allerg sssss ottt


ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР БАЗАСЫ
Пән «ЖТД тәжірибесіндегі аллергиялық аурулар»
Оқу курсі-6
мамандық-ЖТД
оқу тілі –қазақ тілі, орыс тілі
№2 ішкі аурулар кафедрасының аллергология және клиникалық иммунология курсы
оқу жылы-2016-2017
*Тағамдық аллергия*1*1*

1-деңгей
#1
*!Қандай тағам аллергендік белсенділігі ең жоғары болып табылады?
*сиыр сүті
*жасыл қияр
*қарлыған(крыжовник)
*алма
*анар(гранат)
*Тағамдық аллергия *2*3*
2-деңгей
#2
*!Бала 5 жаста жүрек айнуға, жеңілдік әкелетін құсуға, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, сұйық нәжіске шағымданып келді. Жоғарыдағы шағымдар асшаянмен пицца жегеннен кейін 2 сағаттан соң пайда болды. Аллергоанамнез: 4 айдан бастап жасанды тамақтандырған, атопиялық дерматиті бар. Әкесінде асшаян жеген соң осыған ұқсас симптомдар болған.Анасының айтуы бойынша нәжісінде шырыш бар. ЖҚА: Гемоглобин 128 г/л, эритр-4,7*10*12/л, ТК 0,9, лейкоц-5,2*10*9/л, п/я-2%, с/я41%,эозиноф-10%,моноц-5%, лимфоц39%, ЭТЖ 7 мм/ч.
Берілген аурудың патогенезінде қандай антиденелер класы қатысады?
*ИГ-Е+
*ИГ-А
*ИГ-М
*ИГ-G+ ИГ-М
*ИГ-Е +ИГ-М
#3
*!5 жастағы ұл бала құлпынай жегеннен соң терісінде қышыну сезімімен бөртпелер пайда болды. Объективті: барлық дене бөлігіндегі уртикарлы бөртпе, тері гиперемиясы , қасыну іздері.
Қандай диагноз барынша тән?
*+Аллергиялық есекжем
*Қызамық
*Идиопатиялық есекжем
*Квинке ісінуі
*Атопиялық дерматит
#4
*!Бала 8 жаста шикі сиыр сүтін ішкеннен соң тұрақты түрде диспепсиялық өзгерістермен диарея болатынына шағымданады. Қайнатылған сүт пен ешкі сүтін жақсы көтереді. Қандай диагноз барынша тән?
*псевдоаллергия
*+сиыр сүтіне тағамдық аллергия
*лактозаны көтере алмаушылық
*асқазан секреторлы қызметі төмендеуімен созылмалы гастрит
*асқазан секреторлы қызметі жоғарылауымен созылмалы гастрит
*Тағамдық аллергия *3*3*
3-деңгей
#5
*!Қыз бала 19 жаста, жаңғақ жегеннен 15 минут өткен соң қабағының, ернінің ісінуіне, күйдіру сезіміне, дауысының қарлығуына шағымданды. Қарап тексергенде: беті асимметриялы, домбыққан, еріні мен қабағы ісінген, пальпацияда – ыстық боп сезіледі. Көрсетілген перапараттардың қайсысын тағайындаған тиімді?
*серрата
*вентолин
*эуфиллин
*кетотифен
*+преднизолон
#6
*!12 жастағы қыз бала терісінің қышынуы мен бөртпелерге шағымданады. Объективті: денеің барлық бөлімінде уртикарлы бөртпелер, тері гиперемиясы, қасудан қалған іздер. ИФА әдісімен балық етіне сенсибилизация анықталған.
Тағамдық аллергия емінде қандай емдәм маңызды болып табылады?
+*элиминационды емдәм
*тұзды шектеумен емдәм
*ақуызсыз емдәм
*гипоаллергенді емдәм
*кезектесуші емдәм
#7
*!Ер адам 24 жаста. Терісінің бөртуі мен шыдатпайтын қышуға шағымданып келді. Анамнезінде: шағымы 1 сағаттан бері мазалайды, диетасындағы қателіктен (арахис) кейін 10 минут өткен соң басталған. Өздігінен Хлорпирамин таблеткасын қабылдаған, нәтижесі аз болған. Аллергоанамнезі: Пенициллин қатарындағы дәрілерге аллергиясы бар. Объективті: тексерген уақытта терісі қызарған, бірігуге бейім жайылған бөртпелер байқалады.
Көрсетілген перапараттардың қайсысын тағайындаған тиімді?
*Преднизалон????
*Хлорпротексен
*Аминофиллин
*Диметидин
*Меглюминаакридонацетат
*Атопиялық дерматит *1*1*
1-деңгей
#8
*!1-типтегі Т-хелперлердің активтілігінің төмендеуі, гамма-интерферондардың аз өндірілуі, ИЛ-4 және ИЛ-5 деңгейінің жоғарылауы қай диатезге тән?
*зәр-қышқылдық
+*атопиялық
*жүйке-артриттік
*экссудативті-катаральді
*лимфатикалық-гипопластикалық
*Атопиялық дерматит *2*3*
2-деңгей
#9
*!4 жасар балада (фото) 1 жасынан бері терісінің бөртуі мен құрғақтығы байқалады. Күз-қыс айларында өршиді. Сонымен қатар мұрнының бітелуі мен ринорея мазалайды. Жиі ЖРИ-мен ауырады.
Ең ықтимал диагноз қандай?

*экссудативтідиатез
*себорейлі дерматит
+*атопиялық дерматит
*аллергиялық дерматит
*Жильбер қызғылт теміреткісі
#10
*!22 жасар науқастерісінің қышуы, бөртпелер мен құрғақтығына шағымданып келді.Анамнезінен- жоғарғы шағымдары 3- жасынан бастап мазалайды, жиі терінің инфекциялық аурулары. Тұқымқуалаушылық- әкесінде аллергиялық ринит, бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі.Қарап тексергенде- эритематозды және папулезді бөртпелер, аяқ-қолының жазғыш беттеріне, арқасына, кеудесіне, мойнына, құлағына (тері бетінің 30%-на жуық) таралатын терісінің құрғақтығы мен сулануы.
Ең ықтимал диагноз қандай?
*эритродермия
*аллергиялық дерматит
*диффузды атопиялық дерматит
*+жайылған атопиялық дерматит
*жергілікті атопиялық дерматит
#11
*!20 жасар науқаста терінің қышыну сезімі, бөртпелер, терінің құрғақтығы мазалайды. Ерте жастан бастап ауырады. Ауру жыл бойында мазалайды, қыс мезгілінде өршиді. Сонымен қатар маусымдық ринит пен шаңға тұншығу ұстамасы бар.
Егер терідегі өзгерістер 50% дан асса (фото) қандай диагноз ең?

*Эритродермия
*Микробтық экзема
*Аллергиялық контактты дерматит
*Атопиялық дерматит диффузды түрі+
*Атопиялық дерматит локалды түрі
*Атопиялық дерматит *3*3*
3-деңгей
#12
*!Жасөспірім 14 жаста аяқ- қолдарының шыдатпайтын қышу сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде шынтақ пен тізе асты иілімде қасыған іздер, қабыршақ, экскориация және лихенификация байқалады.
Ұзақ ремиссияға жету үшін қандай препарат қолданған тиімді ?
*преднизолон
+*мометазон фумоат
*монтелукаст
*супрастин
*димедрол
#13
*!Әйел адам 33 жаста эритематозды бөртпелер, терінің тығыздануы мен құрғауына, терінің қатпарларының қабыршақтануына, сулануына, шағымданып келді.(тері бетінде 10% - ға дейін). Ұзақ уақыт жыл бойлық аллергиялық ринит (кене, тұрмыстық шаңға, тозаңға). Бетаметазон валерат (целестодерм) қабылдайды.
Осы аурудың комплексті еміне қандай препаратты қосу керек?
*кальциневрин ингибиторы
*Н1 гистаминоблокатор 1 ұрпағы
+*Н1 гистаминоблокатор 2 ұрпағы
*Н2 гистаминоблокатор
*жүйелі кортикостероид
#14
*!Ер адам 25 жаста 20 жыл бойы эритемо-папулезді қышитын бөртпе мен терінің құрғауы, лихенификация, гиперпигментациядан зардап шегеді, эффективті ем ретінде фторцинолон жақпасын қабылдайды. Науқаста терінің атрофиясы, акне санының артуы, гипертрихоз, телеангиоэктазиялар.
Науқасты ары қарай жүргізу үшін қандай емдік тактика дұрыс?
*фторциналонды такролимусқа ауыстыру
*фторциналонды бетаметазон валератқа ауыстыру (целестодерм)
*+фторциналонды мометазон фуроатқа ауыстыру (элоком)
*фторциналонды метилпреднизолонға ауыстыру (адвантан)
*фторциналонға қажеттілігін азайту, емге лоратадин қосу
*Аллергиялық ринит *1*2*
1-деңгей
#15
*!Респираторлы алкалоз (ринит, астма) дамуында шырышты қабаттарда қандай ең маңызды қорғаныштық гуморальды фактор қатысады?
*лизоцим
*комплемент
*+иммуноглобулин А
*иммуноглобулин М
*иммуноглобулин G
#16
*!Жыл бойлық риниттің ең мүмкін себебі қандай?
*өсімдік тозаңдары
*үй кенелері+
*оттегі тотығы
*азоттың шала тотығы
*вирус
*Аллергиялық ринит *2*4*
2-деңгей
#17
*!Жасөспірім 17 жаста мұрыннан көп мөлшерде су ағуына,түшкіруге, мұрын қышуына шағымданып келді. Жыл бойы ауырады . Объективті: көз астындағы көгеру, мұрыннан бөлінді- ашық түсті.
Этиологиялық мақсатпен қандай диагностика әдісі ремиссия уақытында ең тиімді?
*+терілік скарификационды сынамалар
*жалпы иммуноглобулин Е –ні анықтау
*риноскопия риноцитограммамен
*қанның жалпы анализі
*мұрыннан бактериологиялық себу
#18
*!Ер адам 40 жаста, ринорея, тамағы жыбырлауына, мұрыны бітелуіне, түшкіруге, мұрыны қышуына шағымданады. Симптомдар үй жануарларымен қатынаста болған соң үдей түседі.
Алдан ала қандай диагноз барынша тән?
*поллиноз
*аллергиялық синусит
*жыл бойылық аллергиялық ринит+
*есекжем
*аденовирусты инфекция.
#19
*!Науқас М. Соңғы 3 күн бойы мұрнынан шырышты бөліністер бөлінуге, мұрнының қышуына, түшкіруге, ұйқысының бұзылуына, жас ағуына шағымданды. Осындай жағдай 2 апта бұрын үйлерінде мысығы бар үйге қонаққа барған кезде байқалған. Қазіргі кезде өз үйінде мысығы бар.
Диагнозды дәлелдеу мақсатында қандай зерттеу әдістерін қолдану қажет?
*Қан сарысуында иммуноглобулин Е анықтау
*Бронхоскопия
+*Аллерген спецификалық иммунодиагностика
*Спирография
*Эндоскопия
#20
*!Дәрігерге 34 жастағы әйел екінші жыл қатарынан сәуір-мамыр айларында мазалайтын қабағының қышуына, жас ағу, қатты тұмаурату, түшкіруге шағымданып келді. Қан анализінде эозинофиль көп. Науқастың әкесінде дәрілік аллергия бар (пенициллиндік қатар).
Ремиссия кезеңінде науқасқа қандай диагностикалық шаралар тағайындаған жөн?
*Риноцитограмма
*+Терілік сынама
*Спирография
*Бронхоскопия
*Электрокардиограмма
*Аллергиялық ринит *3*4*
3-деңгей
#21
*!Қыз бала 15 жаста, аллергиялық риносинуситпен ауырады, ыстық түсіретін препаратты қабылдаған кезде құрғақ ұстама тәрізді жөтел пайда болған. Объективті: терісінің түсі бозғылт, мұрын үшбұрышының цианозы, «дистанционды ысқырық». Өкпесінде: құрғақ сырылдар, тыныс шығаруы қиындаған.Спирографияда - индекс Тиффно-67%.
Қабынуға қарсы терапияның қайсы ең тиімді?
*сальбутамол
*эуфиллин
*+беклазон
*вентолин
*беродуал
#22
*!Ер адам 40 жаста дәрігерге мұрыннан сулы бөліністерге, мұрыны бітелуіне, тамағы жыбырлау мен бас ауруына шағымданып келді. Өршуі жыл мезгіліне сәйкес емес. Бірнеше рет тавегил, пипольфен қабылдаған-әсері аз. Риноскопия кезінде мұрын шырышының гиперплазиясы , полиптер анықталды.
Қандай емдеу тактикасы тиімдірек?
*жергілікті қан тамыр тарылтушы препараттар
*кромоглин *гистамин Н1 - блокаторлары
*жергілікті кортикостероитар???
*десенсибилизирлеуші ем
#23
*!36 жастығы әйел, 10 жылдан бері шаң-тозаң және үй жануарларымен (мысық) қатынаста болғанда мұрнының бітелуі, ринорея, түшкіру, көзден жас ағу және көздің қышуына шағымданады. Соңғы 3 жылдың ішінде тыныс алудың қиындауынан түңгі сағат 4-5те оянулар болады. Осындай ұстамалар аптасына 1-2 рет қайталанады.
Төменде аталған препараттардың қайсысы ремиссия кезінде тиімді?
*Ем қажет емес
*Полиоксидония курсы
*ИЛ-2 рекомбинантты курсы
*Спецификалық иммунотерапия +
*Кетатифенмен сүйемелдеуші терапия
#24
*!25 жастағы әйел, 10 жылдан бері шілде және қазан айларының аралығында мұрнының бітелуі, ринорея, түшкіру, көзден жас ағу және көздің қышуына шығымданады. Соңғы 3 жылдың ішінде тыныс алудың қиындауынан түңгі сағат 4-5те оянулар болады. Осындай ұстамалар тамыз айында аптасына 2-3 рет қайталанды. Жаңбыр жауғаннан кейін жағдайы жақсарады.
Төменде аталған антигистаминді препараттың қайсысын өршу кезеңінде кромондарға қосымша тағайындаған жөн?
*клемастин
*пипольфен
+*цитиризин
*димедрол
*кетотифен
*Бронх демікпесі*1*2*
1-деңгей
#25
*!Бронхиальды астма кезінде бронхтардың созылмалы обструкциясы немен негізделеді?
*тегіс бұлшықеттердің спазмы
*бронхтардың гиперсекрециясы
+*бронх қабырғасының склерозы
*тыныс алу жолдарының шырышты қабатының ісінуі
*терминальды бронхтардың бронхиальды секретпен обтурациясы
#26
*!Аллергологияда қандай ауру әлеуметтік маңызды болып табылады?
*жедел есекжем
*бронхдемікпесі+
*атопиялық дерматит
*поллиноз
*Квинке ісінуі
*Бронх демікпесі*2*4*
2-деңгей
#27
*!Ұл бала 15 жаста ысқырықты тыныспен қатар жүретін тұншығу ұстамасына , серозды сипат алатын көп мөлшердегі қақырықпен жүретін жөтелге шағымданды. ЖРВИ кезінде ұстама өршиді, сондықтан күз-қыс мезгілінде өршиді. Жылына 3-4 рет ЖРВИ-мен ауырады. Өршу кезіндегі тұншығу ұстамасы күніне 2-3 рет, түңгі ұстама аптасына 1-2 рет.Ұстама вентолин қабылдағанда басылады,кейде өздігінен басылады.
Диагнозы нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
+*Бронхолитикпен сынама
*8 минуттық жүгіру сынамасы
*Метахолинмен ингаляция
*Скарификационды сынама
*гистаминмен терілік сынама
#28
*!Әйел адам 20жаста, шаңғышы,жаттығулардан кейін пайда болатынысқырықты тыныс пен құрғақ жөтелге шағымданды,ол шағымдары демалғаннан кейін басылады.Науқас өзін суықтанудан кейін соңғы 3-4 айдан бері ауру санайды. Қарап тексеру барысында науқастың шағымдары мен науқаста физикалық өзгерістері жоқ.
Қандай диагноз барынша тән?
*+физикалық күш демікпесі
*бронх демікпесі
*интермиттирленген бронх демікпесі
*инфекционды-тәуелді бронх демікпесі
*атопиялық персистирленген бронх демікпесі
#29
*!Әйел адам 46 жаста ұстама тәрізді құрғақ жөтелге, «ысқырықты кеуде», қыжылға, қышқыл кекіруге шағымданды. Бұл симптомдар әр күні кешкі ас ішкеннен кейін түңгі 1-2де пайда болады. Спирографияда: Тиффно индексі – 56%, сальбутамолдан кейін – 72%.
Науқасқа анағұрлым қандай патология тән?
+*ГЭРАжәне бронхиальной астманың холинергиялық варианты
*бронхиальной астманың дисгормональды варианты
*бронхиальная астманың атопиялық формасы
*бронхиальная астманыңаралас формасы
*ГЭРАжәне созылмалы трахеит
#30
*!Жасөспірім 16 жаста, 7 жасынан бері жөтел және тұншығу ұстамасынан зардап шегеді. Өршітетін факторлар шаң (ұстама жинау (уборки) кезінде басталады,), температураның төмендеуі, темекі түтіні, физикалық және психоэмоциальды жүктемедеп есептейді.Әкесі үй жағдайында темекі тартады.
Төменде көрсетілген факторлардың ең жоғарғы дәрежеде терапияның тиімділігін төмендетуі мүмкін?
*суықтану
*дене шынықтыру сабағы
+*пассивті темекі тарту
*мектептегі оқу жүктемесі
*цитрустарлы қолдану
*Бронх демікпесі *3*4*
3-деңгей
#31
*!Қыз бала 12 жаста тұншығуға,серозды көп мөлшердегі қақырықпен жүретін жөтелге шағымданды. ЖРВИ ұстаманы өршітеді, сондықтан күз-қыс мезгілінде асқынуы байқалады. Өткен жылы 2 рет бронх демікпесінің өршуіне байланысты стационарлы ем қабылдаған. Өршу кезіндегі тұншығу ұстамасы күніне 5-6 рет, түңгі ұстама аптасына 1-рет. Ұстама сальбутамолмен басылады,бірақ айына 2 рет реттен көп жедел жәрдем шақырады, эуфиллин инъекциясын салдыру үшін.
Қандай базисті ем тиімдірек?
+*Будесонид+фенотерол
*Беклометазонадипропионат
*Кромогликат натрия +сальметерол
*Дипроспан б\е, әрі қарай будесонид
*Преднизолон пероральді
#32
*!Ер адам 32 жаста аптасына 2-3рет тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет түнде тыныс алудың қиындауынан оянуына шағымданды.. Спирография: ФТШК1=70%; ФТШК50=60%; ФТШК75=55%; сальбутамолмен сынамасынан кейін барлық көрсеткіштер қалыпқа келді.
Қандай препаратты тағайындау еңтиімді?
*Кромогликат натрия
*Триамцинолон
*Преднизолон
+*Будесонид
*Эуфиллин
#33
*!32 жасар әйел 2 жылдан бері мұрнының бітелуімен, тынысының қиындауымен, құрғақ жөтел ұстамалары және ысқырықты сырылмен зардап шегеді. Симптомдар уйін және саяжайын жинастырғанда айқын көрінеді. Будесонид 400 мкг/тәу және теотард тағайындалды.
Төменде көрсетілген қандай көрсеткіштермен жүргізілетін емнің нәтижелілігін бағалауға болады?
*қан сарысуында IgE деңгейінің төмендеуі
*қақырық талдауында нейтрофильдердің жойылуы
+*бета-миметиктерге қажеттіліктің төмендеуі
*ем бастағаннан 3 айдан кейін Тиффно индексінің жоғарылауы
*бронхиолитиктермен сынаманың теріс болуы
#34
*!42 жасар ер адам шаңға, өткір иістерге, температура айырмашылығына, физикалық жүктемеге қозатын ауыр тұншығу ұстамаларымен зардап шегеді, сальбутамолга қажеттілік тәулігіне 5-6 рет. Бірнеше жылдан бері мұрны бітеледі, ЛОР-қарауында полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқасында ауруға тағайындалған дәріге пайда болған ауыр реакцияны (бронхоспазм және бөртпе) өткерген.
Науқасқа қандай ұсыныс міндетті түрде берілуі керек?
*полипэктомия жасау
+*аспирин және басқа да ҚҚСЕЗ алып тастау
*дипроспанмен эндоназальді блокада жасау
*дипроспанмен паравертебральді блокада жасау
*ингаляциялық кортикостероидтар дозасын арттыру
*Демікпелік статус *1*1*
1-деңгей
#35
*!Сыртқы тыныс функциясының қай көрсеткіші арқылы бронх обструкциясының дәрежесін бағалауға болады?
+*1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару көлемі
*өкпенің максимальді желдетілуі
*максимальді көлемді жылдамдық
*өкпенің тіршілік сыйымдылығы
*өкпенің қалдық көлемі
*Демікпелік статус *2*3*
2-деңгей
#36
*!Бронх демікпесі бар науқаста 7 сағатқа созылған,симпатомиметикпен басылмайтын ауыр экспираторлы тұншығу ұстамасы өтті. Қарап тексергенде: шулы тыныс дистанционды сырылмен бірге, айқын ентігу, тахикардия, дененің тізе-шынтақтық мәжбүрлі қалпы. Аускультацияда өкпенің төменгі бөліктерінде «мылқау өкпе».
Ең ықтимал диагноз қандай?
*бронхопневмония
+*демікпелік статус
*обструктивті бронхит
*бронх демікпесі, ауыр дәрежесі
*бронх демікпесі, орташа дәрежесі
#37
*!Ер адам 44 жаста, ысқырықты сырылмен, көп көлемді қақырықпен қоса ауыр жөтелмен бірге жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданды. 12 жылдан бері ауырады. Ұстама ЖРВИ-мен бірге қозады, сондықтан күз-қыс айларында өршиді. Өткен жылы демікпелік статус дамыған соң 2 рет ауруханаға жатқан. Тұншығу ұстамалары өршу кезеңінде күніне 5-6 рет, түнгі ұстамалар аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, бірақ айына екі рет жедел жәрдем шақырып преднизалон және эуфиллин к/т салғызады.
Науқаста спирометрия нәтижелері қандай болуы мүмкін?
*ӨТШ 90%, ФТШК1 – 72%
*ӨТШ 80%, ФТШК1– 90%
+*ӨТШ 74%, ФТШК1– 65%
*ӨТШ 50%, ФТШК1– 72%
*ӨТШ 42%, ФТШК1– 86%
#38
*!23 жастағы қыз балада тұншығу ұстамасына, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, ентігу айына 3-4 рет, түнгі ұстамалар аптасына 1 реттен аз,яғни кейде аптасына 1 рет,кейде болмауы мүмкін. Айтуынша осы шағымдар соңғы 3 жылда мазалайды. Апсында бронх демікпесі бар. Объективті- тері жабыны мен көрінетін шырыш қабаттары таза,қалыпты түстес. Тыныс алуы еркін мұрын арқылы , ТЖ-16 рет мин.на Өкпеде тынысы қатаң, форсирленген тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары анық,ритмді, ЖСС-76 рет мин.на
Қандай диагноз барынша тән?
*Аллергиялық ринит, жыл бойылық
*Аллергиялық ларингит
*Жедел обстуктивті бронхит
*Бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші ағым???
*Бронх демікпесі, ауыр персистирлеуші ағым
*Демікпелік статус *3*3*
3-деңгей
#39
*!29 жасар ер адамда ортопное, ентігу, тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар тыңдалады, көп мөлшерде ақшыл көпіршікті қақырықпен бірге жүретін жөтел бар, ТЖ –минутына 30 рет, ЖСЖ – минутына 105 рет, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – 45%. Науқас қозған және қысқа фазалармен сөйлейді. Соңғы сағатта сальбутамолмен 3 ингаляция нәтижесіз.
Науқастың қозуын басу үшін не істеу керек?
*валерияна экстарктын беру
*диазепам инъекциясын салу
+*оттегі ингаляциясын бастау
*фенобарбиталды бұлшықетке салу
*науқасты сөзбен тыныштандыру
#40
*!23 жасар әйел адам қозулы күйде, тыныштықта ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТЖ- 32 р. мин, ЖСЖ- 110 рет мин., тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы қалыптыдан - 60% - ға төмендеген. Соңғы сағатта жасалған сальбутамолдың 3 ингаляциясы эффект бермеді. Оттегі ингаляциясы басталды, 60 мг преднизолон көктамырға енгізілді. АҚҚ -110/75 мм с.б.
Науқасқа жедел жәрдем көрсетудің екінші этапында қандай препарат енгізу қажет?
*натрий тиосульфаты, т/і
+*эуфиллин т/і
*адреналин т/а
*импратопиум бромиді
*сальбутамол ингаляциясы
#41
*!32 жасар ер адамда ортопное қалпы, қозулы күйде, ентігу байқалады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқы сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ашық түсті, көбікті көп мөлшерде қақырықты жөтел,ТЖ -30 рет мин., ЖСЖ – 105 рет мин., тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы қалыптыдан - 45% - ға төмендеген. Соңғы сағатта жасалған сальбутамолдың 6 ингаляциясыныңәсері аз. Догоспитальды кезеңде қандай тактика қолданған тиімдірек?
*+к\т метилпреднизолон және эуфиллин енгізу
*к\т супрастин и адреналин енгізу
*к\т платифиллин и амбробене енгізу
*к\т лазикс и эуфиллин енгізу
*к\т адреналин и дофамин енгізу

*Дәрілік аллергия *1*1*
1-деңгей
#42
*!Ерте жастағы балаларда қандай аллергендер дәрі-дәрмектік аллергияны тудыруда басты рөлді құрайды?
*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*анестетиктер
*анальгетиктер
*антибиотиктер???
*психотропты заттар
*Дәрілік аллергия *2*3*
2-деңгей
#43
*!Өндірістіік қоғамдағы жұмысшыға гриппке қарсы вакцинация жүргізілуде. Тері асты иньекция салғаннан 10 мин кейін науқаста құрғақ жөтел, әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу, іштегі ауыру сезімі, терідегі қышу сезімі, есекжемге тән бөртпе пайда болды. Объективті: науқас есі сақталған. Тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ -105 рет мин.АҚҚ 90/60 мм с.б. Тынысы везикулярлы,өкпенің барлық бөлімінде, құрғақ сырылдар естіледі. ТЖ-25 рет мин.
Қандай алдын-ала диагноз барынша тән?
+*Анафилактикалық шок
*Пневмоторакс
*Бронхиальды астма ұстамасы
*Квинке ісінуі
*Есекжем
#44
*!Науқас 20 жаста көзіне левомицетин тамшысын қолданған соң көзінің қышуына, қызаруына, күйдіру сезіміне шағымданады. Анамнезінен-ерте жастан бал мен цитрустарға тағамдық аллергия, пенициллин қатары дәрілерін көтере алмаушылық байқалады. Анасы мен апайы бронх демікпесімен ауырады. Қарап тексергенде-склерасы инъекцирленген, жас ағу.
Қандай алдын-ала диагноз барынша тән?
+*аллергиялық конъюнктивит
*аллергиялық ринит
*инфекциялық конъюнктивит
*маусымдық риноконъюнктивит
*жедел есекжем
#45
*!35 жасар р адам суық тиюден кейін ЖРВИ-мен ауырған, өздігінен амоксициллин қабылдап бастаған. Ем барысында алғашқы 3 күнде бастапқыда қалтырау басылған, кейін қызба қайта көтеріліп (38,5 дейін ), әлсіздік, кейін кеуде мен арқада қышитын бірікпеген, теріден беткей шықпайтын, қоңыр-қызыл дақ түрінде бөртпе пайда болды, тәулік ішінде аяқ-қолға тарады. Қан анализінде: таңғы 8 –де-Гемоглобин -98 г/л, Л-5,5х109/л, тромбоциттер - 120х109/л; сағат 10-да – Гемоглобин – 83 г/л, Л-4,5х109/л, тромбоциттер - 110х109/л; сағат 12 –де -Гемоглобин – 78 г/л, Л-2,5х109/л, тромбоциттер - 82х109/л.
Науқаста қандай асқыну дамып жатыр?
+*агранулоцитоз
*апластикалық анемия
*гемолиздік анемия
*иммунды панцитопения
*иммунды тромбоцитопения
*Дәрілік аллергия *3*3*
3-деңгей
#46
*!Ер адам 26 жаста, қызбаны басу үшін димедролмен бірге аналгин алды. Келесі күні таңертең денесінің 30% жоғары жағында папулезді-дақты қосылған бөртпе, афтозды стоматит, хейлит, тамағында ауру сезімі, эпигастриде ауру сезімі пайда болды. 6 сағат ішінде қандағы лейкоциттің деңгейі 6,8-ден 2,2х109/л.-ге төмендеді.
Лейкоциттің ары қарай төмендеуін тежеу үшін қандай шұғыл көмек көрсету керек?
*плазмаферез бастау
*лейкомасса құюды жүргізу
*массивті инфузионды терапия бастау
+*метилпреднизолонмен пульс-терапия бастау
*венаішілік қанды лазерлі сәулелендіруді бастау
#47
*!59 жастағы ер адамда милдронат ерітіндісін(6 инъекция препаратын) венаішілік енгізгеннен кейін тұншығу сезімі, қозғыштық, қорқыныш сезімі пайда болды. Денесінің сол жақ жартысында тырысу басталды. Дене терісі бозарған, пульс жіп тірізді, жиі, ритмді емес. Өкпеде жайылған құрғақ сырыл естіледі, жүрек тондары қатаң. АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Оған интенсивті терапия бөлімшесінде шұғыл көмек көрсетілді және жағдайы жақсарды. Объективті және тексерулерден (ЭКГ,ЭЭГ,КТ) патологиялар анықталмады. Қанша уақыт аралығында науқас тәулік бойы бақылауда болуы керек?
*24 сағат
*36 сағат
*48 сағат
+*72 сағат
*5 тәулік
#48
*!30 жастағы ер адамда лидокаин инъекциясынан кейін сл қолға берілетін жүрек тұсында ауру сезімі, бірден әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындысы бозарған, ылғалды, науқас бетінде- қорқыныш. Пульс жіп тәрізді, бірдей емес, жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс емес, өкпеде – әлсіз тыныс әсерінен көптеген құрғақ сырыл.
Науқасқа шұғыл көмек көрсету кезінде бірінші этапта қандай препарат енгізу керек?
*морфин
+*адреналин
*допамин
*преднизолон
*гепарин
*Стивенс-Джонсон синдромы *2*3*
2-деңгей
#49
*!Науқаста сульфаниламид енгізгеннен кейін температура 39С-қа көтерілді. Қараған кезде, көгілдір қосылған эктодерматоз шыққан орындарынан барлық денесінде гиперермия, шырыштардың зақымданумен, қол-аяқтарда ауру сезім және ісіну қосарланған.
Қандай болжама диагноз тән?
*көпформалы экссудатты эритема
+*Стивенс – Джонсон синдромы
*атопиялық дерматит
*Лайелл синдромы
*псориаз
#50
*!Ер адам 23 жаста, ЖРВИ-мен ауырған, «Терафлю» және бисептол қабылдай бастаған. Перпараттарды қабылдау кезінде, науқасЖРВИ симптомына бағалағандай, бірнеше күн бойы қызба, әлсіздік және жөтел мазалады. 5 тәулікте кеудесі мен арқасында қою қызыл дақ түрінде айқын қышитын қосылған бөртпе пайда болды, қол-аяқтарында симмертиялы, бірнеше күнде бөртпе таралып, еріннің қызыл жиектерінде везикулалар, көздің қызаруы және жарықтан қорқу, жұтынған кезде және зәр шығарғанда ауру пайда болды. Температура -37,8С.
Науқаста қандай патология дамыды?
*жеделесекжем
*аллергиялық дерматит
*жүйелі уртикарлы васкулит
+*Стивенс-Джонсон синдромы
*мультиформды экссудатты эритема
#51
*!Әйел адам 39 жаста, буындарының ауруына диклофенак натрий қабылдады. Емді бастағаннан 2 аптадан кейін қышу және эритематозды бөртпе пайда болды, ол ҚҚСЕП қабылдаса да жалғаса берді. Әлсіздік дамыды, температура көтерілді, келесі күні кеудесі мен арқасында тері бетіне шықпайтын, қою-қызыл дақ түрінде қышитын қосылмаған бөртпе пайда болды, еріннің қызыл иектерінде ауыратын көпіршік, жарықта қорқу, жұтынғанда ауру сезімі, зәр шығару кезінде ауру сезімі, диарея және эпигастриида ауру сезімі пайда болды. Температура – 38,6С.
Науқаста қандай патология дамыды?
*жүйелі васкулит
*аллергиялық дерматит
*жүйелі қызыл жегі
+*Стивенс-Джонсон синдромы
*мультиформды экссудатты эритема
*Стивенс-Джонсон синдромы *3*3*
3-деңгей
#52
*!Терапевт қабылдауына жедел бронхит диагнозымен цефуроксим және бромгексин қабылдап жүрген 50 жастағы ер кісі келді. Екінші күні науқаста әлсіздік пен қызу көтеріліп, кешке кеудесі мен арқасында қою қызыл түсті бөртпелер пайда болды, қышыну сезімімен. Кейбір жерлерінде күлдіреуік пен папула тәрізді, тері бетінен көтерілген. Өкпеде – әлсіреген тыныс, майда көпіршікті сырыл естілетін жер фокусы кеңейген. Температура – 38,4С. Қанда: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофилдер – 45%, ЭТЖ – 27 мм/ч.
Жедел көмек көрсетудің бірінші кезегінде қандай препарат тағайындау керек?
+*жүйелі глюкокортикостероидтар
*трансфузионды терапия
*алмастырушы терапия
*антибактериальды терапия
*гемосорбция
#53
*!70 жастағы подаграсы бар науқасқа аллопуринол тағайындалды. Препаратты 2-3 апта қабылдаған соң науқаста терінің қышуы мен диарея көрініс берді. 3 тәулікте арқасында эритематозды- папуллезды бөртпе пайда болды. 5 тәулікте бөртпе кеудеге, ішке, қол-аяқтарға жайыла бастады. Жұтынғанда тамағының ауруы, төс арты, эпигастрии аймағы, кіндік айналасы ауырып, үлкен дәреті сұйық бола бастады. Кіші дәретке отырғанда ауырсыну сезімі мазалады. Дене температурасы -38,6 ̊С.
ЖҚА: Эр- 2,7 х1012/л, Нb-106г/л, Л-2,8 х109/л, нейтрофилы- 55%, СОЭ- 41мм/ч.
Қандай емдеу әдісі тиімдірек?
*Үйде емдеу
*Күндізгі стационар
*Пульмоногияда емдеу
*оматикалық бөлімшеде емдеу
+*Реанимациялық бөлімшеде емдеу
#54
*!29 жастағы ер кісі суық тюден соң тамағы ауырып, дене қызуы көтерілдігендіктен ол «Стопгриппан» қабылдаған. 3 күннен соң дене қызуы қайта 38,5 дейін көтерілген. Сонымен қатар әлсіздік, қоңыр-қызыл түсті қышитын, теріден көтерілмеген дақты бөртпелер арқасы мен кеудесінде пайда болды. Бір күн ішінде бөртпелер таралып, еріннің шырышты қабығында көпіршіктер пайда болып, көздері қызарып, жарықтан қорқу пайда болды. Температура – 38,4С. ЖҚА: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофилдер – 45%, ЭТЖ – 27 мм/с. Интенсивті терапия бөліміне жатқызылды.
Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қажет?
*ацикловир
*преднизолон per os
*бетаметазон мазь
+*преднизолон парэнтералды
*антибиотик кең спектрлі
*Лайелл синдромы*2*1*
2-деңгей
#55
*!19 жастағы қызға «Зәр шығару жолдарының инфекциясы» диагнозымен норфлоксацин тағайындалды. Препаратты қабылдаған соң 6 күні науқаста әлсіздік, шаршағыштық, дене температурасының 37,8-38 ̊С жоғарылауы, жөтел пайда болды. 10-ншы күні науқаста бірігуге бейім қышитын бөртпе пайда болды. Бұл бөртпелер тез арада серозды- гемморагиялық буллаларға айналды. Конъюнктивит, стоматит, тыныс алу қиындауы, іштегі ауру сезімі, зәр шығару кезіндегі қатты ауру сезімі мазалады.
Қанда: Эр- 2,8 х1012/л, Нb-96г/л, Л-3,4 х109/л, нейтрофилы- 45%, СОЭ- 21мм/ч, АЛТ-64 МЕ/л.
Науқаста қандай патология дамыды?
+*Лайелл синдромы
*Буллезды пемфигоид
*Стивенс-Джонсон синдромы
*Герпетикалық Дюринг дерматиті
*Мультиформды эксудатты эритема
*Лайелл синдромы *3*1*
3-деңгей
#56
*!22 жасар науқас, реанимация бөлімшесіне: барлық денесіндегі генерализацияланған бөртпемен, дене температурасының 39 ̊С –қа көтеріліп, денесінің қатты қышынуымен түсті. Қарап тексергенде: барлық денесіндегі көпіршікті бөртпелер, кейбір дене бөліктерінде бірігіп кеткен және көптеген буллалар анықталды.Никольский симптомы «оң».
Иммунды жүйенің элиминациясы үшін Ең тиімді нені тағайфндау керек?
*Спецификалық бактериофаг енгізу
*Инфузионды терапия
*Барокамерада емдеу
*Антибактериальды терапия
+*Плазмаферез
*Сарысулық ауру*2*2*
2-деңгей
#57
*! Жігіт 17 жаста, аяғындағы терең жараның инфицирленуіне байланысты сіреспеге қарсы сарысу енгізілді. 12куннен кейін температурасының 39.5 градусқа дейін көтерілуіне, буындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Қарау кезінде қышу сезімді уртикарлы бөртпе, тізе-тобық буынында ісіну, шап аймағы лимфа түйіндері ұлғайған.
Қандай болжам диагноз сәйкес келеді?
*Ревматизм
*Остеомиелит
+*Сарысулық ауру
*Жедел есекжем
*Иерсиниоз
#58
*!Ер адам 42 жаста, температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне, іш аумағындағы ауру сезімі, сұйық нәжіс, буындардағы ауру сезімі, денедегі қышыну сезімді бөртпеге, әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінде кеше іс-сапардан келген (Синьцзян-Уйгур автономды ауданы). Бир апта бұрын жылан шаққан. Науқастың айтуы бойынша сарысу енгізген, аты есінде жоқ. Қарап тексергенде ірі және майда буындарында ісіну және ауру сезімі, денесінде полиморфты бөртпелер, спленомегалия байқалады.
Қандай болжам диагноз сәйкес келеді?
*Тағамдық аллергия
*Жедел есекжем
*Ревматоидты артрит
+*сарысулық ауру
*Сепсис
*Сарысулық ауру *3*2*
3-деңгей
#59
*! Қыз бала денесіндегі және бетіндегі бөрпелерге, қышыну сезіміне шағымданады. Бөртпелер вакцинация салғаннан соң 1 апта өткеннен кейін пайда болған. Анамнезінен- балықтар мен цитрустарға жоғары сезімталдық. Тұқым қуалаушылық- әкеіс мен ұлкен апкесі бронх демікпесімен ауырады. Қарап тексергенде- дене қызу 38 градус, бас ауруы, бүкіл денесінде сақина тәріздес папулалар бар. Артралгия, мойын , кеуде лимфа түйіндері ұлғайған.
Қандай ем шаралар қолдану қажет?
*адреналин
*преднизолон??
*гемосорбция
*супрастин
*кетотифен
#60
*!18 жастағы наукасқа ит қапқаннан кейін антирабикалық сыворотка енгізілген.Жеті күннен соң оның денесінде бөртпелер және қышыну ,көзінің ісуі,қатты қызуы пайда болды,денесінің қызыуы көтеріліп,буындары ауыра бастады.Қарап тексергенде- бүкіл денесінде бөртпелер ,көзінің ісуі бар.
Қандай ем шаралар қолдану қажет ?
*Салицилаттар
*Антибиотиктер
*Антигистаминді препараттар
*Транквилизаторлар
*Глюкокотикостероидтар
*Аллергологиядағы жедел жағдайлар *1*1*
1-деңгей
#61
*!Инсекті аллергия кезінде жедел терапияда тағайындалатын ең маңызды препарат?
*Антибиотиктер
*М-холинолитиктер
*Жүйелі ГКС+
*Муколитиктер
*Назальды кортикостероидтар
*Аллергологиядағы жедел жағдайлар *2*4*
2-деңгей
#62
*!Әйел адам 40 жаста рентгенконтрастты затты енгізгеннен кейін ыстықтау сезіміне, жүрек айнуына, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Көлемді көпіршік тәрізді бөртпелер, беттің гиперимиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар; пульсі жиі, әлсіз.
Қандай иммунологиядық механизім ең тән?
*комплемент жүйесінің дефекті
*цитотоксикалық
*иммунокешенді
*атопикалық реагинді+
*баяу ағымды гиперсезімталдылық
#63
*!Травма алған науқасқа травмпунктте сіреспеге қарсы сарысу енгізген. 7 күннен соң науқас терідегі қышитын бөртпелерге, көзінің ашып ісінгеніне, дене температурасының 38 ̊С- қа көтеріліп, буындарының ауруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: бет терісінің, көздің ісінгенін және терідегі уртикарлы бөртпелер анықталды.
Сіздің диагнозыңыз?
*Сарысу ауруы+
*Атопиялық кератоконъюнктивит
*Аллергиялық конъюнктивит
*Тағамдық аллергия
*Аллергиялық дерматит
#64
*!Ер адам 35 жаста тіс дәрігерінде новокаин ерітіндісін енгізгеннен кейін бозарып есін жоғалтты. Тері жабындылары бозғылт , пульсі жіп тәрізді.
Науқаста анафилактикалық шоктың қай формасы дамыды?
*кардиалды
*церебралды
*найзағай тәрізді +
*астматикалық
*абдоминалды
#65
*!29 жастағы науқаста бұлшықетке цефобидті енгізгеннен соң 3 мин кейін ыстықтау сезімі, тыныс алудың қиындауы, кенет әлсіздік, бас айналу пайда болды. Тері жабындылары алдымен қызарды, бірнеше минуттан кейін кенет бозарып пульсі жіп тәрізді болды.
Науқаста қандай патологияны болжауға болады?
*цефалоспориндерге идиосинкразия
*анафилактоидты реакция
*вазовагальді естен тану
*анафилактикалық шок+
*кардиогенді естен тану
*Аллергологиядағы жедел жағдайлар *3*4*
3-деңгей
#66
*!17 жасар қыз балада, «Семга» балығымен тамақтанғаннан соң, 10 минуттан кейін жағдайы күрт нашарлап кетті: жүрегі айнып, құсып, іштегі ауру сезімі қатты мазалады. Кенет есінен танып қалған. Қарап- тексергенде: жүрек тондары тұйық, қан қысымы өте төмен.
Бірінші қай препаратты тағайындау маңызды?
*Эриус
*Кестин
*Эуфиллин
*адреналин +
*Корглюкон
#67
*!Әйел адам 50 жаста бронхолитиктер ингаляциясымен басылмайтын айқын экспираторлы ентігумен шұғыл түрде жеткізілді. 5 жыл бойына преднизалонды 10 мг/тәулігіне қабылдайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар анықталады. Парентеральді тағайындалған
Сальметеролға қосымша метилпреднизалонды қандай мөлшерде берген дұрыс?
*10 мг
*20 мг
*30 мг
*120 мг+
*500 мг
#68
*!Әйел адам 52 жаста рентгенконтрастты затты енгізгеннен кейін ыстықтау сезіміне, жүрек айнуына, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Көлемді көпіршік тәрізді бөртпелер, беттің гиперимиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар; пульсі жиі, әлсіз. Науқас тыныс ала алмайды және бірнеше минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Адреналин мен преднизолонды 30 мг енгізгенде асфиксия жойылған жоқ.
Келесі кезекте қай шараны жасау керек?
*преднизолон 60 мг эндотрахеальді
*адреналин сублингвальді
*микротрахеопункцияны
*коникотомия+
*интубация
#69
*!Ер адам 37 жаста алғаш рет ( бұрын тұншығу ұстамасы болмаған) 3 сағ бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады; сальбутамол әсер етпеді. Науқас тексеру кезінде - мәжбүрлі қалыпта, тері жабындылары ылғалды және бозғылт, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, барлық өкпе алаңдарында көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ- 120 мин, АҚ- 110/70 мм.сб. Науқасқа оттегі-ауа қоспасының ингаляциясы тағайындалды.
Төменде көрсетілгендердің қайсысын БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ алғашқы көмек кезінде көрсету керек?
*көк тамырға тиосульфат натриді енгізе бастау
*эуфиллинді к/т енгізе бастау
*адреналин 0.1% 1мл енгізу
*преднизолон 60 мг к/т енгізу+
*сальбутамол ингаляциясы
*Есекжем*1*1*
1-деңгей
#70
*!Дәрілі аллергия кезінде қандай нозология жиі көрініс береді?
*васкулит
*есекжем+
*контакттілі дерматит
*с/м Стивенсона-Джонсона
*көпформалы экссудативті эритема
*Есекжем*2*4*
2-деңгей
#71
*!4 жастағы ұл баланың анасы баласындағы периодты түрде пайда болатын,қышитын бөртпелерге шағымданып келді. Аллергологиялық анамнезі асқынған.. Қарап тексергенде дененің барлық аймағында,кей жерлерде бірігетін уртикарлы бөртпе байқалады.
Болжама диагноз қандай?
*жедел есекжем+
*атопиялық дерматит
*балардағы экзема
*желшешек
*контагиозды моллюск
#72
*!Науқас әйел, 34 жаста,цитрусты жемістерді жегеннен кейін 3 сағаттан кейін ішінде бөртпелер пайда болды. Болжама диагноз қандай?

*уртикарлы васкулит
*ангионевротикалық ісік
*мультиформды эритема
*жедел есекжем+
*аллергиялық дерматит
#73
*!17 жастағы қыз бөртпеге,физикалық жүктеме және стресстік жағдайдан кейін пайда болатын қышыну сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде кеудеде майда, қызыл, айналасы ақ тәжбен қоршалған, ұстағанда ыстық көпіршіктер байқалады.
Болжама диагноз қандай?
*Холинергиялық есекжем+
*Қызамық
*Идиопатиялық есекжем
*Квинке ісігі
*Атопиялық дерматит
#74
*!5жастағы бала құлпынай жегеннен кейін терісінде қышитын бөртпелер пайда болды. Қарап тексергенде мойнында, қолында, аяғында орналасқан,кей жерлерде бірігетін, көпіршіктер,қасыған іздер байқалады.
Болжама диагноз қандай?
*Аллергиялық есекжем+
*қызамық
*Идиопатиялық есекжем
*Квинке ісігі
*Атопиялық дерматит
*Есекжем *3*4*
3-деңгей
#75
*!20 жастағы науқас нервтік және физикалық жүктемеден соң пайда болған бөртпелер мен қышыну сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде денесінде қызарған күлдіреуіктер, пальпацияда ыстық сезімі бар.
Қандай препарат жедел көмек кезінде қолданған жөн?
*налкром
*кетотифен
*фенкарол
*гистаглобулин
*аллергоглобулин
#76
*!Балада апельсин жегеннен кейін 15 минуттан кейін дененің барлық бетінде мультиформды бөртпелер пайда болды. Қарап тексергенде кеудеде біріккен, диаметрі 5 - 12 см бөртпелер байқалады.
Қандай препараттар тағайындау керек?
*Симбикорт
*Вентолин
*Адреналин
*Преднизолон
*Супрастин+
#77
*! Ұл бала 10 жаста терідегі бөртпеге, қышыну сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде дененің барлық бөлігінде уртикарлы бөртпелер,тері гиперемиясы, қасыну іздері байқалады.ИФА әдісімен тауық жұмыртқасына сенсибилизация байқалады.
Қандай дәрілерге айқасулық әсер болды?
*құрамында миноксидил бар препараттар
*құрамында ибупрофен бар препараттар
*құрамында ошаған бар препараттар
*құрамында интерферон бар препараттар+
*құрамында гинкго билоба бар препараттар
#78
*!12 жастағы қыз бала бөртпелерге, тері қышуына шағымданады. Объективті: дененің барлық бөлігінде уртикарлы бөртпелер, терінің гиперимиясы, қасыған іздер байқалды. ИФА әдісінде балықтарға сенсибилизация анықталды.
Өршу кезеңінде рационан қандай тамақтарды алып тастау керек?
*Жарма ботқасын және макаронды өнімдер, нан өнімдері
*Қайың шырыны, алма, алмұрт, жаңғақ
*Күнбағыс майы, халва, майонез
*Қыша, сусындар, ермен қосып тағайындалғандар
*кез келген теңіз өнімдері+
*Квинке ісінуі *2*3*
2-деңгей
#79
*!19 жастағы қыз бала мойын ісінуіне, дауыс қырылына, құрғақ жөтелге, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Шағымдар диетаны дұрыс сақтамағаннан болған(суши). Объективті: бет цианозы, инспираторлы-экспираторлы ентігу, шулы және стридорлы тыныс алу, мазасыздық.
Қандай диагноз барынша тән?
*Анафилактикалық шок
*Пневмотаракс
*Бронхиальды астма ұстамасы
*Квинке ісінуі+
*Есекжем
#80
*!4 жастағы ер бала ерте жастан байқалатын табан аймағындағы кезенді түрде пайда болатын ісінуге шағымданады. Аллергоанамнез ерекшеліксіз. Отбасында ұқсас науқастар болған. Қарап тексерген кезде бозғыл түсті, тығыз, әртүрлі локализациядағы ісінулер анықталды. Диагноз- тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну.
Ауруды диагностикалауда қандай белгі ең маңызды болып табылады?
*науқастың жасы
*аурудың отбасылық сипаттамасы+
*ісінудің кезеңділігі
*ісінудің орналасқан жері
*ісінулердің сипаттамасы мен тығыздығы
#81
*!4 жастағы ер бала ерте жастан байқалатын табан аймағындағы кезенді түрде пайда болатын ісінуге шағымданады. Аллергоанамнез ерекшеліксіз. Отбасында ұқсас науқастар болған. Қарап тексерген кезде бозғыл түсті, тығыз, әртүрлі локализациядағы ісінулер анықталды.
Жүргізілген қай зерттеу әдістерінің нәтижесі тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну диагнозын анық дәлелдейді?
*эозинофилия, перифериялық қандағы ЭТЖ жылдамдауы
*қандағы С2-комплементінің төмен деңгейі
*қанда С1-ингибиторының жеткіліксіздігі+
*қалыпты биохимиялық қан талдауы
*жалпы иммуноглобулин Е жоғарылауы
*Квинке ісінуі *3*3*
3-деңгей
#82
*!19 жастағы қыз бала апельсин жегеннен 15 минуттан кейін қабақ пен ерін ісінуі, күдіру сезімі, дауыстың әлсіреуі. Қарап тексергенде: бет әлпеті пастозды, қабақ пен ерін ісінуі, пальпация кезінде – ұстағанда ыстық.
Қандай препаратты шұғыл көмекке пайдаланамыз?
*Лоратадин
*Беротек
*Эуфиллин
*Кетотифен
*Преднизолон+
#83
*!44 жастағы ара бағушыны жәндіктер шаққанан 20 минуттан кейін қол терісінің гиперимиясы мен ісінуі пайда болды. Қарап тексегенде: қол терісінің және тері асты қабатының гиперимиясы мен ісінуі, бет ісінуі, жалпы мазасыздық анықталды.
Қандай препарат шұғыл терапия үшін ең тиімді?
*кетотифен
*супрастин
*дексаметазон+
*монтелукаст
*димедрол
#84
*!14 жастағы ер балада белгілі бір себепсіз, кезеңді түрде (1-2 рет аптасына ) пайда болатын беттің ісінуі (ерін, көз, тіл), 30-40 мин ішінде өсетін, кейін 1-2 күн ішінде қалпына келеді. Осындай ұқсас сиптомдар апкесінде анықталды..Тексерген кезде С4 айтарлықтай төмендеген, С3 - қалыпты.
Осы жағдайда ісікті жоюдың қандай әдісі ең тиімді?
*С1 ингибиторын қолдану+
*криопреципитат қолдану
*аминокапрон қышқылын к/т енгізу
*антигистамин препаратын к/т енгізу
*метилпреднизолонды к/т енгізу
*Анафилактикалық шок *2*3*
2-деңгей
#85
*!Ер адам 46 жаста лидокаин иньекциясын жасаған соң сол қолға берілетін жүрек аймағыында ауру сезімі,кенеттен әлсіздік, бас айналу пайда болды. Тері қабаты бозғылт, ылғалды, бетңнде-қорқыныш сезімі бар. Пульсі жіп тәрізді, ретсіз, жүрек тоны тұйықталған, дұрыс емес, өкпеде әлсіз тыныс фонында құрғақ сырыл естіледі.
Науқаста қандай патология жайында болжам жасауға болады?
*анафилактоидты реакция
*жедел коронарлы синдром
*анафилактикалық шоктың типті формасы
*анафилактикалық шоктың кардиальды формасы+
*анафилактикалық шоктың асматикалық формасы
#86
*!Әйел 36жаста, арқасындағы ауру сезіміне байланысты диклофенак натрий иньекциясын алады. Төртінші иньекциядан 3-4 минуттан кейін әлсіздік және бас айналу, саусақ ұштарында жансыздану, ауа жетпеу және кеудеде қысылу сезіміпайда болып, кейін науқас есін жоғалтты. Тері қатпары бозғылт, пульсі жіп тәрізді, дұрыс емес. АҚ 40/20 мм сб.бб.
Науқаста қандай патология жайында болжам жасауға болады?
*Аурулық шок
*вазовагальды естен тану
*анафилактикалық шоктың гемодинамикалық формасы+
*анафилактикалық шоктың асфиксиялық формасы
*анафилактикалық шоктың церебралды формасы
#87
*!Ер адам 55жаста, актовегин ерітіндісін (6-шы иньекциялық препарат болатын) тамырішілік енгізу кезінде ыстықтау сезімі, тері қатпарында гиперемия, қозу пайда болды. Сол жақ дене бөлігінде тырысу басталды. Тері қатпары бозарды, пульсі жіп тәрізді, ритімсіз. Науқас есін жоғалтты. Өкпесінде құрғақ сырыл тыңдалады, жүрек тоны мылқау.
Науқаста қандай патология жайында болжам жасауға болады?
*эпилепсиялық ұстама
*гипертоникалық криздің церебральды формасы +
*желел ми қанайналымының бұзылысы
*эпилептиформды (джексоновский) ұстама
*анафилактикалық шоктың церебралды формасы
*Анафилактикалық шок *3*3*
3-деңгей
#88
*!Әйел адам 35 жаста цефтриаксон енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік пайда болып, көз алды қарауытып, кеудесінде қысылу сезімі пайда болды. Тері жабыны бозғылт, пульсі жіп тәрізді, АҚ -90/60 мм.с.б.б. Инъекцияны 5-куні алуда пневмония диагнозымен, алдыңғы инъекцияға жергілікті терінің қызаруы мен қышыну сезімі пайда болған.
Бұл жағдайды алдын-алу үшін қандай шаралар қолдану қажет еді?
*Цефтриаксонды цефобидке алмастыру
*Науқас бұрын цефтриаксон алғанын анықтау+
*Цефтриаксон инъекциясын супрастинмен бірге қолдану
*Цефтриаксон инъекциясын преднизолонмен бірге қолдану
*Аллергияның бірінші белгілері пайда болған соң бірден цефтриаксон енгізуді тоқтату
#89
*!Әйел адам 40 жаста рентгенконтрастты затты енгізгеннен кейін ыстықтау сезіміне, жүрек айнуына, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Көлемді көпіршік тәрізді бөртпелер, беттің гиперимиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар; пульсі жиі, әлсіз. Оған бірден контрастты затты енгізуді тоқтатып, адреналин иньекциясын жасады.
Жедел көмек көрсетудің екінші кезеңінде қандай препарат қолдану керек?
*допамин
*эуфиллин
*супрастин
*сальбутамол
*преднизолон+
#90
*!Ер адам 39 жаста, баралгин енгізгеннен 10 минуттан соң қышыну, терінің қызаруы, саусақтарының жансыздануы, жүрек айну,кеудеде қысылу сезімі пайда болды. Объективті: тері қатпары бозғылт, жабысқақ тер. Жіп тәрізді пульс сезіледі, жүрек тоны мылқау. Аз уақытқа есін жоғалтты. АҚ 60/30 мм.сб.бб.
Қандай препаратты шұғыл көмекке қолданамыз ?
*Лоратадин
*Элениум
*Эуфиллин
*Корглюкон
*Адреналин+

Приложенные файлы

  • docx 19107305
    Размер файла: 153 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий