Shpora ESiPS 1


34. Күштік трансформатордың негізгі көсеткіштері және олардың анықтамалары. Айнымалы электр тоғының кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған құрылғыны трансформатор деп атайды.
Трансформатордың құралымы мен қызметі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Темірден жасалған өзекке екі орама орайды. Ол ораманың біреуі электр генераторымен ал екіншісі электр энергияны тұтынушыларға қосылады. Электр тоғы генератордан немесе бірінші орамадан өткенде, темір өзекте айнымалы магнит өрісі пайда болады.
Трансформаторлардың негізгі параметрлері мыналар: номиналды қуаты, орамалардың номиналды кернеуі, номиналды тоқ, қысөқа тұйықталу кернеуі, орамаларды қосу түрі және сұлбасы.
Трансформатордың түрін таңдап алу, олардың параметрлеріне және тұтынушылардың категориясымен жұмыс істеу графигіне байланысты.
Электрэнергетика өндірісінде трансформаторлардың орамаларының жалғану түрін және оларды тізбекке қосу сұлбаларын тиімді түрде таңдап алу керек. Әдетте, трансформаторларды іске қосқанда Y –жұлдызша, – жұлдызша сұлбаның бейтарап нүктесі жермен қосылған және ∆ - үшбұрышыт сұлбалар қолданылады.
51. Қысқа тұйықталу тоғының құрамы. Соққы тоғы туралы жалпы мәлімет. Қысқа  тұйықталу   (ҚТ)  деп фазалар арасындағы  тұйықталуларын, тікелей – және тиімді - жерлендірілген бейтараптамалар  тораптарында  фазаның  жерге  тұйықталуын және  де  электрлік машиналарда   орамдық  тұйықталуларын   айтады. Қалыпты жұмыс  тәртібінде және  ҚТ  кезінде қысқыштарда  суретте  көрсетілгендей  симметриялы және мәні  бойынша  өзгеріссіз  үш фазалық  кернеу  жүйесі  сақталады.
92710125095
Сурет – Кернеуі өзгеріссіз  шина  жүйесінен  (шектеусіз  қуат  көзі)       қоректенетін  үш фазалы симметриялы тізбек
 Қысқа  тұйықталу  кезінде  тоқ  пен  кернеу  арасындағы  кернеу  өзгерді, ал  тоқтар  артады. Қысқа  тұйықталу  торапты  екі бөлікке  бөледі: оң жағы, r1 және  х1 = ωL1 кедергілермен, және сол жағы, қорек  көзі  және ҚТ тізбегінде   rк  және xк= ωLк кедергілері  бар.
Тізбектің оң  бөлігі  ҚТ шунтталады және тізбектегі  тоқ индуктивтілікте L1 жиналған магнитті  өріс  энергиясы, активті кедергіде r1 бөленітін жылуға  өткенше ұсталынып тұрады. Бұл тоқ мәні қалыпты режим тоқ мәнінен артпайды және нөлге дейін ақырын сөніп, қондырғыға қауіп тудырмайды.
Тізбектің  сол  жақ  бөлігінде тәртіптің өзгеруі, индуктивтілігі  Lк   бар  кезінде қорек  көзі  бар  және келесі өрнекпен  сәйкес өтпелі  процесте  болады.

мұнда u және i – тоқ  пен  кернеудің сәйкесті  лездік  мәні.
Толық тоқтың максималды лездік мәні ҚТ процесі басталғаннан кейін 0,01с    өткен соң пайда болады, соққы тоғы деп аталып iу болып белгіленеді: 

 мұнда  kу  –  тұрақты  уақыттан  тәуелді, соққы  коэффициенті .
123. Қысқа тұйықталу тогын шектеу тәсілдері.
1-тәсіл. Электр тораптарын секциялау. Бұл тәсіл арқылы ҚТ тогының деңгейін 1,5-2 есе төмендетуге болады.

А- секциялы ажыратқыш қосылып тұр
Б- секциялы ажыратқыш сөніп тұр
2-тәсіл Реакторлар арқылы. Реакторлар ҚТ тогын шектеу үшін және ақау болған жағдайда шиналарда кернеуді белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін қажет. Олар кернеуі 6-10 кВ электр тораптарында қолданылады (кей жағдайда 35 кВ).


А- реакторсыз
Б- реактормен
3-тәсіл Екі еселі реактор арқылы. Бұл тәсіл қалыпты режімде кернеудің төмендеуін азайту үшін және ҚТ тогның шектеу үшін қолданылады.
\


А,Б – қосу сұлбасы
В – электрлік сұлба
126. Қысқа тұйықталу тогына өткізгіштердің және аппараттардың термиялық және электродинамикалық төзімділігі.
Электродинамикалық: Егер өткізгіштерден өтетін токтың бағыты бағыттас (а) болса, өткізгіштер тартылады. Ал қарама-қарсы (б) болса, тебіледі.


Электродинамикалық төзімділік – аппараттар мен өткізгіштердің олардан ҚТ тогы өткен кездегі механикалық әсерге, қысым,а төтеп беру қабілеті Яғни, және деформациясыз қалыпты жұмысын атқаруы.
ҚТ тогының әсерінен өткізгіштің температурасы өседі, ол тіпті оқшауламаның балқуына және жануына алып келеді.Термиялық төзімділік – өткізгіштіңтемпературасы рұқсат етілген температурадан аспауы керек.
2. Қазақстан электроэнергетикасы. Қазіргі жағдайы, болашағы, даму жолдары. Қазақстандағы  электрэнергиясын  тұтыну өз  шыңына   жетті,  1990 жылы  ол 105,0 млрд. кВт.с құрады. Келесі басталған экономикалық тоқырау, өндірістің  құлауы, электрэнергияның жыл  сайын 6-8%-ға  кемуіне  әкеліп соқты, ол 2000 жылы 54,0 млрд. кВт. с-қа  жетті. Қазіргі  уақытта  ҚР-ның  экономикасы  өрлей  бастады, ол өз кезегінде өндірістің дамуына  және электрэнергия  тұтыны-сының  артуына  әкелді. Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген.
122.Өлшеуіш кернеу трансформаторы. Ерекшеліктері
Өлшеуіш кернеу трансформатор— бірінші оралымына өлшенетін кернеу, ал екінші оралымы өлшеуіш аспапқа немесе сақтандырғыш релеге қосылған электрлік трансформатор. Өлшеуіш трансформатор негізінен жоғарғы кернеудегі айнымалы тоқ тізбегінде токты, электрлік кернеуді, қуатты, энергияны және басқа параметрлерді өлшеу шегі 100 В және 5 А-ге дейін бірыңғайланған электр өлшеуіш аспаптармен өлшеуге арналған.
Ол кернеу шамасын 100 н/е 100√100 В дейін төмендету үшін қажет. Олар бірфазалы және үшфазалы болады. Үш фазалы трансформаторлар 18 кВ кернеуге дейін, ал бірфазалы трансформаторлар кез-келген кернеуге қолданылады. Оқшаулағыш типіне байланысты түрлері: құрғақ, майлы, құйылған оқшауламамен.
110 кВ жоғары кернеуде каскадты НКФ ӨКТ-лары қолданылады. Оның ЖК орамасы бірнеше магнитөткізгішке бөлініп орналыстырады, сол үшін оның оқшауламасы жеңілдейді. Орама каскадтары көп болған сайын, оның активті және реактивті кедеогілері көп болады, қателіктері өседі, сондықтан НКФ-330, НКФ-500 трансформаторлары тек 1-3 дәлдік кластары үшін шығарылады.
36.Өлшеуіш ток трасформаторы.Ерекшеліктері. Ток трансформаторы өлшеуіш аспаптары бақыланып тұрған тізбекте қауіпсіз қосуға келмеген жағдайда, жоғары көрсеткішті токтарды өлшеу үшін қолданылады. Ток трансформаторын қолдану арқылы өлшеуіш аспапты бақылаудағы тізбектен кез-келген ара қашықтықта орналастырып, қалқан немесе бақылау пультінің бір ғана жеріне шоғырландыруға болады.Ток трансформаторы электротехникалық болаттан құйылған жұқа беттерден, бірінші және екінші ретті орамадан құрастырылған тұйықталған магнитті өткізгіштен тұрады.Ток трансформаторының бірінші ретті орамасы желіге тізбектей жалғанады (1-сурет), ал екінші ретті орамасы амперметрмен және бір-бірімен тізбектей жалғанған басқа да өлшеуіш аспаптардың ток шамасы бір болатын ток тізбегімен тұйықталады.Амперметр мен өлшеуіш аспаптың ток тізбегіндегі қосынды кедергісі сәйкесінше аз (әдетте 1 Омнан кіші), сондықтан ток трансформаторы күштік трансформатордың қысқа тұйықталу шартына жақын жағдайда жұмыс істейді.Трансформатордың бірінші орамасындағы токтың өзгеруі оның екінші орамасындағы токтың өзгеруіне алып келеді, сонымен қоса екінші ретті ток бірінші реттіге пропорционал.
13. Синхронды генераторлардың қоздыру жүйелері. Түрлері ерекшеліктері. СГ ротор орамы арнайы  тұрақты тоқ  көздерінен, қоздырғыштардан қоректенеді. Көмекші және реттеуші құрылғылардың қоздырғыштар жиынтығы қоздыру жүйесі деп аталады. Қоздыру тоғын реттей отырып,синхронды генератордың  кернеуін  және торапқа  берілетін реактивті  қуатты өзгертеді. Қоздыру  жүйесі  жеткіліктітүрде  жылдамәрекеттіжәне  торапта  апат  болған  жағдайдатөбелік (потолочные) қоздырудықамтамассыз  етуі  керек. Қысқа  тұйықталуда, қоздыруды  еселеу (форсировка) қолданылады. Қоздыру  жүйесініңмаңызды  сипаттамасы: ротор орамындажеделдетукезінде ротор  орамындакернеудің арту  жылдамдығын  анықтау, 3.1 суретте  көрсетілген, қисық  бойыншакөрсетілгенжылдамәрекеттілік  болып  табылады.  Барлық  қоздыру жүйелері екі топқа бөлінеді: тәуелсіз қоздыружәнеөздік қозу (тәуелді қоздыру). Мұндай қоздыру жүйесінің кемшіліктеріне: қоздыру  арту жылдамдығының  аздығы; тұрақтытоқ  генераторының  діріләсеріненжәне  коллектор мен щетканың (коммутацияларшарттары) қиын  жұмыс  шартынансенімділігініңтөмендеуіболып  табылады. Қуаты 165 МВт-тан  жоғарытурбогенераторлардақажеттіқуатта  айналу  жиілігі 3000 айн/мин тұрақты  тоқ  генераторын,  коммутация  шарттары  бойынша  дайындау  күрделі  болып  табылады .  
25. Ток трансформаторының тізбекке қосу сұлбалары. Ерекшеліктері. Жұмыс тізбегіндегі бірінші орамдағы тоқты 5A немесе 1A-ге дейін төмендететін электр өлшеуіштік аппараттарын тоқ трансформаторлары деп атайды. Сонымен қатар, тоқ трансформаторы өлшеуіш және сақтандыру құралдарын бірінші тізбектің жоғары кернеуінен бөледі. Қазіргі уақытта тоқ трансформаторларын өнеркәсіпте және шаруашылықта кең қолданады.
Тоқ трансформаторларының дәлдігінің 5 классы бар. Олар мыналар: 0,2; 0,5; 1; 3; 10; бұл дәлдіктер өлшеу процессінде тоқ мөлшерінің қателігін пайызбен көрсетеді (∆I%). Тоқ трансформаторларының шаруашылыққа көп қолданылатын түрлері мыналар: ТПОЛ, ТПЛ, ТЛМ, ТШЛ
Айта кететін маңызды мәселенің бірі – тоқ трансформаторларының екі өлшеу қателігі бар. Олар мыналар:
Тоқ мөлшерінің қателігі
Бұрыштық қателігі
Екінші ораманың шығысы
Тоқ мөлшерінің қателігін мына формуламен табуға болады:
▲I=IH*KH-IH немесе пайызбен ▲I=I2*KH-I1*100%/I1
Тоқ трансформаторы тұйықталған электротехникалық темірден жасалған өзектен, бірінші орамадан және екінші орамадан тұрады. Бірінші жоғары кернеулі орамасы электр энергия көзіне тізбектеп қосылады, ал екінші орамаға өлшеуіш немесе сақтандырғыш құралдарын (амперметр, счетчик, реле) қосады.
86. Электр станциялары мен қосалқы станцияларының жұмыс механизмдері. Оларды топқа бөлү тәртібі. Нақты мысал келтіріңіз де, толық түсініктеме жазыңыз. Электр станциясы - электр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы.Электрлік қосалқы станция дегеніміз электр станцияларынан келіп жеткен энергияны түрлендіріп таратуға арналған қондырғы. Энергияның бірінші түрі арнаулы қондырғыларымен түрлендіріліп – станцияларда энергияның екінші түрін алады. Станциялар энергияның екінші түрін өндіргенде энергияның бірінші түрінің қайсысын қолданса соған байланысты алынады. Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының мынадай түрлері бар:
Жылу электр энергиясы. Жылу-қуат қондырғылары немесе жылу электрстанциялары, бұлар органикалық отынның химялық байланысқан энергиясын пайдаланады. Отынды жаққанда түтіннің қызуын және жылуын пайдаланады.
Атом электрстанциялары кейбір ауыр элементтер ядросын нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарып ыдыратқанда туатын энергияны немесе термоядролық реакциалар энергиясын пайдаланады. Қазіргі АЭС-да табиғи энергия көзі ретінде уранды пайдаланады.
Су электрстанциялары көбінесе төменге қарай құлап аққан су күшін пайдалану арқылы жумыс жасайды. Яғни сарқыраманы пайдалану аркылы.
Жел электрстанциялары - атмосферадағы ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.
Күн электрстанциясы - гелио қондырғылар тура түсіп тұрған күн сәулелерінен энергия шығарады.
Геотермиялық электрстанциялар - жер астындағы энергия көздерін пайдаланады.
Толқынды электрстанциялар - теңіз бен мұхит толқындарының тасқын энергиясын қуат көзінде жаратады.
87. Электроқондырғылардағы  жерлендіргіш  құрылғылар. Олардың түрлері. Атқаратын жұмыстары. Айырмашылықтары. Нақты мысал келтіру.Жерлендіргіш  құрылғылардың  бағытталуы және  жердегі  тоқ  ағыны. Бағытталуы  бойынша келесідей болып бөлінеді: найзағайдан  қорғайтын жерлендіргіш - ғимараттарды, электрқондырғыларды найзағайдың  тура  соққыснан (найзағай тартқыш) қорғайды және тіректерді, разрядниктерді және басқаларын  жерлендіру үшін қолданылады; жұмысшы  жерлендіру  - электрқондырғылардың  қалыпты  жұмысын қамтамассыз  ету  үшін (110 кВ және  одан  жоғары тораптарда күштік  трансформаторлардың  бейтараптамасын жерлендіру); қорғаушы жерлендіру -электрқондырғылардың  қызмет етуін қауіпсіздендіру  үшін   қолданылады.Жерлендіргіш  құрылғының  кедергісі:   жерлендіргіш  сымның  кедергісінен  (жерлендіріген аппараттан, жерлендіргішке  дейін); жерлендіргіштің  метал  бөліктерінің  кедергісінен; жерлендіргіш және жердің арасындағы  тоқ  өткенде  жер әсер ететін (сейілу  кедергісі) өтпелі кедергіден  тұрады.Жерлендіргіш құрылғыларды құрастырған  кезде бірінші  кезекте табиғи жерлендіргіштер  қолданылуы  керек. Табиғи  жерлендіргіштер  арқылы жеткілікті түрде жерлендіру кедергісі болмаған  жағдайда        жасанды  жерлендіргіштерді  салады, оларды қарапайым жерге тік  қағылған болат трубалардан  немесе   ұзындығы  2-3 м  бұрыштық  болаттан ара-қашықтығын  бір-бірінен  3-6 м алшақтатып  орындайды. Құбырларды сыртқы диаметрі  бойынша 48 немесе 60 мм, ал бұрыштық  болатты - өлшемдері  50x50 немесе 60х60 мм түрінде қолданады.
119.Электр станциялардың өзіндік мұқтажындағы электр қозғалтқыштарының өздігінен әске қосылуы. Электр қозғалтқыштарды іске қосудың режімі.Нақты мысал келтіріп, толық түсініктеме жазыңыз. Қысқа  тұйықталған  роторлы  асинхронды  қозғалтқыштар (АҚ) неғұрлым  кеңінен  қолданыс  тапты. Бір  және қосжылдамдылықты АҚ  қолданылады. Негізгі  кемшілігі айналу  жылдамдылығын  икемді реттеу  мүмкіндігі  жоқ, алайда  көптеген  жағдайларда бұл талап орындалмайды. Синхронды электрқозғалтқыштарда (СҚ) аралық құрылғыларды қолданусыз айналу жилігін реттеу  мүмкіндігі жоқ, бірақ  олардың П.Ә.К., реактивті  қуатты  өндіру  қабілеті неғұрлым  жоғары  болады,   жоғары  қуатқа  дайындалады және  қуатты  аз  жүрісті шарлы диірменді (шаровые мельницаны)  қоректендіру  үшін  қолданылады. Ө.м. жүйесінде Қ.Т. болса және қозғалтқыштар қорегін жұмысшы  трансформатордан резервке автоматты  түрде  ауыстырғанда кернеу  деңгейінің  өте  төмендеуі қысқа  уақытта жоғалуы  мүмкін. Бұл  кезде  қозғалтқыштар  моменті, механизмдердің кедергі  моментінен  аз  болады соған  байланысты  қозғалтқыштардың  тежелуі  болып, кей  кезде  толық  тоқтауы  мүмкін. Қоректендірудің   қалыпты  шарты  қалыптасқан  кезде айналу  жилігінің  қалыптасу  процесі басталады. Бөліктеп  тежелген   немесе толық  тоқтап  қалған  электрқозғалтқыштардың,   жұмысшы  немесе  резервті  қорегі қалыптасқаннан кейін, олардың айналу  жилігінің, алдынғы  жұмысшы  айналу  жилігіне  дейін , қолданыс  персоналының  араласуынсыз  арту  процессі  өздігінен қосылу  деп  аталады. Өздігінен қосылу процесін  келесі  өрнек  арқылы  жазуға  болады
.Осылайша  өздігінен қосылу (яғни  > 0)  тең  болады егер  өздігінен қосылу  процесі келесі  шартта  болса  оң .
  Өздігінен қосылу  сәттілігі қозалтқыш  моменті мен механизмнің қатынасын  және  қозғалтқыш  қысқышындағы  кернеу  деңгейін  дұрыс  таңдауға  тәуелді  болады.
Электр қондырғылардың бейтараптамаларының жұмыс режимі. Бейтараптама– бұл генераторлардың және трансформатордың  фазалық  орамының  жұлдызша  қосылған ортақ нүктесі.Бейтараптаманың жермен  қосылу  әдісі электр торабының  сенімділік  дәрежесін  анықтайды. ТМД  аймағында  тораптардың келесідей жіктелуі қабылданған: жерлендірілмеген (оқшауланбағанған) бейтараптамалы  тораптар; резонансты-жерлендірілген (қарымталанған) бейтараптамалы  тораптар; тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы  тораптар; тікелей жерлендірілген бейтараптамалы  тораптар. Бірінші және екінші  топтарға кернеуі 3-35 кВ  тораптар  жатады. Үшінші  топтарға бейтараптамасы жермен үзіліссіз немесе мәні  үлкен емес кедергімен байланысқан  кернеуі 110 кВ және  одан  жоғары  тораптар  жатады. Төртінші  топқа  кернеуі 220, 380 және 660 В  тораптар  жатады. Бірфазалы  жерге қысқа тұйықталуы тоқ  мәні 500 А  көп емес  тораптарды, аз тоқты жерге  қысқа тұйықталу торабы  деп  атайды (негізінен, бұл  резонансты-жерлендірілген және жерлендірілмеген бейтараптамалы тораптар). Тоқ  мәні 500 А –ден жоғары  болса, жоғары  тоқты  жерге  тұйықталу  тораптарына  ( бұл тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы тораптар)  жатады. Оқшауланбаған  бейтараптамалы   жүйесінде бір фазалы жерге  қысқа  тұйықталу тоқтары негізінен жерге қатысты таратылған сым сыйымдылығымен шартталған сыйымдылық құраушыларымен  анықталады.
104 Электр станциялардың (КЭС, ЖЭО, СЭС) бас электрлік сұлбалары. Ерекшеліктері. Электр станцияларының бас электрлік схемалары – генераторларды, күштік трансформаторларды,электр жеткізу желісін,жинақтаушы шиналарды,коммутациялық және басқа да бірінші реттік аппараттарды бір бірімен қосу схемаларының жиынтығы. КЭС ерекшеліктері: 1.Мүмкіндігінше отын, кен орны бар жерге салынады. 2.Өндірілген электр станциясының басым көпшілігі кернеуі 110-1150 кВ электр желісіне беріледі.3.Электр энергиясын өндіру график бойынша жүргізіледі.4.Төменгі маневрлі станцияға жатады.5.ПӘК шартты түрде төмен П=0,30;0,40. ЖЭО :

Жылу электр орталықтарының ерекшеліктері:
1.Оның жылу энергиясын тұтынушыларға жақын салынуы, 2.Тасымалдынған отынмен жұмыс істейді.3.Өндірілген электр энергияның айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға таратады. 4.Негізгі эылу энергиясын өндіру графикпен жүргізеді.5.Төменгі маневрлі станцияға жатады.6.ПӘК шартты түрде жоғары П=0,6-0,65..Су электр станциясы ерекшеліктері:1.Су қоры бар жерлерге салынады.2.Өндірілген электр энергиясының айтарлықтай бөлігін жоғары кернеулі (110-500 кВ) электр желісіне береді. 3.Ерікті графикпен жұмыс істейді. 4.Жоғары маневрлі станцияға жатады. 5.ПӘК жоғары П=0,85
 КЭС, СЭС, АЭС  құрылымдық  сұлбалары
11.Электр станциялары мен қосалқы станцияларының тарату құрылғылары. Оларды топқа бөлу негізі. Барлық  қосылыстар  ұяшықтар  құрады, оларжинақтауышы  шиналарға  қосылу  орнын  анықтап,  қосалқы  станцияның  аумағында  орналасады.Жинақтаушышиналары  қосылыстармен  сәйкесті  кернеудегі ТҚ-сын құрады. Энергоқондырғының  кернеуінетәуелді   қосылыстар  саны, электр жабдықтаудағы сенімділікпениілгіштікті қамтамасыз  ету  қажеттілігіүшін, күту  және  жөндеу  ыңғайлылығы  үшін ТҚ әртүрлі  сұлбаларын  қолданады:   бір  жүйелі  жинақтағыш  шинасы бар,  бір  жүйеліжұмысшыжәне  жинақтаушы  шинасының  айналма  жүйесі  бар, екіжүйелі  жинақтаушы  жүйесі  бар ,екі  жүйеліжұмысшы  және  бір  жүйелі  жинақтаушы  шинаның  айналма  жүйесі бар , сақиналы  сұлбаларжәнет.б. ТҚ  сұлбаларыкелесідейжіктеледі: бір  қосылысқа  ажыратқыштар  санымен:  екі  қосылысқа  ажыратқыштар  санымен; қосылысқа  бір  ажыратқышсанымен;  бөлшекті (екіқосылысқа  үш  ажыратқыш,  төрт  қосылысқа  үш  ажыратқыш)   сұлбалар  және  т.б. 
14. Электр станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік мұқтаждық жүйесі. Электростанцияның  ө.м. жүйесінің  тұтынушылары 1-санатқа (категорияға) жатады. Әсіресе    қоректену  үзілісіперсоналдыңөміріне  қауіптуғызатын немесе  негізгі күштік  қондырғының  істен  шығуына  әкеліп  соқтыратынэлектрқондырғылардың    тобы  ерекшеленеді. Бұл  тұтынушылар  тобынаүштен  кем  емес  тәуелсіз – жұмысшы    және  екірезервті  қорек  көзі  қажет. Электростанцияның ө.м. жүйесіндекеңіненқолданыстапқанқалақтысорғыларжәнежелдеткіштер. Қалақты машиналарқозғалтқыштанэнергияныығысатын  сұйықтықты (газды) қалақшалы жұмысшыдөңгелекарқылыбередіжәне   эксплуатациялықсапасыекпін  , біліктегіқуат жәнетолық ПӘК  тасымалдану (өнімділіктен) Q тәуелділігінен анықталатын ортағатартқышжәнеосьтікболыпбөлінеді.Қосалқы  станцияныңө.м. жүйесінің  неғұрлым  жауаптыэлектрэнергия  қабылдағыштары, телемеханика жәнебайланыс  басқару  жүйесіболып  табылады. Олардың  электрменжабдықталуыайнымалы  тоқторабынантұрлауландырғыштар (стабилизаторлар)  жәнетүзеткіштер  арқылынемесетәуелсіз  энергия  көзіаккумуляторлықбатареялар  арқылыіске  асуы  мүмкін.
15. Электр станциялар мен қосалқы станцияларының тарату құрылғыларының электрлік сұлбалары түрлері ерекшеліктері. Барлық  қосылыстар  ұяшықтар  құрады, олар жинақтауышы  шиналарға  қосылу  орнын  анықтап,  қосалқы  станцияның  аумағында  орналасады . Жинақтаушы шиналары  қосылыстармен  сәйкесті  кернеудегі ТҚ-сын құрады.Энергоқондырғының  кернеуіне тәуелді   қосылыстар  саны, электржабдықтаудағы сенімділікпен иілгіштікті қамтамасыз  ету  қажеттілігі үшін, күту  және  жөндеу  ыңғайлылығы  үшін ТҚ әртүрлі  сұлбаларын  қолданады:   бір  жүйелі  жинақтағыш  шинасы бар,  бір  жүйелі жұмысшы және  жинақтаушы  шинасының  айналма  жүйесі  бар, екі жүйелі  жинақтаушы  жүйесі  бар , екі  жүйелі жұмысшы  және  бір  жүйелі  жинақтаушы  шинаның  айналма  жүйесі бар , сақиналы  сұлбалар және т.б. ТҚ  сұлбалары келесідей жіктеледі: бір  қосылысқа  ажыратқыштар  санымен:  екі  қосылысқа  ажыратқыштар  санымен; қосылысқа  бір  ажыратқыш санымен;  бөлшекті (екі қосылысқа  үш  ажыратқыш,  төрт  қосылысқа  үш  ажыратқыш)   сұлбалар  және  т.б. 
129. Электр қондырғыларында пайдаланылатын тарату құрылғылары. Электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы. тарату құрылғысы (бұдан әрі – ТҚ) – электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет ететін және коммутациялық аппараттардан, жинақтаушы және жалғаушы шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және басқа), сондай-ақ қорғаныстық, автоматтық құрылғы мен өлшеуіш аспаптарынан тұратын электр қондырғысы; Электр станциясында көптеген электр жабдықтары кеңінен қолданылады. Мысалы: синхронды генераторлар, күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар, электр двигательдері (синхронды немесе асинхронды), синхронды компенсаторлар және т.б. Міне осы көрсетілген жабдықтар арқылы электр энергиясы өндіріледі және түрлендіріледі де тұтынушыларға жеткізіледі.

Приложенные файлы

  • docx 18957324
    Размер файла: 183 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий