Германия


§ 5. Германия
Веймар Республикасы. 1919 жылдың жазында Веймар қаласында өткен Құрылтай жиналысында қабылданған конституция мен бітімге қол қойылуы Веймар Республи­ касы кезеңінің басталуы болды. Конституция буржуазия­ лық-демократиялық құқық пен еркіндікті, жалпыға бірдей сайлау құқығын жариялады. Президент жалпы дауыс беру арқылы 7 жылға сайланатын болды. Бірінші президент болып социал-демократ Фридрих Эберт сай-ланды. Заңның 48-бабы президентке төтенше заңдар шығару құқығын берген еді. Төтенше заңдар парламенттің қатысуынсыз қабылданатын болды.
Германияның бірінші конституциясы демократиялық құрылымды бекітуге, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға ықпал етті. Республикалық құрылысты нығайту шие­ леніскен саяси күрес жағдайында өтті. Мемлекетте соғыс­ қа дейінгі тәртіпті қолдаушы қуатты оңшыл күштер Вер-саль шартына қарсы тұрды. Бұл оңшыл топтардың әрекеті апат саясаты деген атақ алды. Олар мемлекеттегі таптық және басқа да қайшылықтардың өршуіне ықпал етті. Ал саяси партиялардың басқа топтары, Германия социал-демократиялық партиясы және Орталық партия ұйымда­
30
ры Версаль бітімшартын орындауды жақтаушылар
деп аталды. 1919 жылы 28 маусымдағы Париж конферен-циясы кезінде Антанта елдері мен Германия Версальда­ бітімшартқа қол қойған еді.
1920 жылғы наурыз айының ортасында монархияшыл
Капптың және генерал Э. Людендорфтың басқаруымен әскери төңкеріс дайындалды. Алайда Германияның 12 млн жұмысшыларының жалпы ереуілі контрреволюциялық төңкеріске жол бермеді.
1922 жылдың соңында үкіметті буржуазиялық партия топтарының бастығы В. Куно басқарды. Ол ұлтшылдық үгітті күшейтіп, Германияға міндеттелген соғыс шығынын төлеуден бас тартты. Оған жауап ретінде Рур облысы-на француз-бельгия әскері басып кірді. 1923 жылдың тамызындағы неміс пролетариатының жалпы ереуілі
Куно кабинетін қызметтен кетуге мәжбүр етті.
Ел ішінде аштық негізінде толқу бүліктері жиіледі. Тю-рингияда және Саксонияда коммунистер мен солшыл со-циал-демократтар басқарған жұмысшы үкіметі құрылды. 1923 жылы қазанда Гамбургте коммунист Э. Тельманның басшылығымен көтеріліс ұйымдастырылды. Бұл қоз­ ғалыстарды өкімет тез арада аяусыз басып тастады. Елдегі аш-жалаңаштық фашистік топтардың белсенділігін арт-тырды. 1923 жылы 8 қарашада Мюнхенде Адольф Гитлер бастаған бір топ фашистер өз ұрандарымен көшеге шықты.
1924 жылдан бастап Германиядағы жағдай тұрақтала бастады. Тұрақтандырудың экономикалық негізі “Дауэс жоспарына” тірелді. Бұл жоспар бойынша Германияға АҚШ-тың қарыз беруіне жол ашылып, Германияның төлем төлеу шарты жеңілдетілді.
Екпінді дамудың нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің өнімі соғысқа дейінгі деңгейінен асып түсті. Германияның батыс шекарасы халықаралық кепілдік алды. Алайда Вей-мар Республикасының саяси дамуы бірқалыпты болмады. Әртүрлі саяси коалициялардың бірлігі нашарлай берді.
Саяси тұрақсыздық 1923 жылы жабылған фашистік ұйымдардың белсенділігін тудырды. Адольф Гитлер түрмеден босатылып, фашистік партия жаппай саяси және әскери ұйымдар құру әрекетін ашық түрде жүргізді. Бірқатар фашистік жетекшілер 1925 жылы құрылған
31
Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы атынан 1928 жылы рейхстагқа сайланды.
Германиядағы ұлттық-социализм. Гитлердің өкімет басына келуі. Нью-Йорк биржасындағы күйреу Германия-ға да өз әсерін тигізді. Үш жыл ішіндегі дағдарыста өндіріс­ тің құлдырауы 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда 58%-ға жетті. Жұмыссыздардың саны 4,5 млн-нан асты­. Олардың 20%-ы ғана аздаған жәрдемақы алатын еді. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерге ауыр тиді.
Жеңіске жеткен мемлекеттермен салыстырғанда, гер-ман буржуазиясының дағдарысты тоқтатуға мүмкіндігі шектеулі еді. Iшкі нарық әлсіз болды. Ал отарлардан айы-рылу Германияның қолын байлады. 1931 жылға дейін ол соғыс шығынын төлеп келді. Өнеркәсіп иелері шығынға батты. Герман өнеркәсібінің империялық одағы Веймар Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық білдіріп, тұрақты мықты үкімет құруды талап етті. Веймар Республикасының ондай талапты орындауға мүмкіншілігі болмады.
1930 жылы көктемде билік басында тұрған “үлкен коалиция” таратылды.
Веймар үкіметінің күйреуі жаңа саяси партиялардың өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өзде­ рінің Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы­ ның негізін нығайтуға мүмкіндік алды. Оның басында А. Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлт­ шылдық идеяны маңызды құрал ретінде пайдаланды. “Жау бейнесін жасау”, оны күшпен жою фашистердің идеялық-жарнамалық науқанының маңызды белгісі бол-ды. Ұлтшылдар мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге болатынын, ал ол үшін “ішкі жаулар­ ды” — коммунистерді, демократтарды, еврейлерді, сыған­ дарды жою қажеттігін қайталаумен болды. Фашистер жұмысшыларға жұмыс беруге, жалақыны әділ төлеуге, арзан несие беруге, жұмыс орнын көбейтуге, зейнетақымен қамтамасыз етуге, өсімқорлар мен алыпсатарларды жоюға уәде берді.
Бұрынғы буржуазиялық партияларға қарағанда Ұлт­ тық-социалистік неміс жұмысшы партиясы көсемдік
32
салтты қолдап, көсеміне шексіз бағынушылық қағидасын уағыздады. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы пар­ тиясының үгітшілік қызметі мамандандырылған әскери жасақтармен толықтырылды. 1930 жылдар басында Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері мен банкирлерден мол қаржылай қолдау алып отырды. Ұлтшылдардың Герма-нияда диктатура орнату, Версаль бітімін жоққа шығару, отарларды қайтарып алу, елде “күшті үкімет құру” және т.б. ұрандары ұсақ буржуазияның талабына сай келді.
Біртұтас антифашистік майдан құруға күш жетпеді. Генерал Шлейхер басқарған үкіметтің бұқаралық негізі және парламенттік қолдауы болмады. Бұқаралық қозға­ лыс Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясының ықпалында болды. Шексіз билікке ұмтылған бұл саяси топтар Германияда тоталитарлық тәртіптің орнауына жол ашты. 1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург А. Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады.
Үкімет құрамына бірқатар буржуазиялық партиялар өкілдері кірді. Рейхстаг құрамына өзгерістер енгізу үшін мерзімінен бұрын парламент сайлауы белгіленді. Солшыл күштердің беделін кеміту үшін гитлершілдер рейхстагқа өрт қойып, оны коммунистердің лаңкестік әрекеті деп жала жапты.
Сөйтсе де 1933 жылғы наурыз айындағы парламент сайлауы Гитлер партиясына басшылықты қамтамасыз ете алмады. Енді ұлтшылдар конституцияны бұзып, ГКП мандатын жоққа шығарды. Гинденбург рейхстаг арқылы Гитлер кабинетіне төтенше өкілеттік беру ту-ралы заң шығарды. Бұл заң бойынша үкімет парламент бақылауынан шығарылды және қалаған заңды актілерді қабылдау құқығына ие болды. Гитлер бұдан былай Герма-нияда сайлау болмайтынын жариялады. Заңның 48-бабы бойынша Веймар Республикасының барлық негізі, демо-кратия, конституция, өкімет органдары, саяси партиялар, сайлау жүйесі жойылды.
1933 жылдың сәуірінде гитлершілдердің саяси құ­ пия полициясы — гестапо құрылды. Оның міндеті ре­ жімнің қарсыластарын жою болды. Гестапо және СС
33
(Schutstaffeln — сақшы жасақтар) тек Германияның өзінде ғана емес, сондай-ақ одан тысқары аймақтарда да гитлер­ лік топтардың лаңкестік қаруы болды.
Мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды неме-се жойылды. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партия­ сы “немістің мемлекеттік идеясын алып жүруші” жалғыз партия деп жарияланды және лаңкестік қағида барлық мемлекеттік аппаратқа таратылды. Баспасөзге бақылау қойылды. Жергілікті өкімет органдары тоталитарлық диктатураның атқарушы құралына айналды.
Президенттің, канцлердің және жетекші партия бас­ шысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және
рейхсканцлер атанды.
Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі.
Германиядағы мемлекеттік билік түрінің ауысуы эконо-миканы мемлекеттік жүйелеу бағытымен қабаттас жүріп жатты. Германияда, Америкадағы сияқты, Кейнстің дағдарысқа қарсы әдістері қолданылды. Алайда гер-ман экономикасының стратегиялық мақсаттары мен экономикаға тоталитарлық күштердің әсер етуінің нақты формалары АҚШ-қа қарағанда өзгеше болды. Елдің экономикалық күш-қуаты тоталитарлық мемлекеттің және корпорация басындағылардың қолында болды: олар Германияны біртұтас әскери лагерьге айналдыруға тырысты, сөйтіп, соғысқа дайындалуға кірісті. Экономи-каны милитаризациялау Германияның экономикалық дағдарыстан шығуының басты ерекшелігі болды.
1933—1935 жылдары мемлекеттік реттеу тетігінің құқықтық негізін құрайтын бірқатар заңдар қабыл­ данды. Мемлекеттің экономикалық өмірін неміс ша­ руашылығының Бас кеңесі басқаратын болды. Оның құрамына аса ірі 18 корпорация мен банк жетекшілері кірді. Өндірісте “фермерлік” жүйе таратылды. Өндіріс иелерінің мемлекеттік билік өкілеттігі болды. Олардың шешіміне бағынбау ұлттық тәртіпке сатқындық актісі ретінде қаралды.
Ұлтшылдар алдыңғы қатарлы неміс корпорациялары­ ның күшін нығайтумен қатар экономиканың мемлекеттік
34
секторын арийландыру дамытылды, ол еврей ұлтының жекеменшігін тәркілеу арқылы жүргізілді.
Ауылшаруашылық өндірісін реттеумен “Азық-түліктік теңқұқылы топтар” атты меншікті құрылым айналыс­ ты. Ол ауылшаруашылықтағы барлық ұйымдарды өзіне қаратты. Ауылшаруашылық өнімдерін жүйелеп қана қоймай, оны алғашқы өңдеуден өткізді. Фашистер жерсіз шаруаларды Германия Шығыстағы “өмірлік кеңістікті” жаулап алғанда, жер береміз деп сендірді.
Германия шаруашылығын қажетті жұмысшы күшімен қамтамасыз ету мақсатында таратылған кәсіподақ орнына
Неміс еңбек майданы құрылды.
1934 жылғы “Ұлттық еңбекті ұйымдастыру туралы” Заң 18 бен 25 аралығындағы жастар үшін екіжылдық еңбек міндеттілігін енгізді. Жұмыс күні 10—14 сағ-қа ұзартылды. Еңбек нарығына мемлекеттік тұрғыдан әсер етудің бұл шаралары жұмыссыздықты жоюға және әскери өндірістің қарқынды өсуіне жәрдемдесті.
Германияның соғысқа дайындығын аяқтау мақсатында ұлттық басшылық төртжылдық жоспар дайындады. Бұл жоспардың басты бағыты — күшті әскери-техникалық машиналар жасау, сондай-ақ әскери өндіріс қажеттілігін жан-жақты қамтамасыз ету үшін жергілікті шикізат ба-засын жасау болды.
Фашистік Германияның сыртқы саясаты. 30-жылдары дүниежүзілік соғысты өршітуге айрықша қадамдар жасал-ды. 30-жылдардың бірінші жартысында Германия Версаль келісімінің қарулануды шектеу туралы баптарын бұза бастады. Жапония 1931 жылы осындай бағдармен Қиыр Шығыста Манчьжурияны басып алды. Соғыстың басты екі ошағы кеңейе түсті, ал оларды ұйымдастырушы — Германия, Жапония, Италия мемлекеттері бір-бірімен жақындаса бастады. 1936 жылдан бастап Германия Еуропа мемлекеттеріне қарсы тікелей жаңа басқыншылық жолға түсті. Германия мен КСРО 1939 жылы тамызда құпия келісімге қол қойды.

Приложенные файлы

  • docx 22394475
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий