KhIRURGIYa OBSchAYa (1)-1


Аппендэктомия жасалған науқаста 4-ші тәуліктен бастап жергілікті ауырсыну азаюы аясында жалпы жағдайының нашарлауы пайда болды – температура жоғарылауы, гектикалық сипатта, лейкоцитоз жоғарылауы. Жамбас тереңінде орташа ауырсыну, ауыспалы дизуриялық құбылыстар, тенезмалар пайда болды. Сипатталған көріністің себебін анықтауды сіз қандай қосымша әдістен бастайсыз©
+тік ішекті саусақпен зерттеу©
лапароскопия©
хромоцистоскопия©
қан және зәр талдауы©
ирригоскопия
***
Хирургиялық ауруханаға түскен егде жастағы науқас әйелде ауру басталғаннан 3-ші тәулікте жедел аппендицит диагнозы қойылды. Қынаптық және ректальды зерттеуде пальпация кезінде аппендикулярлы инфильтрат деректері анықталмады. Науқасқа операция жасауға шешім қабылданды. Құрсақ қуысы ашылды, онда аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің ары қарай қолданатын әрекетіңіз қандай©
+Өсіндіні алмай құрсақ қуысын дренаждау©
ішке суық басу, дезинтоксикациялық терапия тағайындау©
аппендэктомия жасау©
тек қана аппендэктомия тағайындау©
ауырсыну кезінде жансыздандыру жасау
***
ЖМКА қабылдау бөлімшесіне үнемі іштегі қатты ауырсыну шағымымен науқас әйел түсті. Динамикада ауырсыну синдромы үдей түсті, іште ауырсынудың орын ауыстыруы байқалады. Сіздің диагнозыңыз?©
+Жедел аппендицит©
Жедел аднексит©
Аналық без кистасының айналуы©
Мезоаденит©
Тифлит
***
Жедел аппендицитке байланысты 7 сағат бұрын операция жасалған науқаста әлсіздік, бас айналу, тамыр соғысы – 116 рет/мин пайда болды. Іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырсынады. Іштің алшақ жерлерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, оның шекарасы науқас бүйіріне жатқанда ығысады. Лейкоциттер -9,3х1О/9 1 мкл-де, гемоглобин-128 г/л. Сіз қандай асқынудан күдіктенесіз©
Пилефлебит©
+Өсіндінің шажырқайлық артериясынан қан кету©
Операциядан кейінгі динамикалық ішек өтімсіздігі©
Құрсақ қуысының абсцессі©
Культя мүмкіншілігі жоқтығы
***
Жас науқас әйел қабылдау бөлімшесіне түсті, онда диагностикалық палатада терапевт бақылауында болды. Кенеттен 8 сағат бұрын түнгі уақытта ауырған. Іштің төменгі бөлімдерінде қатты ауырсыну синдромынан оянып кеткен, көбірек илеоцекальды аймақта. Іші аздап үрленген. Температура-38С. Щеткина-Блюмберг симптомы айқын. Оң жақ мықын аймағында бұлшықеттер қатайған. Жедринский симптомы айқын. Вагинальды зерттеу кезінде оң жақ күмбез аймағында ауырсыну. Сіздің диагнозыңыз©
асқазанның тесілген жарасы©
белгісіз этиологиялы перитонит©
қосалқылардың жедел іріңді қабынуы©
+жедел аппендицит жарылуы©
жедел ішек өтімсіздігі
***
Хирургиялық бөлімшеге жүктіліктің 36-шы аптасындағы науқас әйел түсті. Зерттеу кезінде жедел деструктивті аппендицит диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз©
Консервативті терапия©
антибиотиктердің үлкен дозаларын тағайындаумен күту тактикасы©
Аппендэктомиямен Кесарево жасау©
ішке суық басумен күту тактикасы©
+Шұғыл оперативті араласу
***
Бала жастағы жедел аппендицит өзінің клиникалық ағымы бойынша қарт және егде жастағы адамдардан ерекшеленеді©
Бұлшықеттер қатаюы болмаған жағдайда Щеткин-Блюмберг симптомы оң болуы©
Гиперлейкоцитозбен©
+Атипиялық ағымы және морфологиясы ауру дамуының клиникасын басып озады©
Перитонит жылдам дамуы©
Клиникасы айқын көрінеді
***
Ауруханада оң жақ мықын аймағындағы аппендикулярлы инфильтратқа байланысты бақыланған науқаста 6-шы тәулікте оның іріңдеуі белгілері пайда болды. Абсцесті дренаждауға қалай енуге болады©
+Пирогов бойынша©
Ленандер бойынша©
Волкович-Дьяконов бойынша©
төменгі-ортаңғы лапаротомия©
тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы
***
Жедел флегмонозды аппендицит және диффузды перитонитке байланысты оң жақ мықын аймағына ену арқылы операция жасалған науқаста операциядан кейін 12-ші тәулікте оң жақтық диафрагмаастылық абсцесс диагностикаланды. Оның түзілуіне не себеп болуы мүмкін©
науқасқа операциядан кейін жоғарылатылған қалып берілмеген©
+науқас төсекте горизонтальды қалыпта жатқан және ұзақ төсек режимі тағайындалған©
операциялық ену жолы дұрыс таңдалмаған, құрсақ қуысының барлық аймақтарын дренаждаумен төменгі-ортаңғы лапаротомия жасаған жөн болар еді©
құрсақ қуысындағы экссудат құрғатылмаған©
құрсақ қуысының тампонадасы жасалмаған
***
Әйелдерде жедел аппендицит пен патологиялық жатырдан тыс жүктіліктің дифференциальды диагностикасында қандай зерттеу әдістері аса ақпаратты©
перифериялық қанда лейкоцитозды зерттеу©
терілік термометрия©
құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы, ирригография©
+Ректальды және қынаптық зерттеу, артқы күмбез пункциясы©
гемодинамикалық және гематологиялық көрсеткіштер
***
Жедел аппендициттің катаральды және флегмонозды формаларында оперативті араласудың ерекшеліктері неге негізделеді©
+катаральды аппендицитте аппендэктомия жасар алдында туа біткен патологиялар мен гениталий ауруларына күдікті жою үшін құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясын жасау қажеттігі©
флегмонозды аппендицит кезінде құрттәрізді өсіндінің новокаиндік блокадасын жасау қажеттігі©
флегмонозды аппендицит кезінде құрсақ қуысына дренаж енгізумен©
катаральды аппендицит кезінде құрттәрізді өсіндіні алып тастаудан бұрын оның шажырқайына новокаинді блокада жүргізу©
флегмонозды аппендицит кезінде құрттәрізді өсіндіні алып тастаудан бұрын құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясын жасау қажеттігі
***
Емханада науқасты қарау кезінде дәрігер аурудың клиникалық көрінісі негізінде «жедел аппендицит» диагнозын қойды, диагноз күмән туғызбайды. 3 сағаттан кейін хирургиялық бөлімшеде тексеру кезінде науқас жағдайы субъективті жақсарды, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну мазаламайды, жедел аппендициттің басқа белгілері сақталды, лейкоцитоз -14000, t° - 37,6°С. Спонтанды ауырсыну неліктен азайды©
диагноз дұрыс қойылған жоқ, басқа аурудан күдіктену керек©
бос құрсақ қуысына құрттәрізді өсіндінің перфорациясы болды©
ауырсынудың азаюы құрттәрізді өсіндідегі деструктивті үрдіс регрессиясының салдары©
аппендикулярлы инфильтрат қалыптасуда©
+жедел аппендициттің гангренозды формасы болуы мүмкін екенін болжау
***
Аппендикулярлы инфильтрат әдетте дамиды©
ауру басталған сәттен алғашқы екі тәулікте©
+ауру басталған сәттен 3-5 тәулікте©
ауру басталған сәттен 8-9 тәулікте©
аппендэктомиядан кейін ерте кезеңде©
аппендэктомиядан кейін кеш кезеңде
***
Жедел аппендицитке байланысты аппендэктомиядан кейін қандай жағдайда құрсақ қуысының тампонадасы көрсетілген©
тоқтатылмаған капиллярлы қан кету кезінде©
операция барысында жарылған құрттәрізді өсіндіден шашылған нәжістік тастар толық алынғанына күмән болғанда©
+оң жақ мықын аймағында күңгірт экссудат болғанда©
өсінді культясын адекватты батыру сенімсіздігі кезінде©
ретроградты аппендэктомия кезінде өсінді ұшы қалып қоюы
***
Кохер-Волкович симптомы патофизиологиялық тұрғыда неге сәйкес келеді©
құрттәрізді өсінді обструкциясы©
илеоцекальды бұрыш иннервациясының бұзылуы©
+висцеральды ауырсыну соматикалыққа ауысуы©
инфицирленген құрамның оң жақ бүйір канал арқылы мықын аймағына өтуі©
аталғандардың ешқайсысы емес
***
60 жастағы науқас оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болғаннан 6 тәуліктен кейін түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Температура – 37,2°. Іштің пальпациясы кезінде – оң мықын аймағында ауырсыну және шекарасы анық емес, ауырсынатын мөлшері 7×8 см тығыздалу анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Ровзинг, Ситковский симптомдары оң. Лейкоцитоз – 10.2×10/9/л. Сіздің тактикаңыз қандай©
Шұғыл операция©
Биопсиямен колоноскопия жүргізу©
Динамикалық бақылау©
+Консервативті емдеу©
Лапароскопия жүргізу
***
Ер адам 20 жаста. Ауру 6 сағат бұрын басталған, алғашында эпигастрийде кейін ауырсыну іштің оң жақ бөлігінде, әсіресе оң мықын аймағында локализацияланды. Температура – 37,6°. Тілі құрғақ. Іші үрленбеген, пальпацияда оң мықын аймағында айқын ауырсыну, сол жерде бұлшықеттер қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоциттер — 14.5×10/9/л. Сіздің ары қарай тактикаңыз©
+Шұғыл операция©
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
Динамикалық бақылау©
Консервативті емдеу©
Лапароскопия жүргізу
***
25 жастағы науқас Б. қабылдау бөлімшесіне оң мықын аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, бір ретті құсу шағымдарымен түсті. 6 сағатқа жуық ауырады, ауырсыну эпигастрийде пайда болып, біртіндеп оң жақ мықын аймағына ауысты. Қарау кезінде іші дұрыс пішінді, тыныс алу актісіне қатысады, Образцов, Коуп симптомдары оң. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, зәр анализінде жекелеген эритроциттер. Жоғарыда аталған симптомдар құрттәрізді өсіндінің қандай орналасуында кездеседі©
өсіндінің жамбаста орналасуы©
өсіндінің бауырастында орналасуы©
өсіндінің латеральды орналасуы©
өсіндінің медиальды орналасуы©
+өсіндінің ретроцекальды орналасуы
***
Әйел 32 жаста. Екінші жүктіліктің – 32 аптасы. Анамнезінде созылмалы калькулезді холецистит. 8 сағат бұрын эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну пайда болды. Бір ретті құсу болған. 1,5 сағаттан кейін ауырсыну оң жақ қабырға асты аймағына ығысты. Ауырсыну тұрақты сипатты, иррадиациясыз. Дене температурасы – 32,7°. Лейкоциттер – 11,6×10/9/л. Тілі аздап құрғақ. Іші жатыр есебінен үлкейген. Пальпация кезінде қатайған және оң қабырға асты аймағында ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы айқын емес, Ровзинг теріс, Ситковский симптомы оң. Берілген жағдайда қандай аурулармен дифференциальды диагностика жүргізу қажет©
актиномикоз, жуан ішек ісігі, колоноскопия жасау©
пневмоторакс және плеврит, кеуде торының шолу рентгенографиясын жасау©
Асқазан ойық жарасының перфорациясы, құрсақ қуысының шолу рентгенографиясын жүргізу©
+жедел холецистит, УДЗ жасау©
жатырдан тыс жүктілік, қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
***
65 жастағы науқас әйелде күмәнсіз жедел аппендицит. Ауру басталғаннан 5 тәулік өтті. Іштің пальпациясы кезінде аппендикулярлы инфильтрат анықталмайды. Науқасқа операция жасалды. Құрсақ қуысын ашқан кезде аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Бұл жағдайда қандай шара қолданасыз©
Аппендэктомия жасау©
+Өсіндіні алмай құрсақ қуысын дренаждау©
Аппендикулярлы жараны тіккеннен кейін антибиотикотерапия тағайындау©
Инфильтратты алып тастау©
Сорылу терапиясын тағайындаумен шектелу, жараны тұйық тігу
***
Құрсақ қуысында іріңдік түзілуімен жүретін гангренозды өзгерген өсіндіні алып тастағаннан кейін науқасқа қандай инвазивті емес диагностикалық шара қолданасыз©
лапароскопия©
тек қана перкуссия және аускультация©
құрсақ қуысы рентгенографиясы©
+ультрадыбыстық зерттеу©
ректоскопия
***
Құрттәрізді өсіндінің эмпиемасына қандай патоморфологиялық өзгерістер тән©
өсінді қалыңдаған, серозасы гиперемияланған, күңгірт, фибрин жабындары анықталмаған©
өсінді едәуір қалыңдаған, қатайған, серозасы гиперемияланған, күңгірт, фибрин жабындары бар©
+құрттәрізді өсінді үрленген, күрт қатайған, флюктуацияланады, серозды қабаты күңгірт, гиперемияланған, фибрин жабындары жоқ©
өсінді күрт қалыңдаған, қатайған, серозасы күңгірт фибрин жабындарымен, ұшы аймағында қабырғасы лай-жасыл түсті, болбыр, оңай жыртылады©
өсінді қатаймаған, сероза жылтыр, бозғылт-алқызыл түсті, беткей қантамырлар торы контурирленеді, фибрин жабындары жоқ
***
76 жастағы науқасты үйінде қарау кезінде терапевт жедел аппендицитке күдіктенді, алайда диагнозға толық сенімділік жоқ. Ауру басталғаннан бері алты сағат өтті. Қандай шара қолдану керек©
хирург консультациясын ұсыну©
қосымша зертханалық зерттеулер үшін науқасты шұғыл емханаға жіберу©
науқастың жасын және ауру басталғаннан көп уақыт өтпегенін ескере отырып консервативті ем ұсыну. Тыныштық, жергілікті суық басу, антибиотиктер©
амбулаторлы жағдайда науқасқа динамикалық бақылау жүргізу©
+науқасты шұғыл хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау
***
Аппендэктомиядан кейін оң жақ мықын шұңқырына тампон енгізу мына жағдайда көрсетілген:©
периаппендикулярлы абсцесс©
құрттәрізді өсінді гангренасы©
құрттәрізді өсіндінің ретроцекальдынемесе ретроперитонеальды орналасуы©
+құрттәрізді өсінді орналасқан аймақ тіндерінен капиллярлық қан кету©
перитонит
***
Хирургиялық бөлімшеде 18 сағат болған 23 жастағы науқаста динамикалық бақылауда жедел аппендицитті толығымен жоққа шығаруға болмайды. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай©
науқасқа операция жасау керек©
науқасты бақылауды жалғастыру, температура көтерілген жағдайда антибиотиктер тағайындау©
құрсақ қуысының ультрасонографиясын жүргізу©
гинеколог консультациясы©
+лапароскопия жасау және диагноз расталған жағдайда операция жасау
***
24 жастағы студент қыз жүрек айну, құсу, 4 сағатқа созылған кіндік аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Соңғы жарты сағатта ауырсыну іштің төменгі бөлігіне ауысты. Температура 37,8°С. Лейкоцитоз. Қандай диагноз болуы мүмкін©
жедел пиелит©
+жедел аппендицит©
жедел оң жақтық аднексит©
овариальды киста жарылуы©
бұзылған жатырдан тыс жүктілік
***
40 жастағы науқаста гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясынан 2 күннен кейін ішек парезі, қалтырау дамыды, іштің оң жақ бөлігінде ауырсыну мазалай бастады, бауыры ұлғайып, сарғаю пайда болды. Ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Жедел аппендицит асқынуларының қайсысы туралы ең алдымен ойлану керек©
перитонит©
диафрагмаастылық абсцесс©
ішекаралық абсцесс©
+пилефлебит©
бауырастылық абсцесс
***
Жедел аппендицит салдарынан ішастар арты кеңістігінің флегмонасы мына жағдайда дамиды©
+құрттәрізді өсіндінің ретроперитонеальды орналасуы©
құрттәрізді өсіндінің медиальды орналасуы©
оң жақ мықын аймағында жергілікті перитонит©
құрттәрізді өсіндінің соқыр ішектен латеральды орналасуы©
құрттәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуы
***
Науқаста аппендэктомиядан кейін дене температурасының тәуліктік құбылуы, қатты терлеу байқалады, дәрігер қандай асқыну туралы ойлауы керек©
Жедел респираторлы инфекция©
Қосалқылардың қабынуын©
+Жамбастық іріңдік©
Омфалит©
Гломерулонефрит
***
Әйел 32 жаста. Екінші жүктіліктің – 32 аптасы. Анамнезінде созылмалы калькулезді холецистит. 8 сағат бұрын эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну пайда болды. Бір ретті құсу болған. 1,5 сағаттан кейін ауырсыну оң жақ қабырға асты аймағына ығысты. Ауырсыну тұрақты сипатты, иррадиациясыз. Дене температурасы – 32,7°. Лейкоциттер – 11,6×10/9/л. Тілі аздап құрғақ. Іші жатыр есебінен үлкейген. Пальпация кезінде қатайған және оң қабырға асты аймағында ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы айқын емес, Ровзинг теріс, Ситковский симптомы оң. Берілген жағдайда қандай аурулармен дифференциальды диагностика жүргізу қажет©
актиномикоз, жуан ішек ісігі, колоноскопия жасау©
пневмоторакс және плеврит, кеуде торының шолу рентгенографиясын жасау©
Асқазан ойық жарасының перфорациясы, құрсақ қуысының шолу рентгенографиясын жүргізу©
+жедел холецистит, УДЗ жасау©
жатырдан тыс жүктілік, қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
***
27 жастағы науқаста дені сау болған кезде асқазан жарасының перфорациясы болды, ауру басталған сәттен 12 сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Операцияда – асқазанның кіші иінінде 0,4х0,5 см-лік тесік табылды, жара айналасында қабыну инфильтрациясының белгілері жоқ. Берілген жағдайда операцияның қандай көлемін жасау керек©
Гофмейстер-Финстерер бойынша асқазанның біріншілік резекциясы©
+перфоративті жараны тігу©
жараны тілумен селективті-проксимальды ваготомия©
жараны тілу©
бағаналық ваготомия+жараны тілу
***
Алқызыл қанмен құсу және коллапспен көрінген асқазан ішек жолдарынан массивті қан кету басталғаннан 6 сағаттан кейін стационарға түскен 44 жастағы науқасқа ЭГДС жүргізілді. Қан кету көзі анықталды – дуоденальды жара – жара түбіндегі қантамырларға эндоскопиялық коагуляция жасалғаннан кейін қан кету тоқтады. Реанимация бөлімшесіндегі қарқынды терапия барысында ЭГДС-тен 8 сағаттан кейін қан кету рецидив берді. Берілген науқасқа төменде аталғандардың қайсысы көрсетілген©
+шұғыл лапаратомия©
вазопрессинді көктамыр ішіне енгізу©
қайталап эндоскопиялық зерттеу©
назогастральды зонд енгізу және мұзді сумен асқазанды шаю©
бақылау және консервативті шараларды жалғастыру
***
Орта жастағы ер адам 9 сағат бұрын науқастанды, кенеттен төс етегі аймағында бүкіл ішке таралған өткір ауырсыну пайда болды. Іші ішке тартылған, «тақтай тәрізді» қатайған, күрт ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, оң жақ төменгі бөліктерде айқынырақ, перистальтикасы естілмейді. Лейкоцитоз-125ОО. Рентгеноскопия кезінде – бауыр үстінде ауа орағы, ішек гиперпневматизациясы. Динамикада лейкоцитоз жоғарылаған. Диагноз қандай©
жергілікті перитонит көріністері бар жедел аппендицит©
+перитонит көріністері бар асқазан жарасының перфорациясы©
гангренозды холецистит перфорациясы, перитонит©
шажырқайлық қантамырлардың тромбозы©
деструктивті панкреатит, перитонит
***
Жас жігіт іштегі қатты ауырсыну шағымдарымен қабылдау бөлімшесіне түсті. Көп жылдар бойы ойық жара ауруымен ауырады. АҚ - 90/60 мм с.б., тамыр соғысы - 100 рет/мин, анурия. Пальпаторлы алдыңғы құрсақ қабырғасы күрт қатайған. Диагноз неге негізделіп қойылады©
шеткері қанда лейкоциттерді санау©
+тұрған күйде құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
ЭТЖ деңгейі©
асқазанның контрастты рентгенографиясы©
жуан ішектің контрастты рентгенологиялық зерттеу
***
45 жастағы науқас ЖМКА-на асқазан жарасы перфорациясынан кейін үш сағаттан кейін жеткізілді, шұғыл операция жасалды. Жара 1,Ох1,2 см-лік перфорациялық тесікпен, жиектері каллезді. Операцияны қалай аяқтайсыз©
+асқазанның біріншілік резекциясы©
екі қатарлы тігіспен перфорациялық тесікті тігу+СПВ©
бағаналық ваготомия, жараны тілу©
жараны тек қана тілу©
Оппель-Поликарпов әдістемесін қолдану
***
Аталған ережелердің қайсысы перфоративті дуоденальды жарасы бар науқасты емдеуге қатысты дұрыс емес болып табылады©
жаралық анамнезі жоқ жас науқастарда перфоративті жараны тігу ойық жара ауруынан тұрақты емделуге әкеледі©
перитониттің жайылған түрлерінде жараны тігумен ғана шектелу қажет©
асқазанды дренаждаумен ваготомия операциясы патофизиологиялық негізделген емдеу әдісі болып табылады©
жабылған перфорацияға күдік болған кезде Коган бойынша пневмопровакация әдісін қолдану керек©
+дуоденальды жараның перфорациясы кезінде асқазан резекциясы көрсетілген
***
31 жастағы ер адам кенеттен іштің жоғарғы бөлігінде қатты ауырсыну ұстамасымен түсті. Бұрын ауырмаған. Іштің пальпациясы кезінде – алдыңғы құрсақ қабырғасының айқын қатаюы. Тамыр соғысы – 78 рет/мин. Тұрған күйде құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде «бос газ» анықталды. Сіздің тактикаңыз қандай©
эндоскопиялық эзофаго-гастродуоденоскопия©
бариймен асқазан рентгеноскопиясы©
+шұғыл лапаратомия©
стационарда динамикада бақылау©
бауыр УДЗ
***
55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Берілген жағдайда шұғыл диагностикалық бағдарлама және емдеу шараларына енбейтінін көрсетіңіз©
орталық көктамыр катетеризациясы©
+асқазанның эвакуаторлық қызметін ынталандыру үшін метоклопрамид тағайындау©
назогастральды зонд орнату©
Н2-блокаторларды көктамырішіне тағайындау©
тамақтандыру үшін назоинтестинальды зонд жүргізу
***
55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Көрсетілген симптомдар болған кезде басқаларынан гөрі жиірек кездесетін патологиялық күйді көрсетіңіз©
гипертензия©
+электролиттік бұзылыстар©
қызба©
бауыр қызметінің бұзылысы©
гипергликемия
***
55 жастағы ер адам стационарға 1 апта бойы тамақ аралас құсу шағымымен түсті. Тері жабындары мен шырышты қабаттары құрғақ. Гематокрит - 55%. Анамнезінде тұрақты ауырсыну синдромы белгіленген, соңғы кездері эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімімен ауысты. Бұрын тексерілмеген. Асқазан рентгеноскопиясы кезінде асқазанның айқын ұлғаюы анықталған. Төменде аталған емдік шаралардың қайсысы науқасқа көрсетілу керек©
шұғыл хирургиялық араласу көрсетілген©
санаторлық-курорттық емдеу©
жүргізілген консервативтік емнен кейін рецидив дамуы мүмкін©
емді амбулаторлы жағдайда жүргізуге болады©
+алдын ала консервативтік емдеу жүргізілуі қажет
***
Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Берілген науқаста қабылдау бөлімінің дәрігері нені клиникалық анықтайды©
"құлаған тамшы" симптомы және іш үрленуі©
оң жақ қабырға астында пальпациялағанда ауырсыну және жоғары лейкоцитоз©
перистальтика жоғалуы, «таңқұрай желе» тәрізді нәжіс©
эпигастрий аймағында "пышақ сұққандай" ауырсыну және құрсақ қабырғасының ригидтілігі©
+қорытылмаған аспен құсу және шалпыл шуы
***
Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Түскен кездегі науқастың ауыр жағдайына қай метаболикалық бұзылыс жауап береді©
төменде аталған бұзылыстардың ешқайсысы емес©
тыныстық ацидоз©
метаболикалық ацидоз©
тыныстық алкалоз©
+метаболикалық алкалоз
***
Науқаста 10-жылдық ойық жаралық анамнез аясында пилоро-бульбарлы аймақтың декомпенсацияланған стенозы. Орташа ауыр жағдайда көп реттік құсу және сасық кекіру шағымдарымен түсті. Айқын әлсіздікті, жүдегенін айтады. Метаболикалық көрсеткіштер мен жалпы жағдайын тұрақтандырғаннан кейін науқас оперативті емге келісімін берді. Аяғына дейін зерттеу кезінде асқазанның барлық бөлігінде айқын гастриттің эндоскопиялық белгілері анықталды. Операция әдісін таңдаңыз©
селективті проксимальды ваготомия©
асқазанды дренаждайтын операция мен ваготомия©
+Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы©
Витцель бойынша гастростома салу©
Ниссен бойынша фундопликация
***
Он екі елі ішек буылтығында орналасқан ойық жара ауруымен ұзақ ауыратын науқаста соңғы кезде клиникалық көрінісі өзгерген. Ас қабылдаудан кейін пайда болатын эпигастрий аймағында ауырлық сезімі, жүрек айну, тәуліктің екінші жартысында көп мөлшерде ас аралас құсу, ауыздан жағымсыз иіс, салмақ жоғалту шағымдары пайда болған. Нені болжауға болады©
+Пилородуоденальды аймақтың органикалық стенозы©
Функциональды стеноз©
Асқазан қатерлі ісігі©
12 елі ішек жарасының пенетрациясы©
Жара перфорациясы
***
Емханаға ессіз жағдайда клоникалық тырысу ұстамаларымен науқас түсті. Анамнезінде асқазан ауруы, жиі құсу мазалайды, науқас жүдеген, сусызданған, эпигастрий аймағында тері пигментациясы. Диагнозы қандай©
перитониттің кеш сатысы©
қалқанша маңы бездерінің жетіспеушілігі©
бауырлық кома©
геморрагиялық инсульт©
+асқазанның декомпенсацияланған стенозы
***
Жас науқаста асқазан ойық жарасының перфорациясы орын алған, ауру басталғаннан 22 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілген. Операция кезінде 0,6х0,8 см тесік анықталды, асқазанның препилорикалық бөлімінде жара айналасында қабыну инфильтрация құбылысы анықталды. Сіздің тактикаңыз©
бағаналық ваготомия+жараны тігу©
жараны тілу және пилоропластика©
Юдин бойынша асқазанның біріншілік резекциясын жасау©
Селективті проксимальды ваготомия+жараны кесу©
+Перфоративті жараны тігу
***
Орта жастағы науқас емханаға 12 елі ішектің перворативті жарасымен ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін түсті. Ойық жара ауруымен бұрыннан ауырады, стационарда емделіп, қысқа мерзімді жақсаруға жеткен. Ревизия кезінде пилородуоденальды аймақта О,4хО,3 см тесігі бар жабылған перфорация анықталды, без айналасында шамалы тін инфильтрациясы. Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы-100. Қандай операция жасайсыз©
пилородуоденальды жараны тігу©
пилоропластика+селективті ваготомия©
+СПВ+жараны кесу және пилоропластика©
гастродуоденалды анастомоз салумен асқазан резекциясы©
Поликарпов бойынша жараны тігу әдісі
***
29 жастағы науқаста дені сау болған кезде асқазан жарасының перфорациясы болды, ауру басталған сәттен 10 сағат ішінде ауруханаға жеткізілді. Операцияда – асқазанның кіші иінінде 0,4х0,5 см-лік тесік табылды, жара айналасында қабыну инфильтрациясының белгілері жоқ. Берілген жағдайда операцияның қандай көлемін жасау керек©
пасқазанның біріншілік резекциясы©
+дуоденопластикамен жараны кесу©
селективті-проксимальды ваготомия©
жараны кесу©
бағаналық ваготомия
***
Қосымша аурулары жоқ 56 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін операция жасалған, операция кезінде асқазанның антральды бөлімінің перфорациялық жарасы анықталды. Сіздің тактикаңыз©
Жараны тігу©
+Асқазан 2/3 резекциясы©
Асқазан 3/4 резекциясы үлкен және кіші шарбымен қоса©
Жараны тігу және трункулярлы ваготомия©
Антрумэктомия
***
4 жыл бойы ойық жара ауруымен ауыратын 65 жастағы науқаста 12 елі ішектің тесілген жарасы диагностикаланды. Ауру басынан 15 сағат өткен. Бұл жағдайда қандай операция артықшылығы бар©
+Перфорацияны тігу©
Финней бойынша пилоропластика мен бағаналық ваготомия©
Асқазан резекциясы©
Гастроэнтероанастомоз©
12 елі ішек жарасымен бірге антрумэктомия
***
Емханаға қалтқының декомпенсацияланған жаралық стенозымен, айқын су-электролиттік бұзылыстар және тырысулық синдроммен түскен науқасқа көрсетіледі:©
Асқазанның шұғыл резекциясы©
+Су-электролиттік бұзылыстарды түзеткеннен кейін жоспарлы түрде асқазан резекциясы©
Шұғыл гастростомия©
4 сағаттық операция алдындағы дайындықтан кейін гастродуоденостомия©
Жоспарлы түрде гастростома салу
***
Емханаға асқазан ішек жолдарынан қан кету белгілерімен түскен 28 жастағы науқаста шұғыл гастродуоденоскопия кезінде 12 елі ішектің диаметрі 1,5 см жарасы анықталды. Жара орталығында ірі тромбталған қантамыр бар. Гемоглобин – 90 г/л. Сіздің тактикаңыз©
+Шұғыл операция©
Консервативті емдеу©
Қан кету рецидив берген жағдайда операиця©
Асқазан және гастродуоденальды артериялар эмболизациясы©
Блэкмор зондын енгізу
***
Перкуссия кезінде асқазан ойық жарасы бар науқаста анықталатын бауыр үстінде тұйықтығының жоғалуы немен байланысты©
Ішектер үрленуі©
Диафрагманың биік орналасуы©
Бауыр мен диафрагма арасында ішек ілмектерінің интерпозициясы©
+Құрсақ қуысында бос газ болуы©
Диафрагмаасты кеңістікте сұйықтық болуы
***
Аталған белгілердің қайсысы асқазанның шығу бөлігінің декомпенсацияланған стенозын айғақтайды©
Ұзақ, басылмайтын ауырсыну синдромы, консервативті ем нәтиже бермеуі©
Эпигастрий аймағында "шалпыл шуы"©
Рентгенологиялық – асқазанның кіші жамбас қуысына түсуі©
+Күнделікті таңертеңгілік қабылданған аспен құсу©
Зертханалық көрсеткіштерде – плазмада белок деңгейінің төмендеуі, гематокрит жоғарылауы
***
Деструктивті аппендицитпен немесе 12 елі ішек жарасының перфорациясымен негізделген перитониттің клиникалық көрінісі бар науқас емханаға жеткізілді. Ары қарай жүргізілетін тактика©
құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
пневмогастрография©
гастроскопия©
шұғыл лапароскопия©
+шұғыл лапаротомия
***
35 жастағы науқас тесілген асқазан ойық жарасы күдігімен түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Құрсақ қуысының шолу R-графиясы кезінде бос газ анықталған жоқ. Хирург тактикасы қандай©
консервативті ем жүргізу©
шұғыл операция©
лапароскопия жасау©
+пневмогастрография жасау©
бариймен асқазан R-скопиясын жүргізу
***
Тейлор бойынша асқазан немесе 12 елі ішектің перфорациялық жарасын консервативті емдеу негізделеді©
асқазан перистальтикасын төмендететін сілтілер мен препараттарды қолдануға©
асқазанды периодты (әр 4-5 сағат сайын) зондтау, көктамырішіне сұйықтық енгізу және кезбе жүйкені фармакологиялық тежеу©
суытылған физиологиялық ерітінділермен үнемі асқазанды шаю© жергілікті гипотермия және көктамырішіне сұйықтық енгізу©
+асқазан құрамын үнемі аспирациялау, көктамырішіне сұйықтық енгізу, антибиотиктер тағайындау
***
Асқазан перфорациялық жарасы кезінде хирургиялық әдісті таңдағанда әдетте сүйенеді:©
тесілгеннен кейін өткен мерзімге©
+ішастардың қабынулық өзгерістер дәрежесіне©
перфорациялық тесік өлшеміне©
перфорациялық тесік орналасуына©
науқас жасына
***
Перитонитпен асқынған 12 елі ішектің тесілген жарасы кезінде оперативтік араласу әдісін таңдау©
селективті проксимальды ваготомия©
асқазанның субтотальды резекциясы©
ваготомиямен антрумэктомия©
ваготомиямен пилоропластика©
+перфорациялық тесікті тігу
***
Асқазанның қанталаған ойық жарасымен ауыратын науқас ем жүргізгеннен кейін шоктан шығарылған. Алайда, жүргізілген консервативтік шаралар сенімді гемостазды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда жасау қажет©
+лапаротомия және асқазан резекциясы©
гастростома салу©
гастротомия қолдану©
консервативті емді жалғастыру, Мейленграхт диетасын қолдануды қосу©
лапаротомия, гастроэнтероанастомоз салу, қанталаған қантамырын ойып тастау
***
Аталған мүшелердің қайсысы оң жақтық сырғымалы қиғаш шап жарығы кезінде жарықтық қап қабырғасы бола алады©
жіңішке ішек©
оң бүйрек©
қуық©
+соқыр ішек©
жатыр түтігі мен сол аналық без
***
60 жастағы науқас оң жақ санның жоғарғы үштен бір бөлігінің ауырсынуы және сол жерде пальпацияланатын ісік тәрізді түзілім, температурасы 38°С шағымдарымен ауру басталғаннан 24 сағаттан кейін түсті. Қысылған сан жарығы диагностикаланды. Қысылған сан жарығын қандай аурумен дифференциальды диагностика жасау керек©
оң аналық без кистасы©
+сан лимфадениті©
тері папилломасы©
асқазан қатерлі ісігінің метастазамы©
аяқтың варикозды ауруы
***
Ішкі жарықтар кезінде жіңішке ішек қысылуының ерте клиникалық көріністерін көрсетіңіз©
көп ретті құсу, жоғары температура, жалпы әлсіздік, диарея©
коллапс©
+іште толғақтәрізді ауырсыну, газ шықпау©
ішастар тітіркену симптомдары©
дегидратация
***
Аталған белгілердің қайсысы қысылған шап жарығыны ауруының ерте кезеңіне тән©
құрсақ қуысында бос газ болуы©
+жарықтық бұлтию аймағында кенеттен ауырсыну©
ректальды тексеру кезінде тік ішек алдыңғы қабырғасының салбырауы©
жарық қабының флегмонасы©
«жөтел дүмпуі» симптомы оң.
***
70 жастағы науқас қысылған шап жарығымен шағымданды, терапевтті үйге шақыртқан. Қысылу ұзақтығы 10 сағат. Ішек өтімсіздігі белгілері бар, жарық бұлтию аймағы үстінде тері гиперемиясы. Науқасты қараған дәрігер әрекеті қандай©
жарықты орнына түсіру©
есірткілік зат инъекциясынан кейін жарықты орнына түсіру©
жарық аймағына суық басу, анальгетиктер, антибиотиктер©
+хирургиялық стационарға шұғыл госпитализация©
хирург консультациясына жолдау
***
Тұрпайы соматикалық патологиясы жоқ 80 жастағы науқасқа шап-ен жарығы жиі қысылуы кезінде не ұсыну керек©
үлкен дәретті реттеуге бағытталған консервативті емдеу©
шұғыл операция – жарықты тілу©
+амбулаторлы тексеруден кейін жоспарлы операция©
госпитализация, хирургиялық бөлімшеде бақылау©
бандаж тағып жүру
***
Қысылған шап-ен жарығымен науқас ауру басталғаннан 3-ші тәулікте түсті. Температурасы 39°С дейін, гиперемия, еннің инфильтрациясы және ісінуі. Науқаста қандай асқыну байқалады©
атабез некрозы©
фуникулит©
+жарық қабының флегмонасы©
жедел орхит©
атабез шемені
***
Кіндік жарығы мен іштің ақ сызығының жарығы бар қарт науқастарда неліктен операция алдында асқазанын зерттеу қажет©
жарық қабында мүше сипатын анықтау үшін©
жарық қақпасының өлшемдерін анықтау үшін©
құрсақішілік гипертензияны диагностикалау үшін©
+асқазан ісігі немесе ойық жара ауруына күдікті жою үшін©
гастростазға күдікті жою үшін
***
Берілген факторлардың ішінде қайсысы құрсақтық жарық пайда болуына ықпал етпейді©
+шылым шегу©
кенеттен жүдеу©
алдыңғы құрсақ қабырғасы құрылысының анатомиялық ерекшеліктері©
құрсақішілік қысымды жоғарылататын аурулар©
ауыр физикалық жұмыс
***
70 жастағы науқаста қысылуға бейімділігі бар сол жақтық қиғаш шап жарығы. Зәршығару бұзылуымен қуықасты безінің аденомасы бар. Сіздің кеңестеріңіз©
үнемі бандаж тағу©
кезекті қысылу кезінде шұғыл операция©
жарық мөлшері жылдам артқанда оперативті емдеу©
+уролог тексергеннен соң және зәршығару бұзылысын реттегеннен кейін жоспарлы операция©
хирург және урологтың бірлескен операциясы – бір мезетті жарықты кесу және аденоманы алып тастау
***
40 жастағы науқаста оң жақтық шап жарығына байланысты операциядан 1 жылдан кейін қайтадан жарықтық бұлтию пайда болған. Сіздің әрекетіңіз©бақылау, жарық қысылған жағдайда операция©
жарық үдемелі ұлғайған жағдайда операция жасау©
динамикада бақылау, ауыр физикалық жүктемені шектеу©
+жарық ұлғайғанда асқыну дамуынан бұрын жоспарлы операция жасау©
бандаж тағып жүру
***
Тік шап жарығы кезінде қандай белгі тән©
жарық қабы шәует шылбырының элементтерінде орналасады©
+жарық қабы шәует шылбырының элементтерінен жеке орналасады©
жарық қабы туа біткен болуы мүмкін©
жарық қабы құрамына соқыр ішек және құрттәрізді өсінді енуі мүмкін©
жарық қабы терең шап сақинасы арқылы шығады
***
Қысылған шап жарығына байланысты жарықты кесу кезінде жарық қабында мықын ішек ілмегі анықталды. Мұқият ревизия кезінде шажырқай қантамырларының пульсациясы және ішек перистальтикасы жоқ екені, қабырғасы қошқыл қызыл екені анықталды. Хирург тактикасы қандай©
шажырқай түбіріне жылы новокаин ерітіндісін енгізу©
+ішек резекциясын жасау©
натрий хлориді изотоникалық ерітіндісімен ыстық сүлгілермен қоршау©
кең спектрлі антибиотиктермен қоршау©
тура әсерлі антикоагулянттың үлкен дозасын енгізу қажет
***
Қысылған шап жарығы бар науқасты хирургиялық ауруханаға тасымалдау кезінде жарық құрамының өздігінен орнына түсуі болды. Осы науқасқа қатысты қандай тактика қолданасыз©
жедел операция©
жоспарлы түрде операция©
науқасты амбулаторлы емделуге үйіне қайтаруға болады©
+стационарда динамикалық бақылау©
шұғыл операция
***
Науқас әйелге сан жарығына байланысты операция жасағанда медиальды бағытта қысушы сақинаны кесу массивті қан кетуге әкелді. Қандай анатомиялық құрылым зақымданды©
сан артериясы©
мықын артериясының зақымдануы©
ішкі мықын артериясының аневризмасының қабырғасы зақымданды©
сан венасы©
+жапқыш артерия
***
Қиғаш шап жарығы кезінде шап каналының қай қабырғасы осал болып табылады? Науқасқа қандай операция әдісін қолданасыз©
артқы, Бассини немесе Кукуджанов бойынша пластика әдісі©
төменгі, Руджи-Парлавечио бойынша пластика әдісі©
алдыңғы, Караванов, Жирар әдісі©
+алдыңғы, Спасокукоцкий әдісі Кимбаровский тігістерімен©
төменгі, Ру-Оппель бойынша пластика әдісі
***
Сырғымалы шап жарығының критериі:©
жарық түзілуіне іштің ішкі бұлшықетінің қатысуы©
жарықтық құрамның болуы©
оның қысылу мүмкіндігі©
жарық түзілуіне интраперитонеальды орналасқан мүшенің қатысуы©
+қап түзілуіне мезоперитонеальды орналасқан мүшенің қатысуы
***
Травматология бөлімшесінде жатқан 70 жастағы науқаста сол сан сүйегі сынығына байланысты қаңқалық тарту кезінде оң жақтық шап жарығының қысылуы дамыды. Сіздің тактикаңыз©
диагноз нақты қойылғанға дейін бақылау©
консервативті емдеу©
жарықты орнына түсіру©
6 сағат бойы бақылау, нәтиже болмаса - операция жасау©
+шұғыл операция
***
Қысылған шап жарығына байланысты жарықты кесу кезінде жарық қабында мықын ішек ілмегі анықталды. Мұқият ревизия кезінде шажырқай қантамырларының пульсациясы және ішек перистальтикасы жоқ екені анықталды. Қандай шара қолдау керек©
шажырқай түбіріне жылы новокаин ерітіндісін енгізу©
+ішек резекциясын жасау©
натрий хлориді изотоникалық ерітіндісімен ыстық сүлгілермен қоршау©
антибиотиктер енгізу©
гепарин енгізу
***
Жарықтың рихтерлік қысылуы деген не©
дуоденальды-аш ішек қабы аймағында ішек қысылуы©
бұралған сигматәрізді ішек қысылуы©
диафрагмальды жарықта асқазан қысылуы©
+ішектің кез-келген қабырғалық қысылуы©
шап жарығында Меккель дивертикулының қысылуы
***
Шамадан тыс тамақтанатын және дене бітімі гиперстеникалық науқас әйел операциядан кейінгі вентральды жарыққа байланысты жоспарлы оперативті емделу үшін ауруханаға түсті. Жарық 25x30 см, орнына келетін. Науқасты операциядан кейін тексеру және дайындау әдістерін көрсетіңіз©
стандартты тексеру (жалпы қан және зәр анализі, ЭКГ, қан тобы және Rh-фактор, қандағы қант мөлшері©
стандартты зерттеу + спирометрия©
ешқандай қосымша зерттеу әдістері қажет емес©
асқазан рентгеноскопиясы + спирометрия + стандартты зерттеу©
+асқазан рентгеноскопиясы + спирометрия + стандартты зерттеу + орнына келтірілген жарықта бандаж тағу
***
Өздігінен орнына келген қысылған жарық кезінде операцияға абсолютті көрсеткішті қай фактор анықтайды©
+перитонит белгілерінің болуы©
қысылған сәттен бастап мерзімі©
қосымша аурулар©
науқас жынысы мен жасы©
науқасты толық емес тексеру
***
Көп сағат бұрын пайда болған қысылған шап жарығы кезінде қандай шара ең алдымен жасалуы керек©
жылы ванна©
жарықты орнына келтіруге әрекеттену©
+шұғыл операция©
жарықты орнына келтіруді жеңілдету үшін спазмолитиктер©
жарықты орнына келтірудің алдында анальгетиктер
***
ЖМКА қабылдау бөлімшесіне 10 жыл бойы шап-ен жарығынан зардап шегетін 50 жастағы науқас түсті. Науқас үйінде жарықты өздігінен орнына түсіруге әрекеттенген. Бұл қолынан келмеген. Науқас жағдайы нашарлаған, ол дәрігерге барды. Қабылдау бөлімшесінде гигиеналық ванна қабылдау кезінде жарық өздігінен орнына келді. Науқас өзін толығымен сау сезініп, үйіне сұранды. Дәрігер тактикасы қандай©
науқасты үйіне жіберуге болады және кейін жоспарлы түрде операция жасауға болады©
шұғыл операция көрсетілген –жарықты кесу©
шұғыл операция көрсетілген – ішек ревизиясымен лапаротомия©
+науқасқа операция жасамау, оны стационар жағдайында мұқият бақылау©
үнемі бандаж тағу кеңесімен науқасты үйіне жіберуге болады
***
70 жастағы науқас ауруханаға қысылған оң жақтық шап жарығымен түсті, анамнезінде жақында басынан өткерген миокард инфаркті. Науқас жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Тамыр соғысы 70 рет/мин, ырғақты, АҚ – 170/100 мм рт. ст. ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофиясы, тәждік қанайналымның орташа жеткіліксіздігі. Тыныс алу мүшелері тарапынан – жасқа байланысты өзгерістер. Сіздің тактикаңыз қандай©
жарыққа назар аудармай кардиальды терапия жүргізу©
спазмолитиктер мен анальгетиктер тағайындау©
жарықты орнына келтіру©
+кардиальды терапия аясында жедел операция©
есірткілік заттар тағайындау
***
35 жастағы науқас Б. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесіне іштің төменгі бөлімінде және санның медиальды бетінде ауырсыну шағымымен түсті. Қарап тексеру кезінде іші орташа үрленген, ішастар тітіркену симптомдары әлсіз оң. Пупартова байламынан төменіректе ауырсынатын бұлтию бар. Диагнозды нақтылау үшін құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы жасалды – Клойбер тостағаншалары анықталмады. Берілген жағдайда қысылудың қандай түрін қоюға болады©
Ретроградты©
нәжістік©
Эластикалық©
+Рихтерлік©
құрсақішілік
***
Ұзақ уақыт бойы мөлшері үлкен емес орнына келетін кіндік жарығы бар 60 жастағы науқас әйелде кенеттен жарықтық бұлтиюы ұлғайды, ауырсыну сипаты өзгерді, жарық құрсақ қуысына толығымен орнына келуі жойылды. Пайда болған клиникалық симптоматиканың себебін көрсетіңіз©
+жарық қабында мүше қысылуы©
орнына келмейтін кіндік жарығы©
асқазан қатерлі ісігінің кіндікке метастазы©
умбилицит©
асцит
***
4-дәрежелі семіздігі бар науқас әйелде кенеттен іштің төменгі оң жақ бөлігінде төмен тартып ауырсыну пайда болды, оң санға иррадиация береді, құсу және бір ретті құсу болды. Шап қатпарынан төменірек ісіктәрізді түзілім пальпацияланады. Қандай ауру туралы сөз қозғалуда©
оң жақтық бүйрек шаншуы©
жедел аппендицит©
жатырдың дөңгелек байламының кистасы©
+қысылған сан жарығы©
шаптық лимфаденит
***
Қысылған шап жарығы кезінде жіңішке ішектің тіршілікке қабілетсіздігінің белгісін көрсетіңіз©
ішек қабырғасының гиперемиясы©
+жарық қабында жағымсыз иісі бар күңгірт экссудат©
үрленген ішектің әкелуші сегменті©
қысылған ішек шажырқайының қантамырларының пульсациясы сақталған©
шажырқайға новокаин ерітіндісін енгізгеннен кейін ішек қабырғасының күшейген перистальтикасы
***
Қысылған шап жарығына байланысты операция кезінде жарық қабы ішінде ештеңе анықталмады. Қап қабырғалары гиперемияланған, құрсақ қуысынан серозды-іріңді экссудат түседі. Хирург әрекеті қандай©
шап каналы пластикасымен қарапайым жарық кесу©
жарық қабы арқылы құрсақ қуысын дренаждау, жарық қақпасының пластикасынсыз©
пластикамен жарықты кесу + құрсақ қабырғасында жеке тесік арқылы микроирригатор енгізу©
+орталық лапаротомия, құрсақ қуысының ревизиясы©
құрсақ қуысының ревизиясы үшін жарық қабы арқылы ену жолын кеңейту
***
Ургентті ауруханаға іштің оң жақ бөлігінде және кіндік маңы аймағында пайда болған қарқынды ауырсыну шағымдарымен жас әйел адам түсті. Қарау кезінде кіндік маңы аймағының үрленуіне байланысты іштің айқын ассиметриясы анықталды. Шиман-Данс симптомы анықталды. Іштің аускультациясы кезінде қатаң металликалық реңкі бар перистальтикалық шулар анықталды. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде шартәрізді үрленген ішек ілмегі және мөлшері 16 см дейін сұйықтықтың горизонтальды деңгейі анықталды. Сіздің диагнозыңыз және науқасты жүргізу тактикаңыз©
соқыр ішек ісігі, оперативті емдеу©
илеоцекальды инвагинация, күту тактикасы©
түйін түзілу, шұғыл операция©
+соқыр ішек бұралуы, шұғыл операция©
копростаз, консервативті емдеу
***
Науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалуда. Операция кезінде 1,5 м жуық жіңішке ішек 360°-қа бұралуы анықталды. Бұралуды жазғаннан кейін, шажырқайды новокаиндік блокада жасау және ішек ілмегін жылытқаннан кейін соңғысы цианоз дақтары бар қып-қызыл түске боялды, перистальтикасы жоқ, шажырқайдың терминальды бөлімдерінде пульсациясы анықталмайды. Хирургиялық тактиканың тиімді нұсқасын көрсетіңіз©
+Жіңішке ішек резекциясын жасау, анастомоз салу, назоинтестинальды интубация жасау©
Назоинтестинальды интубация және лапаростомиямен ғана шектелу қажет©
«бүйірін бүйіріне» илиотрансверзоанастомоз салу керек©
Операцияны лапаростомиямен аяқтау керек, ішек резекциясынан бас тарту©
Нобль бойынша интестинопликация көрсетілген
***
50 жастағы науқас іште ұстама тәрізді ауырсыну, жүрек айну, бір ретті құсуға шағымданды. Қарау кезінде іш үрленуі анықталды. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында «Клойбер тостағаншалары» анықталады. Сіздің диагнозыңыз©
Ішек инфаркты©
Он екі елі ішектің перфоративті жарасы©
Жедел панкреатитпен асқынған Фатеров емізікшесінің қысылған тасы©
Бауырлық шаншу©
+Механикалық ішек өтімсіздігі
***
Ішек өтімсіздігінің қандай түрінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады©
Паралитикалық©
Спастикалық©
+Инвагинация©
Жіңішке ішектің бұралуы©
Ішек инфаркті
***
Қайсысы паралитикалық ішек өтімсіздігі дамуының себебі болып табылмайды©
Перитонит©+Қорғасынмен улану©Жедел панкреатит©Ішастарартылық гематома©Мезентериальды қанайналым бұзылысы
***
Ағза дегидратациясы қайсысында аса жылдам дамиды©
+Жіңішке ішек бұралуы©
Сигма тәрізді ішек бұралуы©
Ішек өтімсіздігі құбылыстары бар тік ішек ісігі©
Обтурациялық жуан ішек өтімсіздігі©
Илеоцекальды инвагинация
***
66 жастағы науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалуда, алғашқы белгілері 3 тәулік бұрын пайда болған. Операция кезінде қуысын толық обтурациялайтын сигма тәрізді ішек ісігі анықталды. Ісіктен проксимальды тоқ ішек және мықын ішек күрт үрленген, сұйық және газға толған. Ісіктен дистальды сигма тәрізді ішек қабысқан күйде. Көрінетін метастаздар анықталмады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласуды жүзеге асыру керек©
Гаген-Торн бойынша мезосигмопликация, назоинтестинальды интубация жүргізу©+Сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы, бір бағанды колостомия©Айналмалы илиосигмоанастомоз «бүйірін бүйіріне»©Цекостома салу©Субтотальды колэктомия, энтеростомия***
36 жастағы науқас әйел ауруханаға түсерден екі сағат бұрын кенеттен қатты толғақтәрізді іште ауырсыну ас қабылдағаннан кейін пайда болды. Көп ретті құсу, өте аз бір рет үлкен дәрет болды. Ауру алдында науқас өз бетімен бір апта бойы ашығу болған. Науқас жағдайы ауыр, мазасыз, төсекте тыныш жатпайды. Акроцианоз, бет әлпеті қиналған, тынысы жиілеген, тамыр соғысы 112 рет минутына, АҚ 100/60 мм рт.ст. Іші орташа үрленген, асимметриялы. Мезогастрийде тығыз эластикалық, дөңгелек пішінді түзілім пальпацияланады. Толғақ тәрізді ауырсыну шыңында күшейген, резонансты перистальтика естіледі. «Шалпыл шуы» анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз©
Төмендеген тоқ ішек ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі©
Қолқаның құрсақтық бөлімінің аневризмасының жарылуы©
Гангренозды холецистит, перфорациямен болуы мүмкін©
+жіңішке ішек бұралуы, жедел странгуляционды ішек өтімсіздігі©
Геморрагиялық панкреонекроз
***
Соқыр ішек қатерлі ісігі бар науқаста жедел ішек өтімсіздігі дамыған. Шұғыл операция кезінде регионарлы лимфа түйіндері үлкеймегені, ісіктің алыс метастаздары жоқ екені анықталды. Бұл науқасқа келесі операцияны жасаған жөн©
+Оң жақтық гемиколэктомия илиотрансверзоанастомозбен©
Цекостомия©
Соқыр ішек пен жоғарылаған тоқ ішек резекциясы, бір бағанды илиостомия©
Екі бағанды илиостомия©
Гартман операциясы
***
70 жастағы науқас әйелде бір тәулік бұрын сигматәрізді ішек бұралуы дамыды. Операция кезінде оның некрозы анықталған, тоқ ішек күрт үрленген. Бұл жағдайда оперативті араласудың тиімді нұсқасын көрсетіңіз©
Екі бағанды сигмостомия©
Сигматәрізді ішек резекциясы «соңын соңына» анастомозымен©
Сигматәрізді ішек резекциясы «бүйірін бүйіріне» анастомозымен©
+Бір бағанды колостома салумен сигматәрізді ішек резекциясы©
Цекостома салу
***
2 жыл бұрын көкбауыр жарылуына байланысты операция жасалған 42 жастағы науқас ауруханаға 2 сағат бұрын пайда болған іштегі өткір ауырсыну, жиі құсқысы келу шағымдарымен түсті. Ауырсыну толғақ тәрізді сипатты. Нәжісі, газ шықпайды. Мазасыз, қатты айқайлайды. Іші жоғарғы бөлігінде көбірек үрленген, перитонеальды симптомдар күдікті, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері қатайған. Рентгенологиялық көптеген деңгейлер және Клойбер тостағаншалары анықталды. Емдеу тактикасы©
+шұғыл операция©
лапароскопия©
тек қана консервативті ем©
сифонды клизма©
спазмолитиктер енгізу, назогастральды зонд
***
2 жыл бұрын көкбауыр жарылуына байланысты операция жасалған 42 жастағы науқас ауруханаға 2 сағат бұрын пайда болған іштегі өткір ауырсыну, жиі құсқысы келу шағымдарымен түсті. Ауырсыну толғақ тәрізді сипатты. Нәжісі, газ шықпайды. Мазасыз, қатты айқайлайды. Іші жоғарғы бөлігінде көбірек үрленген, перитонеальды симптомдар күдікті, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері қатайған. Рентгенологиялық көптеген деңгейлер және Клойбер тостағаншалары анықталды. Емдеу тактикасы©
+шұғыл операция©
лапароскопия©
тек қана консервативті ем©
сифонды клизма©
спазмолитиктер енгізу, назогастральды зонд
***
32 жастағы науқас Н. Травматология бөлімінде неврологиялық зақымданусыз омыртқаның компрессионды сынығына байланысты емделуде. Анамнезінде: 3 тәулік бұрын 3-қабаттан құла,ан. Үш тәулік бойы нәжіс және газ шықпауына, іш үрленуіне, іштегі орташа ауырсынуға шағымдары бар. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 72 рет/мин. Іші орташа үрленген, ассиметриясы жоқ, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, барлық бөлімдерінде біркелкі ауырсынады. Перитональды белгілер және бұлшықеттер қатаюы жоқ. Болжам диагноз қойыңыз©
Механикалық странгуляционды ішек өтімсіздігі©
Механикалық аралас ішек өтімсіздігі©
Механикалық обтурациялық ішек өтімсіздігі©
Динамикалық спастикалық ішек өтімсіздігі©
+Динамикалық паралитикалық ішек өтімсіздігі
***
32 жастағы науқас Н. Травматология бөлімінде неврологиялық зақымданусыз омыртқаның компрессионды сынығына байланысты емделуде. Анамнезінде: 3 тәулік бұрын 3-қабаттан құла,ан. Үш тәулік бойы нәжіс және газ шықпауына, іш үрленуіне, іштегі орташа ауырсынуға шағымдары бар. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 72 рет/мин. Іші орташа үрленген, ассиметриясы жоқ, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, барлық бөлімдерінде біркелкі ауырсынады. Перитональды белгілер және бұлшықеттер қатаюы жоқ. Емдеу тактикасы©
шұғыл операция©
диагностикалық лапароскопия, ары қарай тактика соған байланысты©
+консервативті терапия, тиімділігі болмаса – оперативті емдеу©
тек қана консервативті емдеу©
сифонды клизма
***
Ауруханаға 3-дәрежелі сигматәрізді ішектің қатерлі ісігімен шақырылған обтурациялық ішек өтімсіздігімен 75 жастағы науқас әйел түсті. Науқасқа қандай шұғыл операция көрсетілген©
Операция — лапаротомия, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы, ішек өтімсіздігін жою, Гартман операциясы©
Операция — лапаротомия, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы, ішек өтімсіздігін жою, сол жақтық гемиколэктомия©
+Операция — лапаротомия, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы, ішек өтімсіздігін жою, трансверзостома салу©
Операция — лапаротомия, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы, ішек өтімсіздігін жою, айналмалы анастомоз салу©
Операция — лапаротомия, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы, ішек өтімсіздігін жою, илеостома салу
***
63 жастағы науқас әйелді ұзақ уақыт бойы іш қату, іш үрлену, салмақ жоғалту мазалайды. Жуан ішекті зерттеудің қандай әдістерін тағайындау керек©
ФГДС, асқазан рентгеноскопиясы, ректороманоскопия©
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ, лапароскопия©
+Саусақпен ректальды зерттеу, ирригоскопия, колоноскопия©
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ, КТ
***
Егде жастағы науқас іштегі толғақтәрізді өткір ауырсыну, ассиметрия бар ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін түскен науқаста қиындаған тыныс алу, перкуссия кезінде тимпанит анықталды. Тік ішекті саусақпен зерттеу кезінде тік ішек ампуласының балонтәрізді кеңеюі, анус салбырауы анықталады. Құрсақ қуысының рентгенограммасындажуан ішектің гиперпневматизациясы. Цеге-Монтейфель оң симптомы. Науқаста қандай ауру©
динамикалық ішек өтімсіздігі©
жіңішке ішектің ісігі©
соқыр ішектің бұралуы©
шырышасты парапроктит©
+сигма бұралуы
***
Жас жігіттің кенеттен артқы өтісте қанды бөліністер пайда болды. Іште ауырсыну синдромы, оң жақ мықын аймағында толғақтәрізді ауырсыну. Пальпация кезінде илеоцекальды аймақта «шұжықтәрізді», эластикалық, орташа ауырсынатын түзілім анықталады. Сіз қандай аурудан күдіктенесіз©
Жуан ішек ісігі©
Жаралы колит©
+Аралас ішек өтімсіздігі©
Өздігінен ашылған шырышасты іріңді парапроктит©
Аппендикулярлы инфильтрат
***
Жедел ішек өтімсіздігі дамыған науқастарды зерттеуде рентгенологиялық көрінісіне сәйкес келмейтін симптомды көрсетіңіз©
Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында «Клойбер тостағаншалары»©
«Крейккринг қатпарлары»©
+диафрагманың оң күмбезі астында «ашық» орақтәрізді жолақ ©
«аркадалар» немесе «орган трубалары»©
толу дефекті «екі тісше» және «үш тісше»
***
Дамыған жедел ішек өтімсіздігі кезінде дегидратацияның орта дәрежесін сипаттайтын қандай симптомдар©
Шөлдеу, дене салмағының 3 % дейін сұйықтық жоғалту немесе 1,5-2л©
Шөлдеу, ауыз қуысы құрғау, 2,5 л кем емес сұйықтық жоғалту©
+Шөлдеу, ауыз қуысы құрғау, ұйқысыздық, апатия, дене салмағына қатысты 6% сұйықтық жоғалту, 4-4,5л кем емес©
Шөлдеу, апатия, галлюцинациялар, сандырақтау, қышқыл-сілтілік күй бұзылысы, дене салмағының 6% көп сұйықтық жоғалту©
Нормоволемия
***
34 жастағы науқас әйел ауруханаға түсерден 2 сағат бұрын ас қабылдаудан кейін кенеттен іште толғақтәрізді ауырсыну пайда болды. Көп ретті құсу, аз мөлшерде бір ретті үлкен дәрет болды. Ауру алдында науқас өз бетімен бір апта бойы ашығу болған. Науқас жағдайы ауыр, мазасыз, төсекте тыныш жатпайды. Акроцианоз, бет әлпеті қиналған, тынысы жиілеген, тамыр соғысы 112 рет минутына, АҚ 100/60 мм рт.ст. Іші орташа үрленген, асимметриялы. Мезогастрийде тығыз эластикалық, дөңгелек пішінді түзілім пальпацияланады. Толғақ тәрізді ауырсыну шыңында күшейген, резонансты перистальтика естіледі. «Шалпыл шуы» анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз©
Төмендеген тоқ ішек ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі©
Қолқаның құрсақтық бөлімінің аневризмасының жарылуы©
Гангренозды холецистит, перфорациямен өттік перитонит©
+жіңішке ішек бұралуы, жедел странгуляционды ішек өтімсіздігі©
Геморрагиялық панкреонекроз, панкреатогенді перитонит
***
38 жастағы науқасқа асқазан перфоративті жарасы, жайылған серозды-фибринозды перитонитке байланысты операция жасалған. Префорация тігілді, құрсақ қуысына дренаждау жасалды. Операциядан кейін 3-ші тәулікте іш үрленуі, жүрек айну, бір реттік құсу пайда болған. Үлкен дәретке отырмаған, газ шықпаған. Қарау кезінде: науқас жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы – 88 рет минутына. Іші біркелкі үрленген, пальпацияда жұмсақ, операция алаңында ауырсынады. Ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Перистальтикасы әлсіз, жекелеген толқындары бар. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Құрсақ қуысы дренажынан ештеңе бөлінбейді. Құрсақ қуысы рентгенографиясында жекелеген ұсақ сұйықтық деңгейлері бар. Науқаста дамыған операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуды көрсетіңіз©
асқазанның жедел кеңеюі©
жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі©
+операциядан кейінгі ішек парезі©
мезентериальды қантамырлар тромбозы©
геморрагическиялық панкреонекроз
***
Науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалуда. Операция кезінде жіңішке ішектің 1,5 м жуық 360°-қа бұралуы анықталды. Бұралуды орнына келтіру, шажырқайға новокаинді блокада және ішек ілмегін жылытқаннан кейін соңғысы цианоз дақтары бар қызыл түске боялды, перистальтикасы жоқ, шажырқайдың терминальды артерияларының пульсациясы анықталмайды. Хирургиялық тактиканың тиімді нұсқасын таңдаңыз©
+анастомоз салумен жіңішке ішек резекциясын, назоинтестинальды интубация жасау керек©
тек қана назоинтестинальды интубациямен шектелу керек©
илеотрансверзоанастомоз "бүйірін-бүйіріне" салу қажет, тік ішек сфинктерінің девульсиясын жасау керек©
операцияны лапаростомиямен аяқтау керек, ішек резекциясынан бас тарту©
Нобль бойынша интестинопликация көрсетілген
***
62 жастағы науқас бөлімшеге іштегі толғақтәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу шағымдары бар ауру басталғаннан 12 сағаттан кейін түсті. Анамнезінде – аппендэктомия. Ауырсыну өсімдік текті ас қабылдағаннан кейін пайда болған. Науқас жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы – 92 рет минутына. Іші орташа үрленген, оң жақ мықын аймағының салбырауы байқалады. Жоғарылаған тоқ ішек проекциясында жұмсақ эластикалық ісік тәрізді, пішіні овальды түзілім пальпацияланады. Перистальтика күшейген, резонансты реңкі бар. Ректальды зерттеу кезінде тік ішектен қанды бөліністер анықталады. Ирригоскопия жасалған, «екі тісше» симптомы анықталды. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз©
соқыр ішек ісігі, обтурациялық ішек өтімсіздігі©
оң жақ мықын аймағының абсцессі©
жуан ішектің аналық без кистомасымен басылуы, обтурациялық ішек өтімсіздігі дамуы©
+инвагинацияның илеоцекальды формасы©
жуан ішектің токсикалық дилатациясы
***
Науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалды. Операция кезінде сигматәрізді ішектің 360°-қа бұралуы анықталды. Көлденең тоқ ішек пен төмендеген тоқ ішек үрленген, сұйықтық пен газға толы. Мықын ішек диаметрі қалыпты. Бұралу орнына келтірілді, новокаин ерітіндісімен шажырқайға блокада жасалды, ішек жылытылды. Сигматәрізді ішек тіршілікке қабілетті деп танылды. Операцияны тиімді аяқталуы болып табылады©
сигматәрізді ішек резекциясы, бір бағанды колостома салу, стома арқылы жуан ішекті интубациялау©
айналмалы илео-сигмоанастомоз салу©
+Гаген-Торн бойынша мезо-сигмопликация, жуан ішектің сол жақ бөлігінің трансанальды интубациясы©
Нобль бойынша интестинопликация©
цекостома салу
***
67 жастағы науқасты жарты жыл бойы 3-4 күнге созылатын іш қатулар, нәжісте шырыш пен күңгірт қан қалдықтары пайда болуы мазалайды. Ауруханаға түсерден 2 тәулік бұрын іште толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды, газ шықпайды, үлкен дәретке отырмаған. Науқас жағдайы орташа ауырлықта. Іші үрленген, ішек перистальтикасы көрінеді. Пальпация кезінде іші жұмсақ, барлық бөлімінде орташа ауырсынады. Күшейген ішек шулары тыңдалады. Ректальды зерттеу кезінде сфинктер атониясы анықталады, саусақ биіктігінде патология жоқ. Сифонды клизма жасау кезінде тік ішекке 500,0 мл-ден көп емес су құйылады. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясында көптеген жіңішке, жуанішектік үстінде газ бар сұйықтық деңгейлері анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз©
долихосигма, сигматәрізді ішек бұралуы, жедел странгуляционды ішек өтімсіздігі©
+жуан ішектің ректо-сигмоидты бөлімінің ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі©
спецификалық емес жаралы колит, жуан ішектің токсикалық дилятациясы©
бүйректік шаншу, спастикалық ішек өтімсіздігі©
илеоцекальды инвагинация, жедел странгуляционды ішек өтімсіздігі
***
Ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған 70 жастағы науқас әйелде өтімсіздік себебі сигматәрізді ішек қуысын обтурациялайтын нәжістік тас екені анықталды. Ішек тіршілікке қабілетті. Оперативті араласу көлемі қандай©
сигматәрізді ішек резекциясы, бір бағанды колостома салу, стома арқылы жуан ішекті интубациялау©
айналмалы илео-сигмоанастомоз салу©
+сигмотомия, тасты алу және ішек қабырғасының бүтіндігін қалпына келтіру©
Нобль бойынша интестинопликация, ішек шажырқайы түбірінің новокаинді блокадасын жүргізу©
цекостома салу
***
80 жастағы науқас әйелде жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция кезінде сигматәрізді ішек бұралуы және қабырғасының гангренасы анықталды. Құрсақ қуысында көп мөлшерде серозды экссудат. Емдеу тактикасы қандай©
+сигматәрізді ішек резекциясы, екі бағанды колостома салу©
айналмалы илеосигмоанастомоз салу©
некроз орнында сигмотомия жасау, жуан ішекті түтікпен дренаждау©
Нобль бойынша интестинопликация, ішек шажырқайы түбірінің новокаинді блокадасын жүргізу©
цекостома салу
***
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде «шалпыл шуы» пайда болуы түсіндіріледі©
құрсақ қуысында экссудат болуы©
+әкелуші ішек ілмегінде сұйықтық пен газ болуы©
әкетуші ішек ілмегінде сұйықтық пен газ болуы©
құрсақ қуысында бос газ болуы©
барлық аталғандар дұрыс емес
***
Сигматәрізді ішек бұралуына тән емес симптомды көрсетіңіз©
толғақтәрізді ауырсыну©
іш асимметриясы©
"шалпыл шуы"©
Цеге фон Мантейфель симптомы©
+құсу
***
Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай©
Перфоративті гастродуоденальды жара©
Жедел жіңішке ішек өтімсіздігі©
Деструктивті холецистит©
+Панкреонекроз©
Мезентериальды қантамырларының жедел окклюзиясы
***
Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Бұл науқаста диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдістері көмектеседі©
Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы, ішек бойымен барий сульфаты пассажын бақылаумен рентгенография©Науқасты ректальды қарау, колоноскопия©+Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ, амилаза белсенділігіне қан және зәрді зерттеу©
ФЭГДС, асқазан сөлін зерттеу©Жалпы клиникалық талдаулар, жасырын қанға нәжісті зерттеу***
Өт-тас ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөліктерінде белдеме ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склера субэктерикалық. ЖСЖ 120 рет минутына. АҚ 90/60 мм. рт.ст. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші үрленген, жоғарғы бөлімінде ауырсынады, дәл сол жерде бұлшықеттер ригидтілігі және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Іштің алшақ жерлерінде – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы теріс. Ішек шулары әлсіреген. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз©
Шұғыл лапаротомия©
Лапароскопиялық санация, құрсақ қуысын дренаждау, хирургиялық бөлімшеде консервативті емдеу©
+Лапароскопиялық санация, құрсақ қуысын дренаждау, реанимация бөлімшесінде консервативті емдеу©
Консервативті терапия тиімсіздігі кезінде 24 сағат ішінде лапаротомиялық араласу©
Хирургиялық бөлімшеде жүргізілетін консервативті терапия тиімсіздігі кезінде 12 сағат ішінде қайталама санационды лапароскопия
***
49 жастағы науқаста едәуір етті, майлы және татымды ас қабылдағаннан кейін іштің жоғарғы бөлімінде белдеме сипатты ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Науқас 6 жыл бойы асқазан ойық жара ауруымен ауырады. Қарау кезінде: іші үрленбеген, барлық бөлімдері тыныс алу актісіне қатысады, орташа қатайған және эпигастральды аймақта ауырсынады. Тамыр соғысы – 96 рет минутына. Температурасы 37,2°. АҚ – 125/90 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет©
Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ©
ФГДС©
+Ұйқы безінің УДЗ. Қан және зәр амилазасы. ФГДС. Асқазан рентгеноскопиясы©
Ұйқы безінің УДЗ. Қан және зәр амилазасы. ФГДС. Құрсақ қуысының рентгенографиясы©
Компьютерлі томография. Ұйқы безінің УДЗ. Асқазан рентгеноскопиясы
***
Стационарға іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсынуға, басылмайтын көп ретті өт аралас құсу шағымдарымен 35 жастағы науқас госпитализацияланды. Ауырсыну 6 сағат бұрын көп мөлшерде алкоголь және майлы тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. ЖСЖ 94 рет минутына. АҚ 110/80 мм. рт.ст. Іші үрленбеген, эпигастральды аймақта және сол жақ қабырға астында күрт ауырсынады, сол жерде алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жақтан да теріс. Алшақ жерлерде перкуторлы дыбыс тұйықталуы жоқ. Перистальтика әлсіреген. Үлкен дәретке отырмаған, газ шықпайды. Зәршығару бұзылмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай©
Сол жақтық бүйрек шаншуы©
Жедел странгуляционды ішек өтімсіздігі©
Ішек инфаркты©
Асқазан-ішек жолынан қан кету©
+Жедел панкреатит
***
49 жастағы науқаста едәуір етті, майлы және татымды ас қабылдағаннан кейін іштің жоғарғы бөлімінде белдеме сипатты ауырсыну, көп ретті құсу пайда болды. Науқас 6 жыл бойы асқазан ойық жара ауруымен ауырады. Қарау кезінде: іші үрленбеген, барлық бөлімдері тыныс алу актісіне қатысады, орташа қатайған және эпигастральды аймақта ауырсынады. Тамыр соғысы – 96 рет минутына. Температурасы 37,2°. АҚ – 125/90 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай©
Жедел панкреатит. Асқазанның созылмалы жарасы©
Субкомпенсацияланған стенозбен асқынған асқазанның ойық жара ауруы. Жедел панкреатит©
+Асқазан ойық жарасының ұйқы безі денесіне пенетрациясы, асқынуы - жедел панкреатит©
Жедел панкреонекроз. Асқазанның созылмалы жарасы©
Жедел панкреатит, ісінулік-ауырсынулық форма
***
37 жастағы науқас көп ретті өт аралас құсу және іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну пайда болғаннан 12 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілді. Ауру басталуын алкоголь және майлы тағам қабылдаумен байланыстырады. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз, іші үрленген, тыныс алу актісіне қатысуы шектелген, эпигастральды аймақта күрт ауырсынады. Перкуторлы – іштің алшақ жерлерінде дыбыс қысқаруы. Щеткин-Блюмберг және Мейо-Робсон симптомдары оң. Тамыр соғысы – 96 рет минутына, толымы әлсіз. Температура 37,2°. АҚ – 95/60 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізілуі қажет©
Кеуде және құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
+Ұйқы безін УДЗ. Қан және зәр амилазасы©
Құрсақ қуысының УДЗ©
Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы©
Фиброгастроскопия
***
Этиологиясы алиментарлы деструктивті панкреатитпен ауыратын 45 жастағы науқас госпитализациядан 25 куннен кейін консервативті емдеу фонында гектикалық дене температурасы, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильды ығысуы пайда болды. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. Өкпеде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Тілі құрғақ, ылғалды. Іші үрленбеген, жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсынады, сол жерде тығыз, қозғалмайтын мөлшері 10x15 см инфильтрат пальпацияланады. осмотре кожные покровы обычной окраски, влажные. Перитонеальды симптомдар жоқ. Үлкен дәреті күнделікті. Диурез жеткілікті. Сіздің диагнозыңыз©
Іріңді холангит©
Өкпе абсцессі©
Кіші жамбас абсцессі©
Бауыр абсцессі©
+Ішастар арты кеңістігінің абсцессі
***
Этиологиясы алиментарлы деструктивті панкреатитпен ауыратын 45 жастағы науқас госпитализациядан 25 куннен кейін консервативті емдеу фонында гектикалық дене температурасы, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильды ығысуы пайда болды. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының түсі қалыпты, ылғалды. Өкпеде қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ. Тілі құрғақ, ылғалды. Іші үрленбеген, жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсынады, сол жерде тығыз, қозғалмайтын мөлшері 10x15 см инфильтрат пальпацияланады. осмотре кожные покровы обычной окраски, влажные. Перитонеальды симптомдар жоқ. Үлкен дәреті күнделікті. Диурез жеткілікті. Сіздің ары қарай жүргізетін емдеу тактикаңыз қандай©
Инфузионды, антибактериальды және қабынуға қарсы терапия, динамикалық бақылау©
Антибактериальды терапия октреотид ацетатын және антиферменттік препараттар тағайындаумен бірге©
+Хирургиялық араласу©
Инфузионды және қабынуға қарсы терапия, динамикалық бақылау©
Лапароскопиялық дренаждау
***
50 жастағы науқас жедел панкреатит клиникасымен түсті. Шұғыл жасалған лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық экссудат және көлденең тоқ ішектің шажырқайы түбірінің висцеральды ішастарында «стеаринді дақтар» анықталды. Сіздің диагнозыңыз©
ісіну-ауырсынулық панкреатит©
геморрагиялық панкреонекроз©
майлы панкренекроз©
+аралас панкреонекроз©
іріңді панкреонекроз
***
50 жастағы науқас жедел панкреатит клиникасымен түсті. Шұғыл жасалған лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық экссудат және көлденең тоқ ішектің шажырқайы түбірінің висцеральды ішастарында «стеаринді дақтар» анықталды. Хирургиялық емнің жоспары қандай©
Шарбылық сөмке ревизиясы, құрсақ қуысы мен шарбылық сөмкені дренаждау©
+Шарбылық сөмке ревизиясы, құрсақ қуысының санациясы, құрсақ қуысы мен шарбылық сөмкені дренаждау, холецистостомия©
Шарбылық сөмке ревизиясы, құрсақ қуысын санациялау, шарбылық сөмкені дренаждау©
Шарбылық сөмке ревизиясы, құрсақ қуысын санациялау, холецистостомия©
Шарбылық сөмке ревизиясы, құрсақ қуысын санациялау, құрсақ қуысы мен шарбылық сөмкені дренаждау, холецистэктомия және холедохты дренаждау
***
37 жастағы науқас көп ретті өт аралас құсу және іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну пайда болғаннан 12 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілді. Ауру басталуын алкоголь және майлы тағам қабылдаумен байланыстырады. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз, іші үрленген, тыныс алу актісіне қатысуы шектелген, эпигастральды аймақта күрт ауырсынады. Перкуторлы – іштің алшақ жерлерінде дыбыс қысқаруы. Щеткин-Блюмберг және Мейо-Робсон симптомдары оң. Тамыр соғысы – 96 рет минутына, толымы әлсіз. Температура 37,2°. АҚ – 95/60 мм рт. ст. Лейкоциттер 17×10/9/л. Сіздің болжам диагнозыңыз©
Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит©
Жедел панкреонекроз, ферментативті шок. Перитонит©
+Жедел панкреатит. Панкреонекроз, ферментативті шок. Перитонит©
Жедел алкогольдік панкреатит. Панкреонекроз. Алкоголь суррогаттарымен улану©
Жедел панкреонекроз. Перитонит
***
Деструктивті панкреатитпен ауыратын 30 жастағы науқас ауруханаға түскеннен 14 күннен кейін гектикалық температура, тахикардия, қалтырау, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы пайда болды, эпигастрийде инфильтрат пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз©
холангит©
пневмония©
ұйқы безінің кистасы©
ішастарарты флегмонасы©
+шарбы сөмкесінің абсцессі
***
Бір ай бұрын деструктивті панкреатитті басынан өткерген науқаста іштің жоғарғы бөлімдерінде жұмсақ консистенциялы көлемді түзілім анықталады. Іші жұмсақ, перитонеальды құбылыстарсыз. Температура және қан формуласы қалыпты шекте. Сіздің диагнозыңыз©
ұйқы безінің ісігі©
шарбылық сөмке абсцессі©
+ұйқы безінің жалған кистасы©
ұйқы безінің шынайы кистасы©
псевдотуморозды панкреатит
***
59 жастағы науқас этиологиясы белгісіз перитониттің клиникалық көрінісімен түскен, диагностикалық мақсатпен лапароскопия жасалынды. Лапароскопия кезінде құрсақ қуысында орташа көлемде геморрагиялық экссудат, үлкен шарбыда – майлы некроз дақтары анықталды. Гастродуоденальды байлам аймағында қан сіңбеленген. Құрсақ қуысы экссудатында амилаза мөлшері жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз©
қуысты мүше зақымдануы, перитонит©
бауыр жарылуы, гемоперитонеум©
+геморрогиялық панкреонекроз, панкреатогенді перитонит©
асқазанның перфоративті жарасы, жайылған іріңді-фибринозды перитонит©
мезентериальды тромбоз, геморрагиялық перитонит
***
Ауруханаға 35 жастағы науқас іштің жоғарғы бөлімінде күрт белдеме ауырсыну, көп ретті құсу шағымдарымен түсті. Ауырсыну алкоголь ішкеннен кейін пайда болған. Жағдайы ауыр. Тамыр соғысы 120 рет/мин., АҚ 90/60 мм рт. ст. Іші жоғарғы бөлімдерде күрт ауырсынады, іштің алшақ аудандарында – перкуторлы дыбыс тұйықталуы. Перистальтика әлсіреген. Сіздің диагнозыңыз©
этанолмен улану©
+жедел геморрагиялық панкреатит©
жедел ісінулік панкреатит©
жедел майлы панкреонекроз©
жедел холецистопенкреатит.
***
68 жастағы науқас әйел майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін арқаға иррадиация беретін іште қатты ауырсыну, өт аралас құсу пайда болды. Анамнезінен созылмалы калькулезді холециститпен ауыратыны белгілі. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, іштегі ауырсынудан ыңқылдайды, тамыр соғысы 98 рет-мин., тілі құрғақ. Іші үрленген, пальпаторлы эпигастрий және сол қабырға астында айқын ауырсыну байқалады. Mayo-Robson симптомы оң. Перистальтика әлсіз. Температурасы 37,1°С, қан лейкоциттері 9х109/л. Науқасқа консервативті емнің қандай көлемі көрсетілген©
Глюкозо-новокаинді қоспаны, Рингер ерітіндісін, гемодез көктамырішіне енгізу©
Новокаинді блокады, инфузионды терапия©
спазмолитиктер, глюкозо-новокаинді қоспа, Рингер ерітіндісін, гемодез көктамырішіне енгізу, морфин инъекциясы©
+спазмолитиктер, инфузионды терапия, протеаза ингибиторларын, цитостатиктер қолдану©
спазмолитиктер тағайындау, кальций препараттарын қолдану.
***
Қандай дифференциальды-диагностикалық симптомдар жедел панкреатит диагнозын қоюға мүмкіндік береді©
Ауыспалы сарғаю, жиі шаншулар, оң жауырынға ауырсыну иррадиациясы, оң қабырға астындағы ауырсыну, бұлшықеттер қатаюы, Василенко симптомы оң©
Эпигастрий және сол қолда ауырсыну, трансаминазаға реакциялар оң, гипотония, ЭКГ өзгеруі, теріс Т тісшесі©
Тақтай тәрізді іш, оң мықын аймағына ауысу тенденциясы, перкуторлы бауыр тұйықтығының қысқаруы, рентгенологиялық құрсақ қуысында бос газ©
+Эпигастрийде қатты ауырсыну, коллапс, Воскресенский симптомы оң, қабырға омыртқа бұрышында ауырсыну, диастазурия, гипокальциемия© Шап аймағында шаншу, гематурия, гипотония, орташа температуралық реакция
***
40 жастағы науқас әйел ауруханаға ауырғаннан 2-ші тәулікте түсті. Қарау және зерттеу кезінде, Жағдайы орташа ауырлықта, айқын ферментативті интоксикация, панкреатогенді перитонит клиникасы жоқ. Емдеу әдісі қандай, тежеуші панкреатикалық протеинді синтез, аса тиімді және қолжетімді©
кеуде лимфа түтігін дренаждау©
+цитостатиктер©
локальды асқазан гипотермиясы©
гемосорбция©
лапароскопиялық перитонеальды диализ
***
Деструктивті панкреатитпен ауыратын науқаста 15-ші тәулікте айқын интоксикация құбылысы, дене температурасы 39°С, қалтырау, тершеңдік, лейкоцитоз, бел аймағныда тері гиперемиясы сақталды. Диагноз©
Ісінулік панкреатит©
Ұйқы безінің абсцессі©
Шарбы сөмкесінің абсцессі©
іріңді перитонит©
+ішастарартылық флегмона
***
Деструктивті панкреатит кезінде оперативті араласуға көрсеткіштер:©
парапанкреатикалық инфильтрат©
+іріңді парапанкреатит©
ішастарарты кеңістігінің ісінуі©
панкреатогенді перитонит©
ауыр интоксикация
***
Қай жағдайда жедел панкреатит кезінде цитостатиктер тағайындау жөнсіз болып табылады©
панкреатиттің деструктивті формалары©
тыныс алу жетіспеушілігі©
+панкреатиттің іріңді асқынулары бауыр-бүйрек жетіспеушілігімен©
коллапс©
сарғаю
***
20 жастағы науқаста жедел панкреатиттің клиникасы, бірақ асқазанның жарасының тесілуін де болжамнан шығаруға болмайды. Диагностикалық лапароскопияны жасау ұйғарылды. Деструктивті панкреатиттің сенімді лапароскопиялық белгісін таңдаңыз©
ішек пневматизациясы©
ішастар гиперемиясы©
үлкен шарбы ісінуі©
құрсақ қуысында асқазан құрамының болуы©
+ішастарда стеатонекроз таңдақтары (бляшкалары
***
30 жастағы науқас аурудың 2-ші тәулігінде ауруханаға жедел панкреатит диагнозымен, айқын ферментативті интоксикация және панкреатогенді перитонитпен түсті. Ағзадан панкреатикалық ферменттерді шығарудың әдістерін көрсетіңіз©
локальды асқазанішілік гипотермия©
+перитонеальды диализ©
перидуральды анестезия©
кіндік венасын катетеризациялау©
қолқаны катетеризациялау
***
Жедел панкреатит кезінде цитостатиктердің емдік әсерінің механизмі©
кезбе жүйке блокадасы©
безде қабынуды азайту©
ауырсынуды азайту©
+без жасушаларында белок синтезін тежеу©
панкреатикалық ферменттерді инактивациялау
***
Жайылған перитонит клиникасы бар 40 жастағы науқаста 1,5 л мөлшерде геморрагиялық экссудат анықталды, гепатодуоденальды байлам және көлденең тоқ ішек аймағында гематома, ішастар гиперемиясы. Өт қабы өлшемдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз©
құрсақ қуысының жабық жарақаты©
жатырдан тыс жүктілік©
+геморрагиялық панкреонекроз©
аналық без кистасының жарылуы©
көкбауыр жарылуы
***
35 жастағы науқас ауруханаға жедел панкреатит диагнозымен түсті. Аурудың энзимді сатысындағы аса ақпаратты тестті көрсетіңіз©
+қан амилазасы©
трипсиноген©
аминотрансфераза©
альдолаза©
лактаза
***
Басынан өткерілген панкреонекроздан кейін 6 ай өткен соң 45 жастағы науқасты УДЗ кезінде ұйқы безі денесінің 3x4 см кистасы анықталды. Емдеудің бастапқы нұсқасын көрсетіңіз©
цистоэнтероанастомоз©
+УДЗ бақылауымен сыртқы дренаждау©
ұйқы безінің дистальды бөлігіндегі өзектердің пломбировкасымен панкреатодуоденальды резекция©
марсупилизация©
цистогастродуоденостомия
***
60 жастағы науқас әйел түскен кезде эпигастрий аймағында белдеме ауырсыну, көп ретті өт аралас аспен құсу шағымдары болды. Пальпация кезінде – ішастар тітіркенуімен эпигастрий аймағында ауырсыну. Тахикардия. Қан лейкоциттері - 10,0х10^9/л, зәр амилазасы - 1024, қан амилазасы -80. Рентгенограммада – көлденеңтоқ ішек пневматизациясы. Сіздің диагнозыңыз©
+жедел панкреатит©
ойық жара ауруының өршуі©
жедел гастрит©
жедел холецистит©
жедел ішек өтімсіздігі
***
Лапароскопия кезінде 40 жастағы науқаста 1,5 л дейін геморрагиялық сұйықтық анықталды. Диагнозды нақтылауға қандай қосымша зертханалық зерттеулер көмектеседі©
лейкоциттерді анықтау©
гемоглобин анықтау©
+амилазаны анықтау©
цитологиялық зерттеу©
микробты флораны зерттеу
***
Перитонитке тән емес клиникалық белгіні көрсетіңіз©
+Тахикардия©
Құрғақ тіл©
құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң©
Ішек перистальтикасының жоғалуы©
Куленкампф симптомы
***
40 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 1,5 тәуліктен соң орталық лапаротомиялық ену арқылы операция жасалды. Құрсақ қуысының ревизиясы кезінде құрсақ қуысының төменгі қабатында ішастар ісінуі мен гиперемиясы және фибрин жабындысы, кіші жамбас қуысында іріңді перитонеальды экссудат анықталды. Құрттәрізді өсінді қалыңдаған, қатайған, қою-қызыл түсті, ірің шығатын перфорациялық тесігі бар. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз©
+Аппендэктомия, құрсақ қуысының санациясы және дренаждау. Дренаждар орнату. Лапаротомдық жараны тұйық тігу©
Аппендэктомия, құрсақ қуысының санациясы. Кіші жамбас астауына тампон және микроирригатор орнату. Лапаротомдық жараны тұйық тігу©
Аппендэктомия, құрсақ қуысының санациясы. Лапаротомдық жараны тұйық тігу©
Аппендэктомия, құрсақ қуысының санациясы. Илеостомия. Лапаротомдық жараны тұйық тігу©
Аппендэктомия, лапаростомия
***
Құрсақ қуысы абсцестерін диагностикалауға мүмкіндік бермейтін әдісті табыңыз©
Ультрадыбыстық сканерлеу©
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
+Колоноскопия©
Компьютерлік томография©
МРТ
***
Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын 60 жастағы науқас ауру басталғаннан 3 тәуліктен соң ауруханаға кейін бүкіл ішке таралған эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған кезде түсті. Екі реет құсу болған. Науқас жағдайы ауыр. Есі шатасқан. Тері жабындылары бозғылт. Екі балтырының ісінуі бар. ТАЖ – 26 рет/мин, ЖСЖ – 120 рет/мин, АҚ - 90/60 мм с.б. Тілі құрғақ, жабылған. Іші тыны салу актісіне қатыспайды, қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы анықталған барлық бөлімдерде ауырсынады. Ішек шулары естілмейді. Тәуліктік диурез – 800 мл. Қан лейкоциттері – 15 х 10 9/л. гемоглобин – 131 г/л., зәр диастазасы – 64 ӘБ. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде диафрагма астында бос газ анықталады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз©
Диагнозды нақтылау және хирургиялық ену жолын таңдау үшін лапароскопия©
+1-2 сағат бойы операцияалды инфузионды және кардиальды терапия, операция жасау©
Науқасқа операцияалды инфузионды терапия керек емес. Шұғыл операция көрсетілген©
Диагнозды нақтылау және хирургиялық ену жолын таңдау үшін ультрадыбыстық зерттеу©
1-2 сағат бойы операцияалды инфузионды және кардиальды терапия, эзофагогастроскопия жасау
***
Назоинтестинальды зонд қоюға көрсеткіштердің бірі жайылған іріңді перитонит. Перитонит кезінде бұл емдеу әдісін қолданудың патогенетикалық негіздейтін зонд негізгі функцияларына жатпайтынын көрсетіңіз©
Жіңішке ішектің ұзақ декомпрессиясы қажет болуы©
Ішек құрамының детоксикациясы қажет©
Жабыспақ ішек өтімсіздігінің алдын алу©
+Ішектен қан кетудің алдын алу©
Ерте энтеральды қоректену қажет
***
Құрсақішілік қан кету мен перитонит арасында дифференциальды диагностика жүргізгенде төменде көрсетілген клиникалық симптомдардың ішінде тек қана перитонитке патогномиялығын табыңыз©
«Ванька-встанька» симптомы©
Куленкампф симптомы©
+Щёткин-Блюмберг симптомы©
ректальды тексеру кезінде тік ішек алдыңғы қабырғасының салбырауы©
іштегі үнемі ауырсыну
***
33 жастағы науқас іштің төменгі бөліміндегі үнемі ауырсынуға, жүрек айну, құсу, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданды. Өзінің 2 тәулік бойы ауырғанын айтты, алғашында жүрек айну, іштің жоғарғы бөлімінде ауырсыну пайда болды. 6 сағаттан кейін ауырсыну оң мықын аймағына орын ауыстырды, бір реттік құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 90 рет/мин, АҚ 120/80 мм с.б. Тілі құрғақ, жабылған. Іші аздап үрленген, оң, сол мықын аймақтары және қасағаүсті аймағында ауырсынады, сол жерде бұлшықеттер қатайған және Щеткин-Блюмберг симтомы оң. Ішек шулары әлсіреген. Зәр шығару бұзылмаған. Ректальды зерттеу кезінде қабырға салбырауынсыз тік ішектің айқын ауырсынуы анықталды. Қан лейкоциттері – 15 х 109/л, ЭТЖ – 16 мм/сағ. Клиникалық диагнозды көрсетіңіз©
Терминальды илеит (Крон ауруы), диффузды перитонит©
Деструктивті холецистит, диффузды перитонит©
+Деструктивті аппендицит, диффузды перитонит©
Панкреонекроз, панкреатогенді перитонит©
Асқазанның тесілген жарасы, жайылған перитонит
***
Перитонит кезінде оның себебі мен сипатының дифференциальды диагностикасында жоғары ақпаратты әдіс болып табылады©
+Лапароскопия©
Ультрасонография©
Лапароцентез©
Компьютерлік томография©
С-реактивті белок деңгейін анықтау
***
Аталғандардың ішінен операциялық емді қажет етпейтін перитониттің клиникалық формасын көрсетіңіз©
Жергілікті фибринозды-іріңді©
+Панкреатогенді ферментативті©
Диффузды фибринозды-іріңді©
Өттік©
Нәжістік
***
Фибринозды-іріңді перитониттің жайылған формаларында перитонеальды экссудат микрофлорасының аса дәл сипаттамасы болып табылады. Аса келетін жауап комбинациясын таңдаңыз: А). 1,3,5. Б). 1,4. В). 1,5. Г). 2,5. Д). 2,3,5©
Бактериялардың мономикробты өсуі©
Бактериялардың полимикробты өсуі©
Грам теріс бактериялар басымдығы©
Грам оң бактериялар басымдығы©
+ Бактероидты микрофлора болуы
***
Перитониттің берілген этиологиялық түрлерінің ішінен диагностикалау қиын және ағымы аса ауырын көрсетіңіз©
+Операциядан кейінгі©
Панкреатогенді©
Жарақаттан кейінгі©
Аппендикулярлы©
Гемодиализден кейінгі
***
Берілген аурулардың ішінен патогенезінде аурудың ерте сатыларында бактериялық фактор маңызды рөл атқармайтынын табыңыз©
Жуан ішек ісігінің перфорациясы©
+Панкреонекроз©
Жіңішке ішек жарақаты©
Деструктивті аппендицит©
Деструктивті холецистит
***
Берілген аурулардың ішіннен біреу перитонит себебі ретінде дұрыс көрсетілмеген:©
Деструктивті холецистит©
+Іріңді холангит©
Мезентериальды тромбоз©
Деструктивті аппендицит©
Ішек өтімсіздігі
***
Перитонит кезінде ауру аяқталуын анықтайтын факторға жатпайтынын табыңыз©
Ішастар зақымдануының таралғандығы©
Қоздырғыштар вируленттігі©
Перитонит көзі©
Ауру ертелігі©
+Науқас жынысы.
***
Қай симптом перитониттің кеш сатысына тән емес©
іштің айқын үрленуі©
күрт сусыздану©
ішек шуларының жоғалуы©
гипопротеинемия©
+күшейген перистальтика пайда болуы
***
Шығу тегі аппендикулярлы және гинекологиялық перитонитті дифференциальды диагностикалауда аса дәл әдіс болып табылады©
+Лапароскопия©
Ультрасонография©
Қынаптың артқы күмбезіне пункция©
Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
Лапароцентез
***
Абдоминальды хирургияда құрсақ қуысына сатылық ревизия мен санациялауға көрсеткіш болып табылмайды©
Нәжісітік перитонит©
Жайылған іріңді перитонит©
Шажырқайлық тромбоз©
+Аппендикулярлы абсцесс©
Инфицирленген панкреонекроз
***
Жергілікті перитонитпен перфорациялық аппендицитке операция жасалған науқаста операциядан кейін 3-ші тәулікте кеуде торының оң жақ бөлігінде ауырсыну, қалтырау пайда болды. Рентгеноскопия кезінде оң жақ плевралық синуста экссудат бар, диафрагманың оң күмбезі биік орналасуы және оның қозғалғыштығының шектелуі. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде диафрагмаасты кеңістігінде сұйықтығы бар көлемді түзілім анықталды. Қандай аурудан күдіктену керек©
оң жақтық пневмония©
+диафрагмаастылық абсцесс©
жедел холецистит©
жедел панкреатит©
іштің оң жақ бөлімдерінің перитониті
***
40 жастағы науқас ер адам 8 сағат бұрын ауырған, төс етегі астында кенеттен өткір ауырсыну пайда болды, кейін ауырсыну бұкіл ішке таралды, әсіресе оң жақ жартысына. Науқас еш қозғалыссыз жатыр. Іші тартылған, тақтай тәрізді қатайған, күрт ауырсынады, ішастар тітіркену симптомы оң, перистальтика естілмейді. Лейкоцитоз-1135О, АҚК жеткіліксіздігі жоқ. Диурез адекватты. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде диафрагма күмбезінің астында орақ тірңздң ауа жолағы. Қандай ауру деп ойлайсыз©
деструктивті холецистит және жергілікті перитонит©
+тесілген жара ауруы кезіндегі перитониттің ерте сатысы©
жедел деструктивті аппендицит салдарынан болған диффузды перитонит©
жайылған іріңді перитониттің терминальды сатысы©
панкреатиттің жедел формасы
***
30 жастағы ер адам 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында пайда болып, кейін бүкіл ішке жайылған үнемі ауырсынуға шағымданады. Бір тәулік бұрын бір реттік құсу болды, өз бетімен үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, жабылған. Іші қатайған, барлық бөлімдерде, әсіресе оң жақ бүйір каналда көбірек ауырсынады. Перкуторлы – бүкіл іште тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қан лейкоциттері 18 мың/мл, т/я-10%. Төменде аталған емдердің қайсысы ең орынды©
Перитонеальды лаваж©
+Шұғыл операция – лапаротомия©
Лапароскопиялық холецистэктомия©
Лапароцентез©
Лапароскопиялық аппендэктомия
***
Жайылған перитониттің асқынған формасына тән аса кардинальды кеш симптомды көрсетіңіз©
толғақтәрізді ауырсыну©
іш үрленуі©
+ішектің "табыт тыныштығы"©
іштің алшақ жерлерінде бос сұйықтық болуы©
газ ұсталуы
***
Операциядан кейінгі перитониттер диагностикалық қиындықтар туғызады. Қандай симптом-кешен негізінде ағымы әлсіз, созылған перитонитке күдіктенуге болады©
+ішектің тұрақты парезі, гипертермия, тахикардия, үдемелі лейкоцитоз және интоксикация©
құрсақ қуысында қан менэкссудат жиналуы©
операциядан кейінгі кезеңде анемия симптомдары©
іш пальпациясы кезінде ауырсыну, операциядан кейінгі жара аймағында ауырсыну, іштің кезеңді түрде үрленуі мен ішектің әлсіз перистальтикасы©
операциядан кейін алғашқы тәулікте ауырсыну синдромы болуы
***
Шұғыл түрде операция жасалып жатқан 53 жастағы науқаста операция кезінде келесі өзгерістер анықталды: париетальды және висцеральды ішастар гиперемияланған, ісінген, жіңішке ішек ілмектері газ және сұйықтыққа біршама толтырылған, фибрин жабындарымен жабылған, құрсақ қуысында барлық бөлімдерде 500,0 мл дейін іріңді-фибринозды экссудат. Құрт тәрізді өсінді гангренозды өзгерген, ұшында диаметрі 0,5 см-ге дейін перфорациялық тесік бар, жіңішке ішек ілмектерінің арасында әрқайсысында 50,0 мл ірің бар үш ішекаралық абсцесс анықталды. Сіздің интраоперациялық диагнозыңыз©
+Жедел гангренозды-перфоративті аппендицит. Жайылған іріңді-фибринозды перитонит. Құрсақ қуысының көптеген абсцесстері©
Жедел гангренозды аппендицит. Тотальды іріңді перитонит. Құрсақ қуысының көптеген абсцесстері©
Жедел деструктивті аппендицит. Тотальды жайылған іріңді-фибринозды перитонит. Құрсақ қуысының көптеген абсцесстері©
Жедел гангренозды – перфоративті аппендицит. Перитонит. Құрсақ қуысының көптеген абсцесстері©
Жедел гангренозды – перфоративті аппендицит. Жайылған іріңді-фибринозды перитонит
***
Шұғыл түрде операция жасалып жатқан 53 жастағы науқаста операция кезінде келесі өзгерістер анықталды: париетальды және висцеральды ішастар гиперемияланған, ісінген, жіңішке ішек ілмектері газ және сұйықтыққа біршама толтырылған, фибрин жабындарымен жабылған, құрсақ қуысында барлық бөлімдерде 500,0 мл дейін іріңді-фибринозды экссудат. Құрт тәрізді өсінді гангренозды өзгерген, ұшында диаметрі 0,5 см-ге дейін перфорациялық тесік бар, жіңішке ішек ілмектерінің арасында әрқайсысында 50,0 мл ірің бар үш ішекаралық абсцесс анықталды. Хирург қандай тактиканы таңдау керек©
Перитонеальды лаваж, құрсақ қуысына кең спектрлі антибиотиктер енгізу©
+Лапаротомия, аппендэктомия, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау©
Лапароскопическая аппендэктомия, құрсақ қуысын дренаждау©
Лапароцентез, құрсақ қуысындағы сұйықтықты зерттеу©
Лапароскопиялық аппендэктомия
***
36 жастағы науқас әйел хирургиялық стационарға толық сау болған кезде 8 сағат бұрын пайда болған тұрақты, біртіндеп үдейтін іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну шағымымен түсті. Объективті: іштің орташа үрленуі, іштің төменгі бөлімінде жайылған ауырсыну, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің орташа қатаюы. Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Тамыр соғысы – 100 рет/мин. Лейкоцитоз – 15,0х109/л. Сіздің болжам диагнозыңыз©
Жуан ішек ісігінің перфорациясы©
Панкреонекроз©
Жіңішке ішек жарақаты©
Жедел аппендицит©
+Перитонит
***
Кіндік аймағында іштің ауырсынуы, іш үрленуі, 2 тәулік бойы үлкен дәрет болмауы шағымдарымен науқас ер адам түсті. Толығымен зерттегеннен кейін: Паралитикалық ішек өтімсіздігі диагнозы қойылды. Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы орынды©
операция кезінде ішек декомпрессиясы©
жіңішке ішек шажырқайының түбіріне новокаин енгізу©
+назогастральды зонд енгізу, екі жақты паранефральды блокада©
антибиотикотеpапия©
иммунокоppекция
***
Науқасқа перитонитке байланысты операция жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде энтеральды тамақтандыруды қашан бастаған орынды©
дене температурасы қалыпқа келгенде©
+ішек қызметі қалпына келгенде©
науқасқа белсенді тәртіп рұқсат етілген кезде©
диурез қалыпқа келгенде©
қан көрсеткіштері қалыпқа келгенде
***
Науқас ер адам оң жақ мықын аймағында қарқынды ауырсыну, жүрек айну, бір реттік құсу, дене температурасының субфебрильдіге дейін жоғарылауы шағымдарымен түсті. Қарап тексеру барысында науқаста аппендикулярлы симптомдар және Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Операциялық ем жоспарлануда. Сіз қандай операциялық ену жолын таңдайсыз©
Волкович-Дьяконов бойынша кесу©
Жоғарғы-орталық лапаротомия©
Ортаңғы-орталық лапаротомия©
+Төменгі-орталық лапаротомия©
Параректальды
***
30 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы «пышақ сұққандай» ауырсыну, жүрек айну, әлсіздік шағымдарымен түсті. Анамнезінде асқазанның ойық жара ауруы. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші қатайған, бүкіл іші күрт ауырсынады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық бөлімдерінде оң. Сіздің болжам диагнозыңыз©
+Асқазанның перфорациялық жарасы. Перитонит©
Жедел жабыспақ ішек өтімсіздігі. Перитонит©
Жедел холецистит. Перитонит©
Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит©
Жедел аппендицит. Перитонит
***
30 жастағы ер адам 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында пайда болып, кейін бүкіл ішке жайылған үнемі ауырсынуға шағымданады. Бір тәулік бұрын бір реттік құсу болды, өз бетімен үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, жабылған. Іші қатайған, барлық бөлімдерде, әсіресе оң жақ бүйір каналда көбірек ауырсынады. Перкуторлы – бүкіл іште тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қан лейкоциттері 18 мың/мл. Сіздің болжам диагнозыңыз©
Белгісіз этиологиялық перитонит©
+Жедел аппендицит. Перитонит©
Жедел холецистит. Перитонит©
Асқазанның перфорациялық жарасы. Перитонит©
Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит
***
Жедел флегмонозды холецистит кезіндегі емдеу тактикасын анықтайтын негізгі факторды табыңыз©
Дене температурасының жоғарылауы©
+Перитонит болуы©
Қосымша аурулар болуы©
Науқастың жасы©
Хирург біліктілігі
***
Сарғаюдың клиникалық көрінісімен түскен науқаста қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізілмейді©
Вирусты гепатит©
Лептоспироз©
Гемолитикалық сарғаю©
+Қақпа көктамырының атрезиясы©
Пилефлебит
***
Курвуазье синдромына қандай симптомдар жиынтығы сәйкес келеді©
+Ұлғайған ауырсынусыз өт қабы, сарғаю©
Ұлғайған бауыр, іш шемені, алдыңғы құрсақ қабырғасының көктамырларының кеңеюі©
Сарғаю, пальпацияланатын ауырсынатын өт қабы, Щёткин-Блюмберг симптомы оң©
Сарғаю, ұлғайған бұдырлы бауыр,кахексия©
Сарғаю, орташа ұлғайған бауыр
***
Сарғаюы бар науқастың УДЗ деректері бойынша анықталды: бауыр ұлғаймаған, контуры тегіс, құрылымы біртекті, бауырішілік өзектер кеңейген. Жалпы бауырлық өзек диаметрі 1,2 см, оның дистальды бөлігінде акустикалық көлеңкесі 0,7 см дейін эхопозитивті түзіліс анықталады. Өт қабы өлшемдері 9x4 см, қабырғасының қалыңдығы 0,2 см, қуысында 0,6-0,8 см дейін эхопозитивті қосылыстар. Ұйқы безі қалыңдамаған, құрылымы біртекті. Сіздің болжам диагнозыңыз©
Жалпы бауырлық өзек ісігі, билиарлы гипертензия©
+Өт-тас ауруы, холедохолитиаз, механикалық сарғаю©
Созылмалы калькулезді холецистит, холедохолитиаз©
Ұйқы безі басының қатерлі ісігі, билиарлы гипертезия©
Үлкен дуоденальды емізікшенің қатерлі ісігі, билиарлы гипертензия
***
Ұзақ уақыт механикалық сарғаюмен ауыратын науқасқа ЭРХПГ жасау кезінде өт өзектерінің бүкіл ұзына бойында айқын дилятациясы және контуры тегіс дөңгелек көлеңке түріндегі өт өзектерінің дистальды бөлігінде өзек қуысын толығымен обтурациялайтын толу дефекті анықталды. Сіздің қорытындыңыз және алдағы тактикаңыз©
+Холедохолитиаз. Эндоскопиялық папиллосфинктротомия және литоэкстракция көрсетілген©
Өт өзегінің ісігі. Холедоходуоденостомиялар көрсетілген©
Холедохолитиаз. Трансдуоденальды апиллосфинктеропластика жасау көрсетілген©
Холедохолитиаз. Механикалық сарғаюды жоюға бағытталған консервативті ем жүргізу және хирургиялық операция көрсетілген©
Жалпы өт өзегінің кистасы. Холедохоэнтероанастомоз салу көрсетілген
***
Жоғары операциялық-анестезиологиялыққаупі бар науқастарға басылмайтын механикалық сарғаю, холедохолитиаз, өт-тас ауруы кезінде қандай емдеу әдісіне жүгінген жөн©
Тастарды литолитикалық препараттармен шұғыл еріту©
Шұғыл хирургиялық араласу — холецистэктомия, холедохолитотомия©
+Шұғыл эндоскопиялық араласу — эндоскопиялық папиллосфинктеро-томия, конкременттер экстракциясы©
Жалпы өт өзегінің тастарының дистанционды литотрипсиясы©
Экстракорпоральды детоксикация әдістерін пайдалану арқылы қарқынды консервативті ем жүргізу
***
Өт-тас ауруы ұстамасымен ауыратын 65 жастағы науқас әйел адамның кезекті ұстамасы түпкілікті басылды. 2 ай бойы оң жақ қабырға астындағы тұйық сыздап ауырсыну үнемі мазалаған. Пальпация кезінде оң жақ қабырға астында едәуір өлшемді тығыз эластикалық ауырсынбайтын беті тегіс түзілім анықталған. Ішастар тітіркену симптомдары анықталған жоқ. Дене температурасы қалыпты күйде сақталған, лейкоцитоз болмаған, лейкоцитарлы формула ығысуы жоқ. УДЗ кезінде өт қабы 123х63, қабырғасы 4 мм, мойын бөлігінде бекіген конкремент 23х18 мм, холедох 6 мм. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикасы©
өт қабы эмпиемасы, операция көрсетілген – холецистэктомия©
+өт қабы шемені, операция көрсетілген – холецистэктомия©
бауырастылық инфильтрат, операция көрсетілген – холецистэктомия©
созылмалы холециститтің өршуі, консервативті ем көрсетілген©
бауырлық шаншу, консервативті ем көрсетілген
***
67 жастағы науқасты тексеру кезінде сіз жедел гангренозды холецистит және жергілікті перитонит анықтадыңыз. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай©
Науқастың жасы үлкендігіне байланысты консервативті емдеу©
Консервативті терапия нәтиже бермеген жағдайда операция©
Тактикалық шешім қабылдау аурудың ұзақтығына байланысты©
Кешеуілдетілген операция көрсетілген («суық кезеңде»©
+Шұғыл оперативті ем
***
Ауруханаға флегмонозды холециститпен түскен науқас әйелдің емдеу және бақылау барысында қалтырау, сарғаю, гипертермия пайда болды. Перитонит симптомдары жоқ. Науқаста дамыған асқынуды көрсетіңіз©
Дуоденальды емізікшенің қысылған тасы©
Өт қабының эмпиемасы©
Бауырастылық абсцесс©
Өт қабы перфорациясы©
+Іріңді холангит
***
Қосымша аурулары жоқ 57 жастағы науқаста жедел флегмонозды холецистит диагностикаланды. Жергілікті перитонит белгілері жоқ. Ауру ұзақтығы 2 тәулік. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз©
+12-24 сағат ішінде операция жасау©
Антибактериальды терапия курсын жүргізу©
Инфузионды терапия жасау, нәтиже бермесе – операция©
Емдеу тактикасы УДЗ қорытындысына байланысты©
Қабыну үрдісін басқаннан кейін жоспарлы түрде операция жасау
***
Ауыр бронх демікпесі мен декомпенсирленген тыныс алу жетіспеушілігі бар жедел флегмонозды холецистит және жергілікті перитонитпен ауыратын 62 жастағы науқасқа не көрсетілген©
Құрамына антибактериальды препараттар кіретін консервативті емдеу©
Лапароскопиялық әдіспен шұғыл холецистэктомия©
Лапароскопиялық холецистэктомия©
+УДЗ бақылауымен тері арқылы өт қабын дренаждау©
Тыныс алу жетіспеушілігін жойғаннан кейін операция туралы шешім қабылдау
***
42 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға астындағы және эпигастральды аймақтағы жауырынға және арқаға иррадиация беретін қатты ауырсынуға шағымданды. Соңғы 2 жылда майлы тағам қабылдағанда өзін нашар сезінеді. Дене температурасы 38,2оС, қанда лейкоцит мөлшері 15,8x109/л. Оң жақ қабырға астында және эпиғастральды аймақта бұлшықеттер ауырсынуы және қатаюы. Ортнер симптомы – оң. Аса болуы мүмкін диагнозды көрсетіңіз©
Жедел панкреатит©
Перфоративті гастродуоденальды жара©
Перфоративті аппендицит, перитонит©
+Жедел деструктивті холецистит©
Инфицирленген панкреонекроз
***
Науқас әйел адам іштегі ауырсынуға байланысты хирургиялық бөлімге жеткізілді. Көп жылдар бойы созылмалы калькулезді холециститпен ауырады, операциядан бас тартқан. Анамнезінде сарғаю болмаған. 3 күн бұрын ас қабылдағаннан кейін оң жақ қабырға астындағы ауырсыну ұстамасы дамыған, өз бетімен емделген. Жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жеткізілген. Зерттеу кезінде Ортнер, Кер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг оң жақ қабырға астында оң екені анықталды. Тактика қандай©
+қарқынды консервативті емдеу©
шұғыл операция - холецистэктомия©
жоспарлы операция©
динамикада бақылау©
күту
***
Қарт ер адам эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астындағы арқаға, жауырынға берілетін өткір ауырсынуға, құсуға шағымданды. Тілі құрғақ, пульсі жиі, толымы әлсіз. Іші үрленген, пальпаторлы бұлшықеттер қатайған және іштің оң жақ бөлігінде күрт ауырсыну, Щеткин-Блюмберг, Ортнер-Греков симптомы оң. Интоксикация, гиперлейкоцитоз-17000. Сіздің диагнозыңыз©
+жедел деструктивті холецистит, өттік перитонит©
динамикалық ішек өтімсіздігі©
жара перфорациясы және перитониттің бастапқы сатысы©
деструктивті аппендицит фонындағы жергілікті перитонит©
іріңді перитониттің кеш сатысы
***
42 жастағы науқас әйелді ауруханаға жылына үш рет жедел холецистит ұстамасымен жеткізілді. Соңғы рет екі күн бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделген. Ауруханаға түсерден 3 сағат бұрын іштегі ауырсыну жайылған сипат алды, оң жақты көбірек, гипертермия 39°С. Біртіндеп үдеп келе жатқан ішастар тітіркену белгілерімен, нейтрофильді формуланың солға ығысуымен айқын лейкоцитоз белгілерімен түсті. Науқаста жедел холециститтің қандай асқынуы©
холангит©
+өттік перитонит©
өт қабының эмпиемасы©
холедохолитиаз©
өт қабы шемені
***
42 жастағы науқас әйелді ауруханаға жылына үш рет жедел холецистит ұстамасымен жеткізілді. Соңғы рет екі күн бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болған, медициналық көмекке жүгінбеген, өздігінен емделген. Ауруханаға түсерден 3 сағат бұрын іштегі ауырсыну жайылған сипат алды, оң жақты көбірек, гипертермия 39°С. Біртіндеп үдеп келе жатқан ішастар тітіркену белгілерімен, нейтрофильді формуланың солға ығысуымен айқын лейкоцитоз белгілерімен түсті. Емдеу тактикасы қандай©
консервативті терапия©
жоспарлы операция©
+шұғыл операция©
эндовидеоскопиялық операция©
динамикалық бақылау
***
Науқаста жедел холецистит екені күмән туғызбайды. Ауру басталғаннан 7 күн өтті, интоксикация жоғарылады, оң қабырға астында мөлшері 14х12х6 см инфильтрат пальпацияланады. Перитонит симптомдары. Науқас операцияға алынды. Құрсақ қуысын ашқаннан кейін іріңдеген бауырастылық инфильтрат анықталды. Операцияны қалай аяқтау керек©
Іріңдеген бауырастылық инфильтратты дренаждау©
массивті дезинтоксикациялық терапия, іріңдікке дренаж жүргізу©
+холецистэктомия жасау, операцияны құрсақ қуысын дренаждаумен аяқтау©
холецистостомия жасау©
холедохты сыртқы дренаждау
***
Науқас диета бұзғаннан кейін оң иық пен жауырынға иррадиацияланатын оң қабырға астындағы қатты ауырсыну пайда болды, температурасы 39°С дейін, жиі құсу. Оң қабырға астын пальпациялағанда ауырсыну және бұлшықеттер қатаюы анықталды, Мерфи, Курвуазье, Кер, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Жоғары лейкоцитоз, токсикалық дәнділік, спазмолитикалық заттар ауырсынуды баспаған, интоксикация өршіді, перитонит белгілері пайда болды. Науқаста қандай диагноз, хирург тактикасы©
диагнозды нақтылау үшін УДЗ және консервативті ем жүргізу©
+деструктивті холецистит. шұғыл холецистэктомия©
ұзаққа созылған бүйрек шаншу ұстамасы, паранефральды блокада©
жедел паразитарлы холецистит, гастроэнтеролог консультациясы©
жедел холецистопанкреатит, консервативті емдеу
***
Науқаста жедел холециститке байланысты операция кезінде флегмонозды өзгерген өт қабы анықталды. Холецистэктомия жасалды. Жалпы өт өзегінің диаметрі 4 см-ге дейін кеңейген. Холедохотомия кезінде диаметрі 1,5 см конкремент алынған. Өте көп мөлшерде күңгірт сылақтәрізді масса және құм. Контрастты зат он екі елі ішекке жеңіл өтеді. Хирург операцияны қалай аяқтауы тиіс©
Холедохқа тұйық тігіс салу©
Папилосфинктеротомия жасауы керек©
Холедохты он екі елі ішекке көшіріп салу©
+Ішкі биллиодигестивті анастомоз салу©
Бауырастылық кеңістікті дренаждау
***
Көп жылдар бойы оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуы бар науқас әйелдің кезекті ауырсыну ұстамасы көп ретті құсу, дене температурасының 39,5°С-қа дейін көтерілуімен бірге жүреді, бұлшықеттер дефансы, оң жақ қабырға астында ішастар тітіркену симптомы анықталады. Курвуазье симптомы оң. Қанда билирубин -2Омкмоль/л. Лейкоцитоз-21ООО. Консервативті емдеу нәтижесіз. Сіздің диагнозыңыз және науқасқа жүргізетін тактикаңыз©
Механикалық сарғаюмен асқынған жедел панкреатит, қабынуға қарсы терапия, холемиялық қан кетудің алын алу©
Жедел холецистит. Белсенді консервативті емдеу©
+Жедел деструктивті калькулезді холецистит. Шұғыл операция©
Холецистопанкреатит, бақылау©
Гепатохолецистит, гепатопротекторлар
***
Науқас әйел ауруханаға оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсыну шағымымен түсті. Бұдан бұрын іштегі қатты ауырсыну ұстамаларын басынан өткерген. Объективті қарау кезінде іші жұмсақ, бауыры пальпацияланбайды. Оң қабырға астында пальпация кезінде тығыз эластикалық консистенциялы, пішіні овальды, ауырсынбайтын түзілім анықталды. УДЗ-де өт қабында конкременттер. Сіз қандай диагноз қоясыз?©
Ұйқы безі басының қатерлі ісігі©
Гепатохолецистит©
+Өт қабы шемені©
Ұйқы безі кистасы©
Өт қабы дискинезиясы
***
Бауырастылық кеңістікті дренаждау операциясынан 2,5 сағаттан кейін едәуір мөлшерде өт бөлінуде, хирург осындай жағдайда қандай шара қолдануы керек©
Бөлінген өтті тоңазытқышта сақтау немесе қажет болған жағдайда асқорыту орнын толтыру үшін оны пероральды қабылдау©
+Консервативті терапия ұсыну және науқасты белсенді динамикалық бақылау©
Дренаж арқылы бөлінген өт мөлшерін қатаң есептеу©
Өтті белсенді соруды жүргізу©
Шұғыл релапаротомия
***
Науқасты соңғы екі жылда бауырлық шаншу ұстамалары мазалайды, ұстаманы басу өте қиын. Оң жақ қабырға астында тұйық ауырсыну сақталады, тұрақты сипат алды. Өт қабы проекциясында түзілім пальпацияланады. УДЗ-да әртүрлі тығыздықты және әртүрлі мөлшерлі конкременттер анықталады. Сіздің диагнозыңыз және ары қарай жасалатын тактикаңыз©
Тоқ ішектің бауырлық бүгілісінің ісігі, фиброколоноскопия биопсиямен және ирригографиямен©
+өт-тас ауруы, ультрадыбыстық зерттеу, жоспарлы түрде лапароскопиялық холецистэктомия©
өт қабы эмпиемасы, шұғыл операция©
ұйқы безі ісігі, компьютерлік томография©
өт қабы дискинезиясы, терапевтте емделу
***
Холецистэктомиядан кейін операция үстелінде холедохта ұсақ тастар анықталған жағдайда хирург операцияны қалай аяқтайды©
асқазан қабырғасы мен холедох арасына анастомоз салу©
холедохты ашу, тастарды алу және антисептиктермен шаю, холедохқа тігістер салу©
жалпы өт өзегін тек сыртқы дренаждау©
папиллосфинктеропластика©
+холедох пен он екі елі ішек қабырғасы арасына ішкі биллиодигестивті анастомоз салу
***
Операция кезінде флегмонозды өзгерген өт қабы, өттік шектелген перитонит, бауырастылық абсцесс анықталды. Хирургтың ары қарай істейтін әрекеті©
+Абсцессті ашу, оны санациялау. Холецистэктомия, құрсақ қуысын және кіші жамбас қуысын адекватты дренаждау©
Холецистэктомия, Пиковский бойынша холедохты дренаждау©
Бауырастылық іріңдікті ашу, бауырастылық және диафрагмаастылық аймақты адекватты дренаждау©
Холецистостомия, тампондармен, дренаждық түтікпен дренаждау©
Холецистэктомия, лапаростомия, бауырастылық кеңістікті дренаждау
***
Науқасқа деструктивті холециститке байланысты операция жасалған. Операциядан кейінгі кезеңде науқас жағдайы жақсарған, оны тек дренаждық түтік және одан өт бөлінуі мазалаған, уақытында дренаждық түтік алынған және аздаған мөлшерде өт оконтрапертуралық жара арқылы бөлінген. Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы қандай©
өттік жыланкөз арнайы жабуды қажет етеді©
склеротерапия жасау арқылы емдеуге болады©
+қарқынды консервативті емдеу нәтижесінде өттік жыланкөз біртіндеп өздігінен жабылады©
асқорыту жеткіліксіздігіне байланысты науқас бөлінген өтті қабылдауы керек©
жыланкөзі кесу қажет
***
Жедел калькулезді холециститпен ауыратын науқаста аурудың ауыр ағымында өт қабы-ішектік жыланкөз түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін©
Жабысқақ ішек өтімсіздігі©
Странгуляциондық ішек өтімсіздігі©
Динамикалық ішек өтімсіздігі©
+Обтурациялық ішек өтімсіздігі©
Ішектік жыланкөз
***
50 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы өт-тас ауруымен ауырады. 1 жыл бұрын созылмалы холециститке байланысты холецистэктомия жасалған. 10 күн ішінде науқас сарғаю, дене температурасы кешкі уақытта 39-40°С-қа дейін көтерілетін гипертермия пайда болғанын байқады. Эндоскопиялық ретроградты холангиография кезінде холедохолитиаз, іріңді холангит белгілері анықталды. Тиімді емес, адекватты емес емдеу кезінде аса болуы мүмкін асқынуды көрсетіңіз©
пилефлебит©
өттік перитонит©
+бауыр абсцессі©
диафрагмаастылық абсцесс©
панкреонекроз
***
Қандай жағдайда операция барысында интраоперациялық холангиография абсолютті көрсетілмеген©
холедохта ұсақ тастар болуы©
үлкен дуоденальды емізікше қатерлі ісігіне күдік©
холедох кеңеюі©
анамнезінде механикалық сарғаю бар©
+істен шыққан өт қабы
***
47 жастағы науқас ауруханаға оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының 38,3°С көтерілуі шағымдарымен түсті. 3 күн бұрын майлы тағам қабылдағаннан кейін ауырған. Тамыр соғысы – 112 рет минутына. Тілі құрғақ, тері және склерасы субэктерикалық. Оң жақ қабырға астында күрт ауырсынатын, қатайған дөңгелек 12х8х6 см түзілім анықталады, Ортнер, Мерфи, Кер, симптомдары оң, Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл іште оң. Болжам диагноз©
жедел панкреатит©
гепатохолецистит©
холедох кистасы, обтурациялық сарғаю©
+жедел холецистит, перитонит©
бауыр циррозы, асцит
***
Аталған белгілердің қайсысы кардиоспазмға тән©
асқазан құрамымен ауқымды құсу©
ас қабылдау кезінде кекіру©
айқын іш өту©
+ парадоксальды дисфагия©
анорексияның булемиямен кезектесуі
***
Аталған кардиоспазмды емдеу әдістерінің қайсысын аурудың тұрақты және ұзақ ағымы кезінде қолдану керек©
медикаментозды©
гипносуггестивті©
+ кардиодилатация©
оперативті©
өңешті эндопротездеу
***
58 жастағы науқаста төс артында тұрақты қарқынды ауырсыну аясында азапты қыжылдау, қабылданған аспен кекіру пайда болды. Ауырсыну жиі жауырынаралық кеңістікке және сол иыққа иррадияция береді. ЭКГ-да миокардтың аздаған өзгерістері. Сіз қандай зерттеуді таңдайсыз©
фонокардиография©
+асқазанды рентгенологиялық зерттеу©
лапароскопия©
ҚСК зерттеу©
кеуде торының УДЗ
***
47 жастағы науқас әйел эмоциональды лабильді, тамақтануы қанағаттанарлық, дисфагияға, қыжылдау және төс артындағы ауырсынуға шағымданады, әсіресе эмоциональды стресс кезінде айқын. Төс артындағы ауырсыну бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады, жақсүйекке, арқаға иррадиацияланады, ауырсыну түнде, суық желге қарсы жүргенде пайда болады. Hитроглицерин ауырсынуды азайтады, кекіру және ас содасын қабылдағаннан соң ауырсыну азаяды. ЭКГ-да патология жоқ. Өңеш рентгеноскопиясында да патология жоқ. Сіздің диагнозыңыз©
өңеш дивертикулы©
кардия ахалазиясы©
диафрагманың өңештік тесігінің жарығы©
стенокардия©
+ диффузды эзофагоспазм
***
Науқас 3 жылға жуық ауырады, ас өтуінің қиындауына, тәулігіне 1-2 рет регургитацияға, төс артындағы кезеңді ауырсынуға шағым айтты. Науқас тамақтануы төмендеген, қан талдауы қалыпты шекте. Диагноз©
өңеш обыры©
+ өңеш ахалазиясы©
өңештің тыртықтық стриктурасы©
эзофагит©
дивертикул
***
Кардиоспазмның қандай типтерінде хирургиялық ем көрсетілген©
диафрагманың өңештік тесігінің жарығы мен кардиоспазм©
кардиодилатациядан кейін әсер 2 жыл бойы©
+ өңештің S-тәрізді ұзаруы мен кардия тарылуы©
ұзақ ағым, эзофагитпен асқынған©
салмақ жоғалтусыз ұзақ ағым, өңештің аздаған кеңеюі
***
Науқас бірнеше жылдар бойы ЖИА байланысты емделген. Медикаментозды ем әсер бермеген. ЭКГ-да ЖИА-на сенімді деректер болмады. Ауырсыну ұстамалары мойын аймағында, кейін төс артында ас қабылдағаннан кейін пайда болады. Құсудан және көп реттік кекіруден кейін жеңілдік туындаған. Диагноз©
ЖИА©
өңештің кардиоспазмы©
өңеш ісігі©
+ өңеш дивертикулы©
төсартылық жемсау
***
Дисфагияға (астан кейін төс артындағы тұйық ауырсыну, кейде регургитация) шағымданған 30 жастағы науқаста рентгенологиялық зерттеу кезінде 2-дәрежелі кардия ахалазиясы белгілері анықталды. Емдеу тактикасы қандай©
+ кардиодилатация©
Геллер операциясы (эзофаго-кардиомиотомия©
асқазан және өңештің төменгі 1/3 бөлігінің проксимальды резекциясы©
Петровский операциясы (аяқшадағы диафрагмамен пластика және эзофаго-кардиомиотомия©
Суворова операциясы (асқазан алдыңғы қабырғасымен пластика және эзофаго-кардиомиотомия
***
3 ай бұрын 20 жастағы науқас әйел қателесіп каустикалық сода ерітіндісін қабылдаған. Қазіргі кезде тез үдемелі дисфагия дамыды. Рентгенологиялық өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің тыртықтық стриктурасы анықталады. Оның диаметрі 2-3 мм-ден аспайды. Қандай ем көрсетілген©
өңештің тарылған бөлігінің резекциясы©
+ өңешті буждау©
өңеш экстирпациясы©
өңеш пластикасы (жіңішке немесе жуан ішекпен, асқазанмен©
гастростомия
***
48 жастағы науқас емханаға массивті құсу кезінде пайда болған төс артында және жауырын аралығындағы қатты ауырсынуға шағымданып түсті. Науқас шок күйінде, температура - 39,5°С, лейкоцитоз - 20х109/л. Рентгенологиялық – сол жақ өкпеқап қуысында және көкірекаралықта ауа мен сұйықтық жиналуы. Сіздің болжам диагнозыңыз©
өкпеқаптың парапневмониялық эмпиемасы мен жедел пневмония©
+ өңеш перфорациясы©
асқазанның тесілген жарасы©
миокард инфаркті©
диафрагмаастылық абсцесс
***
Науқас жоғарылаған саливацияға, тамағында тырнау сезіміне, жұтынғанда ыңғайсыздық, жөтелге шағымданды. Ас қабылдауды бастағанда кезеңді түрде дисфагия және мойында аздап ісік байқалады. Кейде тағамды жұту үшін мәжбүрлі жағдайға ауысады, бұл кезде бүлкілдеген дыбыс естіелді, ал ісік қайтады. Сіздің диагнозыңыз©
өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінде бөгде зат©
өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің ісігі©
мойын кистасы©
+ жұтқыншақөңештік дивертикул©
өңешо-бронхиальды жыланкөз
***
Егер фибринозды-жаралық рефлюкс-эзофагиттің консервативті емі сәтті нәтиже бермесе қандай операция жасаған жөн©
Бильрот-1 бойынша асқазан резекциясы©
+ фундопликация©
СПВ©
бағаналық ваготомия©
фундопексия
***
Өңешті буждаудың қай әдісі аса қауіпсіз болып табылады©
соқыр ортоградты буждау©
эзофагоскоп бақылауымен буждау©
жіп арқылы ретроградты буждау©
+ толық рентгеноконтрастты буждармен шек арқылы ортоградты буждау©
бағыттаушы-жіп арқылы ортоградты буждау
***
Көп мөлшерде тамақ қабылдайтын 53 жастағы науқас қатты қыжылдау және алдыға еңкейгенде күшейетін төс артындағы ауырсынуға шағымданды. Қандай болжам диагноз қоюға болады ©
өңештің ценкерлік дивертикулы©
созылмалы гастрит©
созылмалы панкреатит©
+ рефлюкс-эзофагит©
өңеш обыры
***
58 жастағы науқас 6 айдан бері өзін ауру санайды, қатты тағам жұтқанда қиындыққа шағымданды. 3 айдан кейін жауырынаралық аймақтың ауырсынуы, әлсіздік пайда болды, тек жартылай сұйық ас қана өтетін болды, 6 кг-ға арықтаған. Өңешті рентгенологиялық зерттеу кезінде 6 см-ге созылатын толу ақауы есебінен ортаңғы 1/3 бөлігінде қуысының тарылуы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу жүргізу қажет©
бронхоскопия©
кеуде қуысының УДЗ©
+ эзофагоскопия биопсиямен©
кеуде қуысының компьютерлі томографиясы©
лапароскопия
***
Эррозиялық-жаралық эзофагит аталған аурулардың қайсысының асқынуы болып табылады©
Асқазан обыры©
12 елі ішектің жара ауруы©
Кардиоспазм©
+ диафрагманың өңештік тесігінің жылжымалы жарығы©
Созылмалы гастрит
***
Емхана хирургының қабылдауына 34 жастағы науқас келді. Анамнезінде 5 тәулік бұрын тұрмыстық жанжал кезінде мойын аймағына пышақпен соққы алған. Өзін салыстырмалы түрде қанағаттанарлық сезінген, кейін мойынның тығызқозғалғыштығы және дене температурасының 38,4 град көтерілуі анықталды. Шолу рентгенологиялық тексеру кезінде мойынның жұмсақ тіндерінде газ қабаттары, омыртқаалды кеңістігінің ұлғаюы және кеңірдектің алдыға ығысуы анықталды. Хирург қай мүшенің зақымдануын анықтады©
көмей©
+ өңеш©
өкпе ұшы©
мойынның жұмсақ тіндері©
қантамырлары
***
Артық салмағы бар, өт-тас ауруымен ауыратын 45 жастағы науқас әйел 3 жыл бойына жалғасқан үдемелі қыжылдау, кекіру, кезеңді түрде төс артындағы ауырсынуды айтады. Соңғы жылы екі рет оң жақтық төменгі бөліктік пневмонияны басынан өткерген. Аса мүмкін диагноз©
өңеш обыры©
өңеш ахалазиясы ©
өңештің тыртықтық стриктурасы©
+ өңештің рефлюкстік ауруы©
дивертикул
***
60 жастағы науқас әйел 5 жыл бойы кезеңді түрде қайталанатын суық сұйық ішкен кезде күшейетін, кейбір кезде мүлдем жоғалатын дисфагияға шағымданады. Кейде тағам қабылдау өткір төс артындағы ауырсынумен бірге жүреді. Алайда көрсетілген мерзімде науқас аздап арықтаған. Сіздің диагнозыңыз©
өңеш обыры©
+ кардиоспазм©
өңештңғ тыртықтық стриктурасы©
өңештің рефлюксті ауруы©
дивертикул
***
12 елі ішектің жара ауруымен ауыратын науқас жоспарлы эндоскопиялық зерттеуге жолданды. Манипуляция кезінде мойын аймағында ауырсыну пайда болды, біраздан кейін моынның жұмсақ тіндерінің ісінуі және крепитациясы қосылды. Қандай асқыну туралы ойлану керек©
өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің бөгде заты©
+өңештің инструментальды перфорациясы©
мойын кистасы©
жұтқыншақ-өңештік дивертикул©
жұтқыншақ-бронхиальды жыланкөз
***
50 жастағы науқас С. Тамақта қарлығу, тырнау сезіміне, сирек құрғақ жөтел, эпизодты астың өңешпен өтуінің қиындауы, ауыздан жағымсыз шірулік иіс шығуына шағымданды. Өзін 2 жыл бойы ауру санайды. Қарау кезінде – басты артқа әкету кезінде мойынның сол жақ жартысында бұлтию пайда болатыны байқалды. Сіздің болжам диагнозыңыз©
өңеш ахалазиясы©
өңеш обыры©
рефлюкс-эзофагит©
+ жұтқыншақ-өңештік дивертикул©
өңештің тыртықтық стриктурасы
***
Қабылдау бөліміне 52 жастағы науқас жұтынғанда және басты артқа әкеткенде күшейетін төс артындағы ауырсыну, дисфагия, шөлдеу, ауыз кебуі шағымдарымен келді. Анамнезінен науқас сүйек жұтып қойғаны, ол техникалық қиындықтармен эзофагоскопия кезінде амбулаторлы жағдайда алынғаны анықталды. Науқас үйіне жіберілді, үйінде жағдайы нашарлап, ол жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде науқас жағдайы ауыр, тері жабындыларының бозаруы цианоздық реңкпен, минутына 30 ретке дейін ентігу, суық тер, минутына 120 соққыға дейін тахикардия, дене температурасының 38°С-қа жоғарылауы, мойын аймағы және кеуденің жоғарғы жартысында крепитация анықталады. Сіздің диагнозыңыз©
өңештің жұтқыншақ-өңештік дивертикулы, перфорация©
өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің ісігі©
мойынның жұмсақ тіндеріне жарылуымен мойын кистасы©
+ өңештің бөгде затпен перфорациясы©
өңеш-бронхиальды жыланкөзі
***
Шамадан тыс тамақтанатын 58 жастағы науқас Л. Үнемі қарқынды төс артындағы ауырсыну аясында азаптайтын қыжылдау, қабылданған аспен кекіру пайда болғанын айтты. Ауырсыну алдыға еңкейген кезде күшейеді, кейде жауырынаралық кеңістікке және сол иыққа иррадиация береді. ЭКГ-да миокардтың аздаған өзгерістері. Қандай болжам диагноз қоюға болады©
өңештің ценкерлік дивертикулы©
созылмалы гастрит©
созылмалы панкреатит©
+рефлюкс-эзофагит©
өңеш обыры
***
33 жастағы науқасты О. 2 жыл бойы қыжылдау мазалайды. Түнгі уақытта қышқыл құрамның ауызға немесе жастыққа ағып кетуінен оянып кетеді. Берілген аурудың аса жиі себебін атаңыз©
+Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы©
Созылмалы дуоденит©
Созылмалы гастрит©
12 елі ішектің жара ауруы©
Меллори – Вейс синдромы
***
Бұрынырақ Ценкер дивертикулы диагностикаланған 48 жастағы науқас Р. емханаға ауқымды құсу кезінде пайда болған төс артындағы және жауырынаралықтағы ауырсынуға шағымданып түсті. Науқас шок күйінде, температура 39,5°С, лейкоцитоз – 20 x109/л. Рентгенологиялық – сол жақ өкпеқап қуысында және көкірекаралықта ауа мен сұйықтық жиналуы.
Берілген науқаста қандай болжам диагноз©
дивертикул қабынуы (дивертикулит©
дивертикул жаралануы©
дивертикулдан қан кету©
+медиастинит дамуымен дивертикул перфорациясы©
сегментарлы эзофагит
***
Өңештің рефлюксті ауруын диагностикалауда қолданылмайтын әдісті атаңыз©
эзофагоскопия©
эзофагоманометрия©
өңешішілік рН-метрия©
Трендленбург қалпында өңеш бойымен барий пассажын анықтау©
+ Өңешті УДЗ
***
Жедел күйіктен кейін өңешті бұждауды қай мерзімде бастаған жөн©
1-2-ші тәулікте©
бір айдан кейін©
+ 8-9-шы тәулікте©
тұрақты дисфагия туындаған жағдайда©
алғашқы сағаттарда
***
Асқазанның дисталды бөлімінің обыры кезінде таңдалатын операция©
Гастрэктомия©
+Асқазанның дисталды субтотальды резекциясы©
Антрумэктомия©
Асқазанның зақымданған бөлімінің резекциясы©
Эзофагогастростомия
***
Ең аз клиникалқы симптоматикамен сипатталатын асқазан обырының локализациясын көрсетіңіз©
Өңешке өткен кардия обыры©
Субкардия обыры©
+Асқазан денесінің обыры©
Пилорикалық канал обыры©
Антральды бөлім обыры
***
Аталғандардың ішінде қайсысы асқазан обырына қатысты дұрыс емес©
Әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі©
Созылмалы атрофиялық гастрит аясында дамиды©
Полиптан дамуы мүмкін©
Сирек асқазанның үлкен иінінде орналасады©
+ Құрамында альфа-фетопротеин анықталуымен ерте диагностикаланады
***
IV сатыдағы асқазанның антральды бөлімінің обыры кезінде аталған операциялардың біреуі орындалады©
+ Алдыңғы гастроэнтероанастомоз©
Пилоропластика©
Эзофагогастроанастомоз©
Гастростомия©
Артқы гастроэнтероанастомоз
***
Вирхов метастазына жатады©
Бауырға метастаздар©
Аналық бездерге метастаздар©
Үлкен шарбы лимфа түйіндеріне метастаздар©
+Бұғанаүсті лимфа түйіндеріне метастаздар©
Ішастарарты лимфа түйіндеріне метастаздар
***
Асқазан обырының ерте диагностикасы аталған әдістердің біреуінің көмегімен мүмкін©
+ Шолу эзофагогастроскопия©
«Кіші белгілер» синдромын іздеу©
А.В. Мельников бойынша обыр триадасын анықтау©
Асқазан рентгенографиясы©
Хромогастроскопия
***
Гастростомия операциясы көрсетілген©
IV сатыдағы асқазан дисталды бөлімінің обыры кезінде©
+Өңеш стенозы көрінісі бар IV сатыдағы асқазан кардиалды бөлімінің обыры кезінде©
II сатыдағы асқазан проксималды бөлімінің обыры кезінде©
Кардиоспазм кезінде©
Қалтқының жаралық стенозы кезінде
***
Дисфагия көрінісі бар асқазанның проксималды бөлімінің обыры кезінде онкологиялық ақталған операцияны таңдаңыз©
Гастростомия©
Гастроэнтеростомия©
Асқазанның кардиалды бөлімінің резекциясы©
Асқазанның проксимальды резекциясы©
+ Өңештің дисталды бөлімінің резекциясымен гастрэктомия
***
Асқазанның шығу бөлімінің обыры кезіндегі паллиативті операция болуы мүмкін©
Антрумэктомия©
+ Браундық ішекаралық анастомозбен алдыңғы гастроэнтероанастомоз©
Дистальды субтотальды асқазан резекциясы©
Финней бойынша пилоропластика©
Гастрэктомия, кіші және үлкен шарбы резекциясымен
***
Асқазан обырының операцияға жарамсыздығының абсолютті белгісі болып табылады©
+ Бауырға көптеген метастаздар©
Көкбауырдың метастаздық зақымдануы ©
Үлкен шарбыға метастаздар©
Ісіктің үлкен өлшемдері©
Ішек өтімсіздігі белгілері
***
Стеноз көріністері бар асқазанның шығу бөлімінің операцияға жарамды обыры бар науқасқа қандай операция көрсетілген©
Гастродуоденостомия©
+ Субтотальды дистальды асқазан резекциясы©
Пилоропластика©
Гастростомия©
Гастроэнтеростомия
***
Асқазанның антральды бөлімінің обырымен ауыратын науқастыңқұрсақ қуысын ашқанда аз мөлшерде асциттік сұйықтық және қолқа бойымен лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Ісіктің көрші тіндерге өсуі анықталмады. Сіздің тактикаңыз©
+Паллиативті субтотальды асқазан резекциясы©
Гастрэктомия©
Эксплоративті лапаротомиямен шектелу©
Гастростомия©
Гастроэнтеростомия
***
57 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәбет төмендеуі, кекіру, жүдеуге шағымданады. Тексеру кезінде сол бұғанаүсті аймағында тығыз, дөңгелек пішінді диаметрі 2 см түйін анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз©
Кардиоспазм©
Диафрагмальды жарық©
Асқазанның жара ауруы©
+ Асқазан обыры©
Асқазан полипозы
***
IV сатыдағы асқазанның антральды бөлімінің обыры бар науқасқа көрсетілген©
+ Алдыңғы гастроэнтеростомия©
Артқы гастроэнтеростомия©
Гастрэктомия©
Привентивті гастростомия©
Асқазанның 2/3 резекциясы
***
50 жастағы науқасқа асқазан денесінің обырына байланысты операция жасау барысында, Сіз ісіктің бауырдың сол бөлігіне өскенін анықтадыңыз. Алыс метастаздар жоқ. Операцияның тиімді көлемін таңдаңыз©
Асқазанның 2/3 резекциясы©
Субтотальды проксимальды резекция©
Субтотальды дистальды резекция©
+ Гастрэктомия мен бауырдың сол бөлігін атипті резекциялаумен©
Эксплоративті лапаротомия
***
Асқазан обырының имплантациялық метастазы©
+ Шнитцлер метастазы©
Кіші шарбы лимфа түйіндеріне метастаздар©
Вирхова метастазы©
Бауыр қақпасына метастаз©
Кіндікке метастаз
***
35 жастағы науқаста IV сатыдағы асқазанның кардиалды бөлімінің обыры және өңештің толық дерлік стенозы анықталды. Берілген науқасқа қандай операция жасау керек©
Дистальды субтотальды асқазан резекциясы©
Гастрэктомия©
+ Гастростомия©
Ішекаралық Браун бойынша анастомозбен алдыңғы тоқішек алды гастроэнтероанастомоз салу©
Асқазанның проксимальды резекциясы және өңеш резекциясы
***
Асқазан антральды бөлімінің обырына байланысты операция жасалып жатқан науқаста құрсақ қуысында ісік метастаздары анықталмады. Араласудың тиімді көлемін көрсетіңіз©
Антрумэктомия©
Асқазан 2/3 резекциясы, кіші және үлкен шарбының жартысын қалдыру©
+Асқазанның дистальды субтотальды резекциясы, Кіші және үлкен шарбыны алып тастау©
Гастрэктомия©
Артқы гастроэнтеростомия
***
Асқазанның антральды бөлімінің операцияға жарамды обыры кезінде тиімді операция болып табылады©
Гастрэктомия©
+Асқазанның дистальды субтотальды резекциясы©
Антрумэктомия©
Макроскопиялық өзгермеген тіндер шегінде асқазан резекциясы©
Гофмейстер-Финстерер бойынша асқазан 2/3 резекциясы, кіші және үлкен шарбыны қалдыру
***
50 жастағы науқасқа асқазан денесінің обырына байланысты операция жасау барысында, Сіз көкбауырдың төменгі полюсында ісік метастаздары анықталды. Басқа метастаздар анықталмады. Сіздің тактикаңыз©
Жағдайды операцияға жарамсыз деп тану және осымен операцияны аяқтау©
Гастрэктомия және көкбауыр резекциясын жасау©
Асқазанның субтотальды дистальды резекциясы және спленэктомия©
+ Гастрэктомия және спленэктомия жасау©
Браундық ішекаралық анастомозбен алдыңғы гастроэнтероанастомоз салу
***
Асқазанның антральды бөлімінің малигнизацияланған жарасы кезінде науқасқа қандай операция көрсетілген©
Пилоропластика және жараны кесумен трункулярлы ваготомия©
Гофмейстер-Финстерер бойынша асқазан 2/3 резекциясы©
+ Үлкен және кіші шарбымен бірге асқазанның дистальды субтотальды резекция©
Антрумэктомия©
Асқазанның циркулярлы резекциясы
***
70 жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның антральды бөлімінің жарасына байланысты бақыланған. Операциялық емнен бас тартқан. Соңғы 3 айда эпигастрийдегі ауырсыну тұрақты сипат алды, ет өнімдерінен жиіркену пайда болды, еңбекке қабілеттілігі төмендеді, жүдеді. Аурудың қандай асқынуы туралы ойлануға болады©
Жарадан қан кету©
Жара перфорациясы©
+Жара малигнизациясы©
Жара пенетрациясы©
Шығу бөлімінің стенозы
***
70 жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның антральды бөлімінің жарасына байланысты бақыланған. Операциялық емнен бас тартқан. Соңғы 3 айда эпигастрийдегі ауырсыну тұрақты сипат алды, ет өнімдерінен жиіркену пайда болды, еңбекке қабілеттілігі төмендеді, жүдеді. Диагнозды қалай нақтылауға болады©
Нәжісті жасырын қанға зерттеу©
Асқазанды жуғн суды зерттеу©
Асқазан сөлін зерттеу©
+Гастродуоденоскопия биопсиямен©
Құрсақ қуысының рентгенографиясы
***
Дисфагия құбылыстары бар 3-сатыдағы өңештің мойындық бөлімінің обырымен ауыратын 50 жастағы науқасты емдеу әдісін таңдаңыз©
еюностома салу©
гастростома салу©
эзофаго-гастроанастомоз салумен өңеш резекциясы©
Торек-Добромыслов бойынша 2 этапты өңеш резекция операциясы©
+консервативті терапия, сәулелеік ем, химиотерапия
***
78 жастағы науқаста тексеру кезінде кеңірдекке өскен, бауырға метастаздары бар өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің ісігі анықталды. Жұтынғанда сұйықтық қиындықпен өтеді. Сіздің тактикаңыз©
ісікті буждау©
ісіктің эндоскопиялық реканализациясы©
эзофагостома©
+ гастростома©
еюностома
***
50 жастағы науқаста өңештің ортаңғы-кеуделік бөлігінің обыры анықталды. Рентгенологиялық зақымданған бөлігі 8 см-ге дейін созылған, жұтынғанда оның омыртқа денелеріне қатысты қозғалмалылығы шектелген. Компьютерлі томография деректеріне сүйенсек, жекелеген регионарлы метастаздар бар, алыс метастаз жоқ. Гистологияда – жалпақ жасушалы обыр. Ауру кезінде 15 кг-ға арықтады. Сіздің емдеу тактикаңыз©
сәулелік терапия, операция көрсетілмеген©
гастростома салу, 3-6 айдан кейін жіңішке және жуан ішекпен өңеш пластикасы©
Льюис операциясы (бір сәттік эзофаго-гастроанастомозбен өңеш резекциясы©
+ Добромыслов-Торек операциясы, 3-6 айдан кейін жіңішке және жуан ішекпен өңеш пластикасы©
келесіде эндопротездеумен ісікті буждау
***
Ер адам 47 жаста. Диагноз: өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің обыры, басым инфильтративті өсу формасы, ІІ саты. Науқасқа қандай емдеу әдісі көрсетілген©
химиотерапия©
сәулелік терапия©
өңешті буждау©
сынама торакотомия©
+субтотальды резекция және өңеш пластикасы
***
58 жастағы науқас қатты тағам жұтқанда қиындық сезінгеннен бастап, 6 ай бойы өзін ауру санайды. 3 айдан кейін жауырынаралық аймақта ауырсыну, әлсіздікті байқады, тек сұйықтық қана өтетін болды, 6 кг-ға жүдеді. Өңеш рентгенографиясы кезінде ортаңғы 1/3 бөлігінде оның қуысының 6 см созылған толу ақауы есебінен тарылуы. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу жасаған жөн©
+ эзофагоскопия биопсиямен©
кеуде қуысын УДЗ©
бронхоскопия©
кеуде қуысының компьютерлі томографиясы©
лапароскопия
***
80 жастағы науқас қатты тағам жұтқанда ауырсыну, әлсіздік, жүдеуге шағымданады, 6 ай бойы ауырған. 6 кг-ға арыған, анамнезінде: 7 жыл бұрын ми қанайналым бұзылысын, 3 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткерген. Рентгенография кезінде өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің 3 см-ге созылған қуысын бітейтін экзофитті ісігі анықталды. Эзофагоскопия кезінде 23 см қашықтықта – артқы-оң жақ қабырғасының қанталайтын экзофитті ісігі. Биопсия алғанда – жалпақ жасушалы обырдың морфологиялық суреті. Қосымша ауруларды ескеріп, науқасқа қандай ем көрсетілуі керек©
+ ісіктің эндоскопиялық электротёрмокоагуляциясы©
сәулелік терапия©
өңеш экстирпациясы©
гастростомия©
химиотерапия
***
Науқаста өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің обыры, басым инфильтративті өсу формасы. Интраоперациялық зерттегенде ісіктің қолқаға өскені анықталды, зақымдану 8 см-ге созылған, қуысы 0,5 см дейін тарылған. Ісіктің терең жаралануы байқалды. Науқасқа қандай ем қолдану керек©
торакотомия©
+ гастростомия©
сәулелік терапия©
химиотерапия©
анальгетиктер
***
67 жастағы науқас 6 ай бойы әлсіздік, тәбет төмендеуі, іштің оң жағындағы ауырсыну, әсіресе мықын аймағында күштірек, жүдеу, жиі үлкен дәрет пен іш қату кезектесуі мазалағанын айтады. Қан анализінде - анемия. Нәжісте кейде қан байқалады. Ирригоскопия кезінде соқыр ішекте – контуры тегіс емес, бұдырлы 2x3 см толу ақауы анықталды. Сіздің диагнозыңыз©
дивертикул©
актиномикоз©
+соқыр ішек ісігі©
туберкулез©
спецификалық емес жаралық колит
***
Күрт арыған 40 жастағы науқас 38°С температурамен, анустан қан кету, 5 күн бойы нәжіс шықпауы, газдар бөгелуі шағымдарымен түсті. Қарау кезінде: бауыр қабырға доғасының жиегінен 7-8 см төменірек, бұдырлы. Тік ішекті саусақпен зерттеу кезінде анустан 4 см жерде жанасу кезінде қанталайтын, тік ішек қуысын толығымен жабатын, тығыз бұдырлы ісік анықталады. Шап лимфа түйіндері ұлғайған. Өтімсіздік белгілері бар, бауыр және лимфа түйіндеріне метастаз беретін тік ішек обыры диагнозы қойылды. Операцияның болжанатын көлемі қандай©
сынама лапаротомия©
тік ішектің құрсақ-шатаралық экстирпациясы©
сол жақтық гемиколэктомия©
+екі бағаналы сигмостомия©
тік ішектің алдыңғы резекциясы
***
Емханаға 62 жастағы науқас анустан қан ағу, қатты жүдеу, кезеңді іш қату шағымдарымен түсті. Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу әдісін қолдану керек©
ирригоскопия©
ректороманоскопия©
колоноскопия©
+ тік ішекті саусақтық зерттеу©
ішекпен барийдің антеградты пассажы
***
72 жастағы науқасқа кезеңді түрде ішек өтімсіздігін шақыратын соқыр ішек ісігіне байланысты жоспарлы түрде операция жасалды. Ревизия кезінде перитонеальды ішастарға өскен мөлшері 15x10 см ісік анықталды. Жіңішке ішек, шарбы лимфа түйіндерінде көптеген метастаздар анықталды. Хирург операцияны қалай аяқтауы керек©
ісік операцияға жарамайды, идеальды лапаротомия©
+ илеотрансверзоанастомоз салу©
цекостома салу©
илиостома салу©
илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия
***
Тоқ ішек обырының негізгі рентгенологиялық белгісін көрсетіңіз©
ішектің шектелген бөлігінде перистальтика болмауы немесе бұзылысы©
белгілі бір бөлікте ішек қабырғасының ригидтілігі ©
эвакуаторлық қызмет бұзылуы©
+ ішек қабырғасының контурлары шегінде жазық «ниша» немесе толу ақауы©
ішектің күшейген перистальтикасы
***
Тоқ ішек обыры кезінде рентгенологиялық зерттеудің аса ақпаратты әдісін көрсетіңіз©
құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы©
ішекпен пассажды зерттеу©
+клизма арқылы контрастты затты енгізу©
пневмоперитонеум және ретроперитонеум©
селективті ангиография
***
74 жастағы науқасқа обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған. Құрсақ қуысына операция кезінде – 1,5 л жуық ашық-сары экссудат анықталды. Ревизия кезінде мөлшері 10x12 см, тығыз, бұдырлы, қозғалмайтын, ішек қуысын толығымен бітейтін өрлемелі тоқ ішекке өтетін соқыр ішек ісігі анықталды. Мықын ішек сұйық құрамға және газға толып үрленген, жуан ішек қабысқан күйде. Жіңішке ішек пен жуан ішек шажырқайында ұлғайған тығыз лимфа түйіндері анықталады. Бауырда ошақты мөлшері 1,0 см-ден 3,5 см-ге дейін ошақты түзілістер анықталады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласу жасау керек©
«соңы соңына» аностомоз салу арқылы соқыр ішек резекциясы©
құрсақ қуысының ревизиясымен шектелу©
аяққы илеостома салу©
илеотрансверзоанастомоз салумен оң жақтық гемиколэктомия©
+ айналмалы илеотрансверзоанастомоз,назоинтестинальды интубация
***
Аурудың кеш сатысында түскен сигма тәрізді ішек ісігі аясында жедел ішек өтімсіздігі бар 75 жастағы науқасқа келесі тактика аса рациональды болып табылады©
Зерттеу және 48-72 сағаттан кейін операция жасау©
Қатаң консервативті ем©
Инфузиялық терапия және сифонды клизма©
+ 2-3 сағат бойы операцияға дайындық және Гартман операциясын жасау©
Сигма тәрізді ішекке резекция жасаумен шұғыл операция және «соңы соңына» аностомоз салу
***
Соқыр ішек обырымен ауыратын науқаста жедел ішек өтімсіздігі дамыды. Шұғыл операция кезінде регионарлы лимфа түйіндері үлкеймегені, ісіктің алыс метастаздары жоқ екені анықталды. Бұл науқасқа жасаған жөн©
+Илиотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия©
Цекостомия©
Соқыр және өрлемелі тоқ ішек резекциясы, бір бағаналы илиостома©
Екі бағанды илиостомия©
Гартман операциясы
***
Сигма тәрізді ішек обырымен шақырылған ішек өтімсіздігі кезінде әдетте қолданылатын операцияны көрсетіңіз©
Илиостомия©
Тотальды гемиколэктомия©
+ Гартман операциясы©
Айналмалы илиотрансверзоанастомоз©
Гаген-Торн бойынша мезосигмопликация
***
56 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 2 тәуліктен кейін операция жасалды. Құрсақ қуысының ревизиясы кезінде сигма тәрізді ішектің ортаңғы 1/3 бөлігіндегі ісіктің перфорациясы, ауқымды фибрин жабынымен ішастар гиперемиясы және іріңді, құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде орналасқан шірік иісті перитонеальды экссудат анықталды. Жіңішке ішек ілмектері күрт үрленген, ісінген, перисталтикасы жоқ. Берілген науқасты емдеудің тиімді әдісі болып табылады©
Гартман операциясы. Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау. Лапаротомды жараны тұйықтап тігу©
Сол жақтық гемиколэктомия. Трансверзостомия. Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау. Құрсақ қуысын бағдарламаланған санациялаумен лапаростомия©
+ Гартман операциясы. Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау. Құрсақ қуысын бағдарламаланған санациялаумен лапаростомия. Назоинтестинальды интубация©
Перфорациялық тесікті тігу. Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау. Фракциялық перитонеальды диализ©
Перфорациялық тесікті тігу. Назоинтестинальды интубация. Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау
***
Бауырға метастаз берген өрлемелі тоқ ішек ісігінің перфорациясы кезінде көрсетілген©
илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия©
оң жақтық гемиколэктомия, терминальды илеостомия©
перфорацияны тігу, илеотрансверзоанастомоз©
оң жақтық гемиколэктомия, колостомия, илеостомия©
+ цекостомия
***
Ерте сатыдағы соқыр ішек обыры кезінде таңдалатын операция©
+илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия©
илестома салу©
цекостома салу©
Гартман операциясы©
Микулич операциясы
***
Обыр кезінде жиі кездесетін ісік өсуінің экзофитті типі©
+соқыр ішек және тоқ ішектің өрлемелі бөлігі©
көлденең тоқ ішектің©
төмендеген бөлігінің©
сигма тәрізді ішектің©
ісік өсу типінің оның орналасуына қатысты белгілі тәуелділігі анықталмады
***
Тоқ ішек обырының клиникалық ағымының токсико-анемиялық формасы ісіктің қандай локализациясында аса жиі кездеседі©
+ тоқ ішектің оң жақ бөлімі©
көленең тоқ ішекте©
төмендеген ішекте©
сигма тәрізді ішекте©
барлық аталған бөлімдерде бірдей жиілікте кездеседі
***
Париетальды ішастарға инвазия және жіңішке ішек пен шарбының шажырқайының лимфа түйіндерінде көптеген метастаздары бар соқыр ішек ісігі кезінде емдеу тактикасы©
сынама лапаротомия©
+илиотрансверзоанастомоз салу©
цекостома салу©
илеостома салу©
колостома салу
***
Ісіктің қандай локализациясында тоқ ішек обырының асқынуы ретінде ішек өтімсіздігі жиі кездеседі©
Өрлемелі бөлімде©
Көлденең бөлімде©
+ Төмендеген бөлімде©
Ішек өтімсіздігінің жиілігі ісік локализациясына тәуелді емес©
науқас жасына байланысты
***
55 жастағы науқас оң мықын аймағындағы тұйық ауырсынуға, субфебрилитетке шағымданады. Екі ай бойы ауырады, ауру жедел басталмаған. Оң мықын аймағында диаметрі 6 см дейін контуры тегіс емес, қозғалмалылығы шектелген, аз ауырсынатын тығыз түзіліс анықталады. Ирригография кезінде соқыр ішектің латеральды қабырғасында орталығында барий депосымен толу ақауы. Сіздің диагнозыңыз©
Соқыр ішек полипы©
Аппендикулярлы инфильтрат©
Соқыр ішектің бүрлі ісігі©
+ Соқыр ішек обыры©
Ішастарарты кеңістігінің кистасы
***
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы тоқ ішек обырының скринингінде қолданылады©
Колоноскопия©
+ Гемокульттест©
Ирригография©
Асқазан және ішек рентгеноскопиясы©
Абелев-Татаринов реакциясы
***
Тоқ ішек обырына тән рентгенологиялық белгіні көрсетіңіз©
Ішектің шектелген бөлімінде перистальтика болмауы немесе бұзылуы©
Шектелген бөлікте қабырғасының ригидтілігі©
Эвакуаторлық қызмет бұзылуы©
+ ішек қабырғасы контурында жалпақ «ниша» немесе толу ақауы©
Күшейген ішек перистальтикасы
***
Тоқ ішек обырын хирургиялық емдеу әдісін таңдау тәуелді емес©
Ісік орналасуына©
Асқыну болуы немесе оның болмауы©
науқас жалпы жағдайына©
метастаздар болуына©
+ гистологиялық құрылымына
***
Соқыр ішек обырының радикальды емі негізделеді©
Ішек күмбезі мен ісікті резекциялау©
Соқыр ішек немесе өрлемелі бөлік жартысының резекциясы©
ішек қабырғасын ісікпен бірге сына тәрізді кесу©
+ оң жақтық гемиколэктомия©
айналмалы илеотрансверзоанастамоз салу
***
56 жастағы науқаста 3 тәулік бойы ішек өтімсіздігі белгілері бар. Операция кезінде сигма тәрізді ішекті қуысын толығымен обтурациялайтын ісік анықталды. Тоқ ішек пен мықын ішек күрт үрленген, іші толған. Ісіктен дистальды бөлікте ішек қабысқан. Көрінетін метастаздар жоқ. Емдік көмек көлемі қандай ©
Субтотальды колэктомия, энтеростомия©
+ Гартман операциясы, назоинтестинальды интубация©
«Соңы соңына» аностомозбен ішектің обструктивті резекциясы©
Анастомоздан жоғары жерде ісік арқылы трансанальды зонд жүргізу©
«Бүйірі бүйіріне» айналмалы илеосигмоанастомоз
***
Науқаста операция кезінде бауырдың сол жақ бөлігіне жалғыз метастаз бар сигма тәрізді ішек обыры анықталды. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Хирург тактикасы©
Ісік инкурабельді, еюностома салу©
Сигма тәрізді ішек резекциясын жасау©
+ Сигма тәрізді ішек резекциясын жасау, бауырға сына тәрізді резекция жасау©
Трансверзостома салу©
Сол жақтық гемиколэктомия жасау
***
Егде жастағы науқас әйелге жартылай ішек өтімсіздігін шақырған соқыр ішек ісігіне байланысты жоспарлы түрде операция жасалған. Ревизия кезінде ісік мөлшері үлкен, тығыз, қозғалмайтын, париетальды ішастарға өсетіні анықталды. Шажырқай мен шарбы лимфа түйіндеріне көп метастаздар анықталды. Сіз операцияны қалай аяқтайсыз©
Ісікті алып тастау бойынша радикалды операция жасау©
ісікті алып тастау©
ісікті құрсақ қабырғасына шығару©
Цекостомия©
+ Айналмалы анастомоз салу
***
76 жастағы науқас 3 сағат бұрын ауырып қалды, ауыр жүкті көтергеннен кейін іштің төменгі бөлімдерінде өткір ауырсыну сезінді, суық тер басып, жүрек айну пайда болды. Анамнезінен 3 жыл бойы іш қатумен, кейде нәжісте күңгірт қан мен шырыш болғаны белгілі. Соңғы 4 күнде газдар мен нәжіс шықпауы мазалады. Объективті қарау кезінде тілі құрғақтау, терісі бозғылт-алқызыл. Науқас тамақтануы төмендеген. Тамыр соғысы – 96 рет/мин. Іші орташа үрленген, тимпанит, едәуір ауырсынады және төменгі бөлімдерде қатайған, әсіресе сол жақтан, төменгі бөлімдерде ішастар тітіркену симптомы әлсіз оң. Сіздің болжам диагнозыңыз©
микроперфорацияға күдікпен сигма тәрізді ішек дивертикулезі©
обтурациялық жуан ішектік өтімсіздік©
сигма тәрізді ішек бұралуы©
+ сигма тәрізді ішек обыры, қуысы обтурацияланған, перфорация, перитонит©
спецификалық емес жаралық колит
***
67 жастағы науқасты жарты жыл бойы 3-4 күнге созылатын іш қату, нәжісте шырыш пен күңгірт қан іздері мазалайды. Емханаға түсерден 2 күн бұрын іште толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды, газ шықпай қойды, нәжіс болмады. Ректельды зерттеу кезінде сфинктер атониясы анықталды. Тік ішекке сифонды клизма жасағанда 500,0 мл артық су енгізілмейді. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде үстінде газ жиналған көптеген сұйықтық деңгейлері анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды таңдаңыз©
сигма тәрізді ішек бұралуы, жедел странгуляциялық ішек өтімсіздігі©
+ жуан ішектің ректо-сигмоидты бөлімінің ісігі, жедел обтурациялық ішек өтімсіздігі©
спецификалық емес жаралық колит, жуан ішектің токсикалық дилятациясы©
спастикалық ішек өтімсіздігі©
илеоцекальды инвагинация
***
74 жастағы науқасқа обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған. Құрсақ қуысына операция кезінде – 1,5 л жуық ашық-сары экссудат анықталды. Ревизия кезінде мөлшері 10x12 см, тығыз, бұдырлы, қозғалмайтын, ішек қуысын толығымен бітейтін өрлемелі тоқ ішекке өтетін соқыр ішек ісігі анықталды. Мықын ішек сұйық құрамға және газға толып үрленген, жуан ішек қабысқан күйде. Жіңішке ішек пен жуан ішек шажырқайында ұлғайған тығыз лимфа түйіндері анықталады. Бауырда ошақты мөлшері 1,0 см-ден 3,5 см-ге дейін ошақты түзілістер анықталады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласу жасау керек©
+ айналмалы илеотрансверзоанастомоз©
құрсақ қуысы ревизиясымен шектелу©
цекостома салу©
оң жақтық гемиколэктомия©
соқыр ішек
***
Лапаротомия кезінде бауырлық бұрышқа дейін таралған көлденең тоқ ішек ісігі анықталды және асқазан антральды бөліміне қарай өскен, ішектің әкелуші бөлімі едәуір кеңейген, қуысында нәжістік массалар, мықын ішек кеңеймеген. Көрінетін метастаздар жоқ. Қандай операция жасаған жөн©
Көлденең тоқ ішек резекциясы©
Айналмалы илеотранверзоанастомоз©
+ Оң жақтық гемиколэктомия асқазан резекциясымен©
Көлденең тоқ ішек резекциясы асқазан резекциясымен және анастомозбен©
Цекостомия
***
Созылмалы парапроктитке аса сипаттамалы©
Гематурия©
+ Шатаралық терісінде жыланкөздік тесік болуы©
Дефекация акті соңында алқызыл қан бөлінуі©
Іштің төменгі бөлімінде ауырсыну©
Диарея
***
Тік ішек жыланкөздерін зерттеуде не қолданылмайды©
Сыртқы қарау және пальпация©
Тік ішекті саусақпен зерттеу©
+Жыланкөз жолын бояу және зондтау©
Фистулография©
Лапароскопия
***
Іріңді қуыспен асқынған экстрасфинктерлік жыланкөз кезінде аса радикалды операция©
Жыланкөзді ішек қуысына тілу©
Іріңді қуысты дренаждау©
Шырышты төмен түсіру бойынша Блиничевтың пластикалық операциясы©
сфинктерді тігумен жыланкөзді тілу©
+лигатура жүргізу және іріңді қуысты дренаждау
***
Жедел парапроктит пайда болуына бейімдеуші факторлардың ішінде бірінші орында тұрады©
Геморрой©
Медициналық манипуляциялар кезінде тік ішек шырышты қабатының зақымдануы©
+тік ішек шырышты қабатының микрожарақаттары©
тік ішектің оқ тиген жарақаттары©
тік ішекпен көршілес мүшелердің қабынулық аурулары
***
Тік ішек сызатына келесі симптомокомплекс тән (таңдау сатысына байланысты©
Дефекация кезінде күшейетін, алкоголь және ащы тағамдар қабылдауымен шақырылатын анальды аймақтың орташа ауырсынуы, анальды аймақ қышуы, дефекация актінен кейін ауқымды қан кету©
Дефекация акті кезінде толық босамау сезімі, қанмен боялған нәжіс, тенималар, тұрақсыз үлкен дәрет, шырыш, бір реттік күңгірт қан бөлінуі©
Тұрақсыз үлкен дәрет, жамбас аймағында ауырлық сезімі, нәжіс қалыпты конфигурациялы, күңгірт немесе алқызыл қанмен, «қой» типтес нәжіс, іші үрленген, аз үлкен дәретпен жеңілдемейді©
Жиі сұйық үлкен дәрет, тенезмалар, шырышты-қан аралас бөліністер, кейде профузды іш өту, температуралық реакциялар болуы мүмкін©
+Дефекация актінен кейін қатты ауырсыну, дефекация актінен кейін 2-3 тамшы түрінде қан кету, үлкен дәретке отырудан қорқу, созылмалы іш қатулар
***
Жедел парапроктитке байланысты операцияны жүргізген жөн ©
Көктамырішілік наркозбен©
Жергілікті анестезиямен©
Сакральды анестезия жасаумен©
Перидуральды анестезиямен©
+Жергілікті анестезиядан басқа кез келген жансыздандыру қолданумен
***
Амбулаторлы жағдайда геморроидалды түйіндердің жедел тромбозына байланысты емдеген кезде рационалды©
Іш өткізетін заттар (күкіртқышқыл магнезия), қорғасындық жақпалар, ішке қабылдауға эскузан немесе аспирин, красавкамен шамдар тағайындау©
Новокаинды блокада жасау, түйіндерді орнына салу©
+ Анальгетиктер тағайындау, алғашқы 2-3 күнде жақпалар, төсек тәртібі, гепаринді жақпамаймен таңу, диета©
Тромбталған түйіндерді алып тастау©
Склероздаушы терапия қолдану
***
Тік ішекке тән емес қызмет©
Резервуарлы©
Эвакуаторлы©
Секреторлы©
Ішек құрамының ұсталуы©
+ Экскреторлы
***
Анальды сызат жиі пайда болады©
+ Анальды каналдың артқы жарты шеңберінде©
Анальды каналдың алдыңғы жарты шеңберінде©
Анальды каналдың оң жарты шеңберінде©
Анальды каналдың сол жарты шеңберінде©
Анальды каналдың алдыңғы және артқы жарты шеңберінде
***
Созылмалы каллезді анальды сызаттың аса тиімді емі болып табылады©
сызат астына спиртпен новокаин енгізу©
новокаин ерітіндісімен сегізкөзалды блокада©
Сызатты кесу©
Рекомье бойынша сфинктерді саусақпен созу©
+ мөлшерленген сфинктеротомиямен сызатты кесу
***
Геморроидэктомия қай кезде көрсетілген©
Анальды қышу©
Геморроидалды түйіндер түсуі 1-дәрежесі©
Дефекация кезінде ауырсыну синдромы©
+Геморроидалды түйіндер түсуі 1-дәрежесі©
Геморрой өршуі
***
Науқаста дефекация актінен кейін анальды аймақта қатты ауырсыну, үлкен дәреттен кейін 2-3 тамшы түріндегі қан кету, үлкен дәретке отырудан қорқу, созылмалы іш қатулар. Сіздің болжам диагнозыңыз©
геморрой©
тік ішек обыры©
жедел парапроктит©
+ анальды канал сызаты ©
параректальды жыланкөз
***
Геморройдың анальды канал сызатымен асқынуы кезінде жасаған жөн©
Анальды сызатты кесу©
Қабынуға қарсы ем©
Геморроидэктомия©
+ Сегізкөзалды новокаинді блокада©
Геморроидэктомия мөлшерленген сфинктеротомиямен
***
Ерте кезеңде геморроидэктомиядан кейін аса жиі асқыну болып табылады©
Айқын ауырсыну синдромы©
Перианальды қышу©
Қан кету©
Жедел парапроктит©
+Зәр шығару бөгелуі
***
Жедел шонданайлық-тік ішектік парапроктит кезінде көрсетілген©
Іріңдікті пункциялау және антибиотиктер енгізу©
Ішек қуысы арқылы іріңдікті ашу©
Құйымшақ-тік ішек байламын кесумен шатаралық арқылы іріңдікті ашу©
Абсцесті пункциялау және қуысты шаю үшін дренажды енгізу©
+ Абсцесті ашу, дренаждау, анальды каналда криптаны тілу
***
Тік ішек түсуіне бейімдеуші факторға жатады©
Іш қатулар©
Іш өту©
Ауыр физикалық жүк©
Жөтел©
+Жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіздігі
***
Тік ішек түсуіне ықпал ететін тудырушы факторларға жатпайды©
Іш қатулар©
Іш өту©
Ауыр физикалық жүк©
Жөтел©
+Жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіздігі
***
Тік ішек түсуі диагностикасы қандай деректерге негізделеді©
УДЗ©
Рентгенография©
+ Объективті қарау және шағымдар©
Ирригоскопия©
Ректороманоскопия
***
III - IV дәрежелі тік ішек түсуі кезінде аса тиімді операция©
Тирш©
+ Кюммель-Зеленин©
Кадьян-Брун©
Святухин В.М. ©
Жерар-Маршан
***
Созылмалы парапроктитке аса сипаттамалы белгі©
гематурия©
+ шатаралық терісінде жыланкөздік тесік болуы©
дефекация актінің соңында алқызыл қан бөлінуі©
іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну©
диарея
***
Геморройға келесі симптомдар тән©
жиі сұйық үлкен дәрет, шырышты-қан аралас бөліністер, кезеңді қайталанатын дене температурасының жоғарылауы©
дефекациядан кейін қатты ауырсыну, кейін қан тамшылары шығуы, созылмалы іш қатулар©
тұрақсыз үлкен дәрет, кейде қан аралас, «қой» типтес нәжіс©
алкоголь және ащы тағамдар қабылдағанда артқы өтіс аймағындағы тұрақты ауырсыну, анальды аймақ қышуы©
+ дефекация кезінде алқызыл қан шығуы, геморроидалды түйіндер ұлғаюы
***
Созылмалы геморройдың аса кең таралған емдеу әдісі©
+хирургиялық – геморроидэктомия©
консервативті – диета, шамдар, микроклизмалар©
склероздаушы терапия©
латекс, жібекпен лигирлеу©
физиотерапия
***
38 жастағы науқас емханаға әрбір дефекация кезінде ауқымды үнемі қайталанатын алқызыл түсті қан кету, іш қату шағымдарымен түсті. 6 жыл бойы ауырады. Объективті: ректальды зерттеу кезінде циферблат бойынша 3, 7, 11 сағатта проекцияланатын нүктелерде үлкен, жұмсақ, жеңіл түсетін, тигенде күрт қанталайтын ішкі геморроидальды түйіндер анықталады. Анус айналасындағы тері мацерацияланған, қастау іздері бар. Кожа вокруг ануса мацерирована, следы расчесов. Ректороманоскопия 30 см дейін патологиялық өзгеріссіз. Қан талдауы: Нв 90 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 14 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз©
Қан кетумен асқынған тік ішек обыры©
Геморрой, геморроидалды түйіндер түсуі 1-саты©
Тік ішек сызаты, дефекация кезінде қан кету және ауырсыну синдромы©
Қан кетумен асқынған тік ішек полипы©
+ Ішкі геморрой, қан кетумен асқынған
***
41 жастағы науқас емханаға артқы өтіс аймағындағы қатты ауырсыну және дефекация кезінде үнемі ауқымды қан кетуге шағымданып түсті. Дефекация кезінде қан болуын байқаған кезден бастап 8 жыл бойы ауырады. Консервативті емделген: шамдар, диета, іш өткізетін заттар. Соңғы 3 айда шамдар көмектеспеді, дефекация кезінде қатты ауырсыну, тенезмалар пайда болды. Объективті: тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттар түсі қалыпты. Тамыр соғысы 72 рет/мин., сипаты қанағаттанарлық. АҚ 130/80 мм с.б. Іші пальпациялағанда барлық бөлімдерінде жұмсақ, ауырсынусыз. Ректальды зерттеу кезінде тигенде жеңіл қанталайтын ішкі және сыртқы геморроидалды түйіндер айқындалған. Ректороманоскопия 30 см дейін ерекшеліктерсіз. Сіздің клиникалық диагнозыңыз©
Анальды қышу©
Жедел парапроктит©
Анальды сызат©
+Қанталайтын геморрой©
Геморрой өршуі
***
38 жастағы науқас емханаға әрбір дефекация кезінде ауқымды үнемі қайталанатын алқызыл түсті қан кету, іш қату шағымдарымен түсті. 6 жыл бойы ауырады. Объективті: ректальды зерттеу кезінде циферблат бойынша 3, 7, 11 сағатта проекцияланатын нүктелерде үлкен, жұмсақ, жеңіл түсетін, тигенде күрт қанталайтын ішкі геморроидальды түйіндер анықталады. Анус айналасындағы тері мацерацияланған, қастау іздері бар. Кожа вокруг ануса мацерирована, следы расчесов. Ректороманоскопия 30 см дейін патологиялық өзгеріссіз. Қан талдауы: Нв 90 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 14 мм/сағ. Емдеу жоспары©
+ хирургиялық – геморроидэктомия (Миллиган-Морган бойынша©
консервативті – диета, гемороидальды шамдар, микроклизмалар©
склероздаушы терапия©
латекспен, жібекпен лигирлеу©
физиотерапия
***
30 жастағы науқас Д. артқы өтіс аймағындағы ауырсынатын тығыздалу барына, дефекация кезінде ауырсыну, дене температурасының 37,6ºС жоғарылауына шағымданады. Айтуынша 3 күн бойы ауырады. Қарау кезінде анус аймағында 5-6 сағатта анальды каналға өтетін ауырсынатын флюктуацияланатын бұлтию анықталады. Сіздің клиникалық диагнозыңыз©
Шатаралық фурункулы©
Анальды сызат©
+ Теріасты-шырышасты парапроктит©
Пельвиоректальды парапроктит©
Құйымшақтың іріңдеген кистасы
***
63 жастағы науқас У. хирургқа дефекация акті және физикалық жүктеме кезінде тік ішек түсуіне шағымданды, өздігінен орнына келмейді, тек қана қолмен орнына түседі. Ауру сатысын көрсетіңіз©
Аурудың I сатысы©
+ Аурудың II сатысы©
Аурудың IІI сатысы©
Аурудың IV сатысы©
клиникалық белгілер аурудың ешқандай сатысына сәйкес келмейді
***
54 жастағы науқас П. жүргенде және физикалық жүктеме кезінде күшейетін шатаралық тереңінде тұйық ауырсынуға, бір апта бойы жоғары дене температурасына 39-40ºС шағымданып түсті. Қарау кезінде бөксе аймағының ассиметриясына назар аударылды. Қандай ауру туралы ойлану керек©
Жедел теріасты парапроктит©
Созылмалы парапроктит©
Геморроидалды түйіндер тромбозы©
+ Жедел ишеоректальды парапроктит©
Жедел шырышасты парапроктит
***
61 жастағы науқас Ш. артқы өтіс аймағындағы ауырсынуға, шатаралық аймағында қышу, артқы өтістен дефекация кезінде қайтадан тік ішекке біртіндеп орнына келетін түйіндер түсуіне шағымданды. Ауру сатысын көрсетіңіз©
Аурудың I сатысы©
+ Аурудың II сатысы©
Аурудың IІI сатысы©
Аурудың IV сатысы©
клиникалық белгілер аурудың ешқандай сатысына сәйкес келмейді
***
45 жастағы науқас Л. ұзақ уақыт бойы кезеңді түрде ректальды қан кетуді байқады. Қан ағу дефекация актінен кейін болады (қан алқызыл түсті аз мөлшерде – қағаздағы іздерден бірнеше тамшыға дейін). Соңғы 2 айда қан кету күшейе түсті, әрбір үлкен дәреттен кейін алқызыл қанның аздаған ағуымен қайталанады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз©
Эрозияланған беткейлердің лазерлі коагуляциясы©
Геморроидэктомияның лигатуралық әдісі©
Уайтхед операциясы©
+ Миллиган-Морган әдісі©
Паркс әдісі
***
Потстромбоздық аурудың реканализацияланған формасы кезінде трофикалық жара рецидивінің алдын алуға көмектесетін оперативтік әдісті атаңыз©
Склеротерапия©
Коккет операциясы©
+ Линтон операциясы©
Троянов-Тренделенбург операциясы©
Сирақтың артқы асықты жіліктік артериясының резекциясы
***
Хирургиялық стационарға ұзақ уақыт бойы оң аяқтың варикоздық ауруымен ауыратын 55 жастағы науқас әйел түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Оң жақ санының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Санның медиалды бетінде тізе буыны деңгейінен ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін гиперемия жолағы көрінеді және тығыз ауырсынатын шнуртәрізді тяж пальпацияланады. Аяғы ісінген. Хоманс симптомы теріс. Қандай емдеу шараларын қолданған жөн©
Қатаң төсек режимі, гепаринотерапия©
Вишневский жақпамайымен компресс, антибиотикотерапия©
+ Троянов-Трендленбург операциясын шұғыл жасау©
Кава-фильтр имплантациялау©
Шұғыл түрде Линтон операциясын жасау
***
Аяқтардың посттромбоздық ауруы ненің салдары болып табылады©
Беткей веналар тромбозы©
Беткей веналардың варикозды кеңеюі©
+ Терең веналардың тромбозы©
Үлкен теріасты венасын байлау©
Коммуникантты веналардың қақпақшалық жетіспеушілігі
***
Сан венасының функциональды жетіспеушілігі кезінде варикозды ауруға байланысты жасалған радикальды венэктомияны немен толықтыру керек©
Сан венасының пликациясы©
Кава-фильтр имплантациясы©
+ Каркасты спиральмен қақпақшаның экстравазальды коррекциясы©
Сан венасын байлау©
Пальм операциясы
***
35 жастағы науқаста 3 жыл бұрын аппендэктомиядан 3 тәуліктен кейін сол аяқтың ісінуі және цианозы анықталды. Консервативті емделген. Біртіндеп ісік қайтты, алайда айдан кейін беткей веналардың варикозды кеңеюі пайда болды. Қарап тексеруде сирақтың медиалды бетінің терісінің айқын трофикалық жаралары анықталды. Дистальды флебография кезінде сол аяқтың терең веналары толығымен реканализацияланған, балтыр деңгейінде терең веналардан беткей венаға қан лақтырысы анықталды. Балтырдың трофикалық жарасы рецидивінің алдын алуға қандай операция көмектеседі©
Балтырдың перворантты веналарын фасцияүстілік байлау©
Троянов-Тренделенбург операциясы©
Каркасты спиральмен сан венасының қақпақшасын коррекциялау©
+Линтон операциясы©
Артериовенозды шунт салу
***
Аяқтың варикозды ауруының дамуына қатыспайтын факторды атаңыз©
Аяқтың веналық жүйесінен қан ағып кетуінің қиындауы©
Перфоранттар арқылы терең венадан қанның беткей веналарға лақтырысы©
Терең веналардың салыстырмалы қақпақшалық жетіспеушілігі©
+ Жүйелік артериялық гипертензия©
Остиальды қақпақшалардың мүмкіншілігі жоқтығы
***
Аяқтың варикозды ауруына келесі клиникалық белгілер тән©
Аяқтағы күрт ауырсыну, магистральды артериялар пульсациясы болмауы©
Бүкіл аяқтың тұрақты ісінуі. «Ауыспалы ақсақтық» ©
+ Медиалды тобықта трофикалық бұзылыстар, балтыр және санның беткей веналарының кеңеюі©
Аяқтың І саусағының трофикалық бұзылыстары. Айқын лимфостаз©
Жұмыс күнінің басында және физикалық жүктеме кезінде пайда болатын табан ісінуі және аяқтағы өткір ауырсыну
***
Посттромбоздық аурудың негізгі клиникалық симптомдарына жатпайытын симптомды атаңыз©
Аяқ көлемінің үлкеюі. Керу сезімі©
+ Магистральды артериялар пульсациясының болмауы©
Аяқтың шамадан тыс ширығуы©
Балтырда терісінің трофикалық бұзылыстары©
Беткей веналардың варикозды кеңеюі
***
Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 26 жастағы науқаста асқынбаған шұғыл босанудан кейін 8-ші күні санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін үлкен теріасты венасының бойымен ауырсыну, гиперемия және тығыздалу пайда болды. Науқас қантамырлық бөлімшеге ауыстырылды. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз©
Консервативті ем, нәтиже болмаса-венэктомия©
Үлкен теріасты венасына катетерлік склеротерапия©
Қабыну басылғаннан кейін теріасты веналарын алып тастау©
Троянов-Тренделенбург операциясы, нәтиже болмаса-консервативті ем©
+Шұғыл Троянов-Тренделенбург операциясы
***
Аяқтың варикозды ауруының асқынуы болып табылмайтын асқынуды көрсетіңіз©
+Аяқ гангренасы©
Беткей веналардың тромбофлебиті©
Беткей веналардан қан ағуы ©
Балтырдың трофикалық жаралары©
Варикозды веналардың жедел тромбофлебиті
***
Аяқтың варикозды ауруына тән симптом©
+ Балтырдың трофикалық жаралары©
Аяқ гипертрофиясы©
Аяқ температурасының төмендеуі©
Төмен «ауыспалы ақсақтық»©
Ұзық статикалық жүктеме кезінде жедел ауырсыну
***
Варикозды аурудың субкомпенсацияланған формасымен ауыратын науқастар қандай шағым айтады©
Аяқта ауырлық сезімі©
Ұзық тұрған кезде шаршағыштық©
Косметикалық ақау©
+ Тыныштықта балтыр бұлшықеттерінің тырысуы©
Тізе буынына дейін балтырдың тұрақты ісінуі
***
Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 5 жастағы науқас 5 күн бұрын пайда болған гипертермия, сол санның беткей веналары бойымен ауырсыну, қызару, тығыздалу шағымдарын айтты. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Сол аяқтың ісінуі мен цианозы жоқ. Сол санның ішкі бетінде варикозды кеңейген веналар бойымен гиперемия анықталады және санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін ауырсынатын тяж пальпацияланады. Сіздің тактикаңыз©
Ангиография жасау©
Сан венасын байлау©
+ Ультрадыбыстық ангиосканерлеуден кейін Троянов-Трендленбург операциясын жасау©
Санның ортаңғы 1/3 бөлігінде варикозды веналарды байлау©
Қатаң төсек тәртібін және консервативті ем тағайындау
***
37 жастағы науқас Ю. аяқтың веналарының варикозды кеңеюі клиникасымен түсті. Бұл патологиямен 8 жыл бойы ауырады. Соңғы кезде аяқ терісінің трофикалық бұзылыстары дамығанын байқады. Бұл немен байланысты болғанын айтыңыз©
ұсақ артериялар окклюзиясы, үлкен теріасты венаның сабауының қақпақшаларының шамасы жоқтығы, дерматитпен©
ұсақ артериялар окклюзиясы, перфорантты веналар шамасы жоқтығы, үлкен теріасты вена сабауының қақпақшаларының шамасы жоқтығы©
+ перфорантты веналар шамасы жоқтығы, үлкен теріасты вена сабауының қақпақшаларының шамасы жоқтығы©
үлкен теріасты вена сабауының қақпақшаларының шамасы жоқтығы, балтырдың терең веналарының жедел тромбозы©
перфорантты веналардың шамасы жоқтығы, дерматитпен
***
Аяқ веналарының варикозды кеңеюімен науқас түсті. Түпкілікті тексеру және зақымдану дәрежесін анықтау үшін флебография тағайындалған. Бұл әдіс аса кең таралғанын ескеріп, науқасқа қандай флебография әдісін жүргізуді ұсынасыз©
ретроградты©
локальды©
+ өрлемелі©
функционалды©
флебоскопиямен бірлескен флебография
***
Науқаста тері және теріасты шелмайының айқын трофикалық өзгерістерімен аяқтардың коммуникантты веналарының шамасы жоқтығы, қандай операция тағайындаған жөн©
Бэбкок©
Нарат©
+Линтон©
Троянов - Тренделенбург©
Маделунг
***
Аяқтың терең веналарының тромбозының аса қауіпті асқынуы қандай©
Балтырдың трофикалық жарасы©
+ Өкпе артерияларының эмболиясы©
Варикозды түйіндердің флебиті©
Терең веналардың облитерациясы ©
Піл аяқ
***
Операциядан кейінгі кезеңде аяқтардың қан ағысын жақсартуға ықпал ететін факторды атаңыз©
Ерте тұру©
Балтырды эластикалық бинтпен бинттау©
Аяқты жоғары қалыпта ұстау©
+ Ұзақ және қатаң төсек тәртібі©
Балтыр бұлшықеттерінің жиырылуы
***
Жүктіліктің 38 аптасындағы 20 жастағы науқас әйел үйіне жедел жәрдеммен шақыртылдыңыз. Қарау кезінде Сіз илиофеморальды веналық тромбозды диагностикаладыңыз. Не істеген жөн©
Науқасты перзентханаға госпитализациялау©
Үйде консервативті терапия жүргізу©
Емдеу сипаты – протромбин индексін анықтаған соң амбулаторлы жағдайда©
+ Қантамырлық бөлімшеге науқасты госпитализациялау©
Науқасқа әйелдер консультациясына жолдама беру
***
Гинекологиялық бөлімшеде жатқан 50 жастағы науқаста миомаға байланысты жатырды алып тастағаннан екі тәуліктен кейін илиофеморальды веналық тромбоз диагностикаланды. Сіздің тактикаңыз©
Гинекологиялық бөлімшеде консервативті терапия жүргізу©
консервативті терапия тиімді болған жағдайда науқасты түпкілікті емделу үшін амбулаторлы емделуге жолдау©
Тігістер алынғаннан кейін науқасты хирургиялық стационарға ауыстыру©
Науқасты қантамырлық бөлімшеге ауыстыру туралы шешімді тек науқас жағдайы нашарлаған жағдайда ғана қабылдау©
+ Науқасты қантамырлық хирургиялық бөлімшеге шұғыл ауыстыру
***
Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 26 жастағы науқас әйелде асқынбаған шұғыл босанудан 8 тәуліктен кейін санның жоғарғы 1/3 бөлігі деңгейіне дейін үлкен теріасты венасы бойымен ауырсыну, гиперемия және тығыздалу пайда болды. Тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз© Консервативті ем, тиімді емес болса-венэктомия©
Тромбталған теріасты веналарын шұғыл алып тастау©
Қабыну басылғаннан кейін теріасты веналарын алып тастау©
Консервативті ем көмектеспеген жағдайда Троянов-Трендленбург операциясы©
+ Ультрадыбыстық ангиосканерлеуден соң шұғыл Троянов-Трендленбург операциясы
***
Аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 50 жастағы науқас 5 күн бұрын пайда болған гипертермия, сол санның беткей веналары бойымен ауырсыну, қызару, тығыздалу шағымдарын айтты. Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Сол аяқтың ісінуі мен цианозы жоқ. Сол санның ішкі бетінде варикозды кеңейген веналар бойымен гиперемия анықталады және санның ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін ауырсынатын тяж пальпацияланады. Ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша аяқтың терең магистральды веналары толығымен өтімді. Сіздің тактикаңыз©
Ангиографиялық зерттеу жүргізу©
Сан венасын байлау©
+ Тромбталған үлкен теріасты венасын алып тастаумен бірлесіпғ Троянов-Трендленбург операциясын жасау©
Санның ортаңғы 1/3 бөлігінде варикозды веналарды байлау©
Қатаң төсек тәртібін және консервативті ем тағайындау
***
Хирургиялық стационарға ұзақ уақыт бойы оң аяқтың варикоздық ауруымен ауыратын 55 жастағы науқас әйел түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Оң жақ санының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Санның медиалды бетінде тізе буыны деңгейінен ортаңғы 1/3 бөлігіне дейін гиперемия жолағы көрінеді және тығыз ауырсынатын шнуртәрізді тяж пальпацияланады. Аяғы ісінбеген. Хоманс симптомы теріс. Қандай емдеу шараларын қолданған жөн©
Қатаң төсек режимі, гепаринотерапия©
Вишневский жақпамайымен компресс, антибиотикотерапия©
+ Троянов-Трендленбург операциясын шұғыл жасау©
Кава-фильтр имплантациялау©
Шұғыл түрде Линтон операциясын жасау
***
Операциядан кейінгі кезеңде аяқты эластикалық бинтпен бинттаудың мақсаты не©
Лимфостаздың алдын алу қажеттігі©
+ Өкпе артерияларының тромбоэмболиясының алдын алу©
Беткей веналармен қан ағысының жылдамдауы©
Трофикалық бұзылыстардың алдын алу©
Артериялық қан ағысына әсер ету қажеттігі
***
Аяқтардың флеботромбозы несімен қауіпті©
Бүйрек инфарктімен©
Көкбауыр инфарктімен©
Шажырқайлық тамырлардың тромбоэмболиясымен©
Пилефлебитпен©
+ Өкпе артерияларының тромбоэмболиясымен
***
Сіз хирургиялық стационар жағдайында 3 күн бойы ауырған науқасты 30 жыл бойы оң жақ балтырдың терең веналарының жедел тромбозына байланысты емдеудесіз. Сіздің тағайындауларыңыз©
Вишневский жақпамайымен компресс. Ұзақ және қатаң төсек тәртібі©
+ Антикоагулянттар, антиагреганттар. Аяқты эластикалық бинттау©
Кең спектрлі антибиотиктер. Гипстік лонгета©
Аминокапрон қышқылдарын енгізу. Жартылайспирттік компресстер©
Балтыр бұлшықеттерінің жиырылуы. Аяқ бұлшықеттерінің массажы
***
Ревматикалық митралды стеноз және жыпылық аритмиямен ауыратын 66 жастағы науқаста кенеттен оң аяқта ауырсыну пайда болды. Қарау кезінде оң аяқтың айқын ісінуі байқалды. Аяқтың тері жабындылары цианотикалық, теріасты веналық суреті күшейген. Санның тамырлық шоғыр аймағын пальпациялағанда ауырсынады. Хоманс симптомы оң. Табан артерияларындағы пульсация айқын анықталады. Диагнозды көрсетіңіз©
Оң сан артериясының эмболиясы©
Бұлшықетаралық гематома©
+ Жедел мықын-сан веналық тромбозы©
Жедел лимфостаз©
Лериш синдромы***
Веналарда тромбтүзілуіне ықпал ететін факторларды атаңыз©
+ Вена қабырғасының зақымдануы. Венада қан ағысының баяулауы©
Туа біткен артерио-веноздық шунттар болуы. Веналармен қан ағысының жылдамдауы©
Қанның тромб түзілуге қабілеттілігінің артуы. Теріасты гематомалар©
Жүрек жиырылу ырғағының бұзылуы. Жоғары артериялық қысым©
Жүрек және қолқаның туа біткен аурулары
***
Аяқтың теріасты веналарының жедел тромбофлебиті кезінде келесі препараттар қолданылады©
+ Дезагреганттар. Жергілікті суық басу©
Антибиотиктер. Жергілікті жылу басу©
Тура емес әсерлі антикоагулянттар©
Тура әсерлі антикоагулянттар және тромболитиктер©
Жақпамайлы компресстер. Аяқты фиксациялау
***
Аяқтың варикозды ауруы кезінде оперативті араласудың мақсаты©
терең веналардан қанның беткей веналарға патологиялық лақтырысын жою, варикозды кеңейген веналарды алып тастау, терең веналардың өтімділігін қалпына келтіру©
туа біткен артерио-венозды шунттарын жою, веналарда қан ағысын баяулату©
варикозды кеңейген веналарды алып тастау, терең веналардың өтімділігін қалпына келтіру, сан венасының қақпақшаларының шамасы жоқтығын түзету©
терең веналардың өтімділігін қалпына келтіру, сан венасының қақпақшаларының шамасы жоқтығын түзету, трофикалық өзгерген тіндерді алып тастау©
+ терең веналардан қанның беткей веналарға патологиялық лақтырысын жою, варикозды кеңейген веналарды алып тастау, сан венасының қақпақшаларының шамасы жоқтығын түзету
***
Лериш синдромына қай симптомдар тән емес©
Сексуалды функцияның бұзылуы,эрекция мен эякуляцияға қабілеттіліктің жоғалуы©
+ Сперматогенез бұзылысы©
Аяқтардың әлсіздігі және тез шаршағыштық©
Аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы©
Табандық бетінің көк ала боялуы
***
Тез үдемелі табанның ылғалды гангренасы кезінде облитерациялаушы атеросклероз аясында жасау қажет©
Табан терісінің көп жертен тілу жүргізу©
+ санның төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде аяқтың ампутациясын шұғыл жасау©
Артерияларды шунттау©
Ылғалды гангренаны құрғаққа ауыстыруға бағытталған шараларды жалғастыру©
ауқымды антибиотикотерапия және тромболитикалық терапияны жүргізу
***
Аяқтың облитерациялаушы атеросклерозына тән©
Аяқ буындарында ұшпалы ауырсыну©
+ Ауыпалы ақсақтық©
Табанның найзағайлы некрозы©
тізе буыны аймағында трофикалық жаралар пайда болуы©
Терең веналардың тромбофлебиті
***
Лериш синдромын хирургиялық емдеу кезінде ең жақсы әдіс©
Белдік симпатэктомия©
Периартериалды симпатэктомия©
+ Бифуркациялық қолқа-сан шунттау©
Бір жақтық қолқа-сан шунттау©
Фогарти катетерімен тромбэктомия
***
Қантамыр қуысын 2/3 тарылтатын жалпы мықын артериясының 2 см бойы стенозымен ауыратын науқасты емдеу кезінде таңдау әдісі©
Бифуркациялық қолқа-сан шунттау©
Бір жақтық мықын-сан шунттау©
Бір жақтық сан-тізеасты шунттау©
+ Тері арқылы интраваскулярлы дилатация (Грюнциг катетерімен ангиопластика©
Белдік симпатэктомия
***
Коллатеральдар мүмкіндігі жақсы балтырдың барлық магистральды артерияларының окклюзиясымен облитерациялаушы тромбангиит кезінде таңдау әдісі болып табылады©
+Консервативті терапия©
Балтырдың біріншілік мпутациясы©
Сан-тізе асты шуннтау операциясы©
Сан-тибиальды шунттау операциясы©
Артериоэктомия операциясы
***
Лериш синдромы жәневазоренальды гипертензиямен бүйрек артериясының стенозы бар 48 жастағы науқаста емдеу әдісі болады©
Консервативті терапия©
Операция - бифуркациялық аорто-сандық шунттау, нефрэктомия©
+ Операция – бифуркациялық аорто-сандық шунттау, бүйрек артериясының пластикасы©
Операция – бифуркациялық аорто-мықындық шунттау©
Екі жақтық периартериальды симпатэктомия
***
Сан аретриясының сегментарлы атеросклероздық окклюзиясы, аяқтың созылмалы ишемиясының II Б сатысы кезінде таңдау әдісі болып табылады©
Консервативті ем©
Белдік симпатэктомия©
+ Реконструктивті тамырлық операция©
Фогарти катетерімен тромбоэктомия©
Аяқтың біріншілік ампутациясы
***
ІІ Б сатысындағы облитерациялаушы тромбангиитпен ауыратын 38 жастағы науқаста тізеасты артериясының окклюзиясы кезінде таңдау операциясы болып табылады©
Профундопластика©
Тізеасты артериясынан эндартерэктомия©
+ Сан-артқы асықты жілік шунттау©
Грюнциг катетерімен тері арқылы интраваскулярлы дилятация©
Біріншілік ампутация
***
Облитерациялаушы тромбангииттің ангиографиялық белгілеріне барлық аталғандар жатады, тек©
Артериялардың біркелкі тарылуы©
Окклюзияның диффузды сипаты©
Қантамыр контрастпен боялуының конусты пішіні©
+ Магистральды артериялар контуры желінген©
Көптеген ұсақ, иректелген тарылған коллатеральды тармақтар болуы
***
IV сатыдағы аяқтардың созылмалы артериялық жетіспеушілігі, табан гангренасы бар 83 жастағы науқаста сан, тізеасты және асықты жілік артерияларының атеросклероздық окклюзиясы кезінде таңдау тәсілі болады©
Консервативті ем©
Белдік симпатэктомия©
Реконструктивті тамырлық операция ©
+ Біріншілік ампутация©
Үлкен шарбының балтырға микрохирургиялық трансплантациясы
***
Сан артериясының атеросклероздық окклюзиясы кезінде сан-тізеасты шунттың тиімді материалы бола алады©
Синтетикалық протез©
+ Аутовена©
Алловена©
Кіндік бауы венасы©
Аллоартерия
***
55 жастағы науқас жүрген кезде пайда болатын сан және бөксе бұлшықеттеріндегі ауырсынуға, жыныстық потенция төмендеуіне шағымданды. 8 жыл бойы науқастанған. Соңғы кезде тоқтаусыз тек 70 метр жүре алады. Тексеру кезінде екі аяқта да сан артериясының пульсациясы жоқ екені анықталды. Жүрек патологиясы жоқ. Жоғарыда аталған симптоматика қандай аурумен байланысты©
+ Лериш синдромы©
Паркс-Вебер-Рубашов синдромы©
Қолқа бифуркациясының созылмалы постэмболиялық окклюзиясы©
Қолқаның кеуделік бөлімінің карктациясы©
Екі аяқтың да сан артериясының атеросклероздық окклюзиясы
***
58 жастағы науқас жыныстық потенция төмендеуіне және жүрген кезде сан мен бөксе бұлшықеттерінде пайда болатын ауырсынуға шағымданады. 6 жыл бойы ауырады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтың тері жабындылары бозғылт, ұстағанда суық. Буындардағы белсенді қозғалыс толық көлемде. Табанда аздаған сезімталдық төмендеуі. Артериялар пульсациясы екі аяқтың бүкіл бойында анықталмайды. Берілген клиникалық сурет қандай ауруға байланысты екенін көрсетіңіз©
Қолқа бифуркациясының эмболиясы©
Төменгі қуыс венаның созылмалы окклюзиясы©
Паркс-Вебер-Рубашов (артерио-венозды жыланкөздер) синдромы©
+ Лериш синдромы©
Ішкі мықын артерияларының созылмалы постэмболиялық окклюзиясы
***
58 жастағы науқас жыныстық потенция төмендеуіне және жүрген кезде сан мен бөксе бұлшықеттерінде пайда болатын ауырсынуға шағымданады. 6 жыл бойы ауырады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтың тері жабындылары бозғылт, ұстағанда суық. Буындардағы белсенді қозғалыс толық көлемде. Табанда аздаған сезімталдық төмендеуі. Артериялар пульсациясы екі аяқтың бүкіл бойында анықталмайды. Берілген жағдайда қандай ем қолданған жөн©
Тромболитикалық терапия©
Белдік симпатэктомия©
Төменгі қуыс венадан тромбоэктомия©
Екі жақтық аорто-сандық шунттау©
+ Қолқа бифуркациясынан эмболэктомия
***
Сол аяқтың қантамырларының облитерациялаушы атеросклерозымен ауыратын 62 жастағы науқаста ангиография кезінде гюнтеров каналында 20 см-ге созылатын сол жақ сан артериясының окклюзиясы анықталды. Санның жалпы, беткей және терең артериялары өтімді. Коллатеральдар арқылы өзгермеген тізеасты және балтыр артериялары контрастіленеді. Аяқтың қан айналымын қалпына келтіру үшін ең бастысы не жасау керек©
Санның терең артериясының пластикасы©
Операция – профундопластика және периартериальды симпатэктомия©
+ Аутовенаны қолдана отырып, сан-тізеасты шунттау жасау©
Сол сан артериясының эндовазальды ангиопластикасы©
Интимтромбэктомия және периартериальды симпатэктомия
***
47 жастағы науқасты тексеру барысында жалпы сан артерияларының 7 см-ге атеросклероздық стенозы анықталды. Қанның биохимиялық талдауында төмен тығыздықты липопротеидтер және холестериннің жоғары деңгейі анықталды. Науқасқа жақсы клиникалық нәтижемен стеноздардың эндовазальды дилятациясы жасалды. Араласудан 6 айдан кейін қорытынды тексеру кезінде жалпы сан артерияларының рестеноздары анықталды. Аурудың жылдам рецидив беруінің себебеі неде©
Реконструктивті тамырлық операция көрсетілген болатын©
Стеноздарды дилятациялау техникасы бұзылған©
Тура емес антикоагулянттар қолдану керек болатын©
+ Дислипидемияны түзету жасалмады©
Науқасқа дезагреганттармен емдеу көрсетілген
***
Аяқтардың облитерациялаушы атеросклерозымен ауыратын 70 жастағы науқасты тексеру кезінде сан артериясының сол жақ сыртқы мықындық бетінің стенозы анықталды. Берілген жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн©
Консервативті лечение©
+ Эндоваскулярлы катетерлі ангиопластика©
Сыртқы мықындық және беткей сан артерияларының бүйірлік аутовенозды пластикасы©
Сол жақтық мықын-сандық шунттау©
Белдік симпатэктомия
***
63 жастағы науқас емханаға жүрген кезде күшейетін сол табан және балтырдағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсынусыз 60 метрден артық жүре алмайды. Емханада тексеру кезінде ангиографияны қоса, гунтеров каналында 20 см-ге созылатын сол сан артериясының сегментарлы атеросклероздық окклюзиясы анықталды. Санның жалпы, беткей және терең артериялары жақсы контрастіленеді. Коллатеральдар арқылы тізеасты және балтыр артериялары толады. Берілген жағдайда қандай операциялық араласу көрсетілген©
Санның терең артериясының пластикасы©
«Соңын соңына» анастомозымен артерияның окклюзияланған бөлімінің резекциясы©
+ Сол жақтық сан-тізеасты шунттау©
Линтон операциясы©
Сол сан сүйегінің эндовазальды пластикасы
***
Құрсақ қуысындағы пульсациялаушы түзіліске шағымданып түскен 65 жастағы науқаста ангиографиялық зерттеу кезінде мықын артерияларының екеуіне де таралатын қолқаның инфраренальды бөлімінің аневризмалық кеңеюі анықталды. Аяқтардың магистральды артериялары өтімді. Бұл клиникалық жағдайда тиімді емдеу әдісі©
Қатаң консервативті ем©
Аневризма жыртылуы кезінде операция ©
Жоспарлы операция – қолқаның инфрареналды бөлімінің резекциясы, аорто-мықындық протездеу©
+Жоспарлы операция – екі жақтық аорто-сандық протездеу, аневризма резекциясы©
Жоспарлы операция – екі жақтық аорто-сандық шунттау және сан-тізеасты шунттау
***
Сан артериясының эмболиясы, III-В дәрежелі ишемиясы (аяқ контрактурасы) кезінде таңдау әдісі©
Шұғыл эмболэктомия©
Тромболитикалық терапия©
Антикоагулянтты терапия©
Симптоматикалық терапия©
+ Аяқтың біріншілік ампутациясы
***
Наиболее совершенным инструментом для эмболэктомии из магистральной артерии является©
Вольмар тамырлық сақинасы©
Вакуум - сорғыш©
+ Фогарти балллонды катетері ©
Дормиа катетері©
Терезелі қысқыштар
***
Тізеасты артериясының жедел тромбозы, І-А дәрежелі ишемия дамыған кезде геморрагиялық инсульты бар науқасқа жасау керек©
Шұғыл тромбэктомия©
Тромболитикалық терапия©
Антикоагулянтты терапия©
+ Симптоматикалық терапия©
Аяқтың біріншілік ампутациясы
***
Аяқ артерияларының жедел тромбозының аса жиі себебі болып табылады©
Облитерациялаушы тромбангиит©
+ Облитерациялаушы атеросклероз©
Артериялардың пункциясы және катетеризациясы©
Артериялардың экстравазальды компрессиясы©
Полицитемия
***
Сан артериясының эмболиясы нәтижесінде дамыған аяқтың ІІ-Б дәрежелі жедел ишемиясына тән емес симптомды атаңыз©
Аяқтағы ауырсыну©
Тері жабындыларының "мәрмәрлі" суреті©
Аяқтың суық болуы©
Аяқ буындарында белсенді қозғалыстардың болмауы©
+ Бұлшықеттік контрактура
***
Сан артериясының эмболиясы, ІІ-Б дәрежелі аяқ ишемиясы кезінде таңдау әдісі болып табылады©
Стрептазамен тромболитикалық терапия ©
Антикоагулянтты терапия©
+ Шұғыл қалпына келтіру операциясы©
Аяқтың біріншілік ампутациясы©
Артериялардың тері арқылы интраваскулярлы дилятациясы
***
Сан артериясының эмболиясы және сирақ-табан және тізе буынында дамыған аяқ контрактурасы кезінде таңдау әдісі©
Шұғыл эмболэктомия, кейін гемосорбциямен©
Тромболитикалық терапия©
Антикоагулянтты терапия©
Симптоматикалық терапия©
+Аяқтың біріншілік ампутациясы
***
Бұрын миокард инфарктын басынан өткерген 60 жастағы науқаста госпитализациядан 6 сағат бұрын кенеттен сол аяғында ауырсыну, оның сууы, сирақ-табан буынындағы белсенді қозғалыстардың шектелуі пайда болды, аяқ артерияларының тамыр соғысы тек пупарт байламы деңгейінде ғана анықталады. Қандай диагноз қою керек©
Сол тізеасты артериясының эмболиясы, І дәрежелі ишемия©
+ Сол сан артериясының эмболиясы, ІІ дәрежелі ишемия©
Сол балтыр артерияларының эмболиясы, ІІ дәрежелі ишемия©
Жедел илиофеморальды венозды тромбоз©
Басталып келе жатқан венозды гангрена
***
ЖИА және жыпылық аритмиямен ауыратын 70 жастағы науқас 7 күн бұрын пайда болған аяқтағы күрт ауырсыну, айқын ентігуге шағымданады. Науқас жағдайы аса ауыр, өкпе ісінуі белгілері бар, артериялық гипертензия 190/100 мм с.б. Екі аяқ және бөксе суреті айқын мәрмәрлі, ұстағанда суық. Белсенді қозғалыстар жоқ, енжар – сақталған. Аяқтың толық анестезиясы анықталады. Сан артериясының пульсациясы жоқ. Бұл жағдайда қандай тактикалық шешім дұрыс болады©
Өкпе ісінуін басқаннан кейін қолқа бифуркациясынан кешеуілдеген эмболэктомия©
+ Жансақтау шараларымен параллельді қолқа бифуркациясынан шұғыл эмболэктомия©
Өкпе артериясынан эмболэктомия және төменгі қуыс венасының пликациясы©
Өкпе ісінуі басқаннан кейін аорто-сандық шунттау©
Кава-фильтр орнату және тромболитикалық терапия
***
Аяқтардың жедел ишемиялық синдромы көріністеріне қандай симптом жатпайды©
Тамыр соғысы болмауы©
Парастезия©
+ Балтырлардың трофикалық жаралары©
Аяқтардың салдануы©
Тері жабындыларының бозаруы және ауырсыну
***
40 жастағы науқаста клинико-рентгенологиялық деректер негізінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінің гангренасы диагностикаланды. Емдеудегі таңдау әдісі болып табылады©
Торакоцентез©
Өкпе артериясына антибиотиктерді енгізумен қарқынды терапия©
+ Лобэктомия©
эндобронхиальды антибиотик енгізумен қарқынды терапия©
Пульмонэктомия
***
25 жастағы науқас тәулігіне 700 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге шағымданады. Бала кезінде көп реет сол жақтық пневмонияға байланысты госпитализацияланған. Едәуір жақсарумен ауруханадан шығарылған, алайда көктем-күзгі мерзімде жиі ауруы өршіген. Соңғы жылы жалпы жағдайы нашарлағанын айтады: тез шаршағыштық, қан аралас қақырық мөлшерінің көбеюі, температура жоғарылауы. Қарау кезінде акроцианоз, саусақ фалангаларының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі анықталды. Тыныс алу кезінде кеуде торының сол жағының кешігуі байқалады. Перкуторлы өткір емес дыбыс қысқаруы анықталған жауырын бұрышынан төменірек тыны салу әлсіреген және жекелеген ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Қандай ауру дамығанын болжауға болады©
Абсцедирленумен жедел пневмония©
Пиопневмоторакс©
Бронхоэктаз ауруы©
+ Бронх демікпесі©
Өкпе туберкулезі
***
65 жастағы науқас гипертермияға байланысты екі апта бойы өздігінен емделген. Ауру басталуын суық тиюмен байланыстырады, одан кейін температура 38 градусқа жоғарылаған, алғашында құрғақ жөтел, кейінірек шырышты-іріңді бөліндімен пайда болды. Жағдайы біртіндеп нашарлай берді, әлсіздік артты, қалтырау және қызба пайда болды. 3 күн бұрын жөтелу кезінде бір сәтте «толы ауыздан» 200 мл жуық жағымсыз иісті қақырық шықты, одан кейін жағдайы жақсарды, температура төмендеді. Қандай ауруға күдіктенуге болады©
Плевра эмпиемасы©
+Өкпенің жедел абсцессі©
созылмалы спецификалық емес пневмонияның өршуі©
Пневмонитпен өкпе обыры©
Бронхоэктаз ауруы
***
Науқаста жедел өкпе абсцесі босағаннан үш күннен кейін жөтелген кезде кеуде торының оң жақ бөлігінде өткір ауырсыну, ентігу пайда болды. Қарау кезінде кеуде торының оң жақ жартысы тыныс алудан кешеуілдейді. Перкуторлы кеуде торының оң жартысы жоғарғы бөлігінде қораптық дыбыс естіледі, ал жауырыннан төменірек тұйық дыбыс. Оң өкпенің барлық бөлімдерінде тыны салу әлсіреген. Қандай жағдайдың дамуын болжауға болады©
Өкпе гангренасы©
+ Пиопневмоторакс©
Гидроторакс©
Гемоторакс©
Пневмоторакс
***
Жедел өкпе абсцесіне күдік бар науқастарда диагнозды нақтылау мақсатында ең алдымен не істеу керек©
Ангиопульмонография©
Бронхоскопия©
+ Өкпе рентгеноскопиясы©
Өкпе томографиясы©
Өкпені перфузиялық сканерлеу
***
Соқыр ішек обырына байланысты операция жасалған 68 жастағы науқас операциядан 16 тәуліктен кейін оң өкпенің төменгі бөлігінің диаметрі 8 см абсцесі дамыды. Сіз қандай емдеу әдісін таңдайсыз©
Лобэктомиямен торакотомия©
Абсцесс қуысын тампонадалаумен торакотомия©
Абсцесс қуысын катетеризациялаумен бронхоскопия©
Антибиотикотерапияны күшейту керек және бронхқа абсцесс спонтанды ашылуы үшін протеолитикалық ферментер тағайындау©
+ Абсцесс қуысын тері арқылы дренаждау (торакоцентез)
***
Обырға байланысты оң жақтық гемиколэктомия операциясын басынан өткерген 63 жастағы науқас операциядан 12 тәуліктен кейін оң өкпенің төменгі бөлігінің диаметрі 8 см абсцесі дамыды. Сіз қандай әдісті таңдайсыз©
Лобэктомиямен торакотомия©
Абсцесс қуысын тампонадалаумен торакотомия©
+ Абсцесс қуысын тері арқылы дренаждау (торакоцентез©
Абсцесс қуысын катетеризациялаумен бронхоскопия©
Антибиотикотерапияны күшейту керек және бронхқа абсцесс спонтанды ашылуы үшін протеолитикалық ферментер тағайындау
***
Өкпе абсцесіне күдік кезінде ең алдымен қандай зерттеу жүргізу қажет ©
Өкпе томографиясы©
Бронхоскопия©
Өкпені перфузиялық сканерлеу©
+ Екі проекцияда өкпе рентгеноскопиясы©
Ангиопульмонография
***
Пневмониямен ауырған 67 жастағы науқаста жедел өкпеқап эмпиемасы анықталды. Берілген жағдайда жүргізу қажет©
Жасанды пневмоторакс©
+ Белсенді аспирациямен өкпеқап қуысын пункциялық тері арқылы дренаждау©
Торакотомия және өкпеқап қуысын тампонадалау©
Өкпе декортикациясы және өкпеқап қуысын дренаждау©
Өкпеқап қуысын бір реттік пункциялау, құрамын аспирациялау және антибиотик енгізу
***
Өкпе гангренасына не тән©
Зақымдану шекарасында грануляциялық вал болмауы©
+ Пиогенді мембрана болуы©
Өкпе тінінің таралған некрозы©
Жасушалық иммунитеті тежелген науқастарда ауру дамуы©
Рентгенограммаларда анықталатын анық шекарасыз өкпе алаңының қараюы
***
Науқас әйелде ұзаққа созылған оң жақтық пневмония аясында жалпы жағдайының күрт нашарлауы туындады. Рентгенологиялық оң өкпенің коллабирленуі, сұйықтықтың кең горизонтальды деңгейі және көкірекаралық көлеңкесінің күрт солға ығысуы анықталды. Сіздің диагнозыңыз©
Жедел өкпе абсцесі бронхқа жарылуымен©
+Өкпеқап эмпиемасы©
Пиопневмоторакс©
Бронхөкпелік секвестрация©
Өкпе артериясының оң жақ тармағының тромбоэмболиясы
***
Қақырықты тұндырғанда үш қабат: төменгі – өкпе тінінің аралшықтары; ортаңғы-күңгірт, сұйық; жоғарғы-шырышты-іріңді, көпіршікті түзілуі қай өкпе ауруына тән©
Өкпе абсцесі©
Бронхоэктаз ауруы©
+ Өкпе гангренасы©
Созылмалы пневмония©
Спонтанды пневмоторакс
***
Қақырықты тұндырғанда үш қабат: төменгі – іріңді; ортаңғы-серозды сұйықтық; жоғарғы-шырышты түзілуі қай өкпе ауруына тән©
өкпе абсцесі©
+ Бронхоэктаз ауруы©
өкпе гангренасы©
созылмалы пневмония©
Спонтанды пневмоторакс
***
Алкогольді масайған 40 жастағы науқас көшеде 4-5 сағат ұйықтаған. 2 күннен кейін оның температурасы жоғарылаған, кеуде торында ауырсыну пайда болды. Кейінірек температура 39 С дейін көтерілген. 2 аптадан кейін кенеттен жөтел кезінде жағымсыз иісті 200 мл жуық ірің бөлінді. Сіздің болжам диагнозыңыз©
бронхоэктаз ауруы©
+ жедел өкпе абсцесі©
плеврит©
созылмалы бронхит өршуі©
пневмонит дамуымен өкпе обыры
***
55 жастағы науқаста 2 ай бұрын клиникалық және рентгенологиялық зерттеу кезінде крупозды пневмония диагностикаланды. Антибиотктерге төзімсіздігіне байланысты негізінен физиотерапиялық процедуралармен емделген. Үш аптадан кейін қатты терлеу, жүдеу, терең тыныс алғанда кеуде торының ауырсынуымен гипертермия қайта басталды. 2 күн бұрын қатты жөтел ұстамасы пайда болды, ірің және қан аралас көп қақырық шықты, одан кейін температуралық реакция қалпына келді. Диагноз©
созылмалы спецификалық емес пневмония ©
+ өкпе абсцесі©
өкпе туберкулезі©
өкпеқап эмпиемасы©
өкпенің бронхогенді обыры
***
Оң өкпенің абсцесімен ауыратын науқаста кеуде торында күрт ауырсыну, ентігу пайда болды. Рентгенологиялық оң өкпенің колабирленуі, сұйықтықтың кең горизонтальды деңгейі, көкірекаралықтың күрт солға ығысуы анықталды. Диагноз©
өкпеқап эмпиемасы©
бронхөкпелік секвестрация©
өкпе артериясының оң басты тармағының тромбоэмболиясы©
кернеулі спонтанды пневмоторакс©
+пиопневмоторакс
***
Өкпе абсцесімен ауыратын науқаста пиопневмоторакстың клиникалық суреті дамыды. Осы асқынуды диагностикалағаннан кейін алғашқы тәуліктерде сіздің жасайтын әрекетіңіз©
ауқымды антибиотикотерапия©
емдік бронхоскопия©
+өкпеқап қуысын дренаждау, белсенді аспирациямен және антибиотикотерапиямен©
торакотомия және өкпеқап қуысының санациясы©
абсцесс қуысы бар бөлік резекциясы
***
Қалыптасу сатысындағы бронхқа жарылмаған жедел өкпе абсцесі бар науқасқа қандай емдеу тактикасы тағайындалады©
операциялық ем – өкпе резекциясы©
операциялық ем – пневмотомия©
өкпеқап қуысын пункциялау©
операциялық ем – торакопластика©
+ консервативті емдеу әдісі, антибиотиктер, детоксикация.
***
Әскерге шақырылушыда комиссия өту барысында рентгенограммада оң өкпенің төменгі бөлігінде ұяшықты сурет және сегментарлы қараю анықталды. Бронхограммада-рентгенолог қорытындысы: «жүзім шоғыры» тәрізді бронхтардың кеңеюі, деформациясы. Сіздің диагнозыңыз©
+бронхоэктаз ауруы©
бөлікаралық өкпеқап эмпиемасы©
өкпе обыры©
төменгі бөлік ателектазы©
өкпе эхинокогы
***
Жас жігітте толық саулық жағдайында кенеттен оң жақтан кеуде торының күрт ауырсынуы, айқын ісінуі пайда болды. Бозғылт, еріндерінің цианозы, тамыр соғысы жиі-120 рет/мин, толымдылығы әлсіз, гипотония, АҚ-95/50 мм с.б. Сол жақтан тыны салу везикулярлы, оң жақтан әлсіреген. Перкуторлы – қораптық дыбыс. Науқаста қандай диагноз©
миокард инфаркты©
плевропневмония©
+спонтанды пневмоторакс©
қабырғааралық невралгия©
өкпенің перифериялық обыры
***
Өкпе абсцесі кезінде неліктен өкпе тінінің шектелген ыдырауы болады©
науқас ағзасы инфекция енуіне дер уақытында жауап береді©
дене температурасы әрқашан гектикалық сипатты емес©
науқасқа қабынуға қарсы терапия адекватты тағайындалған©
+өкпе абсцесі тінінің айналасында грануляциялық шектелген қабынулық вал дамуы нәтижесінде©
өкпе тінінің қабыну үрдісінің шектелуіне тенденция жоқ
***
Жарақат алғаннан 45 минуттан кейін ауыр жағдайдағы науқас ургентті емханаға жеткізілді. Автокөлік қағып кеткен. Қарау кезінде – бозғылт, суық тер басқан, тежелген, байланысқа қиындықпен түседі. Тамыр соғысы – 118 рет/мин, АҚ – 60/40 мм с.б. Кеуде торының алдыңғы бетінде үлкен емес соғылған жаралар бар. Кеуде торының рентгенограммасында көкірекаралықтың солға ығысуы. Сұйықтық деңгейі 4-қабырғааралыққа дейін. Сіздің диагнозыңыз©
Жарақаттық пневмония©
+оң жақтан үлкен гемопневмоторакс, плевропульмональды шок©
Өкпе ісінуі©
Оң өкпе кистасының жарақаттық жарылуы©
Экссудативті плеврит
***
Өкпе гангренасы кезінде хирургиялық араласудың көлемі мен түрі қандай©
өкпеқап қуысын дренаждау©
лобэктомия©
өкпенің атипті резекциясы©
+пульмонэктомия©
сегментэктомия
***
Жедел спонтанды пневмотораксы бар науқасқа дәрігерлік көмек көрсету кезінде ең бірінші жасалатын шараны таңдаңыз©
Науқас жағдайын динамикалық бақылау©
Өкпе жыртылуын тігу және торакотомия©
+Плевральды пункция, плевра қуысынан ауа аспирациясы©
Субботин-Пертес бойынша өкпеқап қуысын дренаждау©
Атипті өкпе резекциясы
***
Өкпе гангренасы мен жедел абсцестерінің дамуына қандай ауру жиі әкеледі©
Қатерсіз ісік©
Өкпе тінінің жарақаттық зақымдануы©
Бөгде заттар аспирациясы©
+Ұзаққа созылған крупозды, вирусты пневмония©
Бронхиттер,тромбофлебиттер
***
Бронхтардың дренажды қызметін жақсартуға бағытталған емдеудің бронхологиялық әдістеріне не жатпайды©
+Мөлшерленген жүріс©
Постуральды дренаж©
Бронхтардың санациялық катетеризациясы©
Емдік бронхоскопия©
Аэрозольды дәрілік терапия
***
Бронхоэктаз ауруы кезінде операцияға қарсы көрсетілім болып табылады©
Өкпе абсцесімен бронхоэктаздар©
Проффузды өкпелік қан кету©
Оң өкпенің төменгі бөлігінде бронхоэктаздар©
+екі өкпенің де тотальды зақымдануы©
Нәтижесіз консервативті ем
***
Қай дренаж енжар дренаждарға жатады©
Субботин-Пертесс үш банкасымен дренаж©
+Бюлау бойынша дренаж©
вакуумды©
су сорғалап ағатын©
электрлік сорғыш
***
Жедел өкпе абсцесінің созылмалыға ауысуының мерзімін атаңыз©
4-6 апта©
+6-8 апта©
8-10 апта©
10 аптадан аса©
1 жыл
***
Өкпе абсцесінің бронхқа ашылуы кезінде басым симптом болып табылады©
қақырықта қан болуы©
қиындаған дем алу©
аускультация кезінде бронхиалды ағаш амфорикалық реңкпен©
+көп мөлшерде жағымсыз иісті іріңді қақырық бөлінуімен жөтел©
гипертермия
***
Мөлшері үлкен эхинококкты кистаға байланысты операция кезінде фиброзды және хитинді қабығы ашылған. Хитинді қабық құрамымен бірге алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Киста жиектері стома түрінде теріге тігілген, ол сәйкес©
Кеңейтілген эхинококкэктомия©
Идеальды эхинококкэктомии©
+Марсупиализация операциясы©
Ашықэхинококкэктомия©
Жабықэхинококкэктомия
***
Эхинококкты кистаға байланысты операция барысында кистамен бірге бауырдың жиектік резекциясы жасалды, бұл сәйкес©
Марсупиализация операциясы©
+ Идеальды эхинококкэктомия©
Кеңейтілген эхинококкэктомия©
Ашық эхинококкэктомия©
Жабық эхинококкэктомия
***
Операция барысында эхинококкты кистаның фиброзды және хитинді қабығы ашылды. Хитинді қабық құрамымен бірге алынып тасталды, фиброзды қабығы да кесілді, гемостаз, бауыр жарасы тігілді, дренаждау, бұл сәйкес©
Марсупиализация операциясы©
Идеальды эхинококкэктомия©
+ Кеңейтілген эхинококкэктомия©
Ашық эхинококкэктомия©
Жабық эхинококкэктомия
***
Операция барысында эхинококкты кистаның фиброзды және хитинді қабық кесілді. Хитинді қабығы құрамымен бірге алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Капсула тігіліп, дренаждалды. Бұл сәйкес©
Марсупиализация операциясы©
Идеальды эхинококкэктомия©
Кеңейтілген эхинококкэктомия©
Жабықэхинококкэктомия©
+ Ашықэхинококкэктомия
***
58 жастағы ШҚО хирург дәрігерінде УДЗ кезінде анық капсулалы бауырдың 5-сегментінде6х4см гипонегативті түзілім анықталды. Науқас аң аулауды ұнатады, жиі аң терісін өзі өңдейді. Жарты жыл бұрын операция барысында бауыр кистасын ашқан кезде оның ішіндегі сұйықтық көзіне тиіп кетті. Жұғудың мүмкін жолы қандай©
Көзі арқылы сұйықтық көпіршіктері қан ағысы және бауырға түсті©
Асқа қолданылған жыртқыш аңдардың етімен бірге©
Операция барысында қолындағы жара арқылы©
+Өңделетін тері жүнінен гельминт жұмыртқалары ауыз арқылы түседі©
Асқа қабылданған жабайы өсімдік қоректі аңдар етімен
***
Науқаста бауырдың 7-8 сегментінде 6х8 см альвеококкты түйін анықталды. Науқасқа қандай операция көрсетілген©
альвеококкозды түйінді бөлшектеу©
+бауыр резекциясы©
өт жолдарын сыртқы дренаждау©
өт жолдарын ішкі дренаждау©
өт шығаратын анастомоз салумен альвеококкозды түйінді бөлшектеу
***
33 жастағы науқасқа операция жасау барысында бауырдың 6-7 сегментінде мөлшері 3х4, 3х3, 4х5см жақын орналасқан бірнеше (5) эхинококкты киста анықталды. Науқасқа тиімді көрсетілген©
Әр кистаның ашықэхинококкэктомиясы©
Әр кистаның кеңейтілгенэхинококкэктомиясы©
Аралас (ашық және жабық) эхинококкэктомия©
+оң бөліктің 6 және 7 сегменттерінің резекциясы©
бауырдың оң бөлігінің резекциясы
***
Бауыр эхинокогын оң өкпенің төменгі бөлігінің ісігінен қалай ажыратуға болады©
қан анализімен©
құрсақ қуысының шолу рентгенографиясымен©
+пневмоперитонеум жағдайында құрсақ қуысының рентгенографиясы©
бронхоскопия©
жасанды пневмотораксом
***
Альвеококқа байланысты операция барысында паразитарлы ісік толық емес алынып тасталды, некроздалған тіннің қалған бөлігі паразитотропты затпен (саркализин) инфильтрацияланды. Науқасқа қандай операция түрі жасалды©
Радикальды араласу©
Паллиативті резекция©
Асқынуды ликвидациялау©
+Шартты радикальды операция©
Дренаждаушы операция
***
Эхинококк ұрығы бауырға қалай түсуі мүмкін©
бауыр артериясы арқылы©
лимфа жолдары арқылы©
артерио-венозды анастомоздар арқылы©
бауырдан тыс өт жолы арқылы©
+қақпа кенасы арқылы жолдармен
***
36 жастағы науқас Н. құрсақ қуысының эхинококкозына байланысты операциядан 4 жылдан кейін қайта операцияға алынды. Операция кезінде мөлшері 8х8см и 7х5см кисталар ішек ілмектерінің арасында орналасқан, олармен болбыр жабыспақтар арқылы жабысқан.Хирургиялық тактиканы таңдаңыз©
Ашықэхинококкэктомия©
Жабықэхинококкэктомия©
+Идеальдыэхинококкэктомия©
Марсупиализация©
Кеңейтілгенэхинококкэктомия
***
Эхинококкэктомия жасалған–5-6 сегменттерде мөлшері 15-20см киста, хитинді қабық алынған, фиброзды қабық жартылай алынған. Қалдық қуысты қалай жабуға болады©
Тампонмен толтыру және дренаж қою©
Оментопластика - дренаж©
Диафрагмопексия©
+Капитонаж©
Марсупилизация
***
Төменде аталғандардың қайсысы эхинококкты көпіршіктің қабықтары болады©
интермедиарлы, мезотелиальды©
пиогенді, аралық©
+ ұрықтық, хитинді©
мембранозды, серозды©
эпителиальды, грануляциялық
***
53 жастағы науқас бауырдың іріңдеген эхинококкты кистасымен емханаға түсті. Емдеудің қандай әдісі аса маңызды©
+кистаны ашу және дренаждау©
антибиотиктермен емдеу©
эхинококкэктомия және капитонаж©
эхинококкэктомия және үлкен шарбыны тұлыммен тампонадалау©
мебендазолмен емдеу
***
45 жастағы ер адамда УДЗ кезінде эхинококкты киста анықталды. Операциялық ем жоспарлануда. Төменде аталған факторлардың қайсысы бауырдың эхинококкэктомиясы кезіндегі марсупиелизацияға көрсеткіш болып табылады©
көп камералы киста©
кіші өлшемді киста©
+үлкен өлшемді киста©
диафрагмаарты беткейде орналасқан киста©
өт өзегімен байланысқан киста
***
Тірі паразиті бар эхинококкты сұйықтық әдетте©
өт қоспасымен©
күңгірт©
қан аралас©
сүт түсті©
+ мөлдір
***
Өкпе обыры мен эхинокогы арасында ажырату диагностикасында қай әдіс аса мақсатты©
қанның биохимиялық талдауы©
бактериологиялық©
+рентгенологиялық©
копрологиялық©
зертханалық
***
Бауыр эхинокогы жарылуы кезінде аса мүмкін асқыну қандай©
геморрагиялық анемия©
+ аллергиялық шок©
плевра эмпиемасы©
пилефлебит©
механикалық сарғаю
***
62 жастағы науқас бауыр эхинокогы клиникасымен түсті. Қандай асқыну аса мүмкін©
асқазан-ішек жолынан қан кету©
жедел бауыр жетіспеушілігі©
пилефлебит©
+сарғаю©
жедел бүйрек жетіспеушілігі
***
Операция барысында фиброзды қабық ашылған, хитинді қабық құрамымен бірге зақымдамай алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Кистаның жұқарған беткей қабырғасы фиброзды капсуламен бірге кресттәрізді кесілген және киста түбіне қарай күлте тәрізді тігілген, дренаждалған. Қайсысы сәйкес келеді©
Ашық эхинококкэктомия марсупиализациямен©
Жабық эхинококкэктомия марсупиализациямен©
Кеңейтілген эхинококкэктомия марсупиализациямен©
Идеальды эхинококкэктомия©
+ Жабық эхинококкэктомия капитонажбен
***
Капитонаж ұғымына қандай анықтама аса сәйкес келеді©
кистаны ашу және дренаждау©
үлкен шарбы бөлігімен қалдық қуысты тампондау©
+сатылап ішкі жағынан қалдық қуысты тігу©
киста резекциясы©
ауқымды антибактериальды терапия
***
Науқаста ультрадыбыстық зерттеу кезінде бауырдың сол бөлігінің эхинококкты кистасы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай иммунологиялық диагностика әдісін жүргізу аса қажет©
Гемоагглютинация реакциясы©
+Каццони реакциясы©
Гельде екі еселенген диффузия реакциясы©
Латекс-агглютинация©
иммуноферменттіреакция
***
Бауыр эхинококкозына күдік бар науқас түсті, диагностикаға қандай қосымша зерттеу әдісі аса тиімді©
+УДЗ©
Радиоизотопты зерттеу©
Лапароскопия©
Пункциялық биопсия©
Рентгенологиялық
***
Науқас әйелде іріңдеген бауырдың эхинококкты кистасы. Қандай операция жасаған жөн©
эхинококкэктомияжәнекапитонаж©
+эхинококкэктомияжәне марсупиализация©
эхинококкэктомияжәне шарбымен тампонада ©
сәйкес бауыр бөлігінің резекциясы©
идеальды эхинококкэктомия
***
Эхинококкэктомия жасалды - мөлшері 15-20см киста бауырдың оң үлесінің төменгі бетінде орналасқан, хитинді қабығы алынған, фиброзды капсула жартылай алынған. Қалдық қуысты қалай жабуға болады©
Тампонмен толтыру және дренаж қою©
Диафрагмопексия©
Капитонаж©
+ Оментопластика + дренаж©
Марсупиализация
***
Өкпе обыры мен эхинокогын ажырату үшін қандай зерттеу әдісі аса маңызды©
+рентгенологиялық©
бактериологиялық©
зертханалық©
копрологиялық©
биохимиялық қан талдауы
***
Бауыр альвеококкозымен науқас түсті. Қандай операция радикальды болып табылады©
өт жолдарын ішкі дренаждау©
альвеококкозды түйінді бөлшектеу©
өт жолдарын сыртқы дренаждау©
+бауыр резекциясы©
өт шығаратын анастомоз салумен альвеококкозды түйінді бөлшектеу
***
35 жастағы науқаста лапароскопия кезінде 3-4-5 сегменттердің альвеококкты түйіні бар екені, механикалық сарғаю анықталды. Қандай операциялық араласу көлемін таңдауға болады©
Каверностомия©
Бауыр резекциясы©
+ Жалпы өт өзегін бауырарқылы дренаждау©
Каверносюностомия©
Гепатосюностомия (Ланг-Майр бойынша
***
21 жастағы науқаста 6-7-8 сегменттерде орналасқан эхинококкты киста анықталды. Ену жолының тиімді нұсқасын таңдаңыз©
Кохер бойынша қабырғаастылық©
+ Куино бойынша торакофренолапаротомия©
Черни©
Рио-Бранко бойынша©
Оңға клюшкамен жоғары-ортаңғы лапаротомия
***
Бауыр эхинококкозының мүмкін асқынуы©
жедел ішек өтімсіздігі©
жеделхолецистит©
+эхинококк кистасының жарылуы©
жедел гепатит©
жедел панкреатит

Приложенные файлы

  • docx 18895076
    Размер файла: 131 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий