tarikh otvety docx 1-69


1) Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих- (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;
пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
3)
\s
7) Қазақстанда XVIII-XXI ғғ. жүрген көші-қон үдерістерін дәуірлеу 05 Қыркүйек 2013 267 0 1) XVIII ғ. ортасынан 1917 ж. дейінгі дәуір – Ресейлік империяның отары болған кездегі қоныс аударушылардың Қазақстанға бағытталған көші-қоны. Әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған келімсектер көші-қоны қазақ жерін көп ұлт өкілдерінің мекендеген жеріне айналдырды. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса, бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ; 2)  1917-1991 жж. кеңестік дәуір – әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде қазақ жеріне келімсектердің жаппай көші-қоны мен мәжбүрлі көші-қондар арқасында Қазақстан көп ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі төнді. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. Осы дәуірде орын алған саяси-демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерін тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды; 3)  Тәуелсіздік жылдары – көші-қон қозғалысында ғасыр бойы Қазақстанға келген ұлт өкілдерінің тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр бойы сыртқа қашқан қазақтардың тарихи отанына кері көші-қоны белсендірілді. Оралмандардың Қазақстанға бет бұруы мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демографиялық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт – қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтардың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты. Кеңестік дәуірдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістер бірқатар зерттеушілер еңбектерінде екі кезеңге бөліне қарастырылады: 1920-жж. 1960-жж. басына дейiнгі (1926-1959 жж. санақтары); 1960-жж. мен 1991 ж. (1959-1989 жж. санақтар) аралықтары. Біз бұл әдісті тәуелсіздік кезіндегі қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай жетілдіре отырып, кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерістерін өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлеміз: Қазақстанға көші-қонның 1) 1917-1926 жж. – саябырсу кезеңі, 2) 1926-1939 жж. – қайта өрлеу кезеңі, 3) 1939-1945 жж. – мәжбүрлі кезеңі, 4) 1946-1959 жж. – өрістеу кезеңі, 5) 1959-1970 жж. - бәсеңдеу кезеңі мен 6) 1970-1991 жж. – кері бұрылу кезеңі. Кезеңдерге бөлуде басты назарда ұстанатын ұстанымдар – көші-қон үдерісінің басты бағыттарына байланысты негізгі үрдістері мен салдарлары. Көші-қон қозғалысының бағыттары мен айырымы халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи қозғалысының негізгі үрдістеріне әсер еткен негізгі фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық дамудың құлдыраулар мен өрлеулерге негізделген ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор болды. Бірінші – 1917 ж. мен 1926 ж. Бүкілодақтық халық санағы арасын қамтитынкезеңде бұрынғы патша өкіметінің отарлауымен тұтасқан көші-қон саясаты жаңа кеңестік түрге ауысты. Бұл кезеңде патша өкіметі кезіндегідей көші-қоншылардың лек-легімен келуі өндірістендіру басталғанға дейін тоқтатылды. Бұл кезеңді Қазақстанға көші-қонның саябырсу кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі көші-қон қозғалысын белсендірілуіне саяси фактор ерекше әсер етті. Экономикалық және әлеуметтік факторлар саяси факторлардың ықпалы мен нәтижесіне байланысты тұрмыстық факторларды да туғызды. Осы кезеңнің ішінде 1917-1918 жж., 1921-1922 жж. ашаршылықтар орын алды. Сыртқы көші-қондағы ірі ерекшелік – тұрғылықты халық қазақтардың көші-қоны Қазақстаннан сыртқа қарай бағытталса, өзге ұлт өкілдерінің, ерекше европалық ұлт өкілдерінің, керісінше, Қазақстанға көшіп-қонуы жалғасты.  1916 ж. ұлт азаттық қозғалысқа қатысқандарды қудалаудан қашқандардан басталған қазақтар көші-қоны кеңес өкіметінің жеңісінен кейін де орын алды. 1917/1918 жж. Түркістанда орын алған ашаршылық қазақтардың қарама-қарсы бағыттардағы көші-қонын күшейтті. Сонымен бірге, патшалық дәуірдің мұрасы - қазақ жерін «отарлау-қоныстандыру» саясатының нәтижесіне – Қазақстанға өз бетінше көші-қонға тыйым салынды. Соған қарамастан, орыс, украин және т.б. қазақ жеріне көші-қоны тоқтаған жоқ. Бірақ, Қазақстанға қарай бағытталған көші-қон қарқынының саябырсуына орай, бұл кезеңде қазақтар халық құрамындағы артықшылық үлесін сақтады – 1926 ж. санақта  58,5% болды. Екінші кезең – 1926-1939 жж. – кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстанға көші-қонның қайтадан жандануы мен Қазан төңкерісінен кейінгі кейінгі көші-қонның қайта өрлеу кезеңі. Ұжымдастыру мен өндірістендіруге байланысты Ресейден көші-қоншылар патша кезеңіндегідей ағылып келіп жатты. Өндірістендіруге байланысты Түрксібке, Қарсақпайға, Қарағандыға және т.б. Ресейден көші-қоншылар әкелінді. 1929 ж. бастап, саяси жазаланғандар, арнайы қоныстанушылар, бұрынғы кулактар келе бастады. Бұл кезеңде республикадағы қазақтар үлесі төмендеп, 38,0%-ға түсті. 1926-1939 жж. көші-қон үдерістері тарихта қазақ халқын демографиялық апатқа әкелген саяси оқиғалармен өзара байланыста, өзара әсеріне ұшырады. Жаппай ұжымдастырудың нәтижесінде дәстүрлі шаруашылығынан айрылған қазақ халқының ұлт ретінде тарихтағы орнына нұқсан келтірген 1929-1933 жж., ал батыс бөлігінде, тіпті, 1927 ж. бастап орын алған ашаршылықтың нәтижесінде табиғи қозғалыс пен көші-қондық қозғалыстардағы кері айырымның есебінен демографиялық апатқа ұшырап, халқының үштен бірін жоғалтқан Қазақстан халқының сол кезеңдегі көші-қонының ызғары ХХІ ғ. да сезілуде. Демографиялық катаклизмдердің арқасында басым бөлігі қазақ ұлты болып табылатын азиялық ұлт өкілдерінің Қазақстаннан сыртқа көші-қоны ірі өнеркәсіптік көші-қондар мен аграрлық деген атаулармен жүргізілген, репрессиялық сипаттағы кулактық жер аударулармен жалғасқан европалық ұлт өкілдерінің Қазақстанға қарай бағытталған көші-қонымен айырбасталды. Қоныстанулардың отарлықпен байланысты түсініктері біртіндеп қолданудан қала бастады. Ішкі көші-қонда тың жерлерді игеру көзделген көші-қон елеулі болды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда одақтық республикалар мен елдің шет аймақтарын коммунистік жолмен дамыту туының астында ұжымдастыру жүргізіліп жатты. Сонымен бір мезгілде Қазақстанның, Сібірдің, Кавказ бен Волга бойының ірі тың жерлерін игеру қолға алынды. БКП(б) ОК 1939 ж. мамыр Пленумы Қазақстанның ауыл шаруашылығына қажетті жұмыс күшін сырттан көшіру шешімін қабылдайды. 1940 ж. басынан Қазақстанға үш бағытта көші-қоншылар легі ағылды: жоспарлы түрде үкімет бастамасымен қоныс аударғандар арнайы көмек алды, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етілді; көші-қоншыларды өз қаражатына шақырып, қабылдап, орналастырған ұжымшарлардың жеке бастамасымен келгендер және ұжымшар-кеңшарлармен жұмыс пен тұрғын үй жайлы алдын-ала келісіп алған көші-қоншылардың өз қаражатымен жүзеге асқан жоспардан тыс көші-қоны. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігіндегі Мырзашөлді игеру. Бұл шара өз бастауын патшалы Ресейдің отарлау-қоныстандыру саясатынан алады. Патшалық империялық саясат Қазақстан жерін әскери плацдарм етумен бірге бос аймақтарын ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіру алқаптарына айналдыруды көздеген болатын. 1892 ж. Мырзашөлді игеру – өлкенің агромәдениетін дамыту, ең бастысы лек-легімен қоныстанып жатқан орыс, украин шаруаларын орналастыру мен жермен қамтамасыз етудің бір шарасы ретінде қаралды. Кеңес өкіметі бұл істі жалғастырды. Ұлы Отан соғыс қарсаңында кеңес үкіметі сол сызба бойынша Мырзашөлді игеру үшін одақтас республикалардан көші-қоншыларды жоспарлы түрде көшіру жүргізілді. Сонымен бірге, республиканың басқа облыстарынан да алынатын адамдар саны жоспарланып, көшіріле бастады. 1940 ж. соңына қарай Қазақстанға 22833 қоныстанушылар шаруашылығы келген. Бірақ, соғыстың басталуымен көші-қонның бұл түрі тоқтатылды. Республика ішіндегі көші-қон республика аралық көші-қондармен біте қайнап, астасып жатты. Үшінші кезеңге 1939-1945 жж. арасын алдық. Бұл кезеңдегі Қазақстандағы көші-қонға әсер еткен негізгі фактор – әлемдік екінші соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы. Саяси факторлар тағы да шешуші рөл атқарды. Осы кезеңдегі ірі көші-қондық қозғалыс адамзат тарихында болмаған ірі репрессиялар – контрреволюцияшылар, тап жаулары, «халық жауларын» ату жазасына кесіп, ГУЛАГ жүйесіндегі түрмелерде қинап, кулактық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар халықтарды этникалық белгісіне байланысты жер аударулармен жалғасты. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында КСРО-ның жау басып алу қаупі бар аудандардан адамдар мен өндіріс орындарын эвакуациялау осы кезеңдегі тағы бір ірі көші-қон қозғалысы болып табылады. Соғыс жылдарында республикаға 1257,6 мың адам келіп, оның 20,3%-ы Қазақстанды тұрақты мекен етіп қалғанымен, 1939-1945 жж. Қазақстан халқы 5,6 пунктке кеміді. Кавказ, Қиыр Шығыс, тау халықтарының қазақ жеріндегі өкілдерінің түрлері мен санының өскен уақыты. Эвакуация мен реэвакуацияға, мобилизация мен демобилизацияға, депортация мен репатриация, соғыс тұтқындарының әкелінуіне негізделген көші-қон сыртқы көші-қонның негізгі барысын құрады. Ішкі көші-қон сырттан келгендердің аймақтарға орналасуы мен республика халқының өз ішіндегі халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайына, соғыс кезінде соғыс жағдайына бейімделген қатаң тәртіптің ашаршылықтарға душар еткенінен туындады. Соғыс жылдарында соғыс қарсаңында басталған жоспарлы қоныстандыру шаралары тоқтатылды. Төртінші кезең 1946 ж. соғыстың аяқталған кезі мен 1959 ж. Бүкілодақтық халық санағы аралығын қамтиды. Соғыстан кейінгі демобилизация, отбасылардың бірігуі, табиғи өсімдегі компенсаторлық кезең, халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа өндіріс орындары (шикізаттық бағыттағы) мен көлік жолдарының түрлерін іске қосу, жаңа қалалар мен қала типтес поселкелердің құрылуы, ауыл шаруашылығындаға реформалар, тың және тыңайған жерлерді игеру және т.б. негізіндегі көші-қондар өрістеді. Қоғамдық ұйымдастыру жолымен көші-қон үдерісін мемлекеттік көлемде реттеу шаралары жүзеге асырылды. Елдегі әлеуметтік жағдайлардың қайшылықтарының ұлтаралық жанжалдар түрінде көрінуі және т.т. осы кезеңге тән. Бұл кезеңдегі көші-қонның басым бағыттары Қазақстанға қарай басқа республикалар мен шетелдерден келгендер есебінен бағытталған сыртқы көші-қон есебінен болды. Көші-қонның қарқындылығы осы жылдары ерекше қарқынмен жеделдетіліп, өз атын берген жерінде қазақ ұлты абсолюттік саны мен үлесі жөнінен азшылыққа айналдырған кезең. Тың қазақты тұқыртып, 1959 ж. санақта 29,7%-ға түсірді. Қазақтар өз отанында азшылық ұлтқа айналды. Бесінші кезең – 1959 ж. Бүкілодақтық халық санағы мен 1970 ж. аралығын қамтиды. Бұл жылдары Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны аздап саябырлай бастады. Бұл кезеңде көші-қон айырымында кері айырым болмағанымен, көші-қон қозғалыстарының бәсеңдеу кезеңі дейміз. Сырттан қазақтардың келуі оқиғалары осы кезеңде орын алды. Бұл кезеңде қазақтардың табиғи өсімін көтерген «демографиялық жарылыс» деп тарихта аты қалған туу көрсеткіштерінің күрт өсуі тұрғылықты ұлттың мөлшерін 2,9 пунктке ғана көтерді. Қазақ жеріндегі қазақтар үлесі 1970 ж. 32,6%-ға жетіп, халық құрамында азшылық ұлт мәртебесін жоя алмады. Алтыншы кезең – 1970-1991 жж. аралығын, Қазақстанға сырттан келген көші-қонның кері бағытының күшейген кезінен Қазақстанның дербес тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңдегі көші-қонның ерекшелігі сонда, 1968-ж. екінші жартысынан бастап Қазақстанға өзге республикалардан келушілер саны азайды. Бұл 1970 ж. санақта көрінді. Көші-қон үдерісі халық санының өсіміндегі шешуші рөлінен айрыла бастады. Қазақстандағы ХХ ғ. басынан жалғасқан көші-қон үдерісінің бағытталу үрдісінде өзгерістер болды. Көші-қон қарқыны бәсеңдей бастады, бағыттары Қазақстаннан кері бұрылды. Бірақ әлі де жоспарлы түрде қоныстандыру және басқа да мемлекеттік шаралар негізіндегі көші-қон үдерісі жалғасып жатты.Алғаш рет 1970-жж. бастап, сонау ХІХ ғ. ортасынан Қазақстанға қарай ағылған көші-қонның бағыты кері бұрылды. РКФСР-ден басқа одақтас республикалармен көші-қон айырбасында теріс айырым көріне бастады. Оған себеп болған факторлар – ұлттық сана сезімнің оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар үлесінің өсе бастауы және т.б. Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық мінез-құлқында да өзгерістер жүрді.Көп балалы отбасыдан аз балалыққа өту, бала тууды сандық жағынан реттеуге негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды. 1991 ж. бергі тәуелсіздік жылдарын қамтитын кезеңдегі көші-қон үдерістері өзіндік ерекшеліктерімен дамуда: КСРО-ның ыдырауы ғасырлар бойы Қазақстанға бағытталған көші-қонның нәтижесінде жиналған көші-қон әлеуетін елден сыртқа қарай бағыттады. 1989 ж. Бүкілодақтық халық санағы мен 2009 ж. Қазақстан Республикасы Екінші ұлттық халық санағы аралығындағы көші-қон динамикасындағы сандық және сапалық өзгерістер республика халқының этнодемографиялық дамудағы шешуші рөлді тұрғылықты ұлт – қазақтардың атқаруына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында кеңестік кезеңде Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі әлеуетінің өздерінің тарихи отандарына қайтуына және елден кеткен отандастарымыздың оралу көші-қонына орай республикадағы қазақтар
8) XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпин реформасы 03 Қыркүйек 2013 5718 2 XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені  қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі. 
9) XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторыболды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропамәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
10) Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі[өңдеу]
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.[1]15) Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]16) «Алаш» партиясының өмірге келуі[
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған 1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның«Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген [14]. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан
17) Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]18) Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты.Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил  Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван  Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр  Дутов, Владимир Толстов, Борис  Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
19)«Әскери коммунизм» саясаты: мәні, әдістері, оны жүзеге асырудың түрлері
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты  Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,  адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық дағдарыс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді.Кеңес еліндегі сияқты Қазақстанда да азамат соғысы жағдайында  ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта «Әскери коммунизм»  деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды.
«Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы «салғырт» енгізілді. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз  ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді. Өлкеге азық-түлік дайындауға 11500 –ге жуық жұмысшы келді.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.
Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді
20) Түркістан (Қоқан) автономиясы және оның жойылуы. Түркістан АКСР-нің құрылуы.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай,Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
21) Алаш автономиясының құрылуы. Азаматтық соғыс жылдарындағы Алаш Орданың қызметі
Алаш автономиясы (Alaş avtonomïyası) (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1]Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді (және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).
Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:
Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...
Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.
Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.
2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.
Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.
22) Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы. Қырғыз (Қазақ) АКСР құрылуы
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы —Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[Қазақ АКСР құрылуы
 
Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
1919      жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.
Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:
контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес;
өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;
Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.
Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді.
Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді. 1920 ж. 9 наурызда «Қырғыз үкіметі» деп өзін атаған Алаш Орданы жою туралы шешім қабылдады. Қазревком органы - «Ұшқын» газеті шығарылды.
1920      ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.
1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.
Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.
Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі. 23) Орта Азия Республикалары аумағын межелеу – Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Екінші жалпықазақ съездіӨңдеу
Соның ішінде қазақ халқын жер-суымен бір құрылымға біріктіру мақсаты '1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші жалпықазақ съезінде көтеріліп, оған қатысушылар: “Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыздың тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға” қаулы алды. Оны жүзеге асыру үшін Алаш үкіметін құрды. Алайда Алаш автономиясын Кеңес үкіметі мойындағысы келмеді. 1918 жылы ақпанда құрамына оңтүстіктегі қазақ аймақтары кіретін Түркістан автономиясы (Қоқан) да большевиктердің қарулы күштерінің арқасында құлатылды.
Владимир Ильич Ленин.
Түркістан Автономиялық Кеңестік РеспубликасыӨңдеу
Оның орнына 1918 жылы 1 мамырда РКСФРқұрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы дүниеге келді. Дегенмен қазақ халқын Кеңес өкіметі жағына шығару мақсатында, В.И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде “Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет туралы уақытша ережеге” қол қойды. Комитет мүшелігіне алғашында А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, Б.Қаратаев, т.б. еніп, әкімшілік орталығы Орынборда орналасты.
Сібір Төңкеріс комитетіӨңдеу
1919 жылы 27 тамызда Сібір өлкесін басқару үшін Сібір Төңкеріс комитеті құрылып, әкімшілік орталығы болып Омбы қаласы белгіленді. Орта жүз қазақтары қоныстанған Сарыарқа атырабы, атап айтқанда, бұрынғы Қостанай уъезді түгелдей Челябі губерниясына қосылып, ал Ақмола облысы Омбы губерниясы атанып, оның құрамына осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уъездері де енді. Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен уъездері Сибревкомның құзырына көшті.
Сібірді аудандарға бөлу қаулысыӨңдеу
Қазақ зиялыларының ұсынысы ескерілмей, 1920 жылы 4 тамызда “Сібірді аудандарға бөлу” деп аталатын қаулы қабылданды. Қаулы бойынша Павлодар уъездерінің солтүстігіндегі 10 болыс, 12 тұзды көл мен бірнеше аудан толық Омбы уъездіне өтіп, Павлодар қаласының төңірегіндегі елді мекендер тұз өндірілетін көлдері мен ормандарын қоса Славгород уъездіне қосылды. Осы мәселеге байланысты басталған екі жақты талас-тартысты шешу үшін 1920 жылы тамызда Ленин бұрынғы Дала өлкесінің батысы мен шығысындағы даулы аймақты бөлшектемей, жаңадан құрылатын Қазақ автономиясы Республикасына тұтас қалпында қосуға нұсқау берді.
Қырғыз (қазақ) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыӨңдеу
Толық мақаласы: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)
'1920 жылы 26 тамызда қабылданған “Қырғыз (қазақ) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасын құру туралы” Декрет бойынша автономия аумағы Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Закаспийский облысынндағы Маңғыстау уъезді, Красноводск уъездінің Адай болыстары, Астрахань губерниясының Синемор болысы, Бөкей ордасы мен Примор округтеріне тиіп жатқан бұрынғы қазыналық алым алу (оброк) жерлерінің аумағы, 'Жағалық жолақ пен Сафрон, Ганюшин, Николай болыстарының бұрынғы әкімшілік шектерімен белгіленеді. Бүкілресейлік ОАК-тың 1920 жылы 22 қыркүйектегі' декретімен жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ АКСР-іне қосымша Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласы беріліп, 4 – 12 қазанда Қазақстан Кеңестерінің бірінші құрылтай съезі болып өтті. Орынбор қаласы – Қазақстанның алғашқы астанасы болды (1920 – 25).
Ұлттық-аумақтық межелеуӨңдеу
Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды (оның ішінде 112 мың км² Қарақалпақ автономиялық округі бар, ол 1930 жылы шілдеде РКСФР-ге берілгенге дейін Қазақстанның құрамында болды).
Ұлттық-аумақтық межелеуӨңдеу
Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен
24) 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.
1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.
1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары
1930 жылдардағы халықаралық жағдай
Қазақ КСР-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуыӨңдеу
Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті.
Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды.
1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты.
Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады.
Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы
25) , XX ғ. 20-жж. Басындағы экономикалық жағдай ЖЭС ге өту.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салындыы.
Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде
26) Жер-су реформасы.
б ) Жер-су реформасы.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
•1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:
-Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
-Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
•1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
-Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
-1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
•1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»
атанды).
Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
-Еңбек артельдерін құру.
-Кедейлерге жер беру.
-Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:
•Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол
атқарады.
• Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
• Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.
• Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
29) Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.
“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
§ Қазақ ауылын кеңестендіру;
§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу. Қазақ ауылдарында кеңес үкіметінің төменгі сатыдағы билік органдары жергілікті кеңестерді құру міндеті қойылды. Ауылда 1925 жылға дейін коммунистерді және олардың теңестіру ұстанымын қолдамайтын байлар мен ауқатты шаруалардың ықпалы әлі күшінде еді. Көптеген аудандарда ауылдық Кеңестер болмады, немесе Кеңес басшысы байлар табынан да табылатын. Мұндай жағдайға Орталық та, жергілікті коммунистер де қарсы болды.
1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді.
1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу.Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша“Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы бойынша шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу құқығы жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерге бекітілді.
1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды.
Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарту мәселесіне шеше алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарға өте зәру болды. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайырып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Партиялық органдар жерді тек бөлудің жеткіліксіз екендігін түсіне бастады.
Қазақстанның егіншілік Халық Комиссариатына арнайы тапсырмалар берілді. Губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал облыстық атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «үштіктер» ұйымдастырылды. Оның құрамын сол аймақтардағы атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер бекітетін болды. Алайда, шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:
жерлерді есепке алу жүргізілмеді;
Ÿ байларыдың қарсылығына кездесті;
Ÿ Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;
Ÿ кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;
Ÿ жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.
Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.
Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.
Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.
Ÿ жерлерді есепке алу жүргізілмеді;
Ÿ байларыдың қарсылығына кездесті;
Ÿ Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;
Ÿ кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;
Ÿ жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.
Ша
36. 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:
Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді.
1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықшылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.
-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.
-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
1945 жылғы 9 тамыз — одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.
Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.
Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.
1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2.
Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.
Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды.
Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. Мұның ішінде ел мен жерде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер да, аласапыран майданда қан кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар айтарлықтай болды. Мен енді эссемді қорытындылай келе, Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.Хабарсыз ұлын сұрауға,Жолыңды тосып ана жүр.Қанша үйдің ұрлап адамын,Қанша үйде сөніп қалды оттар.Көрдің бе ұлын ананың,Соғыстан қайтқан солдаттар?
37. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы. Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов"Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев,Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар,Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш,К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев,Т.Жароковтың,Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді.Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак,КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг,В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн,Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме,19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылыАлматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы,теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады.Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде,28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар.Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді.Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, -олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге,командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясықоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24вагон Ақмола облысының делегациясы25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардыңқұрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков,М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев,Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып,Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен«Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич,Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды.Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар,Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданғабаруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі,демалысқа келген Совет Одағынын,Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
38. Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру. IIдуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679миллиард сом материалдық зиян шекті.Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн.адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды.Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б.қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді.Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді.Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды.Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия,тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі,Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны– 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ-1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады,Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып,Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн.403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы.Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар:ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі,жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина,шөп шабатын және басқа машиналар болды.1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды.Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71%-ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен,ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз,совхоз, МТС-тардағы техника ескірген,еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан,шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды.Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды.Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1.Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2.Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3.Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4.Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5.Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып,ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6.Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді,халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді.Медицина мекемелері санының өсуіне(39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
39. 1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
40. Қоғамдық – саяси өмір
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудакты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Республиканың индустриялық дамуы
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді. 1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде:
1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылдыСонымен баскарудың екі түрін көруге болады:1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
41. Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
Тың игеру
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы
Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га)2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары
Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. 1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары.1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж.2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі. Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті.Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді. Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті. Азық тулік тапшылығын шешу,астық өндіруді арттыру мақсатында тыңжәне тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.Тың жерлер игерілген аймақтар:Қазақстан,Сібір,Урал,Солтүстік кавказ,Еділ бойы.1954-1955 жылдары млрд 100млн 1млрд 200 млн пұт астық алу белгіленді.Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар:Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары.1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд сом жұмсалды.1954-1962жылдары республикаға 2 млн-ға жуық тыңгерлер көшіп келді.1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі:
-КСРО-да-13.4млн га
-Қазақстанда-6,5млн га
Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар,ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді.1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді.Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды.1954жылы Қазақстан тыңында 120-дан астам совхоз құрылды.1954жыл тың жер астықтың жарпы түсімінің40% берді.Тың игеру жылдары Қазақстанда25млн га жер жыртылды.Алайда табысқа алғашқы жылдары ғана қол жеткізді.Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді.Жайылымдармен жем,шөп дайындайтын жерлер тарылды.Топырақ эрозиясы күшейіп,жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Тың жерлерді игеру саясатының жағымды құбылыстары:Қазақстан КСРО ның негізгі астықты аймағына айналды,көп ұлтты республика болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолддар мен елді мекендер көбейді.Жағымсыз құбылыстары:экологиялық жағдай ауырлады,мал шаруашылығы төмендеді,жер,су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.
42.
43. 1959 жылы кезде жеті жыл қабылдауға Жоспар 1959-1965gg., Бірінші сатылы және ғылыми тапсырманы негізделген болатын қайталама кеңейту өндіріс қарқындату, бірінші кезекке болып табылады және орта 80-шы жылдардың реформалар басталды, өнеркәсіп әзірлеуге немесе мүмкін кең немесе қарқынды арқылы.
Бір қарағанда, өнеркәсіп Жеті жыл өте табысты дамыған. Ол өнеркәсіптік арттыру жоспарланған болатын 80% -ға өндіру және сандық терминдер, сондықтан 84% -ға өсті, бұл асып түсті. Технологиялық жетістіктерді көрсету үшін құрылымдық өзгерістер болды. Темір және болат өнеркәсібі 66-67% -ға, оның өндірісін өсіп, түсі - 2-3 фактор. Қара, бұрын соншалықты көп емес қажетті жаңа машиналар өндірісі үшін металл, бірақ көп емес - түрлі-түсті қорытпалар. Көмір өндіру тек 16% -ға өсті, ал мұнай өндіру - 2,2raza жылы [[1]] Жаңа қозғалтқыштар. сұйық отын қажет. химия өнеркәсібі өндірісі өсті 2,5 есе синтетикалық материалдар шығаруды арттыру жетекші бірі болды қазіргі заманның техникалық прогресс үрдістер. Бұл Алайда, кейбір прогрессивті құрылымдық өзгерістер орын алды кеш; Көмір ескі Quot және болат өнеркәсібі санаттағы ұзартқыш көшіп; Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін филиалдары. Енді бірінші орынға шықты өнеркәсіп және ғылыми-техникалық революция - роботтық технка, микроэлектроника және т.б. Алайда, жеті жыл жылдары технологиялық прогресс құрылымдық ғана емес білдірді өзгерістер. Бұл уақытта өнеркәсіптік әдістері көшу болып табылады Ғимараттың бөліктері зауытта мен құрылыс кезінде дайындалып, құрылыс, ойын алаңы құрастыру айналды.
Бірақ жеті жылдық өсу қарқыны жыл еңбек өнімділігі артты, бірақ төмендеген жоқ. Қысқартылған капитал өнімділігі, Яғни капитал бірлігіне шығару. BbIPOC бойынша шығыс 84%, негізгі капиталға өнеркәсібі - 100% -ға өсті. Бірақ қарқынды Жаңа техника, неғұрлым өнімді - капитал өнімділігі жаңа қаражат өсуі керек. Осылайша, қарқындату процесін көрсететін көрсеткіштер, процесінің баяулауы көрсетті. ұраны қарқындату емес, экономикалық ынталандыру арқылы күшейтілген. Әкімшілік жүйесі алынып тасталды бәсекелестік, және онсыз, Company Техникалық мүдделі болған жоқ прогресс, ол тек әкімшілік тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды, өйткені жоғарғы . Алдыңғы қатарлы елдердің КСРО Lag техникалық деңгейі өнеркәсіп өсті. [[2]]
1964 жылы наурызда, билікке келді топ, негізінен ауыр экономикалық реформалар бапталған емес ең алдымен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласында елдер. Алайда, арқылы бұл мәртебесі кво әрекет емес қиын болды, бұл жолы: жылы онда азық-түлік тапшылығына байланысты елдің кейбір бөліктері нормалау халықтың (купондар) енгізу керек және жасыру жағдай. 1965 жылы наурыз айында, КОКП пленарлық отырысы есеп онда Ауыл шаруашылығы ұзартқыш әрі қарай дамыту үшін шұғыл шаралар туралы; Жаңа партия басшысы Леонид Брежнев құрады. Пленум, оның шешімінде мәжбүр болды бұл Quot мойындайды; Ауыл шаруашылығы, оның өсуі баяулады. Оның жоспарлары даму орындалмаған болды. Баяу өнімді арттыру дақылдар. ет, сүт және басқа да өнімдерді өндіру Бұл жолы, сондай-ақ сәл Quot артты;.
партиясының саясаты және мемлекеттік кейін Наурыз Пленумы, әрине, түбегейлі өзгерту, мүмкін емес, бірақ ол әлі күнге дейін ауыл шаруашылығы ұйымының тарихында өте маңызды кезең болды өндіру. 1965 кейін. ауылға дейін өсті бөлу: жылы 1965-1985gg. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға инвестициялар 670.4 млрд теңгені құрады. рубль, ауыл шаруашылығы өнімдерін үшін 2 есе сатып алу бағасы, мемлекетке сатуға, шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, оның орнатылған қуаты артты. [[3]]
қыркүйекте 1965 КОКП Орталық Комитетінің пленумында Өнеркәсіптегі менеджмент жетілдіру туралы қаулы «қабылданды, жақсартылған жоспарлау және экономикалық ынталандыру нығайту өнеркәсіптік өндіріс, «жаңа ел басталды, оған сәйкес экономикалық реформалар.
Барлық дерлік зерттеушілердің
реформа атымен ММТУ байланысты. қыркүйек пленарлық отырысында туралы есеп болды кейбір ұсыныстар пайдаланылатын атақты экономист EG Либерман. Ретінде үлгісі кезінде кеңестік экономиканың болған жүйесін қабылданды ҰЭП, бірақ бір елеулі айырмашылық бар: 1920 жылы өте маңызды рөл 1960-1970 жылдары толығымен жеке кәсіпкерлік, ойнады жоқ. Әкімшілік және экономикалық шаралардың реформалау.
1965 реформалар
Жалпы тұжырымдамасы, үш бағыттан тұрады.
Бұл өткізу, біріншіден, болып табылады материалдық сыйақы топтарды жақсарту іс-шаралар өндірісін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту үшін компаниялар.
Екіншіден, - іс-шараларды іске асыру жоспарлары кепілдік қамтамасыз ету үшін бағытталған жоспарлау, жетілдіру пропорционалды экономиканың секторларын дамыту және техникалық өсуі өндіріс деңгейі.
Үшіншіден, басқару қайта ұйымдастыру экономикалық кеңестер мен министрліктер құру жою арқылы өнеркәсіп емес, Бүкілодақтық, сонымен қатар бір қамтамасыз ететін одағы Республикалық ғана техникалық саясат және техникалық прогресс. Motives экономикалық екеуі болды және саяси: белгіленген Реформация көпшілігінің мүддесіне сай Одақтас республикалар. [[4]]
Экономикалық
басты мақсаты реформа экономикалық басқармасының әкімшілік әдістерін көшу болды экономикалық. Құны рөлі мен әсерін жақсарту үшін ұсынылатын Құралдар: сондықтан бағасы, пайда, несие, пайыздық, бонустар және осы орайда, астында. реформашыл түрлендіру, яғни теориялық базасын қолданылған социалистік өндіріс тауар табиғат тану болды. [[5]]
Реформалар
Тағы бір маңызды міндеті Кәсіпорынның жедел және экономикалық тәуелсіздігін күшейту жариялады. Реформа компания социалистік экономиканың негізгі сілтемесін жариялады. Тәуелсіздігін нығайту центр айтарлықтай қысқарту білдіреді қайта енгізу мақсаттары. Мекен-жайы директива жоспарлау болып табылады жойылды, бірақ (орнына 9.30 бойынша) тек бірнеше параметрлерге шектеулі , сату көлемі, олардың арасында жалақы төлеу, табыс рентабельділігі. Жоспарын іске асыру жалпы тұрғысынан емес білдірді және сату көлемінің, т. е шын мәнінде ғана қарастырады сатылды.
Кәсіпорынның бұрын-соңды болмаған алды бостандығы: олар өз өнімінен жоспарлауға болады еңбек, шығындарды азайту, орташа жалақы мәнін орнатыңыз. Барлық осы кәсіпорындардың табыстылығының қызығушылық құрылды және Жақсартылған экономикалық көрсеткіштері.
Реформа кепіл
Соңында, идея Толық құны есепке алу жөніндегі барлық бизнес аудару. Бұл тартылған экономикалық ынталандыру арқылы кәсіпорындардың басқару. Компаниялар үшін белгіленген ұзақ мерзімді экономикалық ережелер мен салық төлемдері, мемлекеттік бюджет өзара қарым-қатынас айқындау: активтер, жалдау ақысының үшін төлем, дамыту және экономикалық ынталандырулар үшін қаражат қалыптастыру стандарттары. Жеке ынталандыру тығыз бүкіл кәсіпорынның қорытындысы байланысты.
экономикалық қағидаттарына сәйкес кәсіпорындардың пайда реформа иелігінде қалады болды өндірушілер өздері.
1965 реформалау. Кейбір берді өндірістік өсу санын көбейту, экономикалық дамуын арттыруға. Туралы дәстүр Сегізінші бесжылдығының (1966-1970) қортындылау құрылған, Алынған нәтижелер, содан кейін өте маңызды болып табылады, бұл басым пікір тиімді. Шынында да, 60-шы жылдардың екінші жартысынан. Тиімді салыстыру 1961-1965gg. маңызды параметрлердің саны.
айтарлықтай өзгерістер болды баға белгілеу жүйесі: көтерме бағалар неғұрлым объективті нақты көрсетуі айналды шығындар мен туынды бизнес қазірдің өзінде сатудан түскен пайда алар еді олардың өнімдері. Экономикалық реформалар барысында анық ескірген қаралды олардың арттыру бағытында көтерме бағалар 1955 ж. 1968 жылы, нәтижесінде өнеркәсіп барлық дерлік филиалдары тиімді болды. Осы пайдадан кәсіпорындар бюджет өндірістік комиссияны жасау керек, (жалдау) төлемдері белгіленген, және өз ынталандыру қалыптастыру алмады қаражат.
1967 жылы, жаңа экономикалық жағдай бүкіл салаларын беруге бастады, және жұмыс жыл соңына дейін Индустриялық 37% -ды кәсіпорындар 15% жаңа тәсілі, өнімдер. [[6]]
қыркүйек (1965) шешімдері. Пленум жаңа бағалар жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, деп атап көрсетті пайда бөлу жүйесін енгізді. Бұл өнімдердің бағасы білдірді барлық бизнес білім беру жеткілікті жоғары болуы тиіс бюджет қабылдау жоғарғы бекітілген стандарттарға сәйкес үш ынталандыру қорлары, тіркелген активтер мен капиталдың айналым капиталын қаржыландыруға арналған төлемдер орталықтандырылған жоспарына сәйкес компания инвестициялық. Соңғы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жыл 10 млн жоспарланған болса, білдірді. рубль болды. орталықтандырылған инвестициялық компаниясы, Goskomtsen өз өнімдеріне бағаны көтеруге мәжбүр болды а «өзін-өзі қаржыландыру» инвестицияларды қамтамасыз ететін деңгейге дейін. Идея өзін-өзі қазірдің өзінде жария, бірақ ол емес еді тұтынушының есебінен өзін-өзі қаржыландыру және қаржыландыру, көтеріңкі баға мен үстемдігін тапшылығы кезінде өнімдерді сатып алу жеткізуші (монополиялық өндіруші). [[7]]
Жаңа бағасы болды уақыт Барлық осы проблемалардың негізінде есептеледі және 1967 жылы қолданысқа енгізілді. (Жоқ 1965 және екі жыл өткен соң, кеңестік экономика мерзімі туралы, сондай-ақ ) барлық қоғамдық баға айырбастау үшін қажет болды. Сол уақыттан бері Ақша бөлу бойынша бағаның түзету жолында берік Баға тіпті экономиканың салалары арасында қаражат, оның салалары, кәсіпорындар, және компанияның ішіндегі (үш ынталандыру қорлар).
Ал, кемшіліктерге қарамастан, Реформа 1965-1967 жж. социалистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқарды КСРО. Мүмкін, бұл ЖЭС күннен бастап кеңестік экономика болуы мүмкін. себептері реформа үлкен когерентного реформа ретінде dorassmatrivat жеткізілді жоқ, кім соңы аз болды білмедім. Біріншіден, тіпті кішкентай кеңейту мақсатты төмендетілген кәсіпорындар қосылған автономия таңдаңыз неғұрлым жеңіл шешімдерді. Нәтижесінде, өсімін озып бастайды еңбек өнімділігінің өсіміне салыстырғанда жалақы. Сонымен қатар, нақты күшімен қарсы реформалар: өндіріс ескі қатынастар, белгіленген әкімшілік аппараты, тас экономикалық ойлау. Әрекет өзгеріс біржақты материал еңбек мотивациясын мәжбүр Бұл бүкіл жоспарлау жүйесін дереу жойылуға әкеледі көрсеткендей, және алды бұл идея тастап кеткен болатын. реформа басқа себептермен ұмтылмаған. Айырбастау экономикадағы саяси өзгерістерге қолдау емес және әлеуметтік сала.
көптеген қайшылықтар реформа бірте-бірте нарықтық экономикаға көшкен, басқарылатын болады. Алайда, ол саяси және идеологиялық себептер бойынша мүмкін емес. Тіпті «progressist», «білімдарлар» А Н Косыгин нарығының қарсылас болды және тек қарым-қатынас жеке элементтеріне әрекет, социалистік экономикалық реттеушілер рөлін нығайту, яғни. gosudarstvlennoy, жоспарлы экономикаға Директивасына. А.Н. Косыгин Брежнев, генерал қарсы кез келген елеулі реформаларды емес жақтаушысы. Сонымен қатар, Кеңес элита қорқып өршіп американдық Вьетнам араласуы, сондай-ақ «Прага Екінші «социализм беруге Чехосовакия ның әрекет 1968 Коммунистік партиясының» Көктем Сайып келгенде, әкелуі нарықтық тетіктер арқылы, соның ішінде Тыныс «, Чехословакия кеңестік шапқыншылығы. Кеңес Одағының экономикалық реформаның нәтижесі бастады сгустков, егжей-тегжейлі жоспарлау және операциялық оралу бастады министрліктер мен ведомстволардың бизнес әкімшілігі.
1965 жылы іс-шаралар мақсатында қабылданды ауыл шаруашылығында жағдайды жақсарту үшін.
1. Сатып алу бағасы selskohozyaistvennuyu өнімдері құнынан төмен болып қалды. Олардың насихаттау кейін 50s. колхоз бен совхоздар өнім бірлігіне шығындарды prouzvodstvennye айтарлықтай өсті. Мемлекет өнімді сату, экономика шығынға батты. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы экономикасы, жалпы алғанда, қосымша тапсырмаларды алды - олар жоспарын орындауға мүмкін емес, кім үшін, өнімдер мен laggards қабылдауға мәжбүр болды Мемлекет тауарды жеткізуге. Сондықтан, өндірістің өсуі тиімді болған жоқ - Тиісінше шығындарды өсті.
Сондықтан, 1965 жылы, ол туралы шешім қабылданды Мемлекеттік сатып алу тəртібін өзгертіңіз. Сатып алу бағасы қайтадан дейін арттырылды ұжымына құны деңгейіне дейін, оларды алып етіп жол берілмейді мемлекетке өнімдерін сату бойынша шығындар. Бөлшек бағалар. Бұл қалды сол деңгейде, және айырмашылық олардың мемлекеттік бюджет есебінен болды.
міндетті сатып алу сомасы болды төмендейді және ол Сондықтан, 1970 жылға дейін өзгеріссіз қалады деп жарияланды, мәжбүрлеп сатып қоспағанда қосымша (тегін енгізілді ) түптеу, бірақ бұл тегін сатып алу баға 50% -ға артты міндетті баға салыстырғанда. Ол фермерлер болады деген болжам жасалды жоспардан тыс мемлекет өнімді қабылдауға тиімді.
2. Белгіленген уақыт екінші себебі Ауыл шаруашылығы артта қалуы, оның төмен техникалық деңгейі. Толық механикаландырылған болды жер жырту, егу, жинау мен бастырғыштар астық, бірақ барлық дерлік жұмыс өндірісі үшін өнеркәсіптік дақылдар, картоп, көкөніс, мал шаруашылығында барлық дерлік жұмыс сол жақ қолы. Әсіресе технологиялық прогресс бағыттары артында, онда қарқындандыруды ұсынды: тыңайтқыштар өндіру, жерді қалпына келтіру, таңдау. Механикаландыру кірістілігін ұлғайту емес, кейін, ол тек шығындарды азайтады еңбек. Жер жеті жылдық кезең ішінде қалыпты қарағанда шамамен 1 есе аз тыңайтқыштар қабылдайды аграрлық-техникалық стандарттарға.
Сондықтан, 1965 жылы, ол күрт арттыру туралы шешім қабылданды Ауыл шаруашылығы техникалық деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шығыстар hozyaistva, ауыл шаруашылығы техникасы мен тыңайтқыштар minershznyh өндіру. Содан кейін Сондай-ақ, кешенді механикаландыру, яғни міндеті қойылды Негізгі қосқыш қолға үйретiлген қалды жұмыс механикаландыру күштер.
3. Үшінші рет Белгіленген кемшілігі әлсіз мамандандыру жүйесі Агробизнес болды. Кезде табиғи, яғни әртараптандырылған ауыл шаруашылығы шаруалар болды, фермада біріктірілді колхоздарға әртараптандырылған. Бұл құрылым әртараптандырылған емес, ірі тауар өндірісіне қағидатын сақтауға, бірақ ол тіркелген мемлекеттік сатып алу жүйесі: ферма мемлекеттің белгілі бір жиынтығын өтуге мәжбүр болды өнімдері - астық, көкөніс, ет, сүт, т.б. Сонымен қатар - бұл жиынтығы дерлік болды әр түрлі табиғи Z9N ұжымдық шаруашылықтар үшін бірдей. Шаруа, бұл нүктесіне алды Ол мемлекет жеткізуге нарығында кейбір өнімдерді сатып бұл өнімдер өндіріледі емес. Тағы да, бұл күшейту туралы шешім қабылданды Ауыл шаруашылығы мамандандыру. Барлық осы шешімдер, ғылым дұрыс болды ақылға қонымды, бірақ ауруға уақытша жеңілдік беретін болды: олар толық болуы мүмкін емес б жүзеге асырылуда?Ұжымдық және совхозында жүйесін? S жою.
Ауыл шаруашылығы ауыс наурыз және қыркүйек шешіміне сәйкес реформалау (1965) пленумдарының CC. Әрекеті негізінде секторын басқару механизмін өзгерту жасалды қоғамдық әне жеке мүдделерді комбинациясы, пайда материал өндірістің өсуі ұжымдық фермерлер мен совхоз жұмысшылар пайыздық. жоспар қажет астық сатып алу төмендетті және өзгеріссіз жариялады 10 жыл бойы, сондай-ақ жоғарыда жоспары болды сатып алу, жоғары бағамен жасалуы болды. Кейбір шығарылды Жеке шаруашылықтардан шектеулер. Алайда, назар арттыру бойынша болды Ауыл шаруашылығында министрлігінің рөлін инвестициялық және кеңейту жоспарлау және басқару саласы. Ауыл шаруашылығында Осылайша, өзгерістер ішінара еске тиісті шараларды саласына қарағанда экономика, 1953-1954 жылдары.
Алғашында, шешімдер берілген елеулі әсер. сегізінші бесжылдық жоспары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін құны (1966-1970), 1,5 совхозында өндірісінің жиынтық пайдалылығын өсті 34% - 22%, ұжымдық болды. Алайда, нәтиже ұзаққа созылмады. Үлкен инвестициялар, мелиорация жайтты мен қамсыздандыру қарамастан 70-шы жылдары техника мен тыңайтқыштар, - ерте 80 орташа жылдық өсу қарқыны ауыл шаруашылық өндірісі тез төмендеді. 1966-1970 кезеңде болса. ауыл шаруашылығы өндірісінің әрбір кейінгі 21% -ға өсті Бес тиісінше 13,2%, 8,8%, 5,8%. Экономиканың барлық қажеттіліктері үшін астық өндіру, жаңа мемлекет тарапынан сұраныс және кеңестік экономиканың «қара тесікке» айналады жаңа субсидиялар. Бұл болып табылады «Социалистік әдістерін ауылы ең айқын жеткіліксіздігі басқару «.
экономикалық реформаларды тіпті оны ымыралы және толық емес, дегенмен, жағдайды жақсартуға көмектесті өнеркәсібі. 1966-1970 кезеңде өнеркәсіптік өндіріс. 50% -ға өсті. Содан кейін Бағалар төмендей бастады.
Неге қосылмайды мүмкін емес қарқындату факторлар?
Қарқындату
негізі - Техникалық прогресс. ХХ ғасырдың екінші жартысында технологиялық прогрестің шешуші бағыты - ғылыми және ғылыми-технологиялық революция. технологиялық революция - көшу толықтай автоматтандырылған өндірістік және жаңа технологиялар - плазмалық Лазерлік, және тағы басқалар. N. Алайда, біздің өнеркәсіп техникалық прогрестің ғылыми және ғылыми-технологиялық революция қатысы жоқ басым бағыттары: деп аталатын кешенді механикаландыру және дәстүрлі жетілдіру өнер.
Бұл ретте, кешенді механикаландыру, яғни. . қолға үйретiлген қалды жұмыс электрондық механикаандыру - бұл не біз болып табылады өнеркәсіптік революция болып қалып отыр. Индустриялық революция кейін - бұл механикаландыру, машиналар қолмен еңбек көшу. Пайдалы не болды механикаландырылған, он сегізінші ғасырда, содан кейін механикаландырылған - XIX ғғ. Онда механикаландыру сол жұмыстар болды өндіріс құны арттырады. Мысалы, өнеркәсібі механикаландыру филиалдар чипирование кеспеағаш, журнал а тіркеу соңғы қолмен жұмыс, көп бұл құнын арттырады өндіру.
Бұл экономикалық тиімсіз және көп жоқ дәстүрлі әдістерін жетілдіру басым бағыт технология іргелі өзгерістер, яғни е.. жақсы ауыстыру машиналар үздік. Металл Мысалы, мамандардың айтуынша, одан әрі жетілдіру машиналар әлі 7-8% -ға, оның көрсеткіштерін жақсарту, бірақ тек өсу кезінде мүмкін жабдық 1,5 есе құрайды.
факт мүмкіндіктері болып табылады дәстүрлі әдістер, материалдар жабдықтар негізінен механикалық өңдеу таусылып. Кесу, тоқымашылық, қол жеткен басқа да машиналар Жылдамдығы 60-шы жылдардың төбенің. және содан бері, енді өсті.
STR шын мәнінде арттырады осылайша еңбек есе ондаған немесе жүздеген өнімділігі мен қатты жақсартады өндіріс тиімділігі. Бірақ бұл үрдіс болған жоқ басым: қанша, біз толық автоматтандырылған бизнес бар ма?
ғылыми және ғылыми-техникалық рельс өтіңіз Революция барлық бірдей әкімшілік жүйесін тежейді. Зауыт металл өндіреді болса машиналар, оларды жақсартуға болады, бірақ мәселе өтіңіз мүмкін емес оның мамандануын сай емес түбегейлі жаңа технология. Жағдайында нарықтық экономика, мұндай зауыт бар тоқтатуға, бәлкім, STR бойынша өз өнімдерін сату таба алмайсыз, себебі. Жағдайында әкімшілік жүйе бұл байланысты зауыт жабу үшін қабылданған жоқ, себептері. Және басқа да ұқсас бірге біздің фабрикасы қанықтыру жалғастырды Өнеркәсіп ескірген технологиялар, және тарату жүйесі жабдықтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің бастаған осы техниканы тарату, маркетинг ұсынды. Нәтижесінде ол біз АҚШ, Германия және Жапония артық станоктарды бар екенін шықты, аралас.
Баяулауы және
Тағы бір себеп құлап өндіріс тиімділігі - табиғи ресурстардың сарқылуы. Біздің еліміз бай табиғи ресурстар, бірақ мұнай қоры экономикалық дамыған аудандарда, Аяқталуда Ағаш. Орал болды. Магнтті Mountain және Грейс, таулар барлық карталарда белгіленген бірінші класты темір кені. Қазір Осы таулар көп емес болып табылады. Шикізат елеулі резервтері жетпейтін қалды адам өмірі үшін қолайсыз жағдайларда, онда направления, және олардың жыртқыш әлдеқайда қымбат. Мысалы, шақырымдық темір жол бар өртеп 10 құны елдің Еуропалық бөлігінде қарағанда есе көп қымбат. Өнеркәсіп Сондықтан, негізгі активтер шығу бір - шығару қарағанда жылдам және құлайтын капитал өнімділігін өсті негізгі құралдардың бірлік. 80-шы жылдары ғана. өндірістік 1 руб. тiркелген активтер 1 руб дейін төмендеді. 29 коп. 98 тиынға.
Біз әлі болып саналады өнеркәсіп сауда кенші мұнайшысы Steelworker, т. е жетекші. адам «үзінді көшірме» ресурстар деп. Сонымен қатар, прогресс салмағын төмендету болып табылады өндіруші салалар. Біз жан басына шаққандағы өндірілген 3,5 есе көп темір АҚШ қарағанда кен және болат балқытумен 1,5 есе артық. Жапон 2500 кг - орташа машина 800 кг, және біздің салмағы. Алайда, өндіруші салалар мен Біз баяу дамып келеді. Индустриялық жалпы көлемінің Егер 1965 жылдан 1990 жылға дейін өндіру. көмір өндіру өсті, 3,6 есеге өсті Мұнай ғана - 21%. 2,36 есе
табиғи ресурстарды үнемдеу міндетін талап ететін, қоршаған ортаны қорғау ұштастыра отырып шешілуі керек қосымша шығындар. Шығындар емдеу, себебі ғана емес, ұлғайту нысандар қымбат, бірақ, сонымен қатар, ол арзан беруге бар, өйткені технологиясы. Осылайша, орман өнеркәсібі Molev қорытпа (қорытпа таратылған журналдар), мұндай қорытпа Башмаков және уландырғыш өзен себебі. A Molev қорытпа ағаш тасымалдауға ең арзан тәсілі болды.
табиғи ресурстарды қатарында және адам. Бірінші бес жылда өнеркәсіп қызметкерлерінің саны артты кең өсу факторы ретінде қызмет етеді (соғыс алдында, көп) 200/0 бойынша осі. B 1981-1985 жж. ол 3,3% -ға өсті. * бала туу санының төмендеуі жұмыспен қамту өсе тоқтатты, және, демек, бас кең жоғалып кетті өсу факторы. Осылайша, өнеркәсіптік өндіріс өсу қарқыны сондай-ақ құлап бастады кең факторларды азайту - ресурс сарқылуы және құнарлылығын төмендету. Қарқындату бұрын тек үздік опция ретінде қарастыруға болады, онда дамыту, қазір ол тек параметр айналды.
44. 1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты.Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И.Косыгин тағайындалды.
60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-і Пленум өткізіп,онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.
60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды. 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдықталған нысандар іске қосылды.
Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лениногор, Жезқазған,Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамыды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айналды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау таукен химия комбинаты болды.Қазақстан сары фосфордың бүкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фосфаттың 40%-ын,мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді.Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден үшінші орынды иемденді.
1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аграрлық саясат жасау мәселелері талқыланды.Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыс сатылуы үшін қосымша қаржы төленді, колхоздар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді.Аграрлық салаға шаруашылық есепті енгізу шаралары белгіленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүргізілгенімен,біршама алға жылжулар да көрініс берді.1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің өсу көрсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті.
60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады.Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану,шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енгізу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есеге өсті,ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы,Екібастұз және Ермак ГРЭС-і, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем таукен комбинаты және т.б.болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді,әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда(Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады.Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға,су көлемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, сонымен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті.6717 км квадрат аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан территориясының 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны(штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715ядролық жарылыстың 470-і Қазақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы,республиканың басқа жерлерінде тағы21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан,халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі8,4% болса, 1980-1985 жылдары 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.
Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.
Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыруды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмысшыларды өнеркәсіп құралдарынан алшақтату,орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді.
Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың төмендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-өзі ақтай алмаған колхоздар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе,1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-ға қысқарды, оның құңдылығы да төмендеді.
Дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га,Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985жылдары әлемдегі ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бұл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден- АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды.
1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік тұтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсалмай қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмсалатын жұмыс уақыты шығындалған.
Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде«басқаша ойлауға» қысым көрсетілді.Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б.журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады.Автордың өзі идеологиялық қысымға алынды.
1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының көрінісі болды.СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментауда болатын, неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола,Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды.
КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді.Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып,Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қатысудан бас тартты.
БҰҰ - да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті»,яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады.
1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л.Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол Кеңес Одағын 1984 жылға дейін ғана басқарды.Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіп орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды.Себебі Ю. Андропов 1984жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Басхатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді.
Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.
45. 1960 ж.ортасынан 1980 ж. ортасына дейін кезең тоқырау жылдары. Жаңашыл үрдістер әлсіреді; Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. Бетбұрыстар кезеңі басталды.Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте бірте жетілдіру идеясы туындады.
· 1967 жыл Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған мәжілісте Л.И. Брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді.
· 1977 жылғы мамыр КСРО Конституциясының жоюасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Нәтижесінде 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. Ал 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды.
Коммунизмге өтер жолдағы кезең кемелденген социализм, ал КСРОның саяси негізі халық депутаттары Кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекеттік және колхоздық кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.
1978 жылғы 17 наурыз Қазақ КСР Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға түсті. 1978 жылғы 18 сәуір Қ.стан Компартиясы ОКі жаңа конституция жобасын мақұлдап, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясының қарауына ұсынылды. Осы жылдың 20 сәуір Қазақ КСР жаңа Конституциясы қабылданды. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы Жоғарғы Кеңес. Атқарушы Билік Министрлер Кеңесі. Екеуі де партиялық бақылау жағдайында жұмыс істеді. Келеңсіз құбылыстар ұлтаралық қатынастарда да байқалды:
· Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде бірден бір қаулы не шешім қабылданды.
· Орыс тілін оқыту сапасын арттыруға көбірек көңіл бөлінді.
1963 жыл Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш бейресми бірлестігі «Жас тұлпар» құрылды.
Ұйымдастырушысы Мұрат Әуезов.
197477 ж. Х. Қожахметов қазақ халқын қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды.
Саяси жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнерде бейнеленген зиялылар қудалауға ұшырады.
Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер:
1. демократияны шектеу;
2. еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау;
3. адамның жеке басын аяқасты ету;
4. қоғамдық ұйымдардың партиялық мемлекеттік аппаратпен тұтасуы;
5. Сөз бен іс арасындағы алшақтық.
Бұл жағдай кеңес адамдарының бойында самарқаулық, сенімсіздік, маскүнемдік секілді жағымсыз қылықтар туғызды. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі орыстандыру саясаты. Хрущевтік брежневтік әкімшілік тарихи жаңа қауымдастық кеңес халқын жасауды көздеді.
ХХ ғ. 70-80-жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ.Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы кезеңде ұлт мәселесіндегі проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.
1922 ж. федералдық мемлекет ретінде құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқы болғанымен бірде-бір халық оны пайдалана алмады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады, саяси демократияның бұрмаланғандығы салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.
Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді.
Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз”ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады.
Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп,іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, әсіресе, зиялылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студенттер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында республиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушылық білдірілді.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж.басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың“АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды.
Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы”деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды.
1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автономиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығуы республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім 1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысын ашу туралы шешім қабылдауға КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мұрындық болған көрінеді. Бұл автономиялы облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы жасалмақ болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясы болмасын!”және басқа ұрандар жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды.Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда,Көкшетауда өтті.
КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар “Қазақстаннан шаңырақ сұрағанымыз жоқ, кеңес немістерінің ту тікпек жері Еділ бойы, автономия алсақ, о бастағы “ата” қоныстан ірге көтереміз”, - деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарының аумағында неміс автономиялық облысы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері КСРО-ға басып кіргеннен кейін Кеңес үкіметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді (бұл тоқырау заманы үшін болмаған оқиға) және тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ.Алайда республиканың басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсады.Баспасөз беттерінде бұл оқиғалар туралы ештеңе жазылған жоқ.
Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірілді.Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді.Адам өлімі, әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы - қазақтар мекендейтін аудан.
Осындай ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды.Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе,Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе,Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.
70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.
Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы,республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж.балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мектептерге партиялық әмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы,саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді.
1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.
ХХ ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің,Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың,М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.
“Ботагөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан”кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың,А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің,С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты.
Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова,Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті.
70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың,Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды.
Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау,радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді.Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.
Сонымен, тоқырау өмірдің барлық салаларында:қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.
47. ХХ ғ. басындағы жүз жылдықтағы Қазақстан мәдениеті өтпелі қоғамның ауыр атмосферасын бейнелейді, оның негізінде әртүрлі мәдени белсенділік пен әлеуметтік күштердің күресі жатыр. Қазақстанның көптеген аймақтары арқылы оқыту шешуші қадам емес еді. Сонымен қатар даладағы тұрғындардың толық білімсіздігі туралы мағынасыз еді. ХХ ғ. басында Ә.Бөкейханов білімсіз деп саналатын Самарқанд, Бұхар, Қазан және басқа да мұсылман орталықтарынан жоғары мұсылман мектептерін бітіргендер бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, халықтың білім беру реформасына байланысты Қазақстанда кеңестік оқу орындарының кең түрде желілері құрылды.
Болшевиктердің мәдени революцияның құрама бөлігі алфавит реформасы болды. Орталықтың бұйрығы мен мәдени ревлюция жылдарында қазақтарға жазуды үш рет ауыстыруға тура келді: басында араб тілінен латын тіліне, кейін латыннан кириллицаға ауысты. (1930, 1937) Оқытушылар, оқулықтар жетіспеді, оқытушылық корпустың өзі әр түрлі қуғындар мен лагерлердегі әлеуметтік профилактикаға көптеп тартылғанын атау болады.
Мәдени революция халықтың сауаттылығын арттыру үшін, «жаңа адам» яғни «мәңгүртті» өсіру үшін ойлап табылған болар. 1935 ж. қарай бастауыш мектептерінің желісі құрылған болатын, балалардың қамту деңгейі 90% жетті. Толық білімнің жоқтығы туралы 1936 ж. бүкіл республика бойынша орташа мектепті тек он бір қазақ баласы бітіргені туралы факт дәлелдейді. Тек 50 ж. өзінде жеті жылдық жалпы білім беру, 60ж. сегіз жылдық, 70ж. орташа білім беру жүзеге асырылды. Бұнымен қоса біртіндеп білім саласының төмендеуі, оқу үдірісін құру, идеологияландыру және Қазақстан мектептерін де этнизациялау байқалды. ХХ ғ. басындағы білім беру деңгейінің жағымды жағы 50-60 жж. дейін сақталды. Соғыс жалдарынан кейін республикада жоғары және арнайы оқу орындарының жүйесі құрыла бастады. 50 ж. 13 институт, 60-70 жж. 27 жоғары және 100-ден аса орта арнайы мектептер ашылды. Білім беру жүйесінің идеологиялық болғандығына қарамастан кейінгі кезге дейін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық сапасы жоғары болды. Сонымен қатар білім деңгейі техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін білмеуден де төмендеді.
Соғыстан кейінгі үлкен оқиғаның бірі Қазақстан Ғылым Академиясы (1946ж.) болды. Ең бірінші президенті болып ғалым Қ.И .Сатпаев сайланды. 1990 ж. қарай ғылым академиясына 32 ғылыми мекемелер, 250-ге жуық докторлар мен 2000 ғылым кандидаттары болды. Бұл жылдары Ғылым Академиясы жаңа бағыттармен бағытталған, тиімсіздіктен арылған жаңа реформа қажеттігімен бетпе бет кездесті.
Қазақстанның өнері мен әдебиеті Орта Азия көшпелілерінің жүз жылдық мәдениетінің бай мұраға толы 20-30 жж. әдебиет жарқын өкілдерімен (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.) бай 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылысқа М. Әуезовтің роман эпопеясы, пьесалар, әңгімелері жатады. Соғыстан кейінгі кезенде көркем әдебиет бірнеше дәуірдегі жазушылардың шығармашылығымен толықты. О. Сүлейменовтің, Ғ. Есенберлиннің, А. Кекілбаевтің, М.Шахановтың, О.Бөкеевтің және басқалардың кітаптары жетістікке жетті.
1920 ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері мен қазақ ұлттық туындылары дамыды. Ең бірінші театр 1926 ж. Қызылордада құрылды. Театр группасы атақты жергілікті актерлардан тұрды. Осы жылдары Ә. Қашаубаев Мәскеу концерт залдарында және Еуропалық көптеген қалаларында үлкен жетістікпен сахнаға шықты.
Соғыс алдында тағы бірнеше театрлар – опера мен балет театры, қуыршақтар театры, орыс драма театры пайда болды. Республиканың шығармашылық интеллигенциясы партия органдарының қатаң идеологиялық бақылауымен жұмыс істеді. Мәдениеттің дамуындағы сәттіліктерге қарамастан рухани туындылардың қиыншылықтары көлеңкеде қалды. Қазақтың ұлттық әдебиеті деп саналса да, ол өзінің түп тамырынан алшақ болды. Азғантай шығармашылыққа қатаң тыйым салынды. Сондықтан мұнда көбінесе аудармалы, интернационалды европоцентризм идеялары әкелінді.
Мындаған жылдар аралығында Қазақстан территориясында исламның мәдени – тәрбие ролінің маңызы зор болды. Оның тікелей әсерінен ХХ ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі мәдениеті дамыды. Бұл кезеңнің қазақ интеллигенциясы жадизм идеасын – Ресей мұсылмандарының реформаларының қозғалысын тасушылар болды. Оның негізінде саналы, мағыналы түрде оқуға көңіл бөлу принциптеріне сүйене отырып мектептерді (онымен бірге қоғамды да) өзгерту, ол халықты ағартушылыққа, қараңғылықтан білім жарығына апару, жаңа хабардар қоғамды құру және еуропа халықтарымен теңесу. Реформаторлық қозғалыстың негізін қалаушы қырым театры – И.Гаспринский болды. Ш.Құдайбердиев оны өзінің үшінші ұстазым деп атайды.
Рухани – діни мәдениеттің басқа маңызды элементі суфизм болды, ең бірінші кезекте тұлғаның ішкі өзгерісінен Құдаймен рухтың бірігуі идеясынан туындады. Суфизмнің әсерінен ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде суфистік бағыттың болуы дәлелдейді. Осылайша, ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының діни өмірінің осындай екі ерекшелігі болды. Қазақстанда түркі тілімен қатар араб және парсы тілдерін білетін адамдар көп болды. Ислам негізінде және құрылған рухани өмірінің моральды-этикалық нормалары тілмен және тұрмыстық мәдениетімен қазақ этносын қайталанбас және жалғыз болды, оған жалпы адамзаттық өркениет қазынасына жол ашты.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан территориясында көптеген жол ұстаушылар және конфессиялар – христиан (православие, католик және протестанттар), иудаизм және буддизм өкілдері өмір сүрді.
«Барлық еңбек ететін Ресей және Шығыс мұсылмандары» үшін Халық Кеңес комиссияларының үндеуі сияқты қызықтырарлық мұсылман сектісінен кейін 1917 ж. 20 қарашадан бастап мұсылмандар өмірінде жаңа кезең басталды. Онда кітапты, мешіттерді бұзу, қызметшілерді қуу және т.б. таныстырылды. Кеңес уақытында ең көп тараған тағылатын кінә пансламизм болды. 20 ж. ондай (панисламист) деп басқа алфавитке ауысуға күмән келтіруші әрбір адамды, 30 – 50 жж. араб графикасы бар кітапты сақтаушылар, 70-80 жж. мешітке барушы қарапайым адамды санады. Дінге қарсы күресті Коммунистік партия «діңсіздермен күресетін одақ» арқылы (Қазақстанда 1925 жылдан бастап пайда болды) жүргізді, ал кейін әр түрлі атеистік ағымдар арқылы жүргізді.
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті – бұл көптеген тамаша композиторлық мектептер Мұқан Төлебаевтан Ғазиза Жұбановаға дейін, кез-келген театрының сахына сәнін келтіретін опералық әншілер Ермек Серкебаевтан Әлібек Днишевқа дейін, қазақстандық жас суретшілердің ашықтығы және қазақ философтардың ізденістері, Әлкей Марғұланның этнологиялық концепциялары, Алматы архитектуралық ансамблі, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы және Асқар Сүлейменовтің эстетикасы және осы үлкен әлемге қол тигізу арқылы тек қазақ мәдениетін тануға болады, басқадай сыртқы штамп емес.
Бірақ бүкіл ұлт бүтіндей өзінің мәдени болашағы туралы сұрақ қойғанда жауабы мағынасыз коллективті терминмен анықталатын бұлыңғырлыққа тіреледі.
48. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде(1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды. Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов,одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы -отқа май тамызғандай болып шықты.Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!»,«Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда,қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917жылы алаш автономиясы туын көтерген қайраткерлерден кейін, біраз уақыт салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала -Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ,желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл,Шымкент, Талдықорған, Жезқазған,Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық,Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан.Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым алуынан үрейленген империялық Орталық оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға арнайы даярланған әскер күштерін әкелді.Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы әскер мен дружинниктердің қолынан ондаған қазақ жастары қаза тапты.Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз.Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып,көптеген елдерде «желтоқсандықтарға»қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті,ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға,желтоқсан құрбандарына қойылған басты ескерткіш.
Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Оқиға барысы
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан.1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов,Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы”жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан”(бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов),“Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға(қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған“Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд,милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты.Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова,Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған,Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар,Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы:Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың,демократиялық жаңғырудың бастауы болды.Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
49. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі –экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта(1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді,жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді.Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар,халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып,бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке,еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы “көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды.
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді.Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет,сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60% қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады. Есесіне республика басқа жерлерден бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды.
Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды.Осыған байланысты Кеңес Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі,Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу,өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.Бұл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды;Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін,қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі»бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді.Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов,Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э. Шеварднадзе және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды.ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді.Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның“Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды;Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж.16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына,тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі,республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп,олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
50. 1991 жылғы тамыз «бүлігі» және КСРО-ның ыдырауы. 1991 жылдың көктемінде Одақ пен егеменді республикалар арасындағы қарым-қатынастар жаңа сатыға көтерілді.Одақтас республикалардың егемендікке деген жаппай ұмтылысы — 1991 жылдың сәуірінен маусымына дейін Мәскеу түбіндегі Ново-Огареводағы президент резиденциясында одақтас республика басшыларының бірнеше дүркін бас қосуларына алып келді.
Ново-Огоревада 1991 жылы 23 сәуірде РКФСР, Украина, Қазақстан, Белоруссия,Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары кездесіп, нәтижесінде «9+1» деп аталатын жаңа Одақтық шарт дайындалды. Бұл Одақ енді Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы деп аталатын болды (КСРО-ның тоғыз Одақтас республикасы мен КСРО Президенті). Тоғыз сағаттық келіссөздерден кейін, елдегі жағдайды тұрақтандыруға шұғыл шара қолдану және дағдарысты еңсеру туралы мәлімдемеге қол қойылды. Құжатта мемлекеттердің егемендігі, Одақтық өкімет орындарының қайта сайлануы мен Одақтық жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі айтылды. Мәлімдеменің мәтінінде болашақ Одақ турасында «КСРО» деген түсінік аталынбады. КСРО-ның тағдыры туралы 17 наурыздағы референдумда азаматтардын көпшілігі Одақты сақтап қалу жөнінде өз пікірін білдірсе, екінші жағынан республика басшылары, бірінші кезекте Б.Н. Ельцин, Одақтың арқасында өз ұстанымын күшейтуге тырысты. Осындай күрделі жағдайда М.С. Горбачев жаңа Одактық шарт жасауға талпынды. Сөйтіп, тұжырымдар мен мүдделерді үйлестіру мәселесі төңірегінде қарама-қайшылықты үдеріс басталды.
1991 жылы 12 маусымда Ресей Президенті болып Б.Н. Ельцин сайланды. Бұл — Мәскеуде қос өкіметтілік ахуалын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. 17-маусымда елде қатты пікірталас тудырған, қайта өңделген шарт жобасы одақтас республикаларға таратылды. 29 маусымда М.С.Горбачевтің Н.Ә.Назарбаев және Б.Н. Ельцинмен құпия кездесуі барысында жаңа Одақтық шарттың кезекті талқылануы өтті. Бұл кездесуде шартқа 20 тамызда қол қою туралы және жаңа басшылықтың құрамы жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Егемен Мемлекеттер Одағының Премьер-министрі қызметі Н.Ә. Назарбаевқа, Президент қызметі М.С.Горбачевке ұсынылды. Б.Н. Ельциннің пікірінше, бұл келісімнің мазмұны1991 жылғы тамыз бүлігіне түрткі болды. Жаз бойы тайталасушы күштер (бұрынғы Одақ пен жаңа Одақты жақтаушылар) бір-бірінің ісін аңдып, өздеріне Одақтас іздеп және халықаралық қауымдастықтың көзқарасын да анықтауға тырысты. Осындай қайшылықты жағдайдағы М.С. Горбачевтің іс-қимылы да оның қарсыластарын 1964 жылы Н.С.Хрущевты орнынан алғандай, мемлекеттік төңкеріс жасау жобасына итермеледі. 1991 жылдың 19 тамызына қараған түні — КСРО Президенті М.С. Горбачев Қырымдағы Фороста демалыста жүрген жерінде биліктен кетті.
1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер министрі В.С. Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О.Д. Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г.И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды.Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО МХК төрағасы В.И. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов т.б. кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды.
КСРО Президенті қызметін атқарушы Г.И. Янаев мемлекеттер мен үкімет басшыларына және БҰҰ Бас хатшысына үндеу жолдап, төтенше жағдайдын елде 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді. БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға шақырды. ТЖМҚ-нын №1 қаулысы бойынша негізінде саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды. Митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатылды. Астық жинау науқанына кәсіпорын және ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, студенттер. әскери қызметкерлер т.б. жұмылдырылды
19 тамызда бірқатар жарлықтар шықты. №2 қаулысында демократия мен прогреске айрықша ықылас көрсеткен «Комсомольская Правда», «Московские новости»газеттерінің басылуына тыйым салынып, «Известия», «Труд», «Рабочая жизнь»басылымдарын шығаруды шектеді. Мәскеуге әскер мен бронетехника кіргізілді.Өзінің мәні жағынан ТЖМК мемлекеттік төңкеріске талпыныс еді. Осыған байланысты М.С. Горбачев бейтарап саясат ұстанып. оқиғалардың одан әрі қалай өрбитінін күтті. Бірақ жанжалдасушы екі жақтың қайсысы жеңсе де, оның елдің шынайы көшбасшысы ретінде саяси карьерасын жалғастыру мүмкіндігі жоғалған еді.
ТЖМК барлық республикалардың президенттеріне «КОКП ОК Саяси бюросы мәлімдемесінің» жобасын таратты, онда төтенше жағдай енгізудің себептері айтылды. Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне әртүрлі көзқараста болды.Елдегі «бүлікшілерді» жақтаушылар арасында қазақстандықтар да бар еді. ТЖМК шешімдерін орындау үшін көптеген облыстарда жұмыс топтарының құрылуы соны айғақтайды.«Кейбір шенеуніктер кабинеттерінен М.Горбачевтің суретін алып тастап жатты.Әлдекімдер бүгінде басқаша сөйлегенмен, шын жағдайдың сол кезде тап осылай болғаны рас».
Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетті қолдамады. «Азат», «Желтоқсан», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы»ТЖМК-ны қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды.19 тамызда Президент Резиденциясында министрлер, әскерилер, кеңес қызметкерлері мен Қазақстан Компартиясы ОК басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді.Н.Ә.Назарбаев жиналғандардан бұл жағдайда не істеу керектігін сұрады.
Түрлі ұсыныстар айтылды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы В.Г.Ануфриев бірнеше рет сөз сөйлеп, ТЖМК-ны қолдауды жақтады. Мәжіліс барысында жұмыс комиссиясы құрылды. Осы күні кешке қарай Н.Ә. Назарбаев қазақ теледидары арқылы алдында сөз сөйледі. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта, — деді ол өз сөзінде. — Сіздерді тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын». Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына, демократия ұстанымдарына.КСРО-ның біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев елде төтенше жағдай енгізу, тек КСРО Жоғары Кеңесі мен Одақтас республикалардың келісімімен ғана, құқықтық негізде жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы мәлімдеме жасады. Сонымен бірге бұрынғы Ново-Огарево келісіміне қол коюға шақырды. Бірақ бүлікшілер әрекеті мүмкіндік бермеді.
Президенттің бұл үндеуі республика тұрғындарын тыныштандырды. Бұл кезде Мәскеуде жағдай аса ауырлап, шиелінісе түсті. Мыңдаған адамдар халық аузында «Ақ үй» атанған — РКФСР Жоғарғы Кеңесі ғимаратын қоршап алып, Мәскеуге кіргізілген танк, бронетранспортерлерді жібермеді.ТЖМК-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Б. Ельцин, вице-президент А. Руцкой, РКФСР ЖоғарғыКеңесі төрағасы міндетін атқарушы Р.И. Хасбулатов, Ленинград мэрі А. Собчак басқарды. Солдаттар арасына үгітшілер жіберілді. «Ақ үйді» қорғаушылар оны берік қамалға айналдыруға кірісті.
20 тамызда да қауіп бұлты сейілмеді. Бұл күні Н.Ә. Назарбаев жаңадан мәлімдеме жасады.Президент елде тыныштықты сақтау мен ұстамдылық қажеттігін, сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілмейтіндігін,үш адам құрған комитеттің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтіндігін және оны ешкімнің қолдамайтынын ашық айтты. «Социалистік Қазақстан»газетінің 1991 жылғы 21 тамыздағы санында Н.Назарбаевтың: «...Біз халыққа жағдайдан шығудың қандай жолын ұсына аламыз? Оның тек конституциялық негізде ғана мүмкін болатынына сенемін. Егер біз заңсыздықтың қиралаң жолымен одан әрі жүре беретін болсақ, халық оны бізге кешірмейді. Ең алдымен ел үшін осынау қиын-қыстау күндерде М.С. Горбачевтің өзінің пікірін естігіміз келеді, ол өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыра алмайтын күйде екенін тікелей қуаттауға тиіс... Кейінге қалдыруға төзбейтін тағы бір аса маңызды проблема — сегіз республиканың парламенттері мақұлдаған Одақтық шартқа қол қою», — деген мәлімдемесі жарияланды. Н.Ә. Назарбаев Мәскеуде қантөгісті болдырмау мақсатында тамыздың20—21күндері батыл мәлімдемелер жасады. Жалпы одақтық ТАСС агенттігіне ақпарат көзін емін-еркін таратуға тосқауыл қойылған болатын.Дегенмен, 20 тамыз күні кеште АҚШ ресми түрде хабар таратып, онда Н.Ә. Назарбаевтың ойланып шешілген ТЖМК-ні қолдаудан бас тарту және күштердің арасалмағындағы басымдықты демократияның пайдасына шешу ұстанымын мәлімдеді.
АҚШ Президенті Джордж Буш ресми мәлімдеме жасап, онда КСРО-дағы конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б. Ельциннің әрекеттерін толығымен қолдайтынын айрықша атап өтті. Еуропалық Экономиканың Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етіп, орындалмаған жағдайда Кеңес КСРО-ға берілетін көмектің елеулі бөлшегін тоқтатып тастау қаупі барын білдірді. ТЖМК-нің құрылуына Саддам Хусейн (Ирак) және кейбір шарттармен Қытай келісті.
Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитеті (ТЖМК) мүшелерінің КСРО халықтары арасынан кең қолдау табуға деген үміті ақталмады.Оларды жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі, соның ішінде Қазақстандағы партия басшыларының аз ғана тобы қолдады. ТЖМК шегінуге мәжбүр болды.
Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғарғы Кеңесінің төтенше мәжілісін шақыру туралы ұсыныс жасады. Онда КСРО Президентін сайлаудың нақты күнін белгілеу мен Одақтық шартқа дереу қол қоюға шақырды. Елбасы республикадағы күрделі ахуалды, тұрғындардын көңіл күйін ескерді. Сол күндері тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік дау-жанжалдарды болдырмау басты мақсат болды. Бұл мақсат толығымен орындалды.Егемендік туралы Декларация мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкес өкімет билігі тұтастай кеңес ұйымдарының қолында болды. Президент Қазақстанда орналасқан Қарулы күштердің бөлімдері мен жеке құрамын, МҚК мен КСРО Ішкі істер министрлігін конституциялық нормаларға адал болуға шақырды. Ол егемендікті нығайтуға. демократиялық қағидаларды берік ұстануға. Одақты сақтауға, реформаларды онан әрі жалғастыруға ерекше мән берді.
21тамыз күні Ресей үкіметінің жіберген ұшағымен М.С. Горбачев Қырымнан Мәскеуге кайтып келді. Демократиялық күштердің басымдылығы жағдайында ТЖМК-нің әскери күш қолдануға батылдығы жетпеді. Әскерлер казармаларына қайтарылды. Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіз аяқталды. ТЖМК-нің басшылары тұткындалып, істері сотқа берілді. Бүлікшілердің жеңілуіне бұқара халықтың қолдамауы,Ресей басшылығының табанды қарсылығы,сондай-ақ, одақтас республикалар басшыларының ішкі мәселелерді жаңаша тұрғыда шешуге деген ықыластары себеп болды. Әскери күштердің Ресей басшылығына көрсеткен қолдауының да маңызы зор болды. Б.Н. Ельцин 23 - тамыз күні өзінің жарлығымен КОКП-ның қызметін тоқтатты, ал 6 — қарашадағы Жарлығымен мемлекетті басқару құрылымындағы билік партиясы ретінде, компартияның қызметіне тыйым салынды. ТЖМК бүлігінің басылуы, кеңестік саяси жүйенің «орталық — республикалар» «жоғарғы билігінің» дағдарысын көрсетті. Бұл бұрынғы жүйенін «өзегін» құраған және КОКП мен МҚК сияқты өкімет билігінің серіктігін қолында ұстаған кұрылымның күйреуімен байланысты еді. Бүлік басылған соң, тамыздың 24-і күні республиканың Жоғары Кеңесі «Ағымдағы кезеңді бағалау және егемендікті нығайтуға байланысты шаралар туралы»қаулы қабылдады. Президент «тамыз төңкерісін» қолдаған азаматтарға кешіріммен және түсінушілікпен қарады. Қазақстанда тамыз оқиғаларына байланысты ешқандай сот та,саяси істер де қозғалған жоқ. Бірақ «тамыз бүлігі» республика басшыларын бұдан әрі жауапкершілікті өз мойнына алудын қажеттілігіне көзін жеткізді.
Тамыз оқиғаларынан соң тағы да жүз күн М.С. Горбачев КСРО-ның шартты түрде Президенті болып қала бергенімен, ештеңе өзгерте алмады. М.Горбачевтің сөз жүзіңдегі демократиялық қағидасы бұрынғы саяси жүйенің сақталып қалған қайшылықтарын шешпеді. М.С. Горбачев пен Б.Н.Ельциннің жеке келіспеушілігі жағдайды ушықтыра түсті.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1991 жылдың тамыз айында өзінің КОКП ОК Саяси Бюросы құрамынан шығатынын мәлімдеді. Осы жылдың тамыз айында Семей ядролық полигонында болды. Сынақ аймағынан келген соң парламенттің арнайы сессиясын шакырып, жарты ғасырлық тарихы бар Семей полигонын жабу мәселесін қызу талқыға салды. Алғашқы құпиясыздандырылған мәліметтерде полигондағы жарылыстардың жалпы зарядтық күші, Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2.5 мың есе қуатты екендігі айтылады. Сессияның соңғы күні, яғни 29 тамыз күні Президент полигонды жабу туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан осындай қару түрлерін өндіретін және сынайтын бүтіндей бір индустрияға ие бола тұра, әлемдегі төртінші арсенал деген қаһарлы дәрежеден өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет болды. Бұл — КСРО-ның бұрынғы басшылығының келісімінсіз жасалды. Ұлт мұратына қызмет етудің жарқын да жасампаз көріністерінің бірі болды.
1991 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының төтенше және кезектен тыс съезі өтіп, онда Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Делегаттар арасында партияның атауы туралы өткір пікір сайыс туып, бірнеше атау ұсынылды. Делегаттардың көпшілігі «социалистік» атауын қалады.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның халық бірлігі партиясы» атауын ұсынды, бірақ ол депутаттар тарапынан қолдау таппады. Жаңа құрылған партия Қазақстанның Социалистік партиясы (ҚСП) деп аталды. 90-жылдардың бірінші жартысында ҚСП ең ірі партия болып, онын қатарына әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 47 мың адам кірді. Баспасөз органы «Республика» және «Сүхбат» газеттері еді. 1991 жылдың күзінде Компартия мүшелерінің бір бөлігі Қазақстанның Халықтық Конгресс партиясы қатарына өтті. Осы партияға еліміз бен шет елдерге танымал ақын, әрі қоғам қайраткері О.Сүлейменов пен М.Шаханов ұйытқы болды. Партияның негізгі міндеті парламенттік әдістерді пайдалана отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын онан әрі дамыту болатын.
Әкімшілік, экономикалық, иерархиялық және басқа байланыстар әлсірей берді.90-жылдары КСРО-ның дағдарысын әлемдік қауымдастық жіті қадағалап отырды.Сингапурдың негізін салушы, әрі оны отыз жылдан сәл астам уақыт ішінде дамыған мемлекет қатарына жеткізген Ли Куан Ю 1991 жылы мамыр айында Алматыға бейресми салармен келген еді. Ол өзінің оқыған дәрісінде коммунизмнің ешқандай болашағы жоқ екендігін дәлелдеп. КСРО-ның сөзсіз құлайтындығын, Қазақстанның болашағының зор екендігін мәлімдеді.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей басшысы Б.Ельцин, Украина басшысы Л. Кравчук,Белоруссия басшысы С. Шушкевич Беловежьеде «Вискули» үкімет резиденциясында кездесіп, КСРО-ның құрылуы туралы 1922 жылдың 30 желтоқсанындағы шартты бұзу жөніндегі келісімге қол қойды. Нәтижесінде КСРО халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде күшін жойды. Құжатта: «КСРО халықаралық саяси құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатты», — деп жазылды. Сол жылдың 13 желтоксанында Ашхабадта өткен Орта Азия және Қазақстан Республикасы басшыларының кездесуі «Беловежье келісімін» қолдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын(ТМД) құру туралы келісімге қол жеткізді.
Сонымен, 1990—1991 жылдардағы егемендік үдерісі Беловежье келісімімен бекітілді. Бұл келісімнің қорытындылары туралы ең алдымен, АҚШ Президентіне хабарланды, ал КСРО Президенті М.Горбачев болса бұл біткен іс туралы екінші болып естіді. Сол кезеңдегі тарихи оқиғалардын куәсі болған Н.Ә,. Назарбаев былай деп еске алады: «Ертеңіне М. Горбачев, Б. Ельцин және мен — үшеуден-үшеу бас қостық. Б.Ельцин Беловежьеде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі баяндап берді. М.Горбачев пен Б.Ельцин арасында екі сағат бойына Беловежье шешімінің мән-мағынасы бойынша, жүйке шымырлағандай қызу әңгіме болды. Мен олардың екеуінің әнгімелерін тыңдап отырдым. Ел үшін және бір қазанға бастарын сыйғыза алмаған екі лидер үшін өкініш сезімі билейтін». Кеңес Одағының тарихы осылай аяқталды.М.Горбачев КСРО Президентінің өкілеттілігін тапсырды және 1991 жылы 25 желтоқсан күні Кремльдегі орнын Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцинге беруте амалсыз көнді. Бұл өмір шындығы, уақыт талабы еді. Кеңес Одағының ыдырауын тездеткен«тамыз бүлігі» 1991 жылдың қазанына қарай КСРО құрамында болған одақтас республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылдың желтоқсанынан жартылай президенттік республиканың алғашқы қадамдары басталды.
Президенттік басқару формасының «институционалдық» кезеңі 1990 жылдың сәуірінен 1991 жылдық желтоқсаны аралығын қамтиды. 1991 жылы 1 желтоксанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.Сайлауға қатыскан халықтың 98,78%-ы Н.Ә. Назарбаевқа дауыс берді. «Социалистік»кезеңнің аяқталуы, мемлекет атауын өзгертуді талап етті. 10 желтоқсан күні Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң қабылданды. 1991 жылы10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика алаңында — Президентті ұлықтау рәсімі өтті.
Н.Ә. Назарбаев көпұлтты республикамызға адал қызмет етуге, Конституциясын құрметтеп, халықтың құқығы мен бостандығына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің міндетін адал атқаруға ант берді, мінбеге жақындап,Конституция мен мемлекеттік егемендік Декларациясына қолын қойып тұрып, анттың мәтінін қазақ және орыс тілдерінде қабылдады. Залда салтанатты түрде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Президент шығып сөйлегеннен кейін,сахнаға республиканың халық ақыны Ш. Әбенов, республиканың халық жазушысы Д.Ф.Снегин, КСРО халық депутаты И. Қожахметов, КСРО халық әртісі Қ.Х. Қожамияров,КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушысы Э.Ф. Айрих сынды елге қадірлі ақсақалдар шығып,барлығының атынан Ш. Әбенов Президентке бата берді. Ұлттық оюмен өрнектелген шапан, бас киім және көне белбеу тарту етті.
1991 жылдың 16 желтоксанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазакстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Республика өз аумағында өкімет билігін толық иемденуге, әрі ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізуге құзырлы болды.
Бастауын мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудан алатын Конституциялық Заң республиканың дамуының жаңа кезеңін айқындап берді. Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық. билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидаттар көрініс тапты. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Тәуелсіздік туралы Занның негізгі мәні 18 баптан тұратын жеті тарауда айқын көрсетілді. Бұл тарихи оқиға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұзақ жылдарға созылған күресінін заңды қорытындысы болды.
Заңның екінші тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегі, әлеуметтік және дүние-мүліктік жағдайына, тұрған жеріне қарамастан құқығы мен міндеткерліктерін бірдей пайдаланатындығы атап көрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы мәселе екінші тараудың 7-бабында карастырылып.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон үдерісін реттеу,жаппай саяси қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру және басқа адамгершілік нормалары бұзылған кезде ел аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдарға және олардың ұрпақтарына, бұрынғы көршілес кеңестік республикалар аймағында тұратын қазақтардың қайта оралуына жағдай жасау туралы айтылады. Қазақстанда тұратын қазақ ұлтының және басқа ұлт өкілдерінің дәстүрі мен тілін, ұлттық құндылығын сақтау, мәдениетін өркендету мен дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып дәйектелді. Сонымен қатар, мемлекет елімізден тыс аймақтарда тұратын қазақтарды, олардың ұлттық-мәдени,тілдік және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, олар азаматтары болып табылатын мемлекеттермен келісім негізіңде қорғауға және қамқорлыққа алынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары үшінші тарауда анықталғандай, бөліну қағидаларына қарай заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып құрылып, іс жүзіне асырылады. Жоғарғы Кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың атынан сөйлеуге құқығы бар. Заң шығарушы билік Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Елбасы және атқарушы билігі Президент, сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Жоғарғы төрелік соты жүргізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық соты — Конституиияны сотпен қорғаудың ең жоғарғы органы болып табылады.
Төртінші тарауда Республика мемлекеттік тәуелсіздігінін экономикалық негіздеріне анықтама берілген. Тәуелсіздік мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен тендігіне негізделетін дербес экономикалық жүйенің болатындығы жан-жақты атап көрсетілген еді.
Жер мен оның қойнауы. су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи байлықтары, экономикалық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
Бесінші тарауда Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтық мүшесі болып жарияланғаны айқындалады. Ол халыкаралық құқықтық субъектісі болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіре алады және олардың қызметіне қатынасады. Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық мәселелерді өз бетінше шешеді.
Алтыншы тарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау мәселесі сөз етіледі. Өз тәуелеіздігін және аумақтық тұтастығын сақтау мақсатында, республика өзінің Қарулы Күштерін құру құқығына ие болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері— Елтаңба, Ту. Әнұран.Астанасы — Атматы қаласы.Осы Заң Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Конституциялық Заңның қабылдануы жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін бекітті. Оған — 16 желтоқсанда қол қойылуы, 1986 жылғы оқиғалардан кейінгі Қазақстанда демократиялық үдерістің сабақтастығын дәлелдеп, елдегі өзгерістердің бастамасы болды. Сонымен бірге шынайы егемендікті жариялап, сыртқы әлемнің елімізді тануына қол жеткізілді.
Конституциялық Заң Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан,Қырғызстан және Ресей елдерімен шекара мәселесін толығымен реттеуге көмектесті.Ол Еуразия кеңістігіндегі сенімділік саясатының, серіктестіктің және тұрақтылықтың негізін қалады. Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан —Қазақстан Республикасьгаың тәуелсіздік күні ретінде танылды. Қазақстанның тәуелсіздігін Түркия елі бірінші болып таныды. Сол сияқты АҚШ, Германия,Франция, Ұлыбритания және тағы басқа ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шетелдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыға шетелдік елшілік пен миссия,халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және үкімет аралық келісімшарттарға қол қою жүзеге асырылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды.Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер — оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік-жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды. Ұлттық мұрат — мүдде алдығақты.
51. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
52. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.[1]Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, аса жоғары заңды күші бар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік өмірінің аса маңызды принциптері мен институттарын бекітетін, мемлекеттің Ата заңы.Конституция саяси және құқықтық жүйенің ядросын құрайды және мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық сфераларын дамыту базасы болады.
Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын құру процесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда басталды, сол кезде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады,онда Қазақстан Республикасы өз аумағының шегінде барлық толық билікті иеленетін және өзінің сыртқы және ішкі саясатын дербес анықтайтын, егеменді мемлекет болып табылатыны жарияланған.
Қазақстандық мемлекеттілікті құру процесінің келесі кезеңі егеменді Қазақстанның 1993ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституцияны қабылдауы болды, ол өзінің негізгі принциптері ретінде халық егемендігін және биліктерді бөлу идеясын жариялады. 1993 ж. Конституцияның негізіне президенттік республика моделі жатты, оған сәйкес Президент мемлекет басшысы ретінде бір мезгілде атқару билігінің басшысы да болды. Жоғары заңды билік өкілетті билік органы - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне тиесілі болды. Конституция-мен жарияланған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары демократияның негізгі принциптеріне сәйкес келді.
Алайда Конституцияның проблемалы жақтары, әсіресе жоғарғы билік органдарының өзара әрекеттесуі бөлігінде айтарлықтай жылдам айқындалды. Сонымен, мысалы, 1994ж. көктемде 1993 ж. ҚР Конституциясының негізінде сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзі қызмет еткен бір жыл ішінде барлығы жеті заң қабылдады. Әрі бұл елде өткізілетін эконо-микалық және саяси реформалар өте белсенді заң шығаруды талап еткен кезеңде болды. Бұл саяси партиялардың айтарлықтай дамымағанына,ал заңды билік органындағы депутаттардың нақтылы өздерін көрсеткеніне және маңызды заң жобаларын сәтті «дуалауына»байланысты болды. Президенттің депутаттардың қызметіне құқықтық ықпал ету мүмкіндігі болмады, яғни заңды билік органын тарқату туралы мәселені қоймақ түгілі, тіпті депутаттарға шұғыл заңдар қабылдау қажеттілігін де айта алмады. Нәтижесінде Конституция объективті түрде қоғамдағы өзгерістерге кедергі болды.
Сөйтіп, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформалау қажеттіліктері жаңа Конституцияны әзірлеу қажеттілігін тудырды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы дайындалды, ол бүкіл халықтың талқылауы үшін жарияланды. Талқылау барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мәслихаттар 30 мыңға жуық ұсыныстар мен ескертулер айтты. Олардың ішінде ең маңызды-лары Конституция жобасына енгізілді және 1995ж. 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру (референдум)нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
1995 ж. ҚР Конституциясының мәнді ерекшелігін халықтың оны жасаушы болып танылуы құрайды. Бұл мәнді Конституцияның алғашқы жолдары көрсетеді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, ... өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».
1995 ж. ҚР Конституциясында мемлекеттің мақсаттары анық белгіленген.Конституцияның 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны,оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екені бекітілген. Мемлекеттік биліктің бiрден-бiр бастауы болып Қазақстан халқы жарияланған.
Конституция мемлекеттік механизмнің жұмыс істеудің негізін құраушы принциптерін бекітті, азамат мен адамның конституциялық мәртебесін анық-тады, сондай-ақ мемлекет қызметінің негізгі принциптерін: қоғамдық келісімді және саяси тұрақтылықты, бүкіл халық игілігін экономикалық дамытуды, қазақстандық патриотизмді, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беруді қосқанда, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуді жариялады.
Конституцияның ІІ-бөлімінің«Адам және азамат»деп аталатынын ерекше атап кету керек. Онда адамның қоғамдық өмірдің барлық сфераларын-да басымдылығын қамтамасыз ететін және Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізін құраушы принциптеріне сәйкес келетін, жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардың барлық кешені декларацияланады.ҚР Конституциясы адамның табиғи,ажыратылмас құқықтары ретінде әрбір адамның өмір сүруіне, жеке бостандығына құқықты, жеке өмірі мен намысына қол сұқпаушылыққа құқықты жариялайды.Сонымен, 12-бапта былай делінген:«Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды...».
Сонымен қоса, Конституция мынадай ережені анықтады, оған сәйкес республика азаматы ешқандай жағдайда азаматтығынан,өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды (10-11-баптар). Қазақстан азаматтарының еңбек бостанды-ғына құқығы (яғни мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған), заңмен белгіленген оларды шешу тәсілдерін пайдаланып, жеке және ұжымдық еңбек дауларына құқығы бар.Конституцияның жаңалығы азаматтардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына және жеке меншікті қорғауға құқығы болып табылады.
1995ж. Конституцияның маңызды құраушысы Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтарының көлемі болды, олардың бiрлесу бостандығына құқығы (23-бап),мемлекеттiк органдар мен жергiлiктiөзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы (33-бап) жатады. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің ісіне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттің істеріне араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.Аталған шектеулер конституциялық құрылыс тұрақтылығының және қоғамдағы келісімнің нашарлау мүмкіндігі жолына тосқауылдар болып табылады.
Қазақстанда саяси және идеологиялық алуан түрлілік орын алады. Сонымен бірге ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында Ата заң азаматтық қоғам субъектілерінің қызметіне шектеулер енгізу мүмкіндігін көздейді. Сонымен, мақсаттары мен әрекеттері конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, нәсіл-дік,ұлттық, діни, сословиелік және рулық араздықты тұтандыруға, басқа мемлекеттердің саяси партияларының жұмыс істеуіне,сондай-ақ саяси партия-лардың шетелдік заңды тұлғалармен және азаматтармен,шетелдік мемлекет-термен және халықаралық ұйымдармен қаржыландырылуына бағытталған,қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуіне тыйым салынады.
Конституциядағы құқықтар мен бостандықтар декларациясы, оларды нақты іске асыру үшін жағдайлар жасау Қазақстанның адам құқықтары туралы Билль деп аталатын, түгел дерлік халықаралық келісімдерге толық құқықты қатысушы болуына мүмкіндік берді.Олардың арасында азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілер, геноцид қылмыстарын ескерту және ол үшін жазалау туралы, нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы,балалар құқықтары туралы, адамдарды кепілдікке алумен күрес туралы және т.б. конвенциялар бар.
Жоғары заңды күшті иеленіп, 1995ж. ҚР Конституциясы жоғарғы билік органдарының жұмыс істеу және өзара әрекеттесу құрылымы мен механизмін,мемлекеттік құрылыс түрін және елді билеу түрін анықтады.
Конституцияға сәйкес Қазақстан– Президент басқаратын біртұтас мемлекет. ҚР біртұтас құрылысы келесі принциптерге негізделеді: аумақтық және мемлекеттік тұтастық, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, бірыңғай заңдар жүйесі, бірыңғай азаматтылық. Мемлекеттік құрылыстың біртұтас түрі егеменді Қазақстан мемлекетінің шеңберінде ұлттық-мемлекеттік және аумақ-тық құрылымдардың қолайсыздығын жорамалдайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы ҚР Президентінің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын анықтайды. Көрсетілген бапқа сәйкес, Президент мемлекеттiң басшысы,оның жоғары лауазымды тұлғасы, халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң,Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылады.
Президент оны халықтың мемлекет басшысы етіп сайлағандықтан, халықтың нышаны болып табылады. Бұл оның халықтың атынан сөйлеуіне құқық береді. Бірде бір билік тармағына тікелей қатысты болмай, Президент оның барлық тармақтарының келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті.
Конституцияға сәйкес ҚР Президенті жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде кәмелетке толған азаматтарының жасырын дауыс беруі арқылы бес жыл мерзiмге сайланады.Конституция Президенттік кандидатқа қойылатын негізгі талаптарды анықтады:ол қырық жасқа толған, тумысынан Қазақстан азаматы болуы және соңғы он бес жыл бойы Республикада тұратын,сондай-ақ мемлекеттiк (қазақ) тiлдi еркiн меңгерген болуы тиіс.
ҚР Конституциясының 44-бабы Президенттің өкілеттіктерін анықтайды,олардың арасында Үкіметті ұйымдастыру,барлық жоғары мемлекеттік лауа-зымдарға тағайындау, референдумды тағайындау және т.б. бар. Конституция-мен көзделген жағдайларда заңды күші бар Жарлықтарды шығаруға құқылы. Заңды билікке қатысты Президент кейінге қалдырылатын тыйым салу құқығын иеленеді.
ҚР Конституциясының 63-бабына сәйкес Президент Парламент палата-лары төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңескеннен кейін ҚР Парламентін немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
ҚР-да мемлекеттік билік органдары жүйесін Парламент (заңды билік), Үкімет(атқарушы билік) және Жоғарғы сот (сот билігі) құрайды. Конститу-цияның 3-бабы«Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас,ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылатынын» анықтайды.
Парламент – заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган.Заң шығару қызметтерiмен қатар, Парламент атқарушы билікке қатысты белгілі бақылау қызметтерін де жүзеге асырады. Бұл –республикалық бюджет-ті бекіту, Үкімет бағдарламасын мақұлдау немесе қабыл алмау, Үкіметке сенімсіздік білдіру.
ҚР Конституциясы алғаш рет Парламенттің екі палаталы құрылымын бекітті: Сенат және Мәжіліс. Мәжіліс Қазақстанның барлық азаматтарының мүдделерін білдіреді. ҚР Конституциясының ерекше тәртібі Сенатты ұйымдас-тыру үшін анықталған. Егер Мәжіліс депутаттары жалпыға ортақ және төте сайлау негізінде сайланса, онда Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде сайланады. Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан сәйкесінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен мәжілісінде екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сонымен қоса, Сенат депутаттарының бір бөлігі ҚР Президентімен тағайындалады.
Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады. Үкіметті Президент құрайды, яғни Президент Мәжілісте ұсынылған партиялармен кеңескен соң, Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжілістің бекітуіне ұсынады, ол қызметіне кіріскен соң,Үкіметтің дербес құрамын Президенттің бекітуіне ұсынады. Үкімет елді ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, мемлекетті дамытудың перспективалы бағдарламаларын әзірлейді. Ол Президент өкілеттіктерінің мерзімі шегінде әрекет етеді және қайта сайланған Президенттің алдында өзінің өкілдіктерін тапсырады.
ҚР-дағы мемлекеттік биліктің дербес тармағы сот билігі болып табылады, ол әлдекімнің еркіне байланыссыз республика атынан және тек сотпен ғана жүзеге асырылады. ҚР Конституциясы Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрайтын, мемлекеттің бірыңғай сот жүйесін ұйымдастырады. Арнайы және төтенше соттарды қандай да бір атаумен және көмекші сөзбен құруға тыйым салынады.
Конституциялық бақылау және Конституцияны қорғау Конституциялық Кеңеске жүктелген. Ол жеті мүшеден,соның ішінде Төрағадан тұрады. Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері құқылы түрде ҚР экс-Президент-тері болып табылады. Конституциялық Кеңес заңдардың, жарлықтардың және басқа нормативтік актілердің конституциялылығы туралы қорытынды береді.
Сөйтіп, ҚР Конституциясы 1995ж. ел Президенті мәртебесін едәуір арттырды,президенттік басқаруды ұйымдастыру туралы конституциялық ережені бекітті,екі палаталы кәсіптік Парламент құрды.Сонымен қоса, ол экономикалық реформаларға жаңа импульс берді, заң шығарушы базаны және Үкімет қызметінің нарықтық қатынастар жағдайларындағы заң шығарушы өрісін құруды қамтамасыз етті. Маңызды жетістіктердің арасында макро-экономикалық тұрақтандыру, тиімді қаржы-несие жүйесін құру, кезеңмен жүргізілген жекешелендіру бар. Өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуі басталды, ауыл шаруашылығы жанданды,инвестициялық қор жақсарды.
Конституция, Ата Заң ретінде қоғамның өзінің және мемлекеттің дамуы-ның негізгі кезеңдеріне сәйкес келуі тиіс. Басқа жағдайда Ата Заң уақыт реалияларымен байланысты жоғалтып,түрлендіру мен қоғамның дамуына бөгеуіл болатын тарихи құжатқа айналады.Сондықтан еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде болатын өзгерістер конституциялық алғышарттарды қоғамның жаңа қажеттіліктерімен сәйкестікке дер кезінде келтіруді талап етеді.
ҚР Конституциясы табиғи эволюциясының көрсеткіші оған Парламенттің- Президенттің бастамасы бойынша 1998ж.7 қазанда 20-ға жуық өзгеріс пен толықтыру енгізгені болды, олар Парламенттің өкілеттіктерін едәуір кеңейтті,сондай-ақ ҚР Парламентінің Мәжілісін құру тәртібін өзгертті. 1995ж. Консти-туцияға және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңға сәйкес абсолют көпшіліктің мажоритарлы сайлау жүйесі қабылданды.Ел Конститу-циясына 1998ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістер салдарынан Мәжіліс депутат-тарының саны 77 адамды құрады. Олардың ішінде 67-і әкімшілік-аумақтық бөлуді есепке алғанда және сайлаушылардың тең шамамен құрылатын, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша абсолют көпшіліктің мажоритарлы сайлау жүйесі бойынша сайланды. 10 депутат бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округін құру арқылы партия тізімдерінің негізінде пропорцио-налды өкілдік жүйесі бойынша сайланды. Бұл өзгеріс саяси партиялардың әрі қарай дамуы және олардың қызметін жандандыруға жағдайлар жасады. Ал 1999ж. күзде Мәжіліске сайлау алғаш рет жаңа ережелер бойынша өтті.
Нақты демократияны нығайтуды жетілдіру жолында жаңа қадам ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізілген 2007ж. Конституциялық реформа болды. Осы реформаның салдары 2007ж. 21мамырда ҚР Конституциясына бірқатар түзетулер енгізу, сондай-ақ Конституциялық заңдардың толық пакеті, соның ішінде «ҚР Парламенті және оның депутатта-рының мәртебесі туралы», «ҚР Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «ҚР-дағы сайлар туралы»заңдар болды. Осы түзетулердің нәтижесі ел Президенті өкілдіктерінің бір бөлігін Парламенттің пайдасына қайта үлестіру,Сенаттың рөлі мен мәртебесін күшейту,Президент тағайындайтын Сенаторлар санын 9-дан 15-ке дейін ұлғайту болды. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша қолданылып жүрген ҚР Конституциясына президенттік басқару мерзімін 2012 жылдан кейін 7 жылдан5 жылға дейін қысқарту туралы, Елбасына заң шығару бастамасы құқығын беру туралы, оған Парламентте алғаш рет өкілеттілік алған Қазақстан халқы Ассамблеясын құру құқығын беру туралы түзетулер енгізілді.
Конституциядан оған сәйкес өзінің өкілдіктері кезеңіне Президент саяси партиядағы қызметін тоқтатады деген тармақ шығарылды. Сонымен қоса,Мәжіліс депутаттарының саны 107 адамға дейін өсті және оны ұйымдастыру тәртібі өзгерді: 98 Мәжіліс депутаты - пропорционал сайлау жүйесін қолдану негізінде саяси партиялардан, ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясымен 5 жыл мерзімге сайланады. Бұл түзетулер Қазақстанның партия жүйесін дамыту үшін нақты мүмкіндіктер тудырды.
Осының негізінде Қазақстан Республикасындағы конституциялық құры-лыстың өзінің негізінде ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдегі жаңартушы түбегейлі өзгерістерді жалғастыру бағытымен себептескен шығармашылық әлеуеті бар екендігі туралы тұжырым жасауға болады. Н.Ә. Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде атап өткендей: «Біз демократиялық қоғамда өмір сүруге үйреніп келеміз, ендеше өзіміз күн сайын демократияны құраймыз».
Бүгінгі таңда ҚР Конституциясы халықаралық құқықтың жалпыға таныл-ған принциптері мен нормаларына, конституциялық заң шығармашылықтың әлемдік стандарттарына толығымен сәйкес келеді. Онда тұжырымдалған саяси принциптер мен құқықтық институттар біздің мемлекетімізді әлемдік экономика мен саясат жүйесіне енгізуге мүмкіндік туғызады.
Озық демократиялық мемлекеттердің конституциялық даму тәжірибесін пайдаланып, ҚР Конституциясы елдегі нақтылы жағдайды және қоғамның жаңа жағдайларда әлеуметтік-экономикалық,қоғамдық-саяси және рухани-адамгершілік дамуының нақты қажеттіліктерін көрсетеді.
Еліміздің Ата Заңы Республика қызметінің негізін құраушы принципі ретінде қоғамдық келісімді танып, ұлттық идеяның барлық құраушыларын өзінде шоғырландырады. Бұл ҚР Конституциясын саяси тұрақтылықтың аса маңызды факторы,азаматтық әлемнің, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепілі етеді
53. ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан).
1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан.
Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.
Герб дөңгелек қалқан түрінде жасалған. Көгілдір аспан аясында қала тарихының және ел қорғанының символы бекініс қабырғасы; сақ аңыздарының кейіпкері — даналық пен бекзаттықтың символы — қанатты барыс бейнеленген; алтын тәж Астананың бас қала ретіндегі мәртебесін бейнелейді. Шаңырақ — ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді. Бидай масақтарымен жиектеу өлкенің астық молшылығын сипаттайды.
Климаты. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Климаты шұғыл континентті, оңтүстікке қарай шөлейттенеді. Қазақстанның осы бөлігінде жыл мезгілдерінің өз ерекшеліктері бар. Қар мол жауып, қысы ұзақ болады. Наурыздың аяғына таман көктем кеш шыққанмен, табиғат әсем түрге енеді, бұл кезде сарыгүл мен бәйшешек гүл атады.
Астанада жүзден астам ұлттың өкілдері тұрады, байырғы тұрғындары — қазақтар. Оның 64,4%-ы еңбек жасындағы адамдар, 10,2%-ы зейнеткерлер. ня
Астана уақыты — Астана қаласы орналасқан 5-сағаттық белдеудегі жергілікті уақыт. Жер шары бойынша шартты түрде 24-ке бөлінген сағаттық белдеу батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан басталады. ҚР аумағы арқылы 4 және 5 — сағаттық белдеу өтеді. Астана қаласының, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 6 сағ., Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының уақыты дүниежүзілік уақыттан 5 сағат алда, ал кейінгі аталған облыстар уақыты Астана уақытынан 1 сағ. кейін жүреді.
Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.
Тарихы жағынан алып қарағанда, көптеген қалалар өзендер қиып өтетін ежелгі керуен жолдарының бойында қоныс тепкен.
Бүгінде Астана орналасқан жердің ежелгі атауы Қараөткел деп, Орал мен Сібірді Кіндік және Орта Азиямен байланыстырған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында қоныс тепкен қазақ елді мекенінің атауымен аталған. Есіл өзенін кешіп өтетін ыңғайлы керуен жолындағы Қараөткелде 1830 жылы қазақ ауылдары өкілдерінің кеңесімен Ақмола әскери бекінісі салынған. 17–18 ғасырларда Ақмола облысының аумағына Ресей мен Украинаның орталық губернияларынан шаруалар көптеп қоныстандырыла бастады.
Сол кездегі Ақмоланың жәрмеңкелеріне Қазақстанның Ресейдің, Орталық Азияның түпкір-түпкірінен саудагерлер ағылды.
2000 — Қазақстан үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» қаулы қабылдады.
Елбасының қатысуымен елорданың Жаңа алаңы, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, бизнес-сервис орталығы ашылды.
Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Елбасы Жарлығы шықты, оған сәйкес қала аумағының жалпы көлемі. ұлғайды.
200 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.
2003 — Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі болды.
2004 — ауқымы мен бұрын-соңды болмаған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік мекемелерін сол жағалауға көшіруде орасан зор жобалар жүзеге асырылды.
Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталық аумағында ҚР Президенті резиденциясы ғимаратының ресми ашылуы болды. Президент Н. Назарбаев «Ақ Орда» деп аталатының жариялады.
2005 жылы Астана қаласы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы салтанатты ашылды.
Сол жағалауда ҚР Парламенті сенатының, ҚР Үкімет әкімшілік ғимараттарының, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің және мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйлердің, цирк ғамаратының құрылысы аяқталды, дипломатиялық қалашықты салу жалғасуда.
2005 жылғы 1 маусымға дейін сол жағалауда отыз тоғыз нысан ҚР Призидентінің Резиденциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Астана-Бәйтерек» монументінің ғамараттары, «Аяулы алақан» композициясы, Жоғарғы Соттың, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің акімшілік ғимараттары, Ислам мәдени орталығы, «Думан» офын-сауық орталығының 1-ші және 2-ші кезегі, Ұлттық кітапхана, 1200 орындық мектеп, «ҚазМұнайГаз» компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, муниципалдық үйлер кешені, бір ауысымда 120–150 адамды қабылдайтын емхана, сулы-жасыл бульвар, «Отель-Президент» мейманханасы, «Ғашықтар» саябағы пайдалануға берілді.
Астананың көрнекті орындары. «Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі. Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық бейнесіне айналды. Монумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе тауында өсетін, ертегідегі ағаш туралы аңыз алынды. Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс — Самұрық алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен Жамандықтың алмасуын бейнелейді. Евразиялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы — Бәйтерек терең тамырларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады.
Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған ежелгі аңыз қайтадан жаңғырды.
Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар 97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының 1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады.
"Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Бәйтерек сәулетінде монументтің жер астындағы бөлігі 4,5 метрлік тереңдікте, мұнда дәмхана, аквариумдар және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың шағын галереясы орналасқан. «Бәйтерек» ағашының діңімен шолу лифтілері арқылы көтеріле отырып (орта деңгей), көктегі деңгей — шарға тап боласын. Шардың ішінде бар, жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панарама залы орналасқан. 97 метрлік биіктікте күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді. Астанада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі монументке үлкен маңыз береді. Рухани көшбасылардың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жанында тағы бір ұстын пайда болды. Онда Қазақстан жеріне әлемнің 17 елінен келген әлемдік діндер көшбасшылары қолтаңбалары мен тілек-батасын қалдырды.
«Атамекен — Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені
«Атамекен -Қазақстанның картасы» танымдық -көркем кешені елорда тұрғындары мен меймандарын мемлекетіміздің, оны мекендейтін халықтардың тарихымен таныстырады. Өркештенген таулар мен қыраттар, жазира дала, орман-көлдер, ірі қалалардың бейнесін көз алдыңа сәулет үлгілері осы орталықтың өзіндік ансамблін құрайды.
Этно-мемориалдық кешен алаңды алып жатыр. Картада 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары орналасқан. Этно-кешен қызметінің баға жетпес тәжірибесі келешек ұрпақты рухани және патриоттық сезімге тәрбиелеу ісінің жаңа беттерін жазары сөзсіз.
Бейбітшілік пен келісім сарайын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалады. Сарай ғимараты елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Төменгі бірнеше деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі –, оның іргетасының аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде жиналыстар мен конферекциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт жалдары, кітапхана, діни конфессилардың кеңселері орналасқан. Пирамиданың ұшар басында әртүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары жиналыстарын өткізетін 200 орындық дөңгелек зал орын тепкен.
«Барыстар» Қаланың кіреберісіндегі биік тұғырға орнатылған барыстар қала қақпасын айқара ашумен бірге оған беттеген дұшпандармен айқасуға әзір болып, тыныштығын күзетіп тұрғандай.
Өзен жағасын шолып тұрған «Барыстарды» жасау идеясы шығыстың экзотикалық раритеттеріне европалық түсінікті еске салады. Авторы — Т. Досмағамбетов.
2008 жыл еліміздің елордасы Астана 10 жылдық мерейтойын салтанатты атап өтті. Қазақстанның елордасы Астана — қазіргі заманға лайық, нағыз жаңа қала болып өте қысқа мерзім ішінде тарихымызда бұрын соңды болмаған қарқынмен қарыштап дамып, өзіне ғана тән бет — бейнесімен қалыптасып келеді.
54. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін,талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сөйтіп, 1991жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мұшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ.80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат»азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді.Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін»(1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан)қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998),Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды.1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы(1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек),Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық(«Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан),Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының«Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы»(2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша),Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат»демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы»жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын,саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.
«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары оқу мазмұны өзгерді,білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады.Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе,енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған.Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік,1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. “Интернет-мектепте”бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы он жылда (1997-2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржыландыру көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді. (Тәуелсіздіктің16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).
Жылма жыл мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200оқытушысына конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда.
Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы республикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге,соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлерге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алыпқайтты (Егемен Қазақстан,27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады (Егемен Қазақстан.15.12.2007).
2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та –9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы.Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылымды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар құрылды.
Кейінгі жылдары әдебиет пен ұлттық тілдің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтұрсыновтың,М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, Х.Досмұхамедовтың,Ж.Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды.
Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы"оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов “ПЕН-клубын” ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.
Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді.
Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың2000 жылды – Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау және өткізу барысында Күлтөбе,Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай,Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы және Қазақстан”, “А.Байтұрсынов- ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі”сияқты халықаралық және көптеген республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.
Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер”жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді.Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын,Ә.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды.
Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың,мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрықша назар аударатын кез келгендігін, еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.
57. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды. Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді құралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы шаралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық тұрақтандыру және қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса, разы етпеді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады.
1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар:
1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау;
2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту;
3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу;
4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру;
5) энергетика ресурстарын жете пайдалану;
6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.
“Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сау- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономикасына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болган аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірісу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең — жаңа экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).
Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мыц заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жекеменшік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өңдеу саласында бұл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды. Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе, шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.
Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер құрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жұмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей “кәсібің — нәсібің” деген ұстаныммен өмір сүруге көштік.
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.
Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық тұтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.
1995 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің құлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.
Өндірістің құлдырауының басты себебі — Одақ бойынша бұрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.
Жоғарыда айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандан- дыруда бірсыпыра шараларды іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мұнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия және тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.
Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру ба- рысында 2000—2002 жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 42,9 пайызды құрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мұнай-газ өндірісі елеулі орын алып, ол жалпы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бұл жылдары тек газ- мұнай шығару салаларын дамытуға 9,5 млрд. доллар шетел инвести- циясы тартылды. Қазір де мұнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.
Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мұнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жұмысы басталды. Каспий құрлықтық мұнай құбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мұнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нұсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттарын да үлкен болашақ күтіп тұр.
Соңғы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелін және Достық-Ақтогай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол құрылысы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындагы теміржол құрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жұмысы 2003 жылы аяқталды. Алматыдагы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бұрынгы 2001 жылмен салыстырганда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты.
90- жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі — ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын бОО-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жүмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жүмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркэсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992—1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы — мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен қүстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарла- уынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелен- діру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті.
2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000—2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%- ке, қүс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнді- рісін ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тара- пынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жұмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін жэне 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды.
1999 жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жұмсалды.
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты.
2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі жэне 60 жекеменшік кэсіпорын жүмыс істеді. Сөйтіп, 1999—2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің “Жаңа кезең — жаңа экономика” атты лекция- сында атап көрсеткендей “Рынокқа берік бағдарланған фермер- лер табы пайда болды”(Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік қүрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауылшаруашылығы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5—6 жылға әрі қарай ұзартылды.
Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды тұлға бизне- спен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. “Астық үшін айқас” кезеңдері ұмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пұттан астам дәнді- дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жұмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жұмсап-ақ жинап қамбаға құйып алатын болдық.
Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бұл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы- салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді.
Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау- ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен ұн эксперты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек корсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бұл мәселелерді шешуде темір жол құрылымын жетілдіру ерекше орын алады.
1996 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.
2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін құруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Корея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек
2002 жылдың өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихын- да Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол құрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканың әртүрлі аудандарынан 1500 жұмысшы қатынасты, құрылысқа 6,5 млрд. тенге жұмсалды. Бұл жол елдің Солтүстік және Шығыс облыстарының арасындагы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.
Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстанның Солтүстік және Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты және елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бұл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.
Республиканың темір жол қатынасын одан әрі дамытуда оның аса қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бұл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жұмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не- месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.
Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі — адамдардың жақсы түрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: ұлттық байлықты көбейту, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінші дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба- сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жұмыс іздеп қалаға шұбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.
Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші — зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан әрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1997 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.
Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Халықтың тұрмысындағы маңызды көрсеткіш — тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұрын да, қазір де тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада тұрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жұмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй құрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы арзан үй құрылысын кеңейту, ұзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы тұрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды және оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жұмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.
Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бұл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған және басқа да санаттағы түрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бұл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дэлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең — жаңа экономика. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).
Тұтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.
Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жалпы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік ұлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Соңғы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын құрал-жабдықтармен және медициналық техникамен жарақтандыру
3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып
отыр. Тұрғыпдарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атап көрсеткеніндей: Бүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008).
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
58.
59. Қазақстанның әлемдік 50 көшбасшы мемлекеттер қатарына ену жолындағы шешетін негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі - ол өз халқының даму деңгейін әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жеткізу мәселесі болып отыр. Республика Президенті өзінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның әлемнің бәсекелестікке барынша қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы» атты Жолдауында адам потенциалын дамыту, оның ішінде халықтың «әлеуметтік осал» топтарын қорғау мен денсаулық сақтау, оқу-білім, жұмыс ресурстарын дамыту және де әлеуметтік қамтамасыз етуді нарықтық экономикаға қатысты бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап көрсеткен.
Бұл бағыттың таңдалып алыуына мемлекеттердің өзінің ұлттық бәсекееге қабілеттілігін арттыруда инновациялық үрдістерді дамытумен қатар, адам ресурстарын дамыту саясатының сапалылығын да жоғарғы дәрежеге көтеруі себеп болған.Жан басына есептегендегі ішкі жалпы өнім көрсеткіші, сауаттылық пен адам өмірінің ұзақтығы секілді адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге көтеру бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі белгілері болып отыр.
Адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерінің рейтингтік жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы күн санап жоғарылап келе жатыр.Қазіргі уақытта адамзат дамуын зерттейтін БҰҰ-ның өркендеу бағдарламасының (БҰҰӨБ) әлемдік баяндамасында Қазақстан дүниежүзінің 177 мемлекеттің ішінде 73 орында тұр.Бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орынды иемденіп отырмыз.Сонымен қатар,БҰҰӨБ болжамы бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай адамзат дамуы бұдан да жоғары деңгейдегі Исландия, Норвегия, Австралия, Канада, Ирландия секілді мемлекеттердің қатарына көтерілетіні белгілі болған.
Қазақстан мемлекетінің қазіргі таңдағы негізгі саяси ұстандарының бірі - республиканың әрбір азаматы үшін өмір сүру деңгейінің жоғарғы сапалық үлгісін қамтамасыз ету екендігі ел Президентінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында баса айтылды.Аталынған құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен қоғамның барлық таптары мен әлеуметтік топтарының әл-ауқаты әрқашанда мемлекеттік саясаттың негізгі жоспары ретінде қаралатындығы баяндалған.Қазақстан өз алдына адамзат өркендеуінің европалық деңгейіне жету секілді кеудемсоқ мақсат қойып отыр.Бұл жағдайда әр қазақстандыққа жаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 13 мың долларды құрап, жоғарғы сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау жүйесі дамыту ман қатар жалпыға бірдей сапалы білім беру қалыптасады.Сонымен қатар,әлеуметтік жеңілдіктер кеңінен пайдаланылып, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтылық азаяды.
Бұл мақсаттарға жетіп, оны жүзеге асыруға Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар.Саралай қарар болсақ,дұрыс таңдап алынған экономикалық саясаттың арқасында Қазақстандағы әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы байқалып отыр. Өткен жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп жан басына шаққанда 6600 АҚШ долларын құрады.Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын бағалай келіп, Әлемдік банк елімізді кірісі ортадан жоғарғы елдер қатарына қосатынын мәлімдеген.
Осылайша, бүгінгі таңдағы экономикадағы дамудың жоғарғы деңгейі кейбір негізгі көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндік беріп отыр.Мысалы, жұмыспен қамтамасыз ету саласына келер болсақ, 2005 жылғы 7,1 миллион адамды құраған көрсеткіш жаңарып, ел экономикасындағы еңбекке тартылғандар саны 7,5 милион адамға жеткен.Бұл жерде айта кететін жайт, жұмысқа орналасқандар арасында жаңа жұмыс орындарға орналасу қарқыны байқалған.Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше тек қана 2007 жылдың мамыр айының өзінде 18,3 мың адам немесе еңбекке тарту мекемесіне тіркелген азаматтардың 84,5 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілген.Жыл басынан бері қайта ашылған орындарына 45,1 мың адам тартылған.
Қазіргі кезде «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының іске асыуынан үлкен экономикалық және әлеуметтік нәтиже күтілуде.Бұл жерде жаңа құрылған немесе жаңартылған өндіріс орындары айналасында пайда болатын қызмет көрсетуші ұсақ және орта кәсіпкерлік нысандарымен қатар инфрақұрылым жүйесі дамып, кеңейетіндігі мәселесі айтылып отыр.Жоспарланып отырылған өндірістердің ауқымын есепке алар болсақ, қаншалықты жаңа жұмыс орындары пайда болатынын болжау қиын емес.Бұл жағдайдадағы әлеуметтік нәтижені кедейшілік пен жұмыссыздықтың төмендеуі және де қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілетінінен көруге болады.
Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғарлауы мен мемлекеттің жұмыссыздықты азайтып, еңбекке тарту саясаты еліміздегі кірісі төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтардың санының қысқаруына жағдай жасады.Мысалы, 2000 жылы еліміздегі кірісі ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтар саны 31,8 пайызды көрсеткен болса, ол көрсеткіш 2008 жылдың 1 қаңтарына 13,8 пайызға төмендеген.
Сонымен қатар, қаржылық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған саясаттың нәтижесі ретіндегі республикадағы қаржы кірісі көрсеткішінің ұлғаюуын қолайлы тұғырнама ретінде көрсетуге болады.Осылайша, қазіргі күннің өзінде қазақстандықтардың материалдық жағдайын жасауға мүмкіндік беретін экономикалық іргетас қаланған деуге болады. Мысалға алар болсақ, орташа кіріс 2004-2007 жылдары екі рет өсіп, 20 714 теңгені құраса,орташа айлық еңбекақы 2004 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артып, 2007 жылы 51 101 теңгені қамтыды.Осындай көрсеткіштер арқасында Қазақстан қазіргі таңда ТМД елдері арасындағы көшбасшы болып отыр.
Елдегі экономикалық қарқынды даму мемлекеттік қазынаға түсетін пайданың мөлшерінің көбеюуіне ықпал етсе, ол өз кезегінде халықты әлеуметтік жағынан қамсыздандыру жобаларын іске асыруды қолға алды.Қазақстан Республикасының «2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес әлеуметтік шараларға арналған жалпы шығынның көлемі 545 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы бөлінген қаржыдан 17 пайызға көбейген. Осы құжатқа сүйене отырып, ең төменгі жалақы, зейнетақы мен төменгі күн көріс көрсеткіштерінің жоғарылағанын көруге болады.
Сонымен қатар елімізде ана мен бала денсаулығына деген қомқорлық күшейіп келеді.Мысалы,осы жыл басынан бастап 315 мың әйел бала туылуына байланысты 34 740 теңгені құрайтын бірреттік жәрдемақы алды және де бала бір жасқа толғанша төленетін әр ай сайынғы жәрдемақының мөлшері де өсіп келеді.2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен еңбек етуші әйелдердің жүктілігін,босануы мен бала қарау мерзімін міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыру шарасы енгізілді.Осымен бірге, әйелдің демалыста болғанына қарамастан оның зейнетақы қорына аударымдар жүріп отырады.Міне, ана мен бала өміріне деген дәл осындай әлеуметтік саясат еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда сонымен бірге қоғамның әлеуметтік төменгі тап өкілдеріне арнайы жәрдемақы төленуде.2008 жылы 400 мың мүгедек үшін 52,7 миллиард және қосымша көмектер үшін 11 миллиард тенгені құрайтын қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.
Республикамызда лайықты кәрілікті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасуда.Еліміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, олардың емделуі мен демалуына арналған ақысыз санаторий-курорттар еліміздің барлық аймақтарынада ашылған.
Қазіргі таңдағы экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттіліктің негізі тауар өндіру емес, оны дамытатын идея екені ескеріліп,еліміздегі оқу-ағарту саласын дамытуға көп күш жұмсалу үстінде.Сондықтан да Қазақстанда соңғы кездерде жаңа сапа үлгісі «білім экономикасына» көп көңіл бөлінеде.Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі білім саласындағы мемлекеттік салымдар бірнеше рет көтерілді.Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне де қатысты инвестиция көлемі ұлғайып, ол 2000 жылмен салыстырғанда 6 есеге артуы нәтижесінде 2007 жылы 17,2 миллиард теңгені құрады.Мүгедектер мен жітім балаларды қорғау мақсатында оларды жоғарғы оқу орындарына қабылдауда арнайы квота белгіленді.
Оқу-ағарту саласын дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жағдайы нашар жанұялардан шыққан балалардың 30 пайызын балабақшаларға , ал бес жасар балалардың 75 пайызын дайындық сыныптарына тарту көзделінген.Жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасының артуы үшін оқу-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту,лингафондық және компютерлік класстармен жабдықтау, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ол мекемелерде қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мәселесі де қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі «интернетизация» үрдісі де өз шарықтау жегіне жетіп,бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінің 95 пайызы бұл әлемдік жүйеге қосылған.
Қазақстанда сонымен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Экономикалық дамуды жүзеге асыратын дені сау жұмыс күші еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырары даусыз.Мемлекеттің бұл саланы дамытуға шығарған шығысы соңғы он жыл ішінде 13 есе көбейіп, 2007 жылы 338,5 миллиард тенгені құрады.Денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа алғашқы көмек көрсету мен аурулардың алдын алу принциптеріне сүйенген профилактикалық денсаулық сақтау жүйесіне өту көделінген.Осыған байланысты соңғы бес жыл ішінде алғашқы жәрдем беру қызметінің құрал-жабдықтар мен техникаық қамтамасыз етілуі үш есе өскен.Нәтижесінде осыдан он жылдай бұрын ешқандай медициналық көмексіз қалған ауылдық аймақтарда медициналық бөлімшелер ашылып,жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастады.
Республикада ауыл мен қала өмірі арасындағы алшақтықты азайту жолында қажырлы жұмыс жүргізілуде.2003 жылы ауылдық аймақты дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекекттік бағдарламасы қабылданған.Қазіргі ауыл жағдайын бақылай отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған мәселелердің іске асқаны, яғни ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы қалыптасқанын көруге болады.Мемлекеттік шаралардың нәтижесінде ауыл тұрғындарының кірісінің мөлшері көтерілді.Жеке тұлғаның азық-түлікке жұмсалатын орташа кірісінің өлшері 2004 жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға артып, 2006 жылы 9 944 теңгені құрады.
Жалпылай алғанда, біздің әлеуметтік жағдайымыздағы жеткен жетістіктер мемлекеттің әр қазақстандық үшін жасап отырған қамқорлығының жемісі.Сондықтан да, әлеуметтік саладағы жетістіктер еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, дамуына серпіліс берумен қатар, республикамыздың тұрақты даму арқылы әлемдік рейтинг жүйесіндегі орнының сапалық көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
60. Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография»терминінің шығу төркіні грекше: «демос»- «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын,физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.
Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.
Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы,жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.
Кең мағынада демография туудың,қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік,экономикалық, биологиялық, саяси,медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін,сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы. Тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін,урбанизацияны (латынша «urbaus» - қалалық),еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.
Демография еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтыған да қорытады.Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу,қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады. Жынысы, жасы,отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.
Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады:
Біріншісі – белгілі бір аумақтағы(ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің;
Екіншісі - әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде қаралады.Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады.Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жыныстық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал,кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатыныстар әлемнің әр елінде әр түрлі жастық ерекшеліктер де солай.
Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға,өндірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.
Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қолзғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысты зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс.Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады.Демография – ғаламдық проблема.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі жіне оны өсіре алатын басты дәнекері.
Қазақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж
Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып,алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді.Оның алдағы жорамалы бойынша келесі1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде,яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.
Демограф Тәтімовтің кейбір болжамдары ғылыми тұрғыда жақсы негізделген болса да, біздер үшін тым ұшқарылау болып көрінуі әбден мүмкін.Тәтімовтің алдын ала жасалған деректері бойынша шығыс славян халықтары, атап айтқанда, орыстардың, украйндардың және беларустардың жалпы жинақы саны алдағы1989 жылғы санақта қазақтардан әлі де болса басым түспекші. Біздің есебіміз бойынша да жоғарыда аталған шығыстың үш славян халқы Қазақстанда 7,3 миллион көлемде 6,6 миллион қазақтан біршама сан жағынан басым түседі. Демографтың зерттеулерінде славян тілдес халықтар түркі тілдес халықтармен сан жағынан дұрыс салыстырылып көрсетілген. «Тең теңімен – тезек қабымен» деген қазақтың дана қағидасын Тәтімов өз зерттеулерінде орынды ұстанады. Ғалымның 2000 жылғы санақтың деректерін алдын ала болжауынша славян халықтары 5,500 миллион санды құраса, ал Қазақстандағы барлық түркі тілдес халықтар (қазақтар мен бірге өзбектер, татарлар, ұйғырлар, әзірбайжандар,түріктер, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар және кесетде көрсетілген аз санды түрікмендер мен қарақалпақтар және азын-аулақ Кавказ бен Сібірдің шашыранды түркілерін қосқанда) 8 миллион 900 мыңнан асып, яғни славян халықтарынан саны 250мың артады. Осының бәрі алдағы екі жылдан соң болтын кезекті Бүкілодақтық халық санағында расталуы тиіс.
Демография ғылымының тұрғысынан қарағанда және ол алда қалай болғанда да, қазақ халқының осылайша жеделірек өсуіне ешқандай күмән туғызбаса керек.
Қазақстан Республикалық статистика және талдау басқармасының мәліметі бойынша соңғы бес жылдың ішіндегі демографиялық процестердің өзгеруі келесі көріністермен сипатталды.Егеменді Қазақстан тарихында 25 ақпан күні 2004 жылы бірінші ұлттық халық санағына, бес жыл толды. Осы жылдар ішінде (1999-2004) статистика мекемелері жүйелі түрде тұрғындардың санын, оның жас және жыныстық құрамын күнделікті есепке алып отырды.
2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады.Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.
Территория жағынан Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін, екінші орынға ие, халықтың тығыздығы 2004 жылы Қазақстан Республикасында бір шаршы километрге 5,5 адам келеді.
1 қаңтар 2004 жылғы республикадағы әкімшілік-территориялық бөлініс келесі көрінісін топты, 14 облыс, республикалық маңыздылығына қарай 2 қала. Облыстардың құрамында 160 аудан, 39 облыстық, 45 аудандық қалалар, 174 поселка және 2267 ауылдық әкімшіліктер, 181 поселкалар, 7681ауыл/село.[1]
1 қаңтар 2004 жылы тұрғындардың жастық құрамы келесі көріністе болды.0-14 жасқа дейін – 3,741,6 мың бала (жалпы тұрғындардың 25%). 15-59 жастағылар – 7,602,4мың адамды құрады (64,2%). 60 жастан жоғары жастағы адамдар – 1,607 мың (10,8%).
1997 жылы халық санағына қарағанда балалар саны 534,6 мың балаға (12,5%) азайды,ал 15-59 жастағы адамдардың саны 530-9 мыңға(5,9%) өсті, 60 жастан жоғары жастағы адамдардың саны 0,1% өсті.
Ұлттық құрамына қарасақ, көп санды ұлттардың саны сегіз. Олар:қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер,немістер, татарлар, ұйғырлар, беларустар– тұрғындардың 95,6% құрайды.Қазақстанда қазақ ұлтының саны 5 жылдың арасында7,1% өсті, ал абсолюттік саны басқа ұлттарға қарағанда басымды болды, (халықтың өзгеруі диаграммада көрсетілді №1).Тұрғындардың жалпы санына табиғи өсім,бала туу және өлім-жітім процестерінің өзгеруі жатады.
1999-2004 жылдары Республика бойынша табиғи өсім 386,6 мың адамды құрады.Қазақтандағы туылған балалардың абсолюттік саны 217,4 мың адамнан 1999 жылы– 248,5 мың балаға ( бұл 14 % құрайды) өсті.Шетінегендердің саны 147,4 мың адамнан,1999 жылы – 154,8 мыңға (бұл 5%) 2003 жылы көбейді,туу коэффиценті 1999 жылы 14,5%, 2004 жылы16,7% өсті, ал өлім-жітім коэффиценті 9,9%- 10,4% - көбейді. 1999-2004 жылдар аралығында сәбилер өлімі 1 жасқа дейін азайды. 2004жылы бұл көрсеткіш Республика бойынша15,6%-ті 1000 адамға көрсетті, 1999 жылы бұл көрсеткіш 20,4% болатын.Неке құрғандар мен ажырасқандардың саны 5 жылдың ішінде көбейді. 2004 жылы неке құрғандар – 110,4%көрсетсе, 1999 жылы – 85,9% ажырасқандар:2003 жылы – 31,7, ал 1999 жылы 25,6% көрсеткен.
Некенің жалпы коэффиценті 1000адамға шаққанда – 7,4% (1999 жылы 5,8%), ал жалпы ажырасу коэффиценті – 1,7%-ден –2,1%-ге өсті.
1999-2004 жылдар аралығында халықаралық миграция масштабы өзгерді. Басқа елге кетушілердің саны 1999 жылы 164,9 мың адамнан– 2004 жылы – 73,8 мың адамға дейін азайды.Қазақстан Республикасына келгендердің саны 65,5 мың адамға 2004 жылы көбейді, 1999жылы бұл көрсеткіш 41,3 мың адамды құрады(диаграмма).
1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасына келген иммигранттардың саны 266 мың адамды құрады, ал кетуші эммигранттардың саны 656,6 мың адам болды,нәтижесінде кері сальдо бес жыл ішінде390,5 мың адамды құрады.
1-кесте-Қазақстан елі құрамындағы ұлттар көрсеткіші
Ұлттар 25.02.2014 ж 01.01.2015 ж
Қазақтар
Орыстар
Украиндар
Өзбектер
Немістер
Татарлар
Ұйғырлар
Белорустар
Басқа ұлттар 7985,0
4479,6
547,1
370,7
353,4
249,0
210,4
111,9
646,0 8550,8
4072,6
469,4
400,8
237,7
232,9
223,0
96,2
659,0
Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады.1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Туудың ең аз деңгейі (1000 адамға - 10,7) – Қостанай облысында, ең жоғары деңгейі (1000 адамға- 23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.
2000 жылдың бес айында республикада өлімнің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны - 1999 жылдың қаңтар-мамырында64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде- 67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффиценті тұтас республика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар-мамырында - 10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен13,8-ге дейін) Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Өлімнің жалпы коэффицентін әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде - 12,2 , селолық жерлерде - 9,3адам болған.[2]
Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп отыр, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.
2 Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші
Қазіргі кезеңде халықтың,ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік обьективтік факторларға байланысты. Ең бастысы,өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсартуғ табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.
Көші-қон қозғалысының шырқау шыңы – республикадан 480,8 мың адам көшіп кетіп, небәрі 70,4 мың адам көшіп келген1994 жыл екені белгілі. 1995 жылдан бастап халықтың көші-қон белсенділігі бәсеңси бастады, 1997 жылдың өзінде көші-қон сальдосы - 261,4 мың адам болса, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш - 123,2 мың адамға тең болды.2001 жыл ішінде көші-қон сальдосы - 94,249мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда28591 адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегінен тыс жерге кетушілер едәуір азайды, көшіп келуде байырғы емес ұлттар өкілдері санының көбеюі байқалды.
Халықтың эмиграциясы біріншіден,халықтың жалпы санын азайтады, екіншіден,еңбек және генеративтік әлеуетті төмендетеді, өйткені эмиграцияға кетушілердің үштен екісі – жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Сондықтан демографиялық процестерді дамытуда сыртқы және ішкі көші-қон шешуші рөл атқарады.
Эмигранттар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан көшіп кетушілер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы360,7 мың адамға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сыртқы көші-қонның маңызды бөлігін Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған көшіп келу құрайды. Егер өткен жылдарда көшіп келушілердің негізгі легі-оралмандар болса, енді қайта көшіп келушілер(эмигранттар) көбейіп келеді№ 2002 жылы республикаға көшіп келгендердің саны57965 адам болды, бұл 2001 жылғымен салыстырғанда8 пайызға көп.
Миграция негізінен Ресей аймақтарына қарай жүруде, себебі осы монофункционалдық қалалардың халқының көп бөлігі – орыстар. Тек 1994 жылы ғана(халық ағылып көшкен сәт) Қазақстаннан тысқары жерлерге 480839 адам, оны ішінде жақын шетелге 375806 адам, алыс шетелге105033 адам көшіп кетеді. Миграция процесі көптеген ұлттың өкілдеріне қатысты болды, бірақ көп бөлігі орыстар, немістер және еврейлер.
Эмиграцияның құлдырауы байқалса да, талдаушылардың қортындысы бойынша халықтың эмигранттар және депуляция есебінен жыл сайынға кемуі азды-көпті лидер миллион адамды құрайды (жыл сайын250-270 мың адам, мысалы, 1997 жылы ҚР тысқары234 мың адам көшіп кетті). Қазақстанның өзінің ішкі табиғи өсуі (негізінің әліде онтайлы орташа балалы болу сақталып отырған шығыс этностары есебінен) кеткен халықтың (1995-1999 жылдары 110-170 мың, 200-2005жылдары 175-135 мың) жалпы санының 1/3-ін ғана жабады.
Көп миллион халқы бар Қытай мен халқы жылдам өсетін Орта Азиямен көршілес Қазақстанның күрделі геостратегиялық жағдайы өзіне назар аударады.
Көші-қонға байланысты Республикада орыстардың табиғи өсімі күрт төмендеді.Ол 1989 ж 45,6 мың. 1990 жылы 35,2, 1191 жылы 16 мың,ал 1995 жылы 2-6 мыңнан асқан жоқ. Сөйтіп қазақ халқы санының артуына негіз болып отыр. Бірақ қазақ отбасыларындағы балалар санының да біртіндеп азайып келе жатқандығы байқалады. Егерде 1972жылы орта есеппен әрбір қазақ отбасында5 бала дүниеге келген болса, 200жылдары әр отбасында 2 бала дүниеге келген.
Сырт елдерден келгендер республиканың түкпір-түкпіріне орналасты.1991-1995 жылдары Қарағанды облысына 5900,Павлодар облысына 4429, Көкшетау облысына2429, Ақмола облысына 1500, Жезқазған облысына1924, Торғай облысына 1508, Солтүстік Қазақстан облысына 16500 адам көшіп келеді.
Егделену мәселесі барлық елдерге де тән. Әсіресе, дамыған елдерде бұл проблема өткір. Оны 60-тан асқандардың«үшінші кезең» мәселесі деп атап жүр.Соңғы он жылда Қазақстанда 60 жастан асқандар 9,2 пайыздан 10,5 пайызға көтірілді.Жер шарында 65 жастан асқандар 1989 жылы5,5 пайыз болса, 1999 жылы 6,7 пайызға жетті.
БҰҰ демографтарының жіктемесі бойынша, қай елде 65 жастан асқандар жұртшылықтың 4 пайызын құраса, сол ұлт«жас»деп есептеледі, қарттары 4-7 пайыз аралығындағы елдер «егделікке жақындаған»мемлекет болады, 7 пайыздан асқан ұлттар«егделенген этнос» болып есептеледі.Дүниежүзілік жүктеме қазақстан Халқы«егделенген» жұрт есебінде.
Қазақстанда үшінші кезең проблемасы зейнетақы реформасын жүргізу барысында қаржыландыру жағынан өз шешімін тауып келеді. Соңғы жылдарда қарттардың зейнетақысы уақытында төленіп жүр. Бюджеттік қаржыландыруда пәлендей қиындықтар болған жоқ. Егде адамдары көп орыс, украин, белорус, неміс жұртшылығы Ресей, Израиль, Грекия және Гермония елдеріне аттанды, қартаң адамдардың біразы соңғы бес-алты жылда (әсері сезілді) дүние салды.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды «донор» ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына оралуының заңдылығынан және т.б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері анықталады. 20 жыл ішіндегі елімізді мекендеушілердің әлеуметтік, ұлттық құрылымындағы басты өзгерістер мен даму ерекшеліктері ішкі үш кезеңге бөліне зерттеледі:
1939 жыл — 1941 жылғы маусым — Ұлы Отан соғысы қарсаңы; 1941 жылғы маусым — 1945 жыл — Ұлы Отан соғысы жылдары; 1945 жыл — 1959 жыл — соғыстан кейінгі жылдар.
Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе жатқандығы XX ғасырдың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов М.Тынышпаев, М.Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға алынды.
1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды. Тарихи демографиядағы «ақтаңдақтардың» бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды. Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды. Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының сан-салалы өзгерістерін талдамастан бұрын, осы кезең мәселелері қарастырылған зерттеулерге шолу жасалық. 1939-1959 жылдар аралығындағы республика халқының санын, ұлттық, жыныстық, жастық және әлеуметтік құрамын, білім деңгейін, мамандығын, көші-қон т.б. мәселелерін талдауға арналған зерттеулер үстіртін, тар көлемде кездеседі. 1960-1970 жылдарға дейін жарияланған тарихи әдебиеттерде республиканы мекендеген халықтардың демографиялық дамуының кейбір аспектілері Қазақстанның әлеуметтік даму мәселелерінің жиынтығында ғана қарастырылды. Жұмысшы табының, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесін зерттеуде демографиялық статистиканы қолданған зерттеушілер, республиканың әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік көші-қонның ерекшелігіне тоқтамай кете алған жоқ. Жұмысшы табы мәселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсам А.Н.Нүсіпбеков, М.Х.Асылбеков, С.Б.Нұрмұхамедов, Б.Н.Әбішева, Н.Е.Едігенов, Н.Г.Пан, Ю.И.Романов, Қазақстан шаруалары тарихын қарастырған А.Б.Тұрсынбаев, Б.А.Толепбаев, Г.Ф.Дахшлейгер, Т.Б.Балақаев, К.Н.Нүрпейіс, интеллигенция тобының қалыптасуы мен дамуына арналған Р.Б.Сүлейменов, Ш.Ю.Тастанов, Х.М. Әбжанов және т.б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді анықтайтын кейбір статистиқалық және мұрағаттық көлемді материалдар ғылыми ортаға енгізілді.
А.Н.Нүсіпбеков монографиясында республикадағы маман жұмысшыларды даярлау жолдарына тоқтала отырып, ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда кателіктер жіберілгендігін, ұлттық мамаңдарды даярлауда да көп кемшіліктер болғандығын атап өтеді. Г.Ф. Дахшлейгер зерттеулерінен 1930-жылдардағы жұмысшылардың қалай даярланғаңдығы, жұмысшылар мен халықтың ауылда тұратын бөлімнің әлеуметтік құрамы, сондай-ақ, сол жылдары Қазақстанның қанша округтерге, аудандарға бөлінгендігі және олардағы халықтың ұлттық құрамы туралы мағлұмат алуға болады. С.Б.Баишев пен Г.ФДахшлейгер мақаласыңда тыңды игерудің республика халқының этнодемографиялық құрылымына тигізген әсері айтылады. А.Б.Тұрсынбаевтың 1957 жылы шыққан еңбегіңде ұжымшарлардағы әйелдер саны берілген. 1960-жылдары А.Б. Тұрсынбаевтың жетекшілігімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ұжымдастыру жайына арналған жинақ жарық көрді. Мұнда 1939-1941 жылдарға байланысты мәліметтер бар. Академик Р.Б. Сүлейменов, Х.Н. Бисенов енбектеріңде Қазақстандағы мәдени төңкеріс тақырыбын ашты. Республикадағы 1930-1940 жылдардағы оқу-ағарту салаларындағы мамандар даярлау жүйесі, республикада ашылған жоғары оқу орыңдары, ғылыми-техникалық интеллигенция тобын даярлау туралы мәліметтер бар.
Әркім өз заманының перзенті. Тоқырау заманындағы зерттеулер сол кезде орныққан ережелерге, саяси ұстанымдарға, теориялық қағидаларға қарсы келе алмады. Заман талабы оны көтермеді. Дегенмен, ғылымның ізденістерге толы табиғатында қасаң социалистік идеяларға сәйкес келмейтін ойлар әр жерден байқалып қала берді. Сондықтан, бұл тарихи еңбектер теориялық және методологиялық негіздік бағасын ешбір жоймақ емес. 1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге арналған еңбектер жариялана бастады. Зерттеулерде Қазан төңкерісіне дейінгі статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық факторларды өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері негізделді. Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға түсе бастады. Қазақстандағы көші-қонның тарихи мәні мен оның халыктың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашуда, көші-қон процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін алғаш көрсеткендердің бірі Е.Н.Гладышева болды. Көші-қон процестерінің республика халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың монографиясы шықты Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары: репрессияланған халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б. ашылған жоқ.
1980-жылдары басталған жариялылық пен демократияландыру кезінде Қазақстан халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. 1980-жылдардан бері республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи демографияның қызметіне көбірек жүгіне бастағанының дәлелі. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың әсерлері талдана бастады. М.Қ. Қозыбаевтың, М.Б.Тәтімовтың, Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде таза фактілерге негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік соғыста майданға адамын да аттандырып, азығын да, отын да беріп жанқиярлық ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты деректік басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның, әсіресе, қазақ халқының бұл жойқын соғыстағы ерлігі мен адам шығыны жөнінде әлем ғалымдары ғана пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде ғалымдар жұмған аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап өтілуге тиіс болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған анықтамалық басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл олқылықтың орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері соғыста опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға тиісті мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы өзгерістері жайлы мәліметтер жинақталған деректің бірі «Боздақтарда» Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық саныңдағы демографиялық кейбір көрсеткіштер, ең бастысы, шығыны туралы мағлұмат беріледі.
Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар мен ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік құрамы мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза болғандар жөнінде тың деректер келтіреді. Бұл мәліметтер соғыс жылдарында өлген жауынгерлер туралы белгісіз болып келген тарих беттерін ашады, сонымен бірге соғыс мүгедектері жөнінде бұрын жарияланбаған деректерді пайдаланып, сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді де қорытады.
С.Қ. Жакыпбеков еңбегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы маманмен жұмысшылардың құрамын, жынысын, жасын, ұлтын зерттеуге ден қойылған. Бірақ, 1926 жыл, 1939 жыл және 1959 жыл санақтарының мәліметтері кеңінен талданбаған, солай бола тұрса да мұрағат деректерінің құнды мәліметтерін пайдалана отырып, автор республикадағы жеңіл өнеркәсіп саласынын тарихын жан-жақты зерттеген. 1988 жылы Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жыныстық құрамы, білім дәрежесі, мамандық түрлері мәселелерін қарастырған екі бөлімнен тұратын жинақ жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жылдар мен 1938-1960 жылдарды қамтыған. Осы жылдары шыққан Х.Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы сөз болады. Еңбекте біз қарастырып отырған кезең де қарастырылады. Бірақ, 1939-1959 жылдар кезеңіндегі интеллигенцияның даму ерекшеліктерін ашу мақсат етіліп қойылмаған.
Республика тұрғыңдарының әлеуметтік-демографиялық дамуына арналған М.ХАсылбеков пен Ә.Б.Ғалидың 1991 жылы жарық көрген монографиясы қоғамдық ғылымдардың кеңес заманында қатаң идеологиялық тегеурінде болған саласы — тарихи демографияға бет-бұрыс әкеліп, жаңа методикалық деңгейде тарихи демография мәселелерін нақтылап, оны шешудің жолдарын да көрсетті. Бұл еңбекте Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы алғаш рет ұзақ тарихи кезеңге созылған елдегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негізделген біртұтас және сан-салалы процесс ретінде жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде тарихи демографияның тарихнамасына, халық санақтарының қорытындыларына әлеуметтік, этнодемографиялық бағытта талдау жасалды. Сондай-ақ, ғалым Ә.Б.Ғали өз еңбектерінде 1897-1991 жылдар аралығындағы Қазақстаңды мекендеген халықтардың әлеуметтік-демографиялық дамуын жалпылай қарастырды. Автор зерттеуінде 1897-1926 жылдар арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты талдап, 1926 жылғы санақ материалдарын кең қолданады, 1933-1934, 1937-1939 жылдар оқиғаларына ерекше тоқталып, сонан соң, 1960-жылдарға өтіп кетеді де, 1960-1980 жылдардағы этнодемографиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Ал, 1939-1959 жылдар арасындагы үрдістер Қазақстанның әлеуметтік, демографиялық дамуының ғасырлық тәжірибесінің жиынтығына енгізіліп, жеке мәселе ретінде қарастырылмайды, үстіртін зерттеледі.
Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М.Б.Тәтімов еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.
1990-жылдары М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың және т.б. ғалымдардың еңбектеріңде асыра сілтеу жылдарыңдағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың санының азаюы мен апатқа ұшырауы салдарларын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілген. XX ғасырдың 80-90 жылдары демографиялык үрдістерге арналған М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның монографиялары жарық көрді. Мұнда Қазақстан халқының өсіп-өнуі мәселесі экология мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылып, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының демографиялық процестерге тигізген әсері талдаңды. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тарихының аймақтық аспектілері де зерттеушілер назарынан тыс қалмады. Жеке аймақта шоғырланған халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады. Оңда Батыс Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет жасаған. Сонымен бірге, ғалым мұрағат деректерін пайдалана отырып, 1937-1959 жылдардағы Батыс Қазақстан халқының санын аныктауға зор үлес қосқан.
Сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Жетісу тұрғындарының этнодемографиялық дамуын жан-жақты талдауда XIX ғасыр соңынан -XX ғасыр аяғына дейінгі аралықты қамтыған В.В.Козина мен М.К.Төлекованың монографиялары, табиғи қозғалыстағы өлім-жітім көрсеткішінің мәңді өзгерістеріне себеп болған экология мен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған тоталитарлы жүйенің сынақ ретінде алынған Семей полигонының зардаптары туралы жазылған еңбектер жарияланды. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматтарға толы, 1993 жылы жарық көрген Н.В. Алексеенконың еңбегіңде 1920-1990 жылдар аралығыңдағы халыктың өсу қарқыны мен ұлттық құрамына, аймақтарға шоғырлануы мен экономикалық аудандарға топтастырылуына жете көңіл бөлінген. Алайда, ол зерттеуіңде тек санақ материалдарын ғана салыстырғандықтан, 1939-1959 жылдар арасындағы 20 жыл ішіңдегі туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының жылдарға байланысты ішкі ерекшеліктерін талдамайды.
Біздің тақырыбымызға қатысты Қазақстанның ауыл халкы жөніндегі Н.З.Тәкіжбаеваның монографиясында 1959-1979 жылдардағы халық санақтары негізінде тың деректер келтіріліп, әлеуметтік және ұлттық құрылым қарастырылады. Кеңестік кезенде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, 4,5 млн адамдай қазақ диаспорасының пайда болуы мен дамуын зерттеу мәселесі репрессияға ұшырау қаупімен бірге еске түсетін. Сол себепті, негізінен шетелдік зерттеулерде қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада Г.М Меңдіқұлова, А.В.Коновалова, З.Қинаятұлы, З.Е. Қабылдинов, Д.И. Ескекбаев т.б. еңбектерінде талдана бастады.
Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінде нарыктық қайта-құрулар қарсаңыңдағы тәуелсіз Қазақстаңдағы тарихи-демографиялық ой-пікірлердің жағдайы ашылады, жан-жақты, объективті зерттеу мен концептуальды қайта түсініктеуді қажет ететін халықтану мәселесінің өзекті салалары сараланды. Кеңес өкіметінің 1930-1940 жылдары Казақстанға халықтарды күштеп қоныс аударуларының астарларын талдаған «Депортированные в Казахстан народы» атты жинақ 1998 жылы жарық көрді. С.Айымбетовтың, Л.Т.Қожакееваның, А.И.Құдайбергенованың, А.М.Мамырханованың, А.М.Жаркенованың, З.Б.Шахаманның, А.А.Какенованың және т.б, кандидаттық диссертациялары [34] Қазақстан халқының құрамындағы 1897-1979 жылдар аралығыңдағы өзгерістерін өздерінің зерттеу кезеңдеріне сәйкес талдайды. С. Айымбетов диссертациясында 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүрген этнодемографиялык процестер алғаш рет қарастырылса, Л.Т. Қожакееваның жұмысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының құрамын, жұмысшы табы мен ұжымшар шаруаларының, интеллигенция қауымының саны мен сапасындағы өзгерістерді зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық дамуы мен ұлттық құра-мындағы өзгерістер мәселесіне арналған мақалалар мен монографиялар, баспасөз материалдары жарық көруде, алайда, нақты 1939-1959 жылдар арасындағы кезеңге қатысты арнайы еңбек жоқ.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады. Бұл еңбектерде зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады. Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т.б. өзгерістеріне назар аударады. XX ғасырдың соңғы 20 жылында қазақстаңдық тарихи демографиялық ғылымның халықтану мәселесі бойынша жарияланған еңбектердің авторлары көбінесе тарихи оқиғаларды ашып көрсетуді мақсат тұтқан. Сондықтан көпшілігінде демографиялық мағлұматта қосымша рөл атқарады. Сонымен бірге, тарихи-демографиялық зеттеулер осы саланың кең ауқымды практикалық міндеттерін ашылуы жеткіліксіз болып табылады.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кітапханаларындағы сирек қорда сақтаулы кітаптар мен қолжазба бөліміндегі сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер қарастырылған. Сонымен бірге Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года, распределения занятого населения Казахской ССР областей и г. Алма-Аты по отраслям народного хозяйства. Алма-Ата: Государственный комитет Казахской ССР по Статистике и анализу. Перепись 1939 года, документальный источник Центрального Государственного Архива Народного хозяйства. Материалы к серии «Народы Советского Союза». (Москва: 1990) сияқты статистикалық материалдарды қолданылды.
Сонымен қатар диплом жұмысының деректемелік негізін 1939, 1959 жылдар Бүкілодақтық халық санақтары, статистикалық жинақтар, мұрағаттық және арнайы құжаттар, баспасөз мәліметтері және т.б. фактілік материалдар құрады. Санақ қорытындыларында берілген мәліметтер елде жүргізілген саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістердін, саясаттың көрсеткіші іспеттес. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1939-1959 жылдар аралығыңдағы 20 жыл ішінде дүние жүзінің көптеген елдер халқының құрамына зардабы тиген екінші дүние жүзілік соғыс болып өтті. Оның нәтижелерін дер кезінде санауға еліміздің экономикалық, мәдени және идеологиялық даму бағыты жібермеді. Бұл ең біріншіден, елдегі демографиялық хал-ахуалдың қолайсыздығының мемлекеттік саясатқа сай келмейтіндігіне ел басшысының сенімді болуына байланысты болды. Нәтижесінде, КСРО және Қазақстан бойынша халықтың этнодемографиялық дамуына толық сипаттама беретін санак тек 14 жылдан соң, 1959 жылы ғана жүргізілді. 1960 жылы мандайшасындағы «Ашық баспасөзде жариялауға болмайды», — деген ескертпемен «Қазақ КСР-нің тұрғындары, 1959 жылы жүргізілген санақ қорытындылары» кітабы жарық көрді. Алайда, санақтың барлық материалдары бұл кітапта жарияланған жоқ. Сол себепті мұрағат қорларыңда кездесетін республикалық, облыстық және жергілікгі статистикалық оргаңдардың, мекемелердің, мемлекеттік органдардың 1940-1959 жылдар аралығындағы халықтың механикалық және табиғи қозғалысы, эвакуацияланғандар, өлім-жітім деңгейлсрі туралы жүргізіп отырған ағымдық есептерінің соғыстан кейінгі жылдардағы елдің этнодемографиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге байланысты деректік маңызы зор. 1991 жылы Қазақстан мемлекеттік статистика комитеті 1939-1989 жылдар аралығындағы Бүкілодақтық халық санақтарының негізгі көрсеткіштері туралы жинақ шығарды. Бұл жинақта 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының жалпы саны, қала мен ауыл тұрғындарының саны, жыныстық құрамы, республика халқының ұлттық құрамы, оның пайыздық көрсеткіштері берілді. 1970 жыл, 1979 жыл, 1989 жыл және 1999 жыл санақтарының жекелеген мәліметтерін халық құрамындағы өзгерістердің кейбір көрсеткіштерінің динамикасын көрсету мақсатында пайдаландық.
Халықтың көші-қоны туралы мағлұматтар көп уакытқа дейін КСРО бойышпа жарияланған емес. 1926 жылғы санақта ғана азды-көпті мәліметгер кездеседі. Ал, 1939, 1959 жылдар санақтары материалдарында көші-қон туралы мәліметтер жоқ. Санақ қағаздарына көші-қон туралы сұрақтар енгізілмеген. Онда тек КСРО бойынша көшіп-қону ұйымдастырылған түрде жүргізілді және ағымдық есеп мағлұматтары көші-қон туралы жеткілікті мәліметтер береді деп атап көрсетілді. Ал көші-кон процестерін зерттеу мемлекеттің жоспарлы ұйымдарымен органдарына ерекше бағалы болып табылмайды деп шешілгендіктен бұл мәселе 1959 жылғы санаққа енгізілмеген. Статистикалық басқармаларда 1953 жылдан бері ғана келген-кеткендер туралы мәліметтер жинала бастады. 1960-жылдары бір топ ғалымдар бұл мәселеге ерекше көңіл аудару қажеттігін негіздегеннен соң ғана 1970 жылғы санаққа көші-қон туралы бөлім енгізілді.
Жер аударылғандар, депортацияланғандар туралы арнайы тарихи әдебиеттер мен IIХК-ның құжаттары жариялана бастады. Алайда, объективті деректер жұтаң, себебі, депортацияланған халықтар туралы мағлұматтар алу, жинау өте құпия түрде жүргізілді. IIХК-ның (кейінгі ІІМ) рұқсатынсыз олардың есебін алғандар жазаланып отырылды. Мысалы, 1953 жылы сол кездегі Алматы облыстық Атқару комитетінің төрағасы А.Арыстанбеков Алматы, Іле, Жамбыл, Шелек, Енбекшіқазақ және Қаскелең аудандарындағы дұңғандар мен арнайы қоныстандырылғаңдардың бір бөлігін жұмыс қолына зәру Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудаңдарына көшіру мақсатында олардың ұлттық белгісіне сәйкес саны туралы мағлұмат жинауды Алматы облыстық статистикалық басқарманың төрағасы АН.Ивановқа жүктегені үшін жазаланды. Екеуін «рұқсатсыз мағлұмат жинады», — деген желеумен орындарынан алып, жауапқа тартты. Ал, олардың жинаған мәліметтері жойылып жіберілді. Табиғи қозғалыстағы өлім-жітім, туу көрсеткіштері туралы ағымдық мағлұматтар статистикалық органдарда жинакталып отырды. Бірақ, 1939 -1959 жылдар аралығыңдағы деректер үстіртін мағлұматтар береді. Себебі, жергілікті жерлерде табиғи қозғалыс деректерін есепке алу ісіне салақтықпен қараған. Ауылдарда бірнеше айлар бойы туылғандар мен өлгендер тіркелмей қалатын, ал, азаматтық хал актілерін тіркейтін мекемелер есіктерінен қара құлып түспейтін кездер болған. Мысалы, 1955 жылғы мәлімет бойынша, Ақмола облысында қазан-қараша айларыңда туылған 1391 адамның 55-і тіркелген. Ал, аудаңдардың АХАТ бөлімдері мен паспорт столдары қызметкер болмағандықтан, 4-5 айлап жабық тұратын. Бұндай оқиғалар республика бойынша кездесетін.
1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің 1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы және 1999 жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы, өлген әйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады. Сонымен, санақ мәліметтері, статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.
62. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның қызметі
Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
Ассамблея туралы Заң
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблея құрылымы
Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.
Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.
Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.
Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Ассамблеяның парламенттік өкілдігі
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.
63.. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің өрекетін пайдалануға өкілетті". БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мөселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды. БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағындарын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттықдың әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру. " БҰҰ және оның органдары өз алдарына іргелі мәселелер қоятын кең дамыған саяси жүйені көрсетеді. Ол мәселелер: Жер планетасындағы бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік прогреске жан-жақты көмек көрсету және кең көлемдегі іргелі мәселелерді шешу. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі рөл атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған және мемлекет іске асыратын құқықтық нормалар мен принңиптер шеңберінде әрекет етеді. Тек мемлекет қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне және күшпен құралдары арсеналын тарату құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың өзара әрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси шынайылықты құрайды. Казіргі кездегі халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады. Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдцелерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникациямен ақпараттық камтамасыз етудің Қазіргі заманғы құралдары жасалынады және т.б. яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.Постиндустриализм экономикалық ахуалдың деңгейі ретінде кейбір дамыған елдердің өмірі үшін ғана тән болса да, көптеген мемлекеттер мен елдер индустриалдық және индустриалдыққа дейінгі даму процесін басынан кешіруде. Постиндустриализм экономикалық және өлеуметтік дамудың іргелі және басты ағымы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының деңгейімен санаспай барлық елдерді өзінің түңғиығына тартып алады. Постиндустриализм өзінің экономикалық мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-мәдени ықпалы бойынша ұлттық-мемлекеттік және аймақтық шеңберде тұйықталынып қалуы мүмкін емес. Ол ұлттық-мемлекеттік, аймақтық шеңберден шыға отырып, белсенді түрде жалпығаламдық мәртебеге ие болады. Постиндустриализмнің қазіргі халықаралық қатынастарга ерекше ықпалын тигізетін адамзат өркениеті дамуының жаңа сатысы екені даусыз. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады. Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз. Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа постиндустриалдық жағдай жалпы адамзаттық мәртебеге ие (БҰҰ төрізді ұлттық) құрылымдар мен нормалардың мәнін көтеруі керек, олардың одан ары дамуы және проблемалық толығуы халықаралық құқыққа ие болуы қажет. Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.
Мемлекеттер арасындағы іргелі идеологиялық және саяси ерекшеліктердің негізінде пайда болатын әлемнің биполярлығы мемлекетеаралық кэтынастарға идеологияшылдықты енгізді, халықаралық сауданың, экономикалық байланыстардың калыпты дамуына кедергі келтірді, экономикалық мүдделердің (тауарға, қызметке, технологияға және т.б. эмбарго) жүзеге асу сферасын тарылтты, автаркияның дамуына алып келді. Осының барлығы елдердің, аймақтардың экономикалық прогресін тоқтатты, өмірдің милитарлануына әкеліп соқты. Бүгінгі күнде бұрынғы биполярлық келмеске кетсе де, оның салдары мемлекет басшыларының өзара сенбестігінде, халықаралық акциялардың шиеленіскен бағасында, тұтастай алғанда, халықаралық өмірді дұрыс қабылдамауда әлі де болса сақталынып отыр. Екі әлеуметтік жүйенің теке-тіресі екі өскери блоктың құрылуына өкеліп соқты: НАТО және Варшава Шарты ұйымы. бұл ар жауласушы екі жүйенің қаруы болған өскери-саяси одақтар еді. Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава Шарты елдерінің өскери блогының тарауына алып келді. НАТО өзінің қарулы күші бар, БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен нақты әскери акцияларды орындайтын өскери-саяси одақ болып сақталынып қалды. Әрине НАТО-ның өмір сүруі — бұл биполярлық дүниенің қалдығы және ол қазіргі халықаралық өмірде айтарлықтай күрделі жағдайлар туғызады, өйткені НАТО жеке еріктің қаруы. НАТО-ның өмір сүруі және ол іске асырып жүрген белсенді әскери әрекеттер басқа елдерді осыған ұқсас әскер-саяси блоктарды құруына итермелеуі мүмкін. Бүгінгі күндегі адамзат құруға талпынып жүрген әлемнің көпполюсті моделі объективті негізге ие. Аймақтық байланыстар мен мүдделердің (геосаяси, әлеуметтік-мәдени, этнодемографиялық және т.б.) болуы — қазіргі адамзат өмірінің шынайылығы. Белгілі бір кұрлықта өмір сүретін халықтар тағдырының ортақтығы қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық қатынастарының қаншалықты дамығандығының өзінде тарихи және дөстүрлі тұрғыда қалыптасқан саяси басымдықтарды анықтауда құндылықтарға ие қауымдастық болып табылады.
Еуропа бірлестігі, Еуразиялық кауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка мемлекеттерінің ұйымы, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мүдцелерінің бірлігі төрізді аймақтық ұлттық әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың еуразиялық идеясы — өте жемісті және перспективалы идея. Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықкң бейбітшілікгі жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позиңияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принңипті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акңиялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші бо- лып қолданудан бас тартады». Тұтастай алғанда, қазіргі халықаралық жағдайға адамзат тегінің өсіп отырған субъектілігі айтарлықтай әсер етеді. Аса ірі мәдени потенциал жинақталған. Адамзат практикалық өрекеттің аспабы ретінде табиғаттың дүлей күштерін пайдалануға қабілетті. Адам табиғаттың тылсым құпияларын тани отырып, қоршаған ортаның өзгертушісі болады. Осының барлығы адам әрекетімен жүзеге асады. Адамзат субъект ретінде әрекет ететін өз мүдделері бар және оларды іске асыруға үмтылатын әрқилы құрылымдарға бөлінген: құрлықтар, аймақтар, мемлекеттер, нәсілдер, этникалық құрылымдар, ұлттар, таптар, сословиелер, әлеуметтік топтар. Олардың өзара қатынасы саяси шынайылықты құрайды. Халықаралық қатынастар осы саяси шынайылықтың бір бөлігі болады. Олар, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастар ретінде қызмет етеді, өйткені саяси қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері мемлекеттік саясатта көрінеді. Мемлекет оларды мемлекеттен тыс халықаралық аренада көрсетеді. Барлық мемлекеттік құрылымдар халыкаралық аренада әрекет етеді және байланыстың ерекше мемлекетаралық каналын — дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастырады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметі өкілдік және ақпараттық тәрізді екі негізгі функцияны атқарады. Осы функциялардың екеуі де мемлекеттің табысты халыкаралық қызметі үшін аса маңызды.
64. Кеңес Одағы ыдыраған соң, енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құруды ойлады.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті.
Бірінші кезең– 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігің қаржы-экономикалық,кеден шекара құрылымдарын бекітеді.Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.2. Екінші кезең – 1993-1996 жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатты. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық. 3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағадарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ, мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер,ғалымдар ТМД-ң барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда,кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipiтрансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы.Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен,ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу,Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран,Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуыКеңестер Одағының ыдырауы ХХ ғасырдың соңындағы ең елеулі оқиғалардың бірі. Ол жаңа тарих беттерінің бастамсына алып келген оқиға десек шатаспаймыз деп ойлаймын. Әр түннің артынан күн келеді демекші бұл одақтың ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ.
КСРО-ның ыдырауына алып келген басты себеп – биліктің күшті орталықтандырылуынан. Екіншіден, КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктіңсана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. “Қайта құруң кезіндегі “реформаторлар” қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. КСРО ыдырауының тағы бір себебі ол оның құрылымдық бөлімдерінің иерархиялығында. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.
Қоғамның көп бөлігінде осы тәртіпке деген наразылығы күшейе түсті. Дәл осы үрдіс КСРО өмірінің соңғы 5 жылының әлеуметтік саяси динамикасын анықтайды. 1986-1987 жылдардағы жариялылық жетекші элитаның артықшылығы мен өмір жағдайын ашқан кезде жай қарапайым адамдардың оларға қарсы ашу-ыза сезімі күшейді. Бұлардың барлығы ұйымдастырылған және жүйелі қоғамдық қарсылық қозғалыстарына алып келді. Ортаға шыққан ұлттық мәселелер орыс “отаршылдары” мен “жергілікті” ұлт өкілдеріні” арасындағы немесе көршілес ұлттардың арасындағы қақтығысқа алып келді.
1990 жылдың 24 шілдесінде ақпараи құралдарына жаңа одақтың келісімінің алғашқы жобасы ұсынылды. Рыноктық экономикаға көшумен тығыз байланысы бар, жаңа федеративті келісім республикалардың құқын кеңейту керек болды. Тура бір жылдан кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде “Одақты” келісім бойынша жұмыс аяқталдың және “қосыламын деушілерге” есігіміз ашық деп жариялады. Армения, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді. Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық келісімдерге отырды.
1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго, қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс. ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва, Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5 қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары қарай ыдырауын тездетті.38 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина, Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, “Кеңес Одағы енді жоқ” деп жариялады. Олар “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы” құрылғаны және “бұрынғы КСРО елдері үшін ашық” деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды, осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.39��SUP>
Өзінің 13 жылдық өмірінде ТМД көптеген сынақтардан өтті. Ең бастысы көпшіліктің “өлі туылған бала“ деген көріпкелділіктерге қарамастан ол өз өмірін жалғастыруда. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық тәуелсіздіктерін алғандықтары, бұрынғы одақ республикаларының бірігу идеясын жоққа шығармады. Тіпті өзара ынтымақтастықтың бұл түрі одан ары тереңдей түсіп, бірнеше біріккен саяси құжаттармен, белгілі бір істерде әсіресе экономикалық сферадағы қатынастармен толыға түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық.
Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
ТМД-дағы қиыншылықтар мұнымен жойыла қоймайды. Интеграциялық мақсаттар екінші орынға кетіп, көп елдер үшін өздерінің саяси-экономикалық егемендіктері маңыздырақ болып кетеді. Нәтижесінде Достастық қарам-қайшы жағдайда, тіпті тоқырауға жақын қалады.40 Қазіріг таңда Достастық әр түрлі саяси күштер тарпынан айтылып жатқан көптеген сындарға тап болуда. Өйткені, біріншіден, Кеңес Одағының құлауына өкініш білдіретін саяси топтар жағы. Олардың сындары, бұрынғы шекара шеңберінде бір мемлекет құру деген келмеске кеткен үміттерге негізделген. Бірақ ТМД құрылғанның алғашқы кезінен бастап-ақ бұл мәселелерді мақсат етпеген болатын. Ең маңыздысы, айтылып өткендей, жаңа мемлекеттердің құрылуы мен нығаюы болатын. Ал екіншіден, ТМД бір халықтық шаруашылық жүйе ыдырағаннан кейін көп шығындарсыз одақтың кезіндегі интеграциялық байланыстарды сақтай отырып, экономикалық бөлінуді жүзеге асыра алмаған үшін сынады.41
КСРО-ның ыдырауына байланысты желік пайда болғаны да түсінікті. Өзін-өзі басқару мен ұлттық идеялар бірінші кезекке шыққанда экономикалық проблемаларға назар аударудың қажеті жоқ сияқты көрінді. Бірақ кейінгі оқиғалар сауық-сайрандармен қатар нанның да қажет екендігін көрсетті. Экономиканы айналып өту қиын, ол өз сөзін айтпай тұрмайды. Осы негізде интеграция мен өзара іс-қимыл идеялары туындай бастайды.
Белорустың, Ресейдің және Украинаның 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж келісіміне қол қоюы және соның ізінше 13 желтоқсанда Орталық Азия республикаларының Ашхабадта кездесуі бұрынғы КСРО аумағында бір бірінен оқшау тұрған словян және түрік одақтарының құрылу қаупін туғызды. Осы жағдайда Н.Назарбаев оқиғаның осылайша дамуына жол бермеу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша Алматыда 11 тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының келіссөздері өтті. Осы кездесу қорытындысының шын мәнінде тарихи сипаты болды: “Мәртебелі уағдаласушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды”.42 Бұл факт Алматы декларациясында жарияланды.
Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынастарының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту Қазақситандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
“Независимая” газетіне берген сұхбатында Н.Назарбаев Қазақстанның Президенті былай деген болатын: “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана еме, бұл керек десеңіз жаңа рухани психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сенім”. Күрделі экономикалық кезең жағдайында іс жүзінде барлық кеңестен кейінгі мемлекеттерде олардың келісілген іс-қимылын, сындарлы ынтымақтастығын, өзара қолайлы ымыраға келу шешімдерін іздестіру айрықша маңыз алды. Көптеген тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастық және өзара түсіністік болмаса, тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық реформасынсыз әлемдік қоғамдастыққа ену мүмкін емес екенін түсінді. Осы жағдайларды ескергенде ғана интеграцияға балама жоқ деп айтуға болады.
Бұрынғы Одақтың мемлекеттері арасындағы қатынас бірінші кезеңде біркелкі болмады, тіпті бірінші кезде қарама-қарсы болды. Егер де Ресей, Белорус, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан белсенді түрде Достастық идеясые қолдаса, Украина позициясы қарсы, ал Түркменстан бұл мәселеден өзін алшақ ұстады. Молдова жалпы Достастық қағидаларымен келісті, Армения ТМД шеңберіндегі қатынастарды нағайтуға тырысты, бірақ Әзірбайжанмен арадағы қақтығыстардың нәтижесінде оның интеграциялық үрдістегі рөлі әлсіз болды.43
Мұндай қатынастардың мәні түсінікті-ақ: бұл жаңадан қол жеткізген саяси тәуелсіздік пен экономикалық егемендікті жоғалтып алу қаупі; саяси партиялар мен қозғалыстар тарапынан күшті қысым өткір идеологиялық және ұлтаралық қарама-қайшылықтар және т.б.
Сол кездегі Достастық жағдайына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп баға берді: “оқиғаның даму барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттердің “өркениетті түрдегі ажырасу” органына айналуда. Бұл үрдісті басқа интеграциялық жөнге бағытталып талпыныстары өз нәтижесін бермеді”.44
Кеңестен кейінгі аймақта интеграция осылайша дамып жатты және ол Батыс Еуропада болып жатқан үрдістерден ерекшеленеді. Бұл ерекше-ді салыст түрде мынадай сипатта көрсетуге болады:
Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны тәуелсіз өмір сүрудің ұзақ мерзімдітарихы бар егеменді мемлекеттер жүзеге асырды. Достастықты бастапқы кезеңде біртұтас тоталитарлық мемлекеттен бөлінген және егемедігін құқықтық тұрғыдан рәсімдеуді мақсат еткен мемлекеттер қалыптастырды.
Еуропалық Қоғамдастыққа интеграцияны нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (әртүрлі деңгейде болса да) интеграциясы ретінде жүзеге асырылды. Достастықта ашық нарықтық экономикаға өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің интеграциясы жүзеге асырылды.
Еуропалық Қоғамдастыққа интеграция бірнеше онжылдықтардың ішінде, негізінен мемлекеттердің саяси шешіммен айқындалатын көлбеу экономикалық байланыстарға қарқын беру арқылы эволюциялық жолмен дамыды. Достастықтағы интеграцияның мәні жаңа нарықтық жағдайдағы сауда экономикалық байланыстарды дамытуда оларды егеменді мемлекеттерді” интеграциялық қатынастарыны” де”гейіне дейін жеткізуінен көрінді.45
Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуы, олардың Достастыққа бірігуі осы елдердің тәуелсіздігін қорғауды қамтамассыз еткен жоқ. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру, КСРО сияқты қуатты әскери державаға ыдырағаннан кейін пайда болған бос кеңістікті толтыру қажеттігі туындады. 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ң бес мемлекет басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт осы бағыттағы маңызды қадам болды, аталған шарт Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша қаралды. Шартқа қатысушы мемлекеттер мен аралық қатынастарда күш қолданатындардан немесе күш қолданатын қаупін төндіруден бас тартатын міндеттемелерін қуаттады. Олар өздерінің арасындағы және басқа мемлекеттермен арадағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге міндеттеді. Шартқа ТМД-ң 9 елі қол қойып, оған Украина, Молдава және Түркменстан ғана кірген жоқ.
Бұл шарттың 4 бабы НАТО-ның жарғысына өте ұқсас, және БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес жасалынған. Бұл бап қатысушы тараптар үшін ерекше маңыз алды. Бұл бап бойынша: ”Егер қатысушы мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының тарапынан шабуылға ұшыраса, онда бұл осы шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы жасалынған басқыншылық ретінде қаралатын болады. Қатысушы мемлекеттердің кез-келгеніне қарсы басқыншылық актісі жасалынған жағдайда басқа барлық қатысушы мемлекеттер әскери жағын қоса алғанда, оған қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының 51 бабына сәйкес ұжымдық қорғанысқа арналған құқықтарын жүзеге асыру тәртібімен өздерінің қарауында бар құралдарымен көмек көрсетеді.”46
Өркениетті елдердің экономикалық және саяси интнграцияға ұмтылуы бүгінгі таңдағы обьективті немесе заңды құбылыс. Мемлекеттердің жақындасуы дүниежүзілік дамудың жаңа дәрежесін айқындады., сондай-ақ қоғамдық өмірдіңбасқа да салаларында жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарында, бірінші деп, дүниежүзілік дамуда бейбітшілік принциптері үстем болып, интеграцияның саяси қақтығыстарды шешудің бейбіт механизмін жетілдіре түседі. Екіншіден, дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара капитал алмасу, халықаралық сауданың дамуы және сыртқы экономикалық саясаттың либерализациялану прцесі жүруде. Бұл соңғы кездегі әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі болып отыр. Үшіншіден, соңғы жылдары мемлекетаралық экономикалық дамуды реттейтін бірнеше механизмдер пайда болды. Олар кедендік, сауда-саттық, валюталық тағы да басқа. Төртіншіден, жоғарғы техникалық және информатикалық даму еңбек өнімділігінің артуына әкеліп отыр, бұл өз тарапынан ауқымды нарықтық кеңістікті қажет етеді. Тауар айналымының өсуі, оның жолындағы әр түрлі кедергілерді жойып, бір елден екінші елге ауысып отыруды қажет етеді. Бесіншіден, қазіргі кезде дүниежүзілік сауда рыногындағы бәсекелестіктің ауқымы мен сапасы өзгерді. Экономикалық мықты мемлекетпен бәсекелестік әлсіз мемлекеттердің бірігуін қажет етеді. Сондықтан да, Қазақстанның және ТМД-ң басқа мемлекеттерінің интеграциялық дамуы экономикалық қажеттілігінен, оған сәйкес экономикалық және саяси жағдайдан туындап отырған процесс.
Бүгінгі таңда Еуразия басты саяси күрес алаңына айналып отыр. Қазір Азия мен Еуропаға бөлек саясат ұстануға мүмкін емес. Осы жағынан алып қарағанда Еуропалық интеграцияның және ұжымдық дипломатия стратегиясы ТМД үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Еуропалық Одақтың сыртқы саясатының негізі 1957 жылы Рим келісімшарты, 1992 жылы Маастрихт және 1997 жылы Амстердам шарттарында бекітілді. Еуропаның Ұжымдық дипломатиясының көрінісі “2000 жылдың күн тәртібі” деп аталатын құжатта айқындалған.
Интеграция – ТМД-ң өмір сүруінің негізгі қажеттілігі екендігі даусыз. Аймақтық интеграцияның пайдасын көріп отырған елдердің қатарында ЕО басқа, Оңтүстік Азияны жатқызуға болады. Бұл аймақ 60-80 жылдардағы әртүрлі қақтығыстардың ошағы болғаны белгілі. Бүгінде АСЕА-ға мүше елдер тұрақты дамудың үлгісін көрсетуде.
ТМД-ң құрамында аймақтық интеграцияның даму тенденциялары бүгінгі күннің шындығы. Бұл жалпы ТМД-дағы геосаяси, геоэкономикалық дамуға әсерін тигізуде. Аймақтың интеграцияға Орталық Азияның және үштік одақтың құрылуын жатқызуға болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің белсенділігімен Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы және оны жүзеге асыру механизмдері: Мемлекетаралық Кеңес, Атқарушы Комитет құрылды. Бұл Одақ ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға міндетті. Сондай-ақ бұл Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әлеммен байланысын нығайту, аймиқтық экономикалық дамуын қамтамассыз етуі қажет.
Орталық Азиядағы интеграция тек экономикалық емес сонымен қатар әскери, саяси-гуманитарлық ақпараттық және қауіпсіздік деңгейде дамуда. Осыған айғақ ретінде біз 1994 жылы 30 сәуірде Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) қабылданған “Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының ортақ экономикалық кеңістікті құру туралы” келісімді айта аламыз. Бұл бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарының ортақ тарихи негізінде және өзара дамуды тереңдету үшін, ортақ экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тауар, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы үшін, жер қойнауларының шикізат ресурстарын тиімді пайдалануы үшін сондай-ақ ТМД-ның экономикалық дамуы туралы кодекстерді жүзеге асыра отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары өзара ортақ экономикалық кеңістік құруға келісті делінген.47
Бұл Одаққа ТМД-ң басқа да мемлекеттері еркін қосылу “процедурасы” қабылданған. Кейін осы үшін Одаққа Тәжікстан да мүше болды. Орта Азия Республикаларының ТМД құрамындағы аймақтық дамудағы ынтымақтың тағы бір көрінісі 1995 жылы Ыстықкөлде өткен конференция. Мұнда “Ыстықкөл Декларациясына” қол қойды.
Ыстықкөлде өткен конференция Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерге жаңа серпін берді. Бұл конференцияда “іс-қимыл жоспары” қабылданған болатын.
ТМД-дағы жаңа қалыптасып отырған жағдай Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусия мемлекеттерінің 1993 жылы Төрттік Одағының құрылуына алып келді. Қазақстан мен Қырғызстан сияқты көп ұлтты мемлекеттер үшін бұл одақтыңөзіндік маңызы зор. Төрттік Одақтың құрамындағы мемлекеттер Кедендік одақ құрып 1993-1995 жылдар аралығында тауар айналымының өсуі байқалды. Мысалыға, 1995 жылы Кеден Одағына мүше елдер мен Белорусьтің арасындағы тауар айналымы - 18 пайызға, Қазақстанның - 40 пайызға, Ресейдің - 12 пайызға жетті. ТМД-ң басқа мемлекеттермен салыстырғанда 2 пайызға артық. 1996 жылы көрсеткіштер: Белорусь – 27 пайыз, Қазақстан – 31 пайыз, Қырғызстан – 44 пайыз, Ресей – 17 пайыз, яғни 7 пайызға өскен.48
Кеден Одағы кейінрек дамып, кеңейіп қазір де ол Еуразияның экономикалық қауымдастық. Бұл жаңа ұйым. Оның Кедендік Одақтан көптеген артықшылықтары бар. Олардың бірі ол ұйымдасқан бір бірлескен. Қазіргі таңда бұл ұйым өзінің даму жолында. Осы жылдың, яғни 2003 жылдың 19 сәуірінде бірінші экономикалық форум өтті. Бұл форумның нәтежиесінде Бірлескен Декларация қабылданды.49 Декларация мемлекетаралық экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған.
ТМД құрамындағы аймақтық интеграцияның дамуы барысында Грузия, Украина, Әзірбайжан,Молдова және Өзбекстанның бірлестігі ГУУАМ құрылған. Бұл саяси- экономикалық сипаттағы бірлестік. Белорусь және Ресейдің арасындағы Одақ, Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық, ЕурАзЭқ. Міне, бұлардың бәрі ТМД-дағы интеграцияның дамуын көрсетеді.
ТМД-ң құрылуымен байланысты жаңа геосаяси ахуалға әсер етуші факторлардың бірі Каспий теңізі мен Каспий мұнайын тасымалдау болып отыр. Әйгілі саясаттанушы З.Бжезинский “Каспий – ХХІ ғасыырдың кілті” деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай президент Н.Назарбаев былай деген: ”Каспий бейбіт интеграция негізіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып күш-қуатымызды бріктіріп, күшті пайдалы механизм құра аламыз.Осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.”50
Кеңес одағының ыдырауы тарих беттерінде өшпес із қалдырды, ол өзінің құрылу оқиғаларымен, ыдырау тарихымен көп зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Қазіргі кездегі Кеңес Одағының мұрагері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын айта аламыз. Бірақ ТМД-ның КСРО-дан айырмашылығы көп, соның бірі ол жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі, күштеп біріктірілген емес, әр мемлекет өзінің даму жолын өзі таңдаған. Соның бірі интеграция. Бұл мемлекеттер интеграция жолында бірігіп келешекке бірге аттанбақ. ТМД құрылғандағы көп сарапшылар оны “өлі туған бала” деген баламалар берсе де, ТМД әлі күнге дейін бар, яғни бұл мемлекеттердің ынтымақтастығының кепілі. ТМД өзінің пісіп-жетілу жолында келеді.
65. Ғасырлар бойы тәуелсіздігін аңсаған халқымыздың асқақ арманына жеткеніне қазіргі күні 20 жылдан ғана асып отыр. Осы қысқа мерзімде Қазақ елі басқалар ғасырлар көлемінде іске асырыла алмаған табыстарға қол жеткізгендігі белгілі.
Аталған уақыттағы Отанымыздың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру,ғылым, т. б. салалардағы табыстары халқымызға, барша әлем жұртшылығына аян. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: “Дәл осы “Қазақстан-2030” Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Нәтижесінде 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7триллион теңгеден 211 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің ІЖӨ-сы 16 еседен астам өсті. 1999жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ- нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.” [1.2]
Егемендік жылдарындағы осындай аса қомақты экономикалық табыстар республиканы мекендеп отырған көпұлтты тұрғындар арасындағы қалыптасқан өзара түсіністік, ұғыныстықтың, алға қойылған асқаралы міндеттерді орындауға деген құлшыныстың нәтижесі екендігі әрқайсысымызға түсінікті. Ал осының өзі-ақ мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған “Қазақстандық патриотизм” ілімінің отандастарымыздың санасынан берік орын алып отырғандығының нақты көрінісі деп толық айтуға болады.
Көрсетілген тұрғыдағы Ресей Федерациясының бұрынғы Президенті Д.Медведевтің жазуынша: “Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйелі саясатының негізінде қазіргі Қазақстан әлеуметтік – экономикалық даму мен мемлекеттік құрылыста елеулі табыстарға жетті, ...” [2.22].
Қазақстанның экономикалық саладағы осындай қомақты жетістіктері оның егеменді мемлекет ретіндегі жүргізіп отырған сыртқы саясатына тікелей байланысты екендігі анық. Аталған бағыттағы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастауымен накты істерге айналған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні Қазақстан дүниежүзілік және аймақтық барша халықаралық ұйымдардың мүшелігіне айналды.Жер шарындағы бәсеңдікті, түсіністікті қамтамасыз ету, қарусыздану, халықаралық ланкестікке, есірткіге қарсы күрес, т.б.салалардағы оның бастамалары мен ұсыныстары оңды тұрғыда шешімін табуда. Елбасы тарапынан қолға алынып, қорытындысы әлемдік тұрғыда орын алған күрделі ахуалдардың игілікті тұрғыда жауабын табуына әсер етіп жатқан осындай аса маңызды қадамдарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттер қауымдастығындағы беделі арта түсті. Н.Ә.Назарбаев КСРО тарағаннан кейінгі алғашқы жылдары аймақтағы нарық талаптарына сай бірлескен саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, қорғаныс, миграциялық, т.б.байланыстарды қамтамасыз етіп, орын алған қиыншылықтарға бірлесіп қарсы әрекет етуді іске асыру мақсатындағы Еуразия Одағын құруды ұсынғандығы белгілі. Өз кезінде қолдау таба алмаған Еуразия Одағының қажеттігі мен маңызы қазіргі күні толығымен дәлелденіп отыр. Ол сонымен қатар Орталық Азиядағы, ТМД, мұсылман елдері арасындағы қатынастарды реттеудің, осы бағыттағы қазіргі күнгі аса келелігі мен маңыздылығы дәлелденіп отырған барша бастамалардың жетекшісі болып табылады. Атап айтқанда, Президент Н.Ә.Назарбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалап,аталған келісім мүшелері –мемлекеттер аймақтағы қарама-қайшылықты мәселелердің шешімін келісімдер арқылы айқындауда үлкен істер атқаруда.
Елбасының халықаралық қатынастағы тағы да басқа сындарлы да ойластырылған қызметінің нақты көрінісі-қазіргі күнгі ТМД,Орталық Азия мемлекеттері, осылармен қатар Еуразия аңғарындағы кез-келген саяси, экономикалық, т.б.бағыттардағы ауқымды мәселелердің оңды жауабын табудағы Қазақстанның берік өзіндік үлкен орны қалыптасты.
Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев тарапынан жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясаттың ең бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып табылады. Негізінен алғанда Қазақстан Президентінің тікелей басшылығы және бастамашылығы негізінде іске асырылып отырған еліміздің ядролық қаруға қарсы қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар атап айтқанда:
1. Қазақстаннан ядролық қаруды шығару, Семей ядролық сынақ алаңының жұмысын тоқтату бағытындағы қызметі;
2. Қазақстан тарапынан әлемдегі ядролық сынақ алаңдарының жұмысын тоқтату, ядролық қаруды шығаруға бақылау қоюдағы мемлекеттер арасындағы бірлескен іс-қимылдарын іске асыру;
3. Әлемді ядролық қарудан аластаудағы Қазақстанның бастамашылығы мен ұсыныстары.
Ядролық қарудың жарылыстарын және де төл территориямызға орналастырылған осындай қару тиеген зымырандардың орны толмас апатын ондаған жылдар бойы толығынан басынан кешірген Қазақстанның егемендігіне қол жеткізген күннен бастап – ақ сыртқы саясатының басты бағыты өзіндегі Кеңес Одағынан қалған ядролық қаруға деген қатынасты айқындау мәселесі болды. Міне сондықтан да Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланған алғашқы күннен шарасыздыққа түсіп, өз жерінде ядролық жарылыстардан зардап шеккен халқының тілегі мен сұранысына сай Семей ядролық сынақ алаңын жабу, сонымен қатар республика территориясында молынан орналастырылған аталған қару түрлерінен аластау мақсатындағы аластау жұмыстарының бастаушысы және жетекшісіне айналды. Нәтижесінде қысқа мерзімде “Елбасының бастамасымен дүниежүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды. Қазақстан әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды”[3.9]. Осымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстанның барша аймақтарына орналастырылған ядролық қару түрлері мен оларды жеткізу құралдарын ел территориясынан шығару бағытында жұмыстар атқарып, қарудың бұл түрі де Қазақстанның жерінен толығымен аластатылғандығы белгілі. АҚШ-тың 1993-2003 жылдар аралығындағы Президенті Билл Клинтон: “Мен Қазақстанның АҚШ-қа көмек беруге әзір екендігіне өте разымын. Маған сіздің еліңіздің экономикалық өркендеу қарқыны ұнайды. Қазіргі күні біз сіздердің табысты реформаларыңыздың жемісін көріп отырмыз. Мен әсіресе Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қарусыздану саласындағы қызметіне ерекше ризамын. Бұл күрделі, алайда өте дұрыс шешім болатын,”- [2.12] деп, Қазақстан басшысының аталған мерзімдегі сыртқы саясатының басты бағытын айқындады. Міне осылай Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның Президенті ретіндегі ХХ ғасырдың 90- жылдарының басындағы Кеңес Одағынан енші болып қалған ядролық қарудан арылу, халқымызға қаншама жылдар қасірет әкелген Семей ядролық сынақ алаңын жабу жолындағы нақты қадамдары өз халқы сонымен бірге бейбітсүйгіш дүние жүзі қауымдастығының оған деген ризашылылық, құрмет сезімін тудырғандығы анық. Оның атқарған осындай нақты шаралары арқылы адамзаттың болашақ дамуының тікелей кепілі ядролық қарусыз әлемді құрудағы алғашқы игі қадам жасалды. Яғни “Әлем тарихында Қазақстан тұңғыш болып сол жойқын арсеналдың барлығынан ерікті түрде бас тартуға шешім қабылдады. Бұл шешім тәуелсіз Қазақстанның ғаламшардағы тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту ісіне қосқан абыройлы үлесі болды.” [4]
Өркендеу, даму, жасампаздыққа әр жыл өткен сайын нық қадам, зор сеніммен алға басқан Қазақ елі Президентінің қазіргі күнгі халықаралық тұрғыдағы іс-қимылдарының да негізгі бағыты да барша әлемді жойқындығы еселеп артып, оны иеленушілердің саны да молайып отырған ядролық қаруды пайдалану апатынан құтқару жолдарына арналып отырғандығы белгілі. Осы мақсатты жүзеге асырудағы Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі күнгі ұсыныстары, шақырулары нақты жұмыс жоспарына айналып, әлемдік қауымдастықтан, мемлекеттерден барынша қолдау табуда.
Қазақ жерінен ядролық қарулар аластатылып, сынақ алаңы жабылғанымен адамзатқа төнген ядролық қарудың қасіреті толастаған жоқ. Күнен-күнге қарыштап алға басқан ғылыми-техникалық жаңалықтардың нәтижесінде аталған қарудың түрлері үнемі дамытылып, оны жеткізу жолдары да жеңілдей түсуде. Атом қаруын космоста пайдалану, онда үстемдік ету мақсатындағы өзара бәсеке де белең алып отырғандығы анық.
Әлемдегі жекелеген мемлекеттер тарапынан ядролық қарудан аластауға деген ұсыныстар мен шақыруларға керісінше көзқарас қалыптасып отырғандығы жасырын емес. Мысалы,ХХІ ғасырдың басынан Иран, Солтүстік Корея, т.б. мемлекеттерде осы қаруға ие болу мақсатындағы атқарылып жатқан шаралар белсенділік алып, әлемдік қауымдастыққа алаңдаушылық тудыруда. Ядролық қаруға ұмтылыс, осы арқылы жаһандық тұрғыдағы талаптарын орындатуға әрекет халықаралық ланкестік, ұлтшылдық, т.б.кез-келген мәселені қарудың күшімен шешуге мүдделі ұйымдар тарапынан екпінділікпен іске асырылуда. Соңғы мерзімдегі жаппай қырып жоятын ядролық соғыс қаруларымен қатар ядролық отынмен жұмыс істейтін электр станцияларындағы орын алған ақаулардың көбейе түсуі жағдайды ушықтыра түсуде. Нәтижесінде ядролық қаруды айтпағанда аталған отын түрлерін сақтау, қондырғылардың техникалық сенімділіктерін қамтамасыз ету аса маңызға ие болуда. Адамзаттың денсаулығына, бүкіл табиғатқа орны толмас зиян әкелетін ядролық ластанудан жер шарын сақтау ХХІ ғасырдың ең келелі күн тәртібіне айналды. Оның нақты айғағы қазіргі уақыттағы әлемнің барша бөліктеріндегі күннен –күнге өсе түсіп отырған әлемдік және аймақтық бағыттағы мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қарапайым тұрғындардың ядролық қаруға қарсы наразылық шаралары, т.б. әрекеттері болып табылады. Алайда аталған қаруды өндіру, сынау, тарату, қолдануға қарсы нақты да ықпалды тосқауыл қойылмай отыр. Осы тұрғыдағы Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: “Біріншіден, әзірше ядролық қаруды таратпау режімінің жан-жақтылығына қол жеткізілген жоқ.
“Жаңа”ядролық және кейбір “табалдырықтағы”елдер тиісті келісімнен шет қалып отыр.
Екіншіден, екі жыл бұрын АҚШ пен Ресей арасында стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту үдерісін жандандырған Париж келісіміне қол қойылды.
Алайда, бұл қадам ресми “ядролық клубтың” қалған елдеріне үлгі болған жоқ.
Үшіншіден, ядролық сынақтарға жаппай тиым салу туралы келісім күшіне ене алмауда.
... Төртіншіден, ядролық энергетиканың ұлттық бағдарламаларының дамуын жаһандық бақылау мәселесі реттелмеген.
... Бесіншіден, өткен жылы Фукусима АЭС-інде болған апат бүкіл әлемге бейбіт атом нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету технолдогиясының артта қалу проблемасын айғақтап берді.” [5. 2]
Міне, сондықтан да бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудегі нақты қадамдарымен белгілі болған Н.Ә.Назарбаев бұл қаруды жер бетінен толығымен аластату ісінің де белсенді жетекшісіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзіндегі: “Бүгінде біз ядролық қарусыз әлем үшін бүкіләлемдік қозғалысына басшылық жасаймыз. Біріккен Ұлттар Ұйымында лайықты орнымыз бар,” -[1.16]деген анықтама тәуелсіз еліміздің әлемдегі ең келелі халықаралық сасаттағы атқарып отырған қызметін белгілейтіндігі айғақ.
Елбасының осы бағыттағы өлшеусіз қызметі туралы АҚШ Президенті Барак Обама: “Президент Назарбаев әлемдегі ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің үлгілі жетекшілерінің бірі болып табылады. Қазақстан мемлекеттің ядролық қарудан бас тарта отыра қауіпсіздігін берік қамтамасыз ету мен экономикалық өркендеуге жетісе алатындығының жарқын үлгісі болып табылады.
Ядролық қарудан бас тарта отыра қазақстандықтар аймақтың барлық мемлекеттерінен кепілдік алды, ал осының өзі Қазақстанның аймақтағы ең тұрақты ел болуына жағдай жасады.
Ядролық қарудан бас тарта отыра Қазақстан мүмкін болар оқшауланудан елден халықаралық экономикаға ашық және шетел капиталын өзіне тартатын елге айналды,”[2.16]- деген сараптама берді.
Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік ядролық қаруға қарсы сындарлы саясатын барша отандастары қолдап, Елбасының осы өмірлік әлемдік келелі істің басшысына айналып отырғандығына мақтаныш сезімін білдіруде.
Елбасы ядролық қаруға шектеу қою, оған бақылау орнату, сынақ алаңдарының жұмысын толығымен тоқтату жолындағы өзінің ұсыныстарын, осы бағыттағы атқарылар іс-қимылдар жоспарын Біріккен Ұлттар Ұйымы мінбесінен барша әлемдік,аймақтық ұйымдар, бірлестіктердің сахнасынан үнемі қойып келеді. Бұл мәселе 2010 жылдың желтоқсан айындағы Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитінде де барынша талқыланды.
Негізделуіне Елбасының өзі арқау болып,әсемдігі, асқаралығымен әлемді таңдандырған Елордамыз - Астана қаласы қазіргі күні жоғарыдағы аталған ЕҚЫҰ Саммитімен қатар аймақтағы және әлемдегі бейбітшілік, халықтар арасындағы түсіністікті қамтамасыз етуге арналған тағы да басқа халықаралық жиындардың, мемлекеттер басшылары мен қоғам қайраткерлерінің кездесулерінің орталығына айналды. Атап айтқанда биылғы жылдың 27-29 тамыз күндері Астана қаласында белгілі ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысқан “Ядросыз әлем –Қазақстанның жаһандық миссиясы” атты Халықаралық конференция ұйымдастырылып, онда әлемді ядролық қарудан аластатудың жолдары талқыланды. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасап, аталған қарудың аадамзатқа әкелер алапатын көрсетіп, оны аластаудың жолдарын ұсынды. Атап айтқанда ол: “2006 жылдың қыркүйегінде біз аймақтағы басқа елдермен бірге Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялаған Семей келісіміне қол қойдық.
... Семей полигонының жабылуына байланысты ядролық қаруды таратпаудың және қарусызданудың жаһандық үдерісінің жаңа кезеңі басталды.
... Қазақстан бірінші болып ядролық сынақтарға толық және сөзсіз тиым салу актісін, осыған орай “ақырет күнінің” қаруын жетілдіруді тоқтатуды жүзеге асырды.
БҰҰ-ның шешімі бойынша осыдан 16 жыл бұрын ядролық сынақтарды тыю туралы келісімге қол қоюға жол ашылды.
Оған Қазақстан ең алғашқылардың бірі болып қол қойды.
Келісімге қазірдің өзінде 183 мемлекет қосылып, 157-сі оны ратификациялады
... Семей полигоны жабылғаннан кейін Невададағы, Жаңа Жердегі, Лоб-Нордағы және Муруродағы аса ірі полигондар үнсіз қалды.
Сондықтан да 29 тамыз бүкіл әлем үшін ядролық ақырзаманның қауіпін кейінге ысырған белдеу болып табылады.
Жылдар және онжылдықтар өткен сайын осы күннің ерекше маңыздылығын барлық әлемдік қоғамдастықтың сезінуі арта беретініне сенімдімін.
... Ядросыз әлем –ол адамзат ұмтылуға тиіс біздің ортақ мақсатымыз.
Тек бірлесе қимылдағанда ғана біз өз әлемімізді қауіпсіз және жақсырақ ете аламыз.
... Бүгінде адамзаттың ядролық коллапс қатерінде шексіз үрей кешуден құтыларлық ғаламат мүмкіндігі бар.
Ол үшін бүкіл ұлттардың, бүкіл ізгі ниетті адамдардың күш-жігерлерін бұрын-соңды болмаған жағдайда біріктірудің маңызы зор!,”[5.2]-деп көрсетіп, ядролық қаруды жоюдағы, сынақ алаңдар жұмысын тоқтатудағы Қазақстанның атқарған істерін саралап, осы маққсаттағы әлемдік атқарылар шаралардың қажеттілігін айқындады. “Осындай жауапты саясаттың арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды”[1.2].
Аталған бағыттағы нақты ісі және ядролық қарусыз аймақты, одан ары әлемді қалыптастырудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың күн талабынан туып отырған ұсыныстары Қазақстан халықтарынан ғана емес әлемдік қауымдастықтан оңды қолдау табуда.
Мысалы, жоғарыдағы көрсетілген Халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко: “Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ құруға шақырған бастамасына толық қолдау білдіреміз. Осындай халықаралық деңгейдегі жиындар біздің елдердің ядролық сынақтарға тиым салу үдерісін жылдамдатады деген сенімдеміз,” [5.3] – деп көрсетсе,АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваеганың-: “2011 жылы АҚШ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ерлік қадамының20 жылдығын атап өтті. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы айырықша батылдық танытты. ... Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси күш-жігерін ерекше атап өткен жөн. Білуімше, сол үшін Қазақстан халқы Елбасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді. Алайда, осы уақытқа дейін Нобель комитеті бұл сыйлықты тек ядролық полигондарға инспекция жасаған, не болмаса,осы салада ынтымақтастық орнатқаны үшін беріп келген еді. Ядролық қаруды саяси тұрғыда жойғанына орай, ондай сыйлық әлі де бірде-бір адамға тағайындалмаған. Сондықтан мен Қазақстан халқының бастамасына қосыла отырып, Нобель комитетін Нұрсұлтан Назарбаевты осы атақпен наградтауға шақырамын,” [5.3] - деген бастамасы Қазақ елінің Басшысының Әлемді ядролық апаттан арашалаудағы атқарып отырған қызметіне нақты айқындама екендігі белгілі.
Міне сондықтан да Н.Ә.Назарбаевтың аймақтық және бүкіл дүниежүзі халықтары мен мемлекеттері арасындағы түсіністік,ұғыныстық, барша даулы істер мен шиеленістерді келісімдер негізінде шешу жолындағы бастамашылдығы, оларды іске асырудағы нақты да нәтижелі жұмысы келелігімен ерекшеленіп, оңды бағысын алуда. Осылардың ішіндегі Елбасының ядролық қаруды толығымен және де мәңгілікке жою жолындағы өзіне дейін ешкім атқара алмаған еңбегіне барша адамзаттан,болашақ ұрпақтан ризашылық сезімі туатындығына ешқандай күмән болмайтындығы қазірдің өзінде айқындалып отырғандығы ақиқат. Олай болатын болса Н.Ә.Назарбаевты “ХХ ғасырдың соңы –ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік тұрғыдағы бейбітшілік ісіне зор үлес қосушы аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткер” деп есептеуге толық негіз бар.
Ядролық қарусыз әлем құрудағы– Қазақстан Республикасының ролі
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар –20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызатыны бәрімізгі белгілі.
Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан мемлекеті бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақты ойлаған қадам. Бұл әрине Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ерен еңбегі деуге болады [1. 1-2].
1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан ел, Қазақстанды үлгі тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды. 2001 жылы 29 тамызда «XXI-ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда, 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады [2. 32-33]
Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген мемлекет басшылары мен кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз», – деді президент. Осындай батыл қадамның нәтижесінде ғасырлар тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық ядролық қарсы тұрушылық қаупі айтарлықтай төмендеді. Оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы керектігін ортаға салып, ұсыныстар жасады. Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыруға дайын. Екіншіден, тұрақсыздықтың негізгі ошағы болып отырған Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдырып, оны ретке келтіретін халықаралық келісімнің құқықтық негізін нығайту. Үшіншіден, аса жойқын қуат көздерін әскери мақсатта, қару-жарақ жасауға пайдалануды біржолата тыю қажет десе, төртіншіден, ядролық сынақ атаулыны біржола доғару, ең бастысы, тоқсан ауыз сөздің тоқ етері – жер бетіндегі сынақтарға және жаппай қырып-жоятын қуаты бар қару-жарақтар шығаруға біржола тыйым салынуы керек деп кесіп айтты. Сонымен қатар, Назарбаев «Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын» қабылдауды ұсынды. Мұндай байсалды байлам мен байыпты пікірді саммитке қатысушылардың бәрі дерлік қызу қолдады [3. 56-57]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бәрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ:
— 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
— 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
— 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.
— 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.
— 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.
— 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны бекітті.
— 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді.
— 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.
Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. Қазақстан өкілдері Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының сессиялары мен жыл сайынғы отырыстарына тұрақты түрде қатысады.
Барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
— 1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-ші сессиясы уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және 2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті. ЯСЖТШ қол қою арқылы Қазақстан Ғаламдық мониторинг Желісін құру тұрғысынан ЯСЖТШҰ Даярлық комиссиясымен белсенді ынтымақтаса отырып, шарт шеңберіндегі верификациялық тәртіпті нығайтуға қомақты үлес қосады. ЯСЖТШ ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты іс-әрекеттерді іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан ЯСЖТШ Ұйымының маңызды жұмыстарының бірі болып табылатын Дала эксперименттерін өткізуге маңызды үлес қосты.
— 2002 жылдың 13 мамырында Қазақстан лаңкестікпен күресуді, жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұруды, ядролық материалар мен қос мақсатты өнімдердің пайдаланылуын және қозғалысын бақылауды күшейтуді мақсат еткен Ядролық материалдар жеткізушілер тобының мүшесі атанды.
— 2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық Жабдықтаушылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту.
— 2005 жылдың шілдесінде Қазақстан «Краков инициативасы» деген атпен белгілі Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты – күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін ұстау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру.
— 2005 жылы шілдеде Австрия СІМ-не – Баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес бойынша Халықаралық кодексінің депозитариіне ҚР СІМ-нің Қазақстанның Кодекске қосылуы туралы хабарлайтын нотасы жіберілді. Бұл еліміздің Зымырандық технологияларды бақылау тәртібіне енуіндегі маңызды іс болып табылады.
— 2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 2004 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға қосылып, оны 2007 жылғы 19 ақпанда бекітті. [4. 10-11].
Қосымша хаттамада көзделген іс-шараларды іске асырудың мақсаты – ядролық материалдың мәлімделген бейбіт іс-әрекеттен әскери мақсатқа ауысуын болдырмауға, сонымен бірге жалпы алғанда мемлекетте мәлімделмеген ядролық материалдар мен заңсыз ядролық іс-әрекеттің болмайтындығына берік сенімділікті қамтамасыз ету.
— 2005 жылдың шілде айында Қазақстан «Краков бастамасы» деген атаумен белгілі Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы қауіпсіздік туралы бастамаға қосылды.
— Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті.
— 2008 жылдың 1-30 қыркүйек кезеңінде бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен бірлескен Интегралды дала эксперименті (ИДЭ08) өткізілді. Аталған іс-шаралар кез-келген ортадағы ядролық жарылыстарды немесе оларды өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу бойынша инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау мақсатында өткізілді. ИДЭ08 — ЯСЖТШ Ұйымы құрылығаннан бері ұйымдастырылған іс-шаралардың ішіндегі аса маңыздысы болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
— 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор -2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары өткізілді.
— 11 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті [5. 5-6].
БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Ядросыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын жасау идеясын ұсынды. Бұл – осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы. Оның үстіне біз бүгінде осындай декларацияны қабылдау оңайға соқпайтынын түсінеміз», – деді Елбасы. Сондай-ақ, ол жаһандық антиядролық қозғалыстың басты мақсаты ядролық қатерлермен күресу ғана емес екенін, қазақ елінің елордасында өтіп жатқан форумға үлкен үміт артатынын білдірді. «Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем – бұл абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің халқым үшін Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы іс-әрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз», – деді Мемлекет Басшысы.
Президент сөзінен кейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, — «Мен өзімнің былтырғы жылғы Семейге сапарымды еш уақытта ұмытпаймын. Он шақты жылдар бойы осы нүкте қырғи-қабақ соғысының кіндігіне айналған еді. Сіздің батыл шешіміңіздің арқасында 20 жыл бұрын Семей бейбітшілікке деген үміттің үлкен нышанына айналды. Бұл барлық ядролық сынақтарды мүлдем тоқтатудың үмітін оятып, ядролық қарудан ада бейбітшілікке ұмтылуға да жарқын жол ашты», – деді Бас хатшы [6. 1-2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз — әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан — АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс.Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады.Осының барлығы — жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды», -деді Президент Н.Ә.Назарбаев [7. 1-2].
Әрине мұнда Қазақстан Республикасын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы екендігін айта кету керек.
Ядролық қарудан бастарту мәселесі – ХХІ ғасырдың ең ауқымды, әрі күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Егер әлемдік халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін.
69. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді.[4, 382 б.] Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді» [3, 120 б.], — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады [3, 121 б.]
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы — Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген.
2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сөздері барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді.
Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен [5].
Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады.
Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
«Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.

Приложенные файлы

  • docx 18905109
    Размер файла: 419 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий