын бөлмеде орналастырылуы тиіс. Бұндай таразының орналастыруы бекітілген ережеге сай жүргізіп, оның орналастырылу орны фундаментталған қатты қабатта орналасу керек.
Осындай таразының негізгі түрінің платфотформасы 15,5 м ұзындықты болып, оның ең үлкен өлшеу көрсеткіші 150 т-ға тең болады. Берілген ұзындыққа байланысты 4 осьті және 6 осьті вагондарды өлшеу мүмкіндігі бар. Теміржолдық циферблаттық таразы әр түрлі жүк түрлерін, барлық вагондар түрінде өлшей алады.
Электрондық таразылар екі режимда жұмыс істей алады: динамикалық, яғни қозғалыста және статикалық. Жұмыс істеу принципі: тележкадан түскен әр жүктеменің шамасын электрлік сигналға түрлендіру арқылы жүргізіледі. Бұның құрамына жүкқабылдағыш құрылғы, өлшеуіш компоненттердің блогы, жеке компьютер мониторымен және принтерімен, сандық құрылғы. Бұл таразылар 4 осьті, 6 осьті, 8 осьті вагондардың өлшеуінде қолданылады. Ең кіші өлшеу шамасы 100 т-дан басталып, 200 т-ға дейін жетеді. Ауа-райы жағдайына бейімделген дистанционды басқарылатын таразы.
Тензометрикалық немесе тензорезисторлық таразыда екі режимда жұмыс істей алады: динакалық, яғни қозғалыста және статикалық. Жұмыс істеу принципі: тележкадан түскен әр жүктеменің шамасын тензорезисторлық күшөлшегіш датчик электрлік сигналға түрлендіру арқылы жүргізіледі. Таразының жұмыс істеуі үшін жүкқабылдағыш құрылғы, екінші ретті түрлендіргіштер, тензометрикалық датчиктер, ақпараттық бағдарламасымен қамтамасыз етілген техникалық-бағдарламалық комплекс керек. Бұл таразылар 4 осьті, 6 осьті, 8 осьті вагондардың өлшеуінде қолданылады.

Приложенные файлы

  • docx 22386610
    Размер файла: 834 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий