Токсан би

Қазақтың билері.Тоқсан би.
Тоқсан би Жабайұлы – шешен,би.Әкесі Жабай Абылай хан батырларының бірі болған,керей тайпасының басшысы.Тәтіқара ақын өз өлеңдерінде Жабай батырдың ерліктері туралы жырлаған.Тоқсан бидің жеке тұлға ретінде танылуына керей тайпасынан шыққан атасы Қара би көп ықпал еткен.Ол немересін шешендік өнерге баулыған.Тоқсан би бала кезінен атасымен бірге жүріп,атақты шешендермен,билермен кездескен және жиі ауызша сөз жарыстарға,сөз таластарға қатысқан.Жас кезінен өз тайпасының ақылшысы болып қана қоймай,әділ биі болған.15 жасынан бастап халық оны Төбе би,солтүстік өңір (Омбы,Петропавл,Көкшетау,Қостанай) қазақтарының бас биі деп атады.Алғашқыда Тоқсан би Ақмола округінің Еменәлі-Керей болысының биі,сосын Тобыл губерниясының барлық қазақ болыстарына би болды.2000 жылы тамыз айында Ғабит Мүсірепов ауданының Западный селосының маңындағы Тоқсан бидің қабіріне құлпытас қойылды.Құлпытаста «Тоқсанбай би Жабайұлы.Алдай атасы.Керей руы – XIX ғасыр» деген жазу бар.

Приложенные файлы

  • docx 22387659
    Размер файла: 14 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий