Ермағанбетова А.Қ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ермаганбетова Айдын Кабдрашовна
Апта сейсенбі әдебиет күні: 29.09.15
Сабақ тақырыбы: Ақын поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат
Жалпы мақсаты: Поэзиясындағы романтикалық сипатты тереңнен талдай білу.
Оқу нәтижелері: 1. Халықтың кегі үшін, оның жауларымен жан алып, жан беру үшін күреске үндеген, қасық қаны қалғанша шайқасқа, ерлік іске үндеуін білумен рухтанады;
2. Батырлық, ерлік тақырыбындағы өлеңдерінің өршіл рухты, жоғары пафосты екенін таниды;
3. Ақын жырларының көркемдік ерекшілігін, өзіне тән тілін, мәні мен маңызын ұғынады;
4. Топта еркін жұмыс істей алады;
5. Көшбасшылығы айқындалады;
Уақыты: Мұғалім әрекеті Оқушылар
әрекеті Әдіс-тәсілдер Ресурстар
9.45 – 10.30
Білім
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Үй тапсырмасы
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпқа психологиялық жағдай туғызу.
Махамбет күйі «Жұмыр қылыш» орындаушы Айкенов Дәулет.
Ақын өлеңдерінің шумақтарын құрастырту арқылы топтарға бөлінеді.
«Ереуіл атқа ер салмай» «Желп-желп еткен ала ту» өлеңдерін талдау.
1. Ақын өлеңдерін көтеріліс тарихымен тұтастықта қарастырту.
2. Ақын поэзиясын өр рухпен терең түсініп оқи білу.
3. Өлеңнің негізгі идеясын танытатын үзінділерді таңдап таба білу.
4. Мәтіндегі көнерген сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.
5. Ақын шығармашылығы бойынша іздендіру жұмысы.
1. Өлең не себепті «Ереуіл атқа ер салмай» деп аталынған?
2. Өлеңнің шығу тарихы неге байланысты?
3. «Ереуіл» сөзі атқа қандай анықтауыштық қызмет атқарып тұр?
4. Ереуіл ат бейнесін ақын не үшін қолданып отыр?
5. «Желп-желп еткен ала ту» өлеңінде ақын сезімі қалай беріледі?
6.Тыңдаушысына сұрақ қою арқылы жауапты қайдан күтеді? Әлде ақынның өзгемен кеңескен күйде өзімен сырласуы ма, өмірде нысана еткен арман мүддесі ме?

Өлеңнің негізгі идеясын танытатын үзінділер арқылы кестені толтыру.
Өлеңнен үзінді Айшықты сөздердің лексикалық мағынасы Идеясы
1. Ереуіл атқа ер салмай,
Еңку-еңку жер шалмай «Еңку-еңку» жер барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығының көрсеткіші.
«Еңку» сөзі қайталанып келуі арқылы күшейтпелі мәнге ие. Азаттық үшін күрес
«Еңку-еңку» жерді игеру үшін міндетті түрде ереуіл ат қажет.
«Ереуіл ат» шапшаңдықтың белгісі ретінде «еңку-еңку» сөзінің анықтауышы 2. Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей. Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің іріп, үгітіліп таусылатындай шаққа жетуін айтқанынан сол заттардың осындай күйге айналуына дейін қанша қыс пен жаз, көктем мен күз өтетіндігі, яғни, жинақтай келгенде қанша уақыт кететіндегі көз алдымызға келеді. Төзімділік, шыдамды- лық
3. Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып, жат болмай. Бұл жерде өзің балаңның болашақтағы азаттығы, жақсы тұрмысы үшін күресіп жүрсің, ал сол күрестің ұзаққа созылғанынан өз балаң өзіңе жат болып үлгереді, ол сені танымайды. Сонда азаттық үшін күрес бір ұрпақты қартайтатындай ұзақ уақытқа созылса да сенің оған шыдауың керек. Ақын бұл жерде уақыттың өлшемін «тебінгі терге шірімей», «өзіңнен туған жас бала, сақалы шығып, жат болмай» деп белгілейді Мақсатқа жету үшін уақыт ұзақтығына төзе білу.
4. Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай. Мұнда «терлігі майдай ірігенше» жол жүрмесе, «ашаршылық, шөл көрмес» еді. Көтеріліске шығар болса, көретін азабының шынайы кескіні поэзияға айналып, күрескердің басына төнетін азапты айтып тұрса да, халықтың күреске шығуға құштарлана түскені, халықтың сол шындықты мойнынан алғаны. Адам баласының басында қандай қиындық болса да, жасырмай шындықты айта білуге баулу.
1.Өлеңді құрылысына, көркемдігіне талдау жаса.
Шумақ Тармақ Бунақ Буын Ұйқас
1 19 2 8 Шұбыртпалы ұйқас
2.Өлеңнің тіл көркемдігіне талдау жаса.
Гипербола Ассонанс Аллитерация Эпитет Түрі
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай. Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей.
...Түн қатып жүріп түс қашпай,
Тебінгі теріс салмай,
Темір қазық жастанбай.
Ереуіл ат,
егеулі найза, еңку-еңку жер, қоңыр салқын,
Теңеу
Терлігі майдай Риторикалық сұрақ
Берілген кестені толтыр.
Махамбет қандай ақын? Өлеңінен үзінді
Реалист ақын Өр рухты батыр ақын Сыршыл ақын Романтик ақын Күрескер ақын Ұлт жанды ақын «Махамбетше жырласам...» (өз туындысын оқу)
«Махамбеттей ақынға... » (РАФТ тәсілі бойынша хат) Махамбет атынан болашаққа хат
«Махамбеттей ақынға ...» (ұлылар айтқан сөздерден мысал келтіру) -оқушылар күй тыңдайды.
-өлең шумақтарын табу арқылы, топқа бірігеді.
Батырлық, ерлік тақырыбындағы өлеңі мен толғау тектес өлеңін көтеріліс тарихымен тұтастықта қарау, идеясы, сөздердің лексикалық мағынасы туралы білім алады.
-жеке жұмыс жасайды.
- топтық жұмыстар арқылы білімдерін кеңейтеді.
- көне сөздердің лексикалық мағынасын ажыратуға машықтанады.
- топта еркін жұмыс істей алады.
- сыни ойлауы қалыптасады
- өздігінен білім алады
- ізденеді
- көшбасшылықты көрсетеді.
- ізденеді
- жеке ой-пікірінің құндылығы артады
- тұжырым жасайды.
- шығармашылық қабілеті артады
- өз бетінше шешім қабылдайды
- топпен жұмыс жасайды
- көшбасшылық артады
- ізденеді
- өздігінен білім алады
-ізденеді
-ой қорытады
-тұжырымдайды
Түсіндіру,
талдау.
Диалогтік оқыту Оқулық, үлестірме материалдар.
Махамбет. Жыр – жебе
Махамбет.
Ереуіл атқа ер салмай. Өлеңдер.
«Сөздер сөйлейді»
Р. Сыздықова
«Әдебиет теориясы»
З. Қабдолов.
Өзіндік бағалау:
1. Оқушылар күтілетін нәтижелерге жетті ме?
2. Не сәтті болды?
3. Не сәтсіз болды?
4. Неліктен?
5.Нені өзгертуге болады? Неліктен?

Приложенные файлы

  • docx 22501641
    Размер файла: 26 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий