tgp shpory nazira


“Құқық – үстем етушi таптың еркiн бiлдiрушi, осы таптың өмiрiн материалдық жағдаймен анықтаушы”. Осы түсiнiктi қай теория қолданады? Марксистiк теория
«Адамдардың құқыққа деген ойлары мен сезімдері, көзқарастары мен эмоциялары» деген анықтама қай ұғымға сай:Құқықтық сана.
«Заңдарда баяндалған, мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, болуы мүмкін мінез-құлық шегі» деген анықтама қайсы ұғымға жатадыСубъективтік құқыққа.
«Қазіргі күші бар және жақсаруы тиіс құбылыстарға қатысты ықыластары мен тілектерін білдірудегі адамдардың түсінік-сезімдері, көзқарастары және көңіл-күйлері, бағалаулары мен мақсатты ұстанымдарының жиынтығы» деген анықтама төмендегі ұғымдардың қайсысына дәл келеді:Құқықтық сана.
«Қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтар негізінде туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар» деген анықтама қай ұғымға сәйкес келеді:Құқықтық қатынастар ұғымына.
«Құзіретті органдардың құқық жасау ісін аяқтаудағы арнайы атқарылатын іс-әрекеттері, соның нәтижесінде жасалған құқық ресми күшіне ие болады, сөйтіп заң күшіне енеді» деген анықтама қайсы ұғымды білдіреді:Құқық шығармашылық ісі.
«Құқық нормаларында алдын ала ескерілуі бойынша өз әрекеттерініңаркасында құқыққа иелену және міндеттер алу, сондай-ақ, осы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру қабілеті» деген анықтама қай ұғымға жатады:Құқық субъектілігі.
«Құқық нормасы мен заңдық фактілерге сәйкес болатын ерікті қоғамдық қатынастар» дегеніміз не:Құқықтық қатынастар.
«Құқық өкілеттігі бар субъект тарапынан болатын белгілі мінез-құлық мүмкіндігі, баска жауапты тұлғалар тарапынан белгілі мінез-құлықты талап ету мүмкіндігі, сондай-ақ бұзылған жөне таласты қылмысты қорғау үшін мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі» қағидасы құқықтық қатынастары құрамының қай элементіне жатады:Заңды міндетке.
«Мемлекеттік биліктің белгілі бір нысандарда сырттай көрініс табуы» деген анықтама неге қатысты берілген:Құқықтың қайнар көзіне.
«Мемлекеттің өз органдары арқылы құқық нормаларын болмыстағы нақты жағдайларға байланысты жүзеге асыруының нысандары» деген анықтамаға төмендегі ұғымдардың қайсысы сәйкес келеді:Құқық қолдану.
«Нормативтік құқықтық актілердің мазмұндарын іштей және сырттай өңдеу, тәртіптеу, біртұтастыққа келтіру ісі» деген анықтамаға сай келетін ұғымды табыңыз:Кодификация.
«Оқшауланған өзіне ғана тиесілі мүлкі бар, өз атынан қажетті құқықтар мен міндеттер алуға қабілеті бар, сотта талапкер және жауапкер бола алатын тұлға» деген анықтама қайсы ұғымға жатады: Заңды тұлға.
«Орындалмаған жағдайда заң алдындағы жауаптылығы туындатуы мүмкін заңда көрсетілген мінез-құлық шамасының шегі» деген анықтама қай ұғымға жатады:Заңдық міндетке.
«Өмірдің нақты бір жағдайына өз органдары арқылы мемлекеттің құқықты жүзеге асыру нысаны» деген анықтама нені білдіреді:Құқық қолдану..
«Тұлғаның орындауына ұйғарылған және ол құқықтық өкілеттігі бар тұлғаның мүддесіне бола орындауы қажет болатын, әрі мемлекеттің мәжбүрлеу мүмкіндігі күшімен қамтамасыз етілген болуы тиісті мінез-құлқының шегі» деген анықтамаға сәйкес келетін ұғымды көрсетіңіз:Заңды міндет.
Адам өлімі құқықтық зардабы бойынша заңды фактінің қай түріне жатады: Бір мезетте құқық тоқтатушылық, құқық өзгертушілік және құқық тудырушы.
Адамдардың әрекет қабілеттілігі толық түрде қай жастан басталады:18 жастан.
Адамның ерік-ықтиярынсыз бола беретін заңды айғақ қалай аталынады:Айғақ ретіндегі оқиға.
азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін құқық саласы:Конституциялық құқық.
Азаматтық істі жүргізу ретін анықтайтын құқықтық сала: Азаматтық іс жүргізу құқығы Азаматтың жұмыс берушілермен қатынасын реттейтін құқық саласы (жұмыс уақыты,демалыс, еңбек қауіпсіздігі т.б): Еңбек құқығы
Актілерді заңдар, заңға тәуелді НҚА-лер деп бөліп, негізін көрсетіңіз:НҚА-ның заңдық күшіне қарай.
Англо-саксондық құқықтық жүйеге тән сипаттар:Сот прецедентінің болуы.
Анықтылық дәрежесіне қарай санкциялар мынандай түрлерге бөлінеді: Абсолютті, салыстырмалы, альтернативті.
Арнайы құқыққабілеттілік дегеніміз:Арнайы таным мен дарынды талап ететін қабілеттілік.
Аталған құқық салаларының қайсысы жеке құқыққа жатады:Азаматтық құқық.
Аталған нормативтік актілердің қайсысының заңдық күші жоғарырақ болады: Үкімет қаулысының.
Аталғандардың ішінен заңға тәуелді НҚА атаңыз:Үкімет қаулысы.
Әдет-ғұрыпқа мемлекеттің қандай әрекеті құқықтық маңыз береді? Санкцияландыру.
Әлеуметтік нормаларды кім орнықтырады:Қоғам.
Әлеуметтік нормалардың қандай түрі мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген? Құқық нормасы.
Биліктің жоғарғы органдарының құрылымы мен құзіреттілігін және
болып табылады:Тәртіптік.
Бұрынғы социалистік мемлекеттердің қазіргі уақыттағы қоғамында азаматтық қоғамның және демократиялық құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ықпал ететін құбылыс: Азаматтардың құқықтық мәдениетін құқықтық санасының өсуі, тәжірибеге билік бөлінісі қағидасын енгізу, азаматтық қоғамның қызметіне мемлекеттің араласуына тиым салу.
Ғалымдардың «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірмелері» түсінік берудің қай түріне жатады:Бейресми түсіндіруге.
Ғылыми құқықтық сана дегеніміз- Жүйеленген теориялық құқықты меңгеруді білдіретін ұғымдар, ой-пікірлер, көзқарастар
Деликтқабілеттілік дегеніміз...Құқықбұзушылық үшін өз әрекеттерімен жауап бере алу қабілеттілігі.
Демалысты ақшалай өтеммен ауыстыруға тыйым салатын еңбек құқығының осы нормасының формасы қандай? Императивтік
Демократиялық мемлекетте құқық шығармашылықтың қағидасы болып табылмайды: Мүліктік баға.
Дұрыс емес жауапты тап: Заң бұл-өкілді органдардың адамдарға қарсы қабылданған акты
Діни нормалар мыналарда бекітілген: Құран, Библия және басқа да діни қайнар көздерде
Еңбек демалысын ақшалай құнмен өтеуге тыйым салатын еңбек құқығының нормасы қайсы:Императивті.
Ерікке байланысты заңды фактілер қандай топтарға жіктелінеді:Оқиға және әрекеттер.
Жақсылық және зұлымдық, әдiлдiк және әдiлетсiздiк тұрғысынан адамдардың мiнез-құлығын реттеушi мiнез-құлық ережесi: Мораль нормалары.
Жария құқық дегеніміз: Міндетті түрде бір жақ болып мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйым және мемлекеттің өзі болып табылатын қатынастарды реттейтін құықтық нормалардың жиынтығы, іс әрекетінің ережелері.
Жеке құқық – дегеніміз: Мемлекет болып табылмайтын, қатысушылары тең құқылы болып табылатын қатынастарды реттейтін құықтық нормалардың жиынтығы, іс әрекетінің ережелері.
Жеке құқық болып табылады: Азаматтық құқық.
Жеке құқыққа мына құқықтық салалардың қайсысы жатады: Азаматтық құқық.
Жеке тұлғада қай кезден бастап құқық қабілеттілігі пайда болады:Тумысынан бастап.
Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады:Заңмен белгіленген жасқа толған кезден.
Жеке тұлғалардың толық әрекет қабілеттігінің пайда болатын жасы:18 жас.
Жеке тұлғаны көрсетіңіз:апатрид
Жеке тұлғаның құқық қабілеттігін кім шеттей алады:Ешкім шектей алмайды.
Жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен шығарылатын нормативтік құқықтық актілер топтамасын құрайды: Заңдар жүйесі
Жоғарғы мемлекеттік биліктің құрылымы мен қызметін бекітетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттейтін негізгі құқық саласы: Конституциялық құқық
Жоғары өкілдік орган шығаратын мемлекет ішінде ең маңызды мәселелерге қатысты қабылданатын нормативтік акт.Жоғары заң күші бар нормативтік акт.
Жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы:Еңбек құқығы.
Заң дегеніміз...Маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заң күші бар нормативтік акт.
Заң дегеніміз:Жоғарғы заң күші бар нормативтік акт.
Заң кең және тар мағынада түсіндіріледі. Заңның мына анықтамасы: «Заң дегеніміз – мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары қабылдаған, ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт» қай мағынада түсініледі:Заңды тар мағынада түсінуге жатады.
Заң нормаларының дәлме-дәл мәтіні мен оның толық мазмұнының арақатынастылығына байланысты болып келетін құқықты көлеміне қарай түсіндірудің түрлерін атаңыз Дәлме-дәл, кеңейтілген, шектеулі тусіндіру..
Заң ұқсастығы дегеніміз...Істің шешімін мазмұны жағынан ең жақын келетін құқық нормасы негізінде табу.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт-бұл: Заң негізінде және оны орындау үшін заңға сәйкестендіріліп шығарылған нормативтік акт.
Заңдарда көзделген және мемлекет таныған субъектiлерге құқықтық рұқсат етушi (тиым салушы, мiндеттеушi) жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi: Заң нормасы.
Заңдарды жүйелеудің барысында олардағы нормативтік материалдарды жинақтаудың хронологиялық, пәндік және басқа да белгілері бойынша жүргізілетін түрлерінің бірін атаңдар.Инкорпорациялау.
Заңды білмеу заң алдында жауапты болудан босата ма: Жоқ, босатпайды.
Заңды білу презумпциясы дегеніміз.. Қоғамның әрбір мүшесі өз елінің заңын біледі (немесе қалай болғанда да білуі тиіс) дегенді болжау.
Заңды тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады:Құқыққабілеттілікпен қатар.
Заңды ұқсастығына қарай қолдану дегеніміз:Мазмұны жағынан едәуір ұқсас норманы қолдану,
Заңды ұқсастық дегеніміз: Істі мағанасы жағынан жақын құқықтық нормалар арқылы шешу.
Заңды факті болып құқықтық жауапкершілікке тартылатын деликтілік қабілеті бар тұлғаның қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы және кінәсі бар іс-әрекетті жасауы:Құқық бұзушылық
Заңды іс әрекеттердің дұрыс анықтамасын көрсет: Заңды нормалармен жазылған құқықтық субъектілердің саналы іс-әрекеті
Заңдық жауапкершілік:Құқық бұзушыны жазалауға міндеттеу, санкцияларды қолдану.
Заңдық жауапкершіліктің туындауының негізін атаңыз:Құқық бұзушылық туралы заңдық факт.
Заңдық күші жоғары нормативтік-құқықтық акт: Үкіметтің қаулысы.
Заңдық факті нені білдіреді:Құқықтық қатынастардың туындауы үшін қажет алғышарт.
Заңдық фактілер еріктік критерий бойынша қандай түрлерге бөлінеді: Оқиға және әрекетке.
Заңдық фактілер ішінен әрекетті табыңыз:Жоғарғы оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.
Заңнамалық түсінік пен қатегориялардың анықтамаларынан тұратын құқық нормалары (қылмыс, әрекет қабілетсіздігі және т.б.): Дефинициялар.
Заңның түрлерін анықтаңыз:Конституциялық және жәй заңдар
Кәсіби құқықтық сана дегеніміз- Кәсіби заңгерлердің ішінде қаланатын ұғымдар, көзқарастар, идеалар, сендірулер
Кәсібилік құқықшығармашылықтың бір қағидасы ретінде нені білдіреді:Заң шығаруда құзіреттілік.
Келесі жауапкершіліктердің қайсысы заңдық жауапкершілік болыптабылады: .Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, төртіптік.
Кодекс деген құқықтық тұрғыда қалай түсініледі:Бірыңғай қатынастарды реттейтін жүйеленген нормалардың жиынтығы.
Кодекс ұғымы нені білдіреді:Ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас нормативтік акт.
Консолидация ол: нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі, ол жерде:Бір мәселеге қатысты нормалардың бірыңғай актіге жинақталуы.
Конституция – бұл: Мемлекеттің құрылымын, мемлекеттік органдардың құрылымын, адамдардың құқықтарын бекітетін негізгі заң.
Конституциялық заң дегеніміз:Қоғамның, мемлекеттің негізін бекітетін, басқа заңдарға заңдық база болатын заң.
Конституциялық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық, отбасы құқығы, жиынтықта құрайды: Құқық жүйесін
Күнәсіздік презумпциясы дегеніміз..Әрбір азамат адал (тазA), өнегелі (қайырымды) және белгіленген заң тәртібі бойынша басқаша екендігі дәлелденбейінше ешқандай да күнәсі жоқ (күнәлі емес) дегенді білдіреді.
Күнделікті өмірде қайталану барысында қалыптасқан мемлекеттік мәжбүрлік күшке ие жалпыға міндетті ережелер:Құқықтық әдет-ғұрыптар.
қабілеттілігін қоса алғанда деп.
Қазiргi таңдағы құқық түсiнігi: Мемлекет бекiткен және қорғайтын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережелерi жиынтығы
Қазақстан Республикасы аумағында ең жоғары заңдық күші бар құқықтық актілерді шығаруға қандай органның құқығы бар:Қазақстан Республикасының Парламентінің.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңдар қабылдауға құқығы бар ма:Тек Конституцияда көрсетілген жағдайларда заңдарды қабылдауға құқығы бар. «Заңның кері күші болмайды» дегенді қалай түсінуге болады:Заңның күші өзі қабылданғанға дейін туындаған қатынастарға жүрмейді.
Қазақстан Республикасы үкіметінің өз құзіретіне жататын мәселелері бойынша шығарған және бүкіл Республика аумағында міндеттілік күші болатын нормативтік актілері қалай аталады: Қаулы.
Қазақстан Республикасында қандай құқық нысаны негізгі болып табылады: Нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезде күші бар Конституциясы қашан қабылданды:1995 жылы 30 тамызда.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің өкілетіндегі мәселелер бойынша шығаратын нормативтік құқықтық актісін қалай атайды:Қаулылар.
Қазіргі Англияда құқық нысандарының қайсысы басымдылықта: Сот прецеденті.
Қай құқықтық жүйеде сот құқық шығарушы болып табылады: Англо - саксондық
Қайсысы құқықбұзушылықтың маңызды, анықтаушы жоне негізгі белгісі болып табылады:Құқыққа қайшылық.
Қалыпты құқықтық сана-бұл: Адамдардың құқық туралы жалпы түсінігі.
Қандай елде англо:саксондық құқықтық жүйе дамыған:АҚШ.
Қандай критерилерге байланысты нормативтік-құқықтық актілер заңдарға және заңға тәуелді нормативтік актілерге бөлінеді: Нормативтік құқықтық актінің заңдық күшіне қарай
Қандай құқықтық норма өзінің әрекет етуінде басқа актіге сілтеме жасайды:Сілтемелі.
Қандай нормалар міндетті нормаға жатады:Заңда көрсетілген..
Қандай орган конституциялық заңдарды қабылдауға құзіретті? Парламент.
Қоғамда және мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерді тез қабылдап алу мүмкіндігінде көрініс табатын құқықтың мәні: Динамизм
ҚР азаматтарының мүліктік қатынасы реттеледі: ҚР Азаматтық кодексі мен ҚР Конституциясы.
ҚР құқықтың негiзгi қайнар көзі: Заңдар және нормативтiк-құқықтық актілер
Құқыктық қатынастарға қатысушылардың құқық субъектілігін қалай түсіну жөн:Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық кабілеттілігі мен әрекет
Құқық бұзушыға жағымсыз әсер ететін шараларды бекітетін ереже норманың қандай элементіне жатады: Санкция.
Құқық бұзушылық болғандағы қатынастарды реттейтін іс жүргізу барысында қолданатын нормалар жиынтығы:Процессуалдық құқық.
Құқық бұзушылық субъектісінің өз әрекетіне психикалық қатынасы дегеніміз:Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.
Құқық бұзушылықтың барлық элементерін көрсет:Субъек, субъективтік жақ, объект, объективтік жақ
Құқық жүйесі қандай элементтерден тұрады:Құқықтық норма, институт және саладан.
Құқық жүйесін құрайтын компоненттер: Заң нормалары, құқық институты мен құқық саласы.
Құқық жүйесінің бірінші элементі болып не табылады? Құқық нормасы.
Құқық жүйесінің салаларға бөлінуінің негізгі айырым белгілері қандай:Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі.
Құқық жүйесінің элементтері: құқық нормасы, құқықтық институттар, құқық салалары.
Құқық институты дегеніміз... Белгілі қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін, тұрақты нормалар топтамасы.
Құқық институты түсiнiгi: Бiртектес қоғамдық қатынастардың ерекше түрлерiн реттеушi тұрақты құқық нормалары тобы.
Құқық қағидасы түсiнiгi: Құқықтың қалыптасуы идеясы, дамуы мен әрекет етуiндегi негiзделушi бастама.
Құқық қайнар көзінің қайсысы соттар арқылы пайда болады? Сот прецеденті.
Құқық қолдану актiсiн көрсетіңіз:“Нақты тұлғаларды орденмен марапаттау туралы “ ҚР президентi Жарлығы, сот шешiмi немесе үкiмi, жұмысқа алу туралы бұйрық.
Құқық нормалары құқық салалары бойынша қалай сараланады: Азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және т.с.с.
Құқық нормалары құқықты реттеу әдісі бойынша бөлінеді: Императивтік, диспозитивтік, ынталандыру, ұсынушылық
Құқық нормасын бұзушыға қолайлы емес ықпал ету шараларын белгілейтін құқық нормасының элементі: Санкция.
Құқық нормасын бұзушыға қолайсыз шара қолдануды белгілейтін құқық нормасының элементі қалай аталады:Санкция.
Құқық нормасын талқылау дегеніміз: Заң мағьнасын түсіндіру.
Құқық нормасын түсіндіру деген не: Бұл - билік органдарының айрықша қызметі, соның нәтижесінде нақтыланған, жеке қолданылатын дербес акт шығарылуы.
Құқық нормасына түсінік беру: Заң және басқа нормативтік актінің мәні мен мазмұнын түсіндіру
Құқық нормасының жүзеге асырылуының шарты мен іс-әрекет жағдайын анықтайтын құқық нормасының элементін атаңыз:Гипотеза.
Құқық нормасының қай элементі заң нормасын қолдану шараларын белгілейді: Гипотеза
Құқық нормасының мазмұнына қарай түрлері:Тыйым салушы, міндеттеуші, құқық беруші
Құқық пен моральдің бірлігі қандай көрініс табады:Екеуі де әлеуметтік норма.
Құқық салаларына байланысты нормалар жіктелінеді:Азаматтық құқықтық, қылмыстық құқықтық.
Құқық субъектілерінің қайсыларында құқык қабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі бір мезгілде пайда болады:Заңды тұлғаларда.
Құқық субъектісінің еркі мен санасына тәуелсіз заңдық фактіні атаңыз:Табиғи апаттың болуы.
Құқық субъектісінің ерік-ықтияры мен санасынан тысқары болатын заңдық фактіні көрсетіңіз:Қауіпсіздендірілген мүліктің табиғат апатынан опат болып жойылуы,.Абитуриенттің жоғары оқу орнына алынуы жөнінде бұйрықтың шығарылуы.
Құқық типологиясындағы әртүрлi өндiрiс әдiстерiнiң ауысуына негiзделетiн бағыт: Формациялық бағыт.
Құқық ұқсастығы дегеніміз не:Істің шешімін құқықтың ортақ принциптерін пайдалана отырып табу.
Құқық шығармашылық принциптерінің бірі – ғылымилық. Бұл дегеніміз...Актілердің дәлелділігі, ғылыми, социологиялық мағлұматтардың ескерілгендігі, құқықтық актілердің қолданылуы барысында туындайтын салдардың болжанғандығы, ескерілгендігі.
Құқық шығармашылық принциптерінің бірі – заңдылық. Бұл дегеніміз...Актілерді қабылдау рәсімі, құзіреттіліктің мүлтіксіз сақталуы.
Құқық шығармашылық принциптерінің бірі – заңның дер кезінде шығарылуы. Бұл дегеніміз...Актілерді даярлау және қабылдау мерзімдерін дәл басу және дұрыс анықтау. Реттелінуге тиісті қоғамдық қатынастардың дамып жетілу дәрежесін есептеп отыру, ескеру.
Құқық шығармашылық принциптерінің бірі – кәсібилік. Бұл дегеніміз...Заң жобаларын даярлау және қабылдау тұстарында заңи және жалпы сауаттылық, құзырлылық таныту.
Құқық шығармашылық принциптерінің бірі демократизм. Бұл дегеніміз...Халықтың ерік-ықтияры мен мүдделерінің міндетті түрде құқық нормаларынан табылуы және олардың онда біріктірілуі.
Құқық шығармашылық ісінің сатысын атаңыз: Заң шығару бастамасы.
Құқық шығармашылықтың бірінші сатысы:Заң шығару бастамашылығы
Құқыққа сәйкес іс-әрекет дегеніміз:Құқық субъектісінің заң нормасына сәйкес саналы іс-әрекет.
Құқыққа сәйкес іс-әрекеттің белсенділікке байланысты түрлері:Активті, пассивті
Құқықсубъектілік дегеніміз:Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттіліктің біртұтастығы.
Құқықтағы кемістіктер дегеніміз...Накты істің шешімін табу үшін қажет нақтыланған заң құралдарының құқықтық нормалардың болмауы.
Құқықтағы кемістіктерді жоюдың және тікелей құқық қолдану іс-әрекеттерінің барысында оны болдырмаудың тәсілдерін атаймыз..Заң ұқсастығы және құқық ұксастығы.
Құқықтағы олқылықтар дегеніміз:Нақты істің шешімін табатын құқық нормасының болмауы.
Құқықтағы олқылықтар: Нақты істі шешу үшін нақты құқықтық норманың болмауы.
Құқықтанудың элементтерін атаңыз:Құқықтық идеология.
Құқықтар мен міндеттерді көрсететін құқық нормасы элементi: Диспозиция.
Құқықты анықтау және заңды жауаптылықты белгілеу жолымен жүріс тұрыс ережесін бекітетін құқықтық норма элементі: Диспозиция
Құқықты қолдану актісіне жатады:Сот үкімі
Құқықты қолдану дегеніміз...Мемлекет органдарыньң нақты іс бойынша атқаратын биліктік айрықшақызметі, соның нәтижесінде дербес шешім қабылдануы.
Құқықты қолдану дегеніміз:Жеке шешім шығарылатын мемлекет органының ерекше қызметі.
Құқықты қолдану процесінің кезеңдерін көрсет: Істі шешу және құқықты қолдану актісін рәсімдеу
Құқықты салаларға бөлудегi басты критерий: Құқықтық реттеудің пәнi және әдiсi.
Құқықты түсінуге өнегелік, философиялық ықпал етудің басты идеясы: Құқық адам табиғатынан, адам ақылынан, жалпы өнегелік қағидалардан тұрады. Құқық негізгі өнеге және құқықтық идеялармен қағидалар, жаратылыстық заңдар болып табылады.
Құқықты ұқсастығына қарай қолдану дегеніміз:Құқықтың жалпы қағидаларын қолдану.
Құқықты ұсынатын және заң міндетін жүктейтін ереже құқықтық норманың қандай элементіне жатады:Диспозиция.
Құқықтық актінің заңды күші бойынша жіктеу: Заңдар және заңға тәуелді НҚА
Құқықтық аналогия дегеніміз не: Құқықтың жалпы қағидаларымен реттеу.
Құқықтық әдет-ғұрып:Мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін міндетті әдет-ғұрыптар..
Құқықтық жетістіктерге үлкен артықшылықтар беретін, олардың беделі үшін халық арасында да мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында да қамқорлық жасайтын, заң талаптары шегінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермейтін мемлекет – бұл: Құқықтық мемлекет.
Құқықтық жүйелердi типтерге бөлудегi басты критерий: Құқықтың қайнар көздері (нысандары).
Құқықтық катынастарға катысушы болу үшін құқық субъектілері қай заңдық қасиеттерге ие болуға тиіс:Олардың құқық, әрекет қабілеттіліктері болуы тиіс.
Құқықтық катынастардың объектілерін көрсетіңіз. Адамдардың әрекеттері, іс-қылықтары, мүліктік жоне мүліктік емес игіліктер, құнды қағаздар мен құжаттар.
Құқықтық қатынас бұл: Қатысушылары өзара субъективтік құқыққа және заңды міндеттерге ие болатын қоғамдық қатынастың ерекше түрі
Құқықтық қатынас дегеніміз:Мемлекет күшімен қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастардың қайсы элементіне мына құқықтық өкілеттіктері жатады: 1) құқықты өкілетті тұлғада белгіленген мінез-құлықтың болуының мүмкіндігі. 2) міндетті тұлғадан белгіленген әрекетке баруын талап етудің мүмкіндігі. 3) мемлекеттің құзырлы орындарына арыздану арқылы тұлғаның өз міндетін орындауға мәжбүр етудің мүмкіндігі.Субъективтік құқыққа.
Құқықтық қатынастардың субъектілері кімдер бола алады: Индивидтер, ҚР азаматтары, шет ел және азаматтығы жоқ азаматтар, сол сияқты заңды тұлғалар
Құқықтық мәдениет дегеніміз: Құқықты түсіну және білу.
Құқықтық мемлекетте “Құқық үстемдігі” қағидасының жүзеге асырылуына не көмектеседі? Құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі.
Құқықтық нигилизм дегеніміз...Құқықтың мүмкіншіліктеріне сенбеушілік, құқықтың құнының, заңдылықтың қадірін төмендету, заңдарды ескермеу, елемеу, құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылықтарын жоққа шығару.
Құқықтық нигилизм:Құқыққа сенімсіздікпен қарау, құқықты, заңдылықты жоққа шығару.
Құқықтық нигилизмге тән емес белгілерді атап көрсетіңіз:Құқыққа сәйкес жүріс-тұрыс
Құқықтық нигилизмнің сипаттық жағдайлары болып табылмайтын белгілерді көрсетіңіз:Құқықтық мінез құлық.
Құқықтық нормалар жиынтығы арқылы мемлекет әртүрлі құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін бекітуін не деп атаймыз? Позитивтік материалдық құқық
Құқықтық нормалар мазмұны бойынша өзгеріссіз жинаққа біріктірілуі нормативтік актілерді жүйелендірудің қандай түріне жатады:Инкорпация.
Құқықтық нормаларға тән емес белгіні ата: Дінге негізделуі.
Құқықтық нормаларда көрініс табатын, тыйым салынған нәрселерден ұстануды бекітетін құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысаны: Құқықты сақтау
Құқықтық нормалардан және заңды фактілерден туындайтын, қатынасушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттермен бекітілген қоғамдық қатынастар: Құқықтық қатынастар
Құқықтық нормаларды мазмұнын өзгертіп бірыңғай жүйеге келтіріп, біркелкі тұтас мағынадағы бір нормативтік актіге жүйелендіру қалай аталады:Кодификация.
Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз:Заң мазмұнының мағынасын түсіндіру.
Құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын мына құқықтық саланың қайсысы қылмыстық істі тергеу, шешу, қарау пайда болған қатынастарды реттейді: қылмыстық іс жүргізу қүқығы.
Құқықтық норманы бұзушыға қолданатын шараларды анықтайтын заң нормасының элементі: Санкция
Құқықтық норманы іске асыратын іс-әрекеттердің мән-жайын және шартын анықтайтын ереже норманың қандай элементіне жатады: Гипотеза.
Құқықтық норманың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру: Құқыққа түсінік беру
Құқықтық реттеу механизімінің элементтерін атаңыз: Құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар, құқтық нормаларды жүзеге асыратын актілер
Құқықтық реттеу тәсілдері бойынша құқық нормаларының түрлерін анықтаңыз: Императивтік, диспозитивтік, көтермелеу (мадақтық), ұсыныстық нормалар.
Құқықтық реттеудің пәні бойынша құқықтық қатынастардың түрлері: Мемлекеттік-құқықтық, әкімшілік құқықтық, қылмыстық құқықтық, азаматтық құқықтық,отбасылық еңбектік және т.б
Құқықтық сала дегеніміз: Бірқалыпты құқықты реттейтін құқықтық жүйенің бір бөлігі
Құқықтық сана дегеніміз...Күші бар және тілегіне сай құқықтарға адамдардың қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сана құрылымын атап көрсетіңіз: Құқықтық психология және идеология.
Құқықтық сананың элементтерін көрсетіңіз? Құқықтық идеология.
Құқықтық ұқсастық дегеніміз: Заңды істі жалпы құқықтық қағидалар арқылы шешу.
Құқықтық шығармашылық кезінде жаңа нормативтік актілер шығып, ескілері күшін жоятын және біріккен, заңды логикалық нормативтік акт шығарылатын жүйеге келтіру: Кодификация.
Құқықтың алғашқы құрамдық бөлігі (элементі) мінез-құлық ережесі, яғни, ұйғарымы, рұқсаты, тыйымы деген анықтама мына ұғымдардың қайсысына жатады:Құқық нормасы.
Құқықтың биліктік-реттеушілік сипаты: Құқықта мемлекеттің еркі айқындалады және оны бұзу заңды жауаптылыққа әкеліп соғады.
Құқықтың екі негізгі қызметі:Реттеушілік және қорғаушылық
Құқықтың заңи функциясы: Реттеушілік және қорғаушылық.
Құқықтың қайнар көзінің ең алғашқы түрі:Әдет-ғұрып нормалары.
Құқықтың қандай субъектілерінде құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік бір уақытта пайда болады: Заңды тұлғаларда.
Құқықтың нақты функциясына не жатады: Реттеуші және қорғаушы.
Құқықтың негiзгi қызметi: Реттеушi және қорғаушы.
Құқықтың негiзгi қызметi? Әртүрлi қоғамдық қатынастарды реттеушi
Құқықтың пайда болуы туралы “психологиялық теорияны” жақтаушылар: Петражицкий, Фрезер, Тард.
Құқықтың пайда болуының қайнар көздерін атаңыз:Табу, әдет-ғұрып, мораль, дін.
Қылмыс дегеніміз ол:Кінәлі, қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы, жазаланатын әрекет.
Қылмыс ол:Қылмыстық құқықтық нормаларды бұзу.
Қылмыстық кодекске Парламенттің түсіндіру жасауы түсіндірудің қай түріне жатады:Аутентикалық.
Қылмыстық істер өндірісінің тәртібін анықтайтын құқық саласы: Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Қылмыстың субъективті жағын не құрайды:Ішкі белгілердің жиынтығы: мақсат, кінә, ниет.
Мiнез-құлық ережесiн көрсететiн (яғни, рұқсат ету, тиым салу, мiндеттеу) басты құқық элементi түсiнiгi: Құқық нормасы.
Мазмұндаудың қандай тәсілі бойынша құқықтық норманың логикалық құрылымы нормативтік-құқықтық акт бабының құрылымымен сәйкес келеді: Тікелей
Мәжбүрлеу шараларының қайсысы заңдық жауапкершілікке жатады:Азаматтың тұрғылықты жерінен шығуына тыйым салынуы.
Мемлекет басшысының Парламенттің қабылдаған заң жобасын қабылдамауы: Вето
Мемлекеттiк билiк дегенiмiз: Сендiру және мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы адамдар мiнез-құлқына легитимдi ықпал ету әдiсi.
Мемлекеттiк-мәжбүрлеудi жүзеге асырушы әлеуметтiк норма: Құқық нормасы.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы мен құзырын бекітетін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын реттейтін құқық салаларының бірін атаңыз: Конституциялық құқық.
Мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген әлеуметтік нормалардың бір түрін көрсетіңіз: Әдет-ғұрып нормалары.
Мемлекеттік органның (сот немесе әкімшілік) нақты іс бойынша қабылдаған шешімі осындай ұқсас істерді шешуде жалпыға бірдей міндетті болып шығатын құқық нысаны қалай аталады: Сот немесе әкімшілік прецедент.
Мораль белгілері: Қоғамдық пікірдің күшімен қамсыздандырылған, қоғамдық санада қалыптасқан жақсылық пен жамандықтың түсінігі.
Мұнда құқық қолдану үрдістерінің қандай сатысы аталып көрсетілген:Істі шешу және құқық қолдану актісін шығару.
Мүлiктiк және оған қатысты жекеше мүлiктiк қатынастарды реттеушi құқық саласы: Азаматтық құқық.
Мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес жекелік қатынастарды құқықтың қай саласының нормалары реттейді: Азаматтық құқық нормалары.
Мүліктік, оған байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы: Азаматтық құқық
Мына актілердің қайсысы құқық қолдану актілеріне жатады:Қазақстан Республикасы Президентінің «Нақты тұлғаларды ордендермен марапаттау туралы» жарлығы, соттың шешімі және үкімі, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық.
Мына анықтама қандай түсiнiкке жатады: «Барлық әрекет етушi құқық нормаларының жиынтығы»: Позитивтi құқық
Мына анықтамаға сай түсініктеме беріңіз: «Құқықтық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын құқықтық жүйенің әдістемелері»: құқықтық реттеу механизмі
Мына көрсетілген белгілердің қайсысы құқық нормасына тән емес? Дінге тиістілік.
Мына нормативтік-құқықтық актілердің қайсысының ең жоғары заңдық күші бар:Конституция.
Мына органдардың қайсысының Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсіндірулер беруге құқығы бар:Конституциялық кеңестің|.
Міндетеуші нормаларға жатады: Әрекетті тыя тұруды талап ету.
Нәтижесінде оның соңғы мақсатын анықтайтын құқықтық реттеу процесін аяқтайтын өкілетті органдардың арнайы қызметі қалай аталады: Құқық қолдану
Нормативтiк-құқықтық актi негiзiн құрайтын құқықтық жүйе: Континенталдық құқықтық жүйе (романо-герман).
Нормативтік актілерді қабылдау кезінде колданатын заң шығару техникасы дегеніміз, ол:Актілерді жасау кезіндегі тәсілдер мен ережелер жиынтығы.
Нормативтік құжатты белгілі тәртіпте, ұқсастығына қарай оның ішкі мазмұнын өзгертпей біріктіретін заңдарды жүйелеудің тәсілі қалай аталады? Инкорпорация.
Нормативтік құқықтық актілерде мазмұндалатын құқықтық норманы жүзеге асырумен байланысты, құзіретті органдардың арнайы қызметі қалай аталады? Құқықты қолдану.
Нормативтік құқықтық актіні дұрыс анықтайтын анықтаманы көрсет: Құқық нормаларынан тұратын құзырлы құқық шығармашылық органымен қабылданған ресми акт.
Нормативтік құқықтық актіні шығарған органның өзі берген түсінігі, құқыққа түсінік берудің қай түріне жатады: Аутентикалық түсінік беру
Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлімі қалай аталады? Преамбула
Нормативтік-құқықтық актілер сатысын бұзып тұрған актіні табыңыз: Жергілікті атқарушы орган шешімі.
Нормативтік-құқықтық актілердің заңдарға, заңға бағынышты актілерге бөлінуіне айырымдық белгі болатындарын атаңыз:Заңи күшіне байланысты.
Нормативтік-құқықтық актілердің ішкі немесе сыртқы мазмұнын жаңғырту арқылы бір жүйеге келтіру процесі дегеніміз не:Заңдарды жүйелеу.
Объективті құқық дегеніміз,ол: Заң жүйесіндегі құқықтық нормалар жүйесі.
Өзінің әрекетінің жағдайларын көрсететін құқық нормасының құрылымдық элементі: Гипотеза.
Өзінің әрекетінің жағдайын тікелей басқа бір актіге көрсететін құқық нормасын атаңыз? Сілтемелі.
Өкілетті мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларды бекіту, өзгерту және жоюға қатысты арнайы қызметі:құқықшығармашылық.
Республика территориясына таралатын міндетті күші бар және өзінің өкілеттілігі бойынша Қазақстан Республикасының үкіметінің шығаратын актісі қалай аталады? Қаулылар.
Реттеу пәніне қарай құқықтық қатынастардың түрі:Әкімшілік құқықтық, қылмыстық құқықтық және т.б.
Рұқсат, тыйым сияқты жүріс-тұрыс ережелерін көрсететін құқық жүйесінің алғашқы элементі: Құқық нормалары
Санкциялар нақтылы дәрежесі бойынша бөлінеді: Абсолютті анық және баламалық анық.
Санкцияның қандай түрінде жазаның бірнеше түрі көрсетіледі: Альтернативті.
Сот әкімшілік органының нақты іске байланысты шешімін табуға міндетті үлгі болып табылатын құқық нысаны қалай аталады: Сот немесе әкімшілік прецедент.
Сот немесе басқа да құзырлы органның нақты іс бойынша құқық нормасы мағынасын түсіндіру туралы жасаған және оның өзі заңды түрде қарастырылғанда ғана міндетті болатын ресми түсіндірудегі мәлімдемесі қалай аталады:Казуалды түсінік беру
Сот прецедентi негiзiн құрайтын құқықтық жүйе: Англо-саксондық құқықтық жүйе.
Сот прецедентінің және нормативтік құқықтық акт ұғымдарының ортақ атауы: Құқықтың қайнар көздері (нысаны).
Сот үкімімен, заңды тәртіпте кінәсі анықталмайынша тұлғаны кінәлі деп танымау қалай аталады:Кінәсіздік презумпциясы
Тәуелсіз егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды:1993 жылы 28 қаңтарда.
Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» құқық нысанының қайсысына жатады: Құқықтық әдет-ғұрып.
Теориялық жөне ғылыми тұрғыда құқықты тану дегеніміз,ол:Құқыктың жүйеленген теориясын танудағы идеялар, концепциялар.
Техникалық нормалар: Адамдардың табиғатқа, техникаға, өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасын сипаттайтын ереже.
Төменде көрсетілген жауапкершіліктің қайсысы заңдық жауапкершілік
Төменде көрсетілген құқықтық актілердің қайсысында бірінші рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алғандығы жарияланды: Қазақстан Республикасының 25.10.1990 ж. егемендігі туралы декларация.
Төменде көрсетілген нормалардың қайсысы моральдік нормалар? Кәсіподақ мүшесі болу құқығы.
Төмендегі анықтамалардың қайсысы нормативтік-құқықтық актінің мағынасын дұрыс түрде түсіндіреді:Жалпыға бірдей міндетті құқық шығармашылық органы қабылдаған құқық нормасы бар ресми акті-құжат.
Тұлғалардың әрекет қабілеттілігін мемлекет органдарының қайсысы шектеуі мүмкін:Сот органдары.
Тұлғаның өз әрекетерімен құқықтар мен міндеттерге ие бола алу және оны жүзеге асыра алу қабілеттілігі дегеніміз не:Әрекетқабілеттілік.
Шаруалардың жеке басын байлайтын, сословиелiк сипаттағы, бұқараны экономикалық мәжбүрлеуде ұстайтын, канондық құқық нормалар бар құқық типi: Феодалдық құқық.
Юрисдикция дегеніміз не: Құзіретті органдардың істерге қатысты шешім қабылдау қызметі.

Приложенные файлы

  • docx 19128851
    Размер файла: 53 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий