INTELLEKTUAL OKONCh (1)


1.Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі, пәні мен әдістерін атаңыз.
2.Интеллекталдық меншік құқығының әдістері , қағидалары мен қайнар көздерін көрсетіңіз. 3.Интеллетуалдық меншік құқық қатынастары түрлері, объектілері, субектілері мен мазмұнын ашыңыз. 4.Интеллектуалдық мешік құқығының халықаралық шартттар қайнар көз ретінде қолданылуын көрсетіңіз 5.Автордың мүліктік құқықтарының түсінігі, қолдану аясын көрсетіңіз
6.Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау, ерекшеліктері қандай
7.Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындыларды атаңыз
8.Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларды көрсетіңіз 9.Авторлық құқық объектiсінің түсінігі, белгілерін көрсетіңіз
10.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк құқықтың берiлу тәртібі қандай 11.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк емес жеке құқықтардың ерекшеліктерін атаңыз 12.Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу 13.Авторлық құқықтың ауысу тәртібі қандай 14.Авторлық шарт тусінігі және мазмұны ашыныз 15.Айрықша құқық және интеллектуалдық меншік құқығын атаңыз
16.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз
17.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз
18.Айрықша құқықтардың қолданылу мерзімін көрсетіңі
19.Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы қандай
20.Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқықтың ерекшеліктерін 21.Патент құқығының объектілері 22.Интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін көрсетіңіз
23.Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтарын атаңыз 24.Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы,фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдалану құқығы қалай жүзеге асырылады 25.Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдар, жалпы сипаттамасын көрсетіңіз
26.Қазақстан Республикасының патент құқығының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз 27.Қазақстан Республикасының аумағында патент құқығының қолданылуын көрсетіңіз 28.Лицензиялық шарт және оның түрлерін көрсетіңіз 29.Қызметтiк туындыларға авторлық құқық қандай 30.Лицензиялық шарт және оның түрлерін атаңыз 31.Орындаушының құқықтары мен міндеттерін атаңыз 32.Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу негіздері.
33.Сабақтас құқықтар,түсінігі, белгілерін атаңыз 34.Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiн атаңыз 35.Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары мен міндеттерін атаңыз 36.Туындыны жеке мақсатта автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу тәртібі
37.Туындыны автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану тәртіб
38.Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбаларын көрсету тәртібі
39.Тең авторлар түсінігі,құқықтары мен міндеттерін атаңыз
40.Тапсырыстың авторлық шартын тәртібін атаңыз
Есептер: 41.Батыс еуропалық концерн қазақстандық телеарнаға меншік иесіне шығынды өтеу туралы талап қойды. Талапкердің айтуынша....
42.Алматылық театрдың әртісі қаланың гүлзарларының бірінде ақша табу мақсатын көздейді. Ол пират костюмін киіп,
43.Республикалық телеарна эфирге мемлекеттік беделді шенеуніктен алған интервьюді жиберетіндігін хабарлады. Кейінірек басқа телеарна..
44.Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық қоғамдық ұйымға....
45.Бірнеше ресейлік авторлардың (ақындар мен композиторлардың) атынан ұжымдық негізде авторлардың....
46.Фильм әуеніне өлең жазғаны үшін ақын ақшалай марапат алды. Фильм прокатқа....
47.«Номады» фильмінің түсірілімін қаржыландырған продюсерлік компания....
48.Заманауи бейнебаян түсіру кезінде кеңестік «кавказская пленница» кинофильмінің жекелеген ....49.Музыкалық композиция автордың рұқсатымен көркем фильмде пайдаланылды....
50.Танымал қазақстандық жазушы оның әдеби шығармасының сайттардың бірінде жарияланғанын........
51.Теледидар арнасының репортерлары Алматы қаласының коммерциялық ұйымдарының ...
52. Тексеріс барысында уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері магазиннен фильмдер жазылған бірнеше компакт-дисктерді алды
53.Саша Ленский 3 жасында қоршаған әлемге, балалық көзқарасы бар сюжеттерге ие сөздерді....
54.Вице – министр болған Қазақстан шенеунігі сыбайлас жемқорлықпен айналысқан үшін бас бостандығынан
55.Технологиялық вуздың келешек студенті өз дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі
56.Доремиев, Тарараев және Хитров деген үш автор өздерінің музыкалық туындылар жинағын
57.Ақын өзінің «Выстрел» деген аттас кинофильмге арнайы жазылған өлеңінің кейбір бөліктерінің......
58.Алматының концерт залдарының бірінде Қазақстанның беделді маркасы бар шайының тұтынушылар (сатып алушылар) .......
59.Қазақстан жастар ассоциациясымен өткізілген «Көңілді тапқырлар клубының» (КТК) барысында, атақты музыкалық шығарма әзілді түрде фонограммамен шырқалды...
60.Қазақстандық продюссер ресей авторлары (Иванов пен Петровтың) жасаған музыкалық шығармасының.......
1.Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігi, пәні мен әдістерін атаңыз. Интеллектуалдык меншiк кукыгы-шыгармашылык кызметтин натижеси болып табылады. Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймызЖалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік – заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.
1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады..
2.Интеллекталдық меншік құқығының әдістері , қағидалары мен қайнар көздерін көрсетіңіз.
Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
3.Интеллетуалдық меншік құқық қатынастары түрлері, объектілері, субектілері мен мазмұнын ашыныз.
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары; 2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер; 4) селекциялық жетiстiктер; 5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау); Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар; 2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi); 3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады. Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн. Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады. Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
4.Интеллектуалдық меншік құқығының халықаралық шартттар қайнар көз ретінде қолданылуын көрсетіңіз. Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды. Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық. Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.
5. Автордың мүліктік құқықтарының түсінігі, қолдану аясын көрсетіңіз. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi. Автор туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына: 1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы);
4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы);
5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы);
6) туындыны эфирге беруiне (радио және теледидар арқылы тарату), оның iшiнде туындыны кабель немесе спутниктiк байланыс арқылы таратуына (эфирге хабарлау құқығы);
7) туындыны аударуына (аудару құқығы);
8) туындыны қайтадан жасауына, аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуiне (өңдеу құқығы);
9) қала құрылысы, сәулет, безендiру жобасын iс жүзiне асыруына;
10) заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы. Туындыға түпнұсқасындағыдай объективтi нысанда қайталап беру (туындыны басып шығару, дыбыс немесе бейне жазулар таралымы және т.б.) қайта жаңғырту болып табылады. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледі. Туынды кiрiс келтiру мақсатымен сатылғандығына не оны сату бұған бағытталмағандығына қарамастан, пайдаланылған деп саналады. Туындының (өнертабыстардың, өзге де техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шешiмдердiң) мазмұнын құрайтын ережелердi iс жүзiнде қолдану туындыны авторлық құқық мағынасында пайдалану болмайды.Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.Колданылу мерзими: Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпiс жыл бойы күшінде болады. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.
6.Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау, ерекшеліктері қандай
Авторлық құқықты қорғау белгiсi: 1. Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен; 2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан); 3) туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін. Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.)
6) өзге де нысандарда қолданылады.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарды жүзеге асырады. . Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен: 1) қоршауға алынған латынша "Р" әрпiнен; 2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауыннан) 3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы. . Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.

7. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындыларды атаңыз. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылмайды: 1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң шығару, әкiмшiлiк, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; 2) мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлер); 3) халық шығармашылығының туындылары; 4) ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактiлер туралы хабарлар
8.Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларды көрсетіңіз. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi :
1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады: 1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; 3) сценарийлiк туындылар; 4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар; 6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары; 8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар; 11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар; 12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 13) өзге де туындылар. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
3. Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi); 2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады. Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.
9. Авторлық құқық объектiсінің түсінігі, белгілерін көрсетіңіз. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.)
2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);
4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);
5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.);
6) өзге де нысандарда қолданылады. вторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады: 1) әдеби туындылар;2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; 3) сценарийлiк туындылар; 4) хореография және пантомима туындылары;5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар; 6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар 7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары; 8) қолданбалы өнер туындылары; 9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары 10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар; 11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 13) өзге де туындылар.ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерiне, сондай-ақ:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi); 2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады. Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан колданылады.
10.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк құқықтың берiлу тәртібі қандай. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланған немесе жарияланбаған, бiрақ түпнұсқасы қандай болса да объективтi нысанда оның аумағында болған туындыға авторлық құқық Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда автор және (немесе) оның мұрагерлерi, сондай-ақ автордың басқа да құқықтық мирасқорлары өздерiнiң азаматтығына қарамастан авторлық құқық иесi болып танылады. Туындысы шет мемлекет аумағында алғаш рет жарияланған немесе қандай болса да объективті нысанда болған Қазақстан Республикасы азаматтарының да, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының да авторлық құқығы танылады. Халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықты қорғау құқық иесіне берiлген жағдайда туындының шет мемлекет аумағында жариялану фактiсi тиiстi халықаралық шарттардың ережелерiне сай анықталады. Қазақстан Республикасының аумағында туындыны қорғау мақсатында туындының авторы туынды алғаш рет аумағында қорғауға алынған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады. Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды.. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүзеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келiсiмi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады.
11.Авторлық құқық саласындағы мүлiктiк емес жеке құқықтардың ерекшеліктерін атаңыз. Туынды авторының мынадай жеке мүлiктiк емес құқықтары болады:
1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық);
3) өз туындысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшiлiк алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келiсiмiнсiз кiмнiң болса да өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiнен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы) Автордың келiсiмiнсiз оның туындысын шығарғанда безендiрулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсiнiктемелер немесе қандай да болсын түсiндiрмелер беруге тыйым салынады.Автор қайтыс болғаннан кейiн оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетiлген адам, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда - автордың мұрагерлерi, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады. Кызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған, туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы). 2. Автор туындыны халыққа тарату туралы бұрын қабылдаған шешiмiнен бас тартуға құқылы (керi қайтарып алу құқығы), бұл жағдайда жоғалтылған пайдасын қоса алғанда, пайдаланушыға осындай шешiм арқылы келтiрiлген залал өтелуi керек. Егер туынды халыққа жария болып кетсе, автор оны керi қайтарып алатыны туралы көпшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Бұл орайда ол туындының бұрын әзiрленген даналарын өз есебiнен айналыстан алып тастауға құқылы. 3. Автордың бiреумен келiсiмi немесе автордың жеке мүлiктiк емес құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуы туралы арызы жарамсыз болады..
12. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді. Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) өтініші негізінде немесе құқық иеленушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.Мемлекеттік тіркеуге берілетін өтініште автордың (авторлардың) деректері, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі. Егер өтінішті құқық иеленуші берсе, онда оның заңды мекенжайы көрсетіледі. Егер туынды төл туындыдан жасалса, пайдаланылған туынды авторының (авторларының) тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар: 1) өтініш;2) туындының бір данасы;3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар 1) өтініш; 2) туындының жазбасы бар жеткізгіш, мәтін, партитура немесе клавира түріндегі ноталар 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады. Бөлек тең авторлықпен шығарылған музыкалық туындыларға құқықтар тең авторлық құқықтары сақталған жағдайда бөлек те,
бірлескен түрде де тіркелуі мүмкін.
Хореография, пантомима туындыларына, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар: 1) өтініш;2) туындының жазбасы бар жеткізгіш; 3) туындының сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады
. Сәулет, қала құрылысы, бақша-парк өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:1) өтініш;2) эскиздер, сызбалар, суреттер;3) туындының толық сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Сурет өнері, мүсін, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:1) өтініш2) туындының бір данасы немесе туындының фотосурет түріндегі бейнеленуі;3) туындының толық сипаттамасы;4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі 5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламасы және бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар жеткізгіш (дискета немесе басқа да электрондық жеткізгіштер)ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның атауын, өтініш берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның рефераты;өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.Егер туындыға құқықтардың құқық иеленушісі заңды тұлға болса, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ұсынылатын туындылар олардың жеткізгіштерде объективті нысанда болуын тексеру үшін қарап көруге жатады.Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің расталуы болып табылады. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.Автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын береді.Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
13.Авторлық құқықтың ауысу тәртібі қандай?
Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады.Автордың осы Заңның 15-бабында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтары мұрагерлiк бойынша ауыспайды. Автордың мұрагерлерi мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагерлердiң аталған заңды құқықтарының мерзiмi шектелмейдi.Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы. Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi: 1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы); 2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы); 3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы)6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы); 8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы 9) туындыны аудару (аудару құқығы);10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы) 11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әркеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
14.Авторлық шарт тусінігі және мазмұны ашыныз.
Айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Мүлiктiк құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүлiктiк құқықтар берiлетiн адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресiмделуге тиiс. Айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт осы құқықтар берiлген адамға ғана туындыны белгiлi бiр әдiспен және шартта белгiленген шекте пайдалануға рұқсат етедi және мұндай адамға басқа адамдардың туындыны осылайша пайдалануына тыйым салу құқығын бередi. Егер айрықша құқықтар берiлген адам бұл құқықты қорғауды жүзеге асырмаса, басқа адамдарға туындыны пайдалануға тыйым салу құқығын туындының авторы жүзеге асыра алады.Айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт пайдаланушыға осындай құқықты берген айрықша құқық иесiмен және (немесе) осы туындыны сондай әдiспен пайдалануға рұқсат алған басқа адамдармен туындыны тең жағдайда пайдалануға рұқсат етедi. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер шартта тiкелей өзгеше көзделмесе, айрықша емес құқықтар деп есептеледi.
1. Авторлық шартта: 1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);
2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;
3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.
2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.
3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi
.4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.
5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.
6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.
7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.
8. АК 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды
. 9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады.
10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып табылады.
11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады.
13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын өтеуге мiндеттi.
Тапсырыстың авторлық шарты:
1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.
2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi.
3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.
15.Айрықша құқық және интеллектуалдық меншік құқығын атаңыз. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау. 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;
2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады. Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.
16.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз Егер AК-да немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады. Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау: 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; 2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
17.Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысу тәртібін көрсетіңіз Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.Егер AК-да немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау: 1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; 2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
18 Айрықша құқықтардың қолданылу мерзімін көрсетіңіз.
Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi: Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады. Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi: Айрықша құқықтарды қорғау АК 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау: Пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою; Жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен; Заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершілiк туралы жалпы ережелер қолданылады
19. Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы қандай. Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туындының меншiк иесiнен өз туындысының көшiрмесiн жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруiн талап етуге құқылы (қол жеткiзу құқығы). Бұл орайда туындыны меншiк иесiнен туындыны авторға жеткiзiп берудi талап етуге болмайды.Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы) қайталап сатқан әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену құқығынан бiрiншi рет айырылғаннан кейiн автордың немесе оның мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының бес процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы). Авторды тiрi кезiнде аталған құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi бойынша авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi.Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы (өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді. Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы) қайталап сатқан әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену құқығынан бiрiншi рет айырылғаннан кейiн автордың немесе оның мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының бес процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы). Авторды тiрi кезiнде аталған құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi бойынша авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы (өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді.
20 Дыбыс- бейнежазу туындысы. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары): 1) сценарий авторы; 2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы 3) қоюшы-режиссер 4) қоюшы-оператор; 5) қоюшы суретшi болып табылады. Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.Авторлық құқықтың ерекшеліктерін көрсетіңіз:
21. Патент құқығының обьектілері. Патент құқығының обьектілері:өнертабыс, өнерксіптік үлгі, пайдалы модоль. Өнертабыс дегеніміз-өндірісте қолдануға жарамды жаңа техникалық шешім. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).Пайдалы модель-жаңа және өнертабыста қолдануға болатын өндіріс құрал мен заттарын конструкциялық орындалуын және оған қорғау құқығын беретін техникалық шешім. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.Өнеркәсіптік үлгі- бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіпте қолдануға болатын қөркемдік конструкциялық шешім.Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты болуға тиiс.Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмде: Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкiлеттi органда міндетті түрде тiркелуге жатады. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.
22. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін көрсетіңіз.
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары; 2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер; 4) селекциялық жетiстiктер; 5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау); Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар; 2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi); 3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету); Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар.Авторлық құқық обьектілері: ғылыым әдебиет шығармаларығ ЭВМ бағдарламалары. Патент құқық обь.өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі,пайдалы модель. Субьектілерді дараландыру құралдары: фирма атауы тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, таңбалар.Инт. меншік құқығының дәстүрлі емес обьектілері селекциялық жетістіктер, топология интегралды микросхема және ноу-хоу.
23 Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтарын атаңыз. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады. Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн. Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады. Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданыладыАйрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқықиесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
24. Фонограмма жасаушының құқықтары. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма жасаушы мен орындаушының келiсiмiнсiз пайдалану Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi: фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны таратудан кейiн де фонограмманы прокатқа (жалға) берудi;фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсiлмен өңдеудi;фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жасаушының және осындай фонограммаға орындауы жазылған орындаушының келiсiмiнсiз, бiрақ сыйақы төлей отырып: фонограмманы көпшiлiк алдында орындауға;фонограмманы эфирге беруге;фонограмманы кабель арқылы жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн хабарлауға жол берiледi.Сыйақы мөлшерiн және оны төлеу жағдайларын, бiр жағынан, фонограмма пайдаланушылар немесе осындай пайдаланушылар бiрлестiктерi (қауымдастықтары) және, екiншi жағынан, фонограмма жасаушылар мен орындаушылар құқықтарын басқарушы ұйымдар арасында жасалған келiсiм бойынша, ал егер тараптар мұндай келiсiмге келе алмаса - уәкiлдiк берiлген орган белгiлейдi. Сыйақы мөлшерi фонограммаларды пайдаланудың әр түрi үшiн белгiленедi.Тиісті органға құжаттарды тапсыруы тиіс.
25. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және соларға сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк актiлерден тұрады. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдар, жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңсанаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi. Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және соларға сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк актiлерден тұрады. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық: 1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.
26. Қазақстан Республикасының патент құқығының жалпы сипаттамасын көрсетіңіз. Патент иеленушi- қорғау құжатының иесi; патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;
Патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; Халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.Патент заңымен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн яғни селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Патент заңы реттейтiн қатынастар:Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
27. Қазақстан Республикасының аумағында патент құқығының қолданылуын көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi орган берген өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент қолданылады.Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патенттер, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады. Егер белгiленген тәртiпте мәлiмденген шешiм тиiсiнше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсiптiк үлгiлерге Қазақстан Республикасының заң актiлерi қоятын талаптарға сай келсе, шетелдiк азаматтар мен шетелдiк заңды тұлғалар немесе олардың құқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында инновациялық патент пен өнертабысқа патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге патент алуға құқылы.Патент құқығының қолданылу аясы осы патент туралы заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Инновациялық патент пен патенттiң қолданылу мерзiмi.Инновациялық патент пен патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда: Өнертабысқа инновациялық патент - үш жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ екi жылдан аспауы керек; Өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы; Пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек; .Өнеркәсiптiк үлгiге патент - он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау инновациялық патент немесе патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент немесе инновациялық патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен айқындалады.
28. Лицензиялық шарт және оның түрлерін көрсетіңіз. Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек. Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады. Лицензиялық шарттар объектілері: Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде:
1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге;
2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне;
3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.) бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне) (лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі. Ашық лицензия.Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi.
Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.
29.Қызметтiк туындыларға авторлық құқық. Қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды авторының мүлiктiк емес жеке құқығын қызметтiк туынды авторы иеленедi.Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік туындыға мүліктік (айрықша) құқықтарға жұмыс беруші ие болады. Қызметтiк туынды кез келген жағдайда пайдаланылса, жұмыс берушi өз атауын көрсетуге немесе солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.Қызмет бабындағы мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындау тәртiбiмен энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, ғылыми еңбектердiң мерзiмдi және жалғастырыла беретiн жинақтарын, газеттердi, журналдарды энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жасауға бұл баптың ережелерi қолданылмайды. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
30.Лицензиялық шарт және оның түрлерін атаңыз. Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек. Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады. Лицензиялық шарттар объектілері: Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде: 1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге; 2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне;
3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.) бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне) (лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі. Ашық лицензия.Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт
31.Орындаушының құқықтары мен міндеттерін атаңыз Орындаушының құқықтары : 1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, орындаушыға мынадай мүлiктiк емес жеке және мүлiктiк құқықтар: 1) есiмiнiң құқығы;
2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы); 3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады. 2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары мынадай iс-әрекеттердi:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты немесе қойылымды эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.удармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады.
32.Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу негіздері
Орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ фонограмманы көшiрмелеуге:
1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларынан шағын үзiндiлердi ағымдағы оқиғалар туралы шолуға қосу үшiн;
2) тек қана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында;
3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма аналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;
4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерiнде белгiленген ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторының мүлiктiк құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол берiледi. 2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерiнен тыс орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiнсiз хабарлар мен эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшiн қайта шығаруға жол берiледi. Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшiрмелеуге жол берiледi.
33.Сабақтас құқықтар,түсінігі, белгілерін атаңыз Сабақтас құқық дегеніміз –қойылымға, орындаушыларға, фонограмма,эфирлік және хабар таратушылардың туындыларын көпшілікпен қолданумен байланысты ,олардың заңды мүдделерін құқықтық қорғау. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы егер:
1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса; 3) орындаушылық. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады..
Орындаушының құқықтары:орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);Фонограмма жасаушының құқықтары:Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.Эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-келген нысанда пайдалануға және, мұндай рұқсат бергенi үшiн сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықтар берiледi.абақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi:Орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды.
34.Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiн атаңыз Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы : 1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер: 1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса; 2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;
3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын фонограммаға жазылса; 4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса, танылады.
2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар заңды тұлға болса;
2) фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық көрсе, танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған күннен кейiн отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол да Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланды деп саналады.
3. Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға сәйкес, егер ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар болса және хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, танылады.
4. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады.
35.Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары мен міндеттерін атаңыз Авторлық және сабақтас құқықтар заңында көзделген реттердi қоспағанда, эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез-келген нысанда пайдалануға және, мұндай рұқсат бергенi үшiн сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықтар берiледi.Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
1) хабарды эфирге берудi;
2) жалпы жұрт назарына жеткiзу үшiн хабарды кәбiл арқылы хабарлауды немесе хабарды эфирге берудi;
3) хабарды жазып алуды;
4) хабардың жазбасын көшiрмелеудi;
5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін жерлерде хабарлауды;
6) хабарды жалпы жұрт назарына жеткізуді жүзеге асыру, мұндай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқықтарын бiлдiреді.
3. Осы баптың 2-тармағының 4)-тармақшасында көзделген эфирлiк және (немесе) кабельдiк хабар тарату ұйымының айрықша құқығы мына жағдайларда:
1) хабар эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының келiсiмiмен жазып алынғанда;
2) Авторлық және сабақтас құқық туралы Заңның 41-бабындағы ережелерге сәйкес хабарды көшiрмелеу ол жазылған мақсатта жүзеге асырылғанда қолданылмайды.
36.Туындыны жеке мақсатта автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу тәртібі
Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп
көшiрмелеуiне жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі 1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түрiндегi сәулет өнерi туындыларын көшiрмелеуге;
2) деректер базаларын немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге;
3) осы Заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттердi қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге; 4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға (репрографиялық қайта шығаруға) қолданылмайды. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.
Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
37.Туындыны автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану тәртібі
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады; 5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу.
38.Туындыларды қысқа мерзiмге пайдалану үшiн эфирге хабар тарату ұйымдары жүзеге асыратын жазбаларын көрсету тәртібі
Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйым эфирге беруге құқық алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшiн жазбасын мынадай жағдайларда:
1) жазбаны эфирге хабар тарату ұйымы өз жабдықтарының көмегiмен және өз хабарлары үшiн дайындаған;
2) егер жазылған туынды авторымен немесе өзге де құқық иеленушiсiмен неғұрлым ұзақ мерзiмге келiсiлмесе, мұндай жазбаны ол әзiрленгеннен кейiнгi алты ай iшiнде жойылған жағдайларда жазуға болады. Егер жазбаның құжаттық мәнi ерекше болса, мұндай жазба туынды авторының немесе өзге де құқық иеленушiсiнiң келiсiмiнсiз-ақ ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.
Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады.
39.Тең авторлар түсінігі,құқықтары мен міндеттерін атаңыз
Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады. Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады. Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ. 3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайдыЭнциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
40.Тапсырыстың авторлық шартын тәртібін атаңыз Тапсырыстың авторлық шарты : 1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.
2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi. 3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.
Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.Сондай-ақ, аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi.Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады.
Есептер:
41.Батыс еуропалық концерн қазақстандық телеарнаға меншік иесіне шығынды өтеу туралы талап қойды. Талапкердің айтуынша....
Жауабы:Аудиовизуалды туындыларды өндірушілердің айрықша құқықтары лицензиямен, лицензиялық шарттармен және патентпен расталуы керек. Бұл мәселе бойынша, Батыс Еуропалық концерн Мәскеулік компанияға лицензия беруі тиіс болатын (Батыс Еуропалық концерн-лицензиар, Мәскеулік компания - лицезиат). Интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны лицензиатқа беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығы көзделуі тиіс. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын лицензиарға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. Осыған орай, бұл жерде Қазақстандық телеарна адал екені сөзсіз, ал Еуропалық концерн Мәскеулік компанияға шағымдануы керек.
42. Алматылық театрдың әртісі қаланың гүлзарларының бірінде ақша табу мақсатын көздейді. Ол пират костюмін киіп......
Жауабы:Орындаушылық - әдебиет, өнер немесе басқа да тундыны ән айту, ойын, қойылым, мәнерлеп оқу, би түрінде жанды немесе техникалық құралдар көмегімен көрсету.
Қойылым – орындаушылық формасы болып келеді.
Авторлық және сабақтас құқық туралы заңның 36-бабына сәйкес
Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;
3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын фонограммаға жазылса;
4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса, танылады.
Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары мынадай iс-әрекеттердi:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты немесе қойылымды эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
4) орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
43.Республикалық телеарна эфирге мемлекеттік беделді шенеуніктен алған интервьюді жиберетіндігін.........
Жауабы:Авторлық және сабақтас құқық туралы Заңнамаға сәйкес,біріншіден, орындаушының айрықша құқығы мына жағдайларда:орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының келiсiмiмен жасалған;орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу орындаушылықты немесе қойылымды жазу кезiнде орындаушының келiсiмi алынған мақсатпен жасалған;Егер орындаушының эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымымен жасасқан шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейiннен беруге, мұндай жазбаны беру мен көшiрмелеу үшiн эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының жазып жүзеге асыруға осы баптағы 2-тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында аталған рұқсат алу талап етiлмейдi. Бұлайша пайдаланғаны үшiн орындаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi де осы шартта белгiленедi. 2) Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезiнен бастап, егер олар жарияланбаған болса, осы Заң күшiне енген күннен бастап жетпіс жыл мерзiм өтпеген радио және телехабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзiмде сабақтас құқықтар объектiсi ретiнде қорғалады.
3)Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 145-бабына сәйкес, 145-бап. Өз бейнесiне құқық бабы бойынша,яғни,қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ. Басқа адам бейнеленген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.
44.Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық қоғамдық ұйымға Қазақстандағы......
Жауабы:Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық қоғамдық ұйымға Қазақстандағы әйелдер құқығының бұзылу жағдайлары туралы зерттеу жүргізуге тапсырыс берді. Шарт Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық қоғамдық ұйымға Қазақстандағы әйелдер құқығының бұзылу жағдайлары туралы зерттеу жүргізуге тапсырыс берді. Шарт Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қазақстандық қоғамдық ұйымға Қазақстандағы әйелдер құқығының бұзылу жағдайлары туралы зерттеу жүргізуге тапсырыс берді. Шарт бойынша «зерттеуге барлық құқықтарды» БҰҰДБ иеленді. Шарт Алматы қаласында қоғамдық ұйымның бірінші басшысымен және аталған халықаралық ұйымның қазақстандық өкілдігінің басшысымен жасалды. Қолданылатын құқықты тараптар көрсетпеген.Орындаушы тапсырысшыға зерттеу нәтижесін өткізді және оны мақалалар жинағы ретінде басылымға жіберді.Бірнеше уақыт өткен соң зерттеу ағылшын тілінде БҰҰДБ сайтында автордың аты-жөні және қоғамдық ұйымның атауы көрсетілмей жарияланды.Авторлар авторлық құқықты бұзғаны үшін ақшалай төлем төлеу туралы талапты жіберді. Халықаралық ұйым жауап ретінде шарт бойынша зерттеу нәтижесінің барлық құқықтарына ие екендігін және өз қалауынша иеленетінің хабарлады.Жергілікті сот жауапкердің юрисдикциялық иммунитетін және істің соттылығы қазақстандық сот бойынша қаралмайтындығын басшылыққа ала отырып, істі қараудан бас тартты.
Тапсырмаға сұрақтар:
1. Авторлық құқықтар қандай негізгі топтарға бөлінеді?
2. Аталған жағдайда авторлардың қандай құқықтары бұзылған?
3. Авторлардың жеке мүліктік емес («моральдық») құқықтары иесіздендіріле (авторлық құқықты беру туралы шарттың пәні) оқшаулай ала ма?
4. Интернеттің ақпарат желісінде объектіні заңсыз орналастыруға байланысты авторлық құқықтың бұзылуы қандай әдістермен анықталады?
5. Сіздің ойыңызша, жауапкердің юрисдикциялық иммунитеті туралы соттың қорытындысы қаншалықты деңгейде негізделген? ҚР юрисдикциялық иммунитеті туралы қандай халықаралық конвенциялардың қатысушысы болып табылады?
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы
Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
• әдеби шығармалар;
• драма және музыкалыдрамалық шығармалар;
• мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
• қолданбалы өнер шығармалары;
• фотографиялық шығармалар;
• сахналық туындылар;
• карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
• энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
• хореография және пантомимді шығармалар;
• кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;
• ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
• архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;
• жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)
4-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiтетiн халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Авторлық құқықтың қолданылу аясы
1. Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.
2. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейiнгi отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негiз болған iс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттiң заңы бойынша анықталады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.
15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар
1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:
1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);
3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).
4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны керi қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.
Қызметтiк туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелерi қолданылмайды.
3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.
4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды
45.Бірнеше ресейлік авторлардың (ақындар мен композиторлардың) атынан ұжымдық негізде авторлардың.......
Жауабы;16-бап.Мүлiктiк құқықтар;
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap. 2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi: 1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы); 2)туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
3. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi.
Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:
1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
4) деректер базасының;
5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне берiледi.
4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды. 18-бап. Туындыны жеке мақсатта автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу
1. Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне жол берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:
1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түрiндегi сәулет өнерi туындыларын көшiрмелеуге;
2) деректер базаларын немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге;
3) осы Заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттердi қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге;
4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға (репрографиялық қайта шығаруға) қолданылмайды.
19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
22-бап. Туындыларды ресми және өзге де рәсiмдер кезiнде көпшiлiк алдында орындау;
Заңды түрде жарияланған музыкалық туындыларды ресми және дiни рәсiмдер, сондай-ақ өлiктi жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында сол рәсiмдердiң сипатына сәйкес келетiн көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол берiледi.
46.Фильм әуеніне өлең жазғаны үшін ақын ақшалай марапат алды. Фильм прокатқа шықты. Ән өте белгілі..........
Жауабы: Авторлық құқық жіне сабақтас құқық туралы ҚР-ң 1996 ж қабылданған арнайы заңымен реттелген
Яғни, 13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық 3 тармақшасына сәйкес;
3. Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Туындыны қолдану аясы
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);
10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы)
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
киностудияда мүліктік құқықтардың ипі
1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
4) деректер базасының;
5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне берiледi.
4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.
5. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.
47..«Номады» фильмінің түсірілімін қаржыландырған продюсерлік компания....
Жауабы,осы есептің шешімі Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымның Авторлық және сабақтастық туралы заңымен,ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі.Авторлық құқықтар пайда болмайды,Себебі бұл жерде олардың әрқайсысына айрықша құқық беріледі
1). Аудиовизуалды (тыңдау-көру) туынды- тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;
Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық
1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
1) сценарий авторы;
2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер);
3) қоюшы-режиссер;
4) қоюшы-оператор;
5) қоюшы суретшi болып табылады.
Бұрын шығарылған, қайта өңделген немесе дыбыс-бейнежазу туындысының құрамдас бөлiгi ретiнде енгiзiлген туынды авторы да дыбыс-бейнежазу туындысының тең авторы болып саналады.
2. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазутуындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады.
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушы бұл туынды кез келген жағдайда пайдаланылса да өз есiмiн немесе атауын көрсетуге, не солай көрсетiлуiн талап етуге құқылы.
3. Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалықтуындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
4. Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар (сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.07.09. № 586, 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
2)Тең авторлар
1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
48.Заманауи бейнебаян түсіру кезінде кеңестік «кавказская пленница» кинофильмінің жекелеген......... Жауабы:19-бап. Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы
төлемей пайдалану
Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:
1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;
2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;
4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу.

49.Музыкалық композиция автордың рұқсатымен көркем фильмде пайдаланылды...............
Жауабы:музыкалық композиция автордың рұқсатымен көркем фильмді қолданады.Көркем фильм музыкалық компазиция авторымен шартқа отырады.Көркем фильмнің бір мүшесіне музыкалық композициясының болып келеді.Сондықтан көркем фильмнің авторы музыкалық компазициясының авторы болып есептелінеді.Оның үстіне,фильмді жасау барысында әуен елеулі жақсартылды.
Бірінші сұраққа жауап беретін болсақ,Авторлық және Сабақтас құқық заңдарында көрсетілгендей,санаткерлік меншік саласында ғылым ,әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық),қойылымдарды,орындаушылықты,фонограммаларды,эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын(сабақтас құқық)жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.Сондықтан Аудивизуалды туындының ажырамас бөлігі музыкалық туынды болып табылады.Өйткені аудивизуалды туындыдан туындайтын музыкалық композиция.
Екеншісі сұраққа жауап,Егер сіз шығармашылық немесе зияткерлік меншік өнімінің авторы болсаңыз, онда сіз бастапқыда жеке мүліктік емес және мүліктік құқыққа ие боласыз. Бұл тіпті егер сіз болашақта әлдекімге өз туындыңызды берсеңіз, мүліктік емес құқық өзіңізде қалады. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайды және берілмейді.Сондай-ақ автор интеллектуалдық меншікке айрықша құқық – мүліктік құқыққа ие, ол қызметтің нәтижесін өзінің қарауы бойынша басқаруға мүмкіндік береді: толығымен сатуға немесе ішінара қолдануға немесе басқаруға.
Айрықша құқықтардың авторлық құқықтан айырмашылығы толығымен немесе ішінара шарт бойынша беруге болады. Олар сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібінде ауысады. Бұл жағдайда егер компания сіздің өніміңізді немесе әзірлемеңізді сатып алса авторлық құқық шектелмеуі тиіс, авторлық тұрақты түрде сізде қалады.
Сот шешімі өзгермейді өйткені ол көрем фильм авторы аудиовизуалды музыканы шарт жасасқан ол шарт мерзімі өтеді.Көркем фильмнің бір бөлігі болып қалады.
50.Танымал қазақстандық жазушы оның әдеби шығармасының сайттардың бірінде жарияланғанын, ал ол сайтқа кез-келген қалаған адамға тегін кіруге.....
Жауабы:1. Автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей, бiрақ туындысы пайдалынатын автордың есiмiн және қай деректен алынғаны мiндеттi түрде көрсетiле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол берiледi:1) заңды түрде жарияланған туындылардан түпнұсқа күйiнде және аударма түрiнде ғылыми, зерттеу, пiкiрталас, сыни және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретiнде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзiндiлерiн қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемiнде дәйексөз алу;2) заңды түрде жарияланған туындыларды және олардан алынған үзiндiлерiн оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейнежазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;3) ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк және дiни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берiлген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн, автор тарапынан мұндай көшiрмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнауы тыйым салынбаған жағдайларда, газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;4) көпшiлiк алдында сөйленген саяси сөздердi, үндеулердi, баяндамаларды және басқа осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа сай көлемде жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшін газеттерге көшiрiп басу, эфирге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;5) ағымдағы оқиғалар барысында көрiнген немесе естiлген ағымдағы оқиғаларды суретке түсiру немесе кинематография құралдары, эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткiзу үшiн кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшiрмелеу немесе көпшiлiк назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;6) заңды түрде жарияланған туындыларды бедерлi-нүкте жазумен немесе зағип адамдарға арналған басқа да арнайы тәсiлдермен, осылайша көшiрмелеу үшiн арнайы жасалған туындыларды қоспағанда, пайда таппай көшiрмелеу. 2 сурак: иа, бере алады. ойткени,Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңмен рұқсат етілген.
3 сұрақ;АК 9-бабы және Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы 49-бабында бұзылған авторлық немесе сабақтас құқықтарды азаматтық сот ісін жүргізуде заңда көрсетілген тәсілдермен қорғауды жүзеге асыру көзделгендіктен, талапкердің талабын қамтамасыз ету туралы арызын қараған кезде сот АІЖК 159-бабының тәртібімен берілген талапқа сәйкес келетін қамтамасыз ету шарасын қолдануға құқылы. Егер құқықтарды тану немесе құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру туралы талап берілсе, онда судья, мысалы, жауапкердің авторлық немесе сабақтас құқықтардың даулы объектісін көшірмелеу немесе тарату бойынша қандай да бір әрекеттер жасауына жол бермей, туындының, фонограмманың даналарына, эфирлік және кабельдік хабарлар ұйымы бағдарламасына тыйым сала алады. Егер құқықтарды бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттерді тыю туралы талап берілсе, онда судья, мысалы, туындының дайындалған даналарына, контрафактілік даналарды дайындауға пайдаланылатын материалдарға тыйым салып, жауапкердің авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзатын нақтылы әрекеттер жасауына не жауапкердің авторлық немесе сабақтас құқықтарды иеленушінің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға дайындалғанын, сатылып алынған жабдықтарды жауапты сақтауға бергенін айғақтайтын әрекеттер жасауына жол бермейді. Егер шығындардың орнын толтыру, оның ішінде айырылып қалған пайданы өтеу туралы, зиян немесе табысты өтеу орнына табыс не өтемақы өндіру туралы талап берілсе, онда судья, борышкердің өзіндегі немесе өзге тұлғалардағы мүлкіне тыйым салуға құқылы.
Судьяның талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымы дереу орындалуға жатады.
51.Теледидар арнасының репортерлары Алматы қаласының коммерциялық ұйымдарының біріне......
Жауабы: Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңында көрсетілгендей, қала құрылысы қызметi (бұдан әрi – қала құрылысы) – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет; сәулет қызметi (бұдан әрi - сәулет) - объектiнiң сыртқы және iшкi келбетiн жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру кезiнде авторлық қадағалау жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау жөнiндегi қызмет;сәулет объектiлерi - әзiрленуiне сәулетшiнiң қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негiзiнде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешенi, олардың экстерьерлерi және (немесе) интерьерлерi, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерiнiң элементтерi;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi 1. Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағы; 2) облыстардың, аудандардың аумақтары; 3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары; 4) функционалдық аймақтар; 5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер; 6) арнайы экономикалық аймақтар; 7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде: 1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп); 2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.
Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық 1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен , "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi. 2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi. 3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:
1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге; 2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;
3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.
4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.
Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөнiндегi мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс. 5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы: 1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға; 2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға; 3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы. 6)Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
52.Тексеріс барысында уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері магазиннен фильмдер жазылған бірнеше компакт-дисктерді алды. Жазбалардың «пираттық» екендігі анықталды.....
Жауабы: Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға құқығы бар. Мұндай түсірілімдерге уәкілетті орган ғана рұқсат бере алады.
53) Саша Ленский 3 жасында қоршаған әлемге, балалық көзқарасы бар сюжеттерге ие сөздерді....
Жауабы: Автор ретінде ата-анасы және кішкентай баланың өзі де танылады. Себебі авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңы бойынша 10-бабында: екi немесе одан да көп адамның бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.Себебі ата-анасы баласының тақпақтарына аздаған түзетулер енгізген. Бұл жерде баланың да еңбегі, ата-анасының шамалы қосқан еңбегі бар. Баланың әрекет қабілетті болмағандықтан, кітап үшін берілетін қалам ақыны ата-анасы иеленеді. Себебі азаматтық кодекстің 25 бабы бойынша он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi. Осы бабқа сүйене отырып баланыың ата-анасы қаламақыны жанұя игілігне қолдануға немесе шотта қалдыруға да құқылы екенін айта аламын.Азаматтық кодекстің 13-бабы бойынша азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi дегеніміз азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi . Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық кодекстің 17-бабы бойынша азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi дегеніміз азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi . Кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады .
Бір-бірінен айырмашылығы: құқық қабілеттілік туғаннан басталады, ал әрекет қабілеттілікке ие болу үшін біз белгілі әрекеттерді орындауымыз керек. Шығарма жазу құқығы- құқық қабілеттілік, ал автор болып танылу құқығы – әрекет қабілеттілікке жатады.
Жеке кәсіпкерлік болып табылмайды себебі: Жеке кәсiпкерлiк туралы заңында көрсетілген жеке кәсіпкерге қойылатын критерийлерге сәйкес келмейді, яғни оның қол астында жұмысшылары жоқ, сәйкесінше жұмысшылардың жылдық орташа табысы жоқ.
54. Вице – министр болған Қазақстан шенеунігі сыбайлас жемқорлықпен айналысқан үшін бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жауабы:
ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 2014 жылғы 4 шілдеде қабылданды.
201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.
205-бап. Алдын ала тергеу мен анықтау деректерiн жария етуге жол бермеу
1. Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай көлемде жария етiлуi мүмкiн.
2. Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.
55.Технологиялық вуздың келешек студенті өз дипломдық жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми жетекшісі
Жауабы:  11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық
      1. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.       Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.       Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.       Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
56. Доремиев, Тарараев және Хитров деген үш автор өздерінің музыкалық туындылар жинағын «Трилогия» деген бір ортақ атаумен шығаруды шешті. Бірлескен жинақтың жұмыс барысында «Трилогияға»  қосылған тағы бірнеше төлтума композициялар жасалды.
Тапсырма жауаптары:
1. 49-бап бойынша:айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру; құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
2. 10-бап бойынша Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.  Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
3.Егер туындыны жасап отырған авторлар жасалынып отырған туындыға 3-де қолдануға рұқсат бермесе онда рұқсат беруден бас тарту жеткілікті  дәлелдеме негізінде бола алады
4. 11-бап бойынша Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.  Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
5. 11-12-бап бойынша құрамдас туынды - материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы); 
туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған туынды;
57.Ақын өзінің «Выстрел» деген аттас кинофильмге арнайы жазылған өлеңінің кейбір бөліктерінің аңшылық дүкенінің жарнамалық компаниясымен қолданылатынын білді. Туынды бүтіндей сақталған бірақ кейбір жолдары өзгертілген.
Жауабы:
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы:
10-бап. Тең авторлар
1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады. Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады. Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық
1.Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық
1. Аудармашыларға және басқа да туынды шығармалардың авторларына өздерiнiң жасаған аудармасына, қайта жасағанына, музыкалық әуендерден немесе басқа да өңдеуден өткiзгенiне авторлық құқық берiледi. Аудармашы және басқа да туынды шығарма авторы өзi аударатын, қайта жасайтын, музыкалық әуендейтiн немесе басқа да өңдеуден өткiзетiн туынды авторының авторлық құқығын сақтаған жағдайда өзi жасаған туындыға авторлық құқықты пайдаланады.
2. Аудармашылардың және басқа да туынды шығарма авторларының авторлық құқығы сол туындыларды өзге адамдардың аударуына және өңдеуiне кедергi болмайды.
13-бап. Дыбыс-бейнежазу туындысына авторлық құқық
1. Дыбыс-бейнежазу туындысының авторлары (тең авторлары):
1) сценарий авторы;
2) дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы жасалған музыкалық туындының (мәтiнi немесе мәтiнсiз) авторы (сазгер);
3) қоюшы-режиссер;
4) қоюшы-оператор;
5) қоюшы суретшi болып табылады.
2. Дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға немесе бұрын жасалған туындыға құқық беруге авторлық шарттың жасалуы, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы туынды авторларының (немесе бұрын жасалған туынды авторларының және өзге де авторлық құқықтар иелерiнiң) дыбыс-бейнежазу туындысын жасаушыға, егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалануға айрықша құқық беруiне әкеп соғады
3. Дыбыс-бейнежазу туындысына арнайы шығарылған музыкалық туындының (мәтiнмен немесе мәтiнсiз) авторы осы музыкалық туындының дыбыс-бейнежазу туындысы ретiнде көпшiлiк алдында әрбiр орындалуы жағдайында оның көпшiлiкке хабарланғаны, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысы данасының прокатқа (жалға) берiлгенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
4. Дыбыс-бейнежазу туындысына құрамдас бөлiк ретiнде енген, бұрыннан бар (сценарий негiзiне алынған роман авторы және басқалар), сондай-ақ жұмыс процесiнде туған (қоюшы-оператор, қоюшы-суретшi және басқалар) туындылар авторларының әрқайсысы өз туындысына авторлық құқықты пайдаланады.
58.Алматының концерт залдарының бірінде Қазақстанның беделді маркасы бар шайының тұтынушылар......
Жауабы: Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысаны қарамастан қолданылады. Сол себептен кез-келген орындаушы да және іс-шараны ұйымдастырушысы да қандай да бір музыкалық туындыны орындау немесе пайдалану барысында, шығарманың авторынан алдын-ала келесім немесе рұқсат алуы тиіс. Егер келісім немесе рұқсат алынбаған жағдайда, автор өзінің авторлық құқығын қорғауды және өтем ақы төлеуді талап етуге құқылы.Бұл ретте шығарманы автордың келісімінсіз немесе рұқсатынсыз орындаған орындаушы жауапкер болып табылады. Орындаудың жария түрі халыққа таратылған, көпшілік алдыңда орындалған немесе көрсетілген туындыларды жатқызамыз. Авторлық сыйақы сот шешіміне дейін автордың еркіне қарсы төленсе, сот шешімі өзгереді. Себебі авторлық сыйақы бекітілген нормативтік ставкалар бойынша төленуі тиіс.Орындаушылар қандай да бір әндерді бұрын автордың рұқсатымен орындап жүрген болса, сот шешімі өзгермейді.Іс-шараның ұйымдастырушысы авторлық сыйақыны төлеуге келісуі, оның авторлық құқықтарды бұзғанын мойындауы болып есептелмейді. Себебі, сыйақы төлеу, оның автордың келісімін немесе рұқсатын алу болады. Егер іс-шараның ұйымдастырушысы өтем ақы төлеуге келіссе, сол кезде ғана ол авторлық құқықты бұзғанын мойындау болып есептелінеді.
59.Қазақстан жастар ассоциациясымен өткізілген «Көңілді тапқырлар клубының» (КТК) барысында, атақты музыкалық шығарма әзілді түрде фонограммамен шырқалды.
Жауабы:
Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас құқықтар иесінін туындыны, орындаушылықты, фонограмманы, хабарды Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы:
15-бап. Мүлiктiк емес жеке құқықтар
1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:
1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);
3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғылмаушылық құқығы, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың абыройына немесе беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).
4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария ету құқығы).
2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы).
3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.
4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды.
5. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтары осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
16-бап. Мүлiктiк құқықтар
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.
2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);
3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);
4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);
6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);
7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);
8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);
9) туындыны аудару (аудару құқығы);
10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);
10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы)
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
3. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi. Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:
1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;
2) фонограммаға түсiрiлген туындының;
3) дыбыс-бейнежазу туындысының;
4) деректер базасының;
5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне берiледi.
4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.

60.Қазақстандық продюссер ресей авторлары (Иванов пен Петровтың) жасаған музыкалық шығармасының аранжировкасын сатып алып, сол композицияны жаңартқан күйінде жергілікті радиостанцияға қайта сатты

Приложенные файлы

  • docx 19117157
    Размер файла: 110 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий