Қазақ тілі мен әдебиеті шығарма


Қазақ тілі мен әдебиеті
 ( Қазақ мектептері үшін)
 
10 -  сынып
Шығарма тақырыптары:
 
1. Шәңгерей шығармаларындағы өмір шындығы.
2. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ортақ сарын.
3. Елордасы- Астана.
 
1. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ғылым – білім туралы ой.
2. Ән өнерін асқақтатқан ақиық ақын (Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы туралы).
3. Өнерлі -өрге жүзер.
(Шығармаға – 50 ұпай)
 
1- билет
         1.Біржан – айтыскер ақын..
         2.Үстеу және мағыналық түрлері.
         3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
        Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.
                                                                 
 2- билет
          1.Ақанның Құлагері.
          2. Өткен шақ. Түрлері.
          3. Морфологиялық талдау жаса.
 Желкілдеген ту келіп,
 Жер қайысқан қол келіп,
 Сонан сасып тұрмасқа.
 
3- билет
         1.М.Ж.Көпеевтің ақындық шеберлігі.Лирика.
         2.Сын есімнің шырайлары.
         3.Сөйлемге синтаксистік  талдау жаса.
   Қандай талмаусырап әлсізденіп жатса да, маңдайына Нұрым қалай келді, солай шағатын жылан кіріп келе жатқандай тітіркеніп қысыла қалды.
 
4- билет
        1.Шәңгерейдің ақындық шеберлігі.
        2. Әдеби тіл нормалары.
        3. Әр сөзге лексика - грамматикалық талдау жаса..
      Ақан сері – табиғат перзенті.
 
 
5- билет
       1.Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы сабақтастық. Шумақ, тармақ.
       2.Есімшенің сөйлемдегі қызметі.
       3. Морфологиялық талдау жаса.
      Құнанбай ауылында өскен Шәкәрім өнерге, әнге жастайынан әуес болған..
 
6-билет
      1.Жұртына білім сыйлаған (Ы.Алтынсарин туралы).Кейіптеу.
      2.Төл сөз бен төлеу сөз.
      3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса.
      Ұрлық түбі – қорлық.
 
7-билет
      1.Халықтың ұлы перзенті – Шоқан Уәлиханов.
      2. Қазақ тілі қандай тіл?
      3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
   Жолдан қажып келіп, тынығып жантайып жатқан салбыраңқы, күңгірт пішінді жолаушылар бастарын көтерсе де, жарым-жартылап қалғи отырып, әңгіме тыңдаушы еді.
 
8-билет
      1.Абайдың қара сөздері
      2.Сабақтас сөйлемнің түрлері
      3.Синтаксистік талдау жаса.
 Бір ұстап қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің.(Ж.Ж.)
 
9- билет
       1.Дулат Бабататайұлы.  «Еспембет» поэмасының тақырыбы мен идеясы.
       2. Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері
       3. Тыныс белгілерін қойыңыз. Тыныс белгілері туралы айтыңыз.
 Жүсіп сөйлемекші еді оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп бірсыпыра уақытқа дейін сөйлетпеді.
 
10-билет
      1.Махамбет поэзиясындағы асқақ арман.Ассонанс, аллитерация.
      2. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері.
      3. Өлеңнің авторы кім? Қандай бағытта, қалай түсінесіз?
  Жуаны қылады зорлық,
  Момыны көргені қорлық.
  Теп – тегіс ұрлық пен қулық,
  Ал енді қайтіп ел болдық?
Қазақ тілі мен әдебиеті
 ( Қазақ мектептері үшін)
11- сынып
Шығарма тақырыптары:
 
Қазақ әдебиетінің бәйтерегі (М.Мағауиннің туғанына 70 жыл).
Ж.Аймауытовтың өмір жолы, әдеби мұрасы туралы толғаныс.
Менің сүйікті кейіпкерім.
 
«Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» (М.Жұмабаевтың шығармашылығы).
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана бейнесі.
Мен сүйген мамандық.
(Шығармаға – 50 ұпай)
 
1- билет
       1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ зиялыларының көсемі.Өлең құрылысы.
       2.Шылау, оның түрлері. Қызметі.
       3.Сөйлемге синтаксистік  талдау жаса.
Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған қазақ ұлтының жас егеменді мемлекеті, Қазақстанның бүкіл халқы мен экономикасы жаңаша жағдайда тұр.
 
2- билет
       1. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы.
       2.Етіс, оның жасалу жолдары.
       3. Сөздердің байланысу түрлеріне талдау жасаңыз.
   Таңертеңнен бері күнге қақталып әбден қаталаған Нартай бетіне май түскен сап – сары, салқын қымызды демалмастан басына бір – ақ көтерді.
 
3- билет
       1.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының көркемдік ерекшеліктері.
       2.Жалпылауыш сөздер, олардың  тыныс белгілері.
       3.Сын есімді сөздерге фонетикалық талдау жаса.
   Аяқ астында қобырап жатқан сары, саржағал, көк ала жапырақтар саудырламайды, бойын дым алған.
 
4- билет
      1. «Қамар сұлу» романының  идеялық мазмұны.
      2.Терминдер,кәсіби сөздер. Ұқсас жақтары мен айырмашылықтары
      3.Морфологиялық талдау жаса.
   Әйтеке би – Тұран мемлекетінің негізін қалаған Әмір – Темірдің жеті кеңесшісінің бірі.
 
5- билет
      1.Ыбырай ізімен (С.Көбеевтің шығармашылығы).
      2.Сабақты етістік пен салт етістік.
      3.Сөзге лексикалық талдау жаса.
     Жазықтылар айыбын тартады.
 
6- билет
      1.Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі..
      2.Тіл білімі және оның салалары.
      3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
 
7-билет
      1.С.Сейфуллин – лирик ақын.
      2. Шешендік сөзге  қойылатын талаптар.
      3.Сөз тіркесіне  талдау жаса.
   Қазақ жақсысы орыс етегінен жем жегенді зор өнер көрді.
 
8-билет
       1.Ж. Аймауытовтың өмір өткелдері.Теңеу, эпитет, құбылту.
       2.Қыстырма сөз және оның тыныс белгісі.
       3.Морфологиялық талдау жаса.
  Тал бесігім қорғаныш болып маған,
  Жатсам керек, сірә да, қорықпағам. (М.Мақатаев)
 
9-билет
       1. Қ.Аманжоловтың майдан жырларының тақырыптары мен көркемдік сипаты.
       2. Фонетика қандай сала?
       3. Сөзжасам бойынша  талдау жаса
   ...Таяу жаңа мыңжылдықтың алдында және бір қыс түсті.
 
10-билет
       1.Махамбет поэзиясының ерекшеліктері.Ассонанс, аллитерация.
       2.Үстеу оның түрлері
       3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса
 Біздің қонысымыз мына тұста болатын да ,ал әлгі аталас ағайындарымыз сәл берірек   жайлайтын.(Ж.Аймауытов)
 
11-билет
       1.Тарихи жырлар, шешендік сөздер
       2. Етістіктің ерекшеліктері..
       3.Мына сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса
 Құлазыған баланы жұбаныш, қуаныш еткісі келе ме, әлде жоқ іздеген көңілдің көп  далбасасының бірі ме, әйтеуір, бұл сұрақ Шәкенге ауыр тиді.(Ғ.Мұстафин)
 
12-билет.
       1. І. Есенберлиннің шығармашылық жолы.Тарихи роман туралы ұғым.
       2. Сан есім, оның түрлері.
       3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
   Ең ұлы қазына – жақсы кітапхана (В.Белинский)
 
 
13-билет
       1. «Мен -  қазақпын мың өліп, мың тірілген,
           Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
          Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
          Қуанғанда күлкімнен түн түрілген».
              Авторы кім? Шығармашылығы.
       2. Ықпал, оның түрлері..
       3.Морфологиялық талдау жса.
Дуылдаған той басталып, кешегідей талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын- сауық пен биге кезек келгенде, тәтті ұйқы қысып манаурай бастады. (С.Мұратбеков)
 
14-билет
       1. С.Мәуленов өлеңдеріне сипаттама.
       2.Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
       3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 Қонақ жігіттерге Мақыш мал алғызып, сол үйдің қойшы жігітіне сойғызып,   өзі   жігіттермен әрбір жайды әңгімелесіп отырды.(М.Ә.)
 
15-билет.
        1.Көп қырлы талант иесі – М.Мақатаев.Тарихи поэма дегеніміз не?
        2. Пунктуация.
        3.Сөз тіркесіне талдау жаса.
Өте бір түтеген боран соғып кетпесе, жылқы баласы қандай ызғарлы суықта да желге  қарсы қарап қар тебеді.(С.Мұқанов)
 

Приложенные файлы

  • docx 22573700
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий