gotovye_standarty



Стандарт
Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.
Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде таңбаланған болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ошақты жиыстыру арнайы кестемен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ошақты жиыстыру жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операция жасайтын бөлме, таңба және егу бөлмелерінде) кесте бойынша кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек .
Дезинфекция дегеніміз қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.
Дезинфекцияның түрлері:
Сақтандыру дезинфекциясы аурухана ішінде инфекцияны болдырмау үшін жүргізіледі
Ошақты дезинфекция екі түрге бөлінеді:
Ошақты күнделікті - ол инфекция ошағы бар жерде, науқас жатқан жерде және барлық емдеу сақтау бөлмелерінде күніне екі реттен кем жүргізілмейді.Дезинфекцияны рұқсат етілген жуу және химиялық ертінділермен инструкциясы бойынша жүргізеді. Ертінді құйылған ыдыстар белгіленген болу керек, онда ертіндінің аты, концентрациясы, дайындаған күні жазылып тұру керек. Ертінділер арнайы, бөлек бөлмеде сақталады. Жиыстыруға қолданылатын құралдар белгіленген болу керек.
Ошақты ақырғы – ол бір рет науқас тәуір болып үйіне шыққанда, қайтыс болғанда немесе жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылғанда жасалады. Оның мақсаты инфекциялық ошақты аурудың қоздырғыштарынан мүлдем жою үшін.
Дезинфекцияның әдістері: Механикалық, физикалық, химиялық және құрастырма деп төрт түрге бөлінеді.
1) Механикалық дезинфекцияға жатады:
- бөлмені және бөлмедегі құралдарды ылғалды жиыстыру
- төсек - орынды қағып – сілку
- бөлменің шаңын тазалау пылесос арқылы, сылау, сырлау
- қолды жуу
2) Физикалық дезинфекция:
- күннің сәулесін қолдану
- ультрофиолеттік сәулелерді қолдану
- ыстық өтектеу, күйдіру
- қоқыстарды, керек емес құралдарды өртеу
- қайнату
- пастерлеу
Физикалық әдіс ең қауіпсіз, ең қолайлы әдіс.
Химиялық әдіс:
Емдеу сауықтыру мекемелерінде осы әдіспен жұмыс істегенде науқаспен немесе биоматериалмен қатынаста болған құралдарды толық химиялық ертінділерге батыру керек. Егер науқаспен қатынаста болмаса онда ол заттарды осы ертінділерге батырылған салфеткалармен немесе мәрлімен екі рет сүрту кеерек. Емдеу сауықтыру мекемелерінде тек қана Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің департаментінде госсанэпиднадзор рұқсат етілген химиялық ертінділермен жұмыс істеледі.
Құрастырма әдісінде дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі:
паровоздушный – ылғалды ауамен 110 градус температурада, қысымы 0,5 атм., экспозициясы 20 мин.
Пароформалинды – 0,5 атм., температурасы 90 градус, экспозиция 30 мин.
Залалсыздандыру.
Қазіргі медициналық қызмет көрсететін емдеу сауықтыру мекемелерінде САН ПиН 90100176 бұйрығы бойынша медициналық құрал - жабдықтарды дезинфекциялау және стерилездендіру (залалсыздандыру) әдістері, құралдары, тәртібі қолданылады, ол кейіннен №404 бұйрығымен толықтырылған. Бұл құжаттар барлық емдеу және сауықтыру мекемелерінде міндетті түрде қолданылуы керек.
Залалсыздандыруға барлық жарамен, қанмен және егулерде қатынаста болған медициналық құралдар жіберіледі.
Асептика туралы түсінік – инфекцияны жараға, науқастың организміне түсірмеу үшін қолданылатын шаралар. Ол үшін науқаспен қатынаста болған құрал-жабдықтардың бәрін дезинфекциялау қажет.
Стерилиздендіру (залалсыздандыру) – физикалық факторлардың әсерімен және химиялық препараттарды қолдану арқылы қоздрғыштарды және олардың спораларын жою.
Стерилизендіру әдістері:
- термикалық әдіс (ыстық температура арқылы);
ультрофиолетті сәулелерді қолдану (таңба, егу, операция жасайтын бөлмелерді);
-ультродыбысты стерилиздендіру;
-инфра қызыл сәулелермен стерилиздендіру;
Стерилиздендірудің химиялық әдісі полиэтиленнен жасалған құралдарды, жасанды дем алдыру аппаратын, әртүрлі эндоскоптарды дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізіледі;
газбен стерилиздендіру;
Клиникалық тәжірибеде көбіне термикалық әдіс жиі қолданылады: автоклавта және құрғақ ауа шкафында. Медициналық құралдарды залалсыздандыру емдеу сауықтыру мекемелерінде орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
Автоклавта стерилиздендіру режимі
1-ші режим 132 С, қысымы 2 атм, уақыты 20 минут Бірінші режим (негізгі) бойынша бөз бен мәрліден жасалған таңба материалдары, киім, төсек, әйнек және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.
2-ші режим 120 С, қысымы 1 атм., уақыты 45 минут Екінші режим (щадящий) бойынша резеңке, латекс, полимерлерден жасалған заттар стерилиздендіріледі
Бумен стерилиздендірілетін заттар алдымен крафт-пакеттерге немесе бикстерге салынады САН ПиН 90100176 бұйрығына сәйкес. Стерилиздендірілген заттардың залалсыздығы крафт-пакеттерде 3 тәулік сақталады.
Құрғақ ауа шкафында стерилиздендіру
180 градуста 60 минут Бұл әдіспен әйнектен және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.

Стандарт
Қабылдау бөлімшесі. Пациентті стационарға қабылдау.
Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіштері: науқастың стационарға түсу кезіндегі: салмақ жеткіліксіздігін, семіздікті, жасырын ісіктерді анықтау, салмақ динамикасын бақылау, ем жүргізу кезінде анықталған ісіктер;
Кері көрсеткіштері: жағдайы ауыр науқастар, төсек режимы.
Әзірлеу керек: едендік таразы, ауру тарихы, қолғап, 30х30смстерильді клеенка, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс, жайманы өңдеуге арналған сүрткіш, ҚКЖҚ.
Ісәрекеттері:
1.Пациенттің аты-жөнін анықтап, салмақ динамикасының ерекшеліктері мен таныстырыңыз және жүргізілетін іс шараны түсіндіріңіз.
2.Салмақ өлшеуді күнделікті бір уақытта жүргізіңіз.(таңертең, ашқарынға).
3.Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
4.Таразының көрсеткіші нольдік деңгейде тұру керек.
5.Пациенттен жай қимылмен таразының ортасына тұруын сұраңыз (аяқ киімін шешіп), іш киіммен.
6.Таразыдағы көрсеткішті шкала бойынша тіркеңіз.
7.Температуралық параққа алынған нәтижені енгізініз (ф-004у), пациентке алынған нәтижені айтыңыз.
8. Пациентке абайлап таразыдан түсуіне көмектесіңіз.
9. Таразыны дез ерітіндіге малынған сүрткішпен 2 рет 15 минут аралығымен өңдеңіз.
10.Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту;
-салмақтыөлшеуқуықтыжәнеішектібосатқаннанкейінжүргізіледі.

Стандарт.
Пациенттің бойын өлшеу.
Мақсаты: -пациенттің физикалық дамуын бағалау.
Көрсеткіштері: пациентті алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, пациентті стационарға қабылдау.
Әзірлеу керек: бой өлшегіш, дезинфекцияланған клеенка 30*30см, қолғап, өңдеуге арналған шүберектер, дез.ертіндісібар ыдыс, ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз;
Пациенттің аты-жөнін анықтап, іс шарамен таныстырып, келісімін алыңыз;
Өзіңіз бой өлшегіштің бір жағынан тұрып, планканы пациенттің бойынан жоғары көтеріңіз;
Пациентті бой өлшегіштің үстіне тік тұрғызыңыз: өкшесі, жамбасы, жауырыны планкаға тиіп тұруы керек;
Планканы пациенттің басына түсіреміз (көзінің қиығы мен құлақтың ұшы бір деңгейде болуы керек);
Пациентті бой өлшегіштен түсуін сұраймыз;
Шкала бойынша бойын белгілеңіз;
Пациентті бойының көрсеткішімен таныстырыңыз;
Көрсеткіштерін тіркеймыз;
Бой өлшегішті дез. ертіндіге батырылған шүберекпен 2 рет 15мин. аралығымен сүртіңіз;
Қолыңызды жуып кептіріңіз.


Стандарт
Жағдайы ауыр сырқаттың төсек орын ауыстыру.
Мақсаты: науқастың ыңғайлы жағдайға жатқызу.
Көрсеткіштері: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, ойылудың алдын алу, төсек орынның ластануы.
Әзірле: таза төсек орын жиынтығы, кір төсек-жабдыққа арналған клеенка қап, қолғап.
I – ші тәсіл (бұл тәсіл қатаң төсек тәртібінде жатқан пациенттерге аунауға рұқсат болғанда пайдаланылады).
Іс әрекеттері:
Пациентің аты-жөнін анықтап, іс-әрекет мақсатын түсіндіріп келісімін аламыз.
Қолды жуып, қолғап киіңіз;
Таза ақ жайманы ұзынынан ортасына дейін ораңыз.
Науқастың басын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
Жайманың шеттерін матрас астынан шығарамыз.
Пациентті төсектің шетіне бір қырындатып,ығыстырыңыз.
Кір ақ жайманы ұзынынан пациентке қарай ораңыз.
Оның орнына таза ақ жайманы төсеңіз.
Пациентті алдымен арқасына, сонан соң екінші қырына таза жаймаға аунатыңыз.
Кереуеттің екінші жағынан кір ақжайманы алып, таза ақжайманы тегістеп жайыңыз.
Жайма шеттерін матрастың астына жийнаймыз.
Пациентті арқасына жатқызып, басына таза тысты жастық салыңыз.
Пациентті көрпемен жабыңыз.
Кір жайманы арнайы қапқа салып шаруа-медбикесіне береміз.
Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреміз.
Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

Стандарт
Жағдайы ауыр сырқаттың төсек орын ауыстыру.
Мақсаты: науқасты ыңғайлы жағдайға жатқызу.
Көрсеткіштері: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, ойылудың алдын алу, төсек орынның ластануы.
Әзірле: таза төсек орын жиынтығы, кір төсек-жабдыққа арналған клеенка қап, қолғап.
ІI – ші тәсіл (көлденең тәсіл қатаң төсек тәртібінде жатқан немесе ессіз жатқан пациенттерге пайдаланылады, екі медбике орындайды).
Іс әрекеттері:
1.Пациентің аты-жөнін анықтап, іс-әрекет мақсатын түсіндіріп келісімін аламыз.
2.Қолды жуып, қолғап киіңіз;
3.Таза ақ жайманы көлденең ортасына дейін бинт сияқты ораңыз.
4.Абайлап пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
5.Кір ақ жайманы бас жағынан белдемеге қарай орап, босаған орынға таза ақ жайманы төсеңіз.
6.Таза жаймаға жастықты салып, пациентті жатқызыңыз.
7.Пациенттің жамбасын, аяқ жағын көтеріп, кірлеңген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз.
8.Пациенттің аяқ жағын түсіріп жайманың шеттерін матрац астына жіберіңіз, пациентті көрпемен жабыңыз.
9.Кір жайманы арнайы қапқа салып шаруа-медбикесіне береміз.
10.Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіреміз.
Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

Стандарт
Іш киімді ауыстыру.
Мақсаты: пациенттің жеке гигиенасын сақтау.
Көрсеткіштері: ішкиімнің кірлеуі, терлеу.
Асқынуы: науқастың төсектен құлауы, жалпы жағдайының нашарлауы, медбикенің қолдарынынан пайда болатын тері қабаттарының жарақаттануы, жұқпаландыру.
Дайындаңыз: таза іш киім, кір іш киімге арналған клеенка кабы.
Іс-әрекет:
1. Пациенттің аты-жөнін анықтап, жүргізілетін іс шаранының мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
3. Сол қолыңызды пациенттің арқасының астына қойыңыз.
4. Пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріңіз.
5. Кір жейденің шетін жинап, абайлап қолтық астына, желкесіне дейін шиыршықтаңыз.
6. Пациентті ұстап, кір жейдесін бас жағынан шешіңіз.
7. Пациентті жастыққа жатқызып, жейдені қолдарынан босатыңыз (егер бір қолы жарақаттаңған болса, жейдені алдымен сау қолынан шығарыңыз, содан кейін жарақаттаңған қолынан)
8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигіземіз.(бір қолы жарақаттаңған болса – алдымен ауру қолына, содан кейін сау қолға кигіземіз)
9. Жейдені басынан кигізіп, арқасын түсіріңіз.
10. Пациентті жастыққа жатқызып, жейденің кеуде жағын түсіреміз.
11. Кір жейдені клеенка қабына саламыз.
12. Қолымызды жуып, кептіреміз.
13. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

Стандарт
Көзді күту іс әрекеттері.
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау үшін, ауыр жағдайдағы науқастардың таңертеңгі көздерін жуу, дәрілік заттарды тамызу.
Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, көздің былшықтануы.
Әзірле: стерильді дәке тампондар, лоток, пинцет, ундинкалар, көз жуатын стакан, 1:2000 фурациллин ертіндісі, вазелин майы, мензуркалар, физиологиялық ертінді,пипеткалар, қолғаптар, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
1.Пациенттің аты-жөнін анықтап,іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2.Көзді қарап, жағдайын бағалаңыз.
3.Пациентті Фаулер қалпына отырғызыңыз.
4.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
5.Бір мензуркаға стерильді вазелин майын, екіншісіне фурациллин ерітіндісін құйыңыз.
6.Пинцетпен дәкеден жасалған стерильді тампонды вазелин майына малып, сәл сығып дайындаңыз.
7.Тампонды оң қолға алып, көз қабағының сырт жағынан ішіне қарай сүртеміз, іріңді қабыршықтарды жұмсартып тазалаңыз.
8.Құрғақ стерильді тампонмен осы бағытта сүртіңіз, қалған қабыршықтарды аламыз.
9.Стерильді дәкелі тампонды фурациллин ерітіндісіне батырып алып, тура сол бағытта сүртіп шығыңыз.
10. 4-5 рет қайталап жаңа таза тампондармен сүртіңіз, іріңді қатпары кеткенше.
11.Көз бұрышынан іріңді бөлінді аққан жағдайда: сол қолыңыздың 1-2 ші саусағымен көзді ашып, оң қолмен ундинка немесе пипеткамен конюктивальді қуысты физиологиялық ерітіндімен шайыңыз.
12.Екінші көзді осы әдіспен өңдеңіз
13.Қолдаңған қолғап, тампондарды ҚКЖҚ-қа, пинцет, мензурка, пипетканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа саламыз.
14.Қолды жуып, кептіреміз.
Ескерту: бір тампонды екі көзге қолдануға болмайды, бір көздің инфекциясы екінші көзге берілуі мүмкін.


Стандарт
Мұрын қуысын күту іс әрекеттері.
Мақсаты: жекебасгигиенасы, мұрынмендемалу бұзылуын алдын алу, дәрілікзаттардытамызу .
Көрсеткіштері: жағдайыауыржәнеәлсізпациенттер, мұрынқуысынан шырышты қабатының бөліністері, қабыршықтардың болуы.
Әзірле: стерильді: мақта турундалары, мензурка, пинцет, вазелиннемесеөсімдікмайы, лоток, қолғап, дезинфекциялықерітіндісібарыдыс, ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
1.Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2. Гигиеналық деңгейде қолды жуу, қолғап кию
3.Пациентті Фаулер жағдайына келтыріңіз, басын сәл шалқайтыңыз.
4. Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрын ұшын көтеріп, мұрынқуысынан шырышты қабатының бөліністерін, қабыршықтарын көріңіз.
5. Мақта турундасын мұрын қуысына жаймен айналдыра кіргізіңіз, ол мұрындағы шырышты бөліндіні алып шығады.
6. Мензуркаға стерильды вазелин майын құйыңыз, ол мұрын куысындағы қабыршықтарды жібітеді.
7.Турунданы пинцетпен алып, вазелин майына малып, мензурканың шетіне сәл сығыңыз.
8.Оң қолыңызға турунданы алып, жаймен айналдыра мұрын қуысына кіргізіп, 2-3 минутқа қалдырыңыз (қабыршықтар болса).
9.Турунданы мұрын қуысынан айналдыра шығарамыз қатқан заттар алынады.
10.Екінші мұрын қуысын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.
11.Қолғаптышешіңіз.
12.Қолдаңған қолғап, турундаларды ҚКЖҚ-қа жоямыз, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа саламыз.
12.Қолды жуып, кептіріңіз.
13. Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.
Рис.5.10. Закапывание капель в нос.


Стандарт
Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
Мақсаты: Жеке бас гигиенасын сақтау және стоматиттің алдын алу.
Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, қызба кезінде, қатаң төсек тартып жатқан пациенттер.
Әзірле: стерильді 2 лоток, 2 пинцет, ауызкергішті, тілұстағышты, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприцы, мензуркалар, вазелин, антисептикалық ерітінді, сүлгі, 1 стақансу, қолданған материалға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
1.Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2.Ауыз қуысын, қызыл иегін, тілді қарау.
3.Антисептикалық ерітіндіні мензуркаға құю.
4.Фаулер қалпына жатқызу.
5.Пациенттің басын бір жағына бұрамыз, мойыны мен кеудесін сүлгімен жабамыз, иегінің астына лоток қоямыз.
6.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап кию.
7.Пациентке тістенуін сұраймыз, егер тіс протезы болса алып қоямыз.
8.Пациенттің ұртын шпательмен итеріп, әрбір тісін, қызыл иегін антисептикалық ерітіндіге малыңған тампондармен өңдеңіз (азу тістерден бастап күрек тіске қарай).
9.Екінші жағын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.
10.Осы әдіспен сол жақтан бастап ауыз қуысының ішкі жағын түгел өңдеңіз.
11.Стерильді дәкемен тілді орап, сол қолымызбен тіл ұстағышпен абайлап сыртқа шығарамыз, шпательге дәкені орап,
сырқаттың тілінің түбінен ұшына қарай барлық жағын сүртеміз.
12.Дәкені антисептикалық ерітіндімен сулап, паценттің тілін түбінен ұшына қарай сүртеміз.
13.Шпатель, пинцет, тіл ұстағышты арнайы лотокқа саламыз.
14.Пациентке ауызын шаюға көмектесеміз, немесе алмұрт тәрізді баллонмен, Жане щприцымен су жіберіп шаямыз. Шпательмен ұртын ашып тұрып сол жағынан бастап қысыммен ауызын шаямыз.
15.Ауыз айналасындағы суды құрғақ салфеткамен сүртіңіз, шпательмен салфеткаға вазелинды алып ерініне жағыңыз.
16.Құралдарды дез- ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке, салфетка, тампон, қолғаптарды ҚКЖҚ-қа салыңыз.
17.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту!
-ауыр сырқаттардың ауыздарын қысыммен шаюға тиым салынады, тыныс алу жолдарына су кеткен жағдайда, сырқат тұншығып кенеттен қайтыс болуы мүмкін.
- ауыр сырқаттардың ауыз қуысын күніне екі рет антисептикалық ерітіндімен сүрту қажет.
-еріндері жарылған жағдайда ауыз кергіш қолданбайды.

Стандарт
Құлақты күту іс әрекеттері.
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурулардың алдын-алу, жиналған құлық құлақтың есту қаблетін төмендетпеу үшін, дәрі тамызу.
Көрсеткіштері: сырқаттың ауыр жағдайы және есту жолында құлықтың болуы.
Қарсы көрсеткіші: құлақ қабынулары.
Әзірле: стерильді: лоток, пипетка, пинцет, мензурка, мақта турундалары, салфеткалар, қолғап, 3% сутегі асқын тотығы, сабынды су ерітіндісі, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
1.Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап кию.
3.Сабынды суы бар ыдыс дайындау.
4.Пациенттің басын, өңдейтін құлағының қарама-қарсы жағына еңкейтеңіз, лоток тосыңыз.
5.Құлақ қалқанын алдымен жылы сабынды суға малыңған салфеткамен, сосын құрғақ салфеткамен сүртіңіз.
6.Стерильді мензуркаға сутегі асқын тотығын (Т 36°-37°) құйыңыз.
7.Сутегі асқын тотығына малыңған мақта турундасын пинцетпен оң қолыңызға алып, сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, 1 см дейін 2-3 минутқа еңгізіңіз.
8.Құрғақ турунданы жайлап айландыра есту жолына 2-3 минутқа 1 см дейін еңгіземіз.
9.Турунданы жаймен айналдырып шығарыңыз, сыртқы есту жолын құлықтан тазартады.
10.Екінші құлағын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз.
11.Қолғапты шешіңіз.
12.Қолданған қолғапты, салфетканы, турунданы ҚКЖҚ-на жойыңыз, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: құлақты мақтамен тазалағанда қатты нәрсеге орамаңыз, есту жолы зақымдауы мүмкін.
Рис.5.9. Закапывание капель в ухо.


Стандарт
Пациенттің аяғын күту іс әрекеттері.
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау үшін.
Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер.
Дайындаңыз: клеенка, жылы суы бар леген, сабын, губка, сүлгі, қайшы, қолғап.
Іс әрекеттері:
1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап кию.
3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалата ораңыз.
4. Керуеттке клеенка төсеп, пациентті жамбаспен валикке жатқызып, жылы суы бар леген қоямыз.
5. Мүмкіндік болса, пациенттің аяғын тізеге дейін бүгуін сұраймыз.
6. Жамылғыны ашып, пациенттің аяғын легенге саламыз.
7. Индивидуальді губка немесе сабын арқылы пациенттің аяқтарын жуып, жақсылап таза сумен шайямыз.
8. Аяқтарын сүлгігімен кептіреміз.
9. Тырнағын аламыз.
10. Егер теріде қажалу, жарылулар болса, аяққа арналған жұмсартатын крем жағамыз.
11. Қайшы мен мочалканы дезинфекциялық ерітіндіге саламыз.
12.Матрацты орнына жаямыз, пациентті жамылғымен жабамыз.
13.Қолғапты шешеміз, қолымызды жуып кептіреміз.
14.Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.

Стандарт
Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
Мақсаты: физиологиялық шығаруды қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: қатаң төсектік және төсектік режимдағы науқастарда қолданылады (қуықпен ішекті босату үшін)
Әзірле: зарарсыздандырылған дәрет ыдысы, клеенка, пеленка, қолғап, шымылдық, су, дәрет-қағаз, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, ҚКЖҚ.
Іс әрекеттері:
1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, түбінде су қалдырыңыз.
3. Пациентті шымылдықпен оқшаулаңыз, көрпесін беліне дейін түріп, пациенттің жамбасының астына кленка төсеп, үстінен пеленка жабыңыз.
4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
5. Науқастың тізесін сәл бүгіп, бұтының арасын ажыратыңыз.
6. Сол қолды сегіз көздің астына салып пациентке жамбасын көтеруге көмектесіңіз.
7. Оң қолмен дәрет ыдысын пациенттің жамбасының астына қойыңыз, оның бұты дәрет ыдыстың ашық жағының үстінде болуы тиіс, пеленканы бел жағына жақындатыңыз.
8. Пациенттің үстін көрпемен жауып, жалғыз қалдырыңыз.
9. Дефекация акты аяқталған соң, пациентті бір жанымен жатқызып, оң қолмен дәрет ыдысын ұстап турып, астынан алыңыз.
10. Пациенттің аналь тесігін дәрет қағазбен сүртіп, қағазды дәрет ыдысына тастап, керек жағдайда жыныс мүшелерін жуып (жоғарыдан төмен қарай), бұтын кептіріңіз.
11. Дәрет ыдысын, клеенканы, ширманы алыңыз. Керек жағдайда төсек орнын ауыстырыңыз.
12. Пациентті ыңғайлы жатқызып, көрпесін жабыңыз.
13. Дәрет ыдысын клеенкамен немесе пеленкамен жауып, санитарлық бөлмеге апарыңыз.
14. Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, ыстық сумен ішін шайыңыз.
15. Дәрет ыдысын дез. ерітіндіге салып, қолғапты ҚКЖҚ-қа тастаңыз.
16. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
17.Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.


Стандарт
Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
Мақсаты: жыныс мүшелерінің тазалығын сақтау, пациенттің жеке гигиенасын сақтау, жұқпалардың алдын алуы.
Көрсеткіштері: пациенттің ауыр жағдайы.
Әзірле: құмыра немесе Эсмарх кружкасы (37°-38°жылы су, калий перманганат ер-сі 1:5000, фурациллин ер-сі), корнцанг, залалсыздандырылған салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, қолғап, дез. ер-сі бар ыдыс, ҚКЖҚ-қа
Іс әрекеттері:
Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
Пациентті шымылдықпен оқшаландыру.
Жамбасының астына клеенка төсеп дәретқабылдағыш қойыңыз.
Пациентті шалқасынан жатқызып, аяғын бүгіп, бұтының арасын сәл ашамыз.
37°-38°жылысу, калий перманганатер-сі 1:5000, фурациллинер-сі құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасын дайындаңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, клеенка алжапқыш, перчатки киіңіз.
Пациенттің оң жағынан тұрыңыз. Сол қолға суы бар құмыраны, оң қолға мәрлі салфеткамен корнцангті алыңыз. Үстінен суды құйып тұрып, жыныс мүшелерін жоғарыдан төмен қарай жуыңыз, салфеткаларды ауыстырып отырыңыз.
Жуып болғаннан кейін жыныс мүшелерін құрғақ тампонмен жоғарыдан төмен қарай сүртіп құрғатыңыз.
Науқастын шаты, терісі ойылмауы үшін вазелин майын жағыңыз.
Дәрет қабылдағышты, кленнканы жийнаңыз, қолғапты шешіңіз.
Қолдаңған салфеткаларды, қолғапты ҚКЖҚ-қа жойыңыз, корнцангті, дәрет қабылдағышты дез. ер-ге салыңыз.
Пациенттің төсегін дұрыстап, көрпемен жабыңыз.
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Қолғапты ҚКЖҚға салыңыз.


Стандарт
Ер адамды төсегінде дәреттендіру.
Мақсаты: жыныс мүшелерінің тазалығын сақтау, пациенттің жеке гигиенасын сақтау, жұқпалардың алдын алуы.
Көрсеткіштері: пациенттің ауыр жағдайы.
Әзірле: 37°-38°жылы суы бар құмыра немесе Эсмарх кружкасы, залалсыздандырылған лоток, салфеткалар, корнцанг, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, қолғап, дез. ер-сі бар ыдыс, КБУ.
Іс әрекеттері:
1.Пациентке түсіндіру, келісімін алу, пациентті шымылдықпен оқшаландыру.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, клеенка алжапқыш, перчатки киіңіз.
3.Жамбасының астына клеенка оның үстіне пеленка төсеп дәретқабылдағыш қойыңыз.
4.Пациентті шалқасынан жатқызып, аяғын бүгіп, бұтының арасын сәл ашамыз.
5.Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.
6. Салфетканы суға малып сәл сығыңыз.
7. Бір қолыңызбен ер адамның жыныс мүшесін ұстаңыз.
8. Жыныс мүшесін зәр шығару каналынан қасағасына қарай, салфеткаларды ауыстыра отырып, айналдыра жуыңыз, кептіріңіз.
9. Жыныс мүшелерін (ұмасын, аналь тесігін) түгел жуып кептіріңіз.
10. Қолдаңған салфеткаларды, қолғапты КБУ-ға жойыңыз, корнцангті, дәретқабылдағышты, клеенкаларды дез. ер-ге салыңыз.
11. Пациенттің төсегін дұрыстап, көрпемен жабыңыз.
12. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
13. Шымылдықты жинаңыз.

Стандарт
Дене қызуын қолтық астынан өлшеу.
(Термометрия)
Мақсаты: диагностикалық: ересек пациенттің дене қызуын анықтау.
Көрсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау, АІИ алдын алу.
Керікөрсеткіштер: қолтық астының қабынуы, қызаруы.
Дене қызуын өлшейтін жерлер: қолтық асты, ауыз қуысы (тіл астында), шат аралығында (балаларда), тік ішекте, қынапта.
Әзірле: медициналық термометр, лоток, салфеткалар, температуралық парақ, қаламсап, сағат, температуралық журнал, дез.ер-сі құйылған ыдыс, таза термометрлерге арналған ыдыс.
Іс әрекеті:
1. Пациентке түсіндіру, келісімін алу.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып перчатки киіңіз.
3. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4. Термометрді алып тұтастығын тексеріңіз, сілкіп сынабын 35°-тан төмен түсіріңіз.
5. Қолтық астын мұқият қарап шығыңыз; жергілікті қабынулар, қызарулар болса өлшеуге болмайды, көрсеткіштері жоғары болады.
6. Пациенттің қолтық астын таза құрғақ салфеткамен сүртіңіз, ылғалдық көрсеткіштерді өзгертеді.
7. Термометрды сынап жағынан салыңыз, пациентті қолын төсіне қысып алуын сұраңыз.
8. Өлшеу уақытын қадағалаңыз.
9. Термометрді 10 минуттан кейін алыңыз, нәтижесіне баға беріңіз.
10. Дене қызу көрсеткіштерін журналға, дене қызу парағына белгілеңіз.
11. Пациентке нәтижесін хабарлаңыз.
12. Қолдаңған термометрді сынабы түскенше сілкіңіз.
13. Термометрді дезинфекциялық ерітіндіге 15 миутқа салыңыз.
14. Термометрді ағынды сумен жуып құрғатыңыз, арнайы ыдысына салып құрғақ күйінде сақтаңыз.
15. Қолды жуып құрғатыңыз.
Ескерту:
Емдеу сауықтыру мекемелерінде барлық науқастардың дене қызуын екі рет өлшейді: таңертең және кешке, ал кейде қажетіне қарай жиі.
Қалыпты жағдайда дене температурасы 36-37 º С, физиологиялық ауытқу 0,2-0,5 º С болады. Дене қызуы 37° градустан жоғары болса оны лихорадка (қызба) дейді.
Дене қызуының 1 градусқа жоғары болуы тамыр соғуын 10 рет артық соғуына әкеліп соғады;
Қуыстарда өлшенген дене қызуы қолтық астындағы дене қызуынан 0,5 - 1 градусқа жоғары болады;
- Етеккір кезінде әйелдердің дене қызуы (овуляция кезінде) жоғарлайды
- Демеркуризация - сынапты зиянсыздандыру
- леталды максималды (өлімге әкелетін) дене қызуы 43º С
- леталды минималды 15-23 ºС


Стандарт
Тыныс алу жиілігін анықтау әдісі.
Мақсаты: Пациенттің жағдайын бағалау.
Көрсеткіштері: Тыныс алу мүшелерінің функционалдық жағдайына баға беру.
Әзірлеу керек: сағат (секундтық тіл бар), дене қызу парағы, көк түсті қаламсап.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз.
Науқастың қолын алып, пульс санағандай болыңыз;
Бос қолыңызды кеудесіне қойыңыз (егер кеудемен дем алатын болса) немесе ішіне қойыңыз (ішпен дем алатын болса).
1 минут ішіндегі дем алу санын анықтаңыз;
Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтаңыз;
Пациентке тыныс алу жиілігін анықтағаныңызды түсіндіріңіз;
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Тыныс алу жиілігін дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;
Ескерту:
-Тыныс алу жиілігі сырқатқа байқатпай анықталады.
-1 минут ішіндегі дем алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады.
- дены сау ересек адамның тыныс алу жиілігі 1 минутына-16-20ға тең.
- Тыныс алу жиілігі мен жүрек соғу жиілігінің арақатынасы орташа 1:4
-Дене қызуы 1°С-ға көтерілсе тыныс жиілігі 4ке көтеріледі.
-Брадипноэ-тыныс алудың төмендеуы 16-дан төмен.
-Тахипноэ-тыныс алудың жоғарлауы 20-дан жоғары.


Стандарт
Жағдайы ауыр пациентті тамақтандыру.
Мақсаты: Пацентті тамақтандыру.
Көрсеткіштері: қатаң төсек, төсек режимы, пациенттің ауыр жағдайы.
Әзірлеу керек: орамал, салфетка, поильник, сұйықтық беруге арналған түтік (трубочка), қасық, тарелка, жылы тамақ.
Іс-әрекеттері:
1. Пациенттен қалай тамақтанғысы келетіндігін сураңыз.
2. Пациентке қандай тамақ беретіңдігінізді ескертіңіз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз (өңдеу).
4. Пациенттің кеудесін және мойынын орамал немесе салфеткамен жауып қойыңыз.
5. Дайын жылы тамақты столдың үстіне немесе тумбочканың үстіне қойыңыз.
6. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз-отырғызып немесе жартылай отырғызып (Фаулер жағдайы).
7. Сол қолыңызбен пациенттің басын жастығымен бірге көтеріңіз (пациентжатқанкезінде), оң қолыңызбен қасықпен тамақ алып ауызына апарыңыз.
8. Пациентті қасықпен аз аздан тамақ салып тамақтандырыңыз немесе аз мөлшерде жұтқызыңыз.
9. Ауызда қатты тамақ болмаған кезде, сусынды түтікпен беріңіз.
10. Пациенттің еріндерін, ауызын ылғал орамалмен тазалаңыз, содан кейін құрғақ орамалмен сүртіңіз.
11.Ыдысты, пациенттің кеудесін жапқан салфетканы жинаңыз, төсегінен тамақ қалдықтарын тазалаңыз, пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызыңыз.
12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: пациенте тіс протездері болса оны шешіп сумен жуыңыз.

Стандарт
Пациентті жасанды тамақтандыру. Асқазан зонды арқылы жасандыт амақтандыру.
Мақсаты: Науқасты тамақтандыру.
Көрсеткіштері: Жарақаттар, тілдің, жұтқыншақтың және өңештің ісінуі жұтынудың қиындауы, ессізкүй, психикалық ауруларда тамақтан бас тарту, асқазанның түйілуі, асқазан –ішек жолдарынан немесе асқазанға операция жасау.
Қарсыкөрсеткіштері: Асқазанның ойық жара ауруының өткір кезеңінде.
Әзірле: Залалсыздандырылған жіңішке асқазан зонды, оймыш 200 мл немесе Жане шприці, салфеткалар, қысқыш, фонендоскоп, фурациллин ертіндісі, 3-4 стакан 600-800 мл жылы сұйық тамақ, лоток, қолғап.
Ісәрекеттері:
1. Пациентке және туысқандарына процедураның жүргізу тәртібін түсіндіріп, келісіміналыңыз;
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;
3. Енгізілетін зонд ұзындығын анықтаңыз: пациент бойының ұзындығынан 100см алып тастаңыз;
4.Лотокқа фурациллин ерітіндісін құйыңыз және оған өлшенген жерге дейін зондты салыңыз;
5. Басы мен мойынының астына жастық қойып пациентті арқасынан жатқызыңыз, басын бір жақ қырына қаратыңыз, кеудесін салфеткамен жабыңыз;
6. Пациенттің мұрын қуысын тексеріңіз;
7. Төменгі мұрын қуысы арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 см тереңдікте енгізіңіз, сол қолыңыздың саусағымен зондтын мұрын жұтқыншаққа түскендігін анықтаңыз және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай енгізініз, пациенттен белгіленген жерге дейін зондты жұтуын сураңыз,(немесе оң қолыңызбен итерініз);
8. Жане шприціне 30-40 мл ауа толтырып оны зондқа жалғаңыз;
9. Фонендоскоптың басын пациенттің асқазан деңгейінде ұстаңыз;
10. Фонендоскоппен бақылап отырып зонд арқылы ауаны асқазанға жіберіңіз;
11. Зондтың сыртқы бөлігін лотокқа салып, зондтың бір ұшын қысқышпен қысып, шприцті ажыратыңыз;
12. Бинт кесіндісімен зондты бекітіп оны пациенттің бет аймағына және бас аймағына байлаңыз. Жане шприціне дайын жылы тамақты сорып, ауаны шығарыңыз;
13. Зондтан қысқышты алыңыз, оймышты немесе поршеньсыз Жане шприцін зондтын бос жағына жалғап оны пациенттің асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз;
14. Оймышты немесе Жане шприцін төмен түсіріп оған тамақты құйыңыз, оймышты тамақ оймыштың түбіне келгенге дейін ақырын көтеріңіз;
15. Оймышты асықпай асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз және тамақтандыруды осындай ретпен қайталаңыз;
16. Тамақтандырып болғаннан соң зондты қайнаған сумен немесе шаймен шайыңыз;
17. Зондтың ұшына қысқышты салып оймышты шешіңіз. Зондтын ұшын стерильді салфеткамен орап, пациенттің мойнына бинтпен бекітіңіз және келесі тамақтандыруға дейін қалдырыңыз.
18. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту:
Зондты, жасанды тамақтандырудың соңына дейін, қалдырады; шырышты қабықтың ойылуын алдын алу үшін, 2-3аптадан аспау керек.
Тамақты су моншасына 38-40°С дейын жылытыңыз.
Кері көрсеткіштері болмаса, пациентті отырғызып тамақтандырыңыз.
Егер пациент ес-түссіз болса, оны жатқызып басын бір қырына қарай бұрыңыз.
Егер зонд пациенттің трахеясына түсіп кетсе, ол көгеріп, жөтеліп тұншығады, сондықтан зондты дереу шығару керек.

Стандарт.
Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
Құсу кезінде көрсетілетін көмек науқастың жағдайына байланысты.
Әзірлеу керек: шара, кленкалы алжапқыш, сүлгі, су немесе 2 % натрий гидрокарбонаты ертіндісі, резеңке баллон немесе электрлі сорғыш.
Есі бар науқасқа көмек.
Іс алгоритмі:
Пациентті тыныштандырыңыз
Науқасты отырғызып, кеудесіне клеенка жабыңыз.
Екі аяғының ортасына шара қойыңыз.
Пациенттің басын ұстаңыз.
Ескерту:
Құсып болған соң аузын сумен немесе басқа бір ертіндімен шайып, аузын сүлгімен сүртіңіз.
Дәрігер келгенше құсықты шарада қалдырыңыз.
Әлсіз немесе ессіз жатқан науқасқа көмек.
Іс алгоритмі:
Жоғарғы тыныс жолдарына құсық қалдықтары түспеу үшін пациенттің басын бір жағына бұру керек немесе пациентті төсегінде бір жағына қаратып жатқызу керек.
Жастығын алыңыз.
Аузында протезі болса алып тастаңыз.
Мойынын және кеудесін сүлгімен жабыңыз.
Пациенттің аузына бүйрек тірізді лоток қойыңыз.
Құсып болған соң аузын шайып, сүлгімен сүртіңіз.
Ескерту: Егер құсық қалдықтары аузына жиналып қалса, онда оны электрлі
сорғышпен немесе резеңке баллонмен сорып алыңыз

Стандарт.
Асқазанды жуу.
Мақсаты: Асқазаннан жағымсыз тамақ, уландырғыш заттарды сыртқа шығару. Емдік және диагностикалық.
Көрсеткіштері: Тамақпен улану, дәрімен, алкогольмен улану.
Кері көрсеткіштері: Ақазаннан немесе өңештен қан кету, өңештің органикалық тарылуы, ойық жара аурулары, жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);
Әзірлеу керек: стерилды жуан асқазан зонды 100-120см, Жане шприцы , 10-12 литр су-бөлме температурасында, 1 литрлік ожау, 2 клеенкалы алжапқыш, шара, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолыңызды жуып, қолғап, киіңіз.
Пациенттің бойын өлшеп, зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз (бой ұзындығынан 100 см алып таста);
Фартук киіңіз (өзіңізде пациентте), пациентті отырғызып,қолдарын орындықтың артына бекуін сұраңыз.
Сырқыттың аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, жұтынып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;
Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз;
Зондтың бір ұшына суға толған Жане шприцын жалғастырып, асқазаңға еңгізіңіз ;
Асқазан ішіндегі сұйықтықты қайтадан сорып алаңыз да шараға төгіңіз;
Егер алғашқы жуынды су зерттеуге керек болса, онда оны таза, қақпағы бар ыдысқа (200 мл) жинап, жолдама жазып зертханаға жіберу керек;
Осылай асқазанды су тазарғанша бірнеше рет жуу керек;
Абайлап асқазаннан зон
дты шығарып алыңыз;
Пациенттің аузын шайғызып, орнына жатқызыңыз.
Барлық қолданған құралдарды ҚКЖҚға салыңыз.

Стандарт.
Тазалау клизмасы.
Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатымен су енгізу арқылы тазалау.
Көрсеткіштері:
Іш қату, ішкі улану, ас қорыту, зәр шығару жүйесінің және кіші жамбас мүшелерін эндоскопиялық және рентгендік тексеріске пациентті дайындағанда, дәрлік клизманың алдында.
Кері көрсеткіштері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі, ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер, тік ішектің қабынуы, жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз).
Әзірлеу керек: фартук, бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, клеенка, ақжайма, стерилді вазелин майы, штатив, 1-1,5 литр жылы су 18-20С С, дәкеден жасалған стерилді салфетка.
Іс алгоритмі:
Пациенттің аты-жөнін анықтап, іс шарамен таныстырып, келісімін алыңыз;
Қолыңызды гигиеналық тәсілмен өңдеп, қолғап, фартук киіңіз;.
Эсмарх кружкасына 1,0-1,5 литр су құйыңыз(18-20 град);
Эсмарх кружкасын 1 м биіктікте штативке іліп, ұштығына дәкеден жасалған салфетканы қолданып, вазелин майын жағыңыз;
Кушеткаға бір рет қолданатын ақжайманы төсеңіз;
Пациентті сол қырынынан жатқызыңыз, аяғын тізеден бүгіп ішіне қарай тартуын сұраңыз.
Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен ақырындап ұштықты бірінші кіндікке қарай 3-4см, сонан соң сегізкөзге қатарластыра 8-10 см тереңдікке айналдыра отырып енгізіңіз;
Вентильді ашып, ұштықты ұстап тұрып, суды ішекке жіберіңіз.
Вентильді жауып, ұштықты алыңыз.
Қолданылған құрал-жабдықты ҚКЖҚға тастаңыз.
Қолыңызды гигиеналық тәсілмен жуыңыз.
Ескерту: Бұл манипуляцияны арнайы бөлмеде жасау қажет.
Пациентке ішегінде суды 5-10 минут (мүмкіндігіне қарай) ұстауын сұраңыз, унитазға пациентті отырғызыңыз.

Стандарт
Сифондық клизма қою әдісі.
Мақсаты: Тоқ ішекті нәжістен, удан, токсиннен, шырыштан бірнеше рет жуу арқылы босату, сонымен қатар ішектің түйінделуін анықтау.
Көрсеткіштері: тазалау клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда, ішекке операция жасар алдында, ішек түйінделуіне күмән болған жағдайда, ішкі улануларда.
Кері көрсеткіштері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі, ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер, тік ішектің қабынуы, жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз).
Әзірлеу керек: залалсыздандырылған қолғап, сифондық клизмаға арналған жүйе (жуан асқазан зонды резеңке түтікшемен шыны түтікше арқылы жалғастырылған), лоток, стерилді вазелин, 1 литрлік оймыш, 10-12 литр су 20-25С, 1 литрлік ожау, клеенка, жаялық ,салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.
Іс алгоритмі:
Пациенттің аты-жөнін анықтап, іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық тәсілмен жуып, қолғап, фартук киіңіз.
Пациенттің астына клеенка және жаялық төсеңіз, клеенканың бір шеті салбырап шараға тиіп тұру керек;
Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.
Зондтың ұшына стерилді вазелин майын жағыңыз, құйрығын сол қолымен ашып, зондтың бір ұшын ішекке 30 – 40см енгізіңіз.
Түтікшеге жалғастырылған оймышты алып, жамбас деңгейінде ұстап тұрып суға толтырыңыз;
Оймышты көтер, су оймыштың жіңішкерген жеріне жеткен кезде суды шараға төгіп, осылай су тазарғанша бір неше рет қайталаңыз;
Оймышты алып, түтікшенің бір ұшын шараға 10-20 минуттай салып қойыңыз;
Резеңке түтікшені тік ішектен шығарып алыңыз;
Қолданған құралдарды ҚКЖҚ ға салыңыз.
Қолыңызды гигиеналық тәсілмен өңдеңіз.
Пациентті палатаға әкеліп, төсегіне жатқызыңыз

Стандарт.
Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
Мақсаты: жел шығару.
Көрсеткіштері: метеоризм;
Кері көрсеткіштері:
асқазаннан немесе ішектен қан кету;
тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;
қан ағатын геморрой;
Әзірлеу керек: фартук, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтікше, клеенка, жаялық, стерилді вазелин майын, дәрет ыдысы, стерилді дәкеден жасалған салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.
Іс алгоритмі:
Пациентің аты-жөнін анықтап, іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық тәсілмен жуып, қолғап, фартук киіңіз.
Пациентті жекелендіріңіз немесе шымылдық қойыңыз;
Пациенттің астына клеенка және жаялық төсеңіз;
Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.
Жел шығаратын түтікшеге стерилді вазелин майын жағыңыз.
Пациенттің құйрығын сол қолмен ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені бірінші кіндікке қарай 3-4см, сонан соң сегізкөзге қатарластыра айналдыра отырып 20-30см тереңдікке енгізіңіз.
Сыртқы ұшын ішіне су құйылған дәрет ыдысына салып қойыңыз.
Жел шығаратын түтікшені 1 сағаттан соң шығарып алыңыз.
Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіп, қажет болса вазелинмен майлаңыз.
Қолданған құралдарды ҚКЖҚға тастаңыз.
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту:
Егер жел шықпаса, онда 2-3 сағаттан соң тәулігіне 2-3 рет қайталауға болады.
Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз

Жылытқыш қою әдісі.
Мақсаты:дененің қыздыратын бөлігін қанмен толтыруын күшейту, жергілікті жылытқыш әсер.
Көрсеткіштері: қызбаның бірінші және үшінші кезеңі, инъекциядан кейінгі инфильтрат, радикулит, онекі елі ішекті зондтау, жарақаттанудың 2-тәүлігі, невриттер, невралгия.
Керікөрсеткіштері:қабынудың жедел кезеңдері және ішқуысы аурулары, қанкету, ісіктер, жарақаттанғаннан кейінгі бірінші тәулік, теріжабын дысының бұзылыстары, инфекциялаңған жаралар.
Асқынулар: күю, терінің пигментациясы.
Жылытқыш қойылатын жерлер: инфильтрат аумағы, бел аймағы, балтыр бұлшықет аймағы, оң жақ қабырғ аасты аймағы.
Әзірлеукерек:резеңке жылытқыш, 60°-70°С 1,5 - 2литрсу, орамал, дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш, сутермометрі.
Ісәрекеттері:
1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Жылытқышқа 2/3 көлемде дайындаған ыстық суды 60°-70°Сқұйыңыз;
3. Жылытқыштан ауаны басып тұрып шығарыңыз, суды жылытқыштың мойнына дейін жеткізіп тығынын жабыңыз ;
4. Жылытқышты аударып герметикалығын тексеріп, орамалмен құрғатып сүртіңіз.
5. Жылытқышты орамалмен ораңыз;
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз (өңдеу).
7. Жылытқышты дененің қыздыратын аймағына қойып, оны суығанша ұстаңыз.
8. Жылытқышты алып, суын төгіңіз;
9. Пациентті терісін қараңыз (жылытқышқойылғанжердеаздағанқызаруболуыкерек).
10. Пациентке ыңғайлы жағдай жасап, үстін жабыңыз
11. Жылытқышты дез.ерітінді малыңған сүрткішпен 15 минут аралығында 2 ретсүртіңіз (өңдеу). 12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы бөлінген жерде сақтаңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: Жылытқышты жиі және ұзақ уақыт қолданғанда күюдің, қызарудың алдын алу үшін жылытқыш қоятын жерді вазелин немесе маймен сүртіңіз.

Стандарт
Мұзды мұйық қою әдісі.
Мақсаты: тамырларды тарылтады, ұзақ жергілікті салқындату әсері.
Көрсеткіштері: іш қуысының жедел қабыну процестері, ішкі қан кетулер, соғылулар, жарақаттар(алғашқы тәуліктерде), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Кері көрсеткіштері: коллапс, шок, іштегі түйіліп ауру сезімі.
Асқынулары: жергілікті салқын тию.
Әзірлеу керек: мұзды мұйық, мұз түйіршіктері, орамал, дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш.
Іс әрекеттері:
1. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Мұзды мұйықтың тығынын ашып, оның 2/3 көлемін мұз түйіршіктерімен толтырыңыз.
3. Мұзды мұйықтан ауаны шығарып, тығынын жабыңыз.
4. Мұзды мұйықты орамалмен ораңыз;
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
6. Мұзды мұйықты 10 минутқа 15 минут аралығымен 5-7 см-ге бастан жоғары іліңіз және мұзды мұйықты 15-20 минутқа 30 минут аралығымен белгіленген жерге қойыңыз.Уақытты тіркеңіз.
7. Мұйықтағы суды мұздың еруіне қарай төгіп, мұзбен толтырып отырыңыз;
8. Мұзды мұйықты алып, ішіндегі суды және қалған мұзды төгіңіз.
9. Пациентке тыныштықпен ыңғайлы жағдай жасаңыз.
10. Мұзды мұйықты дез. ертіндіге малынған сүрткішпен екі рет, 15 минут аралығымен сүртіңіз;
11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: жалпы уақыты үзілістерімен қоса екі сағаттан аспау керек.

Стандарт
Қыша қою әдісі.
Мақсаты: жылыту маңайының қан тамырларын тітіркендіру және кеңейту, қан айналуды жақсарту, қабынуға қарсы, ауру сезімін азайту.
Көрсеткіштері: тыныс алу жолдарының қабыну процестері (фарингит, трахеит, бронхит, плевриттер, пневмония ), гипертониялық криз, стенокардия, миозиттер, невралгия, остеохондроз.
Кері көрсеткіштері: қыша қоятын орындағы терінің жарақаты мен аурулары; өкпеден қан кету;
қышаға терінің сезімталдығы; дене қызуының көтерілуі; қатерлі ісіктер; өкпе туберкулезі;
Қоятын жерлері: шүйде, балтыр бұлшықеттері, жүрек тұсы, төстің жоғарғы бөлігі , жауырын аралығы, жауырын асты.
Асқынулар: терінің күйып қалуы, пигментациясы.
Әзірле: қыша қағаздары, лоток, жылы су ( 40°-45°), орамал, салфеткалар, дәкелер, көрпе.
Іс әрекеттері:
Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз;
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Қыша қағазының қолдануға жарамдылығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек);
Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз, қыша қоятын жерді анықтаңыз, науқастың терісін мұқият тексеріңіз;
Қыша қағазын лотоктағы жылы суға ( 40°-45°) 10-15 сек. малып, денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз (терінің жоғары сезімталдығы байқалса қышаның астына салфетка қойыңыз);
Пациенттің үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз;
Қыша қағаздарын 5-10 минуттан кейін алыңыз (терінің күю сезімі пайда болса, тері қызыру тиіс);
Терісін жылы суға малынған дәкемен сүртіңіз, қыша қалдықтары қалмауы керек.
Құрғақ орамалмен сүртіңіз.
Пациентті жылы жауып 30-40 мин. жатқызыңыз;
Қолды жуып құрғатыңыз.
Ескерту:
- Қышаны тек қана жарақаттанбаған жерге қойыңыз.
- Сүт бездеріне, омыртқа тұсына, қалдарының үстіне қоюға болмайды.
- Емізулі балаларға 5-7 мин. Терісінің қызаруына дейін ғана қойылады.

Стандарт
Ыстық ылғал компресін қою әдісі.
Мақсаты: емдік, қабынуға қарсы, сіңіру және ауруды басу үшін.
Көрсеткіштері: мигрень, коллапс, ішектердің, өт жолдарының спастикалық ауруы, бронхиалды астма, буындар мен бұлшықеттердің ауруы кезінде.
Әзірлеу керек: ыстық суы (50-60°С) бар ыдыс, су термометрі, салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.
Іс алгоритмі:
Науқасқа процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз;
Тері жабындысының компрес қоятын жерлерін қараңыз;
Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;
8 қабаттап оралған салфетканы ыстық суға салыңыз, алып сығыңыз;
Сулы салфетканы денеге 5-10 минутқа қойыңыз;
Салфектаның сыртына клеенка жауып, үстіне қалың жүн мата жабыңыз;
Компрес суығанша қолмен ұстап тұрып, суыған соң ауыстырып тұрыңыз;
Компресті алып, денесін құрғақ сүлгімен сүртіңіз;
Науқасты үстін жабыңыз;
Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
Ескерту: клеенкаға жылытқыш немесе қалың жүн матасын қоюға болады.

Стандарт
Тері ішіне егу әдісі.
Мақсаты: Диагностикалық.
Көрсеткіштері: диагностика үшін: туберкулез (Манту сынамасы, Пирке), бруцеллез, аллергиялық сынамалар жүргізу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, үстіртін анетезия жүргізу.
Кері көрсеткіштері: тері асты-май жасұынығың ісінуі және инъекция орнындағы терілік аурулар.
Асқынулар: инфильтрат.
Анатомиялық егу орындары: білектің ішкі бетінің, ортаңғы бөлігі.
Әзірле: стерильді бір рет қолданылатын 1 мл. шприц 15 мм. инесімен, мақта түйіршіктері, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, спирт 70%, ҚКЖҚ.
Іс алгоритмі:
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасты жатқызу немесе отырғызып, білегінің ішкі бетін жоғары қаратып орналастырыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.
Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.
Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз) Спирттің толық кепкенін күтіңіз.
7. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап; V саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
8. Сол қолдың саусақтарымен инъекция орнынның терісін тартыңыз.
9. Иненің кесігін жоғары қаратып, теріге паралельді (5° бұрышымен) ине кесігі жабылғанға дейінгі тереңдікке енгізіңіз (иненің ұшы терінің мүйізді қабатынан көрініп тұратындай еңгізіледі).
Оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап бекітіңіз.
10.Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.
11.Егер инъекция дұрыс жасалған болса, инъекция орнында 2-4 мм диаметрлі (лимон қабы тәрізді) түйін пайда болады.
12.Инені канюласынан ұстап тез шығарыңыз(3-ші мақта түйіршігі спиртке малынбаған, залалсыздандырылған б.т.)
13. Шприцті ҚКЖҚ-на салыңыз.
14. Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ-на салыңыз.
15. Қолды жуып, кептіріңіз.
16. Науқасқа инъекция орнына 1-2сағат аралығында су тигізуге болмайтынын ескертіп айтыңыз.

Стандарт
Тері астына егу әдісі.
Мақсаты: емдік - дәрілік заттарды тері асты - майлы жасұнығына енгізу, жергілікті ауырсынуды басу.
Көрсеткіштер: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіштері: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасұнығының кез-келген зақымдалуы.
Асқынулары: инфильтрат, дәрілік заттарды қателесіп енгізу, вирусты гепатит, ЖҚТБ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Анатомиялық орындары: иықтың сыртқы жоғарғы бетінің 1/3 бөлігі, санның алдыңғы ортаңғы 1/3 бөлігі, іш қуысының алдыңғы бүйір үсті, жауырын асты аймағы (сирек).
Әзірле: стерильді бір рет қолданылатын 1-2 мл. шприц 20 мм. инесімен, стерильді мақта түйіршіктері, қолғап, дәрілік заттар; 70%этиль спирті, ҚКЖҚ.
Іс алгоритмі:
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріп, дәрілік зат туралы ақпараттандырып, оның келісімін алыңыз.
Науқасты жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
4. Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.
5. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.
6. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын (Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ жойыңыз).
7. Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.
8. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап; V саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
9. Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін үш бұрыштап жиырыңыз.
10. Оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын ұстап, 2/3 ұзындығын терінің жиырылған жеріне 45° бұрышымен енгізіңіз.
11. Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.
12. Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.
13. Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз.
14. Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.
15. Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.
16. Қолды жуып, кептіріңіз.
17. Науқастың қал-жағдайын сұраңыз.

Стандарт
Бұлшық етке егу әдісі.
Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.
Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы, санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі, иықтың сыртқы беткейінің жоғары үштен бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия, абсцесс, инфильтрат, вирусты гепатит, ЖҚТБ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок.
Әзірле: стерильді мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, этиль спирті 70%, ҚКЖҚ.
Іс алгоритмі:
1. Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз.
2. Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесу: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына; санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып; иыққа - жатып немесе отырған қалыпта.
4. Инъекция орнын киімнен босатуға көмектесіңіз.
5. Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы).
6. Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
7. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
8. Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.
9. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.
10. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.
11. Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
12. Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.
13. Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына ( 90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.
14. Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.
15. Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.
16. Инені канюласынан ұстап, тез шығарып алыңыз.
17. Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.
18. Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.
19. Қолды жуып, кептіріңіз.

Стандарт
Бұлшық етке егу әдісі.
Бициллинді егу ерекшелігі.
Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.
Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы, санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия, абсцесс, инфильтрат, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок.
Әзірле: стерильді мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар,этиль спирті 70%, ҚКЖҚ.
Іс алгоритмі:
Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысңыз.
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесіңіз: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына, санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып, иыққа - жатып немесе отырған қалыпта.
Инъекция орнын киімнен босатыңыз.
Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы).
Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз.
Бициллинді қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіңіз.
Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті стерильді лотокқа салып қойыңыз.
Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеп: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз.
Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.
Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына ( 90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.
Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізіңіз.
Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз.
Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз.
Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз.
Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз.
Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.
Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз.
Қолды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Бициллин -1 – пенициллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, суда жақсы ерімейді.
Бициллин қатаң түрде инъекция алдында инъекцияға арналған сумен ерітіледі. Бициллинді еріткен кезде суспензия пайда болады. Инъекция орнында дәрілік депо пайда болып, одан дәрі ұзақ уақыт қанға өтіп тұрады.
Бициллин тек бұлшық етке егіледі. Әсіресе сан бұлшық етке салған тиімді: жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады, бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.
Инені бұлшық етке енгізгеннен кейін поршеньді тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек. Дәріні енгізіп болған соң инъекция орнына жылы қойып, науқастың жағдайын бақылау қажет.

Стандарт
Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері.
Мақсаты: емдік - дәрілік затты бұлшық етке енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Кері көрсеткіштері: Бұлшық ет ұлпасының атрофиясы, инъекция орнындағы терінің және тері асты - майлы жасунықтарының кез-келген зақымданулары, дәрілік заттарға аллергиялық реакция.
Анатомиялық егу орындары: жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы; санның алдыңғы-бүйір беткейінің үштен бір бөлігі; иықтың сыртқы беткейінің жоғары үштен бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы; жүйке бағаналарының зақымдануы, сепсис, ауалы, майлы эмболия; абсцесс; инфильтрат; вирусты гепатит; ЖҚТБ; аллергиялық реакция; анафилактикалық шок.
Әзірле: стерильді: мақта түйіршіктері, 5-10 мл. бір рет қолданатын шприц, 40-60 мм. инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар; этиль спирті 70%; ҚКЖҚ.
Іс алгоритмі:
Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;
Науқастың аты жөнін анықтау, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;
Науқасқа ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесіңіз: жамбасқа инъекция жасаса - ішімен немесе бір қырына; санына - арқасымен жатып, тізесін аздап бүккен немесе отырып; иыққа - жатып немесе отырған қалыпта;
Инъекция орнын киімнен босату көмектесіңіз;.
Инъекция орнын анықтаңыз (жамбастың жоғарғы сыртқы төртбұрышы);
Инъекция орнын пальпациялап көріп, түйіндер мен қатаюлардың жоқтығына көз жеткізіңіз;
Қолды гигиеналық деңгейд өңдеңіз;
Бір рет қолданатын шприцті ашып, оны құрастырыңыз;
Енгізуден алдын майлы ерітінділерді су моншасында 35-38 ºС дейін жылытыңыз;
Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін сорып алып, иненің қалпағын ашпай ауасын шығарып, шприцті қабына салып қойыңыз.
Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйршіктерімен бір бағытта өңдеу: алдымен кең аймақты, содан кейін - инъекция орынын.(Қолдаңған мақта түйіршіктерін ҚКЖҚ-на жойыңыз). Спиртке малынған үшінші стерильді мақта түйіршігін сол қолдың IV -V саусақ арасына орналастырыңыз;
Оң қолға шприцті алып: оң қолдың V саусағымен иненің канюлясын ұстап; ІІ саусақпен - шприц поршенін; III, IV, I, саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
Сол қолыңыздың І және ІІ саусағымен егетін жердің терісін керіп ұстаңыз.
Инені жамбастың жоғары сыртқы төртбұрышына ( 90° бұрышымен ұстап) еңгізіңіз, иненің 0,5 см.- дей ұзындығы сыртта қалуы тиіс.
Шприцтің поршенін өзіңізге қарай тартып иненің тамырға түспегеніне көз жеткізіңіз;
Қолыңызды ауыстырмай сол қолдың ІІ-ІІІ саусағымен цилиндрды ұстап, І саусақпен ақырындап поршеньді басып препаратты енгізіңіз;.
Спиртке малынған стерильді мақта түйіршігін инъекция орнына қойыңыз;.
Инені канюласынан ұстап, тез шығарыңыз;.
Мақта түйіршігін инъекция орнынан алмай тұрып жеңіл массаж жасаңыз;.
Инъекциядан соң инъекция орнына жылытқыш қойыңыз;
Шприцті, мақта түйіршіктерін және қолғапты ҚКЖҚ-на салыңыз;.
Қолды жуып, кептіріңіз.

Стандарт.
Инсулинді енгізу ерекшелігі
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету.
Жабдықталу: инсулині бар флакон (1 мл-де 40 ЕД, 80 ЕД немесе 100 ЕД) , этиль спирті 70%, стерильді астауша, пинцет, мақта шариктері, инсулинді шприц.
Мейірбике іс-әрекеті:
Пациенттің аты жөнін анықтап, іс шарамен таныстырып, келісімін алыңыз;
Пациенті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, стерильді қолғап кию.
Инсулинның мерзімін, жарамдығын көріңіз;
Флаконды су моншасында 36-37 ºС жылытыңыз;
Флакон қаңылтыр қақпағының ортаңғы бөлігін ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеп, спирттің кебуін күтіңіз ( спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді);
Инсулин шприцінің сақтау мерзімін тексеріп, асептика ережесін сақтап ашыңыз;
Қажет дозадағы инсулинді шприцке алыңыз (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін);
Инъекция орнын спиртке малынған 2 мақта тампонымен өңдеңіз. Спирттің кебуін күтіңіз.
Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, 30-45 ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады)
Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу.
Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.
Науқасты тамақтандыру.
Шприц, мақта тампондары, қолғапты Б тобы, ҚКЖҚға тастау.
Қолыңызды жуыңыз.

Стандарт.
Ампуладан және флаконнан дәрілік затты алу.
Мақсаты: Дәрілік затты парентеральды жолмен енгізу.
Әзірле: бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, ампуладағы дәрілік зат, флакондағы ерітінді, пинцет, ҚКЖҚ.
Іс алгаритімі:
Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз;
Бір рет қолданылатын шприцтің сақтау мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз;
Дәрігердің тағайындалуы бойынша дәрілік затты алып, атын, мөлшерін, сақтау мерзімін тексеріңіз;
Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кескішпен кесіп, дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;
Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;
Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;
Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;
Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарыңыз;
Егуге дайын болған шприцті стерильді лотокқа салыңыз.

Стандарт.
Жылытқыш компресін қою әдісі.
Мақсаты: емдік сақсатпен: қабынуға қарсы, ауруды басу үшін.
Көрсеткіштері: егуден кейін болатын асқынулар, буындар мен бұлшықет ауруы.
Әзірлеу керек: лоток, сегіз қабат оралған салфетка, клеенка, 40% этиль спирті.
І әрекет:
Науқастың аты жөнін анықтап, емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Тері жабындысының компрес қоятын орнын тексеріңыз;
Қолды жуыңыз;
Сегіз қабат оралған салфетканы 40% этиль спиртіне батырып, сығып алыңыз;
Салфетканы ем жасайтын орынға 1-2 сағатқа қойыңыз
Салфетканың сыртына клеенка жауып, үстін жылы жабыңыз;
Уақыты өткеннен кейін компресті алып, денесін құрғақ сүлгімен сүртіңіз;
Науқастың үстін жылы жабыңыз;
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Стандарт.
Көктамырға егу жасау техникасы.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.
Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры.
шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.
Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20мл шприц, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, жастықша.
Іс алгаритімі:
Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;
Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кешкішпен кесіп , дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;
Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;
Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;
Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;
Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарып, инесін ауыстырып, стерильді лотокқа салыңыз;
Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;
Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;
Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;
Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің целиндіріне орналастырыңыз;
Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
Шприцті тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содан соң көк тамырға кіргізіңіз;
Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар екеніне көз жеткізіңіз;
Бұраманы босатып, дәрілік затты тамырға енгізіңіз;
Егу орнына үшінші мақта тампонын басып, тамырдан инені шығарасыз;
Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;
Қолданылған шприцті, мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту.
Болуы мүмкін асқынулар: гематома, ауа эмболиясы, қабыну процесі, аллергиялық реакция.

Стандарт.
Көктамыр арқылы парентеральды тамақтандыру техникасы.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік тамақтандыру мақсатпен енгізу.
Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры.
шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.
Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20мл шприц, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, жастықша.
Іс алгаритімі:
Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;
Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен залалсыздандырып, кешкішпен кесіп , дәке салфеткасымен өзіңізден сыртқа қаратып сындырыңыз;
Асептика ережесін сақтап, краф-пакеттің ішінде шприцті құрастырыңыз;
Ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;
Инені ампулаға кіргізіңіз, шприцке керек мөлшерде ерітіндіні сорыңыз;
Иненің қалпағын кигізіп ауаны шығарып, инесін ауыстырып, стерильді лотокқа салыңыз;
Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;
Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;
Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;
Шприцті оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды шприцтің целиндіріне орналастырыңыз;
Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
Шприцті тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;
Сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар екеніне көз жеткізіңіз;
Бұраманы босатып, дәрілік затты тамырға енгізіңіз;
Егу орнына үшінші мақта тампонын басып, тамырдан инені шығарасыз;
Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;
Қолданылған шприцті, мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту.
Парентеральды тамақтандыру үшін қолданылатын дәрілік заттар:
5%глюкоза ерітіндісі, белок препараттары, дәрумендер, минералды тұздар. Дәрілік заттардың температурасы:37-38,тамшылау жылдамдығы 30минут ішінде 10-20тамшы.


Стандарт.
Қанды тексеріске күре тамырдан вакумм тәсілімен алу.
Мақсаты: Диагностикалық.
Көрсеткіштері: Дәрігердің нұсақауы бойынша.
Анатомиялық егу орындары: Шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі күре тамыры.
Әзірле: Резеңке бұрама, жастықша, залалсыздырылған мақта тампондары, 70%этиль спирті, арнайы пробиркалар, жабық вакумм жүйесі.
Іс әрекеті:
Пациенттің аты жөнін анықтаңыз;
Пациентке тәңертең аш қарында қан алатынынын алдын ала ескертіп, келісімін алыңыз;
Арнайы пробирканың сыртына пациенттің аты жөнін жазып, лабараторияға арналған жолдаманы дайындаңыз;
Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз;
Қолды гигиеналық тәсілмен өңдеп, қолғап киіңіз;
Вакумм жүйесін алып тексеріңіз; сақтау мерзімін, бүтіндігін, қаптамасын ашыңыз;
Вакумм жүйесінің инесін алып ақ түсті сақтандыру қалпағынан босатыңыз;
Инені арнайы ине ұстайтынға салып, түбіне дейін бұраңыз;
Пациенттің білек тұсын ашып, астына жастықша салыңыз;
Иықтың 2\3 орта бөлігіне резеңке бұрамамен ілмегін төмен тартып байлаңыз;
Тамырдың соғу ырғағын тексеріңіз;
Пациентке саусақтарыңызды жұмып ашып жұмыс істеуін сұраңыз, содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
Білек тұсын 70% этиль спиртіне батырылған залалсыздырылған мақта тампонымен бір бағытта өңдеңіз: алдымен кең аймақты, содан кейін иньекция орнын өңдеңіз;
Үшінші залалсыздырылған мақта тампонын 4-5 саусақ арасына орналастырыңыз;
Сол қолдың екінші саусағымен көк тамырды бекітіп ұстаңыз;
Иненің қиылысын жоғарыға қаратып, бұрыштап ұстап әуелі теріні, сосын көк тамырды тесіңіз.
Егер көк тамырға түссеніз иненің канюласында қан көрінеді;
Резеңке бұрауды шешіп, пациентке жұмған қолыңызды ашуды сұраңыз;.
Вакумм жүйесінің ине ұстағышының қарама қарсы жағына арнайы пробирканы жалғаңыз;
Вакумм жүйесінің пробиркасы қажет мөлшерде қанды сорып алады;
Еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
Пробирканы жайлап, оңды солды ырғап, қанды араластырып, штативке қойыңыз;
Пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;
Қолданылған мақта тампондарын, вакумм жүйесін ҚКЖҚша салыңыз;
Қолғапты шешіп ҚКЖҚша салыңыз;
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту: Алынған анализді бір сағат ішінде лабараторияға жеткізу.

Стандарт.
Көк тамырға тамшылатып құю.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен көктамырға құю.
Анатомиялық орындары: бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры,
шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры, табанның беткі көк тамыры.
Әзірле: Резеңке бұрама, жастықша, лоток, залалсыздырылған мақта тампондары, дәкеден жасалған салфетка, 70%этиль спирті, бір рет қолданылатын система жүйесі,
Іс әрекеті:
Дәрілік заттың қолдануға арналған инструкциясымен танысыңыз;
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оған дәрілік зат туралы ақпарат беріп, келісімін алыңыз;
Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз;
Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Флаконның алюминий қалпағының орта бөлігін ашып, спиртке батырылған мақта тампонымен екі қайтара өңдеңіз;
Асептика ережесін сақтап, система жүйесін құрастырыңыз;
Система жүйесінің инесінің қалпағын кигізіп ауаны шығарыңыз;
Ұзындығы 4-5 см лейкопластырь әзірлеңіз;
Егетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;
Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;
Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;
Система жүйесінің инесін оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып ұстаңыз;
Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
Система жүйесін тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;
Бұраманы босатып, система жүйесінің қысқышын жайлап ашып, дәрілік затты тамшылай жіберіңіз;
Инфузия кезінде науқастың жағдайын қадағалаңыз;
Ем шара аяқталғаннан кейін системадағы зажимды жауып, спиртке малынған мақта тампонын инъекция орнына қойып, инені тамырдан алып шығыңыз;
Науқастың қолын шынтақ иініне қысып ұстауын сұраңыз;
Қолданылған система жүйесін , мақта тампондарын, қолғапты ҚКЖҚға тастайсыз;
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту. Болуы мүмкін асқынулар: гематома, ауа эмболиясы, қабыну процесі, аллергиялық реакция.

Стандарт.
Көктамырға венозды катетер қою техникасы.
Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.
Анестезия кезінде венаға сенімді түсу.
Анатомиялық орындары: шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры.
Әзірле: Бір рет қолданылатын венозды катетер, залалсыздырылған лоток, 70% этиль спирті, мақта тампондары, дәке салфеткасы, дәрілік заттар, резеңке бұрама, лейкопластырь,жастықша.
Іс алгаритімі:
Науқастың аты жөнін анықтап, іс-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Пациентті ыңғайлы жатқызыңыз;
Шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз;
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.
Ине енгізетін жерді дайындап, тамырды қолмен басып көріңіз;
Йықтың 2/3 орта бөлігіне резеңке бұрама салыңыз;
Науқасқа жұмырдығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
Спиртке батырылған екі мақта тампонын алып, біріншісімен кең аумақты, екіншісімен егетін орынды өңдеңіз;
Венозды катетердің сақтау мерзімін тексеріп, краф пакетінен босатыңыз;
Венозды катетерді оң қолыңызға алыңыз, екінші саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтарыңызды венозды катетдің қанатына орналастырыңыз;
Сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
Венозды катетерді тамырға паралель бағытта ұстап, инені 1/3 бөлігін әуелі тері астына содон соң көк тамырға кіргізіңіз;
Венозды катетердің мандренасын толық шығарар алдында конюляның ұшы жағынан тамырды қысады;
Сол қолдың саусақтарын босатып, катетердің метал мандренасын полимерден жасалған катетерден шығарыңыз;
Бұраманы босатып, катетрге тамшылау жүйесін жалғастырыңыз;
Венозды катетерді стерильді таңғышпен бекітіңіз;
Ем шара біткеннен кейін , катетерді физиологиялық ерітіндімен жуып, катетердің қақпағын жабыңыз;
Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту.
Инфекцияланды деген қаупі бар қақпақпен жұмыс жасамаңыз, қақпақты жиі ауыстырған жөн.
Антибиотик, глюкоза ерітіндісін және қан препараттарын қолданғаннан кейін катетерді физиологиялық ерітіндімен шаю керек.
Тромбоздың алдын алу және катетердің дұрыс жұмыс жасауы үшін, әрбір инфузия арасында катетерді физиологиялық ерітіндімен жуу керек.
Физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін гепариндінген ерітінді еңгізу керек.

Стандарт.
Артериялық қысымды өлшеу.
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, дене қызу парағы, 70% спирт, мақта шариктері.
Іс әрекеттері:
Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Пациенттің қолын жазып, алақанын жоғары қаратыңыз;
Пациенттің иығына, шынтақтан 2-3см жоғары, арасына 1 саусақ сиятындай етіп манжетті ораңыз;
Монометрдің стрелкасы «0» белгісінде болуы керек,
Саусақпен тамыр соғысын тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз;
Грушаның тиегін жауып, манжетке біртіндеп тамыр соғысы жоғалғанша ауа жіберіңіз + 20-30мм сн.бағ. ауа қосыңыз;
Грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз;
Монометрге қарап отырып, тамыр соғысы пайда болған санды анықтаңыз, ол систолдық жоғарғы қысым болады;
Ауаны одан әрі жайлап шығара отырып, тамыр соғысы тоқтаған санды анықтаңыз, ол диастолдық төменгі қысым болады.
Манжеттегі қалған ауаны түгелімен шығарыңыз;
5 минут өткесін қайталап өлшеңіз;
Манжетті шешіңіз;
Артериялық қысымның көрсеткіштерін белгілеңіз;
Пациентті көрсеткіштерімен таныстырыңыз;
Фонендоскоптың басын 2 рет қайталап спиртпен сүртіңіз;




Стандарт.
Оттегін беру жолдары
1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
Мақсаты: гипоксияны азайту.
Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары.
Әзірлеу керек: Бобров аппараты, дистилденген су немесе 96% спирт, лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.
Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз, шыны ыдыстың 2/3
бөлігіне дистилденген су (ылғалдандыру үшін) немесе спирт
(өкпе ісінуінде көпіршікті басу үшін)
4.Мұрын катетерін алып, енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз
(құлақ ұшынан мұрынға дейін, шамамен 15см).
5. Катетердің ұшына вазелин майын жағып, белгіленген жерге
дейін енгізіңіз.
6. Пациенттің аузын ашып, тілдің түбін шпательмен басып
қарағанда катетердің бір ұшы көрініп тұру керек.
7. Катетердің сыртқы бөлігін лейкопластырмен бекіту.
8. Катетерді Бобров аппаратына жалғап, оттегін беру жылдамдығын
қадағалау.
9. Пациенттің жағдайын бақылап отыру.
10. Катетерді алып, қолданған құралдарды дезинфекциялау.

2) Оттегін жастықша арқылы беру.
Мақсаты: ұлпалардағы оттегі мөлшерін көбейту.
Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, газбен
улану т.б. жедел жәрдем көрсету үшін.
Әзірлеу керек: Оттегі жастықшасы, мундштук, дәкеден жасалған салфеткалар.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Жастықшаны оттегі баллонынан оттегіне толтырыңыз: қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жастықшаға жалғанған түтікшені редукторға жалғап, ең алдымен түтікшенің вентильін, сосын баллонның вентильін ашып жастықшаны оттегіне толтыр, венильдерді жап.
Жастықшаның түтікшесіне мундштукты жалғастырыңыз;
Мундштукты ылғалды салфеткамен орап, науқастың аузына басып беріңіз;
Оттегін беру жылдамдығын қадағалаңыз ( минутына 4-5 л);
Жастықшаны басып, бір бұрышынан орап отырыңыз, оттегі жақсы бару үшін.
Жастықшадан мундштукты бөлектеп алып, дезинфекциялаңыз:

Стандарт.
Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
Мақсаты: пульстің синхрондығын, жиілігін, ырғағын, толуын, қуатын және көлемін анықтау.
Көсреткіші: организмнің функционалдық жағдайына баға беру.
Әзірлеу керек: сағат, секундомер, дене қызу парағы, қалам.
Іс алгоритмі:
Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;
Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
Қолдарыңыздың саусақтарын пациенттің қолының білезік буынына қойыңыз;
2,3,4 саусақтарыңызды сәулелі артерияның бойына қойып, сәуле сүйегіне басыңыз, пульсті тауып, оң және сол қолдың пульсін салыстырыңыз;
Қалыпты жағдайда екі жақта бірдей болады, бұл пульстің синхрондығы..
Пульс толқындарының 1 минуттағы санын анықтау – пульстің жиілігі деп аталады.
Қалыпты жағдайда пульс саны минутына 60-80 рет.
Пульстің жиі соғуы тахикардия, ал сирек соғуы брадикардия деп аталады;
Әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау - пульстің ырғағы деп аталады. Бұл интервал бірдей болса пульстің ырғағы дұрыс болғаны, ал әр толқынның арасындағы интервал бірдей болмаса ырғағы дұрыс емес немесе аритмия деп аталады.
Пуьстің толуын анықтау, ол пульс толқындарын тудыратын артериялардың қанға толуымен сипатталады. Толық немесе толық емес деп бөлінеді;
Пульстің қуаты - қан тамырының соғуын тоқтату үшін жұмсалатын күш арқылы анықталады, әрі ол қан қысымымен де байланысты. Оның түрлері қатты және жұмсақ.
Пульстің көлемі - пульстің қуатымен және толуымен байланысты. Толуы мен қуаты жақсы пульсті – үлкен пульс, толуы мен қуаты нашар пульсті кіші немесе «жіп тәрізді» пульс деп атайды
Пульсті дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері
Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.
Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіліеді. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабаттың бетін бұзбаған, қан құюға қолданбаған және иньекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалмаған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттерінде жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және иньекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмекьерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізеді.
Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандыруға материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді.
1 кезең – зарарсыздандыру
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту
3 кезең – залалсыздандыру
І кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:
Зарарсыздандыру ерітіндісін
Қақпақты екі ыдысты, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісне сәйкес
Құралдарды қаннан және басқада биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған 1 ші ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен
Медицинада тағайындалған 2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен
Бирканы
Арнайы киімді
Лотоктар
Пайданланылған медицинада тағайындалған заттарды
Іс-әрекет алгоритмі:
арнайы киімді киіңіз: халат,маска, қолғап.
2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз
Ыдыстар мен қақпақта белгіленеді: заттың аты, оның қоюлығы, күні, даялау сағаты, мейірбикенің қолы
1 ші ыдыста:
Пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз
Медицинада тағайындалған құралдардың каналын 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз:
2 ші ыдыста:
Медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз
Оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарасыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз:
Ыдысты қақпакпен жабыңыз:
Зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге белгі жазыңыз:
Зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарасыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз:
2 ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ереітіндісіне 0,5 минут бойы жууыңыз:
Медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жууыңыз:
Қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз:
Медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз:
ІІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу.
Заласыздандыру алдындағы тазарту орталық заласыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау: медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді баөылауды жүргізу:
Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ереітндісі бар ыдысты, сағатты, дәке тампондарын, тазартылған суы бар лоток,жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышыт, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты Лотос, Айна. 27,5 пайыздық сутегі асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі
Халатты, дем пердені, қолғапты киіңіз:
Жуушы ерітіндінің құрамы 20-25 градусқа ысытыңыз

Жуушы ерітіндінің құрамы
Компонеттің аттары Ерітіндіні даярлауға арналған компоненттердің мөлшері Қолданылуы
Жуушы зат Лотос, Айна
Ауыз суы 5 грамм
1 литр Қолмен тазартқанда қолданылады
Сутегі асқын тотығының ерітіндісі 27,5 пайыздық 17 литр Механикаландырылған және қолмен
Жуушы зат Лотос, Айна
Ауыз суы 5 грамм
1 литр Тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу ультрадыбысты пайдалану)
Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз:
Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен тазартыңыз:
Лотоққа салыңыз
Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз:
Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтың сапасына бақылауды жүргізіңіз:
Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз ( жұмышы реактивін пайдалану мерзімі даярланғаннан кейін 2 сағат )
Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз ( корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықтар жанасқан жерлеріне )
Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз:
Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесі
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
Көк - күлгін түске Заттарда жасырын қан қалса
Күрең – қоңыр түске Заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
Қызғылт түске Заттарда жуушы зат қалдағы қалса
Реакция оң болса,егер де боялу болса 1 минуттан кейін
Боялу кештетіп болатын болса, онда ол есептелінбейді 1 минуттан кейін.
Қанға реакция оң болса, онда тазартылған барлық топ заттар өңдеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезден бастап.
Синтетикалық уушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтардағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды судан шайқатылған кезден бастап.
Байқау теріс болса, реактивтің түсі өзгермейді.
Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен заласыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз:
Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы хууыңыз.
Ыстық ауа шкафында t-85 градус ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.
ІІІ кезең Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру
Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік жәе кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын – алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.
Бұйымдардың материалына байланысты залалсыздандырдың әдісі мен тәртібі таңдалады.
Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз:
Залалсыздандыруға химияық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен , ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.
Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.
Автоклавта – t - 120 ͦ С , + 2 ͦ С, 0,1 атм 15 минут; Т- 132 ͦ С, - 2 ͦ С, 2 атм 20 минут
Ыстық ауа шкафында Т – 160 ͦ С , 150 минут, Т – 180 ͦ С 60 минут
Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.
Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.
Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайдан сақтау мақсатымен орауға ораңыз.
Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.


Бронхиалды демікпе кезіндегі жедел көмек
Мақсаты: Бронхоспазмнің басылуы
Ресурстары: қалта ингаляторы, бронхолитикпен небулайзер, оттегі баллоны, бір реттік шприцтер, жүйелер көктамырға дәрілерді ташшылатып енгізуге, мақта тампондары, 70 пайыздық этиль спирті, дез.ерітіндідегі пинцет, кленкалы валик, дәрілік заттар: преднизалон 120-180 мг, гепарин 5000-10000 бірлік, бронхолитиктер ( беротек, бередуал, сальбутамол ), 0,9 % натрий хлориді.
Іс- әрекет алгоритмі
1. Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қастамасыз ету.
Ыңғайлы қалып алуға көмектесу
Қысып тұрған киімдерін босату
Қалта ингаляторын қолдану
Бронхолитикпен небулайзер қолдану ( сальбутамол ).
Бетперде арқылы ылғал оттегі беру
2,4 %эуфиллинді – 10 мл көктамыр арқылы жайлап 5-7 минут енгізу.
к/т арқылы 90-120 мг преднизалон енгізу
к/т арқылы 500 мл 0,9 % натрий хлоридін тамшылатып енгізу.
к/т арқылы 5000-10000 бірлік гепарин енгізу.
Науқас жағдайын бақылап отыру – пульс, АҚ, ТАЖ, бөліністерді бақылау.
Науқасты реанимация бөлімшесіне жатқызу немесе интенсивті терапия палатасына жатқызу.
Зембілде отырғызған немесе жатқан күйінде басын көтеріп тасымалдау.

Өкпелік қан кетудегі жедел көмек.
Мақсаты: қан кетуді тоқтату.
Ресурстары: мұзды мұйық, танометр, фонендоскоп, стерильді; бір реттік шприцтер, к/т дәрілік заттарды енгізуге жүйелер, мақта шариктері, 70 % этиль спирті, жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет, кленкалы валик, лоток, дәрілік заттар; 1-2 мл 12,5 % дицинон ерітіндісі, 10 мл 1 % кальций хлориді, 100 мл 5 % аминокапрон қышқылы, 1 мл 1 % викасол ерітіндісі.
Іс – әрекет алгоритмі
Науқасты тыныштандыру, жартылай отыруға көмектесу, тұруға,сөйлеуге тыйым салу.
Кеуде торына мұзды мұйық немесе мұзды компресс қою.
Науқасқа ішуге суық сұйықтық беру; ас тұзы ерітіндісін ( 1 стакан суға 1 ас қасық ас тұзын ) , крапива тұнбасын.
К/т немесе бұлшықетке 1-2 мл 12,5 % дицинон ерітіндісін енгізу.
К/т 10 мл 1 % кальций хлорид ерітіндісін
К/т 100 мл 5 % аминокапрон қышқылын тамшылатып енгізу
Бұлшықетке 1-2 мл 1% викасол ерітіндісін енгізу
Хирургиялық бөлімшеге жатқызу
Зембілде жартылай отырған күйінде тасымалдау.

Стандарт
Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі.
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдайорганизмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериалдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі зат алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім актык жағдайына жатады-бұл өмір мен өлім арасында шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірінің сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):
-мәнгіру;
-есі щатасқан
-артериалдық қысым 60мм с.б. деңгейіне дейін және одан да төмен болып кенеттен төмендейді;
-шеткерлі артериалды тамыр соғудың толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
-тыныс алу жиі, үстірт;
-ентігу (тахипноэ-тыныс алу жиі)
-терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.
Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс-бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай.Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алудың тоқталуымен сипатталады.
Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундтан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.
Жанталасужағдайы-тураөлімалдындаболатынорганизмніңбейімделуреакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.
Жанталасу жағдайы-(симптомдар жиынтығы):
-тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды ауаны жұтқандай болады (гаспинг);
-ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген көз қарашығы кеңейген;
-жүректің жиырылуы жиіленеді;
-артериалды қысым 20-40 мм с.б.дейін төмендейді;
-шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артерияларда кенеттен әлсірейді;
-жалпы тонустың құрысуы;
-дене қызуы төмендейді;
-еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру;
Клиникалық өлім-бұл қайтарымды жағдай, ағзаның бірнеше минут бойы (5-6мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышары қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.
Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.
Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анаэробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығы-қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас ми жасушаларының қабылеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де, кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімнің белгілері:
-есі болмайды;
-тыныс алу тоқтайды;
-терісі бозарады, сұрланады, көгереді;
-ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;
-көздің қарашығы максималды кеңееді, жарыққы реакциясы болмайды;
-толық арефлексия.
Реанимация- ағзаны тірілту, тіршіліктің маңызды – өмірлік қызметтерін қалпына келтіру, ең алдымен тыныс алу мен қан айналымын- ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз ету үшін.
Тірілту шаралары кешіктірілмей басталуы қажет.
Аман алып қалудың бастапқы іс-әрекеті, оқиға болған жерге байланысты емес, барлық жерде бірдей жүргізіледі, бұл жерде екі міндетті әдісті орындау маңызды:
- зардап шегушіні көлденең, қатты жерге жатқызыңыз. Жұмсақ жерде орындау жеткілікті әсер бермейді, өйткені жұмсақ жер құтқарушының қимылымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;
- кеуде торын киімнен босатыңыз, белдігін босатыңыз;
3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі
кезеңдерден тұрады:
А ережесі: Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
Вережесі: Өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы “Ауызданауызға”немесе “ауызданмұрынға” тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі: Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ЕРЕЖЕСІ.Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі-тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады.Ең жиі себеп-науқастың ес-түссіз жағдайында жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тілі түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ-сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабылеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі де дем алғанда қақпақша сияқты бөгет жасайды.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.
Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық массасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту қажет:
-зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусағымен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;
- ауызын ашыңыз;
- алмалы-салмалы протездерін алыңыз;
- оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала (орамал, сүлгі, мата) орап алып немесе электросорғышпен мұқият тазартыңыз(жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады).
- Зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беріп, кеуде торы экскурсиясына қарап тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
ІІ. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін-реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қоып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.
2.Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін- саусақтардың ұштарын иек астына орналастырып көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. І-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, ІІ-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусақтармен төменгі жақ сүйегін бекітіңіз.Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз.Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайында тұрады.
3.Ауызды ашыңыз:зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Бұл әдістердің барлығы ауыз құысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы.
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусызыдқты қамтамасыз ету қажет.
Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын естумен қабылдау.
Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.
Өкпенің жасанды вентиляциясын “ауыздан-ауызға” жасау әдісі.
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне еңгізу.
Қолдану көрсетілімдері:клиникалық өлім (Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:
-бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
-осы қолдың үлкен І және сұқ ІІ саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;
- екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
-терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басн қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарыруы болады. Кеуде торы көтерілуң қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.
Өкпенің жасанды вентиляциясы
“ауыздан-мұрынға” жасау әдісі
-зардап шегушінің маңдайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз, зардап шегушінің ауызы жабылады;
-терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша несеме “жедел жәрдем беру ” машинасы келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау.
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысында қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.
Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
Оның қысып тұрған киімін шешіңіз, жүрек аймағын босатыныз;
Реаниматор зардап шегушінің қырына тұрады.
Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлы қойыңыз.
Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырңыз.
Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек- қолдарыңыз “ұшып бара жатқан құстың қанатындай” қалыпта болады.
Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, 5-6см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп қатты басыңыз.
Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы керек. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егердереанимацияны 1 адамжүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргңзеді.
Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 15 компрессия жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:
Ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;
Көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;
Тыныс алуы қалпына келеді;
Терісінің түсі жақсарады.
Әрбір 2 минутсайын –ұйқыартериясындатамырсоғудыжәнекөзқарашығыныңреакциясынбақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.
Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қалпына келмейді.Зардап шегушінің орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету; көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.
Егердебарлықәдісдұрысорындалса, бірақ қан айналымның жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеру-цианоз кетпейді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі. Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістері дұрыс орындалмаған, не кешіккен, реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім-бұл ағзаның тіршілік қызметтерінің қайтарылмайтын тоқтауы.
Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде биологиялық өлім басталады.
-апноэ-тыныс алудың толық тоқталуы
-асистолия-қан айналымның тоқталуы
-ес-түсі жоқ (кома)
-көздің мүйзгек қабығы бұлдырлайды және құрғайды;
-“мысық көз” белгісі;
-дене қызуы төмендейді;
-өлік дақтары пайда болады;
-өлік сіресіп қатады.


Стандарт.
Өлікті жайғастыру ережелері
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама бланкілерін.
Іс-әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына өлген күнін, уақытын тіркейді.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында б.т.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.
6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың мед.картасына тіркеңіз.
7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.
9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың мед.карта номерын жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді, дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.
14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- ПАБ –ге өлікті 2 сағаттан кейін апарады;
- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер анықтап, клиникалық диагнозын,
себептерін көрсетіп анықтама береді;
-Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе опрециядан кейінгі дренаждары, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.

Стандарт.
Өлікті жайғастыру ережелері
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге ПАБ өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты,ПАБ жолдама бланкілерін.
Іс-әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды:(тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына өлген күнін, уақытын тіркейді.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен каталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында б.т.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, тізімін құрастырып аға мейірбикеге немесе туыстарына беріңіз.
6. Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың мед.картасына тіркеңіз.
7. Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8. Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, “мысық көз” симптомы, дене температурасы 20°С төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып қалады.
9. Өліктің санына және биркаға сиямен стационарлық науқастың мед.карта номерын жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың мед.карта номеры, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты тіркелген құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, туысы болмаса полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
12.Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, жанындағы тумбочканы сүртеді, дәретқабылдағышты дез. ерітіндіге салады.
14. Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- ПАБ –ге өлікті 2 сағаттан кейін апарады;
- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер анықтап, клиникалық диагнозын,
себептерін көрсетіп анықтама береді;
-Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе опрециядан кейінгі дренаждары, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.

Стандарт
Бүйрек коликасы жағдайындағы жедел көмек.
Мақсаты: аурусиндромынбасу.
Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, жылытқыш, заласыздандырылған: бірретқолданатыншприцтер, мақташариктері, 70% этилспирті, бұрама, қолғап, дез. ерітіндегіпинцет, лоток, дәрілікзаттар: 5мл баралгинер-сі, 1мл 0,1%атропинер-сі, 1мл 1-2%промедолер-сі, 1мл 0,2%платифилинер-сі, 2-4мл 2%но-шпаер-сі, 1-2мл морфиннемесепромедол.
Іс-әрекет:
Пациенттіфизикалықжәнепсихикалықтыныштықпенқамтамасызету.
Жылытқышберу (бел, ішаймағына)
5мл баралгинер-сінкөктамырғаеңгізу.
1мл 0,1%атропинер-сін 1мл 1-2%промедолер-сіменқосатеріастынаеңгізу.
1мл 0,2% платифилин ер-сінтеріастынаеңгізу.
2-4мл 2% но-шпа ер-сінбұлшықеткееңгізу.
Егер осы орындағанманипуляциярданнәтижеболмаса, 10-15 минуттанкейіннаркотиктердіеңгізу: 1-2мл морфин немесепромедолтеріастына.
Пациенттіңжағдайынқадағалау.
Хирургиялықнемесеурологиялықбөлімшеге госпитализацияжүргізу.
Ескерту: жылытупроцедураларыменнаркотикалықанальгетиктерді, ішқуысыныңмүшелерініңжеделхирургиялықпатологиясыболмағанжағдайдағанақолданылады.

Стандарт
Наркотикалық заттар мен улану кезіндегі жедел көмек.
Мақсаты: улызаттыңағзағаенуінтоқтату, улызаттардыағзаданшығару.
Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, маска, дәкесалфеткасы, леген, клеенка, су, залалсыздандырылғанасқазанзонді, оймыш, залалсыздандырылған: бірретқолданатыншприцтер, мақташариктері, 70% этил спирті, бұрама, қолғап, дез. ерітіндегі пинцет, лоток, дәрілікзаттар: 4-6 мл 20% кофеин ер-сі, физиологиялық ер-ді, 2мл кордиамин ер-сі, 4мл. 0,05%налоксон ер-сі, 400мл 5 % глюкоза ер-сі, 400мл реополиглюкин ер-сі, 300мл 4% натрий гидрокарбонат ер-сі.
Ісәрекет:
Асқазандыжуу.
Ылғалдаңғаноттегіберу.
4-6 мл 20% кофеинер-сінфизиологиялықерітіндіменқосакөктамырғаағызыпеңгізу.
2млкордиаминер-сін көктамырғаағызыпеңгізу.
Антидот еңгізу: 4мл. 0,05%налоксон ер-сінтынысалуықалпынакелгеншееңгізу.
400мл 5 % глюкоза ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.
400мл реополиглюкин ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.
300мл 4% натрий гидрокарбонат ер-сінкөктамырғатамшылатыпеңгізу.
Токсикологиялықбөлімшесінежедел госпитализацияжүргізу.
Қырыменземблгежатқызыптасымалдау.
Ескерту: Налоксоннан нәтиже болмаса өкпенің жасанды вентиляциясын ӨЖВ жүргізу.

Стандарт
Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек
Мақсаты: Тыныс алу мен қанайналым жүйесіндегі жедел бұзылыстрады тоқтату,қанайналымға дәрілік аллергеннің түсуін тоқтату,өмірілк маңызды функцияларды қамтамасыз ету.
Дайындаңыз: оттегі баллоны,маска,дәкелі салфетка,тонометр,фонендоскоп,стерильді: бір рет қолданылатын шприц,мақталы шариктер,70 % эти спирті,бұрама,қолғап,дезерітінділегі пинцет,лоток,дәрілік препараттар:0,1%-0,5 мл адреналин,90-120 мг преднизолон,0,9% натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі,2,0 мл 2% супрастин немесе тавегил ерітіндісі, 10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісі, 2,0 мл лазикс.
Іс-әрекет:
1.Аллергенмен қатынасты тоқтату.Аллергиялық реакция шақыратын,жәндік тістесе немесе дәрі енгізілсе,қатынаста болған жерден жоғарырақ жгут салу.(егер шаққан болса немесе иньекция аяқ пен қолға тараса).Егер шаққан жер дененің басқа аймағында болса,онда суық компресс қою керек.
2.Аяқ жағын көтеру.
3.Ылғалды оттегі беру.
4.Тері астына 0,1%-0,5 мл адреналин енгізу.
5.10,0 мл 0,9% натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен қоса көктамырға ағызып 90-120 мг преднизолон енгізу.
6.2,0 мл 2% тавегил немесе супрастиннің ерітіндісін бұлшықертке енгізу.
7.10 мл-10 % калций хлорид ерітіндісін көктамырға ағызып енгізу.
8.10,0 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен қоса көктамырға ағызып 2,0 мл лазикс енгізу.
9.Стационардың реанимациялық бөлімшесіне тезарада госпитализация жүргізу.

Стандарт
Асқазаннан қан кетудегі жедел көмек
Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.
Дайындаңыз: тонометр,фонендоскоп,мұзды мұйық,стерильді: : бір рет қолданылатын шприц,мақталы шариктер,70 % этил спирті,бұрама,қолғап,дезерітінділегі пинцет,лоток,дәрілік препараттар: 10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісі, 4 мл викасол,2-4 мл 12,5% дицинон ерітіндісі,50 мл 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісі
Іс-әрекеттері:
1.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.
2.Науқастың бас жағын жоғары етіп жатқызу.
3.Эпигастрий аймағына мұзды мұйық қою.
4.10 мл- 10% кальций хлорид ерітіндісін көктамырға енгізу.
5.4 мл викасол ерітіндісін бұлшықетке енгізу.
6.50 мл 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісін көктамырға тамшылатып немесе 2-4 мл 12,5% дицинон ерітіндісін көктамырға енгіземіз.
7.Науқастың жағдайын бақылау ( пулсін,АҚ өлшеу)
8.Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау.
9.Науқастың басын көтеріп,зембілге жатқызып тасымалдау.

Стандарт
Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық асқазан ішіндегі затты алу,асқазанның секреторлы қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуіне асқазан қызметін анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету,эзофагит,асқазан ойық жарасының өршу кезеңі,порталды гипертензия стенокардия,бронхиальді астма,гипертония,жүктіліктің екінші жартысы,науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар: асқазаннан қан кету,талып қалу,коллапс және т.б
Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүзгісін,таза бүйрек тәрізді лотокты,асқазан сөлі үлестерін бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар),20 мл шприцті,қысқышты,сүлгіні,қолғапты,клеенкалы алжапқышты,салфеткаларды,парентеральді сынаптық ас-0.1% гистамин ерітіндісін немесе 0.25% пентагастрин ерітіндісін,лабораторияға жолдама жазыңыз,онда науқастың аты-жөні,бөлімшесі,палатасы,зерттеу күні,үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекеттері:
1.Зерттеуді тағы уақытта аш қарынға жүргізіңіз
2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп,оның келісімін алыңыз
3.Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ыңғайлы және дұрыс отырғызыңыз,оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз.Басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.
4.Науқастың кеудесін,ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз,ал мойнына және кеуде үстіне сүлгі жабыңыз
5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз.
6.Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокті беріңіз.
7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
8.Сүңгінің жұтатын арақашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық-бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз-екінші белгі).
9.Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен ( пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
10.Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз,ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

Стандарт
Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораторияға зерттеуге алу,қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы қызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық,сфинктер) жағдайын бағалау,емдік-өт қабының моторлы қызметі төмендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде,холестатикалық гепатитінде),дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының,бауыр,өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының,жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары,өңеш тамырының кеңеюі,порталды гипертензия,қатерлі ісіктің қаңсырауы,асқазан және 12-ішек ойық жарасы,өкпе-жүрек жетіспеушілігінде,жедел холецистит және панкреатит,бронхиалды астма және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін,Жане шприцін,20 мл шприцті,лотокті,штативті белгіленген пробиркаларымен,қысқышты,сүлгіні,салфеткаларды,қолғаптарды,жылытқышты,жұмсақ көпшікті,аласа оындықты,өт қабының қоздырғыштарын- 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60 С жылытылған,8-10 тамшы 0.1%атропин ерітіндісін,қауіпсіз жоғары арналған контейнерді.
Іс-әрекеттері:
1.Зерттеу таңенртең ашқарында жүргізілетінін науқасақа ескертіңіз.
2.Науқасақа емшара тәртібі туралы түсіндіріп,оның келісімін алыңыз
3.Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кешке науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
4.Науқасқа ұйықтар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз,оң жақ қабырға асты аймғына жылытқышты қойыңыз.
5.Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз ( егер де болса )
6.Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы,яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын,науқастың басын сәл алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
7.Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
8.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз.
9.Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін пинцетпен алып,сүңгі оливасының канюласына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).
10.Науқас жұтатын сүңгінің арақашықтығын өлшеңіз өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін-бірінші белгі және науқастың бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз-екінші белгі).
11.Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз,ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.
12.Науқастан ауыз ашуын сұрап,ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып,науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз,жұту қозғалысын бір мезгілде жасап,сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз ( егер де науқас жөтелсе,онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз).Cүңгінің бос шетін қысқышпен қысыңыз.
13.Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
14.Науқас 15-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.
15.Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып,оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз,жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз,осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді,оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз .
16.Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.
17.Қысқышты босатып,сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
18.Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл),сосын 30-60 мин кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық,сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі).Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.
19.Науқасты арқасына жатқызып,қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқада өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп,сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.
20.Науқасты оң жақ қырына жатқызып,қысқышты боастып алып,сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз,бұған қою,қоңыр-зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).
21.Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз,мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады.Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральді суды енгізіңіз.
22.Салфеткамен сүңгіні шығарып алып,зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
23.Қолғапты шешіп,қолыңызды жуып,құрғатыңыз.
24.Қолданылған қолғапты,салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
25.Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп,жолдаманы толтырып,лабораторияға жіберіңіз
26.Науқасты палатаға апарып,тамақтандырыңыз.
Ескерту:
-емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет.
-зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын,іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады.(қырыққабат,картоп,сүт,майлы және қуырылған тағамдар)
-асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді.Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосында түседі.Егер де шприцке сұйықтық түспесе,онда сүңгінің асқазанда оралып қалғанын айтады.Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын сұраңыз.
-асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге енгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса,онда науқас ауаның түсуін сезінеді,ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі.
-бактериологиялық зерттеуге өт,залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады.
-егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе,онда түнде жылытқыш қойылмайды.
-лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады,ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.

Приложенные файлы

  • docx 22582134
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий