Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-Оспанова Асемгуль..


Оспанова Асемгуль Ерсаиновна
биология пәнінің мұғалімі
Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлай алатын, шығармашыл адамдар қажет. Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе.
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Мен мектептегі іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін дамытуды мақсат еттім. Сабақ жоспарын құрған кезде алдымен сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған сұрақтарды ойластырудан бастауды әдетке айналдырдым. Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған сұрақтарды құрастырған уақытта балаларды да сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге тырыстым. Олардың айтқандарынан өзіме көп қажет ақпараттар аламын, оны сосын жетілдіріп, сабағымда пайдалануға тырысамын.
Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп дәлелдеуді талап етеді. Әр түрлі тапсырмаларды құрастыру үлкен қызығушылық туғызды. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта сабақ барысының жемісті өтуі ұстаз бен оқушы арасындағы қарым – қатынасқа байланысты болады. Мұғалім тек бағыттаушы, ал оқушы сол идеяны қабылдаушы рөлін атқарса, сабақ тиімді өтеді. Яғни оқушы өз – өзін реттеуіне көп мүмкіндік ашылады. Оқушы өз – өзін реттей отыра мұғалімнің іс – әрекетін жүзеге асыру мақсатында өзінің ойлау, шығармашылық қабілетін арттыра түсіреді, оны шешу жолдарын табуға бағытталады. Әрбір сабағымды өткізбестен бұрын оқушылардың өздігінен іс – әрекетті жүзеге асыру, реттеу үшін жасалған тапсырмалар жүйесін тиянақты қарастыруға тырыстым.
Биология сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:1. Жаңа білім бойынша бір-бірін тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды);2. Өзіндік қорытындылауы;3. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады;4. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуге дағдыланады;5. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды;6. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;7. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.


Пайдаланған әдебиеттер:
Wolfe,S. Alexander, R.J., (2008)[Дәлелдеу және диалогтік оқыту]
Мұғалімге арналған нұсқаулық /www.cpm.kz
Schon,D., (1983) [Рефлективті практик: кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады?]

Приложенные файлы

  • docx 22546023
    Размер файла: 110 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий