kukyk Esepter


1.Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға.Іс бойынша мыналар куә бола алмайды:
а) айыпталушының қорғаушысы;
ә) өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар;
б) адвокат;
в) судья;
г) сонымен қатар заңда адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген. Сондықтан да депутат Сейдахметов куә ретінде жауапқа шақырыла алады және төменндегі жайттарды тергеуші ескерген болса, онда оның әрекеті заңға сай. Айтып кететін жайт ҚР ҚІЖ кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келісімiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келісім алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжілісiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi.
2.Ғылыми зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады.Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып ,есеп бермейтінін хабарлады.Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма?
ҚР Конституциясының V тарауының бабында мынадай норма бар: Парламент депутаты
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Осы нормаға сәйкес Қаптағановтың есеп бермейтінін хабарлаған әрекеті дұрыс, себебі Қаптағановтың өзге елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық мандаты жойылды. Сондықтан Қаптағановтың әрекері заңға сай.
3.Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға және Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады. Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату. ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін. Сондықтан Томақбаева орындалмаған республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелері болмаса ҚР азаматтығынан шыға алады.
4. АҚШ азаматтары ерлі – зайыпты Гопинстер және олардың 12,15,19 жасар балалары Қазақстанға көшіп ,Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға шешім қабылдады.Оларға қай органға өтініш беруге қажет?Қазақстан азаматтығын қандай тәртіппен алуы мүмкін?Олардың балаларының азаматтығы туралы мәселе қалай шешілуі тиіс?
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде бес жыл тұрақты тұрып жатқан немесе кемiнде үш жыл Қазақстан Республикасының азаматымен заңды некеде тұрған тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқылы. Ағайынды Гопинстер ҚР азаматтығын алу үшін азаматтықпен айналысатын ҚР ІІОна жүгінеді.Сондықтан ағайынды Гопинстер Қазақстан аумағында тұрақты бес жыл тұрғаннан соң Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алады. Ал балалары да осы заңдағы нормаларға сәйкес өз азаматтығын алады.
5.Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті.Бірақ жүктілік және туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды.Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?
1991 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР азаматтығы туралы заңы бойынша ата анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
Қазақстан Республикасының территориясында туса ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Міне осыған сәйкес БАӘ азаматтығына күйеуге шыққан ҚР азаматшасы Наурызбаеваның перзенті Қазақстан Республикасының азаматтығын алады, өйткені сәби ҚР территориясында дүние есігін ашты.
6.С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы,әкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.
Бұл жағдайда әкімшілік құқық саласының нормасы бұзылып тұр. Дәлірек айтсам ҚР әкімшілік құқы бұзушылықтары заңында мынадай норма бар:
Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Міне, сондықтан да С.есімді азамат әкімшілік құқық нормасын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылады.
7.Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады:заң ; кодекс ; жарлық ; қаулы ; бұйрық ; инструкция ;ереже ; телефонограмма ;әдістемелік нұсқау.Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?
Әкімшілік құқықтың мынадай қайнар көздері бар: ҚР конституциясы, халықаралық, мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР президентінің, үкіметінің, парламентінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарт және, құқықтық ғылыми доктриналар. Сондықтан көрсетілген тізімнің ішінен мыналар әкімшілік құқықтың қайнар көздері бола алады: заң, кодекс,жарлық, қаулы.
ҚР Үкіметінің, ҚР парламенті мен оның палаталарының, ҚР Конституциялық кеңесінің, Жоғарға Сотының,ҚР Орталық сайлау комиссиясының, мемлекеттік комитеттердің өз актілерін шығаруға құқылары бар. Орталық атқарушы органдар мен ҚРның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының сондай ақ жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
8. Үшінші сынып оқушысы, ата анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды.Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп ,ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті.Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?
Жалпы осы есепті шешпес бұрын,алдымен әкімшілік құқықы бұзушылық дегеніміз не?Осыған жауап берейік.Жеке адамның,әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауптылық көзделген құқыққа қарсы іс әрекет не әрекетсіздігі әкішілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.Бұл жерде әкімшілік құқықтың субъектісі үшінші сынып оқушысы болып табылады.Ал объектісі заңдармен қорғалатын,белгілі бір іс қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар,яғни,қоғамдық көлікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.Бірақ,әкімшілік жауаптылыққа ақыл есі дұрыс,он алты асқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.Ал үшінші сынып оқушысының мүмкін ақыл есі дұрыс болса да,бірақ ол он алты жасқа толған жеке адам нмемесе заңды тұлға емес. Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады
9.Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды.Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті.Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?
Жалпы еңбек шарты дегеніміз не?Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім,бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі оырндауға,еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші келісілген еңбек функциясы бойынша қызметкерге толық,уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Яғни, еңбек шартында келісілмеген,дәлірек айтқанда еңбек шартында көзделмеген жұмыстар туралы ештеңе жазылмаған.
Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес. Бірақ, Бұл жағдайда Еңбек кодексінің көрсетілгендей лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген бірак өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға.Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады
10.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
Біріншіден,жауапкертшілігі шектеулі серіктесстік дегеніміз не? Бір немесе бірнеше адамға құрған,жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектулі серіктестік деп танылады.
ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңда былай делінген:
Педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға шек қойылады.Яғни осыдан шығатын қорытынды,жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құра алмайды және оған мүше бола алмайды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай емес.Тағы да ескеріліп кететін бір жайт,егер де мемлекеттік қызметке орналаспас бұрын олар кәсіпкерлікпен айналысатын болса,келесідей іс әрекеттер жасауы керек.Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті.
11.Институт ректоры азаматтардан лаборант ,оқытушы және проректор қызметтеріне алу туралы өтініштерді қабылдады.Аталған қызметтерді алу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс?Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады?Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.
Мем-к акiмшiлiк кызметке орналасуы конкурстык негiзде жургiзiледiКонкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; конкурстық комиссияны құру; белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды; үміткерлерді тестілеу; конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісіКонкурсқа қатусуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады. Олар КР-нын азамат болуы керек жане жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады. Тестке қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережесін білуі тиіс. Тапсырған тесттің ұпайы түпкілікті мәннен төмен болмаса ол үміткер конкурс өткізуші органда әңгімелесуге қатысады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.
12.Сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты.Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды.Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?
Біріншіден әрекет қабілеттілік дегеніміз не? Әрекет қабілеттілік дегеніміз – азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін әрекеттері арқылы жүзеге асыру толық көлемде кәмелет жасқа толған кезден бастап пайда болады.
Бұл дауды шешу барысында ҚР ның АК н басшылыққа ала отырып шешеміз.Яғни,Осы істе Асқаровтың шешеісінің шартты жарамсыз деп танылуы дұрыс болып табылады,себебі Асқаровтың әрекет қабілеттілігі жоқ,ал әрекет қабілттілігі жоқ адамдар сатып алу сату шартының субъектісі бола алмайды,тек өзінің қомқоршысының келісімімен ғана шарт жасай алады.
Яғни осыдан шығатын қорытынды,сот келесідей шешім қбылдауы тиіс.Асқаровтың әрекет қабілеттілігі жоқ болғандықтан,ол сатып алу сату шартының субъектісі бола алмайды,яғни,сатып алу сату шартқа қайшы келіп келіп тұр.Бақтыбаевт автокөлікті немесе оның сатып жіберген толық құнын Асқаровқа қайтаруы тиіс.
13.Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады.Бұл учаскіде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?
Жалпы кепіл дегеніміз не?Осыған тоқталып кетсек.Міндеттемеге с»йкес несие берушінің борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда салынған мүлкін құнынан ҚР АК те белгіленген алып тасталатындарды қоспай,осы артықшылықпен қанағаттандыруға құқығы міндеттемені атқаруының осындай әдіс кепіл деп танылады.
Азаматтық кодексінің 309-бабы. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк
1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады. Кепiлге салынған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiске, өнiмге және табысқа кепiл құқығы шартта немесе заң құжаттарында көзделген реттерде қолданылады.2. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкiне қолданылады.
3. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бiр мезгiлде жасалатын ипотека арқылы жол берiледi.Осыған орай, Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде салынған үй кепілге кірмейді.
14.Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді,бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа берді.Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәләнді.Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды,бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті.Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты.Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралыталаппен сотқа шағымданады.Бұл дауды шешіп беріңіз.
Сенімхат дегеніміз не?Осыған тоқталып кетсек.Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.Жалпы осы дауды шешу кезінде ҚР ның АК ін басшылыққа отырып шешеміз.Келесідей шешім шығарамыз.АК тің белгілі бір бабына сәйкес,сенімхаттың тоқтатылу болады.Келесідей әрекеттер жүзеге асқан кезде болады,соның бірі: Сенімхатты беруші адамның одан бас тартуы,ал дауда Маратов сенімхатта бас тартты себебі Қанатов сенімхатта белгіленген соммадан шегінен шықты.Сот мынандай шешім шығаруы тиіс.Дауда белгілі бір тараптың әрекеті дұрыс деп санамаймыз,себебі АК те сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады,ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады.Бұл құқықтан бас тарту туралы келісім жарамсыз болады. Маратов сенімхаттан бас тартқан бастап сенімхат жарамсыз деп танылуы мүмкін. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданды. Сот талапты қанағаттандыруы қажет!
15. Азаматша Сүлейменова және оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куәландыруға өтініш берді. Бұл шарт бойынша ажыратылған ерлі зайыптылар бір біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқықтан бас тартады, ал әйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады.Бұл шарт заңды ма?
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.   2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі- зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады.        Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет.       Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Сулейменова жане онын бурынгы куйеуi жасаскан шарты неке жане отбасы туралы кодексте сайкес занды болып табылады.
16. Келесі субьектілердің арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай ала ма:
- жеке тұлғалар (азаматтар);
- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар;
- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар және азаматтар
Қаржылық құқықтық қатынастар деп құқықтық нормалармен реттелген қаржылық экономикалық қатынастарды айтамыз. Бұл қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қызметінің нәтижесінде пайда болады және әрқашанда тек қаржылық құқықтың пәні ретінде есептелінеді.
Қаржылық құқықтық қатынастарының субъектілері жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бола алады. Қаржылық құқықтық қатынастарының бір ерекшелігі оның субъектілердің бірі міндетті түрде мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар болуы керек. Бұл қатынастар жеке тұлғалар арасында; жеке меншікке негізделетін ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында туындай алмайды.
Яғни, 1) жеке тұлғалар(азаматтар) арасында;
2) мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай алмайды. Ал мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасында бұл қатынастар туындай алады.
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын орган екендігін дәлелдеп беріңіз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. 1993 жылы 13 сауiрдегi «ҚР-ның Ұлттык Банкi туралы» заңға сәйкес ҚР Ұлттық Банкі мынадай қызметтерді атқарады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларына бөлінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады. Сәйкесінше осы функцияларды атқаратын орган ҚР Ұлттық Банкі болып табылады.
18. Мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдарға заң шығарушы және сот органдарын жатқызуға бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз…
Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығару органдарының қызметі Конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады. Заң шығарушы органдар мемлекеттің қаржылық қызметін атқарады, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық силаттамалары мен ережелерін белгілейді.
Сот органдары басқа билік органдарынан өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Ал сот органдарының басты қызметі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешу болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.
 Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сонымен, сәйкесінше мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдарға сот органдарын жатқызуға болмайды. Бірақ ҚР Парламенті (заң шығарушы орган) мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органға жатқызылады.
19. Республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің көздерін атаңыз.
Республикалық Бюджеттің кірістерін салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан; мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетін түсімдер құрайды. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер.Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Ал Жергілікті бюджет деп ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Жергілікті бюджет кірістерінің көздеріне де меншікті салықтар (жер салығы, жеке адам мүлкіне салынатын салық) немесе төлемдер, салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер және алынған ресми трансферттер (гранттар) жатады.
Қазақстан Республикасының азаматы Қасқыров, Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелес шығарып оған орташа ауыр дене жарақаттады. Қасқыров қай мемлекеттің заңы бойынша жауапкершілікке тартылуы керек?
ҚР Қылмыстық Кодексінің 7-бабының 1тармағында көрсетілген: «Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.» Яғни, осы бапты басшылыққа ала отырып, берілген есептің шешеміз: ҚР азаматы Қасқыров Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелесіп, оған орташа ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексімен жазаланады.
21. Түзеу мекемесіндегі отырған Құрбанов мас күйінде сотталған Болатовтың ішіне екі пышақ жарақатын келтірді және соның салдарынан Болатов ауруханада қайтыс болып кетті. Бұл әрекет құрамындағы қылмыс белгілерін атап көрсетіңіз?
ҚР Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыстың анықтамасы көрсетілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп танылады». Осы анықтамадан қылмыстың келесідек белгілерін көруге болады:
Құқыққа қайшылық – Құрбанов ҚР ҚК-ң 96-бабының диспозициясында қылмыс құрамы көрсетілген. Осы бапта қарастырылған кісі өлтіру құрамы іс-әрекет жасау арқылы, яғни Болатовтың ішіне екі пышақ жарақатын келтіру арқылы жасалды.Және де түзеу мекемесінде спирттік ішімдік ішіп, суық қару қолданды.
Қоғамға қауіптілік – бұл белгі Құрбановтың әрекетінің қоғамдық қатынастарға зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын көрсетеді.
Кінәлілік – Құрбанов әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ойлап, оның қоғамға қауіпті зардаптары, яғни Болатовтың өлімі болуы мүмкін екенін алдын ала біліп және осы зардаптың болуын тілеп, қылмысты тікелей қасақаналықпен жасады.
Жазаланушылық – Құрбановтың жасаған әрекеті үшін 96-баптың санкциясымен жазаланады.
22.Дауылбаев қызық көріп А-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
Берілген жағдайда Дауылбаевтің кінәсі бар, өйткені бұл жерде анық қылмыстың құрамы бар. Жалпы бұл жерде А.ның қайтыс болуы кінәлі түрде жүзеге асырылды. Кінә бұл адамның өзінің жасаған іс әрекетіне деген психикалық қатынасы. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық орын алмайды. Жалпы біз білетіндей қылмыстық заңда кінәнің екі нысаны бар қасақаналық және абайсызда. Аталған жағдайда Дауылбаевтің кінәлілігінң нысаны немқұрайлы абайсыздықпен жасалды. Өйткені Дауылбаев мүмкін зардапты болжап біле тұра өз іс әрекетеінің қоғамға қауіптіліігі зардаптарын болжап білмей немқұрайлылықпен жасады.
23.Шәкеев С –пен дауласып қалып С.оны ұрып соқты.Шәкеев үйден пышақ алып келіп С–ті қуды.Қашып бара жатқан С – тың қарсы бетіне келе жатқан Тоқтаров оның аяғын шалды,ал Шәкеев бұл жағдайды пайдаланып С–қа бірнеше пышақ жарақатын келтірді. Нәтижесінде С қайтыс болып кетті. Тохтаровтың әрекетінде қылмысқа қатысу белгілері бар ма?Қылмысқа қатысудың обьективті және субьективті белгілерін ашып беріңіз.
Тоқтаровтың әрекетінде қылмысқа қатысу белгілері бар. Қылмысқа қатысушы Тоқтаров көмектесуші ретінде Шәкеевтің жолындағы кедергілерді жоюғағһ, қашып бара жатқан С.ның тоқтауына себеп болды. Қылмысқа қатысу обьективтік жағынан әрекет арқылы, қарсы бетінен келе жатып аяғынан шалу арқылы сипатталады. Ал субъективтік жағынан Тохтаровтың қылмысқа қатысуы жанама қасақаналықпен жасалды, өйткені Тоқтаровөз іс әрекетінің қоғамаға қауіпті екенін ұғынып, одан туындайтын зардапты да алдын алабіле тұра осы зардаптың туындауын тілемеді, бірақ оған саналы түрде жол берді.
24.Өз бақшасынан ұрлықтың алдын алу үшін Хамраев электр тоғы өткізілген сыммен бақшаны қоршады және қауіпсіздік мақсатында "Өмірге қауіпті!Электр тоғы!" деген хабарламаларды іліп қойды.Жасөспірім В. Және О. түнде бақшаға түсті және нәтижесінде В. элетр тоғының әсерінен қайтыс болып кетті.Бұл жағдайда қажеттілік қорғану орын ала ма?
Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған кезде,сол қылмыстың құрамы,оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да іс қимыл қылмыс болып табылмайтын мән жайлар болады.Ондай көптеген мән жайлар бар соның бірі :қажетті қорғану.
Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру,яғни қорғанушының немесе өзге бір дамның жеке басын,тұрғын үйін,меншігін,жер учаскесін және басқа да құқықтарын,қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса,ол қылмыс болып табылмайды.Бірақ бұл жерде адамның өміріне қаіпті электр тогын пайдаланды,яғни бұл шектен шығушылық болып табылады.Қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қжетті қорғаныс шегінен шығу деп танлыдаы.Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.Осыдан шығатын қорытынды,Хамраев өз бақшасын қорғау үшін осындай электр тогын пайдаланды,бірақ бұл шектен шығушылық болып табылады және ол осындай зиян келтіреді деп бәле тұра,өмірге қауіпті электр тогын іліп қойды,қасақанылқпен жасады.Оның бойында әдейі зиян келтіру деген ниет болмаса да,бірақ жоғарыда айтып кеткендей жағдайдар болды,сондықтан ол жауаптылыққа тартылады.


25.Учаскелік инспектор өз танысымен жеке әңгімесінде ,жабдықтау бөлімінің бастығы Құсайынов 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын білді.Бұл жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз бар ма?Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін атап көрсетіңіз.Жасалған қылмыс туралы арыздар және хабарлауларды тексерудің тәртібі қандай?
Бұл жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз жоқ. Ендеше қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін атап көрсетейін. Қылмыстық істі қозғау үшін міндетті түрде қылмыстың төрт белгісі болуы қажет:қоғамға қауіптіліг, жазаланушылыға, кінәлілігі, құқыққа қайшылығы. Және сонымен қоса қылмыс құрамының да негізгі төрт белгісі болуы қажет: қылмыстың объективтік және субъективтік жағдайы, объектісі және субъектісі болуы қажет.Аталған жағдайда қылмыс құрамы мүлдем толық емес, сондықтан қылмыстық істі қозғпуға негіз мүлдем жоқ.Жасалған қылмыс туралы арыздар мен хабарлау тәртібі:Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетгі адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.1) қылмыс оқиғасынын, яғни себебі мен негізін анықтау қажет. 2) қылмыс құрамының болуы керек (субъектісі, объектісі, субъективтік жағы, объективтік жағы).Қылмыстық iс қозғау тәртiбi: 1. себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады. 2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешiм ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.Оларды тексеру үшін қосымша мәлiметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жердi қарау, сараптама жүргiзілуі мүмкін. Бұл кездегі мерзiмдi анықтау органының бастығы, тергеу бөлiмiнiң бастығы он тәулiкке дейiн, ал ерекше жағдайларда - екi айға дейiн ұзарта алады, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға хабарлануға тиiс.
26.Айыпталушы Оспанов пәтерін тінту кезінде 10 бейнемагнитофон, 50 кг май және 120 кг ет табылды.Барлық табылған тауарларды криминалды полиция қызметкері, өз шешімі бойынша сату үшін дүкенге тапсырды.Полиция қызметкері дұрыс істеді ма?
Аталған жағдайда криминалды полиция қызметкерінің әрекеті дұрыс емес.Айыпталушы Оспановтың пәтерінен алынған заттарды өз шешімі бойынша сату үшін дүкенге тапсыруы орынсыз әрекет болып табылады.Бұл жағдайда криминалды полцияның шешім шығаруға құқығы жоқ,барлық табылған тауарларды сату үшін дүкенге тапсыруы оның өз қызметін асыра пайдаланғандығы болып табылады.Жоқ дұрыс істемеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 230-бабы бойынша тiнту - болған істі тергеу үшiн маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргiзiледi. Біздің жағдайдағы мүлік ұрланған болуы мүмкін, өйткені оның мөлшері тым көп. Өкілетті орган осыған ұқсас заттардың ұрлануы туралы ақпаратты іздей бастайды. Белгілі бір уақыт ішінде мүліктің ұрланғандығы анықталса, заңды иегеріне қайтарылады. Табылмаса ол мүлік сот шешімімен тәркіленеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 61-бабы бойынша сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Берілген жағдайда криминалды полиция қызметкері билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдаланып кеткен. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабаымен жазаланады
27.Келесі талаптар бойынша соттылықты анықтаңыз:
Алимент талап ету
Қарызды талап ету
Жұмысқа қайта алу талабы
Тұрғын үй иемденуді бөлу талабы.
Алимент талап ету келер болсақ, жалпы Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Қарызды талап ету несие беру Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
Осы талаптар бойынша соттылыкты аныктайды:
-алимент талап ету;
-карызды талап ету;
Тургын уйди иемденудi болу талабы;
Бұның барлығы бойынша соттылық Азаматтық процесс негізінде жүзеге асырылады.
28. Қамалов және Бұрханов мас күйінде бір – бірімен төбелесіп қалды және нәтижесінде Бұрхановтың жаңа пальтосы жыртылып қалды.Келесі күні оның әйелі Қамаловтан пальтоның құнын өндіріп алу туралы талаппен сотқа шағымданды.Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? деген сұраққа жауап беретін болсам, сот Қамаловтың әйелінің пальтоның құнын өндіріп алу туралы талабын қабылдап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 187 бабының 1-тармағы бойынша жаза тағайындауы керек. Яғни «бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, едәуір зиян келтірсе – айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сағаттан бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы»,- тиіс. Санкция түрі балама: жазаның екі немесе одан да көп түрі көрсетілген. Ал Қамаловтың мас болуына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 18 бабында: «Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам жауаптылықтан босатылмайды», -делінген.
29. 15 жасар Сәрсенов , тоғыз сынып бітіргеннен кейін , база директорына өзін жұмысқа қабылдауын сұрап өтініш берді.Директор Сәрсенов 16 жасқа толмады деп оның өтінішін қабылдамады.Директор шешімі дұрыс па? деген сұраққа жауап беретін болсам, Директордың шешімі дұрыс, себебі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес: «орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен, ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шарты жасалуы мүмкін делінген.
30. Фабрика қаладан 10 км қашықтықта орналасқан жерге көшінуе байланысты, фабрика қызметкерлері жаңа жұмыс орнына шығудан бас тартты.Фабрика әкімшілігі қызметкерлерін жақын уақытта олар жұмыстан шығарылуы туралы ескертті .Бұл дауда кімнің пікірі дұрыс? деген сұраққа жауап беретін болсам, фабрика қызметкерлерінің пікірі дұрыс, себебі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 42-бабына сәйкес: біріншіден, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушімен басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Екіншіден, қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты осы Кодекстің 153-бабында көзделген өтемақы төлемдерін, яғни қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону және мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті. Үшіншіден, қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын да көзделген негіз бойынша тоқтатылады. Сондықтан да фабрика әкімшілігі қызметкерлерін жұмыстан шығара алмайды.
31. Ресторан бухгалтері директор бұйрығымен бухгалтериядан осы ғимаратта орналасқан және осы еңбекақымен ас бөлмесіне ауыстырылды. Бухгалтер ас бөлмесінде жұмыстан бас тартты, себебі ол мұндай ауыстыруға келісімін берген жоқ еді. Ресторан директорының ойынша бұл жұмыс ауыстыру емес жұмыс орнын ауыстыру ,сондықтан қызметкердің келісімі қажет емес.Бұл дауда кімнің пікірі дұрыс ? деген сұраққа жауап беретін болсам, ресторан директорының пікірі дұрыс, себебі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 41-бабының 3-тармағына сәйкес: «Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген(қызметкердің лауазымы, мамандығы, кәсібі, біліктілігі, жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі) өзгерістерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін алу талап етілмейді.

32. Асанов 28 қазан күні оны 5 қарашадан бастап өз еркі бойынша жұмыстан шығарылуы туралы өтініш берді.Бірақ әкімшілік оны жұмыстан шығару туралы бұйрықты 12 қарашадан шығарды. Әкімшілік әрекеттері заңға сай ма? деген сұраққа жауап беретін болсам, әкімшіліктің әрекеттері заңға сай, себебі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 57-бабы, қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу:
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Яғни, әкімшіліктің 28 қарашаға дейін бұйрықты шығаруға құқығы бар.
33. Бұл есепте бухгалтер Әлімжановаға жұмысқа кешігіп келгені үшін 1 сәуір күні сөгіс шығарылды.28 тамыз күні ол жұмысқа тағы да кешікті. Әкімшілік 5 қыркүйек күні Әлімжанованы еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарды. Әлімжанова бұл бұйрықпен келіспей сотқа жүгінді.Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? Әлiмжанова сотка жүгiндi: Бұл жерде әкiмшiлiк бухгалтер Әлiмжанованы жұмыстан шығаруына негiз жоқ. Әкiмшiлiк Әлiмжановага 1 сәуiр күнi сөгiс жариялады. 28 тамыз күнi қатаң сөгiс жариялауы тиiс едi. Егер Әлiмжановага еңбек тәртiбiн 3 рет бұзганда ғана әкiмшiлiк еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзу түрiндегi тәртiптiк жаза қолдануға құқығы бар. Сот Әлiмжанованың өтiнiшiн қанағаттандыруы керек.
34. Программист Серкебаеваны 4 айдан көп ауырғанына байланысты әкімшілік жұмыстан шығарды.Жұмыстан шығарылу кәсіподақпен келісілген жоқ және Серкебаеваның орнына жаңа қызметкер алынған жоқ, оның міндеттері басқа программисттер арасында бөлінді. Серкебаеваны жұмыстан шығару заңды ма? Программист Серкебаеваның жұмыстан шығарылуы дұрыс, заңды. Себебi, еңбек кодексiнiң 54 бабының 1 тармағының 17 тармақшасында көзделген жағдайда: «Қызметкер ҚР-ның Үкiметi бекiтетiн» еңбекке қабiлетсiздiктiң анағұрлым ұзақ мерзiм белгiнiн аурулар тiзбесiне енген жағдайларда қоспағанда қызметкер еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi салдарынан қатарынан 2 айдан астам уақыт шықпаған жағдайда жұмыстан босату орын алады. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
35. Азамат Есенов үлкен мөлшерде заңсыз ағаштарды шауып тастады. Бұл құқық бұзушылық үшін қандай жауапкершілік белгіленген? Бұл есеп 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған ҚР қылмыстық Кодексінің нормаларына сәйкес шешіледі.
1. Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -       жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. ҚР-ның заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін жіне одан да көп залал мөлшері елеулі зала деп танылады.
36.Жер заңымен жер учаскесін мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерге мәжбүрлеп алу белгіленген. Мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер деген не? Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы ұшін мәжбүрлеп иелiктен шығару кезiндегі ерекше жағдайлар(Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84-бабының 2-тармағы):
Халықаралық мiндеттемелер;
Қорғаныс қажетiне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекриациялық және тарихи-мәдени мақсаттарына арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс iстеу.
Пайдалы қазба кең орындарының табылуы және оларды қазу.
жол, электр тарату желілерін, байланыс желiлерiн магистральдi құбырлар, елдi-мекендердің ортак пайдаланудағы инженерлiк-коммуникациялык желiсiн салу, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар баска да объектiлердi салу;
Құлау қаупi бар авариялык және ескірген тұрғын үйлердi бұзу.
Осы бапта белгiленген ерекше жағдайлардың тiзбесiне жататын құрылыс объектiлерiнiң бөлiгiнде елдi – мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ак мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектiлердi, мемлекеттік мүдделерді камтамасыз ететiн инветициялык жобаларды салу және қоғамның маңызы бар мақсаттарға қол жеткiзу болып табылады.

Приложенные файлы

  • docx 19136318
    Размер файла: 54 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий