pielonefrit


«Пиелонефрит ауруының алдын - алу» тақырыбындағы диплом жұмысы
І. Тақырыпты неге таңдадым: Халық арасында пиелонефрит ауруы өршіп тұр. ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында – бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефритпен зардап шегеді. Сол себепті осы тақырыпты таңдап, пиелонефрит ауруы туралы халыққа насихат жұмыстарын жүргізу.
ІІ.Тақырыптың өзектілігі:
Статистикалық мәлімет бойынша ТМД елдерінде 100 000 халыққа шаққанда 15-16 жағдайы жедел пиелонефрит,ал 18 жағдай созылмалы пиелонефрит ауруымен ауырады.
Ресейде жыл сайын халық арасында 0,9-1,3 млн адам жедел пиелонефритпен тіркеледі.Жыл сайын емханаға тіркелгендер 300 000 адам. Зәр шығару жүйесінің инфекциялық ауруларында созылмалы пиелонефритпен 53%, ал жедел 13,1% жаңа жағдай тіркеледі.
АҚШ мемлекетінде зәр шығару жолының инфекциялық ауруларында 7 млн пациент дәрігерге қаралады. Соның ішінде 1 млн адам ауруханаға жату қажет.Жыл сайын АҚШ-та 250 мың жағдай жедел пиелонефритпен тіркеледі.
Жыл сайын Оңтүстік –Шығыс- Азия мемлекеттерінде пиелонефрит ауруына шалдығу 0,5-3% дейін тарлса, Еуропа елдерінде 1%-ке жуық тіркелді. Созылмалы пиелонефриттен қайтыс болғандар саны 100 000 адамға шаққанда 2,4-2,8 жағдаймен тіркеледі.50 жасқа дейінгі ер адамға қарағанда 40 жастағы әйелдер 3 есе ауырады.
ІІІ.Зерттеудің мақсаты:
Халық арасында пиелонефрит ауруы туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу, аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, сонымен қатар пиелонефрит ауруымен ауыратын адамдардың санын азайту, денсаулықтарын жақсарту.
IV.Зерттеудің міндеті:
-Әдебиеттер оқу; -Әдіс таңдау,сипаттама беру; -Зерттеу жүргізу объектісі; -Анализдеу; -Зерттеу қорытындысы; -Ақпарат көздері. Med-Tutorial.ru\\, \\HYPERLINK "http://yandex.kz/clck/jsredir?from=yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=1253.1oH6ki3gocAkxl8SB-EzQNBdvxttiOqlhX306Ymz1Bu-CE2RPAK8H8W3iTKFXIG7KNiHxrxFUCdBQ7dik17YMqIi1NYngA4vdOZVrvoi_u52AN7cowhV-UBlnvMJD2VScE-OR6QGo_NaVtM0k3gdgejMnZ3OQ1VadJ1wsu13S80.3d5d4dde4d589b028c7fb5ba7f7e6b2dcdd2faf7&uuid=&state=PEtFfuTeVD4jaxywoSUvtJXex15Wcbo_UPads4SEaePC5CHIfw9rCFSvjRRVPOK9&data=UlNrNmk5WktYejR0eWJFYk1LdmtxaUhqVW8tbmhabVNDT3Z3MXA1UUJ6Ymp1VkptM1NieGY1am5zTlI0UFVBTnF3RzlXUlM3ZmtyMDhLWE5OOWNSeG5ybHRrUWlScURvQmZ5X0pwcEF5Z0U&b64e=2&sign=c95bdc20ac541330386a84c493e03cbb&keyno=0&cst=AiuY0DBWFJ5fN_r-AEszk6e63N5SJQOfxM1y51Auqhsyjdm_clrYywM3rVx7JUj0W3owBNFlq4uKs2GyDBrEMyy9e67WPzOc_xlPSu_wmQBWf2QY2zbYfdLEnYbHQsK6u2nu25nooTem1IkJUlfQTdXDmY7zDNIfmul5oBl3GIFumS_nMjcznxU8ZiPmnrkgXQHUKTLAMQC6m49ETPv1zgj8934k29EMcfwrABovc4CGnQIuSHlBoruuJvLbInsFjpeU5MOF3Pw&ref=orjY4mGPRjkm1GYumWD8VpzF_kJ2sVs5rgREXpa9rvmxq0qc67tX607ZwwzRCkPEvDDAXbwk1KdnDp7YORtrOmtaGxLTozFxZXJ5ybmMyFgFhvsyTdHXq_uR6qcHMCBHR7Jttzg4QVI1oJOxACcfoE2zqkjdlcDkbcteMT5h-fzhznEx_oiMHAVIPXLJPBmWjYmWzYVaJCPpn-vYddn5TAjy-YpwZE544bDSY0Lgk8h8uGy3hhOQFu3me4Nppu1hGV2VV-6oUHs1LjbBvNcGoFS9_J0UXp5HC0pafTEEYz3s5VGyfDXdY4ixlZIXpn9EDKAG-r2Tv6EdXzZATLm5U7n6OaoZxaFVMrfjpJqekacIfdNnY5HEZoXV86EtS10SBPef9N1c70qhye_DeHzIu1egSKrSZlzzG_dQ_UDe0Sr-YE_5yHJQ1HJCXC1f9CTFFogLkew3zKPYude4KE-WAHHrfGnPXcMAa3dN3UpZ0qGpLHLgmeH16-y8R95z-7AdWSaDl2w7L8nr4HDpaqwIDxCTov_Q5SB2LeFaRELCxsXAkZfbK2eMEeMrmGIK_uiexkQd9D8Nh2_H1rve3NS8A7q7CSsdL-JiYnS8nGdJF4u5d-my_JaZ_dNjFLxF8gHnmYwz9oPQNHajV7Gu0IvRHJzJvbrKYtm0WNTqvWdtdXN9MgTh_AzQhVmozMhc07O3rH1TPW8T0suiow7lUKZckMIQX3CD5LGgoFlNTW0E8bFjZM-fnHPU9lkEomKtb7VGDyQ50qXtlcY7Hf8KxbfMM0chF1Xf5LiN69jkp2XLMHfJqd7SnNJZlt_HBLoxDUHPtZWSw6r7VFZ4f9BkQ9Gv6UgbAlkInS14YISMGiP4aYM&l10n=ru&cts=1480243467833&mc=4.30044535893164" \t "_blank"invalidnost.com\\
V. Теориялық негізі
Жоспар:
І. Кіріспе
Бүйректің анатомиясы және физиологиясы
ІІ. Негізгі бөлім
а)«Пиелонефрит ауруы» туралы
Этиологиясы
Патогенезі
Клиникалық белгілері
Диагностикасы
б) Пиелонефрит ауруының алдын алу және мейірбикелік күтім жүргізу
ІІІ. Қорытынды
Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық және зәр шығару түтігі жатады.
Бүйрек- құрсақ қуысының артқы жағында, іш перденің сыртында, ХІІ көкірек, І-ІІ бел омыртқалар тұсында орналасқан. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен орналасқан. Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктеріне қараған. Бүйректердің алдыңғы және артқы беті, медиальді және латеральді жиегі, жоғарғы және төменгі полюстері бар. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төмен жамбас ішінде жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тінді қабықшамен қапталған. Медиальді жиегінде бүйрек қақпасы орналасады, ол арқылы артерия тамыры еніп, вена тамыры мен мен несепағар шығады. Бүйрек қақпасы бүйрек ішінде бүйрек қойнауына жалғасады. Бүйрек қойнауында кіші және үлкен тостағаншалар мен бүйрек түбегі орналасады.
Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы- нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған сжәне арларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі үрдістер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді
Бүйректің негізгі қызметі- несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығару ) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен судың мөлшеріне байланысты.Әдетте, ересек адамда тәулігіне 1000-1800 (орта есеппен 1500мл) несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия- тәуліктің диурездің азаюы, полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі, анурия-несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер-энурез (шыжың немесе түнде несебін ұстай алмау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).
Бүйрек аурулары адамда аса жиі кездесетін аурулар қатарына жатады. Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар: біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнімдерін бөліп шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек шумақтарында қан қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.
Жедел пиелонефрит- бүйректің тостағанша-түбек жүйесінің жедел бейспецификалық бактериальды қабыну ауруы. Микробтардың бүйрек түбектеріне және бүйрек тініне тікелей енуіне байланысты дамиды. Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер, энтерекокк.Бейімдеуші факторлар: зәр шығару жолдарының даму аномалиялары, конкременттері, қуық асты безінің аденомасы, уродинамиканың бұзылуына әкелетін патологиялық рефлюкстер, қантты диабет, туберкулез, гиповитаминоз, жүктілік, оральды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау.
Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарына 3 түрлі енеді: 1.      Гематогендік (әр түрлі іріңді ауруларда қан арқылы өту). 2.      Уриногендік (зәр шығару жолдары арқылы төменнен жоғары қарай тарау) 3.      Лимфогендік (ірің ошақтарынан лимфа арқылы өту).
Клиникалық айқындалуы: ауру жедел немесе еппен басталады. 1.Пациенттің ыстығы көтеріледі, шаршағыш болады, белі ауырады, тәбеті төмендейді, терісі бозарып кетеді.
 2.Дизуриялық бұзылыстар пайда болады-зәр бөлінгенде шаншу, ашып ауыру, зәр шығару жиі немесе өте сирек болады, кейбір жағдайда түнде зәрді ұстамау-энурез пайда болуы мүмкін. Бүйректің тұсын аздап ұрғыласа ауырсынады.
 3.Зәр анализіндегі өзгерістер-лейкоцитурия, бактериурия .
Ауру ағымы бойынша келесі клиникалық түрлерін ажыратады:
Аса жедел- пациенттің жалпы қалпы өте ауыр,дене қызуы жоғары, қалтыраулар;
Жедел- жергілікті белгілер айқындау болады,қалтырау;
Жеделдеу- температура көтеріледі, баланың жалпы жағдайы бұзылады, белі, іші ашып ауырады, зәрде лейкоцитурия анықталады;
Латентті- дизуриялық белгілер және зәрде өзгерістер анықталады.
Созылмалы пиелонефрит- бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.
Этиологиясы. Даму тегінен – пиелонофрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі рөл атқаратын қоздырғыштар: 1. Ішектік аутоинфекция – ішек таяқшалары, энтерококктар, протей стафилококк, көк іріңді таяқшалар 2. Экзоинфекция – урология, акушерлік-гинекология, реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдарымен жұғуы (көбіне іріңді кокктық инфекция); 3. Бактериялар және микоплазмалар 
Патогенезі: Созылмалы пиелонефрит дамуындағы негізгі патогенетикалық факторлар: инфекцияның урогенді, лимфогенді немесе гематогенді жолдармен енуі, бүйрек тінінің бактериялармен, эндотоксиндермен зақымданып,инфекциялық қабынудың дамуы. Инфекциялануға бейімдейтін жағдай- уродинамиканың бұзылуы. Оның себептері: несепағар моторикасының бұзылуы, рефлюкстер, несепағар стриктурасы, нефролитиаз, қуық асты безінің аденомасы.
Клиникасы: Созылмалы пиелонефриттің өршуі жедел пиелонефритке ұқсас болады: дене қызуы 38-39С дейін көтеріледі,қалтырау, бел тұсының ауырсынуы, зәр бөлінуінің жиіленуі, жалпы қалпының нашарлауы, тәбеттің төмендеуі, бастың ауруы,іштің ауруы, жүрек айну, құсу. Созылмалы пиелонефриттің бес негізгі клиникалық түрлерін ажыратады: латентті, гипертониялық, рецидивті,анемиялық, гематуриялық.
Латентті түрі- шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, арықтау кейде субфебрильді температура.
Гипертониялық түрі- бастың ауруы, бас айналу, демікпе, тұншығу, жүрек тұсының ауырсынуы.
Рецидивті түрі- бел тұсының ауырсынуы,дизуриялық өзгерістер күшейеді,дене қызуы көтеріледі, улану белгілері болады.
Анемиялық түрі- анемия белгілері, тәбеттің төмендеуі немесе бұрмалануы.
Гематуриялық түрі- еңбекке қабілеті төмендейді, кейде субфебрильді дене қызуы, бел тұсында ауырлық сезім болады.
Зәр шығару жүйесінің ауруларының негізгі симптомдары:
бел тұсының ауырсынуы;
сыздап ауырсыну пиелонефритте;
ісіктер;
дизурия - зәр бөлінуінің бұзылуы;
полиурия - зәр мөлшерінің көбеюі;
анурия- зәрдің бөлінбеуі;
олигоурия - зәр мөлшернің азаюы (600 мл төмен)
поллакиурия - кіші дәретке жиі отыру және ауырсынудың болуы;
ишурия - зәрдің тамшылап шығуы;
никтурия түнгі диурездің жоғарылау;
зәр түсінің және сипатының өзгеруі;
әлсіздік,тәбеттің төмендеуі, еңбекке жарамдылығының төмендеуі.
Зәр шығару жүйесі ауруларының негізгі синдромдары:
Бүйрек шаншымасы синдромы;
Артериалдықгипертензия синдромы;
Ісіну синдромы;
Нефротикалық синдром;
Зәр синдромы;
Бүйрек жетіспеушілігі синромы (жедел және созылмалы).[C.Қ.Валишаева,С.Қ. Асауова "ішкі аурулар"]
Негізгі диагностикалық шаралар:
Инструменталдық зерттеулер:
- бүйректі УДЗ: зəрді іркілу белгілері, туа біткен даму аномалиясы;
- цистография - қуық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдай;
- нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошақтары;
- диагноз түсініксіз болғанда - бүйректің диагностикалық пункциялы биопсиясы. 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: - мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныс органдары инфекцияларын санациялау үшін ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог;- аллергия көріністері кезінде аллерголог;- микроқантамырлардағы өзгерістерді бағалау үшін окулист; - айқын артериалды гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар кардиолог консультацясы үшін көрсетім болып табылады;- жүйелік процесс белгілері кезінде – ревматолог; - вирустық гепатит, зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа инфекциялар кезінде – инфекционист. 
Лабораториялық тексеру
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр), гематокрит.
2. Сандық əдіспен СРБ.
3. Колония жəне антибиотикограмманы таңдап зəрді себу.
4. Креатинин, мочевина, зəр қышқылын анықтау.
5. Шумақ фильтациясының жылдамдығын Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу:
                           (140 – жасы) х салмақ (кг) х коэффициент
ШФЖ, мл/мин = -------------------------------------------------------------------
                                  0.82 х қан креатинині (мкмоль/л) 
Коэффициент: əйелдер үшін = 0.85; ерлер үшін =1 
6. Жалпы белок, белок фракцияларын анықтау.
7. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.
8. Калий/натрий, хлоридтерді, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.
9. Қышқылды-негізді жағдайды анықтау.
10. Зоонозды инфекцияларға ИФА.
11. Зəрдің жалпы анализі.
12. Зəр белогының электрофорезі (зəрдегі бета 2- жəне альфа1-микроглобулинді анықтау).
13. Зимницкий бойынша анализ.
14. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
15. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.
16. Гельминт жұмыртқаларына қырынды алу.
17. Копрограмма. 
Қосымша диагностикалық шаралар:
1. Жасырын қанға нəжісті зерттеу.
2. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір проекция).
3. ЭКГ, эхоКГ.
4. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, АЧТВ, плазманың фибринолиттік белсенділігі).
5. А, М, G, E иммуноглобулиндердің барлығына ИФА.
6. Компьютерлік томография.
7. Нефробиоптатты гистологиялық зерттеумен бүйрек биопсиясы.
 Ем мақсаты:- бүйрек тіндеріндегі қабынбалық процесстерді жою немесе азайту (антибактериалды терапия); - симптоматикалық терапия – артериалды гипертензия, гомеостаз бұзылыстары, анемияны түзету;
- диурездік, нефропротективті терапия
 Емі: 1-Төсек режимі тек ауыр жағдайда тағайындалады, басқа кездерде пациенттің көбірек қимылдап тігінен жүргені зәрдің ағуына жағдай жасайды.
 2-Диета №7 стол. Тамағы негізінен сүт өнімдерінен болғаны дұрыс, сөткесіне 2 литрге жуық сұйықтық ішуі керек. Ащы, қуырылған, майлы тағамдар берілмейді.
 3-Антибактериалды ем ұзақ өткізіледі /нитрофуран дәрілері, налидиксин қышқылының препараттары/  микробтардың сезімталдығын ескере отырып 6-айдан-1,5 жылға дейін10-15 күннен өткізіледі.
 4-Антигистаминді препараттар
 5-Витаминдер комплексі
 6-Фитотерапия-қарақаттың жапырағы, аю құлақ, жолжелкен, дала қырықбуыны, қалақай, түймедақ, жүгері желкенінің қайнатпалары беріледі.
 7-Симптомдық ем.
Мейірбикенің рөлі:
Күтімі:
Пациенттің к үн тәртібін сақтауын қадағалау.
Пациенттің жалпы жағдайын бақылау (термометрия,тамыр соғысын, артериялық қысымды бақылау, тыныс алу жиілігі)
Пациенттің тамағын және сұйықтықты жеткілікті ішуін қадағалау.
Пациенттің уақтылы кіші және үлкен дәретке отыруын қадағалау.
Жеке  бас гигиенасын сақтау.
Дәрігердің белгілерін мұқият орындау.
Диспансерлік  бақылауға алынып емханада схемамен емдеуді жалғастыру- 10-15 күн антибактериалды терапия, 10-15 күн фитотерапия кем дегенде 6 ай бойы жүргізілу керек.
Профилактикасы:
Біріншілік профилактика:
Жедел пиелонефритті уақытылы және толық емдеу;
Қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел ауруларын емдеу;
Уродинамика бұзылыстарының себебін анықтап, жою (таспен бітелу, қуық асты безінің гипертрофиясы);
Қосарласқан ауруларды емдеу (қантты диабет, подагра);
Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау (созылмалы тонзиллит, холецистит, аднексит, тіс кариесі);
Салауатты өмір салты, дене шынықтыру, сыртқы жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау.
Екіншілік профилактика:
Диета сақтау- өткір, дәмдеуіштері көп тағамдарды шектеу, әлсіз минералданған сулар, егер ісіктер болмаса тәулігіне 1,5-2 л су ішу, белок және өсідік тағамдарын кезекпен қабылдау;
Артериялық гипертензияда ас тұзын шектеу;
Еңбек және демалыс шараларын дұрыс ұйымдастыру (шектен тыс күш түсуді, салқын тиюді болдырмау);
Уродинамика бұзылыстарының себептерін жою;
Жоспарлы рецидивке қарсы уроантисептиктермен емдеу;
Фитотерапия;
Ремиссия кезеңінде санаторлық- курорттық ем.
VI.Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:
Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.
Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:
1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.
— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.
— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.
— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.
— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Негізгіні қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы, темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.
-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.
— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.
2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.
3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.
4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.
5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.
Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.
6. Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.
7. Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.
8. Жазбаша пікір сұрауда, сауалнамаға жауап алу респонденттерді ынталандыруға байланысты болады (мысалы, респондентке арналған хат пен конверттің болуы). Кейбір респонденттер уақыты жоқтығынан немесе пікір сұраудың мағынасын ұнатпауынан оған жауап белгілері келмеуі мүмкін. Сондықтан қайткенде де жауап алудың жолдарын іздестіріп, ынталандыру әдістерін кеңінен қолдану қажет. Уақыттарын бөлгені үшін, респонденттерге кішігірім сыйлық немесе ақша беруге тура келеді.Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.
Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.
Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.
Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша көп сауал қойып, әңгімелескен кезде өз ойын қоса алады. Респонденттерге сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада жазылған күйінде өзгеріссіз қою керек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет. Сұхбат алушы сауалнаманы жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, нарықтарды, тұтынушыларды тереңірек қарастырып білуі қажет. Пікір сұрау алдында респонденттерге зерттеу мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпиялы болатынын айтып өту керек. Сауалнаманы жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды.
Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау: сауалнама
Зерттеуді жүргізу
Зерттеу объектісі: ҚМК, студенттері
Сауалнама
Сізді бүйрек ауруларының алдын алу мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып, өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты дөңгелетіп белгілеңіз. Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақталуына кепілдік береміз.
Жынысыңыз?
а) ер б) әйел
Сіздің жасыңыз? ----------
Сіз бүйрек аурулары туралы білесіз бе?
а) иә б) жоқ
4. Сіз қалыпты қан қысымыңызды білесіз бе?
а) иә б) жоқ
5. Бүйрек ауруларына алып келетін себептерді білесіз бе?
а) иә б) жоқ
6. Зәр шығару кезінде ауырсыну болады ма?
а) иә б) жоқ
7. Бүйрек аурулары кезінде алдын алу шараларын білесіз бе ?
а) иә б) жоқ
8. Күнделікті ащы, тұзды тағамдарды тұтынасыз ба?
а) иә б) жоқ
9. Сіз күніне 2 литр су (шай, кофе, сусындар және т.б) тұтынасыз ба?
а) иә б) жоқ
10. Сіз қанша уақыт физикалық жаттығулармен айналысасыз?
а) күніне 20 мин б) 1 аптада 40-60 мин

Ақпарат көздері.
Р.Ә. Көзденова "Қалыпты анатомия және физиология".
Х.Қ. Сәтбаева "Адам физиологиясы".
А.А. Оспанова "Ішкі аурулар".
С.Қ.Асауова, С.Қ. Валишаева "Ішкі аурулар"ІІ том.
В.Н. Ослопов "Терапиялық клиникадағы науқастың жалпы күтімі".
Med-Tutorial.ru
invalidnost.com

Приложенные файлы

  • docx 18913428
    Размер файла: 45 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий