Жас отан жастар қанаты


Жас отан жастар қанаты
Бүгінгі күні Жастар қанаты «Нұр Отан»партиясы құрылымдық бөлімшесі ретінде қолданылады. «Жас Отан» жастар қанаты жастар бастамасының құрылыу және алдыға ұмтылу орталығы болып табылады. «Жас Отан» жастар қанатының бренді орталықтағы сияқты өнірдегі деңгейі партия жас мүшелері, жас депутаттар және жастар топтары бастама қозғалысымен ассоцияланады.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі – Қазақстан Республикасы азаматтарының әр түрлі әлеуметтік топтардағы жас азаматтардың мүдделерін, оларды мемлекеттік өкілді және атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіретін ерікті бірлестігі.
«Жас Отан» ЖҚ-ның қызметінің мәні:
- қоғамның саяси өміріне қатысу;
- «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру болып табылады.
«Жас Отан» ЖҚ-ның миссиясы:
Қазақстан жастар консолидациясы елдің дамуына модернизациалық жоғарлауды қамтамасыз ету мақсатымен ұлттар көшбасшысының саяси табалдырығында.
Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да жағдай жасау «Жас Отан» ЖҚ-ның негізгі мақсаты болып табылады. «Жас Отан» ЖҚ – «Нұр Отан» партиясы саясатының белсенді жүргізуші, елдегі жастардың жағдайын жақсарту және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жұмылдыру бойынша іс жүзіндегі қадамдарды іске асыру орталығы.
«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:
1) жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процесіне тарту;
2) жастардың бойында қазақстандық патритоитзм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастанр саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
4) жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
5) жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, қазақстандық қоғамның демократиялануын арттыру, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді, оның тұрақты дамуын сақтап процестеріне тарту;
6) жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
7) салауатты өмір салтын, білім мен еңбекті насихаттау;
8)жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, Қазақстанның жас азаматтарын жұмысқа орналастыруға көмектесу;
9) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
10) жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, рухани және табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
11) жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
12) уәкілетті органдарға жастар арасындағы жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да ауытқушылықтардың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
13) дарынды жастарды іздеу, оларға көмек көрсету және ілгерлету;
14) ғылым мен білімнің әртүрлі салаларындағы, мәдениет пен өнер, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жастардың ғылыми-зерттеу, ақпараттық жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қолдау;
15) «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген олардың міндеттерін халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
16) «Жас Отан» ЖҚ мақсаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
«Жас Отан» ЖҚ мүшесінің құқықтары:
1) «Жас Отан» ЖҚ-ның барлық органдарына сайлауға және сайлануға;
2) шешімдер тұжырымдауға қатысуға, өз ойын еркін білдіруге, «Жас Отан» ЖҚ қызметінің мәселелерін талқылауға, «Жас Отан» «Жас Отан» ЖҚ-ның қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын басшылық органдардың қарауына ауызша немесе жазбаша нысанда енгізуге;
3) «Жас Отан» ЖҚ-ның қызметі туралы ақпараттарды алуға, өзінің құқықтары мен мүддесіне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысуға;
4) «Жас Отан» ЖҚ мүшелігінен шығу туралы мәселені дербес шешуге құқықығы бар.
«Жас Отан» «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшесінің міндеттері:
1) осы Жарғының талаптарын орындауға;
2) «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруге және қорғауға;
3) «Жас Отан» ЖҚ-ның жұмысына тікелей қатысуымен, жеке іс-қимылымен және әрекетімен «Жас Отан» ЖҚ-ға қатыстылығын дәлелдеуге және жастар арасында оның беделі мен ықпалының артуына қол жеткізуге;
4) «Жас Отан» ЖҚ басқару органдарының шешімдерін орындау және орындауына белсенді жәрдемдесуге;
5) «Жас Отан» ЖҚ қызметіне қатысты мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын енгізуге;
6) тәртіп сақтауға, ұйымдастыру бірлігін нығайтуға, бастамалар көрсетуге;
7) «Жас Отан» «Жас Отан» ЖҚ-ның қатарына жаңа мүшелерді тарту бойынша жұмыстар жүргізуге;
8)«Жас Отан» ЖҚ өткізетін іс-шараларға белсенді қатысуға;
9) «Жас Отан» ЖҚ-ға моралдық және материалдық зиян келтіретін іс-қимыл жасауға жол бермеуге міндеттіТарихымыз
«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты. 2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді. 2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды. «Жас Отан» ЖҚ І съезіне дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жастардың негізгі заңдық құжаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Осы тыңдаулар аясында еліміздің барлық аймақтарында жастар конференциялары өткізіліп, съезге 310 делегат таңдалған. Съезге Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері және Саяси кеңес бюросының өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері сонымен қатар шетелден келген жастар қатысты. «Жас Отан» ЖҚ қызметі І съезд делегаттары бекіткен жарғы және 2008-2011 жылдарға арналған қызмет стратегиясы бойынша жүргізілді. Осы съезде өткізілген сайлауда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Нұрлан Өтешев сайланды.
2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» ЖҚ «Арман. Еңбек. Сенім.» атты ұранымен II съезі өтті. Съезде еліміздің жастар саясатын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» стратегиясы қабылданды.
«Жас Отан» ЖҚ стратегиясының жобасын еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері талқыға салды. Стратегияның 11 негізгі қызмет бағдары бар, олардың ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары.
Съезге шетелден келген жастармен бірге 9 мыңнан астам делегат қатысты.
Съезде келесі 4 мәселе қарастырылды:1.    «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы ұйым қызметі үшін жаңа бағытқа айналды.  2.    «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына жастар саясатын дамытуға байланысты жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.3.    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайланды.4.    Нұрлан Сыдықов «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы болып сайланды.

Приложенные файлы

  • docx 22533922
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий