Ата Заңым Айбыным


« Ата Заңым – айбыным»
Мен Әбубәкір Сатаев 1995 жылы шілденің 16 шоқ жұлдызында дүниеге келдім.Бұл сөздерді неге жазды деген шығарсыз ? Мен Ата – Заңмен құрдаспын, бірге өмірге келдік ,киелі қазақ жерінде жүріп , ауасымен тыныстап , берекелі елде жүргелі , міні , біз де кәмелетке толдық.Мақтан тұтамын , себебі , мен қабырғасы тең елге түп тамыр бола білген, тарихы сонау тереңде жатқан , әділдікті қоштаған Ата- Заңның құрдасымын.Халқына берері көп болған сенің саяңда жүріп мен ер жеттім, білім алдым, міні қазір Пырағы биік мемлекттерге қазақты танытсам деп , саған еліктедім – Ата –Заң. Қазақстан – Ресей Медициналық Университетінде дәрігер мамандығына білім алудамын. Көздегенім халқыма пайдам тисе екен деп , мен де сен секіліді биік болсам екен деп.
Тәуелсіздік алған жиырма үш жылдың ішінде , әсіресе , 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциямызбен міне 18 жыл өмір сүріп келеміз .Иә, елміздің мерейлі мерекесі биыл бүкіл қазақ үшін маңызы зор дегім келеді.
Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі әлем таныған керемет жетістіктері , халықаралық аренадағы беделінің өсуі Ата Заңымызбен тікелей байланысты.Мемлекеттік шешімдер , құжаттар күнделікті заман ағымымен өзгеріп , кейбірі тіпті өзгеріп отырады. Бұл заңды құбылыс.
Мемлекетіміз қарыштап алға дамыған сайын қай салада да жаңару процестері жан-жақты жүріп , ол Ата-Заңға өзгерістер енгізуге әкеледі.Өйткені , қай салаға да дер кезінде реформа жүргізіп отырмаса , ол тоқырауға әкеліп соғары сөзсіз.Еліміздегі жүргізілген конститутциялық реформаның маңызын содан-ақ білуге болады.Қоғамды саяси жаңартып , елдегі конститутциялық реформаның негізгі өзгерістерне тоқталып өтейік.Әрине , бұл оң өзгерістерді біз күнделікті өмірде көріп , көбіміз белсене араласып , білек сыбана орындап та жүрміз емес пе ? Президент өкілеттілігінің бірнеше бөлігінің Параламентке берілуі саяси партияларының рөлінің артуы , жергілікті өзін –өзі басқару міндетінің мәслихаттарға тапсырылуы , адам құқықтарын қорғау , сот жүйесінің реформалануы , сөз бостандығы секілді бұдан басқа қазіргі өмірде болып жатырған өзгерістерді айтуға болады.
Егер кез- келген қоғамның бағдаршамдай алға бастайтын дұрыс заңы болмаса , мемлекттің де алға жылжуы күмәнді. Егеменді еліміз осыдан 18 жыл бұрын соцалистік даму жолынан бас тартып , тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысып , жаңа әлемде Тәуелсіз ел ретінде өз орынымызды табуға ұмтылдық және тауып та үлгірдік.Елбасының сара саясаты мен тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған Ата Заңда әлемдік Конститутция идеялары мен тәжірибені үлгі ету , ұлттық мемлекттік дәстүрлерді пайдаланып , ел дамуы жолында кедергілерді жою болып табылады. Өтпелі кезеңдердің қиындықтарын жеңіп , әлем елдерімен тең дәрежеде байланысқа түсу үшін Ата Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл уақыт талабы болатын. Осыдан 15 жыл бұрын Ел Президентінің және Парламенттің қарауында 13 өзгертулер мен толықтыруды мақсат тұтқан Заң жобасын ұсынды.Мұнда еліміздегі көппартиялық жүйені кеңейту , ел Үкіметінің жұмысын жетілдіру , Президент пен Парламент депутаттарының өкілеттігін ұзарту . сот жұмысын жетілдіру , жергілікті басшылардың сайлауына қатысты өзгерістер енгізілді.Бұл тарихи түрде енгізілген өзгертулер мемлекетіміздің қарыштап дамуына , оның күшеюіне мұрындық болғанын сіз бен біз мойындауымыз керек .М іне , бүгінгі күні біз саяси реформалардың жемісін татып отырмыз.Еліміздің қалыптасуындағы тарихи кезеңнің куәгері болғанымызды әрбір азамат мақтан тұтуы тиіс . Басталған саяси реформа ары қарай жалғасын табуы керек деп ойлаймын.Осы мақсатты халыққа түсіндіріп , сана – сезіміне сіңіру қасиетті борышымыз. Сондай – ақ елдегі саяси өзгерістер жалпыұлттық бағдарлмамыз іспетті.
Енгізілген өзгертулердің қай- қайсысы да маңызды. Жергілікті өзін- өзі басқару жүйесі , мәслихаттардың алар орыны ерек. Себебі , бұл көптен шешімін таппай келе жатқан мәселе болатын .
Елбасының сыңдарлы саясатының нәтижесінде елімізідің алға қойған мақсаты- бәсекеге қабілетті 50 елдің ішіндегі шоқтығы биік ел болу үшін жасалған қадамы деп түсінемін.Отанымыздың адымдап дамуы мен елдегі демократиялық өзгерістер бір-бірімен етене байланыста болатынының айқын дәлелі. Ата-Заңымыз әрбір қазақстандықтардың бостандықтары мен құқтарын қорғауға , білім алуына , еңбек етуіне , саясатпен айналысуына , тұрмыстық әулетінің жақсаруының кепілі – Конститутция.
Қорыта келе Президентіміздің саясатын қолдап , оны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосу басты мақсатымыз , сол кезде ғана алға қойған үлкен арманға жетеріміз сөзсіз . Халықтың тұрмысы бұдан да жақсарып , құқықтық мәдениетміз арта беретінне күмән жоқ.Сондықтан да елдегі Ата Заңымыз өзінің өміршеңдігін дәлелдейді.Қазақ елін көк аспанада қалықтатып , шыңы биік таулармен теңестірген « Ата Заңым – айбыным » мерекесіне орай шығарған бір шумақ өлеңмен тәмамдағым келіп отыр.
« Ата Заңым - айбыным »
Сен дегенде жүрек дархан ,
Көңіл кең.
Сенсің маған орын берген өмірден.
Айналайын , Ата Заңым – айбыным,
Жасай берші егеменді еліммен.
Жердегі бар ізгілікті молайттың,
Адам бол деп ,
Аман бол деп көп айттың.
Барша заңның түп атасы өзінсің.
Қиянатты қайтып жеңем ,
Соны айтқын !
Әділеттің сенсің болат алмасы,
Адам жайлы ,қоғам жайлы толғашы.
Қасым хан мен Есімхандар енші еткен
Ата Заңым «Жеті Жарғы» жалғасы.
Биігіңнен Ертеңім мен Бүгіннің
Кең байтағын шолар қыран қырымның.
Тап өзінсің , Ата Заңым , аяулым,
Еркіндікті сен арқылы ұғындым.
Ей , жас ұрпақ, Ертенің зор , аянба,
Ата Заңым болашағын баянда.
Өзгелермен теңестіріп иықты,
Еңбек етем ,
Тең боп өтем саяңда.
Аты – жөні : Сатаев Әбубәкір
Туған жылы : 16.07.1995
Оқу – орны : Қазақстан- Ресей Медициналық Универсиететі
Фак: Жалпы медицина
Курс :2
Телефон нөмірі : 8- 702-587-95-96. 8-747-427-40-02
e-mail: [email protected]Вконтакте: Сатаев.А


Приложенные файлы

  • docx 22409942
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий