Mamandy 1179 1179 a kirispe


1-билет. Әлеуметтік педагогиканың – білімнің бір саласы ретінде пайда болуы, құрылуы ж\е дамуына тарихи шолу жасаңыз.
«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды. Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады. Көптеген әлеуметтік-педагогикалық еңбектерде әлеуметтік педагогиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуының бастауларына ертедегі дін мен қайырымдылық шараларының үлкен ықпалының болғандығы айтылады. Діни мекемелердің қай-қайсысы болмасын қашан да жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап келген. Кез келген діни еңбектер мазмұнында адамгершілік, адамға мейірімділік көрсету, жақындарына қамқор болу мәселелері ең маңызды орында қарастырылады. Тарихи деректерге жүгінсек, тастанды балаларға арналған ең алғашқы тәрбие мекемесі IV ғасырда Кесария (Малайзия) қаласында орналасқан шіркеудің жанынан епископ Василия Кесарийскийдің бастамасымен ашылған. Мұндай мекемелер кейіннен 787 жылы Миландағы соборлар жанынан ашылды және ұзақ жылдар бойы Еуропадағы жалғыз балаларды қамқорлыққа алу мекемесі болып келді. Ал XIV ғасырға қарай олардың саны 30-ға жетті. Ресейде де қараусыз қалғандарға қолдау көрсету жолында шіркеулер маңызды рөл атқарып келген. Көне дәуірлерден монастырлар мен храмдар жанынан мұқтаждық көрген адамдарға ауруханалар мен қамқорлыққа алу мекемелері қызмет етіп келген. Ресейдегі мейірімділік жасау қызметтері мен мекемелерінің құрылу тарихы әлеуметтік педагогиканың дамуына ықпал етті.
Бертін келе, қазақ қоғамында да адамды қоғамына лайықты қалыптастыру мен олардың тәрбиесіне қамқорлық жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мәселелері басты назарға алынып, балалар мен ересектердің болашағына алаңдаушылық білдіру, сондықтан көпшілік болып қол ұшын беру, көмек қолын созу секілді дәстүрлер кеңінен насихатталған. Кейіннен әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді. Әлеуметтік педагогика мәселелерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуінің жандануы 1950-1960 жылдардан Е. Молленхауэр есімімен оның әлеуметтік педагогиканың пәні жайлы пікірталасты ұйымдастыруымен байланысты дамыды. Ресейде әлеуметтік педагогикаға қызығушылық 1990 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл п.ғ.д., профессор В. А. Сластениннің ұжымдық ғылыми-ізденушілік қызметінің арқасында дамыды. Әлеуметтік педагогика мәртебесін қоғамның даму кезеңіндегі қажеттіліктерімен сәйкестендіруге көп әрекет еткен. Л. В. Филиппова әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық негіздерін айқындау мен ұғымдық аппаратын нақтылауға, кейбір құрылымдық компоненттердің мазмұнын ашуда да көп еңбек еткен. Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.  Г. Нол мен Г. Боймер әлеуметтiк педагогиканың пәнiн анықтау барысында кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу және панасыз балаларға әлеуметтiк көмек көрсету деп тұжырымдайды. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi. Немiс зерттеушiсі П. Наторптың пiкiрiнше, халықтың мәдени деңгейiн көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелiк күштерiн интеграциялау мәселелерiн зерттеу әлеуметтiк педагогиканың мiндетiне жатады. Х. Мискестiң тұжырымы бойынша әлеуметтiк педагогика жалпы педагогиканың әлеуметтiк функциясын ашып көрсетедi және барлық жасаралық топтардағы тәрбие процесiн зерттейдi. Е. Молленхауэр жастардың әлеуметтiк жүйеге тез бейiмделуiне көмектеседi деген ойды құптайды. Тұжырым: 1. Әлеуметтік педагогика ғылымы адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай әлеуметтендiру тәжiрибелерiн ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттiлiгiнен туындады. 2. Әлеуметтік педагогика ғылымы адам мәселелерiмен айналысатын барлық ғылымдармен тығыз байланысады. 3. Әлеуметтік педагогика ғылымының мақсат-мiндеттерi қоғамның адам тәрбиесiне деген талаптарына сай үнемi өзгерiп отырады. Ол қоғам талаптарынан туындап, қоғам мұқтажын ескередi. 
2-билет. Ж. Пиаже, П. Наторп, М. Вебер, С.Т. Шацкий ж\е т.б ғалымдардың әлеуметтік педагогиканың дамуына қосқан үлестерін талдаңыз.
Пауль Герхарт Наторп (1854-1924), 1854 жылы 24-ші қаңтарда Дюссельдорф қаласында дүниеге келген. Ол немістің көрнекті философы, педагогы. Әлеуметтік педагогиканың теoриялык тұрғыдан негізін салушылардың 6ipi. Оның басты шығармалары: «Демокриттің этикасы» (1893ж), «Платонның идея жайындағы оқулары» (1903ж), «Декарттың таным теориясы» (1882ж), «Элеуметтік педагогика» (f1899 ж) және т.б. «Әлеуметтік педагогика» кітабыныц авторы. Наторп XX ғасырдың басында қоғамның жалпы педагогикалануы мәселесін алға шығарып, тәрбие ұйымдарының ашылуын үндеді. Бұл әрекетті ол элеуметтік педагогика деп атады. Наторп адамзат қауымдастығының арқасында адам адам болады деп есептеді
Fалым түсінігінде «әлеуметтік педагогика», «қоғамдағы тәрбие, қоғам арқылы және қоғам ушін» деп тәрбие үдерісіндегі дәстүрлі көзқарасты ажыратты. Наторп - әлеуметтік даму занын құруды қарастырған педагог- ғалым.
Тәрбие мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты әдістемелік жалпы және жеке ерекшеліктерді анықтауда Наторп бірнеше мәліметтерді! есепке алу керек дейді:
-біріншіден, «индивидум және қоғам» түсініктері арасындағы көмескілік ұғым кең тараған (анық еместік)
-екіншіден, қоғам арасындағы идея мен дәлел сияқты ерекшеліктерді сақтамау.
Бұл жағдайда Наторп қоғам мен қауымдастық арасындағы түсініксіздікті көрсетеді. Түсініксіздікті келесі жолмен шешуге болады: шешуші мағынаға тек бір ғана әлеуметтік «фактор» емес, екі жақты біріккен әрекеттер ескерілуі тиіс. Оның пікірінше, мұндай педагогика түрін әлеуметтік педагогика деп атауға болады.
П.Наторп отбасы тәрбиесіне ерекше назар аударған. Отбасындағы тәрбие тиімді болуы үшін жанұяга көмектесу қажет. Ол үшін бұл отбасындағы тәрбие ерекшелштері мен жақсы таныс және баланың мектептегі әрі мектептен кейінгі әрскеттерін өзара байланыстыра алатын білікті маман қажет деп есептеді. Наторп баланың ғылыми тұрғыдан зерттелу қажеттілінше назар аударған. Наторп өз еңбегінде адам тек адамның қоғамына «адам» болады деп есептеген. Және керісінше: адамның коғамы тек оның мүшелері мен адамның білімінің арқасында өмір сүруі дамиды деген. Жеке адам физикадағы тәpiздi тек абстракция деп жазған.
Атақты Швейцария педагогы И.Г.Песталоцци - педагогикадағы элеуметтік бағыттың дамуына үлесін қоскан алғашқы педагогтардың 6ipi. Оның әлеуметтік-педагогикалық мұралары: ғылыми-педагогикалық еңбектер, әдеби-көркем шығармалар, күнделікті және тәрбиелік ic-әрекеттердегі жан-жақты, бай тәжірибесі.
Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, Песталоцци моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырды. Ол дінді сынағанымен, егер адам құдайды қадірлесе, 6ip-6ipiнe туыс болып табылатын бар лық адамдарды да қадірлейді, деп есептеді.
Адамды жан-жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті.
Песталоцци балалар мекемелерінде алғаш рет элеуметтік-педагогикалық жүйені құрастырып, қолда-нысқа енгізді. Сондықтан да ол - элеуметтік педагогиканың теориясын және тәжірибесін негіздеуші.
Атақты нeмic педагогы А.Дистервег (1790-1866) педагогикадағы әлеуметтік педагогикалық бағыттың дамуына баға жетпес үлес қосты. Ол алғаш рет «әлеуметтік педагогика» терминін қолданыска енгізген.
Педагог Дистервег табиғи сәйкестік қағидасын педагогика ғылымына енгізген ғалым. Табиғи сәйкестік қағидасы баланың барлық нышандарының үйлсімді дамуын қамтамасыздандырады. Оньң дәлелдеуінше адам тәрбиесіндегі ұстаным «бала табиғатына қарсы келу әдісі болмау керек және барлық тәрбиелеу этикасы адам жаратылысына сай жүргізілуі керек». «Табиғи сәйкестік қағидасы адам болмысы тәрізді мәңгі өзгермейді» - деген ағартушы-педагог.
Дистервег мұғалімнің жалпы кәсіби біліміне қолдаушы бола жүpiп, әлеуметтік педагогикадағы жаңа бағыттың жолын ашты. Халық мектебінің мұғалімдеріне әлеуметтік педагогикалық қолдау көpceтyдi ұсынды. Ол 6ip мақаласында «Адам - менің eciмім, неміс - менің лақап атым» - деп, озінің формуласын жариялайды.
3-билет. Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың негізгі ұғымдары
Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі барысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады. Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет, әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б. Ендi осы түсiнiктерге қысқаша сипаттама берiп кетейiк. Әлеуметтену. Әлеуметтену категориясы тұлғаның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесiне енуi мен әлеуметтiк тәжiрибелердi игеру процесiн түсiндiредi. Басқаша айтқанда, әлеуметтенудi баланың немесе тұлғаның өмiрге бейiмделуi деп түсiндiруге де болады. Ата-аналардың өмiрлiк тәжiрибелерi, сондай-ақ, қоғамдық тәжiрибелер балаға тұқымқуалаушылық жолмен берiлмейдi. Сондықтан оны өзi өмiр сүретiн қоғамның әлеуметтiк жағдайларына бейiмдеп, тәрбиелеймiз. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық. Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады. Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның жас ұрпақтың тәрбие басымдықтарын қалыптастыру бойынша ресми және бейресми қызметтерiн, оның тенденцияларын, заңдылықтарын, оларды жүзеге асырудағы институттардың ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн зерттейдi. Мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеу бағытындағы қызметi заңдық негiзде бейнеленедi, тәрбие, оқыту, кәсiптiк тұрғыда даярлау институттарын құру, олардың iс-қимылын қамтамасыз ету ресми әлеуметтiк-педагогикалық сипатта айқын көрiнедi. Мемлекетте «жазылмаған заңдар» деген атаудағы қоғамда қабылданған салт түрiндегi нормалар мен ережелердiң жиынтығы мәнi жағынан әлеуметтiк-педагогикалық болады, бiрақ бейресми сипат тән. Әлеуметтік педагогика адамның бүкiл өмiрi барысында алуан түрлi жас кезеңдерiнде оның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесiне тiкелей немесе жанама ықпал ететiн ортаның әлеуметтiк-педагогикалық мүмкiндiктерiн зерттейдi. Адамның қалыптасуындағы ортаның әрбiр факторының тәрбиелiк мүмкiндiктерi айрықша. Оған жататындар: бала туған және тәрбиеленген отбасы (асырап алған отбасы, мемлекеттiк мекеме); бұқаралық ақпарат құралдары; бала ойыншығы мен ойындары; бала оқитын кiтаптар; дос-жарандар шеңберi; тұлға беделi; ұжымның әлеуметтiк-педагогикалық ерекшелiктерi; көше тәрбиесі және т.б. Ғылымның білім жүйесі оның негізгі түсініктері мен категориялары арқылы бейнеленеді. Түсінік - бұл шындықты танып-білу процесінің санамызда бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Ғылыми түсінік бірден қалыптаспайды. Түсініктің мәнін анықтау үшін оның белгілерін ажыратып алу қажет. 4-билет. Әлеуметтік педагогика ж\е өзін-өзі тану білімнің саласы ретінде екендігін дәлелдеңіз.
Әлеуметтік педагогика адамдар қоғамындағы өмір мен әрекеттің күрделі функционалдық құбылысын арастырады. Ғылым ретінде жалпы педагогика ғылымының оның бір ғана құрылымдық бөлігімен шектелмейтін әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасын зерттейтін бөлігі болып табылады; сонымен бірге, адамның әлеуметтік ортадағы қарым қатынас педагогикасы ретінде субьектінің ғылыми танымдық әрекетін көрсетеді.
Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады.Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi. Әлеуметтік педагогика обьективті, нақтылы ғылыми-әдіснамалық және ғылыми практикалық негіздерге сүйенеді. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық мәдениеті, кәсіби қызметінің мәдениеті, әлеуметтік ортасының мәдениеті әрбір компоненттің маңызды элементі болып табылады. Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау. 
Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар: - тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету; - тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу; - тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогикалық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу; - әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу; - тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну; - адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу; - тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу; - әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.
Әлеуметтiк педагогиканың әдiснамалық негiздерiне кең мағынада әлеуметтiк педагогикаға қатысты алғанда әдiснамалық функцияны атқаратын бiлiмдер, тұжырымдамалық, теориялық қағидалар жатады. Әлеуметтiк педагогика қоршаған ортаның тұлғаны қалыптастыру мен оны тәрбиелеуге тигiзетiн ықпалын зерттейтiн педагогикалық бiлiм бөлiмi ретiнде мектептен тыс жүргiзiлетiн мақсатқа бағытталған процестi қарастыратын педагогика болып есептеледi. 
5-билет. Әлеуметтенудің негізгі ережелері мен маңыздылығын түсіндіріңіз
Жеке адамның қалыптасуы индивидтің әлеу-к мәдени жүйеге түсуі -бұл өте күрделі процес.Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Жек адамның әлеуметтену процесі әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың мұрат- мақсаттардың, ережелердің ж\е әлеу-к мінез-құлық білім алу, іскерлік пен дағды принципінің қалыптасу процессі.
Қазіргі кездегі әлеу-у концепциясы француз социологы Г. Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі –адамдар қарым-қатынасыныңтүбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы-оқушы қарым-қатынасын типті әлеуметтік қатынас деп атады.
Әлеу-у процессінің ерекшеліктері:
-әлеу-ң тек балалық шақ пен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рольдерді ж\е қажетті әлеу-к қасиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.
- жеке адамның әдейі ж\е әдейі емес , жасырын(латентті) әлеуметтенуі.Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақатығыса отырып, белгілі бір әлеу-к рольге тікелей енеді.екінші жағдайда әлеу-к құндылықтар жүйенің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешулі әсер береді.
- Бұл жеке адамның өз индивидуалдығын, өзіндік дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Әлеуметтену процесінің пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеу-к жағдайларға көңілінің, оның ,белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес , сыртқы ж\е ішкі факторлар ықпалымен ж\е жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтену адамның өмірлік кезеңдеріне қарай өзіндік ерекшелікпен жүреді. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ.
Әлеу-у процессін жүзеге асырудың маңызды институты ретінде отбасы мен б.б. мекемелері маңызды роль атқарады.Мектеп ж\е мектепке дейінгі жастағы балалардағы әлеу-ру процессінің мазмұны мен түрлері бірізді өзгеріп отырады. Жасөспірімдік ж\е жастық шақта әлеу-ру процессі айқын, қарқынды өтеді. Ересек жастағы әлеу-ру процессі біраз қиындық туғызады, өйткені бұл кезде тұлға қалыптасып, өзіндік көзқарасы мен өмірлік ұстанымдары тұрақталған болады.
Әлеуметтену процессін 2 жақты сипатта қарастыруға болады: әлеуметтік бейімделу ж\е әлеуметтік интеграция.
әлеуметтік бейімделу- тұлғаның өмір сүру ортасы болып табылатын әлеуметтендіру институтына, әлеуметтік топтар менмекемлерге, роьдік қызметтеріне, тұрмыс жағдайларына біртіндеп бейімделуі арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік интеграция- бұл, тұлғаның саналы түрде ішкі рухани өмірін , өмірлік құндылықтары мен әлеуметтік нормаларын байытып, жетілдіруі.
6-билет. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдеріндегі өзін-өзі тану ж\е өзін-өзі өзгерту жолдарын талдаңыз.
Әлеуметтену адамның әрбiр өмiрлiк кезеңдерiне қарай өзiндiк ерекшелiкпен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектiк шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену процесiн жүзеге асырудың маңызды институты ретiнде отбасы мен бiлiм беру мекемелерi ерекше маңызды рөл атқарады. Мектеп және мектепке дейiнгi жастағы балалардағы әлеуметтену әрекетiнiң мазмұны мен түрлерi бiрiздi өзгерiп отырады. Әлеуметтену процесi, әсiресе, жасөспiрiмдiк және жастық шақта айқын, өте қарқынды өтедi. Бұл кезде олардың қоғам талаптарына бейiмделуiне көпшiлiк ақпараттық құралдар, достары, бейресми ұйымдардағы жұмыстар, жастар арасындағы өзiндiк мәдениет, қарым-қатынас стильдерi әсер етедi. Ересек жастағы әлеуметтену процесi бiршама қиындық туғызады. Өйткенi бұл кезде тұлға дене және ақыл-ойы жағынан қалыптасып, өзiндiк көзқарасы мен өмiрлiк ұстанымдары тұрақталған болады. Қаншалықты талпыныс жасағанымен, бұрынғы әдетке айналып қалған әрекеттер мен дағдылар тұлға қалыптасуын кешеуiлдетедi. Әлеуметтену процесiн екiжақты сипатта қарастыруға болады: әлеуметтiк бейiмделу және әлеуметтiк интеграция. Әлеуметтiк бейiмделу - тұлғаның өмiр сүру ортасы болып табылатын әлеуметтендiру институтына, әлеуметтiк топтар мен мекемелерге, рөлдiк қызметтерге, тұрмыс жағдайларына бiртiндеп бейiмделуi арқылы іске асырылады. Мысалы, отбасындағы ерке өскен бала мектеп табалдырығын аттағаннан соң көп ұзамай әлеуметтік ортаның ықпалын бойына сіңірген қасиеттері арқылы байқата бастайды. Оған дәлел шолжаң да, тынымсыз баланың біртіндеп байсалды да өзгелер пікірімен санасуы оның болмысындағы өзгерісті аңғартады. Тіпті әлеуметтену институтының қызметкерлерінің өзі де ортаның рухани деңгейі мен талаптың қойылуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Тағы бір мысал, ерлі-зайыптылардың жыл өткен сайын көзқарастары өзгеріп, араларындағы қарым-қатынаста алшақтық байқала бастайды. Ал шындығына келгенде, олар бір-бірінің көзқарасы мен дүниетанымына дән риза және бір-бірін айтпай түсінісетін жағдайда болған секілді болып көрінген еді. Әйтсе де, екі адамның екі әлеуметтік ортада еңбек етуі, ондағы көзқарастар жиынтығы мен талаптың қойылуы олардың екі бағытта қалыптасуына ықпал етеді. Егер ерлі-зайыптылар арасында жүйелі ынтымақты қарым-қатынас орнап отырмаса, олардың көзқарастары екі түрлі болып шыға келеді. Сондықтан адам үнемі өз дамуы үстінде еңбектенуі қажет. Сонымен қатар, даму ортақ байланыста, ұқсастықта болуы үшін қарым-қатынастың орнауы маңызды. Ал әлеуметтiк интеграция - бұл, тұлғаның саналы түрде iшкi рухани өмiрiн, өмiрлiк құндылықтары мен әлеуметтiк нормаларын байытып, жетiлдiруi. Саналы түрде қоғам талаптарына сай өмір сүру мен соған лайықты қалыптасуды өздігінен ұйымдастыруы немесе талпынуы болып табылады. Әлеуметтік оқу. Әлеуметтену процесінде бала қоғам туралы, қоғамдағы қарым-қатынас, мінез-құлық нормалары т.б. туралы көптеген білімдерден хабардар болады. Сонымен бірге бала көптеген дағды мен қабілеттілікке ие болады. Бала 5 жасқа келгенде-ақ біршама білім қорын жинақтайды. Ол ең алдымен бөлме ішіндегі қалыпты қарым-қатынас пен әрекет ету нормаларын меңгере бастайды, яғни ол басын дыбыс шыққан жаққа қарай бұра бастайды, еңбектейді, талпынады, адамдарды таниды, күледі және т.б. Біртіндеп, ол даланы, ауланы танып бастайды. Бала алғаш тiлi шығып сөйлей бастағанда өзiн қызықтыратып айналадағы құбылыстар сырын бiлуге талпынып, көптеген сұрақтар қоя бастайды. Ол бәрiн де бiлгiсi келедi. Мұның өзi баланың өзi қоршаған ортамен байланысы арқылы әлеуметтенуге алғашқы қадамының басталғандығынан дерек бередi.Әлеуметтік тәрбие деп баланың немесе тұлғаның әлеуметтенуіне қажетті қоғамдық маңызды қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағытталған процестi түсінеміз. Тұтас алғанда, тәрбие индивидті қоғамның бір мүшесі ретінде сипаттайтын жеке адамның қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Әрбiр ата-ананың немесе тәрбиешiнiң бала тәрбиелеудегi әрекетi қоғамның талаптарынан келiп шығады. Осы тұста қазақ зиялыларының бiрi М. Жұмабаевтың мынадай сөзi бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзiндей етiп тәрбиелеуге тырыспауы керек, олар баланы өзiнен да күштi етiп тәрбиелеуi тиiс. Өйткенi олардың заманы ата-аналарының өмiр сүрiп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделi де талабы жоғары болатынын ұмытпағаны жөн».В. В. Зеньковский «Әлеуметтiк тәрбие, оның мiндеттерi және жолдары» деген кiтабында тәрбие уақыт сұранымына жауап беруi, адамдардың қажеттiлiгiне бағытталуы, әрi жаңа өмiр салтына адамдарды, дағдыларды, түсiнiктердi даярлауы тиiс. Мектеп әлеуметтiк мiндеттердi өзi шешетiндей жауапкершiлiктi алуы тиiс, тек бiлiмдi адамдарды даярлап қана қоймай, қоғамдық жұмысқа қабiлеттi адамдарды дайындауы керек деген ойды ұсынады. Сондай-ақ, мектеп ақыл-ой бiлiмiнiң органы болып қана емес, әлеуметтiк прогрестiң шынайы құралы және жұртшылықтың жоғары идеалын насихаттаушы болуы керек, - дейдi. 
7-билет. Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні мен мазмұны.
Әлеу-к пед-ң қызметінің объектісі –әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық,психикалық ауытқулары бар балалар да жатады.Әлеу-к пед-ң қызметінің мақсаты-баланы дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктер жасау.
Әлеу-к пед. қызметінің жұмыс ерекшелігі мен мамандану бағытына байланысты ол мынадай жүйені қамтиды :
Білім мекемелеріндегі әлеу-к пед-ң қызметі
Әлеуметтік қызметке мамандандырылған мекемелер
Муниципалды огандар қызметі
Мәдени- анимациялық қызмет
Валеолегиялық қызмет
Әлеуметтік педагог қызметі бірқатар бағытта мамандандырылады. Мамандандыру нақты бір әлеу-к ортаның қажеті мен сұранысынан туындайды ж\е маманның кәсіби, тұлғалық мүмкіндігіне де байланысты.Әлеуметтік педагог қызметінің мамандану түрлері:
Отбасылармен жұмыс жүргізетін әлеу-к педагог
Балалар ұйымдары мен мекемелерінің жетекшісі
Валеолог
Бос уақытта мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастырушы
Техникалық шығармашылықты ұйымдастырушы ж\е т.б.
Әлеуметтік педагог тұлғаның ерекшеліктерін айқындап, ішкі жан дүниесін іске қоса білуі тиіс. Әлеу-к пед. баланың әлеуметтік ортада алар орнын айқындай білуі керек
Әлеу-к пед-қ қызмет балалармен жеткіншектердің әлеуметтік шыңдалуына, қиындықты жеңе білуіне бағытталған іс-әрекет, негізгі ұстанымы-баланың адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру жатады.
Әлеу-к пед-ң негізгі қызметтері:
Тәрбие берушілік
Диагностикалық
Ұйымдастырушылық
Алдын ала болжау
Терапевтік
Реттеушілік
Қорғаушылық
Алдын алушылық
Бұл қызметтер белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Құралдарға барлық іс-әрекеттер, пәндер, құрал –саймандар, әдіс-тәсілдер, формалар мен технологиялар жатады.
8-билет. Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің мәні мен мазмұнын ашу.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.
Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.
Жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының бойынан адекватты көзқарас пен ізгіліктілігі, дүниетаным кеңдігі, кәсіби шеберлік, тұлғааралық қатынастардың жоғары мәдениеті өзара бірлікте көрінуі тиіс. Бұл оқу курсының мазмұнын ізгілендіру бағытын күшейту үстінде белгілі бір нақты бетбұрыстар мен бағытты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұнда оқытушының эмоциялық қолдау көрсетуі, зерттеуі, фассилитаторлық қызметтерді орындауы нәтижесінде пәнді оқытуға қажетті алғышарттар қалыптасады.
Оқытушының эмоциялық қолдай жасай білуі оның тек қана білімі мен тәжірибесінің молдығын дәлелдемейді, сонымен бірге оның әрбір студенттің өміріне, көзқарасына бей-жай қарай алмайтын ішкі жан дүниесінің байлығын да қажет етеді. Әрине, мұнда оқытушы дара болмысының көркіне ешқандай нұқсан келтірмейді. Ол жастардың өз қажеттіліктеріне деген құндылық бағдарларын тануға да мүдделік танытады. Студенттің жеке тұлғалық мәніне бағдарланған оқыту процесінде оқытушының өзін өте сыпайы ұстап, олардың кез келген сөзі мен әрекетіне түсіністікпен қарауға дайын болуды талап етеді. Әсіресе, студентпен қарым-қатынаста ең алдымен «эмоциялық көңіл - күймен алмасуына» баса назар аударғаны тиімді. Студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту парадигмасына сай болу үшін «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын педагогтың бойында мынандай сапалық қасиеттер болуы шарт:
эмпатия (өзгелердің сезімін түсіне білу);
құрметтеу (өзгелерді конструктивті тұлға ретінде бағалай алу);
шынайылылық (өз сезімдерін ашық білдіре алуы);
қарым-қатынас әдебі.
Студентке көрсетететін құрметінің педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студенттерді сыйламау (немесе теріс қатынаста болуына), студенттердің эмоцияларына, сезімдері мен ішкі толқынысына немқұрайды қарау «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысына мүлде жат қасиеттер. Студенттердің әрекетіне, сөзіне, қылығына жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасын білдіруде педагог барынша адал да табиғи болуы қажет. Жағымсыз қатынасын білдіруде оқытушы әдептіліктің шегінен шықпай, өз пікірін мүмкіндігінше студенттің жанын жаралап алмайтындай сөздермен жеткізгені абзал.
«Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының зерттеу қызметінің үш аспектісі бар.
Бірінші аспектіде сабақ үстіндегі топтық жұмыстарда қолданылатын оқыту тәсілдері мен түрлерінің жасау түрлерінің немесе оқыту тәсілдерінің тиімділігі зерттелінеді; Топтың өзара қарым-қатынасының дамуына, әр студенттің жеке тұлғалық сапаларының өсуіне, оқу процесіндегі аудиторияның мотивациялық дайындық деңгейіне талдау жасауы да осы кезеңге енеді.
Екінші аспект «Өзін-өзі тануды» оқытуда психодиагностикалық әдістерді қолдануы мен әрекеттерді орындауы жатады. Оларды пайдалана отырып оқытушы студенттердің даму процесін зерттеуші қызметін атқарады. Сол себепті де ол зерттеу міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде анықтай алуға, зерттеу үрдісін сауатты жүргізуге, этикалық талаптарды орындауға қабілетті болуы тиіс.
Зерттеу қызметінің үшінші аспектісі оқытушының өзін-өзі тану процесінде жеке тұлғаны дамыту технологиясын жүзеге асыруы кезінде анықталады. Өзін-өзі тану бағытында жүргізілетін жеке тұлғаның ресурстарын анықтау мен дамыту, рефлексияны анықтау жұмыстары кезінде байқалатын студенттің ішкі сезімдерінде болып жатқан елеусіз өзгерістер оқытушыдан нәзік сезімталдықты талап тетеді. Пән оқытушысы студенпен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, оның дамуын түзу жолға бағыттап отыруға міндетті. Ол осы әрекеті арқылы шын мәнінде студенттің дамуын үнемі қадағалап отыратын зерттеуші қызметін де мүлтіксіз атқарады. Фассилитаторлық қызмет оқытушының эмпатиясы мен шынайылылығына негізделген, студенттер тарапынан жағымды қабылданған «оқытушы – студент» қатынасының сапасынан айқын көрінеді. «Фассилитация» және «фассилитатор» ұғымдары (ағылшын тілінен аударғанда жеңілдету, көмектесу, қолдау деген мағынаны білдіреді) педагогикаға гуманистік психологиядан келген. К.Роджерстің айтуынша «оқушыны қабылдай алу – бұл оған белсенді түрде сенім білдіру мен оның адами мүмкіндіктеріне үміт арту». Эмпатиялық түсінік оқытушының студент әрекетіндегі реакцияны байқау, түсіну, сезіну қабілеті мен оқудың әрбір білім алушы үшін маңызын бағалауынан тұрады.
Жоғары білім беретін мектепте жүзеге асырыла бастаған оқытудың педагогикалық парадигмасы негізінде осындай педагогикалық ұғым пайда болды. Бұл процесте педагогтің басты міндеті – студентке жалаң білім берумен шектелмей, ең алдымен, студенттің білімді өздігінен меңгеруіне, оның жеке тұлғалық қабілеттерінің дамуына қажетті алғышартты қалыптастыру.
Педагогтың сараптау (кеңес беру) қызметі студенттің білімді де білікті, кәсіби шеберлігі шыңдалған шынайы ұстазға деген қажеттігінен туындайды. Шынын айтқанда, жоғарыда аталған талаптарға кез - келген оқытушының сай келе бермейтіні анық. Ондай оқытушы дәрежесіне көтерілу үшін педагогке базалық гуманитарлық білімге қоса, өзін-өзі жетілдіруге деген құлшыныс, шығармашылық ізденістер, рефлексияға бейімділік, суырып салмалық пен тапқырлық қажет. Мұның барлығы «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының жинақталған портретін құрайтын қасиеттерден тұрады (1-кесте).
Жалпы жақсы педагогтардың барлығына ортақ қасиет - олардың оқыту процесінде студентті субъект деп бағалай отырып, олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды өзінің кәсіби парызы санайтындығы.
1-кесте
«Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының тұлғалық портреті
Жеке тұлғаның жалпы сипаттамасы Ізгіниетті, жеңіл әзілге бейім, әділ, шыншыл демократияшыл. Эмпатияға қабілетті, жеке-дара студенттермен және тұтастай топпен орнықты байланысты жеңіл орната алады.
Топтағы әрекет Икемділік танытуға қабілетті. Өзінің біліктілігінің арқасында оқу материалдарын жеңіл де еркін меңгере алады. Сұрақ қоюға шебер. Студенттерінің өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауына әр кезде көмектесуге дайын екенін сезіндіре алады. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге деген құлшынысы мен ниеті зор. Студенттермен қарым-қатынас үстінде олардың өзін өзі тануына мүдделілік таныта алады.
Өзін-өзі қабылдауы Өзін-өзі оң бағалайды,оптимист, өзін-өзі қабылдай алады.
Өзге адамдарды қабылдай алуы Өзге адамдардың (студенттердің, әріптестерінің, басшылардың) әрекетіне толеранттылықпен қарау. Студенттермен қарым қатынасында «оларды құрметтеуге, толық сенуге және жоғары бағалауға лайық жеке тұлға» деп қарайды
9-билет. Әлеуметтенудің себептері ж\е олардың түрлерін атаңыз.
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады.
Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену: - адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi жағдайларынан; - адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы; - тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты бағытталған процесi арқылы; - адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге асырылады. 
Ковалева А.И. әлеуметтену нормасы 3 түрлі типін көрсетеді: идеальды; нормативті, шынайы жағдай .
Әлеуметтену нормасының идеалды типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идеалдармен анықталады. Бұл – шынайы жағдайдан алыс, бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манифест, саяси бағдарламалар, т.б. құжаттарда идеологиялық немесе тәрбиелеу мақсаттарында идеалды тип әлеуметтенуі қолданылады.
Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болуы керек, оған сәйкесінше әлеуметтік институттар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.
Шынайы әлеуметтену – қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы мүмкін. Ол адамның қоғамдағы орны, әлеуметтік мәртебесі, құндылығы, т.б. сияқты объетивті немесе субъективті себептердің әсері болады.
Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.
Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; Іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.
Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.
Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан  диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.
Әлеуметтенудің үшінші сферасы-жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік психология тұрсынынан, әсіресе, осы процеске жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік топтарға енуі қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Адамның өзіндік сана-сезімі оның қылығында қалай көрінеді, бұл қасиеттің қалыптасуына топтардың саны, немесе сапасы әсер ете ме деген сұрақтарға әлеуметтену процесін зерттеуде жауаптар алынуы қажет.
«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымның үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі), эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық (өзіне деген көзқарасы). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзн тұтас, бірыңғай адам деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтену барысында оның дамуы іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейту жайында әлеументтік тәжірибені әрқашан игеруімен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.
Өзіндік сана адам тұлғасының өзіндік, тереңдегі сипаттамасы болғанымен, оның дамуы тек іс-әрекет үстінде көрінеді: іс-әрекетте өзі тұралы елестерді біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.
10-билет. Жанұяның заманауи даму тенденциялары және оның қызметін дәлелдеңіз
Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады. Отбасы - тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер етеді: Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық жэне рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы. Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.  Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 1-тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғыдағы рөлі айқындалып келеді. Ол - отбасының әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы ең алдымен табыс табу мәселесінің шешілуімен байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау, ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады. 2-тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы, яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, отбасы өміріне ықпал жасауы Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған қоғамның балаларына қарасақ тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделі. Өйткені қазіргі компьютерлендіру заманында олардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі барған сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар, интернет желісін пайдалану және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда. Бүгінгі күнгі отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар өзгешелігі – олар дарынды да алғыр. 3-тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік рөлі. Бүгінде қазақ балаларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола бастады. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық және т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам талаптарына айналып отыр. 4-тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тенденциясы Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бала тәрбиесі - отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алған тәлім-тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата-ананың басшылығы арқылы жүзеге асырылады. Ата-ананың бала тәрбиесіне ықпал ете білу шартының бірі - олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым-қатынас баланы еріксіз ата-анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше.  Жеке бастың рухани және эмоциялық негізін қалау - отбасы тәрбиесінің мақсаты мен мәні. Отбасында баланың жан-жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай - еңбек. Бала еңбегінің негізгі түрі - оқу. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты түснуі - оның болашағына жол ашады. Кейбір отбасыларында тәрбиелік маңызы бар өзінше қалыптасқан дәстүрді байқауға болады. Осы дәстүр отбасындағы күнделікті еңбек әрекетін жолға салып, тәлім-тәрбие жұмысын жоғарылатып, жақсы сапаға жеткізеді. Баланы жан-жақты дамытып, ынталы, жігерлі болуын жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда, әсіресе, отбасының рөлі зор. В. И. Гребенников ұсынған отбасы қызметі өзге ғалымдар көзқарастырын толыққанды түрде қамтыған.
Оны төмендегідей құрамда керсетуге болады: 1. Отбасының ұрпақ жалғастырушылық қызметі; 2. Отбасының экономикалық қызметі; 3. Отбасының тәрбиелілік қызметі; 4. Отбасының қарым-қатынастық қызметі; 5. Отбасындағы бос уақытты ұйымдастыру және демалушылық қызметі
11-билет Әлеуметтік педагогиканың қызметін(теориялық-танымдық, қолданбалы, гуманистік) талдаңыз.
Гуманистік қызметі- адамның жеке қабілеттерін, мінезінескере отырып тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, шығармашылығын арттыру; дамуына жағдай жасау.
Теориялық-танымдық- қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың пайда болуы мен процесіне көңіл бөледі, оларды білімнің тереңіне үңіле түсіндіреді, білімді жүйелеп ситнез жасайды.
№12 билет. Ғарыш және оның адам өміріндегі алатын орны мен байланысын дәлелдеңіз.
Адам мен ғарыш өте тығыз байланысты. Ғарышқа апппараттар орнату арқылы адам:
Интернет қызметін ғарыштағы кеңістіктер, спутник арқылы пайдаланып отыр;
Күнделікті көріп отырған теледидар, естіп жүретін радиолардың станциялары ғарышта орнатылуы арқылы адам бүкіл әлемнен хабардар болып отыр;
Ауа райын да осы ғарыш арқылы біліп, күні бұрын дайындалып, қолданып отырмыз;
Басқа планета, ай, жерді зерттеу арқылы жаңалықтар ашып отырады;
Жер серіктерін ұшыру арқылы жердің хал-ахуалын картаға түсіріп зерттеуге мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ғалымдары: «Жердегі адамдардың өмір сүруіне қажет қор таусылғанда қандай басқа да планетада тіршілік ете аламыз?»-деген сұраққа жауап іздеуде. Бұрындары ХІХ ғ.басында ғарышты меңгерген елді бәрі мойындаған.
№13 билет. Әлеуметтенудің макрофакторларын дәлелдеңіз.
Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін жағдайлар жасауы. Әлеуметтенудің көптеген факторлары кездеседі. Әлеуметтену факторлары бір мезгілде жеке тұлғаны қалыптастырудың, ортаның рөлі туралы факторлары болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы қазіргі кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.
Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар Макрофакторлар — (космос, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет) планетаның барлық тұрғындарының әлеуметтенуіне әсер етеді немесе белгілі бір елде тұратын адамдардың өте үлкен тобы.
Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін. Қоғам - саяси-әлеуметтік түсінік. Ол еліміздегі адамдардың өзара әлеуметтік қарым-қатынасының, отбасының құрылымының, әлеуметтік, жас ерекшеліктің, кәсіби және т.б. реалды топтардың жиынтығы арқылы сипатталады. Қоғамдағы саяси идеология мен заңдар, өмір сүру ережелері және т.б. әлеуметтендіруге үлкен ықпалын тигізіп отырады. Әрбір қоғамда әрбір жас ерекшелігі кезеңіне қарай адамдардың әлеуметтенуі үшін арнайы жағдайлар қалыптасады. Бұл жағдайлар қоғамның экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени даму деңгейін анықтайды. Қоғамның экономикалық даму деңгейі бір жағынан оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін, өмір сүру салтын және өмір сүру сапасын анықтаса, екінші жағынан, әрбір адамның өмірлік өмір сүру стилін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Қоғам қаншалықты экономикалық тұрғыдан дамыған болса, бұл мүмкіндіктер соншалықты жоғары болады. Оның үстіне әлеуметтену процесінде адамның дамуы үшін мүмкіндік қолайлы болмақ. Мемлекет - саяси-құқықтық түсінік. Мемлекет - билік қызметтеріне ие болған қоғамның саяси буынының жүйесі. Ол қоғамды басқаруды жүзеге асыратын өзара байланысты мекемелер мен ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Мемлекетті де әлеуметтендірудің бір факторы деп қарастыруға болады. Өйткені оған халықтың, әрбір азаматтың дамуына және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын саясат, идеялогия, экономикалық және әлеуметтік тәжірибе тән. Мемлекет өз халқымен мақсатты бағытталған әлеуметтендіру процесін жүзеге асырады. Шет елде әлеуметтану проблемасын зерттеуші ғалымдардың ішінде Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Д.Г.Мид, А.Инкельс және т.б. атауға болады, Ресейде В.А.Сластенин, А.В.Мудрик, И.С.Кон, А.В.Петровский, Г.М.Андреева және т.б. бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі. Қазақстанда жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы әлі де жеткіліксіз зерттелуде. Кез келген қоғамдық құбылыс сияқты, ол көп қырлы проблема, сондықтан да көптеген ғылымдар зертейді: әлеуметтану, мәдениеттану, тарих, этнография, психология, педагогикажәне т.б.
№14 билет. Әлеуметтенудің макрофакторларының өзара қатынасы, олардың мезофакторлармен микрофакторларға әсер ету жолдарын талдаңыз.
Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін жағдайлар жасауы. Әлеуметтенудің көптеген факторлары кездеседі. Әлеуметтену факторлары бір мезгілде жеке тұлғаны қалыптастырудың, ортаның рөлі туралы факторлары болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы қазіргі кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.
Профессор А.В.Мудрик әлеуметтенудің негізгі факторларын 3 топқа бөліп қарастырады:


Макрофакторлар — (космос, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет) планетаның барлық тұрғындарының әлеуметтенуіне әсер етеді немесе белгілі бір елде тұратын адамдардың өте үлкен тобы.
Микрофакторларға - нақтьі адамдарға тікелей әсер ететін - жанұя, бір топ замандастары, микросоциум, әлеуметтік тәрбие іске асатын оқу, кәсіби, қоғамдық ұйымдар және т.б. жатады.
Мезофакторлар (мезо - “орта, орталық” ) ұлттың белгілері бойынша бөлінетін адамдардың үлкен топтарының әлеуметтену шарттары (этнос әлеуметтену факторы), өмір сүріп жатқан тұрғындардың орны мен түрлеріне қарай (аймақ, ауыл, қала, поселок); көпшілік коммуникация жүйелеріне қатысына байланысты (радио, теледидар, кино және т.б.);
Микрофакторлар, социологтардың айтуынша, адамның дамуына әлеуметтену агенті деп аталатын, демек, тікелей өмірі өзара байланысты іске асатын адамдар арқылы ықпал етеді. Мәселен, балалар мен жеткіншектерге қатысты әлеуметтену агентінің қызметін ата-аналар, ағалары мен апалары туған туысқандары, құрдастары, көршілер, мұғалімдер атқарады. Жастық шақ кезінде агенттің құрамына ерлі-зайыптылар, жұмыстас бірге оқыған, бірге әскери борышын өтеген әріптестері кіреді. Есейген шақта өз балалары, ал соңғы жылдары ғалымдар әлеуметтенудің микрофакторларына ерекше мән беруде, оның ішінде табиғи-географиялық жағдайларға, табиғи-географиялық жағдай тікелей және жанама түрде жеке түлғаның дамуына ыңпал ететіндігі дәлелденіп отыр.
Шет елде әлеуметтану проблемасын зерттеуші ғалымдардың ішінде Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Д.Г.Мид, А.Инкельс және т.б. атауға болады, Ресейде В.А.Сластенин, А.В.Мудрик, И.С.Кон, А.В.Петровский, Г.М.Андреева және т.б. бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі. Қазақстанда жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы әлі де жеткіліксіз зерттелуде. Кез келген қоғамдық құбылыс сияқты, ол көп қырлы проблема, сондықтан да көптеген ғылымдар зертейді: әлеуметтану, мәдениеттану, тарих, этнография, психология, педагогика және т.б.
№15 билет. «Құрдастар топтары», «субкультура» ұғымдарына анықтама беріңіз.
Балалардың өзінің қызығушылықтарына, жүріс-тұрысына байланысты болса да өз ортасын, араласатын достарын таңдап алады, бұл құрдастар тобы. Құрдастар тобын олардың автономды параметрлеріне қарай мынадай классификацияға бөлуге болады (Кон И. С., Мудрик А. В.): Топтық әлеуметтік жүйедегі орны мен құқықтық мәртебесіне қарай: - қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдар ретінде қабылданған ресми топ. Сонымен қатар, еш жерде тіркелмеген өз бетінше ұйымдасқан бейресми топ; - өз бетінше немесе ересек адамдарадың жетекшілігімен басқарылатын ұйымдасқан топ; - ұйымдық құрылымы мен мүшелері бар интституттандырылған және стихиялы түрде құрылған топ. Әлеуметтік-психологиялық статусына қарай олар мектеп сыныбы немесе достық компаниялар және т.б. болып бөлінеді. Топ мүшелерінің санына қарай олар: үлкен (кейбір спорттық командалардың жанкүйерлері мен фанаттары және т.б.) және кездескен кезде ғана көзқарастарын айтып, ой бөлісетін аз адамдар тобы болу мүмкін. Жастар тобының құрамы бойынша: жасы бірдей адамдар тобы, жынысына қарай: ерлер мен қыздар тобы және әлеуметтік құрылымына қарай құрылған топтар. Қарым-қатынас жасау уақытының ұзақтығына қарай: тұрақты, уақытша, кездейсоқ құрылған топ, бір рет кездесетін топ. Әлеуметтік кеңістігінің орналасуына қарай: мектепішілік, мектептен тыс (әлеуметтік-педагогикалық мекемелер шеңберінде қызмет ететін), аулалық, көше бойынша ұйымдастырылған топ. Өзінің құрылу мақсаты мен функциясына байланысты: көпфункциялы және монофункциялы, полифункциялы; Лидерлік типіне қарай: демократиялық және авторитарлық; Құндылық бағдарына қарай: әлеуметтік-жағымды, асоциалдық (маңызды әлеуметтік проблемалар басты орында тұрады) және антисоциалдық болып бөлінеді. 
Әлеуметтендіру процесінде құрдастар тобы мынадай қызметтерді жүзеге асырады: - ұйымдасқан қоғамды қалыптасқан нормадағы мәдениетке үйретеді; - жас ерекшеліктеріне қарай жыныстық рөлдерді игеруді білуге және меңгеруге үйретеді (қабылданған мінез-құлық нормаларына сай әр тұлға өзіне қажеттісін алады және кері әрекеттер сынға ұшырайды); - топ мүшелері этникалық, діни, аймақтық, әлеуметтік және кәсіби ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан мінез-құлық нормаларын үйренеді; - тұлғалық дербестігін алу мен жас ерекшелік және әлеуметтік бастамаға қол жеткізуде топ мүшелері арасында өзара көмек жұмысы іске асырылады; - топ мүшелерінің өзіндік санасының дамуы, өзін-өзі тану мен өзіндік әрекетін айқындау және өзіне сенімнің қалыптасуы үшін қажетті жағдайлар жасалады. Бұл қызметтер бағыттылық мазмұны мен тиімділік деңгейіне байланысты әртүрлі жүзеге асырылады. Ол көп жағдайда топ мүшелерінің жас және дара ерекшеліктеріне, сондай-ақ жыныстық ерекшеліктеріне, топтағы адамдардың кәсіби құрамына, діни, этникалық және әлеуметтік мүмкіндіктеріне байланысты болады. 
Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur-мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми жаңалықтарға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Бізге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездеседі. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады. Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көрсетуге болады: 1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ; 2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;3. Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табысқандар;4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.
№17 билет. Адамды әлеуметтендірудің жағымсыз жағдайының құрбанына айналдырған объективті және субъективті факторларды атаңыз.Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған дәлел жастардың осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсынуы, берік отбасын құруға біртіндеп дағдылануы және т.б. әрекеттерге қызығушылық танытып, ынтамен дағдылануға талпынуы бола алады. Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік талап қояды. Осы тұста Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру процесін қарастыра отырып, әлеуметтендірудің бастамасы қоғамға байланысты, әсіресе, ол әлеуметтендірудің субъектісі болып табылады дейді. Сондықтан ол адамды дәл өзінің талаптарына сай тәрбиелеуді қажететеді. «Әлеуметтендірудің міндеті - қоғамда жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөздігінде «әлеуметтендіру - бұл отбасымен және қоғаммен қарым-қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипаттама берiледi.Адам өзiнiң дамуы мен қалыптасуы барысында бiртiндеп толыққанды қоғамның мүшесі болады. Өйткені, олар қоғамның объектісі ғана емес, маңызды субъектісіне айнала бастайды. Қарым-қатынас процестерінің жиынтығы қоғам мен жеке әлеуметтік индивидтің қалыптасуына алып келеді.
Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы адам қоғамға өзін бейімдеп отыра алғанда ғана болады. Ал егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болады. Мысалы: казіргі уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде жақсы маман иелерi болған. Бірақ бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына байланысты, яғни қоғам талаптарына сай өз мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып отыр. Сонымен қатар адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар, медициналық қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және т.б. да баланың қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық, рухани соққы алу, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтiк ауытқуға алып келедi. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуында яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды. Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, субъектісі де және құрбаны да болады екен. Соның ішінде, әсіресе, мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бiрiздi де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. 
№18 билет. «Тану», «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзгерту», «өзін-өзі дамыту» ұғымдарына анықтама беріңіз.
Өзін-өзі тану ұғымына бір топ ғалымдар төмендегідей анықтама береді:
К.Маслоу: «Адамның өзін-өзі танып білуі – өзінің барлық тұлғалық мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін толық ашуға және дамытуға үздіксіз ұмтылысы». У.Джейме: «Адамның сыртқы дүние арқылы өзін-өзі тануы ол қарым-қатынаста, іс-әрекетті орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкіншілігін және қабілеттілігін көрсете алу. Ішкі дүние арқылы – уайымдау, сезім, арман, ой, қалау тағы сол сияқты ішкі дүниені сыртқа шығарып, тану үшін қызықты жұмыспен шұғылдану абзал». Ж.Маралов «Өзін-өзі тану» - бұл өзінің потенциалды және жеке бас қасиетін, интеллектуалды ерекшелігін, мінез-құлқын, өзінің қатынасын өзге адамдар арқылы өзін тану процесі». А.А.Бодалев: «Өзін-өзі танудың оптималды мүмкіндігі адамдармен қарым-қатынас негізінде көрінеді, ал субъективті маңыздылығы субъект жағынан құндылықтар қатынасымен қарастырды.Мұндай қатынас негізінің сапасында субъектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар және өзі жайлы білудің жиынтығы». С.М.Жақыпов: «Өзіндік тану, өзіндік сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзін-өзі дамыту тұлғаның өзін-өзі тануының алғы шарттары болып табылады». А.Т.Спиркин: «Адамның өзіндік сана-сезімі, адам қалыптасқан кезден басталады және ертедегі дәуірден кейінгі даму кезеңдеріне байланысты. Бұл көзқарасты қабылдасақ та, өзіндік сана-сезімнің айырмасы ретінде әлеуметтік-психологиялық мінез-құлық сана-сезімнің дамуына әсер етеді». Өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі жатады. Сара Алпысқызы Назарбаеваның ойынша: «Даналықтың шыңы , ол – махаббат, ал бақыт құпиясы – адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жетуі үшін шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.»
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1.      Ең алдымен өзіңді таны – Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді» - деген екен, яғни ең алдымен адам өзін тануы керек. Әр адам өзінің бойындағы жақсы және жаман қылықтарын сарай біліп, адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола біліп жақсы өмір сүруі керек . Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
Өзін-өзі дамыту.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі,яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсереткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус -қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердің, қасиеттермен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара әрекет күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуыньщ ішкі механизмі болып табылады.
№19 билет. Рухани дамудың факторларын талдаңыз.
Бала бойында табиғат үш кезеңнен тұрады да: Даму, Есею, Еркіндік арқылы мұғалім баланың табиғи байлығын, тұлғалық қасиетін аша алады. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты бала рухының ішкі қуатын, ой жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алады. Тұлғаның өзіндік ұстанымын, өмірлік көзқарасын, іскерлік дағдыларын анықтап, оны өмірде қолдана білуге, адамгершілік қасиеттерін сақтауға нарықтық қатынастың жаңа нысандарында өзін жоғалтып алмау мақсатында оның ішінде «Мен»-і әлеуметтік ортамен сәйкестендіре негізі нысана етеді.
Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баула көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет.
Мектеп оқушыларының рухани дамуына орта ықпал етеді. Сонымен қатар бала туылғаннан кейін ата-анасының тәрбиесінен өтеді. Сондықтан да ата-ананың рөлі баланың дамуына басты себепкері болып табылады. Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты – бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де тәрбиелі өседі. Ол үшін ата-анасының орны ерекше. Ал егер балаға, көңіл өлінбей ол жамандыққа бейім болып өседі. Ол үшін ата-анасының орны ерекше. Ал егер балаға, көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда келешегіне зиян келтіреді. Қашан да болмасын әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Келешекте қоғамды жақсы жағынан дамытып, көркейтуде керісінше құрбынға итермелеп жығуда қазіргі бұғанасы қатаймаған жас ұрпақтың иеншісінде болады. Ғалымдар бала ана құрсағынан бастап алған тәрбиесін, туылып жеті жасқа толғанша – ақ алып, тәрбиелеп үлгеретінін айтуда. Демек бала тәрбиесін біз ойлағандай есейе келе емес, одан бұрын басталмақғ Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Ол арна – рухани тәрбие.
20-билет. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығын дәлелде.
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам тәрбиелеу, ӛзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі. Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек ж еңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып кӛпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез -құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани -адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін -өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым -қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез -құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез -құлық нормала ры мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан кӛрінеді, моральдық ӛзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, ӛзара кӛмектесуі, сондай -ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез -құлық пен ӛзара қарым -қатынастың бӛлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық -экономикалық құндылықтарына жатады. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы –еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, ӛздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам ӛзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп кӛрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың кӛшет кезінен бастау алуы. Білім -ғылым болмағанда ӛскелең ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қаза қ халқының бала тәрбиесіне деген кӛзқарасының қырағылығы. Балалар адам ӛмірінің қуанышы, ӛмірдің мәні.Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана -сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата -бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің ӛзекті мәселелеріне айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім -тәрбиелік ойлар.Ұлттық ойындарымыз халықтық мұраларды болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл -ой жұмыс қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш -жігерін толық мәнінде кӛрсетуге әсер етеді.Еліміздің қоғамдық-экономикалық ӛміріндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік -мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.Бүгінгі таңда халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру ӛмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз. Сондықтан ата -баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасымен болашақ мамандарымызды сусынд ату жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады.Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сӛзін сӛйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны. Сондықтан барлық халықтың мақсаты ӛзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.Адагершілік тәрбиесі – белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастырудағы және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық, құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.Адамгершілік дегеніміз-қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез-құлқы. Іс-әрекеті, қарым-қатынас, көзқарастары арқылы сипатталады, әдептілік, меиірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік -әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті басқалардан айырмашылығы – адамның рухани байлығы мәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі - адамдардың бір-біріне, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы. Адамгершілік тәрбиесі мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшіліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу. Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен кӛркем амалдардың табылуы қиын. Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы болса, сәулесі - оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе -теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл білген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сіздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан -жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез -құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
21-билет. Рухани дамудың көздерін атаңыз.Ғылыми түсініктер беріңіз.
Рухани даму дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.Рухани өмірді зерттеуге Сократ, Платон, Гегель, З.Фрейд, А.Камю, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің «Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігінде» табиғи материалдық бастамалардан өзгеше затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, «затсыз, идеалды бастама» деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс - әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзіне сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт – кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бірітіп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана іске асады. «Ақыл – ой дегеніміз – рух» деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар, одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан – жақты, сан алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.Адам материалдық игіліктерді ғана тұтынып қоймайды, егер ол өз болмысын тек заттар өндіру мен тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз болар еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызықты, жан – жақты етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа сапасына жетелейді. Таптырмайтын керемет рухани дүниелері арқылы адамдар мәңгілікке қол созады. Егер материалдық игіліктер уақыт өткен сайын өз маңызын жойып, тозып, модадан шығып қалса, ал рухани қазына ғасырдан ғасырға жетіп, жаңа ұрпақтарды таңдандырады, сүйсіндіреді, рахатқа, ләззатқа бөлейді.Леонардо да Винчидің «Джоконда» атты суретінің салынғанына бірнеше ғасыр өтсе де жаңа ұрпақ оған таң тамаша қалудан танбайды. Руханилық күрделі құрылымы бар әлеу
меттік – мәдени құбылыс. Қазақ тілінде бұл мәселеге жан – жақты талдау жасаған С.Е.Нұрмұратов. Ол руханилықты адамның субстанциалдық өзегі ретінде көрсете отырып,оның білімділік, имандылық, моральдық, эстетикалық, философиялық, психологиялық, өнерлік, шығармашылық негіздерін түсіндірген.Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.Рухани өндіріс қоғамдық сананы, қоғамдық пікірді тудырады. Оның негізін қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе кері мағынасы бар әртүрлі құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар немее жоғарғы (абсолютті) құндылықтар және құрал – құндылықтар (инструментальді) құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар, оң және теріс сипаттағы (жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі салыстырмалы түрде екені белігілі, өйткені олардың бәрі адам өмрінің біртұтас әлемін құрайды» деп жазды.Қоғамдық сана қоғам заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен де тығыз байланысты.Қоғамдық сана – қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Бұл қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігін білдіреді.Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Қарапайым сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты.22-билет. Рухани адамгершіліктің көрінісіне сипаттама бер.
Рухани-адамгершілік тәрбие қарқынды түрде өзгеріске ұшырап отырған қоғамның нағыз қажеттілігі болып табылады. Өйткені, дәстүрлі құндылықтар негізінде ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамды рухани сауықтыру үшін адамгершілік тәрбиемен сусындаған азаматтар қажет.Жеткіншектер мен балалардың рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту мәселелерінің әлеуметтік өзектілігі және педагогикалық маңыздылығы айдан анық. Қоғамдағы өзгерістер салдарынан белгілі болған үрдістер жас ұрпақ өкілдерінің рухани-адамгершілік тәрбиесіне кері әсер етеді. Бұл олардың бойында тәуелді мінез-құлық қалыптасуына, ішімдікке, есірткіге, компьютер ойындары немесе ойын автоматтарына, жыныстық қатынасқа, жүгенсіздікке әуестікке, жастардың субмәдениетіне еліктіреді, олардың басым көпшілігі жеткіншек тұлғасы үшін жат әрекеттерге үйір болады.  Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі өкілдері жоғары азаматтық және адамгершілік қағидаттарға ие, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, зияткер ұлт қалыптастыру болып табылады. Білім беру арқылы біз өз қоғамымызда рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуымыз, сол үшін адам бойындағы туабіткен қабілеттерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік жасауымыз қажет. Барлық ағарту үдерісі субъектілері арасында рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын насихаттау бағытында департамент басшылығы түрлі шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып отыр. Олардың қатарына “Өзін-өзі тану” пәні педагогтері арасындағы аудиопритчті және “Балалардың игілігі жолындағы мейірімділік” тақырыбындағы балғындардың үздік шығармашылық жұмыстарының конкурстарын жатқызуға болады. Департаменттің ықпал етуімен, “Бөбек” қайырымдылық қорының бастамасымен қаламыздың 6 білім беру ұйымында ел жастары мен балаларына рухани-адамгершілік білім берудің нәтижелігіне мониторинг жүргізілді.Облыстың білім беру бөлімдерімен бірлескен жағдайда өткен жыл ішінде 9 шара өткізілді. Бұлардың қатарына “Адамзаттың рухани тәжірибесі” тақырыбында “Өзін-өзі тану” пәнінен өткен интерактивтік сабақты, балалар мен ата-аналардың бірлескен “Махаббатқа толы жүрек” шығармашылық фестивалін, “Өзін-өзі тану” пәнін енгізу бойынша білім беру ұйымдары мен органдардың қызметі” тақырыбындағы “дөңгелек үстел” отырысын жатқызуға болады. 2011-2012 оқу жылынан бері департаменттің бастамасымен қиын жағдайды басынан өткерген балаларға арналған “Адамның рухани-адамгершілік өсу мектебі” қанатқақты жобасын енгізу бойынша жұмыс басталды. Жобаның мақсаты – табысты тұлғаны дамыту үшін тиімді жағдай жасау, рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін құру. Жобаның жүзеге асу барысын қадағалау үшін жұмыс тобы құрылды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен бірлесе отырып, жоба қатысушылары арасында сауалнама жүргізілді. Осы заманғы жастар арасында рухани-адамгершілік құндылық жүйесі тәрбие, тұқым қуалауға бейімділік, әлеуметтік орта (отбасы және туысқандары, достары мен таныстары, білім беру мекемесі, еңбек ұжымының мүшелері) дүниетаным және отбасы құндылығы сияқты бірнеше факторлардың ықпалымен қалыптасады. СҚМУ және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесуімен балалар мен жасөспірімдер арасында құндылықтарды қалыптастыру үдерісіне ең көп деңгейде ықпалын тигізетін факторларды анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді: а) мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік дамыту мәселелері бойынша;б) қазіргі заманғы отбасылардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мәселелерін, тұлғалар арасындағы қарым-қатынас және балалардың мінез-құлқын қалыптастыруға отбасы ахуалының ықпалын анықтау. Осылайша жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша адам құндылықтарын қалыптастыру үдерісіне ең алдымен отбасы, оның дүниетанымы мен тәрбиесі әсер етеді. Отбасы құндылықтары, рухани-адамгершілік тәрбие мен дәстүрлер жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша департамент мүдделі мемлекеттік органдармен қатар 13 үкіметтік емес ұйыммен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Олар өткен жылы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту жөнінде конкурстар, мерекелер, фестивальдар, кеңестер, “Отбасыдағы менің мәселелерім”, “Әкелер мен балалар мәселесі”, “Отбасындағы жайсыздық және бала құқығының бұзылуы”, тағы басқа тақырыптарда интернет-конференциялар өткізді. Департамент отбасының қоғамдағы рөлін арттыруға қатысты “Отбасы. Мектеп. Қоғам – болашақ игілігі үшін” ведомствоаралық шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыруда. Көпұлтты Қазақстанды дамытудың маңызды этикалық және демократиялық қағидалары балалар мен оқушы жастардың бойына төзімділік қасиетін дарыту рухани-адамгершілік тәрбиенің маңыздысы болып табылады. Бұл азаматтық құндылықты орнықтыру еліміздегі келісімді сақтауға және діни немесе ұлттық тұрғыда мүмкін болатын қақтығыстардың алдын алу үшін қажет. Тек төзімді адам ғана қоршаған ортадағы шыдамсыздық мәселелерін басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмей, өзінің тұлғалық қалпын сақтай отырып шеше алады. Дүниетанымның өзгерістеріне бейім тұрғындардың ең белсенді бөлігі ретінде жастарды қоғамда және елімізде болып жатқан түрлі үдерістерден сақтап, құндылыққа бағдарлау қажет. Департаменттегі балалардың қоғамдық қабылдауы мектеп, колледж оқушылары мен олардың ата-аналарына арнап “Осы заманғы жасөспірімдердің білім және мәдениет қайнары”, “Тығырықтан шығар жол”, “Қазіргі жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру”, “Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы”, “Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қолдау” тақырыптарында ай сайын интернет-конференциялар өткізіп тұрады. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу – департамент қызметінің басым бағыты. Қоғамның болашағы – зиялы, саяси, мәдени деңгейі жоғары, рухани дамыған тұлғалардың қолында.
23-билет. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттерді атап көрсетКөшбасшы болу шеберлігін үйрету мүмкін емес, оған адамның тек өзі ғана үйрене алады.
Көшбасшы- халқын шын ықыласымен сүюімен қатар мына бес қасиет болу керек.
Біріншісі- жарамсақтануға жол бермейді.
Екіншісі- барлығын бағындырады.
Үшіншісі- адамдардың көңіліне сенім ұялатады.
Төртіншісі- жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады
Басшы-көшбасшы халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды.
Шынайы көшбасшының үлгілері
- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.
Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.
- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.
- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.
Шынайы көшбасшылық- тұлғаны рухани- адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі.
- Тұлғаның рухани- адамгершілік дамуы деген не?
Бұл өз мінезін кемелдендіру тілегі мен табандылығы.
- Кімнің ойы, сөзі және ісі бірлікте болса ғана, шынайы көшбасшы бола алады.
- Ойы, сөзі және ісі бір блған адамға біз сенеміз.
- Көшбасшының соңынан ерген адам үшін оның жеке басының үлгісі аса маңызды.
Көшбасшылық үдерісіке нелер жатады.
Болу; Істеу; Көру; Сөйлеу
Болу- бұл көшбасшылықтың көзі.
Істеу- бұл жеке үлгісіне негізделген көшбасшылықтың стилі.
Көру-(ұсақ белгісіне дейін көру).
Сөйлеу-(шабытпен, жұмсақ, сүйіспеншілікпен, жүректен жүрекке жеткізу).
Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты. Жалпыланған түрде осындай теориялардың бірнеше тобын бөлуге болады. Көшбасшы факторлардың қатары призмасынан құрастырылды. Біріншіден, «қабілеттер» – ақыл-ой, вербалдылық жәнет.б.. Екіншіден, «жетістіктер» – білім және спорт. Үшіншіден, «жауапкершілік» – байланыс, ұмтылыс, табандылық, қалаужәнет.б.. Төртіншіден, «қатысу» – белсенділік, кооперация, жәнет.б.. Бесіншіден, «дәреже» – әлеуметтік-экономикалықжағдай, танымалдылық. Ақырында, алтыншыдан, тұлғаның «жағдайлы белгілері». Көшбасшыға осы әрекет ету шегінде қажетті негізгі қасиеттерді атап өтейік: 1) істі аяқтауға деген өте күшті ұмтылыс және жауапкершілікке көзқарас; 2) мақсатқа жетудегі энергия мен табандылық; мәселелерді шешудегі қауіпке назар аудармау және алуантүрлілік; 3) алғыр ойлау; 4) өз-өзіне сену; 5) айналадағыларға әсер ету қабілеті, әлеуметтік қатынастарды құрылымдау қасиеті; 6) «өзіне» әрекеттер мен шешімдердің барлық нәтижелерін алу тілегі; 7) фрустация мен топ ыдырауына қарсы тұру қабілеті. М. Конвей көшбасшылардың топтарын бақылап үш көшбасшылық рөлді бөлді. Біріншіден, бұл көсем (топты «бағындыруға» тырысатын, бұл топ гипноздық жағдайда болады және көсем оны өзі таңдаған жол бойынша артынан ертуге тырысады-мысалы, Наполеон). Екіншіден, топ өкілі (халықтың ежелден қалыптасқан белгілі «дұрыс» пікірлерін білдіреді – мысалы, Т. Рузвельт).Үшіншіден, пікірлерді түсіндіруші (топ әзер түсінетін нәрсені алға қойып, сонымен әрекетеседі, әсіресе, оның жасырын қорқыныштары мен алаңдауларын).Өзіне тән саяси көрегендікпен және ұзақ мерзімге стратегиялық жоспарлау қабілетімен Қазақстан Көшбасшысы Еуразиялық одақтың перспективалық міндеттерін «бүгінгі және болашақтағы күрделі қатерлерге жауап бере алатын мегажоба» ретінде қарастырды.
24-билет. Көшбасшыға қойылатын адами және кәсіби талаптарды таңдаңыз
Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде. Адамдарды өзіне тартатын және сол арқылы маңызды істер шешетін адамдар санатынан болу үшін шынайы көшбасшыға керек қасиеттерді өз бойыңыздан іздедіңіз бе?  Менің айтқалы отырғаным келесі: егер сіз уақыт бөліп, ішкі дүниеңізде өзіңіз қалағандай, тіпті ешкімге айтпаған ең батыл армандарыңызды орындайтын, қаншалықты дәрежеде керекті қасиеттеріңізді өз бойыңыздан табалар едіңіз?  Бұл әркім өзіне қоюға тиіс шынайы сұрақ және әркім оған шынайы жауап беру керек! Егер толық деңгейде өзінің шынайы әлеуетін жүзеге асырғысы келсе. Көшбасшылық жөнінде Америкада ғана емес,  басқа да елдердегі атақты сарапшы,  INJOY GROUP – жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарлатуға көмектесетін ұйымның өкілінің бірі Джон Максвеллдің«Көшбасшының 21 міндетті қасиеті»атты кітабында жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап аласыздар.  Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады.  Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады.  Егер  ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз,  өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз.  Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады.  Ал бұл жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!!!Бірінші қасиет.  Мінез-құлық: жартастай берік бол!  Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет,  сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.   Бернард Монтгомери ,  британдық фельдмаршалҚиын өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады.  Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын,  адамды таңдау үстіне қоятын,  өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу.  Әр кез адам, жағымсыз салдарға апарса да,  мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі.  Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз.  Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?Мінез-құлық жай сөзге қарағанда көбірек нәрсе.  Кез-келген адам бүтін мінез-құлықпен және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады.Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз.  Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу.Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі.  Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп  едіңіздер ме?  Оның кілті әрине мінез-құлықта жатыр.Өзіңіздің айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қаншалықты сай келеді?  Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз?  Егер балаларыңызға концерттік орындау кезіне дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз?  Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма?Нағыз мінез-құлық дегеніміз -  ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы.Екінші қасиет.  Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады! Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін,  көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін.  Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті.  Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады.  Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек? Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді.  Егер адамдарды тартқыңыз келсе,  онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз.  Сіз араласқысы келетін адам қандай?  Ұрысқақ па?  Қасарысып қалған ба?  Торығудан шығалмайтындар ма?  Әрине, жоқ.  Сіздің сүйіктілеріңіз қуанады, наразылық етпейді. Бастысы өмірді сүйеді!!!Әр адамға бестік бағаны қою.  Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе,  сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы.  Бұл жақсы нәтижеге әкеледі.  Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді.  Джак Визельдің айтуы бойынша «Өздерінің күшіне байланысты миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады.  Осы іскер әйелдер мен еркектердің барлығыбасқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі.»Адамдарға үміт отын сыйлау.  Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп.  Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.Өзіңізбен және өзіңіздің қадыр-қасиетіңізбен бөлісу.  Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп,  оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз.  Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне айналсын.  Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек.  Шынайы харизма, өзін ойлаудан бұрын, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет!!!Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға салу.  Бұл харизма!Үшінші қасиет.  Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол істі адамдарды бос арманшылдардан ажыратады.Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса,  барлық уақыттарда өмір сүреді.    Иоганн Фридрих Шиллер, неміс драматургі және ақыныІске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық? Іске адалдықтың басы жүректе жатады.  Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе,  мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін, жүректің терең түбіне үңіліңіз.Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады.  Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – іс-әрекет.  Артур Гордон айтқандай : «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ. ».  Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?Іске адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді.  Көшбасшы ретінде сіздер – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыздар.  Алдыға жылжытатын жалғыз ықпал, сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.Өз мақсаттарыңызға жете аласыздар ма?  Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндіктеріңіз жететін нәрсені орындадыңыздар ма?  Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме?  Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!!! 
25-билет. Мемлекет әлеуметтенудің табиғи-географиялық факторын талдаңыз.
Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін. Табиғи-климаттық жағдай адамдардың өмірі мен әлеуметтенуіне тікелей және қосалқы әсер етеді. Географиялық және климаттық жағдай елдегі пайда болған қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңе білуге немесе жеңілділіктерге бейімделуге мәжбүр етеді. Мишель Монтень: «адамдар өздері өмір сүретін ортаның климатына байланысты азды-көпті жауынгер, азды-көпті ғылымға, өнерге бейімді болады», - деген. Географиялық жағдай мен ауа райы адамдардың орналасу тығыздығы мен баланың туылуына да әсер етеді. Мысалы, екі аралда өмір сүретін Куба мен Исландия елдерінің территория ауданы бірдей болғанымен, адамдар саны әртүрлі. Кубада адамдар саны Исландиялықтарға қарағанда 20 есе көп. Өйткенi климаттық жағдай елдегі адамдар денсаулығына да әсер етеді. Әрбір елдегі табиғи-географиялық жағдайлар мен сол елдегі халықтың сана сезімі тұтас алғанда жер көлемінің орналасуына орай аймақты құрайды. Олар тек климаттық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен экономикалық жағдайымен, мәдени ерекшелігімен де өзгешеленеді. Тіпті, олар сөйлеу қорында пайдаланылатын кейбір ерекше сөздерімен, сөйлеу мәнерімен, сөйлеу диалектісіндегі ерекшеліктермен айқындалады. Олар тіпті салт-дәстүрлері, тұрмыстық жағдайлары, тұрмыстық үй жиһаздарды таңдау талғамы, сәулет өнерінің элементтерінде де өзгешелікті сақтайды. Аймақтық жағдайлардың әлеуметтендіруге ықпалы әртүрлі сипатта болады. Аймақтың табиғаттық-климаттық жағдайлары адамның денсаулығына да өзіндік ықпал етеді. Ерте жастан суық аймақта өмір сүретін баланың денесінің суыққа шыныққан болуын қамтамасыз етсе, бұл аймаққа ересек шағында келген адамға ол біршама қолайсыздықтар мен денсаулығына бірқатар сырқаттар алып келуі мүмкін. Ыстық аймақтағы адамдардың дене қимылында біршама ширақтық пен шапшаңдық болуы мүмкін. Мінез-құлқына да ақжарқындық пен ашықтық тән болады. Сонымен қатар, аймақтың географиялық-климаттық жағдайы сол жерде мекен еткен халықтың мәдени және әлеуметтік-саяси көзқарастарының да өзгеше қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекет - саяси-құқықтық түсінік. Мемлекет - билік қызметтеріне ие болған қоғамның саяси буынының жүйесі. Ол қоғамды басқаруды жүзеге асыратын өзара байланысты мекемелер мен ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Мемлекетті де әлеуметтендірудің бір факторы деп қарастыруға болады. Өйткені оған халықтың, әрбір азаматтың дамуына және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтын саясат, идеялогия, экономикалық және әлеуметтік тәжірибе тән. Мемлекет өз халқымен мақсатты бағытталған әлеуметтендіру процесін жүзеге асырады. Мемлекет тікелей тәрбие беру мәселесін де жүзеге асырады. Өйткені «тәлім-тәрбие тұжырымдамалары» мен «білім беру заңдары» және т.б. тәрбие мәселесіне қатысты құжаттар мемлекет тарапынан қолдау тауып қаражатпен қамтамасыз етіліп, жүзеге асырылып жатады. Мемлекеттік тәрбие жүйесі өзінің құрамына көптеген тәрбиелік ұйымдарды қамтыған. Олар: 1. Әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелері (балабақша, жалпы білім беретін және кәсіби мектептер, лицей, гимназия, колледждер, курстар және т.б.); 2. Денсаулығы нашар балалар мен жасөспірімдер мекемелері; 3. Дарынды балалар мекемелері; 4. Әлеуметтік-мәдени және басқа да микроортадағы сауықтыру жұмыстарымен айналысатын ұйымдар (жеке, топтық жұмыстар және т.б.); 5. Бойында кемістігі бар балалар, яғни әлеуметтік және психикалық ауытқулар бойынан кездесетін балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер; 6. Балаларды қайта тәрбиелеу мәселесімен айналысатын мекемелер. Мемлекеттің немесе елдің табиғи-климаттық жағдайы ондағы өмір сүретін халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік әрекеттеріне едәуір ықпал етеді. Сонымен қатар ауа райы, яғни климат адамның белсендігіне де әсер етеді. Географиялық жағдай адамдардың тығыз орналасуына, бала туылуының санына, адамдардың денсаулығына және т.б. өзіндік әсер етеді. Елдің, мемлекеттің географиялық шекарасы, қандай мемлекеттермен көршілес орналасқандығы сол елдің экономикасына, саяси және мәдени деңгейлеріне әсер етеді. 
26-билет. Әлеуметтенудің этномәдени факторын талда.
Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік талап қояды. Осы тұста Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру процесін қарастыра отырып, әлеуметтендірудің бастамасы қоғамға байланысты, әсіресе, ол әлеуметтендірудің субъектісі болып табылады дейді. Сондықтан ол адамды дәл өзінің талаптарына сай тәрбиелеуді қажет етеді.Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады. Этнос - тұрақты мәдени ерекшеліктері бар, ұлттық сана мен мінезі, менталитеті бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Мінез-құлқы мен психикасының ерекшеліктері адамдардың этникалық болмысына сай екі құрамдас бөлімнен тұрады. Олар: биологиялық және этномәдени. Этнос - ұлттық-тарихи, әлеуметтік-мәдени құбылыс. Менталитет - белгілі бір табиғи-климаттық және тарихи-мәдени жағдайдағы адамдар тобына тән ұжымдық көзқарастарының деңгейі мен рухани байлығы. Этностың менталитеті қоршаған ортаны көре білу қабілеті мен қабылдай білу қабілетін анықтайды. Ұлттық менталитеттің адамның әлеуметтену процесіне әсерi қай жағынан болсын өте жоғары. Әсіресе, ұлттық менталитеттің отбасы тәрбиесіне әсері ерекше. Зерттеулер бойынша отбасы құруда жастардың шешімінен бұрын ата-ана рұқсаты керек пе дегенде 80% өзбектер керек деп жауап берсе, эстондықтардың 80%-ы керек емес деп жауап береді. Бұл ұлт менталитетінің бірдей ситуацияға көзқарасы мен оны қабылдай білу ерекшелігінiң бiрдей емес екендiгiн көрсетіп отыр. Менталитеттің тәрбиеге әсері де ерекше, әр ұлт өз ерекшелігі арқылы тәрбие мақсатын жүзеге асырады. Адамның этникалық немесе ұлттық ерекшелігін оның тілі, мәдениеті анықтайды. Әрбір этнос өзіндік психикалық қабілет пен ұлттық мінездің жиынтығынан тұратын ерекше болмысқа ие. Ұлттық психология бойынша мамандар бұл ерекшеліктерді ұлттық мәдениет арасындағы ерекшелікпен байланыстырады: дәстүр ерекшелігімен байланысты қалыптасқан еңбек ету түрлері, отбасылық қолайлылық туралы көзқарастары, сұлулық туралы көзқарастары, отбасылық бақыт туралы көзқарастары, көңіл көтеру ерекшеліктері, мейірімділікті түсінуі және т.б. Этникалық ерекшеліктер туралы айтқан кезде жекелеген индивидтің ғана ұлттық мінез-құлқы мен сипатын емес, көптеген адамдар тобынан тұратын ұлттың бейнесін түсіну қажет. Ол ғасырлар бойы және мыңдаған жылдар көлемінде этнос өмір сүретін табиғаттың ауа райына, әлеуметтік болмысқа, дін мен басқа да жағдайларға байланысты қалыптасады. Бұл жағдайлардың ерекшелік тереңдігі ұлттың ерекшелігіне қарай, оның әлеуметтік мінез-құлқы мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі ықпал етуі мүмкін. Әр елдердегі этносты әлеуметтендірудің әртүрлі деңгейіндегі факторы ретінде қарастыруға болады. Халқының негізгі бөлігі бір ұлт өкілдерінен тұратын мемлекеттерге макрофакторлық сипат тән. Ал мемлекетте негізгі ұлттың саны азшылық болатын болса, ол микрофактор болады. Мысалы, Ресейде, Өзбекстанда сол секілді басқа да көп ұлтты мемлекеттердегі азшылық ұлттар көп ұлттардың ықпалында дамиды. Сонымен қатар, аз ұлттармен қарым-қатынас та саны жағынан басым болып отырған ұлттардың әлеуметтік қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Өз елінде өмір сүрсе де, олар өзге ұлттардың ықпалының бар екендігін сезінеді. Этностар арасындағы әлеуметтену процесін екі топқа бөлуге болады: виталды (өмірлік және биологиялық-физиологиялық ұқсастығы жағынан байланыстың болуы) және менталдық (түпкі рухани қасиеттерінің жақындығы). Виталдықты әртүрлі жастағы адамдардың дене жағынан даму тәсілдері деп түсінген дұрыс. Бұл әртүрлі континенттегі адамдардың мәдениеті мен өмір сүру дәстүрлеріне сай әртүрлі көрініс береді. Мысалы, Азия елдері халықтарына тән тәсіл - емізу арқылы баланың денсаулығын мықты етіп қалыптастыру болса, Еуропалықтар үшін бірнеше айдан соң-ақ баланы омыраудан ажыратын тастайды да қосалқы тамақтармен қоректендіріп, олардың дене жағынан әлсіз болып өсуіне алып келетін ерекшеліктерді қалыптастырады деп сипаттама береді ғалым Ф. А. Мустаева. Соған сай әр ұлттың тамақтану ерекшелігіне байланысты оны қорыту мен күш алу көздері әртүрлі қалыптасады. Қазақ халқы етті тамақтармен қоректенсе, кейбір халықтар үшін ондай тағамдар тым ауыр, сіңірімі қиын болып келеді. Соған байланысты әр ұлт өз іс-әрекетімен де ерекшеленеді. Сондықтан балуандар мен қара күш иелері қазақта аз болмаған. Адамның әлеуметтенуіне сол халықтың ғасырлар бойғы тарихымен байланысты қалыптасқан ұлттық рухани болмысы мен менталитетінің үлкен маңызы бар. Біздің қоғамда әрбір ұлттың, халықтың әлеуметтік ортасының спецификалық даму ерекшелігіне орай қалыптасқан өзіндік менталитеті бар. Әр ұлттың менталитеті балалық шақтан қалыптасады. Оның қалыптасуы балада отбасындағы өмірімен байланысты ана тілін меңгеру процесінен басталады. Соның негізінде ұлттық құндылықтары, ұлттық ойлау жүйесі, мәдениеті мен өмірлік көзқарасы, дүниетанымы, әлемді танып білуі, өмірлік іс-әрекет ерекшелігі көрініс табады.
27-билет. Әлеуметтенудің табиғи-географиялық факторын талдаңыз.
Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін. Табиғи-климаттық жағдай адамдардың өмірі мен әлеуметтенуіне тікелей және қосалқы әсер етеді. Географиялық және климаттық жағдай елдегі пайда болған қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңе білуге немесе жеңілділіктерге бейімделуге мәжбүр етеді. Мишель Монтень: «адамдар өздері өмір сүретін ортаның климатына байланысты азды-көпті жауынгер, азды-көпті ғылымға, өнерге бейімді болады», - деген. Географиялық жағдай мен ауа райы адамдардың орналасу тығыздығы мен баланың туылуына да әсер етеді. Мысалы, екі аралда өмір сүретін Куба мен Исландия елдерінің территория ауданы бірдей болғанымен, адамдар саны әртүрлі. Кубада адамдар саны Исландиялықтарға қарағанда 20 есе көп. Өйткенi климаттық жағдай елдегі адамдар денсаулығына да әсер етеді. Әрбір елдегі табиғи-географиялық жағдайлар мен сол елдегі халықтың сана сезімі тұтас алғанда жер көлемінің орналасуына орай аймақты құрайды. Олар тек климаттық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен экономикалық жағдайымен, мәдени ерекшелігімен де өзгешеленеді. Тіпті, олар сөйлеу қорында пайдаланылатын кейбір ерекше сөздерімен, сөйлеу мәнерімен, сөйлеу диалектісіндегі ерекшеліктермен айқындалады. Олар тіпті салт-дәстүрлері, тұрмыстық жағдайлары, тұрмыстық үй жиһаздарды таңдау талғамы, сәулет өнерінің элементтерінде де өзгешелікті сақтайды. Аймақтық жағдайлардың әлеуметтендіруге ықпалы әртүрлі сипатта болады. Аймақтың табиғаттық-климаттық жағдайлары адамның денсаулығына да өзіндік ықпал етеді. Ерте жастан суық аймақта өмір сүретін баланың денесінің суыққа шыныққан болуын қамтамасыз етсе, бұл аймаққа ересек шағында келген адамға ол біршама қолайсыздықтар мен денсаулығына бірқатар сырқаттар алып келуі мүмкін. Ыстық аймақтағы адамдардың дене қимылында біршама ширақтық пен шапшаңдық болуы мүмкін. Мінез-құлқына да ақжарқындық пен ашықтық тән болады. Сонымен қатар, аймақтың географиялық-климаттық жағдайы сол жерде мекен еткен халықтың мәдени және әлеуметтік-саяси көзқарастарының да өзгеше қалыптасуына ықпал етеді. 
28-билет. Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімінің салауатты өмір салтына бағытталған іс-әрекетіне талдау жаса.
Салауатты өмірін сақтау проблемасының зерттеулерінің қортындыларына сүиенсек, елімізде соңғы жылдары  денсаулық көрсеткіштері нашарлап, халықтың табиғи өсу деңгейі және туу көрсеткіштері төмендеп, ауру мен өлім-жетім деңгеиі артып, демографиялық көрсеткіштері нашарлауда. Әсіресе балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, екі миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер асқынған ауру түрлері бойынша диспансерлік есепке тіркелген. Мемлекет үшін адамның денінің сау болуы немесе ауру болуы немесе ауру болуы қандайда бір нақты материалдық мәні бар құбылыс. Себебі, біріншіден, ауру адамға оның емделуі үшін қаржы бөлуі керек, екіншіден, ол адам жалпы ұлттық өнім көлеміне әсер ететін материалдық құндылық өндірмейді, немесе ол үшін басқа адамдар жұмыс істеуі керек, Яғни, қазіргі нарық заманында дені сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Еліміздің өндірістік потенциялы мен қоғаныс қызметіне тікелей кері әсер етіп отырған жағдай, елдің ертеңгі болашағы, мектеп түлектерінің денсаулықтарының ең төменгі деңгеиде болуы . Әскерге қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшілігі кері қайтарылуда.Адам денесінде әртүрлі органдарында  температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зертеулердің қортындыларына қарағанда, адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді. Алжабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша көп өзгеріске ұшырамай, тұрақты түрде болады.Салауатты өмір сүрудің екінші бір сипатты белгісі темекі шегуден, насыбайатудан бой тарту. 1.2.Салауатты өмірін сақтау, тұлғаны әлеуметтендірудің бір саласыЕжелгі грек филосыфтарының бірі Сократ, адамның табиғи қаблеттеріне мән бере отырып, салауатты өмір салтын сақтау жолдың адамның өзін-өзі  тануынан басталатынын айтады; Кімде-кім өзін танып білсе, ол өзіне ненің пайдалы екенін біледі және ол өзінің қолынан ненің келетінін, ненің келмейтінін анық ұғады. Яғни Сократ, адам өзіне ненің пайдалы ненің зиян екенін саналы түрде ұғына отырып, өз өмір салтын сақтау жөнінде айтып оты Алайда денсаулықты күту адам өмірінің ерте кезеңінен бастау алуы керек, ал жас баланың өзін-өзі тану қаблеті днңгейіне бірден жетпейтіні белгілі. Сондықтан, ойшылдар баланы салауатты өмір салтын сақтау жас кезеңінен бастап арнайы тәрбиелеу мұраты мен бағдарламасы жөнінде айта отырып., афиналық тәрбие дәстүрін дамытады. Ол жан мен тәннің бірлігін ескере отырып; дене үшін-гимнастиканы, жан үшін-әуенді, арнау қажет деп ұйғарады.Аристотель  баланы салауатты өмір салтын  сақтау және тәрбиелеу мәселесін олардың жас ерекшелігіне сәйкес белсенді дене қозғалысымен және дұрыс тамақтандыру  мәдениетімен байланыстырады. Ол өзінің Этика;политика; керектігі жөнінде жазады. Сонымен қатар баланы оның жасына сәйкес келетін тамақпен тамақтандырып, тазалық әрекетін және біртіндеп шынығуын қамтамасыз етудің қажеттігін айтады.Әбу Әли ибн-Сина тазалық талаптары  кодексін жасай отырып, мектепте  тамақтану, ұйықтау және оқу  рижимдерін сақтаудың маңыздылығын  атап көрсетеді. Ол салауатты  өмір салтын сақтау төмендегідей ұстамдарын негіздеп және бала жас кезінен бастап осы ұстамдарды ұстануды керек деп тұжырымдаған;       1.Табиғилығының  бір қалыптығын сақтау;       2. Тиімді  тамақтану    3.Денесін артық  заттардан тазартып отыру;    4. Дене құрылысын  тепе –теңдігін сақтау    5. Мұрын қуысын  арқылы дұрыс дем ала білу;    6. Киімнің қолайлы  болуы;    7.Рухани және  физикалық қозғалыстың бірқалыптылығы.Баланың денсаулығын  сақтау мен нығайтуда оның мінез-құлқын салмақтылыққа және орнықтылыққа тәрбиелеу  мәселесіне қатысты шығыстың жағымсыз қылықтар қалыптасып және ол өте тереңдеп кетсе оны басқа, онша зияны жоқ қылықтарға ауыстыру немесе ол қылықтан мүлдем арылту керек. Ол үшін денесіне әсер ету арқылы жаза қолдануға болады, алайда оған өте әуестенбеген жөн. Баланы өзінің және айналасындағылардың алдында кемітпеу үшін жеке жазалау қажет.Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімінің салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған іс-шаралар
2.1.Салауатты өмірін қалыптастыру іс-шаралары.        Әлеуметтану, психология-педагогикалық және медециналық зерттеулерде жан-жақты 0арастырылған. Осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектерге сараптама жүргізе отырып, салауатты өмір салты ұғымының мәнін анықтаудың үш түрлі тәсілін ажыратуға болады.Бірінші  тәсіл - Әлеуметтік өмір салттың, жалпы мәдениеттің бір бөлігін құрайтын, оны жан-жақты зерттеуге мүмкүндік беретін жүйе ретінде анықтайтын түсініктемелер. Екінші тәсіл – Денсаулықты сақтаудағы және нығайтудағы тұлғаның жеке қасиетіне негізделе жасалатын іс-әрекеттер тұрғысынан анықталады.Үшінші  тәсіл – Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған арнайы іс-әрекеттер түрі, тәсілдері, шаралар деп бөліп қарайтын анықтамалар жиынтығы. Әлеуметтік педагогиканың  салауатты өмір салтының маңыздылығы,  оның мүмкүндігімен анықталады.Т.С.Иманғалиевтің анықтауы бойынша оның негізгі қызметтері;                  -Физикалық және рухани қажеттіліктерді  қанағаттандыру;                   -Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;                   -Адамды денелік жағынан жетілдіру;                   -Рухани қызығушылықтарды, құндылықтарды, адамгершілік қасиеттері мен қажеттіліктерін дамыту.Әлеуметтік педагогиканың салауатты  өмір салтының өлшемдері-адамдардың қоғамдық-еңбек  қарым-қатнастарының, жан ұялық-тұрмыстық іс-әрекеттерінің жүиесі, адамның физикалық, рухани қаблеттерінің оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен бірліктегі және салыстырмалы түрдегі үилесімділікпен жан-жақты айқындалуы, адамның өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығына қарым-қатнасы. Біршама нақты болып әлеуметтік гигиенада пайдаланылытын популяциялық өлшемдер алынады; тіршіліктің орташа ұзақтығы, ауру-сырқау деңгейі, дене даму.Салауатты өмір салтты ұғымын  анықтауда негізгі екі факторды; жеке тұлғаның генетикалық табиғатын  және оның тіршілік әрекеттерінің  нақты жағдайларымен сәйкестігін ескерту қажеттілігін атап көрсете отырып; Салауатты өмір салт-адамның тұқымқуалаушылықпен берілген типтік ерекшеліктеріне сәйкес келетін және денсаулықты сақтау мен нығайтуға және адамның өзіндік әлеуметтік-биологиялық қызметін толық орындауын қалыптастыруға бағытталған тіршілік әрекеттерінің тәсілі-деп анықтама береді.2.2.Мектеп оқушыларына  салауатты өмір салты бойынша  білім беру өзектілігі.Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты-Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында салауаттану білім жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін жасау.Тұжырымдаманың тапсырмасына, салауаттану тұрғысындағы ғылыми білім жүйесіне және әдіснамалық ұстанымдарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес анықталады. Сонымен қатар,тұжырымдама үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауаттанудан алған білімнің көлеиін, төрөлшемін (Критерий) тиімділігін ғылыми негізде анықтауға мүмкүндік береді.Тұжырымдамада оқушыларды жалпы  білім беретін мектепте СӨС  тәрбиелеудің үш сатысын белгілейді.Бастауыш мектепте (1-4 сынып оқушыларына білім беру)- СӨС қалыптастыру теориялық және практикалық білімді, шиыршылықта,даму негізінде жасалады. Кезекті сыныпқа өткен сайын оқушының игеруге тиісті білім икемділігі және дағдылары күрделендіре түсуі қажет. Ұстаз тек істі жандандыратын әдістемелік әдістерді (ой-өрісін дамытатын және педагогикалық ойындар,әңгімелер, ертегісабақтар ғана меңгеріп қоймай, сауықтырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес негізгі әдістері мен тәсілдерін де) ЕДК, тыныс алу гимнастикасы,нүктелі уқалау, психотренинг,шыңдау және т.б пайдалана білу қажет. Негізгі мектепте (5-9 сынып оқушыларына білім беру) – Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бастауыш мектепте игерілген дағдыларды аянды етуге, салауатты өмір салтын тіршілік әрекетінің әдеттері мен таптауырыны түрінде жүргізуге, өз денсаулығын қоғамның рухани байлығы ретінде ұғынуға бағытталған. Лрта сыныптардағы салауаттанудан білім беру міндеті сабақтарда оқушылардың өз денесінің, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, тұлға аралық қатнас сипатын және өз мінез-құлықының ерекшеліктерін білуге жәрдемдесетін орта жасаудан тұр.Толық орта мектепте (10-11 сынып  оқушыларына білм беру) –аурулардың пайда болу себептерін, олардың сақтандырудың осы заманға әдістерін әлде қайда кеңірек және тереңірек алдап, әлеуметтік салауаттануды оқытып үйретеді. Сонымен қатар, республика көлемінде көпшілікке арналған басылымдар және оқушыларға арнайы жазылған оқулықтар дайындалып,таратылуда.Алайда біздің зерттеу жұмысымыздың барысында бұл құралдардың санының аз болуына байланысты жалпы халықтың және мектепте мұғалім мен оқушы сұраныстарының толық негізде басқару мәселесіне қатысты жарық көрген басылымдар.Жаңа ұрпаққа қажетті, бүгінгі  күннің талабына жоғарғы деңгейде  жауап бере алатын оқулық және  басқа да оқу-әдістемелік құралдарын  жасау қажеттілігі-мәселені теориялық негізде ұғынбайынша мүмкүн емес жағдай.Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүру салты интегратифті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетіне байланысты болады. Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы, материалдық рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез келген адамдарды жамандамау, біреуді біреугешағыстырмау,өзін ақылды деп санап басқаларды ақмақ ретінде көруден аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті дамуының көрсеткішінің категориясы. Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру салтының жоғарғы немесе төменгі деңгейде болуының әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады.Адамның психикасына, денсаулығына ағзаның функционалды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне қалыптасқан өмір салты мен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа ген арқылы беріліп арқылы беріліп отыруы мүмкүн. Міне, осыған байланысты салауатты өмір сүру салтының үш категориясы  болады.               1)Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүру деңгейі;               2) Әлеуметтікпедагогиканың салауатты өмір сүрудің сапасы;               3) Әлеуметтік педагогиканың салауатты өмір сүрудің стилі;      Әлеуметтік педагогикалық салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциялды болып келеді.      Әлеуметтік  педагогиканың салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз-әлеуметтік психологиялық категория-адамның қоғамдық орындарда (мектептерде ) өзін-өзі ұстап көрсете білуі.29-билет. Адамды тәрбиелеуде әлеуметтік топтардың әсерін талдаңыз
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Отбасы" Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
30-билет. Планета,әлем-әлеуметтенудің мегафакторлары ретінде дәлелде.
Планета,әлем-әлеуметтендірудің мегафакторы. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс,Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.Ең ірі планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі формалары қалыптасты.Әлем-біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының жиынтығын білдіретін әлеуметтік саяси ұғым. Әлем, - басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.Әлеуметтенудің даму процесі планетаның жағдайына әсер етеді.Бұл әсерлер,әсіресе,ХХғ.ауқымды планеталық әлемдік проблемалар ретінде бұқаралық ақпарат,биліктегілер мен көпшілікті ойландыра бастады.Олар экологиялық,экономикалық,демографиялық ,әскери саяси проблемалар.Бұл проблемалар жасөспірімдерді әлеуметтендіруде өз ықпалын тигізді.Мысалы:Жер шарындағы атомдық қаруды қолданудың қауіп тудыруы.
31-билет. «Өзін-өзі тану – руханиадамгершілік білім беру» бағдарламасының тарихи негіздеріне жоспар құр
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Адам тәрбиелеу, ӛзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі. Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек ж еңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып кӛпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез -құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани -адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін -өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым -қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез -құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез -құлық нормала ры мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан кӛрінеді, моральдық ӛзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, ӛзара кӛмектесуі, сондай -ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез -құлық пен ӛзара қарым -қатынастың бӛлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық -экономикалық құндылықтарына жатады. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы –еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, ӛздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам ӛзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп кӛрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың кӛшет кезінен бастау алуы. Білім -ғылым болмағанда ӛскелең ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қаза қ халқының бала тәрбиесіне деген кӛзқарасының қырағылығы. Балалар адам ӛмірінің қуанышы, ӛмірдің мәні.Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана -сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте заманнан келе жатқан ата -бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің ӛзекті мәселелеріне айналып отыр. Себебі ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік» ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім -тәрбиелік ойлар.Ұлттық ойындарымыз халықтық мұраларды болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл -ой жұмыс қабілетін қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш -жігерін толық мәнінде кӛрсетуге әсер етеді.Еліміздің қоғамдық-экономикалық ӛміріндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік -мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.Бүгінгі таңда халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру ӛмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз. Сондықтан ата -баба дәстүрімен тәрбиелеу, халық педагогикасымен болашақ мамандарымызды сусынд ату жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқу бағдарламалар тәрбиенің адамгершілік, зерделілік, тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін ескереді. Осыған байланысты білім беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих, қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық пәндер бірінші орында тұрады.Оларды зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық, имандылық пен азаматтылықтың көзі ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа қарсы әрекет ретінде қарастырылады.Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сӛзін сӛйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны. Сондықтан барлық халықтың мақсаты ӛзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.Адагершілік тәрбиесі – белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастырудағы және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық, құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.Адамгершілік дегеніміз-қоғамның, өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпы адамзаттық ұғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез-құлқы. Іс-әрекеті, қарым-қатынас, көзқарастары арқылы сипатталады, әдептілік, меиірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік -әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық мәдениеті басқалардан айырмашылығы – адамның рухани байлығы мәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі - адамдардың бір-біріне, қоршаған табиғатқа қарым-қатынасы. Адамгершілік тәрбиесі мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшіліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу. Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен кӛркем амалдардың табылуы қиын. Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: Күн – адамның рухы болса, сәулесі - оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе -теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл білген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, одан соң жас балдырған жеке сіздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді.Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан -жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез -құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
32-билет. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, әсіресе келешек ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сұрағы өзекті болып тұр.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді деген. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспағанда, бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жас өспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың болуына әсерін тигізеді.
Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров, А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады.
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн психологиялық зерттеулерінде балаға жеке-бағытта жақындап келуді ұсынады. Олар баланы субьект ретінде қарап, басқа адамдармен қарым-қатынаста және байланыста қалыптасқан мінез-құлқын анықтауға болады деп қарады. Сондай жақын келу бала бойында жан ашу, іске араласу, бірге күйзелу сияқты адамгершілік құндылықтарды сынауға мүмкіндік береді. Бұл адамгершілік сапалары қарапайым адамгершілік нормаларды саналы орындаудан, қоғамдық ортадан адамгершілік тәртіпті игеруден басталады.
Адамгершілік құндылықтарды танып, өзін-өзі айқындау әртүрлі бағытта ғылыми салаларда зерттелген.
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуы оның өмірдегі ең ірі өзгеріске кездесетін сәті балабақша табалдырығын аттауынан басталып, оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.
Көп жағдайда біз баланы, жеке тұлғаны өзіміз қалағандай етіп жасауға тырысамыз. Балаға табиғат берген табиғилықтан бұрын жасанды қасиеттерді бойына сіңіртіп, ең соңында сол әрекеттен аластауын қалаймыз. Мәселен, бала өмірге келген күннен бастап, біз баланың қалауынша емес, өз қалауымызша қарым-қатынасқа түсеміз. Бала «көрейін, ұстайын, жасайын» деген кезінде, тағы да ерік бермейміз. Ал оқу, үйрену қажет кезінде қызығушылық бала бойынан көріне қоймайды. Ол кезде енді ата-ана да, педагог те балаға күштеп оқытуға, үйретуге тырысады. Бұл жағдайда баланың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі айқындауы көрінбейді. Тек педагогтің, немесе ата-анасының бағыт көрсетуімен ғана әрекет етеді. Бұл ешқандай жаңа технологияны, ешқандай жаңашылдықты жүзеге асырмайды. Сондықтан бала тәрбиесінде баланы өзіміздей болғанын емес, өзінің қалағанын, тілегенін жасауға жағдай жасасақ, оны тәрбиелеуге кедергі жасамаймыз, тек тәрбиенің бала бойында қалыптасуына жағдай жасаймыз. Бала өзінің жеке тұлғалық қасиетін, «мен» тұжырымдамасын көрсете алады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру.
Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуда «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні ерекше зор. Өйткені, бұл — кіріктірілген бағдарлама.Оның концептуалдық негізіне философия, педагогика, психология ғылымдарының әдістемелік ұстанымдары енгізілген.Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.
Аталған пәнде баланың рухани дүниесін дамытуға көңіл бөле отырып, тәрбиені құндылық бағдарға, «субъективті» қатынасқа негіздейді.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі.Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде балалардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педогогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Балалардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім-біліктері, қабылдауы,түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекетіне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп дамып отырады. Пәнаралық байланыс балабақшаларда білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде ерекше әрі маңызды роль атқарады. Пәнаралық байланыстар үшін, негізінен, оқу-интеллектуалдық, практикалық іскерліктердің орны ерекше. Ал, оқу-интеллектуалдық іскерліктер-ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру мен жүзеге асырылатын әрекеттер жүйесі.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізі дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен- бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындылығын өмір көрсетуде. Негізінде, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір- бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты- пәнаралық байланыстағы ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Пәнаралық байланыс кезінде материалдың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру- ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді балалардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс балалардың меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде балалардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы балалардың оқу-танымдық қызметі мен тәрбиешінің оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Пәнаралық байланыс балалардың әртүрлі пәндерден алған білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына серпіліс туғызып, таным қызметіне шығармашылық сипат беру деп тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің психологиялық және физиологиялық негізін ми қыртысының жүйелік принципін ескергенде ғана жүзеге асады
Пәнаралық байланыс арқылы балалардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Пәнаралық байланыс ең алдымен балалардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Балалардың іс — әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді.
33-билет. «Ішкі тыныштық және қиянат жасамау- тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі» тақырыбында эссе жазыңыз.
Ішкі тыныштық ол адамның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі үйлестіруі, жан дүниенің тыныштығы, рухани қасиеттерінің жиынтығы. Ішкі тыныштығын ойлаған адам, ешкімге жамандық ойламай, тек жақсылық тілейді. Өз бойындағы адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытып, төзімділік, сүйіспеншілік, мейірімділік, түсініспеншілік,қайырымдылық қасиеттерін үйлестіре білуі керек. Ешкімге қиянат жасамауы, ренжітпеуі керек.Көңіліне тиетін нәрсе істеп,көре алмаушылықты көрсетпей, оны тыйа білуі керек. Керісінше қарым-қатынасқа түсетін адамның бойынан жақсы қасиеттерді де көре білуі керек. Басқаларға өтірік айтпай ж\е қызғаншақ болмау керек, бұл өте нашар іс-әрекет.
Жеке тұлға болып қалыптасатын адам «ішкі тыныштық пен қиянат жасамауды» байланыстыра білуі керек. Ішкі тыныштық әрбір адамның ішкі жан -дүниесінің көрінісі. Ішкі тыныштық ж\е қиянат жасамау тұлғаның дамуында ерекше орын алады. Адам рухани жағынан өте терең, әрі нәтижелі түрде қалыптасады.
34-билет. 34. Мұғалім еңбегінің профессиограмма түсінігіне 3-4 анықтама беріңіз.
Профессиограмма ұғымы педагогикалық әдебиеттерде XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында енгізіліп, қазіргі кезде оның мұғалімдік қызметтің сипаты мен оған қойылатын талаптарды жинақтаған құжатқа айналып отыр. Профессиограмма ұғымы – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Профессиограммада көбіне тұлғалық тұрғыдан талаптар көрсетіледі. Осының негізінде профессиограмманың құрылымы мен мазмұны мынадай болады:
1. еңбектің пәні мен негізгі нәтижелері беріледі;
2. еңбектің нақты адамның игілігіне бағытталғандығын баса көрсету;
3. мамандықтың нақты бір құрамдас бөліктерін ажыратпай, оның сипаттамалық жүйесінің тұтастығын сақтай отырып, басымды құрамдас бөлшектерін көрсету;
4. мамандықтың практикалық бағыттылығын көрсету;
5. мамандықтың құралдары арқылы адамның мүмкін болатын даму сызығын, мамандықтың өзінің перспективалық өзгерістерін көрсету;
6. тұлғаның мамандықпен толықтырылмайтын сипатын көрсету.
Мұғалім профессиограммасы оның имиджін қалыптастыруда негіз бола алады деуге болады. Өйткені еңбекке орналасушы тұлға туралы алғашқы ақпарат иегері болатын профессиограммада мұғалімнің толықтай тұлғалық сипаты мен оның мүмкіндіктері көрсетіліп, болашақтағы дамуының анық жолдары нақтыланған мазмұндағы бағдарлық сызықтар беріледі.
Біздің жағдайымызда көрсетілген профессиограммалық талаптарға сай бастауыш мектеп мұғалімінің профессиограммасының мазмұнына  жалпы мыналарды қосуға болады: мұғалімнің жалпы қызметтік функциясы, оған  қойылатын талаптар, педагогикалық шеберлік. Бастауыш мектеп мұғалімінің профессиограммасында оның қойылған мақсатқа жетудегі оңтайлы жолдарды таба білуі, білім мен білігінің кең болуы сияқты кәсіби қасиеттері аталады. Бұл жағдайды педагогикалық имиджелогияда педагогикалық қызметтегі біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру деп қарастырады: мақсат қоюдан бастап, оқушыларға кең көлемде әсер ету қабілетіне ие болу және де өз жұмысының  барысын оқушылардың оқытылуы мен тәрибеленуінің соңғы нәтижесіне жеткенше бақылап отыру. Сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық міндетіне  оқушының мұғалім әсеріне дейінгі даму сипаттамасын білуді де қосады. Мұғалім өзінің оқушысының психикалық күйін үнемі бақылап отыруы тиіс.
Инновациялық іс-әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, исихологиялық, әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті-қызметтік, жүйелі-қызметтік, әлеуметтік-психологиялық, жеке-шығармашылық. Антор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы (Б.Мор, Э.Роджерс, И.Шумпетер) білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын (талдау, жоспарлау, даярлау, қолдану) жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуі (диффузия мен рутинизация) сияқты құбылыстарды басшылыққа алу керек деп көрсетеді.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімнің профессиограммасын жасау - қазіргі кездегі психология, педагогика, социология ғылымдарының өзекті міндеттерінің бірі болып саналады. Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым-психологтар, педагогтар (Н.В.Кузмина, В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев. Л.Ф.Спирин, М.Н.Сарыбеков және т.б.). В.А.Сластениннің пікірі бойынша педагог профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1. Қоғамдық-саяси сапалар.
2. Әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке сапалары.
3. Психологиялық және педагогикалық дайындық.
4. Мамандық бойынша кәсіби дайындық.
5. Пән бойынша дайындық.
Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б.) пікірі бойынша педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру қажет.
34-билет. «Әлеуметтенудің микрофакторлары» тақырыбына қықаша баяндама жазыңыз.
Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастары, микроорта, әр-түрлі ұйымдар жатады.
Отбасы-әлеуметтендірудің маңызды институты, ол өмір сүрудің жеке ортасы мен туылғаннан өмірінің соңына дейінгі тіршілігінде адамның дамуын анықтайды.
Бала өмірінің алғашқы жылдарында тұлғаның адамгершілік болмысы мен өзіндік санасының ж\е эмоционалдық әлемінің қалыптасуында отбасы шешуші мәнге ие.
Тәрбие институттары-нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға н\е нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты, жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйым. Бұл ұйымдардың көбі өскелең ұрпақ тәрбиелеу мақсатында құрылады. Олар: қоғамдық-мемлекеттік, мемлекеттік, діни ж\е әртүрлі типтегі жекеменшік оқу-тәрбие мекемелері; балар мен жасөспірімдердің қоғамдық-саяси ж\е клубтық ұйымдары ж\е т.б.
Адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие институттары екі жақты роль атқарады. Біріншіден, әлеуметтендірудің бір бөлігі әлеуметтік- бақылаушы ретінде әлеуметтік тәрбие берушілік рөлді атқарса, екіншіден, кез келген қоғамның мүшесі ретінде тәрбиеленушілер оларға ықпал етеді.
35-билет. «Жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыру аясында жүргізілетін топтық шығармашылық іс-әркеттің технологиясы» - тақырыбында сызба құрастырыңыз.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытына мектептен тыс білім беру мекемелері қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысы атқарылуда.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
36-билет. Театрландырылған концерттің сценарийлерін құрыңыз
I - жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! (Әнұран)
І – жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні, Күннен – күнге асар ма екен айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім.
І – жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
ІІ – жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
І – жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
ІІ – жүргізуші: Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 20 жыл толып отыр. (пауза жасалады.)
І – жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
ІІ – жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. ...Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл... (дауыс, фон) Нұртуғанның термесі «қанекей тілім сөйлеші» 1.Осы жерде терме орындалады. 2.Термені айтқан адам Абыз кейпінде Тілді аманаттайды. Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім. Төле би: Жасыма! Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар! Тау көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар, Сөз қадірін біліңдер!
ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін... Қазыбек би: Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады. Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да Уақыты жеткенде Қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 3.8 – сынып оқушысы «Қазақ тілі туралы» өлең оқиды.
І – жүргізуші: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! ІІ – жүргізуші: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! (Пауза жасалады.)
І – жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші: Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. І – жүргізуші: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
ІІ – жүргізуші: Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.
І – жүргізуші: (қонаққа сөз беріледі) Құттықтау сөз Еремина Любовь Феодоровна 1. орыс,ағылшын тілінде өлең оқылады 2. ән «Құс жолы»
І – жүргізуші: Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
ІІ – жүргізуші: Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
І – жүргізуші: Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
ІІ – жүргізуші: Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
І – жүргізуші: Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
ІІ– жүргізуші: Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай, Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
ІІ– жүргізуші: Тіл мерекесі аясында ұйымдастырылған шараларға атсалысып, қатысуларыңыз сұралады. Жоспармен таныстырып шығу. Ән «Атамекен»
І – жүргізуші: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші: Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз. Адам кез келген өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мұқтаж болады. Қарым-қатынастан шектелген бала өзінің коммуникативтік дамуында өз құрдастарынан кешеуілдеп қалады.Балалардың қарым-қатынасқа деген мұқтаждығы жоғары болғанымен, шын мәніндегі достық пен бейресми бірлестіктер жасөспірімдік жаста пайда болады. Бұл жаста бала өзін тұлға ретінде сезіне бастайды.Өзіндік «мен» концепциясы күрделене түседі.
37-билет. Әдеби-музыкалық композиция құрастырыңыз.
Әдеби-музыкалық композиция – белгілі бір тақырыпқа немесе тұлғаға арналған кешенді іс-шара. Сценарийі әдеттей белгілленген бір ретінде орналасқан қызықты мәліметтерден, поэтикалық және музыкалық үзінділерден құрылады. Дұрысы кітап-иллюстрациялық көрмесін безендіру, сәндік-қолданбалы, кескіндемелік өнердің экспозициясын дайындау. Егер мүмкіндік болса, - компьютерлік бетсалымды пайдалануға болады. Интерьердің безендірілуі қатаң және жайлы болуы тиіс; журнал үстелшесі, бірнеше орындық пен банкеткалар.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ару қыздар алаулап от кешкендер» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары мен  Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары, ұстаздар мен  кітапханашылар қатысты.                                         Қазақ халқы әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, XX ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапса, сонымен қатар аты аталмай жүрген қаншама қаракөз  қыздарымыз бар еді. Міне осы аруларымызға арналған  әдеби-музыкалық  композицияны  кітапханашы Амиркулова Г.Е. жүргізді. Ал Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушылары   кеш қонақтарына батыр қыздарымызға арналған ерліктеріне құрмет ретінде жазылған ақындарымыздың жырларын оқырмандар жүрегіне сыздата жеткізе білді. Соғысқа өз еріктерімен аттанған аруларымыз туралы «1941 жылы соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді?»  сахналық көріністе   батыр қыздарымыз соғыс жылдарында басынан кешкен қиын шақтарын естеріне алып, сұм соғыстың бейбіт өмірде  де жайлы өмір сүруге кедергі болғандығы жөнінде толғады.
    Сондай-ақ іс-шараға Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары Көбдік Диана, Әділдаев Азамат пен Алғабасов Рауан  әсем әндерін сыйлап, патриоттық рух пен жігер берді. Кітапханашы «Ұлы Жеңіске мың тағзым»  атты кітап көрмесіндегі  тарих пен  көркем әдебиеттерге шолу жасады. 
 38-билет. Мәдени мекемелерде тақырыптық кештер өткізу үшін сценарий құрастырыңыз.
«Өнерге қанат қаққандар»  атты концертіне арналған сценарий
Сынып жетекші:  Қош келдіңіздер, қадірменді ұстаздар,  ата-аналар, оқушылар және өнер сүйер көпшілік!Бүгін, сіздер менің шәкірттерімнің сынып аралық концертін тамашалайтын боласыздар.Сейтек салған сара жолӨнерге тартқан дара жолПернелер қуып сырғыйдыКөкейден туған дана жолОркестрдің күмбіріКең даламның дүбірі Өз оқушыларымнан құралған оркестрдің орындауында :
1.Сейтектің күйі «Той бастар»2.Халық күй «Келіншек»
1-жүргізушіҚадірменді өнер сүйер қауым !Өнер десе ішкен асын жерге қоятынбауырмал ағайын !
2-жүргізушіҚұрметті қонақтар ата-аналар , оқушылар, өздеріңізге арналған«Өнерге қанат қаққандар» атты сынып концертімізгекезек берейік.
1-жүргізушіЖалпы, кештің мақсаты : Жас ұрпақтарды шығармашылыққа баулып, оқушылардың бойындағы өнерімен талабын арттыра түсу.
2-жүргізуші :Өнер десе елең етпейтін пенде жоқ. Қазақ деген елдің құшағы кең , мейірімі жүректі елжіретер , пейілі дархан , өнері ұшаң – теңіз.
1-жүргізуші :Өнер десе елең дейтін халықпыз,Өнер бар да шалқыған Ақ Жайықпыз.Әнсіз – күйсіз өткен тойы Қазақтың,Көрінетін секілді-ау қызықсыз.
2-жүргізуші:Күй атасы Құрманғазы атамыз,Күйлеріне тәнті болып жатамыз.Динадайын шәкірті бар тектінің,Өнегесі азық бізге жақсының.
1-жүргізуші:«Өмір – дастан, бала жастан»,- демекші домбыра бөлімінің1 сынып оқушыларының орындауында Ә.Қонысбековтың күйі «Көксерек»
2-жүргізуші :Директоры мектептің,Композитор ағамыз.Әндері мен күйлерін,Жаттап лезде аламыз.Ізін басып ағаның,Бізде сіздей боламыз.
1-жүргізуші :«Құтты болсын Наурыз», орындайтын 4 сынып оқушысы Байсейт Ақбота
І-жүргізуші:Қуанады үлкен – кіші, жауған қарға даладаҚұдіреті күшті табиғат, таң қалдырмай бола ма?Жаңа жауған ақ ұлпа жаңа жылды келтіріп ,Бір жылға үлкейгенін сезінді жас бала да
ІІ-жүргізуші :Домбыра бөлімінің 1сынып оқушысы Серік Нұрбақыт күй «Ақша қар»
І-жүргізуші:«Домбыра сен де мін бар ма ?Мінсіз болсаң тіл бар ма ?Тіл жоқ деуге бола ма,Тілден артық үн бар да?Домбыраның күші мол,Көмейінде күй бар да», — депті ақын І.Жансүгіров атамыз.
ІІ-жүргізуші :күй — «Қобызшы қыз»,Орындайтындар оқушылар Әбдіжан Ботакөз ,Таир Досым , Рахман Аяулым.
І-жүргізуші:Биле, жаным , ойнашы,Ойнағанды қоймашы.Қайтып келмес жастығың,Мың бұралып ойнашы .
ІІ-жүргізуші :5 сынып оқушысы Лес Айгерімнің орындауындаИспан биі
І-жүргізуші :2 сынып оқушысы Азатбай Жарқынайдың орындауында «Аналар алтын»
2-жүргізуші :1 сынып оқушысы Ахымбек Арайдың орындауында Ертегілер әні .2-жүргізуші:Домбыра бөлімінің сынып жетекшісі Нұржамал Шалабаева Құрманғазының «Балбырауын»күйін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші :Әнді айту әркімге де өнер ғой,Өнер деген түбі шексіз әлем ғой.Әр шәкірттің қабілеті әр қилы,Әсем әнді орындаған шебер ғой.Домбыра бөлімінің 5 сынып оқушысы Таир Досымның орындауында «Қазақ елі»
2-жүргізушіМектебіміздің директорына қорытынды сөз кезегін береміз.Келген қонақтар, ата –аналар өз балаларыңызға жылы сөздеріңізді айтып өтіңіздер.Осымен сыныпаралық концертіміз соңына жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет 
40. Ойынды ұйымдастыру технологиясы және оны бос уақыт саласында пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіріп жаз
Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:- «сөйлеу тілі», «ойын» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;- мектепалды даярлық тобында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу;Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жүргізу. Мектепалды даярлық сыныбында оқушылардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін,өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері, Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.»¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады. Тапқырлық,шыдамдылықтықу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда «Сөз ойла, тез ойла»ойыны. Ойынның шарты сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер. Кім көп текше жинайды сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады. Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
41»Ұлтаралық мәдени» бағытында іс-шараның жоспарын құрастырыңыз
Қазақстанда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр. Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді. еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.
42-билет. Отбасылық әлеуметтенудің ерекшеліктері тақырыбына шағын шығармашылық жазыңыз.
Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қазіргі әлеуметтік институттың дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі атқарады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік институттардың дамудың негізгі детерминанттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. Қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл – әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады жәнеөзгертеді).
Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынадай жағдайлармен сипатталады: 1. Отбасы тәрбиесі өзінің сипаты жағынан эмоционалды, өйткені байланыстырушы ата-ананың балаларына деген махаббаты мен балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланыстырады. 2. Бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. 3. Отбасы кіші микроорта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда да тиімді. 4. Отбасы біркелкі емес, әртүрлі жастағы адамдардан тұратын әлеуметтік ортаны құрайды. Бұл өз кезегінде баланы әртүрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туғызады. Отбасы тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар ересек адамдар үшін де әлеуметтендірудің ең маңызды факторы болып табылады. Оған көп жағдайда адамның бүкіл өмірі барысындағы дене, эмоционалды және әлеуметтік дамуы байланысты болады. Адамның дене жағынан дамуы отбасындағы тұрмыстық жұмыстардың қалай жолға қойылғандығы мен ұйымдастырылғандығы байланысты болады. Ал отбасының эмоционалды дамуына отбасындағы психологиялық жағдай мен қарым-қатынас жатады. Бұл өз кезегінде отбасы мүшелерінің әлеуметтік дамуына өзіндік ықпал етеді. Отбасындағы адамдардың бір-біріне қарым-қатынасында қолдау көрсетуі мен бір-біріне бауыр басып қалуы адамның қоғамдық ортаға тез бейімделуіне ықпал етсе, отбасындағы бейтараптық немесе жиі кінәтағушылық адамның қоғамда өзін бөлектенуге, сенімсіздіктің қалыптасуына немесе қиын кезеңдерде тығырықтан шығудың жолдарын іздестіріп табуға қабілетсіздікке алып келеді. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екiжақты әсер етедi: - отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзiндiк өмiр сүру дәстүрi арқылы, яғни отбасы мүшелерiнiң материалдық және рухани қажетсiнуi мен әлеуметтiк құндылықтары арқылы әсер етедi; - әлеуметтiк және белгiлi бiр мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбiнесе отбасындағы негiзгi көзқарас пен тәрбие процесi қоғамның тәрбиелiк мақсатына, идеялық талаптарына қаншалықты сәйкес келуiне байланысты жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагогикада отбасының әлеуметтендіру процесінде атқаратын бірқатар қызметтері анықталған (Ф. А. Мустаева), олар: Біріншіден, адамның дене және эмоционалдық дамуы жүзеге асады. Балалық шақтағы және ерте жастық шақта қабылдайтын мұндай әсерді тек отбасы ғана бере алады, басқа әлеуметтендіру институттары мұндай қызметті жүзеге асыра да, орнын толтыра да алмайды. Балабақша кезінде, кіші мектеп жасында және жеткіншек жас кезеңінде де отбасы баланың әлеуметтенуі үшін маңызды әлеуметтендірушілік рөлді атқарады, әйтсе де бірден-бір орта болудан қалады. Басқа да әлеуметтендіру институттарының қызметінің ықпалы қосарлана бастайды, бірақ қарттық шақта қайтадан бірден-бір әлеуметтендіру ортасы болады. Екіншіден, бала өмірінің алғашқы үш жылындағы оның жыныстық психологиясының қалыптасуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Әкенің ұлына немесе қызына деген жеке қатынасы шешуші міндетті атқарады, яғни әкенің ұлының агрессивті қарым-қатынасы мен қызының нәзік әрекетіне деген жеке қатынасы мен көзқарасы олардың жыныстық санасының қалыптасуына түрткі болады. Ана әдетте балалырының бәріне бірдей мейірімділіпен қатынас жасайды. Отбасындағы әкенің бала әрекетіне немқұрайлы қарауы немесе отбасында әкенің жоқтығы баланың жыныстық әлеуметтену процесінің өтуінде проблема туғызады. Үшіншіден, баланың ақыл-ойы жағынан дамуында да отбасы жетекшілік рөл ойнайды, сонымен қатар әлеуметтенудің барлық кезеңдерінде баланың мәдениеттік қарым-қатынастың мөлшерін сезінуге және меңгеруге ықпал етеді. Төртіншіден, отбасы адамның отбасылық рөлдерді орындаудағы әлеуметтік нормаларды меңгеруінде де маңызды орынға ие. Бесіншіден, отбасылық және ұлттараралық қатынастарға бағытталған және балалардың өмірлік стилін, өмірлік жоспары мен оған жетуге апаратын өмірлік талпыныстарын, қызығушылық деңгейлерін анықтайтын құндылық бағдары да осы отбасында қалыптасады. Алтыншыдан, адамға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету отбасына тән, бұл сипат баладағы өзіне деген бағаға, өзін-өзі құрметтеу деңгейіне, өзін-өзі қабылдау шарасына, өзін-өзі жүзеге асырудың тиімділігі мен аспектілеріне байланысты болады. 
Тұжырым: 1. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі бола отырып, баланың қоғамға енуін қамтамасыз ететін әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады. 2. Отбасының әлеуметтендірушілік қызметінің сипаты оның қоғаммен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасқан отбасылық құндылықтарына байланысты анықталады. 3. Отбасы типтеріне байланысты отбасының баланы әлеуметтендірушілік ықпалы да әртүрлі болады. 
43.Студенттік клуб құрып оның іс-әрекеттік жоспарын жаз
Студсовет құрдық және оның атқаратын қызметі жайында айту
Бұл студенттік клубтың аты «Қыран». Клуб – қоғамдық ұйым; ол студенттерді біріктіріп ғылыми, көрмекдік, шығармашылық, саяси қызығушылықтарын біріктіретін орын.
Клуб – студенттердің өз еркімен қатынасып, демалыс уақыты ұйымдастыратын орын.
Клуб – студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, адамгершілік құндылықтарын нығайтатын ұйым.
Клуб 2010 жылы 3 сәуіренен бастап философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасының негізінде жұмыс жасауда. Клубтың мақсаты – студенттердің бойындағы шығармашылық, ұйымщылдық, ізденушілік, сөйлеу мәдениеті тағы сол сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Студенттік клубта 47 мүше жұмыс жасайды. Оның басшысы Орынбаева Айзада. Оның басшылығымен клубта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
44. «Дұрыс әрекет тәжірибесі - өмір негізі» тақырыбына эссе жаз
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекет дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,- біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз».
Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылымөбілім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек.Еңбек адам тіршілігінің арқауы,оның өмір сүруінінің басты шарты.Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде .У.Ушинский:«...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады,ол адам тәнінің,адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы,оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыраяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекшк маңызы бар фактор екендігі түсінікті
Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілетіні, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді».Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы.
45. «Менің жеке шығармашылық портфолио» құрылымын құрыңыз
Портфолио 1980-83 жылдары АҚШ- та іске асты одан кейін Голландия, Европа, ТМДелдеріне келді.Портфолио - дегеніміз жеке тұлғаның оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын, барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін жүйе, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы .Сонымен қатар, портфолио – тек жеке папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Портфолиоың түрлері:
Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном...)
Лауазымды портфолио(лауазым иесі)
Шығармашылық портфолио(ақын, жазуышы)
Тақырптық портфолио (магистрант,ізденуші мүғалім,оқушы әзденіс - ғылыми)
Қызметтік портфолио
Студенттің және оқушы портфолиосы
Енді оқу тәрбие мекемелеріндегі педагоготың портфолиясына келетін болсақ, мұғалімдер қауымының әрқилығы портфолио құрылымының әртүрлі болуына әсерін тигізеді. Осы мәселе төңірегінде көптеген авторлар өз ойларын білдірген. Солардың ішінде Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская, Т.Н. Макарова, В.А. Макаров сияқты ғалымдарды атап өткен жөн. Бір топ ғалымдар (Т.Н. Макарова, В.А. Макаров) портфолио құры-лымының төмендегідей үлгісін ұсынады:
- Сытқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Педагог туралы жалпы, толық мәлімет.
- 2 бөлім. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелері.
- 3 бөлім. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет нәтижелері.
- 4 бөлім. Сыныптан тыс жұмыстар туралы мағлұмат.
- 5 бөлім. Оқу-материалдық базасы.
Ал, Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская сияқты ғалымдар портфо-лионың мынандай үлгісін береді:
- Сытқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Арнайы құжаттар (концеп-циялар, ережелер, нұсқаулар, Заңдар т.с.с.).
- 2 бөлім. Шығармашылық жұмыстар.
- 3 бөлім. Пікірлер, ұсыныстар, өздік есеп берулер т.б. жатады.
Портфолионың мақсаты:
Жеке тұлғаның немесе ізденушінің еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндің өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсетеді.
Мазмұнына қарай портфолио:
- Жетістіктер портфолиосы (оқу-шының үздік жұмыстары);
- Рефлексивті портфолио (оқушының материалдары және бағалары);
- Проблемалық бағыттағы (белгілі бір проблеманы шешу нәтижесі мен мақсатын көрсететін материалдар);
- Тақырыптық портфолио (белгілі бір тақырып бойынша оқушының жұмыстарын көрсететін материалдар);
- Мақсатсыз портфолио (оқушы жұ-мысының жинақ папкасы) болып бөлінеді.
Енді «Менің жеке шығармашылық портфолио» атты портфолиом келесідей құрылыман тұрады:
Сыртқы бет (титул)
Резюме, портрет (мен туралы ақпарат)
Жеке жетістіктер парағы (пән бойынша олимпиадалар, сайыстардан алған жетістік)
Өзіндік жұмыстар (жазған шығарма, өлең жолдары немесе салған суреттер, оқыған кітаптар тізімі)
Алға жылжуды көрсететін графиктер (алға қойған мақсаттар, міндеттер, армандар)
Осы аталған портфолио бойынша жұмыс жасалынатын болса, әрбір тұлғаның ісі сәтті және жүйелі болады.
46.Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану маманының жеке басындағы артистизм: эстетикалық талғам, интеллектуалды эмоциялық тәрбиелік, тұлғаның көркемдік – шығармашылық, актерлық және тағы басқа тақырыбына қысқаша талдау жасаңыз.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3" \o "Педагог" Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. [1]жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;
кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.[2]Педагогикалық шеберлік деген не?
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру. 2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады: 1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.
 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор. Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
47 «Әлеуметтену және компьютер» тықырыбына шағын шығармашылық жұмыс жаз
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.
Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді. Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
48.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін қысқаша сипатта
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BD" \o "Платон" Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.[1] Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі. өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
49 «Интернет және студент» тақырыбына шағын шығармашылық жаз
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе.
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. Ал енді интернеттің пайдасына келсек:1. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе студенттер және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандада бар. Сондай ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуғада болады. Яғни интернеттің пайдасы өте көп.2. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар. Яғни бұл екі адамды қосатын күш.Ал зиянына келетін болсақ.1. Ең бастысы өз денсаулығыңды құртасың. Көз ден бастап.2. Уақытың босқа кетеді. Яғни спортпен шұғылдануға уақытың болмай қалуы мүмкін.Қанша зиян дегенмен, Интернеттің пайдасы басымырақ. Бірақ денсаулықтыда ойлау керек! Күніне 2-3 отырса сол да жетеді!Интернет пен Денсаулықты қатар алып жүріңіздер! Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен агент төңірегінде болмақ. «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес.Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
50.Педагогикалық артистизм ұғымына сипаттама беріңіз.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3" \o "Педагог" Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. [1]жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;
кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.[2]Педагогикалық шеберлік деген не?
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру. 2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады: 1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.
 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор. Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
51. «Қазіргі кездегі біріктіріп оқыту және инклюзивті білім беру түсінігі» тақырыбына шағын шығармашылық жұмыс жазыңыз
Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы  ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың  білім алуына және әлеуметтік  бейімделуіне жағдай жасау процесі. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
                        Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
                        Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
                        Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.[6]
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.[1]
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті  (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
 52. Көп ұлтты елдің сипаты және қазақ халқының ұлттық сипаты» тақырыбына жоба үлгісін құрастырыңыз.
Қазақстан әлемдегі
көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.
Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет — тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.
Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.
Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.
Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.
Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.
Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.
Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады.
53.Өзін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: «Өзін-өзі тану бақыты», «Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз…», «Мен – табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген.«Өзін-өзі тану бақыты» атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз және т.б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі.«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты II тарауда 1 сынып оқушылары достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, отбасы, сыйластық, отан, махаббат және т.б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасында тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.«Адам болам десеңіз…» атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру логикасына жауап береді.«Мен – табиғат перзентімін» атты IV тарауда табиғат, денсаулық, қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы, жапырағы, тамыры, қабығы т.б.) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыруда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу – өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан басталады.Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрене бастайды.Мысалға, бірінші сыныпта «Көмектесе білейік», «Тіл табыса білейік», «Менің досым», «Шаңырақ шуағы», «Сыйласаң – сыйлы боласың», «Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық – адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т.б. сабақтардың негізі баланы ойлануға, талдауға, қарым-қатынас жасай білуге, өзі шешім қабылдауды үйренуге, адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған.Бастауыш сынып оқушыларының білімін және адамгершілік қасиеттер мен кұндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуда: «Шаттық шеңбері», «Мәтін оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелеу», «Әңгімелесу», «Ойын», «Жаттығу», «Шығармашылық жұмыс», «Жаттығу-ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Жүректен жүрекке», «Үй тапсырмасы» тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылған. Мысалға «Өзіммен-өзім» – бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.«Әр бала – керемет рухани күш иесі.
54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.
Өзін өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп адам толысуын өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.
Тұлғаның өзін-өзі тануын жетілдіру мақсатында психоанализді қолдану тиімді болып отыр. Психоанализдің өзі тұлғаның психикасын терең талдау болып табылады. Біз осындай тұлғаның өзіндік танымын анықтау мақсатында өзіндік танымға байланысты зерттеу жұмыстары тиімді болып табылды. Адамның өзін-өзі тануы барлық ғылым-білімнің ішіндегі төресі, ең маңызды, ең үлкені және бүкіл адамзат мәдениетінің ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Өзін-өзі терең зерттеп, түсінуге тырысқан адам ғана басқалармен, өзін қоршаған табиғатпен ынтымақты, үйлесімді үндес өмір сүре алады. Ал өзін зерттеуге ұмтылу дегеніміз, өз бойындағы жақсы, ұлағатты әдеттерді тәрбиелеп, мәпелеп өсіріп, ал көптеген қыңыр қылықтарға бой бермей мінезінің жаман жақтарын түзету бағытында бір сәтте дамылдамастан еңбектеніп отыру. Үнемі өзінің ішкі дүниесіне үңіле отырып, жан көріністерін бақылауда ұстау, ол үшін адам өзінің барлық іс-қимылын, ең алдымен ой санасын жүрекке, былайша айтқанда жан дүниесіне бағындырғаны дұрыс
Өзін-өзі дамыту - өзіндік тұлғасын көрсететін индивидтің мақсатқа бағытталға, саналы түрде және өз бетімен бақыланатын процесс. Өзін-өзі дамыту техникасының 3 негізгі элементі бар: 1) ұйымдастыру-басқару түрлері;2) ақыл-ойының дамуы;3) психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу.
55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.
Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ менталитет халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы өзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC" \o "Адам" Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн.Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын менталаитет саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Менталитет әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар. Менталитет— әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады. Бүгінгі Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мәселелер жеткілікті. Солардың бірі, біздіңше ұлт-менталитеті,яғни қазақ халқының менталитеті. Қоғамның даму бағыты,экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда ұлт менталитетінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылықтарды қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сонымен катар, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерде өз кезегінде қазақ менталитетінің болмыс бітімі мен даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін жан-жақты зерттеуөзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені 90 жылдардың аяғына таман көтере бастады. Соның нәтижесінде монографиялық еңбектер мен көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Онда қазақ менталитеті батыстық үлгіде қалыптасқанқағидалар мен тұғырнамалар арқылы зерттеу сыңаржақты деген тұрақты түсінік қалыптасты. Мәселен, Д.Кішібеков "Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды.Оның өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа" - деді. Өз кезегінде мұндай методологиялық тұжырым қазақ менталитетін, оның ішкі құрылымдық жүйелерін басқаша қарауға өз септігін тигізді.Сонымен бірге, кейбір қазақстандық философтар менталитет ұғымын "діл" деп қарастырудың қажеттігін, олардың баламасы жағынан тең екендігін айтады, кейбір философтар, олардың өзара арасалмағын ажыратудың қажеттігін айтуда. Мәселен, А.Қасабек діл ұғымының менталитетке қарағанда логикалық шеңбері кең екенін, оны тек сенім мен иманға балауға болмайтынын айта отырып: - "ұлттық ділді объективтік жағдай
қалыптастырады. Халықтың ділі - әдет-ғұрып, діни сенімдер, ырымдар мен пайымдар,жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының ерекшеліктерін білгірлігі, сәндік ою, өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс бейнелері және күрделі рухани болмыс құрылымындағы осы көріністердің бейнеленуі" - деген пікірді
айтады. Ал С.Ақатай болса: "менталитет миымыздың түйсігі, ақыл-ойының бейнесі,рухани қыртысы, ал діл сенімге, иманға жуықтау" - деген қарама-қарсы пікір айтса,М.Тәтімов: "менталитет деген саяси ұғымды мен қазақша "діл" деп аударып жүрмін. Оны көпшілік әлі қабылдап үлгермеді. Дегенмен де, бұл қазақ тілінде бар "діл" деген ұғымсөздік қорымызда өзіне ұқсас "дін", "тіл", "мәдениет", "әдебиет" деген сөздер сияқты өзінің кең мағыналы, әрі мазмұнды күрделі ауыр жүгін көтере алады" - деп жазады. Біздің ойымызша, менталитет ұғымы тіл, дін, мәдениет, әдебиет сияқты құбылыстармен өзара тығыз байланыста болғанмен, оны еш уақытта жоғарыда аталған ұғымдармен шатастыруға, немесе оларға негіздеуге әсте болмайды. Өйткені, олар коғамның рухани саласында әр түрлі кызмет атқарады. Мәселен, мәдениет ұғымының менталитетке қарағанда ауқымы кең, ол тіпті менталитетті қалыптастыратын орта деп айтсақ та болады. Басқаша айтқанда, менталитетте мәдениет қалыптастырған құндылықтар, стереотиптерге айналған мінез-құлық көріністері өз бейнесін тауып жатады. Менталитет феноменінің ауқымы кең. Оны тек санаға, немесе ақылға, не болмаса тек бір ойлау жүйесіне негіздеуге болмайды. Онда ұжымдық және жеке сананың өзара байланысы, адамдардың ойлаутүрлері, дүниені қабылдау әдістері, сезінуі мен түсінуі, құндылықтарды кабылдауерекшеліктері бар. Олай болса, менталитетке тон қасиет тұтастық, синкреттілік. Қорыта келгенде, менталитет ішкі руханилықтың тұтас жүйесі Ол адамдардың нақтылы ісінде, өмір салтында, дүниеге қатынасында, өмір сүру тәсілінде,дүние түсінігі мен дүниетанымында өзінің көрінісін табады.
56 «Тәсіл», «амал», «әрекет», «бейне», «нысан» ұғымдарына анықтама беріңіз
Сөздіктерде «әдіс» «тәсіл», ал тәсіл әдіс ретінде анықталады. Егер кез келген әрекет тәсілін әдіс деп есептесек, теориялық деңгейде «әдіс» ғылыми ұғым ретінде өз мағынасын жоғалтады.
Тәсіл – қандай да бір жұмыс жасау барысында немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін қолданылатын әрекет немесе әрекеттер жиынтығы.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби ,-біздің соған бару жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз.»
57.Әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа түрлеріне жоба жазыңыз
Әлеуметтік көмек көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:      1) жеке басын куәландыратын құжатты;      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;      3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.      Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.      23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
58-билет. Мектепті басқару жүйесі тақырыбына іскерлік ойын үлгісін ұйымдастырыңыз.
Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін.Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілеріҚазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшелік-терінің бірі — мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы.Білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде »Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұрт-шылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғы- шарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі — мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады:конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады;мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді.бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;Мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды; Мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады.Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
59 Микросоциум тісінігіне философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан анықтама беріңіз..
Әлеумет (Социум) – адамның қалыптасатын ортасы; осы ортаны құрайтын ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер мен әртүрлі топтардың жиынтығы; адамның өз іс-әрекеті барысында сезінетін әсерлері; адамның өз белсенділігін танытатын және көрсететін құралдық, мәдени және рухани кеңістігі. Микросоциум – адамның ең жақын қоршаған ортасы; отбасы, мектеп, тұрғылықты мекен жайы бойынша бос уақытындағы қарым-қатынас жасайтын ортасы, адам мен ортаның күнделікті тіршілік әрекетінде өзара ықпал ету шеңбері мен қарым-қатынасы. Философиялық тұрғыдан алғанда микросоциум деген – кішігірім шағын орта.
Психологиялық тұрғыдан микросоциум – адамдның қарым қатынас жасау барысында ең жақын ортасыв болып есептеледі.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі - өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру.Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Әсіресе, балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақы - ұқыптылыққа, еңбекті сүюге және оның қадір - қасиетін түсінуге, үлкендерді соның ішінде жасы үлкен қарттарды құрметтеуге және оларға мейіріммен қарауға, ал өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары болып саналады. Ата - аналар өсіріп отырған ұл - қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір арзымайтын кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңыз үлкен болған. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік, ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашып беруі мүмкін. Ал мұның соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні рас.Отбасында жасы кіші балаларды ұқыптылық негізінде тәртіпке салу, мәдениетті етіп тәрбиелеу, оларды өздерінен үлкендерді құрметтеуге, оларға «сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережелеріне мән беруге, жағымсыз қылықтардан өздерін аулақ ұстауға үйретіп бару да өте қажетті маңызды мәселе.
60. «Мен тұжырымдамасы».
Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нұсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. "Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.
Оны құрайтындар:
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді.

Приложенные файлы

  • docx 19132379
    Размер файла: 246 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий