Сабақ жоспары 4 А сынып


Күні: 19.01.2015 4 «А» сынып Дүниетану пәні
Сабақтың тақырыбы Егіншілік пен мал шаруашылығы
Жалпы мақсаты Егіншілік пен мал шаруашылығы туралы білу
Оқу нәтижесі 1. Ауыл шаруашылығы түрлерімен танысады;
2.Егіншілік шаруашылығының маңызын біледі;
3.Мал шаруашылығы түрлерінің ерекшеліктері мен маңызын түсінеді;
4.Ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегін бағалайды.
Сілтеме Дүниетану оқулығы; Балалар энциклопедиясы; Интернет
Тапсырма көздері 1.Ынтымақтастық атмосфера құру, топқа бөліну
2. Видеоролик көру, тақырып бойынша презентация құру (кітаппен жұмыс)
3.Сұрақ-жауап
4.Үй жұмысын сұрау
5. Кітаппен және қосымша ақпараттармен жұмыс
6.Сергіту сәті
7.Дәптермен жұмыс
8.Мақал-мәтел сайысы
9. Бекіту
10.Бағалау
11.Кері байланыс 1.Би: "Мен Қазақпын",
5 топқа бөлінеді
2.Визуалды қабылдау,топпен жұмыс және қорғау
3. Білім, білік, дағдыларын текстеру;
4. Жұптық жұмыс
5. Топтық жұмыс
6. Менің шөжелерім
7.Эссе немесе 5 жолды өлең жазу
8. Әр топ өз атына сай мақал айтады
9. Венн диаграммасымен жұмыс
10. Бағалау критерийлері қорытынды шығару
11. "Екі жұлдыз, бір тілек" стикерге жазу
Сабақ жүрісі
1.Ұйымдастыру кезеңі
Видеоролик арқылы "Мен қазақпын" әніне билеу.
2. Топқа бөліну:
1-топ Қой шаруашылығы;
2-топ Жылқы шаруашылығы;
3-топ Түйе шаруашылығы;
4-топ Құс шаруашылығы;
5-топ Егін шаруашылығы;
3. Сұрақ-жауап
-Қазақтар қандай шаруашылықпен айналысқан?
-Қандай мал шаруашылық түрлерін білесіңдер?
-Егін шаруашылығына не жатады?
-Құс шаруашылығы деп қандай шаруашылықты айтады?
-Ауыл шаруашылығы министрі кім?
-Ауыл шаруашылығын дамыту үшін не қажет?
4. Үй жұмысы
Жұптық жұмыс арқылы тексеру, бір-бірін бағалау, тест тапсырмасын орындау;
5. Топтық жұмыс (Кітаппен және қосымша ақпараттармен жұмыс)
Әр топ өз аттары туралы ақпараттармен бөліседі. Топ басшылары қорғайды.
6.Сергіту сәті "Менің шөжелерім"
7.Дәптермен жұмыс
а) Эссе "Кәсіп иелерінің атынан сөйлеу.(Мен малшымын. Жылқы бағамын.....)
ә) 5 жолды өлең құрастыру
8."Мақал-сөздің мәйегі" біз қазақ тіліміз бай, сөзге шешен халықпыз,сондықтан қазір мақал сайысын ұйымдастырамыз.
(әр топ өз атына сай мақал айтуы керек)
9. Бекіту
а) Венн диаграммасымен жұмыс
"Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға болады ма?"
ә) Жаңа тақырып бойынша тест тапсырмалары
10. Бағалау критерийлері бойынша қорытынды шығару
11.Кері байланыс (Білім ағашына пікір қалдыру)

Приложенные файлы

  • docx 22591080
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий