esep berilgeni zem pravo


1 – есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік “МСК” фирмасына сол облысқа қарайтын Ы.Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан “Ласточка” лагерiн қайта қалпына келтiру мақсатында 125 га жерді ұзақ мерзiмдi пайдалануға бөлiп бердi. Соның iшiнде 30 га ауыл-шаруашылық мақсатындағы жер болғандықтан экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша жергiлiктi аумақтық орган әкiмшiлiктiң шешiмiне қарсы прокурорға шағымданды.
- шетелдік заңды және жеке тұлғалардың жер пайдалану құқығын жалға алу тәртiбi қандай?
ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi беру тәртiбi қандай?
2 – есеп. Шығыс Қазақстан облысының Ленгер ауданының тұрғыны Севченконың өз учаскесiне отырғызған қайындары көршiсi Иванов А.К.-ның учаскесiне өтпей, алайда соны жағалай өсiп Ивановтың үйiне және оның еккен картоптарына күн түсiрмегенiне байланысты Севченкоға қырқып тастау туралы ескертедi. Алайда Севченко ол қайыңдардың тек өз учаскелерiнде орналасқанына сiлтеп қырқудан бас тартады. Иванов аудандық атқарушы органға шағыммен барады.
- жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның уәкiлеттiлiгi қандай;
- жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн көрсетiңiз.
iстi шешiңiз3- есеп. 1996 ж. “Еңбекке-Береке” шаруа қожалығы бақша өсіру үшін уақытша өтеусiз пайдалануға 57 га жер алады. Сонымен қатар, мерзiмi бiткенiне қарамастан пайдалануды әрi қарай жалғастыра бередi. Маңғыстау облысының прокурорынан жердi уақытша өтеусiз пайдалану құқығының мерзiмi асып кеткенi үшiн ол шаруа қожалығына санкция жiбередi. Ал шаруа қожалығының басшысы олар жердi уақытша пайдалануға алғанда жердiң жағдайы тым құнарсыз тастақ және су көзiнен өте шалғай жатқандығының себебiнен 3 жылға жуық жердi тиiсiнше пайдалана алмағандығына және әлi күнге дейiн оның құнарлығын арттыру мақсатында жұмыс iстеп жатқанын айтады.
- тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде қойылатын талаптары және жағдайларыоблыстық прокурордың және тиiстi аудан әкiмшiлiгiнiң құзiретi 4-есеп. Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО кезiнде әскери база ретiнде пайдаланып келген жерге елдi мекендер тұрғызу үшiн ол мәселенi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi алдында көтередi.
- Аталған жерге елдi мекендердi тұрғызу жердiң нысаналы пайдалану режимiне қарсы келе ме?
- Бұндай шешiм қабылдауға облыстық әкiмнiң уәкiлеттiлiгi мен құзiреттiлiгiн анықтаңыз
Iстi шешiңiз 5 – есеп. Түрiктiң “Керемет” фирмасы Алматы қаласы Медеу ауданына тиiстi 30 га жердi 1992 ж. наурызда 12 жылға жалға алады. 1998 ж. ол жер орман қорының жерi болып табылатынын және 1989 жылға дейiн орман қорының жерi болып жаңа санатты 1991 ж. жүргiзе отырып ол жердiң тиiсiнше тiзiмге белгiсiз себептермен қайта енгiзiлмей қалғандығы жөнiнде экология және қоршаған ортаны қорғау туралы тиiстi аумақтық органнан хабар келедi. Алайда, құрылыс үйлерiн салып демалыс орнына айналдыру себебiнен шығындалғаны үшiн өз мерзiмiн толық пайдалануға әкiмшiлiктен рұқсат бередi. 2004 ж. наурызда бұл мәселенi қайта көтерген орган жердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын талап етеді. Ал заңды тұлға бұған 3 ай мерзiм бұрын мерзiмдi жер пайдалану құқығын табыстау актiсiне сай өз мiндеттемесiн тиiсiнше орындағанын және уақытша өтеулi жер пайдаланғаны үшiн әрi қарай 45 жылға созу туралы өтiнiштi бергенiн айтты.
- жердi нысаналы пайдалануды шешуде қалалық әкiмшiлiктiң уәкiлеттiлiгi қандай?
сот iстi қарау барысында жердiң жалға берiлген кездегi орман мақсаттағы жерлер тiзiмiнде болмауы жөнiнде қандай шешiм шығарады.
6 есеп. Азамат Е.К. Қожыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысына тиiстi Мақтаарал ауданынан мақта өсiру үшiн 30 га жердi жеке меншiкке алды. Алайда, ол жердi Е.К.Қожыбаев фермерлiк қожалықпен айналысу үшiн үй-жай салып мал жаю мақсатында пайдаланған болатын. Жердiң нысаналы пайдаланбай жатқаны туралы аудандық әкiмшiiлк талап қойды. Ол талапты жер иеленушi жердiң құнарсыздығына және су көзiнiң тым алыс орналасқанына сiлтеп қанағаттандырудан бас тартты.
жердi нысаналы пайдаланудың талаптары қандай ?
жер иеленушiнiң өзiнiң жерiне байланысты құқықтары қандай ?
7 – есеп. Өмiр бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс iстеп мүгедектiгiне байланысты зейнеткерлiкке шыққан Балабаева 1988 жылдан берi қызметтiк жер телiмi бойынша 1 га жерi бар тұрғын үйдi пайдаланып келдi. 1996 ж. зейнеткерлiкке шығып, 2001 ж. қайтыс болады. Алайда оның 14 және 16 жасар балалары сол жер пайдалану құқығын жалғастыра бередi. 2001 ж. оларға “Алып” зауытының атынан пайдалану құқығын тоқтату туралы талап келедi. Балалардың асыраушысы балалардың кәмелетке толмағандығына байланысты және Балабаева К. өмiр боы сол зауытта жұмыс iстегеннiң салдарынан мүгедек болғанына және соның салдарынан 8 жылдан соң қайтыс болғанына жүгiнiп талапты қанағаттандырудан бас тартады.
- Істі шешіңіз?
Сот зауыттың талабын қанағаттандыра ма?
Қандай жағдайда қызметтік үй жай балалары үшiн – кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
8-есеп. Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары орман қоры жерiнен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды орналастыру үшiн жер учаскесiн беру туралы өкiм шығарады. Алматы облыстық прокуроры бұл өкiмге сотта наразылық бiлдiрдi, сот наразылықты қабылдамады.
прокурор қандай әрекеттер жасау керек.
орман қоры жерлерінің құқықтық жағдайы.
iстi шешiңiз
9 - есеп. Таудың етегiнде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жерi арқылы, ТОО “Достар” су каналын жүргiзу үшiн сервитут құқығы негiзiнде келiсiм шарт жасайды. 2002 ж. наурызда қардың тез еруi себебiнен санаторийдiң жерiнен өткен каналдан аққан су, асфалüттарды бұзып шығындар әкеледi. Санаторий басшысына шектеулi құқықпен пайдаланушыны сервитутпен байланысты келтiрген барлық шығынды шығынның табиғат апатынан болғандығына негiздеп шығынды өтеуден бас тартады. “Денсаулық” саноториясы сотқа талап арыз бередi.
- Жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығының талаптары мен жағдайларын көрсетiңiз.
Сотқа қандай жағдайларда жүгiнедi.
10 – есеп. “Ақсай” ауылының тұрғыны Абдрахманов аудандық жер ресурстарының басқармасына өтiнiшпен келдi, оның iшiнде ол Құдайбергенов жер иеленушiге шара қолдануды сұрайды. Жер учаскенiң шекарасында Құдайбергеновпен отырғызған талдар (қайың ағашы) қатты өсiп, күн сәулесiн өткiзуге кедергi болды. Бұның кесiрiнен көршiнің жер учаскесін,дегі ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң өсуiне тоқтатылуына әсер болды. Аудандық атқарушы органдар оған жер учаскенiң иесi қандай өсiмдiк отырғызу керектгігін өзi бiледi деп түсiндiрген. Ақыры Абдрахманов аудан прокурорына барады.
Абдрахмановтың өтiнiшiне түсiнiктеме берiңiз.
Жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері қандай?
істі шешіңіз
11 есеп “Эртс Казахстан” АҚ ы Солтүстiк Шығыс облысының Манкей ауданында өзiнiң дәрi шығаратын лабораториясын салуға акционерлік қоғамнан 10 га жердi алған. Құрылысты салып болған соң, олар лабораторияға, техника мен технологияны, әртүрлi тұрмыс заттарын сондай-ақ химиялық заттарды көлiкпен әкеле бастайды. Жаман жолдардың кесiрiнен тасымалдау көлiгi аунап, оның цестарнасынан сұйық зат төгiлiп, төгiлген жерде өсiп тұрған кейбiр өсiмдiктер қырылып, жер ластанып, бүлiнiп, уланды.
- істі шешіңіз?
“Эртс Казахстан” АҚ-ды қандай жауаптылыққа тартуға болады?
12-есеп Алмабек деген азамат шаруа қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне меншiк құқығын табысталу тәртiбiмен алды. Жер құнын бiрден төлеуге мүмкiндiгi болмағандықтан, өтiнiш жазып жазып, төлеу мерзiмiн 6 жылға ұзарту арқылы төлей бастады және жердi жеңiлдiктi бағамен алды. Жер құнын 4 жылдан кейiн төлеп бiтiп, ол жердi сатқысы келдi. Бiрақ аудан әкiмшiлiгi онда мұндай құқық жоқ деп көрсеттi.
- Жеңілдікті бағамен сатылған жер учаскесімен құқықтық мәмле жасаудың тәртібін анықтаңыз
Істі шешіңіз
13 – есеп. “Строй сервис” құрылыс компаниясы тиiстi рұқсатсыз “Ақсу – Жабағалы” ұлттық паркiнiң территориясында тұрғын үй салып, оны қызметкерлерiнiң дамалысы үшiн пайдалана бастады.
Ұлттық парктiң әкiмшiлiгi қалалық прокуратураға осы компанияны жауапқа тарту жөнiнде шаралар қолдануды өтiнiп жолданады.
- жердi өз бетiмен алу және өз бетiмен құрылыс салудың құқықтық салдары қандай?
осы жағдайда қолданылатын жауапкершiлiк шарасы.
8 - есеп. 1997 ж. “Кең байтақ” ЖШС –гi Алматы облысы маңындағы орман қорларының жай күйiн және пайдалануға берiлмеген жерлердiң кадастры туралы ақпарат беру бойынша Алматы облысының әкiмшiлiгiне өтiнiш бередi. Өтiнiш қабылданып Талғар ауданынан 70 га жердiң жай-күйiн құнарлы, тастақ емес деп ақпарат берiп 20 жылға өтеулi жер пайдалану негiзiнде бередi. Заңды тұлғаның 1997 жылда еккен ағаштарының бiразы өте жай өсiп және басқа ағаштар мүлде өсуiн тоқтатады. 2002 ж. жердiң құнарлығын тексерген кезде, сараптама қорытындысы бойынша 1963 ж. улы химикаттардың көмiлгендiгi белгiлi болады. ЖШС-гi сотқа Алматы облысының әкiмшiлiгiне қарсы жердiң жай-күйiн туралы ақпартты дұрыс бермегенi үшiн және 6 жыл еңбектерi зая кетiп жердi өңдеуге және орманды күтуге кеткен шығынын өтеу туралы талап бередi.
Жер кодексiнiң қағидаларын атаңыз
мемлекеттiк басқару органдарының құқықтары мен мiндеттерi қандай ?
атқарушы органның жерге байланысты уәкiлеттiгi
15 – есеп. Бiр-бiрiне жанасып жатқан жер учаскелерiн пайдаланушылар оларды жекешелендiрiп алады. Бұдан кейiн учаскелердiң бiреуiнiң меншiк иесi басқасының меншiк иесiне өз учаскесiн жүріп өту мақсатында пайдалануға тыйым салады. Басқа учаскенiң меншiк иесi, жекешелендiруден бұрын екеуi келiсе отырып пайдаланған құдыққа жолды бөгеп тастайды. Өз әрекеттерiн олар жер учаскелерiнiң меншiк иелерi болғандықтан, оған ешкiмдi жiбермеуге құқылы екенiмен негiздейдi.
Жер ресурстары бөлiмiнде дауды қарастыру кезiнде бiр учаскенi айналып өтiп басқасына жету (үшiн) өте қиын екенi анықталады. Екi учаскенi де құдықпен қамтамасыз ету талпыныстарын сәтсiздiкке әкелдi, өйткенi бiрнеше қайталап скважина қазылғанымен су жүрмей қояды.
- Пайда болған дауды қалай шешуге болады?
Сервитутың пайда болу талаптары қандай?
16 – есеп. “Ақ бидай” ауыл шаруашылық кооперативiнiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерiнен жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылыс компаниясына жол жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланыты саз, тас, құм алу үшiн уақытша пайдалануға жер учаскесiн бердi.
Жұмысқа кiрiскен құрылыс компаниясы заңмен көзделген топырақтың құнарлы қабатын сақтау шараларын қабылдамады және өз жұмысының бiр бөлiгiн немесе толығымен орындаған соң жердi қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттерiн орындамады.
- ауыл шаруашылықпен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде жердiң топырақ қабатын сақтау бойынша жер пайдаланушылардың мiндеттерiосы мiндеттердi орындамаудан келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбi.
17 – есеп. Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн бөлiп берудi сұрап барады. Омаровтың жеткiлiктi тұрғын үйi болғанын бiлмеген аудандық әкiмшiлiк учаске бөлу жөнiнде шешiм қабылдайды, содан соң Омаров учаскеге өзi сатып алған құрылыс материалдарын жеткiзiп, уақытша үй орнатып алады. Көп ұзамай, Омаровтың тұрғын үйi бар екенi белгiлi болады да, соған байланысты Омаровқа үй салу үшiн учаске беру туралы шарт жасасуға келiсiм бермейдi, ал оған дейiнгi учаске бөлiп беру туралы шешiмi жойылады. Одан басқа әкiмшiлiк Омаровтың учаскенi құрылыс материалдарынан босатып, уақытша үйдi бұзуын талап етедi. Омаров сотқа әкiмшiлiктi шарт жасауға күштеу жөнiнде талап арыз бередi. Талап арызына негiздеме ретiнде Омаров ересек қызына қалдыруға ниеттi болған басқа тұрғын үйi барын жасырмағанын айтады.
Құрылыс материалдарын сатып алуға, оларды тасымалдауға және уақытша үйдi орнатуға ол материалдық шығындар, егер учаске тартылып алынса, шығындар кез келген жағдайда өтелуi тиiс.
Жер учаскесін берудің жалпы талаптары қандай?
Істі шешіңіз?
Сот қандай әрекет iстеуi тиiс?
18 – есеп. 1990 жылы қыркүйекте “Жоламан” ауылының жұмысшылары Көксу өзенi арқылы плотинаны жөндеу кезiнде қорғау аумағындағы мұнай құбырын жарып алды. Авария салдарынан ауыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен өзен суы ластанды. 1992 жылы ақпанда Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы Алматы облысының сотына талап арызын қойды. Онда жердi ластаудан келтiрiлген залалды өтеу бойынша “Жоламан” ауылы мен мұнай газ өңдеу басқармасынан 235942 теңге өндiртiп берудi талап етедi.
талап қою мерзiмi қандай?
жердi ластанудан қорғау шараларын атаңыз.
19- есеп. Облыстық әкiмшiлiк шешiмi бойынша Асыловтың иелiгiндегi үй орналасқан жер учаскесi мемлекет қажеттiлiктерi үшiн алынуға тиiс болады. Асылов пен оның жанұясына үйдiң орнына пәтер ұсынылады. Оның үстiне жер учаскесi берiлетiн ұйым Асыловқа үй ақысы мен учаскеде отырғызылатын жемiс-жидектердiң құнын өтеуге келiседi. Асылов әкiмшiiлк шешiмiне қарсылық бiлдiредi, ол учаскесiнiң сатуға жатпайтын бөлгiнде тұрғанын айтады. Оның үстiне, Асыловтың ойынша, егер де учаске ерiксiз алынатын болса, онда оған тура сондай жер учаскесiнде үй тұрғызуға мiндеттi. Әкiмшiлiк бұл жерде бос жер учаскесi жоқ, сондықтан да тура сондай жер учаскесi Асыловқа басқа жерден бөлiнiп берiле алады деп сендiредi. Мердiгерлiк ұйым мен әкімшілік құрылыс материалдарының жоқтығынан әкiмшiлiктiң Асыловқа жаңа үй салып беруге мүмкiндiгi жоқтығын айтады. Тараптар келiсiмге келмегендiктен, Асыловтың үйi энергия және сумен қамтамасыз ету жүйесiнен қиылып тасталынады. Асылов талап арызымен сотқа барады.
- Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алудың жалпы шарттары қандай?
iстi шешiңдер.
20-есеп Азамат Сарсебаевтың “Барсакелмес” қорығында күзетшi болып iстегенiне 15 жыл болды. Оған қорықтың әкiмшiлiгi осы қорық аумағындағы жерден 0,15 г жердi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеулi жер пайдалануға берген. Сарсебаев ақылы негiзде оқитын баласының оқу ақысы 100000 теңге болғанын бiледi. Оны төлеуге басқа қаражат таппаған ол өзiнiң қорық аумағындағы пайдаланып отырған жерiне құқығын “АТФ” банкiнен кредит алу үшiн кепiлге салады. Қорық әкiмшiлiгi өз қызметшiсiнiң бұл әрекетiн заңсыз деп қалалық сотқа талап арызын бередi. Сарсебаев өз әрекетiнде заңсыздықтың белгiсi жоқ, бұл жер пайдалану құқығын сатып алғандықтан, мұнда 15 жыл тұрғандықтан мұндай мәмiле жасауға құқылы екендiгiн айтады.
қызметтiк жер телiмiн пайдалану тәртiбi
жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу.

Приложенные файлы

  • docx 19115519
    Размер файла: 35 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий