Документ Microsoft Word (4)


Дәрілік өсімдіктер

Алоэ Аралия

Арша Ақшайыр

Аюқұлақ Бәрпі Шүйгіншөп

Диоскорея Дермене Долана

Жалбыз Жалбызтікен Женьшень

Жолжелкен Жөке Жусан

Итжидек Итжүзім Итмұрын

Көкшегүл Қалақай Қасқыржидек

Қырықбуын Қырыққұлақ Қыша

Лапыз Маралтамыр Меруертгүл

Мия Ойраншөп Өгейшөп

Рауғаш Сенна Скумпия

Таңқурай Томағашөп Шай

Шайқурай Шалфей Шәңкіш

Шөпшай Шытыр Эвкалипт

Элеутерококк
Улы өсімдіктер

Апиын көкнәрі Аққанат шөбі Бұзартүзер

Бәрпі Жарықдәрі Желайдар

Итжидек Көкбасгүл Лаңса

Мамыр қынжыгүлі Манцинелла ағашы Нарцисс

Сарсазан Сүттіген Талас уқорғасыны

Теңге уқорғасын Убалдырған Улы сарғалдақ

Уқорғасын Қара меңдуана Үлкен сүйелшөп
Шытыр
Балшырыны өсімдіктер


Түйебұршақ Шайқурай Жөке

Шабындық Таңқурай Қарақұмық
Мал азықтық шөптер

Беде Жоңышқа Түйежоңышқа

Құмдақ эспарцет Түйетікен Еркекшөп

Жатаған бидайық Атқонақ Қылтықсыз арпабас

Пішен Селеу Түлкіқұйрық

Күнгелді Тамырдәрі Жусан
Техникалық дақылдар

Күнбағыс Мақсары Рапс

Қыша Зығыр Майкене

Жер жаңғағы Кориандр Анис

Мята Соя Перилла

Мақта Кенепшөп Тмин

Грек жаңғағы Самырсын Көкнәр

Үпілмәлік Бұйдакендір Жалбызтікен

Картоп
Кәдімгі қарағайдың даму циклі

Кәдімгі қарағай Кәдімгі қарағайдың жаңғағы
Кәдімгі қарағай — Қазақстанда кездесетін барлық қарағай тұқымдастарыныӊ ішіндегі кеӊ тараған түрі. Қазақстанныӊ ұсақ шоқыларында және Алтай тауларында, жазықтағы орманды далада және далада, құмда және құрғақ топырақта жабайы түрде өседі. Еліміздіӊ басқа жерінде көгалдандыру мақсатында адамдар тұратын табиғи мекендерде табиғи апаттардан сақтау үшін өсіріледі. Топырақты тұрақтандыраду қасиеті, тамыр жүйесініӊ құрылым ерекшелігімен түсіндіріледі. Жазықтағы қалыӊ орманда тереӊге бойлайтын кіндік тамыр өзек жетіледі. Құмда, тау беткейінде, тереӊге кететін кіндік тамырдан өзге жанама тамырлар шығады, топырақтыӊ жоғарғы қабатында орналасады. Биік (20-40 метр дейін) ағаштар, қарағайлар көз тартарлық әдемі болып биіктей береді. Биік, түзу діңдерінен кеме желкенінің ағашын жасайды. Жуан діңі қызғылт-қошқыл қабықпен тілімделген, ашық-жасыл және сарғыш түсті жолақ сүрек кездеседі. Дің зақымданғанда мөлдір жасқа ұқсас хош иісті смола ағады. Оның екі түрлі – ұзын және қысқа қылқандары мәңгі жасыл, екі-екіден шоқтана орналасқан. Олар ұзын, жіңішке, ұшы үшкір, сондықтан оларды ине деп те атайды. Қылқандар 2-3 жыл өмір сүреді. Бір ағашқа жекелей орныққан гүлдері дара жынысты, тығыз гүл шоғырына жиналған. Екі аталықты, тозаңды гүлдері ұзын өркендері бас жағына көптеген масақтарға топтасқан. Аналық гүп шоғыры – сопақ, тік тұратын бүршіктер, түсу кезеңі екі жыл. Пісуі – сұрғылт-қоңыр түсті, үлкен, ұзындығы 6 см, ені 4 см. Тұқымы ұсақ, дөңгелек, кең үшбұрышталған қанат тәрізді пленка, ұзындығы 1,5-2 см болады. Мамыр-маусымда гүлдейді, маусым-тамызда жеміс салады.

Кипарис (Cupressaceae) – қылқан жапырақтылар класының бір тобы.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%81" \o "Кипарис" Кипарис тұқымдасы мәңгі жасыл, бір үйлі ағаш не бұта. Жапырақтары қабыршақ тәрізді, ал жас кезінде қылқан тәрізді, қысқарған сабақ ұшына шоқтанып не сабақ қолтығынан қарама-қарсы өседі. Кипарис тұқымдасының көптеген түрінің піскен бүрлері қатты, кейбіреуінікі жидек тәрізді етті, жұмсақ болады. 4 – 6 жылда жеміс бере бастайды. Кипарис тұқымдасының  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B0" \o "Еуропа" Еуропа, Азия және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%90%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Солтүстік Америка" Солтүстік Америкада  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%BE%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Қоңыржай (мұндай бет жоқ)" қоңыржай жылы аймақта 19 туысқа жататын 130 түрі бар.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстанда  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D1%88%D0%B0" \o "Арша" арша туысына жататын 10 түрі өседі. Кипарис тұқымдасының ең көп тараған туысы – кипарис (Cupressus) туысы. Бұлар көбінесе ағаш (биіктігі 30 м-дей), сирек те болса бұта түрінде кездеседі. Кипаристің 15 – 20-дай түрі Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарының қоңыржай аймақтарында өседі. Діңінің жуандығы 50 – 60 см, 4 – 6 жылда жеміс бере бастайды. Қуаңшылыққа төзімді өсімтал өсімдіктер, 2 мың жылдай өсіп тұрады. Сүрегі хош иісті, зиянды жәндіктер онша зақымдай алмайды. Жеңіл, жұмсақ сүрегінен ағаш бұйымдарын, жиһаз жасайды. Кипарис тұқымынан, қалемшесінен және телу әдісімен көбейтіледі. Кейбір түрі әсемдік үшін де өсіріледі.

Самырсын (пихта) ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Латын тілі" лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%82%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D0%BC&action=edit&redlink=1" \o "Аналық тұқым (мұндай бет жоқ)" Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқатәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.

Арша (Junіperu) — кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы (І. turke»tanіca), Талас аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. • Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. • Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. (І. talaіca), Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І. communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады. • Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді. • Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. Өсімдік туралы Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып-пішіндеуге ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30 метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар. Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Күтімі Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез-келген топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып-пішіндеп өсірген дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.
Шырша (лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаш. Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BB_%D3%A9%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Мәңгіжасыл өсімдік (мұндай бет жоқ)" Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0" \o "Аурухана" аурухана,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B8%D0%BF%D0%B0%D0%B6%D0%B0%D0%B9" \o "Шипажай" шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B_%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%BC%D0%B0_%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Қатты қатырма қағаздар (мұндай бет жоқ)" қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол жиектеріне жел ұстағыш ретінде егеді. Тұқымы, яғни бүрі орман құстары мен кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы ретінде танымал.
Дүние жүзінде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Еуразия" Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8F%D0%BD%D1%8C-%D0%A8%D0%B0%D0%BD%D1%8C" \o "Тянь-Шань" Тянь-Шаньда,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Тарбағатай" Тарбағатайда,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісу ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80" \o "Жоңғар" Жоңғар) Алатауында,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Алтай" Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D1%88%D1%8B%D1%80%D1%88%D0%B0" \o "Жатаған шырша" Шренк шыршасы бар.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%96%D0%B1%D1%96%D1%80" \o "Сібір" Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, канифоль, сүрек сірке қышқылы алынады. Дүние жүзінде Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%8F%D0%BD%D1%8C-%D0%A8%D0%B0%D0%BD%D1%8C" \o "" Тянь-Шаньда,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Тарбағатай" Тарбағатайда,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісу ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80" \o "Жоңғар" Жоңғар) Алатауында,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Алтай" Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D1%88%D1%8B%D1%80%D1%88%D0%B0" \o "Жатаған шырша" Шренк шыршасы бар.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%96%D0%B1%D1%96%D1%80" \o "Сібір" Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, канифоль, сүрек сірке қышқылы алынады.
Мүктер мен папоротниктер құрылысының ерекшелігі мен тіршілік циклі

Қылқан жапырақты ормандардың топырағын түскен қылқандар мен майда бұтақтардан құралған қорда басып жатады. Қалың орманның арасында басқа шөптер аз болады. Дымқыл сайларда, тастардың және жартастардың араларында көптеген ескі заман өсімдіктері - мүктер (бауырмүктер), қырықбуындар, папоротниктер сақталып қалған.
Мүк (бауырмүк) ылғал топырақта мекендейді. Тянь-Шань ормандарында ерте заман мүктері өседі. Оның денесі жасыл түсті тақта сияқты болады да, орман топырағына төселіп жатады. Онымен бір кездерде адамның бауырын емдеген, сондықтан мұны бауырмүк (печеночник) деп атап кеткен.


Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады. Жапырақтары мен сабағы болмасын түрлері де кездеседі. Жасыл мүк топырақтың бетін кілемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктерді ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпақта айналуына себепші болады. Жасыл мүк - екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіл, қоректенеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі.
Жасыл мүк жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жынысты көбеюі былай жүзеге асады. Аталық өсімдіктің ең ұшында аталық жыныс жасушалары болады. Аналық өсімдіктің ең ұшында аналық жыныс жасушалары жетіледі. Осы жыныс жасушалардың суда қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқажасушасынан қауашақ (спорангий) жетіледі. Қауашақтың ішінде споралар дамиды. Спора - екі қабықшадан тұратын жасуша. Жыныссыз көбеюі осы споралардан басталады. Пісіп жетілген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өліп, тармақталған жіп тәрізді жасыл балдырларға ұқсас өскінше пайда болады. Осы өскіншелердің бүршікшелерінің біреулерінен - аналық өсімдіктер, ал екіншілерінен аталық өсімдіктер жетіледі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір тармағы. Оларда ұлпалар айқын білінеді. Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Тамыр, сабақ және жапырақ - өсімді мүшелер. Спорангий, гүл және жеміс - көбею мүшелері. Бұлардың барлығы көпжасушалы болып келеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады.
Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.

Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі. Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діндері колона тәрізді бұтақтанбайтын радиальды симметриялы ағаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жер астында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болды. Олар өркендері қысқарған жерге жайылып өсетін дорзовентральды қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді. Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі деңгейден өзгермей, қалып қойған, сондықтан да, спорофит құрғақта өсетін өсімдік болғанымен, папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.
Еркек папоротник тең споралы өсімдік, сондықтан да оның гаметофиті қосжынысты. Әдетте алдымен антеридийлері (аталық) пайда болады, содан соң барып архегонийлері (аналық) пісіп жетіледі. Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. Оның ішінен саны жағынан онша көп болмайтын спираль тәрізді бұралған көп талшықты спермотазоидтары жетіледі. Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта жаңа жапырақтар пайда болады, содан соң, біртіндеп нағыз папоротник өсімдігі қалыптасады.
Қазақстан Республикасының ауыл-шаруашылық министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
«Экология және табиғатты пайдалану» кафедрасы
Пракикалық жұмыс № 1-7


Орындаған: Мұрсал Ж. К КД-31
Тексерген: а.о Есмагулова Б.Ж
Орал-2017 жыл

Приложенные файлы

  • docx 19002479
    Размер файла: 4 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий