Aleumettanu


1. Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп,
негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт ( 1798—1857) еді. Бұған дейін
қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс
ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының кұрамдас бөлігі
іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік
ерекше, бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат. мораль,
ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек
философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және Жаңа заман
ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.
Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртутастығын, оны
дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен
шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын карастырады,
соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және
қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен
айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу
пәніне айналдырады.
Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары
жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық
әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан
саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше
ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни XIX ғасырдың ортасынан
бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай,
біріншіден,өзінен белініп шыққан білім салаларына қатысты болса,
екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты
еді.
Ары карай оздерин китаптан……..
2. Әлеуметтану заңдары - қоғамды зерттей отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Әлеуметтану заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір кауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Әлеуметтану заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Әлеуметтану заңдарының неғұрлым елеулі белгілері:
Бірінші маңызды белгісі — қоғамның әлеуметтік жүйелерінің, оның қауымдастықтарының, институттарының, ұйымдарының жасампаздық күшін көрсететіңдігі. Солар арқылы қоғамның және оның құрамдас бөліктерінің оң және теріс қызметі, әлеуметтік белсенділігі көрсетіледі. Кез келген әлеуметтік объект осындай іс-әрекет арқылы қоғамдағы қайшылықтарды, ескі ұғымдарды жеңіп, жаңаны нығайта отырып, болашаққа жол ашады.
Екінші белгісі — әлеуметтану заңдарының бір-бірімен өзара байланыстылығы, тәуелділігі. Қоғамдар арасында немесе қоғамның ішінде қандай деңгейде, қоғамның қандай бөлігінде қолданыста болатыңдығына қарамастан, әлеуметтану заңдары бірін-бірі өмірге келтіреді, бірін-бірі толықтырады, олардың қолданылу және көріну механизмдерін жасайды.
Үшінші белгісі — жеке әлеуметтану заңдары арасындағы тұрақты өзара шарттылық пен бір-бірін толықтырып отыру. Олардың бірде-бірі екіншісінен оқшау бола алмайды. Қоғамның барлық құрамдас бөліктері, әсіресе әлеуметтік ішкі жүйелер, процестер, қауымдастықтар, институттар, ұйымдар өзара байланыста, өзара шарттылықпен дамиды.
Төртінші белгісі — әлеуметтану заңдарының әлеуметтік табиғаты. Ол — әлеуметтік организмнің қозғаушы күші, ол қоғамдағы байланыстардың әлеуметтік ерекше сипатын көрсетеді. Бұл оларға басқа ғылымдардың заңы бола алмайтын ерекшелік береді.
Бесінші белгісі — бұл әлеуметтану заңдарының субъективті жағы. Әлеуметтану заңдары субъективті жағдайды оларды саналы тіршілік иесі ашып, танып, қалыптастыратын болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өздерінің табиғаты адамзаттың, адамның қызметі нәтижесінде туындап, дамитын болғандықтан да иеленеді.
Әлеуметтану заңдары жалпы және жеке болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы әлеуметтану заңдары — өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде бүкіл коғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметгік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады. Бұдан басқа, әлеуметтануда әлеуметтану заңдары бес топқа бөлінеді, олар:
әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.
даму үрдістерін белгілейтін заңдар.
әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс себебін белгілейтін заңдар.
әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың мүмкіндігін немесе ықтималдығын бекітетін заңдар.
Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.
Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б. әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен .«құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын,оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Микросоциология – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын- интеракция ретінде, олардың өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән бергенде ғана мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты зерттеу тақырыбы-индивидтер іс-әрекет, олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.
Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады.
Әлеуметтанудың функциялары - қоғамның алдындағы негізгі міндеттер, осы ғылымның басты бағыты және іс-әрекет шеңбері.[1]
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
3. Әлеуметтік статика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім – шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді.
Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады.
Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді.
Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс» секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды.
#5
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі –Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж.ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті (елестетуді) жапқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моралдік, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық саны мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты (яғни, еш қандай дәлелді керек етпейтін жорамалдарды) Э.Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістері (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза (болжам), эксперимент, т.б.) қолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі (суреті, образы), ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ, олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жас өспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет-ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.
Әлеуметтік фактілердің объективтік өмір сүруінің тағы бір салдары- ол адамдарға әсер етер отырып, оларды белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтік мәжбүрлікке душар болады. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.
Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті –тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдағы ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады.
Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі-ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдік ережелердің жиынтығы болады. қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері менқызметтерінде басшылыққа алып отырады. Қоғам дамуының ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамдық-еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім, әдет-ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл –қоғамда адам одан біршама тәуелсіз,тыс тұрады да, - оның бостандығы мен дербестігі қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығын төмен, аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э.Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриялды қоғамғаөту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде соционализм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады.
Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін тұрпатын анықтап берді, олар: эгоистік, альтуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілуі жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюргкеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э.Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
7)Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838—1888) еңбектерінде анық байқалды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның "Өркениет және ұлы тарихи өзендер" деген ірі еңбегіңде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әле
уметтік заңдылықтарды механикалык тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу а
ықтаушы болатынын атап көрсетті.

Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегі ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың ӛкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечников болды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи ӛзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап кӛрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан ӛзендік, теңіздік және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе ӛркениетті бӛліп кӛрсетті.
Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А.И.Стронин және П.Ф.Лилиенфельд болды. А.И.Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес ӛмір сүруі шектеулі болады.
П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.
Субъективтік бағыттың кӛрнекті ӛкілдері П.Л. Лавров пен Н.К.Михайловский болды. П.Л.Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның кӛзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол – тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады.
Анархизм бағытын қалыптастырған М.Бакунин мен П.Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы – ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды.
Психолгиялық бағыттың ӛкілдері Е.В.Де-Роберти мен Н.И.Кареев қоғам дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П.Струве, М.Туган-Барановский, Н.Бердяев, С.Булгаков және т.б. болды. Олардың кӛзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады.
Қазан тӛңкерісінен кейін ресейлік әлеуметтанудың дамуы шиеленісті жағдайда жүрді. Кеңе ӛкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының ӛрлеуі байқалды.
10. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.
Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.
Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.
М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.
М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
12. әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы ӛндіріс дамуының нәтижесі, ал ӛндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.
13. Әлеуметтік ұйымдар сияқты әлеуметтік жүйенің маңызды элементі әлеуметтік институттар. Ол қоғам мүшелері үшін әлеуметтік мәнді қатынастарды тәртіпке, ретке келтірудің, тиянақтаудың, оларды міндетті етудің негізінде қалыптасады. Нақты индивидтердің, адамдардың, әлеуметтік топтардың, жіктердің және басқа қауымдастықтардың әлеуметтік байланыстары, өзара әрекеттері және қатынастары негізінде әлеуметтік институт пайда болады. Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес, тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады. Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі. Белгілі әлеуметтанушылар Г. Спенсер, и Э. Дюркгейм әлеуметтік институттарды әлеуметтік фабрика деп атаулары жайдан-жай емес. Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б. Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл - институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с. Әлеуметтанушылар арасында әлеуметтік институт терминін түсіндіруде бірыңғай пікір жоқ. Дегенмен мынандай анықтамалар ұсынуға болады. Әлеуметтік институт - бұл адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан бірлестігінің түрі. Әлеуметтік институт – бұл ең бірінші әлеуметтік құрылымның өмір сүруін қамтамасыз ететін әлдеқалай дәстүр, қоғамдық өмірдің уставы (жарғысы), адамдардың қызмет істейтін бірлестіктер және оларды ұжымдарға мақсатты біріктіретін ұйымдастырушы күш. Әлеуметтік институт бұл адамдардың біріккен тірлігінің тарихи қалыптасқан тұрақты ұйымы, іс әрекеті мен өзара әрекеті, олардың қызметінің әртүрлі саласын, мінез құлқын реттеуші және оларды әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесіне жинақтаушы тұрақты ережелер, нормалар мен тәртіптер (установки) кешені. Әлеуметтік институт – бұл дәстүрлер, нормалар және құндылықтарға негізделген адамдардың ұжымдық тірлігінің түрі, адамдарды ортақ мақсатқа жетуге күш жігерін ұйыстыратын ұйымның ерекше формасы. Қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік ережелері мен мінез-құлқының нормаларын бойына сіңірген қоғамдық қызмет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік қызмет соншалықты әр алуан болса, әлеуеттік институт та шексіз. Мысалы, отбасы институты, дін институты, білім, өнер, ғылым, мәдениет институты, өндіріс, банк, несие, рента, сауда институты және т.б. болып кете береді. Яғни адамдардың мінез құлқын, іс әрекетін сипаттайтын кез келген тұрақты әлеуметтік құрылым әлеуметтік институт бола алады. Институт дегеніміз не? Соның анықтамасына тоқтала кетелік. Институт («институтты» латыннан аударғанда орнату деген мағынаны береді) дегеніміз адамдардың аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісі тәртіпке келтірген, тұрақты сипаты бар, өзін-өзі жаңартып отыратын әлеуметтік әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы. 4. Әлеуметтік институттар өмірге қалай келеді және олардың ең мәнді сипаттары қандай? Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты – маңызды өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру. Кез келген институт әлеуметтік қажеттіліктен туады, соған сай қызмет етеді. Мысал үшін отбасы институтын алайық. Ол, біріншіден, қоғамдық құндылықтар (махаббат, балаларға қатынас, отбасылық өмір). Екіншіден, қоғамдық рәсімдер (процедуры) (балалардың тәрбиесі, олардың денсаулығы, денесінің өсуі жөніндегі қамқорлық, отбасылық ережелер мен міндеттер). Үшіншіден, отбасындағы рөлдер мен мәртебелердің бір-бірімен араласып жатуы (отбасында ата мен ененің, әкенің, ананың, баланың, жас өспірімнің, аға мен қарындастардың рөлдері мен мәртебелері). Осылардың көмегімен отбасылық өмір жүзеге асады. Қауіпсіздік пен әлеуметтік тәртіпті әлеуметтік Һәм саяси институттардың аса маңызды түрі мемлекет қамтамасыз етеді. Білім беру мен жас ұрпақтарды әлеуметтендіруге, кадрларды дайындауға қажеттілікті білім институты қамтамасыз етеді. Рухани, оның ішінде барлығынан бұрын өмірлік мағыналы проблемаларды дін институты қамтамасыз етеді. Әлеуметтік институттар өздеріне тән әлеуметтік функцияларды атқарады. Бұл функциялар әртүрлі. Қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттар 4 топқа бөлінеді: 1. Экономикалық институттар: меншік, нарық, ақша, еңбек ақы, т.б. Бұл институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және оларды пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы. 2. Саяси институттар: мемлекет, сот, армия, парламент, саяси партиялар және т.б. Бұлар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырады. 3. Рухани институттар: ғылым, білім, дін, мәдениет, тәрбие, моральдық ережелер, т. б. Бұл саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді. 4. Отбасы саласындағы институттар: отбасы, ана, әке, неке, балалары, т. б. Бұл институттар әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. 5. Денсаулық институты (медицина мекемелері, спорт және туризм). 6. Ақпарат және коммуникация институты (коммуникация мен ақпараттың бұқаралық құралдары). Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады. Кез келген әлеуметтік институттардың негізгі мазмұндық қызметі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, өйткені олар сол үшін құрылды және сол үшін өмір сүреді. Осы бағытта әлеуметтік институттар қанша болса, олардың соншалықты қызметтерін айтуға болады: 1. Кәсіби іс әрекеттің жалпы ережелерін жасау жолымен субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету. 2. Әлеуметтік функция. Бұл адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды, нығайтады және қайта пайда етеді. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын қалыпқа түсіреді, нығайту үшін құндылықтар жүйесін, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасайды. Институт шеңберінде оның мүшелерінің қызметін, өзара байланысы мен қарым-қатынасын тәртіпке салып, реттеп отыратын белгілі әлеуметтік бақылау қалыптастырады. 3. Қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді. 4. Біріктіруші функция. Бұл жалпы ережелерге байланысты әлеуметтік топтар, қауымдастықтардың бірігуі, бір-біріне бағыныштылығы, бір-біріне тәуелділік үдерістерін қамтиды, біріктіреді. 5. Коммуникативті, яғни байланыс функциясы. Бұл өзара әрекет және ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Институт мүшелерінің байланысының өзіндік ерекшеліктері бар. 6. Трансляциялық функция. Бұл әлеуметтік тәжірибе ретінде көрінеді. Әрбір институттың өздерінің құндылықтары, нормалары мен мінез-құлықтары үлгілерін меңгеру негізінде индивидтерді әлеуметтендіретін белгілі тетіктері бар. Сонымен әлеуметтік ұйымдар мен институтар қоғамда аса маңызды функцияларды атқарып, миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады.
4)Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.
Әлеуметтануда натуралистік бағытқа жаратылыстану ғылымдарының таным құралдары мен әдістеріне сүйенетін, концепциялар жатады. 19ғ. мен 20ғ. басында батыс әлеуметтануда натурализімнің екі негізгі түрі қалыптасты: социал-биологизм және әлеуметтік механицизм. Механицизм жақтастары қоғамдық өмір мен адам тәртібін физика ғылымдарында таралған заңдылықтар негізінде түсіндіруге тырысты.
Бірінші кезекке қандай да табиғи факторлар немесе әлеуметтік дамудың қозғаушы күштерін, кейде белгілі жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік үлгілерін белгілеуі натуралистік мектептердің жіктелуіне негіз болды. Осылай биорганикалық мектеп әлеуметтік тұтастық құрылымына назар аударса, нәсілдік-антропологиялық – адамның биологиялық табиғатының, оның нәсілдік қасиеттері мен генотипінің қоғамдық өмірге ықпалын, ал социал-дарвинизм – өмір сүру үшін күрес пен тұқым қуалаушылық, географиялық мектеп – географиялық сала мен кеңістігінде адамдардың орналасуы.
Әлеумет – дарвинизмнің негізгі идеясы бұл барлық табиғаттағы қозғалыс күшін адамның қозғалыс күшімен байланыстыру болды. 19ғ II жартысы 20ғ басында пайда болған антропологиялық мектептің негізгі бағыттары төмендегідей болаты:
а) әлеуметтік өмір мен мәдениет антропологиялық қозғалыс факторының нәтижесі;
ә) көршілік қауым өзара интеллектуальдық, шығармашылық және басқада жағдайларда бір- бірімен тең емес;
б) көпшілік қауым байланысқан жалпы физика- антропологиялық белгілер әлеуметтік- тарихи процестердің негізгі субъектісі болып табылады;
№6
ХІХ ғасырда К. Маркс тарихтың материалистік түсінігінің тұғырнамасын жасады, оның құрамында өндірістік тәсілінің жағдайы бар. Халықты «Әлеуметтік ұйымда» жалпы құдай және жалпы ой емес өндірістік күш және өңдірістік байланыс байланыстырады. Бұл факторлар табиғаттың шартына, тіл мәдениетіне, байланыс құрамына т.б. байланысты. Бірақ қалың қоғам болмысы, өзіндік «әлеуметтік мәселе», болып табылады.
Марксизм тарихының өзіндік факторын теріске шығармайды, бірақ шынайы шартты, себепті зерттеу ұйғарылады. Халықтың қоғамдық байланыстың негізіне материалдық немесе қоғамдық қатынас жүйесі жатады. Барлық мүмкіншілігі бар тәсілдер қоғамдық түсінікте аса жалпылама тарихи іздермен иемденеді. Қоғам өзінің даму негізінде күрделі жүйе болып өнімі, сол немесе басқа халықтың мәдениетті потенциалының мүшесі болып табылады. Саяси және құқықтық сана тарихы өнім, қоғамның дамуымен қалыптасады. Саяси сана билікке толығымен алғанда класс қатынасын анықталған саяси партияларға ықпал етеді. Негізгі қызмет — көпшіліктің қызығушылығымен қамтамасыз ететін осындай билікті құруға әлеуметтік күшті бағыттау және айқындау.
Құқықтық сана құқыққа қарағанда жалпы міндетті, мінезі бар, қоғамдық тұлғаның келесі түсінігі ғылым болып табылады. Ғылым — рухани мінездің құрылысы, бұл адамның қызметіне жүйелеуге тексеруге дағдыланады. Ғылымның мақсаты — обьективтік ауқат. Ғылымның білімтану — білімнің ұдайы өндірісінің қиын қарама — қарсы үрдісі. Практика ғылыми білімнің басты критериі болып табылады. Ғылымның басты функцияларының қатарына мыналар жатады: танымдық әдістеменің түсініктемесінің практикасы. Қазіргі заманда ғылым рухани білімнің айырмашылығын ұсынады. Техногендік өркениеттің ерекше маңыздылығы ғылыми ұтымдылықты табады. Қоғамдық идеология және қоғамдық психология қоғамдық сананың сыңары болып табылады. Қоғамдық идеология — қоғамдық сананың компаненті.
Экономика идеологиялық формамен тікелей байланыспайды. Ол біріншіден, қоғамдық қажеттікті, қызығушылықты тудырып ұсынады. Идеология — қоғамдық психологиясыз өмір сүре алмайды. Қоғамдық психология — халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланысқан қоғамдық сананың компаненті. Қоғамдық тұрмыс қызығушылықты, эмоция мен сезімнің дамуының жалпы бағытын, халықтың іс — әрекетін тудырады. Қоғамдық психология өзінің дамуында белгілі бір заңдылыққа бағынады. Біріншіден ол, тіршіліктің материалдық шартына байланысты, екіншіден, қоғамдық психологияның нақты — тарихи мінезі бар, үшіншіден, қоғамдық психология халықтың іс — әрекеті және өміріне байланысты және әлеуметтік ойымен толтырады, төртіншіден, қоғамдық психология және қоғамдық идеология бір — біріне ықпал қоғамдық етеді,бұл процессте идеологияның рөлі басым. Бірақ қоғамдық психология белсенді және идеологияға қарсы әсер көрсетеді.
Базистің айрықша бір рөлі сол, ол өзіне (базиске) орнатылатын қондырма үшін, яғни қоғамның саяси, құқықтық, философиялық, этикалық, көркемдік және діни көзқарастары мен соларға сәйкес саяси — идеологиялық мекемелер мен ұйымдар үшін реалды негіз болып табылады. Сондықтан базис өндіріс тәсілінің қоғамдық өмір кейпін, оның идеялары мен мекемелерін тікелей айқындап беретін жағын құрады.
Антагонистік таптық қоғамдардың базисі іштей қайшылықты. Адамдардың өндіріс құрал — жабдықтарына деген түрліше қатынасын білдіре отырып, ол қанаушылар мен қаналушылардың арасындағы антагонизмді — таптық мүдделердің қарама — қарсылығын білдіреді. Антагонистік таптық қоғамның базисінің қайшылығын бейнелендіретін оның қондырмасы да қайшылықты.
Базистен туған қондырманың дамуында сонымен қатар салыстырмалы дербестік те бар. Бұл дербестіктің бірінші көрінісі — оның дамуындағы сабақтастық байланыс. Ескі базистің орнына жаңа базис келгенде қондырмада болатын төңкеріс бұрынғы қондырманың барлық элементтері автоматты түрде жойылады деген сөз емес. Екіншіден, әрбір қоғамның қондырмасында жалпы адамдық идеялар мен түсініктер болады. Үшіншіден, қондырманың салыстырмалы дербестігі оның өзін тудырған экономикалық базистің дамуына тигізетін пәрменді кері әсерінен көрінеді.
Қоғамдық — экономикалық формация ұғымына өндіріспен, базиспен және қондырмамен бірге басқа да қоғамдық құбылыстар кіреді. Олар: адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықтары, отбасы және неке, тіл, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, т.б. Бұл құбылыстар базиске де, қондырмаға да тікелей қатысты болмағанымен, олар кез — келген формацияның біртұтас организмінің құрамдас бөліктері болып табылады. Оларсыз қоғам өмірі және дамуы мүмкін емес. Шынында да адамдардың қатынас құралы болып табылатын тілсіз еңбек ету, ой — пікір, тәжірибие алмасу мүмкін емес қой. Аталған құбылыстар, әрине, әр формацияда әртүрлі, бір формациядан екіншісіне өткенде елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.
Қоғамдық — экономикалық формацияны құратын құбылыстар өзара табиғи байланысты, біріне — бірі тікелей немесе жанама әсер етеді, солардың нәтижесінде формация күрделі, дамушы әлеуметтік организм, біртұтас жүйетүрінде әрекет етеді.
Қоғамдық — экономикалық формация ұғымы түрліше қоғамдық құбылыстардың бірлігінің, өзара байланысының материалдық негізін аша отырып, қоғам жайындағы бұрынғы және қазіргі идеалистік, метафизикалық көзқарастардың шын мәнін ашып берді. Қоғамдық — экономикалық формацияның ашылуына байланысты тарихи процесс қатаң ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлінетін болды: қоғам тарихи қоғамдық — экономикалық формациялардың даму және заңды түрде ауысу тарихы екені ашылды.
Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық — түліксіз, киім — кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере алайды. Ол игіліктерге ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек — адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, шешуші күші болып табылады.
Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез — келген нақты өндіріс тәсілінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын — өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды құрады. Олай болса, өндіріс тәсіліне жалпылама талдау жасау үшін өндіргіш күштер деген не, олардың құрамы қандай, өндірістік қатынастар қандай қатынастардан тұрады, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланысы қандай деген сұрақтарды анықтау қажет.
Еңбек нәрсесі деп адамның еңбегі жұмсалатын заттарды айтады. Мәселен, мақта, дән, руда, т.б. шикізаттар өңделуге тиісті еңбек нәрселері. Ал бұларды өңдеуге қолданылатын құрал-аспабтар еңбек құралдары деп аталады. Еңбек құралдарының ішіндегі ең бастысы еңбек нәрселерін өңдеу үшін қолданылатын өндіріс құралдары болып табылады. Құралсыз өндіру мүмкін емес. Табиғат өз байлығын оп — оңай бере салмайды, оларды алу үшін адамның білегінің қара күші мүлдем жеткіліксіз. Тіршілік үшін қажетті нәрселерді өндіру өндіріс құралдарының көмегімен ғана іске асады, ал өндіріс құралдары неғұрлым жетілген болса, өнім де соғұрлым көп болады.
Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы — адам.
Еңбек құралдары қоғамның өндіргіш күштерінің шешуші элементі болып табылады, өйткені адамның табиғатқа деген қатынасының сипатын айқындап беретін солар.
Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс — әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Сондықтан еңбек әуелбастан қоғамдық еңбек еді және солай болып қала бермек. Еңбек процесінде адамдар арасында орнайтын бұл қатынастар болмай қоймайтын қажетті қатынастар болып табылады.
Өндірістік қатынастар — экономикалық қатынастар. Түрліше әлеуметтік топтардың өндірістегі үстемдік немесе бағыныштылық жағдайы, олардың өндіріс процесіндегі қатынастары меншіктік формадан туындайды. Егер меншік қауымдық болса, онда өндірістік қатынастар өндірушілердің ынтымақтасу және өзара көмектесу сипатында болады. Ал егер меншік жеке адамдікі болса, онда бағындыру және қанау қатынасы орнайды. Өнім бөлісу формасыда өндіріс құралдарына деген меншіктің сипатына тиесілді болады. Өндіріс құрал — жабдықтарының иесі өндіріс процесіне қатыспағанымен, өнімнің не барлығын алады немесе басым көпшілігін алады. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз объективті түрде қалыптасады. Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.
Адамдардың үздіксіз өсетін қажеттерін қанағаттандырудың бір ғана жолы бар — өндірісті ұдайы жетілдіріп дамыту. Өндірісті дамыту — қоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.
Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштер сипатына сәйкес келуі — өндірістің дамуының міндетті шарты. Ол шарт белгілі бір дәрежеде қоғамдық — экономикалық формациялардың бәріне тән, бірақ жеке меншікке, қанауға негізделген қоғамда өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің сипатына ұзақ сәйкес келіп тұра алмайды.
Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына ілесе алмай, кейін қала береді де олардың дамуына кедергі бола бастайды, олармен қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер әрі қарай дамыған сайын өндірістік қатынастардың кедергілік рөлі арта түседі де, олардың арасындағы қайшылық ақыр соңында жанжал деңгейіне жетеді. Сонда ескі өндірістік қатынастарды жойып, дамыған өндіргіш күштердің сипатына сәйкес келетін жаңа қатынастар орнататын әлеуметтік революцияның қажеттігі туады.
Сөйтіп, көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік философия материалдық, экономикалық қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайтындар: меншіктің формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну керек.
9)Р.Мертон-(1912 ж)-американ социологы, функционалдық талдаудың теориялық негізін қалыптастырған ғалым. Р.Мертон негізгі еңбектері:” Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым”, "Функционалдық талдаудың парадигмалары”, "Социологиядағы құрылымдық талдау”. Ол "Орта деңгейлі” теорияны қалыптастырып енгізу керек деген өте маңызды ғылыми ұсыныс жасады. Оның айтуынша мұндай теория арнайы теориялар аралығында орналаса отырып, әлеуметтік әдет-ғұрыптардың , әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік өзгерістердің түрлерін түсіндіруге бағытталады. Бұл теорияның негізінде функционалдық жатыр. Р.М. функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті:
функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде. 2. Функционалдықтың жан-жақтылық қағидасы-мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық қасиеттерге ие болады. Р.Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық тұрғыдан талдау қажет. 3. "мәжбүрлік қағидасы”-функциялардың мәжбүрлілікке ие болмай қоймайтындығын көрсетеді.
Р.Мертонның айтуынша функционалдық объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым т.б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды. Р.Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті. Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.
Т.Парсонс(1902-1979)-американдық социолог, "құрылымдық функционализмнің негізін салушы, әлеуметтік жүйелер туралы теорияны қалыптастырушы. Негізгі еңбектері: "әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы”, "әлеуметтік жүйе”, т.б Парсонстың теорияларына М.Вебердің, Э.Дюркгеймнің Ф.Теннистің,Г.Зиммельдің,К.Маркстің т.б еңбектері үлкен әсерін тигізді. Оның теориялық мұрасын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1)әлеуметтік іс-әрекет теориясын өзіне дейінгі социологиялық ой-пікірінің дамуының негізінде көрсетеді. 2)әлеуметтік іс-әрекеттің жалпы теориясында құрылымдық функционализмді негіздейді және әлеуметтік функциялардың қоғамның тұрақтылығына тигізетін әсерін талдайды.; 3) әлеуметтік іс-әрекет және жеке адам мәселесі. Парсонс қоғамдық дамудағы 3 негізгі құрылымды көрсетеді.: жеке адам, мәдениет және әлеуметтік құрылым. Парсонс әлеуметтік жүйелердің ішкі бөлінуінің мынадай басты құрылымын көрсетеді: объективті ролдерді орындаушы актерлер,осыдан туындайтын әлеуметтік рольдердің бағыттық түрлері; бағдарладың экономикалық негіздері; мәдени бағдарлар жүйесі; ресми және бейресми функциялар.
Парсонс жеке адамды әлеуметтену процесінде қарастырды. Әлеуметтену-қоғамдық функциядағы материалдық пен идеалдықтың бірлігі.
14,Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтар қанағаттандыруға арналған рөлдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар деп аталады. Оларға - отбасы, дін білім беру, экономикалық саяси жүйелер сияқтылыры жатады. Арнайы институттар (латынша institutum -нұсқама , мекеме ) мен ұйымдар құра отырып , қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді. Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталады, ал бұл байланыстарға тәртіптелген, нормативті сипат беру процесі институттандыру деп аталады.
Әлеуметтік институт ол - ұйымшылдықпен біріккен ұйымдастырылған жүйе және әлеуметтік нормалармен ерекшеленеді. Олар белгілі бір құндылықтар мен процедураларды біріктіріп, қауымның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Институт адамның іс әрекеттерінің белгілі бір жобасы ,ол нақтылы идеалогия түрінде, нормалар мен ережелер жүйені қарастырады.
Институционализация - әлеуметтік нормалардың дамуын және нақтылануын қадағалайды. Институционализация бұл - тәжірибиелі,спонтанды тәртіптің, белгілі бір қадағалайтын тұрақты тепе теңдікті сақтайтын тәртіпке айналдыру. Институционалды жағдайдың туу қауымдастықта белгілі бір ережелер мен нормалардың дамуы басталады.
Институционализация процесі ол, яғни әлеуметік институттардың құрылуы. Ол келесі бірнеше этаптардан тұрады:
1. Ұйымдардың белгілі бір талаптарын қамтамасыздандыру;
2. Жалпы мақсаттарды қалыптастыру;
3. Әлеуметтік ережелер мен нормалардың қауіпті әлеуметтік жағдайды, еш қателіксіз қрастырады;
4. Ережелер мен нормалармен байланысты процедуралардың туу;
5. Ережелер мен нормалардың институцонализациясы, яғни оны тәжірибеде қолдану;
6. Ережелер мен нормаларды қалыпты ұстау үшін санкция жүйесін қолдану;
7. Институттардың мүшелерімен бірге статус пен рөлдер жүйесін құру:

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
16)Мәдениет пен өркениет бір – біріне өте жақын, төлтума ұғымдар. Әлемдік ғылымның алтын қорына алғашқы рет цивилизация - өркениет деген ұғымды енгізген шотланд философы Адам Фергюссон көрінеді. Дегенмен, бұл ұғымды қоғамдық болмыстың өзіндік диалектикасының қыры мен сырын терең зерттеу мәселесіне кеңінен қолданып, оны метолодогиялық қағида дәрежесіне көтерген К.Маркс пен Ф.Энгельс болып табылады. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әр түрлі қырынан көрінеді.
Біріншіден, өркениет дегеніміз – адамзаттың даму процесінде тығылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері – еңбек бөлісуі арқасында пайда болған адамдар арасындағы қарым – қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің пайда болуы, таптардың қалыптасуы, мемлекеттің дами бастауы.
Өркениет – бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің белгілі бір тиянақты даму сатысы. Археологтар мен ежелгі тарихты зерттеушілер бұл ұғымды дәл осы мағынада пайдаланып жүр.
Өркениетті тарихи дамудың нақты кезеңі деп қарастыруды ең алғашқы рет Ш.Фурье ұсынған еді, осы теориялық дәстүр Л.Морган, Ф.Энгельс еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұйықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған. Бұл дәстүр И.Я.Данилевский еңбектерінде қалыптасқан. Кейінен осы концепцияны О.Шпенглер, К.Н.Леонтьев дамытқан.
Үшіншіден, өркениет адам баласының өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейіп, табиғаттың дайын байлықтарын пайдаланып қана қоймай, оны қоғамдық өндірістік технология арқылы өзгерту дәрежесіне көтерілгендігін дәлелдейді. Еңбектің қалай іске асатыны, адамның табиғатқа әсер ету тәсілдері өндірісті қалай және қандай құрал – жабдықтармен жүзеге асыру мәселесі өте маңызды болды. Өркениет жалпы әлеуметтік прогрестің даму процестерімен тығыз байланыста өрбиді. Оның даму жолдарын өркениеттің төменгі сатысы, өркениеттің жалпы деңгейі, өркениеттің аралық сатылары сияқты терминдер арқылы сипаттауға болады.
Өркениетті жалпы қоғамдық дамудың жиынтық мәнездемесі деп қарастыруға болады, оған өзара диалектикалық қарым – қатынаста болып отыратын қоғамдық өмірдің объективті және субъективті заңдылықтары кіреді.
Мәдениеттің алғашқы нышандары еңбек, іс - әрекетпен бірге қалыптаса бастайды. Ал өркениет кейінірек пайда болады. Оның қалыптасуының алғышарттары қоғам дамуының әлеуметтік сипат алуы болып табылады.
Табиғатқа тәуелділіктен босаған адамдардың арасында шын мәнінде нағыз жалпы әлеуметтік қарым – қатынастар пайда бола бастады және адам өмірі күрделене түсті. Өркениет дамуына кеңінен жол ашатын маңызды фактор – қоғамдық әлеуметтік қарым – қатынастардың кеңейіп, нығаюы.
Мәдениет ұғымы адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерін қамтиды, оның аясына өркениетті даму да, одан бұрынғы даму да кіреді. Ал өркениет ұғымы қоғамдық прогресстің кейінгі кезеңдерінде пайда болған дамуын түсіндіреді.
Өркениеттің дамуы адамның табиғи шектілігін және бастауымен тығыз байланыстығын көрсетеді. Бір жағынан, адам табиғат заңдылықтарын танып, біліп, оған терең бойлау арқылы оны өзіне бағындырды, оның тікелей әсерінен бірте – бірте арыла отырып, өзіндік заңдылығы, уақыттың және әлеуметтік тарихи кеңістігі бар қоғамдық болмысты жасай алды. Екінші жағынан, адамның қоғамдық мәнін меңгеру адамның өзін - өзі басқарумен, басқаша айтсақ, өзінің жігері, еркі, темпераменті т.б. сияқты биологиялық - әлеуметтік қасиеттерін ұдайы тежеп, өзін - өзі ұйымдастыру дәрежесіне көтерілді.
Мәдениет және өркениетті зерттеу үшін олардың өзара бірлігі мен айырмашылығын көрсетіп отыратын тарихи өлшемді табуымыз қажет. Сол өлшем арқылы қоғамдық процестің осы екі жағын түсіндіріп қана қоймай, олардың әрқайсысына тән ерекше сипатты табуға да болады.
Осындай ерекше миссия мәдениет пен өркениетті өзара біріктіру және ажыратудың тарихи өлшемі болу – адам ұғымына тән болып табылады. Әрине, мәдениет те, өркениет те адам өзі дүниеге келтірген, өзі солар арқылы өмір сүріп отырған қоғамдық құбылыстар.
Қоғамдық – экономикалық формация, өркениет және мәдениет ұғымдарының өзара
байланыстары мен ерекшеліктерін саралайтын болсақ, мәдениет және өркениет ұғымы қоғамдық дамудың іс - әрекеттік гуманистік қырына жатады, олардың арасында (жоғарыда біз көрсеткендей – М.Н.) өзара иерархиялық корреляциялық байланысы бар.
Формация және өркениет ұғымдарының өзара байланысы олардың қоғамдық дамуды саралаудың дербес екі түрлі жолының аясында тұрғандықтан, олардың бірін – бірі толықтыруымен түсіндіріледі.
Формация ұғымы арқылы қоғамдық дамудың әлеуметтік – экономикалық тынысы сарапталса, ал өркениет ұғымы қоғамды әлеуметтік мәдени тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік береді.
Жалпы социологияда өркениет ұғымын пайдалану қоғамдық дамудың көп жақтылығын, тарихи процестің субъектісі адамға біртұтас бағытталуының жүйелілігін анықтайды, өйткені, ол өзінің мағынасында қоғамдық қарым – қатынастардың даму деңгейінің тереңдігі мен гуманистік сипатын да көрсетіп отырады.
Өркениет терминін пайымдаудың қажеттігі кездейсоқтық емес. Оның өзі осы ұғымның даму тарихы таным контекстісі мен мақсаттардың әр алуандылығы, басқа да жақын ұғымдар мен байланысының, сонымен қатар, осы түсінікке сай келетін тарихи болмыстың күрделілігімен түсіндіріледі.
Өркениет ұғымы арқылы әртүрлі ұлттардың, халықаралық дамудың өзіне тән сапалық ерекшеліктері анықталады. Мәселен «ағылшын өркениеті», «Европалық өркениет» т.б. Жалпы адамзаттың даму заңдылықтарын зерттей отырып, өркениеттің тарихи формаларын да түсіндіруге болады. Мәселен, «антикалық өркениет», «феодалдық өркениет», «капиталистік өркениет».
Өркениет дегеніміз - өзіндік өндірістік технологиясымен оған сай мәдениеті бар тарихи нақты қоғамды білдіретін философиялық – социологиялық ұғым.
Мәдениет пен өркениет өзара қабыса бермеуі де мүмкін. «Европаның күйреуі» деген әйгілі кітабында О.Шпенглер өркениеттің кез келген мәдениеттің тағдыры екендігіне көңіл аударған еді. Оның пікірінше, өркениет қанат жайған сайын мәдениет күйреуге ұшырайды. Орыс ойшылдары Достоевский, Хомяков, Леонтьев мәдениет типтері мен өркениеттер типтерінің айырмашылығын түсініп, бұл мәселені Россия және Батыс мәдениетінің қарым – қатынасымен байланыстырды.
Ницше де осы мәселені көтерген еді. Адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдарының бәрі де техникалық өркениет әлемінде рухани мәдениеттің дағдарысқа ұшырайтынын айтып ескертіп отырған.
Өркениетте кез келген идеология, рухани мәдениет тек қана қондырма рөлін атқарады. Өркениеттің рухани мәдениеттен айырмашылығы: біріншіден, оның негізін бейтарап, абстрактілі ақыл емес, практикалық, прагматикалық, негізгі бағыты айқындалған ақыл құрайды, онда діни факторлар жоқтың қасы; екіншіден, өркениет символикадан таза, ол әруақытта реалды, бейтарап және қарапайым.
Өркениетте бірлескен ұжымдық еңбек жекелік шығармашылықты бірте – бірте ысыра береді. Әрине, бұл тұлғалық ерекшеліктің дамуына өте қауіпті.
Өркениеттің дамуы үшін адамның жұмыс күші ретінде, әртүрлі құндылықтарды жасайтын жұмысшы ретінде дамуы тиімдірек. Сондықтан, адамның тұлға ретінде дамуы емес, керісінше, жұмыс күшінің структурасы және соны жетілдіру мәселесі көбірек қызықтырады. Бұл тұрғыдан келсек, өркениеттілік – бұл жоғары кәсіпкерлік, қоғам байлығын көбейтуге жағдай жасайтын қабілеттілік, қоғамдық қарым – қатынастарды жетілдіру. Мәдениеттілік – адамның рухани жетілуі. Мәдениет адамда біртұтастықты, намыс, ұят, ізгілік, турашылдық, өзін - өзі сыйлау сияқты жоғары адами қасиеттерді қалыптастырады. Тұлғалық, сонымен қатар, тың бастаулар тек қана мәдениетте дамиды.
Өркениет дәуірі адам өміріне машина ене бастағаннан бері дамыды, содан бері оның табиғи реті мен байланысы бұзылды. Өркениеттің негізін машина құрайды, сондықтан онда рухани мәдениеттің тұтастығы жоқ, онда арнайы мамандыру басым. Сөйтіп, мәдениет өзінің руханилығын жоғалтып, өркениетке айнала бастайды. Қасиетті рух өзінің ежелгі тұғырынан тайып, сапа санмен алмастырылады.
Өркениеттің жылдамдығы соншалық, онда өткен де, бүгін де жоқ, онда тек қана болашақ бар. Өркениет дәуірінде мәдениет әр уақытта романтикаға толы.
Өркениет – адамдарды бір – бірінен
алыстатын әлеуметтік құндылықтарға негізделген, өйткені ол адамдарға зат, заттық қатынастар әлемін ұсынады. Материалдық құндылықтар жоғары саналатын қоғамда қоғамдық қарым – қатынастар әруақытта дағдарыста болып тұрады.
Мәдениет - өркениеттің негізі. Құндылық қарым – қатынас мәдениет пен өркениетті байланыстырады. Мәдениет әртүрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандық сферасына енгізеді. Рухани мұраттар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Рухани құндылықтар мен мұраттарды қадірлейтін қоғамның болашағы бар.
XX ғасырдың аяқ шенінде қанат жайған әртүрлі елдердің экономикалық, әлеуметтік – саяси интеграция процестері сан алуан мәдени дәстүрлердің бір – бірімен ұшырасуын, кездесуін тездетуде. Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп отырған заттық, болмыстық ортасы, оған тән әлеуметтік қарым – қатынастар жүйесі, коммуникация тәсілдері өзгерді. Ғылыми – техникалық прогресс өркендеген, робот пен электроника жұмыс істейтін, қуатты демократиялық қозғалыстар мен ақпарат тасқыны заманы бұрынғы методологиялық қағидалардың аясына сыймайтын тың, ауқымды оқиғаларды туғызуда. Өскелең заман қоғам танудағы көптеген ұғымдарға сын көзбен қарап, саралауды талап етуде.
17)Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері — өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең — қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық — көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры — қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі — қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) — “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен
мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.
Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.
18.Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).[2]
Тұжырымдар[өңдеу]
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндірісинформатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
•экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
•қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон)."Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады[
23. Әлеуметтік құрылым - [лат. structura - қүрылым] - қоғамның неме¬се әлеуметтік топтың ішкі қүрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олар¬дың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы. Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің, ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі әлеуметтік топтардың болуы жатады. Әлеуметтік құрылым үғымы "таптық қүрылым" үғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек таптарға емес, сонымен қатар басқа да әлеу¬меттік топтарға, жіктерғе бөледі. Әлеуметтік құрылым қоғамның түтастығын және түрақтылығын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік құрылым мәселелерін әлеуметтік жіктелу теориясы қарастырады
К. Маркс ілімі[өңдеу]
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
М.Вебердің ілімі
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;
1.капитал иелерінің табы;
2.интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
3.дәстүрлі ұсақ буржуазия табы
4.жұмысшы табы.
Сонымен, М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген. Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлше,мдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде әйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар ме топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз. Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және ә) меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындыға келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, стратталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті. Батыс Еуропа мен АҚШ әлеуметтанушылары нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және стратталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстарын негіздеді. Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П.А. Соркин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауаркершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби даындығы да бар, байлығы да бар деген сөз. П.А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды. Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелудің факторларын 3 топқа топтастырған.
1.Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті.
2.Екінішісіне – қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған.
3.Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторладың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы ара түседі. Мәселен, Кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу процесінде саяси факторларлың маңызы зор болды. Билік саласында қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Ал, жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіндіктері кең болды. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға қту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады. Ресей Ғылым Академиясының «Әлеуметтану институты» жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелідегі басты фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе: табыс көлемін - 91,2%-ы; меншікті – 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді – 52,7%-ы; білімді - 35,1%-ы; қабілет пен талапты – 34,6%-ы; мамандық түрін – 30,1%-ы; адамның шығу тегін – 25,0%-ы; ұлттық тегін – 14,5%-ы атап көрсеткен. Яғни зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек. Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет. Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
•жоғары орта тап:
•орта таптың орташасы:
•төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.
Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.
11)Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...
Қоғам және Саясат
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.[2]
Түрлері
Бос уақыт қоғамы
Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы
Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
Топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашықжәне қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін. Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша,этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер,қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтыңқызметі ерекше.
Тoптар[өңдеу]
1.еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);
2.жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);
3.жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);
4.капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.[1][2]
Шағын топ[өңдеу]
Шағын топ - барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ.
Атаулы топ[өңдеу]
Атаулы топ - талдау мақсаты үшін мағынасы зор бірқатар белгілер бойынша бөлінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, жас, ой өрісі тұрғылықты орны бойынша топтар.
Алғашқы топ[өңдеу]
Алғашқы топ - негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары).
Референтті топ[өңдеу]
Референтті топ - әлеуметтік салыстыру процесінде индивидтер үшін үлгі ретінде болатын, олар өзінің әлеуметтік жағдайын, мінезқұлқы мен ұстанымдарын салыстыратын нақты немесе елестетілетін әлеуметтік топ.
Әлеуметтік топ[өңдеу]
Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.
Ресми топ[өңдеу]
Ресми топ - заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге (өнімге, қызметке, т.б.) жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ.
Этникалық топ[өңдеу]
Этникалық топ - ядросы басқа әлеуметтік ағзаның құрамында болатын этностың (тайпаның халықтың, ұлттың) бөлігі («Сынығы»).
Топтық динамика[өңдеу]
Топтық динамика - белгілі бір уақыт арасында бір топта пайда болатын және топтың бір кезеңнен бір кезеңге қозғалуын, яғни оның дамуын бейнелейтін динамикалықпроцесс жиынтығы.
Тендер тобы[өңдеу]
Тендер тобы - тең статусты индивидтер тобы. Термин көбінесе отбасының иерархиялық тәжірибесіне қарағанда өз жасындағылар тобында әрекет ете отырып, әлеуметтенуіне әртүрлі ықпалды сезінетін балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылады.
Топтық динамика[өңдеу]
Топтық динамика - әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады.
Топтық терапия[өңдеу]
Топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік.
Топтастыру[өңдеу]
Топтастыру - бақыланатын объектінің бірліктерін маңызды белгілері бойынша біртекті жиынтықтарға біріктіру.[3]
Қысым топтары[өңдеу]
Қысым топтары - мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.
Мүдде топтары[өңдеу]
Мүдде топтары - өзі үшін қолайлы және пайдалы шешімдерді қабылдау мақсатымен саяси институттарға ықпал етуге талпынатын ортақ мүдделер негізіндегі индивидтердің бірлестігі.
Тәуекел топтары[өңдеу]
Тәуекел топтары - қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан қарағанда бейім халық категориялары.
Өзара көмек көрсету топтары[өңдеу]
Өзара көмек көрсету топтары - психологиялық денсаулықты калпына келтіру мақсатымен өзара көмек пен қолдау көрсету үшін құрылған қайғыға ұшыраған адамдар топтары. Бұл - лидер немесе координаторы болуы міндетті топтық терапия әдістемесінің бөлігі. Мұнда назар ортақ тәжірибені және ағымдағы эмоцияларды бірге қайта бастан кешіруге аударылады. «Менді» және басқаларды терең түсіну процесінде сауығу жүзеге асырылады.
24. СТРАТИФИКАЦИЯНЫҢ тарихи типтері
Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан
бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған
байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген
индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде
бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің
деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды
құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
«Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты
қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды
пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың
болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә)
сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық
жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік
жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық
жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе
деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға
болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы
жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері
касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына
беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
ә) кшатрийлер (әскери адамдар);
б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
г)хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды
жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі
каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған.
Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы
сонымен келісімде болуы керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың
мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі.
Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар
атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал,
төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір
сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын
алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан
оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда
Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың
бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса
айтылды.
Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің
экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды
25. Ресей Ғылым Академиясының «Әлеуметтану институты» жүргізген зерттеулер
нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі
иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелідегі басты
фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе:
- табыс көлемін - 91,2%-ы;
- меншікті – 64,8%-ы;
- көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді – 52,7%-ы;
- білімді - 35,1%-ы;
- қабілет пен талапты – 34,6%-ы;
- мамандық түрін – 30,1%-ы;
- адамның шығу тегін – 25,0%-ы;
- ұлттық тегін – 14,5%-ы атап көрсеткен.
Яғни зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің
болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып
отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары
мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек.
Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты
ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен
шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе
құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып,
қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді
ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:
1) жоғары тап;
2) орта тап;
3) жұмысшы табы;
4) төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік
элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар
мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар
қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші
рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен
хлықтың 1%-ын құрайды.Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық
иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени
дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар
халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың
тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары
мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады.
Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер,
заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап
адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына
сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды
қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан
қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш –
жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап:
ә) орта таптың орташасы:
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке
қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми –
техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар
механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен
фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында
еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби
дайындықтары бар.
Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ
жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер)
жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік
кедейшілік жағдайда өмір мүреді,
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам
мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік)
қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
19)Тарихы[өңдеу]
Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Зерттеу пәні[өңдеу]
Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Бұл медицинаны денсаулық туралы және адамның жеке басының және қоғамдық өмір сүру жағдайы туралы ғылымның нақты жүйесіне айналдырады. Медицинаның мұндай жаратылыстану ғылымының шегінен шығып, оның биоәлеум. сипаттамасын белгілейді. Әлбетте биологиялық және әлеуметтік көріністер медицинада жекеленбей, диалектикалық бірлікте қаралады. Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады. Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 — 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 — 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.
Қазақстанда[өңдеу]
Медицина саласындағы жүйелі зерттеулер республикада 1925 ж. Өлкелік санитады-бактериолиялық институт ашылғаннан кейін басталып, келесі кезеңдерде ұйымдастырылған қазіргі Қазақ Ұлттық медицина университетінде, Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтында, Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында, Республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында, Гигиена және эпидемиологияғылыми-зерттеу орталығында, Хирургиялық ғылыми орталықта, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекцияларғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында,өзге де медициналық университеттер мен факультеттерде жалғасын тауып келеді;
№20
Социологияның негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. «Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама – қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер.
Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.
Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған — қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.
Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.
Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:
— басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;
— тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;
— басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;
— ғылыми-техникалық революция.
XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы — ауыл шараушылығы, екінші кезеңде — өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда — білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда — корпорация, постиндустриялдыда — университет.
Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар — К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады.
Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.
Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат қызметінің денгейі жоғарылаған сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым – қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.
Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.
Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. («Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), «Әлем – 3” Д. Медоуз (1978) т.б.).
Жаһандану модельдерінде «әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.
Форрестер мен Медоуз жасаған модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған кезде параметрлерді іріктеу математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер бойынша жүзеге асты, өндіру мен тұтыну орташа шамалары, қызметтер мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».
Месарович — Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін зерттей алатын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті факторлар санына талдау жасауға ұмтылды. Месарович — Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ — бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.
8. П.А.Сорокин(1922)- тегі орыс американдық социолог. Эмиграциядан кейін батыс социологиясында көрнекті орынға ие болды. П. Сорокин АҚШ-та үстемдік еткен эмпиризмдік тенденцияны сынап, кең түрде танылған мәдениеттің жалпы социологиялық жақтарын қамтитын "интегралды социология” туралы ілімді дамытты. Мәдени өзгеріс теориясын ұсына отырып, П.Сорокин диалектиканың көмегімен әлеуметтік-мәдени өзгерістердің дұрыс қайталанып тұру тәртібін түсіндіруге тырысып, оның негізін іздеді.
П.Сорокин 1927 ж. ғылымға "әлеуметтік мобильділік” ұғымын енгізді. Ол әлеуметтік мобильділікті жеке адамның, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуі емес, әрбір әлеуметтік жағдайдың өзгеруі деп түсіндіреді. П.Сорокиннің түсіндіруі бойынша, әлеуметтік мобильділік 2 бағытта жүзеге асады: а) тікелей-жоғарғы, төмен өзгеру; б) көлденеңінен-бір дәрежедегі өзгерістер. П.С. негізгі еңбектері: "Революция социологиясы”. "Әлеуметтік мобильділік”, "Қазіргі социологиялық теориялар”, "Адам, Цивилизация, Қоғам”, "Социология жүйесі ”т.б П.Сорокин "Социология жүйесі” еңбегінде өзара әрекетті әлеуметтік құбылыстың қарапайым моделі ретінде қарастырды. "Әлеуметтік мобильділік” еңбегінде ол стратификация және мобильділік мәселелерін қарастырды. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз тек қана индивидтер мен топтпрдың әлеуметтік орын ауыстырулары емес, адамзат іс-әрекетінің процесінде қалыптасқан әлеуметтік объектілерді қамтиды. Әлеуметтік жіктеу теориясын дамыта отырып Сорокин оның экономикалық, саяси және кәсіби түрлеріне терең зерттеу жүргізген.
П.Сорокин өзінің 4-томдық "Әлеуметтік және мәдени диалектика” атты еңбегінде өзінің ғылыми еңбектеріндегі көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Адамдар әлеуметтік өзара қатынастар жүйесіне мына факторлардың нәтижесінде түседі: санасыздық,(рефлекстер), биологиялық саналылық(аштық, шөл) және әлеуметтік саналық(мән, ғұрып, құндылықтар)
18)Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Тарихы
2 Тұжырымдар
3 Тағы қараңыз
4 Дереккөздер
Тарихы[өңдеу]
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).[2]
Тұжырымдар[өңдеу]
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын

телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады[

Дана
26)Қоғамның демографиялық құрылымы.
Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастары, бір-біріне тигізетін әсерін ескерген жөн.
Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар:1) оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретіін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешеіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы,митериалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адмзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерлеп отырды.
Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш ретайқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдарадн, топтардан, таптардан, ұлттардан, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, ұлттардын, әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді, ол туады, өледі, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады.
Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы,адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монголойд, Негройд). Осы үш нәсілі табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалаухалық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.
Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай-ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп-өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басанан өткізді. Олар Жоңғар шапқыншылығы, 1916-шы Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б.
Йә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.
17:07:51
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде [1] көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.
Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар
жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды «донор» ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына оралуының заңдылығынан және т.б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды). Қазіргі кезенде механикалық қозғалыстың демографиялық өзгерістерге тигізер әсері басымдылық көрсетуде. Механикалық қозғалыста ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгерістер жүруде: қазақ ұлтының өкілдеріне оң айырым тән болса, қазақ емес ұлт өкілдерінде теріс айырым басым.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Бұл дипломдық жұмыста 1939-1959 жылдар санақтарымен межеленетін саяси, экономикалық және әлеуметтік процестер негізіндегі Қазақстан халқының этнодемографиялық даму үрдістері анықталады. 20 жыл ішіндегі елімізді мекендеушілердің әлеуметтік, ұлттық құрылымындағы басты өзгерістер мен даму ерекшеліктері ішкі үш кезеңге бөліне зерттеледі:
1939 жыл — 1941 жылғы маусым — Ұлы Отан соғысы қарсаңы;
1941 жылғы маусым — 1945 жыл — Ұлы Отан
соғысы жылдары;
1945 жыл — 1959 жыл — соғыстан кейінгі жылдар.
Қазақстанның тарихи демографиясының тарихнамасы өз бастауын Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен алады. Қазақстанды отар ретіңде тезірек игеруде патша үкіметі бұл бағыттағы зерттеулерге белгілі дәрежеде ынталылық танытты. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері көптеген құңды деректерді ғылыми айналымға тартқанымен, зерттеу барысында ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты қоныстандырудың қазақ халқын күйзеліске ұшыратып, өз елінде қазақтардың үлесін азайтып келе жатқандығы XX ғасырдың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов М.Тынышпаев, М.Дулатов секілді Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінде өткір сынға алынды [2].
1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды[3]. Тарихи демографиядағы «ақтаңдақтардың» бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды [4]. Демография мәселелері экономистер, географтар және философтарды да қызықтырды. Олар халықтану мәселесін еңбек ресурстарын пайдалану мүмкіндігі аспектісінде қарастыра отырып, тарихи демографияның кейбір мәселелеріне де назар аударып отырды [5]. Республикамызда арнайы тарихшылар тобы құрылып, қазақстандық демографиялық мектеп те қалыптасып келеді. Тың облыстарының демографиялық жағдайларын зерттеуден бастаған Ақмола қаласында ірге көтерген демографтар мектебі де нәтижелі зерттеулер жүргізуде [6]. Бұл Қазақстандық тарихи демографияның түйінді мәселелерінің бәрі шешілді деген сөз емес. Керісінше, қазақстандық демографтар алдыңдағы зерттелуге тиісті мәселелер көп.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының сан-салалы өзгерістерін талдамастан бұрын, осы кезең мәселелері қарастырылған зерттеулерге шолу жасалық. 1939-1959 жылдар аралығындағы республика халқының санын, ұлттық, жыныстық, жастық және әлеуметтік құрамын, білім деңгейін, мамандығын, көші-қон т.б. мәселелерін талдауға арналған зерттеулер үстіртін, тар көлемде кездеседі. 1960-1970 жылдарға дейін жарияланған тарихи әдебиеттерде республиканы мекендеген халықтардың демографиялық дамуының кейбір аспектілері Қазақстанның әлеуметтік даму мәселелерінің жиынтығында ғана қарастырылды. Жұмысшы табының, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесін зерттеуде демографиялық статистиканы қолданған зерттеушілер, республиканың әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік көші-қонның ерекшелігіне тоқтамай кете алған жоқ. Жұмысшы табы мәселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсам А.Н.Нүсіпбеков, М.Х.Асылбеков, С.Б.Нұрмұхамедов, Б.Н.Әбішева, Н.Е.Едігенов, Н.Г.Пан, Ю.И.Романов, Қазақстан шаруалары тарихын қарастырған А.Б.Тұрсынбаев, Б.А.Толепбаев, Г.Ф.Дахшлейгер, Т.Б.Балақаев, К.Н.Нүрпейіс, интеллигенция тобының қалыптасуы мен дамуына арналған Р.Б.Сүлейменов, Ш.Ю.Тастанов, Х.М. Әбжанов және т.б. еңбектерінде Қазақстандағы этнодемографиялық процестерді анықтайтын кейбір статистиқалық және мұрағаттық көлемді материалдар ғылыми ортаға енгізілді [7].
А.Н.Нүсіпбеков монографиясында [8] республикадағы маман жұмысшыларды даярлау жолдарына тоқтала отырып, ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда кателіктер жіберілгендігін, ұлттық мамаңдарды даярлауда да көп кемшіліктер болғандығын атап өтеді. Г.Ф. Дахшлейгер зерттеулерінен 1930-жылдардағы жұмысшылардың қалай даярланғаңдығы, жұмысшылар мен халықтың ауылда тұратын бөлімнің әлеуметтік құрамы, сондай-ақ, сол жылдары Қазақстанның қанша округтерге, аудандарға бөлінгендігі
және олардағы халықтың ұлттық құрамы туралы мағлұмат алуға болады. С.Б.Баишев пен Г.ФДахшлейгер мақаласыңда тыңды игерудің республика халқының этнодемографиялық құрылымына тигізген әсері айтылады [9]. А.Б.Тұрсынбаевтың 1957 жылы шыққан еңбегіңде ұжымшарлардағы әйелдер саны берілген. 1960-жылдары А.Б. Тұрсынбаевтың жетекшілігімен, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ұжымдастыру жайына арналған жинақ жарық көрді. Мұнда 1939-1941 жылдарға байланысты мәліметтер бар [10]. Академик Р.Б. Сүлейменов, Х.Н. Бисенов енбектеріңде Қазақстандағы мәдени төңкеріс тақырыбын ашты. Республикадағы 1930-1940 жылдардағы оқу-ағарту салаларындағы мамандар даярлау жүйесі, республикада ашылған жоғары оқу орыңдары, ғылыми-техникалық интеллигенция тобын даярлау туралы мәліметтер бар[11].
Әркім өз заманының перзенті. Тоқырау заманындағы зерттеулер сол кезде орныққан ережелерге, саяси ұстанымдарға, теориялық қағидаларға қарсы келе алмады. Заман талабы оны көтермеді. Дегенмен, ғылымның ізденістерге толы табиғатында қасаң социалистік идеяларға сәйкес келмейтін ойлар әр жерден байқалып қала берді. Сондықтан, бұл тарихи еңбектер теориялық және методологиялық негіздік бағасын ешбір жоймақ емес.
1970-1980 жылдары тарихи демография ғылымы мәселелерін зерттеуге арналған еңбектер жариялана бастады. Зерттеулерде Қазан төңкерісіне дейінгі статистикалық мәліметтердің негізіңде әлеуметтік, демографиялық факторларды өзара байланыс пен өзара шарттылықта қарастырудың әдістері негізделді. Республика халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсер еткен механикалық процестердің рөлі терең талдауларға түсе бастады. Қазақстандағы көші-қонның тарихи мәні мен оның халыктың әлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген әсерін ашуда, көші-қон процесі мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін алғаш көрсеткендердің бірі Е.Н.Гладышева болды. [12]. Көші-қон процестерінің республика халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуына әсер еткен күрделі де жан-жақты процесс екендігін көрсеткен Ф.Н.Базанованың [13] монографиясы шықты Алайда, бұл еңбекте кеңес дәуіріндегі идеологиялық тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің келеңсіз жайттары: репрессияланған халықтарды жер аудару, таптық белгісіне байланысты кулақтық жер аударулардан басталған мәжбүрлі қоныс аударулар, депортация және т.б. ашылған жоқ.
1980-жылдары басталған жариялылық пен демократияландыру кезінде Қазақстан халқының демографиялық дамуына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. 1980-жылдардан бері республика көлемінде де, ТМД елдері бойынша да тарихи-ғылыми, көпшілік басылымдарда тарихнамалық талдау жасауға лайық демографиялық бағыттағы зерттеулер жарияланды. Мұның өзі отандық қоғамдык ғылымдарда демографиялық мәліметтерді көбірек пайдалануға, тарихи демографияның қызметіне көбірек жүгіне бастағанының дәлелі. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси факторлардың әсерлері талдана бастады. М.Қ. Қозыбаевтың, М.Б.Тәтімовтың, Қ.С.Алдажұмановтың, Ж.Б.Әбілғожиннің еңбектеріңде [14] таза фактілерге негізделген Қазақстандағы 1920-1940 жылдары тоталитарлы жүйенің жүргізген экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы әлеуметтік-демографиялық нәтижелері жарияланды. Қазақстан халқының екінші дүниежүзілік соғыста майданға адамын да аттандырып, азығын да, отын да беріп жанқиярлық ерлігімен даңқы шыққаны белгілі. Бұл турасыңда құжаттарда, нақты деректік басылымдарда, жеке шығармаларда айтылып келеді. Ал, Қазақстанның, әсіресе, қазақ халқының бұл жойқын соғыстағы ерлігі мен адам шығыны жөнінде әлем ғалымдары ғана пікір білдіргені болмаса, кеңестік дәуірде ғалымдар жұмған аузын ашпады, өйткені одақта бәрі жалпы және жалпылама атап өтілуге тиіс болатын. Тіпті Ұлы Отан соғысы турасында шығарылған анықтамалық басылымдарда қазақ халқы жөнінде мәліметтер жоқтың қасы. Бұл олқылықтың орнын толтыру, кайда, қашан, қандай жағдайда қазақ жауынгерлері соғыста опат болғандығы жөніндегі терең негізді зерттеу жүргізу қолға алуға тиісті
мәселенің бірі. Бұл кезеңдегі халықтың сандық құрамыңдағы өзгерістері жайлы мәліметтер жинақталған деректің бірі «Боздақтарда» [15] Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық саныңдағы демографиялық кейбір көрсеткіштер, ең бастысы, шығыны туралы мағлұмат беріледі.
Т.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбегіңде жасақталған әскер құрамалар мен ұлттық әскери құрамалардағы қазақ жауынгерлерінің саны, әлеуметтік құрамы мен жас ерекшеліктеріне тоқтала отырып соғысқа кірген және қаза болғандар жөнінде тың деректер келтіреді. Бұл мәліметтер соғыс жылдарында өлген жауынгерлер туралы белгісіз болып келген тарих беттерін ашады, сонымен бірге соғыс мүгедектері жөнінде бұрын жарияланбаған деректерді пайдаланып, сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді де қорытады[16].
С.Қ. Жакыпбеков еңбегінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы маманмен жұмысшылардың құрамын, жынысын, жасын, ұлтын зерттеуге ден қойылған. Бірақ, 1926 жыл, 1939 жыл және 1959 жыл санақтарының мәліметтері кеңінен талданбаған, солай бола тұрса да мұрағат деректерінің құнды мәліметтерін пайдалана отырып, автор республикадағы жеңіл өнеркәсіп саласынын тарихын жан-жақты зерттеген[17]. 1988 жылы Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жыныстық құрамы, білім дәрежесі, мамандық түрлері мәселелерін қарастырған екі бөлімнен тұратын жинақ жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жылдар мен 1938-1960 жылдарды қамтыған [18].
Осы жылдары шыққан Х.Әбжановтың зерттеуінде ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуы, санының өсуі, ұлттық, жыныстық құрамы сөз болады. Еңбекте біз қарастырып отырған кезең де қарастырылады [19]. Бірақ, 1939-1959 жылдар кезеңіндегі интеллигенцияның даму ерекшеліктерін ашу мақсат етіліп қойылмаған.
Республика тұрғыңдарының әлеуметтік-демографиялық дамуына арналған М.ХАсылбеков пен Ә.Б.Ғалидың 1991 жылы жарық көрген монографиясы [20] қоғамдық ғылымдардың кеңес заманында қатаң идеологиялық тегеурінде болған саласы — тарихи демографияға бет-бұрыс әкеліп, жаңа методикалық деңгейде тарихи демография мәселелерін нақтылап, оны шешудің жолдарын да көрсетті. Бұл еңбекте Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы алғаш рет ұзақ тарихи кезеңге созылған елдегі кең көлемді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негізделген біртұтас және сан-салалы процесс ретінде жан-жақты қарастырылған. Зерттеуде тарихи демографияның тарихнамасына, халық санақтарының қорытындыларына әлеуметтік, этнодемографиялық бағытта талдау жасалды. Сондай-ақ, ғалым Ә.Б.Ғали өз еңбектерінде 1897-1991 жылдар аралығындағы Қазақстаңды мекендеген халықтардың әлеуметтік-демографиялық дамуын жалпылай қарастырды (21]. Автор зерттеуінде 1897-1926 жылдар арасындағы Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты талдап, 1926 жылғы санақ материалдарын кең қолданады, 1933-1934, 1937-1939 жылдар оқиғаларына ерекше тоқталып, сонан соң, 1960-жылдарға өтіп кетеді де, 1960-1980 жылдардағы этнодемографиялық даму ерекшеліктерін анықтайды. Ал, 1939-1959 жылдар арасындагы үрдістер Қазақстанның әлеуметтік, демографиялық дамуының ғасырлық тәжірибесінің жиынтығына енгізіліп, жеке мәселе ретінде қарастырылмайды, үстіртін зерттеледі.
Тарихи демография мәселесіне арналған зерттеулерімен белгілі демограф М.Б.Тәтімов [22] еңбектерінде халықты зерттеудегі негізгі принцип ретіңде тарихилықты ерекшелейді. Ол өз монографияларыңда халықтың орналасуы эволюциясының әлеуметтік-тарихи заңдылығын анықтауды басты міңдет етті. Ғалым еңбектерінде халқымыздың Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуы нақтылы деректермен ашылған. Соңдай-ақ, онда демографиялық дербестікке, ұлтымыздың егеменді өз мемлекетінде сан жағынан басымдылықка жетіп, үрім-бұтағының кең жайылуының бағыттары көрсетіледі, қазақ халкының демографиялық болашағы жайлы болжам жасалынады.
1990-жылдары М.Қ.Қойгелдиевтің, Т.О.Омарбековтың және т.б. ғалымдардың еңбектеріңде асыра сілтеу жылдарыңдағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың санының азаюы мен апатқа ұшырауы салдарларын ашқан
тұжырымдары жарияланды [23]. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен әлеуметтік құрамы жөнінде құнды мәліметтер берілген.
XX ғасырдың 80-90 жылдары демографиялык үрдістерге арналған М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның монографиялары [24] жарық көрді. Мұнда Қазақстан халқының өсіп-өнуі мәселесі экология мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылып, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының демографиялық процестерге тигізген әсері талдаңды.
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тарихының аймақтық аспектілері де зерттеушілер назарынан тыс қалмады. Жеке аймақта шоғырланған халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады [25]. Оңда Батыс Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет жасаған. Сонымен бірге, ғалым мұрағат деректерін пайдалана отырып, 1937-1959 жылдардағы Батыс Қазақстан халқының санын аныктауға зор үлес қосқан.
Сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Жетісу тұрғындарының этнодемографиялық дамуын жан-жақты талдауда XIX ғасыр соңынан -XX ғасыр аяғына дейінгі аралықты қамтыған В.В.Козина [26] мен М.К.Төлекованың монографиялары [27], табиғи қозғалыстағы өлім-жітім көрсеткішінің мәңді өзгерістеріне себеп болған экология мен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған тоталитарлы жүйенің сынақ ретінде алынған Семей полигонының зардаптары туралы жазылған еңбектер жарияланды [28]. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматтарға толы, 1993 жылы жарық көрген Н.В. Алексеенконың еңбегіңде [29] 1920-1990 жылдар аралығыңдағы халыктың өсу қарқыны мен ұлттық құрамына, аймақтарға шоғырлануы мен экономикалық аудандарға топтастырылуына жете көңіл бөлінген. Алайда, ол зерттеуіңде тек санақ материалдарын ғана салыстырғандықтан, 1939-1959 жылдар арасындағы 20 жыл ішіңдегі туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының жылдарға байланысты ішкі ерекшеліктерін талдамайды.
Біздің тақырыбымызға қатысты Қазақстанның ауыл халкы жөніндегі Н.З.Тәкіжбаеваның монографиясында 1959-1979 жылдардағы халық санақтары негізінде тың деректер келтіріліп, әлеуметтік және ұлттық құрылым қарастырылады [30]. Кеңестік кезенде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, 4,5 млн адамдай қазақ диаспорасының пайда болуы мен дамуын зерттеу мәселесі репрессияға ұшырау қаупімен бірге еске түсетін. Сол себепті, негізінен шетелдік зерттеулерде қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада Г.М Меңдіқұлова, А.В.Коновалова, З.Қинаятұлы, З.Е. Қабылдинов, Д.И. Ескекбаев [31] т.б. еңбектерінде талдана бастады.
Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінде [32] нарыктық қайта-құрулар қарсаңыңдағы тәуелсіз Қазақстаңдағы тарихи-демографиялық ой-пікірлердің жағдайы ашылады, жан-жақты, объективті зерттеу мен концептуальды қайта түсініктеуді қажет ететін халықтану мәселесінің өзекті салалары сараланды. Кеңес өкіметінің 1930-1940 жылдары Казақстанға халықтарды күштеп қоныс аударуларының астарларын талдаған «Депортированные в Казахстан народы» атты жинақ 1998 жылы жарық көрді [33].
С.Айымбетовтың, Л.Т.Қожакееваның, А.И.Құдайбергенованың, А.М.Мамырханованың, А.М.Жаркенованың, З.Б.Шахаманның, А.А.Какенованың және т.б, кандидаттық диссертациялары [34] Қазақстан халқының құрамындағы 1897-1979 жылдар аралығыңдағы өзгерістерін өздерінің зерттеу кезеңдеріне сәйкес талдайды. С. Айымбетов диссертациясында 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүрген этнодемографиялык процестер алғаш рет қарастырылса, Л.Т. Қожакееваның жұмысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының құрамын, жұмысшы табы мен ұжымшар шаруаларының, интеллигенция қауымының саны мен сапасындағы өзгерістерді зерттеліп, бір
жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, Қазақстан халқының әлеуметтік, этнодемографиялық дамуы мен ұлттық құра-мындағы өзгерістер мәселесіне арналған мақалалар мен монографиялар, баспасөз материалдары жарық көруде, алайда, нақты 1939-1959 жылдар арасындағы кезеңге қатысты арнайы еңбек жоқ.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихын кешенді зерттеуге негізделген кейінгі шыққан еңбектерде әлеуметтік және демографиялық даму арасыңдағы тығыз байланыс пен өзара тәуелділік қарастырылады [35]. Бұл еңбектерде зерттеушілер қоғамның әлеуметтік дамуы мен онын жекелеген топтарын зерттеуде дәстүрлі идеологиялық догмалар мен стереотиптерден бас тартады. Жаңа методологиялық зерттеу жүйесіне сүйене отырып, республиканың ірі әлеуметтік қауымдастықтарының салалык, демографиялық, аумақтық және т.б. өзгерістеріне назар аударады.
XX ғасырдың соңғы 20 жылында қазақстаңдық тарихи демографиялық ғылымның халықтану мәселесі бойынша жарияланған еңбектердің авторлары көбінесе тарихи оқиғаларды ашып көрсетуді мақсат тұтқан. Сондықтан көпшілігінде демографиялық мағлұматта қосымша рөл атқарады. Сонымен бірге, тарихи-демографиялық зеттеулер осы саланың кең ауқымды практикалық міндеттерін ашылуы жеткіліксіз болып табылады.
30.ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.
«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:
1)вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
2)горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.
Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.
Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады.
Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.
Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.
Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.
Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.
Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.
Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.
Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады.
әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.
Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.
Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.
Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.
Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.
Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық шарушылығының кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.
Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.
Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.
Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.
Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.
Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.
Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.
Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары.
Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.
Американ әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді.
Ескерте кететін бір жағдай, вертикальды мобильдіктің абсолютті түрдегі еркіндігі болмайды, яғни бұл тек жеке адамның өз еркіне ғана байланысты құбылыс емес.
П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді .
Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”.
3.ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ МЕН МОБИЛЬДІК
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.
Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.
1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;
2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;
3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;
4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.
Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.
Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.
Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.
Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.
1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.
№15
Институттардың пайда болуы ежелгі дәуірден бастау алады. Ең ежелгі
болып отбасы институты орын алады (500 мың ж.б.). Дін өзінің алғашқы
пайда болып (фетишизм, тотемизм) дамуы барысын шамамен 30-40 мың
жылға созады. Мемлекеттің пайда болуы 5-6 мың жылды көрсетеді.
Әлеуметтік институттар басты (негізгі, фундаменталды) және басты
емес (негізгі емес, жеке) болып екіге бөлінеді. Екіншісі біріншісінің
шенберінде орын ала отырып, ұсақ білім беру тәрізді олардың бір бөлігі
ретінде орын алады. Басты және басты емес болып бөлумен қатар, оларды
басқада критерилерімен класстарға жіктеуге де болады. Мысалыға,
институттар өзінің пайда болу кезеңімен және өмір сүру ұзақтығымен де
ерекшеленеді (әрдайым әрекет етуші және қысқа уақыттағы институттар).
Сонымен қатар ережелерді бұзған жағдайда қолданатын санкциялардың
қатандығына, өмір сүру жағдайына байланысты, басқарудағы
бюрократиялық жүйенің орын алуы немес орын алмауы, формалды ережелер
мен рәсімдердін орын алуы немесе орын алмауы т.б. байланысты.
Ч.Миллс қазіргі қоғамда бес институционалдық тәртіпке реттеп, басты
институттардын ретін көрсетті:
- эконмикалық - шаруашылық қызметті ұйымдастырушы институттары;
- саяси – билік институттары;
- отбасы – жыныстық қатынасты,бала тууды және балалардың
әлеуметтенуін реттеуші институттар;
- әскери – физикалық қауіпсіздіктерден қоғам мүшелерін қорғауды
жүзеге асырушы институттар;
- діни – құдайды ұжым болып құрметтеуді ұйымдастырушы
институттар.
Әлеуметтік институттардың ұсынылуы қоғамның маңызды өмірлік
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып тұтастықта ұстауында. Осындай бес
қажеттіліктер орын алып, оларға бес негізгі әлеуметтік институттар сәйкес
келеді.
- ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (отбасы және неке институты).
- әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік қажеттілігі (мемлекет және басқада
саяси институттар институты).
- тіршілік етуге өндіріс құралдары табу қажеттілігі (экономикалық
институт).
- өсіп келе жатырған ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар дайындау,
білімді беру қажеттілігі (білім беру институты).
- өмірдің маңызы, рухани мәселерді шешу қажеттілігі (дін
институты).
Негізгі емес институттарды қоғамдық тәжрибелер деп те атайды.
Кез-келген басты институттардың тәжрибелер, методтар, әдістер,
рәсімдердің арқасында өзінің жүйесі қалыптасады. Осылайша экономикалық
институттар осындай механизмдер мен тәжірибелерсіз жүзеге асырылмайды,
яғни валюта айырбастау, жеке меншікті қорғау, кәсіпқойларды іріктеп алу,
жұмысшылардың еңбегін тағайындау және бағалау, маркетинг, нарық және
т.б. Отбасы және неке институттарының ішіне әке және ана, рушылдық кек
алу, бабаларынан қалған әлеуметтік статусты иемдену және т.б. институттар
кіреді.
Басты емес саяси институттарға тиесілер, мысалы, сот сараптамлары,
төлқұжат тіркелімі, кеме өнеркәсіптері, адвокаттар, қылмысқа
тартылушылар, қамауға алынған сот бақылауындағылар, сот билігі,
президенттер және т.б. институттар. Үлкен топ адамдарының келісілген
әрекетін ұйымдастыруға көмектесетін күнделікті тәжірибелер әлеуметтік
шындықты болжауға және анықтауға мүмкіндік беріп, солардың арқасында
әлеуметтік институттардың өмір сүруі өз жалғасын табады. Біз ескінің орның
басатын жаңа институттардың пайда болуының куәсі болып отырмыз. Біздің
көз алдымызда жалпы соттық жүйеден Ата Заң сотының өз алдына институт
ретінде бөлініп шыққандығы. Денсаулық сақтау институтының шеңберіндегі
наркология өз алдына институт ретінде қалыптасуға мүмкіндік алды. Проф.
К.Ғабдуллинның пікірінше, осындай саралану мен арнайылану қоғам
дамуының эволюциялық, оның әлеуметтік институттарының бірден бір
маңызды белгісі болып табылады. Эволюциялық дамудағы эффект біршама
нақты, кәсіпқой орындаушылардың қызметтерінің жемісінен көрінеді. Жаңа
әлеуметтік институттардың пайда болуы оларға деген байланысты біршама
тәуелсіз, тұрақты және басқалардың байланысымен теңдікте
жасайды.Тергеуші өзің прокурор мен ішкі істер органдарынан тәуелсіз
болуға ұмтылса, наркология - жалпы денсаулық сақтаудан және т.б. өзінің
толық ерекше екендігін көрсетеді. Нәтижесінде тәуелсіз әлеуметтік
институттын пайда болуына алып келеді.
№26
1. Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді.
Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің
«demos» - халық, «grafo» - жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.
Халық кең мағынасында (немесе ел - жұрт) адамдардың жиынтығын
білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс 21
- әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның
өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы,
жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, сөйтіп
жалпы халықтың әр түрлі қозғалыс, өзгерістерін (мысалы, некелесу, туу,
миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу,
өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның
нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың
санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография
ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді.
Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.
Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік
тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп - өну заңы болады. Халықтың
жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның
экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың
өсуі қоғамның метериалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның
негізі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан
түрлі ерекшелік сипаттамаларын еске ала отырып, оның сандық
заңдылықтарын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, адам белгілі бір
мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей - дәрежеде білімі бар; екінші
жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы,
белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы
әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі –
нақтылы адам. Оның өмір – тіршілігінде физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы,
қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді
білуі, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың кейбір
сипаттамаларының өзгеруі жалпы халықтың сиапттамасын зерттейді.
Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың санын
кемітеді. Жеке адамдардың меке – тұрағын ауыстыруы – яғни миграция –
халықтың құрамына, санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның
құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым
өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылымын ғылыми ұйымдастырылған
статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда
статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар
демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп,
бір – бірімен шатастырады. Бірақ демографиялық ұғымның мазмұны
анағұрлым кең; оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы,
өсуі саласындағы байланысты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы
елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға
тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті
материалдармен қамтамасыз етеді.
Ал, демографиялық старитстика (Халық статистикасы) – білгілі бір
халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс – қозғалысын немесе
оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өндеуге, баяндауға 22
және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы.
Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір
жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның
құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей – тегжейлі деректерді
халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және
жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады.
Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ
(ЗАГС) органдарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция
органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика
халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді
ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын, талдайды,
халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім – жетімнің, халық
өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің
тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді.
Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің
келешегін зерттеуде маңызы зор.
2. Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай
бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін,
араларындағы байланыс, қатынастарын, бір – біріне тигізетін әсерін ескерген
жөн.
Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар: 1) Оның
біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді
қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы
таптық және топтық, құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып
келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл
ұғымға кіретін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай
қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешіп отыруға
қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер
бұқарасы, материалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат тарихын
жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам
дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми
емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате»
пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерелеп отырады.
Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш рет айқындап берген марксизм
тұжырымдамасы болды.
Жалпы халық әрбір жеке адамдардың, топтардың, таптардың,
ұлттардың, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, олар әр түрлі
қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге
көшіп – қонып жүреді, ол туады, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып
жатады.
Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей
болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд,
Монғолойд, Негройд). Осы үш нәсіл табиғи заңдылыққа байланысты әр
жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, 23
аққұба келген, бойлары аласалау халық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау
келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара,
шашы бұйра халық мекендейді.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін.
Ұлт деп, адамдардың арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс – қимылдары
ұқсас келетін топты айтамыз.ұлт деп діні бір, тілі бір адамдардың
жиынтығын айтуға болады.
Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай – ақ,
өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні
бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ
халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп өркендеуінде орасан зор
зиянды зардаптарды басынан өткізеді. Олар: Жоңғар шапқыншылығы, 1919 –
шы жылғы ұлт - азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид,
Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан
оқиғалары, т.б.
Иә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі
уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа
сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор.
Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас
бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та
жатыр.
3. Еліміздің белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың
саны қанша?») Алматы, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының
саны, қазақ ру -тайпалары, олардың сандары, орналасуы туралы қызықты
деректерді келтірген болатын. Бірақта Қазақстан халқы әлеуметтік үдіріске
ат салысып отырғандықтан олардың бүгінгі тандағы өсіп өнуіндеде аса
өзгерістер болуда. Соңдықтанда, 2012 жылдың 1 ақпанында еліміздің
халқының саны 16698,1 адам болса, ондағы қалада тұратындардың саны
9128,3 мың адамды(54,7%), ал ауылда тұрушылардың саны 7569,8 мың
адамды(45,3%) құрады. Жыл басымен салыстырғанда жалпы еліміздін халық
саны 23,2 мың адамға, немесе 0,1% өсті. 2012 жылдың қаңтарында
республика халқының табиғи өсімі 21,6 мың адамды құрады(2011 жылдың
қаңтарында – 19,5 мың адам). Табиғи өсудің жалпы коэффициенті халықтың
1000 адамына шаққанда 15,5(14,2) құрады. Қаңтар айында еркектер 11,4 мың,
яғни 8054,0 (48,2%) мың адам саның, соған сәйкес әйелдер 11,8 мың, яғни
8644,1 (51,8) мың адам саның құрады. Мың әйелге 932 еркектен келеді.
Қаңтар айында АҚАЖ органына нәрестелердің тіркелгендер саны 31,5 мың
(34,1 мың), яғни өткен 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2,9%
жоғары. Туылғандардың жалпы коэффициенті 25,3 құрап, 1000 адамға
шаққанда (24,9) туылым. 2012 жылдың қаңтар айында елімізде өлгендер 13,5
мың адам саның (14,6) құрап, өткен 2011 жылдың қаңтарымен
салыстырғанда 7,5% кеміген. Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға
шаққанда 9,7 адамды құрайды(10,7). Өлушілердің негізгі көрсеткішін қан
айналымы жүйесінің аурулары – 29,1% (46,6%) құрайды. Кенеттен өлушілер 24
1498 (1713) саның құраса, олардың 151 (157) - біреулердің қолынан, 264 (291)
- өз қолымен және 206 (293) жол-көлік апатынан орын алады.
Республикамызда 1 жас аралығында өлген балалар саны 504 (537)
құрайды. Сәби өлімінің коэффициенті 1000 туылған балаға шаққанда 14,3
(15,7) құрайды. Жас нәресте өлімінің негізгі себептері босанған кезде және
босанғаннан кейінгі шақтарда көп орын алады, яғни 2012 жылдың қаңтар
айында 257 (302) нәресте шетінеді, немесе жалпы жас нәрестелердің өлім
санының 51,1% (56,2%) құрады. 2012 жылдың қаңтар айында некеге
тұрушылардың саны 11,6% өсіп, яғни 11011 некені құрады (2011 жылдың
қаңтарында 9864 неке). Некеге тұрушылардың жалпы коэффициенті 1000
адамға шаққанда 7,9 (7,2) құрады. Сонымен қатар ажырасушылардың саны
15,4% артып, 3901(3379) отбасын құрады, ажырасушылардың жалпы
коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,8 (2,5) құрады. Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы қаңтарындағы демографиялық мәліметтеріне
назар аударайық. 2012 жылдың қаңтарындағы халықтардың көшіп қону
көрсеткіші 1580 адамды құрап, қалыпты жағдайға бағаланып отыр. 2011
жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 6,8%
болса, ал Қазақстаннан кетушілер саны 25,5% құрайды. Негізгі миграция
ТМД мемлекеттерінің арасында орын алуда. Көрші ТМД елдерінен
келушілер мен кетушілердің үлесі 83,2% және 95,2% сәйкестікті құрады.
Шет елдерге кетушілер саны 8,4% өскен. Ауданаралық көшіп-қонуда бес
аудан негізгі көрсеткішке ие болып отыр, соның ішінде Астана қаласы (2204)
мен Маңғыстау облысының үлесі өте жоғары (1068 адам). www.star.kz.,
13.03.2012 саясат және қоғам.
Қазіргі кезеңде халықтың, ел – жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды
бәсендету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объективті
факторларға байланысты. Ең бастысы өндіріс, шаруашылық орындарының
жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай
жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың
материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған
ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы
кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.
Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттірмейтін
әлеуметтік – экономикалық көкейтестік мәселелерді тез әрі тиімді шешу
бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.
28)Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді.
Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.
Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б.
Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне «бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі.
Француз социологы А.Турэннің пайындауы бойынша, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады.
Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік:
1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу;
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру;
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу
үшін жеткілікті болуы қажет.
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.
Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:
1) белгілер жүйесі;
2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;
3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.
Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.
Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.
Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.
Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының
17:21:29
қалыптасуына методологиялық негіз болып саналады.
Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.
Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.
Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.
Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .
Әлеуметтік топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.
Біз класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді. Кластың құрылуы – күрделі тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің нәтижесі.
Әлеуметтік қабаттар бұл тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды білдіреді.
Мүдделер – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа да қауымдастықтардың әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.
Әлеуметтік өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас алады – бұл бір-біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.
Әрбір әлеуметтік қайраткер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.
Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.
Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту
негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:
Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;
Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;
Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.
Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.
жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
жоғары орта тап:
орта таптың орташасы:
төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
18)Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Тарихы
2 Тұжырымдар
3 Тағы қараңыз
4 Дереккөздер
Тарихы[өңдеу]
Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).[2]
Тұжырымдар[өңдеу]
XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:
экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын
телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады
22. Топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесежабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Топтық динамика - әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады.
Конформизм— топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлеиді
Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі – адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.
Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.
Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.
Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.
Лидерлік - жеке тұлғалар арасындағы қатынаста үстемдік ету.[1]
Лидер
Қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса нбеделді тұлға ретінде танылады.
Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius – дос, сеіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосыдысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теори –ялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
«Мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сөздері негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бдәл осы ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл – индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдітердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилиялады тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және төртінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».
№29
Кедейлік пен теңсіздік туралы қазақша реферат
Қазақстанды қосқанда, посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі кезең салдарларының бірі кедейшіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесі, төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздік, еңбек рыногының жай-күйі, демографиялық және көші-қон үдерістері, әлеуметтік сектордың дағдарысы, сондай-ақ аймақтық, экологиялық және гендерлік факторлар әсерін тигізеді. Осы салалардың әрқайсысындағы проблемаларды қарау осы заманғы жағдайларда республикадағы кедейшілікке кешенді сипаттама беруге мүмкіндік жасайды [27].
Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы – тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құнына азық-түлік себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсуін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70% құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.
Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39% күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Күнкөріс минимунынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1,6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3,6 млн.адамды құрайды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31,1 АҚШ доллары болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. 1998-2002 жылдар аралығында кедейшілік тереңдігі 1,6 есеге, ал кедейшілік өткірлігі 1,7 есеге кеміп, 2002 жылы сәйкестігіне қарай 6,1 және 2,2%-ды құрайды. Бұл кедей тұрмысты халық табыстары/тұтынуларының тапшылығы 2002 жылы күнкөріс минимумының шамамен 25% құрағанын білдіреді. Орын алған үрдістерді ескере отырып, «Мыңжылдық табалдырығында БҰҰ Қазақстандағы даму Мақсаттары» есебі бойынша,
Жоғарыда көрсетілгендей, тұтыну себеті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерден тұрады, әрі соңғыларының үлесі себеттің жалпы құнының 30% мөлшерінде белгіленген. Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік тауарларынан құрастырылған тұтыну себеті, үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары азаяды, өйткені адам организмі тағамның шектеулі мөлшерін тұтынса, ал азық-түлік емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.
2002 жылы Қазақстанда, ресторандарда тамақтануды, ішімдік-сусындар мен темекіні қосқанда, үй шаруашылықтардың тамаққа жұмсайтын шығыстарының үлесі 52,3%-ды, ал азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі соған сәйкес 47,7%-ды құрайды. Халықтың 2002 жылғы квантилі бойынша үй шаруашылықтарының шығыстарын бөлу мына жәйтті көрсетті, 20% ең тұрмысты адамдардың жұмсаған шығыстарының жартысынан көбі де сондай-ақ азық-түліктен бөтен тауарларға пайдаланылған. 20% тұрмыстары жүдеу халықта – керісінше, бірақ халықтың тіпті осы тобындағы азық-түліктен бөтен тауарларға жұмсалған жиынтық шығыстарының үлесі шамамен 40% –ды құрады. Басқаша айтқанда, қазіргі уақытта ең аз тұтыну себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы: тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын шығыстары болып табылады. Қазақстандағы халықтың кедей тұрмысты жіктерінің тұрғын үйге жұмсаған шығыстарының жоғары үлесі 2002 жылы тіркелді. Мәселен, тұрмыстары жұпыны 20% қала халқы өздерінің жиынтық шығыстарының 13,7% тұрғын үйге жұмсаса, ал 20% дәулетті халық жұмсаған осындай шығыстар 10%-ға жетпеген. Осыған байланысты ең төменгі тұтыну себетіне кіретін азық-түліктен бөтен өзге шығыстардың құрамынан тұрғын үйге жұмсалатын шығыстарды бөлу туралы мәселе туындайды, яғни ең аз тұтыну себеті үш компоненттен тұруы мүмкін: азық-түлік себеті, азық-түліктен бөтен тауарлар мен қызмет көрсетулер және тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар, олардың арақатынасы 60:40 [29].
Кедей тұрмысты халықтың тамақ өнімдерін тұтыну талдауы, 2002 жылғы деректер бойынша, барша халықпен салыстырғанда кедей тұрмысты адамдар көбіне «тамақтанудың көмірсулы үлгісін» пайдаланатындарын көрсетті.
Табыстары күнкөріс минимумының мөлшеріне жетпейтін кедей тұрмысты адам көбіне нан тағамдары мен жарма тамақтарын тұтынады, ал ет, сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөніс сияқты жоғары сапалы азық-түліктерді сирек пайдаланады. Мәселен, ет және ет өнімдерін 2002 жылы кедей тұрмысты халық республикадағы орташа тұтыну деңгейінен 2 есе кем тұтынды – сәйкестігіне қарай 1,7 кг және 3,7 кг. Кедей тұрмысты адамдар сондай-ақ сүт, жұмыртқа, жеміс, көкөністерді де екі есеге жуық аз тұтынды.
Халықтың табыстары адам тұрмысының деңгейін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстандық экономиканың жандану шамасына қарай, халықтың табыстары екі есеге жуық ұлғайды: 1998-2002 жылдар аралығында қазақстандықтардың тұтынуға жұмсайтын шығыстары 2992 теңгеден 5671 теңгеге дейін өсті. Одан әрі, 2001 және 2002 жылдары халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің тұрақты өсуі байқалды (2.1.4. кесте). Оның белгілері сәйкестігіне қарай күнкөріс минимумының 1,24 және 1,36 жиынтығын құрады. Басқаша айтқанда, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының өсу қарқындары 2002 жылы күнкөріс минимумына кіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер құнының өсу қарқындарынан едәуір алда болды.
Қазақстандықтар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, елдегі барша халқты тұрмыс деңгейі бойынша бірнеше әлеуметтік топқа бөлуге болады (2.1.5. кесте). Кестеде көрсетілгендей, 2002 жылы 71%-дан астам қазақстандықтар материалдық әл-ауқат деңгейі бойынша не кедей тұрмысты (24,2%), немесе төмен табысты (47,3%) болған. Халықтың осы жігінің ақшалай табыстары тұтынудың тіпті қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз ете алмаған, сондықтан экономикалық пайымдар тұрғысынан оларды қосымша қосалқы шаруашылық жүргізуге және үй еңбегін кең ауқымдарда пайдалануға мәжбүр еткен. Тұтынудың қалпына келтіруші деңгейіне елдегі халықтың төрттен бір бөлігінен азының ғана (23,8%) шамалары келген, және небәрі 4,7% қазақстандықтар тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз ететін табыстарды меншіктеген. Басқаша айтқанда, 2002 жылы Қазақстандағы тек 28,5% халықтың ғана сапалы білім алуға, денсаулықтарын сақтауға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және бос уақыт пен демалысын ұйымдастыруға, кең ауқымдағы ақылы қызмет көрсетулерге сұраныс жасауға мүмкіндіктері болған.
Экономикалық теңсіздік көрсеткіштері бойынша Қазақстан ТМД аралық жағдайға ие. Қазақстандағы қорлар коэффициенті 11-12 есеге тең, ал Джини индексінің мәні 0,34-ке жуық шаманы құрайды 2002 жылы осы коэффициенттердің кейбір төмендеулері байқалды: қорлар коэффициенті – 9,8 есеге және Джини коэффициенті 0,31-ге дейін [32].
Үй шаруашылықтарының субъективті бығысына сүйенгенде, Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептері төлемнің баламасыз деңгейі мен жұмыссыздық болып табылды. Осы себептерді 2001 және 2002 жылдары 80%-дан астам үй шаруашылықтары атады. 2001 жылы, адамдардың пікірлері бойынша, тұрмыстың төмен деңгейінің басты себебі түрлі салдарлар бойынша жұмыспен қамтылмау болса, ал 2002 жылы еңбектің аз төлемі басты себепке айналды.
Үй шаруашылықтарының пікірлері бойынша олардың материалдық жағдайларын жақсартуға септігін тигізуі мүмкін өзекті факторлар жалақыны көтеру мен жұмыспен қамту болып табылады. Бұл орайда жұмыспен қамту проблемасы қаламен салыстырғанда ауылда анағұрлым зәру проблема болды: 29,3%-ға қарама-қарсы 40,4%.
Егде жастағы кедейлік. Егде жастағы адамдар тобына экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істейтін, және соған сәйкес қосымша табыс табатын зейнеткерлер категориясы жатады. Сөйтіп, осы категорияның анағұрлым қолайлы бейінді еншілейтінін күтуге болар еді. Бірақ олар төтенше кедейлік қаупіне азырақ дәрежеде ұшырайтындарына қарамастан (кедей тұрмысты халықтың 20%), олар халықтың басқа категорияларымен салыстырғанда екінші 20%-дық топтан жиірек көрінеді, және күнкөріс минимумы деңгейінде тіршілік етуге душар болады. Жұмыспен қамтылу зейнеткерлер үшін кедейліктің қаупін айтарлықтай азайтады. Зейнетақылар түрінде ақшалай төлемдердің нақты төмендеуі тұрмыс деңгейі мен кедейліктің тереңдеуіне келеңсіз ықпалын тигізді. Ең бірінші кезекте бұл өздерінің денсаулықтарына байланысты өз еңбектері мен меншігіндегі жылжымайтын мүлікті пайдалана алмаған өте егде жалғыз басты адамдарды қозғады. Олар дербес күтімге мұқтаж еді, мемлекет орын алған жағдайларға қарай ондай көмекті толық шамада көрсете алмады. Осындай зейнеткерлердің үлесі олардың жалпы санынан 5-7%-бен өлшенеді.
Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздық пен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. 2002 жылы жүргізілген кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің білі болып табылатының айғақтайды, он кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының 1,5% атап көрсетті
Экономикалық ресурстарды үйлесімсіз бөлу және оларға қол жеткізудегі еркектер мен әйелдердің әркелкі, бірдей емес мүмкіндігі республика үшін әлі де өзекті проблема күйінде қалып отыр. Қоғамдық өндіріс саласындағы жұмыспен қамту проблемасы, әйелдер үшін баламалы еңбекақы төлеу, еркектер мен әйелдердің зейнетақылық қор жинауына қатысты гендерлік айырмашылықтарды азайту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету – елдің экономикалық және әлеуметтік даму саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде шешімін табуы қажет міндеттер.
Республикадағы гендерлік тең құқықтылыққа қол жеткізу саласындағы мемлекет қызметі гендерлік саясаттың негізгі төрт басымдығын іске асыруға бағытталған:
•әйелдердің саяси үдерістерге тең қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
•әйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету;
•әйедердің және олардың отбасыларының денсаулықтарын жақсарту;
•әйелдерге қатысты зорлық көрсетуді түбірімен жою.
Елімізде Қазақстан Президентінің жанынан отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды және ол содан бері жұмыс істеп келді, осы комиссия әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды орындауға қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Осы құжатқа сәйкес әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси өмірге қатысуын жандандыру, сондай-ақ отбасылардың, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің қоғамдық бірлестіктерін көбірек тарту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету жоспарланды

27 ҚОҒАМНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Қоғамның этникалық бірлігі туралы ұғым.
Олардың түрлері. Адамдарды ұлтқа біріктірудің негізгі факторлары.
Қоғамның этникалыққұрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.
“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.
Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногнез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тілдес тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процессінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенес процесінің негізгі екі түрі болады: бірі- жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай айналасуы арқылы қалыптасуы; екіншісі- жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.
Қазіргі адамзат түрі- белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әр түрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетінде орналасқан. Этностар мәңгілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этносоциология теорисында этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Астанадағы Еуроазия университеті осы кісінің атымен аталады. Бұл ғалым теория жүзінде геобиохимия және системология ғылымдарын тарихи географи мен біріктіріп өсты. Сөйтіп ол “этнос” деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.
Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым “ұлт” терминіне қолданылады. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретінде территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бір қатар ұлттарының бір тұтас болып қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін бөліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенес процесінің нәтижесіндеболды.
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл этникалық процестің барысында әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен табииғи ортаның ерекшелігіне қарай материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстық, таптық, психологиялық сипаттамаларының этникалық қауымдастыққа тән қасиеттері қалыптасады. Бұған сәйкес этникалық сана-сезім пайда болады, мұндабелгілі біір этникалық қауымдастыққа енетін адамдардың тегімен тарихи тағдырларының ортақтығы туралы ұғымдар басым рөл атқарады. Ортақ территория және тіл сияқты бұл элементтер этникалық қауымдастықтың белгілері бола алады. Мысалы, кейде діни артықшылық пен нәсілдік, жақындық этникалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп жатады.
Этникалық қауымдастық белгілі бір тілді, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарладры т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғұрлым тұрақты өмір сүру үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-территориялық ұйым құруға (мысалы, топтық қоғамда мемлекет болуға) тырысады.
Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түркмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар моңғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоғңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады.
Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.
Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі- ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, терииториясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктірінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.
Қауымдастықтың түрлері. Жоғарыда көрсетілгендей, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері- ру, тайпа, халықболады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу процесі феодализмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттардың негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісі де бөлек толып жатқан князьдектер мен хандықтарға, “жерлерге” бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетке адамдардың бір тұтас берік қауымға айналуы мүмкін емес еді. Теки капиталистік экономиканың жан-жақты тереі дамуы, сауданың мейілінше күшейіп, елдің барлық түпкірлерін түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылда. Тек осы факторлардың арқасында ғана үздіксіз жауласудан басқа қатынастары болмаған бытыранқы “елдердің” бастары қосылып бірігуіне, олардың ұлт дәрежесіне көтерілуіне жағдай туды. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құралады. Екіншілері бұрын көптеген тайпалардың “қысылып” бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты. Мысалы, қазіргі американ ұлты Еуропадан қоныс аударған әр түрлә ұлттар мен ұлыстардан құрылды, оларға аздап та болса негрлердің қаны қосылған, араласқан. Француз ұлты галлдардың, германдықтардың, нормандықтардың, т.б. қосылуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақ ұлты көп ғасырлар бойы әлденеше түркі тілдес және моңғолдармен араласқан тайпалардың өзара тұтасуы негізінде қалыптасқан халық.
Ұлттың халықтан үлкен сапалық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ол – капиталистік қоғам туындысы. Оның қалыптасу процесі буржуазияның басшылығымен өтті. Бұл процестің барысында буржуазия табының ұсақ топтарының бастары қосылып, бір тұтас ұлттық буржуазияға айналды. Дәл осы тәрізді жұмысшылардың толып жатқан бытыраңқы топтары ұлттық тапқа бірікті. Сөйтіп бір жағынан, халықтың өз алдына жеке, дербес өмір сүріп келгендері - бірде экономикалық орталық құрылуының нәтижесінде ұлттық мемлекеті бәріне ортақ бір тұтас бір қауым болып қалыптасты.
Екінші жағынан, әр ұлттың өз ішіндегі негізгі таптардың, яғни буржуазия мен пролетариаттың ара жіктері ашылып, антогонистік қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл екі ұғымды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Тап қайшылығының азаюуы немесе тап жіктерінің ашылуы, ұлт тұтастығына қатер төндірмейді.
Халық тіліне қарағанда ұлт тілі барлық жағынан жетілен, тұрақталған тілболып есептеледі. Себебі, ол ұлт адамдарының өзара қарым-қатынас құралы ретінде дами келе, толығынан әдеби тілге айналады. Тайпалық диалектілері (өзгешеліктері- А.И.) мен ұлт құрамына кірген халықтар тілдерінің оғаш қылықтарына (қалдықтарынан, кемістіктерінен – А.И.) бірте-бірте арылып, бірыңғай берік грамматикалық құрлысы бар, шын мәнінде тұтас ұлттық тіл дәрежесіне көтеріледі. Ұлт тілі қалыптасып дамыған сайын ұлт тұтастығы да нығая түседі.
Көпшілікке мәлім ұлттық санадағы халық мәдениеті мен оның әлеуметтік психорлогиясындағы тайпалық , көнеден ауысып,сақталып келген кейбір жергілікті түрлері (мысалы,ән-күй ырғағындағы, үй тұрмысындағы, әдет-ғұрып пенмінез-құлықтаағы бірлі-жарым ерекшеліктер) не тозығы жетіп жоғалтып кетеді, не жаңа жағдайда ескі атаулары ұмытылып, тар шеңберді бұзып шығады,кең қріс алып, жалпы ұлттың мәдениеті және сипаты түрінде дамиды.
Ұлттық сипат - әу баста әр ұлтқа “тағдырдың силаған”, өзгермейтін халықтық рух емес. Ол халықтың ұзақ уақыт бойы қоғамдық – экономикалық, географиялық және мәдени ортасы мен тарихи дамуы жолы ерекшеліктерінің адам санасында, психологиясында қалдырған әсер ізі. Бұл ерекшеліктердің әсер ізі тек бір халықтай ғана емес, барлық халықтарда да кездеседі, бұлардың кейбіреулері белгілі тарихи жағдайларда ерекше бір мәнерлі түрде, басқаларда қайьаланбайтын әрі нәзік, әрі айқын жақтарымен көзге түседі. Сондықтан да олар осы ұлтқа тән қасиеттер деп танылады. Бұл психологиялық ерекшеліктер ұлттың негізгі өмір сұру қабілетіне, тарихи тағдырына, оның шаруашылық жайы мен мәдениетіне, саяси-әлеуметтік құрлысына, басқа ұлттар мен қарым-қатынас сипатына ешқандай әсер ете алмайды. Керісінше, ұлттың экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы өзгерген кезде оның бұл ерекшеліктері баяу өзгереді. Қоғамдық болмыс жағдайлары жақын, не ортақ ұлттардың ұлттық сипаттары да өзара жақындасып, қабыса түседі. Ұлттық сипаттың ерекшелігін ескерген кезде бір ұлт еңбек сүйгіш, ой қабілеті жоғары, іскер, екінші ұлтты жалқау, ой-қабілеті төмен, іске олақ, т.б. деп қортынды жасау дұрыс емес. Бұл реакцияшыл нәсілшілердің өздерінің таптың пайдасы үшін ғана ойлап шығарған, шындыққа мүлдем жанаспайтын зұлымдық, сұрқиялық әрекеттеріне жатады.
11)Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Түсіндірме
2 Әлеуметтік топтар, қатынастар
3 Қоғам және Саясат
4 Түрлері
4.1 Бос уақыт қоғамы
4.2 Молшылық қоғамы
4.3 Тәуекел қоғамы
5 Дереккөздер
6 Тағы қараңыз
Түсіндірме
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...
Қоғам және Саясат
Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.[2]
Түрлері
Бос уақыт қоғамы
Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы
Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді,
18:02:39
бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы
Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
21Әлеуметтік құрылым –қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеутеттік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді.Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады.Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді. Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы — әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу онай емес. Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру –тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар – феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.
Таблица 1. Негізгі әлеуметтік қауымдықтар, олардың өлшемдері мен белгілері.

Әлеуметтік қауымдықтар түрлеріӘлеуметтік қауымдықтарды жіктеу өлшемдеріҚауымдықтардың белгілері
Таптар (стратылар)Қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орныМеншікке қатынасы, кіріс көлемі, билік факторы және т.б.
Кәсіби қауымдықтарЕңбек бөлінісі жүйесінде алатын орныЕңбек ету қызметінің сипаты
Салалық қауымдықтарЕңбекті қолдану аясыӨндірістік қызметтің бағыты
Этноұлттық қауымдықтарЭтникалық және ұлттықЖалпы ортақ шығу тегімен, тілімен, территориасымен, ортақ экономикалық өмірімен, мәдениеті мен психологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аймақтық құрылымдарЭтноаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық байланыстарҚоғамдық өмірдің барлық салаларында ұлтаралық байланыстардын әр түрлі деңгейлері
Демографиалық қауымдықтарИндивидтердің жыныстық- жастық ерекшеліктеріЖастар, әйелдер, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік топтар
Территориалық қауымдықтарТұратын жері (қала, деревня, аудан, облыс және т.б.)Мемлекеттік-әкімшілік құрылымдар
Нәсілдік топтарМорфологиялық және физикалық ерекшеліктеріТерінің түсі, бойы және т.б.
Өндірістік ұжымдарӨндірістік мәселелерді шешуЕңбек ету қызметінің ұйымдастырушылық формалары
ЖанұяТуыстық қатынасБірлесіп тұру, ортақ шаруашылық, өзара жауапкершілік т.б.
Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.
Таптар және олардың әлеуметтік байланыстар жүесіндегі алатын орны. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалаудың (жіктеудің) негізгі концепциалары.Таптар үлкен әлеуметтік қауымдықтар ретінде әлеуметтік құрылымның маңызды буыны болып саналады. Қоғамдық таптар туралы ілім маркстік кезеңге дейін пайда болды. Бірақ мұндай концепциялардың көптеген кемшіліктері болды. К. Маркстің бұл ілімге қосқан жаналығы, ол, таптардың өмір сүруін өндірістің белгілі бір тарихи даму кезеңдерімен байланыстырды.Адамдар арасындағы айырмашылықтар ішінде таптық дифференциация қоғам үшін негізгі болып табылады, себебі ол өндіріс саласында қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншіктің шығуы негізінде пайда болады. Таптар қосымша өнім мен еңбек бөлісі жұмыс күшін қанауды экономикалық тұрғыдан тиімді ететін өндіріс сатысында пайда болады. Қоғамның таптық құрылымын талдаудың маңызды методологиялық мәнісі бар, себебі ол әлеуметтік үлкен топтардың нақтылы экономикалық мүдделерін айқындауға, әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың нақтылы мәнің түсінуге, ғылыми негіздегі саясатты айқындаудың жолын білуге мүмкіндік береді. Марксизм философиясында таптардың біршама толық ғылыми анықтамасын берген В.И. Ленин болды. «Таптар деп, — деді ол, — адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орнына қарай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына деген (көбінесе заң түрінде тұжырымдалған, бекітілген)қатынасына қарай, еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесіне және оны алу тәсіліне қарай айырылатын үлкен топтарын айтады ».Бұл анықтамада В. И. Ленин тап құрастырудың төрт негізгі белгісін атап көрсетті. Бұл белгілерді жеке қарастырудан бұрын, келесі жайттарға назар аударайық. Біріншіден, В. И. Ленин таптарға үлкен әлеуметтік топтарды жатқызды. Бұл – олардың текті белгісі, өйткені, қоғамда басқа да жастық, этникалық, кәсіби және т. с. с. үлкен топтар бар. Екіншіден, таптарды сипаттағанда бұл белгілермен шектелмейміз, таптардың саяси және психологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. В. И. Ленин таптардың басты төрт экономикалық белгілерін көрсетумен шектелді, өйткені олар алғашқы, базистік, ал саяси, психологиялық және т.б. белгілері қондырмалық, екінші болып табылады. Үшіншіден, таптардың барлық белгілерін олардың өзара бірлігінде, жүйесінде қарастырамыз. Бірде- бір белгі жеке алып қарастырғанда таптарды толық сипаттай алмайды. Ал енді бұл белгілерді жеке қарастырайық. 1. Таптың қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи жүйесінде алатын орны. Бұл орын не қанаушы, не қаналушынікі болмақ. 2. Өндіріс құрал- жабдықтарына деген қатынасы екі түрлі болуы мүмкін. Таптық қоғам тарихында өндіріс құрал- жабдықтарына толығымен ие болған және ондай мүмкіндігі болмаған таптарды білеміз. 3. Еңбектің қоғамдық ұйымдасуында атқаратын рөлі де әр түрлі болуы мүмкін. Тарихта бір таптар өндірістің ұйымдастырушысы және басқарушысы болып рөл атқарса (құл иеленушілер, феодалдар, буржуа), ал басқалары тек орындаушы (құлдар, крепостнойлар, пролетарийлер ) рөлінде болды. 4. Қоғамдық байлықтан олардың алатын үлесі еңбектік және еңбектік емес болады, оның мөлшері де әр қалай болады. Таптарды анықтауға белгілер жүйесін қолданамыз дедік. Сонда, Ленин келтірген төрт бегінін ішіндегі ең бастысы, шешушісі болып табылатыны не? Таптын белгілері жүйесіндегі мұндай рөлді атқаратын екіншісі — өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы. Өндіріс құрал – жабдықтарына деген қатынасы, басқаша айтқанда, меншіктік қатынасқа қарай таптардың қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі айқындалады, сондай–ақ табысының мөлшері алу тәсілі де соған байланысты болады. Қысқасы, таптардың қоғамдық топ ретінде шығуының себебі қоғамдық өндіріс тәсілінің дамуында жатыр. Жеке меншікке негізделген әрбір жеке формацияда негізгі және негізгі емес таптар болады. Негізгі таптар – сол қоғамның өндіріс тәсілі тудырған және өздерінің өзара қатынастарымен сол өндіріс тәсілінің мәнің, оның негізгі қайшылығын айқындайтын, жүзеге асыратын таптар. Мұндайларға құл иеленушілер мен құлдар, феодалдар мен крепостнойлар, буржуа мен жұмысшылар жатады. Әрбір таптық экономикалық формацияда негізгі емес таптар да бар. Олар бұрынғы таптардың қалдықтары немесе жаңа өндіріс тәсілінің бастамалары болып табылады. Мәселен, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар мен қолөнершілер болды. Капитализм жағдайында мұндайларға шаруаларды жатқызуға болады. Негізгі таптар арасындағы қатынастар антагонистік сипатта болады, сондықтан оларды антагонист- таптар деп атаймыз. Негізгі және негізгі таптар арасындағы қатынастар біркелкі емес болды. Мәселен, капитализм дәуіріндегі буржуазиа мен жұмысшы тап арасындағы таптық қайшылық антагонистік болса, онда шаруалар мен жұмысшы тап арасындағы қайшылық антагонистік емес сипатта болды. Таптардың қатынастары мен олардың арасындағы қайшылықтар біртұтас жүйе болып табылады. Бұл жүйеде келесі қатынастарды ажыратуға болады:
1.Өндіріс құрал- жабдықтарына меншіктік жөніңдегі қатынастар және тікелей өндіріс, тарату, айырбастау және тұтыну жүйесіндегі туындайтын таптар арасындағы қатынастар (экономикалық қатынастар);
2. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (саяси қатынастар);
3.Құқықтық тәртіп жөніңдегі таптар арасындағы қатынастар (құқықтық қатынастар);
4.Өнегелік (адамгершілік) нормаларды жүзеге асыруға байланысты таптар арасындағы қатынас (өнегелік қатынастар);
5. Идеологиалық, көркемдік және басқа рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға байланысты таптар арасындағы қатынас (тар мағынасындағы рухани қатынастар).Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда теқ қана тап аралық емес, сондай-ақ таптың ішіндегі айырмашылықтарды ескеру керек. Таптардың ішінде әр түрлі қабаттарды, құрамдас бөлімдерді, отрядтарды айыру олардың қоғамдық болмысы мен мүдделерін анық түсінуге және олардың әлеуметтік және саяси жағдайын жорамалдауға мүмкіндік береді. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы әлеуметтік дүниеде мұндай қайшылықтар өте маңызды болып табылады (қаржы капиталы мен өнеркәсіпшілер арасында, кіші бизнес пен корпорациялар және т. б. арасындағы қайшылықтар).
Термины
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Бюрократия - лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі] - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді
Әлеуметтік дарвинизм - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қоғамдағы адамзат дамуы заңдылықтарын биологиялық эволюциямен байланыстыратын және қоғамдық әмірдің анықтаушы факторлары ретінде өмір сүру үшін күресуге анағұрлым қабілеттілерді табиғи іріктеу принципін ұсынатын идеялық ағым (Г.Спенсер, А.Смолл, Э.Ферри және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар "табиғи", "болмай қоймайтын" құбылыстар ретінде бағаланады. Әлеуметтік дарвинизмнің анағұрлым реакциялық нұсқалары таптық үстемдікті, милитаризмді және сыртқы саясаттағы экспансионизмді жақтайды
Стратификация - әлеуметтік престиж, мамындық, табыс, білім, билік құрылысына қатысу сияқты критерийлер негізіндегі әлеуметтік теңсіздігі және дифференциация.
Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
Қақтығыстану – қақтығыстың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу немесе жою әдістері туралы ғылым. Тарихи және көркем әдебиеттерде адамдар үшін күш салдары, формасы және мазмұны бойынша ерекшеленетін көптеген қақтығыстық жағдайлар келтіріледі. Мамандардың пайымдауларынша, соңғы бес мың жылда адамзат әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешудің ең қорқынышты формасы - он бес мың локальді және ортақ соғыстарға қатысқан.
әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.
әлеуметтік факт – қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларына немесе белгілі бір әлеуметтік процесстерге тән біртекті оқиғалар жиынтығы немесе бір реттік қоғамдық маңызы зор оқиға сырттан көрінуі, мәжбүрлеу және болмай қоймайтындығы секілді қасиеттері бар күрделі ұғым. оны э.дюркгеймнің ұжымдық ар-ұят пен ұжымдықөкілдік жөніндегі тұжырымдамаларының аясында түсіну керек. әлеуметтік факт ұжым болып жасалады, сондықтан діни де, ресми нормалардан, практикалардан туындайтын қимыл тәсілдері. нормалар мен мекемелер — қатаң пошымдағы әлеуметтік фактінің мысалдары. олар топ ұжымболып қабылдаған, орныққан, сондықтан адамға танылып, сіңірілетін тәртіптер. олар ұжым болып өзірленетіндіктен инсаниятты болып табылады, сондықтан адамның қылықтарың тізгіндеп отырады.әлеуметтану үшін қызықты проблема — міңсіз өкілдік пен материалдық қоғамдық ұйымдардың және олардың құрамдас әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, мысалы, ұжым болып мақұлдаған нормалар мен шын практика арасындағы айырмашылық
микросоциология (грек. mіkros – кіші) – социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. 20 ғасырдың 20-жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы қатынастарды зерделеуге бағытталған батыс социологиясы бағыттарының біріне айналды. микросоциология, ең алдымен,әлеуметтік - психологиялық, атап айтқанда, социометриялық әдістерді пайдаланып, кіші топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге баса назар аударады. оның негізгі зерттеу нысаны – индивид, тұлға, кіші әлеуметтік топ және олардың өзара қатынастары. микросоциология адамдар арасындағы байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы әлеуметтік құбылыстардытүсінуге мүмкіндік береді. микросоциологиялық зерттеулер социологиялық талдау, топтастыру, жалпылау арқылы өзінің теориялықнегіздерін дамытады;
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:
1.қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;
2.әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;
3.адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
4.мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.
«Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.[1]
Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.
Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты
Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
1.мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
2.Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
3.Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
4.Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
5.Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
6.Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Дискриминация - [ лат. Discriminatio - алалау, болектеу ] - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.[1] Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.
Дискриминацияның түрлері:
•сегрегация;
•геноцид.[1]
Дискриминацияны
Престиж - адам еңбектерін қоғамның қадірлеу өлшемі; белгілі бір қауымдағы қабылданған құндылықтарымен субъектінің әлеуметтік маңызды сипаттарын салыстыру нәтижесі. Бала үшін ересектер алдында және құрдастары арасында мәртебесінің маңызы зор. Мұғалім үшін қоғамдық түйсіктегі педагог мамандығының мәртебе деңгейі қандай екені толғандырады.[1]
Конформизм— топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан таймауға мәжбүрлеиді.[1]
Референтті топ — индивид үшін мәні және тартымдылығы бар адамдар тобы. Референтті топ адамдар үшін референтті болып көрінетін, даралылық бағалылықтарының, талаптарының, қылықтық ережелерінің, пікір айтулардың көзі болып табылады. Референтті тұлға — басқа адамға үлгі болып көрінетін ерекше мәнді және бағалы адам. Референтті тұлға кімге референтті болып көрінсе, сол адамға күшті психологиялық ықпал етеді.[1]
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет”атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.[1]

Приложенные файлы

  • docx 19107326
    Размер файла: 193 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий