keden — kopia


1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кеден одағының кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір белгілері бойынша тіркеуді автоматтандыру жолымен оларды көзбен қарап және автоматтандырылған бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;
2) өткізілетін радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтау, оқшаулау және бірдейлендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған радиациялық бақылаудың техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелері жатады;
3) кеден органдары автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;
4) кеден органдары көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажындағы, халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі заттарды және шағын, орташа көлемді және ірі көлемді ыдыстардағы тауарларды оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен, көзбен қарап тексеру үшін пайдаланатын, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен жабдықталған тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы. Кеден органдары интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін пайдаланады;
5) жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар мен қол жеткізудің қиын орындарын кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын іздестірудің техникалық құралдары. Мыналар іздестірудің техникалық құралдары болып табылады:
металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Кеден органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;
тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;
тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;
эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;
тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Кеден органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;
тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;
жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар;
6) бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары;
жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары;
рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
өлшеу аспаптары;
энергия ресурстарын есептеу аспаптары;
хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар;
электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары;
штрих-кодтардың принтерлері;
штрих-кодтарды оқу аспаптары;
сәйкестендіру құралдары;
7) кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі жедел жағдайды қадағалау үшін кеден органдары пайдаланатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.
Көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдарына қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады;
8) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары, оларға магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады;
9) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау процесін жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданатын жедел байланыстың техникалық құралдары. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі бойынша кеден бақылауын жүргізген кезде адамның өмірі мен денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге және тауарларға қауыпсыз техникалық құралдар пайдалынады . Осындай техникалық құралдарының жиынтығын «кедендік техника» деп атайды . Кедендік техника дегеніміз – жүйелендірілген кеден органдарына жүктелген мақсаттарды қамтамасыз ету үшін арналған техникалық құралдарының жиынтығы.
Кедендік техника келесі мақсаттардан тұрады:
- тауарларға, транспорттық құралдарға және кедендік шекарадан өтуші тұлғаға кедендік бақылауды жүргізуге арналған құралдар;
-  қылмыстарды ашу мақсатында қолданатын криминалистикалық техникалық құралдар;
- тауарлардын  идентификация мақсаттарын шешетің кедендік сараптау техникалық құралдар;
- басқару, технологиялық және т.б. мақсаттарды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық және байланыс құралдар;
- ақпараттарды беру, іздеуі жинақтау, сақтау және алуға арналған кеден қызметің ақпараттандыру құралдары;
- кеден органдарын қорғау және жеке қауыпсыздықты қамтамасыз ету техникалық құралдар;
- жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарын шешуге арналған техникалық құралдар (арнайы техника);
- кедендік іс жүргізу техникалық құралдар (ұйымдастыру техника).
Кедендік техниканың негізін және ең басты ролін атқаратын кедендік бақылаудың техникалық құралдары болып есептеледі (КБТҚ).
3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) кеден одағының кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір белгілері бойынша тіркеуді автоматтандыру жолымен оларды көзбен қарап және автоматтандырылған бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;2) өткізілетін радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтау, оқшаулау және бірдейлендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған радиациялық бақылаудың техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелері жатады;3) кеден органдары автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;4) кеден органдары көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажындағы, халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі заттарды және шағын, орташа көлемді және ірі көлемді ыдыстардағы тауарларды оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен, көзбен қарап тексеру үшін пайдаланатын, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен жабдықталған тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы. Кеден органдары интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін пайдаланады;5) жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар мен қол жеткізудің қиын орындарын кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын іздестірудің техникалық құралдары. Мыналар іздестірудің техникалық құралдары болып табылады:
металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Кеден органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;
тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;
тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;
эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;
тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Кеден органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;
тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;
жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар;6) бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары;
жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары;
рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
өлшеу аспаптары;
энергия ресурстарын есептеу аспаптары;
хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар;
электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары;
штрих-кодтардың принтерлері;
штрих-кодтарды оқу аспаптары;
сәйкестендіру құралдары;
7) кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі жедел жағдайды қадағалау үшін кеден органдары пайдаланатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.      Көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдарына қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады;8) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары, оларға магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады;9) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау процесін жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданатын жедел байланыстың техникалық құралдары. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/К), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/К), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары- тасымалдау жағдайында бақылауды бұзбайтын объектілерде рентгеноскопия әдістерін қолдануға арналған айналадағы ауа температурасы 20°С –ден 50°С-ге дейін, атмосфералық қысым 84-тен 107 кПа дейін, 30°С температурадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% болуы, жағдайында объектілерді рентгеноскопия әдісімен бұзбастан бақылауға арналған кешеннің құрылымы онымен тұрақта емес жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кешен тығыздығы 1-ден 8г/см3-ға дейінгі материалдардан жасалған оптикалық бұлыңғыр объектілерді тексеруге қолданылады және жолаушылардың багажын, ыдыстарды, посылкаларды және т.б. тексеруге, жайлардағы, жүк контейнерлеріндегі, көлік құралдарындағы бөгде заттарды іздеуге пайдаланылуы мүмкін. Кешен рентген аппараты мен көруші визуалдық құрылғының арасы 0,7м дейінгі қашықтықта болғанда анықтауды қамтамасыз етеді. Мысалы, пистолет- пластиктен жасалған 20мм қалыңдықтағы, болаттан жасалған 2мм қалыңдықтағы тосқауылдың арғы жағында; 50мм өзіндік көлемі бар жарылғыш заттар- 1мм қалыңдықтағы болаттан жасалған, 10мм қалыңдықтағы алюминийден жасалған тосқауылдың арғы жағында болғанда.
5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
«Янтарь» жүйесі – гамма және нейтронды сәулелендіруді анықтауға арналған және екі тіркеу (мониторлар) мен ПВЦ басқару тетігінен (немесе дербес компьютерден) тұрады. Әрбір тіреуде гамма және нейтронды сәулелерді анықтайтын көрсеткіш, объектінің қатысу көрсеткіші, ЖҰМЫС сәуле индикаторы, сонымен қатар аккумулятор орналасқан. ПВЦ басқармасы (монитор ДК) жүйенің ақпараты мен параметрлер тапсырмасына арналған.
Жүйе тәулік бойы электр желісіне қосулы болуы тиіс, тіреудегі ЖҰМЫС сәуле индикаторы үздіксіз жасыл түсті болып жанып тұруы керек, қуат кернеуі тоқтаған кезде аккумуляторлар жүйенің 10 сағат ішіндегі жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді.
«ЯНТАРЬ – 1А», «ЯНТАРЬ – 2А».
Автомобиль арқылы тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.
Қолданылуы:
Теміржол көлігінің қозғалмалы құрамындағы кедендік өткізу бөлімшелері;
Атом электр станциялары;
Ядролық материалдарды өндіру мен қайта өңдеу.
«ЯНТАРЬ – 2Л»
Мақсаты – автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтау.
Қолданылуы:
Металлургиялық және қоқыстарды қайта өңдеу комбинаттары;
Атом электр станциялары;
Ядорлық материалдарды өндіру, сақтау және қайта өңдеу комбинаттары;
Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.
«ЯНТАРЬ – 1С», «ЯНТАРЬ – 2С»
Жолаушылар мен багаждарды үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.
Қолданылуы:
Кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймалары;
Атом электр станциялары;
Ядролық материалдарды өндіру және қайта өндіру және қайта өңдеу комбинаттары;
Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.
6. Контрабанданы іздеу детекторы. (BUSTER).
К910В «BUSTER» контрабанда детекторы – қол жетуі қиын жерлердегі, мысалы: көліктердің отын бактеріндегі, есіктердегі, автопокрышкалардағы, жүк автокөліктерінің қабырғаларындағы, т.с.с. жерлердегі контрабанданы анықтау үшін қолданылады. К910В аспабы күдікті объектінің үстіне қойылып, іске қою түймесін басу арқылы ол «қосылып», (ON) жағдайына келтіріледі де күдікті объектіден жұқа сәуле түрінде энергия сәулеленеді. Егер объект үстіндегі кеңістікте қандай да бір масса немесе тығыз материал болмаса, сәуле энергиясы объект арқылы өтіп, кеңістікте шашырайды.
Егер шағылысып, детекторға қайтқан энергия саны аз болса, сұйық кристалды дисплейде аз сан көрсетіледі және керісінше.
Егер К9101В аспабын бірнәрсенің үстімен ақырын жылжытса, онда осы үстіңгі беттің астындағы материалдың тығыздығы дисплей бетіндегі өзгеріс сияқты шағылысады.
Энергия көзі оны кездейсоқ сәулелендіретінін ескеру керек, сондықтан дисплей көрсеткішінің шамалы өзгерісінің өзі де қалыпты болып табылады.
К910В аспабы 6мм (1/4 дюйм) қалыңдықтағы болаттың арғы бетін көре алады және оның астындағы аймақ тығыздығының өзгергенін сезе алады.
Тексерілуі мүмкін әр түрлі материалдар қалыңдығының ең жоғары мәндері:
болат – 6 мм (1/4 дюйм);
алюминий – 12,5 мм (1/2 дюйм);
ағаш – 40 мм (1/4 фут);
қорғасын – әр түрлі қалыңдықта болса да дабыл қағылмайды (бұл жерде заңсыз заттың болғанын көрсетеді).
Егер контрабандашы қорғасынның көмегімен автокөлік есігінде жасырылған контрабандалық тауарды жасырып қалмақшы болса да, К910В аспабы есіктің қалыңдығына қарамастан өзгеше төмен көрсеткіш көрсетеді. Бұл ретте ішкі бөлшектердің, әйнектерді түсіру тетіктерінің, т.с.с. болуына қарай көрінетін дағдылы көрсеткіштер болмайды, ал бұл тәжірибелі инспекторды алаңдатып, мұнда күдікті бірдеңе болу керек дейтін ойға қалдыруы тиіс.
7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
Құнды металдың нақты құрамын анықтау үшін әртүрлі реактивтер, пробирлі инелер және пробирлі тас қолданылады. Құнды металды анықтаудың 2 әдісі бар: 1) ысқылау әдісі – зерттелетін металды пробирлі тастың үстімен із қалатындай етіп жүргізеді. Қалдырылған іздің қасына пробирлі ине жолағы қойылады. Екі ізге реактивтер тамызып нәтижеде пайда болған рекцияға ьалдау жүргізіледі. Бірдей пробалы металдарда реакциядан кейін бірдей түсті із қалады. Егер зерттеліп отырған металл қарайса, демек ол пробирлі инеге сәйкес емес дегенді білдіреді. 2) Тамшылы әдіс – металға тереңдігі 0,1мм мен 1 мм арасында саңылау жасалады. Осы саңылауға керекті пробалы реактив тамызылады. Нәтижедегі реакцияның түсі арқылы қоспадағы металдың сандық құрамын анықтауға болады.
Реактивті қышқылдың әсер ету уақыты 10с аспау керек. Қышқылдану реакциясы үшінші секундттан басталады.
Пробирлі тас – қара түсті кремнилі тақтатас, құрамы ұсақ түйіршікті беті тегістеліп өңделген тас. Бұл тас азотты, күкіртті, қышқылдар мен тұзды қоспаларға төзімді болуы керек.
Пробирлі инелер – бағалы қорытпалардан жасалған жолақшалар. Құнды металдың әрбір пробасына арналған инелер жиынтығы болады. Олар сәйкесінше қоспа құрамына байланысты әртүрлі түсте болады. Пробирлі реактивтер қышқылдардың, қышқылдық қоспалардың сутектік ерітнділері немесе тұздардың ерітінділері.
Алтынды анықтауға арналған қышқылдық реактивтер:
1) 375 пробалы алтын үшін – HNO3 – 59,5%; дистилденген су – 40,5%;
2) 500 пробалы алтын – HNO3 – 100%; ρ=1,4кг/м3;
3) 583,585 пробалы алтын үшін – HNO3 – 46%; дистилденген су - 54%; ρ=1,19 кг/м3 (4 тамшы);
4) 833 пробалы алтын үшін – HNO3 – 68,7%; HCl - 1,3%; дистилденген су - 30%.
5) 750 пробалы алтын – HNO3 – 59,3%; HCl - 1,1%; дистилденген су – 39,6%.
6) 900 пробалы алтын – HNO3 – 69,2%; HCl - 1,3%; дистилденген су – 29,5%.
7) 958 пробалы алтын – HNO3 – 78,7%; HCl - 2%; дистилденген су – 19,3%.
Күміс үшін реактивтер:
1) 750 пробалы – азот қышқылды күміс – 0,45г, дистилденген су – 100мл.
2) 800 проб. – HAgNO3 – 0,5г, дист.су – 100мл.
3) 875 проб. – HAgNO3 – 0,7г, дист.су – 100 мл.
4) 916 проб. – HAgNO3 – 0,75г, дист.су – 100 мл.
5) 960 проб. – HAgNO3 – 0,8г, дист.су – 100мл.
Қолға ұстайтын «ВМ – 611» металл іздегіш – диэлектр орталардағы металл және қорытпа объектілерін анықтауға арналған. Бұл – ішіне сызба нұсқаның электронды элементтері мен қуат көзі (аккумулятор) орнатылған, соққыға төзімді пластиктен жасалған тік бұрышты корпусқа тізбектелген құйын токты өңдегіші бар қолға ұстайтын металл іздегіш. Жұмыс істеу қағидасы жасырын металл объектілерді іздеудің үйлесімді (жекелік) құйын токты әдісіне негізделген. Металл іздегіштің дыбыстық және сәулелік дабыл қаққышы металл зат құйын токты өңдегіштің өрісіне түсіп, дабыл тиісті шегінен асқанда барып жұмыс істей бастайды. Қуат көзі қолмен бұралмай –ақ іске қосылысымен, сондай – ақ, пайдалану жағдайы (температура, ылғалдылық) өзгерісімен автоматты үндестіруші металл іздегішті ең жоғары сезімталдыққа қосады.
Қуат кернеуінің ішіне бірге салынған тұрақтандырғыш қуат кернеу 7 – ден 11 В – ға дейін өзгергенде де металл іздегіштің жұмыс істей бастайды (қызыл түсті сәуле диодискіге қосылады да, жасыл түсі өшеді).
Техникалық сипаттамалары:
1. Сезімталдығы неғұрлым күшейгенде бұйым ізделуші элементтің (корпустың құрылымдық тұрғыда бөлінген жұрнағының) жұмыс бетінің орталық арасы бойынша кемінде 30мм қашақтықтағы 2 рубльдік шақаны (оның жазықтығы 0,5 м/сек жылдамдықтан артпаған жағдайда) анықтауға мүмкіндік береді.
2. 7Д – 0,25Д тұрпатты аккумулятордан қуаттандыру (сыйымдылығы сағатына 125 мА˟сағат, кернеулігі 8,4В.). Зарядталмаған аккумуляторды толық сыйымдылыққа дейін зарядтау уақыты – 16сағ.
3. Аккумулятормен қуаттандыру 7 В кернеуліктен төмен болған жағдайда, дыбыстық және сәулелік дабыл қаққыш жұмыс істей бастайды, ал аспапты қуаттандыруды қосатын индикатор (жасыл түсті сәуледиод) өшеді.
4. Металдан жасалған заттарды айқындау сәтіндегі тұтыну тогы (қызыл түсті сәуледиод жанып, дыбыстық дабыл қағылады) 25 мА артық емес.
5. Қуаттандыруды қосқаннан кейінгі жұмыс режимін белгілеу уақыты – 5 сек артық емес.
6. Толықтай зарядталған аккумулятордың кезекші режимдегі үзіліссіз жұмыс уақыты – 8 сағаттан кем емес. Ескерту – бұйымның үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 3 циклден кем емес «заряд - разрядтан» өткен және сыйымдылығы сағатына 125м Ах – тан кем емес аккумуляторлар үшін көрсетілген.
7. Габариттік өлшемдері төмендегілерден артық емес:
- металіздегіш - 410˟80˟30 мм;
- желілік адаптер - 90˟75˟55 мм.
8. Металл іздегіштің салмағы – 0,35 кг артық емес.
8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 474,475 баптарында көрсетілген.
473-бап. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды пайдалану
Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейтін техникалық құралдарды пайдалана алады.
Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.
474-бап. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органдарының кемелерін пайдалану
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі суларының шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік қүралдарын кедендік бақылау кеден органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде кеден органдары:
көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу белгілері табылған жағдайда көлік қүралын токтатуға және оны тексеріп қарауға;
көлік қүралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен ұстауға;
егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық суларында (теңізінде) тоқтау туралы кору немесе есту сигналы оны коруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз, ішкі сулар кемелерін олар өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне) енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумактық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;
кеден ісі саласыңда құқық бүзушьшықгар жасалған жағдайда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою үшін ұстауға;
осы Кодексте көзделген жағдайларда көлік құралдарьш ілестіріп альш жүруге, оның ішінде кедш органдарының лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге қүқылы.
3.Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кедш органдары кемелерінің экипаждарына Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес:
1) тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасьшьщ аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуеайлактарды (қону аландарьш) пайдалануға;
2)Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді пайдалануға;
3)кеден органдарьша жүктелген міндеттерді шешу үшін кажетті навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз алуға құқық беріледі.
475-бап. Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін, кедендік бақылау үшін қажетті жүк операциялары мен өзге де операциялар
Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе тауардың мөлшерін өзгеше айқындауды, тауарларды тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, бүлінген орамды түзетуді, орамды ашуды, тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ үй-жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және өзге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.
Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.(1б)
«Ультрамаг-А10», «Ультрамаг А12» аспаптары концерттік және жол жүру билеттеріндегі, бейне касеталар оралымындағы, акциздік маркалардағы, банкноттардағы көзге көрінетін және УК қорғану қасиеті бар заттарды тексеруге өте жақсы көмектеседі. Толық қуаттылығы бар аккумулятор еш қуаттаусыз тәулігіне 100 рет қосқанда және әр қосу ұзақтығы 10 сек болғанда 7 тәулік бойы жұмыс істей алады. «Ультрамаг-А10». Бақылау түрі – УК. УК шамынынң қуаттылығы 1 Вт, УК – сәулелендіру ауқымдылығы 300-400 нм, шамнан 10 мм қашықтықтан жарықтандыруы – 0,25 мВт/кв.см-ден кем емес. Қуат көзі – аккумуляторлар тізбегі. Жұмыс істеу температурасының ауқымдылығы - +5 С-ден + 35 С-ге дейін. Габариттік өлшемдері – 86*80*23мм. Аккумуляторды қоса алғандағы массасы – 0,2 кг. «Ултрамаг – А12». Бақылау түрі – УК және ақ түсті. УК шамынынң қуаттылығы 1 Вт, УК – сәулелендіру ауқымдылығы 300-400 нм, шамнан 10 мм қашықтықтан жарықтандыруы – 0,25 мВт/кв.см-ден кем емес. Ақ түсті шамның қуаттылығы – 0,7 Вт. Қуат көзі - аккумуляторлар тізбегі. . Жұмыс істеу температурасының ауқымдылығы - +5 С-ден + 35 С-ге дейін. Габариттік өлшемдері – 86*80*23мм. Аккумуляторды қоса алғандағы массасы – 0,2 кг. «Ультрамаг – А36» шағын көп функционалды детектор. Арнайы және акциздік маркаларды, банкноттарды, құнды қағаздарды, құжаттарды УК, магниттік, инфрақызыл және арнайы элементтік, сондай- ақ визуалдық қорғаушы белгілер тұрғысынан зерттеуге арналған. Бақылау түрі – УК, ақ шағылысатын және өткізуші ақ сәуледе, магнитті, инфрақызыл, арнайы қорғаныс элементін бақылау. УК шамның қуаттылығы - Вт, УК сәулелендіру ауқымдылығы – 300-400 нм , жұмыс өрісінің жарықтануы - 0,25 мВТ/кв.см кем емес. Ақ түсті шамның қуаттылығы – 2*0,55 Вт. Қуат көзі - аккумуляторлар тізбегі. Жұмыс істеу температурасының ауқымдылығы - +5 С-ден + 35 С-ге дейін. . Аккумуляторды қоса алғандағы массасы – 0,4 кг. «Ультрамаг – 225 СЛ» (Ресей). Кез келген алгоритм бойынша құнды қағаздар мен банкнот түрлерінің қорғаныс белгілері бар кешендерін тексеруге мүмкіндік беретін әмбебап аспап. Аспап құрамына кіретіндер: УК шам; жоғары шамы ақ түсті; төменгі жағынан жарықтану; магниттік көрсеткіш; инфрақызыл көрсеткіш; ішіне салынған лупалар. Магниттік және инфрақызыл көрсеткіштер және модуль түрінде қосақталған. Техникалық сипаттамасы. Қуат көзі (В/Гц) – 220/50; Габариттік мөлшері (мм) – 280*175*135; УК шамы – TL 6W/08 (PHILIPS); Лупа – 1 ОХ; Салмағы(кг) – 2 шамасында. CASHSCAN – өте қиын жалғандықтарды да анықтауға мүмкіндігі бар, тізбектелген шағын процессормен басқарылатын банкнот шынайылығын тексеруге арналған біріегей жүйе. Осы заманғы технология. Банкноттардың жалғандығын дыбыстық сигналмен және қызыл түсті индикатордың қосылуымен білдіреді. Банкноттардың шынайылығы индикатордың жасыл түсінің қосылуынан білінеді. Жеңіл басқарылады. Жинақы, жеңіл, мықты. 110/220 Вольт кернеулікпен жаппай қолдануға жарайды. Шағын , АА батареяларымен жұмыс істейді.
10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.(1б)
«Ультрамаг-А10», «Ультрамаг А12» аспаптары концерттік және жол жүру билеттеріндегі, бейне касеталар оралымындағы, акциздік маркалардағы, банкноттардағы көзге көрінетін және УК қорғану қасиеті бар заттарды тексеруге өте жақсы көмектеседі. Толық қуаттылығы бар аккумулятор еш қуаттаусыз тәулігіне 100 рет қосқанда және әр қосу ұзақтығы 10 сек болғанда 7 тәулік бойы жұмыс істей алады. «Ультрамаг-А10». Бақылау түрі – УК. УК шамынынң қуаттылығы 1 Вт, УК – сәулелендіру ауқымдылығы 300-400 нм, шамнан 10 мм қашықтықтан жарықтандыруы – 0,25 мВт/кв.см-ден кем емес. Қуат көзі – аккумуляторлар тізбегі. Жұмыс істеу температурасының ауқымдылығы - +5 С-ден + 35 С-ге дейін. Габариттік өлшемдері – 86*80*23мм. Аккумуляторды қоса алғандағы массасы – 0,2 кг. «Ултрамаг – А12». Бақылау түрі – УК және ақ түсті. УК шамынынң қуаттылығы 1 Вт, УК – сәулелендіру ауқымдылығы 300-400 нм, шамнан 10 мм қашықтықтан жарықтандыруы – 0,25 мВт/кв.см-ден кем емес. Ақ түсті шамның қуаттылығы – 0,7 Вт. Қуат көзі - аккумуляторлар тізбегі. . Жұмыс істеу температурасының ауқымдылығы - +5 С-ден + 35 С-ге дейін. Габариттік өлшемдері – 86*80*23мм. Аккумуляторды қоса алғандағы массасы – 0,2 кг. Тех-қ ақпарат тасығыштардың экспорты мен импорты кезінде магниттік тасығыштар, пленкалардағы, компакт дискілердегі, касеталардағы, жазылған аудио-ақпараттар мен бейне ақпараттарды көру,тыңдау және өшіру үшін қолданылады. ҚР-нан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған аудио және бейне ақпараттар тех-қ тасымалдағыштан өшіріледі. Шығарылған фотопленкалар мен кинопленкаларды, слайдтар мен микроафишаларды, бақылауды да жүзеге аасыру үшін де қолданылады. Жедел байланыстың тех-қ құралдарын Кеден Органдары жұмылдырылған тастармен жүргізілетін далалық жағдайларда жедел байланысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кезде Кеден Органдары жұмылдырылған тастармен бір жиілікте жұмыс істейтін органдардың өзара жедел іс-қимылына арналған өз кезегінде бірге алып жүретін жылжымалы автокөліктер тасымалданатын және стационарлық радиостанциялар қолданылады.
11.КБТҚ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер(1б)
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары – КБ жүргізу уақытын қысқыарту және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың фактілерін анықтау мақсатында жеке тұлғаларды тауарлар мен көлік құралдарын КБ процесінде Кеден Органдары қолданылатын арнайы техникалық құралдардың кешені. Кеден Органдары ҚР-ң Үкіметі бекіткен КБ – ң тех-қ құралдарының тізбесінде көзделген КБТҚ қолданылады. КБТҚ түрлері: 1) КО кедендік шекарасы арқылы радиоактивті материалдарды заңсыз өткізуді растау мақсатында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын радиациялық бақылаудың тех-қ құралдары. 2) Көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтау мен бейне бақылаудың автоматтандырылған жүйелері. 3) Интраскопиялық тексеру техникасы – контрабандалық тауарларды табу мақсатында, КБ аймағындағы кеден одағының шекарысынан өтетін тауарларға көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын интраскопиялық тексеру техникасы. 4) Көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашусыз, бөлшектеусіз және зерттеу объектісінің тұтастығын бұзбай тауарлар мен клік құралдарын тексеруде қолданылатын іздеу тех-қ құралдары. 5) Сәйкестендірудің тех-қ құоалдары – бағалы тастар мен металдардың сынамаларын сәйкестендіру үшін бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін аспаптар мен қорытпаларды айқындаудың түрлі әдістерін пайдаланатын аспаптар қолданылады. Осыған жататындар:есірткіні, психотропты заттарды анықтау, тексеру үшін қолданылатын аспаптар, салфеткалар көмегімен микробөлшектерді жинау және оларды талдау жүргізетін детекторларға салу және детектордың компрессорын қосу көмегімен күдікті учаскден бұларды талдау әдісімен есірткі заттарын талдағыштар. 6)Кеден органдарының лауазыиды адамдары түнгі және күндізгі уақытта КБ аймағының жедел жағдайын және кеден органдары әкімшілік ғимаратының объектілерін қадағалау үшін қолданылатын көзбен қарап қадағаланатын тех-қ құралдар. 7)Аудио ақпарат пен бейне ақпаратты қарап шығу, таңдау және өшіру үшін осы тех-қ ақпарат тасығыштарды КЮ кезінде қолданылатын аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары.
12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар КБ объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.(1б)
Тексерудің тех-қ құралдары - КБ кезіндегі жолаушылардың қол жүктерін, халықаралық почта жөнелтілімдерін,тауарлар мен көлік құралдарының қиын қолжетімді жеолерін тексеру үшін қолданылады. Оларға:Металлодетекторлары- қара және түрлі түсті заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды прибор. Олар портативті, стационарлы және тасылмалданатын болады. Іздеуіш айналар –әр түрлі көлемдегі және размердегі ауысымды айналары бар телескопты ұстағыштар. Щуп – ұзындықтары мен диаметрлері ір түрлі болатын металды стержень. Тексерілетін объектілерден проба алу үшін стержень басында ілгек орнатылған. Эндоскоп – көлік құралдарындағы қиын қолжетімді жерлерді және әр түрлі сұйықтық толтырылған ыдыстрды тексеретін оптикалық құралдар. Үш модификация бойын ша жасалады: 1) қатты (бараскоп) – диаметрлері мен ұзындықтары әр түрлі металды трубалар. 2) жұмсақ (флескоскоп) – 2 түрлі түсті волоконды жгуты бар. 3) жартылай қатты. Тексерудің рентгендік техникасының классификациясы:1)қол жүктері мен багаждар құрамын бақылау үшін; 2) қол жүктері мен багаждардың терең жеке заттарын бақылау үшін; 3) ортагабаридті багаждар мен жүктердің құрамын бақылау үшін арналған; 4) халықаралық почта жөнелтілімдері құралдармен бақылауға арналған аппараттар.
ІІ блок:
2. Кедендік режимдегі тауарлар мен транспорттардың жылжу ерекшеліктері. Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Кедендік режимде ҚР- ның Кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты жағдайлары көрсетілген. Оған жатады: Кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды міндетті түрде орындау; нақты Кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтауға Кедендік қоймаларға алып бару. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
Еркін айналымға тауарлар мен транспорттық құралдарды шығару
Тауарлар мен транспорттық құралдар экспорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар реимпорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар реэкспорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар транзиті
Кедендік қойма
Бажсыз сауда дүкені
ҚР территориясында тауарларды өңдеу
Кедендік бақылау жағдайларында тауарларды өңдеу
Тауарлар мен транспорттық құралдарды уақытша кіргізу және уақытша шығару
Еркін Кедендік аймақ, еркін қойма
Кедендік территориялардан тыс жерде тауарларды өңдеу
Тауарларды жою
Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту
Кедендік режимнің бірін толығырақ айтатын болсам, мысалы бажсыз сауда дүкені. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды коспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде колдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдың ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.
3. Кедендік сараптама тағайындау
1. Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.
2. Кеден органдары:
1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;
2) алдын ала шешім қабылдаған;
3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.
3. Тауарлар, кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бiрдейлендiру құралдары кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады.
4. Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың мамандары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін:
1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша - кедендік сараптамаға жолдама;
2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым негіз болып табылады.
Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:
1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
2) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;
3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
4) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.
5. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен, қаулымен не ұйғарыммен таныстыруға, осы Кодекстің HYPERLINK "jl:51038630.3750000 " 375, HYPERLINK "jl:51038630.3760000 " 376-баптарында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге міндетті. Жолдамаға, қаулыға не ұйғарымға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.
Кедендік сараптама жүргізу тәртібі
1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.
2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.
3. Кедендік сараптаманы кеден зертханаларында жүргізу тәртібін және қорытынды нысанын уәкілетті орган бекітеді.
4.Сараптама қызметінің мазмұны мен ұқыптылық негізі. Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар. Кедендік сараптама объектісі – тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер. Кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы. Кедендік сараптама тағайындау: 1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі. 2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады. 3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. 4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады. Кедендік сараптаманың түрлері 1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі. 2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады. Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді. Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы. Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық : Кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін арттыру мақсатында сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.
5.Кедендік төлемдер, Кедендік рәсімдеуге төленетін салықтар, акциздер, Кдендік құнды анықтау. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы.«Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1. Кедендік баж 2. Кедендік алымдар 3. Алымдар 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Салықтар – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер); Кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету.Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Тауардың Кедендік құнын анықтау және оны пайдалану тәртібі:
Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
Біртекті тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау – сипаттамалары бірдей, ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, дәл сондай қызмет атқаратын бірін бірі алмастыратын заттарға қойылатын бағасы.
Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау- тауарлардың негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, нарықтағы беделі,сапасы, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың бағасы жатады.
Құнды шегеру- бұл кезде тасымалдау, сақтандыру, т.б кедендік баж салығына қосылмайды. Құнды қосу- Кедендік құнды анықтау үшін материалдар мен шығындар, жалпы шығын және тауар жеткізу үшін келетін пайда жатады.
Резервтік әдіс егер тауарлардың құны жоғарыда аталған әдістер бойынша анықталмаған болса әлемдік тәжірибеде не бар сол бойынша анықталады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығыболып табылады.
13.Жолаушының қол жүктері мен заттарын бақылау приборлары. Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi. Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды. Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.
2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.
3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға:
металлодетекторлар - қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;
тексеру айналары - ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;
тексеру қуыс бұрғылары - әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;
эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) - оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған  әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар "иілгіш"»(флескоскоптар), сондай-ақ "жартылай қаттылар";
тексеру шамдары жатады.
4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:
кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;
криминалистік кешендер;
микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;
рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
өлшеу приборлар жатады;
энергия ресурстарын есептеу құралдары;
озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.
5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық  білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.  Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.
6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.
7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.
8) Техникалық жедел байланыс құралдары - жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі.
Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары - контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Оларға - ілмекті пломбалау құрылғылары, мөрлер, пломбираторлар, пломбалар, акциздік маркалар, флуорэсценттік фломастерлер жатады.
14.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің жұмыс істеу принципі.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің қолданылу облысы:кедендік,транспорттық тексеру,өндірістік диагностика,қауіпсіздікпен қамтамасыз ету,құтқару операциялары болып табылады.Жүйенің құрамы:ықшамды видеокамералар,телескоптық штангалар,штангаға бекітілген монитор,әр түрлі ременьдер,басқару блогы,зарядтайтын қосымша аккумулятор,қосымша аксессуарлар жатады.Жүйенің эффективтілігі:жүйенің барлық элементтерінің аздаған габариттері арқасында,жеңіл және ыңғайлы телескопиялық штангалар арқасында,жарықтандыру жүйесі мен автономды қорек көзі және модификациясының әр түрлілігі-көзбен қарауға қиын жерлерде оперативті тексеруге мүмкіндік береді.Жүйе модификациясы:орындаудың 10 түрлі нұсқасы бар және видеокамераларды қорғау lәрежесінің әртүрлілігі,телескопиялық штангалардың ұзындығы,жарықтандыру нұсқалары,монитордың түрлері бойынша жұмыс атқарады.Кейбір модификацияларда фрадиоканал арқылы телефонға және стационар бақылау пункттеріне аудио немесе видеоақпараттар жіберуге мүмкіндік бар.Жүйе элементтерінің ерекшеліктері:мысалы видеокамера әр түрлі корпуста жұмыс жасайды.Видеокамераның диаметрі - 25-28мм,инфрақызыл жарық қарастырылған.Штанганың қозғалмалы бөлігі қарау бұрышын ауыстыруға мүмкіндік береді,видеокамераға айна жабыстыруға болады.Телескопиялық штанганың құрылымы жеңіл және мықты.Штанганың қозғалмалы бөлігін қоспағанда ең үлкен ұзындығы модификациясына байланысты 2-8м болады.Басқару блогы шағын сумкада орналасқан,оның ішінде қорек көзі,басқару органдары,радиоканалды модификациялар,аудио және видео каналдар жіберу блоктары болады.Радиоканал арқылы ақпарат жіберудің ұзақтығы 100м – 3км.Стереоканал жиіліктері – 920-940Мгц,телевизионды канал жиілігі -920, 940,1100,2465Мгц,телеметрия каналының жиілігі - 2465Мгц.Жүйе аккумуляторлық батарея және басқа қорек көздері арқылы 12В-пен қоректенеді.
15.Кеденде қолданылатын металл детектордың түрлері,жұмыс істеу принципі,техникалық сипаттамасы.Металдан жасалған бұйымдарды, қару жарақ пен оқ дәрілерді анықтау үшін металл детекторлар қолданылады. Металл детектордың көмегімен тікелей адамның денесінде жасырылған қару жарақтарды , оқ дәрілерді, құнды металдардан жасалған бұйымдарды табу мынаған саяды: тұлғада металдан жасалған белгілі бір массадағы объектінің бар екендігін анықтау мен сол затты ерікті түрде беретіндей етуін немесе одан бас тартқан жағдайда оны жеке тексеріп қарау кезінде алудың шараларын қолдану. Егер өту кезінде дабыл сигналы туындаса, онда қол металл детекторы қолданылады, оны адам тұлғасының периметрі бойынша қозғай отырып, кеден қызметкері металдан жасалған заттың орнын мейілінше дәл анықтайды. Тұрақты металл детекторлар негізінен едәуір салмақты заттарды анықтауға қолданылады, ал жоғары сезісталдығы бар қол металл детекторлары жұмсақ металдан жасалған заттарды анықтауға арналған, олардың көмегімен бас киімдерге, сырт киімдерге, шалбарларға, аяқ киімдерге, фурнитура заттарына тығылған бұйымдар жақсы табылады. Металл детекторлардан басқа шет елдерге контрабанданың портативті детекторлары шығарылады және қолданылады. Әмбебаптары (ITMS Vapor Tracer ) есірткі және жарылғыш заттарды анықтау үшін қолданылады. Құралдың жұмыс істеу қағидасы детекторға сынаманың буын енгізуге негізделген, онда сынама жылытылып, иондалады, содан соң затты үйлестіру жүргізіледі. Құралды пайдалану оңай , небәрі басқарудың бес түймесі және сұйық кристалды дисплейі бар. Жарылғыш заттарды (ЖЗ) анықтаушы VIPER тасымалданатын құрылғысы. VIPER тасымалданатын құрылғының бесінші буынынан аспабы, тез арада, үш секундтан кем емес уақытта ЖЗ анықтауға мүмкіндік береді. МЕТАЛ ДЕТЕКТОРЛАР: 1) COMET - қолға ұстайтын жартылай өткізгіш металл іздегіш шағын аспап. Бұйым мынадай қызметтерді орындайды: адамның киім кешегіндегі , пошта корреспонденциясындағы, жиһаздағы , құрылыстық құрылымдардағы металдың бар жоғын анықтайды; металл емес тосқауылдардың арғы жағындағы ток өткізгіштерді сәйкестендіреді. Ықшам габаритіне, электр тұтынуының аздығына, сыртқы ортаға төзімділігіне байланысты аспап пайдалануға өте қолайлы . Металл заттарды анықтау индикациясы түсті және дыбысты. 2.»ПОИСК – 5» диэлектрикалық орталардағы әр түрлі металл заттарды анықтайтын, қолға ұстауға арналған сезімталдығы жоғары серпілісті әрі таңдамалы металл іздегіш. Аспап сонымен қатар ғимраттарды, жиһаздарды, топырақты зерттеу үшін қолданылады. Қандай металл түрінен жасалғанына және габариттік өлшемдеріне қарай анықталған объектілерді жіктеуге мүмкіндік береді, аспап құрамына кіретіңдер: электронды блок, үлкен іздеуіш датчик, ажыратқыш қарнақ, құлаққап, қуаттандырғыш құрылғы, құндақ. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: детекторлау қашықтығы, см - пистолет ПМ -50; жез табақша( 25 мм диаметрлі) – 20; консерві қалбыры – 80; болат қатпар (пластина) (1000*1000*1мм) – 180; салмағы, кг - 1,7; қуаттануы, В – 12; үзіліссіз жұмыс істеу уақыты, екі сағаттан кем емес. 3. «ПОИСК – 3М» тұрақты іріктемелі құйынды металл іздегіш бақылауға қол жетімді жерлерде ( әуе жайларда, арсеналдарда, қоймаларда) келушілердің киімі астынан ататын немесе суық қаруларын тексеруге арналған. Әр түрлі салмақтағы металдарға икемделе алады. Құрастыруы мен икемдеуі өте қарапайым, ағаштың құнды түрлеріне ұқсатылған және есік ойығына үйлесімді орналасады. Түстік және дыбыстық дабыл қаққыштары бар. «ПОИСК – 3МР» үлгісінде ионданушы сәулелену датчигі орнатылған, ол тек бұйымның негізгі қызметін орындап қана қоймай, күзетіліп тұрған объектіге радиоактивті сәулелендіру көздерін өткізбеуді де бақылауға мүмкіндік береді. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: Өткізілімнің ені, м – 0,8; Өткізілім арқылы өту жылдамдығы, м|сек – 2- ге дейін; Қаруды анықтау мүмкіндігі – 0,95; Жалған дабыл мүмкіндігі – 0,02.
II блок
1.Кедендік бақылау жүргізудің түрлері. Кедендік бақылау-Қазақстан Рес.ң кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қаз.н Рес.ң кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.Кедендік бақылау жүргізу Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына;2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттарменмәліметтерге;3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты;4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына;5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Кедендік режимдегі тауарлар мен транспорттардың жылжу ерекшеліктері. Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Кедендік режимде ҚР- ның Кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты жағдайлары көрсетілген. Оған жатады: Кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды міндетті түрде орындау; нақты Кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтауға Кедендік қоймаларға алып бару. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
Еркін айналымға тауарлар мен транспорттық құралдарды шығару
Тауарлар мен транспорттық құралдар экспорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар реимпорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар реэкспорты
Тауарлар мен транспорттық құралдар транзиті
Кедендік қойма
Бажсыз сауда дүкені
ҚР территориясында тауарларды өңдеу
Кедендік бақылау жағдайларында тауарларды өңдеу
Тауарлар мен транспорттық құралдарды уақытша кіргізу және уақытша шығару
Еркін Кедендік аймақ, еркін қойма
Кедендік территориялардан тыс жерде тауарларды өңдеу
Тауарларды жою
Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту
Кедендік режимнің бірін толығырақ айтатын болсам, мысалы бажсыз сауда дүкені. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды коспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде колдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдың ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.
3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
1. Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.
2. Кеден органдары:
1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;
2) алдын ала шешім қабылдаған;
3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.
3. Тауарлар, кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бiрдейлендiру құралдары кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады.
4. Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың мамандары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін:
1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша - кедендік сараптамаға жолдама;
2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым негіз болып табылады.
Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:
1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
2) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;
3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
4) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.
5. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен, қаулымен не ұйғарыммен таныстыруға, осы Кодекстің 375, 376-баптарында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге міндетті. Жолдамаға, қаулыға не ұйғарымға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.
Кедендік сараптама жүргізу тәртібі
1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.
2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.
3. Кедендік сараптаманы кеден зертханаларында жүргізу тәртібін және қорытынды нысанын уәкілетті орган бекітеді.
4.Сараптама қызметінің мазмұны мен ұқыптылық негізі. Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар. Кедендік сараптама объектісі – тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер. Кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы. Кедендік сараптама тағайындау: 1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі. 2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады. 3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. 4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады. Кедендік сараптаманың түрлері 1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі. 2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады. Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді. Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы. Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды. Сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық : Кедендік сараптамалар жүргізетін ұйым осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін арттыру мақсатында сараптама қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.
5.Кедендік төлемдер, Кедендік рәсімдеуге төленетін салықтар, акциздер, Кдендік құнды анықтау. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы.«Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1. Кедендік баж 2. Кедендік алымдар 3. Алымдар 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Салықтар – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер); Кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету.Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Тауардың Кедендік құнын анықтау және оны пайдалану тәртібі:
Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
Біртекті тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау – сипаттамалары бірдей, ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, дәл сондай қызмет атқаратын бірін бірі алмастыратын заттарға қойылатын бағасы.
Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау- тауарлардың негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, нарықтағы беделі,сапасы, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың бағасы жатады.
Құнды шегеру- бұл кезде тасымалдау, сақтандыру, т.б кедендік баж салығына қосылмайды. Құнды қосу- Кедендік құнды анықтау үшін материалдар мен шығындар, жалпы шығын және тауар жеткізу үшін келетін пайда жатады.
Резервтік әдіс егер тауарлардың құны жоғарыда аталған әдістер бойынша анықталмаған болса әлемдік тәжірибеде не бар сол бойынша анықталады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығыболып табылады.
6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының, оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткiзу пункті уәкiлетті лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау жүргізуге байланысты рәсімді және жеке тексеріп қарауды рәсімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Жеке бақылау кезеңдері:
Дайындық: тексеру жүргізу туралы мәлімдеу; кез-келген тұлғаға оның міндеттерін түсіндіру; жасырын заттарын ерікті беруді өтіну;
Тұлғаны тексеру: жеке тұлғаның заттарын тексеру; жеке тұлғаның киімін тексеру; жеке тұлғаның денесін тексеру;
Аяқтау: жеке тұлғаны тексерудің хаттамасын толтыру;
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке тексеріп қарау жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
3) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;
4) жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;
5) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағым жасауға;
6) адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға жеке тексеріп қараудың жүргізілгені туралы хаттаманың көшірмесі, тауарлардың алынып қойғаны туралы акті беріледі.
Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізуге тиіс.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрігердің кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін орындаудан жалтаруға құқығы жоқ.
Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға - жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - дәрігер қолдарын қояды.
7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.
Сараптама жүргізу құқығына сараптама мекемелерінде жұмыс істейтін және сараптамалық қызметке арнайы рұқсат лицензиясы бар сарапшылар ие болады. Мұндай куәлік алу үшін оның базалық (кеден, заң, материалтану, өнертану т.б.) білімі, кеден ісін және сараптаманың негіздерін білуі, сондай-ақ оның ақпараттық белсенділігі мен кәсіптік, квалиметриялық және мәдени тұрғыдағы хабарлығы болу керек. Ақпараттық белсенділік – адамның осы заманғы ақпараттардың негіщін игеруге талпыну. Кеден сарапшысы мына жағдайлардан кәсіби хабардар болуы керек: сәйкестігіне сараптама жүргізіліп жатқан ұлттық стандарттар мен регламенттер тарап тарының мәні; шетелдерде кедендік сараптама қызметін жүргізудің әдістемедік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық мәселелері. Квалиметриялық хабардарлық – өнім сапасын сандық бағалаудың негізгі әдістері мен қазіргі талдау аспаптарын, сондай ақ сарапшының зерделенетін материалдар мен бұйымдар сапасының объективті сараптамалық бағасын табуға және қолдануға, оның ішінде сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дұрыс таңдауды жүзеге асыруға және оларды бағалау шкаласын сауатты жасауы. Мәдени хабардарлық- сарапшының білімдарлығына негізделеді. Ол жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдерді меңгеруі тиіс, зерттелетін материал туралы халықаралық ақпаратты меңгеру үшін шет тілдерін білуі қажет. Сарапшының жеке қасиеттері оның қабілеттілігімен, біліктілігімен, дағдысымен, еңбекке деген көзқарасымен,қарым катынас жасай алуымен анықталады. Сарапшының алдын ала теріс түсінігі болмауы керек, ол талдау жасау машығын меңгеруі, оқиғаны шынайы тұрғыдан қабылдай алуы тиіс. Сонымен қатар, оның физиологиялық оңды ерекшеліктері: түсті тану, көру, есте сақтау қабілеті терң дамыған, денсаулығы мықты немесе барлық жағдайда да көңіл күйі жақсы, бірқалыпты, жинақы, жылдам, қырағы болуы керек.
Сараптама бойынша жұмысқа тартылатын сарапшылардың міндетті түрде мынадай салалардан арнайы білімдері болуы шарт:
тауарларды, шикізат пен жабдықтарды сараптау;
физикалық – химиялық, микробиологиялық зерттеулер жүргізу;
өнімге, сондай ақ бақылау мен сынақтардың әдістері мен көлеміне міндетті талап қоятын нормативтік құжаттар;
Сарапшыға үміткер сараптама жүргіщу кезінде тексерістің толық үдерісін атқару тәжірибесін меңгеру қажет. Тәжірибе толық сараптамалық тексеріске 4 рет қатысуымен анықталады. Сарапшыға үміткердің өз мамандығы саласында кемінде он жылдық, ал осы сала бойынша ғылыми дәрежесі бар адамның 4 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек.
8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады. Сараптама жүргізу құқығына сараптама мекемелерінде жұмыс істейтін және сараптамалық қызметке арнайы рұқсат лицензиясы бар сарапшылар ие болады.
Сарапшы:
1) егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізуден бас тартуға;
2) өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;
3) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс ету туралы өтініш беруге құқылы.
Сарапшы:
1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге;
3) бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы ой-пікірін қорытындыға енгізуге;
4) кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;
5) іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;
6) кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
10 Кедендік бақылаудың құжаттық негіздері. Кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері . Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер берудің міндеттілігі 1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті. 2. Кеден органы кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы. 3. Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен анықтамалар алуға құқылы. 4. Тауарлар мен көлік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы. 5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті. 6. Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс.
11 Тауарлар мен транспорттық құралдардың кедендік шекарадан өту принциптері (принциптерді толық қарастырыныз Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезінде алдын ала операцияларды жүзеге асыру тәртібі 1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту; 2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау; 3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу; 4) тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу; 5) тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына хабарлау; 6) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды .Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту 1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының HYPERLINK "jl:51038630.60300 " кедендік шекарасынан өтуі болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуге сәйкес айқындалатын өткізу пункттерінде, олардың жұмыс істеу уақытында жол беріледі және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді.Өткізу пунктін анықтау .Мыналар: 1) әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы; 2) теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу порты; 3) көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін - жүру жолындағы бірінші кеден органы; 4) құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар үшін уәкілетті органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жерлер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті болып табылады.12 Кеден ісі туралы түсінік. Кедендік бақылаудың мазмұны мен мәні. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды. . Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кедендік бақылау .Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырады.Бірлескен бақылауды шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады. . Кедендік бақылау жүргізу .Кеден органдарының лауазымды адамдары: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына; 2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге; 3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты; 4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына; 5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді. Кедендік бақылауды жүргізу принципі 1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.Кедендік бақылау аймақтары 1. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады. 2. Кедендік бақылау аймақтары оларда кедендік бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендік тексеріп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргізу кезіне құрылатын болуы мүмкін. 3. Кедендік бақылау аймақтарын құру мен белгілеудің тәртібін, сондай-ақ кедендік бақылау аймағына жіберу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 4. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша жүзеге асырылады. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, тауарлар мен көлік құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегінде өткізуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол беріледі. Кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары 1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. 2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
13.Кедендік бақылау аймақтары. Кедендік мақсатқа қажетті құжаттар мен мағұлматтарды тексеру. . Кедендік бақылау аймақтары 1. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады. 2. Кедендік бақылау аймақтары оларда кедендік бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендік тексеріп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргізу кезіне құрылатын болуы мүмкін. 3. Кедендік бақылау аймақтарын құру мен белгілеудің тәртібін, сондай-ақ кедендік бақылау аймағына жіберу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 4. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша жүзеге асырылады. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, тауарлар мен көлік құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегінде өткізуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол беріледі. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру
1. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді.
2. Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
3. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы.
4. Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.
5. қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрату және оларды тексеру, егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергі жасамауға тиіс.
III блок
3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Кеден ісі саласы
1. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.
2. Осы Кодекспен реттелмеген кеден ісі саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының кеден заңдары
1.Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуы
1. Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
3. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.Қазақстан Республикасының кедендік аумағы мен кедендік шекарасы
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған HYPERLINK "jl:30112203.10000 " арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.
4. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының HYPERLINK "jl:51001634.10000 " Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.
 Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға – кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
6. Кеден құқығы институттары.
Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құкык саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқыктык нормалар жиынтығымен сипатталады.
Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынандай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сырткы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат мен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.
Ресейдің Кедендік кодексінің Қазақстандык кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса карастырады.
11 сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция, Конвенцияға мынадай: "Қазақстан Республикасы Е Арнайы қосымшасының "Тауарларды каботаждық тасымалдау" деген 3-тарауын, F Арнайы қосымшасының "Қайтару" деген 3-тарауын, Н Арнайы қосымшасының "Кедендік құқық бұзушылықтар" деген 1-тарауын, J Арнайы қосымшасының "Почта жөнелтімдері" деген 2-тарауын қабылдамайды" деген ескертпелерімен, ратификациялансын.
Қазақстан Республикасыны Президенті Н. Назарбаев
Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция
Кіріспе
Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары,
Уағдаласушы Тараптардың кедендік ережелері мен рәсімдеріндегі халықаралық сауданың және халықаралық алмасудың басқа да түрлерінің дамуына кедергі жасауы мүмкін алшақтықтарды жою МАҚСАТЫНДА,
Кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестіру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру жолымен мұндай сауда мен алмасуды дамытуға пәрменді үлес қосуға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,
Халықаралық сауда шарттарын жеңілдетудің арқасында алынатын елеулі басымдылықтарға кедендік бақылаудың тиісті ережелері үшін залалсыз қол жеткізілуі мүмкін екендігін АТАЙ ОТЫРЫП,
Мұндай оңайлату мен үйлестіруге, оның ішінде мынадай:
кедендік ережелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру; 
кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылық, дәйектілік және ашықтық;
кеден ісі жөніндегі заңдарға, нормативтік құқықтық және әкімшілік актілерге, кедендік ережелер мен рәсімдерге қатысты барлық қажетті ақпаратты мүдделі тараптарға ұсыну;
тәуекелдерді басқару мен аудит әдістерінің негізінде бақылау сияқты жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және ақпараттық технологияларды барынша практикалық пайдалану;
биліктің басқа да ұлттық органдарымен, басқа мемлекеттердің кеден қызметтерімен және сауда қоғамдастықтарымен, бұл қажет болатын барлық жағдайларда ынтымақтастық;
тиісті халықаралық стандарттарды енгізу;
әкімшілік және сот тәртібімен қарау рәсімдеріне мүдделі тараптардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету принциптерін қолданудың арқасында қол жеткізу мүмкін екендігін ТАНИ ОТЫРЫП;
Уағдаласушы Тараптар сақтауға міндеттенетін жоғарыда жазылған мақсаттарға және принциптерге негізделген халықаралық құжат Кедендік ынтымақтастық кеңесінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және осылайша, халықаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП, мына төмендегілер туралы келісті:
І ТАРАУ Ұғымдардың айқындамалары
1-бап Осы Конвенцияда пайдаланылатын ұғымдар, мыналарды білдіреді:а) "Стандарттық ереже" - оны қолдану кедендік ережелер мен рәсімдерді үйлестіруге және оңайлатуға қол жеткізу үшін қажетті деп танылатын ереже;б) "Өтпелі мерзімді стандарттық ереже" - оны қолдану үшін қолданысқа енгізудің барынша ұзақ мерзіміне жол берілетін Бас қосымшаның стандарттық ережесі;в) "Ұсынылатын ереже" - кедендік ережелер мен рәсімдерді үйлестіру және оңайлату мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін деп танылатын, мүмкіндігінше кеңінен қолдану дұрыс деп саналатын Арнайы қосымшаның ережесі, г) "Ұлттық заңнама" - осы Тарап үшін күшіне енген халықаралық шарттарды қоса алғанда, осы Уағдаласушы Тараптың аумағында қолдануға жататын, Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының заңнамалық, нормативтік құқықтық және өзге де актілері;д) "Бас қосымша" - осы Конвенциямен реттелуге жатқызылған барлық кедендік ережелер мен рәсімдерге қолдануға жататын ережелердің жиынтығы; е) "Арнайы қосымша" - осы Конвенциямен реттелуге жатқызылған бір немесе бірнеше кедендік ережелер мен рәсімдерге қолдануға жататын ережелердің жиынтығы; ж) "Ұсынымдар" - Стандарттық ережелерді, Өтпелі мерзімді стандарттық ережелерді және Ұсынылатын ережелерді, атап айтқанда, неғұрлым тиімділікке қол жеткізу үшін ұсынылатын алдыңғы қатардағы тәжірибе мен мысалдарды қолданудың бірқатар мүмкін болатын тәсілдерін көрсететін Бас қосымшаның, Арнайы қосымшалардың және олардың Тарауларының ережелеріне түсіндірме; з) "Тұрақты техникалық комитет" - Кеңестің тұрақты техникалық комитеті;и) "Кеңес" - 1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде жасалған Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенция құрған ұйым;к) "кеден немесе экономикалық одақ" - осы мемлекеттер қолдану үшін міндетті осы Конвенциямен реттелетін мәселелер жөнінде өзінің дербес нормативтік құқықтық актілерін қабылдауға құқылы, сондай-ақ өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау немесе қосылу туралы шешім қабылдауға өкілеттігі бар оның құрамындағы мемлекеттерден құрылған одақ.
II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы
Конвенцияның қолданылу саласыIII тарау(6 – 7 бап) Конвенцияның қолданылуын басқару
Басқарушы комитетIV тарау (8-17 бап) Уағдаласушы тараптар
Конвенцияны ратификациялау
V тарау (18-20бап) Қорытынды ережелер
Конвенцияның күшіне енуі12 сұрақ. ҚР Кеден органдары
2-Бөлiм. Қазақстан Республикасының Кеден органдары
3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құрылымы мен қызметi16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.
17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесiҚР Кедендік орган жүйесі: ҚР Мемлекеттік табыстық министрлігінің кеден комитеті→ Кедендік басқарма → Кеден →Кедендік бекеттер.
Кедендік қызметтер комитеті ақпараты 14 кедендік басқарма, 22 кеден, 127 кедендік бекеттен тұрады.
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары):
1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi);
3) кедендер;
4) кеден бекеттерi;
5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;
6) мамандандырылған кеден мекемелерi құрайды.
2. Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерiн құрады.
3. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
4. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
6. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және iшкi су кемелерiнде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгiсi болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден органдарының танылу белгiсi қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
9. Кеден органдарының тиiстi кедендiк инфрақұрылымы болады.
13сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
18-бап. Кеден органдары қызметiнiң принциптерi
Кеден органдарының қызметi:
1) заңдылық
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдiк құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерiнде құрылады.
19-бап. Кеден органдарының мiндеттерi
Кеден органдарының мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау;
8) өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу;
13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.
20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлерi
1. Кеден органдарының орналасатын жерлерiн жолаушылар және тауарлар ағынының көлемiн, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негiзге ала отырып кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тiкелей кеден органдарына тиесiлi үй-жайларда орналасады.
3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендiк брокер, кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелерiне тиесiлi кеден қоймасы және (немесе) еркiн қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiр жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкiн.
Мұндай жағдайларда қажеттi аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен шарт негiзiнде берiледi.
4. Кеден органдарына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға берiледi.
21-бап. Кедендiк рәсiмдердi жүргiзетiн орындар
Тауарлармен және көлiк құралдарымен кедендiк рәсiмдер, осы Кодексте белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Порттардағы, әуежайлардағы, темiр жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң өзге де пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегi басқа бақылаушы органдар мен қызметтердiң жұмыс уақытымен келiсiлуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бiрлескен кедендiк шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкiндiгiнше сәйкес келуге тиiс.
 4-тарау. Кеден органдарының өкiлеттiгi
23-бап. Кеден органдарының құқықтары
Кеден органдары:
1) өз өкiлеттiгi шегiнде осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға;
2) мемлекеттiк органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден iсi саласына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттарды, мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдiк келтiрiлген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттама жүргiзуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсiруге;
7) кеден органдарының ресми өкiлдерiн Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде шет мемлекеттерге жiберуге;
8) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлеуге, жасауға және пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;
10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
24-бап. Кеден органдарының мiндеттерi
1. Кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден iсi саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды қарауға;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
4) тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуiне кедендiк бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзудi жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
7) өз өкiлеттiгi шегiнде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруына жәрдем көрсетуге;
8) кедендiк төлемдердiң және салықтардың толық өндiрiп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
9) бюджетке белгiленген мерзiмдерде төленбеген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсiмақыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен өндiрiп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешiмдер, рұқсаттар, бiлiктiлiк аттестаттарын беру туралы шешiм қабылдауға;
11) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;
12) мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
13) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын күзетудi және кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
15) өз құзыретi шегiнде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;
16) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
17) өз құзыретi шегiнде сот актiлерiн, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жасауға жәрдем көрсетуге;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметi органдарына және басқа да мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;
20) осы Кодексте белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негiзде, оның iшiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;
21) кеден iсi саласында келiп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де iс-әрекеттердiң жасалуын қамтамасыз етуге;
22) кеден iсi саласында өтеусiз кеңес берудi жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мерзiмдерде материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға беруге мiндеттi.
14 сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi
1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздерiне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi жасайтын басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
26-бап. Кеден iсi саласындағы ақпаратқа қатынас
1. Кеден органдарына басқа мемлекеттiк органдар, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәлiметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәлiметтi, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға беруге болмайды.
3. Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттiк органдарына:
1) құқық қорғау органдарына - кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;
2) соттарға - олардың талап етуi бойынша;
3) жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiне - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен тиiстi жедел-iздестiру қызметi субъектiлерiнiң бiрлескен актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен олардың iс жүргiзуiндегi материалдар бойынша;
4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарына - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес табыс етедi.
4. Кеден органдары мәлiметтердi басқа мемлекеттердiң кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етедi.
5. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерi алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
19 КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ТҮСІНІГІ. Кедендік рәсімдердің түрлері
Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) экспорт;
3) кедендік транзит
4) кеден қоймасы;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
8) уақытша әкелу (жіберу);
9) уақытша әкету;
10) кері импорт;
11) кері экспорт;
12) бажсыз сауда;
13) жою;
14) мемлекеттің пайдасына бас тарту
15) еркін кедендік аймақ;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.
2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту:
1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.
2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы. Кедендік рәсіммен орналастыру: Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті: Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау:
1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді.
2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.
20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
Кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі.
1. Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды осы Кодекстің осы тарауына және 32-тарауына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде жүзеге асырады.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.
Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады.
Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Кедендік құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болуы мүмкін не тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын табыс етуді дәлелді түрде талап етуге құқылы.
4. Тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты табыс етілетін мәліметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуге тиіс.
5. Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер көрсеткені және осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Кедендік декларацияны беру мерзімдері
1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
2. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар кеден одағының кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі.
3. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық қаруы, құралы немесе мәні болып табылған тауарларға, қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларация:
1) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы сот шешімі;
2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды адамның) шешімі;
3) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі;
4) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде берілмеген тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.Декларант:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің:
сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;
сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;
2) шетелдік тұлғалар:
жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, – уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осы өкілдіктердің жеке мұқтаждары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімін мәлімдеген кезде;
кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;
3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін – осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
экспедитор, егер ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларант бола алады. Кедендік декларацияны беру және тіркеу:
1. Кедендік декларацияны декларант немесе кеден өкілі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына береді.
2. Кеден органы кедендік декларацияның, оның электрондық көшірмесінің және қажетті құжаттардың берілген күні мен уақытын, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, белгілеп қояды.
3. Кеден органы кедендік декларацияны Кеден одағы комиссиясының шешімінде айқындалатын тәртіппен кедендік декларация берілген кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.
4. Кеден органы кедендік декларацияны тіркеуден, егер:
1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілсе;
2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берсе;
3) кедендік декларацияда осы Кодекстің 278 – 280-баптарында көзделген қажетті мәліметтер көрсетілмесе;
4) кедендік декларацияға қол қойылмаса не тиісті түрде куәландырылмаса немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаса;
5) декларацияланатын тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес кедендік декларация берілгенге дейін немесе берілуімен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаса, бас тартады.
5. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды адамы жазбаша нысанда бас тарту себебін көрсете отырып ресімдейді.
Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартылған жағдайда кедендік декларация және табыс етілген құжаттар декларантқа не кеден өкіліне қайтарылады.
6. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемесе, ондай декларация кедендік мақсаттар үшін берілмеген болып саналады.
7. Кедендік декларация тіркелген кезден бастап заңдық маңызы бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
8. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылмайды.
21 Кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады.
2. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады.
Кеден брокерiнiң мiндетiне:
тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау;
Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну;
декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну;
декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу;
декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiкке ие тұлға ретiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi әрекеттердi жасау кiредi.
4. Алдын ала операциялар кезiнде кеден брокерi мынадай әрекеттердi:
Қазақстан Республикасының кеден органын Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге ниеттенiп отырғаны туралы хабардар етудi;
алдын ала операцияларды жүргiзген кезде кеден мақсаттарына керектi құжаттардың жобаларын жасауды;
тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастыруды жүзеге асыра алады.
5. Кеден брокерi өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде:
Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларды тасымалдау, өлшеу немесе санын өзгеше анықтауды, тиеудi, түсiрудi, қайта тиеудi, бүлiнген орамасын түзеудi, орамасын ашуды, орауды немесе тауарлар мен көлiк құралдарын қайта орауды, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары қойыла алынатын үй-жайларды, сыйымдылықтарды және басқа да жерлердi ашуды жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының кеден брокерiнiң декларациялайтын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жүргiзетiн мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық және мемлекеттiк бақылауының басқа да түрлерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiпте тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты есеп пен есеп берудi жүргiзуге;
кеден брокерi пайдаланатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдерiн автоматты өңдеу құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органдары пайдаланылатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдердi автоматты өңдеу құралдарымен үйлесуiн қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының кеден органдарына анықталынған кез келген өзгерiстер, кедендiк теңдестiру құралдарының өзгеруi, құруы, бүлiнуi немесе жойылуы, ыдыстар мен орамалардың бүлiнуi, тауарлардың көлiк, коммерциялық және құжаттардағы олар туралы мәлiметтерге сәйкес келмеуi, түрлi құжаттардағы тауарлар жөнiндегi мәлiметтердiң сәйкес келмеуi және кеден iсiне қатысты бар осыған ұқсас жағдаяттар туралы дереу хабарлауға;
өзi бiлдiретiн тұлғаларға Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын түсiндiруге;
Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден брокерiнiң штатында тұрған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осындай мамандардың қолдарының үлгiлерiн ұсынуға мiндеттi.
Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде кеден брокерi:
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртiпте тауарларды кедендiк ресiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде қатысып отыруға;
кеден органдары жүргiзген алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудiң (сараптаманың) нәтижелерiмен танысуға;
алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудi (сараптаманы) жүргiзуге не өз қаражаты есебiнен немесе өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай зерттеудi (сараптаманы) жүргiзудi қамтамасыз етуге;
Кеден органдарының рұқсатымен Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлеген тәртiпте осы органдардың құзыретiне жататын бақылау-қадағалау функцияларын қоспағанда жекелеген әрекеттердi (теңдестiру құралдарын өзгерту, жою немесе құрту және басқаларды) орындауға;
Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiмен кедендiк бақылау аймақтарына кiруге құқықтары бар өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн бекiтуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аталған аймақтарда кедендiк ресiмдеу операцияларын жасау үшiн қажеттi қызметтiк үй-жайларының болуына;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарынан кеден мәселелерi бойынша ақпарат пен консультациялар алуға;
Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарының ақпаратты автоматтық өңдеу, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi деректердi электронды жолмен беру үшiн пайдаланатын ақпараттық желiлерiне енуге;
Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетi мен әрекетсiздiгiне белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
22 Кедендік тасымалдаушы
Кедендік тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады. Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары:
1) заңды тұлғаның кеден органына өтініш берген күніне дейін кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніндегі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну;
3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың болуы;
4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы;
5) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-407, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.
Кедендік тасымалдаушының міндеттері:
1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен табыс етуге;
3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі: Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай:
1) кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;
2) мыналарды: тәуекелдерді талдау объектілерін; тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын; тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау;
3) мыналарды: тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын; тәуекелдерді болдырмау және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру міндеттерін орындаудан тұрады.
2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды.
24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.
1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастыруға болады. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады. Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
25.Кедендік статистика.
Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы
1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.
2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына; халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді.
4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.
5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.
Арнаулы кедендік статистика
1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнаулы кедендік статистика жүргізіледі.
2. Кеден органдары арнаулы кедендік статистиканың деректерін кедендік мақсаттар үшін ғана қолданады.
Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар және мәліметтер
1. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалардың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес ұсынатын құжаттары мен мәліметтері пайдаланылады.
2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 16-бабының ережелері қолданылады.
26.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.
4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, тауарлардың, көлiк құралдарының және адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта өнеркәсіптік және өзге коммерциялық қызметті жүзеге асыру –жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде кеден органының осы көлік құралы орналасқан жерді анықтауына мүмкіндік беретін, көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы –жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы кеден органына хабарламау
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде құжаттарды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етпеу арқылы тауарлар мен көлік құралдардың келгені туралы хабарламау – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатынсыз тауарлар және/немесе көлік құралдарының Кеден одағының кедендік аумағынан кету тәртібін бұзу, сондай-ақ Кеден одағының және/немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды тапсырмау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Авария немесе жойқын күштер жағдайында  шаралар қолданбау
Тауарлардың және көлiк құралдарының авария немесе өзге еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге мән-жайлар жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, осындай мән-жағдайлар туралы жақын маңдағы кеден органына, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы кеден органына немесе кеден органы белгілеген орынға тасымалдауды қамтамасыз етпеу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының кеден органына жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе кеден органы белгiлеген жеткізу орына жеткізбеу – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не қызметті тоқтата тұрумен не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың тиісті тізілімінен алып тастаумен қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеден органына тапсыруға қабылданған кедендiк бақылауда тұрған тауарлардың және көлiк құралдарының кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу – қызметті тоқтата тұрумен не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың тиісті тізілімінен алып тастаумен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын жеткiзудiң кеден органы белгiлеген мерзімді немесе кеден органы анықтаған тасымалдау маршрутын сақтамау не тауарларды, көлiк құралдарын жеткізу орны ретінде кеден органы айқындаған басқа кедендік бақылау аймағына жеткізу –кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көлiк құралын тоқтатпау Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтiн орындарда тоқтатпау – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту –он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Тауарларды кедендiк рәсiмдеуге орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiмге орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазалау тәртiбiн бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiмдеуге орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. және т.б.
28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
Арнаулы ереже бойынша кедендік ережелерді бұзған жеке және қызметтегі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұндай жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік қызметкері тез арада бұл туралы хаттама әзірлеп, хаттамада төмендегі нәрселер көрсетілуі тиісті.
а) Хаттаманы әзірлеушінің аты, тегі, лауазымы.
б) Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер.
в) Ереженің қай уақытта, қай жерде бұзылғандығы туралы ескертпелер.
г) Ереженің бұзылуына сәйкес жауапкершіліктің жүгі туралы статья көрретілуі тиісті.
д) Егер куәгерлер болған жағдайда олардың аты, тегі жазылуы тиіс.
р) Кедендік ережені бұзған адамның осы туралы түсініктемесі алынуы
міндетті тұрде қажет.
к) Кедендік ереже бұзылған жағдайда алынған жүктердің тізімі.
к) Істі жүргізуге қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет.
Хаттамаға оны құрастырушының, жауапты адамның, куәгерлердің қолы қойылуы міндетті. Жауапты адамның хаттамаға келіспеушілігі туралы өз пікірін білдіруге болады және оның хаттамаға қол қойылмағаны туралы мәлімет берілуі қажет.
Хаттамада жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары да көрсетіледі және хаттаманың көшірмесі (копиясы) оған жіберіледі немесе тапсырылады.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы хаттама жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда кедендік жауапты қызметкер айыпты тұлғаны арнаулы кедендік бөлмеге әкелуге құқы бар. Бұндай жағдайда кедендік қызметкер Қазақстан Республикасының кедендік ережелеріне сәйкес жанындағы қызметкерлерден жәрдем сұрауға да еркі бар.
Хаттамада жауапкершілікке тартылған адамның (тұлғаның) қарсылық көрсетілгені туралы да жазылуы тиісті.
Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы басқа да себептер болуы мүмкін және оларға төмендегі жағдайлар жатады:
1.Қазақстандық немесе шетелдік азаматтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша;
2. Құқық қорғау мекемелерінің хабарлауы бойынша;
3.Шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың хабарлауы бойынша;
4.Басқа да Қазақстан Республикасының кедендік ұйымдарының мәліметтері бойынша.
Мұндай жағдайлар КК 291 бапта атап өтілген:      
1. Кеден ережесінде заң бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2. Кеден ережесінде заң бұзушылық құрамының болмауы;
3.  16 жас деңгейіндегі кеден ережесін бұзушылықта сол сәттегі тәртіп бұзушы жеке тұлғаның сол нәтижеге жетпеуі;
 4. Кеден ережесін бұзушы тұлғаның өзгермеуі;
5. Жеке тұлғаның іс-әрекеті амалсыздан жасалғандығы;
6.Егер заң бұзушылықты бір мекеме, кеңсе немесе ұжым жасаса, сонымен бірге жеке тұлғаның кәсіпкерлік жұмыспен айналысқан адамның заңгерлік білімі болмаса;
7.Егер ол кеден ережесін бұзудағы іздену істерін қолдануды алып тастаса, кешірім беру актісін шығарады;
8.Кеден ережесін бұзудағы жауапкершілікті тіркейтін актінің алынып тасталуы;
9.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның ісі бойынша іс қозғаудағы уақыттың өтуі;
10.Кеден ережесін бұзудағы жеке тұлғаның тиянақты тәртіппен тіркелген іс- әрекеттің қайта қозғаудағы дәлелдемеулердің болуы;
11.Жеке тұлғаның кеден ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылудағы қылмыстық істің сол дәлелдемелер бойынша жүруі;
12.  Егер кеден ережесін бұзған жеке тұлғаның өлімі туралы хабар келсе, оған айтылған іс тоқтатылады.
Егер жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кеден ережесін бұзу ісінде біреуі болса, онда іс қозғалмайды, ал басталған іс тоқтатылады. Кеден ережесін бұзушылық ісі жөніндегі жұмыстарды ҚР кеден басқармасының лауазымды адамымен жүргізіле береді, бірақ бұл істі ҚР кеден басқармасының бастығы немесе оның орынбасары сол кеден тәртібін бұзушылықта лауазымды тұлғаның қандай іс-шаралармен іс қозғап жатқанына қатысты болу керек (290 бап КК)ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы 316 бапқа сәйкес кеден тәртібін бұзуда төмендегі шарттар бойынша іс қозғай алмайды, егер:
а) жауапқа тартылған адам бұрынғы іске немесе оны қарауда куәгер, маман, заңды тұлға ретінде қараса;
б) егер лауазымды тұлға мен жауапқа тартылған адамның немесе ақтаушының, сонымен қатар куәгердің, тексерушінің, мамандардың сол өндірісте істі қарауда қатысқан адамдардың туыстары болса;
в) егер сол істің жүруіне тікелей қызығушылық білдірсе;
Берілген лауазымды тұлғаның Кеден ережелерін бұзу істерін қарауда немесе өндірістің жүргізу мүмкіндігін тоқтататын жағдайлар болса, онда ол міндетті тұрде қайтарып алу жөнінде өтініш беруге міндетті. Көрсетілген жағдайларға байланысты ҚР кеден ұйымының лауазымды тұлғасына қайтарып алу өтініш жауапқа тартылған жеке тұлға, оның ақтаушысы мен куәгерлер береді. Мұндай өтініштерді қарау ҚР кеден ұйымының бастығымен немесе орынбасарымен қарастырылады.
КК 294 бабына сәйкес хабарландыруды, өтініштерді, басқа да кеден ережесін бұзуға әрекеттер әзірлеп жатқанын, жасап жатқанын немесе бұзушылық жасалып болғаны жөніндегі ақпараттар үш тәулік ішінде аяқтау керек, тек кездейсоқ жағдайларда 10 тәуліктен аспау керек. Мұндай хабарландырулар, өтініштерді және ақпараттарды тексеретін ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы кеден ережесін бұзу жөніндегі істі жүргізгенге дейін тауарларды және көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізуге құқы бар, сонымен қатар кедендік брокерден және басқа тұлғалардан   тауарларды   немесе   көліктік   құралдарын   ҚР   кедендік шекарасынан өткізу үшін тиісті тұрде сол тұлғалардан құжаттарды, түсініктемелерді және айқындама қағаздарын алу керек (КК 295-бабы).
Кеден ережесін бұзу жөніндегі істің өндірісі КК 292 бабына сәйкес істі жүргізгеннен бастап бір айдың ішінде аяқталуы тиіс. Бұл істі кеден басқарма бастығының одан жоғары ҚР кеден басқармасының рүқсатымен ғана үзартуға болады.
Қозғалып жатқан істі бір үйымнан екінші үйымға ауыстыру мәселесін ҚР кеден басқармасының бастығымен шешіліп, іске асады. ҚР жоғары түрған кеден басқармасы өзінің өндірісіне кеден ережесін бұзу жөніндегі кез келген істі өзіне немесе сол істі өндіру үшін басқа өзінен төмен түрған кеден үйымына беруі мүмкін. (КК 297-6).
Кеден ережесін бұзушылық жөніндегі істі біріктіруге немесе бөлуге КК мүмкіндік жібереді. Олар ҚР кеден ұйымының лауазымды тұлғаның қаулысымен өндіріледі. Егер жауапқа бір немесе бірнеше тұлға тартылған болса, сол істің барлығы бір өндірісте біріге алады.
Кеден ережесін бұзушылық жөніндегі хаттамаларда актілерде, сараптамаларда, сонымен бірге жазбаша немесе жеке тұлғаның істі жүргізуге барлық нақты дәлелдемелер болса, 303 бапқа сәйкес алдын ала кеден басқармасының бастығымен немесе оның орынбасарының келісімдері бойынша істі қозғауға болады.
Көрсетілген жағдайлар кеден басқармасы мен арнайы ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасы үшін аса маңызды. (баспасөз, радио және теледидар өкілдері)
Әрине, нарықтық экономика жағдайында алдын ала іске қаулы шығаруы кәсіпкердің тек өндірістік жұмысына ғана емес, сонымен бірге оның рухани жан дүниесіне әсер етеді.
 
1.2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
Кеден ережесін бұзушылық жөнінде істің қаралуы мен жеке тұлғалардың өндірісте қатысуы. Олардың құқы мен міндеттері.
Кеден ережесін бұзған үшін лауазымды тұлға мен жеке тұлғаны жауапкершілікке тартқанда олар іс туралы өндірісте қатысса (КК 306-бабы)
КК 309-бабына сәйкес жуапкершілікке тартылған жеке тұлға кэмелеттік жасқа толмаған, немесе өз құқықтарын психикалық не физикалық жетіспеушіліктен қорғай алмайтын болса, ол өзінің заңды өкілдеріне сүйене алады. (Ата-анасы, өкіл экесі, т.б.)
Жауапқа тартылған тұлғаның заңды өкілі қажетті жағдайда куәгер ретінде сұрастырылуы мүмкін.
Кеден ережесін бұзушылықта жауапкершілікке алынған өнеркәсіптің, мекеме немесе бір үйымның істі қозғау өндірісінде олардың жетекшілері не орынбасарлары өздеріне кэсіби міндеттелген барлық сұрақтарға кеден ережесін бұзған үшін жауап береді.
Кеден ережесін бұзушылықта жауапқа тартылған жеке тұлғаның кэсіпкерлік жүмыспен айналысып, оның заңгерлік білімі болмаса, істі қозғау өндірісінде көрсетілген тұлға қатынасады.
KK 307 бабы бойынша былай делінген: егер жауапқа тартылған жеке тұлға ҚР жерінде тұрмайтын болса, іс қозғау өндірісінде оның ісін қарау үшін басқа бір өкілі, ҚР заңына сәйкес тіркелген жағдайда қатынаса алады.
Іс қозғау өндірісінде және оны қарауда сол жерде түрып жатқан шет мемлекетінің консулды лауазымды адамы кеден ережесін бұзған адамның орнына қатыса алады. Ал егер көрсетілген жағдайда, заң бұзушы тұлғалар болмаса, олардың қатысуынсыз жүргізе береді. (307 бап).
КК 308 бабына сәйкес кеден ережесін бүзып, жауапқа тартылған жеке тұлға мыналарға құқы бар:
- қандай кеден ережесін бұзған үшін жауапқа тартылғанын білу;
-  істі қозғау материалымен өндірістің аяқталғаннан кейін немесе оны қарау уақытында танысу;
- түсініктемелер беру;
- дәлелдемелерді көрсету;
- қайтарып алу өтінішін беру;
- өз өкілінің анықтаушысы мен заңгердің көмегін пайдалану;
-  өз ана тілін немесе білетін ең кең тараған басқа да тілді қолдану, сонымен бірге аударманың көмегін пайдалану;
- басқа да КК көрсеткен басқа құқықтарды қолдану.
Жеке тұлғаға анықтаушы немесе заңгерлік тұлға көмек көрсеткен жеке тұлғалар төмендегілерге құқы бар:
-  жеке ісін қозғауға үшыраған жеке тұлғамен уақыты шектеусіз тұрде кездесе береді;
- кеден ережесін бұзуда іс жүзіндегі өндірісте олардың міндетті тұрде қатысуы;
- істің жүру материалымен және хаттамасымен танысуға;
- істі жүргізу жүйесіндегі хаттамалармен танысу (КК 310 бабы)
- Жауапқа тартылған жеке тұлғаның өкілдері мен ақтаушының өндірісте қатысу үшін және сол істі қарау үшін тиісті тұрде жабдықталу керек. Жабдықтаудың ережесі 306 бапта көрсетілген.
Кеден ережесін бұзған тұлғаның істі қозғау өндірістері міндетті тұрде ҚР-ның заңына сәйкес сенімхатта көрсетілуі керек. Жеке немесе лауазымды тұлғаның өзінің өкіліне берген сенімхатты нотариустан өткізеді. Кеден ережесін бұзуда жеке тұлғаның немесе жауапты тұлғаның тиісті тұрде қатысса, істі жүргізу өндірісінде сенімхатқа мүндай тұлғаға жазбаша өтініш те жазылады.
Кеден ережесін бұзушылық ісін қарауда қажетті жағдайда арнайы барлық заңды білетін маман шақырылады. Сонымен қатар тиісті тұрде 14 жасқа кэмелетке толмаған жас өспірімді сүрастыруда арнайы маман педагог немесе психолог қатысу керек. (312-бап КК).
Сонымен қатар маман тексеруге, қатысуға құқы бар және көрсетілген дәлелдемелерді, жағдайды хаттамада дүрыс мәліметтер беруге көмектесуі керек. Маман ҚР кеден ұйымының лауазымды адамының рүқсатымен кеден ережесін бұзған адамға іс қозғалып жатса, куәгер мен жеке тұлғаға сұрақтарды қоюға құқы бар; табылған дәлелдерді қорытындылауда өтініщ жасау. Дәлелдемелерді тауып жариялау үшін ғылыми-техникалық құралдарды және әдістерді қолдануға құқы бар. Сонымен қатар бақылау жұмыстарын жүргізу, өзі қатысқан істерге, хаттамалармен танысуға және сол хаттамаларға ескерту жасауға құқы бар. Нақты тұлғаның маман ретінде қолдану, оны куәгер ретінде де сұрастыруға мүмкіндік бар.
КК 314 бабына сәйкес куәгер ретінде де тек ақтаушы мен заңгерлі көмек көрсетіп отырған тұлғаның өкіліне сұрау ісі жүргізіледі.
Түсініктеме беру міндеттемесінен жеке тұлғаның немесе лауазымды адамның тұлғаның кеден тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке алынған жұбайы мен жақын туыстары да босатылады.
Кеден ережесін бұзу ісін қарауда өндіріске тиісті тұрде шақырылады. Оның міндеттері мен құқықтары 311 бапта берілген.
Эксперт іске қорытынды жасауға деректер жетіспесе, ол істі бекітуден бас тарта алады, сонымен бірге өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті білімі жетіспесе де бас тартады (КК 311 б).
Жоғарыда атап өтілгендей істі өндіруде және қарастыруға кейбір жағдайларда аудармашы да қатысады. КК 313-бабына сәйкес ол ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы болып істі қарауда тағайындалады. Аудармашы ретінде ҚР кеден ұйымының қызметкері де бола алады.
ҚР кедендік кодексі бойынша (315 бап) тауарларды көруде, көлік құралдарын, оның құжаттарын қарауда, тауарларды кәмпескелеуге, басқа кедендік тексерулерде куәгерлердің болуы тиісті.
Куәгерлер өздері қатысқан өндіріс барысындағы іс-әрекеттердің мазмүны мен нэтижелеріне дәлел болу керек. Олар хаттамаға енетін іс-әрекеттерге ескертулер жасауға құқы бар.
КК мынандай жағдайлар көрсетілген: кеден ережесін бұзу істерін қарауда немесе іс қозғау өндірісінде ақтаушының, тексерушінің, эксперттің жауапкершілікке алынған тұлғаның қатысуынсыз өтуі.
Істі қарауда және өндіріске қатысуға жауапкершілікке тартылған -ақтаушылар, заңгерлік тұлғалар мынадай жағдайларда жіберілмейді: егер олар бір уақытта бірнеше тұлғаларды қорғаса; егер олар бүрын осы істе ҚР кеден ұйымының жауапты адамы ретінде қатысса (317 бап), жауапқа тартылған тұлғаның өкілі болып кеден жүйесінің қызметкері, сот немесе заң сақтаушы үжымдар бола алмайды, сонымен қатар үжымнан ақтаушы ретінде шығарылған тұлғалар істі қарауда заңды өкіл ретінде қатыса алмайды.
Кәмелетке толмағандар да жеке тұлғалардың өкілі бола алмайды (317 бап) Кеден ережесін бұзу туралы істі қарауда тексерушілердің, эксперттің және мамандардың қатысуға тиым салынатын жағдайлар КК 318-бабында берілген.
Тексеруші, маман, сараптамашы өндірісте және істі қарауда жауапқа тартылған жеке тұлғаның туысы болса, қатыса алмайды. Сонымен қатар эксперт осы берілген істе бүрын арнайы маман немесе тексеруші ретінде болған болса, істі қозғауға қатынаса алмайды.
Кеден ережесін бұзушылық ісі жөніндегі дәлелдемелер Өндірістегі   кеден   ережесін   бұзушылық   ісінде   алдына   қойылған мәселелердің   жетістіктерге   жету   үшін   іс   қозғау   жұмыстарына   заң бұзушының нақты жағдайлары берілуі керек.
Кеден ережесін бұзушылық істеріне дәлел болатын жағдайлардын нұсқалары КК 320 бапта нақтыланған. Оларға мыналар жатады:
1) Заң бұзушылықтың уақиғасы (уақыты, болған жері, кеден ережесін бұзудың тәсілдері мен басқа да жағдайлары).
2) Лауазымды тұлға мен міндеттелген тұлғаның айыбы.
3)  Кеден ережесін бұзған кэсіпорынның мекеменің немесе үйымның кеден тәртібін бұзудағы дәлелдемелер.
Сонымен қатар кэсіпкерлікпен айналысатын тұлғаның заңгерлік білімі болмаса.
Кеден ережесін бұзуға итермелеуші шарттар мен себептер. 321 бапқа сәйкес кеден ережесін бұзу ісінде дәлел болып кез келген дәлелдемелер есепке алынады; ал осы істі дүрыс шешу үшін басқа да жағдайлар дәлелге алынады.
Бұл мәліметтер хаттамада және кедендік бақылау кезінде, кеден тәртібін бұзу ісіндегі өндірісті жүргізуде және оны қарауда куәгерлердің түсініктемелерінде, зерттеу тіркеулерінде, басқа да осы сияқты қүжатпен тіркеледі.
Кеден ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған тұлға, өзінің заң бұзудағы барлық жағдайға түсініктеме беруге құқы бар.
325 бапта сәйкес кеден ережесін бұзған жеке тұлғаның куәгерден болған барлық жағдайды сүрастырады. Егер куәгер нақты көрсеткіштер бермесе, оның айтқан дәлелдемелері іске аспайды.
Эксперт ретінде қорытындысын білуге тартылған кез-келген жеке тұлға шақырыла береді. Эксперизаның шешімі экспертке тиісті тұрде қажет, сонымен бірге эксперт жүмыс істеп жатқан кәсіпорынның міндеттелген адамдарына да, мекемелерге және ұйымдарға да қажет. Эксперт өз атынан жазбаша тұрде қорытынды шағарады. Бұл қорытындыда экспертпен өткізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары мен берілген сұрақтарға нақты жауаптары берілген.
Эксперттің шешімі бойынша ҚР кеден ұйымының лауазымды тұлғасына аса маңызды қажет емес, бірақ эксперттің шешімі бойынша істегі қарама-қайшылықтар істі қарауда көрсетілуі керек. Қажетті жағдайда сараптауды қайта жасатуға немесе қосымша жасауға ұйғаруы мүмкін.

Приложенные файлы

  • docx 19131681
    Размер файла: 132 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий