Sotsiologia


<question>Зерттеліп отырған топқа зерттеушінің өзі қатысатын, зерттеу әдісінің түрі?
<variant>қатыстық бақылау
<question>Қоғамның дамуын таптардың күресімен байланыстырған кім?
<variant>К.Маркс
<question>Сұрау барысында ақпарат көзі болып табылатын адам?
<variant>респондент
<question>Э.Дюркгеймнің ойы бойынша механикалық ынтымақтастық негізделеді?
<variant>ортақ ұжымдық санаға
<question>Қоғамда басқару мен билікті жүзеге асырушы мәртебеге ие адамдардың тобы?
<variant>басқарушы элита
<question>Өткен оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік беретін, барлық ақпаратты талдауға бағытталған әлеуметтанулық зерттеу әдісі?
<variant>құжаттарды талдау
<question>Өзге адамның өмір салтына, мәдениетіне, ұстанымы мен көзқарасына сыйластықпен, құрметпен қарау?
<variant>толеранттылық
<question>Қоғамның дамуы мен түрлерін түсіндіруде «ашық және жабық қоғам» жіктемесін ұсынған ғалым?
<variant>К.Поппер
<question>М.Вебер ақыл–парасаттылық легетимділікте нені жоғары қояды?
<variant>заңды<question>Феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі?
<variant>Сословиелік
<question>Элитарлық мәдениет?
<variant>қоғамның мәртебеге ие бөлігі жасайтын мәдениет
<question>О.Конт ұсынған әлеуметтік зерттеудің әдістері?
<variant>Бақылау, эксперимент, салыстыру
<question>Өмірдің мәнін «рахатқа» кенелу деп түсінетін, тапқан табысын ойын сауыққа жұмсайтын тұлғаның түрі?
<variant>Гедонист
<question>Дамудың біртіндеп, өз ырғағымен, секіріссіз, үзіліссіз, жаңа сапалық деңгейге өту түрі?
<variant>Эволюция
<question>«Қоғамдық еңбек бөлінісі», «Әлеуметтанудың әдістері» еңбегінің авторы?
<variant>Э.Дюркгейм
<question>Аут топ дегеніміз қандай топ?
<variant>Өзін белгілі бір топқа қатысты бөтен ретінде сезіну
<question>Зигмунд Фрейд қандай теорияның негізін салушы?
<variant>психоталдау
<question>Сауалнама әдісі қандай әдіс?
<variant>Зерттеу барысында анкета толтыру арқылы мәлімет жинау
<question>Р.Мертон бойынша «мақсаттан да, мүмкіндіктен де бас тартуды» білдіретін әрекет?
variant>ретреатизм
<question>Тұлғаның қалыптасуында ескі әдеттерден арылуы?
<variant>деәлеуметтену
<question>О.Конт бойынша адамзат рухының қай кезеңінде болып жатқан жағдайлардың бәрі де тылсым күштің әсерімен түсіндіріледі?
<variant>Теологиялық
<question>Әлеуметтану нені зерттейтін ғылым?
<variant>Қоғамның ерекше қызмет атқаруы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы
<question>Д.Белл бойынша қоғамның даму сатылары?
<variant>Индустриялыққа дейін, индустриялық, постиндустриялық
<question>Әлеуметтiк норма дегенiмiз?
<variant>қоғамда рұқсат етiлетiн ереже немесе өлшем
<question>Субмәдениет дегенiмiз?
<variant>қандай да бiр қауымдастықты немесе әлеуметтiк топты ажырататын нышандардың, құндылықтардың, нормалардың, тәртiп үлгiлерiнiң жиынтығы
<question>Іріктеу дегеніміз?
<variant>Зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
<question>Әлеуметтануда биологиялық (органикалық) бағыттың негiзiн қалаушы?
<variant>Г. Спенсер
<question>Ашық стратификациялық жүйені сипаттайтын тәртіп?
<variant>Мобилділіктің жүзеге асуы
<question>Бірнеше ер адаммен бір әйел адамның некелесуі?
<variant>полиандрия
<question>Әлеуметтік девиация дегенiмiз не?
<variant>қалыпты жағдайдан, ережелерден ауытқу
<question>Э.Дюркгейм әлеуметтану зерттеуі тиіс әлеуметтік фактілерге нені жатқызды?
<variant>Салт-дәстүр, ақша, заң
<question>Эгалитарлық отбасылық жүйе?
<variant>Билiк ерi мен әйелiнiң арасында теңдей бөлiнетiн
<question>«Өркениеттер адасуы» еңбегінің авторы?
<variant>М.Шаханов
<question>Макроәлеуметтану нені зерттейді?
<variant>Қоғамды тұтастық ретінде қарастырады
<question>Мына әлеуметтанушылардың ішіндегі қайсысы қоғам дамуының үш сатысын бөлді: теологиялық, метафизикалық, позитивтік?
<variant>О.Конт
<question>“Ия” және “жоқ” деген екі жауаптан тұратын сұрақтың түрі?
<variant>дихотомды сұрақтар
<question>Бір баланың ата-аналарымен бірге қалып өмір сүруі?
<variant>стержндік отбасы
<question>Бипатрид дегеніміз кімдер?
<variant>қос азаматтығы бар адамдар
<question>«Әлеуметтену» дегеніміз не?
<variant>индивидтiң тәртiп үлгiлерiн, әлеуметтiк нормалар мен құндылықтарды меңгеру арқылы тұлғаға айналу процесі
<question>Интервью әдісі?
<variant>Зерттеу барысында респондентпен интервьюердің әңгімелесу арқылы сұрау жүргізу
<question>Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз?
<variant>әлеуметтiк теңсiздiктiң формаларын анықтайтын ұғым
<question>П.А. Сорокин мына тұжырымдамалардың авторы болып саналады?
<variant>әлеуметтiк стратификация мен мобильдiлiк
<question>Рөлдік күту дегеніміз?
<variant>Белгілі бір әлеуметтік рөл шеңберінен күтілетін іс-әрекет
<question>Социометрия әдісі қандай топты зерттеуде жиі пайдаланылады?
<variant>Шағын топты
<question>Әлеуметтанудың пәнi?
<variant>әлеуметтiк қатынастар мен байланыстар
<question>Әлеуметтанудағы позитивизмнің негізін қалаушы?
<variant>О.Конт
<question>Ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жоғалтып, өзге ұлттың құрамына сіңісіп кетуі?
<variant>ассимиляция
<question>Сауалнамадағы жабық сұрақтар дегенiмiз?
<variant>жауаптың бiр нұсқасын ғана таңдау
<question>Урбанизация дегеніміз?
<variant>халықтың қалаға, қала маңына топтасуы
<question>Ғылыми қауымдастықта зерттеу мәселелерін айқындау және оларды шешу үшін үлгі ретінде қолданылатын концепция?
<variant>парадигма
<question>Респонденттің ақпаратты иеленуі немесе зерттеліп отырған мәселе туралы білімін тексеру үшін қойылатын сұрақтар?
<variant>Білім туралы сұрақтар
<question>Тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары?
<variant>Субординация
<question>Ғылымда кең тараған қоғамның формациялық үлгісін ұсынған кім?
<variant>К.Маркс
<question>О.Конт бойынша әлеуметтану зерттейді?
<variant>әлеуметтiк статиканы және әлеуметтiк динамиканы
<question>Кім жасағаны белгісіз мәдениет қалай аталады?
<variant>халықтық
<question>Жасанды шарттарды енгізу арқылы адамдардың іс-әрекетін ғылыми бақылау әдісі?
<variant>эксперимент
<question>Әлеуметтiк статус дегенiмiз?
<variant>әлеуметтiк жүйедегi индивидтiң нақты орны
<question>Қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар мен мекемелердің жиынтығы?
<variant>әлеуметтік институт
<question>М.Вебер әлеуметтануы қалай аталады?
<variant>Ұғыну (түсіну) әлеуметтануы
<question>Социометрияны енгiзген ғалым, психиатр?
<variant>Я.Морено
<question>Қызметте көтерілу қандай мобильділік?
<variant>тік
<question>Нуклеарлық отбасы?
<variant>Ерлі-зайыптылар және олардың балалары ғана тұратын отбасы
<question>О.Конттың мына заңы әлеуметтiк даму теориясы болды?
<variant>Үш кезең заңы
<question>Адамның шығу тегі оның девиантты мінез-құлқына әсер етеді деп санайтын теория?
<variant>биологиялық теория
<quesion>Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімінде пайдаланылған ұғымдар?
<variant>Механикалық және органикалық ынтымақтастық
<question>Барлық әлеуметтік институттардың басты қызметі болып табылады?
<variant>қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
<question>Батыс әлеуметтанушыларының айтуы бойынша, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететiн таптар?
<variant>орта тап
<question>Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика туралы iлiмдi қалыптастырған кім?
<variant>О.Конт
<question>Сауалнамадағы ашық сұрақтар дегенiмiз?
<variant>жауабын өзiң жазатын сұрақ
<question>Мына стратификациялық жүйе ашық жүйе болып табылады?
<variant>таптық
<question>Әлеуметтiк мобилдiк дегенiмiз?
<variant>жеке адамның немесе топтың әлеуметтiк мәртебесiнiң өзгеруi
<question>Бір мезгілде бірнеше әйелмен некелесу дегеніміз?
<variant>полигиния
<question>"Постиндустриялық қоғам" теориясының авторы?
<riant>Д.Белл
<question>Қоғамның революциялық жолмен дамуын жақтаған ғалым?
<variant>К. Маркс
<question>Постиндустриялық қоғамда үстем ететін әлеуметтік институт?
<variant>Білім
<question>П.Сорокин бойынша индивидтің немесе топтың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне туі ол?
variant>Әлеуметтік мобилдік
<question>Индустриялыққа дейінгі қоғамдағы маңызды әлеуметтік институт?
<variant>Отбасы
<question>«Бастапқы» және «қосалқы» топ ұғымын енгізген?
<variant>Ч.Кули
<question>Эксперттік сұрау?
<variant>Зерттелініп отырған сала бойынша білікті мамандардың сұралуы
<question>Институттану дегеніміз?
<variant>әлеуметтік нормалар мен ережелердің орнығу, бекітілу процесі
<question>«Айнадағы мен» теориясының авторы?
<variant>Ч.Кули
<question>Туыстық топ ішіндегі некелік жұпты таңдау?
<variant>эндогамия
<question>Азаматтығы жоқ, яғни қандай да бір болмасын мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар?
<variant>Апатридтер
<question>Ч. Ломброзо бойынша адамның ауытқымалы мінез-құлқына әсер етеді?
<variant>шығу тегі(ген)
<question>Әлеуметтік теңсіздікті білдіретін термин?
<variant>Әлеуметтік стратификация
<question>«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегiнiң авторы?
<variant>М.Вебер
<question>Халықтың жаппай кедейлену процесі?
<variant>Пауперизация
<question>Социологиядағы ынтымақтастық теориясының авторы?
<variant>Э.Дюркгейм
<question>К.Маркс бойынша әлеуметтік стратификацияның негізгі критериі?
<variant>Табыс
<question>Тұлғаның үш деңгейлі құрылымы (Ол, Мен, Жоғарғы мен) қай концепцияның шеңберінде қарастырылады?
<variant>Психоталдау
<question>Мүшелерінің арасындағы өзара әрекет тек бір жақты болатын, тұрақтылығы төмен топтар?
<variant>Квазитоп
<question>Коммуникатормен өзара әрекет үшін біріккен әлеуметтік қауымдастық?
<variant>Аудитория
<question>Дәстүрлі және қазіргі қоғамды талдауда «қауымдастық» және «қоғам» ұғымдарын қолданған ғалым?
<variant>Ф.Теннис
<question>Маргинал тұлға?
<variant>екі немесе оданда көп мәдениеттердің шекарасында аралық ұстанымды иемденетін адам
<question>Жас отбасылардың ата-аналарынан бөлек, жеке тұруы?
<variant>неолокалды
<question>Сауалнамаға жауап беруші адам?
<variant>Респондент
<question>“Әлеуметтiк дарвинизм” деп аталатын әлеуметтанудағы бағытты негiздеген кім?
<variant>Г. Спенсер
<question>П.А.Сорокин бойынша әлеуметтiк стратификацияның үш типi?
<variant>Экономикалық, саяси, кәсiби
<question>Сана мен тәртіптің әлеуметтік маңызды сипаттарын бойына сіңіре отыра тұлғаның қалыптасу процесі?
<variant>Әлеуметтену
<question>Э. Дюркгейм бойынша «аномия» ұғымы?
<variant>Ескі заңдардың әсері әлсіреп, жаңа заңдардың әлі күшіне енбеген сәттегі қоғамның заңсыз, вакуумдық жағдайы
<question>Әлеуметтік стратификацияның касталық жүйесінің негізінде не жатыр?
<variant>Діни ережелермен бекітілген этникалық ерекшеліктер
<question>Г. Спенсер бойынша қоғам қандай екі түрге бөлінеді?
Әскери және өндірістік
<question>Қоғамды бір тұтас жүйе ретінде қарастырып, оны адам ағзасымен салыстырған кім?
<variant>Г.Спенсер
<question>Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері?
<variant>Индивидтер, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік институттар
<question>Панасыздар мен қаңғыбастар, мәдени деңгейде азғындап кеткен адамдар қандай топқа жатады?
<variant>Андертапқа
<question>Вестерн электрик компаниясында «Хоторн экспериментін» жүргізген кім?
<variant>Э.Мэйо
<question>Дамыған елдердің әлеуметтік құрылымын қандай геометриялық фигурамен белгілейміз?
<variant>ромб
<question>Индивидтің жана нормаларды, құндылықтарды игеруі?
<variant>реәлеуметтену
<question>Жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару?
<variant>депортация
<question>«Стигматтау» теориясы нені түсіндіреді?
<variant>Ауытқыған адамның іс-әрекетіне таңба тағуды
<question>Белгілі бір әлеуметтік ортаға тән, іс-әрекет ережелерінің жүйесі?
<variant>этикет
<question>Нувориш дегеніміз?
<variant>тез байыған адамдар
<question>Өмірге шынайы қарап, үнемі дамуға тырысатын, жауапкершілікті сезінетін, өзін тәрбиелейтін және бақылайтын тұлғаның түрі?
<variant>реалист
<question>Отбасында ерлі-зайыптылардың біреуі жоқ болса, ол қандай отбасы деп аталады?
<variant>толық емес
<question>«Европа мен Америкадағы поляк шаруасы» атты алғашқы әлеуметтанулық зерттеу нәтижесінде жазылған еңбектіңавторлары?
<variant>У.Томас пен Ф.Знанецкий
<question>Орта деңгей ілімін ұсынған?
<variant>Р.Мертон
<question>Зерттеушінің барлық іс-әрекеті көрсетілетін құжат қалай аталады?
<variant>зерттеу бағдарламасы
<question>Адамдарға олардың өмірін түсінуге мүмкіндік беретін әлеуметтанудың функциясы?
<variant>теориялық-танымдық
<question>Дж. Хоманс пен П.Блау негізін салған микропарадигмалық ілім қалай аталады?
<variant>айырбас ілімі
<question>Макропарадигмалық ілімді көрсетіңіз?
<variant>Т.Парсонстың құрылымдық-функциялық ілімі
<question>Өткен оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік беретін, құжаттармен жұмыс жасайтын әдістің түрі?
<variant>құжаттарды талдау
<question>Әлеуметтік статустары мұрагерлік жолмен беріліп, заңмен бекітілетін стратификациялық жіктелудің түрі?
<variant>сословие
<question>Балалардың өз ата-аналарының әлеуметтік статусынан жоғары не төмен болуы мобильділіктің қандай түрі?
<variant>ұрпақтар арасындағы
<question>Халықтың саяси өмірге немқұрайлы қарауы, азаматтық міндеттерді атқарудан бас тартуы?
<variant>абсентеизм
<question>Өзге мәдениетті өз этникалық қоғамдастығының ұстанымымен бағалау?
<variant>этноцентризм
<question>Әртүрлі көзқарастар мен пікірлердің болуын түсіндіретін ұғым?
<variant>плюрализм
<question>Әлеуметтанушылардың ішінде кім капитализмнің дамуын протестанттық этикамен байланыстырды
<variant>М.Вебер
<question>М.Вебердің жіктемесіне кірмейтін әлеуметтік әрекеттің түрі?
<variant>инновациялық
<question>М.Вебер аффективті іс-әрекет деп қандай әрекетті атады?
<variant>көңіл-күй мен сезімдердің әсерінен туындайтынын
<question>Тауарларды не қызмет түрін пайдалана отырып, қажеттіліктерді қанағаттандыру?
<variant>тұтыну
<question>Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу кезінде орын алған жұмыссыздықтың түрі?
<variant>фрикциондық
<question>Өмір сүру үшін қажетті ресурстардың жетіспеушілігі?
<variant>кедейлік
<question>Адамның тіршілік әрекетін қолдау үшін қажет ақшалай қаражаттың ең төмен деңгейі?
<variant>күнкөріс минимумы
<question>П.Сорокиннің ойы бойынша қандай әлеуметтік институт тік мобильділіктің каналы бола алмайды?
<variant>мәдениет
<question>Жинақталған тәлім-тәрбие мен жүйелі білім беруді, дағдыны тарату қажеттілігі қай әлеуметтік институтқа тән?
<variant>білім
<question>Қол жеткізген статусты атаңыз?
<variant>директор
<question>Ең алғашқы қоғамның түрі?
<variant>аңшылар мен терімшілер қоғамы
<question>Индустриалды қоғамда қоғамның басым бөлігі қандай салада жұмыспен қамтылған?
<variant>өнеркәсіпте
<question>Бірінші реттік әлеуметтенудің агенттері болады?
<variant>отбасы
<question>Касталық жүйе өмір сүрген мемлекет?
<variant>Үндістан
<question>Қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы салуан байланыстар?
<variant> Әлеуметтік құрылым
<question>Әлеуметтанудың зерттеу объектісі?
<variant>тұтас қоғам
<question>Әлеуметтік жіктелудегі төменгі таптың ең төменгі бөлігі?
<variant>люмпендер
<question>Ер мен әйел қарым-қатынастарының заңдастырылуы негізінде құрылған одақ қалай аталады?
<variant>неке
<question>Адамның ұлты, жынысы, нәсілі қандай әлеуметтік статусқа жатады?
<variant>табиғи
<question>Депривация дегеніміз не?
<variant>болашаққа артқан үміттер мен сенімдердің орындалмау процесі
<question>К.Маркс қоғамның дамуын суреттеуде қандай ұғымды қолданды?
<variant>формация
<question>Жеке адамның өзіне ғана тән қасиеттерінің жиынтығы?
<variant>индивидуалдылық<question>Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жалпы ұлттық халық санағы қашан жүргізілді?
<variant>1999ж

Приложенные файлы

  • docx 18924894
    Размер файла: 44 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий